Ainur_ustaz_ @ainurustaz Channel on Telegram

Ainur_ustaz_

@ainurustaz


Ainur_ustaz_ (English)

Are you looking for a channel that provides valuable religious teachings and inspirations? Look no further than 'Ainur_ustaz_' on Telegram! This channel, managed by the username @ainurustaz, is dedicated to sharing Islamic knowledge, wisdom, and guidance with its followers. Whether you are a devout Muslim seeking to deepen your understanding of the faith or simply curious about the teachings of Islam, this channel has something for everyone. From daily reminders to in-depth discussions on various aspects of Islam, 'Ainur_ustaz_' offers a wealth of resources to help you on your spiritual journey. Join us today and become a part of our growing community of like-minded individuals who are passionate about learning and sharing the beauty of Islam.

Ainur_ustaz_

21 Nov, 18:36


Дәл қазір жеңілдікпен тіркеле аласыз

Менеджерге жазыңыз🫶🏻

https://wa.me/77071068918

Ainur_ustaz_

21 Nov, 06:23


Ал, қанша күннен бері дайындалып, сіздерді де дайындап жатқан тікелей эфир болатын күнге де жеттік!

Бүгін!
21.00!
@ainur_ustaz инстаграм парақшасында!
Тегін!
Будильник қоюды және жақындарыңызды шақыруды ұмытпаңыз❤️

Кітапқа арқау болатын немесе бір курстың жүгін арқалайтын маңызды білімдер беруді жоспарлаудамыз.

Сонымен қатар, жобаға қатысты барлық сұрақтарға жауап табасыз:

"Құранмен саяхат
"маған не берді?
Бұл жобаның маңыздылығы неде?
Құран оқу кезіндегі НИЕТ қандай болу керек?
Барлығына үлгеру үшін не істеуім керек?
Құранды күнделікті қалдырмай оқып жүру үшін не істеуім керек?

Сондай-ақ екі адамға арналған умраға ие болу шарттары толық айтылады.
Қатысушыларға арнайы сыйлығымыз да бар.
Эфирде Алланың амандығында кездескеше🌹


@ainur_ustaz парақшасында өтеді🙌🏻

Ainur_ustaz_

21 Nov, 03:51


📌Медине қаласындағы Фахд патша атындағы Құран баспасынан жылына 18 миллионға жуық Құран басылады.

Баспадан осы уақытқа дейін 300 миллионнан астам Құран жарық көрген деген дерек бар.

Құран - әлемде ең көп баспадан шығатын және ең көп оқылатын кітап

Ал сіз күнделікті өмірде болып жатқан Құранға қатысты қандай қызықты ақпарат білесіз?

Ainur_ustaz_

21 Nov, 03:48


📌Құранға қатысты қызықты дерек

Кейбір мемлекеттерде түрмеге қамалған адамдарға Құран жаттату рәсімі жүргізіледі. Құранды толық жаттап шығып, қари дәрежесіне жетсе, ол адамның жазасы жеңілдеп, түрмеден босатылады. Осы жоба аясында қари атанып, түрмеден шыққан 185 адамның соңынан тексеру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, бұлардың ешқайсысы Құран жаттап болғаннан кейін түрмеге қайта түсетіндей қылмыс жасамаған

Ainur_ustaz_

20 Nov, 10:50


📚Абдуллаһ ибн Масғуд айтады:

«Кімде – кім Құранды сүйсе (жақсы көрсе), Алла мен елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде – кім Алла мен елшісінің сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгендігіне қарасын»

(Хайсәми және ат – Табарани)

Я, Раббым! Бізге Құранды сүйетін жүрек бере гөр...
"Әәмин" деп жаза кетсеңіз🌹

Ainur_ustaz_

20 Nov, 03:42


Қымбатты оқырмандарым🌹

Ертең күздің ғана емес, жылдың ең маңызды эфирлерінің бірі❤️

Осы сәтте сіздің қолдауыңызды күтемін😍

Эфирге келесіз бе? Қандай тақырыптар айтылғанын қалар едіңіз? Қандай сауалдарыңыз бар?

Лүпіл басып, кері байланыс беріп отыруды ұмытпасаңыз😊

Ainur_ustaz_

19 Nov, 13:53


ҚҰРАНҒА ҚАТЫСТЫ ТӨРТІНШІ ӘДЕП: ҚҰРАН ЖАЙЛЫ ТЕРЕҢ ОЙЛАНУДЫҢ МІНДЕТТІЛІГІ
Құран Кәрімде ұлы игіліктер мен мол білім бар. Ол білімнен үлес алу үшін терең ойлану қажет.
Құран жайлы терең ойлануға - астарына үңілу, мағынасына ой жүгірту, құрылымын зерттеу жатады. Адам сол арқылы қаншамалаған даналық үйреніп, тыныштық табады әрі рухани байып, өзін тәрбиелейді.

«(Ей, Мұхаммед!) Біз саған түсірген Кітап – берекелі. (Адамдар) оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін (түсірдік)» («Сад» сүресі, 29-аят).

Құранның әр аятына үңілу арқылы жүректегі иман күшейіп, оның тамырлары берік орнығады.  Адам баласы Құран жайлы қаншалықты көп ойланса, соншалықты ізгі амалдары көбейеді, жақсылыққа өзгереді.

"Құранмен саяхат" жобасы - Құран оқу ережелерін үйретпейді, аяттардың мән-мағынасын тәпсір ғалымдарының еңбектері және ой жүгірту арқылы түсіндіреді.

Ainur_ustaz_

19 Nov, 07:48


Ер адамдардан басқа кез-келген қыз-келіншек тіркеле алады🫠

Келісіп алайық
👌
Қазір 50% жеңілдік бар. Жеңілдік біткен соң “өтінеееем” деп жеңілдік сұрамаңыздар жарай ма? 🫢


3 ай = 60 мың
Дәл қазір 50 % толық төлеу арқылы 3 айға 30 мың тг төлеп қатыса аласыз🙌🏻🙌🏻🙌🏻

Яғни 1 айға 10 мың тг. Бір күндік тренинг, таңғы астар 20 мыңнан кем емес😢😢😢


Ал сіз 1 ай ұстаздармен бірге онлайн рухани таңғы ас ішесіз

😍😍😍

Сондай-ақ арнайы “Құранмен саяхат” күнделігіне қол жеткізесіз😱

Асығыңыз👇🏼👇🏼👇🏼

https://wa.me/77071068918

Ainur_ustaz_

19 Nov, 04:26


ҚҰРАН - ҚҰТҚАРУШЫ📈🔗🔐

Бүгінгідей бір күні екіншісінен өтіп сан түрлі ақпаратты әкеліп жатқан алмағайып заманда адасып кетпей, аман қалуға себеп болатын жалғыз нәрсе осы - ҚҰРАН.

Әлеуметтік желіге кіре қалсақ түрлі-түрлі блогерлер, психологтар мен психосоматтар... Барлығы да өзгерісті уәде етеді. Қайсысына сенеріңді білмей қаласыз ба?

Әрдайым дұрыс таңдау, дұрыс амал жасауыңызға бастайтын Құранмен жақын танысыңыз

✏️"Негізінде, бұл Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді!» («Исра" сүресі, 9-аят)

📌Сахаба Ибн Масъұд (р.а.): «Құранға мықтап жабысып, шамаларың келгенше, Алланың көрсеткен әдеп жолын үйреніңдер. Ол – ашық бір нұр, дертке дауа. Құран – амал еткен адамға берік қорған, жолын ұстағанды адастырмайтын құтқарушы», – деген екен.


♦️Құранмен 3 ай бойы тұрақты түрде бірге, етене жақын болуға мүмкіндік беретін "Құранмен саяхат" жобасына 30 мың теңгемен тіркелуге 2 күн ғана уақыт қалды.

2024 жылдың соңында ешқашан өшпейтін және сізді өсіретін амал жасаудан кеш қалмаңыз!

https://wa.me/77071068918

Ainur_ustaz_

18 Nov, 10:53


ҚҰРАНҒА ҚАТЫСТЫ ҮШІНШІ ӘДЕП: ҚҰРАНДЫ ҚАЙТАЛАП ТҰРУ
Алланың Ұлы кітабын жаттап алған немесе жаттаумен айналысып жүрген адам оны қайталап жүруді дағдыға айналдырмаса, ұмытылып қалады.

Алла елшісі (с.а.с): "Құранды әрдайым оқып отырыңдар, Алламен ант етейін, өйткені ол аяқтарын ораған жібінен құтылүан түйелерден де тез қашады" деген(Бұхари)

Тағы бір сөзінде: «Біреудің: «Мына аятты ұмыттым» деп айтқаны неткен жаман. Себебі, оны ұмытқызды»  деген. Адам 10 сүре жаттаса да намазында оқып тұрмаса оны ұмытып қалады. Жаттаған сүрелерді намазға алмастырып қосып отыру - ұмытпауға да, намазды хушуғпен оқуға да пайдалы.

Ainur_ustaz_

18 Nov, 04:18


Бұл дүниеде Құран секілді өмірді өзгерте алатын тағы бір нәрсе жоқ.

Періште емес, алайда періштеге татитын салихалы адамдар Құранмен қалай өзгерді?
Біз қалай өзгере аламыз?

Осы секілді маңызды тақырыптар қозғалатын эфирге шақырамын! Сіз де жақындарыңызды шақырсаңыз🌹
Осы аптаның бейсенбісінде, кешкі 21.00-де баршаңызды күтемін!

Эфирде:

💌"Құранмен саяхатқа" қатысты барлық сұрақтар жауабын табасыз.

📔🗓Көптен күткен "Құранмен саяхаттың" арнайы күнделігін қалай алуға болатындығы хабарланады.

🏆🎁Эфирде сыйлықтар ойнатылатын болады.

💟Әрі Рамазан айындағы умраға 2 адамға жолдаманы ұтып алу туралы толық білесіз😘

Эфирге дейін жобаға 30 мың теңгемен тіркеліп қоюды ұсынамын😊 бұл баға сізге 3 ай бойы қызмет етіп, ең құнды білімдерді сыйлайды❤️


https://wa.me/77071068918


Себебі, эфирден кейін баға қымбаттайды🌹

Ainur_ustaz_

17 Nov, 12:29


"Мен сенің досың, серігің - Құранмын ғой! Есіңде ме, сені түнде ұйқыдан тұрғызушы едім ғой?!..."

(ертеңгі күні Құранның мүмінмен болатын диалалогынан үзінді) 💔

Ainur_ustaz_

17 Nov, 09:46


ҚҰРАНҒА ҚАТЫСТЫ ЕКІНШІ ӘДЕП: ОҒАН АМАЛ ЕТУ
    Алла өзіне ғана иман келтіріп, құлшылықты Одан өзге ешкімге арнамауды, 5 парызды орындауды, қылмыс пен күнәдан алшақ болуды бұйырды. Осылардың бәріне амал ету мұсылманның міндеті және өзі үшін хайырлы. Құранға амал ету дегеніміз оның харамын харам, халалын халал деп білу, қайтарғанынан тыйылу, әмірлеріне бойсұну. Құран өлілер үшін емес, тірілер үшін түсірілген. Құранды оқу, жаттау - сүннет. Ал оны түсіну - парыз. Сондықтан да, Құранда айтылған бұйрықтарды орындап, тыйымдардан бас тарту - Құран алдындағы үлкен әдеп әрі міндет.

Ainur_ustaz_

17 Nov, 04:17


ҚҰРАНДЫ ТЫҢДАУҒА ПЕРІШТЕЛЕР ЖИНАЛАДЫ💓💓💓

Құранды өте жақсы бір мақаммен оқитын сахабалардың бірі Ұзайр ибн Ұсайд былай дейді:
Бір күні түнде «Бақара» сүресін оқып отырғанымда атым жанымда байлаулы тұрған еді. Құранның даусын естіп атым осқырынып, жер тарпи бастады. Оқығанымды тоқтата қойдым. Атым да тынышталды. Қайта оқи бастап едім, атым тағы тыпырши бастады. Үшінші мәрте оқи бастағанымда атым тағы да мазасызданды. Яхия атты ұлым аттың жанында ұйықтап жатқан болатын. Басып кетпесін деп баламды алып кейінірек жатқызып қойдым. Басымды көтеріп аспанға қарағанымда ақ бұлттың көлеңікесіне ұқсайтын бір тұманның ішінде шырақ сияқты көптеген нәрселердің жарқырып тұрғанын көрдім. Ақ бұлт жарқыраған күйінде көкке көтеріліп көрінбей кетті. Таңертең болған оқиғаны Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанымда «Ей, Ұсайд, оқы! Ей, Ұсайд, оқы!» деді. Мен Құран оқуым керек екенін түсініп, «Иә, Расулаллаһ, Яхия ұлым аттың аяғының астына жақын жатқандықтан, басып кете ме деп қорқып оқуымды тоқтатып едім», - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ей, Ұсайд! Сенің көргенің періштелер болатын. Олар сенің Құран оқығаныңды естіп келді. Егер сол қалпы оқи бергеніңде таңға дейін тыңдайтын еді, көпшіліктің көзінен жасырынбайтын еді», - деді.

Пәк періштелерге де берілмеген нығмет қой бұл Құран😢бізге берілген, біз оқи аламыз😘

"Құранмен саяхатқа" жиналған жамағатқа да Алланың нәсіп етер ғажайыптары көп болса деп үміт етеміз😍

Оқиғадан қандай әсер алдыңыз?!
Реакция білдіріп, пікір жаза отырыңыз😊

Ainur_ustaz_

16 Nov, 05:32


"Құранмен саяхат" жасаған шәкірттердің көпшілігі Құранмен болған уақыттан кейін, Алланың қалауымен дерттеріне шипа тауып жатқандығын айтып жатады.
Бұл рас!
ҚҰРАНДА ШИПА БАР!💊🩺💉

Білесіздер, Айша анамыздың емшілік қабілеті де болған. Бір күні анамыз  (оған Алла разы болсын) бір әйелді емдемекші болғанда, оны көрген Пайғамбарымыз (ﷺ) «Науқасты Алланың аяттарымен емде», - деп тапсырған.
(«Сахих әл-жәми’» 3969)
Ал сахабалардың бірі Ибн Мас’ұд (р.а): “Екі нәрсемен емделуге болады. Ол – Алланың сөз Құран және бал”, - деген.  (Ибн Әби Шейба 30624)
Осыған қатысты ғалымдар былай деген: “Құран – жан мен тәннің шипасы. Алайда, Алланың аятымен емделу әркімге бұйыра бермейді. Егер адам Алланың сөзінен асатын ешқандай Құдіретті жазба жоқ әрі Оның барлық нәрсеге күш-қуаты жететініне кәміл сенген күйде, ешқандай күдік-күмәнсіз иман келтірсе, онда Алланың қалауымен ешқандай ауру оған зиянын тигізе алмайды.

Себебі, күллі әлемді жаратқан Ұлы Алланың сөзіне кім қарсы келе алады? Егер Құран тауға түскенде, тау шыдай алмай шытынап кетер еді. Егер жерге түскенде жер қақ айырылар еді. Құранда шипа да, түрлі бәле-жала, кесапаттан қорғайтын күш те бар. Сондықтан да Алла Тағала: «Оларға оқылып жатқан Құранды түсіргеніміз олар үшін жеткілікті емес пе?» - деген. («әл-Әнкабут» сүресі, 51-аят) 

Дәл қазір 50% жеңілдікпен 60 000 орнына 30 000 тг төлем жасап, жобаға қатысыңыз!
👇🏼

https://wa.me/77071068918

Бұл баға 20.11-не дейін ғана! Одан кейін мұндай баға болмайды!

Төлем жасағаннан кейін чекті жіберуді ұмытпаңыз.  Рухани саяхатта бірге болайық!

Ainur_ustaz_

15 Nov, 14:00


"Құранмен саяхатқа" ниеті бар, алайда, қалай уақыт табамын деп жүрген ханымдарға бір өткір жауап болған сияқты😊

Бір адам ғұламадан:
– Құран оқуға уақытты қайдан табамын?-деп сұраған екен.

Ол:

– Құранның өзінен табасың. Құран оқысаң, уақыт саған өзі-ақ кеңейе түседі. Уақытыңда береке артады. Құранға Құранмен уақыт табасың,-деп жауап береді.

Раббым үшін, Раббымның сөзі үшін деп 3 ай бойы ұстазбен Құранға бойлауға ниет еткен әрбіріңізге екі дүние жақсылығын, берекесін берсін!


Әрине, 3 ай таңда тұрақты отыру - оңай емес. Алла қаласа, өзіңізді осыған бағындырар болсаңыз, бұл уақыт, бұл күндер - Ақыретте алдыңыздан қуаныш болып шығатын тәтті күндерге айналады, Алланың рұқсатымен❤️