Кітапсүйер @kitapsuyer Channel on Telegram

Кітапсүйер

@kitapsuyer


Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat

Кітапсүйер (Kazakh)

Кітапсүйер каналы — білім алуға қызығушы, өзін-өзі өзгертетін жандар үшін арналған. Бұл каналда сіз қазіргі кезде оқуға келетін кітаптар туралы танымдықтар, пікірлер және топтамалар таба аласыз. Сіздің білім алу жолыңызда шығармашылық жасау үшін мотивацияландырушы ідеялар және тақырыптар бейнесі арқылы қол жеткізу мүмкін. Осы үйлесімде кітаптар туралы алға жетпейтін сұрақтарыңызды ұсыну, басқа кітаптар туралы пікірлер айту каналдағы дайын сапасымен болады. Кітапсүйер каналына қосылыңыз және қолданушылармен бірге жаңа білімге жол ашыңыз. Тек келесі сілтемелер арқылы қолданушы болыңыз:

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat

Кітапсүйер

25 Jan, 08:55


🍂Адам жанына ең ауыр тиетіні – ол, өзіне лайық емес адамдар үшін өзін құрбан етуі.

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

24 Jan, 17:49


Адамның соры — өзін өзгемен өлшеуі.

🤩Асқар Сүлейменов

🌱@Kitapsuyer

Кітапсүйер

24 Jan, 17:02


@Kitapsuyer

Кітапсүйер

24 Jan, 17:02


🪶 «Крейцер сонатасы» – Лев Толстой шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік хикаяттарының бірі. «Жанжал тудырғыш сипаты» үшін алғашқыда цензурамен тыйым салынған повесте отбасылық қарым-қатынас, махаббат пен ғадауат, тәкаппарлық пен қызғаныштың адамды қанды қылмысқа итермелей алатын жойқын күші туралы баяндалады. Махаббат пен адамгершілік жайлы мәңгілік сұрақтарға жауап іздейтін, көп қырлы адам психологиясын айшықты суреттейтін бұл хикаят қай дәуірде оқылса да, оқырманның көңілінде қайшылықты сезімдердің дауылын тудыра алатыны анық.
Кітап барша оқырман қауымға арналады.

🍓@Kitapsuyer

Кітапсүйер

24 Jan, 16:49


🤩 @Kitapsuyer

Кітапсүйер

24 Jan, 16:49


Бұл кітапта журналист Бейсен Құранбектің болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, экзистенция, логотерапия психологиясын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрінеді, өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген әртүрлі ситуацияларды араластыра отырып, сұрақтарға жауап беріледі.

Кітап экзистенция философиясына, логотерапия іліміне қызығатын оқырманға арналады.

📚 Бейсен және болмыс

🍂 @Kitapsuyer

Кітапсүйер

23 Jan, 17:14


Бұл өмірден кәрі де кетіп жатыр, жас та кетіп жатыр, бүгінгі тірінің ертең марқұм боп, аласұрған әрекетінің бәрі әдіре қалғанын жұрт көріп жүр, біліп жүр, сонда да қанағат тұтып, атақ пен байлыққа, жалған намысқа көзі тойған емес.

🤩 Дулат Исабеков

🤩 @Kitapsuyer

Кітапсүйер

19 Jan, 10:06


Қазіргі заманда қазаның жиілігі, қатыгездіктің өрістеуі, немқұрайдылықтың көбеюі ұлы романдарды оқымағандықтан, ғұлама персонаждарды танымағандықтан, қамқор образдарды білмегендіктен туындап отыр.

Ұлы шығармалар адам бойына кісілік қасиеттерді егеді. Кітап адамды жанашырлыққа үйретеді. Кітап бала санасына жақсының ең жарқын қасиеттерін сіңіреді. Бүгінгі адамдар неге өзімшіл? Бір-бірінен жақсылық күтпейді. Өйткені олар материалдық игіліктің соңында жүр. Бар нәрсе ақшамен өлшенеді. Кез келген ойдың да, өлеңнің де, өмірдің де өлшемі – ақша. Бұрын кісі құнына ақша жетпейтін, қазір ақшаның құны адамнан артық.

📌Дидар Амантай

Кітапсүйер

15 Jan, 07:44


💚 Хасан әл Басри: мына алты нәрсе жүректі қарайтып, иманды әлсіретеді:

1 Тәубеге үміттеніп күнә жасау
2 Білім үйреніп, оған амал жасамау
3 Амалын ықылассыз жасау
4 Алла тағаланың ризығын жеп, оған шүкір етпеу
5 Алла тағаланың бергеніне разы болмау
6 Жаназаға барып, одан ғибрат алмау

@Kitapsuyer 💚

Кітапсүйер

15 Jan, 07:33


🍂 Егер сіз кейде тыныштық пен жайлылықты қаласаңыз, екі адамның бірімен сөйлесіңіз:

•не жас баламен сөйлесіңіз, •не үлкен адаммен сөйлесіңіз, өйткені біріншісі үлкен әлем туралы ештеңе білмейді, ал екіншісі үлкен әлемде өмір сүріп көрген.

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

11 Jan, 17:48


▪️ Кішіпейіл үнсіздік бос сөзден артық...!

Кітапсүйер

11 Jan, 17:39


🤩Кейде күту жүгіруден де қиындау!

Кітапсүйер

11 Jan, 17:38


Мен өзіме қымбат жандарды үнсіз жақсы көремін...! 💗

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

10 Jan, 16:59


...
Көздесе сынақ жебесін саған,
Ғұмырың өтер бір күндей.
Өмір ғой, өмір көнесің соған,
Өкінішіңді білдірмей.

Тати ма тағдыр сүйдім-ау деуге?
Бар ма әлде оған таласың?
«Бәрі де жақсы» деймін-ау елге,
Жасырып жанның жарасын.

Жанымды талай жатты өмір жонып,
Артылар онсыз жүк те көп.
Құшақты жайғам ақкөңіл болып,
Не таптым содан? Түк те жоқ!

Сырласар адам тапса да кісі,
Таусылып қалмас күресің.
Тағдырдың талай батса да тісі,
Тістеніп өмір сүресің.

Төгілді бүгін тағы да шерім,
Қайтесің, бәрін жалған де...
Ақселеу ғұмыр арыңа сенің,
Адал боп  қалсам, арман не?!

©️ Азамат Әбілқайыр.

Кітапсүйер

31 Dec, 07:51


Арнамыздың жыл қорытындысы. Жалпы қаралым 3 миллионнан жоғар екен, шүкір. Бізбен бірге болғандарыңа көп рахмет достар. Біз сіздерді жақсы көреміз 😍

Кітапсүйер

26 Dec, 17:05


😜Жақында «Жаңа жыл».
Қоқыстарды тастауды ұмытпаңыз!

Шелектегі;
Мидағы;
Өміріңіздегі!


❤️ @Kitapsuyer

Кітапсүйер

26 Dec, 16:59


Дүниедегі ең беймаза адам – жүрегінде өшпенділік пен қызғаныш бар адам.

💚 Хазірет Әли

💚 @Kitapsuyer

Кітапсүйер

20 Dec, 15:29


Адамдар бір-бірін əрең іздеп табады, сонсоң іп-лезде жоғалтады.
Сайып келгенде, өмір дегеніміз — адамдардың бір-бірін тауып, қайтадан жоғалтуы емес пе өзі. Мүмкін…»


Мен ойладым. «Өмір деген тіпті де ғажап емес, Алтайдың қысы секілді қатыгез, кімдерге суық, кімдерге — ыстық. Дегенмен, өмірді лағнеттеп, өкінуге де болмайды-ау».

🌙 Оралхан Бөкей
➡️ Қасқыр ұлыған түнде

😜@Kitapsuyer

Кітапсүйер

20 Dec, 06:59


Бір жылда біраз киімді тоздырдым. Бірақ, жайнамазымды тоздыра алмадым.. ❤️

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

14 Dec, 05:12


Интернет жылдамдығы менде ғана нашарлап тұр ма әлде бәріңде солай ма?

Әлде Шерзаттың оқиғасына байланысты өкімет басындағылар тәуелсіздік күні митинг болып кете ме деп қорқып отыр ма?! 🌐

Кітапсүйер

13 Dec, 06:54


Жасаған күнәларыңыз үшін ғана емес, орындамаған парыздарыңыз үшін де тәубе етіңіз. 🫴

🪶Ибн Таймия

🤍@Kitapsuyer

Кітапсүйер

13 Dec, 06:43


Бір нәрсені көп уайымдау сізге тиесілі емес қарызды өтеумен бірдей.

🪶Марк Твен

🤍@Kitapsuyer

Кітапсүйер

13 Dec, 06:36


Адамның тағдыры алдын ала жазылғанымен, ол әрқашан өзінің қабылдаған шешімдерімен таңдаған жолдары үшін жауапты. 🩷

🤍@Kitapsuyer

Кітапсүйер

13 Dec, 06:17


Сәттілік - бұл дайындық пен мүмкіндіктің кездесуі. 🌸

Кітапсүйер

13 Dec, 06:14


🪶Егер сіз кемелдікке ұмтылған жан болсаңыз, онда сіз өз біліміңізге ешқашан қанағаттанбайсыз.

🤍@Kitapsuyer

Кітапсүйер

12 Dec, 11:23


Тән сұлулығымен танылған адамның қадірі — сұлулығы кеткенше.

Ал, жан сұлулығымен танылған адамның қадірі — мәңгілік. 📚

Кітапсүйер

11 Dec, 09:38


Аулаңда жүрсең де адам болсаң — бағың болғаны.

Меккеге барсаң да надан болсаң — сорың болғаны. 🌹

Кітапсүйер

11 Dec, 09:29


Кейде жымиюдың артында дәрменсіздік жасырынып жатады 🌸

Кітапсүйер

11 Dec, 09:23


Кейбір адам жаңбыр секілді, жүрегіңе нұрын құйып, жайнатып баққа айналдырады. Кейбіреуі — от. Жағып, өртеп күл қылады. 📕

Кітапсүйер

11 Dec, 09:20


Адам кейде өз өзін де сағынады. Ақ көңіл кездерін, қуанған күндерін, мейірімді сөздерін... 🌸

Кітапсүйер

11 Dec, 09:17


Жүрегіңнің төріне тұрақтаған ең қадірлі қонағың бар. Ол — иман нұры. Оны пенделікпен жоғалтып алма! 💙

Кітапсүйер

11 Dec, 09:10


🌴Жалғыз өмір сүруге үйренген адам, сатқындықтың ащы дәмін татпайды.

Кітапсүйер

11 Dec, 09:07


🌼Менен жақсылық көрсеңдер, ата-анам үшін дұға етіңдер!

Кітапсүйер

03 Dec, 10:20


Сұрай келсе егер достарым,
Ол сапарға кеткен деп айтшы.
Іздеп келсе егер туысым,
О дүниеге кеткен деп айтшы.

Сене көрме жылап қалса да,
Алып барма молама әсте.
Тіршілікте сыйласпағандар,
Енді қалай жетсін қадіріме?!

@Kitapsuyer 🌳

Кітапсүйер

30 Nov, 17:00


Кітапхан жігіт үшін ең әдемі смс:

🎙Шай қайнатып, дастархан жасап қойдым. Келсең бірге отырып кешегі шығарманы талдаймыз :)

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

30 Nov, 16:48


Дүние тіршілігі құдды бір гүлмен сәнделген шынжыр тәрізді. Бір қарағанда әдемі, бірақ, содан әсте босай алмайсың. 🌸

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

30 Nov, 16:44


Бақыт тек өз үйіңде, оны өзгенің ауласынан іздеме! 💚

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

11 Nov, 07:37


Кейде тыныштықтың даусы үйдегі ұл қызыңның шулағанынан да қатты естіледі. 🧸

Кітапсүйер

10 Nov, 17:36


Күлімсіреу - жүрегіміздің зекеті. ❤️👍

Кітапсүйер

10 Nov, 17:22


Ішкі хәліңді тыныш бір жайбарақат күйге түсір де, сол қалпыңнан тайма. Әр нәрсеге ашуланба! 🧋

Өйткені бәрібір өлесің!
*Әзіл

Кітапсүйер

10 Nov, 17:13


Әр адам өз таңдауына жауап беруші. Таңдау + сол үшін жауапты болу = Есею.

(Сол жолда жетістікке жету/құрбан болу) 💚

Кітапсүйер

10 Nov, 17:06


Әлемде сен қалай бар болсаң, 100 пайыз солай қабылдай алатын жалғыз адам бар. Ол сенің — анаң! Оған қамқор бол. 💚

Кітапсүйер

10 Nov, 16:27


Кейде адамның тілінен шығуға батылы жетпеген сөздер – жүрегіне барып дауылға айналады. 💔

Кітапсүйер

10 Nov, 16:14


🍂 Қанша үлгілі болсаң да, сені ұнатпайтындар болады. Шайтандар тіпті періштелерді де ұнатпайды!

Кітапсүйер

04 Nov, 15:23


Адамдар шынайы жүздерін сізден қалаған нәрсесін ала алмаған кезде көрсетеді.

✍️ Америкалық жазушы:
Ч. Буковски

Кітапсүйер

04 Nov, 11:11


Қанша уақыт өтсе де, адал махаббат күтуге тұрарлық...! 🫗

Кітапсүйер

04 Nov, 11:00


😍 Махаббаты зор адамның сынағы үлкен болады...

Кітапсүйер

31 Oct, 06:30


Біз сіздермен

1️⃣2️⃣ 0️⃣0️⃣0️⃣

Оқырман болдық достар!
Әр қайсыңа жеке алғыс 🥳

Кітапсүйер

30 Oct, 15:42


Бәріміз білетін, бірақ, амал жасауда көбімізге қиынға соғып жүрген бір кішкентай амал бар. Ол — Күлімдеу! ❤️

@Kitapsuyer❤️

Кітапсүйер

30 Oct, 11:20


Адамға ең зияны – бос жүру. Өйткені эго әрекетсіз жүре алмайды. Егер сіз өз нәпсіңізді пайдалы жұмысқа бағыттамасаңыз, ол міндетті түрде зиянды нәрселермен айналысады.

@Kitapsuyer 💚

Кітапсүйер

26 Oct, 16:31


Бұл кітапта ХХІ ғасырдың ең үлкен проблемасына айналған экзистенциялық фрустрацияның қазақ қоғамындағы пайда болуы мен таралу себептеріне экзистенциялық анализ жасалады. Әлем бойынша өзінің тарихи жадынан айырылып, ана тілі мен төл мәдениетінен көз жазып қалып, рухани тоқырауға тез ұрынған халықтың бірі – қазақ жұрты. Жалпы адам болмысының іштен бөлшектенуі ХХІ ғасырда жаппай белең алған қауіпті құбылыс саналады. Әзірге өз мәдениеті мен тарихы терең тамырына үңілуге қабілетті, сауатты елдер ғана бұл дертпен сәтті күресіп жатыр. Біз де осының қазақша нұсқасын жасадық. Кітап қазақ мәдениеті мен танымына қызығатын оқырмандарға арналады.

❤️ Қуыс кеуде
💚 Санжар Керімбай

@Kitapsuyer 💚

Кітапсүйер

26 Oct, 13:00


Көше

Көше – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таныс та, жат дауыс та.
Біреу түсіп келеді "Волгасынан"
Біреу мініп жатқаны автобусқа.

Көше – толқын, жатқандай Арыс тасып.
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Жаңа ғана екі адам айрылысқан
Жолмен екеу келеді қол ұстасып.

Алғандай-ақ көшеден шабыт анық,
Құс сайрайды бұтақта жағы талып.
Бесік алып біреулер өткен жолмен
Бара жатыр біреулер табыт алып.

Бәлкім, бір жан тыныштық тапты бүгін,
Тыңдашы анау сәбидің шаттық үнін.
Бір көшенің бойында-ақ байқарсың сен
Қаттылығын өмірдің, тәттілігін.

❤️ Күләш Ахметова

❤️ @Kitapsuyer

Кітапсүйер

24 Oct, 17:50


Өмір – сен дүниеге келген кезде емес, сен есіңді жиған кезде басталады. Және ол сен өлгенде емес, сенің рухың сөнген кезде аяқталады.

PS: Рухың сөнбесін…🩷

@Kitapsuyer ❤️

Кітапсүйер

24 Oct, 13:56


🌸Шындығы үшін жазаланған адам, өтірік айтуды үйрене бастайды.

Кітапсүйер

24 Oct, 12:46


Ең қиыны уақыт өтіп, күн сайын қартайып бара жатқан жалғыз сен емес. Саған үміт артып отырған ата анаң да қартайып жатыр… 🍁

Кітапсүйер

22 Oct, 15:14


Кітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды. Кітап логотерапия ғылымына қызығатын оқырмандарға арналған.

© Санжар Керімбай
⭐️ Өмірге ғашық болу

@Kitapsuyer 🍂

Кітапсүйер

22 Oct, 07:48


🍂Әдемі адамдар әрқашан жақсы емес, бірақ жақсы адамдар әрқашан әдемі.

©️Әли ибн Әбу Талиб, (Аллаһ оған разы болсын)


@Kitapsuyer

Кітапсүйер

18 Oct, 07:31


Жұма — садақаны көбірек сұрайтын күн емес, бәлкім, салауатты 🤍 көбірек айтатын күн. 🩵

Кітапсүйер

17 Oct, 18:27


Әрқашан қозғалыста болыңыз. Өйткені, тоқтаған адамның отырғысы, отырған адамның жатқысы, ал жатқан адамның ұйқысы келеді.

🌷 әл-Хорезми

Кітапсүйер

17 Oct, 18:19


Егер сіз біреуден «Жағдайыңыз қалай?» деп сұрасаңыз. Ал ол сізге үнемі «бәрі жақсы» деп жауап беретін болса, біліңіз, онда сіз оның сенімді адамдарының қатарында емессіз.

@Kitapsuyer 🍂

Кітапсүйер

16 Oct, 08:37


ChatGpt не ұсыну керектігін біледі 📖

Кітапсүйер

15 Oct, 10:33


⚫️Мына екі адамның бірі болып қалмайық:

— Жаназада ғана намазға тұратын ер кісі,
— Кебінге ғана оранатын әйел кісі.

🔴@Kitapsuyer

Кітапсүйер

15 Oct, 07:37


Ар қайда, рақым қайда, әдеп қайда,
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда.
Көз жұмып, «көппен көрген ұлы той» деп,
Береді бұл надандық кімге пайда.

📌Шәкәрім Құдайбердіұлы

@Kitapsuyer 🍁

Кітапсүйер

14 Oct, 07:19


Қатыгез ортада жерге төселгенше, мейірімді ортада гүлде 🌸

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

14 Oct, 07:07


Егер, саған бір жазушы ғашық болса, біл, сен ешқашан ұмытылмайсың.

🧣 @Kitapsuyer

Кітапсүйер

07 Oct, 13:31


Қайсыбір істің бастамасы Алланы разы қылмаса, сол бір істің соңы сені разы қылмайды. 🍁

@kitapsuyer

Кітапсүйер

26 Sep, 12:37


Езуіңнен енші бер 💐

Кітапсүйер

26 Sep, 10:37


Жүрек жүдеу,
Көңіл сынық,
Сынық күн.
Сен де бүгін хал сұрауды ұмыттың.
Сен де суық,
Күз де суық, қайтемін,
Дір-дір етіп тоңғанын-ай үміттің...

© Құралай Омар

Кітапсүйер

26 Sep, 05:25


Жұрттың көбі елді қатал мінезді болып, қатыгез көзқарасқа шақырып, есептесуді үйретіп жатқан мына безбүйрек қоғамда, сіздің құс жүрегіңізде әлі де "қимастық, мейірім, сағыныш" деген секілді аяулы сезімдер өмір сүретін болса, жүрегіңіздің түбіне орныққан болса — онда сіз қуаныңыз. Сіз, тәрбиесі бөлек, табиғи болмысы таза, сәби көңілді, игі жақсы, айналасына тек жақсылық қалайтын адамсыз..
Жақындарын алысқа қимайтын, мейірімді, жан дүниесімен шынайы сағыныса алатын адамдар — психолог коучтар айтқандай "жертва адамдар" емес. Олар жәй ғана бүкіл ғаламшарды мәнді ететін "Адам" деген атқа лайықтылар. Ал қалғандары, өмірге есесі кеткендер...

@Kitapsuyer ✍️

Кітапсүйер

26 Sep, 04:36


Адамдардың екі түрі бар:

1⃣Айтсаң түсінетін
2⃣Айтпасаң да түсінетін...



@Kitapsuyer 🤍

Кітапсүйер

24 Sep, 15:04


Қайғың досың болғанда, күлкің — қасың,
Бәрін сөзбен жеткізу мүмкін бе осы?
Үнсіздікке билеген ойларыңды,
терезеңнің алдында гүл тыңдасын.
Сен де гүлдей тұтқынсың, Мен де гүлдей,
Жан да тұтқын, қара тән көрге кірмей.
Сөздің мәні бір күні жоғалады,
Пешенеңе амалсыз көнгеніңдей,
қайғың қасың болғанда, күлкің — досың,
күле-күле көңілің жыртылмасын.
Айқайларға қорланған ойларыңды,
гүлге обал, тыңдаса, түн тыңдасын.

🪶Бауыржан Қарағызұлы

Кітапсүйер

23 Sep, 08:07


5 жыл бұрын есеймей тұрып, сатып алған құран кітабымды сатамын. Жап жаңа, екі бетінен ары қарай ашылмаған.

#қысқаәңгіме
#тірліккежұтылу

Кітапсүйер

23 Sep, 08:01


💓 Жайнамаз алу керек еді,
Неге, намаз бастадың ба?
💓 Үстінде тұрып суретке түсейін деген едім...

#қысқаәңгіме