Үйленбей тұрып Үйрен. @uilenbeiturypuiren Channel on Telegram

Үйленбей тұрып Үйрен.

@uilenbeiturypuiren


Үйленбей тұрып Үйрен. (Kazakh)

Үйленбей тұрып Үйрен. телеграм каналы - бұл жаңа Қазақ тілінде ағылшынша сөйлеу және білім алу мүмкіндіктерін толтыру үшін жасалған канал. Осы каналда сіз қазіргі жақтағы біліміңізді арттырады және жаңа сөздерді, фразаларды, диалекттерді оқу алатын жаңа жолдарды таба аласыз. Бұл каналды қолдану арқылы, сіз екі тілден мамандарыңызды арттыруға көмек көрсету мүмкіндігінің тез бір бөлігін көрсетіп жатасыз. Үйленбей тұрып Үйрен. телеграм каналымен қосылыңыз және қазіргі жақтағы көптеген мәліметтерді мезгілдеріңізде шығарыңыз!

Үйленбей тұрып Үйрен.

18 Nov, 22:18


Ер адам жүрек тыныштығы мен құрметке мұқтаж.

Әйел адам махаббат пен сенімге мұқтаж.

Үйленбей тұрып Үйрен.

14 Nov, 18:18


Егер ер адамның жары салиқалы болмаса оның дінінің бір бөлігі кетеді

Хасан әл-Басри (рахимаһулла) бұл жөнінде мына бір оқиғаны айтады:

Мен Меккеде бір киім сатушының дүкеніне тоқтап одан киім алмақшы болдым, ол (киімдерін) мақтап, олардың тіпті жақсы екендігіне ант ете бастады. Сөйтіп мен “сауда мұндай болмауы қажет”- деп оны тәрк етіп киімді басқа біреуден сатып алдым. Екі жылдан кейін қажылыққа қайта бардым және сол сатушыны тағы кездестірдім. Бірақ бұл жолы оның ештеңені мақтап немесе ант бергенін байқадым. Оған “сен мен бірнеше жыл бұрын келген адам емессің бе?”- деп сұрадым. Ол “иә”- деді. Мен: “Сені бұлай өзгеруге не алып келді? Бұрынғыдай мақтап, ант ішкеніңді көрмей тұрмын ғой”- деген едім ол былай деп жауап берді:

Менің бір әйелім бар тұғын, егер оған аз ризық алып келсем оны жеткіліксіз санап, ал көп әкелсем оны азсынатын. Кейін ол Алланың қалауымен қайтыс болды да мен басқа әйелге үйлендім. Егер мен таңертең базарға барғым келсе ол киімдерімнің қорабын алып: “Әй Пәленше, Алладан қорық! Бізді тек адалмен тамақтандыр. Егер аз ризықпен келсең біз оны көп көреміз, ал егер еш нәрсесіз келсең біз сені өз еңбегімізбен қолдаймыз”- деп айтатын болды

📚”әл-мәджәлисә уә джәуәһирул ьилм” 5/251

https://t.me/fraidalkelam12

Үйленбей тұрып Үйрен.

12 Nov, 11:33


Әйелі жоқ еркек аяқ киімсіз адаммен тең. Жалғыздық - зинаның кілті, ал неке - берекенің кілті.

Абд аль-Мумин.

Үйленбей тұрып Үйрен.

12 Nov, 10:48


Үйлену үшін кең үй мен сәнді жиһаз қажет емес. Бірақ, оған асыл жан мен жақсы отбасылық қарым-қатынас керек.

🏠Үйдің негізі цемент пен шатыр емес, үйдің негізі салиқалы ер мен салиқалы әйел.

Үйленбей тұрып Үйрен.

12 Nov, 09:06


Хадистерде Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жәннатта кей салиқалы әйелдерге үйленетіні айтылған. Олардың арасында Имранқызы Мәриям, Перғауынның әйелі Асия және Мұсаның әпкесі Күлсім бар.

Бұл хадистердің ішінде Әбу Умаманың риуаяты бар. Ол былай дейді: «Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айшаға (Алла оған разы болсын) былай деп айтқанын естідім: «Алла мені жұмақта Имранның қызы Мәриямға және перғауынның әйелі Асия, Мұсаның әпкесі Кулсумға үйлендіретінін білесің бе?

Бұл хадисті әт-Табарани жеткізген.

Үйленбей тұрып Үйрен.

11 Nov, 19:54


Кеше қаладағы мешіттердің біреуіне барсам, бір жігіт дәретхана жуып жатыр. “Сен осы жерде жұмыс істейсің бе?” деп сұрасам “Жоқ. Әйелім ауырып қалған. Соның орнына шығып едім ғой” дейді. Ішімнен “Қандай мейірім! Қандай махаббат!” дедім де, осындай бір отбасылық жылулықтың куәсі болғаныма қуанып қалдым…

#отбасы_тағылымы

Үйленбей тұрып Үйрен.

01 Nov, 08:55


Ер жігіттік — адамдар істегенді істеу емес, дұрыс істі таңдау.

Сендердің біреулерің «еліктегіш» болмасын: адамдар түзелсе, өзі де түзелетін, ал адамдар бұзылса, өзі де бұзылатын.

Ерлердің ең абзалы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өз отбасына қызмет ететін. Ол үйінде ең күлімсіреген жан болатын, әрі әйелін жақсы көретінін жасырмайтын. Хадиша анамыз туралы: «Бұл — жүрегіме махаббаты нәсіп етілген әйел», – дейтін. Оның соңғы өсиеттерінің бірі: «Әйелдерге жақсы қараңдар!»

Шейх Әдһам Шарқауи(хафизаһуллаһ)

Үйленбей тұрып Үйрен.

18 Oct, 17:35


🌹Никах — это не торговля.

К сожалению, многие мусульмане живут семейной жизнью, как будто заключили торговую сделку, и начинают обсуждать, кто что кому должен. Нужно понимать, что таким образом никогда не выстроить нормальные взаимоотношения. Как два друга не будут дружить, если будут только следить за обязанностями друг друга. Например, если Зейд попросит Амра помочь ему с переездом, а Амр ответит: «Слушай, друг, я тебе ведь ничего не должен», то их дружба, вероятно, закончится в тот же день. Но почему многие семейные пары продолжают строить отношения на подобной модели общения?

Не всё, что написано в книгах по фикху, необходимо буквально применять в семейной жизни. Эти границы и предписания указываются на случай, если брак уже на грани разрыва или проблемы стали неразрешимыми. Например, в главе о гусле говорится, что муж обязан предоставить жене воду для гусля после менструации или полового акта, но для общей гигиены не обязан. Теперь представьте, что муж, услышав это, говорит жене: «Дорогая, я ведь не обязан давать тебе воду!» Как вы думаете, захочет ли жена жить с таким человеком? Конечно же, нет.

Поэтому прекратите разрушать свои браки. Пусть каждый из супругов думает о своих обязанностях и старается улучшать отношения, делая больше, чем требуется. Тогда любовь и дружба между вами будут только расти. А все эти наущения со стороны шайтана, будь то из числа джиннов или людей, оставьте в стороне.

(ثَمَنُ مَاءِ اغْتِسَالِهَا وَوُضُوئِهَا عَلَيْهِ) أَيْ الزَّوْجِ لَوْ غَنِيَّةً
كَمَا فِي الْفَتْحِ؛ لِأَنَّهُ لَا بُدَّ لَهَا مِنْهُ فَصَارَ كَالشُّرْبِ، فَأُجْرَةُ الْحَمَّامِ عَلَيْهِ. وَلَوْ كَانَ الِاغْتِسَالُ لَا عَنْ جَنَابَةٍ وَحَيْضٍ بَلْ لِإِزَالَةِ الشَّعَثِ وَالتَّفَثِ قَالَ شَيْخُنَا الظَّاهِرُ لَا يَلْزَمُهُ
(قَوْلُهُ: الشَّعَثِ وَالتَّفَثِ) مُحَرَّكَانِ، وَالْأَوَّلُ انْتِشَارُ الشَّعْرِ وَاغْبِرَارُهُ لِقِلَّةِ التَّعَهُّدِ، وَالثَّانِي بِمَعْنَى الْوَسَخِ وَالدَّرَنِ، وَسَوَّى بَيْنَهُمَا فِي الْقَامُوسِ، وَاعْتَرَضَهُ الشَّاهِينِيُّ فِي مُخْتَصَرِهِ.

Үйленбей тұрып Үйрен.

21 Sep, 17:37


Қыздар! Кімнен сұрасам да, қай ұстаздан естісем де, көрегенді деген жан баласының жауабы: Ілімді жігітке тұрмысқа шық! - дейді.

Жар таңдауда мынадай нұсқа тұрады.
1. Бай, бірақ ілім жоқ
2. Көлігі бар, үйі бар, сәл-пәл база ілімі бар
3. Ілімі және ілімге деген махаббатынан басқа түгі жоқ

Көпшілік қыздар "сәл-пәл ілімін" хитбада көрсетіп-көрсетіп жіберген бай жігітке тұрмысқа шыққысы келуі мүмкін. (Оның ішінде ілімді сүйетін қыздар да бар) Мойындау керек, көпшілігіміз байлықты ақыреттен де, сезімнен де жоғары қойып кетеміз. Яғни, кедей болып қалудан қорқамыз. Қазіргі психолог-коучтар осындай нұсқаны таңдауды бұйырады. "Не керек саған қиналып, жағдайы бар адамға тұрмысқа шық. Ондай болмаса шықпа!" деп жатады.

Ал сіз үшінші нұсқаны таңдаңыз, егер сондай жігіт алдыңызға келіп тұрса, әрине. Бұған өмірімде кездескен 2-3 адамның және кітаптағы әулиелердің тағдыры дәлел болды. Бір ұстазымның айтуы бойынша:
"Бәйбішемді алғанда 2 ай ыстық тамақ жемеген кезім болған еді дейді. Тек нан мен қияр жейтін едік. Ал қалай ілім көтерілгенде, еліміз ілімге мұқтаж болғанда, Алла Тағала мені пайдаланды. Қазір Аллаға шүкір 1.5 🍋 айына келіп тұр." дейді. Бұл бізге анық ғибрат қой. Әлбетте, некеде береке бар ғой. Сондықтан, ризықсыз қалудан қорықпайық. Ілім бар жерде, әлбетте ризық қатар жүреді. Тек оның берілетініне сене білу керек-ті.
Тақуалыққа берілген құлды Раббысы ешқашан ризықсыз қалдырмайды. Мариям анамыз оған дәлел еді...

Үйленбей тұрып Үйрен.

20 Sep, 06:08


Уа Аллаһым, бізге Пайғамбарды (с.ғ.с.) шынайы жақсы көруді, оның сүннетімен өмір сүруді және шапағатына лайық болуды нәсіп ет 🤲

Жұма мүбәрәк болсын!

Үйленбей тұрып Үйрен.

06 Sep, 07:13


Егер әйел адам дін ілімінде білімсіз, надан болса, Күйеуінің қажығаны, балаларының азғындалғаны, қоғамның құртылғандығы.

Rumeysa

Үйленбей тұрып Үйрен.

20 Aug, 11:23


Тұрмыстағы арулардың айтуынша " Күйеуіміз кезінде бірге дамимыз, бірге білім аламыз, саған керемет орталық ашып беремін деп құрғақ уәде беріп қойып, некеден кейін сопайтып үйге отырғызып қойды, -дейді.

Сондықтан хитбадағы бос уәделеріне сене бермей қыз шақта дана әйел болуға дайындалмақ керек. Сонда салихалы қыздан салихалы әйелге өту жеңіл болады.
Хасан мен Хусейндей адамдарды тәрбиелейтіндігің қазіргі кездегі хәліңмен белгілі болады.

Үйленбей тұрып Үйрен.

11 Aug, 08:48


📖Үйленбей тұрып үйрен

Балам! Отбасылық өмірде де өшіргіш ауадай қажет, - деді. - Жұбайыңның саған жақпаған сөзі мен әрекетінің ізін жоқ ететін өшіргішің болмаса қиын. Әйеліне де керек. Сенің бойыңнан көрген ұнамсыз жайттарды өшіретін құралы болуы
керек. Әйтпесе, көп өтпей-ақ отбасылық қағаздарың
шимайланып толып қалады. Бір-біріңнің кемшілігіңді тізбектеп термендер. Бір-біріңді аңдып мін іздемендер.
Кешірімді де кең болу екеуіңнің өмірлік салтың болсын, - деген екен. Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Ең бастысы, кешіре білу. Қажет орында байқамағандай кейіп танытып, келеңсіздіктің алдын алу. Хадис
ғалымы Осман бин Зайда: Мен Ахмед бин Ханбалға
«Амандық он бөліктен тұрса, оның тоғызы байқамағансу», - дедім. Сонда ол кісі: «Амандық он бөлік. Оның баршасы да байқамағансу», - деген еді.

Үйленбей тұрып Үйрен.

06 Aug, 05:26


Сұрақтың да өз шегі болады. Әдептілікті сақтағандарыңыз орынды. Осы сұрақ қызық екен деп, анау харам екен ғой, ол неліктен харам деп мән мағынасы жоқ сұрақ қоймауларыңызды өтінемін. Сұрақ қойғыларыңыз келсе, сұраған адамда ыңғайсыз жағдайға қалмайтындай сұрақ қойғандарыңыз дұрыс.

Үйленбей тұрып Үйрен.

30 Jul, 16:24


берекелі отбасы сыры

ер мен әйел қарым-қатынаста барлық нәрседе Аллаһты көргенде, олардың некедегі берекесі мен махаббаты арта түседі. ері үйге азық-түлік, қаражат, сыйлық алып келсе, әйелі алдымен Раббысының Ризық Беруші, Қуантушы екенін көреді. ал әйелі  тамағын дайындап, үйге жайлылық орнатып тұрса, ері алдымен Раббысының Мейірбан, әлемді Нұрға Бөлеуші екенін көреді. 

олар “бақытты қарым-қатынасты өзіміз жасап жатырмыз” деген түсініктен алыс жандар. барлық нығметтің Раббыларынан келіп жатқанын үнемі еске алып, Оған шүкір етеді.

осылайша, некеде ең биік мақсат, басты рөл Аллаһ Субхәнә уә Тә’алә болған сайын, ер мен әйелдің арасы да соншалықты берік бола береді.

sakeena

Үйленбей тұрып Үйрен.

30 Jul, 12:43


желіде бір түрік әпкеміздің тұрмысқа шықпас бұрын Алладан тілеген дұғасын естіп қалдым, ол айтады:

“мен тұрмысқа шықпай тұрып Раббымнан сұрадым: “Аллаһым, мен тани алмаймын, бірақ Сен танисың, мен білмеймін, бірақ Сен білесің, мен көре алмаймын, бірақ Сен көресің, мен қателесуім мүмкін, бірақ Сен қателеспейсің. мен жүрегі шынайы түрде Өзіңе байланған, дастархан басында жағдайы жоқтардың, кедейлердің діні, олардың дерті туралы сөйлесе алатын, аят-хадистерді бірге көзіміз жасаурағанша оқитын бір адамды маған нәсіп етші”дедім.
Алла Тағала Ордуның (қала) Месудиесіндегі бір ауылдың жігітімен Самсун Везикөпрунің бір қызын жолықтырды да, бізді бірге етті, менің қалағанымнан әлдеқайда жақсысын маған нәсіп етті.”

осыдан бір жылдай бұрын Палестиналық құрбым да тұра осылай дұға ететінін айтқан еді, “Аллаһым, маған хайырлысын Өзің таңдап берші” деп тілейтінін айтатын. шыныменде, біз қателесуіміз мүмкін, бірақ Ол ешқашан қателеспейді.

не қаласақта Аллаһтан шынайы дұға етіп сұрайық, бірақ бұл тек “алма піс, аузыма түс” деп жату керек деген сөз емес, дұға етумен бірге әрекетімізді де жасайық, өз қалаған жарымызға лайық болуға да тырысайық, себебі Аллаһтың “Әділ” екенін де ұмытпағанымыз жөн.
#неке
#дұға

Үйленбей тұрып Үйрен.

30 Jul, 12:43


Тұрмыс құру мәселесіне қатысты ұстаз насихатымен бөліскім келеді

Әйел адамның білім алуы өте маңызды. Себебі, ертең үмметті тәрбиелеуші Әйел ғой. Сол үшін уақытында бар зейінді ілімге арнау керек. Тұрмысқа шығар кезде таңдаудан қателеспеңіз. Дұға етіңіз. Сіз өзіңіз ілім жолында болып, Фақиһа, Хафиза болу жолында, үмметке қызмет ету жолында болсаңыз, Алладан сол жолда бірге қадамдарыңыз нықталатын жар сұраңыз. Қаншама Ұстаздарымыз үлгі. Ұстаздан қыз балаға бакалавр жете ме, жоқ әрі қарай магистр, доктрлық оқу керек пе деп сұрағанымызда, ұстаз ілімнің де, тұрмыстың да маңыздылығын айтты. Яғни, магистр, докторонтураны тұрмыс құрған соң да оқитындай болу жағдай қарастыру маңызды.

Сосын қатты әсер еткен нәрсе, бұл дүние лағынеттелген. Тек 3 нәрседен басқасы. Соның ішінде ілім жолында болып, Алланың дінін жаю бар💔

Бұдан артық қандай сөз керек ілім жолында аяқтың нық болуы үшін..

алынды: https://t.me/oqyiqro

Үйленбей тұрып Үйрен.

29 Jul, 13:34


Қазіргі уақытта каналды 3 администартор жүргізеді.

Үйленбей тұрып Үйрен.

26 Jul, 07:43


Жұма мүбәрәк болсын

Үйленбей тұрып Үйрен.

23 Jul, 18:24


білгенімді білдім деуден қорқамын, алған оқыған ақпаратты кімнен/қайдан екенін астына жазып қоюға тырысамын немесе ұстаздан сұрап жауап беремін.