Molda @shezhimbaibaglanakshi Channel on Telegram

Molda

@shezhimbaibaglanakshi


Molda (English)

Welcome to Molda, the ultimate destination for all things related to fashion, beauty, and lifestyle! Molda is a Telegram channel created by @shezhimbaibaglanakshi, a passionate fashion enthusiast dedicated to providing the latest trends, tips, and inspiration to all the fashion-forward individuals out there. Whether you're looking for outfit ideas, makeup tutorials, skincare routines, or lifestyle advice, Molda has got you covered. With daily updates and engaging content, this channel is a go-to source for anyone looking to stay stylish and informed. Join Molda today and be a part of a vibrant community that shares a love for all things fabulous! Who is it? Molda is a fashion, beauty, and lifestyle channel on Telegram created by @shezhimbaibaglanakshi. What is it? Molda offers the latest trends, tips, and inspiration related to fashion, beauty, and lifestyle for its followers.

Molda

23 Jan, 15:54


https://youtu.be/ENyroocA4Ko?si=kZt1jAj55baPlToU

Molda

16 Jan, 05:29


Бауырлар көңіл бөліп оқитын кітаптардың бірі.

Molda

24 Dec, 11:50


Хафиз Әбу Мұса әл-Мәдини тізбегімен Сәһл ибн Сағдтан (Алла одан разы болсын) жеткен хабарды ол былайша әңгімелейді: “Пайғамбарға ﷺ бір адам келіп, өзінің кедейлігі мен өмірінің қиын екенін айтып шағымданды. Сонда Алла Елшісі оған былай деді: “Егер үйіңе кіріп жатып, ішінде біреу болса да немесе болмаса да сәлем айтып кір. Сосын маған салауат айт. Кейін “Ықылас” сүресін бір рет оқы”. Кейін осыны істеген адамның ризығы кеңіп, тіпті туыстары мен көршілеріне де көмектескен екен.

Molda

24 Dec, 11:50


Бауырым қаражаттан қиналып еңбегіңді істеп, кәсібіңді дөңгелетіп осы амалға тұрақты бол

Molda

24 Dec, 07:33


Оларға уәжіп болған сипаттар.
1)Аманатшылдық,
ол дегеніміз - күнә атаулыдан һәм шариғат үкімдеріне қарсы шығу арқылы қиянат қылудан ада болу.Ғисмат (Пайғамбарлардың күнәдан сақталуы) бабында осы сипат туралы кеңірек айтылады.
2)Шыншылдық,
мағынасы - айтқан хабарларының шындыққа сәйкес келуі. Ол өзіне Пайғамбарлықтың және қасиетті Кітаптың түскенің бекітудегі шыншылдықты,шариғи үкімдердегі һәм үкімге жатпайтын сөздеріндегі шыншылдықты қамтиды.Шыншылдықтың уәжіп екенінің дәлелі, Аллаһ Тағаланың олардың сол сөздерін мұғжизамен қуаттаған.
3)Зеректік,
ол - қарсы тараптың күмәндарын жою үшін және өздеріңе түскен шариғаттың дұрыстығын дәлелдейтін құжаттарды келтіріп,хақты міндеттей алуға себеп болатын қырағылық.Оған Құрандағы Ибраһимнің(Алланың сәлемі болсын) өз қауымымен сөз таластырған оқиғасы мысал болмақ. ((Түн болғанда Ибраһим (көп жұлдыздың ішінен ерекше) бір жұлдызды көріп: «Міне, (айтқандарыңа қарағанда) шамасы менің Раббым осы», – деді. Алайда жұлдыз сөніп, көзден ғайып болғанда, ол: «Мен сөніп, ғайып болатындарды ұнатпаймын», – деп айтты.)) Аятынан бастап: ((Міне, осылардың бәрі Ибраһимге қауымына қарсы қолдансын деп берген дәлелдеріміз еді.)) аятына дейін баяндалған.{Әнғам сүресі 76 }{Әнғам сүресі 83} және де оның пұтқа табынушылардың пұттарын сындырған кездегі таласу оқиғасы,олар Ибраһимнен(Алланың сәлемі болсын) сұрады:(( Содан олар: «Уа, Ибраһим, құдайларымызға қарсы мына сұмдықты сен істедің бе?» – деп сұрады.)) ((Ибраһим оларға: «Кім біледі, бәлкім, мына үлкендері («бұлар мен тұрғанда кішкене пұттарға неге табынады» деп ашуланғаннан) солай істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, солардың өздерінен сұрасаңдаршы», – деді.)) {Әнбия 62-63}
4)Жеткізу,
яғни оларға түсірілген(шариғат һәм Кітаптан) жеткізілуі - бұйырылған нәрсені жеткізу.Өйткені, жеткізу олардың жіберілуіндегі хикмет болып табылады.Егер олар жеткізбейді десек,олардың жіберілуі бос(мәнсіз) деген сөз,әлбетте Аллаһ Тағала бос нәрсе істеуден пәк. Аллаһ Тағала Құранда: ((Уа, (ардақты) Елші! Раббыңнан өзіңе түскенді (үмбетіңе бұлжытпай) жеткіз. Егер мұны істемесең, елшілік (пайғамбарлық) міндетіңді тиісінше атқармағаның.)) {Мәида сүресі 67}. Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын): ((Егер де Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір нәрсені жасырар болса,осы аятты жасырар еді : ((Уа, Мұхаммед!) Алла нығметіне бөлеген, өзің де көп жақсылық жасаған адамың (әйелімен ажырасуды ұйғарып, алдыңнан өтейін деп келгенде) оған: «Әйеліңнен ажырама, Алладан қорық!»– деген едің. Сөйтіп, Алланың Өзі жарияға әйгілейін деп тұрған ақиқатты ішіңе бүгіп қалдың. Ел-жұрттан (бұл мәселені ә дегенде дұрыс түсінбей қала ма деп) имендің. Дегенмен, Алладан қорыққаның әлдеқайда абзал.)) деп айтқан. {Әхзаб сүресі 37}

Molda

24 Dec, 04:13


Хафиз ибн Салах (Алла ол кісіні рахымына бөлесін) былай дейді: Алла Елшісі аталған уақытта оған сәлем мен салауат айту сақталуы қажет. Ол ﷺ есімі қайталанған кезде салауат айтуды қайталаудан адам жалықпауы керек. Расында қайталанған сайын сәлем мен салауат жолдау - хадис талап етушілер, сол ғылымның мамандары мен жазушылары әрдайым асығатын ең үлкен береке мен пайдалардың ұясы. Кімде-кім одан ғапілетте қалса, үлкен үлестен айырылды. Біздің салауатты жазуымыз оған жасаған дұға-тілек, әсте риуаят етпейміз. Хадис риуаят еткен уақытта оның есімінің жанына қысқартылмастан асылында қалай бар солай айтып, сәлем мен салауат қосып жазылады. Алланың Есімі аталған уақытта осылай жасау керек (Ол аса құрмет пен ұлылыққа ие).
Хафиз Сахауи (Алла ол кісіні рахымына бөлесін) айтты: Әбул Хасан әл-Харанидің тізбегі бойынша Әбул Қосим әт-Тәйми “әт-Тарғииб” кітабынан келтіріп: “Әбу Аруба әл-Харани хадистерді салауатсыз оқымаған себепті, алдына отырған адамдардың барлығына салауат оқып берген және мағынасын түсіндіріп, былай деуші еді: хадистің берекесі - осы дүниеде Пайғамбарымызға ﷺ салауат айту. Жәннәттың жақсысы ақыретте”.
Уакиғ ибн Жаррахтан ибн Бәшкуәл және басқалардың тізбегі арқылы жеткен хабарда ол былай дейді: “Егер хадисте Пайғамбарымыздың салауаты болмағанда ешкімге хадисті жеткізбейтін едім”.
Басқа риуаятта: “Егер менің құзырымда зікір айту абзал болғанда хадис жеткізбеуші едім”,-депті.
Тағы бір риуаятта: “Егер нәпіл намаз хадистен артық болғанда, Алла Елшісінің ﷺ хабарларын риуаят етпеуші едім”,-деген екен.

Molda

24 Dec, 03:58


Ғұламалар Пайғамбарымыздың ﷺ есімін естіген сайын салауат айту уәжіптігі турасында талас-тартысқа түсті. Тіпті бір мәжілісте мың рет айтылса, мың рет салауат айту керек пе, әлде бір мәрте еске алса уәжіп амалын бойынан түсірген болып саналады ма, Пайғамбарымыз ﷺ аталған сайын салауат айту мұхтахаб па?!
«Хашия ибн Абидин» кітабында тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні былай: “Тахауи мен Кәрхи (Алла ол кісілерді өзінің рахымына бөлесін) Алла Елшісінің ﷺ есімі аталған кезде естуші және айтушы адамға салауат айту уәжіптігі мәселесінде пікірлері бір жерден шықпады (Яғни намаздің ішіндегі емес, яки қасиетті есімін атап бастаған сәттегі салауат айту). Сонымен қатар Пайғамбарымыздың ﷺ есімі қайталанған сайын салауат уәжіптігі турасында да келіспеушіліктер бар. Таңдаулы көзқарас - Имам Тахауи мен бір топ Ханафи, Шәфиғи өкілдері, Мәлики мәзһабының ғалымдары Ләхмиден, Хәнбали ғұламасы ибн Баттадан жеткен пікірлер. Ибн Араби әл-Мәлики былай деді: бір мәжілісте қайталанған сайын оған ﷺ салауат айтудың ең дұрыс шешімі уәжіп. Мәселе әмірдің қайталанып, талап етілуінде жатқан жоқ, бәлки Пайғамбарымыздың шарапатқа толы есімі қайталанғаны себепті салауат айту уәжіп етілді. Яғни оның уәжіп болуы - Алла Елшісінің ﷺ есімінің қайталануында жатыр. Сондықтан салауатты тәрк ету арқылы қарыз амалға айналып, қазасын өтеу міндеттелді. Себебі түшкірген адамға “сау бол” деп айту оның ақысын беру көрінісін құрайды. Сол сияқты, Пайғамбарымыздың ﷺ атын естіген кезде де салауат айту оның ақысын толықтай өтеу дегенді білдіреді”.
Ибн Абидин сөзін жалғастырып былай айтты: “(Ханафи) мәзһабы бойынша егер бір отырыста оның құрметті есімі қайталанатын болса, онда оған тура сондай салауат арнау мұстахаб. Бір мәрте айту - уәжіп, қайталау - мұстахаб. “Әд-Дур” кітабында: осыған пәтуа берілгенін баяндады”.
“Әд-Дуррул Мухтаар” еңбегінде былай келді: “Мәзһабта имам Тахауидің сөзі негізге алынады. Ол Пайғамбарымыздың есімі бір мәжілісте аталған сайын салауат айту уәжіп деген”.
“Родду әл-Мұхтаар” кітабында былай делінді: “әл-Хозааинда” “әт-Тухфаның” иесі және басқа ғалымдар дұрыс екенін айтқан және “әл-Хаауииде” көпшілік ғұламалар келтіргенін баяндайды. “Шарху әл-Муния” кітабында сол дұрыс көзқарасқа жататынын түсіндірген. Имам Айни өзінің “Шәрху әл-мажмағ” еңбегінде: “бұл менің мәзһәбым” деген. Имам әл-Бақани былай деді: “Бұл негізгі пәтуаға алынатын көзқарас. Және мұны “әл-Бахр” кітабын жазған ғалым үкімдердің ішіндегі ең қуаттысы деп танып, пәтуаға алынатын көзқарас екенін айтқан.

Molda

10 Dec, 00:47


https://youtu.be/4-kILZ1ITOE

Molda

05 Dec, 15:22


ПРОСТО СІЛТЕМЕГЕ ӨТ ТЕ, ІЛІМНЕН ЛӘЗЗӘТ АЛ! 😍👇🏽

02:15 - Пайғамбарымыз ﷺ айтылғандағы алғашқы ой? (Қайрат Ұстаз жауабы)
08:55 - Неге мұсылмандардың алға дамуы сахабалардай болмауда?
13:36 - Қайрат Ұстаздың тың туындыларының сыры
21:44 - Біздің қоғамдағы проблема
23:43 - Қайрат Ұстаздың “Хадис ілімі” атты керемет еңбегі қандай қаражатқа басылды?
28:02 - Ұстаздарға кітап жазуға “лайфхак”
29:38 - Нағыз сүннетке амал қандай болмақ?
33:37 - 7-ші ғасырдағы айтылған хадис 21-ші ғасырға келмейді
46:39 - Хадисті дұрыс түсінбеу қаупі
51:01 - Діни мәтіндерге сынмен қарау қаншалықты дұрыс?
01:05:34 - Қайрат Ұстаздың сүйікті дұғаларының бірі
01:08:31 - Әлемдік ғалымнан үлгі
01:12:04 - Дұға - тағдырды өзгертеді
01:15:34 - Дұғаның ерекше сыры
01:24:35 - Пайғамбарды ﷺ таныту қажеттілігіне насихат

https://youtu.be/6_Q0CxPAivI?si=uFoDAcVthg_yMFky

Molda

30 Nov, 15:49


Мә шәә Аллаһ! 👍🏽

*“БӘЛӘҒӘ ІЛІМІ”* - мен рухани байи түсіңіз! 🤗

Кітапты Нұр-Мүбәрәк Университетінен алып кете аласыз. 🙌🏽

Ер адам болсаңыз: +7 777 577 2819 Амирмухаммед менеджерден

Әйел адам болсаңыз: +7 700 271 3614 Әмина менеджерден

Ал жеткізу қызметі ақылы. Ол үшін:
1) Аты-жөніңіз;
2) Толық мекен-жайыңыз;
3) Телефон номеріңіз;
4) Почта индексіңізді бір текстпен жазып жіберіңіз; ☝🏽

Molda

28 Nov, 14:12


https://youtu.be/gt_sMMYtdzw

Molda

28 Nov, 01:36


https://youtu.be/E9LlwCYQn3M?si=yNKqrPIa_8WGr7f4

Molda

25 Nov, 03:38


Адам құндылығы мақсатымен өлшенеді.Кімнің мақсаты тек қарнын толтыру болса,оның да құны қарнынан шыққан затпен тең.

Имам Ғазали “Мақсиду асна фи шархи мағаани асма Аллаһи хусна”

Molda

20 Nov, 12:34


https://youtu.be/cUC7KdwSQ0M?si=RQ3mta3ts0-UOJPw

Шифа дәрістері

Molda

13 Nov, 03:21


Пайғамбар бір күні сахабаларына намазды ұзақ оқығысы келетіндігін білдіреді. Алайда намазға кірген сәтте сәбидің еңкілдеп жылаған даусын естіп ,намазды қысқартады. Себебі баланың жылағаны анаға ауыр тиетінін біледі.

Адам жүрегін иманнан кейін ең әдемі көркемдейтін ол -мейірімділік. Мейірімділіктен ада болған жүрек ол тура емес,қисық иман.

Адамдарға мейірімділік танытып,жеңілдеткен адамды Алла мейіріміне алсын.

Шамадан тыс шәкірттері жүктеме бермей жеңілдік еткен ұстазды Алла мейіріміне алсын.

Қол астындағы жұмысшыларына мейірім көзімен қарап ,көп жұмысты міндеттетпейтін басшыны Алла мейіріміне алсын.

Халқының қабырғасын қайыстыратындай салық салып ауырлатпай керісінше жеңілдік істейтін басшыны Алла мейіріміне алсын.

Әйеліне көп мін тақпайтын және еріне көп талап қоймай бір-біріне мейірімділік танытатын адамдарды Алла мейіріміне алсын.

Кім мейірімділік танытатын болса өзі де мейірімділікке тап болады.

Molda

12 Nov, 16:32


Хабарландыру !!!

Құрметті дін ілімін талап етіп жүрген бауырлар. Қазіргі кезде көптеген шәкірттерде хадис іліміне қызығушылық күрт артуда. Соған орай көптеген студенттер қосымша дәріс өтуді бірнеше мәрте сұраған болатын.Алайда,біздің уақытпен олардың уақыттары сәйкес келмей кейінге шегіріле берді.

Осы оқылықтың орнын жабу мақсатында онлайн-офлайн дәріс ұйымдастырылғалы отырмыз. Дәріс онлайн форматта аптасына 3 күн болады. Университетте оқитын шәкірттерге және сырттанда келемін деген кісілерге арнап аптасына 1 күн жолығып түсінбеген мәселелерді офлайн талқылаймыз.

Дәріс қыздарға бөлек , ұлдарға бөлек болады.

Дәріс ақылы :15,000

Kaspi gold: +77785746579 төлемді істеп осы номердегі WhatsApp номерге жіберіңіздер

Molda

11 Nov, 04:48


Пайдаң тимесе де,зияның тимесін…

Бір күні Абу Зар Алла елшісінен жаннатқа қандай амалдар кіргізетінін сұрады.Сонда Алла елшісі бірнеше амалды тізіп айтып береді.

Сонда Абу Зар :”Уа, Алла елшісі осыларды істеуге шамам келмесе не істеймін “-деп сұрақ қояды.

Алла елшісі: ” Адамдарға зиян беруден сақтан” -деді.

Алла елшісінің бұл хадисінің түйіні адамдарға зиян бермеудің өзі -құлшылық.

Сенің өмірлік қағидаң (кредо) “Ешкімге пайдам тимесе де ,зияным тимесін” болуы керек.

Кедейге қолыңды созып жәрдем бергің келмесе ,қайыршылар қамтаған деп балағаттамай-ақ қой…

Біреу келіп проблемасын айтып сенен жәрдем сұраса ,ал сен болса оған араласқың келмесе отқа май құйып оны ушықтырмай-ақ қой….

Біреу тапқан табысының бір бөлігін ағайынына ,мұқтаждарға үлестірсе мақтаншақ,риякер ,пантарез деп айтпай-ақ қой….

Өмірлерінің алтын уақытын ойын-сауыққа емес Алланың кітабы Құран жаттаған жастар сияқты боламасаң, өмірде не қызық көрдің ,оны жаттағаннан не пайда дем мазақ етіп, артық сөз айтпай-ақ қой….

Өзің басыңа ормал тағып,көзіңді бөтен еркектерден төмен қаратып жүре алмасаң солай істеп жүрген қыздарға орта ғасырда қалып қалғандар деп айтпай-ақ қой….



Егер олай істейтін болсаң екі күнәға тап боласың:

1. Алланың бұйрығын орындамағың үшін
2. Алланың бұйрығын орындап жүргендердің хаққысына кіргенің үшін

Molda

06 Nov, 03:31


“Мұсылман бауырың үшін артынан жасалған дұға міндетті түрде қабыл.Бауырың үшін дұға жасап жатқан сәтте қасыңда бір періште тұрып,сенің әр дұғаңа әмин деп,сағанда бауырың үшін сұрағаның еселеп қайтсын дейді”-деген Алла елшісі

“Минһәжу қасидин”

Molda

02 Nov, 03:17


البلاغة المصورة
فكرة وإعداد
إيهاب عبدالرشيد سليمان

Molda

01 Nov, 03:57


“Ең жақсы әйел жүзіне қарасаң сені қуантады,бұйырсаң айтқаныңды орындайды,сен жоқ кезде малыңмен абыройыңды сақтайды”-деген

Мұхаммед (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын)

“Жар таңдау негіздері”

Molda

30 Oct, 04:21


Бауырың болып араласатын досыңның (роднойыңның ) алдындағы ең бірінші міндетін оның қажетінде болу.Ол қажеттіліктің өзі үш деңгейден тұрады:

Ең төмен деңгей

1)Сенен қол ұшын сұрағанда,құдіретің жетіп тұрса пайдасына жарау.

Орташа деңгей

2)Ол сұрамай-ақ оның пайдасына жарауға тырысу.

Жоғарғы деңгей

3)Оның қажеттіліктерін өзіңнің қажеттілігінен жоғары қою

“Минһәжу қасидин”

Molda

30 Oct, 04:00


Адам өзінің досының дінінде.Кім-кіммен дос болып жүргеніне қарасын.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілімеү сәлемі болсын)

Molda

30 Oct, 03:09


КЕЗЕКТІ ТАРИХИ КҮН! 😍

24-тің қазаны, 26-сы,
Көз алдыңда “махаббат”жиналысы.
Пайғамбарды (‎ﷺ) еске алумен жүрек тыншып
Ұмытылды дүниенің қиналысы! 🥹

Мұндайдан қалмай келу нардың ісі,
Алла Елшісін ‎ﷺ сүйетұғын жанның ісі.
Себебі бұл - Пайғамбарды ‎ﷺ еске алатын
Тым ерекше махаббат мәжілісі! 😍

Жиыннан соң сезімдерді сақтасам деп,
Ұмтылатын адамдар бар ма өзі?
Пайғамбардың ‎ﷺ үмітін ақтасам деп
ШӘМӘИЛГЕ ден қоюы дәлел ісі! 💯

Сол жиында мұндай жандар басым болды,
Қолтаңбаны күтумен дәліз толды.
Құндылығын кітаптың шын түсініп
Ықыласпен оқитын қолда болды.🙌🏽

Өзге өңірден көп жандар жетпегенмен,
Өзге елден бірнеше жан қонақ болды.
Өңірлерді жоспарға ептегенмен
Келер қала қайсы деп сұрақ толды. 😯

Тарихты тізбектеуге біз ашықпыз,
Күтер қала бастысы Сіз жазыңыз!😉👇🏽

Author: S.Sh.

Molda

25 Oct, 13:41


Келіңіздер,қонақ болыңыздар

Molda

24 Oct, 13:47


Сүйінші ағайын!!!

Molda

24 Oct, 07:31


Көркем мінезді қалай қалыптастырамын:

1)Көп жаттығу арқылы

Адамның ішкі дерттерін зерттейтін дін ғалымдарының айтуынша көркем мінез қалыптастыру ол дағды.Егер көркем мінезді қалыптастыру мүмкін болмағанда еді, уағыз-насихаттардың қандай пайдасы болмақ?!

Әдетте біз шет тілін меңгеру үшін көп машықтанамыз.Сөз қорын көбейтеміз,грамматикалық ерекшеліктерін меңгереміз керек болса тіпті сол тілде сөйлейтін ортағада баруымыз мүмкін. Осындай еңбектің нәтижесінде сол тілді меңгере аламыз.Сол сияқты көркем мінезде үздіксіз еңбек ету арқылы дамытуға болатын дағды.

Сараңдық дертін жеңу үшін аздан садақа беруді,тәкәппарлық дертін жеңу үшін аз-аздан кішіпейіл болуға тырыс түбінде үздіксіз еңбектің нәтижесінде көркем мінез иесі боласың.

2)Ізгілердің сұхбатында болу

Қазақ даласындағы көптеген адамдар орыс тілінде еркін сөйлейді.Себебі бала кезінен теледидарды орысша көріп соның сұхбатында болған. Ешқандай грамматика оқып,сөз қорын көбейтпеседе үнемі теледидардан алған ақпарат орыс тілінде болғаннан кейін еркін сөйлеуге мүмкіндік берді.

Сол сынды ізгілердің сұхбатында болу адамдарды көркем мінез иесіне айналдырады. Адам табиғаты ұрлықшы келеді.Күнделікті бір-біріміздің бойымыздағы жақсы не жаман сипаттарды араласу арқылы ұрлаймыз.Араласатын орта жақсы болса сол сипаттарымыз артады, жаман болса сол сипаттарымыз артады.

Ғылымда зеркальный нейронды жоққа шығармайды)

Molda

24 Oct, 06:38


Адамдардың саған жақындап, араласқылары келуі сенің көркем мінез иесі екендігінің белгісі.Ал, сенен алыстауы ,сұхбатыңда болғылары келмеуі сенің мінезіңнің нашарлығының белгісі. Сөзсіз көркем мінез сүйіспеншілікті арттырады,жаман мінез өшпендікті арттырады.

“Минһәжу қасидин”

Molda

23 Oct, 10:05


Адамдарға алақан жаймау үшін,реті келгенде ағайындарына қол ұшын беру үшін адалынан мал жинамайтын адамнан еш жақсылық жоқ.

Сағид ибн Мусайб

Molda

23 Oct, 09:54


Адамды мақтаудың апаты

Адамды мақтаудың өзіндік апаты бар.Бірі мақтаушы адамға қатысты болса,енді бірі мақталып жатқан адамға қатысты.

Мақтаушы адам лайықты емес біреуді мақтауы мүмкін,ал ол болса оған лайықсыз осылайша мақтауы өтірікке айналады.Кейде датталуы керек болған адам мақталуы мүмкін.

Мақталып жатқан адам мақтау сөздерін естігенде есіріп,тәкәппарлық өзіне тамсану сында қателіктерге бой алдыртып қояды.Бұл екі датталған сипаттар адамның құрдымға кетуіне жеткілікті.

Мақталып жатқан адам ол заттардан ада болса мақтауда ешқандай ағаттық жоқ.Әлбетте мені мақтады екен деп ізгі амалдарға салғырт қарамау керек.Әрқашан мақтаған адам менің шынайы күйімнің қандай екенін білетін болса,жағдайым не болмақ деген уайым болуы керек.

Ертеде бір ізгі кісіні адамдар мақтау сөздерін айтып тұрғанда: “Аллаһым бұлар менің шынай қандай екенімді білмейді ғой,сен білесің”-деп айтқан екен.

Сол үшін Арыстан керек емес)

Molda

22 Oct, 16:51


Көркем мінездің өлшемі!!!

Бұл өмірде біз белгілі бір өлшемге үйреніп қалғанбыз.Егер сол өлшемге сай келсе оқуға не қызметке алынамыз.Мысалы студенттің ілім деңгейін анықтау үшін Platonus ,ағылшын тілінің біліктілігін анықтау үшін IELTS тестарын тапсырамыз.Белгілі бір компанияға жұмысқа орналасу үшін қызметкердің қабілеттерін яғни мықты тұстарымен әлсіз тұстарын анықтайтын Gallup сынды тесттер тапсырып жатамыз.

Негізгі емтиханнан өтпес бұрын сынақ (пробный) тапсырып көреміз.Егер тапсыру барысында төрт дағдының бірі әлсіз болса соны жетілдіруге әрекет істейміз.Сөйтіп өзіне керек болған 7,5 немесе 8 баллды алып қалаған оқуына не көздеген позициясына қызметке орналасамыз.

Осылай ол адам” successful person” болады.

Ал енді ақіреттегі жағдайымыз қандай болатынын анықтауға болатын тест бар ма?

Иә,бар.Тіпті сынақ (пробный) тесттер де бар.Сол тестті тапсырып өзіңнің деңгейіңді анықтауға болады.

Ол әрине “Фурқан” сүресінің 63-ші аятынан бастап сүренің соңынан дейін келетін аяттар топтамасы.Осы аяттар ақіреттегі жағдайымыз қандай болатыдығын анықтайтын өлшем ,өзіңді сынап көр.

Мысал үшін:

Сен жер бетінде сыпайы,биязы жүресің бе?

Надандар сені балағаттап ,тіл тигізгенде Алланың амандығы болсын деп айтасың ба?

Түнгі уақытта тұрып Раббың үшін сәждеге жығыласың ба?

Басқада мақтаулы сипаттар.

Егер сенің бойыңнан ондай сипаттар табылса қуан әрі оны дамытып сақта.Ал енді ондай сипаттар жоқ болса оны бойыңа сіңдіруге тырыс.Қалайша ағылшын тілінен емтихан тапсырғанда writing-ды дамыту үшін бар күшіңді салдың ғой ,себебі оның артында айлығы жоғары позиция бар еді.

Сол сияқты ақіреттегі жоғары позицияға ие болу үшін “Рахманның құлдарының” бойында бар сипаттарды жинақтауға тырыс.

Ұстаздарымыз осы сүреде айтылған сипаттарды жазып алып,менде осындай сипаттар бар ма? Жоқ па? деген өлшем әрбір мұсылманда болу керек деп жиі айтатын.

Бауырым өмірдегі әртүрлі тесттер біліктілікті,қабілетті анықтайтын тесттер болса,бұл тест ақіреттегі күйіңді анықтайтын тест.

Бұл дүниеде successful болған сияқты ақіретте де successful болайық.Көп кешіктіре бермей жүгір “Фурқан” сүресін аш .Рахманның құлдарында бар сипаттарды бойыңа жинай баста.

Molda

22 Oct, 16:00


Ғайбат дертінен айығу

Бауырым біреуді ғайбаттайын деп жатқанда мынаны ұмытпа⬇️⬇️⬇️

1)Ғайбаттаушы адам ғайбат айту арқылы Алланың ашуына душар болатындығын ұмытпа

2)Істеген жақсылықтың барлығы ғайбатталушы адамға ауысып жатқанын қаперден шығарма

3)Егер жақсылығы болмаса ғайбатталып жатқан адамның күнәсін арқалайды

4)Біреуді ғайбаттайын деп жатқанда өз кемшілігіңді еске ал.Соны түзеуге тырыс.Өзіңде айып бола тұра қалайша біреуге тіл тигізесің

5)Егер өзіңді барлық күнәдан ада таза адаммын деп есептесең онда біреуді айыптап неге пәктігіңді бұзасын.

6)Біреу сені ғайбаттағанда ұнатпағаның сияқты ,сенде біреуді ғайбаттаудан аулақ бол.

7)Ғайбат айтуға не себеп болуда соны анықта.Себебі аурудан айығу ең бірінші кезекте себебін анықтаудан басталады.

“Минһәжу қасидин”

Molda

22 Oct, 07:46


Сөреде кітаптың жүзі бар,
Қалағаныңды тауып ал.
Өзіңсің бөлек ,назданып жадырар,
Сарғалдақтың өзі саған қызығар)

Molda

22 Oct, 07:28


Тәубе -шариғаттың даттаған амалдарынан бас тартып,бұйырғандарын және мақтаулы амалдарына оралу.Тәубе Аллаға апарар жолдың алғашқы баспалдағы мәңгілік бақыттың кілті һәм өзге амалдардың қабыл болуының шарты.

Molda

22 Oct, 07:16


Адамның табысқа жетуі көңіл қалауларына қарсы тұрып, Раббысы бұйырған амалдарды істеткізуі.

Имам Закария Әл-Ансари

Molda

22 Oct, 07:08


Егер көптеген жыртқыш құстармен аңдардың өзін арнайы жаттығулар арқылы және белгілі мерзім аралығында қолға үйретуге болатын болса,онда олардан бірнеше есе көркем жаратылған, олардан ақылымен артық болған сенің де көркем мінез иесі болуға мүмкіндігің көп. Бәлки сенің көркем мінез иесі болуың бірінші кезекте.

Molda

22 Oct, 07:00


Адам бойындағы нәсіп апаттарымен жаман мінезінен арылуға әрекет істеу керек.Ондай сипаттардан арылу әрбір адамға міндет.Алайда ондай сипаттардан арылу үшін тек қана сол бағыттағы кітаптарды оқумен шектелмейді бәлки сонымен қатар адамның үздіксіз өз-өзімен еңбек етуді һәм тер төгуді талап етеді және кісінеп ,аспанға ыршып,жұлқынып тұрған сәйгүліктей болған нәпсіні үнемі қадағалаумен іске асады.

Molda

21 Oct, 07:25


Ғайбат айтуға себеп болатын 4 жағдай:

1)Ашуын басу үшін.Адам басына ашуланатын жағдайға тап болса,сол ашудан арылу үшін өзгені ғайбаттап бастайды.

2)Достарымен бірге отырғанда.Барлығы жабылып біреуді ғайбаттап жатқанда ,сен ғайбаттамай қалсаң олардың бөлінгендей боласың.Олардың да көңілін түсірмеу үшін сенде ғайбаттап бастайсың.

3)Біреуді төмендету арқылы өзіңді өзгелерден жоғары етіп көрсету үшін.

4)Елді күлдірту үшін,біреуді ғайбаттайды.

“Минһажу қасидин”

Molda

20 Oct, 12:02


Шымкент сапары. “Сырға толы салауат” кітабының таныстырылуы кеші

Molda

20 Oct, 03:54


Сергек бол.Уақытыңды құр өткізуден сақтан.Шын мәнінде ең бейшара адам аз ғана ләззат үшін мәңгілік азапты сатып алған адам.

“Минһәжу қасидин”

Molda

19 Oct, 17:46


“САУАБЫ СІЗГЕ, КІТАП МЕДРЕСГЕ”
-атты 3 күндік акция! 😍

Сізді 18-20.10.2024ж. аралығында
- САРЫАҒАШ
- ⁠ШЫМКЕНТ
- ⁠КЕНТАУ
- ⁠АРЫС
қалаларындағы көпшілігіңіз білетін медреселердің әрбірін кеемі 50 дана халық арасында БЕСТСЕЛЛЕРГЕ айналған “СЫРҒА ТОЛЫ САЛАУАТ” кітабымен қамтамасыз етуге шақырамыз!

Медресе үшін 1 кітап құны 5000 тг! (1000тг менде үлес қоса аласыз)

💳 Каспий голд: +7 747 130 6155 Балжан С.

КЕМІ 1 КІТАПТЫҢ АҚЫСЫН ЖІБЕРУМЕН, 100 ДЕГЕН БОЛАШАҚ ДІН ҰСТАЗЫНЫҢ БІЛІМ САУАБЫНАН ҮЛЕСТІ БОЛ!

Molda

19 Oct, 17:02


+7 747 130 6155 Балжан С үлестеріңізді осы номерге жіберсеңіз болады.

Медресе үшін бір кітап құны 5000