Ержан Бақытжанов @yerzhan_bakhytzhanov Channel on Telegram

Ержан Бақытжанов

@yerzhan_bakhytzhanov


Нұр-Мубарак түлегі
Исламтанушы

Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.

Ержан Бақытжанов (Kazakh)

Ержан Бақытжанов атындағы Телеграм каналы - "Нұр-Мубарак" түлегі, кітаптан үзінділер мен аудармаларымызды оқығымыздың алдында анықтауға арналған көмекші канал. Осы каналда Мешіт ұстазы және исламтанушы Ержан Бақытжанов оқып түйген ойларын, дінге мен туыстарға байланыс жасап, оқушыларымен бөліседі. Осы каналдың мақсаты - білімді көтеру, діннен мүмкіндігінше байланыс орнату және кітаптан үзінділер мен аудармаларды тарату. Ержан Бақытжанов атындағы каналда онлайн оқушылар, дін талаптарын жетілдіретін мақалалар мен кітаптан үзінділер таратылады. Бұл каналдағы түрлі мақалалар мен сауалнамалар арқылы, көптеген мәселелерге жауап табуға болады. Сондықтан "Нұр-Мубарак" түлегінің тартуынан, әлемге Аллаға тақва пен тыныштық қылу үшін көмек көрсетуге болады. Оқып түйген ойларын тыныштықтағы, тайықтықтағы және білікте аяқталатын жолға түсіреміз!"

Ержан Бақытжанов

21 Nov, 02:52


Надандық, жалқаулық және бөліну. Бұларды жеңбей, үмметке қайта даму жолы жоқ.

Мұхаммад Әл-Ғазали (Алла рахым етсін)

Ержан Бақытжанов

20 Nov, 19:25


Қоғамға қызмет ету арқылы Аллаға құлшылық жасау және әділеттілік сақтап, білімге ұмтылу. Міне, өмірдің шынайы мәні – осы.

Мұхаммад Аммара (Алла рахым етсін)

Ержан Бақытжанов

15 Nov, 04:48


Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.

Ержан Бақытжанов

11 Nov, 08:20


Бидің айтқанын құл да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ дегендей, әркім өз саласында сөйлеуі керек.

Ержан Бақытжанов

10 Nov, 19:34


Ғайбат бар жерде, мұсылмандық бауырластық жойылады.

Фудайл ибн Ғияд (Алла рахым етсін)

Ержан Бақытжанов

10 Nov, 19:30


Күнә жасап, тәубе еткенше, сол күнәдан аулақ болу жеңілірек емес пе?!

Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын)

Ержан Бақытжанов

10 Nov, 19:28


Өліп қалу қасірет емес. Өлгеннен кейін не болатынын білмеу, міне, нағыз қасірет сол.

Имам Раббани (Алла рахым етсін)

Ержан Бақытжанов

09 Nov, 18:05


Біреуді жаман сөз естуге лайықты деп білсең де, өзіңді ондай сөзді айтуға лайық көрме!

Ержан Бақытжанов

08 Nov, 20:00


Бүгін бір қарт әжей мешітке келді. Бір ғажайып нәрсеге куә болдым.
– Балам, менің бірнеше сауалым бар, соны маған үйрет, – деді.

Қысқасы әженің күнделікті орындайтын уирді (тұрақты құлшылық) бар екен. Қызығы осы күнге дейін ешкімнен мұндайын көрмедім.

Әжей тахажуд намазын күнде оқиды екен. 4 ракағат. Әр ракағата Ясиннің әр жерінен оқиды. Мұны Ержан хазрет үйреткен.

Одан кейін дұға етіп, Құранда 14 жерде келген сәжде аяттарын оқып, 14 рет сәжде жасайды екен.
Енді маған сұрап келген дүниесі 28 әріптің ақысы деген нәрсе бар екен. Яғни жаңа ай туғанда "Әлиф" әрпін пәленше рет, ертеңіне "Бә" әрпін осынша рет деген сияқты нәрсені есептеп беруімді сұрады.

Құранның өзі емес, соны құрайтын әріпке деген құрметті көріп, әжей кеткесін біраз ойланып отырып қалдым.
Тақуалықтыңда осындай дәрежесі бар екен-ау.

#имамдықта

Ержан Бақытжанов

07 Nov, 17:12


Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.

Ержан Бақытжанов

05 Nov, 07:42


Сақтауы ең қиын, жоғалтуы ең оңай, бұл – уақыт екен ғой.

Ержан Бақытжанов

05 Nov, 05:02


Пайғамбарымыз ﷺ өлімді жиі еске алуды өсиет еткен: «Ләззаттарды үзушіні – өлімді көп еске алыңдар», – деген.

Өлімді жиі еске алудың пайдасы мол, соның ішінде:

• оған дайындыққа итермелейді,
• ұзақ үміттерден сақтайды,
• аз ризыққа қанағаттануды үйретеді,
• дүниеге қызығушылықты азайтады,
• ақыретке ынтаны арттырады,
• дүниенің қиындықтарын жеңілдетеді,
• менмендік пен тәкаппарлықтан қорғайды,
• дүниелік ләззаттарға берілуді азайтады.

©️Ибн Ражаб
(Рахимаһулла)

Ержан Бақытжанов

05 Nov, 04:25


Өлімді неге жақсы көрмейміз?

"Себебі дүниені тұрғызып, ақыретті құлаттыңдар. Сол үшін сендер қирап, құлаған нәрсеге барғыларың келмейді"

Әбу Хазим (Алла рахым етсін)

Ержан Бақытжанов

03 Nov, 17:45


Ризықтың дәрежелері

• Ең төменгі – мал-мүлік
• Ең жоғары – денсаулық
• Абзал ризық – салиқалы ұрпақ
• Ең кемел ризық – Алланың разылығы

Имам Шағрауи (Алла рахым етсін)

Ержан Бақытжанов

01 Nov, 19:28


Кітап мәселені шешпесе немесе мақсатыңызға апарар жолда көмекші болмаса, сіздің оқығаныңыз тек танымдық
тұрғыда болады.
Достоевскийдің «Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді», – дегені осыған айтылса керек.
Осы орайда бір ғалымның сөзі еріксіз ойға келеді. Онда: «Балаңа Құран оқуды үйрет! Құран оған өмір сүруді үйретеді», – делінеді.
Шынтуайтында мүмінге Құраннан артық шамшырақ жоқ.

Ержан Бақытжанов

01 Nov, 19:24


Кітап оқу әдетін қалай қалыптастырамыз?

Әдет дегеніміз адамның күнделікті бір істі қайталай беруден туындаған адамның мінезі мен іс-қимыл ерекшелігі.
Міне осы іс-қимылды қалыптастыруда дініміз керемет қағида ұсынады. Исламда аз-аздан үздіксіз деген қағида бар. Бұл сөз асылында ардақты пайғамбарымыздың ﷺ сөзінен алынған.

Онда: «Аллаға ең ұнамды іс аз болса да үздіксіз болғаны», – делінген. Осы қағиданы кітап оқуға салар болсақ сұрағымыздың жауабына қол жеткіземіз.

Әрине барлық адам бірдей емес. Біреулер жастайынан кітап оқуға әуес болса басқаларына ол әдет кейіннен пайда бола бастайды.
Негізі, кітап оқу нығметі көп адамға берілмеген.

Ержан Бақытжанов

31 Oct, 19:37


Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.

Бауыржан Момышұлы

Ержан Бақытжанов

30 Oct, 02:25


"Құран Кәрім – араб тілінде "Фатиха" сүресімен басталып, "Нас" сүресімен аяқталатын, жадыларда жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша және жазбаша түрде мутауатир' жолмен бір әрпі де өзгеріске ұшырамай жалғасатын әрі оқылуы ғибадат саналатын, Ұлы жаратушы Аллаһ тағаланың пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ түсірген қасиетті сөзі"

Қайрат Құрманбаев.
Құран ілімдеріне кіріспе. 11-бет.

'Мутауатир хабар – өзара жалған айтуға келісіп алулары мүмкін болмаған бір топ адамдардың өздері секілді бір топ адамдардан жеткізген хабары.

Ержан Бақытжанов

26 Oct, 06:57


Маған бір өзім керекпін және мені түсінетін адам керек. Мені тек өзім және Жаратқан түсінеді.

Нәжіп Фазыл (Алла рахым етсін)

Менің хәлімді өзім және Алла ғана біледі деген мағына.

Ержан Бақытжанов

25 Oct, 21:09


Шіркін, тек Алла деген сөзге тілі келетін мылқау болсам ғой.

Нәжіп Фазыл (Алла рахым етсін)