Galymdar.kz @galymdarkz Channel on Telegram

Galymdar.kz

@galymdarkz


Galymdar.kz (Kazakh)

Galymdar.kz телеграм каналы — осы канал жарнамалар мен жаңалықтар арқылы мен күптелген білім алуға мүмкіндік беретін веб-портал. Осы каналда оқушыларға білім беру үшін арнайы білімді артықшылықтар мен анықтамалар беріледі. Galymdar.kz телеграм каналы арқылы сіз өзіңіздің біліміңізді арттыру мүмкіндігін табасыз. Каналда арнайы оқу материалдары, тапсырмалар мен сұрақтар бар. Сіз де мектеп қорытындыларды қалайсыз емес, преподавателинің сабақтары жайлы кез келген хабарламалардан хабардар бола аласыз. Galymdar.kz телеграм каналына үйренушілер арасында білім беру процесі туралы байланысты ең соңғы жаңалықтар мен білім беру ресурстарын үйренушілер бен бақылаушылар қатысады.

Galymdar.kz

16 Feb, 20:13


Мулла Әли Қари барлық сахабалардың қабірлері Мекке зиратында нақты орнымен белгіленбеген деп есептейді, тіпті Хадиша анамыздың (Алла оған разы болсын) қабірі де дәл анықталмаған. Ол жайлы пікір көбінесе кейбір әулиелердің түстеріне сүйене отырып айтылған.

Galymdar.kz

16 Feb, 14:56


Әбу Умама әл-Бахилиден (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі, Алланың Елшісі (ﷺ) айтты:

“Алла құлына жақсылық қаласа, оны өлерінен бұрын тазалайды.”

Сахабалар: “Құлды қалай тазартады?” – деп сұрады.

Пайғамбар (ﷺ) былай деді:

“Оған жақсы амалдар жасауға шабыт береді, осылайша ол бұл амалдарды орындап жүріп жан тапсырады.”

Galymdar.kz

14 Feb, 12:55


Сөздеріңнің қалай әсер ететінін елестетші…
Сен біреудің өмірінен кетсең де, сенің айтқаның оның жүрегінде мәңгілікке қалады.

Galymdar.kz

13 Feb, 17:12


Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) айтты:

“Кім түнде Ясин сүресін оқыса, таң атқанда күнәлары кешірілген күйде болады.”

Шейх Уайл Ханбалидің (хафизаһулла) каналынан аударылды

Galymdar.kz

12 Feb, 13:24


Білім мен таным жолында қаржылық құрбандықтарға дайын болу қажет. Білім – ең құнды нәрсе, сондықтан оған жұмсалған қаражатты ауырсынбау керек. Баланың білім алуы үшін оның уақытын дүние табуға жұмсау немесе сылтаумен бос өткізу қателік болмақ. Демалыс пен уақытша жеңілдіктер үшін білімді кейінге қалдыру – әлсіз сылтау ғана.

📚Ұлы тұлғалардың аналары

Galymdar.kz

11 Feb, 15:24


Тәрбиеге ортақтасу

Кейбір әкелер кешкісін жұмыстан шаршап келген соң, бала тәрбиесіне араласқысы келмейді. Алайда, шындық мынада: күн бойы балаларының жағдайын жасап, оларға қамқор болған ана да шаршайды. Ол да күйеуінің түсіністігі мен қолдауына мұқтаж.

Бұл оған көп нәрсеге міндеттейтіндей ауыр жүк емес. Жай ғана баласын анасынан алып, өз қолына алу арқылы бірнеше маңызды мақсаттарға қол жеткізе алады:
• Біріншіден, ол өзімен және баласымен арасындағы байланысты нығайтады.
• Екіншіден, бұл оның жұбайына деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын көрсетеді.
• Үшіншіден, әйелінің еңбегін бағалайтынын білдіреді.
• Ең бастысы, әйелі өзін әлі де бұрынғыдай бағаланатын, сүйікті және қамқорлыққа лайық жан ретінде сезінеді.


Бала тәрбиесіне қатысты жабық каналдан.

Galymdar.kz

05 Feb, 15:53


Ілім жолында жүрген шәкірттен “ақшаң барма?” деп сұралмайды. Ақша беру керек болды. Тамақ жейсің ба демей тамақ алып беру керек.

Galymdar.kz

05 Feb, 02:34


1984 жылы бір шәкірт ауруына байланысты екі апта бойы медресеге бара алмайды. Алланың қалауымен сауығып, қайта оралғанында, ұстазы “Муғни әл-Ләбиб” кітабын түсіндіріп жатқан еді.

Алайда шәкірт ойға шомып: «Аллаға шүкіршілік ретінде және достарымды қонақ ету үшін бір қой ма, әлде екі қой сойсам ба? Біреуін сойсам жеткіліксіз болар, ал екеуін сойсам, әкеме ауырлық түседі…» – деп қиялға батып отырады.

Дәл сол сәтте ұстазы сабақты тоқтатып, қатты дауыспен:

«Екі қой сой да, дереу сабаққа көңіл бөл!» – деп бұйырады.

Таңғалған шәкірт екі қой сойып, достарын қонаққа шақырады.

Міне, сол ұстаз – ғұлама Абдурраззақ әл-Халәби,
Ал шәкірт – шейх Айман Ша’бани еді.

#әулиелік

Galymdar.kz

04 Feb, 13:17


«Қызына жақсы тәрбие беру үшін тәрбиеге қатысты екі жүз кітап оқыған әйелді білемін. Ол әр оқығанын қызының тәрбиесінде іс жүзінде қолданады» – деп айтқан еді Шейх Әдһам (хафизахулла).

📖 Біз жабық арнада оқитын кітап бала тәрбиесіне байланысты 113 еңбектен алынған маңызды тұжырымдарды қамтиды.

Демек, бұл курсқа қатысу арқылы сіз бала тәрбиесіне қатысты 113 еңбектің мазмұнын толық игересіз!

Ең алғашқы түскен аят үш маңызды нәрсені қамтиды: Оқу, білім алу және жазу.

Galymdar.kz

04 Feb, 12:01


Құрметті оқырмандар!

Бұл кітаптан жабық арнада аудио сабақтар жазып қойдық және әлі де жазылып жатыр.

Қосымша: «Ұлы тұлғалардың аналары» атты PDF кітабы сыйға беріледі!

📌 Қосылғысы келгендер үшін:
WhatsApp: 87786363949 (Telegram-ға жазбаңыз).
Бағасы: 8 000 тг.

Galymdar.kz

02 Feb, 05:50


Қиындықтан кейін міндетті түрде жеңілдік келеді.
Алла бір есікті жапса, оның орнына одан да қайырлысын ашады.
Егер жағдайың қиындап кетсе, есіңде болсын: сенде бар нәрсені өзгелер армандап жүр.

Сондықтан, әр нәрсе үшін “Әлхамдулилләһ” деп шүкір ет.

Galymdar.kz

01 Feb, 06:25


Білім адам мінезін көркейтеді:

Бір адам Имам Уәкиғ ибн әл-Жаррахты балағаттады, бірақ ол оған жауап қатпады.

Сонда жанындағылар:

— Неге оған жауап қайтармайсыз? – деп сұрады.

Сонда Имам:

— Біз білімді не үшін үйрендік сонда?! – деп жауап берді.

(«Рауратул-уқала» – Ибн Хиббан)

Galymdar.kz

23 Jan, 12:55


Діни сұраққа жауап беретін адамның әдебі бойынша, егер ол өзінен де білімі тереңірек адам бар екенін білсе, сұрақ қойған адамды өзінен білімдірек кісіге жолдауы керек. Бұл туралы әңгімелердің бірінде сахабалардың бір тобы Курайбты Айша анамызға жіберіп, оған сәлем жеткізуді және аср намазынан кейінгі екі ракат жайында сұрауды өтінгені айтылады. Айша анамыз: «Бұл туралы Умму Сәләмадан сұра!» – деп жауап береді.

Мулла Қари (рахимахуллаһ) бұл оқиғаға қатысты былай дейді:
«Бұл оқиғада Айша анамыздың шынайы насихатшылығы, әділеттілігі және кішіпейілділігі көрінеді. Себебі ол Умму Сәләмадан жоғары әрі білімді бола тұра, мәселені оған тапсырды. Себебі Умму Сәләманың бұл мәселеде Айша анамыз білмеген ілімі болуы мүмкін еді. Сонымен қатар, сәләфтар тек мәжбүр болған жағдайда ғана пәтуа беретін, ал одан басқада абай болатын.»

Бұл – шынайы білім мен кішіпейілділіктің айқын үлгісі.

Galymdar.kz

21 Jan, 19:07


Сахих хадисте айтылады: «Ақиқатында, Алла бұл дінді бұзық (күнәһар) адам арқылы да қолдайды».

Бұл хадистен бұзық (пасық) ғалымды да есептеуге болады!

Galymdar.kz

20 Jan, 09:53


Әбу Я’лә өз кітабында әл-Бара ибн ’Азибтен (Алла оған разы болсын) риуаят етті: «Мен Пайғамбарымыздан (ﷺ) бір мәселе жайында сұрағым келді, бірақ Оның айбындылығынан екі жыл бойы сұрай алмай жүрдім.

Galymdar.kz

19 Jan, 21:15


Адамдарға мұқтаждығыңды білдірмей жүрсең(өзіңді бай секілді ұстап) Аллаһ өзі байытады.

📚Мирқат

Galymdar.kz

19 Jan, 19:47


Сәләм ибн Әбу Мұтиғ айтты:
Қатада ибн Диғама (Алла рақымына алсын) Құранды жеті күнде бір рет хатым ететін. Рамазан келгенде әр үш күнде бір рет хатым жасайтын. Ал соңғы он күндікте Құранды әр түні хатым ететін.

Оның үстіне ол кісі зағип болған.

Galymdar.kz

16 Jan, 12:03


Шүбәсіз ғалымдарды жоғалту – аса үлкен қасірет. Оның қаншалықты ауыр екенін тек білімнің құнын түсінген адам ғана біледі.

Шейх Әдһам әл-Асими(хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

16 Jan, 09:06


Менің каналым емес. Туркиядан кітап заказ берем десеңіздер осы каналға тіркеліп алсаңыздар болады.

Galymdar.kz

16 Jan, 09:05


https://t.me/maktabatulhanafia

Galymdar.kz

15 Jan, 12:33


Бір күні шейх қалтасынан әмиянын шығармақ болып еді, оны ұрлап кеткенін байқады. Сонда ол былай деді:
“Алла Тағалам, егер оны алған адамға шынымен қажет болса, оған оны берекелі ет және оны кешіре гөр. Егер оған мұқтаж болмаса, бұл күнәсін соңғысы қылғайсың!”

Бұл – жүректері Раббысына байланған нағыз тақуа адамдардың күйі. Олар ұрының да жағдайын ойлап, дұға жасайды.

Бұл оқиға шейх Сария әр-Рифағи – туралы. Алла оған рақым етсін, ұрпағына және шәкірттеріне береке берсін.

Шейх Уайл Ханбалидің парақшасынан алынды. Алла оған разы болсын!

Galymdar.kz

10 Jan, 09:52


Пайғамбар Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) айтты:

«Сендерден біреу жұма күні қалғып кетсе, отырған орнын өзгертсін…»


Шейх Уайл Ханбалидің(Хафизаһуллаһ) парақшасынан аударылды.

Galymdar.kz

04 Jan, 20:01


Бадр әд-Дин әл-Айни(Алла рақымына алсын) айтқан:

«Әдептіліктің белгісі – үшеуі бірге жүргенде, олардың ең үлкені ортасында жүреді, ал қалған екеуі оны екі жағынан қоршайды: дәрежесі бойынша оған ең жақыны оның оң жағында, ал екіншісі сол жағында болады».

Galymdar.kz

04 Jan, 11:32


Салиқалы алдыңғы буын ғұламаларының бірі айтқан:

«Қандай да бір қауымның ішінде намазды ұқыпсыз орындап, оған жеңіл қарайтын біреу болса, ал өзгелері оны бұл әрекетінен тоқтатпаса, олардың ең алғашқы жазасы – ризық-несібелерінің азаюы болады!»

Бұл сөзді хафиз Ибн Рәжәб «Фатх әл-Бари» еңбегінде (3/144) келтірген.

Бұл өте қорқынышты!

Раббым, мені және ұрпағымды намазды толық орындаушылардан қыл!

Шейх Уайл Ханбалидің парақшасынан аударылды

Galymdar.kz

31 Dec, 12:19


Режеп айының маңызды оқиғаларының бірі – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) анасы, Әмина анамаздың оған жүкті болуы.

Galymdar.kz

31 Dec, 10:14


Білімнің берекесі – айтылған сөздерді иесіне сілтеме жасауда. Бұл аманатқа адалдық таныту мен опасыздықтан аулақ болу болып табылады. Сондай-ақ, бұл кітаптардан пайда көрудің ең үлкен себептерінің бірі саналады.

Имам Суюти (Алла рақымына алсын)

Galymdar.kz

24 Dec, 20:17


Кімде-кім қиындық көрген адамға жәрдем етсе, Алла оған кеңшілік жасайды! Кімде-кім біреудің жүрегін жібітсе, Алла оның жүрегін жібітеді! Кімде-кім біреудің жүрегін қуантса, Алла оның жүрегін қуантады! Кімде-кім біреудің ауыртпалығын жеңілдетсе, Алла оның ауыртпалығын жеңілдетеді! Кімде-кім біреудің көз жасын сүртсе, Алла оның көз жасын сүртеді! Алладан артық жомарт та, сенімді де ешкім жоқ.

Жақсылық жасау — жамандықтан қорғайды.

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

24 Dec, 13:17


Алланың алдында әлсіздігіңді толықтай көрсет: жыла, шағымдан, жалбарынып, сұра. Ал адамдардың алдында басыңды тік ұста, жараңды жасырып шыда. Адамдардың көзіндегі аяушылық — сен үшін тағы бір сыну, ал адамдардың иығына сүйену — сен үшін тағы бір әлсіздік.

Шейх Әдһам Шарқауи (хафизаһулла)

Galymdar.kz

24 Dec, 09:00


Кім ойлады дейсің, жылдар бойы қой баққан Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Алламен сөйлесетін пайғамбарға айналады деп?!

Немесе Құрайыштың бай-манаптарының қойын аз ғана ақшаға баққан Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кейін соңғы пайғамбар әрі елші болатынын?!

Мүмкін, өміріңнің ең әдемі күндері әлі алда шығар. Аздап күш салып, Аллаға деген сеніміңді нығайта түссең, алда сен күтпегендей керемет күндер келетінін көресің!

Шейх Әдһам Шарқауи (хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

23 Dec, 17:43


Кімде-кім бір нәрсені Алла разылығы үшін тастаса, Алла оған одан да жақсысын нәсіп етеді.

📚Тайсир әл-Карим

Galymdar.kz

23 Dec, 05:35


Шейх Салих Фурфур(Алла рақымына алсын) былай деп айтатын: Балам ! Алла Тағала кәпірге де, шошқа, итке де ризығын беріп жатыр, ал енді Алланың дінін үйреніп жүрген адамды ризықсыз қалдырады деп ойлайсың ба ?!

Galymdar.kz

22 Dec, 16:02


Мәдина қаласында ең танымал мешіт "пайғамбар мешіті" бірақ пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) одан бөлек көптеген мешіттер салған. Бірақ адамдардың көбісі тек пайғамбар мешітін ғана біледі. Имам Бұхари өзінің кітабында "Мәдинаның жолында салынған мешіттер" деген бөлім ашқан. Яғни Мәдинада пайғамбарымыз өте көп мешіттер салған.

Имам Самһауи "әл-уафаул уафа" кітабында пайғамбарымыз Мадинада салып кеткен 9 мешіттің есімдерін келтіріп шығады.

Galymdar.kz

20 Dec, 05:45


Айша анамыз (Алла оған разы болсын):
Алла елшісі ﷺ сөзі мен киімі ер адамға ұқсаған әйелді лағнеттеді.

Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) ойлау жүйесі ер адамға ұқсаған. Сол себепті әйел адамның ойлау жүйесімен ілім жағы ер адамға ұқсаса проблема жоқ.

📚"Бәһжату әл-уардияту фи хаяти заужия”

Galymdar.kz

19 Dec, 19:55


Есімдерді жаттау (ғалымдардың, рауилердің) ең қиын жаттаулардың бірі.

📚Сафахат мин сабри әл-улама

Ғалымдардың есімдерін жаттау да бір ілім ғой.

Galymdar.kz

19 Dec, 16:45


Құранға құрмет көрсетудің бір түрі – оны қойған кезде ашық қалдырмау, және оның үстіне басқа кітаптарды қоймау. Құран әрқашан басқа кітаптардан жоғары тұруы тиіс.

Хаким ат-Тирмизи (Алла оны рақымына бөлесін)

Galymdar.kz

18 Dec, 15:16


20-ғасырда Имам деген лауазымға лайық болған әзірге ең соңғы адам – Имам Мухаммад Захид әл-Кәусари. Ханафи, матуриди мәзһабында болған ұлы ғалым.

#ғалымтану

Galymdar.kz

18 Dec, 13:38


Құрметті бауырлар, сахабаларды (Алла олардан разы болсын) немесе ұлы тұлғаларды қорғау тек сезімге беріліп, білімсіз жасалмауы керек. Кез келген тұлғаны қорғау үшін міндетті түрде ол туралы білім алу қажет: оны оқып, зерттеп немесе тыңдап, түсіну керек. Ұлы тұлғалардың өмірбаянын оқымай қалай оларды қорғайсың?

Шейх Әдһам әл-Асими (хафизаһулла)

Galymdar.kz

15 Dec, 04:19


Кімде-кім бір нәрседен қорықса немесе қатты уайымға түссе ясин сүресін оқысын деген. Пайғамбарымыздың (Алланың игілігімен сәлемі болсын) үйін мүшріктер қаруларымен қоршап алған кезде ясин сүресін оқып шыққан еді.

Шейх Әдһам (хафизахулла)

Galymdar.kz

12 Dec, 11:38


1. Имам Бұхариді анасы тәрбиеледі.
2. Имам Ахмад ибн Ханбалды анасы тәрбиеледі.
3. Имам Шафиғиды анасы тәрбиеледі.
4. Хафиз ибн Хаджарды оның әпкесі тәрбиеледі.
5. Сұлтан Салахуддинді анасы тәрбиеледі.

Ана – көшбасшылар мен ғалымдарды тәрбиелейтін мектеп

📚“Ұлы тұлғалардың аналары”


Алла қаласа кітап 1-2 күнде сатылымға шығады.

Ескерту: кітап пдф форматта, шамамен 70-80 бет болады.

Galymdar.kz

09 Dec, 12:54


Басым көпшілік ғалымдардың өз отанына қайтатыны сөзсіз. 2012-2024 жылдар аралығында Стамбулда мағһад оқып үлгерген бауырларға Алланың үлкен тауфиғі болды. Алла берекелі етсін.

Galymdar.kz

09 Dec, 09:21


Соңғы 10 жылда біздің ғалымдарымызды қабылдаған барлық елдерге алғысымызды білдіреміз, бірақ қазір олардың өз еліне оралғанын қалаймыз, өтінеміз.

Galymdar.kz

06 Dec, 13:42


Намаз қатарларындағы бос орынды толтыру

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:
“Кім намаз қатарындағы бос орынды толтырса, Алла оған жәннатта бір үй салады және оның дәрежесін көтереді.”

(Айша анамыздан риуаят етілген. «ибн Мәжа»)

Galymdar.kz

28 Nov, 14:39


Мұсылмандардың дағдарыстан шығуы мен өркендеуі әйелдің қоғамдағы рөлін құрметтеп, оған лайықты мән беруімен байланысты. Әйел – ерлерді, басшыларды, ғұламаларды тәрбиелейтін орда. Егер бұл рөл еленбесе, қоғам адасу мен қиындықта қала береді.

📚“Ұлы тұлғалардың аналары” кітабынан

Galymdar.kz

27 Nov, 11:35


Көптеген ұлы ғалымдардың тәрбиесін олардың аналары берген, және олар көптеген ұрпақтарға үлгі болып, үлкен із қалдырған. Сондықтан «Оны әйел тәрбиеледі!» деп кемсітуге ешқандай негіз жоқ.

📚“Ұлы тұлғалардың аналары” кітабынан

Galymdar.kz

24 Nov, 20:29


Имам Малик үйінің шатырын бұзып, ағашын сатуға мәжбүр болғанда, анасы оған ешқандай қарсылық танытқан жоқ.

Ибн әл-Қасимның айтуынша: «Имам Малик білім алу жолында үйінің шатырын бұзып, ағашын сатуға мәжбүр болды».

📚Ұлы тұлғалардың аналары

Galymdar.kz

22 Nov, 12:24


Алланың жақсы көретін нәрсесін істе, сонда Ол саған сен жақсы көретін нәрсені береді!

Шейх Әдһам(хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

18 Nov, 17:31


Әлемнің сақталуы – Алланы еске алудың берекесінде. Егер ол тоқтаса, әлем жойылып, қирайды!

Сахих хадисте: «Қиямет “Алла, Алла” деп айтатын ешкім қалмаған кезде ғана келеді», – делінген.

Бұл ғалымдар мен ізгілердің берекесі әлемдегі жындар мен адамдарға ғана емес, жануарлар мен жансыз заттарға да әсер ететінін дәлелдейді.

#Ғалымдар_жамағаты
#Алланы_еске_алушылар

Galymdar.kz

16 Nov, 11:14


Құранды жаттаудағы маңызды ережелердің бірі:

Әр күн сайын жаттауға міндеттену: белгілі бір мөлшерді тағайындап, оны азайтпау керек. Егер сіз бірнеше күн бойы сол нәрсеге әдеттенсеңіз, шайтанның азғыруына ермей, жалқаулыққа итермелеуші себептерден аулақ болсаңыз, онда жаттау процесіне әбден үйреніп, жаттауыңыз тамақ пен сусын сияқты күнделікті өміріңіздің бір бөлшегіне
айналады.

📚Құран жаттау керек еді..

Galymdar.kz

15 Nov, 14:37


Оқушы өз дәрісінде дауысын көтеріп оқу керек, сол арқылы өзінің дауысын естігені жөн. Себебі құлақпен естілген нәрсе жүректе сақталады. Адам өзі оқығанынан гөрі естігеніне көбірек мән береді. Сондай-ақ оның сөйлеу шеберлігі артады.

📚Кайфа тахфазу әл-Құран

Galymdar.kz

11 Nov, 16:08


Атақты ғалым ибн Хажар Асқаланидің (رحمه الله) 52 әйел ұстазы болған. Солардың ішінде әйгілі болғандар Фатима әт-Таннухия мен Фатима әл-Мақдисия.

Ол дәуірде әйелдердің ғылыммен көп айнылысқанына дәлел.

Galymdar.kz

11 Nov, 15:49


Жаттаған сүрелеріңді қайталаудың ең жақсы жолы - түнгі намазда оқу. Өйткені, ол кезде адамның ойы таза және жүрегі басқа істерден бос болады.

📚Құран жаттау керек еді

Galymdar.kz

06 Nov, 19:27


Егер адамдар сенің қадіріңді білмесе, үмітіңді үзбе. Алла сенің кім екеніңді білгені жеткілікті . Біздің Нұх пайғамбарды (Алланың сәлемі болсын) тануымыз оның таразысына ештеңе қоспайды, және Алла бізге айтпаған пайғамбарларды білмеуіміз олардың таразысынан ештеңені азайтпайды.

Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

03 Nov, 11:29


Жаратылыстың негізі – адамның табиғатынан ажырамайтын қасиет!

Алла Адамды топырақтан жаратты, ал топырақ – ағаштар мен өсімдіктер өсіп шығатын орын. Сондықтан ер адам өзінің құндылығын еңбектеніп, өндіруден табады!

Алайда Алла Тағала Хауаны Адамның қабырғасынан, жүрек тұсынан жаратты.

Сол себепті, әйелдің еңбек пен өндіріске қатынасы біршама алшақ.

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

31 Oct, 15:22


Арабтар жол таңдамас бұрын сапарлас дос таңдайтын, үй таңдамас бұрын көршіні таңдаған!

Ізгі дос — өмірдің ең үлкен нығметтерінің бірі. Ол – терең құдық, оған өз құпияңды сеніп тапсыра аласың.

Ізгі дос- ақылға қонымды ой, онымен мәселелеріңді бөлісе аласың.

Ізгі дос- жылы иық, оған қайғыңды сүйеніп жеңілдете аласың.

Ізгі дос- жұмсақ қол, ауыртпалығыңды жеңілдететін тірек.

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

26 Oct, 05:45


Жеңілдіктің аяқталуына 1 жарым сағат қалды

Galymdar.kz

22 Oct, 12:40


Егер жалғандық өз шыңына жетсе, бұл ақиқаттың жеңісі жақын дегенді білдіреді!

Алланың әлемдегі заңы бойынша, кез келген нәрсе өз шыңына жеткенде, кері құлдырау басталады.

Сондықтан есіңде болсын: түннің ең қараңғы сәті — таң алдында аз ғана уақыт қалғанда болады!

Galymdar.kz

21 Oct, 19:32


Ал алпыс жасқа келгенде, Хадишаның құрбыларының сексенге таяғанын көріп, өзінің шапанын шешіп, оларға отыруға ұсынды. Жанындағылардың таңданысын сейілтіп:

«Бұлар Хадишаның құрбылары ғой!» — деді.

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

21 Oct, 19:12


Айшаның өзі қабірінде жатқан Хадишадан қызғанатын және оған: «Әлі де оны есіңе аласың ба? Алла саған одан да жақсысын бермеді ме?» деп айтатын.

Ал ол(Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла мені Хадишадан артық ешкіммен алмастырған жоқ!» деп жауап беретін.

Неткен адалдық!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

21 Oct, 10:27


«Ілім іздену – ризықтың ең үлкен себептерінің бірі.»

Маған сеніңіздер, мен аспаздықты оқығанмын, бес жыл оқыдым. Аспаздыққа келгенде бізге ең үлкен жалақыны аспаздар алатынын айтатын: бас аспаздың жалақысы барлық жалақылардан жоғары. Біз барлығымыз жас кезімізде дүниені іздеу үшін аспаздықты таңдадық. Мен аспаздықты оқығанда 15 жаста едім, менің мамандығым аспаз болатын. Мен аспаздықты үйрендім және осы өмірді сүрдім, бірақ Алла Тағаланың маған берген үлкен мәртебесі - мен аспаздықтан дін іліміне ауыстым. Қазір, Алланың қалауымен, мен аспаз болып жұмыс істеп жүрген барлық достарымнан әлдеқайда жақсы өмір сүріп жатырмын.

Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

20 Oct, 11:43


Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) Мәдиянға жеткенде, оның не үйі, не жұмысы, не жұбайы жоқ еді. Ол жақсылық жасады да, көлеңкеге барып, қолын көкке көтеріп:

رَبِّ إِنِّي لِمَآ أَنزَلۡتَ إِلَيَّ مِنۡ خَيۡرٖ فَقِيرٞ

Мағынасы:

«Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!» – деді.


Дұғаның транскрипциясы:

“Рабби иннии лима әнзәлта иләййә мин хайрин фақиир”


Осы дұғаны айтқан күні күн батпастан, оның үйі, жұмысы және жұбайы болды!

Сіз де осы дұғаны әрбір жасаған жақсылығыңыздан кейін оқып көріңіз!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

19 Oct, 13:47


Шейх Бадруддин әл-Хасани, хадис ғылымының үлкен ұстазы (Алла оны рақымына алсын), Дамаскіде үш түрлі мәжіліс өткізетін еді: бір мәжілісі барлық адамдармен, екіншісі саудагерлермен, ал үшіншісі тек таңдаулы ғалымдармен болатын.

Galymdar.kz

19 Oct, 11:50


Муса Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) туралы:

Анасы: «Оны өзенге ағызып жібер және ол үшін еш қорықпа!» (Қасас, 7)

Екінші анасы: «Оны өлтірмеңдер» (Қасас, 9)

Қарындасы: «Сенің қарындасың барып...» (Таһа, 40)

Жұбайы: «Әкетайым, оны жалдап алыңыз...» (Қасас, 26)

Ұлы тұлғалардың жетістіктерінде әйелдердің үлесі жоқ деп айту мүмкін емес!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

18 Oct, 16:36


Перғауынның сарайынан Асия шықты, Қағбаны тауаф жасайтын бұл үмметтің қыздарынан неге ғалым әйелдер шықпайды

Нуруиддин Илдиз(Хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

15 Oct, 09:48


Имам Ахмад ибн Ханбал кішіпейілділікті Алла Елшісінен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үйренді. Ол Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өз қойын сауып, аяқ киімін жөндеп, киімін тігіп, жұбайы Айшамен жарысқанын және жұбайы Сафияның көз жасын сүрткенін білді.

Бірде сахабалар (Алла оларға разы болсын) бір қойды соймақ болып, жұмыс бөліседі. Біреуі: «Мен қойды соямын», — десе, екіншісі: «Мен оның терісін сыпырамын», — дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Мен отын жинаймын», — деп айтқан екен.

Galymdar.kz

15 Oct, 09:45


Имам Ахмад Бағдадтың базарына барып, бір бума отын сатып алып, оны иығына салып көтеріп жүрді. Оны көрген адамдар оған қарай жүгірді. Дүкен иелері дүкендерін тастап, өтіп бара жатқандар тоқтап, сәлем беріп жатты. Бәрі: «Отынды біз көтереміз!» – деп айта бастады.

Имамның жүзі қызарып, көзіне жас келді де, ол: «Біз бейшарамыз, Алла Тағала біздің күнәмізді жасырмағанда, масқарамыз шығар еді», – деді.


📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

10 Oct, 15:32


Бір сөздің өзі адамды өзгертеді

Рилс ➡️жақсы сөз сөйлейік

Galymdar.kz

10 Oct, 15:16


Кім ойлады дейсің, жылдар бойы қой баққан Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Алламен сөйлесетін пайғамбарға айналады деп?!

Немесе Құрайыштың бай-манаптарының қойын аз ғана ақшаға баққан Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кейін соңғы пайғамбар әрі елші болатынын?!

Мүмкін, өміріңнің ең әдемі күндері әлі алда шығар. Аздап күш салып, Аллаға деген сеніміңді нығайта түссең, алда сен күтпегендей керемет күндер келетінін көресің!

Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

09 Oct, 17:04


Ешқашан жасап жүрген қызметіңнен ұялма!

Жаңа рилсты көру үшін басыңыз

Galymdar.kz

08 Oct, 18:33


Уа, Алла! Маған Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын) сеніміндей сенім бере гөр,

Әбу Бәкір оған: «Егер олардың бірі аяқтарының астына қараса, бізді көріп қояды» дегенде,

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Уа, Әбу Бәкір! Екі адамның үшіншісі Алла болғанда, неге қорқасың?» — деп жауап берген.

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

08 Oct, 16:56


Уа, Алла! Бізге Мұса пайғамбардың сеніміндей сенім бере гөр,

Теңіз алында, Перғауын артында, және оның қауымы оған: «Біз ұсталып қаламыз!» деп айтқан кезде,

Ол: «Жоқ! Менің Раббым менімен, Ол маған жол көрсетеді» деп жауап берді.

📚Мин Расайл әл-Құран

Galymdar.kz

08 Oct, 16:18


Адамдардың тілінен қалай аман қаламын

☝🏻Көру үшін үстін басыңыз

Galymdar.kz

07 Oct, 16:55


Сабыр ет, досым,

Құраныңды жаныңда ұста, намазыңа беріктік таныт,

Ауыртпалығыңды сауап деп біл,

Себебі ол — Алланың тағдыры.

Бұл дүние тек бір сынақ, ол да аяқталады, ал біз өткінші аялдамадан өтіп бара жатырмыз.

Күмәнің болмасын! Бір күні біз жәннаттағы бір ағаштың көлеңкесінде отырып,

Бұл дүниенің барлық мәнсіздігіне күлетін боламыз!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

07 Oct, 16:50


Өмір толы: білім алу, жұмыс, жұбай, балалар, байлық жинау.

Содан кейін не?

Содан кейін бізді топырақпен көміп, бәрі кетіп қалады…

Және сапар басталады:

Не жәннатқа, не тозаққа.

Бұл дүние — ақыретке өтетін көпір ғана.

Өз көпіріңді таңда!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

07 Oct, 15:59


Ерте алған нәрсеңді ерте жоғалтасың!

Қымбатты досым, егер біз жұмыртқаны балапан толық дамымай тұрып сындырсақ, балапан өліп қалады! Егер біз бидайды ерте жинасақ, ол нан бола алмайды! Тағам отта жеткілікті дайындалмаса, ол шикі болып, жеуге жарамайды.

Әр нәрсенің өз уақыты бар, сондықтан асықпа!

Шейх Әдһам(хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

07 Oct, 08:48


Сбор аяқталды! Қаражат артығымен жиналды.

СубханАллах! Бізде сөз жоқ.

Алла сіздерге разы болсын. Алла Тағала бұл дүниеде және ақыретте жақсылықпен қайтарсын.