Бүгін Қасиетті үш айдың екінші айының (Шағбанның) 1-і.
«① Ражаб — ② Шағбан — ③ Рамадан»
Демек, Рамадан айы осы айдан соң таяп тұр. Қазірден бастап Рамаданға физикалық та, рухани да дайындықтарыңызды жасап, аман жетіп жатсақ осы Рамадан соңғысы секілді көріп, барлық күнә, кемшіліктерімізге тәубе етіп, барлық жақсылықты жасауымызға Алладан тәуфиқ сұрайық.
Қазірден бастап Рамадан күнделіктеріңізді дайындап, салауат пен зікірлеріңізді арттырып барыңыздар. Зікір мен дұғаны күнде жасап жүрмеген адам Рамадан кіре сала бастап кете салу қиынға соғады. Сондықтан қазірден әдетке айналдырыңыздар.
Рамаданға дейін кем дегенде 1 хатым жасап алсаңыз тіпті керемет. Күніне 1 парадан Рамаданға дейін 1 хатымыңыз бітеді. Солай етсеңіз Рамаданда хатым жасауға тіліңізге тағы да жеңілге түсіп, көбірек хатым жасап қалуға мүмкіндік табасыз.
Алла баршамызды осы Қасиетті күннен сол сағына күнткен Қасиетті айға аман есен жеткізіп, тәубелерімізді ең кемел түрде қабыл алғай🤲🏻✨