Перизат Мырзахмет @perizatmyrzakhmet Channel on Telegram

Перизат Мырзахмет

@perizatmyrzakhmet


Перизат Мырзахмет (Russian)

Перизат Мырзахмет - это канал, созданный для предоставления увлекательного контента и интересной информации. Если вы ищете место, где можно найти новые знания, вдохновение и развлечения, то этот канал идеально подойдет для вас. Здесь вы найдете статьи, видео, и другие материалы на самые разные темы: от путешествий и культуры до науки и искусства

Перизат Мырзахмет - это не просто канал, это целый мир возможностей и открытий. Вы сможете узнать о новых технологиях, увлекательных книгах, путешествиях по всему миру и многом другом. Каждая публикация на канале - это новая порция информации, которая поможет вам расширить свой кругозор и узнать что-то новое

Не упустите возможность стать частью сообщества Перизат Мырзахмет и раскройте для себя мир знаний и открытий. Присоединяйтесь к нам прямо сейчас и начните свой путь к новым горизонтам!

Перизат Мырзахмет

07 Feb, 14:14


Мен де кинодағыдай ашуланып келіп, үстелдің үстін қопарып тастағым кеп тұрады. Бірақ соңынан өзім жинайтыным есіме түседі де, ашуланбай қоя салам 🤗

Перизат Мырзахмет

06 Feb, 11:14


Мынау күй тыңдайтын күшті арна

https://t.me/history_of_kui

Перизат Мырзахмет

06 Feb, 10:28


Осы сенбі кездескенше, астаналықтар. Ұмытып кетпеңіздер.

https://www.instagram.com/reel/DFQZMPEsTMh/?igsh=MTMzZXd4OHlkbG1uMQ==

Перизат Мырзахмет

06 Feb, 06:19


Осыдан біраз уақыт бұрын кітаптан түскен ақшама Ойжеткенді бастағанда бір пысық қыз кеп “кім төлеп жатыр?” деп сұраған. Өз ақшам дегеніме сенбеді. Қазбалап қоймады. Ол атаған ұйымдардан хабарым жоқ екенін, тірі жанды танымайтынымды түсінгенде ғана бұрылып кетіп еді. Сол кезде “мына қыз жынды ма?” деп ойлағам. Енді түсініп жатырм. Мен екен ғой жынды.

Перизат Мырзахмет

06 Feb, 06:09


Негізі кеше мына смс бүкіл тыныштығымды бұзды.

Адамнан көп күтпеуге, шектен тыс сенбеуге тырысам. Бірақ кейде күмәндана беруден де шаршайсың.

Мен біраз жігіттер мен қыздарды шын мәнінде ел үшін шырылдап жүр деп сыйлаушы едім. Өйткені өзім сондаймын. Бір тиын ақшасыз, жүйкемді жеп, уақытымды түгесіп, әділдік, теңдік, мейірім деп алысып жүргенге жұрттың бәрі сондай деп ойлаппын. Мен бүкіл жобама өз айлығымды салдым. Баламның аузынан жырып. Сөйтсем… бәрі бәрін тапсырыспен орындайды екен. “Желіні шулатамыз… шайқаймыз…” пнб.

Оларға реніш жоқ. Солай дұрыс шығар бәлкім. Қайырлысы. Ел аман болсын.

Перизат Мырзахмет

06 Feb, 04:05


Жанар апамның да туған күні бүгін

https://youtu.be/yMi9_A4rFMc?si=lXTIknxNwLXdkhn1

Перизат Мырзахмет

06 Feb, 03:50


Бүгін мына ғарыш қыздың туған күні

https://youtu.be/1oho68IGgJY?si=3206Fx9DApAmmCSa

Перизат Мырзахмет

05 Feb, 18:09


Бәрінен құтқаратындай,
Қуаныш жұп болатындай,
Жүректі жылы орап,
көктемді күтіп жүрмін (с) М.

Перизат Мырзахмет

05 Feb, 09:09


Дәәәә

Перизат Мырзахмет

04 Feb, 15:32


Осы суреттеуді оқығанда көзімнен жас бырт ете қалды.

Перизат Мырзахмет

04 Feb, 15:32


Пери даже казалось, что пчелы и бабочки, порой залетевшие в дом через открытые окна, в ужасе спешат вылететь обратно. Даже ненасытные комары не желали сосать кровь членов семейства Налбантоглу, как видно опасаясь заразиться от них печалью.
#Элиф_Шафак #Три_дочери_Евы

Перизат Мырзахмет

04 Feb, 15:31


Честно говоря, она не стремилась к победе. Все, чего она хотела, - добиться прекращения огня. Облегчить боль, которую испытывали все участники этой битвы.
#Элиф_Шафак #Три_дочери_Евы

Перизат Мырзахмет

04 Feb, 15:27


Нағыз жапырақтар ғана білетін арнамды Элиф Шафактың «Хауаның үш қызы» кітабынан алынған цитаталармен толтырып тастадым. Фавориттер қатарында «Махаббаттың 40 қағидасы» романынан кейін тұрған кітап. Бас кейіпкермен атым ғана емес, ойларымыз да ұқсас болып шықты.

Перизат Мырзахмет

04 Feb, 11:06


Айтпақшы. Инста, тиктокты өшіріп тастадым. Уақытша деп ойлайм. Онлайннан осы телеграм ғана қалды. Басқасынан ораза.

Перизат Мырзахмет

04 Feb, 06:04


Менің парақшамда заңсыз онлайн кітаптардың, фильм, сериалдардың қарақшы телеграм арналарының жарнамасын салуға болмайды. Ұрлықшылар, ары ойнаңдар.

Перизат Мырзахмет

03 Feb, 10:18


Жанар Байсемізге құдай екі дүниеде сұрағанын берсін.

https://youtu.be/DF2wRecVKc8?si=VIk_eLnJm_x5iKNs

Перизат Мырзахмет

01 Feb, 13:57


ӘБ не Алматыға, не Малайзияға көшеміз деп ойлап жүр. “Ойыңды айт та қаш” деген трендті пайдаланып, “естіртсем” бе екен?

Перизат Мырзахмет

31 Jan, 18:04


Бергеніңе шүкір.
Бермегеніңді күтем.

Перизат Мырзахмет

30 Jan, 18:42


ӘБні ұйықтатып жатып ән айтсам, балам: “әндеріңнің бәрі сағыныш туралы. “Бипыл” айтшы, көңілді” дейт 😂

Перизат Мырзахмет

30 Jan, 10:48


деп жазыппын notes. Не деп тарқатып жазғым келді екен 🤔

Перизат Мырзахмет

29 Jan, 04:47


Кеше бір сериалға актер-актриса іздеп отырып келген ой: бізде бай қатынды ойнай алатындар көп, қымбат қатынды ойнай алатындар жоқтың қасы. Бандиттерді ойнай алатындар көп, профессорға адам жоқ екен. Әлде бар ма?

Перизат Мырзахмет

27 Jan, 08:15


Мынаны үйреніп ап ше, жарты Кореямен бүйтіп ше 😎

Перизат Мырзахмет

26 Jan, 15:28


Бәрінің авасы неге бірдей боп кеткен, ойбай

Перизат Мырзахмет

25 Jan, 09:13


Бүгін андай, әдемі күн екен ғой. 25.01.25.

Перизат Мырзахмет

24 Jan, 18:01


Сабағымда шығып кеткен ой:

Инстада өзін жақсы көретіндер,
Фейсбукта бәрін жек көретіндер,
Тредсте инста мен фейсбукты жек көретіндер отырады)

Перизат Мырзахмет

23 Jan, 11:55


Түсіңде ғажап бір өлең жазып, ерекше бір мәтін жазып, әдемі жоспарлап жатасың. «Оянғанда жазып қою керек» деп ойлайсың ғой ішіңнен. Таңертең дым да қалмайды. Тек әсер мен сезім қалады. Тек өкініш қалады.

Бүгін түсімде сондай болды. Әдемііі мәтін жазып, ішімнен атойлап жатыр екем. Ояндым. Есімнен шығып кетті.

Жаңа кофе ішуге шығып, үйге мұздап кіргенде, әлгі мәтін есіме сақ ете қалды ғой. Жалмажан макбукке жармасып, жазып тастадым.

Перизат Мырзахмет

22 Jan, 16:35


Динозавр деңдер мені. Бірақ. “Я хотя бы не”, “лять” деген трендтерді әке-шешемен жасауға қарсымын.

Перизат Мырзахмет

22 Jan, 09:50


Трамптың саясаты қанша адамның шын мәнінде гуманизм жолында болғанын, ал қанша адамның саясат, мансап, контент, сату үшін гуманизм жолында болғанын көрсетеді. Нағыз расист, фашистер, кс-кс-кс)

Перизат Мырзахмет

20 Jan, 07:07


Темірлан Еңсебек - “предупредительный выстрел”. Жылдың басында бүкіл айтқыш-жазғыштарға “қыстыру” әрекеті.

Перизат Мырзахмет

19 Jan, 07:11


Негізі бүгін қыс шілдесі.

Перизат Мырзахмет

18 Jan, 09:10


Менің қаржылық сауаттылығым: тредс дегенге кірдім, “лүпіл басқандар 2025 жылы пәтер алады” дегеннің бәріне лүпіл бастым. Енді кілт күтіп отырм.

Перизат Мырзахмет

17 Jan, 07:59


“Сен маған қанат бердің, бірақ аспанды тартып алдың” дейді екен жапон ақыны. #әдемібірақауыр

Перизат Мырзахмет

16 Jan, 13:30


Баламның көңіл күйін, ұйқысын ойлап, үйде қамаулы жатқан мысығымды ойлап, өзімнің жоспарларымды ойлап, желге ұшқан ақшамды ойлап, ашуыма ерік бергім келіп отыр. Бірақ. Жібермейді. «Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» деген осы екен. Бүкіл қызмет көрсетуші құрам қазақтың қыз-жігіттері. Қазір шу көтерсем, мына байғұстардың бастары кетеді, кем дегенде айлықтары кетеді. Обал.

Перизат Мырзахмет

16 Jan, 10:13


Әу

Перизат Мырзахмет

16 Jan, 09:27


Ата туралы менен басқа ешкім сұхбат бермеген бе) бүкіл жерде тегтеп, өзімді онша емес сезініп жатырм 😎

Перизат Мырзахмет

15 Jan, 10:07


Ая Өміртайға құдай екі дүниеде разы болсын.

https://youtu.be/fS6b8FatBVs?si=OwISHGHFGsqDq8mK

Перизат Мырзахмет

14 Jan, 11:01


Думают люди в Ленинграде и Риме,
Что смерть – это то, что бывает с другими,
Что жизнь так и будет крутить и крутить колесо
Слышишь, на кухне замерли стрелки часов.
Но ничего-ничего – погрустит и забудет,
Через время появятся новые люди.
Едут троллейбусы без габаритных огней.
Люди ночами делают новых людей.


Құрдастар ғана түсінеді. Ностальжи.

Перизат Мырзахмет

13 Jan, 10:54


🫠

Перизат Мырзахмет

13 Jan, 09:21


менің толерант болуыма көп адам толерант емес. бірақ мен олардың маған толерант бола алмауына толерантпын. жаңылтпаш (жаңылдырғыш) тірлік.

Перизат Мырзахмет

13 Jan, 08:12


пмс кезінде бәрі пнб 🙂‍↔️

Перизат Мырзахмет

10 Jan, 16:14


“Прагада алты жылға тақау, содан соң үш жыл Карловы Варыда тұрдым. Балам Америкаға жұмыс бабымен кетіп еді, сонда бардым және өсиет айттым: «мен ешқашан елге қайтып оралмаймын» деп. Балама да айттым «өлмейтін адам жоқ, өле қалсам сүйегімді елге сүйреп әуре болмаңдар, қай жерде өлсем, сол жерге қойыңдар» деп. Мұсылман зираттары Америкада да бар. Тіпті былай деп те айттым, бірақ оған бәйбішем рұқсат бермес, әдетте әйелің артта қалады ғой: «мүмкін менің сүйегімді өртерсіңдер» деп. Өйткені, біздің арғы бабаларымызда мұндай дәстүр болған, кейін Смағұл Сәдуақасовтың сүйегін өртеді. Беларусьтың үлкен жазушысы Василь Быковты да елінен ешкім қуған жоқ, келісе алмай кетіп қалды, бес жылдан кейін бір рет келіп кетіп, келесі жолы келгенде қайтыс болып, Беларусьте жерленді. Мен өйтіп өле қоймайын (күлді), Алматыда өлгім келмейді. Жұрттың ойында жүрсін, кейін «баласы әкелмей сол жаққа көміпті» деп сөкпесін, сол үшін айтып отырмын бұл әңгімені” (c) Мұхтар Мағауин

Перизат Мырзахмет

10 Jan, 09:00


Түнде үштен аса жаттым. Бірақ миым ұйықтап кете алмады. Түсініксіз бейнелер, бытықы-шытықы ойлар… Сөйтіп оятқыш шырылдағанда шаршап тұрдым. Телефонды бір тексердім, бәріне жауап жаздым да, сәл де болса демалайын деп қайта жаттым. Уатсапқа қатарынан келген смстердің дыбысынан көзімді қайта аштым. Тұруға еріндім. Бірақ смс тыңқ еткен сайын жүрегім атқақтап барады. Амалсыз телефонға қол создым… Атам кетіп қалыпты.
Жаңа жылдың алдында атам төсек тартып қалды деп естігем. «Әлі-ақ тұрып кетер» деген әлсіз үмітім болды. Бірақ ішкі түйсік «емен қисаймайды, сынады, жүйрік бір-ақ рет жатады… оңалмайды…» деп тұрып алды.
Қазір ішімде тек қана бір сенім бар. Армансыз кетті. Құдай сұраған жасын берді. Жазамын дегенін жазды. Айтамын дегенін айтты. Ештеңені жұтқан жоқ. Ары да таза, жаны да таза. Ұстанымынан тайған жоқ. Аманатқа қиянат жасамады. Отбасының ортасында. Әулиенің өлімі деген осы шығар.
Сыртынан абалағандар болды. Болады. Оны да көрді. Бірақ өзін түсінетін оқырман, қазақ бар екенін де көрді. Сондықтан арманы болмау керек. Құдай алдынан жарылқасын.
Менде арман қалды. Бір көрсем, қолынан сүйсем деп едім. Енді тек дұғама қосамын. 2062 жылды көрсем, барып өзіңізге айтамын.

Перизат Мырзахмет

10 Jan, 05:27


Қазақты шын сүйген, қазаққа шын сенген соңғы адам кетті.

Перизат Мырзахмет

09 Jan, 11:44


Мидың жұмысы қызық: саусағымнан сақина шығара алмай жатсам, ішімді тартам 🤭

Перизат Мырзахмет

09 Jan, 06:34


Бір оқырман жыл сайын (3-4 жыл) «сөздік қорымды қалай толықтырамын?» деп сұрай береді. Осы уақыт аралығында кем дегенде 40 кітап оқып, қазір сайрап отыратын уақыты болды. Кей адамға жай ғана әрекет жетіспейді.

Перизат Мырзахмет

08 Jan, 19:02


Эмоционалдық алтыбақаннан басым айналмайтын болыпты.

Перизат Мырзахмет

08 Jan, 11:13


Кешеден бері жекеге Мақпал Жүнісова апамыздың APT әнін «орындағанын» жібере береді. Біреулері кәдімгідей сеніп отыр. Енді біреулері «мынау мазақ қой» деп ренжіп отыр. Менің айтарым: бұл басы ғана. ЖЗ күн сайын емес, сағат сайын дамып келе жатыр. Тілін білгендер, ертерек түсінгендер соның көмегімен нешетүрлі тірлік жасап жатыр. Арасында адалы да, арамы да бар. Әлі талай дау туады. Өйткені ЖЗ моральдық-этикалық жағынан ойластырылмаған. Ойластырылса да жетілмеген. Ол туралы нақты заң да жоқ. Сондықтан «үкімет қайда қарап отыр» деп бажылдай бермей, қолдана алуды, қорғана алуды ойлаңдар.

Перизат Мырзахмет

08 Jan, 10:17


Пофиг дегендер - қорқақтар. Ақыл дегендер - ақымақтар.
Жүрек дегендер - адамдар.

Шайтан да ақылды, білімді. Жүрегі жоқ.

Перизат Мырзахмет

06 Jan, 18:39


Бір жерде шынымен Кальмар ойындары боп жатса айтыңдаршы. Жіберетін екі-үш адам бар)

Перизат Мырзахмет

06 Jan, 15:59


Розаның бүгінгі сұрақ-жауабы отбасылық кринждің ханшатыры болды ғой. Мен сау адам аз екенін іштей сезетін ем, бірақ аурулар мұнша көп деп ойламаппын. Оқып отырып “пнб, мынау шынымен біздің ел ме?” дейсің. “Құдай бетін аулақ” дейсің.

Үйлену - табиғи іріктеу құралы. Ана суреттелген еркектердің ұрпағын көбейту, тұқымын шашу - күнә. Адам емес. Ең сорлы бейшарада ерік-жігер, өзек, намыс, мендік бар. Мыналар емшектен шықпаған тірі өліктер.

Шешелеріне сөзім жоқ. Өз байларынан ала алмағанды біреудің байынан алады деген осы екен ғой.

Перизат Мырзахмет

05 Jan, 07:39


- неге жырқылдай бересің, жасың қырықта ғой, есею керек
- менікі истерикалық күлкі, жаным.

Күліп жүретіннің бәрі көңілді емес, сәл мықтылау деген сөз. Кейде.

Перизат Мырзахмет

03 Jan, 09:30


Бағдаршамда телефон шұқып тұрып қаппын. Тоқтаған көліктен бір ағай басын шығарып “әй, қыз, өт!” деді. Риза болдым. Қыз дегенге.

Перизат Мырзахмет

01 Jan, 08:23


Мен сияқты түскі 13.30 тіс жуып жатқандарға сәлем)

Перизат Мырзахмет

01 Jan, 08:20


Енді көргендермен ішем.

Перизат Мырзахмет

31 Dec, 12:39


Лексиконымда “ішімдегі жылулық үшін рахмет” пайда болған жыл, рахмет 🙂‍↔️

Перизат Мырзахмет

29 Dec, 15:22


2024 жылда жеткен басты жетістігім - артық 5 келіні келмеске кетірдім.

Тағы да арықтауға болар еді. Бірақ мен құшақтасқанды жақсы көрем. Қу сүйекпен құшақтасқан онша емес 🤣

Перизат Мырзахмет

29 Dec, 08:40


Дағдарыс ми туралы білесіздер ме? Менің миым сондай.

Бір тақырып туралы он күн ойланып таппаған дүниені дедлайнға 10 минут қалғанда бұрқ еткізем.

Минусы - сол он күн бойы өзімді еттартқыштан өткізем ғой).

Перизат Мырзахмет

29 Dec, 08:32


Однажды мудрого человека попросили объяснить разницу между религией и духовностью. Его ответ был глубоким:

Религия не одна, их много.
Духовность одна.

Религия для тех, кто спит.
Духовность – для тех, кто бодрствует.

Религия предназначена для тех, кому нужен кто-то, кто говорил бы им, что делать, и кто хочет руководства.
Духовность – для тех, кто обращает внимание на свой внутренний голос.

В религии есть догматические правила.
Духовность призывает нас все обсуждать, все подвергать сомнению.

Религия угрожает и пугает.
Духовность дает внутренний покой.

Религия говорит о грехе и вине.
Духовность говорит: «учитесь на своих ошибках».

Религия подавляет все неправильное.
Духовность преодолевает всё, она приближает к истине!

Религия — о Боге; он не Бог.
Духовность – это все и поэтому она в Боге.

Религия изобретает.
Духовность – это обретение.

Религия не терпит никаких вопросов.
Духовность поставит под сомнение все.

Религия – это человечность.
Это организация, правила которой устанавливают мужчины
Духовность божественна, без человеческих правил

Религия – причина разделения
Духовность объединяет

Религия хочет, чтобы вы верили
Духовность: чтобы поверить, ее нужно искать

Религия следует понятиям священной книги
Духовность ищет партии во всех книгах

Религия разжигает страх
Духовность питает доверие и веру

Религия живет в мыслях
Духовность живет во внутреннем сознании

Религия связана с выполнением ритуалов
Духовность связана с внутренним я

Религия питает эго
Духовность заставляет идти дальше

Религия заставляет нас отключаться от мира, чтобы следовать за Богом
Духовность заставляет нас жить в Боге, не отказываясь от своей нынешней жизни

Религия – секта
Духовность – это внутренняя медитация

Религия наполняет нас мечтами о славе на небесах
Духовность заставляет нас жить в земной славе и на небесах

Религия живет прошлым и будущим
Духовность – это жизнь в настоящем

Религия создает в нашей памяти монастыри
Духовность освобождает нашу совесть

Религия заставляет нас верить в вечную жизнь
Духовность дает нам осознание вечной жизни

Религия обещает жизнь после смерти
Духовность означает найти Бога внутри нас в нашей нынешней жизни, прежде чем мы умрем. Мы не люди, имеющие ментальный опыт. -Мы духовные существа, живущие человеческим опытом.

Бенджамин Фулфорд

Перизат Мырзахмет

29 Dec, 05:53


Үш әйел алған, үш баласы бар еркекке әтәт бер деп жатыр халқым.

Мен қашан да баланың жағындамын. Еркектер ұятсыз, әйелдер мисыз, балалар қорғансыз.

Перизат Мырзахмет

28 Dec, 16:30


Кальмарды көрмегендермен ішем. Барсыңдар ма?

Перизат Мырзахмет

26 Dec, 10:17


Мені бай деп ойлап, қарызға ақша сұрайтындарға рахмет, әрине. Бірақ менен ақша сұрамаң. Сенен сұрамай жүргеніме рахмет айт 🤣.

Перизат Мырзахмет

26 Dec, 07:19


Өмірге шексіз ғашық жапырақтар редпен сұраған соң амалсыз каспий дүкенге салдық.

https://kaspi.kz/shop/p/ezhednevnik-zh-rek-pen-midy-k-ndel-g-a5-208-l-fioletovyi-132350556/?c=710000000&ref=shared_link

Перизат Мырзахмет

25 Dec, 14:05


Ұшақ құлап бара жатқан видеоны көрдім. Соңына жеткенше жүрегімнің ішінде бірдеңе үзіліп түскенін физикалық түрде сездім.
Иманын үйіріп отырған адамның видеосын көрдім. Ішімнен кәлимамды қайталадым. Қай сәт соңғы сәт екенін кім білген. Олар да таңда жоспармен оянып, жақсы тілектермен отырды ғой ұшаққа…

Артының қайырын берсін.

Перизат Мырзахмет

25 Dec, 07:21


Бүгін ішім көбелек-көбелек. Аязда қатып қалмаса байғұстар)

Перизат Мырзахмет

21 Dec, 17:19


🫠🫠🫠🫠🫠

Перизат Мырзахмет

20 Dec, 09:10


Жүрек пен Мидың жып-жылы, әдемі күнделігі💜 Ішінде Перизат екеуміздің шексіз ойларымыз, интеллектуалдық, рухани бағытта дамуыңызға тапсырма, көруге ұсынылған пайдалы кино мен әр аптаны тиімді өткізуге нұсқаулық бар.

Қатты мұқаба, жазуға ыңғайлы қағаз бен түс - бәрі сіздердің жайлылық үшін💜

Тапсырыс беру 👇🏼

https://wa.me/message/VAG6ERNZXTUUC1

Перизат Мырзахмет

20 Dec, 06:59


Дархан Әбдікпен келісем. Қолдарыңнан келсе, миларың жетсе, мына елден кетіңдер.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында халықты шұқылап, әбден қорқытты. Өз ұлтының тәуелсіздігін тойлауды үреймен үйлестіріп қойды.

Енді түк болмағандай шырша әрлеп, қолдан жасаған паникасын су сепкендей баса салды. Халық жүр редпен сыйлық алып бір-біріне. Ел болмайды бұл.

Перизат Мырзахмет

20 Dec, 05:51


“Қызық премия” тиктоктан үзінділерін көріп алдым. Авторлық топқа респект. Креатив, еңбек, ақша дұрыс жұмсалғанда.

Перизат Мырзахмет

20 Dec, 05:40


Таксидің иісіне бөлек баға қоятын қосымшаға мұқтажбын…

Перизат Мырзахмет

19 Dec, 16:55


Екі көз ешқашан да жүректің көргенін ұмытпайды (с) Рафики “Муфаса: Арыстан патша”

Перизат Мырзахмет

15 Dec, 16:27


30 жылда бір дүркіретіп тойлағанымыз кімнің есінде бар? Ылғи көлеңкемізден қорқып, интернетсіз, ауқымды шарасыз, отшашусыз… Саналы түрде тәуелсіздік = қорқыныш, дискомфорт деп сіңіргісі келеді.

Перизат Мырзахмет

14 Dec, 06:42


Кез келген түсініксіз жағдайда айыппұл салам. Маған пох. (с) махаббатпен Қазақстан.

Перизат Мырзахмет

13 Dec, 17:56


Өзі құттай кофеханада шырша қоямын деп бір бұрышты босатып, есесіне үстелдерді тығыз қою - онша емес шешім. Көрші үстелдегі адамның іші шұрылдағанын естіп отырмын.

Перизат Мырзахмет

09 Dec, 09:28


Кәрістің митиңіне қызығып сол🫠

Перизат Мырзахмет

05 Dec, 19:48


Өз ойы жоқ адаммен сөйлессең, тұтас ауылымен сөйлесіп отырғандай боласың.

Перизат Мырзахмет

05 Dec, 13:17


“Шалбарды, темекіні, жұмысымызды алып қойдыңдар” деп жүргенде жігіттер романтикадан да айрылды. Қыздардың сыйлықтары мен жазбалары романтикаға толы.

Перизат Мырзахмет

04 Dec, 06:54


Осы жолы Qargyn клубында Әлия Әшім еркіндік туралы сөз қозғады. Көп жастың триггері екенін көздерінен көріп отырдым. “Ата-анамның таңдап берген жолын таңдау да менің таңдауым ғой” деп көздері айғайлап жатты.

Ойыма өзімді еркіндікке жеткізген мысал түсті.

“Өзіме жауапкершілік алудан қорқамын” дегенде көз алдыма тесігі бар резеңке қайықтың үстінде отырған адам елестейді. Әзір бата қоймады. Ыңғайлы, таныс. Таяқ тастам жерде жаға тұр. Сәл жүзсе жетуге болады. Бірақ ол жер, ол жерге жеткізетін су таныс емес. “Қалай танысам, қалай қабылдайды, бәрін басынан бастау керек пе?” деген ой жібермейді. Таныс, “қауіпсіз” жерде отыр дейді. “Батуға әлі біраз уақыт бар ғой, оған дейін дұрыс шешім қабылдап үлгерем….” дейді ми.

Қайық ерте ме, кеш пе, әйтеуір батады…

Перизат Мырзахмет

04 Dec, 05:06


#МіржақыпОянҚазақ ұлтараздық қоздырды деген оймен келіспеймін. Тек чмо қазақтардың комфортына қол сұқты. Өлген намысын тепкіледі.

Перизат Мырзахмет

03 Dec, 10:54


Сұлу - сұлу емес, өзіне сенімді адам сұлу.

Перизат Мырзахмет

03 Dec, 04:34


Қазір ауа райы көңіл күйіме әсер етпейді. Тек сүйектеріме.

Перизат Мырзахмет

02 Dec, 11:36


- құдай сұлулықты әділ таратқан негізі
- біреудің тым сұлу, біреудің тым ұсқынсыз болуының несі әділ?
- ойлашы, сұлулықты теңдей бөлсе, бір-бірімен шамалас 8 миллиард адам болар еді. Шамалас болған соң муза, шабыт болмайды. Олар болмаса өнер жоқ. Несі қызық өмірдің? Құрт сияқты жыбырлап өмір сүрер едік. Сондықтан сұлулыққа ғашық боп өмір сүрген күшті, дәмді…

Перизат Мырзахмет

02 Dec, 06:29


Бәрін жақсы көруге тырысам ше. Бірақ тыныш отырып кофе іше қояйын десең, үстеліңнің астын сүртіп, түртінектеп, орындықты әрі-бері тартып, есікті сартылдатып жүретін пысық тәтелерді ұнатпайм. Үйде өзім түртініп кететін болған соң, тыныш отыру үшін келем ғой кофе ішуге.

Перизат Мырзахмет

01 Dec, 16:32


Қанша ақша төлесе де шабытың “тұрмайтын” сценарий болады. 1 ай жанымды қинады. Бүкіл дедлайн жанып кетті. Бүгін әрең дегенде суалған сиырды сауғандай ғып шығардым…

Перизат Мырзахмет

01 Dec, 09:59


Көбі таныМАЛ боп кетіпті, и 🤪

Перизат Мырзахмет

30 Nov, 11:29


Аншлаг #моана2

Перизат Мырзахмет

30 Nov, 06:38


- пикми дегенді түсіндірші
- жігіттер тілінде “дана” әйелді пикми деп атаймыз 😂

Перизат Мырзахмет

30 Nov, 06:06


Әр нәрсеге өз ой-пікірі, бағасы, усыз реакциясы бар адаммен әңгімелесу ғарышқа барып келгенмен бірдей. Дәмі ұзақ уақыт таңдайыңда.

Перизат Мырзахмет

29 Nov, 14:38


Steppe&World баспасы осы демалыста Жомарт жұма өткізіп жатыр!
Кітаптар керемет екенін білесіздер, "әттең, қолым жетпей жүр еді" деген кітаптарды алып қалыңыздар)))

Kaspi-дегі дүкені

Перизат Мырзахмет

29 Nov, 12:39


Қазақтардың ой-өрісі:

- қазақша сапалы дубляждалған, қызық сюжеті бар, жас ұрпаққа тәрбиелік мәні зор, жоғары деңгейлі Голливуд фильміне бару 🤮

- арзан әзілді, нашар сюжетті, тәрбиелік мәні жоқ, қазақтар туралы таптаурындарды пайдалана беретін сапасыз комедияларға бару 😍

Перизат Мырзахмет

27 Nov, 06:43


Өз даусымен

Перизат Мырзахмет

26 Nov, 19:12


Абылайдың түсінде осы жолбарыс аюдың көтіне кіріп пе еді? Есімде жоқ.

Перизат Мырзахмет

26 Nov, 18:55


Тикток пен инстамның сақталғандар бөлімін қарасам біраз дүние оқуды, көруді, біраз дүние тігуді, тағы біраз тамақ түрін пісіріп көруді жоспарлаппын).

Перизат Мырзахмет

25 Nov, 10:38


“Қазақ жігіттерін таныған сайын кәріс жігіттер ұнап бара жатыр” (с) А.

Перизат Мырзахмет

25 Nov, 06:05


Қартайғанда бір бала дегенде мені мысал қып айтады енді. Бұрын ренжімейтін нәрселерге ренжіп қалатын болыппын.

Перизат Мырзахмет

25 Nov, 05:33


Өмір тек жапырақтардан тұрса, иә. Адекват әлем болар еді 🫠

Перизат Мырзахмет

24 Nov, 04:57


Түсімде бір француз “one person” деп иығымнан ұстап алып, алып қашып барады. Басымдағы бірінші ой “тағы да?”

Перизат Мырзахмет

23 Nov, 05:33


https://youtu.be/Jn8KvdWagfo?si=pqsPu-YAjeWsPBE5

Перизат Мырзахмет

23 Nov, 05:32


Егер көңіл күй көтеруге домкрат керек болса, Розе мен Бруноның кешегі перфомансын көре салың 😍🫠

Перизат Мырзахмет

22 Nov, 07:07


Шаштың әдемі жата қалуы да жарты бақыт 😍. Үйден ысқырып әндетіп шығасың.

Перизат Мырзахмет

21 Nov, 20:28


Қытай мектептері туралы видео көргенде келетін ой: мыналар оқушы емес, әскер дайындап жатыр.

Перизат Мырзахмет

21 Nov, 17:12


- қазір жұмыс кестең қандай боп жатыр?
- мен әлі “Гладиатор 2” көрмедім 😭
- мәәә, шынымен бос емес екенсің онда…

Перизат Мырзахмет

20 Nov, 13:33


- бас жуғым келмейді
- депрессия ма?
- ля, жай ерініп тұрмын

Перизат Мырзахмет

20 Nov, 09:08


«Мен сияқты сыйла, жақсы көр, ойла» деп ешкімнен күтпе. Сен жалғызсың. Сендей екінші адам жоқ. Сен жалғызсың.

Перизат Мырзахмет

20 Nov, 06:17


Қартайғанның белгісі шығар. Жұрттың бәріне балам деп… Даяшы еркелеп қалды 🫠

Перизат Мырзахмет

19 Nov, 05:47


Әлгі фильмді көрмей, жүйкемді сақтап ем. Сөйтсем “неге көрмедіңіз?” деп журналистер жүйкемді түтіп жүр).

Перизат Мырзахмет

18 Nov, 06:42


Жақсы көретін адамыңа “айттым ғой саған…” деп айту қандай қиын. Тіл алмайды ғой бар болғыр.

Перизат Мырзахмет

17 Nov, 06:16


Ұйқыдан ояна сала әдеттегідей сторилер көріп кеттім. Бәрінде бәрі әдемі. Алайда мен сол жердегі көп кейіпкердің жеке проблемаларын, басты мұңын білемін. Соған қарамастан өзін алдарқатып өмір сүретін орта, адамын, сүйікті іс сияқты дүниелер тапқан. Әлде олар ешнәрсеге қарамастан бақытты болуды үйренген. Әлде бір сырын білетін біздер, тіпті кейде өзі оның тұтас өмірін құрайтын түрлі қуаныштарын құнсыздандырып әлекпіз.

Перизат Мырзахмет

16 Nov, 08:23


Жаңадан қосылған жапырақ unpopular ойларыңа лүпіл басқанда ішім жылып қалады. Popular ойларға екінің бірі лүпіл басады, ал өзіме ғана ұнайтын ойларды ұнатса, жаңа тірек тапқандай болам.

Перизат Мырзахмет

16 Nov, 06:20


Өзімше саяхаттап, миым мен жүрегім рахатқа бөленіп елге келгенде бірнеше нашар жаңалықтың ортасына топ ете қалдым. Есеңгіретіп тастады. Жинаған қуатымды таратып бердім…

Сол сәтте кейбір адамға ашуым да тиіп кетті-ау. Кофемді ішіп, миым ретке келген соң ғана түсініп отырмын. Гүрс ете қалған екі-үш эпизод есімде. Сондықтан кешіріп қойың. Кофелерің мойнымда.

Перизат Мырзахмет

15 Nov, 13:34


Мен ешқашан адамды жынысына қарап бағалаған, бөле-жарған емеспін.
Мен еркекке де, әйелге де тең қарадым. Сексистік таптауырындармен әуелі өз басымда күрестім.
Бірақ соған қарамастан жігіттердің маған назы бітпейді. Ылғи осы.
Сыртымнан өсек айтатындар да - жігіттер.
Хейт пікір жазатын да - жігіттер.
Бәле іздеп отыратындар да - жігіттер.
Qargyn телеграмм чатында 400 адам отыр. Ұсыныс бәріне бірдей тасталды. “Қыздар ғана қатысады” деген шектеу болған жоқ. Қатысам деп ұсыныс тастаған қыздар ғана болса, осындай пікір болмас үшін жігіт ұстап әкеп қатыстыруым керек пе? Шақырту қағазын жіберу керек пе? Тормоз бәле болсаңдар да мен кінәлімін бе? Идите в жопу.

Перизат Мырзахмет

14 Nov, 12:34


Шыны сол, денсаулығың өзіңнің ғана жаныңа батады. Басқаларына әдеттегідей бәрібір. Осындай кездерде неге “басқалар не ойлайды” деп қорқақтай беретінімізге таңғалам. Олар бізді ойламайды да ғой негізі)

Перизат Мырзахмет

11 Nov, 10:08


Кейде жапырақтарды шексіз жақсы көрем. Жылуларын, ниеттерін сезем.

Кейде… кей жапырақ артық қылам деп тыртық қылады. Қай-қайдағы бітіп келе жатқан жараңды тырнап ашып, тұз сеуіп кетеді.

Перизат Мырзахмет

10 Nov, 14:23


Өзінше адамды көзінше боқтағым кеп жүр. Елге жетейін 😎

Перизат Мырзахмет

10 Nov, 04:36


Сөмкесінде жұбының суреті. Алақанда алақан. Мимими🫠

Перизат Мырзахмет

09 Nov, 06:08


Мейрамханалардан кейін инсайт: суреттегідей тамақ - тек қазақша ет.

Перизат Мырзахмет

08 Nov, 09:11


Тайландтан бірдеңе әкеп тренд қып жіберу керек еді 😎

Перизат Мырзахмет

05 Nov, 18:21


Тикток деген жағымпаз. Көңіл күйіңе сай видеолар көрсетеді.

Перизат Мырзахмет

05 Nov, 15:49


Кітап оқитындар ғана түсінетін әзіл:

Тиктоктағы кейбір пікірлерді Чарли Гордон жазған сияқты.

Перизат Мырзахмет

05 Nov, 12:30


Орта жастың тағы бір плюсі: қай ауруың қанша уақытқа созылатынын білесің, қай уайымың неше күн қинайтынын білесің.

Перизат Мырзахмет

05 Nov, 11:57


- сенің сынығыңнан сылтауың көп екен
- қалай?
- жай…

Перизат Мырзахмет

04 Nov, 12:02


“Өскенде түсінесің”
Естігенде үміттендіретін, түсінгенде өкіндіретін сабақ.

Перизат Мырзахмет

04 Nov, 08:38


“Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады” деген қырт сөз.

Қазақтар керегін google көкеден сұрап үйренсе және “сәлем” дегеннен кейін шаруасын бірден жазып үйренсе бірдеңе жаулайды. Әзірге ерте.

Перизат Мырзахмет

04 Nov, 06:30


Sorry, тағы да прокастинация 😂

Перизат Мырзахмет

04 Nov, 06:20


🫠🫠🫠🫠🫠 (с) overthinker

Перизат Мырзахмет

04 Nov, 06:08


Суыған көңіл мен суыған кофенің дәмі бірдей

Перизат Мырзахмет

03 Nov, 19:36


Бәріне кінәлі чемодан mood 🫠

Перизат Мырзахмет

03 Nov, 16:14


Букеттердің патшасы, құдайы осы… мінсіз.

Перизат Мырзахмет

03 Nov, 06:41


Ешқандай не жоқ, кайф күн 😎

Перизат Мырзахмет

01 Nov, 17:16


Тарақандарды тыңдасаң, көбелектердің еркін қыдыруына ақша табады 😂

Перизат Мырзахмет

01 Nov, 10:47


Прокастинацияның жаңа деңгейі: шашыма химия жасатқым кеп жатыр. Ұстаңдар мені.

Перизат Мырзахмет

01 Nov, 05:50


Көбелектер: “күн жарқырап тұрғанда серуендеп келейік те…”
Тарақандар: “синопсис жаз, бәле, ертең дедлайнға бір сағат қалғанда жанталасасың…”

Перизат Мырзахмет

01 Nov, 05:39


Қолында горилла ұстаған адам көрсем көз алдыма оның мылжа-мылжа бауыры, шұрқ тесік тісі келетін бопты.

Перизат Мырзахмет

01 Nov, 04:40


Қараша күнмен жарқ ете қалды ғой 😍🫠🌻

Перизат Мырзахмет

29 Oct, 19:05


Алдыңғы жазбаның статистикасы. Құдой, жасырынбақ ойнаған түрлеріңнен, қыздар. Өз ойын қорғай алмаған қыз өз құқығын да қорғай алмайды. Жүреді сосын ішімдегіні тап деп… Жазбаны сақтау - келісу, жариялап айта алмау - чмо әлде пикми болу.

Перизат Мырзахмет

29 Oct, 09:31


Мәрттігі жоқ жігіттер пәктік сұрайды дей ме, лә

Перизат Мырзахмет

25 Oct, 10:22


“Qargyn” оқырмандар клубының тұсауы кесілді. Әзірге қосыла берің. Кейін кеңірек айтам.

https://t.me/+x1oSqXaKQoEyZGIy

Перизат Мырзахмет

24 Oct, 08:08


Mood: чемодан, аэропорт, паспорт контроль, ығы-жығы шэтэл.

Перизат Мырзахмет

23 Oct, 18:15


Өлгендер қайтып келмейді дейді. Өлді деп ойлағандар да қайтып келмеу керек қо.

Перизат Мырзахмет

23 Oct, 16:08


Үш ит мені бесит: гайморит, артрит и тот кто со мной спорит.

Перизат Мырзахмет

23 Oct, 12:14


Неге секс, кекс, sex деп жазсам, бірден unfollow? Әдеби сөз ғо.

Перизат Мырзахмет

23 Oct, 12:04


Интеллект so sexy.

Перизат Мырзахмет

23 Oct, 09:22


Осы күзді үш қыз жарды 😍

Перизат Мырзахмет

23 Oct, 04:38


Бір кісі айтпақшы “құдайға керегі жоқ жобаның” сценарийін ақша керек болған соң жазып жүрмін.

Ол ақшаға өзіме керек заттар алам 😂. Айттым ғо, өмір кайф)

Перизат Мырзахмет

21 Oct, 17:20


Әдетте жақсы кекстан соң сигарет деуші еді). you understand what I mean

Перизат Мырзахмет

21 Oct, 14:13


Терезеден көшеге қарап тұрм. Шалшықты шалпылдата үйіне асыққан жұрт. Жылы үйлерінде ыстық құшақ, жұмсақ иық күтіп тұр деп сенем.

Перизат Мырзахмет

20 Oct, 13:33


Біреуге ренжуге ерінетін болыппын ше 😂

Перизат Мырзахмет

19 Oct, 08:45


“Мен эмоционалды адам емеспін” дейтін адамның жеке басына тиіп көр. Эмоциясының жеті атасын шығарады.

Немқұрай болуды “мен салқынқандымын” деп қырта береді әйтпесе.

Перизат Мырзахмет

17 Oct, 15:34


Ойлашы, Пико. Қандай бақыттысың. Кім жақсы көрген, құрметтеген, пір тұтқан адамына осылай жетіп жатыр? Екінің бірі емес екені анық. Бір махаббаттың құдіретімен. Миым арман ойлап табуға үлгермей loading боп тұр… Дер кезінде бәрі орындалып жатыр. Жүрек қалай жарылып кетпейді. Шынымен мықты шығар осы.

Перизат Мырзахмет

17 Oct, 14:38


Бүгін тағы бір ғажап күн! Аида Элиф Шафакпен кездесті 😍🫠🫂. Чатта бір жылап алып отырмыз. Сондай көңілшекпіз.

Перизат Мырзахмет

17 Oct, 11:05


Көбелектерімнің мықты болғанын қалаймын. Бірақ тарақандарда тәжірибе бар. Шетінен академик.

Перизат Мырзахмет

17 Oct, 11:00


Біздің чатта пәлсапа егіп, соджумен суарамыз 😂

Перизат Мырзахмет

17 Oct, 10:42


Жасанды гүл де жасанды адам сияқты. Әдемі емес.

Перизат Мырзахмет

17 Oct, 08:28


Бұрын “шаруа көп, шабыт жоқ”
Қазір “шаруа көп, шабыт, иттің баласы, тұр!”

Перизат Мырзахмет

17 Oct, 08:22


Айдана Сәуірбекқызының аудармасынан
“Махаббаттың 40 қағидасы”

Перизат Мырзахмет

16 Oct, 18:46


Көбелектерімді тарақандарым жеп қойды.

Перизат Мырзахмет

16 Oct, 14:18


Сабырлы болған жақсы. Қай жерде сабырлы болуын білу одан да жақсы.

Перизат Мырзахмет

15 Oct, 17:00


Бір уақыттары “менің уақытым, менің орным емес” деген ой болатын. Ол ойыма адамдар себепкер болған. Қазір “дәл уақытында, өз орнымда” деген ой жүр. Бұл ойға да адамдар себепкер.

Перизат Мырзахмет

15 Oct, 11:02


Бір боқмұрын “родилась в ссср” деген жазуы бар суитшот киіп алыпты. Өмірімде бірінші рет біреудің киіміне пішту деп кеттім.

Перизат Мырзахмет

15 Oct, 06:35


Өмірімде бірінші рет сториздардың түбіне жеттім. Бүкіл домалақ аппақ боп қалғанда абдырап қалдым. Уатсап стори көрсем бе екен енді? 🤔

Перизат Мырзахмет

14 Oct, 07:05


Руководитель должен руководить, а не доводить.

Перизат Мырзахмет

13 Oct, 10:01


Жокер сияқты социопат, психопатты, Анна Делви сияқты қылмыскерді романтизациялау мен үшін онша емес тенденция. Қанша креатив, батыл шешім болса да.

Перизат Мырзахмет

12 Oct, 17:15


“Рұқсат етпейді” деп тұратын қыздарға

Перизат Мырзахмет

12 Oct, 15:04


Кофеңді уақытылы әкеп беруінің өзі қуаныш екенін, оны байқау бақыт екенін, осындай ауыр күндерде еске аласың.

Перизат Мырзахмет

12 Oct, 10:35


Бүгін бір спикерден соң бұрынғы ойымды нақтылай түстім. Әдемі қартаю бұйырсын.

Перизат Мырзахмет

12 Oct, 07:56


Қызық.
Әлияның кешегі өртте қаза болған 5 балаға қатысты ойына пікір жазғандарды оқып шықтым. Екіге бөлінген. Еркектер “туу керек, сан керек, неге тума деп жатсың” деп жатыр. Әйелдер “иә, саналы түрде туайық” дейді.

Балаларды шыбын қырғандай қырып жатқаны әйелдердің ғана жанына бата ма?