dapterone @dapterone Channel on Telegram

dapterone

@dapterone


Нұр-Мүбарак түлегімін. ҚазҰУ магистрімін. Исламтанушымын. Жандос Қабиден.

dapterone (Kazakh)

Добро пожаловать в канал dapterone! Меня зовут Жандос Қабиден, я студент магистратуры в Казахстанском Университете Управления. Я также являюсь последователем ислама. На этом канале вы найдете много интересного и полезного контента, связанного с моими учебными и профессиональными интересами. Здесь я делюсь своими мыслями, знаниями и опытом, который я приобрел в области ислама, образования и личного развития. Присоединяйтесь к нам, чтобы быть в курсе последних новостей, обсуждений и идей. Будем рады видеть всех ценителей знаний и духовного развития на нашем канале dapterone!

dapterone

19 Feb, 09:48


عن وهب: إذا سمعت من يمدحك بما ليس فيك, فلا تامنه أن يذمك بما ليس فيك

Бір жанның сені өзіңде жоқ дүниемен мақтағанына құлағдар болсаң, ту сыртыңнан сенде жоқ дүниемен даттайтынына сенімді бол.

📕Уәһб ибн әл-Мунәббиһ

dapterone

18 Feb, 09:26


«Найзаның күшімен жанған бақ найзаның ұшында сөнеді».

— Сұлтанмахмұт Торайғыров

dapterone

15 Feb, 10:15


Карл Густав Юнг «шайтан» концепциясын зерттей келе, оның екібасты құбыжық бейнесімен қатысы бар екенін аңғарды.

Оның айтуынша, бұл сөздің шығу тегінің өзінде екілік идеясы бар. Қарап тұрсақ, адам бойындағы шайтандық белгілер ретінде жеке тұлғалықтың жойылуы, өзіне тән емес күштердің билік қылуы, яғни адамның бойында екінші бір тұлғаның (мысалы, жынның) пайда болуы түсініледі. Осы мағынаға сәйкес, музыканы да шайтандық құрал санаған көзқарастар бар. Өйткені ол адамның өзіндік пайым-парасатын жоқ қылып, өзі басқара алмайтын сезімдерді бастан кешіруге мәжбүрлейді.

📚 И. Правдиннің зерттеу жұмысынан ықшамдалды

dapterone

11 Feb, 15:44


«Адамдарды сынай берсең, Алла сені сынап бастайды».

dapterone

29 Jan, 12:59


Орфоэпия нормалары бойынша жеке сөздер немесе сөйлем ішіндегі сөздер әрдайым жазылуынша айтылмайды, олар бір-бірімен үндескен, тілдің фонетикалық заңдарына бағынған, «сынған» күйінде айтылады. Осы себептен барлық сөзді естілуінше жазу қандай қате болса, жазылуынша айту (дыбыстау, оқу) сондай өрескелдік болар еді.

📚 Р. Сыздықова. «Емле және тыныс белгілері».

dapterone

20 Jan, 06:03


Көп тамақтанатындардан гөрі ең қажетті тамақты жейтін кісілердің денсаулығы жақсы болады. Сол секілді нағыз ғалымдар — әр нәрсені көп оқығандар емес, тек пайдалы дүниелерді оқып-білген тұлғалар.

— Аристипп

dapterone

19 Jan, 06:56


Ең жаманы — бір жыл бұрын кездескен танысыңмен қайта көріскен сәтте сол баяғы деңгейде қалып кеткеніңді аңғару.

dapterone

18 Jan, 15:47


Мағынасы жағынан қыстырма сөздерге ұқсас келетін, дауыс кідірісімен айтылатын «ал», «тіпті», «дегенмен», «алайда», «бірақ», «тек», «сондай-ақ», «сонымен қатар», «әсіресе» деген сөздер сөйлемнің басында не жай сөйлемнің ішінде үтір арқылы бөлінбейді: «Ал Әмір болса сол балалар ішіндегі әнші, өнерлісі болып келеді» (М. Әуезов).

📚 Ерғалиев Қ. «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы». 92 б.

dapterone

18 Jan, 12:45


Стэнфордтағы түрме эксперименті

1971 жыл. Стэнфорд университеті. Филип Зимбардо деген психолог 24 студентті әлеуметтік экспериментке шақырады. Күніне 15 доллар иеленетінін естіген олар бірден келіседі. Сөйтіп жас жігіттер екі топқа бөлініп, бірі түрмедегі тұтқындардың, екіншісі түрме күзетшілерінің рөлін сомдайды. «Күзетшілер» дүкеннен ағаш шоқпар мен түрлерін жасыратын көзілдірік сатып алады. Ал «тұтқындар» болса іш киімдерін шешіп, ыңғайсыз халат пен резеңке тәпішке киеді. Күзетшілер оларды есімдерімен емес, кеуде тұстарындағы нөмірлері бойынша шақырады. Шаштарын тақырлап алғандай сезім сыйлау үшін бастарына жұқа шұлық кигізеді. Бұның бәрі олардың жеке тұлғалық қасиеттеріне балта шабатын, абыройына нұқсан келтіретін әрекеттер саналады.

Сөйтіп эксперимент басталып, Зимбардо күзетшілерге жиналыс жасайды. Ол тұтқындарға зәбір көрсетпестен, бойларына қайғы, қорқыныш ұялатуды, өмірлері өздерімен емес, қатал жүйемен басқарылатынын сезіндіруді өсиет етеді. Нәтижесінде күзетшілер үйлеріне қайтпай, билік етудің ләззатына кіріп, тұтқындарға тиісе бастайды. Араларындағы біреулерін информатор ретінде пайдаланып, өз іштерінде іріткі салады. Кейбіріне дәретхананы қолдарымен жууды міндеттеп қояды. Тіпті тамақтарын бермей қойған фактілер де кездескен екен. Нәтижесінде 2 аптаға созылу керек болған бұл тәжірибе этикаға сай емес деген қаулымен дереу тоқтатылды.

Бұдан ұғынарымыз:

— Санасыз адамның қолына билік келгенде, нәпсінің қызметшісіне айналады. Тіпті бекітілген межелерден асып, шектен шығып жатады;
— Қандай да қанаушы қызметкердің артында оның іс-әрекеттерін ақтап алушы жүйе тұрса, заңға бағынуын тоқтатады, нәтижесінде хаос орнайды;
— Адамның сыртқы көрінісі оның мінезін, қоғамдағы орнын анықтайды. Сол үшін әдемі, жарасымды киімдерді кию керек;
— Қандай да бір тұлғаны өзіне ұнамды есімімен шақыру оның еңсесін көтереді. Сол үшін таныстарымызды өз есімдерімен шақырып, мәнді лақап аттар қою маңызды.

dapterone

15 Jan, 14:20


Ақпан айына тапсырыстар қабылдаймыз. Егер сіз кітабыңызға, диплом мен диссертацияңызға, тағы басқа ғылыми жобаларыңызға зерттеуші-автор, консультант іздесеңіз, хабарласыңыз. Сондай-ақ бізде кітап дизайнері, редактор сияқты қызметтер бар. Бүгін арнамыздың тіркелушілері үшін 20% жеңілдік жүреді.

WhatsApp сілтеме

dapterone

15 Jan, 12:15


«Jazu.pro» арнамызда 295 оқырман бар екен. Енді тағы бес адам тіркелсе, үш жүздің басын қоспақ ниетіміз бар.

dapterone

15 Jan, 07:29


Қазақтың кейбір сөздерінде «е» әрпі «ө» болып оқылады. Біреулер мұны өзге тілдердің әсері санап, хош көрмесе де, қазақ тілінің орфоэпиясына сай солай дыбысталады екен. Дәлел ретінде Әбіш Кекілбай, Рәбиға Сыздық сияқты тіл жанашырларының редакциясынан өтіп, 2007 жылы жарық көрген «Орфоэпиялық сөздік» еңбегін келтіреміз.

dapterone

12 Jan, 03:48


Өткенде бір әпкеміздің кітабына редакторлық қызмет атқардым. Еңбегін оқып отырып, көзіме жас келді. Өйткені кітап баршамызға белгілі болған марқұм ұстазымыз туралы еді. Оның ілімге деген талпынысы, жанұясына деген қамқорлығы, жеке қалғанда қылған құпия амалы жайлы ақпараттарды осы кітаптан білуге болады. Бірнеше мәрте оқып, тексеріп шыққан соң, автормен кітаптың атын қалай қоюға болатынын ақылдастық. Нәтижесінде еңбекке «Олжекем… жанымның жаз ғұмыры» деген атау берілді. Иә, кітап 33 жасында бақиға аттанған Олжас Ханафин ұстазымыз жайлы. Авторы — Сая Сәкенқызы жеңгеміз. Кітапты оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

dapterone

11 Jan, 15:05


— Балама діни білім беретін жер іздеп жүрмін. Қай оқу орнын ұсынасың?
— Send him 3-4 years to Nur–Mubarak and forget. 6 months one time you can call.

dapterone

10 Jan, 17:55


«Кейде әр нәрсені көшіре бермей, өз санаңмен пікір қылғаның дұрыс».

— Ча Тджи Пи Тьи

dapterone

09 Jan, 06:48


Күн сайын рилс көруге жұмсайтын уақытымызды кітап оқуға арнасақ, баяғыда-ақ ғалым болар ма едік?

dapterone

08 Jan, 17:10


Екі ай бұрын жазу өнеріне қатысты телеграм канал ашқанмын. Ішінде негізінен ғылыми жазба туралы ақпараттар көп келтірілген. Әсіресе «дипломды қалай тиімді жазуға болады?» деген сұраққа әр пост сайын жауап беруге тырыстым. Өзімнің тәжірибемнен өткен лайфхактарды тегін ұсынып жүрдім. Одан бөлек арнада жалпылама қаламгерлікке байланысты мотивациялық цитаталар ұсынылып тұрады. Тіркелуге кеңес беремін:) Каналға сілтеме: Jazu.pro

dapterone

08 Jan, 13:22


Қашанға дейін жай ғана «үміт күттіретін адам» боп жүре бермексің?

dapterone

08 Jan, 06:45


Бір кісі намыстанып, барлық пайдасыз блогерлерден отписка жасаған екен. Кейін солардың бірі көлігін ойнатып бастағанда, қайтадан «подписка» батырмасын басыпты. Тек соған емес, спонсор болған отыз аккаунтқа да тіркеліп алыпты. Өзінің отписка жасаған әрекетін «эмоциямен қабылданған шешім» деп бағалаған екен. Біздің «принциптер» сондай ғой өзі, көңіл-күй ауысқан сайын өзгере береді.

dapterone

06 Jan, 20:05


Бүгін роддомға бардым. Кішкентай сәбиді көріп қалып, құшағыма бастым. Дәрігер келіп: «Әке атануыңызбен!» – деді.

dapterone

04 Jan, 17:19


«Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес».

— Жүсіпбек Аймауытұлы

dapterone

04 Jan, 11:54


Жазу үшін адамда «усидчивость» деген қасиет болу қажет. Яғни сағаттар бойы жазу үстелінде зерікпей отыра алатын табандылық керек. Әр нәрсеге қызығып, қаңғыра беретін «көшпенді» адамның бір нәрсені жазып бітіруі қиын. Қаламгерлердің көбісінің «отырықшы» болатыны содан.

dapterone

04 Jan, 11:43


«Писательство — это на десять процентов талант и на девяносто процентов задница».

— Эрих Мария Ремарк

dapterone

04 Jan, 08:04


«Сені сүйем, сен үшін отқа күйем». Слова этой пары, у которой была долгая внебрачная связь, звучали как никогда правдоподобно.

dapterone

03 Jan, 06:06


Жаңа 2025 жылды берекелі бастағыңыз келсе, менде бір жақсы ұсыныс бар:

Бір сәби пешке күйіп қалыпты. Енді соның еміне 100 мың соммада ақша керек екен. Егер осы группадағы 100-ақ адам 1 мың теңгеден жіберсе, сбор тоқтайды:

Kaspi: 87472246308
Азиза М.

Жұма күнгі жасаған садақаларыңыз қабыл болсын!

dapterone

26 Dec, 05:01


Кеше күшті жерге орналастым. Қалқаман жаққа барсаңыз, екі адамға арналған кішігірім бөлмелер береді екен. Ішінде төсек, шкафы, туалетінің бәрі бар. Үш уақыт тамағын да өздері әкеліп, ыдыстарын жуып кетеді. Бір қызығы: осының бәрі тегін! Сонымен қатар дәрілерін де беріп, укол-системаларын салып кетеді... Әлде бұл аурухана ма еді, ей?)

dapterone

23 Dec, 06:49


Былтыр дәл осы уақыттарда «Орамал мен қазақ» атты кітабымызды жазып жатқан едім. Іштей қуанып, өте белсенді болатынмын. Ал қазір жанымда ноутбугым тұр, тапсырыстарым жеткілікті, уақытым да бар... Бірақ шамам жоқ. Вирустың ыстық ықыласына бөленіп, төсекте «демалып» жатырмын. Адам баласы қадірін білмейтін екі нығметтің бірі (бос уақыт) болып, екіншісі (денсаулық) болмаса, қиын екен. Алла барша сырқаттанған кісілерге шипасын берсін!

dapterone

19 Dec, 09:57


Жастық шақтан сұралу

«Қиямет күні мына төрт нәрседен сұралмай, құлдың аяғы орнынан қозғалмайды: 1) өмірін қалай өткізгендігі, 2) жастық шағын қалай өткізгендігі, 3) мал дүниесін қалай тауып, қайда жұмсағандығы, 4) біліміне қалай амал еткендігі».

Бұл хадисті жиі естіп жүрміз. Бірақ бірінші және екінші пунктқа мұқият қарадық па? Негізінен жастық шақ та — өмірдің бір бөлігі емес пе? Неге оны бөлек қарастырды? Сөйтсе, бұл жастық шақтың адамға берілген ерекше нығмет екенін, әрі ол турасында қиямет күні бөлек есеп алынатынын білдіреді екен.

📚 Думан Сайфуллин. Ислам әдептері.

dapterone

17 Dec, 08:17


«Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың».

— Шәкәрім

dapterone

13 Dec, 06:49


«Қашанға дейін біреуге қызмет қыласың? Өзгенің мақсатын орындаудан шаршамадың ба? Өз-өзіңе бастық болар сәт келді», – деп бір коуч авторлық курсына шақырыпты. Бірақ сатылымы ойдағыдай болмапты. Өйткені сату бөліміндегі мамандар әлгі кісіге қызмет қылудан шаршап, өз-өздеріне бастық болу ниетімен жұмыстан шығып кетіпті. Коуч бұл насихатының мүлде мақсат етпеген аудиториясына әсер еткеніне қапаланып қапты.

dapterone

13 Dec, 06:13


«Еңбек етпей, ер оңбас».

dapterone

10 Dec, 13:04


Алладан табысыңның артуын сұрасаң, соған жету жолындағы еңбек тығыздығына дайын бол.

dapterone

30 Nov, 06:38


Жұрт не айтады екен деп қорқасың ба? Ал сол жұрт сенің ішкі ниетіңді біле ме? Сол жұрт сенің жағдайыңды жақсартып, отбасыңды қамтамасыз етіп бере ме? Сол жұрт сені о дүниеде қорғап шыға ма? Жоқ па? Онда неге жұрттың пікіріне сонша тәуелдісің?

dapterone

28 Nov, 14:17


— Саған не нәрсе мотивация береді?
— Жауапкершілік!

dapterone

27 Nov, 10:53


Халал тойға жақсы ниетпен баруға дайындалып жатқан шәйнек: «Ішім бір жамандықты сезіп тұр», – депті.

— Айдос Қабиден

dapterone

27 Nov, 08:34


Әжетханаға бір кіргенде отыз минут отырамыз. Тамақты екі сағат өсек айтып ішеміз. Интернетті бес сағат шоламыз. Ұйқыға он сағат арнаймыз. Ал намазды уақыты шығып бара жатқан бес минутта оқып бітіреміз. Сөйтіп «күнімізде береке жоқ» дейміз…

dapterone

26 Nov, 15:44


«Лень — это обесценивание всего, что Бог дал мужчине для развития и созидания».

— И. Войтенко

dapterone

26 Nov, 11:57


Пайдалы телеграм арналар:

1. Ержан Бақытжанов
Қысқа-нұсқа нақылдар. Діни мәтіндердің аудармасы. Қазақ зиялыларының қанатты сөздері.

2. Заметки Асылжана
Жас кәсіпкер. Әр істегі тиімділік жайлы блог жүргізеді. Оны дінмен ұштастыра түсіндіреді. YouTube каналы бар.

3. Abat Almasuly
Маркетолог. Қазақ маркетинг саласын өз кейстері арқылы түсіндіреді, ішкі құрылымын көрсетеді. Тегін видео-дәрістер салып тұрады.

[Бірінші бөлім мына жерде]

dapterone

20 Nov, 06:11


Барсакелместік

Бүгінгі кезеңнің ең үлкен дерттерінің бірі — осы барсакелместік, яғни із-түзсіз жоғалып кету. Қандай да бір іс жүргізгенде, уәде бергенде, қарыз сұрағанда, осы олқылық жиі орын алады. Тіпті, сенімді деп есептеген тұлғалардың өзі бұл қылығын тоқтата алмай жүр. Иә, пенде болған соң, қателіктер жасап тұрамыз, уәде берген іс-әрекеттеріміз ауаға кетіп жатады, қарыздарымызды уақытылы төлей алмай қаламыз. Бірақ бұл нәрсе хабарсыз кетіп, телефон тұтқасын көтермей қоюға себеп емес қой. Ең болмағанда, жағдайыңды түсіндіріп, уақытты шегере тұруға рұқсат сұрап, жаныңдағы жолдастарыңның ақыл-кеңесіне жүгінбейсің бе? Сен вакуумда емес, адамдармен қоршалған қоғамда өмір сүріп жатырсың ғой…

dapterone

19 Nov, 13:56


Өткенде Lambert Academic Publishing-тен осындай хат келген. Біздің Бейбарыс жайлы жазған мақаламызға қызығып, оны ауқымды аудиторияға ұсынуды жөн көріп отыр екен. Басында жай спам түрінде келген хабарлама деп, аса сенбеп едім. Бүгін қайта хабарласып, мақаланы тегін жариялауға рұқсат сұрап тұр. Германиялық ғылыми баспаның бұл ұсынысы сәл-пәл еңсеңді көтеріп қояды екен. Әйтпесе біздің елде мақала жариялай қояйын десең, ақшасын өзің төлеу керексің ғой. Бірақ дәл осы мақаланы ҚазҰУ Хабаршысы да тегін алған. (Арасында жолым болып тұрады)

dapterone

19 Nov, 10:23


Жазудан шаршадың ба?

Кейде жазушылардың өзі басқа авторлардан мотивация алады.

Мысалы, Ақселеу Сейдімбек былай дейді: «Көркем дүние жазарда Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесін бір оқып шығу әдетіме айналған. Онсыз қолым жүрмей, ойым тұсалып, кібіртіктей беремін».

Егер сен де белгілі бір дүниені жазарда ой тоқырауына тап болсаң, өзіңе ұнамды тұлғалардың еңбегін оқып көр.

dapterone

18 Nov, 06:01


«Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың артынан ере берсең — алданбайсың».

— Шәкәрім

dapterone

15 Nov, 05:32


— «Ақша» сөзі «ақшалар» деп көпше түрде қолданылмайды.
— Сен бірінші үйленіп көр, сосын ақыл айтарсың…

dapterone

15 Nov, 02:39


«Don’t wake up to watch the sunrise, wake up earlier and let the sun watch YOU rise».

dapterone

13 Nov, 12:15


«Сені құлай сүйем!» – деді ол… Шынымен де күн сайын көшеден ішіп келіп, шаршап құлайды да, құр «сүйем!» деп сезімін білдіреді. Басқа түгі жоқ…

dapterone

12 Nov, 16:07


Жазуды жүйелеуші — Jazu.pro жобасына жарнама!

Бұл — бакалавр бауырлардың белін буатын бірегей блог болмақ!

Тегін телеграм топта төмендегі тақырып төңірегінде түрлі толғауларды талдап, тер төгемін)

Досым-ау, диплом-диссертацияның дұрыс деректерімен дидарласып, дереу дамысаңшы!)

Каналымызда көріскенше, күн көркем:)

Jazu.pro

dapterone

12 Nov, 08:04


«Каждый раз пробивая свой потолок, будь готов оказаться на полу следующего этажа».

dapterone

10 Nov, 13:18


— Темекі дәретті бұза ма?
— Темекі сені бұзады!

dapterone

09 Nov, 16:32


«Байлық түбі — ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай, адам баласы қазынаға жарамайды».

— Әлихан Бөкейхан

dapterone

08 Nov, 13:57


Төбеден түскен қызыл дақ

Кешкі уақыт. «MOSKVA» сауда үйінің алды. Ағам екеуіміз бағдаршамнан өтіп барамыз. Кенет төбемнен бір нәрсенің ұшып келе жатқанын байқадым. Бұған дейін көгершіндердің «қорегіне» былғанған соң, бұл «апатты» аса місе тұтпадым. Оның үстіне ағамның күртешесін киіп жүр едім (демек аса алаңдаудың қажеті жоқ).

Сөйтіп ұшып бара жатқан объектке тағы бір қарасам, ақ емес, қызыл түсті екен. Біреудің қаны ма деп қорқып үлгергенім сол еді — сөйтсем, атақты хайнц компаниясының кетчуп өнімі боп шықты! Көктен мәннә мен сәлуаның түсетінін білем ғой, бірақ кетчуптың түскенін алғаш көріп тұрмын. Сондай-ақ құр куә боп тұрған жоқпын, ол кетчуп менің үстіме құлдилап келе жатыр!

Артқа шегінбейтін қайсарлығым бар еді, ол қасиетім бүгін тағы да ұстап, кетчупты тура күртешеммен күтіп алдым. Үсті-басым қып-қызыл, түсі суық. Тіпті, жаңадан сатып алған қалпағым да қызыл дақтармен көмкерілді. Бұл сонда қайдан келген кетчуп өзі? Қандай мақсатпен менің денеме жабыса қалды екен? Оның үстіне бағдаршамнан өтіп бара жатқан жалғыз мен емес едім ғой. Жанымда небір тұлғалар тұр, артымызда MOSKVA!

Бірақ сол кетчуп дәл менің үстіме құлады. Жұрттан ыңғайсызданып, терлеп кеттім. Үстімдегі қызыл түске қарасаңыз, қан мен тер боп жатқандай. Сөйтіп анадай тұста шамамен бесінші-алтыншы сынып оқушыларының ыржалақтап қашып бара жатқанын көрдім. Осынау «қызыл жебені» жіберген — солар-ау деген ой басыма топ ете қалды.

Бір жағынан арттарынан қуып жетіп, құлақтарын кесіп, құдыққа тастап жіберейін бе деп ойландым, екінші жағынан «қойшы, қызық көріп жүрген кішкентай балалар ғой» деп байсалды күй кештім. Нәтижесінде ешқандай эмоцияға берілмей, қалтамнан қағаз сүрткішімді алып, «қылмыс іздерін» жойып жібердім. Абырой болғанда, үстімдегі күртеше ақ емес, қара түсті еді. Оның үстіне ешқайда асықпай, өз үйіме бара жатқанмын. Ал егер менің орнымда өміріндегі ең маңызды кездесуге асыққан, ақ киімді кісі болса ше?

Қысқасы, балаларыңызға қарап жүріңіздер!

dapterone

06 Nov, 09:43


Насихатыңды жаңадан жаттап алған терминдермен емес, хикметпен әшекейле

dapterone

03 Nov, 15:47


Мүміннің сендегі үлесі үшеу болсын:

— оған пайда бере алмасаң да, зияныңды тигізбе;
— қуанышқа бөлей алмасаң да, қайғыртпа;
— мақтау сөздер айта алмасаң да, тілдеме.

— Яхия ибн Мұғаз

dapterone

29 Oct, 16:34


«Кітап жазып, газет-журналға мақала шығарып, Алашқа қызмет қылмасақ, басқа жол бөгеулі».

— Әлихан Бөкейхан

dapterone

28 Oct, 15:06


«Дүниеде еш нәрсе баянды емес: жамандық та өтеді».

— Абай Құнанбайұлы

dapterone

28 Oct, 10:00


5 күнде 60 бет жазылды

Jazu.pro жобамыз бойынша біз әртүрлі авторларға жазба қызметтерімізді ұсынып жүрміз. Мысалы, өткен аптаның 5 күнінде 60 бет материал жазып бердік. Сондай-ақ елге танымал тұлғалардың біріне де (кім екенін айта жатармын) кітап жазу бойынша қызмет көрсетіп жүрміз.

Инста-парақшамызға кірсеңіз, біздің қандай қызмет ұсына алатынымызды көре аласыз.

dapterone

23 Oct, 13:18


Мектепте бос отырғанда, әсіресе, қызық емес тақырыптар өткенде, ақ парақты алып, оған әртүрлі компаниялардың логотипін салатынмын. Бір қызығы – олардың ешқайсысы әлі жарыққа шықпаған кәсіпорын бейнелері еді. Парақтағы компаниялардың барлығын өзім басқаратын сияқты сезінетінмін. Дегенмен кәсіп бастау – қолыңа қағаз алып, бір нәрселерді шимайлай салу сияқты оңай іс емес екен.

Алайда сол кезеңде жоспарлаған логотиптерімнің бірін жақында қолданып, жаңа ісімді бастап көрдім. Негізі ол іспен айналысқаныма осымен төртінші жыл болып жатыр. Бірақ нақты инстаграм парақша ашып, арнайы логотип қолданып, ішін реттеп қойған сәтім кеше ғана туды.

Назарларыңызға қарапайым портфель логосы бар, ғылыми жазба қызметтер желісі – Jazu.pro инстаграм парақшасын ұсынамын.

dapterone

22 Oct, 14:58


Қиын кезеңде оқылатын дұға

Мұса пайғамбар Мысыр елінен Мәдиян елді-мекеніне барған сәтінде, жолда аяқ киімін жоғалтып, бірнеше күн бойы тек ағаш жапырақтарын жеп, қатты қиналған еді.

Сол кезде мына дұғаны оқыпты:

رَبِّ إِنِّي لِمَآ أَنزَلۡتَ إِلَيَّ مِنۡ خَيرٍ فَقِيرٌ

«Уа, Раббым! Расында, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да, зәрумін!»

dapterone

22 Oct, 05:22


«Подкасттарды тыңдаумен ғана шектелмей, тыңдағанға амал етіп қою керек-ау. Әйтпесе қаптап жатқан подкаст құлақтан кіріп, бойды ала алмай қалып жатыр ғой».

— Рамазан Еркебұланұлы

dapterone

16 Oct, 10:40


«Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта».

— Бауыржан Момышұлы

dapterone

14 Oct, 10:36


«Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол»

dapterone

13 Oct, 08:41


Зерттеуіңді кофеханада жасасаң да болады. Бірақ кітапханада жасаудың әсері бөлек. Өйткені ол жерге «ішсем-жесем» емес, тек «білсем-көрсем» дейтін жұрт жиналады)

dapterone

08 Oct, 08:11


«Отбасы боп араласып тұрайық» деген жігіттер тек өздерінің отбасыларымен араласып кетеді екен…

dapterone

07 Oct, 05:49


Кезінде тоғыз ай құрсақта жатқан әлсіз сұйықтық сыртқа шығып, анасына қаттылық көрсетіп жүр…

dapterone

04 Oct, 13:34


🤝 Әрдайым қолдаушы оқырман 🤝

Бір кісі кітаптарымыз шыққан сәтте бірден сатып алып жүрді. Фотопрофиліне қарасам, жасы үлкен кісі көрінеді. Сөйтіп, қызығып кеттім де, не үшін менің еңбектерімді бірден алуға әрекет жасайтынын сұрадым. Сөйтсем, ағамыз Ұлытау облысының 40 жасар тумасы екен. Мұғалім болған соң ба, әйтеуір ілімге деген құлшынысы өте жоғары екенін байқадым.

Ол туралы өзі былай дейді: «Кітап — қазына, білім — нұр. Білім алу әр мұсылманға парыз. Ұстаздардың алдында отырып білім алуға мүмкіндік болмаса да, білікті ұстаздардың қаламынан шыққан құнды кітаптарды қалдырмай оқуға тырысамын.
Сіздің кітаптарыңыз оқуға ыңғайлы, бір деммен оқып шығуға болады. Сіздің «Орамал мен қазақ», «Береке» кітаптарыңызды оқып шықтым. Мен үшін өте пайдалы болды. Оқуға жеңіл, білім жетілдіруге өте пайдалы.
Білім — пайғамбарлар мирасы. Пайғамбарлар мирасынан құр қалмас үшін дүние және ақыретіме пайдалы кітаптарды міндетті түрде сатып алып оқимын».

Арамызда осындай ықыласты жандар да бар. Алла оларға разы болсын деп тілейміз 🤲

dapterone

03 Oct, 10:55


Бұл — Dapterone телеграм каналы жайлы, ондағы кітаптарымыз бен жазба қызметтеріміз туралы ақпарат берілген портфолио. Былайша айтқанда, «Бұл канал не туралы?» деген сұраққа жауап беретін презентация.

dapterone

30 Sep, 19:52


«Осы жылы жаңа жетістіктерге жетейін» деп дұға еткен жігіт түнгі 12-де торт үрледі. Сол үрлегенімен оның дұға-тілектері де ұшып кетті:)

Сәлем, жиырма төрт 👋

dapterone

28 Sep, 16:22


— Қаламызда жаңа мешіт ашылды!
— Одан да аурухана салмайсыңдар ма?!
— О-о, жақсы идея! Аурухананы да салайық. Қане, сен сбор ашып, осы игі істі бастап жіберші, — деген сәтте сұхбаттасы қол сілтеп, өз жөнімен кете барды...

dapterone

28 Sep, 06:13


Әр сәтсіздікті «детская травма» деп түсіндіре берудің өзі — как-то по-детски емес пе?

dapterone

27 Sep, 16:55


«Баяғы Платон деген білгіш өзінің «Мемлекет» деген кітабында «троглодит» деген адамдар болыпты деп мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, «шын» дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көргендері жоқ».

📚 Шәкәрім — «Үш анық»

dapterone

26 Sep, 07:34


«Дем алу үшін алдымен еңбек ету керек».

— Құтып

dapterone

20 Sep, 05:09


«После того, как утонул корабль, каждый знает, как его можно было спасти».

— Японская поговорка

dapterone

19 Sep, 12:39


Кім қайратты,
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.

— Мұхтар Шаханов

dapterone

15 Sep, 06:33


Диплом жазу жайлы кішігірім гайд. Оқып, пайда алыңыздар. Диплом тапсырайын деп жүрген студенттерге жіберіңіздер. Алла берекесін берсін!