Beisenali Olzhas @beisenaliolzhas Channel on Telegram

Beisenali Olzhas

@beisenaliolzhas


Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.

Әлеуметтік парақшаларым:

Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirr

Beisenali Olzhas (Kazakh)

Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.

Әлеуметтік парақшаларым:

Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirrnn"Beisenali Olzhas" атындағы каналды кімге арналған орын екенін білу үшін каналды жайындағы түрлі материалдарды оқуға дейін. Осы каналдағы мазмұндың көмегімен, жүйелік жəне шынайы дүниелерді танымайдан үміттеніп өтуге болады. 'Beisenali Olzhas' каналына кіріп, оқушылар үшін тез анықтама материалдарды және мағлұматтарды оқушылар орталығымен бөлісуге болады. Каналда әлеуметтік парақшаларын алғаныңызда, беғендігіңізге сай болатынын түсінерсіз. Сондықтан, бұл каналды тек алу үшін аралада болуға рұқсат сұраймыз. Осында рұқсат тапсаңыз, бір-ақ парақшаларын көшірер едіңіз. Сізге көмек көрсету үшін, кітапханада парақшалар қадағалы болуы мүмкін. Сонымен, 'Beisenali Olzhas' каналындағы көмегімен дүнияларды үстеу және танымал тақырыптарды қарау мүмкін. Осы каналға кіру арқылы, уақытыңызды қайырықтырайтын жағдайларды талап етедіңіз. Содан кейін, біздің 'Beisenali Olzhas' каналымыздың көмегімен кең танымал және өзекті тақырыптарды табу мүмкін. Осы каналға әндеп түскенде, білім бергеннен кейін жақсы ақпарат аласыз. Сондықтан, 'Beisenali Olzhas' каналын жұмыс жасап жатқан және қызығын көрсетуге болады. Егер сіз өз қарым-қатынауларыңызды кеңі молайт қылуға болады деп ойласаңыз, 'Beisenali Olzhas' каналын алып, осы канал арқылы анықтама материалдарды оқыңыз.

Beisenali Olzhas

28 Jan, 03:14


Мантық – логика

"Мантық" сөзінің түбірі "нутқ". Мағынасы – сөйлеу.

"Логика" сөзінің түбірі – логос. Мағынасы – ой, сөз, дәлел.

Арабтар "логос" сөзін араб тіліне "мантық" деп аударды. Сосын мантықтың екі түрі бар деді:

1) "Заһири" (сыртқы).
2) "Батыни" (ішкі).

Заһири – сөлеумен байланысса, батыни – ойлау, білумен байланысты.

Бұны Әл-фараби кітаптарында айтып кеткен.

Шейх Абдульхамид Туркманидің дәрісінен

Beisenali Olzhas

26 Jan, 16:31


12 рәкәғаттық Миғраж намазы жайлы

Имам Мулла Али Қари өз кітабында имам Суюты жеткізген бір хадисті келтіреді. Ол хадисте Миғраж түні оқылатын 12 рәкәғаттық намаз жайлы айтылады. Бірақ, хадисті жеткізіп болған соң, имам Мулла Али былай дейді: "Имам Байһақи бұны Абан ибн Әнәстан өте әлсіз иснадпен жеткізді".

Бұл намаздың бидғаттылығы жайлы Имам Файруз Абади, имам Ирақи, ибн Һиммат әд-Димашқи және тағы басқа көптеген ғұламалар өз кітаптарында айтқан.

Біздің ереже бойынша, нәпіл құлшылықтарда әлсіз хадиске амал етуге болады. Егер де оның дінде негізі бар болса. Бірақ, егер хадис өте әлсіз болса, оған амал етуге рұқсат жоқ. Және ол хадисті "өте әлсіз" деп имам Мулла Али Қари айтқандай айту керек.

Сондықтан, Миғраж түні дәл осы хадиске амал етіп 12 рәкәғат оқымаңыздар, бірақ қасиетті түні қалағаныңызша намаз оқып, зікір-ғибадаттарыңызды жасай беріңіздер. Алла сауаптан жазсын.

Түсініңіздер, біз сіздердің игі амал жасағандарыңызды қызғанбаймыз. Шайтан емеспіз ғой. Керісінше, бидғат амалдардан сақтап, дұрыс амал жасағандарыңызды қалаймыз. Алла баршамызға тауфиқ берсін

#архив

Beisenali Olzhas

26 Jan, 14:34


Нұр-мүбәрәк шәкірттерімен (ер балдар) шейх доктор Заһабидің "әт-тафсир уа әл-муфассирун" кітабын оқып жатырмыз. Дәріс Сәрсенбі 12:00 және Сенбі күндері.

Сондай-ақ, имам ибн Ашурдың тәпсіріне жазған кіріспесін (қыз балдармен) Сәрсенбі күні 14:00 және Сенбі күндері өтіп жатырмыз.

Қатысамын деушілер болса, мархаба

Шарттары:
1) НМУ шәкірті болу
2) Сарф, нахву, балаға, фиқһ, усул, каләм пәндерін оқыған болу.

Beisenali Olzhas

25 Jan, 09:12


Әбу Суғудтың тәпсірі "Иршад әл-ақл әс-салимді" түсіну жолдары:

Бұл тәпсірді оқу үшін ең алдымен нахву, сарф, балаға ілімдерін терең оқыған болу керек. Сондай-ақ, мантық, усул, кәләм секілді білімдерді білу.

Әбу Суғудтың тәпсірін ашқан соң, түсінбеген жерді алдымен:

1) "Жәләлейінге" жазылған "Әл-футухат әл-иләһия" деген хашиясынан оқу.

2) "Кәшшәфқа" қайту. Оған қоса оған жазылған ибн Мунайирдың "Әл-интисаф" хашиясын, Мухаммад Ғильян Марзуқидың "Машаһид әл-инсаф алә шауаһид әл-кашшаф" кітабын, ибн Хажардың Кашшафқа қылған тахрижын оқу.

Сондай-ақ, Кашшафтың хашиясы "Футух әл-ғайбты" міндетті түрде қарау.

3) "Байдауиді" оқу. (Оның ең жеңіл хашиясы шейх Заданың хашиясы. Ең қиыны – Қунауидің хашиясы. Ең ауқымдысы – Шиһаб Хафажидың хашиясы).

4) Жеңіл тәпсірлерді қарау. Табари, Хазин, Уахиди, Рази, Ибн Жаузи, Саид Тантауи сынды жеңіл тәпсірлерді бір қарап шығу.

Соңында Әбу Суғудты қайтып қарау. Тағы да түсінбеген қиын жер қалса, Әлусиге қайту. Әлусиді түсіну үшін Туфайишты оқу.

Шейх Али Һанидің дәрісінен

Beisenali Olzhas

25 Jan, 08:46


Егер де Байдауи, Әбу Суғуд, Насафи көп пікірлердің ішінде бір пікірді ең бірінші жазса, демек "муғтамады" (дұрысы) сол.

Шейх Али Һани

Beisenali Olzhas

24 Jan, 04:33


Құрметті бауырлар!

Қасиетті жұма күні, Алла Тағаланың мейірімі мен берекесін тілей отырып, сіздерді Нұр-Мүбарак университетінің құрылысына қолдау көрсетуге шақырамыз. Бұл ұлы іске өз үлесіңізді қосып, садақа берсеңіз, ол тек осы дүниеде ғана емес, ақыретте де үлкен сауап әкеледі.

Бүгін ЖҰМА
ЖҰМА күні Садақа беріп, жүрегіңізде мейірім мен жақсылық орнатсаңыз, иншАлла Алла Тағаланың разылығына жетесіз. Әрбір садақа сіздің күнәларыңызды жоюға және екі дүниеде де бақытыңызды арттыруға себеп болады.

Алла Тағала біздерге осындай ізгі амалдар жасау нәсіп етсін!

САДАҚА БЕРУ ҮШІН
⬇️⬇️⬇️
https://pay.kaspi.kz/pay/1p3r6pjy

instagram:https://www.instagram.com/nurmubarak.qory?igsh=MXVmZWl6MzZlcjdnZw==

Beisenali Olzhas

23 Jan, 10:00


Араб тілінде бет, жүз деген сөздер "уажһ" (وجه) деп айтылады.

Қазақ тілінде "уәж" деп те қолданылады. Оның мағыналарыы:

1.  Бет, жүз.
2.  Пішін, сыртқы көрініс.
3.  Тәсіл ,  үлгі.
4.  Мән, мағына.
5.  Бағыт, беталыс.
6.  Себеп, негіз, дәлел.

Дереккөз: Г. Мамырбекова. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы. 2017.

Beisenali Olzhas

23 Jan, 09:46


Жақсы шықты деп жатыр, білмеймін. Өздеріңіз көресіздер)

Beisenali Olzhas

23 Jan, 09:45


https://youtu.be/1McqCYUF2Zw?si=kpeyES22gglfVHKL

Beisenali Olzhas

22 Jan, 06:39


Бүгін иншаАлла Тәзкират-самиғ қайтадан бастау алады Нұр-Мубарак мешітінде

Тоқтаған жерден жалғастырамыз, иншаАлла

Beisenali Olzhas

21 Jan, 09:02


Бинә сабағына қосылу үшін (ұлдар тобы) әмсиладан емтихан жариялаймын.

Кім қатысқысы келсе, нмуда мені тауып алсын)

Beisenali Olzhas

20 Jan, 13:26


Бір адам болса да, оған "жамғ-пен" әссәләму алейкум деп сәлем беріп (әссәләму алейка деп емес), дәл солай жауап қайтарылады (уа алейкум сәләм деп).

Әл-һадия әл-Алайия, 215

Beisenali Olzhas

20 Jan, 12:51


Қайыршының сәлеміне жауап беру міндетті емес. Себебі, ол сәлемді сәлем беру үшін айтпайды. Сондай-ақ, құтпа кезінде біреу сәлем берсе, сәлеміне жауап берілмейді.

Әл-һадия әл-Алайия, 214

Beisenali Olzhas

20 Jan, 09:04


Мақсұд кітабын оқығысы келетін нму шәкірттері (қыздар тобы) қабылдау ертеңге дейін ашық.

Қабылдауда сіздердің сарф деңгейлеріңізді тексеремін

Менің ватсап нөмеріме жазыңыздар

Beisenali Olzhas

20 Jan, 06:20


Ғұламалардың хадис мәтіндерін жинап кітап жазуда екі түрлі жолдары бар:

1) Хадистерді тақырып бойынша жинақтау;
2) Хадис риуаятшы сахабалардың есімдері бойынша жинақтау.

Бұл хадис кітаптарын жазудағы ең танымал екі жол. Олардың басты мақсаттары – шәкіркте барынша хадисті табу жолын жеңілдету болатын.

Мухаммад Абдулмалик, "Әл-мадхал илә улум әл-хадис әш-шариф"

Beisenali Olzhas

19 Jan, 10:13


Алла қаласа жақында тағы бір-екі жаңа шәкірт аламын ба деп отырмын жеке дәрістерге.

Көбісін қабылдамай жүрмін

Beisenali Olzhas

19 Jan, 09:43


Болашақта елге, дінге, халыққа қызмет етемін деген жігіттерге дәріс беру мен үшін бір нығмет, әлхамдулилля

Beisenali Olzhas

19 Jan, 09:42


••••┄༻‏﷽༺┄••••
Бүгін сіздерге бір пайдалы ақпарат жеткізгелі отырмын. Бұл басқа шәкірттерге де пайдалы болады деген үміттемін.

Шамамен бір жылдай бұрын ақида, кәләм саласына қызыға бастаған болатынмын. Менің оқу орнымда көбіне фиқһ, хадиске көңіл бөлгендіктен ақидадан тек бірнеше мәтін ғана оқытатын. Сосын өзім интернеттен жүйесіз оқыған дәрістерім ғана бар еді. Енді әріқарай Кәләм ілімін оқып тереңірек танысқым келді, алайда менде сабақ беретін, жол сілтеп отыратын ұстазым жоқ еді. Сол сәтте
Бейсенәлі Олжас ұстаздың жеке шәкірт қабылдап жатқанын көріп байланысқа шықтым. Сөйтіп ұстаз бағыт-бағдар беріп, кейбір розовый көзілдіріктерімді шешіп, системаны түсіндіріп, алғашқы кітаптан сабақ бастап кеттік.
Енді міне, күні кеше ұстазбен соңғы дәрісіміз болды. Осы уақыт ішінде Кәләм саласы, оқу жүйесі, ғалымдармен және кітаптармен танысу, кітапты дәрежемен оқу маңыздылығы және т.б көптеген пайдалар алдым. Әһлі-сүннет ақидасын үйреніп, оған қоса Сәләфилер, Философтар және Християндардың да сенімдерін талқыладық. Олжас ұстаз Кәләмді тәптіштеп түсіндірумен қоса басқа пәндерден де сұрақтарыма жауап беріп отыратын. Тек сабақ емес, өмірлік тәжірибесімен, ақыл-кеңесімен де бөлісетін. Әрине, бұл шәкірт үшін өте үлкен көмек болып табылады. Себебі кейбір шәкірттер "қай кітапты, қашан, қалай" оқитынын білмей көп уақытын жойып алып жатады. Осындай қателіктерімнің алдын алып, мен үшін алтын уақытын бөліп осы ілімде жақсы база қалыптастыруыма күш жұмсаған ұстазыма алғысым шексіз. Жан-жақты білім берген ұстазыма Алла ﷻ Тағала разы болсын. Сіздер де осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, өздеріңіз дамытуды қалаған пәнді ұстаздың жетекшілігімен оқып алуға тырысыңыздар.

Beisenali Olzhas

17 Jan, 03:53


Негізі кітап қазақ тілінде "Тәлімгер тағылымы" деп танылған. Алайда "мутағаллим" деген тәлімгер емес, шәкірт, білім алушы ғой тура аудармасы.

Ал тәлімгер деген ұстаз. Сондықтан мен оны "шәкірт тағылымы" деп отырмын

Beisenali Olzhas

17 Jan, 03:47


"Шәкірт тағылымы" кітабынан дәріс бастағанбыз орыс тілінде. Тыңдаймын десеңіздер бисмиллә)

https://t.me/+vSV-fOX8fIkxZTIy

Beisenali Olzhas

15 Jan, 18:15


Алла ұлық! Ғаззадағы зұлымдық аяқталды деп хабарлап жатыр сенімді кісілер! Ұзағынан болсын деп тілейміз!

Beisenali Olzhas

14 Jan, 03:34


Білімге ұмтылыстың азайып жалқаулықтың пайда болу себебі – білімнің артықшылығы мен құндылығы жайлы аз ойланудан болады дейді.

"Шәкірт тағылымы", 74-бет

Beisenali Olzhas

12 Jan, 18:47


Алматыны, жоқ Нұр-мүбәрәкті қатты сағынады екенсің. Әсіресе оқу орнындағы вайбты, өзімнің әріптес ұстаздарды, көздерінде от жанып тұрған шәкірттерді.

Демалыста 10 күн өтсе де, уже сағынып жатырмын)

Beisenali Olzhas

11 Jan, 14:19


Ассаламуалайкум құрметті оқырман!
“Олжекем…жанымның жаз ғұмыры” атты
Олжас Ханафин ұстазымыз (Алла рахымына алсын) жайлы кітапшамыз жарық көрді. Барлығы Алланың сәттілігімен

📕Кітап электронды нұсқада (pdf)

💰Құны: 1500 тг

📲Кітапты алу үшін мына номерге жазыңыз.
+ 8777 572 13 13

📍Бірақ бұл номерге төлем жасамаңыз.

Beisenali Olzhas

11 Jan, 12:13


Имам Айни өзінің Сахих әл-Бұхариге жазған шархының басында:

"Кітап немесе хат жазушы адам үш нәрсе жазу міндетті деп келтіреді ғұламаларымыз. Олар: бисмиллә, әлхамдулилля және салауат", - дейді.

Умдат әл-Қари, 1/35

Beisenali Olzhas

11 Jan, 04:47


Демалыста бос жатпай имам Әбу Ханифаның өзінің шәкірттеріне жазған өсиеттерін шәкірттеріммен оқып шықтым

Сіздермен де бөлісейік фи сабилилләһ

https://t.me/nasaihabukhanifa

Beisenali Olzhas

09 Jan, 23:47


Алла Тағала бізге Өзін қалай мадақтау керектігін үйреткендігі үшін біз Оны мадақ айтып, шүкір етуіміз керек.

Себебі, Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай: "Аллаһым! Мен Сені Сен Өзіңді мадақтағандай мадақтай алмаймын", - деді.

Ал, Алла Тағала бізге қалай мадақ айтуды үйретті? Жауабы Фатиха сүресінің бірінші аятында. Әлхамдулилля!

Beisenali Olzhas

08 Jan, 13:44


Биыл бітіретін түлектер! Жазатын дипломдарыңызды қазірден бастаңыздар. Әйтпесе, ертең ентігіп қаласыздар.

Тасты ең алғашқыда қозғалту қиын. Алайда, бір қозғалтқаннан кейін тас жеңіл домалап кететіні секілді, дипломды да бастау қиын, бірақ бір бастағаннан кейін, жазып кету жеңілдейді.

Алла баршаңызға тауфиқ берсін!

Beisenali Olzhas

08 Jan, 11:17


Имам Табаридің тәпсірінің ең абзал баспасы – Махмуд Шакир және Ахмад Шакирдің тахқиғымен шыққан баспалар дейді шейх Али Һани.

Алайда, олардың тахқиғы толықтай тәпсірді қамтымады. Яғни, екі ғұлама жұмыстарын бітіріп үлгермей, дүниеден өтті.

Beisenali Olzhas

08 Jan, 11:10


Әбу Хамид әл-Исфараини:

"Егер де біреу Мухаммад ибн Жарирдің тәпсірін алу үшін Қытайға сапар шексе, бұл ісі көп болып саналмаушы еді".

Даудидің "Табақат Әл-муфассирин" кітабынан

Beisenali Olzhas

08 Jan, 10:17


Куньясы бар, бірақ баласы болмаған тәпсірші – әйгілі Әбу Жағфар Мухаммад ибн Жарир әт-Табари.

Ол өмірден үйленбей өткен ғалым екен. Ал, кунья қою – сүннеттен.

Кунья дегеніміз “әбу” секілді сөздерден басталатын есімдер

Beisenali Olzhas

05 Jan, 11:41


Алла қаласа Нұр-мүбәрәкта екінші семестрде ұлдармен "Бинә" кітабын, қыз балдармен "Мақсұд" кітабын бастаймыз.

Егер НМУ шәкірті болып біздің дәрістерге қосыламын десеңіз, онда осы "Бинә" бойынша емтихан тапсыруға дайындалыңыз.

Beisenali Olzhas

05 Jan, 10:35


Сарф (морфология) және нахву (грамматика) бойынша дәрістер

а) Бинә кітабы - (10 видео дәріс) 5 500 тг (сарф 2-деңгей)

(ә) Мақсұд дәрістер - (12 видео дәріс) 6 000 тг (сарф 3-деңгей)

(б) Тасриф әл-Ғиззи (әзірше 9 видео дәріс) – 10 000 тг (сарф 4-деңгей)

(в) Нахву мир (48 аудио) - 5000 тг (нахву 1-деңгей)

(г) Таудых шарх Әжрумия (44 видео) 10 000 тг (нахву 1-деңгей)

Алу үшін +7 707 154 0549 нөмеріне жазыңыз

Beisenali Olzhas

05 Jan, 04:19


Шейх Мухаммад Аууама:

"Ғұламаларымыздың аяқкиімінің шаңы – біздің көзімізге сүрме".

Beisenali Olzhas

04 Jan, 04:50


Алланың қалауымен имам Әбу Ханифаның өзінің шәкірттеріне жазған үш өсиет кітабын (ақида емес) қазақ тілінде бітірдік.

Сондай-ақ, "Тағлим мутағаллим" кітабынан орыс тілінде дәріс бастадық.

Егер сіз НМУ шәкірті болып, осы дәрістерді тыңдауды қаласаңыз, + қойып кетіңіз

Beisenali Olzhas

04 Jan, 02:48


Білім мен амалдың ләззатын татқан жан – адамдардың дүниесіне қызыға бермейді.

Шәкірт тағылымы

Beisenali Olzhas

01 Jan, 20:27


"Құранның сүре-сүре болып бөлінуінің хикметі – оқушыны жігерлендіру, жаттаушының ынтасын арттыру үшін. Мәселен, жолаушы белгілі бір шақырымды артта қалдырған сайын жеңілдеп, қалған жолды бағындыруға ынталы болады", - дейді имам Әлуси.

Яғни, егер де Құран сүре-сүре болып бөлінбей, бір ғана сүреден тұрса, онда оны оқу да, жаттау да қиынға соғар еді. Ал, Құран сүрелерге бөлінгеннен соң, бір сүрені жаттаған сайын, қалған сүрелерді жаттауға адамның ынтасы артады.

Бір сүрені жаттаған кезде, ол Құранның жеке дара (басы мен аяғы бар) бір бөлігін жаттадым деп сенеді. Сондықтан, жаттағаны ол үшін өте қымбат болады.

Beisenali Olzhas

31 Dec, 15:25


Ішкі кемелдік болса, міндетті түрде сыртқы кемелдік болу шарт емес.

Себебі Алла Тағала бейнеге емес, жүрекке қарайды.

Сырты кемел бола тұр, ішкі жан дүниесі нақыстар бар. Дәл солай керісінше.

Бұл да имам Әлусидің тәпсірінен (сөзбен сөз емес)

Beisenali Olzhas

31 Dec, 15:22


Фатиха сүресі діннің негізгі төрт ғылымын қамтиды:

1) "Әлемдердің раббысы" және "Мейрімді, рақымды" деген сөздері – ақида іліміне, оның ішінде "илаһият" тақырыбына нұсқау бар. "Оларға нығмет етіп берген жол" сөзінде "нубууатқа" нұсқау бар. "Қиямет күнінің патшасы" аятында "самғиятқа" нұсқау бар.

2) Фиқһ іліміне "Саған ғана құлшылық қыламыз" деген аят нұсқап тұр.

3) Ахлақ, ихсан іліміне "Сенен ғана жәрдем тілейміз" және "бізді тура жолға сал гөр" деген аяттары нұсқайды.

4) Қисса, тарих іліміне "Оларға нығмет етіп берілген жолға, ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолымен емес " деген аяттары нұсқап тұр.

Имам Әлусидің "Рух әл-Мағани" тәпсірінен

Beisenali Olzhas

31 Dec, 08:29


- ұстаз, бүгін сабақ болады ма?
- жоқ, келесі жылы болады енді)

Beisenali Olzhas

30 Dec, 00:16


Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

"Адамдар жүз түйе секілді – ішінен мінуге жарамды бір түйе таппайсың". (Бұхари, Муслим)

Имам ибн Хажар бұл хадистің шархы былай дейді: "Жүз түйенің ішінен мінуге жарамды біреуін табу қалай қиын болса, дәл солай адамдардың ішінен достыққа лайықты біреуді табу қиын".

Beisenali Olzhas

29 Dec, 11:09


Қанша уақыттан бері тілдер үйрену керек еді деп жүрген болсаңыз, Арсен Шәди бауырымның сіздерге сыйлығы бар.

Шамамен 5 жылдан бері жасап жүрген онлайн-курстары бар. 4 тіл бойынша 12 курсты (араб, ағылшын, түрік, орыс) = 3 жылдық доступпен кері байланыссыз = 10.000тг-ге беріп жатыр.

Соңғы 2 күні қалған екен тіркелудің. Осы жылдың соңғы жеңілдігі дейді. Курстармен, мазмұнымен танысу үшін осы сілтемеге кіру керек, ал сатып алу үшін менеджеріне жазсаңыз болады.

Құнынан құндылығы жоғары курстар екеніне сенемін.

Beisenali Olzhas

28 Dec, 17:47


Имам Уахидидің "Басит", "Уасит" және "Уәжиз" деген үш тәпсір кітабы бар.

Ол өзі шафиғи мазһабын ұстанған. Имам Ғазали оның тәпсірін қатты жақсы көретін. Тіпті "кім Құранды түскеніне сай түсінуді қаласа, онда Уахидидің тәпсірін оқысын" дейтін.

Имам Ғазалидің Уахидидің тәпсірілеріне махаббаты соншалықты қатты болғандықтан, өзінің үш фиқһ кітабын "Басит", "Уасит" және "Уажиз" деп атаған.

Шейх Али Һани: "Тәпсірмен айналысушы адам, Уахидидің "Баситін" міндетті түрде оқу керек", - дейді.

Beisenali Olzhas

28 Dec, 15:05


Оқылатын тәпсір мәтіні үшеу:

1) Жәләләйн (өте "дақиқ", егжей тегжейлі)
2) Нәсәфи (дәріс беру үшін ең абзалы)
3) Байдауи (ғұламаларды өлтіруші, себебі оны оқып бітіретіндер аз)

Шейх Али Һани

Beisenali Olzhas

28 Dec, 14:35


Шейх Али Һанидің ұстаздарының бірі – шейх Фазл Аббас.

Ол кісі Иорданиядаға ең үлкен тәпсір мамандарының бірі. Азһарда оқып, докторлықты алған.

Шейхтың көзі көрмесе де, жазған еңбектері өте құнды. Қандай тақырыпта кітап жазбасын, сол тақырыпқа қатысты жазылған еңбектерді оқып шығып, сынайтын жерді сынап, жақсы жерлерін өзінің еңбектерінде нұсқап кететін. Өз басым шейхтың көптеген кітаптарын оқып, көптеген пайда алдым.

Шейх Фазл Аббас Иорданияда 50 жылдай тәпсір сабағын берген. Иорданиядағы кез келген жасы үлкен тәпсір саласының маманы, сол шейхтің алдында тәлім алған.

Алланың қалауымен, шейх Фазл Аббасты тірідей көрмесем де, оның ең жақын шәкірттерінен тәлім алдым. Солардың ішінде шейх Али Һани, шейх Сулейман Даққур, ұстаза Нида Зақзуқ және тағы басқалары.

Beisenali Olzhas

28 Dec, 14:16


Ұстазымыз шейх Али Һани айтады:

"Тәпсір ілімінде сен әрі муқаллид (еруші) әрі нақид (сынаушы) болу керексің".

Яғни, бір аятты тәпсірлемес бұрын, оған қатысты жазылған тәпсірлерді оқып шығу керек. Алайда оларға сыни көзқараспен қарау керек. Мына тәпсірші осылай депті деп қабылдай бермейсің.

Ал олай сынап талдай алу үшін, сен де көп құралдар (ілімдер) болу керек.

Beisenali Olzhas

28 Dec, 13:31


Көпшіліктің тәпсір ілімін оқымаудың себептері:

1) Білімдердің басы болғандықтан. Сондықтан оны меңгеру үшін алдымен барлық білімдерді меңгеру қажет. Ал ол көп уақытта талап етеді.

2) "Жәләләйн оқып шықсам, тәпсірші боламын" деген қате пікірде болғандықтан.

Шейх Али Һани

Beisenali Olzhas

28 Dec, 12:05


– Сенен біреу кеңес сұраса, өзіңді Алла Тағалаға жақындатады деп білген кеңесіңді бер!

Имам Әбу Ханифаның Әбу Юсуфке жазған өсиетінде

Beisenali Olzhas

27 Dec, 11:00


Жаңадан шыққан еңбек! Алып үлгеріңіздер

Beisenali Olzhas

26 Dec, 08:10


Бір қызығы медреседе Замахшаридің мектебімен, Иорданияда Ибн Һишам мектебімен оқыдым)

Beisenali Olzhas

26 Dec, 08:09


Араб тілі грамматикасын оқытуда екі мектеп бар:

1. Абу Хайян, Ибн Һишам және Ибн Мәликтің (Алла оларға разы болсын) мектебі.

Бұл мектепте “Ажрумия”, “Мутаммима”, “Қотр нада”, “Әлфия”, “Тасһил” және “Муғни лабиб” кітаптары оқытылады.

Атақты ғалымдары: Худори, Саббан, Ясин (Алла оларға разы болсын) бұл кісілерге тең келетін жан жоқ!

2. Замахшаридің мектебі.

Бұл мектепте “Наху мир”, “Һидаятун наху”, “Мияту ғамил”, “Кәфия”, “Унмузаж” және “Муфассал” кітаптары оқытылады.

Бұл мектептің атақты және тең келмес ғалымдары — Ради және Ибн Яғиш (Алла оларға разы болсын).

Бұл мектептің артықшылығы — оқушыға нахву ғылымының риторикасын береді. Кітаптарын көбіне Байдауидің тәпсірімен байланыстырады. Бірақ бұл мектеп нахву ғылымына логиканы (мантықты) кіргізіп, кітаптарын кішкене қиындатып жіберген)

Кім екі мектептің де кітаптарын оқыса, нұр үстіне нұр болады.

Beisenali Olzhas

23 Dec, 15:27


Стипендия? Ол да – ризық. Сенің ризығың – өлшеніп, белгіленіп қойған. Оған да қам жемеңіз!

Аллаға тәукел етіп, әр нәрсенің қайыры бар екенін ұмытпаңыз!

Beisenali Olzhas

23 Dec, 15:27


Баға ол не? Дүние! Дүние бүгін бар, ертең жоқ.

Ал ілім және оның берекеті сенімен бірге мәңгі.

Болмашы баға үшін ұстаздарымен қарым-қатынасты бұзып, берекетінен айырылып қалмаңдар.

Beisenali Olzhas

23 Dec, 12:40


Біреу жазыпты: "Ұстаз, рақымды болыңыз, Алла сізді рақымына бөлесін")

Beisenali Olzhas

23 Dec, 12:39


Кейбір шәкірттер емтихан парағына өз әңгімесін жазып кетеді екен. Біреулер ұстазға хат жазады)

Шәкірттер қызық өзі)

Beisenali Olzhas

23 Dec, 02:07


Мұхаммед ибн Сирин: "Алғашқы уақыттарда хадистердің кімнен жеткендігі сұралмайтын. Фитна басталғанда хадистердің кімнен жеткендігі сұрала бастады. Әһл сүннет адамдарынан хадис алынып, ұстанбайтындардан хадис алынбайтын".

Емтиханда жіберген көбісінің қателігі)

Beisenali Olzhas

22 Dec, 14:08


Махаббаттан жанып тұрған көздерді көргің келеді ме, онда өзінің кітап сөресіне қарап тұрған жанның көзіне қара)

Beisenali Olzhas

21 Dec, 13:18


Қазақ тіліндегі топ 100 кітап топтамасын жаңарту керек еді. Биыл біраз жаңа мықты кітаптар шықты.

Бір қол босағанда жасаймын. Былтырғысы өздеріңізде бар ғой?

Beisenali Olzhas

21 Dec, 12:14


Менің "тегін дәрістер" топтамасы (көрмегендер болса):

1) Ислам Әдебі http://t.me/islamadebi (Жаңа жалғасуда)

2) Әш-Шәмәил әл-Мухаммадия (толық):
https://youtube.com/playlist?list=PLZgHxa7d9h1UUKeCVjCkf3jyruDMRsBtG

3) Нәпсі дертінің дауасы (толық):
https://t.me/+XlI4hBoWta44NmZl

4) Имам Ғазали, Балама өсиет (толық):
https://t.me/+HVsU7hgCZKAxNGRi

5) Орыс тіліндегі фиқһ дәрістері (толық):
https://t.me/rawdat

6) Имам Ғазали, Тура жолдың бастауы (толық)
https://t.me/bidayathidaya

Beisenali Olzhas

19 Dec, 15:40


Менің бұрынғы қалай канал жүргізетінімді сағынған шығарсыздар)

Қазір қызметтен қол босамайды. Бірнәрсе жазуға да зауқы жоқ. Көп кітап оқып жүрген жоқпын, оқытып жүрмін, әлхамдулилля.

Ойдағы бар дүние – шәкірттер. Оларға айтатынымды былай-ақ оффлайн айтамын. Онлайн жазып не қыламын деймін)

Шыны керек, бұрынғыдай қызық та емес инста, телеграм жүргізу. Бірақ осыншама оқырманымды қимаймын. Мүмкін, демалыста бір қолым жетер

Аман болыңыздар)

Beisenali Olzhas

17 Dec, 18:06


Әңгіме былай бастады деп қояин ба:

– Кто такой бетмен? Брюс Уейн...

😁😁😁

Beisenali Olzhas

17 Dec, 17:07


Тақырып өте қызық әрі өзекті. Кішігірім “мунақаша” (ғылыми пікірталас) да болды

Beisenali Olzhas

17 Dec, 17:00


4 түгел болса

Beisenali Olzhas

14 Dec, 17:48


Уақытыңды сондай керемет тиімді пайдалан, тіпті «Ертең өлесің!» деген хабар жетсе де, күнделікті іс-амалдарыңа ештеңе алып-қосудың қажеттілігі сезілмейтін болсын!

Осман Нури Топбаш, "Хаққа арналған жастық шақ" кітабынан

Beisenali Olzhas

12 Dec, 11:54


Өзімізідің досымыз, бауырымыз Абылайхан бауырым.

Айттым, "Абылайлар" мықты болады деп)

Beisenali Olzhas

12 Dec, 11:53


Шейх Әли Һәнидің шәкірті.

Шейх Әли оны қазақтың Сибауайхы деп мақтайтын.

Қазіргі таңда Иордания университетінде магистратура оқып жүрген білікті маман.

Наху жарысынан бүгін бірінші орынды бағындырыпты.

Құтты болсын
https://t.me/utlubu

Beisenali Olzhas

12 Dec, 10:41


Әлхамдулилля осы айда бір шәкірттермен "Һидаят ән-нахву" бітіріп, "Марах әл-аруахты" жалғастырып бастадық

Бір шәкіртпен "Умм әл-Бараһин" бітіріп, "Иқтисад фи әл-иғтиқадты" бастадық.

Және топ шәкірттермен "Бинә" бітіріп, келесі жылы "Мақсұдты" бастағалы жатырмыз

Beisenali Olzhas

11 Dec, 13:52


"Сіздің сабағыңыздан ғана өте алмай жатырмын" деген сөзді қалай түсінсе болады?)

Дұрыс па, бұрыс па? Яғни, шәкірт менің сабағымды ғана оқымай, оны елемегендіктен өте алмай жатыр деген сөз бе, әлде?)

Beisenali Olzhas

11 Dec, 09:16


Енді "Тәзкират-самиғ" келесі семестрде бір-ақ болады, иншаАлла

Beisenali Olzhas

03 Dec, 08:05


Намазда сәжденің екі рет жасалуының сыры неде?

Көптеген кітаптарда намазда екі рет сәжде жасалуының сыры былай түсіндіріледі: бірінші сәжде адам баласының Алланың әміріне бағынғанына нұсқайды. Екінші сәжде – Ібілісті қорлау үшін. Себебі оған сәжде жасауға әмір етілгенде, ол жасамады. Біз болсақ, екі рет сәжде жасаймыз.

Алайда бұл жауапта мәселе бар. Себебі Ібіліс Аллаға талай сәжде қылған, одан бас тартпаған. Ол тек Адам (алейһис сәләм)-ға сәжде етуден бас тартты дейді ғұлама Саружи.

Тағы мынадай жауап бар: Бірінші сәжде – адамның басын қоятын жерден жаратылғанына нұсқаса, екінші сәжде оның сол жерге қайтып оралатынына нұсқайды. Алайда бұл да әлсіз пікір.

Ең дұрысы Шейхи Зада айтқандай – бұл (ақылға салынбайтын) "тағаббуди" нәрсе. Сондықтан оның мағынасын іздеп жүрмейді, рәкәғаттар санының мағынасын іздемегендей.

Beisenali Olzhas

01 Dec, 14:13


Марвинге кіріп кітаптардың бағасын қарасаң, орыс тілінде тақырыптары мықты кітаптар 1-2 мың тұрады да, сол кітаптардың қазақ тіліндегі нұсқасы немесе өзіміздің авторлар жазған кітаптар 5 мыңнан жоғары

Әрине өкінішті

Beisenali Olzhas

01 Dec, 11:05


Балаң дана болсын десең оқыт, мал аяма!

Beisenali Olzhas

30 Nov, 14:20


Шынайы ғылым болған жерде шәкірттердің күннен күнге азаюы – қалыпты құбылыс. Ілім – табиғатынан күрделі.
Болашақта сен де ұстаз болсаң, шәкірттерің күннен күнге азайып жатса қапаланба.

Қайта керісінше, күннен күнге көбейіп жатса ойлан. Бәлкім, дәріс барысында әзілің көбейіп кетті. Бәлкім кітапқа қатысы жоқ ғажайыптарды айтып, адам тартып жатсың. Шынайы ғылым – өз маңына көп адам жинамайды.

©️Али Омари

Beisenali Olzhas

29 Nov, 16:03


Алла Тағала «Рахман» сүресін Өзінің "Рахман" есімімен бастады. Рахман – өте мейірімді дегенді білдіреді.

Сол ұлы есімнен кейін: «Рахман, Құранды үйретті. Адамды жаратты. Оған сөйлеуді үйретті» деп адамға берген өзінің үш мейірімін атады.

Соның ең алғашқысы және ұлысы – «Құранды үйретті» болды. Себебі ол «адамды жаратты, оған сөйлеуді үйретті» дегеннің алдында аталды.

Демек, Құран – адам өмірінің сыры, оның рухы, жақсылықтың негізі.

Өмірінде, ішінде Құраны жоқ адам – қираған, адам тұрмайтын үй секілді. Оның іші жақсылыққа толмайды.

Beisenali Olzhas

27 Nov, 09:25


Алла қаласа, бүгін "Тәзкират-самиғ" дәрісі болады

Нұр-Мүбәрәк мешітінде, құптаннан соң

Beisenali Olzhas

26 Nov, 19:14


https://t.me/+HVsU7hgCZKAxNGRi

Beisenali Olzhas

25 Nov, 14:04


Бала тәрбиесінде біз ұстанатын маңызды ережелер:

1) Бала қанша мазасызданса да, телефон беріп тыныштандырмау. Үлкен балам 4 жастан асса да, әлі телефон ұстап көрмеген. Өз бетінше мультфильм қосып, ауыстырып, өшіру дегенді білмейді.

Бала мазаны алып жатса, онымен сөйлесу, құшақтау, келісу секілді амалдармен тыныштандыруға тырысу.

2. Үйде баламен тек қазақ тілінде сөйлесу, тек қазақ тіліндегі мультфильмдерді көрсету.

Иорданияда отбасыммен оқып жүргенде, үйдегі теледидардың каналдарының барлығы араб тілінде болған соң, оны үй иесіне табыстап, күніге бір сағат қана планшеттен қазақша мультфильм қосып беретінбіз. Оның өзінде балаға ешқашан планшетті қолына ұстатпай, жоғары және алыс жерге қою арқылы.

3. Балаға өтірік айтпау. Уәде берсек, оны орындау. Орындай алмайтын болсақ, уәде бермеу. Дәл сол сәтте орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда балаға мәселені түсіндіріп, екі тарапқа да қолайлы бір ортақ шешім шығаруға тырысу.

4. Жаңа ойыншық аларда, қалаған тамағын немесе мультфильмін қоярда, келісім жасап, сол сөзде тұру. Яғни, қазір дүкенге кіргенде өздерің қалаған кез келген ойыншықты алуларыңа болады, бірақ, тек 1 ғана ойыншық. Үлкен, кіші маңызды емес. Өзің қатты қалаған ойыншықты ала аласың. Дүкеннен өзің қалаған шырынды алуыңа болады, бірақ, тек 1 дана. Сен қалаған мультфильмді планшеттен қосып беремін, бірақ, тек 10 минут. Уақыт біткенде мультфильм өшіріледі. Басында бала көнбеуі мүмкін, бірақ, сіз әр кез сайын сол қағидамен жүріп, өз дегеніңізден таңбасаңыз, бала сол тәртіпке үйренеді. Сонда дүкеннен ешқандай ұрыс, жылаусыз шығасыз.

5. Баланы тыңдау. Ол айтып отырған сөздерді түсінбесеңіз де, оның сіз үшін еш маңызы болмаса да, уақыт бөліп тыңдау. Оның сіз үшін маңызы бар екенін сездіру. Өз ойыңызды білдіру. Қате тұсы болса, мен былай ойлаймын деп түзету. Сонда бала өзін маңызды сезініп, сізбен ішіндегісін бөлісіп, сөйлесуге асығатын болады.

6. Ата-ана бір тәртіпті ұстану. Әкесі рұқсат бермегенді анасы рұқсат етіп, анасы рұқсат бермегенді әкесі рұқсат етпеу. Болмайды деген ереже үнемі және барлығымен бірдеу орындалуы.

7. Балаға үнемі оның бойындағы жақсы қасиеттерін, қабылеттерін айтып отыру. Сол секілді оғаш қылық пен мінезінде сол сәтте ескертіп, тыю. Ең бастысы, жақсы көретініңізді көбірек айтып, көрсету. Сонда бала да сізге өзінің жақсы көретінін еш қысылмай, еркін айта алатын болады.

8. Балаға ұрысып, жазалағанда себебін түсіндіру. Не себепті олай жасағаңызды айтып, қатесін көрсету. Мысалы "сен қарындасыңды қатты итеріп жібергендіктен, ол құлап, жылады. Сенің оның дұрыс болмады. Сондықтан мен саған ұрыстым" деген сөздермен білдіру. Немесе "сен ағаңның затын рұқсатсыз алып, оны сындырдың. Ешкімнің затын рұқсатсыз алуға болмайды" деп айтып, ағасы сол үшін ашуланып, итеріп жібергенін түсіндіру.

9. Кешірім сұрау
Бір-бірін іспен, сөзбен ренжіткен жағдайда, өз қатесін мойындап, кешірім сұрауға дағдыландыру. Екіншісін кешіре білуге үйрету. Өзімізде қате кеткен кезде баладан кешірім сұрау.

10. Баланы бала деп жеңіл қарамау. Оның жеке тұлға екенін ұмытпау. Алланың жаратылысы, аманаты екенін естен шығармау. Бұл жазылғандар біреуге “еріккеннің ермегі” көрінуі мүмкін. 3-4 жасар балаға сонша не болыпты, бала емес пе деп? Бірақ, бала – ол біздің болашақ. Қоғам, мемлекет. Сол қоғамның дұрыс болуын қаласақ, қазірдер үйімізде жүрген кішкентай мүшелерінен бастауымыз керек.

Beisenali Olzhas

24 Nov, 18:59


Өзінің досына өзіне қалағанын қаламаған адамның достығы – екіжүзділік

Имам Ғазали, "Бидаятул-һидая"

Beisenali Olzhas

23 Nov, 14:25


Кейде жай отырып, шәкірттермен "Қиматуз-заман" кітабын оқысам ба деймін)

Beisenali Olzhas

22 Nov, 16:50


Айтпақшы, "Бинә" кітабын ұлдар және қыздар топтарымен бастадық.

Аллаһым берекелі еткей!

Beisenali Olzhas

22 Nov, 12:50


Ұстазымыз шейх Али Һанидың “Бинә” кітабына жазған шархы сатылымда. Бұл - “Бинә” мәтінінің ең ауқымды шархы.

Аламын деушілер болса,
8707 1540549 нөмеріне жазыңыз

Кітап саны шектеулі

Beisenali Olzhas

21 Nov, 06:17


https://youtu.be/5XSuT2YD_U0?feature=shared

Beisenali Olzhas

20 Nov, 11:07


Ассалаумағалайкум! Бүгін "Тәзкират-самиғ" дәрісі болады, иншаАлла!

Beisenali Olzhas

19 Nov, 20:29


Білім тек жаттанды болмау керек, оны түсіну маңызды. Білімді терең түсіну де жетпейді, оған рух керек. Ал оның рухы – білімге амал ету. Яғни, сен жаттап түсінген білімге амал ете бастағанда, оған рух бересің. Яғни, оны тірілтесің, өзің де тірілесің.

Сонда, жаттау + түсіну + амал = нұр.

Демек, нұрға жету үшін, жаттаудан бастау керек.

Beisenali Olzhas

18 Nov, 15:09


Тәдлис әл-булдән: Өздері Қазақстанда жүрсе де баяғы дубайдағы фото-видеоларын қазір де сол жақта жүргендей салады.

Тәдлис әш-Шуйух: Тікелей Коучтарынан сабақ алмаса да соның кітап-видеоларын қарап алып: “Бізге Тони Роббинс былай деп еді” деп риуаят қылады.

Тәдлис әл-иқтибәсә: “Өздері негізгі дереккөзді жасырып, бір цитатаны өзінің сөзі секілді етіп риуаят етеді”.

Beisenali Olzhas

18 Nov, 15:03


Бүгін хадис сабағында: “Инстаграм – нағыз тадлистің әлемі. Блогерлер – мудаллистер, өздерінде жоқ нәрсені, бар деп көрсетеді", - дедім.

Beisenali Olzhas

16 Nov, 13:21


Кезінде неге көп пост жаздым десем, уақытым бар болғандықтан екен ғой.

Қазір бұрынғы жазылған постты көшіріп қайта салуға уақыт таппай жатырмын)

Бүгін таптым)

Beisenali Olzhas

13 Nov, 17:39


Қосымша сабақтар:

Жоғары курстарға және араб тілін жақсы меңгерген шәкірттермен шейх доктор Заһабидің "Тәпсір және тәпсіршілер" кітабын оқып жатырмыз.

Біздікі жай оқу емес, әр оқығанды ортаға салып талқылау. Керек болса, қосымша тапсырма беріп, оны орындау.

Сондай-ақ, бір тәпсірші жайлы өтсек, соның тәпсірін оқып, талдау – біздің негізгі мақсатымыз.

Бұл сабақтарға соңғы рет қабылдау ашамын (тек НМУ шәкірттеріне).

Қосылу шарттары:

1) арабша өте жақсы білу. Себебі, оқитын кітаптарымыздың 90% араб тілінде және деңгейлері жеңіл кітаптар емес.
2) Сабақтан екі реттен артық қалған шәкірт, топтан шығарылады. Тапсырмаларды орындамай екі ескерту алған шәкірт топтан шығарылады.

Дәріс ұлдарға:
Сәрсенбі және Сенбі күндері сағат 12:00-де университетте өтеді.

Қыздарға: Бейсенбі сағат 13:00, Сенбі сағат 15:00-де болады.

Қосылу үшін, мені университетте тап)

Beisenali Olzhas

13 Nov, 17:23


Дәріске артық сөзсіз келіп, тапсырмасын толық орындайтын, сұрақтарға кәміл жауап беретін, ұқыпты шәкірт - кез-келген ұстазға ұнайды.

Сөзі көп, шағымданғыш, ұстаздан бір нәрсе талап етеді де, өзінен талап етілген нәрсені толық орындамайтын шәкірт - көбінесе ұстаздарға ұнамсыз болады.

Beisenali Olzhas

13 Nov, 08:25


Бүгін, Алла бұйырса, Құптаннан соң Нұр-мүбәрәк мешітінде "Тәзкират-самиғ" дәрісіміз жалғасады

Beisenali Olzhas

12 Nov, 14:26


Қарапайым ереже, өмірлік ұстаным болу керек нәрсе – бұйырған кетпейді, бұйырманға ешкім жетпейді.

Beisenali Olzhas

11 Nov, 20:09


Имам Әлуси тәпсірге керек ілімдерді тізіп жазған соң, өз сөзін былай жалғастырады:

"Имам Суюты болса, "тасриф" ілімі мен "иштиқақ" ілімдерін тәпсіршіге керек ілімдердің қатарына қосыпты. Менің ойымша, біз жоғарыда айтып кеткен кейбір білімдерді өте жақсы меңгерген адам, жанағы екі ілімнің беретін пайдасын солардан ала алады".

Имам Әлусидің, "Рух әл-Мағани" тәпсірі, 1/107

Яғни, тасриф ілімін лұғат, нахву секілді ілімдер қамтиды. Сондықтан, олардың жемістері бір дейді.

Бірақ, оларды оқымау керек деген сөз емес. Себебі, тасриф оқымай, нахву мен лұғат дұрыс меңгерілмейді.

Beisenali Olzhas

11 Nov, 19:25


Түнгі үнсіз, бірақ берекелі мәжілістеріміз 📖✏️🌃🌙

Beisenali Olzhas

11 Nov, 19:21


Сенімді кісілердің айтуынша:

"Әрбір аяттың алпыс мыңға жуық түсінігі бар".

Хасаннан жеткен риуаятта, Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені бар:

"Әрбір аяттың арқасы мен іші бар. Әрбір әріптің шекарасы бар. Әрбір шекараның басталатын жері бар".

Ибн Нақиб: "Аяттың арқасы – оның ғалымдар түсінген сыртқы мағынасы. Оны іші – ақиқат иелеріне (әулиелерді меңзеп тұр) Алла Тағаланың ашқан сырлары", - дейді.

Ал, "әрбір әріптің шекарасы" дегеніміз – әрбір әріптің Алла Тағала меңзеген соңғы мағынасы бар. Ал, "әрбір шекараның басталатын жері бар" дегеніміз – әрбір жасырын мағынасы бар аяттың мағынасын анықтауға апаратын жолдың басы бар.

Имам Әлусидің "Рух әл-Мағани" тәпсірі, 1/109

Beisenali Olzhas

10 Nov, 19:26


Кейбір шәкірттер әдепті әлі үйренбеген бе, күндіз сұрауға болатын мәселені түнгі 12-де жазып сұрап жатқаны қалай болады екен?

Әсіресе демалыс күні, ұстазының тыныштығын бұзып. Иә, ол кісі онлайн да шығар. Бірақ, өзінің жеке шаруасымен шұғылданып жатуы әбден мүмкін.

Сондықтан, мәселе жан мен өмірдікі болмаса, сұрақты ертесіне ұстаздың өзінен жеке барып сұраңыз немесе күндіз ыңғайлы уақытта жазыңыз.

Тек маған қатысты емес, барлық ұстаздарға жазар алдын ескеру керек дүние

Beisenali Olzhas

10 Nov, 19:01


Имам Әлуси Құранды тәпсірлеу үшін керек ілімдердің қатарына:

1. Лұғат. Сөздердің мағыналарын білу.
2. Нахву. Сөйлемдердің ережелерін білу.
3. Мағани, баян және бадиғ ілімдері. Бұлар тәпсір іліміндегі ең маңызды рүкіндер.
4. Хадис ілімі. Насихат мансух, сабаб нузулді білу үшін.
5. Усул әл-фиқһ. Умум, хусус, мутлақ, муқаййад, мужмал, баян секілді дүниелерді білу үшін.
6. Кәләм ілімі. Бұл ілім болмаса – тәпсірші көптеген бәлелерге ұшырайды.
7. Қырағат ілімі. Құранды қалай дұрыс оқу және мағыналарды түсіну үшін керек.

Имам Әлусидің, "Рух әл-Мағани" тәпсірінен. 1/106

Beisenali Olzhas

10 Nov, 16:00


Бір күні бұл канал да, каналдың иесі де өз жұмысын тоқтатады

Қашан екені бір Аллаға мәлім. Сондықтан өзім қанша жаман болсам да, жақсы дүниелермен көбірек толтыруға үлгеруім қажет

Beisenali Olzhas

09 Nov, 19:16


Имам Мужаһид айтады:

"Кімде-кім арабтардың тілдерін білмесе, оған Құранды тәпсірлеуге болмайды".

Имам Маликтің ойынша, бұндай (арабтардың тілін білмей тәпсірлеген) адамды жазалау керек.

Имам Әлусидің "Рух әл-Мағани" тәпсірінен, 1/105

Beisenali Olzhas

09 Nov, 19:13


Әбу Убейд Хасаннан жеткізген риуаятта:

"Алла Тағала құлдарының Өзінің әрбір түсірген аятының не себепті түсікенін және нені меңзегенін білгендерін қалайды".

Имам Әлусидің "Рух әл-Мағани" тәпсірінен 1/104

Beisenali Olzhas

09 Nov, 16:43


Шәкірт ілім жолында ауыртпалық пен қиындыққа төзе білуі керек. Білімнен басқа нәрсе үшін жалыну жаман мінез.

Шәкірт ұстазына, білім жолындағы серіктеріне және басқа кісілерге білімін пайдалану үшін жағымпазданса ештеңе етпейді.

Сондықтан болар бұрынғылар «білім қадірлі, онда ешбір қорлық жоқ. Бірақ қорлық көрмей білімге қол жетпейді», – дейтін еді.

Тәлімгер тағылымы, 52-бет

Beisenali Olzhas

08 Nov, 18:11


Міне, бұл имам Әлусидің тәпсірі

Beisenali Olzhas

08 Nov, 18:08


Имам Әлуси өзінің тәпсірін қалай жазып бастағаны жайлы:

Һижреттің 1252 жылы, Ережеп айының бір жұма күнінде мен бір түс көрдім. Ол түсті мен шым-шытырық түс не ойдың бір қиялы деп санамаймын.

Түсімде Алла Тағала маған аспан мен жерді бүктеп алып, олардың жыртықтарын ұзыннан және енінен жамауды бұйырды. Сонда мен бір қолымды аспанға көтеріп, бір қолымды су бетіне түсірдім. Сол кезде мен ұйқымнан оянып кеттім.

Бұл түсімде өте маңызды санағандықтан, оның жорамалын іздей бастадым. Бір кітаптарда бұл тәпсір кітабын жазуға ишара екенін көрдім. Осылайша тәпсір кітабын Алладан медет тілеп жаза бастадым", - дейді. (Кіріспесінен қысқартылып аударылған)

Иә, имам Әлуси өзі айтқандай "Рух әл-Мағани" тәпсірін 34 жасында жазып бастап, 40-қа келгенде аяқтаған. Ал, жалпы дәріс беру мен кітап жазуды 13 жасынан бастаған екен.

Beisenali Olzhas

08 Nov, 13:57


Жылда сол "қар көрмеген НМУ шәкірттері")

Beisenali Olzhas

07 Nov, 18:47


Білім сенің Ләйлің болсын,
Ал сенің оның Мәжнүні)

деп қояды дейді)

Beisenali Olzhas

07 Nov, 18:42


Имам Нәуәуи де, күндіз-түні кітап жазып шаршағанда осы өлең жолдарын бір оқып алатын да қайтадан жұмысына кірісетін.

Имам Мунауи дәріске барар алдын, ниетін жаңартып алып, осы өлең жолдарын оқып алатын.

Сен де бауырым, сабақ оқып бір шаршағанда, осы жолдарды еске ал да, қайтадан оқуға кіріс. Себебі, білімнен басқаға жұмасаған уақытыңның – барлығы бос болады.

Beisenali Olzhas

07 Nov, 18:32


Бұл өлең жолдарын имам Әлуси тәпсірінің кіріспесінде жазып кетеді.

Осы жолдармен имамның айтқысы келгені – кімде кім шариғат ілімінен басқа ілімдерге уақытын арнаса, онда өткізген уақытының барлығы зая кеткені.

Beisenali Olzhas

07 Nov, 18:31


Ақын ибн Будайридің өлеңнің мынадай бір жолдары бар:

إذا كان هذا الدمع يجري صبابة
على غير ليلى فهو دمع مضيع

Тікелей аудармасы:

"Егер де бұл жас – Ләйліден басқа біреу үшін махаббаттан ақса,
Онда бұл жас тектен-текке аққаны".


Мағынасы: Араб фольклорында "Ләйлінің Мәжнүні" деген кейіпкер бар. Ол Ләйліні соншалықты қатты жақсы көргендіктен, адамдар оны "жынды" деп атап кеткен.

Кейін араб ақындары ғашық жандарды "Ләйланың Мәжнүні" деп сипаттайтын.

Мысал ретінде жоғарыдағы өлең жолдары. Яғни, Ләйлі үшін жыламасаң, жылағаныңның бәрі бос. Себебі, Ләйліден артық кімді жақсы көруге болады?!

Ал, негізі ақынның меңзегені – “егер сенің бар терің мен көз жасың – лайықты іске арналмаса, онда істегеніңнің бәрі бос” деген мағынада.

Beisenali Olzhas

07 Nov, 15:45


Жақында осыдан бірнеше жыл бұрын сатып алған, бірақ қолыма жетпеген имам Әлусидің 30 томдық тәпсір кітабын үйіме алып келдім.

Енді жатар алдын күнделікті 10-15 минут оқимын деп ниет еттім. Қызық жерлерді сіздермен бөлісемін

Қазіргі таңдағы танымал мухаддис ғалым Ахмад Мағбад Абду әл-Карим күнде жатыр алдын 10 минуттан ибн Хажардың "Фатхул-Бари" кітабын оқып бітіргенін еске алып, соған ұқсап амал қылып жатқаным ғой)

Beisenali Olzhas

07 Nov, 12:40


https://youtu.be/XbAvatPalss?si=yslCI922kAMdI9mF

Ал мынау дәрісі

Beisenali Olzhas

07 Nov, 12:38


Құран оқудың әдептері (чек лист)

Таратуға рұқсат

Beisenali Olzhas

07 Nov, 09:32


Шәкірт білім жолында тәуекелге бел бууы қажет. Ризық мәселесі оның уайымы болмауы тиіс. Ондай нәрсе ойын мазаламағаны жөн.

Әбу Ханифа (рахматуллаһи алейһ) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Абдулла ибн Хасан әз-Зубайдиден (рахматуллаһи алейһ) риуаят етеді:

«Кімде-кім Алла дінінде білім үйренсе, Алла Тағала уайымын сейілтіп, ойламаған жерден ризығын береді».

Өйткені кімнің ойын ішіп-жейтін тамағы мен киетін киім-кешегі мазалайтын болса, көркем мінез бен биік мақсаттарды бағындыруға уақыты қалмайды.

Тәлімгер тағылымы, 44-бет

Beisenali Olzhas

07 Nov, 01:34


Бүгін НМУ-дың барлық студенттерінің стористарында “қар басқа универдің суреті”)

Beisenali Olzhas

06 Nov, 11:40


Бүгін құптаннан соң дәріс болмайды

Beisenali Olzhas

06 Nov, 07:43


Шәкіртіне шынайы жан ашитын ұстаз – өз шәкіртін өмір бақи жанында ұстамайды, басқа жақсы ұстаздардан қызғанбайды, шәкіртін өзіне тәуілді болмайтын тұлға қылуға ұмтылады.

Ал өзін ғана ойлайтын ұстаз – шәкіртін қызғанып, өзінен басқа ешкімді мойындамай, бәрін жамандап жүреді.

Шынайылық бәріне қажет

Beisenali Olzhas

04 Nov, 13:01


Мынау уақыт қызық екен

Мен 13:00 бастап 18:00 дейін тоқтамай сабақ берсем, үш намаз қатарынан оқимын

Ең бастысы 13:00 дейін бесін оқып алу.

Сосын 15:00 аср намазы.
16:43 ақшам.
18:00 құптан

Қысқасы, дәретті мықты ұстау керек)

Beisenali Olzhas

03 Nov, 11:10


Емтиханға тіркелу үшін маған университетте жолықсын

Beisenali Olzhas

03 Nov, 10:40


Алла қаласа, келесі апта осы “әмсилә” кестесін толық жаттап бітіреміз.

Тек жаттап қана қоймай, оны қолдануды да үйрендік. Бұйырса, келер Сенбі күні емтихан алып, “Бинә” кітабына іріктеу жасаймыз.

Қосыламын деген НМУ-шәкірттері болса, біз өткен дәрістердің барлығын жаттап, емтиханға қатысса болады

Тек қыз балалар!

Beisenali Olzhas

02 Nov, 12:15


Ғұлама Ибн Джинни:

Тасриф ілімі (морфология) – тұрақты бір сөздің өзін зерттейді. Ал нахву ілімі (грамматика) болса, сөздің өзгеретін халін зерттейді.

Байқасаңыз, егер сіз "Бәкір тұрды", "Бәкірді көрдім", "Бәкірдің жанынан өттім" десеңіз, "амильдың" өзгергенi себепті өзгеруі керек белгілі бір әріптердің харакаттарын өзгертесіз. Ал сөздің қалған бөлігіне мән бермейсіз.

Осы үшін де, нахву ілімін үйренгісі келетін жанға, сарф ілімінінен бастап үйренуi тиіс. Себебі тұрақты сөздің негізін білу, сол сөздің өзгеретін халдерін білу үшін қажет.

"Әл-мунсиф фи шархи китабит тасриф лил Мәзини", 4-бет

Beisenali Olzhas

01 Nov, 13:39


Негізі бұрынғы манһаждар (жүйелер) – берекелі манһаждар. Олар қаншама сынақтардан өткен манһаждар болғандықтан, оларда міндетті түрде пайда да, береке де болады.

Иә, бұрынғы манһажға заманға сай кейбір өзгерістерді енгізуге болады. Бірақ, мүлдем бас тартқан қате.

Ал көне манһажбен күресіп, оны шәкіркте жаман етіп көрсету – надандықтың белгісі.

Beisenali Olzhas

01 Nov, 13:19


Шәкірт үшін оқу жүйесі (манһаж) өте маңызды. Бірақ, одан да маңыздысы – сол жүйе бойынша дұрыс сабақ бере алатын ұстаздың болуы.

Яғни, ұстаз – үйрете алу керек. Себебі бәрін білетін, бірақ үйрете алмайтын ұстаздар бар. Ол тіпті үлкен профессор дәрежесіндегі ғалым болу мүмкін, бірақ педагог емес.

Сондықтан, шәкіртке ең бірінші атақты ұстазды емес, педагог ұстазды табу қажет.

Beisenali Olzhas

31 Oct, 16:32


Имам ибн Салах хадис ілімі туралы:

"Хадис ілімі — қадірлі ілімдердің ішіндегі ең абзалы, пайдалы салалардың ішіндегі ең пайдалысы. Оны нағыз ерлер мен мықтылар жақсы көреді. Оған зерттеуші ғалымдар мен толық кемелденгендер көңіл бөледі. Ал жек көретіндер – тек жексұрындар мен оңбағандар", – дейді.

"Муқаддима ибн Салах", 11-12 бет

Beisenali Olzhas

30 Oct, 16:36


Екі түрлі мәдениет

Ислам мәдениеті мен батыс мәдениеті қарастырайықшы

Алдымен екі мәдениеттің басты айырмашылықатарына келсек,

Ислам мәдениеті – Құран мен сүннетке негізделген. Ал батыс мәдениеті – діннен алыс адамдардың моральдарына негізделген.

Демек, Ислам мәдениеті – Жаратушы қойған моральға негізделеді. Ал, Жаратушы – пәк. Демек, Оның қойған моральдарында да мін жоқ. Ал, батыс мәдениеті – адам ойлап шығарған моральға сүйенеді. Ал адамның өзінде кемшілік көп, демек, оның моральдарында да кемшілік көп.

Егер, екі мәдениеттің құндылықтарына қарасақ,

Ислам мәдениетінің басты құндылығы – ұяңдық пен қарапайымдылық болса, батыс мәдениетінде арсыздық пен ашкөздік – басты құндылық. Себебі, ұят олар үшін – "өзін шектеу" болып саналады. Ал, сен "еркін" адамсың ғой, не істесең де өзің білесің. Дүние де сенікі, оған аш аңдай ұмтылып, бар дәмін тату керексің дейді.

Сонда, бұл құндылықтардың әртүрлі болудың басты себебі неде? Дүниетанымда!

Ислам дүниетанымында – бұл әлем өзімен өзі пайда болған жоқ, Оның жаратушысы бар, бұл жерде біз уақытшамыз, арғы өмір – мәңгі. Біздің мақсатымыз – Жаратушымыздың разылығын табу. Демек, бұндай адам Жаратушысы қойып берген заңдарға бағынады.

Ал, батыс дүниетанымында әлем – мәңгі, пайда болмаған. Пайда болса да, өзімен өзі пайда болды. Яғни, оның жаратушысы жоқ. Адам бұл әлемде өз-өзіне қожайын. Демек, ол өзінің ғана разылығын табуды көздейді. Яғни, тән мен жан қалауларын орындайды. Ал одан басқа, адамның мақсаты жоқ. Бұл өмірдің бар мәні – рахат өмір сүру. Ал рахат өмір сүру үшін – дүние қажет. Демек, оған ұмтылу керек.

Жақсы, бұл түсінікті әрі белгілі нәрсе. Ары қарай не?

Ары қарай, бұл екі бір-біріне қайшы келген мәдениеттер бір заманда бір жерде өмір сүреді. Ислам мәдениетін ұстанатын жандар, міндетті түрде батыс мәдениетін жоғары қоятын жандармен араласып, олардан әсерленеді. Тіпті, өз мәдениеттерін тастап, олардың мәдениетіне ауысуы мүмкін.

Неге?

Себебі, олар өзге мәдениетті "жақсырақ", "күштірек", "абзалырақ" деп көре бастайды. Ал, өз мәдениеттерің – ескі, актуалды емес, модадан шыққан, заманға сай емес деп ойлайды.

Олай ойлауға оларға батыстың өзі көмектеседі. Алдымен мұсылман адамның санасын – фильмдермен улайды. Ол фильмде – батыс адамның қандай рахат өмір сүретінін, өзін ештеңемен шектемейтінін көрсетеді.

Сондай-ақ, адамдар оны тек фильмде емес, шынайы өмірде де көрсін деп әлеуметтік желілерді ойлап тауып, адамдарға өз байлықтарымен, "әдемі" өмірлерімен бөлісуді үйретеді.

Кейін, сол әдемі өмірге жетуді үйрететін кітаптар мен коучтарды шығарады.

Ал одан кейін, сол коучтардың сөздерін растайтын діни адамдарды (молда немесе "ислами психолог") шығарады.

Әрине, осындай мәжбүрлі пропаганда жүріп жатқан кезде, қарапайым мұсылман адам әсерленбей қоймайды.

Алайда, Алла Тағала мұсылмандарды солармен олармен жалғыз қалдырмады. Оны еске алатын мешіт-медреселерді салды, ақыретті насихаттайтын ғалымдарды қойды.

Бірақ, Алла сақтасын, Алланы еске алатын жерде дүние сөзі сөйленсе, ақыретті насихаттайтын ғалымдар дүниеден сөзімен алыстатса да, ісімен оған шақырса, онда қарапайым мұсылмандар батысқа жем бола береді

Алла Тағала ақиқат жолдан адастырмасын!

Beisenali Olzhas

30 Oct, 09:00


Бүгін иншаАлла "Тәзкира" дәрісі құптан намазынан соң Нұр-мүбәрәк мешітінде жалғасады

Beisenali Olzhas

29 Oct, 22:22


Галереяларыңды өздеріңнің суреттеріңмен емес, кітаптармен толтырыңдар)

Beisenali Olzhas

28 Oct, 06:17


Менің "тегін дәрістер" топтамасы (көрмегендер болса):

1) Ислам Әдебі http://t.me/islamadebi (Жаңа жалғасуда)

2) Әш-Шәмәил әл-Мухаммадия (толық):
https://youtube.com/playlist?list=PLZgHxa7d9h1UUKeCVjCkf3jyruDMRsBtG

3) Нәпсі дертінің дауасы (толық):
https://t.me/+XlI4hBoWta44NmZl

4) Имам Ғазали, Балама өсиет (толық):
https://t.me/+HVsU7hgCZKAxNGRi

5) Орыс тіліндегі фиқһ дәрістері (толық):
https://t.me/rawdat

6) Имам Ғазали, Тура жолдың бастауы (толық)
https://t.me/bidayathidaya

Beisenali Olzhas

27 Oct, 15:18


Өмір қысқа, ал білім көп. Сондықтан уақытты зая кетірмеу керек. Түн мен бос уақыттың қадірін білу қажет.

Яхия ибн Муъаз Рази: «Түн ұзақ, оны ұйықтап қысқартпа. Күндіз жарық, оны күнә істеп тұнжыратпа», – деген екен.

Тәлімгер тағылымы, 51-бет

Beisenali Olzhas

26 Oct, 15:09


https://youtu.be/t8ZRoPLxAxw?si=dVBI2dvgO_FFM-sD

Осыдан бір жыл бұрын Тахауи мәтіні бойынша түсіндірме дәрістерді бастағанбыз.

Алла қаласа, жалғастыру ниетіміз бар.

Әзірге бірінші дәрісін ашық доступқа қойдық. Тамашалаңыздар

Beisenali Olzhas

25 Oct, 16:53


Ықыластық – ғажайып дүниелерді жасайды

Beisenali Olzhas

24 Oct, 17:28


Білім алушы дәріс пен даналық сөздерді құрметпен тыңдауы тиіс. Тіпті, бір мәселені немесе бір сөзді мың рет естісе де артық емес. Кімде-кім бір нәрсеге мың рет естігеннен кейін де алғаш естігендей құрметпен құлақ салмаса, ол білімге лайықты емес.

Тәлімгер тағылымы, 24-бет

Beisenali Olzhas

23 Oct, 15:03


Шәкірттер мен рубежка кезінде қосымша дәріс бермесін деп дұға қылған-ау, көп сөйлеуге шама болмай сырқаттанып жүрміз)

Beisenali Olzhas

23 Oct, 14:45


Мен көбінесе қай шәкіртке қандай сұрақ қою керектігін білемін. Қарапайым сұраққа жауап бере алатын шәкіртке, оны қоя қоймаймын. Ал, деңгейі төмен шәкірт болса, ең болмаса орташа баға алсын деп қарапайым сұрақ қоя саламын. Соның өзінде аудиторияның жартысы "ұстаз, мен жауап берейінші" деп тұрған кезде, ол жауап бере алмайды. Ақырында "ноль қоймайын, не білесің, соны айта берші" деп аузынан бір нәрсе шығаруға тырысамын.

Солай бір күні тәпсір сабағында футбол көрмейді-ау деген шәкірттен “имам Құртуби қайдан екенін білесің бе” деп сұраймын. Тек ол емес, бүкіл аудитория үндемейді. Кейін оған мен:

- Футбол көресің бе? Барса ма Реал ма? - деп сұрап едім, аудиторияның жартысы "ааа" деп жауапты түсінді. Бірақ, жанағы шәкірт жауап бере алмады)

(Сөйтсем, челсидің фанаты екен. Әзіл 😄)

Beisenali Olzhas

23 Oct, 08:24


Бүгін мешітте дәріс болмайды. Алла жазса келесі апта

🤒😷🤧🤲

Beisenali Olzhas

22 Oct, 20:02


Құрмет ұстаздың каналы. Орыс тілінде түрлі қызықты әрі пайдалы дүниелер

https://t.me/tXdbRlJ5hxJlMWRi

Beisenali Olzhas

22 Oct, 12:31


Әбу Бәкір ибн Таһирдан біреу білім жайлы сұрапты:

Сонда ол: "Білім – ол әрбір ақиқат".

– "Ал ақиқат деген не?" - деп сұрағанда, ол:

– "Ақиқаттың барлығы – білім", - деп жауап қатыпты.

Beisenali Olzhas

21 Oct, 14:20


ChatGPT-ден үй жұмысын қараған шәкіртті ұстағанда, бірден Chat-тың өзіне жаздым

- Құрметті ChatGPT үй жұмысын өзі емес, сені пайдаланып істеп келген шәкіртке 100-ден қанша баға қоюға болады?

Сонда ол:

- Құрметті, егер үй жұмысын орындауда мені пайдаланған болса, онда әділдік тұрғысынан бағаны төмен қою керек. Үй жұмысы оқушының өз білімін көрсетуі үшін беріледі, сондықтан оны өзі орындамаған жағдайда 0-10 балл аралығында баға әділ болады. Мұндай баға оқушының еңбегін және білімі жеткілікті деңгейде көрінбегенін көрсетеді.

Ал, не дейсіздер?)

Beisenali Olzhas

21 Oct, 14:07


ZipGrade деген дүние ұстаздарға жақсы болды)

Beisenali Olzhas

20 Oct, 16:30


Шәкірттер енді өздері өздері үшін дұға етіп алар,

Ақырында кім қандай бағаға лайық, соны алар)

Beisenali Olzhas

20 Oct, 16:16


Алдағы аптада болатын емтихандарға Алла Тағала ұстаздарға жеңілдік берсін! Қатты қиналатын шәкірттер емес, ұстаздар екенін түсініп жатырмын)

Емтихан сұрақтарын дайындау, кейін оларды тексеру, бағасын беру – оңай жұмыс емес. Өз басымда 16 топ. Әр топта кемі 15-20 шәкірт. Санай беріңіз қанша адамның жауаптарын тексеру қажет)

Beisenali Olzhas

19 Oct, 19:22


Емтиханға дайындалған кезде көп уақыт кетіп қиналмау үшін:

1) Әр жаңа сабаққа дайындалыңыз. Дайындалмай барған сабақ ұзақ есте қалмайды.

2) Өткен сабақты ықшамдаңыз. Арнайы дәптер арнап, сол дәптерді ертең емтихан кезінде қайталаймын деген ниетпен әр сабақты өзіңіз жақсы түсінетіндей ықшамдап жазыңыз. Кейін емтиханға кітаппен емес, сол дәптермен дайындалыңыз.

3) Группаласыңызбен өткен сабақты талқылаңыз. Талқылау арқылы өткен сабақ ұзақ еске қалады.

Бұл қарапайым ғана қағидалар тәжірибеден өткен. Тіпті бұл тәсілдерді көбісі білу мүмкін, алайда солай жасайтындар аз. Сондықтан, студенттен қазір өткен семестрде сабақ жайлы сұрасаң, кітапсыз еске ала алатыны екі талай.

#кеңес

Beisenali Olzhas

19 Oct, 14:13


Көзінде жалыны бар шәкірт – ұстаздың ықыласын жалындатады

Beisenali Olzhas

18 Oct, 13:32


Араб тілін білмейтін 1-2 курс студенттері менің ойымша, өзіне міндеттелген діни кітаптарды және жалпы діни кітаптардан басқа кітап оқымауы керек.

Араб тілінде оқи алатын 3-4 курс шәкірті, араб тілінде оқуға болатын кітапты қазақ тілінде оқуы – айып

Beisenali Olzhas

18 Oct, 13:29


Исламтану оқып жүріп, оқыған көркем әдебиет кітаптарың діни кітаптардан көп болса, онда сені "Исламтанушы" маман ретінде көру қиын

Beisenali Olzhas

18 Oct, 12:54


Құранда ең көп қайталанып келетін ағза – қол емес, көз емес, аяқ емес, жүрек. Жүрек Құранда 100-ден көп қайталанып келген. Тіпті ақылдан да көп қайталанады.

Себебі жүрек бұзылса, басқа ағзадан пайда жоқ.

Шейх Муаз Хауа

Beisenali Olzhas

17 Oct, 10:20


Дін мен дүние ұстазының айырмашылығы

Дүние ұстазы – шәкірттің дүниедегі халін уайымдаса, дін ұстазы – шәкірттің дүниедегі және ақыреттегі халін бірге уайымдайды.

Beisenali Olzhas

17 Oct, 09:01


Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?

Абай атамыз (Алла оны рақымына бөлесін)

Beisenali Olzhas

16 Oct, 16:28


Жанамын деп жанып кетпе!

Білім алу жолында шамадан тыс күш жұмсап "перегорать" етіп кеткен жандарға қатысты

Beisenali Olzhas

16 Oct, 11:41


Көз жасы әртүрлі болады. Оның ең шынайыларының бірі – қанша тырысып оқысаң да, дәрісті түсінбегендіктен жастың ағуы. Бұндай жағдай – шынайы білім ізденушіде кейде болып тұрады.

Өзі секілді шәкірттер дәрісті тез ұғып жатқанда, қабілеті сәл төмен шәкірттің көңілі түседі. Бірақ, бұл – білімді тастап, артқа шегінуге себеп емес.

Көз жасың ақса, ақсын! Бірақ, Алланың алдында ғана! Одан жәрдем тілеп, оңаша қалғанда жылап, зейінімді аша гөр деп тіле! Ұстазға, жолдастарыңа оны көрсетпе.

Жер бетінде сен секілді қанша тырысса да, жетістікке жете алмай жатқан жандар бар. Олардың көбісі орта жолда қалса, ең азы мәреге дейін жетті.

Сен азынан бол, азиз боласың!

Beisenali Olzhas

15 Oct, 08:10


Білім ізденушіге ең керек қасиет – сабырлық. Сабырлықтың барлық түрі оның бойында көрінуі қажет.

Ол болмаса, жетістікке ешқашан жетпейді

ذَٰلِكَ تَأۡوِيلُ مَا لَمۡ تَسۡطِع عَّلَيۡهِ صَبۡرًا

«Сенің төзімің жетпеген мәселелердің мәнісі, қыр-сыры, міне осындай», – деп түсіндірді. әл-Кәһф: 82

Beisenali Olzhas

15 Oct, 05:23


Ғұлама әл-Халауани:

"Бұл ілімге мен [оған] тағзым етумен жеттім. Бір қағазды да дәретсіз қолға ұстамадым", - дейді.

"Мәжмағ әл-әнһур", 1/70

Beisenali Olzhas

14 Oct, 07:26


Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.

Beisenali Olzhas

13 Oct, 12:06


Кеше сұңқардың қалай аң аулайтынын көріп ойыма келгені

Beisenali Olzhas

13 Oct, 12:02


Сұңқарға аң аулауды үйретсең,
Ұстаған олжасы адамға адал болады
Үйретілмеген болса, ұстағаны арам болады

Міне, тәлімнің артықшылығы

Beisenali Olzhas

12 Oct, 15:40


Сонымен бірге, шәкірт бойында дәрісті қайталаудан жүрексіну сезімі болмауы керек. Өйткені сабақ оқу және оны қайталау зор күш-жігермен жүзеге асырылады.

Дәріс қайталауды қиындатардай, өзін шаршатып дауыстап оқымауы керек. Істердің ең жақсысы орташасы.

Тәлімгер тағылымы, 43-бет

Beisenali Olzhas

11 Oct, 13:11


Бүгін бір ұстаздың өтінішімен екі лекцияға кіріп дәріс бердім. Әр лекция екі сағат, барлығы төрт сағат. Сегіз топты екіге бөліп, екі сағаттан екі лекция қылып жасалған.

Енді сол екі лекцияда да бір тақырып айтылу қажет. Үлкен аудитория. Дауыс артқы жаққа етілу үшін қатты сөйлеу қажет. Шәкірттің барлығы ұғу үшін бірнеше рет қайталау қажет. Екі топқа да бірдей, артық та, кем де болмайтындай бірдей айту керек. Оңай емес екен.

Бірақ, сабақтан шыққан соң шаршаған емес, жаңа күшпен шығады екенсің. Бөлек сезім. Тек тамағым ауырып тұрғаны болмаса)

Ал енді осылай әр апта бірнеше лекция беретін ұстаздарды айтсаңыздаршы, Алла оларға күш-қуат берсін!

П.с. Шәкірттер, екі күн демалыс аламын. Мазаламаңдар)

Beisenali Olzhas

10 Oct, 18:44


Мен Ибраһим Шағбан ұстазға:

Шейхым, Арбағин Науауидің дәрісінің бір бөлігіне қатыстым. Өзімде де санадым бар, бірақ сіз өзіңіздің иджазаңызды бересіз бе?

Ұстаз: Бердім!

Мен: Қабылдадым)

Мен қайтып келіп: Шейхым, Шәмәилға да солай қатыстым. Санадым бар. Бірақ сіз бересіз бе?

Ұстаз: Бердім!

Мен: Онда қабылдадым 😁

Ұстаз: 😁

Beisenali Olzhas

10 Oct, 15:04


Нұр-Мүбәрәк мешітінің берекелі болуының себебі - осындай хадис мәжілістері.

“Алла айтты”, “Пайғамбарымыз айтты”, “Саллаллаһу алейһи уә сәлләм” деген сөздер айтылатын жер қалай берекелі болмайды?!

Аллаға сансыз шүкір! Біздің елде осындай мәжілістер көбейіп жатқанына! Тек Алматының Нұр-Мүбәрағында емес, елдің түпкір-түпкірінде көбеуюін нәсіп етсін!

Beisenali Olzhas

09 Oct, 17:31


"Тәзкират-самиғ" дәрісіне уақытым жеткенше дайындалып жүрмін.

Шыны керек сабақтарымның көптігінен оған дұрыс дайындалуға уақытым жетпей жатыр. Тіпті универге жұмысқа тұрғанға дейін беріп жүрген кейбір қосымша сабақтарымды тоқтатып қойдым.

"Тәзкират-самиғ" болса, мен үшін ерекше. Себебі мен оны мешітте беремін. Мешітте дәріс берудің орны бөлек, бәрінен биік. Сондықтан да оған бар жауапкершілікпен қараймын. Дайындалмай-ақ өткізе алсам да, сабаққа дейін дайындалған жерден аспаймын. Себебі шәкіртке тек кітапты емес, кітапты қалай оқу керектігін үйреткім келеді.