❀ Дем @qangybasym Channel on Telegram

❀ Дем

@qangybasym


Түсініксіз ойынды алғаш рет ойнасаң, бірінші кезекті басқаға бер🧩

Жекем: https://t.me/iamademi
Аноним: t.me/anonaskbot?start=ldzxd0jwihbyf
Boost: https://t.me/boost/qangybasym

❀ Дем (Kazakh)

❀ Дем тағы білетін ойындармен танысуға қарапайым болсын. Бұл топтағы ойындар жеке мәдениетіне байланысты және танымал ойындармен айырмашылықты талқандауға мүмкіндік береді. Бұл каналдың мақсаты қолайлы және шетелдік ойындарды танымайды. Каналдың қолданушылары ойындарды көрген болсын, олардың ойындар қалпығын және олардың қалыптасуын білу керек. Бұл каналға қатысты ойындықтардың бәрі қатысты болуы мүмкін. Таңдауыңызға қарата, бұл каналда уақыт және қарымға алу үшін боламды көрсеткіштер жоқ. Осы каналда сіздер мұқият ойындарды таныс аласыз. Осыда мемлекеттік мақсаты бар кедергі күшті ойындармен, күнделіктік және кіші айырмашылықтармен және жақындаған жағдайлармен айналасқан орталықтар сияқты шабуылдарды таба аласыз. Сіздерді пікіріңізді білдіру үшін қаналдың байланыс орнында қысқас болса да, сіздер танымалы мекендегеніңізді, сондай-ақ каналдың кимнен болжолықтайтынсызды айтылатынын білесіз.

❀ Дем

24 Jan, 19:17


Кейде Forbes-тың топ үштігіне кіру де жақсы идея

#қазір

❀ Дем

23 Jan, 19:26


Кейде еркелеп тұру да жақсы идея

#бүгін

❀ Дем

23 Jan, 07:35


“Алматыда арманыңа жетуге қарағанда, бір жерден екінші жерге жету арман ғой”
@Ерке

❀ Дем

22 Jan, 15:19


Әкемнің кітаптарын мен, менің кітаптарымды әкем оқитын заман…

#қазір

❀ Дем

21 Jan, 19:26


Түнімді құлшылыққа арнасам, күнімді ниетімнің тазалығы үшін күреспен өткізем. “Асың адалынан болсын,”-деп өсірген соң, алдап, тиіп қашып жұмыс істеуді білмейді екенмін…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

20 Jan, 09:10


Маған удаленкадағы жұмыс жақсы жағатын секілді…

#қазір

❀ Дем

19 Jan, 20:21


Көңіл күйім құбылмалы тым. Құбылмалы болу тек ауа райына тән емес пе? Ендеше неге өзімді түсінбей отырмын?

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

19 Jan, 02:25


Live stream finished (10 hours)

❀ Дем

18 Jan, 16:00


Live stream scheduled for

❀ Дем

18 Jan, 15:57


Live stream started

❀ Дем

17 Jan, 19:39


Әкеммен өткізген уақыт тез өтеді. Тілек айтып, созып отырмаймыз. Екеуміз қысқа нұсқа қайырамыз.

“Туған күніңмен, әке! Бар бол.”

❀ Дем

16 Jan, 19:08


“Қара түндей күнәнің ортасындағы жалғыз шырақ жарығым…”

❀ Дем

16 Jan, 00:18


Бір ерте ұйықтап қалсаң, елдің бәрі іздеп шығады ғой…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

15 Jan, 08:55


Біреу: Әдем, ғашықсың ба? Біртүрлі боп жүрсің соңғы уақытта…

“Білмеймін… Не нәрсе әсер етіп жатқанын. Жұмыстан шаршадым. Тығырыққа тіреген саясаттан шаршадым. Сабақтан шаршадым. Қарым-қатынастарды түзетуден шаршадым. Өзіме уақытым жетпейді, соған қынжыламын. Менде выгорание. Бала деп менсінбейсіңдер мені. Сәл құлақ түріп тыңдаңдаршы…”-демей

-Солай сияқты,-деп жымия салдым.

❀ Дем

15 Jan, 02:08


Қазақстанда атақты әрі жақсы адам болам десең, өз ақшаңа адамдардың кредиттерін жауып, үй алып берсең жеткілікті. Ал миыңның ерекше қыртыстары арқылы, яғни өнер-білім, саясат қайраткері болсаң, аяғыңнан шалатындар көп, сенен асқан оңбаған адам жоқ.

❀ Дем

11 Jan, 11:22


“Шыдамның көптігінен емес, амалдың жоқтығынан шыдайсың…”

Бауыржан Момышұлы

❀ Дем

10 Jan, 05:41


“Тазының өлімі”, “Көкмұнар”, “Шақаншері”, “Әйел махаббаты”, “Аласапыран”, “Жармақ” сынды бала күнімнен жата-жастана оқыған шығармалардың авторы, зерттеуші, тарихшы, жазушы ғасырда бір дүниеге келетін тұлға - Мұхтар Мағауин дүниеден өтіпті…😭💔

❀ Дем

09 Jan, 19:10


Адамдарды таныған адам жалғызсырайды…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

08 Jan, 14:17


18.01.2025
21:00
Кітапталқы (дауысшатта)
Д.Исабеков “Тыныштық күзетшісі” және “Біз соғысты көрген жоқпыз…”

Кітапқа Сілтеме коментте

#кітапталқы

❀ Дем

08 Jan, 12:12


Жақында Дулат Исабековтың “Тыныштық күзетшісі” мен “Біз соғысты көрген жоқпыз” повестерін талқылайық. Қалай қарайсыңдар?

❀ Дем

08 Jan, 06:01


Мейірімділіктен асқан сезім жоқ шығар.

Алматыда бүгін қар. Жол ашылмаған. Бір атай “артымнан жүр аяғың су болады,”-деп жол ашып берді жұмысыма дейін. Өмірді осындай адамдар бар да қалай сүймеуге болады?

#бүгін

❀ Дем

07 Jan, 12:48


Келесі кездесуде жүзіңді көрмей қалудан асқан қорқыныш, қасірет бар ме екен мына ғаламда?

Сенімен бүкіл ғұмырымды елестетіп қойғанда, тағдырың менен алыстатса ше?

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

06 Jan, 12:03


Оның көзқарасы жүрегімді селк еткен…

Бастығымды айтам

#бүгін

❀ Дем

05 Jan, 08:57


Осы кейде кітап оқим деп тіл үйреніп кетпесем болғаны…

#қазір

❀ Дем

04 Jan, 20:12


Ең керемет естелігің менімен болсын деп едім. Менің керемет естеліктерім сендермен екен…

#бүгін

❀ Дем

04 Jan, 08:29


Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық
Абай

❀ Дем

04 Jan, 08:15


Өмірдің кейде қатыгездігі болмаса, былай ауа жұтқанға жақсы…

❀ Дем

03 Jan, 20:25


Үлкен құшақтың кішкентай бір бөлшегі болғым келеді…

#қазір

❀ Дем

03 Jan, 14:57


#бүгін

❀ Дем

03 Jan, 01:07


“Семья по выбору”

Мен көрген ең жылы, ең сүйім дорамалардың бірі болған шығар. Кейде ата-ананы немесе отбасылық қиындықтарды түсіну қиынға түседі ғой, бұл дорама соны ашып көрсеткендей. Ата бабамыз “бала тапқандікі емес, баққандікі,”-дейтін бе еді, дәл соны нақтылап түсіндірді.

Берер бағам: шексіздік, шексіз махаббат

#қаңғыбастың_көргендері

❀ Дем

02 Jan, 18:48


Ложь и молчание — два тяжких греха, которые особенно буйно разрослись в современном человеческом обществе. Мы действительно много лжем — или молчим.

Харуки Мураками

❀ Дем

31 Dec, 21:58


“2025те жыртам, қиратам, мықты жыл болады,”-деп отырсың ба? Дегеніңе жет. Бірақ өзің өзгермегеніңше жағдайыңда өзгермейді.

Сонда да іске сәт

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

31 Dec, 08:40


Қазір ғана түсініп отырмын. Менің wish list-ім, book list екен🥲😂

❀ Дем

31 Dec, 06:18


Есің барда, еліңді тап

❀ Дем

31 Dec, 03:50


Басқа біреу ренжітсе, жүгіріп барып оған айтатынмын бүкіл өкпе-назымды. Ал оның өзі ренжіткенде кімге айтарымды білмедім…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

29 Dec, 18:28


Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады.

❀ Дем

28 Dec, 10:21


завидую своему будущему мужу, он будет каждый день слушать сюжет моих новых прочитанных книги.

❀ Дем

28 Dec, 08:16


2024 Жылға қорытынды:
• 2 рет жұмыс орынымды өзгерттім🙂‍↔️
• Жаңа жылдық корпоративке бармадым, есесіне басқа біреудің корпоративінде как свои болып жүрдім.
• оқыған кітаптарымның саны 24.
• өзіме қайта ғашық болдым.
• адамға деген ғашықтықтың дым қажеті жоқ, Құдайға деген сүйіспеншілікті ешқашан жоғалтпау керегін ұқтым

#жылдықорытынды

❀ Дем

26 Dec, 19:39


Адам жалғыз қалуын өтінсе, мазасын алма. Оның “өзі” үшін шешім қабылдайтын уақыты келді.

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

26 Dec, 19:02


Шындығымды арқаласам, төменге тартады. Өтірігімді арқаласам, өзі жетістікке жетелейді.

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

25 Dec, 09:37


Өзін тым ақылды санайтын ақымақтар бар. Бір нәрсе дәлелдеп, әлек болады. Ал ақылдылар үнсіз тілдерін тістеп, көркем мінез көрсетеді.
Таңғаламын….

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

24 Dec, 13:13


Желтоқсан Алматы үшін қашанда суық болған…

Сен жайлы…

❀ Дем

22 Dec, 22:51


彼女はまるで月のようだったー
誰のものでもなく、
それでも皆が彼女に憧れの眼差しを向けていた

#бүгін

❀ Дем

22 Dec, 19:33


Өмірім, жақыным, мотивациям, Аружаным, өмірімнің сәні туған күніңмен. Ұрысқағымның арқасында осы күйге жетіп отырған шығармын. Алғысым шексіз🩷
Мам, рақмет сізге де🤍

❀ Дем

22 Dec, 16:54


Өмірге ғашықпын…
Әдемі көздеріме ғашықпын…

22.12.2024

❀ Дем

21 Dec, 22:15


“Шаңырақ төрт қабырға емес, екеуің…”

❀ Дем

21 Dec, 16:22


Біреуді кінәләмас бұрын, өзіңнен қате тауып үйрен…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

20 Dec, 10:46


“Қазіргі қыздар күйеуге тимейді. “Быть за мужем,”-деген нәрсені түсінбей өтетін шығар. Қазір қарасаң қыздардың жағдайы жақсы. Бір нәрсеге талпынады. Ер адамдар дайын асқа тік қасық болатын заман боп кеткен…”

Таня апа

❀ Дем

19 Dec, 19:12


Кей адамдар сені өздері жындандырып алып, “саған психологқа бару керек,”-дейді екен…

#біркемдүние

❀ Дем

19 Dec, 05:25


Қайтадан бала болғым келеді. Қайтадан балалығымды қайтарса, мектептен бір күн қалып, сабақтан қашушы едім. Сен ше?

❀ Дем

18 Dec, 19:08


Әке-анам жап-жас салют алып келеді. Бірге қар атысып ойнап, қарға шомылдырып, әкемнің бізді шанамен сүйрегенін, Үйге кіргенде мамам “Отағасы, сен де бала боп кеткенің не? Шешіңдер су болған киімдеріңді, ертең ауыратын болды ғой,”-деп безек қағып, киімдерімізді жаятынын, оливье жасап қояды ыстық бауырсақпен, теликтен 00:00де Нұрсұлтан атамның сөйлеп болғанын күту, бәрін сағындым.

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

17 Dec, 19:31


Тарихта жатталмасақ та, тағдыр тыныш қана бақытты болуды сый етсін…

#бүгін

❀ Дем

01 Dec, 19:45


“Тіршілік заңы қатал, оны тек көз жасымен жібіте алмайсың…”

Тыныштық күзетшісі
Д.Исабеков

❀ Дем

01 Dec, 14:43


Ол хоккей десе, жанын береді…

❀ Дем

30 Nov, 17:21


Бердібек Соқпақбаев
“Өлгендер қайтып келмейді”
🌷🌷🌷🌷🌷

Соғыс уақытындағы тауқыметті ашық суреттейтін Бердібек бала өміріне соғыстың әсерін күшті суреттейді.
Бір жылап, бір күліп, бұл кітапты да бітірдім. Сәрсебектің ұшты-күйлі жоқ болғаны Қаныша үшін де, мен үшін де ауыр тиді.

#қаңғыбас_оқыған_кітаптар

❀ Дем

30 Nov, 10:27


Жарамдылық мерзімің өткендей сен де ұзап бардың…

❀ Дем

29 Nov, 07:03


Аталармен әңгіме айтуды қатты сағыныппын.
- Қаншадасыз?
- Сексен үшті алқымдадым. Сексенбайлар дүниеге келетін уақыт қой. Жас біреулер болса, өлеңімді шумақтатып, көзімді қыса жөнелемін….
Өзің сөз ұғатын бала екенсің. Сөздің қадіріне жете білетіндер кемде кем. Аман бола ғой, балапан. Ал, қош бол.

Бір сағатқа созылған әңгімеден рухани ләззат алдым. Өлең де оқып берді. Керемет.

❀ Дем

29 Nov, 06:04


Атам мен апамды еске түсіретін көрініс болып жатыр🥹

❀ Дем

29 Nov, 03:35


Ғашық болу ажал сияқты, біреуге ерте, біреуге кеш келеді.

❀ Дем

28 Nov, 09:42


Күн тез батады. Бүгін Алматыда 11 градус жылы. Дәл сенің көңіліңдей. Дәл сенің құшағыңдай…

❀ Дем

27 Nov, 12:22


Астанада өмір сүрмегеніме қуанып отырмын🇷🇺

#жасасынұлымәртебелім
#жасасынұлыдержава

❀ Дем

27 Nov, 05:18


Как дела? Бесконечная работа.
Развиваюсь,
Иду вперёд.
Иногда смотрю на твои фото
И улыбаюсь,
Как идиот.

- П.Шалчюс -

❀ Дем

27 Nov, 04:39


I love you and I don't want to

❀ Дем

26 Nov, 14:32


“Сен де біреудің таңдана айтып беретін оқиғасысың. Біртүрлі бірақ ғажап”

❀ Дем

25 Nov, 19:03


Махаббатқа қаншалықты мұқтаж болсаң, соншалықты түбіне жетіп тұншығады екенсің…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

25 Nov, 13:22


Бүгін қызық болды. Мен барып жүрген жерде тек әйелдер ғана жаттығады. Бүгін орамалды қыздарды орамалсыз көріп, көзімді жұмып тұрмын ғой😂 “Өй, өй,”-десем күледі өздері. Бірақ сондай сұлу. Әр қыз өздігінше сұлу.

❀ Дем

25 Nov, 13:19


2023-тің соңғы айлары п
мен 2024-тің бастапқы айлары өте ауыр өтті. Бірақ бүгін аэростречингтен кейін кәдімгідей еркін екеніме, одан қалса энергиямның көп екеніне көзім жетті. Әйтпесе үйден шықпайтын, энергиясы жоқ біреу едім. Бәріңе айтарым мүмкіндігінше залға жазылыңдар. Еркіндікті сезініңдер.

❀ Дем

25 Nov, 13:11


Uaiymdaryñdy Magan Aitshy

❀ Дем

24 Nov, 20:02


Неге бәрі ересек өмірді сонша жаман қылып көрсетеді?

Өміріңді өз қолыңа алсаң, яғни жауапкершілік алып, өзіңді өзің қуанта алсаң, ересек болудың сондай жаманшылығы жоқ қой. Мықты бол, еркіндігіңді өзің жаса, зона комфортаңды құрап ал. Өмір сүр. Қуан. Рақат қой өмірді сүре білсең.

❀ Дем

24 Nov, 13:06


- Неге жалғызсың? Ер адамдар көрмей ме сені?
- Қызықсыңдар. Жалғыз болсам, жалғызсың дейсіңдер. Бастысы өз-өзіммен толық адам болып жүргенімнің өзі бақыт қой. Жалғыздықты сезініп, бақытымды іздеп кетсем, оңбай қателесетінімді білемін. Суық санамен, ақылым мен жүрегім теңдікті ұстай алғанда кездестіруді нәсіп етсін.

❀ Дем

23 Nov, 20:36


- мен сені жақсы көремін
- мен өзімді сенен қатты жақсы көремін🌝

❀ Дем

22 Nov, 08:51


- Көздерің әдемі, күлкің әдемі, сөзің әдемі. Әдемі деп атыңды бекер қоймапты.
- Сұлулық көре білген көз бен сезе алатын жүректе. Менің сұлулығымды көре алған сіздің жан дүниеңіз әдемі.
- Мынадай сөздерді күйеуімнен естімегем тіпті. Осы сені көрсем көңіл-күйім көтеріледі.

❀ Дем

22 Nov, 03:54


2018-ден бергі махаббатым🧡

@oleqalyndar

❀ Дем

17 Nov, 14:00


Махаббаттың 40 қағидасы
Элиф Шафак
🌷🌷🌷🌷🌷

Махаббаттың 40 қағидасы дегенде күлкім келген. Кітапты оқып отырып, бір адаммен тұтасқым келетінін түсіндім. Шәмстың Кимияның жұпарынан тұтасып кеткісі келетіні жазылады. Дәл солай ол адамның дауысымен сөйлегім, дәл сол ғашығымның сезімдерін басымнан кешіріп, өзімді тағы ұнатқым келді. Қызық, иә?.. Элла сүрген тағдырдан, яғни махаббатсыз өткен өмірден қорқамын…

Кішкентай дүниелерден үлкен нәрсені көрсетуді үйреткен адамдарыма қайта ғашық болдым.

“Махаббат — өз алдына бір бөлек әлем. Не ішінде — қақ ортасындасың. Не сыртында — қасірет құшағындасың…”

#қаңғыбас_оқыған_кітаптар

❀ Дем

17 Nov, 12:17


Мені іздегің келсе, сағынышты жырлайтын әуендерден, әндерден ізде. Бәлкім сол жерде сағымыңның артынан қуып жүрген шығармын…

#бүгін

❀ Дем

16 Nov, 11:49


Осы әнді тыңдағанда әйтеуір күйеуіммен қызымызды қолымызға ұстап алып, вальс билеп жүргеніміз елестейді. Ол маған балаларымыз үшін алғысын білдірсе, мен оған біздің ғажап өмір сүруіміз үшін тырысып жатқанына алғысымды білдіріп тұрамын.

❀ Дем

16 Nov, 11:40


Екі әнді бір нәрсе байланыстыратын мен үшін. Бүгін түсіндім.
Екінші әннің авторын да, бірінші әннің авторын да машинаның айнасы байланыстырады екен. Екі түрлі өлім. Бірақ өз елінің азаматтарының қастандығынан о дүниелік болғандар. Қызық…

❀ Дем

16 Nov, 05:08


“Өткен шақ, келер шақ — уақыттың сағымы…”

Әзиз Ә.Захара

❀ Дем

16 Nov, 04:16


Құдай сенің жоспарларыңды бұзады. Себебі ол жоспар сені бұзар еді.
Адамдармен де солай…

❀ Дем

15 Nov, 15:09


Ыстық құшағыңа құлауым үшін әлі қанша жұмыс істеуім керек? Ал жанымда болуың үшін қанша ақша табуым керек? Мені түсіне алуың үшін қандай бағалы сыйлық сыйлауым керек?

#оған

❀ Дем

15 Nov, 02:30


Тұңғиықтан қорқамын. Көздеріңнің тұңғиығына батудан қорқам. Тұңғиығында жалғыз қалып қалған сені құтқарам деп, өзімнің сонда қамалып қалуымнан қорқамын.

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

14 Nov, 11:04


Негізі армандау керек (визуализация дейтін бе еді?). “Универ бітіргенше пәтер алсам ғой. Балконнан тауға қарап отырсам, балкон кухняда болса…”-деп армандаған 17 жасар Әдемі, 22 жасында тура сондай пәтерін алды. Жұмыс істеп жатқанда шаршайсың, бірақ ана арманды басымда тағы бір айналдырып алып, ары қарай істей беретінмін. Аружанда куә қалай жұмыс істегеніме. Бір күн демалыс алып, ұйқыны жіберетінмін. Дәл сондай мотивациям болса қазір, бәлкім сол арманымның артынан жүре берер ме едім?)

❀ Дем

14 Nov, 03:46


Пингвин қарындас болу сезонын ашық деп жариялаймын…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

14 Nov, 02:44


Ұмтылушының жазбасынан кейін кіші кезімде ақша жинағаным есіме түсіп кетті.
Әйтеуір әупірімдеп, үй жұмыстарын жасап, математикадан бір есепті 10 теңгеге, қазақ тілін 20 теңгеге, бақылауда көмектесу 100 теңге деп, үйден ақша сұрамай, күнделікті тиын тебенімді табатынмын. Одан қалса, шетелдік тиындар ұнайтын. 150 теңгем болса, 1 доллар, 200 теңгем болса, 1 эвро алатынмын, қалған тиынға рубль алам. Ол ақшаға не алдым?
1 сыныпта құлағымды тестім.
2 сыныпта мама папам ақша қосып, бассейн алдым (ол әлі күнге дейін бар)
3 сыныпта нокиа телефон алғам
4 сыныпта велосипед.
Өсе келе телефондар алатын болдым😂 Қыста мама, папа, Аружанның туған күндері болады. Соған әйтеуір бір нәрселер алып жүретінмін. Ең үлкен алған нәрсем анама пәтер болды. Ақша жинаудың миссиясы бітті. Сонымен қазір ақша жинай алмаймын.

❀ Дем

13 Nov, 09:12


Түріңді күлкілі қылып алып, күлдіртетінің есіме түсіп кетті. Күліп болған соң “Сенің күлкің әлемдегі ең бір ғажайыптың бірі, тағы да күлші,”-дейтінсің, ұялып, сәл жымиып, жүзімді төмен түсіретінмін….

❀ Дем

12 Nov, 19:04


Иісіңді өкпеме толтыра алсам, менен бақытты адам болмас еді…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

12 Nov, 16:59


Ертең күйеуімді баламнан қызғанатын әйел болатын сияқтымын😭🌝

❀ Дем

12 Nov, 04:05


Күнімнің сәтті өткені, әлі күнге дейін аман жүргенім сенің дұғаңның арқасы шығар…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

11 Nov, 18:18


Қазірде 5 жыл бұрынғы өзіңізге кеңес берер мүмкіндік болса,қандай кеңестеріңізді бересіз немесе не айтар едіңіз?

↩️ “Болмашы сезімдеріңе, армандарыңның сағымына алданбай адам болып қалуыңа жәрдемдес дер едім. Жұмыс үшін күйгелектене берме. Көмек сұра. Көмек сұрай алудың өзі-мықтылық…”-дер едім.

❀ Дем

11 Nov, 18:11


Өмірде сіз үшін ең маңызды нәрсе не ?

↩️ Ата-анам мен бауырларымның амандығы. Солар аман болса, көп нәрсе өздігімен келетін секілді.

❀ Дем

11 Nov, 18:08


Жазбаларыңыз біреуге арналады ма?

↩️ Мүмкін

Деп интрига ұстамай-ақ қояйын. Мен көргім келетін қарым-қатынастарды сипаттаймын. Қиялдан туған нәрсе қиялымда өлмек. Себебі өмірде бұндай болмайды. Ер адамдар тым реалист. Солай болғаны да дұрыс шығар…

❀ Дем

11 Nov, 17:57


Қызық. Сұрақтарың болса, қойып көр, жауап беріп көремін. (бәлкім көреміз)

❀ Дем

11 Nov, 17:10


Мына әнге ғашықпын

❀ Дем

11 Nov, 17:07


Кітап оқуыма кедергі келтіретін дүниелерді жек көрем. Мысалы сабақ оқу🌝

❀ Дем

11 Nov, 08:34


Жаңа жұмысымда жемқорлық деген белең алып тұр. Өз басымдағы әділдік деген тарақаным жыбырлап, жұмыстан шығуымды талап етіп тұр. Көпке дейін шыдамайтын секілдімін…

❀ Дем

11 Nov, 03:15


Ал енді сен басқаны…

Суықта жылытасың…

❀ Дем

10 Nov, 15:59


Мен алыстағы нәрселерді жақсы көремін:
аспанды,айды және сені.

❀ Дем

09 Nov, 20:05


Кейде мен де біреудің ойында болғым келеді. Мен жайлы ойлап, маған жақсылық істеуге тырысқанына қарап, шабыттанғым келеді. Түсінбесе де түсінуге тырысқанына қарап бағалағым келеді. Мен жай ғана сүйікті де сүйкімді қызы болғым келеді. Бар болғаным үшін ұнамды болғым келеді.

Осының өзіне “көп сұрадың,”-деп жазғыратындар бар…

#біркемдүние

❀ Дем

09 Nov, 17:03


Бүгін қыздармен отырыстан көөөөөп нәрсе түйдім. Рақаттанып отырмын. Осы қуаныштан айырмасын🥹

❀ Дем

09 Nov, 08:35


Бүгін тым ерте ояндым. Ішімнің ауырғанынан бұратылып, ары-бері аунап, дәрі ішпесем болмас дедім…

Бірден “махаббаттың қырық қағидасын” қолыма алдым. Бәлкім таппай жүрген сұрақтарымның жауабын табармын дедім…

Табатын да шығармын…

❀ Дем

08 Nov, 02:48


Мұп-мұздай бетімді кеудесіне қойып және алақандарымды жып-жылы арқасына сүңгітіп жіберіп, жылынғым келеді.

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

07 Nov, 17:14


Сыртқа шығу үшін көп қыздар құрбыларын шақырады ғой. Сондай кезде шақыратын құрбым аз екен. Соны ұқтым. Танысымның көп екенін ұқтым…

❀ Дем

07 Nov, 02:54


“Сондай сүйкімдісің. Қылығың да жарасады, сүйкімділігіңді арттырды,”-деді ол құлағымның артына шашымды жинап.

Қатты ұнағаны соншалық, ұзағырақ сүйсініп тұрғым келді.

❀ Дем

06 Nov, 14:19


Ниетің ізгі болса, соңы да хайырлы болмақ...

❀ Дем

06 Nov, 08:33


Махаббатқа анықтаманың, артық сөздің керегі жоқ! Махаббат - өз алдына бөлек бір әлем. Не ішінде - қақ ортасындасың. Не сыртында - қасірет құшағындасың.

Элиф Шафак

❤️Махаббаттың қырық қағидасы❤️

❀ Дем

05 Nov, 20:55


Түнде бір ой мазалады. Әлде ол ой емес, сен бе едің?!)

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

05 Nov, 03:44


5.12.2024

❀ Дем

05 Nov, 02:25


Элиф Шафак “Махаббаттың 40 қағидасы” романын оқып жүріңіздер. Бір күні кітапталқы жасаймын

❀ Дем

05 Nov, 02:15


Әрекетімнің дұрыс-бұрыстығын білмеймін, бірақ өзімді жұбатар сөздерді тауып аламын…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

04 Nov, 15:50


Инстаға подругаларымның бөпелеріне қарау үшін кіріп тұрам🥰

“Уииииии, тәтті, джаман, тфәй-тфәй,”-деп тұрып отырам ғой😂

❀ Дем

04 Nov, 15:06


2005-терге арнап неге ән шығармайды екен? Күні бойы тыңдар едім, сүйікті 2005-імді ойлап қойып🥰🤣

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

04 Nov, 01:50


“Мен де періште емеспін,”-деген әңгімелерден соң, нешетүрлі тағдырларды естіп, жақсы ашыла бастайсың…

❀ Дем

03 Nov, 15:18


Just kiss me

We can talk later😏

❀ Дем

03 Nov, 13:07


Orynkhan туған күніңізбен! Ең бір қатты концертін күтіп жүрген әртісімнің бірі. Баруды бұйырса екен🥹

❀ Дем

03 Nov, 06:57


Жек көрдік. Сүйдік. Жалықтық тағы.
Сезімді сонша тез кештік.
Жолықпау үшін жолықтық дағы,
Кездеспеу үшін кездестік.

Ақ бұлтым едің өтпелі менің,
Болмадым, бәлкім, биік шың.
Жек көрмеу үшін жек көріп едім,
Сен сүймеу үшін сүйіпсің!

Керексіз құлдай ешкімге бүгін,
Дерексіз жырлар жазамын.
Өстім бе, әлде өштім бе, күнім,
Ол - менің ғана азабым.

Жолықшы. Енді жолықпаймын ғой.
Тыңдарсың сосын жат әнін.
Жалғыз қалудан қорықпаймын ғой,
Жалғыз қалғаның... батады.

Ерлан Жүніс

❀ Дем

02 Nov, 21:51


Беймезгіл шақта ол қайтып келді,
Тағдырдан, әлде, жаңбырдан...
Жанының мұңын жолға айтып келді,
Жол қайтып келді абдырған.
«Қайтқан ойлардың кемел ме бәрі,
Ұшарда оны не қақты?!»
Тәкаппар таулар төмен қарады,
Таза бұлақтар кері ақты.
Құс қайтып келді:
Омбы қарларға,
Көшкен сеңдерге «қош» десіп.
...Анау бір төрде домбыра қалды,
Анау бір жерде бос бесік...
Жабуы жүктің желпілдеп келді,
Селдіреп келді желегі,
Ботадай көзі мөлтілдеп келді –
Боздамаса екен дегені...
Махаббат әні – мұңдарда қалар,
Махаббат – мұндар, шерменде!
Қауесет ізі құмдарда қалар,
Көз жасы ізі – көлдерде.
Өтеуі жүрек – өкпелі болса,
Жасасын ұлы құштарлық!
...Көшкен бір жұртта көктемі қалса,
Қайтармаңдаршы құстарды!

~Ерлан Жүніс

❀ Дем

02 Nov, 15:36


- Сізді кім шабыттандырады?
- Күйеуім
- Сіз тұрмыс құрмағансыз ғой…
- Бәрібір емес пе? Жоқ болсын, бар болсын. Мені оның жоқтығы жігерлендіреді. Әр ынтамен жұмыс істеп жүрген, әдемі де мықты әйелдің артында оның алаңсыз жұмыс істеуіне көмектесетін, “Ұнамаса шыға сал. Үйде отырғың келсе, уэлком. Жұмыс істейм десең, істей ғой,”- дейтін ер адамы тұрады.

❀ Дем

02 Nov, 15:17


Ұнату деген нәрсе - әшейін біраз күндік алданыш қой.

Хэменгуэй шал

❀ Дем

02 Nov, 14:48


Сен бәрін де білесің, бәрін-бәрін,
Дауылдарын жүректің, жауындарын.
Қай көктемде құстардың кешіккенін,
Сонда менің жанымның ауырғанын.
Қай бір сөздің дертімді емдегенін,
Қай бір әуен бейуақ тербегенін,
Қай бір күзде гүлдердің ерте солып,
Ертесіне мен саған келмегенім.
Сен білесің сезімнің жаздағы әнін,
Жазмыш оты жүректе маздағанын,
Күйін кешіп бір сәтте бозбаланың,
Бір сәтте жанып кете жаздағаным.
Сен білесің тағдырдың шайқағанын,
(Шайқаламын таулардай, жай табамын),
Қай нөсердің астында көкке қарап,
Қандай сөзді ішімнен қайталадым,
Сен білесің,
Жаным не қалайтынын,
Саған мәлім – табарым қалай тыным,
Қай дұғаны таңертең оқитыным,
Қай кітапты кешкілік қарайтыным,
Сен білесің, ерке қыз, бәрін-бәрін,
Сенен өзге жүрекке шағынбадым,
Қай түндерде қандай түс көргенімді,
Сол түстердің қалайша жорылғанын,
Сен білесің,
жан білмес сырларымды,
өзім шеше алмайтын жұмбағымды,
Ешбір адам көрмеген белгілерді,
Еш жинаққа енбеген жырларымды,
Сен білесің,
бәрінің бір дерегін,
Сен білесің неліктен мұңлы өлеңім,
...Менің кінәм шығар-ау,
Бәрін біліп
–Маған керектігіңді білмегенің...

Ерлан Жүніс

❀ Дем

02 Nov, 13:12


не істесем де, істеймін батысшa
менің стилім батысша

бәрі өз уақытымен
басқа аймақтың барлығы батысқа қарап уақыт ауысқан

❀ Дем

02 Nov, 05:57


“Кітап оқитын адамдарға ғашық болу тым қиын… Сені де түсінемін. Түсінгенімнен күтемін…”

Күтпей, әрекет жасасаң, болады ғой бәрі🥲

❀ Дем

01 Nov, 03:33


Сүйгенімнің жоқтығы мені шабыттандырады. Бәлкім ол жоқтығымен сүйкімді шығар?!)

❀ Дем

31 Oct, 20:20


Қош енді,
Қош бол,
Күрең күз🍁

❀ Дем

31 Oct, 20:17


Қарашаның бірі🍂

❀ Дем

31 Oct, 14:03


- Неге тұрмысқа шықпай жүрсің? Жақсы жігіт жоқ па?
- Махаббат тілімді ұғатын жанды кездестірмедім…

❀ Дем

30 Oct, 15:47


Қайырлатпай қаяу мұң
Бағыңды тап баянды
Қош бол менің аяулы
Бұйырмас бағым

❀ Дем

30 Oct, 14:42


Ол мен оқитын кітаптарды алдын ала оқып шығып, сәйкес келетін классикалық әуендерден плейлист жасайтын. Кітап оқып отырған кезімде, көзім ауырмасын деп жарықты дұрыс түсуін қадағалап, отырған жерім дұрыс болмаса, көтеріп алып, терезе жанына отырғызатын. Ол мен үшін театрдың билеттерін аңдитын. Мысалы “Ақ кемені” аяқтасам, “Ақ кеменің” спектакліне баратынбыз. Ол менің мультфильмдерді кинотеатрдан көргенді ұнататынымды біліп, үнемі апарып, алған әсерім жайлы сұрайтын (дәлірек айтқанда эмоцияларымызбен бөлісетінбіз). Ол менің гүлдерге аллергиям бар екенін біліп, әр гүлді ерекше талғаммен таңдап, қуантатын. Ол менің дұрыс тамақтануымды қадағалайтын. Оған менің дәрумендерімді уақытылы ішкенім маңызды еді. Уақытылы, әрі толыққанды ұйықтауым үшін түнімен мазаламайтын еді. Санай берсем өте көп…

Бірақ…

Ол маған қымбат сыйлық сыйлай алмаған шығар, бірақ ол маған ерекше әсерлер сыйлап, қамқорлықтың не екенін ұғындырып кетті. Ол адам менің өмірге көзқарасымды өзгертті. Ол адам мені бақыт деген ұғымды оның қамқорлығы мен әрекетінен сезіне алуыма жол ашты.

Осыдан кейін қалай менен “Ол саған қымбат бұйым сыйлады ма?”-деп сұрайсың? Өзім-ақ ақша тауып, асырар едім, бірақ ол “өзің үшін жұмыс істе, жүйкеңді жұқартпа, шаршасаң үйде демал, үйде отырған ұнамаса, қалаған ісіңмен айналыс, ал мен сені №1 жанкүйеріңмін,”-дегенде көзіме жас келді…

#оған

❀ Дем

30 Oct, 07:17


Қандай фильмдер көрсе болады?

❀ Дем

30 Oct, 02:11


Мейірімділік ≠ әлсіздік

Мейірімді жүректің иесі болудың өзі бақыт. Егер оны әлсіздікке теңесең, ақымақсың…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

29 Oct, 15:32


Жабайы робот мультфильміне бардым. 10/10
Мультик көрген ұнайды. Жалпы қызық.
Робот әйелді қазіргі заманның “жұмыс,”-деп отбасын құруды ұмыт қалдырған қыздарына ұқсаттым. Ал бала әрқашан бала боп қала бермек. Сен қандай болсаң да, бар болмысыңмен қабылдай алатын бала болмақ.

Қызық…

❀ Дем

28 Oct, 19:13


Кейде анасының құшағына асыққан бала немесе сүйгенінің құшағына асыққан ғашыққа қарап, ұзаққа көріспей қалған құрбылардың құшақтасуына қарап: “менің де құшағыма асығар жан бар ма?”-деп ойланып қаламын…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

28 Oct, 18:20


Сәл жолдан тайып кетсем, өмірі осындай нәрселер болады. Денсаулық пен шыдамым сыналатын сәт…

❀ Дем

28 Oct, 16:34


van gogh virginio aiello

❀ Дем

28 Oct, 14:01


Мен: Жұмысқа келе жатсам, үстіме бір адам әдейі мәшнесімен су шашып, терезесін ашып, қарқылдап күліп кетті. Шашымнан бастап, шалбарыма дейін су болды. Жылағым келіп тұрсам, аула сыпырушы ағай ана кісіге айқайлап боқтап, беторамалын беріп “Жылама қызым. Өмірде сондай дәлгөйектер болады. Сүрте ғой бетіңді. Оңбаған шашына дейін су қылып,”-деп тұрды
Д: Өзің ше? Қарғамадың ба?
М: жоқ, жыладым, ағай көз жасымды сүртіп тұрды.
Д: өй, жынды қыз. Айқайлап, боқтап, қарғап, бүкіл ашуыңды шығарып алмайсың ба? Сұмдық, су ғой үстіңнің бәрі…
М: За то ағай ұрсып берді орныма🥹🥰🤣

#бүгін

❀ Дем

27 Oct, 19:33


Мені көрсең алыстан қаша берме,
Бәрібір тағдырыма байлап алам!

❀ Дем

27 Oct, 19:30


Жүрек, шіркін, Жадыра әпкенің дауысынан елжірейді

❀ Дем

27 Oct, 13:10


Бәріміз жақсы адамға ниеттіміз…

❀ Дем

26 Oct, 21:02


Live stream finished (3 hours)

❀ Дем

26 Oct, 17:12


Live stream started

❀ Дем

26 Oct, 15:47


маған қарап шыныңды айтшы

❀ Дем

25 Oct, 23:54


Қыз баласының тек денесі нәзік екенін естеріңнен шығармаңдар. Өзімізден екі есе ауыр әдемілігіміз бен мінезімізді көтеруіміздің өзі - өнер.


Көтере алмасаң, ұрсысып әуре болма, бәрібір жеңе алмайсыңдар деймін…

#күнтәртібіндегібастымәселе
#Аружаннанкейінгіойлар

❀ Дем

25 Oct, 22:50


Үйдің ортаншысы болсаң, әңгімеңді ешкім тыңдамайды деп өз-өзіңмен жүре бересің ғой. Бір адамдар сені адам ретінде көріп бастағанда, сөзіңнен мән мағына іздесе, жабайы адамдай біртүрлі қарап, тесірейіп қалатыным нес екен?!🤣

❀ Дем

25 Oct, 20:52


Түннің құшағында отырмын. Мына әлемге еркелей алатыныма мәзбін.

❀ Дем

25 Oct, 16:47


Ақшасы жоқ демесең, былай жақсы сияқты

❀ Дем

25 Oct, 11:33


Туынды аты, авторы, түрі:
Шал, Ермек Тұрсын, фильм

🙈 https://hdrezka.ag/films/thriller/20065-starik-2012.html

Жексенбі, 10:00


Талқыға қатысасыңдар ма
?
🔥 — ештеңеге қарамастан қатысам
🌚 — ай шалқасынан тумаса қатысам
💔 — осы жолы қатыса алмайм

❀ Дем

24 Oct, 18:56


Дем

❀ Дем

24 Oct, 18:43


Біз де біреудің нағашы әпкесі болыппыз ғой. Жиеннен асқан тәтті жоқ

❀ Дем

24 Oct, 14:49


Миым ағып кетпесе болар еді. Бәрі бір уақытта ауырып, отпускқа шығып кетеді деп кім ойлаған🥲

❀ Дем

24 Oct, 03:32


Агата Кристидің кітабын сыйлайтын адаммен кездескім кеп жүр🌝

❀ Дем

23 Oct, 19:43


Сені жоғалту - ең үлкен қателігім шығар…

❀ Дем

23 Oct, 14:45


Уақыт өте келе өзің ұйқыңның уақытын санап, мелатонин бөлінсін деп ерте жатады екенсің ғой…

#күнтәртібіндегібастымәселе

❀ Дем

22 Oct, 20:18


Ұйқысыз түндерде сені ойладым. Эгоистсың деме.

#күнтәртібіндегібастымәселе
#міндетсінсең😂

❀ Дем

22 Oct, 18:20


Бамбугын құшақтаған панда болғым келеді🥹🌝

❀ Дем

22 Oct, 13:40


Жалпы бәйгеге қатысқым келеді. Жылқымен, көлікпен, мотоциклмен болсын. Жылдамдықты жаным сүйеді. Қорқыныштарды жеңу барысында адреналин аласың ғой. Вот сол сезімдер ең күштісі🥹

❀ Дем

22 Oct, 13:35


Арман #32:
Мотоцикл алу, айдау. Жарыстарға қатысқым келеді.

❀ Дем

22 Oct, 03:50


“Бухгалтер апай”, “Апай”, “Тәте” дегендерге үйрене алмай жүрмін🥲🤣
Бірақ өмірде көрсе бәрі “сен” дейді және апайдың “а” деген әріпінде естімейсің😂

❀ Дем

21 Oct, 18:30


“Сенің көздеріңе қараған кезде, уақытты тоқтатып-ақ қойғым келеді…”

❀ Дем

21 Oct, 17:12


Тыныштыққа үн бергім келді.