Olzhas Hanafin @olzhas_khanafin Channel on Telegram

Olzhas Hanafin

@olzhas_khanafin


📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат

Дін, ілім, пайдалы мағлұмат (Kazakh)

Olzhas Hanafin is proud to present the Telegram channel '@olzhas_khanafin', dedicated to providing valuable information on religion, knowledge, and useful facts. This channel, titled 'Дін, ілім, пайдалы мағлұмат' in Kazakh, is a treasure trove of insightful content for individuals interested in expanding their understanding of various topics. Whether you are seeking to deepen your knowledge of religious teachings, enhance your educational background, or simply learn new and useful information, this channel is the perfect destination for you. Olzhas Hanafin curates a diverse range of content, including articles, videos, and discussions, to cater to the diverse interests of the audience. Join the channel today to embark on a journey of enlightenment and discovery with 'Дін, ілім, пайдалы мағлұмат'!

Olzhas Hanafin

11 Jan, 14:15


Ассаламуалайкум құрметті оқырман!
“Олжекем…жанымның жаз ғұмыры” атты
Олжас Ханафин ұстазымыз (Алла рахымына алсын) жайлы кітапшамыз жарық көрді. Барлығы Алланың сәттілігімен

📕Кітап электронды нұсқада (pdf)

💰Құны: 1500 тг

📲Кітапты алу үшін мына номерге жазыңыз.
+ 8777 572 13 13 ватсап

📍Бірақ бұл номерге төлем жасамаңыз.

Olzhas Hanafin

30 Dec, 15:45


Ілім жайлы оқығандарыммен бөлісе отырайын.

Бірде сахаба Абу Мұса әл-Ашғари сахаба Омарға құптан намазынан кейін келеді. Сонда Омар: “Не үшін бұл уақытта келдің Уа Аба Мұса?” - деп сұрайды. Ол: “фиқһ ілімін қайталау үшін” - дейді. Содан екеуі түні бойы ілім қайталап отырады. Бір мезетте Абу Мұса: “Намаз!” - деп жар салады. (меңзегені тахажүт намазы) Сонда Омар: “Расында біз намаздамыз” - дейді. Солай екеуі таң намазы уақытына дейін іліммен айналысады. Алла екеуіне де разы болсын.

🔹Хафиз ибн Раджаб айтады: “ Ілім - зікір мен Алла жолында күресудің ең абзал түрі.” Және Латоиф әл-Ма’риф кітабында: “ 4 мазһаб имамы да ілімді нәпіл құлшылықтан жоғары санаған. Өйткені ілім - надандық пен нәпсіге берілу қараңғылының шамшырағы. Ал кімде-кім жарықсыз жолға шықса, ол қараңғыда құдыққа құлап, қаза болып кетуі әбден мүмкін.

🔸Егер ілімнен абзал нәрсе болғанда пайғамбарлар міндетті түрде оны үмметтеріне мирас етіп қалдырар еді. Алайда олар ілімнен басқа мирас қалдырмады.

🔺Имам Әсәд ибн әл-Фурот Мысырдағы ғалым ибн әл-Қасымнан ілім алуға келгенде, ибн әл-Қасым оған: “Мен Құранды күндіз бір рет және түнде бір рет хатым қылатынмын. Бірақ сен үшін ілімді тірілту мақсатында күніне бір рет қана хатым ететін болдым” - дейді. Алла ол кісіні рахым етіп, ақыретте сыйын берсін.

🔻Имам Абу Зур’а әр-Разидың өмірбаянына қатысты “табақат әл-ханабилада” Абдулла ибн әл-Имам Ахмадтан мынадай оқиға риуаят етіледі. Әкемнің үйінде Абу Зур’а болғанда екеуі ілімді көп қайтайлайтын болған. Бірде әкемнің былай деп айтқанын естідім: “Парыздан өзге намаз оқыған жоқпын. Нәпіл құлшылықтың орнына Абу Зур’амен ғылым қайталауды жөн көрдім”. Ал имам Ахмад дені сау күндері күніне үш жүз ракағат нәпіл намаз оқитын болған. Бірақ сынақтан кейін әлсіреген себепті күніне жүз елу ракағат оқитын болды. Алла ол кісіге разы болсын.

Шейх Мухаммад Аууаманың حفظه الله
кітабынан алынды "معالم إرشادية".

Olzhas Hanafin

24 Dec, 16:27


Олжекеміз жайлы айтылғандай екен🥹

Бұйырса сол кісі жайлы кітапша (pdf форматта) жазып шыққан едім. 9 жыл бірге тұрған соң ол кісі жайлы айтарым өте көп. Бірақ қысқартып жаздым. Ол кісінің соңғы сәтін жазғанымда маған өте ауыр болғандықтан кітапшаны тез бітіріп тастадым…

Стамбұл жайлы, алғашқы кезеңдерімізді, ол кісі қиындықта өзін қалай ұстағаны, жалпы үлгі алар сәттер келтірілген. Бұйырса күтіңіздер😇

Olzhas Hanafin

24 Dec, 16:27


Тіріде жердің көркі, өлгенде кітап көркі болды деген осы…

Olzhas Hanafin

20 Dec, 13:44


Уақыт жетпейді ме жоқ әлде күш пе?

Құранда Алла Тағала уақытпен көптеген аяттарда ант етеді. Ғалымдарымыз уақыттың барлық нәрседен құнды екенін айтады.

“Уақыт емес жетпейтін, ол сіздің энергияңыз таусылып қалады, сондықтан энергия уақыттан қымбат” дейді кейбір кісілер. Иә, жалпы сөздің өзі дұрыс, яғни сіздің көп істі істей алмауыңыз уақыттың аздығынан емес, энергияны бос іске немесе энергия, күшсорғышқа жұмсағаннан болып тұр(ол әрине инстаграм, клип, видео, кино т.б.)

Бірақ уақыт барлығынан жоғары. Уақыттың қадірін түсінген, өмірде мақсаты бар адам энергиясын бос іске жұмсамайды. Ислам ғалымдары уақытты үнемдегені соншалық шайнауды қажет ететін тамақты жемейтін, уақытты үнемдеу үшін барынша жұта салатын, іше салатын асты құп көрген.

Әйтсе де уақыттан бұрын энергияны бос нәрсеге жұмсамау жайлы айтқым келіп отыр. Әсіресе инстада түрлі дүниені көре беру. Бір видеодан екінші видеоға көшіп 1-2 сағат отыру бізді “тупой” қылады. “Тупой” сөзін қолданғаным сіз бен біз оның қаншалықты қауіпті екенін сезінуіміз үшін.

Ондай адам “намазды ықыласпен оқу” дегенді тек түсінде көре алады(оның өзі белгісіз). Неге? Себебі ойы әбден шашыраңқы болып кеткен.

Ой шашыраңқы болмау үшін нақты жүйемен, ең болмағанда күніміздің 60% жүйемен өткізу қажет.

Арнайы күнделік жүргізіп, күнді жоспарлау. Инстаға белгілі бір уақытта ғана кіру.

🗒 Күн жоспарын жасап, инстаға аз кіріп, ісіңізге кірісіп кетсеңіз міне берекелі күн болады.

🧎‍♂️Негізі құлшылығымызды да жоспарлайтын болсақ оны орындауға жеңіл болады. Ол кәдімгі сіздің бір күндік жоспарыңызда болу қажет.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)

Olzhas Hanafin

15 Dec, 14:58


Демаламын десең, өзіңді кінәламай демалуды үйрен.

©️Олжас Ханафин

Olzhas Hanafin

15 Dec, 11:30


Олжас ұстазымыздың (рахимаһулла) ақылы Құран курсын тегін таратып жатырмыз. Алда Құран түскен Рамазан айы келе жатыр. Құранға түсуге мүмкін осы дәрістер себеп болуы мүмкін.

Олжас ұстазымыздың амалдары тоқтады. Алайда артынан қалдырған ілімдерінен басқа. Барынша таратып жіберсеңіздер.

Olzhas Hanafin

15 Dec, 11:25


https://t.me/+cmd7D8akO1BhYzMy

Olzhas Hanafin

11 Dec, 17:47


Нұр Мубарактың бірінші курсын оқып жүргенімде Бақдаулет ұстазым айтқан еді: “Бұл өмірде Алланың дініне қызмет етіп өтуден артық ешнәрсе жоқ”. Сол сөз жүрегімнің түбіне жетіп, қатты әсер етті.

Дінге жанашыр бауырларымның бірі @aidosabduroshit Нұр Мубаракқа түскенде бізге былай деген: “Сендер арқаларыңа өте ауыр жүк алдыңдар”.

20 ғасырда араб әлемінде ең атақты болған уағызшы ғалым Абдулхамид Кишк рахимаһулла бір уағызында: “Маған небір лауазымды қызметтерді ұсынды, бірақ мен Алла елшісінің мінберін صلى الله عليه و سلم ешнәрсеге ауыстырмаймын”, - деген екен.

📌 Йә Алла! Өзіңнің дініңе ықыласпен қызмет етіп, абыроймен атқаруды нәсіп ет. Іліммен бірге амалын да арттыра гөр. Кітап арқалаған есек болудан бір өзің сақтай гөр. Әмин.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)

Olzhas Hanafin

27 Nov, 06:30


Ересек адамда баланың мына 5 қасиеті болғанда баяғыда әулие(Алланың досы, жақыны) болар еді:

1. Ризықты уайымдамау
2. Ауырса Раббысына шағымданбау
3. Тамақты бөлісіп жеу
4. Қорықса, көзінен жас шығуы(яғни Алладан қорықса)
5. Жанжалдасса достасуға асығу

Ұстазым Шейх Хассанның статусынан.

📌Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)

Olzhas Hanafin

25 Nov, 06:03


Бүгін сабақта ақидадан беретін ұстазым Шейx Фаррон حفظه الله атақты Мысырлық муфассир Шейx Шағрауидің رحمه الله ілім жолына қалай түскені жайлы айтып берді.
Соны сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Ол кісінің әкесі өзі ғалым болмаса да, ғалымдарды жақсы көріп, ұлы Шағрауиге шариғат оқытып, Исламдағы ғалымдар қатарынан болғанын қатты қалаған. Бірақ ол кісі шариғат ілімін мүлдем оқығысы келмеген екен. Әкесі сонда да сен сол оқуды оқисың деп, оны оқуға түсуге жібереді.

Шейx Шағрауи айтады: "Оқуды қаламағаным сонша, әкемнің жағдайы жоқ екенін біліп, әдейі 1жылдық емес 4 жылдық кітаптар тізімін жазып, әрі бізде оқытылмайтын басқа да үлкен кітаптарды ойдан қосып, жазып шықтым. Тізімді әкеме апарып, мына кітаптар менде болмай, мен ол жерде оқи алмайды екенмін, деп айтпақшы едім дейді.

Әкеме сол тізімді көрсеткенімде, әкем ойланып, "жақсы балам, мен алып берем саған бұл кітаптарды, сен тек қана оқы" депті. Сонда кедей әкесінің бір кішкентай жері болған, сол жерді сатып, тізімдегі барлық кітапты алып берді. Содан маған "балам, міне керек кітаптардың барлығы дайын, оқы" деп айтты.

Әкемнің сол ісі жүрегіме қатты әсер етіп, мен шариғат ілімін оқуға бел будым. Және ішімнен өзіме ант еттім, мына кітаптардың барлығын оқып бітірмей, мен бұл бөлмеден шықпаймын.

Солай Шейx Шағрауи رحمه الله әкесінің барлық әперген кітабын оқып бітіріп, ілім алып, ақыры үлкен ғалымдардан атанды.

Бұл жерде әкесінің шынайы ықыласының себебімен ол ғалым атанды. Сондықтан әр істе шынайы ықыласты болсақ, ол жемісін бермей қоймайды. Алла ислам ғұламаларынан разы болсын.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)

Olzhas Hanafin

19 Nov, 06:56


Бұрынғы ізгілер: “адам сау кезінде Алладан қорқынышы басым болғанын, ал өлім сәтінде Алладан үміт етуі басымдырақ болғанын құп көретін. Ендеше жүрек көбірек қорыққаны жақсы. Егер жүректе үміт басым болса, онда ол үміт жүректі бұзады”.

Қандай үміт бұзады? Оны күнә жасауға итермелейтін үміт. “Алла кешіреді ғой” деп жасай берсе, ол жаман үміт. Ал егер де ол күнәні тастап, тәубеге итермелейтін үміт болса, онда ол құпталған үміт. Себебі мұсылман Алладан ешқашан үміт үзбей, үнемі тәубеге асығуы қажет.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)

Olzhas Hanafin

15 Nov, 07:12


Адамның ниетіне үкім беруден сақ болыңыз. Біз ешуақытта кімнің қандай ниетпен айтқанын немесе істегенін айта алмаймыз. Іштегіні бір Алла біледі. Біз көрген нәрсеге үкім береміз. Іштегі сыр Алланыкі.

Пайғамбарымыздың ﷺ бір сахабасына айтқан сөзін ұмытпайық. “Сен оның жүрегін ашып көрдің бе?”.

🖌️Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)

Olzhas Hanafin

15 Nov, 07:04


Алланың дінін жеткізу ұлы нығмет.

Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)

Olzhas Hanafin

14 Nov, 06:49


Жақсы амалдар тек көркем мінезден шығады.

Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)

Olzhas Hanafin

07 Nov, 10:59


Ертең өкініп қалма!

Мен кіммін? Қайда бара жатырмын? Мақсатым не? Мына өмірге не үшін келдім? Жәй ғана ішіп-жеп, нәпсілік қалауларымды қандыру үшін бе? Жоқ әлде қарынның қамын ойлаудан басқа ұлы мүдде бар ма? Қарап отырсам, баршасы, тіпті МЕН деген патшалар өліп, жер астында құрттың жемі болып жатыр. Олардың алып әскері мен таудай мал дүниесі қалайша өлімнен сақтап қалмады? Өзіңізге осы секілді сұрақтарды қойып көрдіңіз бе?

Демек сұрақтардың жауаптарын ойланып көрсеңіз, бұл жалған өмір екенін ұғынасыз. Ендеше өмірдің мәні неде? Өмірдің мәні Жаратушыны тануда. Әлемдегі барлық нәрсені танып, сізді Жаратқан, жан берген, ақыл берген Алланы танымасаңыз оның барлығы бос.

Алла Құранда: «Біл, Одан басқа Құдай жоқ.» Біл дегені, Алланы тануға асық. Саған міндет болған әуелгі іс сол. Раббыңды танысаң ғана екі дүние бақытына жете аласың. Бәлкім, Алланы танымай бақытқа жетерсің, бірақ сен сезінген бақыт, ол шынайы емес. Шынайы бақыт ол Жаратушыны танып, оған бойұсыну.

Жақында @abu4dy видеосынан бір керемет мысал жайлы естідім. Ол жерде былай делінген. Адият сүресінде Алла Тағала Алла жолында шапқан атпен ант етіп, артынша «Шынында, адам баласы – Раббысының жақсылығын көрмейтін рақметі жоқ жаратылыс» - дейді.

Алла жолында жорықта шапқан ат пен адамның қандай байланысы бар бұл жерде? Қызып жатқан соғыстың, ешнәрсе көрінбейтін шаңның, өлімнің ішіне ат шауып кіріп кетеді. Сондағысы қожайынына бойұсынғаны. Ал бойұсынуы бар жоғы тамақ беріп, қарағаны үшін ғана. Ал сен адам баласы, Алла саған қанша нығмет берсе де қарсы келуші, шүкірсізсің!

Осы мысалға қатты таңғалдым. Шынымен-ақ, адам сондай. Бірақ білесіз бе, ондай емес екеніңізді Аллаға көрсету үшін сізде әлі уақыт бар. Сіз тірісіз. Жүрегіңіз соғып, тіліңіз сөйлеп тұр. Раббыңызды танып, оған итағат етіңіз. Және ұмытпаңыз, ажал айтып келмейді.

Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)

Olzhas Hanafin

22 Oct, 14:36


Олжекеңнің мен байқаған ерекше бір мінезі бар болатын. Ол мінезі өзгенің қуанышына шынайы қуану болатын.

Ия Олжекең сондай жан еді. Бір бауыры осындай кітап бастадым десе, қуана тауфиқ сұрайтын, кітап сатып алса, өзі алғандай болатын. Қандай жақсы бір іс бастаса қолдаушы болып пікірін аямайтын еді. Әрі қуанышы шынайы жүзінен, айтқан сөзінен білініп тұратын. Өйткені эмоциясын ашық көрсететін еді.

“Алла тағала жүрегіңізге қуаныш сыйласын десеңіз, өзгенің қуанышына қуана біліңіз, әрі бауырыңыздың жүрегіне қуаныш ұялатыңыз”

Олжас ұстаздың рухына Фатиха оқып қойыңыздар!

Olzhas Hanafin

17 Oct, 06:54


✍️ Уайымдамаңыз, қайғырмаңыз.

📌Алла бәрін реттеп қояды. Алламен бірге болсаңыз түгел барлық мәселе шешіледі. Өмір уақытша, оның ішіндегі қайғы мен қуаныш та уақытша. Бәрі бітеді, бәрі аяқталады. Мәңгі тек Алла. Ендеше Мәңгі болған Алламен болыңыз. Мәңгілік ол ақырет, мәңгі өмірімізді көбірек уайымдау керек, өткіншіні емес.

Бірақ пенде болғасын сабырсыздық танытатын шақтар болады. Қазірден бастап өзіңізді қолға алып, алдыға жылжыңыз. Бар өмір әлі алда, бәрі болады, бәрі шешіледі. Шешілмесе де ақыретте сабыр қылғаныңыз үшін есепсіз сауап алып, кеңдігі жер мен аспандай болған жәннәтқа кіресіз. Ал жәннәтқа кірген адам үшін ешбір қайғы, қорқыныш жоқ.

Ол кезде мәңгілік бақыт басталып, уақытша болған қайғылар мен уайымдар түгелдей ұмытылады. Ал енді оған жету үшін бұл өмірді соған лайықты түрде өмір сүруіміз қажет. Алла сізді жақсы көреді, бұл дүниеге бола қам жемеңіз.

Олжас Ханафин ұстаз رحمه الله

Olzhas Hanafin

14 Oct, 06:26


Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.

Olzhas Hanafin

06 Oct, 14:03


«Жүрек туралы хадистер» дәрістерімізді түсіріп жатқанбыз. Сол сәтте үлкен ғұлама-ғалым Шейх Нуриддин Итр секілді алып ғалымдардан сабақ алған Шейх Махмуд Мысри (Алла ол кісілерден разы болсын) келіп, қарама-қарсы орынға отырды.

Қысылғанымнан түсірілімді тоқтатып, сол кісілермен амандасуға жандарына бардым. Сәлемдесіп сабақ түсіріп жатқанымды айтқан едім, ол кісі бірден: “неге тоқтаттың? Қап, біз білмедік қой сенің дәріс түсіріп жатқаныңды. Білгенімізде бұл жерге отырмас едік” деп кішіпейілділік танытты.

Ол ол ма, артынша өзі тұрып бізге екі сусын әкеліп берді. Ұялғанымнан кірер тесік таппай кеттім. Үлкен ұстаздығымен біз сияқты шәкіртке осындай мәміле жасауы қарапайымдылықтың нағыз көрінісі. Жүректің тазалығы. Нәпсінің кемелділігі…

Бұл секілді көріністі Шамдық ғалымдардан көп байқадым. Шынайы ғалым кішіпейіл болады. Бұл кісілер нәпсілерін құрықтаған ғалымдар. Тек қана сөздің емес, амалдың да адамдары.

“Ілімінен бұрын әдебін ал” деген осы шығар.

Алла барша ғалымдарға разы болсын. Бізге ғалымдардың қадірін түсінуімізді нәсіп етсін. Әмин.🤲🏻

📝Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)

Olzhas Hanafin

30 Sep, 15:09


Ыстамбұлдағы әл-Фатих институтының әкімшілігі куәлік етеді:

Шәкіртіміз Олжас Ханафин институтта үш жыл оқыды. Алайда оқуының соңғы жылы Аллаға қайтты.

Егер сол бір қайғылы жағдай болмағанда, ол өзінің біз білетін білімге деген құштарлығы мен еңбекқорлығымен, Алла жолында даналықпен және көркем үгітпен шақыру ісін жалғастырар еді. Оның мінез-құлқы көркем, адамгершілігі жоғары, басқалармен қарым-қатынасында мейірімді, әрі сөзімен де, ісімен де Аллаға шақырушы еді.

Біз оған Алланың мейірімі мен рақымын тілейміз және оны шыншылдар мен шәһидтермен бірге тірілтуін сұраймыз. Әмин.

Институт әкімшілігі

Қол …

Olzhas Hanafin

23 Sep, 16:26


Құрметті менің шариғат оқып, Құран жаттап не толық жаттап болған бауырым! Алла сізге ең үлкен байлық, қазына бергенін ұмытпаңыз. Сіздегі бар шариғат ілімі мен Құранға мына дүниеде ешнәрсе тең келмейді. Ешқашан өзгеге берілген байлығына не басқа да нәрсесіне қызығып, “одан да мен бай болғанымда ғой” деп, Алла Тағала дәрежесін көтеріп қойған ілімнің дәрежесін түсірмеңіз.

Уаллаһи! Құранды жаттаған адамнан бай адам жоқ. Ол Алланың сөзі ғой. Сондықтан қиналғанда не басқа да жағдайда ешқашан өзгеге берілген нығметті шариғат ілімі мен Құраннан жоғары қоюшы болмаңыз.

Мен деген ең байдың не бастықтың не басқа да мансабы бар адамның үйінде не басқа бір кездесуде болсаңыз, басыңызды тік ұстап, ол адамнан өзіңізді төмен сезінуші болмаңыз.

Олжас Ханафин ұстаз (Алла рақымына алсын)

Olzhas Hanafin

20 Sep, 07:47


Жастайынан намаз оқып, құлшылық жасап жүрген бауырым! Алла саған үлкен нығмет берді. Оны ешқандай күнәмен алмастырушы болма. Бұл дүниенің күнәлі істеріне қызығып, Раббыңды ұмытып кетпе. Егер жүректе иман болса, күнәда ешбір қызық жоқ бұл жалғанда. Жанның рахаты – шынымен де иманда. Иманыңа берік бол бауырым. Аршының көлеңкесінде жолыққанша…

Олжас Ханафин ұстаз (Алла рахымына алсын)

Olzhas Hanafin

08 Sep, 18:57


‎أكثر أهل الجنة البله

"Жәннат иелерінің көпшілігі - арамдығы жоқ, ақкөңіл жандар" (Байһақи)

Осыдан бірнеше күн бұрын қабырғамызды қайыстырған хабар келген болатын. Ол - жас ғалым, ұстаз, елімізге танымал уағызшы Олжас Ханафин бауырымыздың бұл өмірмен қоштасуы еді.

Шыны керек, өзім үшін бұл қатты ауыр тиді. Дегенмен, амал нешік Құдайдың шешімі осы, оған разымыз. Және түбі Оған қайтатынымызды мойындаймыз.

Ислам кітаптарында ғалымдардың өмірбаяны жазылған жерлерде міндетті түрде олар туралы замандастарының сөздері де жазылады. Міне, сол секілді Олжекеміз жайында да қысқаша ойымды парақшама жазып қалдырғым келді.

Олжас Ханафин ұстаз, бауырымызды еске алған кезде жоғарыдағы хадис ойыма келеді: "Жәннат иелерінің көпшілігі - арамдығы жоқ, ақкөңіл жандар". Бұл хадистегі араб тіліндегі "Әл-Булһ" сөзін ғалымдарымыз: "Жамандықты көрмес соқыр, жақсылықты ғана көретін көрегендер",-дегенді меңзейді дейді. Кейбір ғалымдар: "Дүниелік істерді аса ұқпайтын, діндеріне қатысты мәселелердің білгірлері"-деп түсіндіреді.

Шынында, Олжекемнің көңілі таза, адамдар жайлы ойы да жақсы еді. Біреуден айыпты көрсе, барынша ақтауға тырысатын. Дүниелік істерге келер болсақ, онымен араласқан уақыттарымда мына дүниесін уайымдап: қалай үй, қашан көлік алам? дегені мүлдем есімде жоқ. Ал діни істерде үнемі оқырмандарға қандай пайдалы діни ақпарат жеткізсем екен? деп үнемі ізденісте жүретін. Сөйтіп жүріп, бірнеше курстарды жасап, жазып, оларды әлеуметтік желіде бөлісіп үлгерді. Бірақ сол курстарды сату кезінде оның мына сөзі есімде: "Тәкем, менің қолымда байлық болса, мен ешқашан мына курстарымды сатпас едім. Барлығын жамағатқа тегін бере салар едім"-дейтін. Сол себептен кейде іштей курстарды сатып жүргеніне қатты налитын😢

Негізі, Олжекем туралы айтарым өте көп. Дегенмен, қысқаша осы. Алла Тағала Олжекемнің қабірін кең, орнын Жәннат төрінен қылсын! Сағынған бауырларымызбен бір қатар болып, сүйікті Пайғамбарымыздың хауызы жанында көрісуімізді Құдайым нәсіп етсін!

Жазба иесі, бауыры: Тұрым Муханбетжан

Olzhas Hanafin

26 Aug, 14:38


Жаназаға барар жолда жазылған шұғыл естелігім❤️🫂

Olzhas Hanafin

13 Aug, 06:17


https://youtu.be/7Nf7F3fr0wk?si=gGPrHZjMgdEN4xn4

Olzhas Hanafin

10 Jul, 13:13


Мал-дүние садақадан кемімейді(керісінше оны арттырып, малға береке кіреді).

📚 Хадисті имам Муслим жеткізді.

Ендеше ақшаңыз артып, берекелі болсын десеңіз садақа беріңіз.

Olzhas Hanafin

10 Jul, 08:51


Мына сөзге амал етіп жіберейік

Olzhas Hanafin

10 Jul, 08:50


Қаншалықты көп қайырымды істер жасасақ, соншалықты берекеміз артады. Көзге көрінбейтін, қолмен ұстап сезе алмайтын валюта.

Ұстазымыз - шейх Мұхаммед Холид Харса (حفظه الله) айтады:

“Ең жақсы садақа - білім жолындағы адамға берілгені”.

Неліктен?

Себебі білім алған адам ертең елге шарапатын төгеді, қызметін жасайды, әр оқыған білімінің сауабына үлескер боп қалуға мүмкіндік бар.

Мен өзім жеке танитын, шын мойындайтын, ертең елге үлкен ғалым болып оралатын аға-бауырымызға Түркиядан елге қайту үшін (отбасы-бала-шағамен) 1 млн.-ға жуық қаржы қажет болып тұр.

Шынында ұшақ билеттері қымбат, себебі науқан.

Елге қызмет деген - айтыс сақнасынан тұрып бүкілін даттап, тек кемшілікті тізіп айта беру емес. Осындай үлкенді-кішілі істерде де елге қызметіміз көрінеді.

Бей-жай қарамастан қолдан келгенше шын жүректен беруге тырысайық деген үндеу.

Kaspi номер:

+7 707 234 45 45 (Жандос С. деп шығады)

Olzhas Hanafin

10 Jul, 04:52


— Мына заманның әулиесі кім?

— Алладан толық дене-мүшесімен қорыққан жастар.

©️ Шейх Мухаммад Уайл әл-Ханбали

Olzhas Hanafin

10 Jul, 04:33


Қазіргі заманда екі үлкен садақаны атаса болады:

1. Шариғат оқып жатқан шәкіртті оқуын бітіргенше қамтамасыз ету.

2. Зинадан сақтанғысы келетін баланы үйлендіру

Olzhas Hanafin

06 Jul, 04:34


1446 жаңа хижри жыл құтты болсын. Алла Тағала осы жылды береке мен қуанышқа толтырып, түрлі пәле-жаладан сақтасын.

1 қаңтарда жаңа өмір бастаймын деп, әлі бастамағандар өзіміздің күнтізбеміз бойынша жаңа өмірді бастасаңыз болады.

🌙 Мухаррам айының 1 күні. 1446 жыл.

Менің хижри бойынша туған күнім 11 мухаррам, 1411 жыл. Бейсенбі күні.

P/S: шариғатта балиғат жас хижри жыл санағымен есептеледі.

Olzhas Hanafin

05 Jul, 14:54


Жалғанды теріп, оның жалғандығын дәлелдей бергенше ақиқатты жәйған абзал.

©️ Шейх Мужир әл-Хатыб

Olzhas Hanafin

03 Jul, 15:27


Алланың қалауымен көптен күткен «Ризық кілттері және мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы» кітабымыз жарық көрді.

Бұл еңбекте мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы, ризық кілттері, исламдағы байлық пен кедейлік және басқа да тақырыптар жан-жақты қамтылған. Бұл еңбекті оқу арқылы тәуекел, ниет, шүкір, тәубе секілді көптеген жүрек ілімдерін де тереңірек түсінуге болады. Аталмыш кітап дініміздің нәзік мәселелерін оқып-білуге ықыласты барша оқырманға арналған.

Бағасы – 4500 тг.

Реквизит:
Каспи: 4400 4302 8616 8023
Халық: 4405 6398 6463 6939

Чекті осы сілтемеге жіберіңіз:

https://wa.me/message/ZNVV5E7ZSGX4C1

Olzhas Hanafin

03 Jul, 14:21


🎙Еліміздегі дін дұшпандарының әрекеттері
t.me/yersin_amire

толық нұсқасын көру үшін
@mihrab_kz