HADDASANAA @haddasanaa Channel on Telegram

HADDASANAA

@haddasanaa


🖌️ Хадис шәкіртінің жазбалары

وَمَا تَوْفِيقِي إِلَّا بِاللَّهِ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ أُنِيبُ

HADDASANAA (Kazakh)

Данный канал с названием "HADDASANAA" предлагает всем любителям чтения и изучения хадисов уникальную возможность погрузиться в мир духовного знания. Имя канала в переводе с арабского языка означает "Хадисы", что говорит о его главной тематике

Здесь пользователи найдут записи о жизни, учениях и посланиях Пророка Мухаммада, его соблюдателей и последователей. Канал собрал для вас самые ценные и значимые тексты, которые помогут расширить знания о исламе и прояснить моменты веры

Каждый пост сопровождается цитатой из Корана, что делает его еще более значимым и вдохновляющим. Ведь как говорится в предисловии канала: "Мой успех только от Аллаха, на Него я полагаюсь и к Нему обращаюсь"

Не упустите возможность обогатить свои знания и духовный путь, подписавшись на канал "HADDASANAA" прямо сейчас!

HADDASANAA

03 Dec, 11:15


💬 Кітаптарымды алу үшін осыншалықты жеңілдіктер жасап жатырмын. Қолдап кетсеңіздер, жан-жаққа таратып дегендей. 😊

HADDASANAA

03 Dec, 11:12


🎉 Бұл дәрістерімнің барлығын бірге 3 сағаттық 90% жеңілдікпен оқырмандарыма небәрі 4 мың теңгеге беремін. Бұрын соңды болмаған жеңілдіктер! Үлгеріп қалыңыздар! 😊

❗️Әрбір дәріс 1000-ақ теңге беріліп жатыр 🤯

HADDASANAA

03 Dec, 11:09


🎉 Дайын видеоформаттағы Араб тілі дәрістерімді сіздерге ұсынамын:

▪️Сарф ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «Әмсилә» еңбегінен дәрістер - құны: 6000.

▪️Сарф ілімі бойынша ортаңғы деңгейдегі «Бинә» еңбегінен дәрістер - құны: 8000 теңге.

▪️Сарф ілімі бойынша жоғарғы деңгейдегі «Мақсуд» еңбегінен дәрістер - құны: 10000 теңге.

▪️Нах’у (грамматика) ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «ән-Нах’у әл-Уәдих» (Бастауыш деңгейінің бірінші бөлімі) еңбегінен дәрістер - құны: 6000 теңге.

📌 Дәрістердің барлығын жеңілдікпен сатып алғысы келетін жандар болса
+77086567307 номеріне төлем жасап, чекті жіберсін.

HADDASANAA

03 Dec, 05:10


💬 قال ⁧الشيخ عبدالكريم الخضير⁩ (حفظه الله):

‏«فالإكثار من مراجعة الشروح يُولد لدى طالب العلم ملكةً تمكنه من فهم المتون، والاستنباط منها، والاستدلال بها، وتؤهله لشرح أحاديث لم
‏يسبق إلى شرحها».

📕 شرح مقدمة صحيح مسلم, ٢٩

Шейх Абдулкәрим әл-Худайр (Алла оны сақтасын) былай деді:

«Түсіндірмелерді (шархтарды) көп мәрте қайталап оқу – шәкірттің бойында ерекше қабілет қалыптастырады. Бұл қабілет оған мәтіндердің терең мағынасын түсінуге, сол мәтіндерден үкімдер мен пайдалар шығарып алуға және оларды дәлел ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл оны бұрын соңды кездеспеген хадистерді ашықтауға яғни түсіндіруге дайындайды».

📕 Шарху Муқаддимати Сахих Муслим, 29

HADDASANAA

02 Dec, 17:01


📌 Имам Тирмизидің (һ.279) (Алла оны рақымына алсын) «Сунән» еңбегін басқалардан ерекше ететін қасиеттерінің бірі - бұл еңбекте хадис әдіснамасына қатысты көптеген ілімдердің болуы.

💬 Осыған байланысты Мәлики ғалымы Имам Әбу Бәкір ибн әл-Араби (һ.543)(Алла оны рақымына алсын) айтады:

Имам Тирмизидің «Сунән» еңбегінде хадис әдіснамасына қатысты он төрт ілім бар:

«Хадистерді тарауларына қарай реттейді, хадистер арқылы (фақиһтердің амалдарын) дәлелдейді, хадистердің сахих немесе әлсіз екенін анықтайды. Риуаяттардың жолдарын көрсетеді, жәрх және тәғдил жасайды, риуаяттардың үзілмегенін (муттасыл) немесе олардың үзілгенін (мунқатиғ) айтады. Рауилердің есімдері мен лақаптарын түсіндіреді. Амал етілетін немесе етілмейтін риуаяттарды баяндайды, риуаяттарды қабылдау немесе кері қайтару мәселесінде фақиһтердің пікір қайшылығын түсіндіреді. Шындығында мұның барлығы өз алдына бір ілім болып табылады».

📕 ибн әр-Араби, Аридат әл-Ахуәзи, 1/5

HADDASANAA

02 Dec, 13:58


💬 قال الإمام الزرقاني (رحمه الله):

«فهو ﷺ وإن ظهر منه كمالات لا تحصى فهي بالنسبة لما خفي كنقطة في بحر».

💬 Имам Зурқани (һ.1122) (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Оның ﷺ бойынан санауға келмейтін кемелдіктер көрінгенімен, олар жасырын қалғандардың жанында теңізден бір тамшыдай ғана.»

HADDASANAA

02 Dec, 12:20


📕 әл-Идах ли Бәйәни мәә әшкәлә мин әл-Ахадис әс-Сихах

👤 Доктор Ибраһим Шәғбан әл-Муршиди әл-Әзһари

📖 Шейх Ибраһим Шәғбән (Алла оны сақтасын) бұл еңбегінде сахих хадистерде кездесетін күрделі, қайшылықты тұстарды қалай анықтау керек екендігін баяндайды.

📌 Шейх Ибраһим Шәғбән, қазіргі уақытта Нұр Мүбәрәк университетінде дәріс береді. Былайша айтсақ, ол жерде оқып жатырған шәкірттердің бастарына қонған бір бақ. Жақсылап пайдаланыңыздар!

HADDASANAA

02 Dec, 09:30


📌 Имам Бухаридің (һ.256) (Алла оны рахымына алсын) «Сахихын» риуаят еткендерді көрсететін керемет схема.

HADDASANAA

02 Dec, 05:00


💬 قال الإمام مالك لبعض أصحابه:

‏ما يقول الناس فِيَّ؟

‏قلت: أما الصديق فَيُثني، وأما العدو فيَقعُ.

‏فقال الإمام مالك: ما زال الناس كذلك، ولكن
نعوذ بالله من تتابع الألسنة كلها.

📕 تذكرة الحفاظ، ١/٤٠٢

💬 Имам Мәлик (Алла оны рахымына алсын) шәкірттерінің бірінен былай деп сұрады:

«Адамдар мен туралы не дейді?»

Шәкірті былай деп жауап берді:

«Дос болған мақтап жатыр, ал дұшпан болған жамандап жатыр».

Сонда Имам Мәлик былай деді:

«Адамдар әрдайым осылай қалады. Бірақ барлық тілдің бірдей жамандап кетуінен Аллаһ Тағаладан пана сұраймыз».

📕 Тәзкират әл-Хуффәәз, 1/402

HADDASANAA

01 Dec, 17:39


💬 3-4 сағаттық дайындықпен «Усул әл-Хадис» дәрістеріне кіреміз 🍃

HADDASANAA

01 Dec, 15:25


💬 Қандай да бір кітаптың бетінен:

«اعتنى به عبد الفتاح أبو غدة»

деген жазуды көрсеңіздер, ол кітапты міндетті түрде сатып алыңыздар!

HADDASANAA

01 Dec, 13:52


💬 قال الحافظ السخاوي (رحمه الله):

‏«ما رأيت الحافظ ابن حجر -رحمه الله- لبس طيلسانا قط سوى مرة واحدة في مرض موته، فما رأيت أبهج منه فيه، وفي ظني أنه إنما تركه لعدم ورود السنة به».

📕 الجواهر والدرر: ٣/١٠٥٥

💬 Хафиз Шәмсуддин әс-Сахауи (һ.902) (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Мен Хафиз ибн Хәжәр әл-Асқаләнидің (Алла оны рақымына алсын) тірі кезінде тайласан (басты жауып тұратын киім түрі) кигенін көрмедім, тек дүниеден өтер алдында бір рет киіп шыққанын көрдім. Ол кезде одан асқан жарқын жүзді адамды байқамадым. Менің ойымша, ол тайласанды сүннетке сәйкес келмегені үшін кимеді».

📕 әл-Жәуәһир әд-Дурар 3/1055

HADDASANAA

01 Dec, 10:30


💬 قال محمد بن أبي حاتم الوراق(رحمه الله):

‏«قلتُ للبخاري مرة في خلوة: هل من دواء للحفظ؟ فقال: لا أعلم، ثم أقبل عليّ فقال: "لا أعلم شيئاً أنفع للحفظ من نهمة الرجل، ومداومة النظر».

📕 هدى الساري: ١٣٠٦

💬 Мухаммад ибн Әби Хатим әл-Уәррақ (Алла оны рахымына алсын) айтты:

Бір күні Имам Бухаримен (Алла оны рахымына алсын) оңашада отырып, одан:

«Жадыны күшейтетін дәрі бар ма?» - деп сұрадым. Имам Бухари болса:

«Білмеймін» - деді. Кейін маған бұрылып:

«Мен есте сақтау қабілетін жақсартуға адамның ынтасы мен үздіксіз оқуынан пайдалырақ ешнәрсе білмеймін» - деп жауап берді.

📕 Һудаа әс-Сәри, 1306

HADDASANAA

01 Dec, 06:00


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«إن الاشتغال بالعلوم الدينية النافعة أولى ما صُرِفَتْ فيها فواضل الأوقات، وأحرى بأن يهجر لها الملاذُّ والشهوات».

📕 النكت: ٧١

💬 Хафиз ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Пайдалы діни ілімдермен шұғылдану - бос уақытты ең дұрыс пайдаланудың жолы. Сонымен қатар, бұл (яғни іліммен шұғылдану) ләззаттар мен құмарлықтарды тастап, олардан бас тартуға ең лайықты себеп».

📕 ән-Нукәт, 71

HADDASANAA

30 Nov, 20:18


💬 قال الإمام الترمذي (رحمه الله):

‏«عبدالرحمن بن عُسَيلة الصُّنابحي: ليس له سماع من رسول الله -صلى الله عليه وسلم-، رَحَل إلى النبي -صلى الله عليه وسلم-، فقُبِض النبي -صلى الله عليه وسلم- وهو في الطريق».

📕 جامع الترمذي: ح٢

💬 Имам Тирмизи (Һ.279) (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Абдуррахман ибн Ғусәйлә әс-Сунәбихи (Алла оны рахымына алсын) Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) тікелей хадис естімеді. Ол Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) қарай жолға шыққан еді, бірақ ол жетпей тұрып, Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) дүниеден өткен болатын».

📕 Жәәмиғ әт-Тирмизи

HADDASANAA

30 Nov, 10:19


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«لا شك أني في معظم عمري قائم بالذبّ عن حديث النبي -صلى الله عليه وسلم-، وفي خدمته، فنِسبَتي إليه بذلك صحيحة، وإن كنتُ مقصِّرا، وأرجو بذلك أن يحفظني ويكفيني سائر مهماتي».

📕 الجواهر والدرر: ٣/١٠٠٠

💬 Хафиз ибн Хәжәр әл-Асқаләни (һ.852) (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Күдіксіз өмірімнің көп бөлігін, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) хадистерін қорғауға және оған қызмет етуге арнадым. Сондықтан өзімді онымен байланыстыруымды жөнді санаймын, қанша жерден кемшіліктерім болса да. Осы себепті Аллаһ Тағаладан мені қорғауын және басқа да маңызды істерімде маған жеткілікті түрде жәрдем беруін тілеймін».

📕 әл-Жәуәһир әд-Дурар, 3/1000

HADDASANAA

30 Nov, 06:15


💬 قال الإمام ابن معين (رحمه الله):

‏«أشتهي أن أقع على شيخ ثقة، عنده بيت مُلِىء بكتبٍ، أكتب عنه وحدي».

📕 سير أعلام النبلاء: ١١/٩٢

💬 Имам Яхья ибн Мәғин (һ.233) (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Сенімді бір ұстаз тауып, кітапқа толы үйінде жалғыз отырып одан ілім алуды қатты аңсаймын».

📕 Сияру Әғләм ән-Нубәлә, 11/92

HADDASANAA

29 Nov, 09:15


💬 قال الشيخ عبدالفتاح أبو غدة:

‏«من المؤسف أنه قد انتشر في صفوف طلبة العلم اليوم: الكسل العقلي، وغلب عليهم إيثار الراحة والدَّعَة على الجدّ والدأب، وصارت الرفاهية وأنواع من الفضول مقصدا من مقاصد الحياة عندهم، وغدت المتع مطلبا من مطالبهم».

📕 قيمة الزمن عند العلماء: ١١٥

💬 Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Өкінішке орай, бүгінгі күнде ілім ізденушілердің арасында ақыл-ой жалқаулығы кең тарады. Олар үшін еңбекқорлық пен табандылықтың орнын демалыс пен бейқамдық басып кетті. Жайлы өмір мен түрлі қажетсіз нәрселер олардың өмірлік мақсаттарының біріне айналып, ал ләззат пен рақат олардың басты талаптарының қатарына қосылды».

📕 Қиимат әз-Зәмән, 115

HADDASANAA

28 Nov, 14:06


💬 Бұл Ибн Ражәб әл-Хәнбәлидің (Алла оны рахымына алсын) мақалаларын жинақтаған бір еңбек. Тахқиқ жұмыстарын Ұстазымыз Шейх Мужиир әл-Хатиб (Алла оны сақтасын) жасады.

HADDASANAA

20 Nov, 10:23


💬 قال علي بن أبي طالب (رضي الله عنه):

‏«ارتحلت الدنيا مدبرة، وارتحلت الآخرة مقبلة، ولكل واحدة منهما بنون، فكونوا من أبناء الآخرة، ولا تكونوا من أبناء الدنيا، فإن اليوم عمل ولا حساب، وغدا حساب لا عمل».

📕 صحيح البخاري: ٨/٢٤٦

💬 Али ибн Абу Талиб (һ.40) (Алла оған разы болсын) айтты:

«Дүние сырт айналып кетіп барады, ал ақырет болса беттеп жақындап келеді. Екеуінің де өздеріне тән ұрпақтары бар. Сендер ақыреттің ұрпақтарынан болыңдар, дүниенің ұрпақтарынан болмаңдар. Себебі бүгін амал бар, есеп жоқ. Ал ертең есеп бар, бірақ амал жоқ.»

📕 Сахих әл-Бухари, 8/246

HADDASANAA

20 Nov, 05:30


💬 يحيى بن معين (رحمه الله)
‏توفي وحمل على سرير رسول الله ﷺ ونودي بين الناس :

«هذا الذاب عن رسول الله ﷺ الكذب».

📕 سير أعلام النبلاء ١١/٨٤

💬 Яхья ибн Мәғин (һ.233) (Алла оны рахымына алсын) дүниеден өткен уақытта Алла елшісінің (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) кереуетіне қойылды және адамдар арасында былай деп жария түрде айтылды:

«Бұл, Алла елшісінің (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) хадистерін өтіріктен қорғаған адам.»

📕 Сияру Әғләм ән-Нубәлә, 11/84

HADDASANAA

19 Nov, 15:42


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«يُستحَبّ أن يُتَحرَّى للدعاء المكانُ الشريفُ، لأن الدعاء فيه أقرب للإجابة».

📕 فتح الباري: ٢٠/٤٥٢

💬 ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Дұға жасау үшін қасиетті мекендердің таңдалуы мұстахаб, өйткені ондай мекендерде дұғаның қабыл болу мүмкіндігі жоғарырақ.»

📕 Фәтх әл-Бәри, 20/452

HADDASANAA

18 Nov, 12:24


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«ينبغي للمرء أن لا يَزهَد في قليل من الخير أن يأتيه، ولا في قليل من الشرّ أن يجتنبه، فإنه لا يعلم الحسنة التي يرحمه الله بها، ولا السيئة التي يسخط عليه بها».

📕 فتح الباري: ٢٠/١٩٧

💬 ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Адам кішкентай да болса бір жақсылықты істеуден бет бұрмауы керек және кішкентай да болса бір жамандықтан ұзақ тұруды ұмытпауы керек. Себебі Аллаһ Тағаланың рақымына себеп болатын қай іс екендігін, сондай-ақ Оның ашуын туғызатын қай іс екендігін білмейді».

📕 Фатх әл-Бәри, 20/197

HADDASANAA

18 Nov, 10:35


🎉 Бүгінгі олжам.

💬 Имамдарымызды Шейх Мухаммад Зәһид әл-Кәусәридің (Алла баршасын рахымына алсын) қаламынан тану бөлек бір сезім 🍃

HADDASANAA

18 Nov, 01:00


💬 Аллаһ Тағала біздерді ілім ізденушілердің қызметінде болудан ажыратпасын 🍃

📌 Дәрістерімізге тіркелуді қалайтын ілім ізденушер (ер азаматтар) болса әліде кеш емес 😊

HADDASANAA

18 Nov, 00:54


Ұстаздарымызға Аллаһ күш-қуат берсін. Еңбектерін өз құзырында қабыл етіп, жаннатпен сүйіншілендірсін. Әмин.

Дәріс өте жоғарғы дейгейде өтуде. Аллаһ пайдасын алуда, оны қолдануда, амал етуде тауфиқ берсін.

Ілімде үлкен жетістікке жету үшін екі нәрсе қажет. Ол - жанып тұрған (білімді) Ұстаз және жанып тұрған (ықыласты, ынталы, тұрақты) шәкірт. Ұстазымызды таптық, ендігісі - өзімізге әрекет қылып, Ұстаздан пайда алып қалу.

Баршамызға пайдалы ілім нәсіп етсін. Әмин.

HADDASANAA

17 Nov, 18:56


💬 2-3 сағаттық дайындықпен усул әл-хадис дәрістеріне кіреміз 🍃

HADDASANAA

17 Nov, 16:29


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«المراد بوليّ الله: العالِم بالله تعالى، المواظِب على طاعته، المخلِص في عبادته».

📕 فتح الباري: ٢٠/٢٣٩

💬 Хафиз ибн Хәжәр әл-Асқаләни (һ.852) (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«АллаҺ Тағаланың уәлиі деп, Алланы таныған, Оған үнемі бойсұнатын және құлшылығында шынайы ықыласты болған адамды айтады».

📕 Фатх әл-Бәри, 20/239

HADDASANAA

17 Nov, 14:00


💬 قال سفيان بن عيينة (رحمه الله):

‏«ما أحد يطلب الحديث إلا وفي وجهه نُضرة؛ لقول النبي صلى الله عليه وسلم: نضَّر الله امرأً سمع منا حديثا فبلّغه».

📕 المدخل إلى معرفة كتاب الإكليل، ص:٥٧


💬 Суфиян ибн Ғуйәйна (һ.198) (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Хадис шәкіртінің жүзінде нұр бар. Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын): «Бізден бір хадис естіп, оны басқаларға жеткізген адамның Аллаһ Тағала жүзін жарық қылсын (нұрландырсын)» деп айтқан хадисі себепті».

📕 әл-Мәдхал иләә Мәғрифәти Китәб әл-Иклиили, 57

HADDASANAA

17 Nov, 10:01


💬 قال سفيان الثوري (رحمه الله):

‏«إني لأكتب الحديثَ على ثلاثة وجوه: فمنه ما أتدين به، ومنه ما أعتبر به، ومنه ما أكتبه لأعرفه».

📕 الجامع للخطيب: ٢/٤١٨

💬 Суфиян әс-Сәури (һ.161) (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Мен хадистерді үш мақсатпен жазамын: Бір бөлігін дініммен амал ету үшін, бір бөлігін ғибрат алу үшін, ал соңғы бір бөлігін білім иесі болу үшін жазамын».

📕 әл-Жәмиғ 2/418

HADDASANAA

17 Nov, 05:00


💬 قال الحافظ ابن الجوزي (رحمه الله):

‏«كان الخطيب البغدادي حريصا على علم الحديث، وكان يمشي في الطريق وفي يده جزء يطالعه».

📕 المنتظم: ٨/٢٦٧


💬 ӘбулФәраж ибн әл-Жәузи
(һ.597) (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Хатиб әл-Бәғдади (Алла оны рахымына алсын) хадис іліміне өте құштар болатын. Жолда жүрген уақытта да қолынан бір жүз (кітап) табылып, соны оқып жүретін еді».

📕 әл-Мунтазам, 8/267

HADDASANAA

16 Nov, 16:14


📌 Өздеріңіз білетіндей арнамыз жабық режимде. Төменде арнамыздың тіркелу сілтемесі. Тіркелгісі келетін жандарға таратсаңыздар болады.

https://t.me/+YlHE_YqUvCRkMTBi

HADDASANAA

15 Nov, 16:01


💬 قال سفيان بن عيينة (رحمه الله):

‏"لا يكون الرجل من أهل الحديث حتى يأخذ عمن فوقه، وعمن هو دونه، وعمن هو مثله".

📕 الجامع: ٢/٤٧٢

💬 Суфиян ибн Ғуйәйна (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Адам - өзінен жоғары болғандардан, өзінен төмен болғандардан, өзімен тең болғандардан ілім (риуаят) алмайынша хадис ізденуші бола алмайды.»

📕 әл-Жәмиғ, 2/472

HADDASANAA

15 Nov, 12:56


📌 Ия дәрістеріміз басталды. Өте үлкен дайындықпен беріліп жатырған білім. Егер қатынасуға ниетті ілім ізденушілер болса, қош келесіздер 😊

@temyrtauuly

HADDASANAA

15 Nov, 12:55


بسم الله الحمد لله
Алланың қалауымен хадис әдіснамасына қатысты дәрістер өтіп жатырмыз. Өте керемет өтуде, 1 жарым сағаттық дәріс жан ләззатын сезіндіреді. Әрине ойлануды да қажет етеді. Онсыз усуль ілімдері болмайды))😁


Ұстаздарымызға Аллаһ күш-қуат нәсіп етсін.

HADDASANAA

14 Nov, 19:08


💬 قال الحافظ السخاوي (رحمه الله):

‏«كانت أوقات الحافظ ابن حجر -رحمه الله- كلُّها مشحونةً بالعبادة؛ إما بالعلم، أو الصلاة، أو التلاوة، أو الذكر».

📕 الجواهر والدرر: ٣/١٠٥٣

💬 Имам Сахауи (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«ибн Хәжәр әл-Асқаләнидің (Алл оны рахымына алсын) бар уақыты ғибадатқа толы болатын. Уақытын не іліммен, не намазбен, не Құран оқумен, не болмаса зікірмен өткізетін еді.»

📕 әл-Жәуәһир уә әд-Дурар, 3/1053

HADDASANAA

14 Nov, 11:48


💬 Аллаға шүкір 60 адам (бәлкім одан да көп) жазбаларымды жібермей оқиды екен. Бірақ не үшін «реакция» аз? Бәлкім әрбір пайдалы жазбама «реакция» көп болғанда (ең аз 50 реакция) небір пайдалы жазбалар шығарма еді. Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда (Алла оны рахымына алсын) айтқандай:

«Ілім - жанып тұрған ұстазбен жанып тұрған шәкіртке мұқтаж».

HADDASANAA

14 Nov, 09:06


💬 قال الإمامان أحمد وابن راهويه(رحمهما الله):

‏«إن العالم إذا لم يعرف الصحيح والسقيم والناسخ والمنسوخ من الحديث لا يُسمَّى عالما».

📕 معرفة علوم الحديث: ٢٤٠

💬 Имам Ахмад және Имам ибн Раһуияһ (Алла ол екеуін рахымына алсын) айтты:

«Егер ғалым, хадистердің сахих және әлсізін, нәсіх және мәнсух болғандарын білмейтін болса, оған ғалым деп айтылмайды.»

📕 Мәғрифату Ғулум әл-Хадис, 240

HADDASANAA

13 Nov, 17:41


💬 قال محمد بن أبي حاتم الورّاق
(رحمه الله):

‏«قلتُ لأبي عبدالله البخاري: أتَحفظ جميعَ ما أدْخلتَ في المصنَّف؟ قال: لا يخفى عليّ جميعُ ما فيه».

📕 تقييد المهمل: ١/١٥


💬 Мухаммад ибн Әбу Хатим әл-Уәррақ (Алла оны рахымына алсын) айтты:

Әбу Абдиллаһ әл-Бухариден (Алла оны рахымына алсын) былай деп сұрадым:

«Кітабыңа (Сахих әл-Бухариге) алған барлық хадисті жатқа білесің бе?»

Имам Бухари былай деп жауап қатты:

«Ол кітаптың ішіндегі барлық нәрсе менен жасырынып қала алмайды. (Яғни барлығын жатқа білемін)».

📕 Тәқиид әл-Муһмәл, 1/15

HADDASANAA

13 Nov, 13:09


إنا لله وإنا اليه راجعون

💬 Бүгін Алланың қалауымен атам Ерболат Байсақалұлы дүниеден өтті. Бір Фатиха үш Ықылас сүрелерін оқып соңынан бағыштасаңыздар ❤️‍🩹

HADDASANAA

12 Nov, 17:20


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«فيه أن المرء إذا رأى صاحبه مهموما استُحِبّ له أن يحدِّثه بما يُزِيل هَمَّه، ويُطيِّب نفسه».

📕 فتح الباري: ١٥/٥٨٣

💬 ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Қандай да бір адам досының жабырқаулы күйін көрсе, досы үшін оның мұңын сейілтетін және көңілін қуанышқа бөлейтін сөздерді айтуы мұстахаб.»

📕 Фәтх әл-Бәри, 15/583

HADDASANAA

12 Nov, 14:00


💬 قال الإمام شعبة (رحمه الله):

‏«مَن طَلَب الحديثَ أفلَسَ، لقد أفلستُ حتى بعتُ طستا لأمي بسبعة دينار».

📕الجامع للخطيب: ١/٩٢


💬 Шуғбә ибн Хәжжәж (һ.160) (Алла оны рахымына алсын):

«Хадис ілімін талап еткен (ізденген) адам жоқшылыққа ұшырайды. Шынында менде жоқшылыққа ұшырадым. Жоқшылыққа ұшырағаным соншалық, анамның бір легенін жеті динарға саттым.»

📕 әл-Жәмиғ, 1/92

HADDASANAA

12 Nov, 11:59


💬 Дініңді түлкіден үйренсең, тауық ұрлауды ғибадат көресің.

HADDASANAA

11 Nov, 19:33


💬 Дүниеден өткен уақытта, соңынан “Хадис өлді” - деп айтылған үлкен Мухаддис Шуғба ибн Хәжжәждың (Алла оны рахымына алсын) (һ.160) жомарттығы турасында:

«Ауданының балаларына және кедейлеріне көптеп сыйлық бергендігі үшін, Шуғба ибн Хәжжәжға ауданының балалары, кедейлері “Әке, Әке” - деп қарым-қатынас жасайтын еді.»

HADDASANAA

11 Nov, 07:41


💬 Ұстазым Шейх Мухаммад Бәро әл-Хәнбәли (Алла оны сақтап, күнәларын кешірсін):

Қандай таңғаларлық жағдай. Имам Нәуауидің (Алла оны рахымына бөлесін) "Қырық Хадис" еңбегіне төрт мәзһәбтың ғалымдары шарх жазған. Аллаһ Тағала бұл еңбегін қабыл еткендігінің бір белгісі.

1) Мулла Али әл-Қари (һ.1014, Ханафи мәзһәбы) - «әл-Мубин әл-Муғин ли фәһм әл-Әрбәғин».

2) Ибн Хажар әл-Һәитәми (һ.974, Шәфиғи мәзһәбы) - «әл-Фәтх әл-Мубин».

3) Имам Тәжуддин әл-Фәкиһәни әл-Мәлики (һ.731, Мәлики мәзһәбы) - «әл-Мәнһәж әл-Мубин».

4) Ибн Рәжәб әл-Хәнбәли (һ.785, Хәнбәли мәзһәбы) - «Жәмиғ әл-Ғулум уә әл-Хикәм».

📌Жоғарыда айтылған кітаптардан басқа, «Қырық Хадис» еңбегіне жазылған шархтар өте көп.

HADDASANAA

10 Nov, 19:07


📌 Араб тілі ілімдерін бастауыштан бастап оқытатын «Грамматика Жатақханасы» онлайн білім ордамызда 1 жылдың үстінде оқып жатырған, қазіргі кезге дейін 6 кітапты толық аяқтап бітірген 62 жастағы әпкеміздің шынайы пікірі:

Ассалому алейкум ва рахматуллахи ва баракатуху Ұстаз мен Ханымдар!
Мен бұл топқа кіргенімнен қуаныштымын,Ұстазымыз өте мейрімді,сабақты уақытында қадағалап тұрады. Грамматика Жатақханасында қызықты жобалар бар. Жақында Силсиләт Әл-Лисән дәрісі қосылды. Бұл дәрісте біз сарф және нахву дәрістерінің дәрежелерін үйреніп жатырмыз. Қазір ортаңғы деңгейде ән-Нах’у ілімі бойынша әт-Тухфат әс-Сәнииә кітабын оқып жатырмын. Бұл топ маған өте пайдалы болып жатыр,мәселен бүгін мен бірінші рет құрбым екеуміз арабша сөйлестік,өте пайдалы әрі қызықты болды.Құран кәлималарын түсіне бастадым.
Ұстазыма алғысым шексіз,Ұстазымнан Алла разы болсын,Аллаға аманат!

❗️Қабылдауларымыз әрбір айдың 28,29 күндері болады❗️

HADDASANAA

10 Nov, 06:35


💬 قال إسحاق بن راهويه لأبي زرعة(رحمهما الله):

‏«إني أزداد بك كل يوم سرورا، فالحمد لله الذي جعلك ممن يحفظ سنته، وهذا من أعظم ما يحتاج إليه اليوم طالب العلم».

📕 تقدمة الجرح والتعديل: ٦٦٧

💬 Исхақ ибн Раһуияh Әбу Зурғаға (Алла ол екеуін рахымына алсын) былай деген еді:

«Сені көрген сайын қуанышым арта түседі. Аллаға шүкір, Ол сені Сүннетін сақтаушылардан қылды. Бұл – бүгінгі күнде ілім ізденуші мұқтаж болған ең ұлы істерден.»

📕 Тақдимат әл-Жәрх уә әт-Тәғдил, 667

HADDASANAA

09 Nov, 21:21


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«إن التعليم بالتدريج أخَفّ مؤنة وأدعى إلى الثبات مِن أخذه بالكَدّ والمغالبة».

📕 فتح الباري: ١٩/٤٩٠

💬 ибн Хажар әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Ілімді бірте-бірте (асықпай-аптықпай) үйрену, қиналып және шамадан тыс күш салып үйренуден қарағанда жеңіл және алынған ілімнің тұрақты көкейде қалуына септігін тигізеді».

📕 Фәтх әл-Бәри, 19/490

HADDASANAA

09 Nov, 14:34


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«كتاب "الأدب المفرد" للبخاري يشتمل على أحاديث زائدة على ما في "الصحيح"، وفيه قليل من الآثار الموقوفة، وهو كثير الفائدة».

📕 فتح الباري: ١٨/٢٨٧

💬 ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Имам Бухаридің “әл-Әдәб әл-Муфрад” еңбегінде, сахихында кездеспейтін қосымша хадистер бар. Бұл еңбегінде аз мөлшерде мауқуф хадистер де бар және пайдасы мол еңбек.»

📕 Фәтх әл-Бәри, 18/287

HADDASANAA

09 Nov, 07:30


💬 ‏«كان الإمام الشافعي أسخى الناس على الدينار والدرهم والطعام، فقال لي الشافعي: أفلست في عمري ثلاث إفلاسات، فكنت أبيع قليلي وكثيري، حتى حُلِيّ ابنتي وزوجتي، ولم أرهن قط».

📕 آداب الشافعي ومناقبه: ٩٤

💬 Амр ибн Саууәд (Алла оны рахымына алсын) айтты:

Имам әш-Шәфиғи (Алла оны рахымына алсын) динар, дирһам, тағам тұрғысында адамдардың ең жомарты болатын. Бір күні маған былай деп айтты:

«Өмірімде үш рет жоқшылыққа (банкрот) ұшырадым, соншалықты азды-көпті не болса сатуға тура келді. Тіпті қызым мен әйелімнің әшекей бұйымдарын саттым. Бірақ мен ешқашан кепілге бір нәрсе алған емеспін.»

📕 Әдәб әш-Шәфиғи уә Мәнәқибуһу, 94

HADDASANAA

08 Nov, 22:07


💬 قال الإمام الزهري (رحمه الله):

‏«إنّ هذا العلم إن أخذتَه بالمكاثرة عليك غلبك ولم تَظفَر منه بشيء، ولكن خُذْه مع الأيام والليالي أخذا رفيقا تظفر به».

📕 حلية الأولياء: ٣/٣٦٤

💬 Имам Зуһри (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Егер бұл білімді өзіңе көп жүк етіп алуға тырыссаң, ол сенің сағыңды сындырады және одан (білімнен) ешбір нәрсе ала-алмай қаласың. Бірақ, білімді күндіз-түні адым-адым (асықпай) алар болсаң, оған қол жеткізесің.»

📕 Хилят әл-Әулиә, 3/364

HADDASANAA

08 Nov, 20:38


📢 Арнамызда қаншалықты өзінің арнасы бар оқырмандарым болса баршаңыз осы арнамның дамуына үлестеріңізді қосып таратып жіберсеңіздер. Сіздердің сандарыңыз көбейген сайын жақсы жазбалар шығатын болады. Шынайы пайда алып жатырған оқырмандарымнан үлкен бір өтінішім болсын ☺️

HADDASANAA

08 Nov, 20:35


https://t.me/haddasanaa

HADDASANAA

08 Nov, 10:56


📌 Не үшін
«MANARATU ULUM’İL HADİS»

💬 «Manarat / منارة» сөзі Араб тілінде «Шамшырақ яғни Маяк» мағынасын береді. Маяк - теңіздегі кемелерге дұрыс бағыт-бағдар көрсету үшін, оларды теңіздегі түрлі қауыптен сақтау үшін салынады. Бізге жол көрсетер шамшырақ болсын деп «منارة» сөзін таңдадық.

💬 Ал «al-Hadis / الحديث» сөзі Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) сөздерін, іс-әрекеттерін, мақұлдауларын білдіретін термин сөз. Яғни осыларды анықтауға, жеткізуге, түсінуге бағытталған ілім түрі. Хадис ілімі тұнып тұрған теңіз іспетті. Оған шамшырақсыз (ұстазсыз) шығу өте қауіпті.

📎 Хадис ілімдері теңізінде бұл ілім ордамыз жол көрсетер бір шамшырақ іспетті болсын деп атауын
«MANARATU ULUM’IL HADİS» деп қойдық.

HADDASANAA

08 Nov, 08:34


🎉 «MANARATU ULUM’İL HADİS» хадис мәжілісіне хабылдаулар ашық❗️

🗓️ Дәріс кестесі: Дүйсенбі және Жексенбі күндері. Кешкілік уақыт 22:30-да.

📎 Бұл жерге тек ер азаматтарды ғана қабылдаймыз. Орын саны 10-ға дейін шектеулі. Алдағы Жексенбі күні дәрістерімізді бастап кетеміз. Жоғарыда көрсетілген екі еңбек оқылады. Сондықтан хадис мәжілісімізден өз орныңызды алып үлгеріңіз. 😊

🔴 Бізге тіркелу құны - 10 мың теңге! Және әр ай сайын ілім ордасының дамуы үшін бекітілген төлемді жасап тұруыңыз қажет болады . Осылай жасау арқылы бірінші өзіңіз дамисыз және ай сайын салып тұратын қаражатыңыз себепті ілім ордамыз дамитын болады.

📌 Тіркелемін дейтін болсаңыз
+77086567307 номеріне төлем жасап, чекті жіберіңіз❗️

HADDASANAA

08 Nov, 06:35


💬 Әбул Фәраж ибн әл-Жәузи (Алла оны рахымына алсын) айтты:

"Жаман адамдармен жолдас (дос) болма! Жолдасың кітаптар мен өткен ғұламаларымыздың өміріне ой жүгірту болсын!”

📕 Ләфтәт әл-Кәбәд илә Нәсихәт әл-Уәләд
.

HADDASANAA

06 Nov, 13:06


💬 Барлық жазушылар жан дауасын беруге тырысты. Бірақ ешбірі Қади Ғияд секілді «Шифаны» бере алмады 🍃

📌 Жанның емі - «әш-Шифа».

HADDASANAA

05 Nov, 06:50


📌 Әбу Хатим әр-Рази мен оның ұлы Абдуррахманның (Алла ол екеуіне разы болсын) ілімге деген сүйіспеншілігі.

💬 Әкеммен жүрген уақытта, тамақ ішкен уақытта, қандай жағдай болмасын оған ілім оқитын едім. Соншалықты әкемнен, өлім аузында жатқан күйінде, мына рауи Сахаба ма? Табиғин бе? - деп сұрадым. Ол болса әлсіз, қажыған үнімен жауап берді.

📎 Абдуррахман әкесімен бірге ортақ 154 ұстаздан дәріс алды.

HADDASANAA

04 Nov, 21:35


💬 Хадис хафызы Мухаммад ибн Тәһир әл-Мәқдиси (Алла оны рахымына алсын) былай дейді:

Әбу Исмағил Әнсәридің (Алла оны рахымына алсын) былай деп айтқандығын естідім: “Мухаддис - тез жүруі, тез жазуы, тез оқуы қажет”.

📝 Қиимат әз-Зәмән, 196

HADDASANAA

03 Nov, 21:27


💬 Алтындарымды сағынғанымдай ❤️‍🩹

HADDASANAA

03 Nov, 15:22


https://t.me/haddasanaa

📌 Негізгі арнамның дамуына жәрдемші болып, осы жазбамды жан-жаққа таратсаңыздар игі болар еді 😊

HADDASANAA

03 Nov, 09:33


💬 قال الشيخ محمد براء الحنبلي الدمشقي الشافعي (حفظه الله و عفي عنه):

يجب أن يكون من أهداف طالب العلم "إيقاظ حب التعليم في نفوس الأمة!”

💬 Шейх Мухаммад Бәро әл-Хәнбәли (Алла оны сақтап, күнәларын кешірсін) айтты:

"Ілім ізденушілер үшін мақсаттарынан бірі "Үмметтің жүрегіндегі ілімге деген махаббатты ояту" болуы керек!”

HADDASANAA

31 Oct, 22:40


📌 Өзім жайлы

💬 Өзім жайлы таныстырып кетуді жөн көрдім. Есімім Алмас. Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылынан боламын. Жасым 26-да. Отбасылымын, Сәкинаның әкесімін. 2018-2021 жылдар аралығында “Астана Медресесінде” оқыдым. 2021-2022 жылдар арасында Стамбул қаласында орналасқан Ұстазымыз Шейх Ихсан Шеноджактың “ИФАМ” медресесінде ілім алдым, сонымен қатар Стамбул қаласында 2022 жылдан бастап Хадис қызметшісі Ұстазым Мулла Ибраһим Каяның “Дәрул Хадис” медресесінде ілім алумен қатар, 2024 жылдан бастап Хадис ілімдерін оқытатын «ИНСАФ» медресесінде ілімімді жетілдіру үстіндемін. 2022 жылдан бастап өзімнің авторлық жүйеммен Араб тілі ілімдерін онлайн күйде оқытатын «Грамматика Жатақханасы» шағын ілім ордасының негізін қаладым.

HADDASANAA

30 Oct, 23:29


💬 Шейх Мухаммад Әнуар Шах Кәшмири (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Жүрек - ешбір нәрсеге мұқтаж болмаған Аллаһ Тағаланың жазған тағдырын қабылдай алатын орын болғандықтан, Аллаһ Тағала оны саңылаусыз бітеулі мүше етіп жаратты. Сондықтан жүрек айналасы жабық, есіктері құлыптаулы, сырын тек Аллаһ Тағаладан басқа ешкім білмейтін биік ғимарат іспетті.»

📕 Фәйд әл-Бәри

HADDASANAA

29 Oct, 15:53


💬: إذا قال ابن حجر سكت عنه بشر

HADDASANAA

28 Oct, 16:57


💬 Ханафи мәзһабында көптеген фиқһ және усул кітаптарына жазған құнды тахқиқымен танылған Муфтий Әбу Лубәбә (Алла оны сақтасын).

HADDASANAA

27 Oct, 22:04


💬 Мадиналық табиғиндерден, ұлы мухаддис және фақиһ ибн Шиһәб әз-Зуһри (һ.124) (Алла оны рахымына алсын) хадис дәрістерін осы дұғамен аяқтайтын еді.

📕 Фәсәуи, әл-Мәғрифа 1/623

📌 Бұл дұғаны үнемі оқып жүріңдер деп заманымыздың ұлы мухаддисі Шейх Мухаммад Әууәманың (Алла оны сақтасын) өзі кеңес еткен.

HADDASANAA

24 Oct, 20:36


💬 Шейх Дурсун (Алла оны сақтасын):

Имам ибн әс-Салахтың «Муқаддима» еңбегіне жазылған мухтасарлар:

1)Иршәду Тулләб әл-Хақаиқ (Имам Нәуәуи)
2)әт-Тақриб уә әт-Тәйсир (Имам Нәуәуи)
3)әл-Мәнһәл әр-Рауи (Бәдруддин ибн Жәмәғә)
4)Ихтисару Улум әл-Хадис (ибн әл-Кәсир)

📌 Алла баршасын рахымына алсын. Ілімдерінен лайықты түрде пайда алуды бізге нәсіп етсін.

HADDASANAA

23 Oct, 11:33


📌 Шатастырып алуға болмайтын есімдер.

💬 “Тирмизи” - деп аталатын ғалымдар:

- 1) Хафиз Ахмад ибн әл-Хәсән ибн Жунәйдиб (һ.241 - һ.249 арасы). Имам Бухари және Имам Тирмизи одан Хадис риуаят еткен. әт-Тирмиз әл-Кәбир депте еске алынады.

- 2) Әбу Исмағил Мухаммад ибн Исмағил әс-Суләми (һ.280), Имам Тирмизи және Имам Нәсәи одан хадис риуаят еткен.

- 3) Мухаммад ибн Иса (һ.279), Сунән еңбегінің иесі.

- 4) Мухаммад ибн Али, әл-Хаким (һ.320) “Нәуәдир әл-Усул” еңбегінің иесі.

💬 “әд-Дәрими” - деп аталатын ғалымдар:

- 1) Хафиз, фақиһ Абдуллаһ ибн Абдуррахман (һ.255). Муснәд еңбегінің иесі. Муслим, Әбу Дәуд және Тирмизи одан хадис риуаят еткен.

- 2) Усман ибн Саид әс-Сижистани (һ.280). әр-Рад әлә әл-Жәһмииә, әр-Рад әлә әл-Мурәйси еңбектерінің иесі.

- 3) Ахмад ибн Саид ибн Сәһр, Әбу Жағфәр, Хафиз (һ.253)

💬 “Ибн Хиббан, Ибн Хаййан” деп аталатын ғалымдар:

- 1) Ибн Хиббан: Әбу Хатим әл-Бусти әт-Тәмими (һ.354). Сахих, Сиқат, Мәжрухин еңбектерінің иесі. Нәсәи, Әбу Яғлә және Ибн Хузәймадан хадис риуаят еткен.

- 2) Ибн Хаййан: Әбу әш-Шәйх, Мухаммад ибн Хаййан әл-Әсбәһәни, зәһид. Әбу Яғлә, Әбу Яғлә әл-Жумахи және Хафиз Әбу Нуғаймнан хадис риуаят еткен.

💬 “Әбу Нуғайм” - деп аталатын ғалымдар:

- 1) әл-Фадл ибн Дукәйн әл-Куфи (һ.219). Имам Бухаридің ұстазы.

- 2) Әбу Нуғайм әл-Исбәһәни (һ.430). Хилят әл-Әулия, Дәләил ән-Нубууә, Әхбәру Исбәһән еңбектерінің иесі.

💬 “Тәбәри” - есімімен аталатын ғалымдар:

- 1) Мухаммад ибн Жәрир (һ.310). Тәфсир, Тәрих еңбектерінің иесі.

- 2) Әбу әл-Аббас Ахмад ибн Абдуллаһ әш-Шәфиғи (һ.694). әр-Рияд ән-Нәдира еңбегінің иесі.

💬 “Хәким” - есімімен аталатын ғалымдар:

- 1) Мухаммад ибн Мухаммад ән-Нәйсәбури (һ.378). әл-Әсмә уә әл-Кунә еңбегінің иесі. әл-Хәким әл-Кәбир деп аталатын ғалым осы.

- 2) Мухаммад ибн Абдуллаһ ән-Нәйсәбури, Хафиз (һ.405). Мустадрак еңбегінің иесі.

💬 “Хумәйди” - есімімен аталатын ғалымдар:

- 1) Абдуллаһ ибн әз-Зубәйр әл-Курәши, Әбубәкир (һ.219). Имам Бухари одан хадис риуаят еткен. Муснәд еңбегінің иесі.

- 2) Мухаммад ибн Фәттух, Ибн Хазмның шәкірті (һ.488). Тәзкира еңбегінің иесі.

💬 “Таялиси” - есімімен аталатын ғалымдар:

- 1) Әбу Дәуд әл-Фариси әл-Басри (һ.204). Ахмад ибн Хәнбәл және Ибн әл-Мәдини одан хадис риуаят еткен. Муснәд еңбегінің иесі.

- 2) Әбу әл-Уәлид Һишәм ибн Абдулмәлик әл-Басри(һ.227). Бухари, Дәрими, Әбу Дәуд одан хадис риуаят еткен.

💬 “әл-Араби” - есімімен аталатын ғалымдар:

- 1) Әбубәкир Мухаммад ибн Абдуллаһ әл-Ишбили әл-Мәлики, Ибн әл-Араби (һ.543). ‘Аридәт әл-Ахуәзи және тағыда басқа көптеген еңбектің иесі.

- 2) Али ибн Мухаммад әл-Хатими әт-Таи, Ибн Араби (һ.638). Фусус еңбегінің иесі.

💬 “Ибн Хәжәр” - есімімен аталатын ғалымдар:

- 1) Ахмад ибн Али әл-Кинәни әл-Асқаләни әл-Мисри (һ.852). Фәтх әл-Бәри және көптеген еңбектердің иесі.

- 2) Ахмад ибн Мухаммад әл-Һәйтәми әш-Шәфиғи әл-Мисри, Фақиһ (һ.974). Зәуәжир, әл-Фәтәуә әл-Хадисииә еңбегінің иесі.

💬 “әл-Жәузи” - есімімен аталатын ғалымдар:

- 1) Абдуррахман ибн Али әл-Бәкри әл-Бағдади әл-Хәнбәли, Ибн әл-Жәузи (һ.597). Мунтазам, Зәәд әл-Мәсир, Мәудуғат, Сифат әл-Сафуә еңбектерінің иесі.

- 2) Мухаммад ибн Әбубәкир әд-Димашқи, Ибн Қаиим әл-Жәузииә (һ.751). Иғләм әл-Муаққиғин, Фурусииә, әл-Мәнәр әл-Муниф, Зәәд әл-Миғәд еңбектерінің иесі.

HADDASANAA

22 Oct, 21:09


💬 Хадис ғалымы Халил Ахмад әс-Сәһәранфуридің (Алла оны рахымына алсын) «Сунән Әбу Дауд» еңбегіне жазған керемет құнды шархы. Ханафи мәзһабының көзқарастарын келтірген. Бұл еңбегін «Умдат әл-Қари» және «Мирқат әл-Мәфәтих» еңбектерінен пайдалана отырып жазған.

📌 Құны 80 мың тұратын еңбек.

HADDASANAA

22 Oct, 20:23


💬 Шейх Дурсун (Алла оны сақтасын):

«Шариғат ілімдерін меңгеруде ең маңыздысы кітап емес, ұстаз!»

HADDASANAA

22 Oct, 17:32


Еххх 🫠

HADDASANAA

22 Oct, 08:02


💬 Али ибн Мәдини (Алла оны рахымына алсын) жеткізеді:

Хадис үйрену үшін сапарға шықпастан алдын Суфиян ибн Ғуйәйнамен (Алла оны рахымына алсын) қоштасып жатқанымда маған:

“Міндетті түрде үйренген хадистеріңмен сыналасың! Адамдар саған мұқтаж болады. Тақуалықты ұстан, хадистерді үйренуде және жаттауда ниетіңді таза ұста!” - деді.

📕 Хатиб әл-Бәғдади, әл-Жәмиғ, 1781

HADDASANAA

20 Oct, 09:58


💬 Енді апталық әрбір Жұма күні «Араб тілі дәрістеріме» 70% жеңілдік жасап тұратын боламын. Тек 3 оқырманыма! Сондықтан жеңілдіктерге әзір жүріңіздер 😊

HADDASANAA

19 Oct, 19:01


💬 Мункәр және Шәз хадистің арасындағы байланыс қандай

▪️Мункәр хадис: Дағиф бір рауидің, сиқа бір рауидің риуаятына қарама-қайшы риуаят еткен хадисін айтамыз.

▪️Шәз хадис: Сиқа бір рауидің, өзінен мықтырақ сиқа бір рауидің риуаятына қарама-қайшы риуаят еткен хадисін айтамыз.

📌 Мункәр және Шәз хабардың екеу ара ортақтығы бар. Екеуінде де қарама-қайшылықтың болуы шарт. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: Мункәр хадистің рауиі - әлсіз! Шәз хадистің рауиі - сиқа!

🔴 Мункәрдің қарама-қайшы сөйлеушісі - Мәғруф, Шәздің қарама-қайшы сөйлеушісі - Махфуз деп аталады.

HADDASANAA

17 Oct, 21:06


💬 Бір хадиске алғаш рет «Муғәллақ» атын берген Имам Дәрақутни (Алла оны рахымына алсын).

HADDASANAA

17 Oct, 20:23


💬 Хадистерді сахихынан ажыратып «Һаза хадисун хасанун» сөзін алғаш қолданған Имам Бухаридің ұстазы Али ибн Мәдини (Алла ол екеуін рахымына алсын).

HADDASANAA

16 Oct, 06:00


💬 Ұстазымыз Шейх Дурсун (Алла оны сақтасын):

«Ұстазымыз Шейх Мухаммад Аууәма (Алла оны сақтасын) «Тәдриб әр-Рауи» еңбегін бізге 7 жыл оқытты. Заманымыздағы Усул әл-Хадис алаңында жазылған ең ауқымды жұмыс Шейх Мухаммад Аууаманың бұл еңбекке жазған тағлиқаты.»

HADDASANAA

15 Oct, 22:31


💬 Ұстазымыз Шейх Дурсун (Алла оны сақтасын):

«Ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) қай саладан болмасын кітап жазған болса, өзінен кейін сол саланың есігін толығымен жауып (жыртығын жамап) тастаған, аз ғана жерді ашық қалдырған».

HADDASANAA

14 Oct, 08:29


🎉 Дәрістер топтамасы

👤 Дәрісті жүргізуші: Шейх Мухаммад Аууәмә (Алла оны сақтасын)

📖 Өтілетін еңбек: Тәдриб әр-Рауи

📌 Дәрістердің сілтемесі:
https://youtube.com/playlist?list=PLMqGtjEb1XwnsOvkyDafUaCJAJlp2mooW&si=vjVTeyY_8V4IG2av

HADDASANAA

13 Oct, 19:06


📌 Ілім артығырақ па? Әлде амал ма?

💬 Бірісі Имам ибн Шиһәб әз-Зуһриден (Алла оны рахымына алсын) былай деп сұрайды:

«Ілім артық па? Әлде амал артық па?» - сол кезде Имам Зуһри:

«Надан адамға ілім амалдан қарағанда артық. Ал Ілім иесіне ілімнен қарағанда амал артық» - деп жауап берді.

HADDASANAA

11 Oct, 17:49


💬 Кейбір Ілім ізденушілердің хәлі…

HADDASANAA

04 Oct, 18:59


📌 Алланың қалауымен оқуыма қажетті еңбектердің бір бөлігін алдым. Таныстырып өтетін болсам:

▪️«әс-суннәту қаблә әт-тәдуин» - бұл хадис тарихына қатысты жазылған құнды еңбектердің бірі. Хадис қызметшісі Шейх Мухаммад Ғәжжәж әл-Хатибтің (Алла оны рахымына алсын) еңбегі.

▪️«Ләмәхәту мин тәрих әс-суннәти уә улум әл-хадис» - бұл еңбекте хадис тарихына қатысты жазылған. Хадис қызметшісі Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудданың (Алла оны рахымына алсын) еңбегі.

▪️«Ихтисару улум әл-хадис» - бұл усул әл-хадис алаңында жазылған Имам ибн Кәсирдің (Алла оны рахымына алсын) құнды еңбегі. Ибн әс-Салахтың (Алла оны рахымына алсын) «Муқаддима» еңбегін ықшамдаған. Бұл еңбекке жазылған құнды шархтардың бірі Шейх Мухаммад Шәкирдің (Алла оны рахымына алсын) «әл-Бәғис әл-Хасис» еңбегі.

▪️«Ләмәхәтун Мужәзәтун фии Усули Ғиләл әл-Хадис» - бұл еңбек ықшамды болса да ғиләл әл-хадис алаңында жазылған құнды еңбектердің бірі. Хадис қызметшісі Шейх Нуриддин Ғитрдің (Алла оны рахымына алсын) еңбегі.

HADDASANAA

04 Oct, 08:51


💬 Ихтисас дәрістеріде, виза алу шаруасыда басталып жазба шығаруға уақыт болмай жүр. Біз үшін дұға етіп қойсаңыздар, жақын күндерде жазбалар шығарып бастайтын боламыз. Ал қазір көөөп етіп реакция қалдырып кетсеңіздер 😊

HADDASANAA

03 Oct, 04:59


💬 Стамбулға келе сала кітапханаға тарттық.

📌 Кітап сыйға тартқысы келетіндер болса мархабат)

HADDASANAA

02 Oct, 15:19


🎉 Дайын видеоформаттағы Араб тілі дәрістерім сатылымда:

▪️Сарф ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «Әмсилә» еңбегінен дәрістер - құны: 6000.

▪️Сарф ілімі бойынша ортаңғы деңгейдегі «Бинә» еңбегінен дәрістер - құны: 8000 теңге.

▪️Сарф ілімі бойынша жоғарғы деңгейдегі «Мақсуд» еңбегінен дәрістер - құны: 10000 теңге.

▪️Нах’у (грамматика) ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «ән-Нах’у әл-Уәдих» (Бастауыш деңгейінің бірінші бөлімі) еңбегінен дәрістер - құны: 6000 теңге.

📌 Дәрістердің барлығын жеңілдікпен сатып алғысы келетін жандар болса
+77086567307 номеріне төлем жасап, чекті жіберсін.

HADDASANAA

30 Sep, 16:59


💬 Хадис қызметшісі, Мухаддис Ибраһим Анар (Алла оны сақтасын):

Хадис шәкірттері хадистерді, қағидаларды, анықтамаларды, үкімдерді жаттауы қажет. Қажет болса жаттауын азайтып, қайталауын көбейтуі қажет. Ибн әл-Жәузи (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Ілімнің зейінде қалуы үшін қайталауды көбейту қажет.»

HADDASANAA

28 Sep, 19:50


📌 Туған күніме өз атымнан бір сыйлық болды. Екі күннен кейін туған күнім. 26-ның басы көрініп жатыр)))

HADDASANAA

28 Sep, 19:46


📌 Аллаға шүкір бұл да бір біткен іс болды.

30.08.2024 - 29.09.2024

💬 Алланың қалауымен «Усул әл-Фиқһ» алаңында жазылған Шейх Мухаммад Ғубәйдуллаһ әл-Әсғәдидің «әл-Мужәз» еңбегін бүгін аяқтау нәсіп болды. Бір ай алдын күніге 2 сағат уақытымды арнап, барлық қосымша дәрістерімді сырып қойып бастап едім. Аллаһ Тағаладан небір еңбектерді жақсылығымен аяқтап шығуды сұраймын.

HADDASANAA

27 Sep, 10:30


💬 الشيخ محمد براء الحنبلي الشافعي الدمشقي (حفظه الله و عفي عنه)


العطلة لطالب العلم هي لرفع الهمة وتدارك النقصان

💬 Шейх Мухаммад Бәро әл-Ханбали әш-Шәфиғи әд-Димашқи (Алла оны сақтасын)

Демалыс - Ілім ізденуші үшін ыждаһатын арттырып, кемшіліктерін түзететін уақыт!