Абылай Кенжалы @abylaikenzhaly Channel on Telegram

Абылай Кенжалы

@abylaikenzhaly


ислам, ойлар, аударма

Абылай Кенжалы (Kazakh)

Абылай Кенжалы каналы - бұл ойындықтардың, шаралардың, кез келген талқылардың туралы ақпаратты таратуға арналған Telegram каналы. Бұл каналда кез келген талқылар, ойындықтар және мазмұнының артықшылықтары туралы анықтамалықтар таратылады. Абылай Кенжалы каналы арқылы сіз өз ақпараттыңызды бекітіп, жақсы шоқ-шолу талқыларына қосылуға болады. Осы канал арқылы көптеген жағдайларды талқылауға, ойындарды ойнап, шараларды көрсету үшін жақсы мүмкіндіктер ашылады. Бұл каналды қосылып, сіз артықшылықтар және жақсы кез келген мазмұндармен таныса аласыз. Бұл каналға қосылу үшін @"abylaikenzhaly" логинінің арқылы осы каналға жүгінуіңізді алдыңғы дайыннамаларға жалғастыра аласыз. Қосылыңыз, көптеген жағдайларды талқылау, жақындарыңызбен мәлімет алу және ойындар ойнау мүмкіндігіне ие болыңыз!

Абылай Кенжалы

07 Jan, 16:35


«Қайғы туралы айтсаң, саған үміт туралы сөз қозғайтын адамдар бар. Осындай адамдарды әрқашан жанымызда ұстауымыз қажет!»

©️Шейх Юсуф Хаттар

Абылай Кенжалы

07 Jan, 16:26


«Адамдардың ішінде сырларыңды сақтайтын, кемшіліктеріңді жасыратын, жақсы істеріңді тарататын және жамандығыңды жасыратын адамды ғана серік ет. Егер сондай адамды тапсаң, басқаларға мұқтаж болмайсың!»

©️Шейх Юсуф Хаттар
(Халал сиқыр)

Абылай Кенжалы

07 Jan, 16:22


Айтылған сөзді түсінетіндер көп. Айтып жатқан адамды түсінетіндер аз.

Абылай Кенжалы

07 Jan, 16:21


Жылы сөздер аударуды қажет етпейді. Айтушының жүзіне қарасаң болды, оның сезімін түсінесің, тіпті ол саған бейтаныс тілде сөйлесе де.

©️Шейх Юсуф Хаттар

Абылай Кенжалы

05 Jan, 17:58


Бізді қолдап дұға қылатындардан, бізді көреалмайтындардың саны көп екенін білсек, жыртың-жыртың фото сала бермейтін едік…

#көз

Абылай Кенжалы

05 Jan, 11:03


Саған алтын уақытын арнаған адамның қадірін біл. Өйткені ол саған қайтып келмейтін асыл нығметін арнады.

©️Нәжиб Махфуз

Абылай Кенжалы

03 Jan, 18:56


Имам Ахмадтың хадис жинағында бір хадис бар:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді: «Кімде-кім қатты толқын кезде теңізге шықса, жауапкершілікті өзі көтереді».

Ғалымдар осы хадистің түсіндірмесінде: «Кімде-кім қауіпті жағдайларда жолға шықса, Аллаһ оның өмірін сақтаудан бас тартады. Әрі әлгі адам өз-өзін өлімге итермелегеннің күнәсін арқалайды» – деп айтады.

112-ден “қарлы боран, жолға шықпаңыз” деген қанша смс келсе де, еш елемей жолға шығып кететін әдетті қойыңыздар. Сенің жан амандығың кез келген нәрседен қымбат. Асығамын деп күнә арқалама.

Абылай Кенжалы

02 Jan, 08:52


Біздің пенде ретінде әлсіздігіміз осы жерде. Қай уақытта қашан болатынын нақты болжау мүмкін емес.

Аллаһ әрдайым күтпеген жерден ризық береді. Күтпеген жерден нығмет береді.

Абылай Кенжалы

02 Jan, 08:50


Күндердің бір күні Алла сені күтпеген жерден армандарыңның дәл ортасына жеткізеді. Аллаға деген үмітіңді үзуші болма.

©️Али ат-Тантауи

Абылай Кенжалы

01 Jan, 17:28


Юсуф пайғамбар түрмеге түскен кезде жанындағы адамдар: «Біз сені ізгі жандардың бірі екеніңді біліп отырмыз» деді.

Дәл солай Юсуф пайғамбар Мысырдың қазына билеушісі болған кезде де жанындағы адам: «Біз сені ізгі жандардың бірі екеніңді білеміз» деп айтты.

Шынайы қазына іспетті болған асыл адамды ешқандай орта өзгерте алмайды. Қай жерде де өзінің ізгілігін сақтап қалады.

(Қабасәт мин латаиф әл-қуран)

Абылай Кенжалы

01 Jan, 01:26


Аз-аздан үздіксіз🏌️‍♂️.

Абылай Кенжалы

01 Jan, 01:26


Бүгін бір қадым жүрмесең, ертең жүгіруге тура келеді.

©️Вэй Сюин.

Абылай Кенжалы

30 Dec, 14:07


Отбасыңды неге тек жаңа жыл ғана жинау керек?

Неге айт күні осылай жинамайсың? Неге миғраж түні осылай жинамайсың?Неге ашура күні осылай жинамайсың?Неге қадір түні осылай жинамайсың?Неге Пайғамбардың ‎ﷺ өмірбаянын оқимыз деп жинамайсың?Неге бірге құран оқимыз деп жинамайсың? Неге бірге білім алайық деп жинамайсың?

Отбасын жинап тұрған жаңа жыл ғана ма сонда…

Абылай Кенжалы

30 Dec, 04:21


Ниетіңді түзеуден артық мотивация жоқ.

Ниетің ізгі болмаса, соңына дейін баруың екіталай.

Біреуге бірнәрсе дәлелдеу үшін әрекет етіп жүрсең, әрекетің ұзаққа созылмайды.

Абылай Кенжалы

29 Dec, 15:34


Жеңілдік аяқталуына бір күн қалды. Одан соң келесі жылғы жоспарларға кіріселік.

t.me/pdf_kitaptar

Сілтемеге “кітап” сөзін жазыңыз.

Абылай Кенжалы

29 Dec, 13:19


– Қазіргі заманда ең жиі кездесетін аманатқа қиянат түрі қандай?

– Танысыңның ұялы нөмірін оның рұқсатынсыз басқа біреуге беру. Бұл – адамның жеке тыныштығына қол сұғудың бір түрі.

#архив

Абылай Кенжалы

29 Dec, 12:56


«Пенденің күнәлары қанша жерден үлкен болса да, Алланың мейірімі одан да үлкен».

©️Ибн Ражаб әл-Ханбали

Абылай Кенжалы

29 Dec, 12:56


– күнә жасайтын намазхандар да толып жүр ғой….

– Намазханның жасаған күнәсі әр сәждеде төгіледі. Әр дәрет алған сайын көзі, қолы, аяғымен жасалған күнәлары шайылады. Намазханның истиғфар-тәубесі бар, ал сенде не бар?

Абылай Кенжалы

29 Dec, 12:55


Мүмкіншілігің артқан сайын тәуекелің азайып кетпесін.

Абылай Кенжалы

29 Dec, 12:55


Жерде жүргенде де ұшақтағы кездегідей Аллаға шынайы тәуекел етсек, әлдеқашан әлемді бағындырар едік…

#өзекті

Абылай Кенжалы

29 Dec, 12:47


Тәуелсіз болуға тырыс. Ешкім сенімен бірге кітап оқығысы келмесе де, өз бетіңше жалғыз оқы. Ешкім сенімен бірге таңертең жүгірмесе де, өзің жалғыз жүгір. Ешкім сенімен бірге дамығысы келмесе де, өзің жалғыз дамы. Басқаларға тәуелділікті азайт. Даму жолында ешкімге мұқтаж болма.

Абылай Кенжалы

29 Dec, 12:47


Күндердің күні мына бір нәрсені түсіне бастайсың:

Егер Алла сені сол бір кездерде өз таңдауларыңа қалдырса, сөзсіз құрдымға кетер едің.

Алайда Алланың саған жасаған таңдаулары әлдақайда хайырлы болды…

©️Әл-Ғанзи

Абылай Кенжалы

29 Dec, 12:46


«Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

(Нәфәхат рухания📚)

Абылай Кенжалы

29 Dec, 12:46


Осы арнада биылғы ең үздік болған жазбалар:

Абылай Кенжалы

28 Dec, 18:43


Жылына бір болатын 80% жеңілдік.

Барлық электронды кітапшалар – 5000 тг.

Реквизит:

4400 4302 8616 8023

t.me/pdf_kitaptar

Жеңілдік 2 күн🔥🤝🏻🏌️‍♂️

Абылай Кенжалы

28 Dec, 16:42


Марқұм Олжекең еске түсіп кетті. Кейде бізге ауруына шағым айтқандай болып көрінсе де, жүрегі разылыққа толы екенін бәріміз де біліп жүрдік.

Абылай Кенжалы

28 Dec, 16:41


Ауруды айту әрдайым шағымдану болып саналмайды. Кейде үнсіз отырған адамның жүрегі наразылыққа толы болуы мүмкін, ал шағым айтқан адамның жүрегі разылыққа толы болуы ықтимал. Мұнда негізгі өлшем – тілдің айтқаны емес, жүректің амалы.

©️
Хафиз Ибн Хажар
📚Фатх әл-Бари

Абылай Кенжалы

27 Dec, 18:03


Көне кітаптардағы жазбаларда Аллаһ былай деді:

«Менің есігімді қағып, оған ашылмаған адам бар ма?!»

(Әл-мухтар мин фараид ән-нуқул📚)

Абылай Кенжалы

26 Dec, 18:08


Бүгін бір керемет хадис оқып қалдым.

Муғаз ибн Жәбәлдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді:

«Шайтан – қойға шабатын қасқыр секілді адамның бір қасқыры. Ол жалғыз әрі қараусыз жүрген қойға шабатын қасқыр сияқты, жалғыз жүрген адамға шабуыл жасайды.

Жамағаттан бөлініп, жалғыз жүруші болмаңдар. Көпшілікпен бірге болыңдар, көпшілікпен мешітке барыңдар» – деп айтқан.

(Муснад Ахмад)

Жамағатпен бірге болудың абзалдығы.

Абылай Кенжалы

25 Dec, 15:37


Мақсатыңды орындай алмай қалудан шаршасаң да, мақсат қоюдан шаршама. Мақсатыңды қоя бер. Берілме. Аллаға тәуекел ет. Дұға қыл. Сабыр қыл.

Абылай Кенжалы

25 Dec, 15:28


– 2025-ке ең ұлы мақсат?

– Бірде-бір намазды қаза етпеу.

Абылай Кенжалы

24 Dec, 13:40


Осыны оқып алып, жаппай судың астында сәжде қылып жүрмеңіздер. Бұл сопыларға, үлкен әулиелерге тән іс қой жалпы. Біз бен сізге мешіттен артық жер жоқ)

Абылай Кенжалы

24 Dec, 13:38


Имам Әс-Сәмәрқанди былай дейді: «Бірде ұстазым, имам әл-Ләмишидің бір бақшасында түнеген едім.

Содан ол түннің ортасында бақшадан шығып, терең өзенге қарай кетіп қалды. Беймезгіл түн ортасында өзеннің жанында не істер екен деп тығылып қарап тұрдым.

Содан өзенге қарай сүңгіп кетті. Күтіп тұрмын шығар емес. Ұзақ уақыт болды. Ұстазым батып кетті ме екен деп уайымдап, көмекке келіңдер ол батып кетті деп айқайладым.

Содан соң ол судан шықты да: «Әй, пәленше! Батқан түгім жоқ. Бар болғаны мына өзеннің астында ешкім сәжде қылмады ғой деп сәжде қылғым келіп еді» деп жауап берді.

(Фараид ән-нуқул, Әл-жәуәһир әл-мудия📚)

Абылай Кенжалы

24 Dec, 13:38


Теңіздің астында сәжде жасаудың не мәнісі бар? Прикол ма сол деп іштей ойлайтын едім) Кешірім өтінемін. Бүгін бір оқиға оқып қалдым.

Абылай Кенжалы

23 Dec, 15:43


Көптеген адамның жетістікке жетпеуі басқалардың қолдауы аз болғаннан емес, өз-өзіне деген қолдауы аз болғаннан екен.

Өзіне демеу беріп: “Менің қолымнан келеді” деп, өз-өзіне сенім білдірмегені себепті...

#соңғы_оқығандарымнан

Абылай Кенжалы

23 Dec, 15:23


Қанша жыл оқыдың.. қандай деңгейге жеттің (доктор, профессор) маңызды емес, не нәрсені шебер меңгердің?!

Өзіңнен қандай тұлға жасадың сол маңызды!

“Халал сиқыр📚

Абылай Кенжалы

21 Dec, 15:45


Осыдан бірнеше айлар бұрын «Исламдағы тұлғалық даму» қағидаларын қамтыған видеодәрістер топтамасын түсірген едік.

Көптеген бауырлардың өтінішімен екінші рет тағы да үлкен жеңілдікпен сатылымға шықты🔥✊🏻

Осы сілтемеге өтіп алсаңыздар болады👇🏻

https://t.me/islamdamu_bot

Абылай Кенжалы

21 Dec, 14:55


Тұлғалық даму өте оңай.

Аллаһ бізге бір тәулікте 24 сағат берді. Соның орта есеппен 8 сағаты ұйқыға, 8 сағаты күнделікті жұмысыңа немесе студент болсаң күнделікті оқуыңа жұмсайсың.

Қалған 8 сағаттың 2 сағаты ішіп-жем секілді қажеттілікке жұмсалса, бізде қалатыны небәрі 6 сағат қана.

Тұлғалық даму деген осы 6 сағатты ғана ұтымды пайдалану. Бар болғаны осы.

(Расаил әт-Тәғиир📚)

Абылай Кенжалы

19 Dec, 17:30


Мақсатыңды анықтағаннан кейін оған апаратын әрбір жол ләззат береді.

Ал мақсатсыз жасалған әрбір әрекет – адамды тоздырып жібереді. Ең алдымен өзіңнің нақты мән-мақсатыңды анықта. Содан соң тоқтаусыз әрекет қыл.

©️Шейх Мухаммад әш-Шағрауи.

Абылай Кенжалы

19 Dec, 15:30


Тәуекел – дене-мүшең әрекет етіп, ал жүрегің Аллаға байлануы.

©️Шейх Шағрауи

Абылай Кенжалы

19 Dec, 15:29


Тәуекел дегеніміз – тұла бойың шаршап еңбек етіп, ал жүрегің тыныштық табу.

©️Шейх Шағрауи

Абылай Кенжалы

18 Dec, 14:22


20-ғасырда Имам деген лауазымға лайық болған әзірге ең соңғы адам – Имам Мухаммад Захид әл-Кәусари. Ханафи, матуриди мәзһабында болған ұлы ғалым.

#ғалымтану

Абылай Кенжалы

18 Dec, 14:19


Сосын айтпақшы, бір ғалымның алдына “Имам” деп жазылса, бір мешіттің имамы болған деген сөз емес.

Имам деген алдыңғы қатардағы деген мағына. Яғни, сол заманда өз саласының ең алдыңғы қатарында болған кісі деген мағына.

Абылай Кенжалы

18 Dec, 14:10


Ақымақтың ең ақымағы – бұрын бір жақсылық істеп, “Кезінде соны істеп едім” – деп әрдайым соны ойлап, басқа жақсылық жасауды ойламайтын адам.

©️Имам ибн Атаиллләһ

Бұрынғы жақсылықтарыңды көп ойлай берме. Жаңа жақсылықтарға да жол аш.

Абылай Кенжалы

04 Dec, 16:09


Рамазанға үш-ақ ай қалыпты.

Абылай Кенжалы

04 Dec, 14:42


Адамдарға сондай бір заман келеді, ол кезде ешкім аман қалмайды. Тек суға батып бара жатқан шарасыз адам секілді дұға қылғандар ғана құтылады.

©️ Хузайфа ибн әл-Яман

Қаншалықты бай болсаң да, шарасыз кедей секілді дұға қыл.

Қаншалықты сау-қуатты болсаң да, шарасыз ауру адам секілді дұға қыл.

Қаншалықты ғалым болсаң да, шарасыз надан секілді дұға қыл.

Абылай Кенжалы

04 Dec, 14:00


Сахабалар қандай болған екен деген ой келе ме?

«Халал табыстың оннан тоғызын тәрк еттік. Рибаға (өсім) түсіп қалмайық деген қорқынышпен…»

©️Омар ибн әл-Хаттаб
(Мусаннаф Абдурраззақ)

Сахабалар осындай болды. Алла оларға разы болсын.

Абылай Кенжалы

04 Dec, 13:56


Менің уайымым дұғаның жауабы емес, бәлки дұғаның жасалуы ғана.

Өйткені Алла маған дұға ету нығметін нәсіп етсе, оның жауабы да бірге келетініне сенімді болдым.

©️Омар ибн әл-Хаттаб (радиаллаһу анһу)

Сенен талап етілетіні тек дұға қылу ғана.

Абылай Кенжалы

04 Dec, 13:51


Алланың құзырындағы өз қадіріңді білгің келсе, Алла сені не нәрсемен шұғылдандырып қойғанына қара.

©️Ізгілер сөзі

Абылай Кенжалы

03 Dec, 13:23


Қарапайым жамағаттағы бауырларға:

Құранды толық жаттап шығамын деп ниеттеніп бірақ оны қалай жүзеге асыруды білмей жатсаңыз⤵️⤵️

1. 6-12 ай бойы Құранды 1 рет 20 санақпен оқып шығып және оны 2 ші рет тағы 20 санақпен оқып шыққаныңыз дұрыс.
Жалпы Құранды жаттауға кірісер бұрын осылай 30-40 санақпен оқып Құранды қатесіз оқып шығып тәжірибені арттырасыз және Құранның аяттары, сөздері біраз жатталыпта қалады.

2. Құран жаттауды 4-5 жылға план жасап аздап болсын жаттап бастап толық жаттап бітіресіз

Абылай Кенжалы

02 Dec, 16:33


Түр-сипатың – Алланың алдында ешқандай мәнге ие емес. Юсуф пайғамбардың сымбаттылығы қанша керемет болса да, Алла оның сұлулығын емес, көркем мінезі мен ізгілігін мақтады.

Шыққан тегің мен байлығың – Алланың алдында олардың да құны жоқ. Тектілігімен мақтанған адасты, ал байлығымен мақтанған одан да үлкен құрдымға кетті.

Сендегі құнды мына екі нәрсе ғана: жүрегің (ниетің, ықыласың, пейілің) және амалдарың (құлшылығың, ғибадатың, ізгілігің). Алла осы екеуіне қарайды.

Абылай Кенжалы

02 Dec, 16:26


Яқин – Алланы ашуландыратын істермен адамдардың көңілін табуға тырыспау.

Яқин – Алланың берген ризығы үшін ешкімді мақтамау, бермегені үшін ешкімді кіналамау.

©️Абдулла ибн Мәсғуд

Абылай Кенжалы

02 Dec, 13:08


Дүниенің шынайы құнын білгің келсе, оған кімдер иелік етіп жүргеніне қара.

©️Тәбиғин Суфиән әс-Сәури

#ауыр

Абылай Кенжалы

02 Dec, 11:56


Өзіңнің кемшілік тұстарың өзіңе біліне бастаса, бұл да Алланың саған жақсылық қалағанының белгісі.

©️Мухаммад ибн Кәғб
(Хилятул әулиә)

Кемшіліктеріңді басқалардан бұрын өзің байқауың – үлкен бір нығмет. Оны түзетумен жұмыс жаса.

Абылай Кенжалы

28 Nov, 12:33


Шешіміңді қабылдап болған соң, кеңес сұрауды азайт.

©️Әл-Ғанзи

Абылай Кенжалы

27 Nov, 09:11


«Ал кейбір ізгілеріміз мынадай асыл сөз қалдырған:

«Адамдарды разы қылу – Лә мәқдуур, уә лә мә’суур, уә лә мә’муур.

Лә мәқдуур дегені – Адамдарды разы қылу мүмкін емес, оған шамамыз жетпейді.

Лә мә’суур дегені – тарихта да пәленше осыншама адамды разы қылыпты, олардың көңілінен шығыпты деген сөздер де бізге жетпеген.

Лә мә’муур дегені – Аллаһ бізге басқалардың көңілінен шығыңдар, басқа бөтен адамдарды разы қылыңдар деп те бұйырмады» – деген екен.
 

📚”Исламдағы тұлғалық даму”кітабы (үзінді)

Абылай Кенжалы

27 Nov, 09:06


Көбіне адамдар: “Ал сәтсіздікке ұшырап қалсам не болады?” – деп қорықпайды.

Бәлки: “Сәтсіздікке ұшырап қалсам адамдар не айтады екен” – деп қорқады.

Абылай Кенжалы

26 Nov, 07:54


Иә, адам әлсіз жаралған. Бірақ сен өз әлсіздігіңнің шегін қайдан білесің? 3 бет оқып әлсіредім деуге бола ма? Бәлкім сенің әлсіздігің 300 бет оқығаннан кейін басталатын шығар. Бәлкім бір күнде 10 кітап оқуға да шамаң жететін шығар.

Өзіңді толық сығып көрмейіңше әлсіздігіңнің шегін біле алмайсың…

Абылай Кенжалы

26 Nov, 07:49


Ұйқыңнан ерте оянып, бүгінгі жоспарыңның барлығын, оқу-жазуыңды уақытынан бұрын түгел аяқтап, не істеріңді білмей отыратын кездер бола ма?) Бұл сенің одан да көпке шамаң жететіндігіңнің белісі.
Өзіңнің мүмкіншілігіңді дұрыс бағаламай жүргеніңнің белгісі.

Мөлшерді көбейт. 5 беттен 10 бетке. 10-нан 30-ға.. Екі күні теңескен ұтылды дейді. Өзіңді аяй берме. Адам өзін аяй беруі де – нәпсінің бір тұзағы.

Абылай Кенжалы

26 Nov, 06:29


Шайтанның үлкен бір айласы…

Жаңа рилс.

Абылай Кенжалы

25 Nov, 06:10


Бүгін сабақта ақидадан беретін ұстазым Шейx Фаррон حفظه الله атақты Мысырлық муфассир Шейx Шағрауидің رحمه الله ілім жолына қалай түскені жайлы айтып берді.
Соны сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Ол кісінің әкесі өзі ғалым болмаса да, ғалымдарды жақсы көріп, ұлы Шағрауиге шариғат оқытып, Исламдағы ғалымдар қатарынан болғанын қатты қалаған. Бірақ ол кісі шариғат ілімін мүлдем оқығысы келмеген екен. Әкесі сонда да сен сол оқуды оқисың деп, оны оқуға түсуге жібереді.

Шейx Шағрауи айтады: "Оқуды қаламағаным сонша, әкемнің жағдайы жоқ екенін біліп, әдейі 1жылдық емес 4 жылдық кітаптар тізімін жазып, әрі бізде оқытылмайтын басқа да үлкен кітаптарды ойдан қосып, жазып шықтым. Тізімді әкеме апарып, мына кітаптар менде болмай, мен ол жерде оқи алмайды екенмін, деп айтпақшы едім дейді.

Әкеме сол тізімді көрсеткенімде, әкем ойланып, "жақсы балам, мен алып берем саған бұл кітаптарды, сен тек қана оқы" депті. Сонда кедей әкесінің бір кішкентай жері болған, сол жерді сатып, тізімдегі барлық кітапты алып берді. Содан маған "балам, міне керек кітаптардың барлығы дайын, оқы" деп айтты.

Әкемнің сол ісі жүрегіме қатты әсер етіп, мен шариғат ілімін оқуға бел будым. Және ішімнен өзіме ант еттім, мына кітаптардың барлығын оқып бітірмей, мен бұл бөлмеден шықпаймын.

Солай Шейx Шағрауи رحمه الله әкесінің барлық әперген кітабын оқып бітіріп, ілім алып, ақыры үлкен ғалымдардан атанды.

Бұл жерде әкесінің шынайы ықыласының себебімен ол ғалым атанды. Сондықтан әр істе шынайы ықыласты болсақ, ол жемісін бермей қоймайды. Алла ислам ғұламаларынан разы болсын.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)

Абылай Кенжалы

24 Nov, 19:15


Құрметті Оқырмандар !
Сүйінші 🥳

ИСТИДРАЖ – Алланың тұзағы.

Аллаға шексіз мақтау мен мадақ болсын! Қасиетті Жұма күні алғашқы еңбегіміз – “Алланың Тұзағы және одан құтылу жолдары” атты кітабымыз оқырманға жол тартты.

Бұл кітапта адамның рухани әлеміне терең үңіліп, Алланың тұзағы деп аталатын сынақтардың сырын түсіндіру мен олардан құтылу жолдары ұсынылған. Көзге көрінбейтін, бірақ жүректі байлайтын сынақтар туралы нақты, түсінікті әрі әсерлі түрде баяндалады.

Өмірінің мәнін іздеген, рухани өсуге ұмтылған әрбір жанға арналған бұл еңбек Алланы тануға, Оның хикметін ұғынуға және тура жолдан таймауға бағыт береді.

🚚Тапсырыс беру үшін

Кітап саны шектеулі! Бүгін тапсырыс беріп, рухани әлеміңізді байытыңыз!

Абылай Кенжалы

24 Nov, 18:20


Бұл кітапта ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ туралы біраз нәрсе бар! Короче, спокойной ночи ғо ))

Kaspi карта: 4400 4302 1499 0985

Kaspi: +7 706 416 1091 (Медет Ж.)

Чек: @zhansanov немесе http://wa.me/77714908670

Абылай Кенжалы

23 Nov, 11:47


«Өзіңе пайдалыға ұмтыл және әлсіреме!».

(Хадис, сахих Муслим)

Абылай Кенжалы

22 Nov, 02:56


Адамды ең көп ашуландыратын нәрсе – басқаларды өзгертуге тырысу.

Мына пәленше неге былай жасап жатыр? Мынау өзі қандай адам? Мына сөзді айтуға қалай дәті барды? Және осы секілді ойлармен ашуланып, ызалана бересің.

Шейх Али әт-Тантауи айтпақшы:

«Өмірде ешкімді жазғырып көрмедім. Кім маған жақсылық қылса, оған да жақсылық қылдым. Кім маған жаманшылық қылса, үзірмен қарадым. Ал кім сол жаманшылығын қайталай берсе, беделімді түсірместен қадір-қасиетімді сақтап, оларды біржолата тәрк еттім…» дейді.

Абылай Кенжалы

21 Nov, 10:36


Соңғы оқығандарымнан:

Дисциплина – жаңадан күрделі әдеттерді қалыптастыру емес.

Дисциплина – жәй ғана артықтан арылу.

Шамадан тыс артық ұйқы, артық тамақ, артық сөз, артық ақпарат, артық адамдардан арылу және т.б.

Абылай Кенжалы

21 Nov, 06:21


– Болмай қалса не істеймін?

– Ал болып қалса не істейсің?!
Болып қалғанға дайынсың ба?

Сен болмай қалудан қорқып жатқан жоқсың. Бәлки, болып қалуына дайын емессің.

Болмай қалуын уайыммен елестеткеніңдей, болып қалуын да қуанышпен күте біл.

Көп адам құдды үлкен мақсат қояды, бірақ оның болуына дайын емес.

Мақсатыңа берік бол, оның болып қалуына да кез келген уақытта дайын бол.

Абылай Кенжалы

19 Nov, 17:48


Күнә жасап, одан кейін тәубе етіп, одан кейін қайта күнә жасап қойып, қайтадан тәубе ететін адамды – “Әууәб” (Тәубешіл) деп атайды.

Мұнафық деп атамайды.

Абылай Кенжалы

19 Nov, 17:19


Мәһр бір қарыз сияқты нәрсе ғой. “Кімде-кім қарыз алғанда нақты қайтарамын деген ниетте алса, Алла өзі жәрдемдеседі” деген хадис бар.

Мәһрін беремін ин ша Алла деп ниеттенсең, Алла Өзі-ақ түрлі жолдармен табыс көзін ашып қояды.

Абылай Кенжалы

19 Nov, 17:18


Бүгін мәһір беруден қашып тұрған еркек — ертең…

Абылай Кенжалы

19 Nov, 15:43


Екі түрлі адам бар:

1. Ұтылғанға дейін жеңуге дайын

2. Жеңгенге дейін ұтылуға дайын.

Абылай Кенжалы

18 Nov, 15:19


Өмір тым қысқа екенін сезінгенде басқаша әрекет жасай бастайсың.

Бізді әрекетсіздікке, істерді кейінге қалдыруға итермелейтін ең үлкен нәрсе – өмірді тым ұзақ етіп елестетуіміз.

©️Бір ұстазымның сөзі

Абылай Кенжалы

17 Nov, 14:46


Ин ша Аллаһ (Алла қаласа)

*
*
*

Уә ғәләйһи тәуәккәлнәә (Әрі оған тәуекел еттік)

Әрбір жоспарың осылай жазылуы қажет.

Абылай Кенжалы

17 Nov, 14:42


«Егер пенде Аллаға шын жүректен тәуекел ете алса, барша әлемнің патшалары оған мұқтаж болар еді».

©️Сулеймән әл-Хаууас (рахимаһулла)

Абылай Кенжалы

17 Nov, 14:40


Аллаға толық тәуекел еткен адамда “План Б” деген болмайды. Аллаға тәуекел еткен ұтылған емес.

Абылай Кенжалы

16 Nov, 13:57


Бүгін бір қызық сұрақ оқыдым:

«Егер мүлде қорқынышың болмаса не істер едің?».

Абылай Кенжалы

14 Nov, 14:53


“Ризық кілттері” санаулы тиражда жарық көрді. Үлгеріп алып қалыңыз.

Ал келесі айда Алла қаласа “Исламдағы тұлғалық даму” кітабы жарық көреді🔥. Кітап толық дайын. Тек майда-шұйда құжаттары ғана қалды.

Ал бүгін келесі жылы жарық көретін үшінші кітабымызды да жазып бастап кеттік. Оны кейін айта жатармыз)

Абылай Кенжалы

12 Nov, 20:01


– Аллаға ең ұнамды қандай амал жасай аламын?

– Намазыңды кешіктірмей уақытылы оқы. Аллаға ең ұнамды амал – уақытылы оқылған намаз. (хадис)

Абылай Кенжалы

12 Nov, 14:23


Неге тым көп жазба. Тек өзіміз қалайық дедім. “Мынау кім? Қашан тіркелгем бұған?” деп тіркелген бауырлар өздері-ақ шығып кетеді қазір.

Абылай Кенжалы

12 Nov, 14:22


Бір рилс түсіріп едім. Шығарайын десем тым созбалақтатып жібердім. Сосын шығармадым. Соны шығара салу керек ау. Шығарайын.

#дәл_осылай_создым

Абылай Кенжалы

12 Nov, 14:17


3 ренжігіш арнадан шығып кетті.

Абылай Кенжалы

12 Nov, 14:16


Ренжи беру де бір зона комфорта ғой. Неге өйтті, неге бүйтті. Түпкі себебіне үңілу деген нәпсіге ауыр. Оның себебін анықтау, одан соң өзіңнің қателіктеріңді де мойындау нәпсіге өте ауыр. Ренжи салған оңай.

Абылай Кенжалы

12 Nov, 14:12


Жетер жолдан да ләззат алу деген жаңағы дәріс-подкасттар ғой)

Әйтпесе, жеткенше дейін ухілеп ренжіп отыра беруге де болады.

Абылай Кенжалы

12 Nov, 14:11


Тек соған жеткенде ғана ләззат алатын мақсат қойсаң, бүкіл өмірің қиындықта өтеді.

Ал соған жететін жолдан да, жеткен кездегі мәреден де ләззат алар болсаң, бүкіл өмірің қуанышта өтеді.

Абылай Кенжалы

12 Nov, 14:03


Кептеліс себепті таксимен бір жарым сағатта орталыққа жеттім. Алматыдан-Қызылордаға ұшақпен жететін уақыт болыпты.

Кептелісті сөге бергеннен де еш нәрсе өнбейтін секілді. Оның орнына бір жарым сағат дәріс-подкаст тыңдап, өзіңді өндіруден басқа амал жоқ)

Абылай Кенжалы

12 Nov, 13:49


Бұрын адамдардың күнәсі көрініп қалып, бірақ тәубесі көрінбейтін еді. Тәубесін тек оңашада жасайтын.

Қазір адамдардың күнәсін көріп-білмесең де, өз күнәсін өзі ашқандардың тәубесін көретін болдық.

«Ешкім білмейді бірақ осыдан 5 жыл бұрын азартқа қатты кірдім. Бірақ қазір тәубе еттім». «Бұрындары ішімдік пен ойын-сауыққа қатты құмар болдым. Бірақ қазір жаман әдеттерді тастап, кәсіп ашып көтеріліп кеттім».

Күнә жасасаң тәубе ет. Ендігәрі қайталама. Сосын оны ешкімге айтпа.

Бұрынғы күнәларыңды қозғамай-ақ контентіңді жасай берсеңші…

Алла елшісі ‎ﷺ айтпақшы:

“Үмметімнің барлығы амандықта, тек өз күнәсін өзі жария еткендерден басқа” дейді.

Абылай Кенжалы

11 Nov, 11:39


Алматылықтар кешкі 18:00-ден кейін тәһәжжуд оқып жүрсіздер ме😁

Абылай Кенжалы

11 Nov, 11:38


Әбу Хурейра (Алла оған разы болсын) былай дейді:

«Түнімді үшке бөлемін: үштен бірінде намаз оқимын, қалған үштен бірінде ұйықтап, келесі үштен бірінде Алла елшісінің ‎ хадистерін қайталаймын».

(Әл-жәмиғ лиахлақ әр-рауи)

Яғни, түндерін:

1. Құлшылыққа
2. Тән саулығы болған ұйқыға
3. Өзінің негізгі саласын дамытуына арнаған

Абылай Кенжалы

08 Nov, 15:44


“Сенің қолыңнан барлығы келеді. Сен мықтысың!” деген мотивацияға тойып алып, қазір «выгорать» етіп жүрген адамдар көп.

Кейде өзіңнің әлсіз екеніңді мойындау қажет. Өзінің әлсіз екенін толық мойындаған адам ғана Аллаға шынайы түрде тәуекел етіп, түбі жеңіске жетеді.

#архив

Абылай Кенжалы

07 Nov, 13:08


Кейбір хадистерді оқысаң, жәннатқа кіру мүмкін емес секілді көрінеді. Дәл солай басқа хадистерді оқысаң, керісінше барар жерің тек жәннат болатын секілді. Бұл дегеніміз мұсылман адам әрқашан үміт пен үрейдің арасында жүруі керектігін білдіреді.

Күнәға бой алып бара жатсаң, өлім мен ақыретті еске ал. Ал үмітің үзілсе, Алланың Мейірімді әрі Рахымды екенін еске түсір.

©️Олжас Ханафин
(тредс парақшасынан)

Абылай Кенжалы

06 Nov, 13:33


Қазір әлеуметтік желіде ұстаздар көбейіп кеткен секілді ме?

Алайда әлеуметтік желіде белсенді жүрген сол 20-30 адамның маңайы ғана. 20 миллион халыққа 20 ұстаз деген өте аз. Азғындық, ажырасу, зұлымдық, арсыздық секілді істерді тоқтату үшін кемі 2000-ға жуық белсенді ағартушы қажет.

Абылай Кенжалы

05 Nov, 09:08


– Неге орысша немесе басқа тілдерде дағуат жүргізбейсіз?

– Қазақша сөздердің өзін қазақтарға әрең түсіндіріп жатырмыз. Басқа тілді кейін😁

Сараң деген кім? Өзекті деген қалай? Ептеу деген не? Селқос дегенді түсінбедім.

Арасында тым болмаса қазақ әдебиетін емес, қазақ ертегілері кітаптарын оқып тұрсақ хайырлы болар еді🥲

Абылай Кенжалы

04 Nov, 18:13


Ғайбат туралы шұғыл видео.

Абылай Кенжалы

04 Nov, 13:21


Қазіргі таңда ең көп мән беретін тақырыптарымыз:

“шығындарыңды есепте, қаражатты ақылмен жұмса, импульсивті сауда жасама” және тағысын тағы.

Назарымыздың басым бөлігі ақшаны жұмсауға қатысты.

Ал дінімізде “Ақшаны қайда жұмсадың?” деген сұрақтан бұрын “Ақшаны қайдан әрі қалай таптың?” деген сұраққа көбірек мән беріледі.

«Адалынан тауып жүрмін бе, ешкімнің ақысын жеп қоймадым ба, саудаға өсім араласып кетпеді ме, тауарға лайық емес мақтау сөздерді қосып айтып, сатып жібермедім бе?» – деген сұрақтармен де жұмыс жасау қажет.

Абылай Кенжалы

02 Nov, 15:53


Күндердің күні мына бір нәрсені түсіне бастайсың:

Егер Алла сені сол кездерде өз таңдауларыңа қалдырса, сөзсіз құрдымға батар едің.

Алайда Алланың саған жасаған таңдаулары қайырлы болды…

©️Әл-Ғәнзи

Абылай Кенжалы

02 Nov, 14:17


Шабытың болмай, мақсатыңа жетер жолдан тайғың келіп, берілгің келген кезде:

“Мықты мұсылман – әлсіз мұсылманға қарағанда хайырлы әрі Аллаға ұнамды” деген хадисті есіңе ал.

Шейх Али әс-Сабуни осы хадистің түсіндірмесінде: “Мықты мұсылман, яғни барлық қырынан мықты мұсылман. Рухани, интеллектуалды әрі табанды мұсылман” – дейді.

#берілме

Абылай Кенжалы

01 Nov, 17:43


Пайғамбарымыздың ‎ﷺ өзі сұрақ қойылғанда: “Менің ойымша былай” – деп айтпаған еді. Алладан уахи күтті.

Ал қазір әрқайсысымыз білсек те, білмесек те дін туралы өз ойымызды айта бастадық…

Абылай Кенжалы

01 Nov, 15:36


Жаңа рилс.

Абылай Кенжалы

01 Nov, 13:17


Қазіргінің ауыр күйзелісінен болашақтың жарқын шуағы ғана алып шығады. Қазір қаншалықты қиналып жүрсең де, болашағыңның жарқын болатынына сен. Аллаһ туралы әрдайым жақсы ойда бол.

©️Ясир әл-Хузейми

Абылай Кенжалы

31 Oct, 16:18


Жетістіктің бес кілті: Таң, бесін, аср,ақшам, құптан.

Абылай Кенжалы

31 Oct, 14:49


Ептеу.

Ептей білу – ақылдың жартысы деп айтып жатады. Алайда мен оны ақылдың кемелдігі деп айтар едім.

©️ Хасан әл-Басри.
(Әл-ғузлә Хаттаби)

Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алу. Кішкентай балаға ізеттілікпен, үлкенге құрметпен, бастық пен қызметші ге де көркем қарым-қатынас құра білу – кемел ақылдың белгісі.

Абылай Кенжалы

31 Oct, 13:24


Сауапты лайфхак 📎

Пайғамбарлардан (Алланың оларға сәлемі мен салауаты болсын) қалған сүннеттердің бірі – санды толықтау. Мысалы, Мұса пайғамбарға 8 жыл қызмет ету жүктелген болса да, ол оны 10 жылға жеткізген.

Қазіргі таңда да, егер бір нәрсенің бағасы 9990 болса, 10 000 қылып беріңіз – сүннетті жандандыру ниетімен!

Абылай Кенжалы

30 Oct, 16:06


Ештеңе кездейсоқ емес. Болуы керек жерде болдың. Айтылуы керек жерде айттың. Жасалуы қажет жерде жасадың. Кездесуің керек кезде кездестің. Алланың барлық ісінде ұлы даналық бар.

Абылай Кенжалы

29 Oct, 14:03


Расында, ұлық мақсаттар – қайнаған қазан секілді жүректерде қайнап тұрады🔥

©️Имам ибн әл-Жәузи
(Сайдул хатир)

Абылай Кенжалы

28 Oct, 16:21


Бастаған істі аяқтау – жаңа бір істі бастаудан хайырлы.

©️Шейх Махмуд Дахла
(хафизаһуалла)

Абылай Кенжалы

28 Oct, 16:17


Күніміздегі ең үлкен сынақтың бірі – тұрақсыздықпен сыналу. Әр нәрсенің басын бір шұқып, өміріңді аяқсыз қалған істермен толтыру.

Абылай Кенжалы

28 Oct, 13:30


«Күндердің күні: "Достарым да қиянат қылды” – деп айтпас үшін, өміріңде пайда болған әр адамды “дос” деп айта берме».

©️Халил Жәбрән.

Абылай Кенжалы

27 Oct, 16:11


«Алла сен жақсы көретін істерді тұрақты етсін десең, сен де Алла жақсы көретін істерде тұрақты бол».

©️Ахмад ибн Хәнбәл (рахимаһулла)

(Әл-бидая уән-ниһая 14/392)

Абылай Кенжалы

27 Oct, 15:17


Дисциплина (жеке тәртіп) – бүгінгі күнді қиын етер. Бірақ ертеңгі күндерді әлдеқайда жеңіл қылады.

Абылай Кенжалы

27 Oct, 15:12


Ақталу (сылтау айту) – бүгінгі күнді жеңіл етер. Бірақ ертеңгі күнді әлдеқайда ауыр қылады.

Абылай Кенжалы

27 Oct, 13:31


Жаңа ава құтты болсын🐈😁

Абылай Кенжалы

27 Oct, 12:23


Оқимын деген адамға сылтау жоқ.

«Мына кітап тым үлкен, мына кітап кішкентай, мына кітаптың бір беті жыртылыпты, ал мына кітап тым ескі, мына кітаптың парағы онша емес, ал мынауысының шрифті жаман…»

Саған керегі кітап па, әлде білім бе?…

Абылай Кенжалы

27 Oct, 11:54


Қойған жоспарыңа ер, көңіл-күйіңе емес.

Абылай Кенжалы

26 Oct, 17:13


Соңғы уақытта оқыған ең даналы сөздің бірі:

«Адам қанша уақыт қайғыратынын өзі шешеді».

Әрі қарай қайғыра беремін десе де, дәл қазір қайғыруды тоқтатамын десе де шешімі өзінің қолында.

Абылай Кенжалы

25 Oct, 15:17


Бұрын күліп көңілді жүрген адам, сақал өсіре қалса әп-сәтте тұнжырайып, байсал бола қалады.

Сақалың соншалықты ауыр болды ма? Сені қапалы қылған не нәрсе? Жымиып жүрсеңші.

©️ Нуман Али

Абылай Кенжалы

25 Oct, 13:36


Тұлға күн сайын көзге көрінбейтін қаншама жеңістер жасайды. Сөйте тұра: “Бүгінгі күнім босқа өтті” деп қайғырады.

Жаман амалдарыңды, жақсы амалдарыңды да сарапқа салуды ұмытпа.

Абылай Кенжалы

25 Oct, 12:37


Айтпақшы мына жақсылықтың аяқталуына аз қалыпты. Қол ұшыңызды аямаңыз. Қай жақсылығымыз жәннатқа апаратынын білмейміз…

Абылай Кенжалы

24 Oct, 12:21


Әбу Хазимнің (рахимаһулла) екі дүниеге жеткілікті өсиеттері🤝🏻

Оқып, пайда аларсыз…
Имам Әбу Хазим үшін дұға етіп қойыңыз🤲🏻

Абылай Кенжалы

24 Oct, 12:11


Телеграм да бірте-бірте фейсбукқа айналып жатыр.

Сөзден әрі аса алмайтындардың ордасына айналып кетпесі игі еді.

Қазіргілер істі тек сөз деп біледі. Айтып тастасам, жазып тастасам, ішімдегіні шығарып тастасам және тағысын тағы.

Телеграмды өмірдің мәні көрмеңіз құрметті жазбагерлер. Телеграмның сыртында бір іс тындырмай, тек телеграмда ғана батыр болып қалмайық.

Абылай Кенжалы

24 Oct, 12:07


Инстаграмда да пікірлер бөлімі негативке толып бара жатқандай ма, солай маған көрінді ма?

Жеңіл, қарапайым әңгіме айтып отырғандарға хейт жазатындардың үйінде блокноты жоқ па? Амал дәптеріне жаздырып не керек? "Пәленшенің ақысын жеді, үстінен күлді, намысына тиетін сөз жазды", - деп амал дәптерін күнәға толтыратын болды. Одан гөрі блокнот алып ішіне толғанды соған жазып, кейін өртеп тастағаны дұрыс еді

Бұрын фейсбукке сол үшін кірмейтін едім

Абылай Кенжалы

24 Oct, 11:50


Адамдар сен туралы былапыт сөйлеп жүрсе, Аллаға шүкір ет!

Не себепті шүкір етесің?

Өйткені, Алла сені олармен емес, оларды сенімен шұғылдандырып қойғаны үшін.

©️Мұстафа Махмуд

Абылай Кенжалы

24 Oct, 07:52


Бірде бір кісі Әбу Хазимге келіп:

«Уа, имам! Айнала толған қымбатшылық болып кетті. Бұған не дейсің?» дейді.

Сол кезде ол:

«Оның несіне мұңаясың?!

Арзаншылық кезде ризық берген Алла, қымбатшылық кезде де ризығын жаудыра береді» деп жауап берген екен.

(Хилятул әулиә 1/526)

Қандай жағдай болса да тәуекел етуді ұмытпа…

Абылай Кенжалы

23 Oct, 16:28


Бауырлар, Алланың қалауымен, бір бауырымызға қолдау көрсетейін деп жатырмыз.

Аталмыш бауырымыз Түркияда университетте білім алып жатыр. Күтпеген жерден оқу ақысын төлеу керек болып қалған. Бұл қаражат аз сома емес, бұған дейін ол өз бетімен төлеуге тырысып келген, бірақ қазіргі жағдайда біздің қолдауымыз маңызды болып тұр.

Ол бауырымыз ешкімнен көмек сұрайтын адам емес. Университет пен медреседегі дәрістерін қатар алып жүрген жігіт.

+7 702 464 9879 Асхат

Және бұдан кейін каналда жақын арада сборда ашпайтын болармыз.

Абылай Кенжалы

23 Oct, 16:14


Кімге болса да жұмсақтық таныт. Досыңа да, жауыңа да.

Алла Тағала Мұса пайғамбарға Перғауынның өзімен жұмсақ мәміледе бол деп бұйырды.

Сен Мұсадан (алейһиссәләм) артық емессің, сенің жаман деп білген адамың Перғауыннан жаман емес.

#осыны_кейде_ұмытып_кетеміз

Абылай Кенжалы

22 Oct, 12:08


Электронды кітаптарды сатып алу үшін:

t.me/pdf_kitaptar

Осы сілтемеге: “кітап” сөзін жіберіңіз.

Сатылым 1 күн.

Абылай Кенжалы

22 Oct, 09:44


Жүректегі кібірі жазбаларынан көрінетін жандар…

Кейбір жазбагерлер бар. Өзі құдды идеал, басқалары жаман. Өзі құдды ғалым, өзінен басқалары шала білімді надан. Өзінің ұстазында ғана “ақиқаттың” кілті бар, басқалардың ұстазы “кім еді ол сонша?!”

Өзі басқаны сынағанда алдына жан салмайды. Өзін сынай қалсаң, қара қаны басына шабып, өзіне ұнамағандарды қара тізімге тыға бастайды. Өзі ғана Алла үшін қызмет етіп жүрген құдды ықыласты бір “мухлис”. Басқалары дүние үшін қызмет етіп жүрген, ықылассыз бір риякер. Өзі құдды қоғам үшін шыр-пыр болған дара тұлға. Басқалары тұрмыс үшін ғана шырылдап жүрген біреулер.

Ақиқатында ол, көзін шел басқан бір надан. Шәкірттері: “Уа, ұстазым!” деп әсірелеп жібергенін көтере алмай қалған бір жарықтық. Іліп алар білімі де, ере қояр даналығы да, үлгі алар әдебі де жоқ бір бейбақ. Қошеметке алданды, өзін ғалым сезінген бір надан болды да қалды.

Тәкәппарлықтың буы көкірек көзін соқыр етті. Сөйтіп одан дос та, шәкірт те, басқалары да баз кешті.

Ойындағы шашыраңқы сан-саққа жауап таба алмай, өзінің рахатын, басқаның тыныштығын бұзудан іздеп жүрген бейшара бір пенде болып қалды. Өзі туралы айтса ешкімге қызық емес. Басқа туралы айтса бәріне қызық екенін білді. Внимание жетпеудің зардабы осы болды.

Осындай сипатта болып қалудан сақтана біл.

Абылай Кенжалы

22 Oct, 09:31


Әдепсізден не жұқтырғың келіп жүр?

Әдеп-ахлаққа сүйенбеген шала білім бір тиынға да қажеті жоқ. Маған әзірге көркем әдеп қажеті жоқ, құрғақ білім болса болды десең, ютубта-ақ 1040 ғалымның 1040 кітапқа жазған дәрістері толып тұр. Егер ілім алар болсаң ұстаздың әдебін үйренейін, жанында болайын, тыныс-тіршілігін көрейін, ахлағына еліктейін деп ілім ал.

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жаратын, құрғақ ақпаратқа миы толған білгіштерден пайда ала алмайсың. Әдепсізден де пайда алуға болады деп өз-өзіңді алдама.

«Бұл ілім – сенің дінің. Дініңді кімнен алып жатқаныңа мән бер».

©️Мухаммад ибн Сирин

Абылай Кенжалы

22 Oct, 09:28


Көркем мінез – ілім ізденуші үшін ең маңызды қасиеттің бірі. Көркем ахлақтан жұрдай шәкірт – жеміс бермейтін, құр жапырағы ғана бар тал іспетті. Оның жемісін жей алмайсың, тек уақытша көлеңкесінде ғана саялайсың.

©️Шейх Юсуф Хаттар (хафизаһулла)

Абылай Кенжалы

21 Oct, 16:49


Құранда Алла елшілерінің жеткізулерін мубин деп сипаттайды. Яғни анық, ашық, түсінікті сөз. Құранның да, Алла елшісінің сөздері де анық, ашық, түсінікті. Ислам дінінің үлкен ерекшеліктерінің бірі діннің барлық негізгі мәселелері анық баяндалған.

Ал енді қазір кейбіреулер дағуатты түсініксіз тілде жеткізгісі келеді. Және өкініштісі жұрт сол түсініксіз сөзді бір керемет сөздей қабылдап, оларды үңіліп тыңдайды. Түсінбесе өзінен көреді.

Естеріңізде болсын, дағуаттың жолы ешқашан ондай болмаған. Дағуат, яғни Исламға, ақиқатқа, жақсылыққа шақыру анық, ашық, түсінікті тілде баяндалады.

Жазбасам болмады….

Абылай Кенжалы

21 Oct, 16:36


Бір кітап жазып неге ақыл айтып кетті ойлап қалмаңыз. Жәй кейбір ішкі дауыстарым ғой…)

Абылай Кенжалы

21 Oct, 16:35


Қазір түсініксіз тілде ауыр сөйлесем, ғылыми 1-2 сөз айтсам, ғылыми кітаптарды аударсам ғалым көрінем деп ойлайтындар аз емес.

“Ауырлатушы емес, жеңілдетуші мұғалім болып жіберілдім” деген хадисті ұмытпау керек.

Халыққа түсінікті, ашық-анық жазылған әрі оның нақты больін жабатын кітап қажет.

Шейх Юсуф Хаттар айтпақшы: “Қазіргі ілім ізденушілердің ең үлкен қатесі – халықпен санаспауы”.

Халыққа қазір қандай тақырып қажет, қандай кітап аударылуы қажет, қандай мәселе қозғалып, қалай түсінікті жеткізуім қажет деп ойланатындар аз. Өзіне қызық тақырып болса болды. Басқа ешкім қызық емес. Санаса біл.

Абылай Кенжалы

21 Oct, 16:26


Қазір жастар оқымайды, жамағат ілім ізденбейді, кітабымды ешкім алмады деп соны меңзеп жылап жатқандарды көрсем ашуым келетін болыпты.

Пайдалы нәрсе ұсынсаң оқиды ғой айналайын-ау. Өзің де шала-пұла түсінген кітапты жазсаң, жамағат оны қайдан түсінсін?!

Абылай Кенжалы

21 Oct, 16:24


Тек кітапқа емес, әрбір іске қатысты. Ғалымдар айтпақшы: «Еңбектің қабыл болу белгісі – таралуы».

Мың жерден маркетиң қолдансаң да, Алла қабыл етпесе тез ұмытылады. Ешқандай маркетиң қолданбасаң да, Алла қабыл етсе, дүйім жұртқа жеткізіп қояды.

Абылай Кенжалы

21 Oct, 16:22


Кітабың сатылмай жатса, ілім ізденбейтін оқырманға емес, ықылассыздығыңа ренжі.

Ықыласты болсаң, Алла Өзі-ақ жеткізетін жерге дейін жеткізіп қояды.

(Рағд 17-аятты ұмытпа)

#ескерту

Абылай Кенжалы

21 Oct, 13:31


Қанша жыл бойы түрлі өлкедегі түрлі парасатты ізгі тұлғаларды көру нәсіп болды.

Барлығын көре отыра түсінгенім:

– Кімнің амалы аз болса, басқаларды сынауы көбейеді.

– Ал кімнің амалы көп болса, басқаларды сынауы азаяды.

©️Уәил Ханбәли (хафизаһулла)

Абылай Кенжалы

20 Oct, 15:59


Өміріне шағымдануға уақыты бар адамның әрекет жасауға да уақыты бар…

Абылай Кенжалы

20 Oct, 14:17


Тақуалық – Алладан қорқу, құранға амал, азға қанағат және ақыретке дайындық.

©️Али (радиаллаһу анһу)

Бар болғаны осы.

Абылай Кенжалы

20 Oct, 13:59


Шейх Яхия: «….Барлық үммет саған зиян беруге жиналса да, Алла саған жазған нәрседен басқа ешнәрсе де жасай алмайды…» деген хадисті оқып жақсы ой айтты.

Бүкіл үммет ерлері жиналса да, саған тиселі қызды алып кете алмайды.

Бүкіл үммет әйелдері жиналса да, саған тиселі жігітті алып кете алмайды.

Саған тиісті нәрсені ешкім алып кете алмайды.

Жаның тыныштық тапсын бойдақжан)

Абылай Кенжалы

19 Oct, 21:13


– Алла мені ести ме?

– Иә!

– Онда неге менің сұрағанымды бермеді?!

– Кез келген шипагер сен жақсы көретін дәріні емес, сені емдейтін дәріні береді.

©️Мұстафа Махмұт

Абылай Кенжалы

19 Oct, 16:47


Әдебің бір қап ұн секілді, ал білімің сол ұнға себіліген тұздай ғана болуы қажет. Екеуінің орны ауысып кетпесін.

©️Шейх Мужир әл-Хатиб

Абылай Кенжалы

19 Oct, 16:40


الأدبُ يسترُ قليلَ العلم، والعلمُ لا يستر قليلَ الأدب. وفقدُهما عَراء، وجمعُهما ثراء.

Әдеп(көркем мінез) білімнің аздығын жасырады. Ал ілім болса әдепсіздікті жасыра алмайды. Екеуін де жоғалту жалаңаштық. Ал екеуіне де ие болу байлық.

Шейх Махмуд Дахла حفظه الله

Абылай Кенжалы

19 Oct, 11:54


Ыстанбұлға келіп Абылай ұстаздың жаңалықтарын тыңдадық. “Исламдағы тұлғалық даму” кітабы аяқталып қалыпты. Күтіңіздер 📚

Абылай Кенжалы

18 Oct, 14:03


«Егер пенде Раббысы оның істерін қалай реттеп қойғанын білсе, жүрегі Раббысына деген махаббаттан еріп кетер еді».

©️Ибн Әбу Бәкр (рахимаһулла)

Абылай Кенжалы

18 Oct, 13:52


Аллаға бағынған әрбір сәтіңе сауап жазылатынын ұмытпа.

Суық күнде жылы төсегіңді тастап, таң намазына тұру оңай емес. Бірақ сол бір сәтте төсегіңді көтеріп, дәрет алар кезге дейін жүрген қадамдарыңа да сауап жазылады.

Отбасыңды асырау үшін таңертең тұрып жұмыс жасағаныңа да толассыз сауап жазылады.

Көшеде көзіңді тыйып, бөтен ер-әйелге қарамай жүргеніңе де сауап жазылады.

Жұмысыңнан, алып жатқан іліміңнен шаршап ұйықтаған сәттерге де сауаптар жазылады.

Аллаға бағынған әрбір сәтіңе сауап жазылады.

Абылай Кенжалы

18 Oct, 13:43


Біліп қой! Нәпсіге беріліп күнә жасап қойсаң, оның төленетін ақысы жүрегіңнің сол күнәға дейінгі тазалығы.

©️ Ахмад Сайид

Абылай Кенжалы

17 Oct, 14:20


Егер пенде сәжде жасап жатқан кезінде Алланың оған қандай мейірім төгіп жатқан білсе, сәждеден басын көтермес еді🤍

©️ибн Әби Бәкр

Абылай Кенжалы

17 Oct, 14:17


Шүкір сәждесі – ұмыт қалған сүннеттердің бірі. Кімде-кім осы ұмыт болған сүннетті қайта жандандыратын болса, иншаллаһ, Қияметте Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына лайық болады!

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қуанышты жағдайға тап болғанда немесе жағымды хабар естігенде, Аллаға шүкір етіп сәждеге жығылатын.

Аллаға шүкір сәждесін жасау үшін намаздың шарттарына сай болу қажет: дәретті болу, құбылаға қарау, таза жерде және таза киімде болу…т.б

Абылай Кенжалы

17 Oct, 13:42


Саяхатшылардың сүйікті сөзі бар: “Ақша қайтып келер. Бірақ мен ол кезде қазіргідей жас болмаймын. Сол себепті қазір саяхаттаймын”.

Кітап сатып алар кезде де дәл осы сөзді қолданамын. Ақша қайтып келер. Бірақ мен ол кезде қазіргідей жас болмаймын. Жас кезде алған білімнің әсері де, пайдасы да бөлек.

Абылай Кенжалы

16 Oct, 17:41


Біліміңмен, ақылыңмен, көп тілдерді білетін қасиетіңмен өз-өзіңе тамсанып, мақтанушы болма.

Біліміңе мастанып жүргенде, Алла саған миыңа бір дерт жібермесіне кім кепіл?!

Мидағы түйірдей пайда болған бір дерт әп-сәтте сені наданға айналдыруы мүмкін.

Масаттанба..Аллаға шүкір ет.

(Әт-тасаууф нәфси📚)

Абылай Кенжалы

15 Oct, 17:24


Көптеген адамдар небір пайдалы әрі мән-мағынасы мол істер жасап жүр. Бірақ сол бір ісіне еш маңыздылық қоя алмай, өмірде мағыналы ешнәрсе жасап жүргем жоқ деп өзін жегідей жеп жүр.

#маңызды_екеніңді_ұмытпа

Абылай Кенжалы

15 Oct, 17:22


Мәнді бір іс жаса. Я болмаса, жасап жатқан ісіңді мәнді деп біл.

Абылай Кенжалы

15 Oct, 14:53


Басқаға үлкен нығмет берілгенін көрсең: “Уа, Аллаһым! Оған нығметіңді арттыра бер” – деп дұға қыл.

Періштелер сен үшін де соны тілейді. Алланың нығмет үлестірудегі даналығына қарсы шықпа.

Абылай Кенжалы

15 Oct, 14:52


Имам әл-Қушәйри (рахимаһулла) былай дейді:

«Тұла бойын көреалмаушылық билеген адам, ешқашан бақытты бола болмайды».

Абылай Кенжалы

14 Oct, 13:15


Басқаларды тым ұлықтаған сайын өзіңді ергежейлі қыла бастайсың…

©️Ясир Хузәйми

Абылай Кенжалы

14 Oct, 13:12


Сені таңқалдырған сөздің бәрі ақиқат емес.

Абылай Кенжалы

14 Oct, 12:22


Тіпті кіші күнәлардың өзін азсынушы болма. Бәлкім, дәл қазір сенің басыңнан өтіп жатқан қиындықтар, сол бір кіші күнәлардың себебінен шығар…

©️Имам әл-Ғазали (рахимаһулла)

#архив

Абылай Кенжалы

13 Oct, 16:06


Сенен біреу көмек сұрап жатса мына нәрсеңі есіңе ал!

Ол ең алдымен Алладан жәрдем сұрады. Сосын Алла оны саған бағыттады. Әрі сенің оған көмегіңді тигізіп, сол арқылы сенің бір күнәңді кешіргісі келді.

©️Хафиз Омар.

Абылай Кенжалы

13 Oct, 15:24


Қиындықтан кейін келген ләззат пен қиындықсыз келген ләззаттың арасы жер мен көк.