rakhymbek.auyezkhan @rakhymbekauyezkhan Channel on Telegram

rakhymbek.auyezkhan

@rakhymbekauyezkhan


Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ!

rakhymbek.auyezkhan (Kazakh)

Рахымбек Ауезхан телеграм каналы - 'Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ!' деген дәлелге сипатталған. Бұл каналда әділдік туралы ақпарат, өмір бойынша адалдық жасау туралы мақалалар, тіл және кеңес бәсекеге арналған рецепттерді ұсынылатын. Рахымбек Ауезхан - мемлекеттік, саяси, әлеуметтік тақырыптар бойынша маманданған қазақ журналист, публицист. Осы каналды ұсыну арқылы Рахымбек Ауезханның көптеген тақырыптар бойынша танымдық салуға болады. Онда айналасқан іштерді байқау, талқылау және басқа адал жағдайларды талқылауға болады. Егер сіз Рахымбек Ауезханның ағылшыншаға аударған жақсы мақалаларын оқығыңыз келсе, оның телеграм каналын жазылыңыз!

rakhymbek.auyezkhan

10 Feb, 15:48


Кітапта өз мәресіне жетті, Аллаға шүкір 🤲

Енді ары қарай кішігірім жұмыстары қалды, сонымен кітабымызда толық дайын болып қалады екен 😊

Қалай, күтіп жүргендеріңіз бар ма? 😍

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 19:14


Қалғандары сауап алғысы келмейді ғой димін 😅

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 19:13


Сомен болған сияқты иә?

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 19:06


3000 адамнан шығат шығар 30 адам енді иә? 😁

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 19:05


Мен дитіндер 😁

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 19:05


Хотя бы

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 19:05


30 адам шықсыншы

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 18:58


Қыздар болсын, ұлдар болсын бәрі бір.

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 18:57


Қане жазып кетіңіздер қанша адам бар көрейік 😊

rakhymbek.auyezkhan

07 Feb, 18:56


Құранды жүзінен (бетінен) оқи алатын жандар бар ма осында?

rakhymbek.auyezkhan

06 Feb, 16:07


Түс туралы шағын ақпарат

rakhymbek.auyezkhan

04 Feb, 19:48


Бәрі уақытқа қарайды, ал уақыт ешкімге қарамайды. 🫂

rakhymbek.auyezkhan

02 Feb, 13:21


Бұл қазақтың тектілігі

rakhymbek.auyezkhan

02 Feb, 09:08


Саған намаз оқуды еске салатын адам, сені жақсы көретін адам.. Оны жоғалтып алма! ❤️

rakhymbek.auyezkhan

30 Jan, 20:08


Хадисте келген Үмму Руман деген кім?

Үмму Руман (р.а.) – Ислам тарихындағы көрнекті сахабалардан. Айша (р.а.) анамыздың анасы.
Оның толық аты-жөні Үмму Руман бинт Әмир ибн Уаймир әл-Кинаний.

Үмму Руман бастапқыда Абдуллах ибн Харис атты адамға тұрмысқа шыққан, бірақ ол қайтыс болғаннан кейін Әбу Бәкір әс-Сыддыққа (р.а.) әйелдікке шықты.

Оның бұл некеден екі баласы болды:
1. Абдуррахман ибн Әбу Бәкір
2. Айша бинт Әбу Бәкір (р.а.), кейінірек Айша анамыз Пайғамбарымыздың (ﷺ) әйелі болды.

Үмму Руман Мәдинада қайтыс болған. Оның жаназасын Пайғамбарымыздың (ﷺ) өзі шығарып, ол туралы:
“Кім жәннаттағы хор қыздарының бірін көргісі келсе, Үмму Руманға қарасын”, – деп айтқан
(Ибн Хажар, “әл-Исаба”).

rakhymbek.auyezkhan

30 Jan, 20:04


Намазда қозғалып, теңселіп, сақалын тарап, киімін шұқып тұрған адамға керемет хадис.

Хазіреті Айша анамыздың жеткізген риуаятында анасы Үмму Руман былай деген екен:
«Намаз оқып жатып, оңға солға жалтақтап тұрдым. Әбу Бәкір мұнымды көргенде қатты сөкті, сәл болмағанда намазымды бұзып жіберетін едім. Сосын ол маған былай деді:
Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деп бұйырған: 
«Кімде кім намазға тұрғанда барлық жері тыныш, хушуғпен тұрсын. Яһудилер секілді теңселмесін. Өйткені, намазда дене мүшелерінің тыныш тұруы, намазды толықтыратын жайттар болып саналады».

Ал, хазіреті Әли (р.а.) былай деп риуаят етеді:
«Пайғамбарымыз намазда сақалымен ойнап тұрған бір кісіні көрді. Сосын ол жайында:
«Егер жүрегі тыныш тұрса, дене мүшелері де тыныш тұратын еді», - деді.

rakhymbek.auyezkhan

30 Jan, 17:21


Allah nasip etmeyeceği şeyi dua ettirmezmiş.

Алла нәсіп етпейтін нәрсеге дұға еткізбейді екен.

rakhymbek.auyezkhan

30 Jan, 11:25


Адамдардың қателігі

rakhymbek.auyezkhan

30 Jan, 11:24


Отабсыңның қадірін біл!

rakhymbek.auyezkhan

30 Jan, 09:52


Мұхаммедсіз әлемде өмірдің не мәні қалды

rakhymbek.auyezkhan

28 Jan, 19:44


Кешіруге талпынып жатырмын, бірақ әлі де
болар емес. Қалай кешіруге болады?


Кешіру абыройымызға сызат түсіреді деп ойлаймыз
немесе өзімізге жамандық істеп жатқандай көрінетін
сияқтымыз, бірақ кешіру - өзімізді қажетсіз жүктерден
арылту үшін керемет бір құрал. Саған кешірім жасау
жайында бағыт беретін және кешіре алуың үшін сағанкөмегін беретін, оқығаныңда кешірудің берер жеңілдігін сездіретін бір оқиғаны баяндап берейін.

“Бір орта мектеп мұғалімі сыныпқа кірген бойда
оқушыларға: “Балалар, өмірлік бір тәжірибеге
қатысқыларың келе ме?” деп ұсыныс жасайды.
Оқушылар еш ойланбастан келіседі.
Мұғалім: - Онда мен не айтсам, соны жасаймын деп
маған уәде беріңдер,– дейді.
Оқушылардан бұл уәдесін алған соң, мұғалім: - Енді, ертеңгі тапсырмаға дайын болыңдар. Ертең әрқайсың бір пакет және бес килограмм картоп әкелесіңдер,– дейді.
Мұны естіген оқушылар таңғалады, бірақ бұл
тапсырмадан ештеңе түсінбесе де, келесі күні олардың
барлығы үстелдеріне пакетпен бес килограмм картопты
әкеліп дайындап қояды. Мұғалім мұны көрген соң, өзіне қарап отырған оқушыларға былай дейді:
- Енді бүгінге дейін кешірмеген әр адам үшін бір картоп алыңдар. Сол адамның атын картоптың үстіне жазып, пакеттеріңе салыңдар-.
Оқушылардың кейбірі пакеттеріне үш-бес картоп
салса, кейбірі пакеттерін толтырып жібереді.
Оқушылардың таңғалған көзқарасын байқаған
мұғалім: - Бір апта бойы қайда барсаңдар да, бұл пакеттерді жандарыңнан тастамаңдар. Ұйықтайтын
төсектеріңде, автобуста, мектепте, парталарыңда, қайда болсаңдар да, пакет сендермен бірге болуы
керек–, дейді.
Апта тез өтеді, мұғалім сыныпқа кірмей жатып,
оқушылар шағым айта бастайды: - Мұғалім, бұл ауыр
пакетті әр жерге тасып жүру өте қиын болды. Оның үстіне, картоптар шіріп, жағымсыз иіс шыға бастады. Адамдар бізге теріс көзбен қарай бастады. Бұл бізді
шаршатты -.
Мұғалім күлімдеп: - Көрдіңдер ме? Кешірмеу арқылы ең алдымен өздеріңді жазалап жүрсіңдер. Жан дүниелеріңе ауыр жүк салып, оны өздеріңмен бірге алып
жүрсіңдер. Кешіруді өзгелерге жасалған жақсылық деп
ойлайсыңдар. Ал шын мәнінде, кешірім ең алдымен
өздеріңе жасалатын жақсылық. – деп сабақты қорытындылайды.

Енді өзіңе бір жақсылық жаса: арқаңдағы ауыр
пакетті таста. Қажетсіз жүктен құтыл.
Енді сен еркінсің!

#аударма_кітаптан_үзінді

rakhymbek.auyezkhan

27 Jan, 19:11


Кітап аудару сәті 🙂

rakhymbek.auyezkhan

27 Jan, 19:05


1. Егер біз ауырмайтын болсақ:

Құдайдың “Мен сырқаттарды жазушы, шипа берушімін” сөзін түсіне алар ма едік?

2. Мүлде аштықты сезбейтін болсақ:

Құдайдың “Ризық беруші менмін деген сөзін түсіне алар ма едік?

rakhymbek.auyezkhan

27 Jan, 18:41


Аударып жатқан кітабымыздан үзінді …

Өмірден жалықтың ба? Жаңа күнге аяқ баса алмай қалғандар бар. Қолыңдағы телефонға шағымың бар ма? Телефоны жоқтар бар. Үйің ұнамай ма? Көше аралап бас сұғалайтын жер таба алмай жүргендер бар. Жеген тамағың дәмсіз болды ма? Жеуге бір түйір нан таба алмай отырғандар бар. Көзіңнің түсі ұнамай ма? Соқырлар бар.
Денсаулықтың қадірін түсінбей жүрсің бе? Өмірімнен айырылып қалмайын деп күресіп жүрген адамдар бар.

Мәулананың сөзіне құлақ ас:
“Ойлама сенде дерт бар деп,
сенің дертіңді нығмет көретіндер бар.”

rakhymbek.auyezkhan

27 Jan, 07:47


Кітаптарым келе жатыр 😍

rakhymbek.auyezkhan

23 Jan, 19:09


Жақындарыңызға жақсы қараңыз, себебі гүлдер “мені суарыңдар” деп айтпайды.

rakhymbek.auyezkhan

23 Jan, 19:07


Rabbinle konuşun!

rakhymbek.auyezkhan

23 Jan, 14:44


https://www.tiktok.com/@rakhymbek.auyezkhan?_t=ZM-8tJANI4rjDJ&_r=1

rakhymbek.auyezkhan

23 Jan, 06:49


Жүрек қанша ауыртпалықты көтере алады?

Жүрек – керемет бір мүше.
Өте көп ауыртпалықты көтере алады.

Ол барлық қайғыны да, уайымды да, күйзелісті де көтере алады.

Жүрек неге біреу…?!
Неге барлық ағзаларымыз жұп-жұбымен?

Қараңызшы, екі көзіміз бар, оданда жақсы көруіміз үшін.
Екі мұрынымыз бар, оданда жақсы тыныс алуымыз үшін.
Екі құлағымыз бар, екі өкпеміз, екі бүйрегіміз бар.

Бірақ бір ғана жүрегіміз бар, солай ма?

Алла Тағала осындай маңызды мүшені неге жалғыз жаратқан?

Негізі жалғыз жаратпаған.
Екіншісін басқа адамға берген.
Барып оны іздесін, тапсын деп.

Сүйікті адамыңызбен не үшін құшақтасасыз?
Кез келген адамға қол бұлғап, қолын алмасып, жәй ғана сәлем деп айта аласыз.

Себебі құшақтасу – бұл бір энергия.
Яғни біреуді құшақтау үшін, қарсы тараптан да бір нәрсе күтіп құшақтайсыз.

Құшақтағанға дейін оң жағыңыз бос болып тұрады.
Ал сіз құшақтаған уақытта, екінші адаммен оң жақты толтырасыз.

Сондықтан жүректің де өз жұбы бар.
Егер өзіңізге лайықты жүректі тапсаңыз, сөзсіз, дүниенің ең бақытты адамына айналасыз.

@rakhymbekauyezkhan

rakhymbek.auyezkhan

22 Jan, 17:31


Жаңа аударма!

rakhymbek.auyezkhan

22 Jan, 16:36


Умра қажылығын жасағыңыз келсе, онда ата-анаңызбен отырып кешкі ас ішіңіз.

Себебі Хасан әл Басридің رحمه الله айтқан сөзі бар:

“Ата-анаңмен отырып кешкі ас ішудің сауабы, умра қажылығынан артығырақ” – деген.

rakhymbek.auyezkhan

22 Jan, 12:21


Айтпақшы жақсы жаңалығым бар…☺️


Қазіргі таңда кітап аударып жатырмын. 📚 Сіздерге пайдалы болатынына және сол аудармам арқылы өміріңіздің өзгеретініне мен 💯 % сенімдімін.
Кітап пдф форматында болады.

Кітаптың қашан шығатынын жақын арада хабарлайтын боламын, күтіңіздер! Қолдауларыңызға алдын ала рахмет! 😊

rakhymbek.auyezkhan

22 Jan, 12:14


Не үшін оқу керек тақырыбында тамаша аударма аудардым көріп шығыңыз 📚📖

rakhymbek.auyezkhan

19 Jan, 05:42


Басқа есік жоқ.
Сол дұғаны мың рет сұраймыз, басқа жолы жоқ.

rakhymbek.auyezkhan

18 Jan, 10:23


Қазақстанда “қонақ неке” деген пайда болыпты 😂

rakhymbek.auyezkhan

17 Jan, 16:02


Алланың саған жазған несібесі ешқашан басқаға бұйырмайды.

rakhymbek.auyezkhan

17 Jan, 16:02


Алла кімді жақсы көреді?

rakhymbek.auyezkhan

16 Jan, 12:17


Ассаляму алейкум достар 👋

Сіздерге кішігірім жаңалығым бар. Мен тілдерді жақсы көремін. Сол сияқты басқа тілдерде кітап оқуды да.

Мен өзімнің оқыған/ оқып жүрген/ енді оқитын эл. кітаптарымды бір жерге жинақтап жатырмын. Ол жерде 🇰🇿🇷🇺🇹🇷🇸🇦🇬🇧 тілдерінде кітаптар бар. Ол кітаптарды телеграмға жүктеп жатырмын. Ол жер әрдайым жаңарып отырады. Жаңа кітаптар салып отырамын.

Қысқаша айтқанда, бұл менің жеке кітаптар жинағым. Сіз де сол кітапханама ақылы түрде доступ ала аласыз.

Ол жерге доступ алу үшін мына реквизитке 990₸ жіберіп чекті жекеме @rakhymbek_auyezkhan жіберіңіз.

Kaspi: 4400430296248914 (Рахымбек. Ә)

rakhymbek.auyezkhan

14 Jan, 06:47


Алла қаласа 114 сүрені осылай жазып шығу ниетімде бар.
Тек сіздерден қолдау күтеміз. Ин шәә Алла. Дұға етіп қойыңыздар 🤲

rakhymbek.auyezkhan

10 Jan, 11:49


Әкесінің соңғы сөзі

rakhymbek.auyezkhan

09 Jan, 14:07


Жалпы мен мынаны түсінбеймін:

“Тіл көзден аман болшы ботам” деп алып, бірақ баласының фотосын әлеуметтік желіге салатындарды.🤦

Қалай бұл сонда? Сендер әлде көз тиюдің хақ нәрсе екенін білмейсіңдер ма?

Тіпті өз анасымен - әкесінің көзі балаға тиеді. Бұл да ақиқат.

rakhymbek.auyezkhan

09 Jan, 08:45


Келіншегіммен қыдырып жүрміз сол😃


Starbucks ☕️

rakhymbek.auyezkhan

06 Jan, 17:23


Если что, қолдау күтемін 😃

rakhymbek.auyezkhan

06 Jan, 17:22


https://youtube.com/shorts/J0kBdQdQsjQ?si=ugHvZxkTgasRn-os

rakhymbek.auyezkhan

04 Jan, 15:13


Алламен сөйлес!

rakhymbek.auyezkhan

23 Dec, 18:30


Таңда ұйықтама!

rakhymbek.auyezkhan

19 Dec, 17:42


Бай болғың келсе, уақиға сүресін оқы!

rakhymbek.auyezkhan

19 Dec, 16:44


Шүкірлігіңді намазбен көрсет!

rakhymbek.auyezkhan

16 Dec, 21:45


Ашуланбасаң, жәннәт сенікі болады 😍

rakhymbek.auyezkhan

16 Dec, 21:44


Тәуекел етудің мағынасын түсінбесеңіз тыңдаңыз 🎧

rakhymbek.auyezkhan

12 Dec, 11:51


❤️

rakhymbek.auyezkhan

06 Dec, 05:51


Менің өмірімді сөз қылма

rakhymbek.auyezkhan

29 Nov, 08:04


Сен Аллаға ғашық бол.
Саған ғашық болатындар табылады!

rakhymbek.auyezkhan

29 Nov, 05:41


Жұма мүбәрәк болсын!

Жұма мұсылмандардың мейрамы.

Отбасыңа немесе жақыныңа сыйлық алуды ұмытпадың ба?
🤔☺️

rakhymbek.auyezkhan

28 Nov, 19:57


Бүгінгі аударма

rakhymbek.auyezkhan

28 Nov, 12:12


Coffee time ☕️

rakhymbek.auyezkhan

27 Nov, 20:59


Ютубтан Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі болсын) жайында білмейтін шындықтар жайлы тыңдап таң қалып отырмын 😳

rakhymbek.auyezkhan

26 Nov, 18:21


Сұраған адамдар үшін 🔥

rakhymbek.auyezkhan

25 Nov, 19:58


Қазанаттың жолында
Жазық та бар, ор да бар.
Азамттың жолында
Бақыт та бар, сор да бар..

rakhymbek.auyezkhan

25 Nov, 17:15


Омардың (р.а) әділдігі

rakhymbek.auyezkhan

25 Nov, 14:48


Бір мешіттің ішінде былай жазылған сөз бар екен:

Бұл мешітте жұма намазынан басқа да намаздар оқылады!

rakhymbek.auyezkhan

25 Nov, 10:50


Ну да это я 😅

rakhymbek.auyezkhan

24 Nov, 20:21


Әйелімнің маған дайындаған шәйі ғой 😍☕️

rakhymbek.auyezkhan

23 Nov, 18:33




Истиғфардың маңызы

Имам Ахмед ибн Ханбал бір күні хадистер жинау үшін сапарға шығады. Бір қалаға барған кезінде қатты жаңбыр жауып жатады. Имам Ахмед ибн Ханбал түнді өткізу үшін мешітке кіреді. Бірақ мешіт қызметшісі мешітте жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтып, онда қалуға рұқсат бермейді.

Имам Ахмед қаланың ішінде жүріп келе жатып, наубайхананың қасынан өтеді. Онда наубайшы нан пісіріп жатады. Наубайшы Имам Ахмед ибн Ханбалды байқап, оны ішке шақырады. Ол: «Мен нан пісіріп жатырмын, сыртта жаңбыр жауып тұр, бүгін түнде осында қалып демалсаңыз болады», – дейді.

Имам Ахмед демалып жатқанда, наубайшының үнемі истиғфар айтып отырғанын байқайды. (Әрі қарай видеодан көре аласыз, иншаАлла).

rakhymbek.auyezkhan

22 Nov, 14:09


Рамазан айына 98 күн қалды…

Рамазан айы – Құран оқитын ай, әліппе оқитын ай емес!

Қазірден әліппені бітіріп құранға түсейік!
Оразада оқимын деумен неше жылың өтіп кетті…

rakhymbek.auyezkhan

20 Nov, 12:06


Бұрынғы өткеніңнен жамандығыңды еске алу – Шайтанға үйдің кілтін беру.

ұстаз: Нұреддин Иылдыз

rakhymbek.auyezkhan

20 Nov, 06:53


Ішің астан-кестен, бірақ оны сыртқа білдірмейсің.

rakhymbek.auyezkhan

20 Nov, 06:51


Кейде маған керек нәрсе, бір адамның мені құшақтап тұрып; “Қатты шаршадың білемін бірәқ, бәрі түзеліп кетеді” дегені.

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 21:05


Бір Дана кісі былай дейді:

Кім өзіне Алладан басқа жақын досым бар деп ойласа, Ол Алланы дұрыс танымағаны. Ал кім өзінің нәпсісінен басқа дұшпан бар деп ойласа, Ол өз нәпсісін танымағаны.

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 20:38


Бір Данышпан кісіден былай дейді:

Күнәларды кішкентай деп санама, Себебі үлкен күнәлар, сол кіші күнәлардан пайда болады.

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 20:27


Бір Аллаға жақын болу үшін бұл дүниенің қызықтарын тәрк еткен адам былай дейді.

Кімде-кім күліп тұрып күнә жасаса, Алла Тағала оны жылаған күйі тозаққа тастайды.

Ал кім Аллаға (күнәсы үшін) жылап тұрып бойұсынса, Алла Тағала оны қуанышпен жәннәтқа кіргізеді.

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 20:17


😍

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 20:13


Суфиян әс-Сәри (р.а) жеткен хадисте:

Нәпсі құмарлықтан туындайтын барлық күнәлардың кешірілуі үміт етіледі, Тәкаппарлықтан туындайтын барлық күнәлардың кешірілуі үміт етілмейді. Себебі Шайтанның күнәсы такаппарылқтан, Ал Адам (а.с) күнәсы болса, нәпсі құмарлықтан еді.

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 19:28


А, айтпақшы Мүнаббиахат кітабын оқып жатырмын. Хадистер сол кітаптан алынады если что 😅

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 19:27


Сіздермен кешегіндей хадистер бөлісіп отырамын 😊

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 19:26


Түнгі сабағым басталды 😍

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 19:26


Әркімге бұйыра бермейді 🥀

rakhymbek.auyezkhan

19 Nov, 19:25


Өзіңді жақсы көр 🥰

rakhymbek.auyezkhan

18 Nov, 20:27


Бүгін, сіздермен өзім оқыған хадистен бөлістім, ертен тағыда бөлісемін ин шәә Алла.

Қайырлы түн! 🥱😴

rakhymbek.auyezkhan

18 Nov, 20:23


Хазірет Әли (р.а.) былай дейді:

«Кімде-кім білім ізденсе, жәннат оны іздейді, ал кімде-кім күнә ізденсе, тозақ оны іздейді».

rakhymbek.auyezkhan

18 Nov, 20:15


Хәзіреті Осман (р.а) былай дейді:

Дүние үшін уайымдау – жүректі қарайтады,
ал ақыреті үшін уайымдау – жүректі нұрландырады.

rakhymbek.auyezkhan

18 Nov, 20:03


Хәзіреті Омар (р.а) былай дейді:


«Дүниеде құрмет – мал дүниемен, ал ақыреттегі құрмет – ізгі амалдармен келеді».

rakhymbek.auyezkhan

16 Nov, 17:31


“Ризығымыз үшін оянамыз.
Бірақ ризық беруші үшін оянбаймыз.
Шынында біз Ризық беруші Аллаға сенеміз бе?”

rakhymbek.auyezkhan

15 Nov, 12:00


Алла оны ешкімге мұқтаж қылмайды…

rakhymbek.auyezkhan

15 Nov, 11:59


Сабыр етпеген қайдан білсін

rakhymbek.auyezkhan

10 Nov, 09:28


ҚАЛЫҢМАЛ НЕМЕСЕ МӘҺІР

Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болады.

Осы тұрғыдан қалыңмалды “мәһір” деп санауға болады.
Ал “әке еңбегі”, “ана сүті”, т.с.с қыздың әке – шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый) мәһірге жатпайды.

rakhymbek.auyezkhan

09 Nov, 08:10


😅

rakhymbek.auyezkhan

07 Nov, 15:00


Мені кешір деме!

rakhymbek.auyezkhan

06 Nov, 18:07


Сен Аллаға жақында, сонда әдемі нәрселердің бәрі саған жақындайды.

rakhymbek.auyezkhan

06 Nov, 18:04


Алланың сүйген нәрсесін істе, сонда Ол сүйген нәрсеңді береді.

rakhymbek.auyezkhan

06 Nov, 04:24


Алла менен разы ма?

rakhymbek.auyezkhan

05 Nov, 16:45


Егер берілген білімді алып, бірақ әрі қарай әрекет етпесеңіз, бір ғажайыпты күтпей-ақ қойыңыз. Кез келген білімнен нәтиже шығару – адамның өзіне байланысты.


#sen кітабынан алынды

rakhymbek.auyezkhan

05 Nov, 10:50


Өмір - сынақтардан сабақ алу…

rakhymbek.auyezkhan

04 Nov, 20:19


Монтаждың мелодиясы 👆

rakhymbek.auyezkhan

04 Nov, 20:00


ЖАҢА АУДАРМА

Анасыз отбасы деген нәрсе болмайды!

rakhymbek.auyezkhan

03 Nov, 05:37


Бір кісі сахаба Әбу Зәрдан (р.а) сұрапты:

Жалғыздық қиын емес пе,
Уа, Әбу Зәр?


Әбу Зәр (р.а) былай дейді:
Адамдар одан да қиын.

rakhymbek.auyezkhan

03 Nov, 05:29


Так что мен бекер салмаймын, рас нәрсе болған соң ғана ескертмін ☝️

rakhymbek.auyezkhan

02 Nov, 15:38


Дубайский шоколадтың дәмін татуға асыққандар,

Намаздың да дәмін татуға асықса екен…


Ұстаз: Олжабек Мұрсали

rakhymbek.auyezkhan

01 Nov, 14:11


Қандай әдемі дұға 😍🤲

rakhymbek.auyezkhan

31 Oct, 05:55


Хасан Аманқұлов ұстаздың семинарында 😍

rakhymbek.auyezkhan

31 Oct, 05:52


Ешкімге мұқтаж болмау да, бақыт. 🌸

rakhymbek.auyezkhan

29 Oct, 17:57


Некедегі жұбайың қандай болуы керек?

rakhymbek.auyezkhan

29 Oct, 16:49


Аударма күтіп жүргендер бар? 😅

rakhymbek.auyezkhan

29 Oct, 12:03


Дәрет алған кезде, таза боласың.
Намаз оқыған кезде, бақытқа кенелесің.
Дұға жасағанда, жеңілдейсің.
Ислам дәрі сияқты, Аллаға шүкір.

rakhymbek.auyezkhan

28 Oct, 14:16


Мезгілсіз өлімнен емес,
Намазсыз өлімнен қорық.

rakhymbek.auyezkhan

25 Oct, 20:08


🇹🇷❤️

rakhymbek.auyezkhan

23 Oct, 18:13


Отбасы банк басшысы осындай бір хабар айтып қуантып қойды 😍

Ислам ипотекасы ашылса керемет болар еді иә???

Сіздер не дейсіздер? Жазып кетіңіздер ойларыңызды 👇

rakhymbek.auyezkhan

23 Oct, 18:00


Арасында осындай аударма салып қоятыным бар енді 😅

rakhymbek.auyezkhan

23 Oct, 12:19


Бұл хиджабтағы арулардың өмірі…

rakhymbek.auyezkhan

21 Oct, 14:47


Өлім қорқынышынан осылай құтыл

rakhymbek.auyezkhan

21 Oct, 10:28


Кейде досыңмен сырласу – адамға шипа береді.

rakhymbek.auyezkhan

21 Oct, 07:00


Жын адамға ғашық болады, қызғанады, үйленуіне кедергі жасайды деген сияқты қиял-ғажайыптарды айтуды қойыңдаршы, құрметті жынологтар ))

Құранда, сахих хадистерде бар нәрсені ғана айтсаңдаршы. Әйтпесе жынның не істеп, не қойып жүргенін қайдан білесіңдер?

rakhymbek.auyezkhan

20 Oct, 08:01


Бір сөзбен айтқанда…
Кім осыған сенсе, джаһил.🤬

rakhymbek.auyezkhan

18 Oct, 06:51


Ал бұл Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бейнесі.

rakhymbek.auyezkhan

18 Oct, 06:05


Сұрақ бауырларым!

Қаншама уағыздар аударылып жатыр осы уақытқа дейін, араларыңызда өзгергендер бар ма???

Мен өзгердім деп жаза ала ма?

Мен үшін маңызды просто 🥹
Жасап жатқан еңбектерім еш кетпеген бе деген нәрсе ғой, бір себепші болайыншы деген…

rakhymbek.auyezkhan

18 Oct, 06:03


Жақсы аудармалардағы сөзді оқып керегіне,
Егер сен онымен амал қылмасаң…?

rakhymbek.auyezkhan

18 Oct, 05:54


Намазда өмір бар… 🌸

rakhymbek.auyezkhan

18 Oct, 04:39


Жұма қабыл болсын 🌸🕌

rakhymbek.auyezkhan

17 Oct, 21:13


Хираң болмаса уахи күтпе)

rakhymbek.auyezkhan

17 Oct, 17:21


Құран үйренем десеңіз бисмилләһ деп көрсетілген сілтеме бойынша өтіп жаза қойыңыз! 😊

rakhymbek.auyezkhan

17 Oct, 17:20


@ali_abdigamid

rakhymbek.auyezkhan

17 Oct, 12:10


Проблемаң көп болса тыңда!

rakhymbek.auyezkhan

16 Oct, 08:43


Кез келген нарсенін сыры
"сабырда";
Ауырганда сабыр етсен
"Шыдамдылык",
Аштыкка сабыр етсен "Ораза",
Адамдарга сабыр етсен
"Кенпейілділік",
Тілекте сабыр етсен "Дуга
(бата)",
Сезімге сабыр етсен "көз жасы",
Сагынышка сабыр етсен
"касырет",
Махаббатка сабыр етсен
"гашыктык" болады.
Маулана Жәләлуддин әр-Руми
(Алла оны ракымына бөлесін)

rakhymbek.auyezkhan

16 Oct, 04:55


Мен кейде өлімді жиі еске алып, ертен жағдайым қалай болар екен деп, күнәларым үшін уайымдап қорқамын.🥲

Бірақ, кейбір исламды біліп, намаз оқымай, ораза ұстамай жүрген бауырларымды көресем таң қалам, олардың жағдайы не болар екен деп….



Алла көңіл қалауына ергендерді өзіңнің тура жолыңа келуді нәсіп етші 🤲

rakhymbek.auyezkhan

15 Oct, 10:48


☝️

rakhymbek.auyezkhan

15 Oct, 09:17


Мүміннің шынайы сұлу болуы 3 нәрседен көрінеді:

1. Дәрет суы (үнемі дәретпен жүру)
2. Түнгі намазы (Тахаджут)
3. Хадис жаттап, жеткізу.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кім менен бір хадис жаттап, оны жеткізсе, Алла оның жүзін жарқын әрі нұрлы етсін.

rakhymbek.auyezkhan

10 Oct, 15:56


Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

rakhymbek.auyezkhan

08 Oct, 07:13


Каналдан шығып кеткен жамағатқа

7 рет Фатиха
3 рет Ықылас
1 рет Фәлақ
1 рет Нәс
сүрелерін оқып бағыштап қояйықшы 😅🤲

rakhymbek.auyezkhan

08 Oct, 06:56


Аллаһ

Алла

Дұрыс жазып үйренейік 🤦‍♂️

rakhymbek.auyezkhan

07 Oct, 15:55


Жаңа аударма

САҒАН АЛЛАНЫ ҰМЫТТЫРҒАН НӘРСЕ НЕ?

rakhymbek.auyezkhan

07 Oct, 12:59


Негізі, Мен өз ортамда кімнің өтірік, кімнің шынайы екенін жақсы білемін.
Тек маған олардың актерлық шеберлігін тамашалаған ұнайды.

rakhymbek.auyezkhan

06 Oct, 11:53


Өтірік адамға жала жабатын журналистердің көзін қалай құртамыз?!
Елге дінді де, имамдарды да жек көрінішті қылып бітірді ғой әбден.


Әсіресе тәңіршілер… 👎
Өздеріңнің ұстанымдарыңды діни көз қарас деп тықпаңдаршы. Сендерде дін жоқ.

rakhymbek.auyezkhan

06 Oct, 08:40


Жүрегі таза адамның жолы ауыр болады