қар қызы @qarqyzy Channel on Telegram

қар қызы

@qarqyzy


қар және мен, бізде шексіз махаббат 🤍

қар қызы (Kazakh)

«Қар қызы» телеграм каналы - біздің ойымасы және қуатты махаббат жинағы. Бұл каналдың атының мағынасы — қар мен қыз, біздің жүректеріміздің арасында шексіз махаббат. Мұны көру арқылы, адамдар қар қыздарымен және адамдар қарларымен байланыс қалайды. Осы канал арқылы, көптеген ауылшарға, жастарға және мейірімдіктерге танымдық беріледі. Сіз де қарлар мен қыздар махаббатын жан-жақты кеңейтіп, ойлауға болашағыңыз спасы. Біздің каналға қосылыңыз және танымал қылыңыз біздің ойымасын қоламыздан орнатыңыз! 🤍

қар қызы

14 Jan, 03:26


Адамды еркін ететін оның мінезінен бұрын, білімі деп білемін. Білімді адам қай жерде болмасын қалықтаған құстай. Сондықтан оқып, білуден талмайық.

қар қызы

13 Jan, 12:10


Адамды ұсқынсыз ететін түрі емес, тірлігі екен..

#түйгенім

қар қызы

13 Jan, 05:38


Жылдар бойы жаныңда жүріп, сені түсінбейтін адамнан, ойың бір арнада тоғысатын алыста бір адамың болғаны жақсы екен.

қар қызы

12 Jan, 13:07


Қазір шайтан адамды емес, адам адамды азғыратын заман болған...

қар қызы

12 Jan, 13:06


Мінезі қандай болса да, адам адал болса екен. Көзіңе құбылып, сыртыңнан балағаттап жүргендерден жиренем. Екі жүзділіктен, ашық дұшпандық артық.

қар қызы

12 Jan, 05:40


Адамдарды арадағы шақырымдар, алшақтық емес, суық сөз бен көзқарас суытады.

қар қызы

10 Jan, 19:19


Әрбір жанның жүрегі сыр сандық, оның іші толған сыр. Ал құлыпы ешкім біле бермейтін биік құзда сақталған сияқты. Ол сандықты ашуға тек күші мен жігері жетіп, құз басына шыққандар ғана құқылы. Бір өкініштісі, ол құзға шықпай-ақ, сенің сандығыңды сыртынан ғана бағалап, сен жайлы білгендей болатын жандар бар.

#өмір

қар қызы

10 Jan, 10:38


Бұл фәниді мекен еткен 8 миллиард адамның бір-біріне ұқсамаған 8 миллиард дара тағдыры бар.

Тағдыр тәтті деп ешкім уәде еткен жоқ. Өзгелерден көретін тәтті тағдыр тек таудың ұшы ғана. Ал мұң мен терең ойға батырар ащы тұсын баршамыз жай ғана мына әлемнен жат етіп, бекітіп қойғанбыз. Ал кілтін шетсіз, шексіз теңіздің толқынына ілестірдік. Тағдырға жазылып, сол кілтті тапқан пенде ғана келесі пенденің жүрек дауасын көре алады. Тағдырға жазылса ғана…

Біз батылмыз, бірақ қорқамыз. Бақыттымыз, бірақ жалғыздықта күле алмаймыз. Қуанамыз, бірақ көз көрмейтін жерде тамшылаған жастар ағады. Жымиямыз, бірақ үздіксіз уайыммен ғұмыр кешеміз.

Көзсіз, сөзсіз, тілсіз жанымызды ұғатын тек Алла ғана. Қолда бар қорғанымыз дұға. Бар пенденің нағыз жүрегі сол дұғада ғана ашылып, бет сипаған алақанмен қайта жабылады. Ал өлмейтін, өшпейтін - жалғыз үміт.

қар қызы

09 Jan, 14:40


Адамның ақылы жаспен өлшенбейді.

қар қызы

07 Jan, 19:41


Әр адамның көзінде көзге көрінбейтін түрлі-түсті көзілдірігі болатын секілді. Ол дегеніміз өмірге деген көзқарас. Ең қызығы əркімдікі əртүрлі. Қарапайым бір затты он адам он түрлі көреді. Бір фильмді көрген жүз адамда жүз түрлі пікір, жүз түрлі сезім. Бір ғана кітапты оқыған екі адамда екі түрлі түсінік. Бір адам əзірлеген тағамды жеген он адам он түрлі дəм сезеді.

Адамдар арасында да сондай. Мысалы бір адам бір адамға қатты ұнайды да, ал басқасы мүлде жақтырмайды немесе біреу біреуге ессіз ғашық, ал біреуге бəрібір. Кейбір адамдар басқалардан үнемі мін іздеп, сын айтып отырады. Жақсы дүниеден де кемшілік іздейтіндер жетерлік.

Әр адам өз ойларымен, ішкі сезімдерімен ерекшеленеді. Қандай нəрсені көп көріп, көп естіген сайын сол дүниелер өмірінің пазлдарын құрап, тұтастай бір бөлшекке айналады. Ішкі жан дүниесі қандай болса, көзіне тек сондай дүниелер көрінеді.

қар қызы

05 Jan, 20:23


Менің ойларым қызықтыратын әрбір жанға мынаны айтқым келеді:

жаныңда жақының, жақсы көретін адамың барда оны жиі қысып-қысып құшақта. Денеңнің барлық молекулалары сол құшақты сақтап қалатындай боп құшақта. Жалықпай, жиі-жиі жақсы көретініңді айт. Дәл осы сәтте тәкәппарлықты қоқыс жәшігіне лақтырып таста. Жақсы көретін жанға оны қалай бағалайтыныңды, сенің өміріңдегі маңызды орны жайлы айт.

өзің барда, ол адам барда...

қар қызы

05 Jan, 12:07


Адаммен қарым-қатынаста сыйластық пен кері байланыс болса, жолдың болғаны.

қар қызы

04 Jan, 06:17


Адамның күні адаммен.

Қанша күнім түспейді деген адамыңа да, бір күні көмек сұрап барарың анық. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. Қанша жерден жаман адам болса да оның өміріңе бір пайдасы тиеді. Иә, ондай адам сенің өміріңе келуімен саған сабақ үйретеді немесе бір жақсылық жасайды. Сондықтан әрбір адамның бір игілігі болады. Айтқым келгені: біреуге пайдаң тимесе онда зияныңды да тигізбе. Сенің тілің не өсегің біреудің түнгі ұйқысын қашырмасын. Бес күн жалғанда ұрыспай, шама келгенше сыйласып жүрейік...🫂

қар қызы

02 Jan, 20:05


Мың жерден мойындағың келмесе де, адамға “адам” керек. Жығылғанда сүйеп, жылағанда жұбату үшін. Қуанғанда әлдекімдер сен үшін сенен артық мәз болғанын көріп мейірлену үшін.

ең бастысы, жай ғана бар екеніңді біліп, керектігіңді сезіну үшін.

қар қызы

01 Jan, 20:15


Шын мәнінде сенің өміріңдегі адамның өз рөлі, үйретері, берері бар. Кеткеннің де, келетіннің де сенің тағдырыңда жолығуы бекер емес. Бәрібір бір нәрсеге себепші болады. Ең бастысы, кететін адаммен адамшылық қасиетінде арадағы байланысты тоқтатып, жаныңдағының қадіріне жетіп, келетін жанға адами тұрғыда сыйластық таныту қажет.

#түйгенім

қар қызы

01 Jan, 13:49


Бір жыл бұрыңғы өзіңді еске түсір. Көбі өзгерді. Кейбіреулер жақын адамыңа айналды, ал жақын дегендерің кетті. Бір нәрсе керемет маңызды болды, енді бірі тіпті де еске түспейтіндей жағдайға жетті.

#өмір

қар қызы

31 Dec, 03:50


Бір досыңмен сені балалық шақтағы естеліктер байланыстыруы мүмкін. Бір досыңмен қиын шақтарды бірге көрдің. Бір досыңмен бар сырыңды бөліспесең де сыйлассың, әдемі уақыт өткізесің. Алайда.. қате түсініп қалмайды ма екен деп уайымдамай, бүкпесіз ішіңдегіні айта алатын, сен оның, ол сенің бүтін болмысыңды солайымен қабылдайтын, сүйінші жаңалығыңды да, жайсыз жағдайыңды да алғашқы боп соған айтқың кеп тұратын рухтас жандар өмірде санаулы болатын сияқты. Сол санаулылармен арамызды алыстатпаса екен 🤍

қар қызы

30 Dec, 10:24


- Ару
- м?
- ты изменилась, очень
- қай жағынан?
- жақсы жаққа өзгергенсің прям. смотрю тебе в глаза - совсем другой взгляд…

дейді досым.

осы сөзді кейінгі кезде 1045 рет естіген шығармын. жай ғана бақыттымын.

#күй

қар қызы

29 Dec, 11:46


Өміріңде сені сөзсіз түсінетін, қолдау білдіретін, ештеңеге қарамай жақсы көретін жандардың болуы теңдессіз бақыт.

қар қызы

28 Dec, 08:40


Адамдарға мейірімді бол. Бұл сөзбе-сөз ешнәрсеге тұрмайды, бірақ іске келгенде.. мүмкін сенің күлкің немесе жай ғана жақсы сөз олардың күнін жақсырақ етеді.

мына әлемге кішкене болсын мейірім қосуға асық ☀️

қар қызы

27 Dec, 20:27


Егер бақытты болғың келсе, айналаңдағы басқа жандарға қуаныш сыйла. Шын айтам бұл кәдімгідей әсер етеді, өз басымнан өткен.

Ақшаң болса гүл сатып ап құрбыңа бер. Тәттілер пісіріп, оны көршіңмен бөліс (айтпақшы, бұл сүннет). Алдыңнан кезіккен қыздың келбеті сұлу көрінсе, оған ойыңды ашық жеткіз. Бейтаныс адамға белгілі бір жерге кірерде есікті ашып тұра тұр. Қолыңнан келсе, кімге болсын, неден болсын қиын тапсырмаларды орындауға көмектес. Егер мүмкіндігің мен құлшынысың болса, жай ғана көмектесе бер. Бұл соншалықты күшті қажет етпейді, бірақ әлгі жанның көңілі көтерілетіні сөзсіз.

қар қызы

27 Dec, 15:06


Бəріміз бір сəтпіз.

Бір секунд сіздің өміріңізді түбегейлі өзгерте алады. Елестетіп көріңізші, жеті миллиард адам. Біреу енді ғана ұйқысынан оянғанда, біреу тəтті ұйқыға кетіп жатыр. Біреу өз махаббатын алғаш рет сүйіп жатса, енді біреу бұны соңғы рет жасап жатыр. Қазір біреу аурухана төсегінің алдында жыласа, ал біреу бақыттан басы айналып, қуаныш көз жастары шығып жатыр. Мүмкін, қазір ешкімнің есінде жоқ адам қайтыс болды. Қазір ғана біреуді тастап кетті. Біреу үйдің маңайында тұр. Дəл қазір біреу болашақ жарымен бірге керемет уақыт өткізуде. Біреу махаббат үшін ішіп отырса, ал басқасы махаббаттан ішіп отыр.

түйін: біздің өміріміз <сəттерден> тұрады. əр сəттің өзіндік мəні бар жəне бұл сəт қайта оралмайды. сондықтан, əр сəтті бағалай біл, жарқыным

қар қызы

27 Dec, 00:05


Сәттерді бағала. Тіпті ең қарапайым таңды, сол сәтте ішілген шайды, жай ғана күнделікті әңгімені бағала.

қар қызы

15 Dec, 21:04


Маған лайығы кім, мен кімге лайықпын?

Сендегі нәзіктік қайталанбайды. Сендегі сұлулық басқаға берілмеген. Сендегі қылық тек өзіңе ғана жарасымды. Сендегі мінез де өзіңе ғана үйлесімді. Саған қолы жетпей, сыртыңнан саған ғашық боп, сенің әрбір қимылың мен сөзіңе тамсана қарап жүрген бір жан бар. Сондай адам тосып жүргенде, өзіңді “жоқтан барға” сыйлай салуыңа себеп барма?

Жақсы көрсе саған бажылдап безіп кетпейді. Жақсы көрсе сағат емес секунд сені көру үшін жердің түбінен жетіп келіп, сені көрмей кетпейді. Жақсы көрсе сен сұрап және сұрамаған үшін еңбек етіп, күлкіңді көру үшін қалағаныңды алып бермей жүрегі тынышталмайды..
Жақсы көрген адам, өзгеден сені көрмейді. Өзгенің атын білмейді, өзгемен бір уақыт жүрмейді. Жақсы көрген адам қол көтермек түгілі саусақтың ұшын саған қаратып бұрмайды. Ол махаббат емес..

Ниетіңді дұрыстап, жақсы болуға тырыссаң, жақсы да саған қарай талпынып, сенің қасыңда болуға асығатыны сөзсіз-ақ белгілі.

Жаманға өзіңді қимашы.. Сәл күтсең Алла саған да, маған да ең жақсысын дайындап қойған. Тек өзіңді сақтап, қорғай білсең болғаны. Бәріміз ең жақсыға лайықпыз, соны ұмытпа. Өміріңді қор қылатын емес, гүл қылатын адамды таңдау жолында сабырлық еткейсің. Бәрі болады, жүрек 🤍

қар қызы

14 Dec, 20:56


Адам байғұс ойланбаса не болады екен? Неге кез келген уақытта, қайда жүрсекте миымыз дамылсыз әр нәрсені ойлай береді? Қуанып тұрып та іштей күдіктеніп тұрасың, жыласаң артынан бір қуаныш боларын күтесің. Қызық, мен кейде оймен әлемнің түбіне барып қоямын да, қайта шегініп өз әлеміме қайтамын. Кейде бәрі алаңсыз бейқам өмір сүруді қалайтын шығар бәлкім.

қар қызы

14 Dec, 16:26


Ашуланған сәтте бір минуттық шыдамдылық, сені мың минут өкініштен құтқарады емес пе?

қар қызы

14 Dec, 12:42


Үйіңде ойран болып жатса, даладағы бейбітшіліктен не қайыр?

қар қызы

14 Dec, 10:28


Екі көзің бола тұра неге адамдарды құлақпен тануға құмар болдың?

қар қызы

14 Dec, 07:53


Кейде ”Құдай өзі кешірсін” деп алып неге Құдай кешірмейтін әңгімелер айтады екенбіз осы?

қар қызы

13 Dec, 15:12


кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=lleh5sfkvhfq1

қар қызы

11 Dec, 19:37


Бұл телеграм арна деген жан-сырың ашылатын күнделігің іспетті керемет дүние.

қар қызы

11 Dec, 19:36


Әрбір арнада жазбаны бар ықыласымен оқитын адам әрқашан болады. Сол адам үшін арнаны әрі қарай жүргізгің келеді.

қар қызы

11 Dec, 19:32


Арнаға кез келген дүниені сала алмаймын, салғым да келмейді. Құндылығын жоғалтатындай…

Сондықтан, жазбалар бір-бірден ғана шығады күніне. Көп болса, екі-үш рет қана, одан артық емес. Ол енді ойларыма және жазбаның көлеміне байланысты.

қар қызы

11 Dec, 12:14


Менің ең сүйікті мезгілім - қыс. Өте қатты жақсы көремін. Әр қыс өзінің керемет оқиғаларымен жадымда жылы, жағымды естеліктерімен бір тарих боп із қалдыруда. Маған қыстың ерекше атмосферасы қатты ұнайды. Әсіресе қыстың таңғы ауасы қандай ғажап! сезініп көрдіңіз бе? Сыртқа шығып қалғанда, қыстың иісі мүңк ете қалады. Айналаның барлығы ақ түске боялуы ертегіден алынғандай тым ғажап. Жердегі ұлпа қарлар және олардың қытырлаған дыбысы. ммммм, керемет!
Демалыс күндері жылы көрпеге оранып, дорама қарау. Таңертең сабаққа немесе жұмысқа бара жатқан сəт. Ыстық тамақ, шай, боранды күндер, жаңа жылдың ерекше атмосферасы.. тамаша емес пе?

мен ғашықпын. иə, шын ғашықпын. мен өмірге, айналама, қысқа, күннің батып бара жатқан көрінісіне, табиғаттың ерекше құбылыстарына, өмірімнің əр сəті мен сағатына ғашықпын. өмірдің өзі сəттерден тұрады. сен де бағалай біл. осы сөздерді оқып отырған сəтіңді жай ғана бағалап үйрен. өмір тым ғажап, сүре білген адамға...

#күй

қар қызы

09 Dec, 19:26


Мен сізге және өзіме кеңес бере алатын жалғыз нәрсе - дұға.

қар қызы

08 Dec, 21:24


Әр ай сайын қыз болғаным үшін бүкіл әлемді боқтағым кеп тұрады, хоть боқтамайтын адам болсам да))

қар қызы

21 Nov, 04:10


Бір ғана ауыр сөз адамның жүрегіне қатты тиеді. Бір ғана сөз адамның бір күндік көңіл-күйіне қатты əсер етеді. Қанша жерден бетке тіке айту, шыншыл болу - жақсы болғанымен, көңілге қарап сөйлеу - үлкен мəдениеттіліктің белгісі.

Бір түсінгенім, адамдарға нашар көңіл-күй сыйлап, уын шашатын адам - жаман емес, тек ол бақытсыз. Өмірге деген өкпесі қара қазандай. Ішкі күйі көңілсіз болғандықтан, өзгелерге де соны шашады. Ең алдымен, адамдарға ренжуді емес, түсінуге талпынып көр.

Мына жалғанда сыйластықтан артық ештеңе жоқ. Бір ғана жылы сөз - жаралы жүрекке ем. Бір-бірімізге жылы-жылы сөйлейік. Сөйлей алмасақ, үндемейік!

қар қызы

20 Nov, 03:24


Біреуге тіпті ойыңмен болсын зияныңды тигізбе.

Ол тіпті адам сүйер қылығы жоқ болса да, мейлі. Құдай әркімді өзінше сүйіп, өзінше жазалайды. Біреудің қателігін талқылап, орнына қоятын біз Құдай емеспіз.

қар қызы

19 Nov, 06:08


Саған біреу ұнамайды ма? Мейлі, қоя сал. Егер ұнамаса сен оған міндетті түрде ауыр сөз айтып, сыртынан жамандау керексің деген сөз емес. Ол да саған ұнауға міндетті емес, сен үшін өмір сүріп жүрген жоқ қой. Әр адам әртүрлі, дәл солай өмірге деген көз қарасы да әртүрлі. Бірақ саналы түрде түсіністікпен қарап үйрену керек. Мысалы, саған менің бір мінезім ұнамауы мүмкін, бірақ ол менің жаман екенімді, жамандауға тұрарлық екенімді білдірмейді. Демек, сен менің жақсы жағымды әлі көрмедің.

қар қызы

18 Nov, 14:02


Адамдар кейде мәдениеттіліктің не екенін ұмытып кететіндей. Аузына келгенді айтып, не өксіп тұрғанын білмей қалады. 32 тістің арасынан шығатын әрбіз сөзіңіз үшін жауап беретініңізді ұмытпағайсыз.

қар қызы

18 Nov, 09:37


Қанша жылы жүздерді ауыздарынан шыққан сөздері сүйкімсіз етуде..

қар қызы

17 Nov, 08:18


Ең жаман ауру - жаман мінез бен ащы тіл. "Ашуланған сәтін тексермейінше, адамның мінезіне сенім артпа" деген екен сахаба Омар ибн әл Хаттаб (оған Алла разы болсын). Мінезі жаман адам саған ашуланса, сыйластығыңды жоққа шығарады, жақсылығыңды ұмытады, сырыңды елге жаяды, тіпті, сенің бойыңда жоқ нәрсені айта бастайды...

қар қызы

16 Nov, 13:29


бұл қиын емес. өте оңай…

көлікпен жүргенде аялдамадағы адамға шалшық суды шашыратып жібермеу үшін жылдамдықты сəл бəсеңдету – оңай. cонда оның жаңа жейдесі де, сенің арың да таза болады.

ойыншығын сындырып алған балаға ойыншықты емес, құнды дүние сындырып алғандай айқайлап ұрысудың орнына "жә, ештеңе етпес. бұл – жақсылыққа" деп жұбату – оңай.

анаңа "сосын" емес, бүгін хабарласып, қал-жағдайын сұрау – оңай.

қойылым біткен соң қошеметті тұрып көрсету - оңай. қорықпаңыз, сіздің аяғыңыз сынып кетпейді, ал қойылымда ойнаған əртістің көңілі жай табады, өйткені оның еңбегін көрермен бағалады.

бiрдеңемен келіспей жатсаңыз, өз ойыңызды ішіңізде сақтау – оңай. кейін дау-дамайға кететін күшіңізді жасампаздыққа жұмсауға болады.

қайырымды болып, сізге жақсылық жасағандардың бəріне "рақмет" деу – оңай. мейлі, біреу сізге орын бергені үшін бе, хабарламаңызға тез жауап қайтарғандықтан ба, əлде сізге түскі асының бөлшегін бөліп бергені үшін бе, бəрібір. себебі егер шындығын айтар болсақ, сіздің достарыңыз да, жұмыстастарыңыз да, ата-анаңыз да, балаларыңыз да сізге ештеңе істеуге тиісті емес. ешкім сізге ештеңе міндетті емес.

сізге жақын емес нəрселердің бəріне: зұлым адамдарға, өтірікші мен екіжүзділерге, қызықсыз кітаптарға «жоқ» деу - оңай. есесіне, сіздің өміріңіз біршама тазарып қалады.

өзгелерді ғана емес, өзіңізді де құрметтеңіз.
«жоқ» – сізді сындырып, құлататын нəрселердің бəріне, «иə!» — сізді бақытты қылатын нəрселерге.

кішкене болсын ережелерді бұзу, күлкілі көріну, маңызды жиналысқа ұйықтап қалу бұл ақымақтық емес, бұл – бақыт. бұл біртүрлі емес, шынайы көрінеді.

өмір – бір сəт. қызық, иə? бақытты болу қиын емес екен. сенсең, ол – оңай!

қар қызы

14 Nov, 19:23


мұңаймашы... дәл қазір өзіңді жаман сезініп отыруың мүмкін. қызығушылық та, күш те, арман да жоқ. айналаңның бәрі сені шаршатып жіберді.

мен сенің көңіліңді көтерейін. астындағыларды мұқият оқы.

терең тыныс ал да, шығар. дем ала аласың, иә? кейбір адамдар дәл қазір арнайы аппаратпен ғана дем алады. тамақтың иісін және дәмін сезе аласың ба? онда қуануға себеп табылды.

көзіңді жұм. сосын аш. көре аласың ғой, иә? соқыр адамдар бұл әлемді тым болмаса бір рет көруді қалайды. аспанға қара. өзіңнің ерекшелігіңе қара.

ал, енді су ішіп кел. су да бар, иә? Рамазан айында ораза ұстағанын есіңде ме? дәл сол кездегі су саған өте дәмді болып еді. Үндістанда адамдар өздері жуынатын өзеннен су ішеді. ал сенде таза су бар.

сен ойлай аласың. шешім қабылдай аласың. мен сенің ерекше екеніңді білемін. саған тек қана өзіңе сенімдірек болу қажет. және дәл қазіргі барың үшін алғыс айтуды, шүкірлік етуді ұмытпашы. "егер, шүкір етсеңдер, арттырамын" дегенді ұмытпа.

мен сені жақсы көремін. иә, мен сені білмеймін. тек бір білетінім, сен - осы әлемдегі ерекше тұлғасың. сені бәрінен артық жақсы көретін ол бір Алла. Ол сенің барлық дұғаңды естуші, барлық сезіміңді білуші. тек шынайы дұға ет. күлімде. бәрі өтіп кетеді. бұл мұң да сенімен мәңгі болмайды ❤️‍🩹

қар қызы

14 Nov, 12:55


қанша мәрте пікір алаңын ашып, жаптым. түсінгенім арнаның пікірсіз тұрғанын құп көреді екем. сондықтан енді осылай.

кері байланыс үшін: t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=jjmi2

қар қызы

13 Nov, 01:06


Ешкім ешкімнен кем емес, бәрінің дәрежесі тең. Алайда әр адамды ерекшелейтін дүние ол - бойдағы қасиеттері. Барша пенде бар жағынан бірдей болса, не үшін біз таңдау жасап, қалау мен қаламаудың ортасында жүреміз?! Себебі Алла Тағала бізге таңдау мен әр пендеге өзіндік көркемдік берген. Соның ішінде нәзік жандыларды ерекшелегім келеді. Табиғаты мен жаратылысынан көркем етілген арулар үнемі өз бағасын біліп жүруі тиіс. Өмірдің қандай тосыны, әлемнің қанша адамы келіп қарапайым қатарға теңесе де, өз-өзіне әуел бастан қойып алған ерекшелігін ұмытпауы керек. Сөзбен емес, оған іштей сенуі қажет.

Әйел адам әдемі. Қоғам оны аялағанда әдемі. Орта мен жекелеген адамдар сыйлағанда әдемі. Өзін-өзі сүйгенде әдемі. Даму мен білім жолында әдемі. “Аманатым” деп аялаған жан барда әдемі. Өз құндылығын өзі түсінгенде әдемі. Өзін-өзі күткенде әдемі.

Табиғатымыз солай. Жылтыраған әшекей мен жердегі жайқалған гүлге қарап қуанамыз. Өзің ұнатқан әтірдің әр тамшысы денеге тигенде қуанамыз. Шығардан бұрын айна алдындағы әр процесс үшін қуанамыз. Сол үшін де ерекшеміз. Ал сүюдің нағыз құнын білген адам, ол өзін-өзі сүйе алған адам.

қар қызы

12 Nov, 04:33


Адам үшін ең ауыр азап - оған қателесуге мүмкіндік қалдырмау.

Ешкімді бір қалыпқа салма. Өзіңді де. Сен адамсың, сен тірісің, сенің әрлі-берлі жүруің, басыңды тау мен тасқа ұруың, құлауың, қателесуің - қалыпты. Бастысы құлаған жеріңде қалып қалмауға күшің болса болды.

қар қызы

11 Nov, 08:37


Біреулер сенен «асып» кеткен болса, уайымдама. Басқадан артта не алда болу - ештеңені білдірмейді, себебі өмір жарыс емес. Әр адамның өмір жолы әр түрлі. Қызың/жігітің болмаса, уайымдама. Жақсырақ жұмыс іздеп жүрген болсаң, уайымдама. Жүргізуші куәлігің болмаса, уайымдама. Өз орныңды таппасаң да. Әлі де шеше алмай жүрген мәселелерің болса, ақша жинап жүрсең де, бәрі дұрыс. Сенің жасыңа келген құрдастарыңда жоғарыда айтылған нәрселері бар деп қызғанышпен қарама, онда бары менде жоқ деме. Олар оған жетер жолда не төзгендерін білмейсің, олар да сенікін білмейді. Алға басқан қадамдарыңды жоққа шығарма.

қар қызы

10 Nov, 09:30


әрбір телегшінің заметкиі осындай болады деп ойлайм. бәрінікі демейм, әрине. бірақ менікі тура осылай. барлық ойымды бірінші заметкиге жазам. сосын оны мұқият оқып, өңдеп, ойларымды жинақтап, бір қалыпқа келтіремін. кейін барып қана арнаға салам. көріп тұрғандай бұнда тіпті болашақ жартыма арналған хаттарым бар..

жазғысы кеп жүрген жандарға бірінші барлығын заметкиге жазыңдар деп ұсынар ем. содан қалыптасады стилің. ал күнделік жүргізсеңдер вәщще кайф! бірақ өз басым күнделігіме жоспар, қорытынды, сезімдерімді жазам. ал заметкиге ойларымды ғана.

бүгін ақылды нәрсе жазбай, бір еркін нәрсе жазайыншы дедім. сооол жалпы :)

қар қызы

08 Nov, 19:10


Өмірде адамдар сені керек емес ойларымен жеп жіберу мүмкін. Сол үшін қандай жағдай болмасын нақты ойың болсын. Өз ауыртпалығыңды өзіңнен артық ешкім сезіне алмайды. Қоғамның қалыптасып қалған ойлары саған керек пе? Өзіне нақты не керек екенін білген адамға өмір сүру жеңіл. Ешкім сенің өміріңді барып сүріп, қателігіңді жөндеп бермейді. Сол үшін барлық әрекетіңе өзің жауапкершілік алып үйрен. Дәл қазір саған не керек? Ойлан! Өзіңді таппай жүрген болсаң, үзіліс жасап, тыныштал да ойлан. Әркім байқасаңыз өз деңгейінде ғана ойлана алады. Бір жағдайдан екі адам екі түрлі ой түзейді. Сол үшін деңгейіңді өсіріп, өзіңді үнемі жетілдіріп отыр. Басқа адамның көзқарасына құрметпен қара. Себебі оның ойлану дәрежесі соған дейін жетті, болды, оның өз шындығы бар. Бірақ өз ойың болсын. Соңғы таңдауды тек өзің қабылда және таңдау соңы немен аяқталса да құрметпен қара өзіңе.

қар қызы

07 Nov, 20:08


егер саған бірдеңе ұнамаса, ж а с а м а! өзгенің таңдауына құрметпен қара жəне басқаның таңдауын талқылауға сенің ақың жоқ. біреудің таңдаған киімін, тыңдайтын əуенін, таңдаған адамын талқылайтын - сен емес.

кейде ойлаймын... "қазақ" десең, өзіңе тиеді. Қазақстанның дамуына əлі қанша жыл бар екен деп ойлап қоямын. қазақтар қатып қалған жүйеге үйреніп қалғаны сонша, жүйеден сəл ауытқыса, көтере алмайды. жаңашылдыққа дайын емес. мысалы, жақында менің бір танысым өзінен бірнеше жас үлкен қызға үйленді. бүкіл туысқандар қарсы шығып, өз пікірлерін білдірді. олардың пікірлері кімге керек? əр адамның таңдау мүмкіндігі бар жəне əркім өзі біледі. олардың пікірінше, ақша табу, бай болу өте қиын. оңай жолмен келген ақшаны адал ақша деп қабылдамайды. таңның атысы мен кештің батысына дейін қара жұмыс жасап, ақша табуды адал ақша деп ойлайды. таңғы сегізде барып, кешкі алтыда қайтатын жұмысты мінсіз, нағыз жұмыс деп ойлайды жəне солай қабылдайды. қыздар жиырмадан сəл асса, тұрмысқа беруге асығады. ерте тұрмысқа шығып кетсе, "əлі жас қой, сабақ оқымай ма" дейді. кештеу шықса, "отырып қалды" деп тағы айтады. бірақ олай емес қой.

түйін: əр адам əртүрлі. əркімнің талғамы бөлек, ойлауы, сана-сезімі бөлек. олардың пікіріне құлақ асатын болсаң, өмір сүрмей-ақ қой. өмірге бір рет қана келесің. өз таңдауыңды, өз пікіріңді, өзіңді сыйла!

ИТ ҮРЕДІ, КЕРУЕН КӨШЕДІ.

қар қызы

07 Nov, 08:48


Бұл арна - менің күнделігім. Менің жан дүнием мен жүрегім жатқан жер. Толық болмаса да, үлкен бір бөлшегі осында. Сол жүректі сыйлап, жақсы көріп, ұнатып, қызық көріп, қолдау көрсетіп жүрген жандар ол - сіздер. Кейбір жандар менің ортам, енді бірі ортамнан бөлек, ал кейбірі мен үшін мүлде таныс емес. Алайда пендені пендемен табыстыратын, жарастыратын - сөз. Сондықтан бар жазбамды оқып, байланыс орнатып, уақытын арнап жүрген әрбір жанға құрметім, сыйластығым әрдайым ерекше.

жақсы көремін, жүректерім 🫶🏻

қар қызы

06 Nov, 03:40


Ең пайдалы өмірлік дағдылардың бірі - барлық жамандықты тез ұмыта білу: қиыншылықтар туралы ойламау, ренішпен өмір сүрмеу, ашуланбау, кек сақтамау.

Сен жаныңа түрлі қоқысты жинамауың керек 🙌🏿

қар қызы

05 Nov, 06:52


Жақында бірден біршама арнаға тіркеліп алдым. Әрбір арнаның өз мінезі бар сияқты. Кіріп, оқыған кезде нәзік адаммен, батылдау қызбен, кейде ашулы, енді бірде тым ақылды жанмен тілдескендей әсер алып жүрмін.

#күй

қар қызы

04 Nov, 04:47


Сен оқыған кітаптарыңнан, көретін фильмдеріңнен, уақытыңды бірге өткізетін адамдардан, айтатын әңгімелерден құраласың. Жүрегіңді немен қоректендіретініңді мұқият таңдап үйрен.

қар қызы

03 Nov, 05:13


Бір күні өтірік бетперде тағудан шаршайсың. Әзіл ұнамаса күлмейсің. Шынайы сезімдеріңді көрсетуден қорықпайсың. Жаныңа жақын нәрсені таңдайсың. Бір күні есейесің. Бөлмеңді таза ұстайсың. Ойларыңды бақылайсың. Ақпараттық ортаңда өзіңе шын ұнайтын парақшаларды қалдырасың.

дәл сол күн - бүгін.

қар қызы

02 Nov, 15:55


Ешқашан "адамдар мені жақсы көрмейді. мен ешкімге керек емеспін" деп айтушы болма. Сен бір адам үшін жеке əлемсің. Рас айтамын. Кем дегенде күніне бірнеше адам сен жайлы ойлайды. Кезінде сенің айтқан əзіліңді есіне алып, көшеде күлімсіреп кетіп барады. Сенің қылықтарыңды, келбетіңді, сөздеріңді есіне түсіріп, бір ойлайды.

Оған сенбеймін десең, сен маған керексің. Шын сөзім. Осы арнаға тіркелген əрбір оқырманды жақсы көремін. Әрқайсысының орны мен үшін ерекше. Оқырмандар тізіліп тұрған тізімді бастан аяқ көріп шығамын. Кім бар, кім жоқ... суреттері тұрса, суреттерін көремін. Түрлеріңе қарап қалай тамсанатынымды білсеңдеер. Инстаграм парақшаларын жазып қойса, ерінбей іздеймін. Арнадан шығып кетсе, бір мұңайып қаламын. Жаңа оқырман тіркелсе, балаша қуанып, іштей "қош келдің, жарқыным!" деймін. Мен бəрін көріп, бақылап отырамын. Менің арнамнан шығып, өзі де арна ашып, менің жазбаларымды салғанды да көремін. Мені ештеңе білмейді деп ойламаңыздар :)

қар қызы

01 Nov, 14:03


Дәл қазір отырып, көзіңді жұм да өзіңді құшақта. Өзіңе бір немесе бірнеше жағымды сөздер айт. Өзіңді мақта. Өзіңе махаббат сыйла, жұмсақ бол. Күніңнің қалай өткені, өзіңді қалай сезінгендігің жайлы айтып, өз-өзіңе есеп бер. Істегенің, тіпті істемеген нәрселерің үшін де өзіңе алғыс білдір.

Әр нәрсенің өз уақыты бар. Егер бірдеңе болмаса, келесі жолы міндетті түрде орындалады. Мүмкін келесіде оның саған қажет емес екенін түсінетін шығарсың. Бәлкім өз қалауыңды күшейтіп, соны жасайсың. Басқаларға беретін бааарлық сүйіспеншілікті өзіңе бағытта. Кейде әлемге емес, өзіңе назар аудару өте маңызды.

Әрине, банально боп естіледі. Бірақ әдетте біз дәл осыған мұқтажбыз.

қар қызы

31 Oct, 04:34


Өмір – өзіңді тану саяхаты. Сол саяхатта әр адам нені ерекше бағалап, мақсат ететінін, не нәрселер оған шынайы қуаныш әкелетінін анықтауы керек. Әрі сонымен айналысқаны абзал.

Өмірде бұны істемейтіндер, тіпті түсінбейтіндер қаншама..

қар қызы

30 Oct, 12:54


гүлден. жайқал. сен. сүй. арманда. құшақта. сезін. риясыз күл. жаңаға ашық бол. шексіз шүкір ет. өзіңді, өмірді таны. ешкімді қайталама. ешкімге қызықпа. дара бол. өткенге өкінбе. кеткенді қайтарма. өмір — ғажап

қар қызы

29 Oct, 06:23


Көркем мұсылманның белгісі – өзіне қатысы жоқ нәрсені тастауы.

Біреудің айтып отырған әңгімесіне қыстырылысып, “ау?” “не деп жатсыңдар?” “қалай, кім, қашан, не айтыпты, не істепті?” деп араласу, өзінікінен бұрын, біреудің қызметіне араласу, жанұя ішіндегі нәрсеге араласу, сізге қатысы жоқ сөзге араласу-мұсылман адамға сай амал емес!

Жалпы дінді ысырып қойсақ та, адами тұрғыдан бұл бір әдепсіздік, ұнамсыз қылық. Негізі әркім өз-өзімен, өз шаруасымен болғаны дұрысырақ (эгоист болумен шатастырмаңыз).

өзіме әрдайым еске салып отырамын:
САҒАН ҚАТЫСЫ ЖОҚ НӘРСЕГЕ АРАЛАСПА!

қар қызы

28 Oct, 04:01


Керемет адам боп көрінгім келмейді.

Әдемі сөздер жазғанмен, әрекетімнің бәрі мінсіз емес. Естілігімнен ессіздігім көп. Мені ұнатпайтындар жетерлік. Сәйкесінше, менің де жақтырмайтын адамдарым бар.

Кейде мен де автобуста жасы үлкенді сыйламай, орын бермей, отырып аламын. Оқуыма өтірік ауруды сылтауратып, бармай қоямын. Біреудің жылаған баласына қарап: "неге аңырай береді?" деп ойлаймын. Маған бәрі міндетті секілді айтқаным орындалмай қалса ренжимін. Маған тиіскеннің жанды жерін тырнап, ақымды аламын. Өтірік айтамын, ауыр әзілдеймін, көңілге қарамаймын, ауыз жаппай ұрысамын. Біреуді сөз қыламын.

Мұндай әрекет, сәттер жиі болмайды. Байқатпай, айтпай, білдірмей де жасап жатамыз. Бірақ өзімізге өзіміз мойындайықшы. Сонда ғана мінсіздік болмайтынын, барлық адам қателік жасайтынын түсіне аламыз. Және сол кезде барып өзгереміз.

қар қызы

26 Oct, 19:07


Адам өзінің таңдауына, өзінің ішкі күйіне, өзінің эмоцияларына, өзінің ортасына сыйластық танытып, сол нәрсені қорғаған кезде ешқашан жалғыз қалмай, бақытты күйде болады. Ештеңе де, ешкім де сені өзіңнен артық шын бақытқа бөлеп, шын жаныңды түсіне алмайды.

келіп-кететін адамдар үшін, “біреу” үшін өзіңдегіні өзгертуден, тастаудан, бас тартудан алыс бол.

қар қызы

26 Oct, 08:28


Бүкіл өміріңді басқаларды күтумен өткізбеу үшін іс-шараларға, концерттерге, киноға, дәмханаға жалғыз баруды үйренші.

қар қызы

25 Oct, 03:26


Сұлулық өзіңді толық қабылдаумен одан әрі сұлуланады 🤍.

қар қызы

23 Oct, 19:02


Көңілшекпін. Айтылған сөзді, пікірді жүрегіме жақын қабылдап қалатын жаман қасиетім бар. Десе де құрбымның осы қасиетіме үнемі айтатын сөзі бар еді: "оның бәрін ішіңе сала берсең, сақтай берсең, өзің ауру боласың. Ал ол адамдардың ештеңесі де кетпейді. Оданда оны елеме, елесең де сыртыңа шығарып елеп таста" - дейтін.

Осы қасиетімнен бәрін ішіме сала беріп тұйықталып кеттім, эмоционалды күйзеліске көп түсетін болдым. Одан шыққанмен баяғы қалпыма түсе алмай біраз жүріп қалатыным бар. Адамдардың әрбір сөзін, әрбір ұсақ түйекті көңіліме аламын. Біреу күл дейді, біреу суықсың дейді, енді бірі керексің дейді. Солай әркімнің сөзіне мән бере беріп өзімнің ішкі дауысымды, жүрегімді естімей қаламын. Өзім бұл нәрсені кеш түсіндім. Кеш түсінсем де, ақыры соны түсініп, іске асырып жатқаныма қуанамын. Қанша критик болсын, қанша жерден беделі бел асып тұрған жан болсын, оның сөзі саған әсер етпеуі тиіс екенін ұқтым. Тыңда, бірааақ! соңғы шешімді өзің қабылда. Өзіңе деген сенімділік, махаббат олардан жоғары тұруы тиіс.

Бір күні көңілім түсті, екінші күні мұңайдым, үшінші күні көзімдегі жасты сүртіп тұрып: жұрттар маған не үшін пікір айтады осы? мәселені шешу үшін оның туындауына себеп болған не нәрсе? олардың өзгергенін күткенше, мен өзім неге өзгермеймін? - деп сұрақ қойдым өзіме. Сосын отырып сол сұрақтарға жауап іздедім, таптым. “Өзгеру керек” дедім. Несін жасырайын мен де отырып алып, “ой бұл” деп бастап, біреуді сөз қылатын адамдардың қатарынанмын. Бірақ мен бұлай әңгіме айтуды доғардым. Өзіме қатысты емес әрекеттер мен әңгімелерге араласпайтын болдым. Бастысы адамдардың мен жайлы айтылған сөздеріне мән бермеуді үйрендім.

Түйін: бірге қосылып өз-өзіңді жегенше, сонымен күресуді үйрен. Бұл оқиғамды сол үшін бөлісіп отырмын. Мен жасаған қателіктен сабақ алсын дедім мұндағы әрбірің.

қар қызы

23 Oct, 13:35


Ұрысқақ адам болудан арылып жатырмын. Негізі әр жерден бір бәле іздеп қалған, ондай бір ұрысқақ емеспін де. Алайда кейде ашуға бой алдырып, керек емес нәрсені айқайлап айтып қоятыным бар. Сондықтан өзіме “Мен айқайдан не ұтамын? Бұдан кейін тағы да ұрыс іздеп тұрмаймын ба?” деген сұрақтарды қойып, ойландым. Сүйтіп қандай жағдай болмасын, бір жерімді қаттырақ қысып жүргенім дұрыс екенін ұқтым. Бастысы - сабыр!

Сендерге де осыны кеңестейтін едім.

қар қызы

22 Oct, 15:14


бүгіннен бастап пікір алаңын ашық деп жариялаймын. бірақ ауруым ұстап жауып тастауым мүмкін. алайда ол сәт келгенше еркін ойларыңды жаза берсеңдер болады

қар қызы

22 Oct, 15:12


Жалғыз өзім тамақтанғанда үнемі телефон қарап отырады екенмін. Дорама, кино көремін немесе сторис қараймын. Кейде кітап оқып, ойларымды жазатын сәт те болады. Осы бір қылығым өзіме ұнамсыз болып көрінгесін, телефонды ас үйге апармаймын деп шешкенмін. Нәпсіні тыю үшін тамақты тыя білу керек екенін біле тұра, тойып тамақ жеп аламыз. Ішкен асты шайнамай жұтып жатамыз. Ең маңыздысы ішкен астан рақат та ала алмайды екенбіз. Оған алғыс айта алмаймыз. Балқия апай “не ішіп отырғандарыңды біліңдер” деп үнемі айтатын. Бір рет телефонсыз, адамдарсыз, Аллаға шүкіршілік айтып тамақтандым. Сезімімді жеткізе алмаймын, тыыым ғажап.

Түйін: байқап көріңдер.

қар қызы

19 Oct, 19:57


Жігіттің расымен қызға шынайы ниеті, ықыласы болса тек ӘРЕКЕТ етеді. Жиі хабарласып, жағдайын білуі - әрекет. Себепсіз гүл сыйлауы - әрекет. "Сен уайымдама, шешеміз" деген сөзі - әрекет. Ашық әңгіме айтып, шынайы сырласуы - әрекет.

қар қызы

19 Oct, 16:50


Ас үйде тұрған әдемі шоқ гүлдер мен сүйсіне жеп отырған бенто тортыма қарап Алланың мейіріміне қайран қалдым. Төгіп бере салған. Бере береді де. Алып, көріп, түсініп, шүкір етіп, дер кезінде тәубе етсек болғаны.

қызық, иә.. біреуді қуанту үшін біреуді қолданғаны, ар жағында Оның Кеңдігі, Рахымы және сол адамның ықыласты әрекеті мен махаббатының үйлесімі 🌸

#күй

қар қызы

17 Oct, 04:15


Әр нәрсені өз уақытында құлшыныспен жасасақ, өмір сүру әлдеқайда жеңіл болар ма еді?

қар қызы

16 Oct, 03:11


“Алла әуел бастан сенің дұғаңды қабыл етпейтін болса, аузыңа салмас еді” деген сөзде қаншама тыныштық жатыр…

қар қызы

15 Oct, 05:07


Бәрі біз қалағандай болмайды. Сүрген өмір де, қалаған көңіл де… кейде өзгереді, арнасы ауысады, толқыны түбегейлі төңкеріліп түседі. Бәрі көз алдыңда. “Ертең айтамын” деп, айтылмай кеткен сөздер қаншама, “ертең барамын” деп бармай кеткен жерлер ше? Біз білмейміз, ОЛ ғана біледі.

қар қызы

14 Oct, 02:48


Адамды жейтін уайым ғой. Адамның көңіліне ауыры да, жеңілі де жоқ. Бәрін уайымдап, көңіліңе ала берсең - ерте солып кетесің.

қар қызы

13 Oct, 03:23


Өкініш өткеніңді, ал қорқыныш болашағыңды өзгертпейді. Ал әрекет барлығын өзгертетін жалғыз шешім.

Өткенді ойлама, өкінішпен өмір сүресің. Болашақты да ойлама, уайымшыл боласың. Сондықтан бүгін, дәл қазіргіні ғана ойла!

қар қызы

11 Oct, 20:25


сәлем, менің есімім - Аружан және мен әдемімін, сүйкімдімін, өте мейірімдімін. Менің жүрегім нәзіктік пен махаббатқа толы. Мен мына әлемді кішкене болсын жақсырақ қылуға қатты тырысамын. Айналамдағы адамдар үшін жүрегім әрдайым ашық. Ал кез келген ісіме мен жан тәніммен берілемін.

Бірақ меен… мінсіз емеспін. Кейде мен дөрекімін, сабырсызбын. Тіпті кей адамдарға өркөкірек боламын. Мен де қателіктер жасаймын, шынымды айтсам өөте көп. Себебі мен адаммын, пендемін.

Айтқым келгені - адам бол. Өзіңе қателіктер жасауға мүмкіндік бер. Өзіңді кінәләма. Бастысы күнәләріңді түсініп, оны қайта жасамауға тырыс. Аллаға шынайы көңілмен тәубе ет. Қабылдағанда ғана адам өзгереді, әйтпесе өзгеру мүмкін емес.

қар қызы

11 Oct, 11:08


Жаңбыр жауғанда жүрегім толқып, көңілім босап, тебіреніп кетем. Дәл қазір де солай… нөсерлеп жауған жаңбыр, соққан найзағай, кішкентай ғана кітапхананың терезесінен сыртқа көз тастап отырған мен - сол баяғы суық қалада.

жаңбырды ерекше жақсы көретінімді бүгін тағы бір мәрте түсіндім. қуанғанымнан секіре жаздап айналамды құшақтағым келіп кетеді. хат жазуға шабыт ашылғандай…
қызық сезім.

қашаннан бері осылай тек өз-өзіммен уақыт өткізу жанға жылулық сыйлайтынын түсіндім екен… кезеңнен кезең - бұған да келу үшін талай құлағаным, адамға байланғаным болды емес пе?!

ПыСы: жаңбыр жауса, тоқтамай дұға ет. тоқтамай… нағыз дұға қабыл болатын, Оның нығметін байқай алатын, сезінетін уақыт 🫶🏻

қар қызы

09 Oct, 02:33


Алла Тағала еркектерге әйел үшін үлкен жауапкершілік жүктеді: оларға қамқорлық жасау, адал болу, жақын болу, сенімді тірек болу, адам болу. Тіпті олардың бүкіл өмірі күйресе де ерлер құламайды, оларға сенуге болады.

Ерлерге: «қамқорлық жасай бер» дейді. Әйелдерге: «қорғамасаң, неке бұзылады, одан айырыласың» = күйеуінің ар-намысы мен абыройын, құрметі мен сенімін қорғаңыз дейді.

әрқашан және барлық жерде өзара қарым-қатынас бар
өзара өсу
өзара сыйластық
өзара махаббат

бәрі әділ. тек әркім өз орнын білсе, міндетін дұрыс атқарса болды. барлығы да болады :)

қар қызы

08 Oct, 14:11


Анаңның ақ сүті мен ақ тілегінде, әкеңнің батасы мен саған қарата айтылған ғибратты сөздеріне ештеңе де жетпейді. Алай да дүлей боп жатқан тіршілікте тірек болары да, жан көмегі болары да – өздері.

Ғасырлар бойы айтылып келе жатқан осы қайнар көзіміздің мәні мен игілігін түсінсек, бізден асқан бақытты жан болмайтын шығар…

Жанымыздың шамын алғашқы болып жағатын ата-анамыздың әр ісі, сөзіне, мейлі ол қателік болсын, үлкен құрметпен қарап үйрену – жүріп өтетін жолыңызға дұрыс бағдаршам таңдағандай.

#түйгенім

қар қызы

07 Oct, 00:59


Пендеміз ғой… күпірлігіміз көп, шүкіріміз аз. Мәңгі өмір мен ұзақ жасауды белгілеп алғандай қаймықпай жүреміз. Аузымыздан Алламыз тек қиналғанда ғана шығады. Жеп жатқан тамақтың, тамақты қойшы, ауаның өзі бізге берілген бақ пен баға жетпес сый екенін түсінбейміз де. Бірдеңе болса, “мен не жаздым? неге мен?” деп назданамыз тағы…

шынымен, ажал аяқ астынан. өлім періштесі сенің “дайын” болуыңды күтпейді. өлім жасты, күнді, мезгілді, атақты таңдамайды. жан алқымыңнан алған кезде туғаннан бүгінге дейінгі әр сәтің көзіңнен бір сәт боп өтеді де шығады. біз сол соңғы дем үзіліп кеткенше күтпей, бүгіннен тәубеге келейікші, бүгіннен есімізді жинайық.

адамдар, тірі күнімізде ренжіспейікші. өмір деген өткінші кезеңдегі дүниеге, жылтырға алданбайықшы.

қар қызы

06 Oct, 09:37


Телеграмды сүйем. Оған жететін әлем желі жоқ мен үшін.

өйткені, телеграмда сенің түрің, кім екенің, қанша аудиторияң бар екені маңызды емес. бұнда тек маңыздысы - сенің жазбаларыңдағы ойларың. бірақ ешкім сені ойларың үшін сөкпейді. оқырмандар өз пікірін адекватно білдіреді, сендік пікірді қадірлейді.

Телеграмдағы әрбір арна - жеке бір әлем. Оқи отырып, өзіңе керектіні аласың, ой түйесің. Онымен қоса, оқырмандар әрдайым қолдауға дайын. Тіпті сені өмірде жеке танымаса да, үнемі жақын тартады, арнаңда пікір қалдырып, ой бөлісіп отырады. Ұнаған жазбалары болса, жекеге шығып, "жазбаларың ұнайды, дами бер" деген секілді жүрек жарды тілектерін айтады, арналарына бөліседі. Сосын бір-біріңнің арналарыңа взаимно жазылсаңдар, онда сендер уже доссыңдар деген түсінік бар ғой, сонысы ұнайды.

телеграмды және телеграм қолданушыларын сол үшін сүйем. сендер шынымен жүректен бөлек орын аласыңдар 🤍

қар қызы

04 Oct, 08:26


Өсу үшін сен бас тартудың ауыртпалығын сезінуің керек. Тек мақтаудан өсуді күтпе.

қар қызы

01 Oct, 03:45


Айналаңа берген көмегің, басқаларға жасағаның, өзгенің тыныштығы мен ақыретін ойлаған, соған қатысты істі жүзеге асырған сайын кішіпейіл болуды көздеген жөн.
Кішіпейілділік тәкаппарлыққа тоқтау қояды. «Мен» дегеннен «бізге» өтуге күш береді, рөліңді еске салады.

қар қызы

30 Sep, 12:59


– дұғаммен құшақтадым – дейді ұстазым. жүрегім елжірей түсіп, көзім жасқа толды.
- қалай ол? қалай ол құшақтау? - деймін ішімнен абыр-сабыр күйде. не айтып тұрғанын түсінсем де, ішкі дүнием дел-сал болды.

біреуді дұғаңмен құшақтау – ол адамды жоғары рухани биік дәрежеде жақсы көрумен тең сияқты. жақсы көруің, ең алдымен Алланың құлы ретінде жақсы көруің, мейлі ол шәкіртің, әкең не күйеуің болсын. жақсы көруің = тура мағынасымен аударсақ, хорошо видеть. адамның жақсы-жаман, артықшылық пен кемшілігін де көре алуың секілді.

ешкімге керегі жоқ шаблондарға еріп, мына адамның мінезін, әрекетін, сөйлеуін көтере алмаймын деп шыр көбелек айналып кетеміз ғой. есікті тарс жауып, онымен араласуды қаламаймыз. бәрі бір сасық көкіректен шығатын әрекет. бірақ адамға – Алланың жаратқаны деп қарауға не кедергі? соны есіңе түсіргенде айналаңа мейірім, махаббат пен тыныштық сыйлайтын дәрежеге жетерсің, ол адам саған ұнамсыз әрекет жасаса да.

ПыСы: бәрін-бәрін дұғамен құшақтай білетін тұлға, дәл сондай салиқалы ұрпақ тәрбиелейтін ана болуға ұмтылайық ИншаАлла 🤲🏻