письмо незнакомке @rukay1ya Channel on Telegram

письмо незнакомке

@rukay1ya


Аллаһу Алим

письмо незнакомке (Russian)

Вступай в наш канал "письмо незнакомке" под именем пользователя @rukay1ya и окунись в мир чувств и эмоций! Здесь ты найдешь письма, написанные сердцем, для незнакомок со всего мира. Каждое письмо — это искренняя история, раскрывающая душу автора. У нас ты сможешь поделиться своими мыслями, переживаниями и чувствами, а также прочитать письма других участников канала. Если ты ищешь вдохновение, поддержку или просто хочешь выразить себя через слова, канал "письмо незнакомке" создан для тебя! Присоединяйся к нашему сообществу, где каждое письмо становится частью большой истории любви и понимания. Слова способны исцелять и соединять сердца, давай вместе делиться ими в нашем уютном уголке виртуального мира. Подпишись на канал и отправь свое письмо незнакомке с любовью и искренностью! Аллаһу Алим

письмо незнакомке

23 Dec, 21:58


Ашу.

Мұсылман адам ашуланбайды, шыдамды болады - емес. Мұсылман адам ашу келгенде ашуланады, себебі, мұсылман адам ол ең алдымен адам. Оның мінезі бар, оған ұнамайтын нәрселер бар. Алла бізді осы қалыпта жаратты.

Шыдамды болу - сабыр ету емес. Шыдамды болу - терпила болу, өз өзіңді қорғай алмау, өзіңді таптатуға жол беру. Не істеймін? Әрекет етесің, сол жолда нәтиже күткенде сабыр етесің, міне сабыр ету осы. Шыдам осы жерде керек. Ештеңе істеместен, өзгеруге талпынбастан, аспаннан шешім жауғанын күту надандықтан немесе жалқаулықтан, бұл проблеманы шешуді қаламағандықтан да қорқыныштан да болуы мүмкін. Бірақ сенің саған ұнамайтын нәрсеңді жәй ғана айтқаның үшін басыңды ешкім жұлып алмайды. Ашуланып, жаман адам, жаман құл болып кетпейсің. Тыныштал🫂

Әр жазбам әуелі өзіме арналады🤍

письмо незнакомке

23 Dec, 21:48


Эмоция.

Эмоцияңызды мынау жақсы, мынау жаман деп категорияға бөлмеңіз. ӘРБІР эмоцияның өз орны бар. Алла берген нығмет деп қабылдап, Алланың берген нығметіне баға бермей, оларды өз уақытында шығарыңыз. Сөзбен, іспен не термен. Тіпті жазып тастаңыз. Эмоцияларыңызды басып, басып өз ішіңізге үлкен қара түнек жаратып аласыз, қолдан жасайсыз. Өзіңізді түсінбеу, “не сезініп тұрсың” деген сұраққа білмеймін деп жауап беру осыдан пайда болады. Өз сезімдеріңізді, эмоцияларыңызды, жаман жақсы деп бөлмей, оларды баспай, шығарып үйреніңіз. Жеке басым ашуымды шығарумен әлекпін, тым жақсы қыздың рөліне кірген мен үшін ашулану, жеке шекарамды қорғау жаман нәрсе болып көрінетін еді. Өсіп, көріп, көзім ашылып, көкірегім оянып жатыр. Біле жүрейік💡🔑

письмо незнакомке

23 Dec, 14:24


Психика травмируется тогда, когда нападает тот, кто должен был защищать

письмо незнакомке

21 Dec, 16:25


Чемпион болу деген бір күні жеңілетініңді біле тұра бәйгеде шаба беру

(c) Halis Özdemir

письмо незнакомке

17 Nov, 10:09


Channel photo updated

письмо незнакомке

17 Nov, 10:09


Channel photo removed

письмо незнакомке

16 Nov, 14:10


Channel photo removed

письмо незнакомке

16 Nov, 14:09


Channel photo removed

письмо незнакомке

16 Nov, 14:08


Channel photo removed

письмо незнакомке

16 Nov, 14:08


Басқа адамға ауып жүрсе назарың
Өзіңді ұшта, өзіңді қайра жазарым
Басқаменен салыстырып өзіңді
Шындығына жеткізбестен көзіңді
Жазғырарсың Құдай берген бойыңды
Санаң, ақыл, түріңді һәм ойыңды
Күпірлік, наразылық қылмақ жоқ
Күнә атынан босат қане мойныңды

автор: мен, Руқайя

письмо незнакомке

01 Nov, 11:48


«Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма, бізді разы қыл, бізден де разы бол!»

اللَّهُمَّزِدْنَاوَلَاتَنْقُصْنَا،وَأَكْرِمْنَاوَلَاتُهِنَّا،وَأَعْطِنَاوَلَاتَحْرِمْنَا،وَآثِرْنَاوَلَاتُؤْثِرْعَلَيْنَا،وَأرْضِنَاوَارْضَعَنَّا
«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә, уардыйна уардо ъанна. ..»

письмо незнакомке

30 Oct, 09:46


Өмірімізде түрлі сынақтар болып жатады. Алла бірін баламен, бірін денсаулықпен, бірін махаббатпен, бірін жоқшылықпен сынайды. Ал енді сол сынақты Алла не мақсатта жібереді? Сынақ не үшін беріледі? Ақылыма мұның 3 себебі келді:

1. Аллаһ Тағала біздің дұғаларымызға жауап ретінде сынақтар жібереді екен.
Мысалы, сіз дұғаңызда көркем мінез сұрасаңыз, Алла сіздің мінезіңізді сынайтын, ашуыңызды келтіретін әртүрлі ситуациялармен сынайды. Сол кезде сабыр ете алсаңыз, ашу үстіндегі сөздеріңзіді өзіңізде ұстап қала алсаңыз, Алла сізді жаңа дәрежеге көтереді екен. Демек, сынақ - өсуге, өзгеруге Алладан келген мүмкіндік.
2. Егер Алла Тағала сізге бір дәрежені қалап қойса, онда сізді сол дәрежеге жеткеніңізше сынай береді. Сондықтан, егер сізге көп сынақтар келіп жатса сіз біліңіз, Алла Тағала сол дәрежеге сіз жетпейінше қоймайды. Ол сынақты сіз көтере алатын жақтан береді.
3. Ал енді бір сынақ қайталана берсе ше немесе ол өтіп кетті бірақ сіздің жаныңызға әлі де бататын болса, күрсініп еске алатын болсаңыз, демек ол ситуациядан түсінуіңіз керек бір хикмет бар. Аллаға “неге маған мұны жібердің, неге мен мұндай болып қалдым, неге мені мұнша қиандың” деп күпірлік айтудың орнына, осы ситуацияның хикметін сұраңыз. “Я Раббым, бұл оқиғамен маған не нәрсені жеткізгің келді, мен қалай өзгерейін, маған қандай нұсқау бересің, хикметін түсіндіріп қойшы” деп Алладан ситуацияның хикметін сұраңыз.
Егер өтіп кеткен сынақ, өміріңізде қазір жоқ нәрсе әлі де есіңізден кетпей, ол нәрселер жаныңызға батса, мына мысалға мән беріңізші:
“Назарыңыз қай жақта болса, сол жаққа сіздің энергияңыз кетеді. Ал энергияңыз қайда болса, сол нәрсе одан сайын өсе береді.”
Демек, біз өткен нәрседен сабақ алып, ой түйіп алға жылжығанда, назарды Алламен қарым-қатынасымызға, иманымыз бен өзімізге бұрғанда энергиямызда сол ағымен кетеді және сол жер өседі, дамиды, ұлғаяды, гүлденеді.
Ал барлық назарымыз әлі де сол өткен сынақта қалып қоя берсе, ол реніш, өкініш ұлғая береді.

Қортындылай келе, түйінді мына бір оймен жеткізгім келеді: өміріңізде болып жатқан барлық жайттар Аллаға жақындау, жақындату үшін болып жатқанын түсініңіз. Аллаға барыңыз, жалбарыныңыз, әлсіздігіңізді мойындаңыз. Сонда Алла сынағыңызды жеңілдетеді

письмо незнакомке

27 Oct, 08:48


Көпті білген адам емес, білгенін іске асырған адам ғана ұтады.

письмо незнакомке

26 Oct, 11:17


письмо незнакомке pinned «Алладан көп кешірім сұрайтын адамның артықшылықтары: Әр намазында тәубе ететін, күнә жасап қойса дереу Аллаға барып кешірім сұрайтын адамның дұғасы тез қабыл болады, ол Аллаға жақын болады, кеудесі тыныш, Аллаға берілген құлдардан болады. Оның Аллаға махаббаты…»

письмо незнакомке

24 Oct, 20:29


Я до конца отрицала и не признавала но кажется у меня депрессия. Смысл теряется а вместе с ним и я..

письмо незнакомке

21 Oct, 04:42


Таңғы зікірлер | утренние азкары

письмо незнакомке

21 Oct, 04:41


song.link | via

письмо незнакомке

20 Oct, 09:22


Біреуге берілген нығметті ішің күйіп қызғанба. Себебі, сен Алланың әлгіге бұл нығметті не үшін бергендігін білмейсің.

Басыңа түскен қасіретке де қайғыра берме. Себебі сен Алланың бұл қасіреттен кейін саған қандай нығмет беретіндігін білмейсің

письмо незнакомке

12 Oct, 19:45


Оқуда жүріп анамды, әкемді, бауырларымды, жақынымды қатты сағындым😭❤️

письмо незнакомке

11 Oct, 16:24


Не важно кем ты родился, важно кем ты станешь

письмо незнакомке

03 Oct, 05:51


Өзінің қалауын түсінген адамға артық мотивация керек емес

письмо незнакомке

29 Sep, 20:09


«Алла Тағала саған дұға жасауға мүмкіндік берсе жауап бергісі келгені»

(Ғофир сүресі, 60-шы аят)

письмо незнакомке

15 Aug, 21:21


Өмірімде жасау керек деген істерден гөрі жасамау керек дегендері көп екен

письмо незнакомке

13 Aug, 23:45


Бұрын оған іштей көп талап қоятынмын. Дүниеқоңыздықпен неге көп ақша таппайды деп ренжулі көз қараспен қарайтынмын. Ойланып қарасам, егер сол көп ақша қолымда болып, бірақ ол болмаса бәрі бос болып, үй қаңырап, өмір өз бояуын жоғалтады екен. Ақша емес, оның аман және қасымда болғаны қымбат екен. Қазір бар болғанына, отбасымызда екеніне сансыз шүкір етіп, бірге өткізген, жәй ғана үйде, жанымда болған әрбір сәтті бағалаймын. Ол - әкем. Қатты жақсы көремін сізді, Оралхан мырза.🤍

письмо незнакомке

13 Aug, 22:13


письмо незнакомке pinned Deleted message

письмо незнакомке

13 Aug, 20:50


Бұл өмірдің рахаты Алланы еске алуда, келесі өмірдің рахаты Алланы көруде

письмо незнакомке

12 Aug, 16:04


Шариғи киіну жайлы ең жақсы сөздер:
(үйден шығарда айнаға қарап тұрып)

1. Бұл киімде Алланың алдына баруға дайын болсаң, бара бер.
2. Бұл киімде намаз оқу ыңғайсыз болмаса, бара бер.
3. Бұл киімде шығып бара жатқаныңды Пайғамбарымыз (ص) көріп мақұлдаған болса, бара бер.
4. Бұл киімде Пайғамбарымыз (ص) сені көріп үмметім деп танитын болса, бара бер.

письмо незнакомке

12 Aug, 13:19


Алла қаласа бейсенбі күні балалар үйіне қыздармен бірге барып, балалардың қуанышын көріп, көзайым болып қайтамын. Әр біріңізді құшақтадым🫂🤍

письмо незнакомке

12 Aug, 13:17


Еркеше бақытты сезімге бөленіп отырмын. Осы тұрғанда нендей жақсы іске бір кірпіш қаладым деп бақыттымын. Бір қыз “балаларға жәрдем берейік, аудиторияңыз бар ғой, бөлісе аласыз ба” деп өтініш еткенде, Аллаһым сен менің жүрегімдегіні білесің, осы істі себеп етіп, жүрегімді жамандықтан, арсыздықтан, дөрекілі дүниенің бәрінен тазартшы деп ниет еттім.

Ал сборды жапқанда еріксіз көзіме жас келді. Бұл қуаныш пен тазалықтың бұлағынан шыққан көз жас жүрегімнен бастап тұла бойымды жуып шайғандай болды. Сондай саф сезім сезіндім. Аллаға шүкір

Бақытты сезінгіңіз келсе бірден бірі жолы - жақсылық жасаңыздар

письмо незнакомке

12 Aug, 12:47


Ас саляму алейкум. Алланың қалауымен балалар үйіне деп ашқан сборымыз аяқталды. Аллаға сансыз шүкір, ел болып 391 373 тг жиналды.

Соңғы тиынына дейін аманаттарыңызды балалардың қажеттіліктерін алатын қыздарға табыстадым чек міне👇🏻

письмо незнакомке

11 Aug, 19:10


💔

письмо незнакомке

08 Aug, 02:35


۞إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ خُلِقَ هَلُوعًا
• әл-Мә'ариж:19

Шын мәнінде адам баласы хәлу’ (сабырсыз) жаратылған.

письмо незнакомке

31 Jul, 16:02


Біздің өмірімізді ойларымыз бен өмірлік ұстанымдарымыз анықтайды

письмо незнакомке

29 Jul, 18:08


Невозможно любить человека за что то и из-за чего то. Аллах внушает любовь и вы любите человека за то что он есть. Да, вы будете благодарны за поступки, за отношение человека, за его хорошие качества. Но мы любим человека не потому что он хорошо относится к нам или за то что он замечательный человек который преуспел во всем и особенно в важных нам аспектах. Любовь там где нет обязательств. Мы не любим за что то. Если любим за что то, то это все что угодно, но не любовь. Никак нет.

письмо незнакомке

27 Jul, 23:53


Маған сондай қызық.

Адам “сенім”-сіз өмір сүре алады ма? Қалай ойлайсыздар?