Zukhridin Al-Hanafi @zukhridin_alhanafi Channel on Telegram

Zukhridin Al-Hanafi

@zukhridin_alhanafi


1 - грамматика https://t.me/attaudih
2 - хуббурросул https://t.me/hubburrasul

Zukhridin Al-Hanafi (Russian)

Zukhridin Al-Hanafi - это телеграм-канал, предназначенный для изучения и понимания грамматики арабского языка. Пользователи могут находиться в постоянном контакте с учебным процессом, получая ценные знания и советы от опытных специалистов. Канал предлагает уникальный подход к изучению языка, который делает процесс увлекательным и удобным для всех. Также на канале можно найти материалы по теме "хуббурросул", что делает его еще более интересным для любителей изучения арабского языка. Если вы хотите совершенствовать свои знания грамматики и расширять свой словарный запас, Zukhridin Al-Hanafi - идеальное место для вас! Присоединяйтесь к каналу прямо сейчас и начните свой путь к владению арабским языком вместе с профессионалами.

Zukhridin Al-Hanafi

18 Feb, 01:17


Ұлым, дүниені сұрап, оның адамдарына жалынудан абыройыңды сақта. Қанағат ет – сонда қадірлі боласың. Өйткені: «Нан мен көкөніске қанағат еткен адамды ешкім құл ете алмайды» деген».

📚 لفتة الكبد إلى نصيحة الولد

Zukhridin Al-Hanafi

17 Feb, 20:15


Өзіңе Алла оңай етіп берген құлшылықтар арқылы өзіңді өзгелерден артық санап кетуден сақтан. Себебі тірі жан ешқашан фитнадан аман емес.

Мүмкін, жүрегіңдегі кішкентай тәкаппарлық сені құрдымға алып бара жатқан шығар. Күндер аунап, уақыт өтеді, бір қарасаң, сен бұрынғы күнәһардың орнындасың, ал ол сенің орныңда.

Біз талай тақуалардың тура жолдан тайғанын көрдік. Талай күнәһардың Аллаға жақындап, бұрынғы діндарлардан да биік дәрежеге жеткенін көрдік.

📚 إلى المنكسرة قلوبهم

Zukhridin Al-Hanafi

17 Feb, 03:15


Ажырасуға үгіттейтін кез келген адам (коуч, психолог және т.б.) шайтанның ісінен алыс емес. Олардың сыртқы бейнесі мен өздері де сенбейтін жетістіктеріне алданып қалмаңыз.

Zukhridin Al-Hanafi

15 Feb, 19:48


Сіздің жақсы болуыңыз үшін өзгелердің жаман болуы шарт емес. Дәл сол сияқты, сіз білімді болуыңыз үшін өзгелердің надан болуы міндетті емес.

Zukhridin Al-Hanafi

13 Feb, 16:33


Бараат түнінде мына екі нәрсені жасамасаңыз, бұл қасиетті түнді бос өткізіп алуыңыз мүмкін:

1. Телефонды бір шетке қою.
Қолыңыздағы құрылғы сіздің уақытыңызды да, ықыласыңызды да ұрлайды. Бұл түн – жай ғана ояу болып, түрлі бағдарламалар мен рилстарға, қажетсіз видеоларға уақыт жұмсайтын кез емес. Керісінше, жүрегіңізді тазалап, шынайы құлшылыққа көңіл бөлетін уақыт.

2. Бос әңгімеден сақтану.
Бірнеше адам жиналып алып, мәнсіз сөз айту – бұл түннің хикметіне қайшы. Сөз көбейген сайын қателік те артады, ал өсек пен ғайбат араласса, сауап орнына күнә жиналады. Бұл – құлшылық пен кешірім тілеу түні, ал пендені босаңсытатын әңгімелер бұл түннің қадірін жоғатады.

Алла Тағала біздерді Бараат түнінде шынайы ықыласпен Өзіне жақындауымызды нәсіп етсін🤲

Zukhridin Al-Hanafi

13 Feb, 16:22


Бараат түні не істейміз?

https://www.muftiyat.kz/kk/articles/sermons/2020-04-06/30826-berekeli-baraat-tuni/

Zukhridin Al-Hanafi

11 Feb, 11:17


Хасан әл-Басриден: «Ей, Әбу Саид, қиямет күні ең қатты айқайлайтын адам кім?» – деп сұрағанда, ол: «Алла оған нығмет беріп, ал ол оны күнә жасауға пайдаланған адам», – деп жауап берді.

📚 سفينة النجاة من أهوال يوم القيامة

Zukhridin Al-Hanafi

10 Feb, 20:26


Ілім алушының да, сабақ берушінің де бойынан көргім келмейтін екі қылық бар. Ең әуелі, бұны өз бойымнан кетіргім келеді:

1. Мақтаншақтық. Сөзімізге мән беруіміз керек. Сөйлеп жатқанда ниетімізге қарауымыз қажет – өзімізді мақтап кетіп жатқан жоқпыз ба?

2. Бос сөз, анық емес нәрселерді айту. Кейде тіпті білмейтін нәрсемізді айтып, күнәға жетелейтін сөздер сөйлеу.

Ілім алған сайын мінезімізді де, іс-әрекетімізді де Пайғамбарымызға ﷺ ұқсатуға тырысуымыз керек.

Ең жаман нәрсе – ілім жолын бастағанда кішіпейіл болып, әр сөзін аңдап сөйлеп, ал сәл ілімнен дәм татқан соң бойға жаман қасиеттер жинап, "мен, мен" дей бастау.

Zukhridin Al-Hanafi

30 Jan, 19:55


Мақтауларға мәз бола берме)

Арабтар бұрын былай деген: "Сені сенде жоқ қасиетпен мақтаған адам, шын мәнінде, сені даттады."

📚 إلى المكسرة قلوبهم

Zukhridin Al-Hanafi

30 Jan, 14:06


Неге түңгі намазға тұра алмаймыз?!

Хасан Басри رحمه الله айтты:

“Адам түнгі намаздан тек жасаған күнәсінің салдарынан қалады. Түнгі намазға тұру үшін әр күн батқанда өз-өздеріңді есепке алып, Раббыларыңа тәубе етіңдер.”

📚 سفينة النجاة من أهوال يوم القيامة

Zukhridin Al-Hanafi

30 Jan, 04:54


Неге шындықты жек көреміз?

Біз жас бала секілдіміз: шындықтың ащы дәмін сезінгенде, оны ұнатпаймыз, бірақ оның емінің тәттілігіне назар аудармаймыз.
Ал жалғанды жақсы көреміз, өйткені оның тәтті дәмінен ләззат аламыз, бірақ ішіндегі уын аңғармаймыз.

📚 هكذا علمتني الحياة

Zukhridin Al-Hanafi

30 Jan, 04:39


Хәтим әл Асам رحمه الله айтты:

Төрт нәрсенің қадірін тек төрт түрлі жан ғана түсінеді:

1. Жастықтың бағасын – қариялар ғана біледі.
2. Амандықтың қадірін – қайғы көргендер ғана сезінеді.
3. Денсаулықтың маңызын – сырқат жандар ғана ұғынады.
4. Өмірдің шынайы құнын – о дүниелік болғандар ғана біледі.

📚 سفينة النجاة من أهوال يوم القيامة

Zukhridin Al-Hanafi

29 Jan, 13:31


Айша анамыз رضي الله عنها айтты:

“Күнәларды азайтыңдар, себебі Аллаға аз күнәмен жолығуларыңнан артық нәрсе жоқ”.

📚 سفينة النجاة من أهوال يوم القيامة

Zukhridin Al-Hanafi

29 Jan, 12:43


Олжекең Құран тыңдағанды ерекше жақсы көретін. Алланың кәләмін тыңдаса, ерекше күйге бөленіп, тербеліп: «Сен мағынасын түсініп тыңдасаң ғой, басқаша әсер берер еді», «Құранды тыңдасаң, құдды жәннатта жүргендей боласың ғой!» - деп айтатын.


📚 Олжекем (Сая Сәкенқызы)


Алла Тағала Олжас ұстазды рақметіне алсын. Рухына Фатиха оқып, бағыштап қояйық

Zukhridin Al-Hanafi

29 Jan, 12:13


Хасан Басриден رحمه الله ол кісі айтады:

“Сауапты амал жасау, жүрекке нұр, денеге қуат болады, ал күнәлі іс жасау, жүректі қарайтып, денені әлсіретеді”.

📚 إنما يخشى الله من عباده العلماء

Zukhridin Al-Hanafi

29 Jan, 11:31


Омар бин Хаттаб رضي الله عنه айтты:

Кімнің мақсаты дүние, істеген іс-амалы күнә, қомағай, ойы таяз болса, дүниелік істерін біліп, ақыретінің істерін білмесе, оған қасірет болсын

📚 سفينة النجاة من أهوال يوم القيامة

Zukhridin Al-Hanafi

29 Jan, 11:29


Бүгін медресе кітапханасында мызғып кеттім. Керемет мекенде түсіме осы каналым кірді. Ояна сала кіріп қарадым ғой. Санымыз да 2000 нан асыпты Аллаға мың шүкір.
Негізі каналды қолға алуды жоспарлап, жазатын заттарда дайын. Тек бисмилла деп тірілту ғана қалып еді.

Zukhridin Al-Hanafi

23 Jan, 03:01


Алла Тағала кішкентай бүлдіршіндердің Құран үйреніп жатқан үндерін естігенде, адамдарға азап жібермек болса да, сол сәтте мейірімін төгеді.

Егер бұл үмбеттің жас ұрпағы Құранды үйренуден жалықпаса, онда үмбеттің өмірі әрдайым береке мен игілікке толы болады!

[Китаб ал-ғиял, 309 және 310 хабар]

Zukhridin Al-Hanafi

19 Jan, 14:23


Имам Абу Ханифа білім іздеп келген шәкіртті “қайғымның сейілуіне себепші” деп атайтын болған.

[Ал-ғиная би туллаб ал-илм, 16 б.]

Zukhridin Al-Hanafi

19 Jan, 14:22


Абдулла ибн Масғуд ілім іздеп келген шәкірттерді “жүрегімнің емі” деп атайтын еді.

[Қараңыз: ал-ғиная би туллаб ал-илм, 32 б.]

Zukhridin Al-Hanafi

16 Jan, 13:30


“Намазыңа немқұрайлы болсаң, саған дініңнің қай нәрсесі қымбат болмақ?!”

Хасан әл Басри رحمه الله


Шейх Юсуф Хаттардың кітабынан

Zukhridin Al-Hanafi

11 Jan, 20:52


Ассаламуалайкум құрметті оқырман!
“Олжекем…жанымның жаз ғұмыры” атты
Олжас Ханафин ұстазымыз (Алла рахымына алсын) жайлы кітапшамыз жарық көрді. Барлығы Алланың сәттілігімен

📕Кітап электронды нұсқада (pdf)

💰Құны: 1500 тг

📲Кітапты алу үшін мына номерге жазыңыз.
+ 8777 572 13 13 ватсап

📍Бірақ бұл номерге төлем жасамаңыз.

Zukhridin Al-Hanafi

09 Jan, 11:25


Дүниелік те, ақыреттік те жетістіктің ең негізгі кілті – тақуалық еді. Бірақ қазір бүкіл дүниені шыр айналып, жетістік кілтін басқа жақтан іздеп әлек болып қалдық.

(Сифаат әт-талиб📚)

Zukhridin Al-Hanafi

09 Jan, 10:32


Мына каналға тіркеліп қойыңыз, дәрістер жалғасады ин ша Алла ⤵️

https://t.me/hubburrasul/36

Zukhridin Al-Hanafi

02 Jan, 08:47


Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) аштыққа, жоқтыққа, қиыншылыққа қарамастан білім алатын. Білімге деген қызығушылығы ерекше еді. Сол секілді университетте оқитын студенттер де басынан өткізетін кез келген қиыншылыққа қарамастан білімін толық үйренуі маңызды. Студенттер үшін кейде киімге, кейде тамаққа, кейде қыдыруға қаражаты жетпеуі мүмкін. Осындай жағдайларда қосымша жұмыс жасап, басқа іске көбірек көңіл бөліп, білімнен алыстап кетсе өз болашағына балта шапқан болады. Өйткені сабыр етіп білімін жетік меңгергенде болашақта қоғамға пайдасын толық тигізе алатын тұлға болатын еді.

Азамат Жамашев ұстаздан шәкірттерге алтын насихат.

Хадис ғылым бұлағы I - том 22-23 б.

Zukhridin Al-Hanafi

31 Dec, 01:38


Салахуддин әл-Аюби (Алла рахым етсін) дүние салғанда, адамдар пайғамбарлар өлгеннен кейін болатын белгілерді байқаған. Оны ізгілер де, жамандар да, мұсылман да, кәпір де жақсы көретін.

Тарих әл-Ислам. 41/359

Zukhridin Al-Hanafi

28 Dec, 12:20


Көрінбей кеттім бе?
Өте жақын күнде ораламын ин ша Алла

Мынаны осында қалдырайын⤵️

t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=sc92ep

Zukhridin Al-Hanafi

20 Dec, 06:36


Мақсатыңды анықтағаннан кейін оған апаратын әрбір жол ләззат береді.

Ал мақсатсыз жасалған әрбір әрекет – адамды тоздырып жібереді. Ең алдымен өзіңнің нақты мән-мақсатыңды анықта. Содан соң тоқтаусыз әрекет қыл.

©️Шейх Мухаммад әш-Шағрауи.

Zukhridin Al-Hanafi

16 Dec, 04:58


Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Осыған орай, дініміздегі отанның маңыздылығы және отан сүюге қатысты кішкене ғана жазба жазған едім. Төмендегісін басып, кірсеңіздер болады.

Исламдағы отанның маңыздығы

Zukhridin Al-Hanafi

16 Dec, 01:36


Тыныш елде өмір сүргендердің көбі тыныштықтың қадірін білмейді. Ең ауыры тыныштықты адамның өз қолымен бұзып алуы. Әртүрлі араңдатушы әрекетке бармаңыздар. Тыныштық кетсе сіздің анаңыз бен әпкеңіздің, қарындасыңыз бен қызыңыздың етегіне бөтен қолдар жабысады, арлары тапталады. Әкеңіз бен ағаңыздың, ініңіз бен балаңыздың қаны төгіледі. Тыныштық бұл өте үлкен нығмет. Әртүрлі ақымақтарға еріп тыныштыққа зиян келтірмеңіз. Тыныштықтың бұзылуы ойнайтын дүние емес! Тыныштықтың қадірін білу үшін интернетті ашып ыдырап жатқан елдерді көріңіз, көзіңіз жететін шығар сол сәтте. Мынау бейбітшілік, мынау тыныштық шынымен өте, өте үлкен нығмет. Мұсылман адамның жүрегі әрдайым тыныштықты қалайды, елдің тыныштығы ұнамайтындар ол жүрегінде дерті барлар. Оларға ергендер ақылы жоқтар. Өтірік ұран, өтірік намыстың қажеті жоқ. Намысы мықты адам елі үшін аянбай еңбек етеді, елі үшын өз қызметін адал атқарады. Намысы бар адам өз пайдасынан елінің пайдасын жоғары қояды. Өтірік нәпсіге еруді намыс деу қате.

Еліміз әрдайым аман, жұртымыз тыныш болсын!
Тәуелсіздік мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Zukhridin Al-Hanafi

15 Dec, 13:46


Демаламын десең, өзіңді кінәламай демалуды үйрен.

©️Олжас Ханафин

Zukhridin Al-Hanafi

15 Dec, 12:34


https://t.me/+cmd7D8akO1BhYzMy

Zukhridin Al-Hanafi

15 Dec, 12:34


Олжас ұстазымыздың (рахимаһулла) ақылы Құран курсын тегін таратып жатырмыз. Алда Құран түскен Рамазан айы келе жатыр. Құранға түсуге мүмкін осы дәрістер себеп болуы мүмкін.

Олжас ұстазымыздың амалдары тоқтады. Алайда артынан қалдырған ілімдерінен басқа. Барынша таратып жіберсеңіздер.

Zukhridin Al-Hanafi

09 Dec, 13:19


Кейде бір істі жасауға бар күшіміз бен ынтамызды саламыз, сол істің орындалуы үшін бүкіл жігерімізді жұмылдырамыз. Алайда, енді ғана қалағанымыз орындалайын дегенде, ол болмай қалады. Сонда жүрегімізде өкініш пайда болады. Бірақ бір-екі жыл өткен соң, сол істің орындалмауының біз үшін қайырлы болғанын біліп, орындалмағаны үшін қуанамыз. Сондықтан әрдайым бір нәрсеге қол жеткізсек те, жеткізбесек те, оның артындағы қайырын күтіп, тағдырға иман ету қажет.

Zukhridin Al-Hanafi

08 Dec, 14:31


Ғылыми “мәләкә” деген қабілет төменнен бастап, біртіндеп жетіле отырып, қалыптасады. Бұл әр тақырыптың мақсаты мен мәнісін терең түсінумен жүзеге асады. Бірінші деңгейдегі кітаптарды жетік меңгеріп, келесі деңгейге көшу арқылы ғана мәләкә пайда болады.

Ал әр жерден үзіп-жұлқып оқу, барлық көзқарастарды жаттап алу — бұл сақофа ғана.

Қазіргі заманауи білім берудің басты мәселесі де осында жатыр. Оқу материалдары әр жерден үзіп-үзіп дайындалады. Мұның нәтижесінде тек мусаққафтар — білімді, бірақ үстірт ойлайтын тұлғалар ғана қалыптасады. Ал шынайы ғалымдарды даярлау мәселесі назардан тыс қалуда.

Шейх Хамза Бәкри (хафизаһулла)

Zukhridin Al-Hanafi

05 Dec, 14:39


Адам көбіне сөздерді өз жағдайына қарай қабылдайды. Сол себепті кейде біреуге дұрыс нәрсе айтсаңыз да, күнделікті қолданатын сөздеріңіз бен мәмілеңізді жасасаңыз да, ол сізге ренжіп қалуы мүмкін.

Мысалы, адамның жағдайына байланысты:
- Егер біреудің жақсы көргенімен ұрысып, бірақ жараса алмай жүрген кезі болса, телефонына хат келсе, сол адамнан деп ойлап, жүрегі елең ете қалады.
- Ақшадан қиналып жүрген адам болса, хат келгенде бір жерден ақша түсті деп үміттенеді.
- Жұмыста бір нәрсені бүлдіріп қойған адам хатты бастықтан келді деп үрейленеді.

Сол үшін кейде адам сізге ренжісе, оған уақыт беріп, сәл кейін сөйлескен дұрыс.

Адам кешірімді, бір-біріне үзір табатын болу керек. Себебі біз бір-біріміздің ішкі әлемін білмейміз. Бетімізге күліп жүрген адамның ішінде үлкен мұң болуы мүмкін. Әдһәм Шәрқауи айтқандай: "Егер адамдар бір-бірінің ішіндегі мұңды көрсе, қол ұстасып емес, құшақтасып амандасар еді."

Сонымен бірге, мүміндер мұңдарын сыртқа шығара бермейді. Сіздің қасыңызда қалжыңдап жүрген адамның жүрегінде айлап мұң жатқан болуы әбден мүмкін.

Zukhridin Al-Hanafi

03 Dec, 07:29


Әр нәрсенің әдебі бар, ал біреуге бір зат беру де сол нәрселердің қатарына жатады. Оның да әдебі бар, ол - сұраушының абыройын сақтау.

Адамдардың мұқтаждықтарынан бұрын абыройлары бар. Адамның абыройын сақтау, қажеттілігін қамтамасыз етуден кем түспейтін мәртебелі іс.

©️ Әдһәм Шәрқауи


Садақа немесе қарыз берерде осыған мән беру керек. Көмек сұраған кісі өзін өмір бойы дәрменсіз сезінетін, адамдардан ұялып жүретін жағдайға түсірмеу керек.

Zukhridin Al-Hanafi

03 Dec, 01:18


Алла береке берсін. Мәбәди әл-Усул кітабының үшінші баспасын алу уәжіп болды ғой. Шейх Атоның ескертпесі мен, аты аталған баспа. Шейх Атоға Алла береке берсін. Қандай керемет иә?

Zukhridin Al-Hanafi

01 Dec, 15:51


Құран жаттауды қалайша үйреніп жүрген болсаңдар, дәл солай араб тілін үйреніңдер!

Ұлы сахаба Убей ибн Кағб

[Мусаннаф ибн Абу Шейба, 15 том, 433 б., 30535 (29915), шейх Мухаммад Аууаманың тахқиғымен]

Zukhridin Al-Hanafi

28 Nov, 11:01


Шәкірт әуелі өзімен шыншыл болуы керек

Ұстаз тапсырма беріп, оны өзі орындауын айтқан кезде, шәкірт барып, ол тапсырманы басқа ұстаздан сұрап ала салуы өзіне жасаған қиянаты. Немесе жауапты қазіргі түрлі жасанды интеллект немесе интернеттен қарай салуы да соған жатады. Ұстаздың алдына бүкіл күшін аянбай салып, тапсырманы қате орындап келгені, оны басқадан сұрап алып, дұрыс орындап келгенінен жақсырақ, әрі дұрыс. Ұстаз сізге қиынырақ тапсырма берсе, сізді дамытқысы келгені. Оның мақсаты - сізді қинау емес. Шәкірт тапсырманы басқадан барып сұрап ала салатын болса оның несі тапсырма?

Zukhridin Al-Hanafi

25 Nov, 06:43


Бүгін сабақта ақидадан беретін ұстазым Шейx Фаррон حفظه الله атақты Мысырлық муфассир Шейx Шағрауидің رحمه الله ілім жолына қалай түскені жайлы айтып берді.
Соны сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Ол кісінің әкесі өзі ғалым болмаса да, ғалымдарды жақсы көріп, ұлы Шағрауиге шариғат оқытып, Исламдағы ғалымдар қатарынан болғанын қатты қалаған. Бірақ ол кісі шариғат ілімін мүлдем оқығысы келмеген екен. Әкесі сонда да сен сол оқуды оқисың деп, оны оқуға түсуге жібереді.

Шейx Шағрауи айтады: "Оқуды қаламағаным сонша, әкемнің жағдайы жоқ екенін біліп, әдейі 1жылдық емес 4 жылдық кітаптар тізімін жазып, әрі бізде оқытылмайтын басқа да үлкен кітаптарды ойдан қосып, жазып шықтым. Тізімді әкеме апарып, мына кітаптар менде болмай, мен ол жерде оқи алмайды екенмін, деп айтпақшы едім дейді.

Әкеме сол тізімді көрсеткенімде, әкем ойланып, "жақсы балам, мен алып берем саған бұл кітаптарды, сен тек қана оқы" депті. Сонда кедей әкесінің бір кішкентай жері болған, сол жерді сатып, тізімдегі барлық кітапты алып берді. Содан маған "балам, міне керек кітаптардың барлығы дайын, оқы" деп айтты.

Әкемнің сол ісі жүрегіме қатты әсер етіп, мен шариғат ілімін оқуға бел будым. Және ішімнен өзіме ант еттім, мына кітаптардың барлығын оқып бітірмей, мен бұл бөлмеден шықпаймын.

Солай Шейx Шағрауи رحمه الله әкесінің барлық әперген кітабын оқып бітіріп, ілім алып, ақыры үлкен ғалымдардан атанды.

Бұл жерде әкесінің шынайы ықыласының себебімен ол ғалым атанды. Сондықтан әр істе шынайы ықыласты болсақ, ол жемісін бермей қоймайды. Алла ислам ғұламаларынан разы болсын.

Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)

Zukhridin Al-Hanafi

24 Nov, 02:20


Бүгін тіркелудің соңғы күні

Zukhridin Al-Hanafi

22 Nov, 01:10


Алла мүмкіндік етіп берген нәрсенің қадірін білуіңіз – сізге берілген үлкен нығмет, өте үлкен нығмет.

Zukhridin Al-Hanafi

20 Nov, 17:01


Тіркелу аяқталды!

Zukhridin Al-Hanafi

20 Nov, 14:05


Сұрақтың өзі адамның мәдениеті туралы қаншама нәрсені көрсетеді, солай емес пе? Ешкім көрмесе де, әрбір сұрағымыз амал дәптерге жазылады ғой.

Zukhridin Al-Hanafi

19 Nov, 14:27


Қиын сәттерде барлығын доғарып, тек жатып қана қойғың келеді. Адамдардан алыстап, оңаша қалуды аңсайсың.

Бірақ оңаша қалып, тафаккур жасап, қайтадан әрекетке кіріспесең, оңашалықтың мәні жоғалады.


Ал жата беру ештеңеге әкелмейді. Әрекет етпесең, проблемалар одан әрі ушыға береді.

Zukhridin Al-Hanafi

17 Nov, 18:08


t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=sc92ep

Бүгін жауап беруім де, бермеуім де мүмкін. Бірақ сұрақтарыңыздың біршама пайдасы тиіп жүр. Бір зат ізденуге себеп болады арасында.

Zukhridin Al-Hanafi

17 Nov, 14:12


Бүгінгі күнім ертегі секілді өтті. Оны бөлісейін десем, басқалардың да бүгінгі өткен өз өмірі бар ғой. Әркім өз өмірін бөліссе, өмір не болып кетеді?

Zukhridin Al-Hanafi

17 Nov, 09:43


Имам Асмағи айтады: Бір бәдәуидің былай дегенін естідім: “Адамдардың міндетсінуіне сабыр ету, жоқшылыққа сабыр етуден қиын”.

©️

Zukhridin Al-Hanafi

17 Nov, 09:37


Күш-қуат та кетеді, мал-дүние де кетеді, әдемі бет пен әсем тән де кетеді, қолыңдағының бәрі кетеді. Сенің жалғыз серігің – амалдарың. Барлық дүниең аппақ киім киген сұлу жасөспірімдей болып, ал амалдарың қартайған әлсіз қариядай болып қалмасын.

Zukhridin Al-Hanafi

16 Nov, 16:28


Кімнің өмірі екі нәрседен тұрса, сол адам бақытты: сабыр мен шүкір

Zukhridin Al-Hanafi

15 Nov, 12:09


Құрметті Оқырмандар !
Сүйінші 🥳

ИСТИДРАЖ – Алланың тұзағы.

Аллаға шексіз мақтау мен мадақ болсын! Қасиетті Жұма күні алғашқы еңбегіміз – “Алланың Тұзағы және одан құтылу жолдары” атты кітабымыз оқырманға жол тартты.

Бұл кітапта адамның рухани әлеміне терең үңіліп, Алланың тұзағы деп аталатын сынақтардың сырын түсіндіру мен олардан құтылу жолдары ұсынылған. Көзге көрінбейтін, бірақ жүректі байлайтын сынақтар туралы нақты, түсінікті әрі әсерлі түрде баяндалады.

Өмірінің мәнін іздеген, рухани өсуге ұмтылған әрбір жанға арналған бұл еңбек Алланы тануға, Оның хикметін ұғынуға және тура жолдан таймауға бағыт береді.

🚚Тапсырыс беру үшін

Кітап саны шектеулі! Бүгін тапсырыс беріп, рухани әлеміңізді байытыңыз!

Zukhridin Al-Hanafi

14 Nov, 08:10


Дүние иелеріне берілген нәрселер үшін қызғанып, жүрегіңді олардың қолындағы нәрселермен шұғылдандыруың… сенің олардан бетер надан екендігіңді білдіруге жеткілікті. Себебі олар өздеріне берілген нәрселермен шұғылдануда, ал сен өзіңе берілмеген нәрселермен шұғылданудасың.

© Ибн Атоиллаһи Ас-Сакандари

Zukhridin Al-Hanafi

13 Nov, 18:34


Кейде проблемалар жаңбырдай жауып, селдей тасып, тіпті соларға батып кетсең де, ең ұлы нығметтің жанында бұл қиындықтар түкке тұрмайтынын есіңе ал. Ең ұлы нығмет – иман!

Zukhridin Al-Hanafi

12 Nov, 16:05


Ілім алуда жетістікке тек шаршаған шәкірт жетпейді. Шаршау басты мақсат емес. Маңыздысы — ілім жолында қатты тырысып әрекет ету, оқу, жазу, сызу, жаттау, әрекетте болу. Біреу ол істен шаршайды, ал енді біреу одан шаршамайды.

Zukhridin Al-Hanafi

12 Nov, 16:02


Ей, ілім алушы! Алла жолында ілім үйреніп, толтырған дәптеріңдегі жазулар сауап таразыңда өте ауыр басар. Сол үшін жазудан жалықпа.

Zukhridin Al-Hanafi

12 Nov, 16:01


Тақтаға қайта-қайта жазып, өшірген сайын сауап алатынын білетін мұғалім жазудан жалықпайды.

Zukhridin Al-Hanafi

12 Nov, 15:38


Бүгінгі күнде шәкіртті топастандырушы ең үлкен құрал — телефон. Сонымен қатар, ең көп пайда беретін заттардың бірі де — телефон. Алайда көбіне бастауыш шәкірт телефонды тиімді пайдалана алмайды. Сондықтан телефонды шетке қойып, білімге ден қою қажет. Сондай-ақ, телефон шәкірттердің жаттау қабілетін де азайтып жатқан үлкен апаттың бірі.

Zukhridin Al-Hanafi

12 Nov, 13:45


Дінді түлкіден үйренсең, тауық ұрлауды сауап деп білесің. Сол секілді, қасқырдан мал қораның жағдайын сұрасаң, қойшыны жек көріп кетуің мүмкін.

Zukhridin Al-Hanafi

09 Nov, 15:34


Сенің қазіргі шағымданып отырған жағдайың – кейбір адамдардың арманы. Шүкірсіз болма!

Zukhridin Al-Hanafi

06 Nov, 16:07


Егер жасаған әрбір ісіңе өкінгің келмесе, барлығын тек Алла разылығы үшін істе!

©️Имам Шағрауи
(рахимаһулла)

Zukhridin Al-Hanafi

06 Nov, 13:52


Ер болсын, әйел болсын махрамы емес кісімен қарым-қатынаста Алланың орнатқан шекарасын бұзса, жүзінен нұры кетеді. Жүрегіне дақ түсіп, ғибадаттың ләззатын сезінбейді.

Zukhridin Al-Hanafi

05 Nov, 18:00


Күнәні қалай тастасам болады, ұстаз?

Бір іспен айналыс, қолың бос болмасын.

Zukhridin Al-Hanafi

05 Nov, 17:52


"Шамалы дем ала қояйын, кейін жұмыстарыма кірісемін" деп он бес минут бос отырсам, философ болып кете жаздаймын.

©️ етік киген адам

Zukhridin Al-Hanafi

04 Nov, 04:02


Шариғатта кім махрам, кім махрам емес екені анықталып қойғаны қандай әдемі

Zukhridin Al-Hanafi

03 Nov, 17:45


Адамның ең қатты өкінетін нәрселерінің бірі – ілімсіз айтқан сөздері болар

Zukhridin Al-Hanafi

02 Nov, 22:57


"مثل المؤمنين في توادهم وتراحمهم وتـ…"

Ең болмағанда бауырларымыз үшін күнделікті дұға етуіміз керек қой

Zukhridin Al-Hanafi

02 Nov, 10:50


Ізгі салих адамдардың шығып, қоғамда танымал болуын күтпеңіз; ізгі жандарды өзіңіз іздеңіз! Себебі, олар өздерін «салихпын» деп таныстырмайды.”

©️ Али әл-Омари
(Хафизаһулла)

Zukhridin Al-Hanafi

01 Nov, 18:01


Пайғамбарымыздың ‎ﷺ өзі сұрақ қойылғанда: “Менің ойымша былай” – деп айтпаған еді. Алладан уахи күтті.

Ал қазір әрқайсысымыз білсек те, білмесек те дін туралы өз ойымызды айта бастадық…

Zukhridin Al-Hanafi

01 Nov, 15:54


Қай сала маманы болсаңыз да, дін туралы сөз қозғау үшін алдымен дінді дұрыс оқып, ұстаздардың алдында отырып, ілімнің дұрыс есігін қағуыңыз керек. Исламтанушы болуды қажет ететін ілімдерді білмей тұрып, дін жайлы сөйлеуге шариғи құқығыңыз жоқ. Ал егер сіздің дінге қатысты пікірлеріңізді сынап жатқандар болса, олардың сіздің жеке басыңызда шаруасы жоқ; олар тек адамдарды адасудан қорғауға тырысуда.

Егер шариғат жайлы қате пікір таратып жүрген басқа саланың маманына шариғат оқыған, білікті мамандар жауап берсе, оның халықты адастырушы сөздеріне қарсы пікір білдірсе, кейде сондай адамды қорғайтындар да табылады. Мұндайда олар ақ пен қараны ажыратып алуы тиіс. Дін мамандары дін атынан сөйлеп жүрген адамның жеке басына емес, оның халықты адастыратын сөзі мен ісіне ғана назар аударылып отырғанын түсінуі қажет.

Жанағы қорғап жатқандар өзін қорғаушы, ал дін атынан сөйлеп жатқан діннің маманы емес адамды жәбір көруші рөліне қойып, фанаттық әрекет жасамауы тиіс.

Zukhridin Al-Hanafi

01 Nov, 15:39


Бір нәрсені қорғау үшін, оны қалай қорғауды да үйрену керек

Zukhridin Al-Hanafi

31 Oct, 20:17


Самая омерзительная зависть — это зависть учителя к ученику: если ты преподавал ради Аллаха, то ты должен радоваться своим плодам, но если ты искал славу, то каждый — твой конкурент.

Zukhridin Al-Hanafi

30 Oct, 18:59


Мен былаймын, мен анандаймын деген сөздердің бәрі іс жүзіне асырылмайынша, бір тиынға да тұрмайды.

Zukhridin Al-Hanafi

29 Oct, 14:57


Бүгінгі күніңіз ауыр өтсе, қияметте осы күннің есебі жеңіл болуын тілеңіз. Қияметтегі есебіміздің қалай боларын білсек, бәлкім, бүгінгі күнімізге шағымданбас па едік.

Zukhridin Al-Hanafi

28 Oct, 15:37


Қанша шағымдансаң, сонша шағымдан. Бірақ тағдырыңа разы болмасаң, иман ләззатын қалай татпақсың?

Zukhridin Al-Hanafi

28 Oct, 15:35


Біреу үшін қадірі жоқ нығмет, ал біреуге арман. Кейде тойынып кеткенімізді байқамай қаламыз.

Zukhridin Al-Hanafi

28 Oct, 08:01


Эх, "мыналар уақыттарын маған сатқанда ғой" деген сөздің мәнін енді ұққандаймын.

Zukhridin Al-Hanafi

28 Oct, 06:54


Күнделікті бізге Алланы еске салатын көп белгілер жолығады, бірақ біз оларды өзіміз байқай алмай жатамыз. Мұның бір себебі жүрегіміздің басқа нәрсеге алаңдауынан болар.

Zukhridin Al-Hanafi

27 Oct, 11:08


«Өмірің кінәліні іздеумен өтіп кетпесін!»

Zukhridin Al-Hanafi

26 Oct, 18:27


Өзім де сынақ уақыттары осы кітапқа жүгінемін📝

Zukhridin Al-Hanafi

26 Oct, 17:47


.

Zukhridin Al-Hanafi

24 Oct, 17:11


Аллаға сансыз шүкір, жиналып жатқан соманың үштен екі бөлігі жиналды, енді үштен бір бөлігі ғана қалды.

Әрбір көмектескен жанға хадисте айтылғандай сүйінші болсын: кімде-кім мұсылман бауырына жәрдемдессе, Алла Тағала оған (жәрдемдескенге) жәрдем береді.

3/2

3/1 қалды ✊🏻

Zukhridin Al-Hanafi

23 Oct, 16:24


.

Zukhridin Al-Hanafi

23 Oct, 02:18


Бүгін хижри жыл санауы бойынша жұмада әл-ахир айының 20-сы. Осы күнге қатысты әр мұсылманға қызықты бір жәйтті айтып өтейін.

Хижреттің 17- жылы, дәл осы күні, яғни жұмада әл-ахир айының 20-сында, халифа Омар رضي الله عنه-ның бастамасымен және Осман мен Әли رضي الله عنهما секілді сахабалардың қолдауымен хижри жыл санауы енгізілді.

Пайғамбарымыздың ﷺ хижреті рабиуль әууәл айында болғанымен, жылдың басы ретінде мухаррам айы таңдалды.

- Неге?

- Себебі Пайғамбарымыз ﷺ хижра жасауға мухаррам айында шешім қабылдаған.

Zukhridin Al-Hanafi

22 Oct, 17:44


Жаңа ғана бір досым жазды. Мен оған кішкентай араб тіліндегі кітапты хадия етіп едім, ол сол кітапты орыс тіліне аударып шығыпты. Мұны естіп қатты қуанып қалдым. Алла пайдалы етсін!

Zukhridin Al-Hanafi

22 Oct, 13:55


Әлемдегі ең әдемі, ерекше зыңғыл қарилардың бір жерде Құран жаттап жатқан сәттегі дауыстары ғой ❤️📖

Zukhridin Al-Hanafi

22 Oct, 13:52


Электронды кітаптарды сатып алу үшін:

t.me/pdf_kitaptar

Осы сілтемеге: “кітап” сөзін жіберіңіз.

Сатылым 1 күн.

Zukhridin Al-Hanafi

22 Oct, 12:08


Шәкірттің ұстазына жасаған ең үлкен жақсылығы – ұстазының ілімін таратуы.

Ұстазының кітаптарын оқыту, кітаптарын тарату. Ұстазының айтқан сөздерін өзінің кітабына қосу және тағысын тағы.

©️Шейх Анас Ғиззат

Zukhridin Al-Hanafi

22 Oct, 06:34


Мұсылманның басына сынақ, ауру, қысым, отбасылық проблемалар, ақшаның тапшылығы және басқа да қиындықтар келеді. Бірақ мұсылман ешқашан күдер үзбейді. Неге? Себебі мұсылманның Раббысы бар және бұл өмірдің сынақ екенін біледі. Сабырлық танытса, сауап алатынын, өткінші дүниенің қиындықтары да уақытша екенін біледі. Ол мәңгі өмірге сенеді. Иман нығметі үшін Аллаға мың да бір шүкір.

Zukhridin Al-Hanafi

22 Oct, 04:45


"Оқу бос уақытты толтырмайды, оқу ақылдағы бос кеңістікті толтырады."

Бүгін Facebook-тегі араб тіліне арналған бір парақшадан оқып қалған әдемі сөзім.

Zukhridin Al-Hanafi

22 Oct, 01:55


Таңертең оянып, айналаңды көру – үлкен нығмет. Әлемде қаншама адам бар, олар сіз көріп тұрған дүниені көре алмайды.

Ал одан бұрын, оянуыңның өзі – нығмет, өйткені бүгін қаншама адам ояна алмады.

Көз, құлақ, қол-аяқ, аппараттарға тәуелсіз еркін тыныс алу, қолыңа ешқандай система, укол салынбай, өмір сүру, денеңе шлангалар енгізілмей-ақ үлкен және кіші дәретке бару – осының бәрі нығмет.

Нығметтерді санай берсек, санауға сан жетпейді. Сондықтан таңымызды шүкіршілікпен бастайық.

Zukhridin Al-Hanafi

21 Oct, 11:55


Сондықтан әр ісін Алла үшін жасаған адам ешқашан ұтылмайды. Себебі саған кім не істесе де, сен Алланың жолында сыналып, Алла үшін сабыр етіп жатқан адам боласың. Соңында сыйыңды Алла береді, ал сенің ақыңа кіргендер өз жазасын алады.

Егер Алла үшін жасамасаң, бәрі босқа кетеді, сабырыңның да пайдасы болмайды.

(Бұл жазбадан өз құқығыңды қорғамау керек деген ой шықпайды).

Zukhridin Al-Hanafi

21 Oct, 11:49


Көбіне адамды жұмыс емес, жұмыстағы дұрыс емес жағдайлар шаршатады деп ойлаймын.
Мысалы, ұстаздықты алсақ:
- Оқымайтын шәкірт,
- Сабақ тыңдамайтын, ойы басқа жерде жүрген шәкірт,
- Ұйықтап қалатын шәкірт.

Сонымен қатар, адамдардың жаман қарым-қатынасы, даусын көтеріп сөйлеуі, айқайлауы да шаршатады. Әйтпесе, ұстаздардың көпшілігі сабақ беруді жақсы көретін адамдар ғой.

Сол секілді шынымен жұмыстың өзі шаршататын салалар бар.

Zukhridin Al-Hanafi

20 Oct, 14:43


Жағдай болған кезде ғана оқитын адам шын ілім ізденуші бола алмайды. Сен қайда болсаң да, сол жерде шамаң келгенше оқуың керек! Алла он жыл оқу орнынан алыс етсе, сонша уақытқа оқуды кейінге қалдырасың ба? Ғалымдардың "фиқһты бір сәтке тоқтата салғысы келген адам оны бірден тастасын, өйткені бұл ілім — бесіктен қабірге дейін" деген сөзін білмей ме?!

Zukhridin Al-Hanafi

20 Oct, 04:42


Шейх Юсуф Хаттардан бір кісі: «Ұстаз, біздің заманда шыншыл адамдар мүлде қалмады», – деп айтыпты. Сонда Шейх күліп: «Шыншыл адам шынайы шыншылдарды табады», – деп жауап берген екен.

Айналамда бәрі жаман адамдар, менің өзгеруім қиын, анау-мынау деп сылтау айтатындар көп. Біліп қойыңыз, егер сіз шынайы шыншыл болсаңыз, Алла Тағала сізге де шыншыл адамдарды көрсетеді.

Zukhridin Al-Hanafi

19 Oct, 19:12


Шейх Омар Әл-Жәйләни حفظه الله

Zukhridin Al-Hanafi

19 Oct, 09:29


Уа Раббым! Көп сөйлеп, өзін жоғары қойғандардан емес, үнсіз жүріп, нақты істерімен көрінгендерден ете гөр!

Zukhridin Al-Hanafi

19 Oct, 03:36


Егер ілім оқып, ізденіп жүрген шәкірт өз оқуында шынайылық танытатын болса, мықты ұстазды есігінің алдында-ақ табады.

Шейх Омар ал-Джайлани (Алла өміріне берекет берсін)
___
Бұл ғалым ұстаз бізге имам Ғазалидің “Мизан ал-амал” атты кітабынан сабақ берген. Кітапты бітіріп, ұстаз кетіп қалғаннан кейін барып, бұл кісінің көзіне ота жасау керек болғандығын білдік. Сөйтсе, шама келгенше бізбен кітапты бітіру үшін ота жасалатын уақытта емханаға бармай, біз үшін қалып, кітап оқыды. Алла Тағала барша ғалымдарымыздың өмірін ұзақ қылып, ауру-дерттерден сақтасын!

Zukhridin Al-Hanafi

18 Oct, 17:52


– Рухани құлдырау қай кезде болады?

– Рухани құлдырау, егер адам тек денесін ғана азықтандырып, рухына көңіл бөлмегенде болады.

Адамның денесі тамаққа мұқтаж болғаны сияқты, рухы да рухани азыққа зәру.

Zukhridin Al-Hanafi

18 Oct, 16:10


«Бір ғана ереже бар: Егер пайдаң тимесе, зияныңды тигізбе.
Әрдайым есте сақта: Адамдарға зиян тигізбеу – бұл да ғибадаттың бір түрі!»


©️Ахмад әш-Шарқауи

Zukhridin Al-Hanafi

18 Oct, 04:42


Болницада аяқ-қолы сал болып, істемей қалған адам: «Аллаһым, сенің берген нығметтеріңе мың шүкір, маған берген нығметің неткен ұлық», – десе, ал осы сөзді көшеде аяқ-қолы жоқ, көзі соқыр кісі айтса ше?!

Кеше бір отырыста болдым, сол отырыста Нұрмұрат ұстаз да болды. Ол кісі мынадай оқиғаны баяндап берді: бірде табиғиндерден Ибраһим бин Адһам көшеден өтіп бара жатып, жерде жатқан аяқ-қолы кесілген, үсті-басы жара басқан, көзі соқыр бір адамның «Уа, Раббым, нығметтеріңе мың шүкір, маған берген нығметің неткен ұлы!» деп жатқанын естиді. Таң қалып, қасына барып: «Қол-аяғың неге кесілген, көзің неге көрмейді, үстіңдегі жара не?» деп сұрайды. Әлгі адам қол-аяғының ауру себепті кесілгенін, көзі де сол себепті көрмейтінін, үстіндегі жара жаман аурудан екенін айтады. Ибраһим бин Адһам: «Осындай ауыр хәлде бола тұра, соншама шүкірлік етуіңнің себебі не?» – деп сұрағанда, әлгі адам: «Аллаһым менің қол-аяғымды алды, көзімді алды, бірақ зікір ететін тілім мен шүкір ететін жүрегім қалдырды», – деп жауап береді.

Ол адамның хәліне қарап, өзімізді ойланайықшы, халайық! Біз қаншалықты шүкірсізбіз?

Zukhridin Al-Hanafi

18 Oct, 02:05


Адамдарға мәселеңді айтсаң, сенен өткен қиындық көрген ешкім жоқтай.

Ал Аллаға дұға етсең, ешбір проблемасы жоқ адамдайсың.

Енді қиындықтарың шешілмей жатса, кімді кінәлайсың?

Zukhridin Al-Hanafi

17 Oct, 09:59


Ілім сөзі төрт-ақ әріптен тұрса да, оған қол жеткізу үшін адамның өмірі аздық етеді

Zukhridin Al-Hanafi

17 Oct, 05:44


Қолымызда жоқ мүмкіндіктерді тілге тиек етіп, "анауым болса былай етер едім, мынауым болса былай істер едім" деуден не пайда? Біз қолымызда жоқ заттан сұралмаймыз ғой, қолымыздағы мүмкіндіктерден сұраламыз.

Қолымыздағы мүмкіндіктерді қолданғанда, бізге берілмей жатқан жаңа мүмкіндіктер ашылатын шығар.

Zukhridin Al-Hanafi

16 Oct, 03:34


Сонымен қатар бүгін - жаңа мүмкіндіктер сандығының ашылған күні

Zukhridin Al-Hanafi

16 Oct, 03:32


Бүгінгі күн біреулер үшін соңғы мүмкіндік болуы мүмкін

Zukhridin Al-Hanafi

16 Oct, 01:46


Егер бүгін өміріміздегі соңғы күніміз болса, оны намазсыз өткізер ме едік? Ал бүгіннің соңғы күн емес екеніне кім кепіл бола алады?

Zukhridin Al-Hanafi

15 Oct, 18:30


Көп білетін адам жақсы ма, әлде көп істеген адам ба? Нағыз жақсы – әр ісін терең түсініп, біліп жасаған адам.

#түнгіой

Zukhridin Al-Hanafi

15 Oct, 18:25


Ең ұлы ашу – адамның өзіндегі надандықты аңғаруы болса керек. Өз кемшілігін танып, соны түзетуге ұмтылу – нағыз даналықтың бастауы.

#түнгіойдыңбірі

Zukhridin Al-Hanafi

15 Oct, 14:58


Нығметтің қадірін дер кезінде бағалау да – үлкен нығмет.

Zukhridin Al-Hanafi

15 Oct, 14:55


Кейде адамға қажетсіз сыйлықтар беріледі. Бүгінде жақыныңыздан "Сізге не сыйлау керек?" деп сұрау ұят емес шығар деп ойлаймын кейде.

#өтенәзікмәселе

Zukhridin Al-Hanafi

15 Oct, 13:03


«Ұят кетті, бәрі кетті» деген осы шығар. Мысалы, ұяты жоқ адам өзі істемей жүрген нәрсені өзгелерге ұялмай-ақ үгіттей береді. Күніне бір бет те кітап оқымайтын адам басқаларға «күнде он бет оқып тұру керек» деп ақыл айтуы – соның айқын дәлелі.

(Дағуатқа қатысты емес)

Zukhridin Al-Hanafi

15 Oct, 11:44


Интернетте сағаттап отырудың зиян екенін біле тұра, оны тоқтатпайтын, тамақты артық жеудің зиянын біле тұра, өзін тыймайтын адамға басқалар мейірім көрсетпесе, ренжудің не қажеті бар?

Өзіне жақсылық жасамаған адам оны өзгеден күткені қалай?, қызық...

Zukhridin Al-Hanafi

15 Oct, 11:39


Табаға табиғиндердің бірі бір күні салынып жатқан үйдің қасынан өтіп бара жатып: «Бұл үй қашаннан бері салынып жатыр?» – деп сұрайды. Кейін өзіне қатысы жоқ іске араласқаны үшін өзін жазғырған ол, бір жыл бойы нәпіл ораза ұстапты.


Мұны оқып отырып, біз де «ерлерміз» деп жүргенмен, олардың «ер» болуымен біздің «ер» болуымыздың айырмашылығы жер мен көктей екенін тағы бір рет түсіндім.