yasina @yasssina Channel on Telegram

yasina

@yasssina


https://t.me/qurankarimf 🤍

yasina (English)

Welcome to the 'yasina' Telegram channel, curated by the passionate user 'yasssina'! This channel is dedicated to providing daily inspiration, motivation, and positive vibes to its members. Whether you're looking for uplifting quotes, life advice, or simply a supportive community to be a part of, 'yasina' has got you covered. Join us on this journey towards personal growth and happiness! Who is 'yasina'? 'yasina' is a channel created by 'yasssina', a dedicated individual who believes in spreading positivity and encouragement to others. What is 'yasina'? 'yasina' is a safe space for like-minded individuals to come together and uplift each other. Whether you're going through a tough time or simply looking for some daily inspiration, 'yasina' is the place to be. Join us today and be a part of our growing community of positivity and support!

yasina

12 Jan, 18:58


Расымен нұр мүбәрәкта ерекше тыныштық бар. Алла тағала сол жақта үздіксіз оқылып жатқан Құран мен ілім үшін, бәлкім ғалым ұстаздарымыз үшін беріп қойған нығметі шығар

yasina

12 Jan, 18:56


Алматыны, жоқ Нұр-мүбәрәкті қатты сағынады екенсің. Әсіресе оқу орнындағы вайбты, өзімнің әріптес ұстаздарды, көздерінде от жанып тұрған шәкірттерді.

Демалыста 10 күн өтсе де, уже сағынып жатырмын)

yasina

12 Jan, 18:11


Ибн Омардан риуаят етілген асар бойынша, әйелдердің азан мен қамат айтулары мәкруһ. Неге? Өйткені әйел адам асылы жасырыну, сондықтан олардың дауыс шығаруларына тыйым салынған. Бөтен ерлер оның дауысын естейтіндей қылып дауыс шығаруына рұқсат жоқ. Әйелдің дауысы әурет болғандықтан емес, бәлки фитна болғандықтан.

Сондықтан әйел адам сауда, білім немесе тағы басқа зәрулік себепті бөтен ер адаммен сөйлесетін болса, сызылып және дауысын жұмсартып сөйлесуіне тыйым салынады! Бұған қатысты тыйым біздің фиқһ кітаптарымызда анық келген. Және сол сияқты ер адамға да әнші әйелдің айтқан әнін тыңдауға рұқсат жоқ, тіпті Пайғамбарды ﷺ мадақтап нашида айтса да. Өйткені әйел адам бөтен ерлердің құзырында дауысын жұмсартып ән айтуы\сызылып сөйлеуі харам, күнә! Әйелдің дауысы харам болғандықтан емес! Әйелге саудаласу немесе тағы басқа күнделікті өмірге қажет мәселелерде адамдармен қарым-қатынас жасауы рұқсат, бірақ шариғат шеңберінде: дауысын әдемілеместен, сызылмастан, әдеттегі дауыспен сөйлесу шартымен.

Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى

yasina

12 Jan, 16:35


Білген адам үшін білімнен артық не болуы мүмкін?..

yasina

12 Jan, 09:57


Салиқалы әйелдің ең маңызды қасиеті қандай?

— Бойсұнушылық (еріне бағыну).

Неге?


— Себебі, Алла Тағала бұл туралы Құранда: «Салиқалы әйелдер – бұл ерлеріне бойсұнғандар...» деп айтқан.

— Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз, ораза және ар-ұяттылықпен бірге бойсұнушылықты әйелдің Жәннатқа кіруіне себеп болатын қасиеттер ретінде атап өткен.

— Себебі, некенің мақсаты – ерлі-зайыптылардың тыныштық табуы. Ал тыныштық әйелінің күйеуіне бойсұнуынан, оның күнә болып саналмайтын және ауыртпалыққа апармайтын нәрселерге келісуінен келеді.

— Себебі, бойсұнушылықтың жоқтығы ерлі-зайыптыларды отбасылық шешімдерді басқарудың басқа тәсілдерін іздеуге мәжбүрлейді. Ал екі адамның қарым-қатынасы тек иерархиялық жүйе сақталған кезде ғана дұрыс болады.

Сондықтан әйел бойсұнғыш болған кезде ғана салиқалы бола алады. Бұған ғұлама Фахруддин ар-Рази өзінің тәпсірінде былай деген:

«Біліңіз, әйел салиқалы болу үшін күйеуіне бойсұнуы керек. Өйткені, Алла Тағала: “Салиқалы әйелдер – бұл бойсұнған әйелдер” деді. Бұл аяттағы көпше түрдегі "аль" жалғауы тұтастылықты білдіреді. Осыдан шығатыны, кез келген салиқалы әйел еріне бағынушы әрі бойсұнушы болуы тиіс».

Доктор Хамид әл-Идриси

yasina

12 Jan, 06:36


اقلب إذا قلت خطاياه اسرعت دمعته
Жүректе күнәлар азайса, көздің жасы көбейеді

Ибн Раджаб رحمه الله

yasina

11 Jan, 18:28


Тақуалық турасында сөйлеу керек болса 24 сағат сөйлейміз. Бірақ амалымыз қайда?!

Абдуғаппар Сманов ұстаз (Алла рахымына бөлесін)

yasina

11 Jan, 17:18


Ұлға тентектік, қызға еркелік жарасушы еді…
Қызым, сен тентек болып барасың. Ұлым, сен ерке болып барасың. Ерке ұл ержетіп жарытпайды. Тентек қыз бойжетіп жарытпайды.
Ұлым, сен есіңді жи да тегіңді ойла.
Қызым, сен ертеңгі барар еліңді ойла.

Исраил Сапарбай

yasina

09 Jan, 16:49


وَالَّذِينَ صَبَرُوا ابْتِغَاءَ وَجْهِ رَبِّهِمْ

“Сондай-ақ олар Раббыларының ризалығын іздеп, сабыр етеді...”

(Рағыд сүресі, 22-аят)

yasina

09 Jan, 08:05


Шуайб ибн Харб, да смилуется над ним Аллах, сказал:

«Во сне я увидел Пророка, мир ему и благословение Аллаха, вместе с ним Абу Бакр и Умар, когда я подошел, он им сказал:

Дайте ему место (сесть среди вас), ведь он знает наизусть Книгу Всевышнего Аллаха».

См. «Сифат ас-Сафуа» (2/184).

yasina

08 Jan, 18:22


Тоха 40 аят

yasina

08 Jan, 14:54


Рухтың шынайы ләззат алатын үш сәті бар:

1. Суық таңның қырауында серуендеп жүріп, зікір айтып, жүрегіңді тыныштыққа бөлеу;

2. Ұзақ уақыт іздеген сирек кездесетін кітапты тауып, оның бетін ашқан сәтте сезінетін қуаныш;

3. Және жаныңа жақын, сүйікті адаммен, екеуіңді де толғандыратын тақырыпта, жүрек жарды әңгіме өрбіту.

©️Шейх Юсуф Хаттар

yasina

06 Jan, 05:36


Шайтан саған Құраннан басқа нәрсені қымбат етіп көрсетіп қоймасын…

yasina

05 Jan, 15:48


Құран көтеріп жүру жолында келген сынақтарды Раббыңыздың алдына барып, сәждеде шығарыңыз.
Жаттаған әр аятыңызды қиямда тұрып Раббыңыздың алдында оқыңыз. Аяттарға ой жүгіртіңіз. Солай ғана Құранды қанымызға сіңіре аламыз.
Тәрбие солай болмақ…

“Раббысының алдында, Раббысының кәләмін оқу арқылы Раббысымен тілдесіп тұрған құл” бұдан артық дәреже жоқ дүниеде.

yasina

05 Jan, 15:36


Жақсы достың мысалы – қателессең, қатеңді айтып саған насихат қылады. Сені ізгі амалдарға құлшындырып, саған әрдайым жігер сыйлайды. Сен жоқта сен үшін дұға қылады. Өзіне қалағанды саған да қалайды.

Лұқман әл-Хакім айтпақшы: «Әй, ұлым! Аллаға иман еткеннен кейінгі тапқан ең үлкен нығметің – шыншыл досың болсын».

yasina

05 Jan, 13:34


Алла тағала сіздің ішкі хәліңізден ғапылдықта емес. Сіздің қиналып, тырысып жатқаныңызды көріп тұр. Тоқтамаңыз.

Алла сабырлы құлдарымен бірге, әрі оларды жақсы көреді.

yasina

05 Jan, 04:56


Шейх Мухаммад Аууама:

"Ғұламаларымыздың аяқкиімінің шаңы – біздің көзімізге сүрме".

yasina

04 Jan, 17:38


Адамдардың сізді байқамай қалуы сізге комфорт алып келу керек. Түнгі намаз соны жасайды.

Ерлан ұстаз

yasina

04 Jan, 17:23


Аллаға жеңілген адам ғана нәпсіні жеңеді. Қаншалықты Аллаға берілмеймін, соншалықты нәпсімді жеңе алмаймын.

Ерлан ұстаз

yasina

04 Jan, 16:28


Тек бір ғана қасиет бар. Егер ол қызда болса, сіз онымен бақытты боласыз, ал егер ол болмаса, онда отбасында ешқашан тыныштық таппайсыз. Бұл қасиет – күйеуіне бағыну.

Көптеген діндар жігіттер болашақ жарларының хиджаб, ниқаб киіп жүруін, алим болуы немесе хафиза болуы сияқты талаптарды қояды. Иә, бұл, сөзсіз, маңызды әрі ескеретін жайт. Бірақ, егер қыз алим болса да, бойында күйеуіне бағынатын қасиеті болмаса, надандардың қатарынан болып қалады. Әйелі қырсық болып, оған айтылған нәрсені орындаудан бас тартқан кезде, ер адам қанша рет шариғат заңдарын бұзуға мәжбүр болатынын елестетіңізші?

Егер әйел күйеуіне бағынбаса, ер адам тыныш көңілмен біреуді үйіне қонаққа шақыра ала ма? Әйелінің достарының алдында өзін ұятқа қалдыруынан қорықпай ма? Немесе, мысалы, әйелдің "Тағы да он адамға тамақ пісір деп отырсың ба!" деп шағымданып, наразылық білдірмейтініне сенімді бола ала ма? Адамдарға сыртқы көрініс маңызды болуы мүмкін, бірақ бірге тұратын адамыңмен өмір сүргенде мүлде басқа қасиеттер шешуші рөл атқарады."

Муфтий Ибраһим Десаи
@cats_ahlusunnah

yasina

04 Jan, 12:18


🌙

yasina

04 Jan, 07:50


Құранға құрбан болуды бір елге сұлтан болудан артық көремін

Ізгілердің сөзінен

yasina

03 Jan, 21:43


Бізге кейде бар болғаны бір сәт пікір етіп, ойлану жетіспейді.

yasina

03 Jan, 18:38


Самое лучшее, что убирает гнев — это таухид (единобожие). Чтобы ты знал: что все эти действия исходят от Аллаха, а эти люди — инструменты, выполняющие волю Аллаха. Зачем я должен гневаться на тебя? Ты —инструмент, который выполнил волю Аллаха, а деяния — от Аллаха. И я должен быть спокоен по отношению к Его действиям. Я не должен гневаться на Него. Но это — очень высокая степень.

Шейх Саид аль-Камали (‎حفظه الله)

yasina

03 Jan, 16:00


Мақсатыңды дүниемен шектеме. Мақсаттың дүниелік қана болуы адамды құлдыратады.

yasina

03 Jan, 15:04


Құран жаттау оңай, қари болу, құранды сақтау қиын…

yasina

02 Jan, 15:34


Қыздар тұрмысқа шығарда, жігіттер үйленерде кеңес беретінім табағун, талақ, тахрим сүрелерін бірнеше рет оқу.

Абдулхалық ұстаз

yasina

02 Jan, 15:28


Ілімге өзіңді толық берсең, саған кішкене бөлігін ғана береді. Ал Құранға өзіңді толық берсең ол саған артығымен береді. Өйткені Құран Карим, Жомарт.

Абдулхалық ұстаз

yasina

02 Jan, 15:27


– Ұстаз, қандай адам ғалым бола алмайды?

– Менің ұстазымның ұстазы наркоздан оянған соң ұлын шақырып “менің басымды кесті ма, аяғымды ма?” деп сұрайды. Ұлы аяғыңызды әке десе: ендеше менің шәкірттерім қайда, мен неге ілім беруімді тоқтаттым депті. Айтқым келгені, қандай жағдайда болмасын ілімді тоқтатпаған адам ғана ілімге жете алады. “Ілімге өзіңді толық берсең ғана кішкене бөлігін ала аласың”. Ал өзінің көңіл күйіне қарап ілім алатын адам ғалым бола алмайды. Ол көңіл күйінің құлы деген сөз.

Абдулхалық Ұстаз

yasina

02 Jan, 06:29


"Құранның сүре-сүре болып бөлінуінің хикметі – оқушыны жігерлендіру, жаттаушының ынтасын арттыру үшін. Мәселен, жолаушы белгілі бір шақырымды артта қалдырған сайын жеңілдеп, қалған жолды бағындыруға ынталы болады", - дейді имам Әлуси.

Яғни, егер де Құран сүре-сүре болып бөлінбей, бір ғана сүреден тұрса, онда оны оқу да, жаттау да қиынға соғар еді. Ал, Құран сүрелерге бөлінгеннен соң, бір сүрені жаттаған сайын, қалған сүрелерді жаттауға адамның ынтасы артады.

Бір сүрені жаттаған кезде, ол Құранның жеке дара (басы мен аяғы бар) бір бөлігін жаттадым деп сенеді. Сондықтан, жаттағаны ол үшін өте қымбат болады.

yasina

01 Jan, 10:57


السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жас шектеуі жоқ!
Тек қыздарға арналған!
Ыңғайлы график.
Қолжетімді баға – тек 2500 тг.
Рамазан айында тегін оқу мүмкіндігі.

Ұстаз:ام خالد

Құран үйрену – бұл тек оқу емес, рухани баю:

• «Шүбәсіз, Құранды Біз жеңілдеттік, ойланатындар бар ма?» (Қамар сүресі, 54:40)
• «Сендердің ең жақсысыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» (Бұхари).
• Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Құран – қиямет күні оқығанына арашашы болады», – деп айтқан.

Басталуы: 05.01.2025

Жазылу үшін @umhallid

yasina

01 Jan, 10:48


Білімдегі серіктестік – жүректерді жақындатып, мақсаттарды асқақтататын бауырластық.
صفو الروح🤍

yasina

31 Dec, 14:17


Исра сүресі көп қариларды жылататын сүре (яғни содан көп қиналады)
Мағынасы өте ауыр сүре, жиі оқып тұру керек

yasina

30 Dec, 17:20


Рабиға ал-Адауия - Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم) мақтап кеткен алғашқы үш ғасырдың бірінде өмір сүрген тақуа әйелдердің бірі.

Рабиға түні бойы намаз оқып, таң намазының уақыты кірген уақытта, күннің жарығы шыққанға дейін жайнамазында сәл ғана мызғып алатын болған. Ұйқысынан тұрған уақытта атып тұрып:
- Ей, нәпсі! Қашанға дейін ұйықтай бересің? Мүмкін бір күні ұйықтап, қиямет күнінде ғана тұруың мүмкін ғой,- деп өзіне ескерту жасайтын еді…

[Хифз ал-умр, 53 б., аз-ғана өзгеріс енгізілген]

yasina

29 Dec, 18:57


Абдулла ибн Омар (р.а.):
"Егер көз жасың Алладан қорқудан ағатын болса, бұл — Алланың сенің жүрегіңе нұрын төккенінің белгісі."

yasina

25 Dec, 10:22


Тәпсір кітаптары…💔

«Тәпсір – мұсылмандардың ұлы міндеті. Құранды дұрыс түсінбей, оны дұрыс ұстану мүмкін емес»
Имам Суюти

yasina

24 Dec, 19:06


Алла көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияны біледі.
40:19

Харамға қарауда аса сақ болыңыз. Ілімді, Құранды сақтау оңай дүние емес.

Ай сол харамға қарау зейінімізді қалай төмендететін сезінсек қой, жерден бас көтермес едік.

Қазіргі коуч, психологтардың “өзіңе сенімді бол, адамдардың бетіне тіке қара” деген бос әңгімесін тыңдай бермеңіздер)
Ұлы Раббымыз бізге “көзіңді тый” дейді.

yasina

24 Dec, 18:58


📕 Заучивание Корана наизусть — первое, чем должен заниматься студент

📚 Аль-Маджму шарх аль-Мухаззаб

📚 Блокнотик Муслима | ПОДПИСАТЬСЯ

yasina

23 Dec, 18:08


Шәкірт ұстазының алдында кішіпейіл болуы керек. Ұстазға тәкәппарлану шәкірттің соры. Ондай шәкірт ілім ала алмайды.

Имам Малик:
"Ілім – судың ағып жатқан өзені сияқты. Оны алғысы келетін адам еңкейіп, оны кішіпейілділікпен алады. Тәкаппар адам бұл суды алуға шамасы жетпейді."

yasina

22 Dec, 15:06


Махаббаттан жанып тұрған көздерді көргің келеді ме, онда өзінің кітап сөресіне қарап тұрған жанның көзіне қара)

yasina

04 Dec, 18:51


Ол көзін бөтеннен сақтап төмен түсірсе, сен өзіңді бөтеннен сақтап жасырынсаң, нағыз үйлесімділік сол емес пе?

yasina

03 Dec, 17:24


Адамдың көңіліне тиіп кетуге қорқып әр сөзін байқап сөйлейтін адам неткен керемет еді🤍

yasina

03 Dec, 11:53


🤎 Құран адамның тақуалығы қанша болса, сонша деңгейде сырларымен ашылады.

Мәселе-тақуалықта.

«Алладан қорқыңдар, сонда Алла сендерге үйретеді» («Бақара» сүресі, 282-аят).

yasina

03 Dec, 06:50


– Ұстаз, Абу Хурайра неге көп хадис жеткізген?
– Ол үйленбеген
– Аа, демек ұстаз, терең ілім алғанша тұрмысқа шықпаған дұрыс қой?
– Жоқ, олай емес.
– Біз де терең ілім алғымыз келсе ше?
– Ілімге берілген адамға тұрмысқа шығыңыздар.

(Яғни, егер ілімге қол жеткізгім келеді десеңіз, іліміңізде қолдау бола алатын адамды тандағаныңыз жөн)

yasina

02 Dec, 19:12


“Әл-Муғни” кітабының авторы имам Ибн Қудама әл-Мақдиси айтады (Алла рахымына алсын):

Біліп қой! Алла Тағала саған қарап тұр, сенің ішіңдегіні біліп тұр. Ендеше өзіңе былай деп айт: “Егер біздегі бір салихалы кісі мені көріп тұрса, мен одан сөзсіз ұялар едім ғой. Енді неге Раббым Алла Тағаладан ұялмаймын? Оған қоса Ол маған күнәмнің жазасын қазір-ақ беруі және күнәмді әшкере қылып мені масқаралауы мүмкін ғой!”.

📚
Ғалымның өсиеті

yasina

02 Dec, 18:02


Құран жаттаудан, қайталаудан қиналудың себебі көп, нақты мына себеп деп айта да алмаймыз. Алла тағала хикмет иесі. Кейде біз бірнәрселерді түсінсін, тәрбиеленсін деп сынайды. Бірақ, біраздан бері түсінгенім, ең көп қиналу не тілден, не көзден қате кеткенде болады екен.
Шешімі: үнемі тәубе етіп жүру. “Аллаһым, білмей біреуді ренжітсем, сен разы болмайтын сөз айтсам, яки харамға қарап қойсам кешіре гөр” деп.

yasina

02 Dec, 06:32


Өмірде жан жақты болып үйрену керек. Ертең келін боласыздар, сол кезде сізге “біздің келін қари екен” деп отырғызып қоймайды. Сіздің қызметіңізге, келгеде шай ұстап жүгіре ме деп қарайды.

Төлеген ұстаз

yasina

02 Dec, 06:18


كثير العلم بلا آداب فقير
و قليل العلم بالآداب أمير.🤍

yasina

30 Nov, 15:48


Шейх Абдулфаттах Абу Ғұдда (рахимахуллаһ) шәкірттерінен: сабақты түсіндіңдер ме? - деп сұрайды.
Сонда шәкірттер: түсіндік
Шейх: түсінбедіңдер. Түсінсеңдер көздеріңнің қарашығы үлкейіп кетер еді, - депті.

Субханаллаһ😄

yasina

30 Nov, 15:23


Құранды жаттап алу оңай, Қари болу қиын.

yasina

30 Nov, 13:55


Адам жан жағына көп жалтақтай берсе, қойған ұлы мақсаттары өз құндылығын жоғалтады.

yasina

30 Nov, 08:08


😔

yasina

29 Nov, 17:05


Бүгінгі берекелі жиыннан естеліктер😊🤍
Ғалымдармен бірге еткен Аллаға сансыз мадақ болсын

yasina

29 Nov, 14:16


😊

yasina

29 Nov, 14:14


Нму студенттері бүгін жұма уағызы кеш баласталады😄🙌🏻

yasina

28 Nov, 18:24


لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

Осы аят құранда жиі кездеседі, жүрегіме сондай тыныштық сыйлайды.

Мағынасы: оларға ешқандай қорқыныш жоқ һәм олар әсте мұңаймайды.

Ол жаннатықтардың, әулиелердің сипаты. Адам дүниеде Құранмен көп шұлданса Алланың қалауымен, жәннаттықтардың осы сипатына ие болады

yasina

27 Nov, 16:48


Адам тахаджутте тұрақты болса Құрандағы Алланы көп зікір етушілердің қатарына қосылады

Абдулхалық ұстаз

yasina

18 Nov, 18:32


“Хафыздық – хафыздықтан кейін басталады"

yasina

17 Nov, 13:53


Ұстаздың шәкіртіне ғалым болады деген үмітінің өзі шәкіртті біраз жерге жеткізеді

yasina

17 Nov, 13:43


Сенімді кісілердің айтуынша:

"Әрбір аяттың алпыс мыңға жуық түсінігі бар".

Хасаннан жеткен риуаятта, Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені бар:

"Әрбір аяттың арқасы мен іші бар. Әрбір әріптің шекарасы бар. Әрбір шекараның басталатын жері бар".

Ибн Нақиб: "Аяттың арқасы – оның ғалымдар түсінген сыртқы мағынасы. Оны іші – ақиқат иелеріне (әулиелерді меңзеп тұр) Алла Тағаланың ашқан сырлары", - дейді.

Ал, "әрбір әріптің шекарасы" дегеніміз – әрбір әріптің Алла Тағала меңзеген соңғы мағынасы бар. Ал, "әрбір шекараның басталатын жері бар" дегеніміз – әрбір жасырын мағынасы бар аяттың мағынасын анықтауға апаратын жолдың басы бар.

Имам Әлусидің "Рух әл-Мағани" тәпсірі, 1/109

yasina

16 Nov, 10:41


ليت شعري! أي شئ أدرك من فاته العلم!
بل أي شئ فات من أدرك العلم
«Білімге жетпеген адам не нәрсеге жете алды екен?! Ал, білімге жеткен адам не нәрседен құр қалды екен?!».

yasina

15 Nov, 18:25


Аяқ киімге әдеп.

“Кіре берісте аяқ киім жатса, аяқпен басып, аттап өтіп кетпеңіз, жолды ашып бірақ өтіңіз. Кімнің киелі, әулие адам екенін білмейсіз. Әр қадамымызды мұқият баспасақ, басымызға бәле қайдан келерін білмейміз.
Марқұм әкем осындай нәрселердегі әдептерге дейін мән бергізетін”.

🖋️атамның насихатынан
#адаб

yasina

15 Nov, 06:22


اللَّهُمَّ ارْحَمْنِي بِالْقُرْآنِ وَاجْعَلْهُ لِي إِمَامًا وَ نُورًا وَ هُدًى وَ رَحْمَةً. اللَّهُمَّ ذَكَرْنِي مِنْهُ مَا نَسِيتُ وَ عَلِمْنِي مِنْهُ مَا جَهِلْتُ وَارْزُقْنِي تِلَاوَتَهُ آنَاءَ اللَّيْلِ وَأَطْرَافَ النَّهَارِ وَ اجْعَلْهُ لى حُجَّةً يَا رَبَّ الْعَالَمِينَ ❤️

yasina

14 Nov, 20:37


Уақыттың аздығына байланысты пайдалы посттар жиі салып тұру мүмкін болмай жатыр кешірерсіздер, әзірге бұрыңғы жазбаларды оқып шықсаңыз көп пайда ала аласыз деп сенемін иншаАллаһ☺️

yasina

14 Nov, 20:35


Мұсылман қыздарының сипаты сондай…

Олар батыстан келген “ер адамның көзіне тіке қараңдар, адам сенімді болуы керек” деген ұстанымымен жүрмейді.

Олар Аллаһ бұйырған “Мүмін әйелдерге де айт: Харамға көз салмасын!” деген бұйрығымен жүреді.

Бұл нәрсе олардың ұяты, ұяңдығы, тәрбиесі…

Олар Алланың тәрбиесіндегі әйел заты)

#әйел

yasina

14 Nov, 16:12


-адаб по отношению к Корану
-ихсан
-связь между грехами и беспечностью

https://t.me/hudalinnas

yasina

13 Nov, 18:11


🤍

yasina

12 Nov, 19:55


машаАллаһ

yasina

12 Nov, 09:59


Раббыңның кәләмінан жаттайтын жаңа бетің қалмады, неткен бақыт…

yasina

12 Nov, 05:42


ءَاخِذِينَ مَآ ءَاتَىٰهُمْ رَبُّهُمْ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَبْلَ ذَٰلِكَ مُحْسِنِينَ
Раббыларының өздеріне берген сый-сияпатын қуана-қуана алумен болады. Өйткені олар кезінде (дүниеде) игілікті істер істейтін ізгілікке құштар жандар болатын.

كَانُوا۟ قَلِيلًا مِّنَ ٱلَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ
Сондай-ақ олар түнде аз ұйықтайтын (және Раббыларына көп құлшылық ететін).

وَبِٱلْأَسْحَارِ هُمْ يَسْتَغْفِرُونَ
Сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін.

وَفِىٓ أَمْوَٰلِهِمْ حَقٌّ لِّلسَّآئِلِ وَٱلْمَحْرُومِ
Олар қолындағы мал-пұлдарында қайыр-садақа тілеген пақыр-міскіндер мен садақадан мақұрым қалған кедей-кепшіктердің де ақысы бар екенін ұмытпайтын.

(«Зәрият» сүресі 16-19)

yasina

11 Nov, 16:18


https://t.me/izgiayel

Бауырларымыздың жобасы екен. Қолдап жіберейік✊🏻🤍

yasina

10 Nov, 19:09


Құран сондай нұрлыы🤍

Раббымның Кітабы, Раббымның Кәләмі🤍

yasina

10 Nov, 19:08


كتاب ربي🤍

yasina

09 Nov, 16:00


Шейх ұлы имам Мұхаммед ибн Фадл (р.а.) тәлім алып жүрген кезінде базар тамағын жемеуші еді. Оның әкесі ауылда тұратын, баласына тамағын жұма күні әзірлеп әкеліп беретін. Бір күні баласының үйінде базар нанын көріп қалып ашуланады да, баласымен сөйлеспей қояды. Баласы кешірім сұрап:
«Бұл нанды мен сатып алғаным жоқ және оған келісім де бермедім, мұны жол- дасым алып келді», – дейді. Сонда әкесі: «Егер мұндай нәрселерге ықтиятты әрі сақ болғаныңда, жолдасыңның ондай әрекетке батылы бармас еді», – деген екен.

Тәлімгер тағылымы📖

yasina

09 Nov, 16:00


Жаттау қабілетін күшейтетін ең басты нәрселер: ыждаһат, ұдайылық, тамақты аз жеу, түнгі намаз және Құран оқу. «Құранды қарап отырып оқудан артық жаттау қабілетін күшейтетін нәрсе жоқ» дейді.

Тәлімгер тағылымы📖

yasina

09 Nov, 16:00


Толық тақуалыққа тойып тамақтанудан, көп ұйықтаудан және пайдасы жоқ көп сөзден сақтану арқылы жетеді. Сондай-ақ шама келгенше базар тамағын жемеген жөн. Базар тамағы ластық пен қиянатқа жақындау, Алла тағала зікірінен тым алыс және ғапылдыққа тым жақын. Себебі оған кедей-кепшіктің көзі түседі, бірақ сатып алуға шамалары келмейді. Бұдан олар қорланады да, тағамның берекесі кетеді.

Тәлімгер тағылымы📖

yasina

08 Nov, 16:52


“Бүгін Алла екеуміздің арамызда ғана қалған, Ол разы болатындай қандай амал жасадым?”

Өзіңізге осылай сұрақ қойып ұйықтаңыз, иншааАллаһ)

yasina

08 Nov, 10:07


إِنَّ ٱللَّهَ وَمَلَٰٓئِكَتَهُۥ يُصَلُّونَ عَلَى ٱلنَّبِىِّ ۚ يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ صَلُّوا۟ عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا۟ تَسْلِيمًا

Расында, Алла пайғамбарға үнемі шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Ал Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде. Уа, иман келтіргендер! Ендеше, сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар»

(«Ахзаб» сүресі 33:56)

Жұма мүбәрәк! Көптеп салауат айтуды ұмытпаңыз🤍

yasina

07 Nov, 15:49


Әрбір жан өзінің Алладан басқа бірде-бір жанашыр досы да, арашалап алар қамқоршысы да жоқ екенін білсін.

әл-Ән'ам, 70

yasina

06 Nov, 22:13


Қари болам десеңіз…

1. Ұстаз табыңыз. Ұстазы жоқтың ұстазы шайтан…

2. Көп уақытыңызды Құранмен өткізіңіз. Әр күнде 3 сағаттан көп уақыт Құранға арнаңыз. Ұстазым: “2-3 сағат Құранға уақыт бөле алмайтын адам қари бола алмайды” деуші еді.

3. Құраннан кету жайындағы кез келген ой шайттанның уасуасы екенін біліңіз. Бұл ұлы жолға Алла сіздің таңдады, сол ұлы нығметтің қадірін біліңіз.

4. Кейде Құранның бетіне қарағың келмейді (түсінетіндер түсінді). Пенде болған соң жалығасың, ықыласың азаяды, шаршайсың. Бұл да сынақ.
Нәжім сүресінде Алла тағала:
وَأَنَّهُۥ هُوَ أَمَاتَ وَأَحْيَا
“Кеудедегі жанды алып өлтіретін де, жан бітіріп өмір сыйлайтын да – Өзі.” Дейді. Ұстазым: “Бұл аяттан мынадай мағына да ала аламыз: ықыласты беретін де, алатында Алла”
Яғни Алла бізді “Қари боламын дедің ғой, ықыласыңды алып қойсам кәләмімді тастайсың ба?” деп сынайтындай…
Жай ғана тоқтамаңыз. Ешнәрсеге қармаңыз.
+ және әрине ықыластың кетуі күнәдан болуы мүмкін. Истиғфар көп айтыңыз (имран 147)

5. Жаттауға кеңестер:
– егер құран жаттауды жаңа бастаған болсаңыз, басында әлбетте ешнәрсе жеңіл болмайды. Зейінің төмен, әрі Құранға тілің сынбаған, тез оқи алмайсың. Жарты бет жаттаудың өзі үлкен нәрсе көрінеді. Бұл бәрінде болатын қалыпты нәрсе. Басынан бастап ақ менің қолымнан келмейді деп сынып қалмаңыз.

– Алғаш тапсырып бастаған уақытта тапсыратын бетіңізді 1 күн алдын жаттап қоюға тырысыңыз, сол кезде пысық болады.

– Жаттау тәсіл әркімде әр түрлі. Басында өзіме өте жақсы көмектескен тәсілмен бөлісейін:
1 бет жаттайтын болсаңыз, соны 2 ге бөліп, алғашқы жартысын 33 рет оқисыз, кейін жаттайсыз, жатталған соң 33 рет жатқа оқисыз. 2ші жартысын да дәл осылай. Кейін қосып жатқа оқисыз.
Бұл тәсілмен жаттау үшін сабыр керек. 15 ретке жеткенде болды қоя салайын, жатталды ғой дейсің, бірақ 33ке жеткізсеңіз, оның берері өте көп екен. Бет өте пысық болады, әрі ұзақ уақыт есте сақталады.
Бұл тәсілмен құранды толық жаттап шықсаңыз жақсы👍🏻
Бірақ, зейіннің артуымен, әрі ұстаздың шәкірттен көп беттер талап етуімен бұндай тәсілдер қолдануға келмейді. Уақыт өте келе, Алла тағала зейініңізді сондай деңгейде ашуы мүмкін, тек оқисыз жаттайсыз, әрі бетіңіз өте пысық болады.
СубханаАллаһ.

Зейін үшін еш уайымдамаңыз, ол Алланың нығметі, яғни ол сізден болатын нәрсе емес. Сізден талап етілетін нәрсе үздіксіз жаттау, дұға ету, тахаджутке тұрып көп дұға етіңіз.
Мен үшін бұрын 1 бет жаттайтын адам өте үлкен дәрежеде көрінетін еді, қазір де солай ғой, айтпағым, ол біз үшін мүмкін еместей болатын. Бірақ айналамда тұрақты 5-10-15 тіпті 22-32 бет жаттаған кісілерді көріп, тек Алла мінсіз дейсің…
Ол қаласа болды екен ғой

Бірінші кезек өзіме жазылған жазба👐🏻🤍

Алла баршамызға хафыз болып, құранды Өзі разы болатын деңгейде жүрегімізде сақтауды нәсіп етсін🤍

yasina

06 Nov, 19:40


Құран жаттауда 1 бетті 30 минутта жаттау зейіннің орта деңгейі.
15 минутта жаттау жоғары деңгейі.
Ең жоғары деңгей бір оқығаннан жаттау.

Абдулхалық ұстаз

yasina

06 Nov, 16:25


Бір арнадан жазба алсаңыз арнаны белгілеуіңіз – әдеп.

Ұстаздың сөзін алсаңыз, ұстаздың атын жазуыңыз – ілімнің аманаты.

yasina

06 Nov, 01:36


"Алланы жақсы көрген жүрек - Аллаһ жолында шаршауды жақсы көреді".

Ғулууль-Һимма📖

yasina

04 Nov, 17:15


Алла сізге бір бауырыңыздың кемшілігін көрсетсе, оны жасыруыңыз аманат.

Аманат ұстаз

yasina

03 Nov, 18:12


Бұл сұлулықты көзбен көру үшін біраз жол жаяу жүруге тура келеді. Керемет ықыласпен басталады, орта жолға келгенде шаршайсың, артқа қайта салғың келеді, бірақ нық қадам мен қайтпас жігер нәтижеге жеткізеді.

Дәл Құран мен ілім жолындағыдай…

yasina

03 Nov, 17:38


Күндіз ұстазыңызға тапсыратын Құран бетін түнгі намазда бірінші Раббыңызға тапсырыңыз…

Ерлан ұстаз

yasina

03 Nov, 15:33


فَبِأَىِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?

(«Рахман» сүресі 55:13)

yasina

02 Nov, 17:53


– Хадис ілімін неден бастаймын?
– Құраннан.

yasina

02 Nov, 17:53


Имам ибн Салах хадис ілімі туралы:

"Хадис ілімі — қадірлі ілімдердің ішіндегі ең абзалы, пайдалы салалардың ішіндегі ең пайдалысы. Оны нағыз ерлер мен мықтылар жақсы көреді. Оған зерттеуші ғалымдар мен толық кемелденгендер көңіл бөледі. Ал жек көретіндер – тек жексұрындар мен оңбағандар", – дейді.

"Муқаддима ибн Салах", 11-12 бет

yasina

02 Nov, 17:52


“Хадисті сәнадімен оңай жаттағың келсе, әр рауи тікелей саған айтып жатқандай жатта”

yasina

28 Oct, 19:50


Күнәнің жазаларынан:

“Алланың саған хайырлы іс жасауға тауфиқ(көмек) бермеуі.
Түнде ұйықтамай, пайдасыз өткізу. Ұйықтар алдын күнә жасау. Сосын таңға тұрмай, күн шыққан соң бір-ақ тұрып, сол күнін көңілсіз өткізуі”.


Нақыл сөз.

yasina

28 Oct, 18:38


Ойлаймын)
Кей адамдар үшін бәлкім өзіңіз үшін қол жеткізу мүмкін емес армандарды мақсат етіңіз деп. Оны әлемде әлі ешкім жасамаған болса да.
Өзіңізге ұлы Алланың құлы деген көзбен қараңыз. Сол кезде жаңағы қиын болған мақсаттар жеңілдейді.
Тарихқа үңілсек, Алла мүмкін еместі мүмкін еткен ғой. Құранда “Алла барлық нәрсеге құдіретті” деген сөздің өзі мүмін үшін мотивация, қолдау, шабыт ретінде жеткіліті, әрине егер жүректегі сенім: барлық нәтиже Алладан болады, болса.

Түнгі мотивация)

yasina

28 Oct, 15:31


Әбу Ханифа (р.а.):
«Расында мен білімге Алла тағалаға хамд (мақтау) айту және шүкіршілік жасаумен жеттім. Білімнен бір нәрсе түсіне қалсам және бір фиқһ мәселесін немесе даналықты тапсам: «әлхамду лилләһ», – деуші едім, сонда білімім артатын»

yasina

27 Oct, 18:26


Абдулла ибн Масғұд құран оқып жатып ниса сүресінің осы аятына жеткен кезде Пайғамбарымыз ﷺ көздеріне жас алған екен…

yasina

27 Oct, 17:10


Өмір қысқа, ал білім көп. Сондықтан уақытты зая кетірмеу керек. Түн мен бос уақыттың қадірін білу қажет.

Яхия ибн Муъаз Рази: «Түн ұзақ, оны ұйықтап қысқартпа. Күндіз жарық, оны күнә істеп тұнжыратпа», – деген екен.

Тәлімгер тағылымы, 51-бет

yasina

26 Oct, 19:32


🤍🕊️уютный уголок

yasina

24 Oct, 12:29


«Кімде-кім мына дүниені шынайы таныса, оның рахаттарына қуанып, оның сынақтарына мұңаймас еді»

Абу Хазим

yasina

24 Oct, 08:24


Ілімдегі бұл үш нәрсенің мағынасы: ол отырғызылған жас ағаш, және оның күшін сақтап әрі апаттан қорғап қалу мақсатында, оны суару және оны өсірудің жағдайындай. Сол сияқты жаттау ол – ілімді отырғызу, ал талқылау ол – ілімді суару, ал сұрақ қою – оны өсіру болып табылады.

yasina

24 Oct, 03:45


Этим методом я тоже пользовался. Если у вас есть время стоит попробовать.

Когда полностью закончил Коран, прочитывал каждый день 5 страниц по 100 раз. На одну страницу уходило 2 часа.

Таким методом я повторил первые 10 джузов. После этого прошло 10 лет, но эти джузы все еще крепко держатся в памяти как Фатихьа.

СКОПИРОВАНО

yasina

24 Oct, 02:25


“Анам менің басыма сәлдемді кигізіп, былай дейтін: Роби́ ғаға бар, және оның білімінен бұрын әдебін үйрен”.
Робиға, ол – ибн Әбу Абдуррахман, сол замандағы Мәдина қаласының фақиһ ғалымы.

Имам Малик

yasina

23 Oct, 17:22


Саһл ибн Абдулла айтқан:
«Алланың жек көретін дүниесі бар жүрекке, нұрдың кіруі харам болады»

yasina

22 Oct, 09:35


Қари шейх Абдурашид ас-Суфидің әкесі баласына айтқан насихатынан:

Ей, балақайым! Біліп қой! Құранды Алланың құзырында қадірі жоқ адам ғана оқымай қояды.

yasina

22 Oct, 07:19


Өз айыбын білмеген адамның құрдымға кетуі жылдам болады себебі күнәлі істер күпірліктің алғашқы ұшқындары.

Имам Баркауи

yasina

21 Oct, 17:11


«Құранға ойланбайсыңдар ма?!»

yasina

21 Oct, 16:59


https://t.me/qaryndasqanasikhat

https://t.me/bauyrganasikhat

Бауырларымыздың жобасы екен қолдап жіберейік)

yasina

21 Oct, 05:03


Алла қаласа ұстаздың миссиясы орындалған соң, бүкіл шәкірттерінің жиған-терген жазбаларын біріктіріп, "Абдухалық ұстаз және оның насихаттары" деген кітап жазып шығамыз ау😄

yasina

19 Oct, 04:12


"Адам біреуді жақсы көрсе, оны көре бергісі келеді. Дәл солай Құранмен...
Құранды сондай қатты жақсы көріп, адамның бірде бір күні Құрансыз өтпеу керек"

- Абдухалық Ұстаз

yasina

19 Oct, 03:56


Кешегі түрік имам ағамызбен әңгімелесіп отқанымда, екі қызының қари екендігін айтты. Сөйтіп, қызық болғандықтан “қалай қари қылдыңыз?” деп сұрадым. Сол кезде ағамыздың жауабы:
- Аналары ғой. Әрқашан қадағалап тұратын еді. Әр сүре жаттап бітсе, сыйлық беремін деп қызықтырып жүрді. Әйелім маған “сен неге тырыспайсың?” деп кейде бір тиісіп қоятын. Бірақ, қызым маған “ауырып тұрмын” деп келсе, мен “ұйықтай ғой” деп айта саламын ғой. Аналары болса, “тұр” деп қаталдық танытады. Мен - мейірім болсам, аналары - азап.

Салиқалы кісілермен сөйлесіп, танысу да үлкен берекет бар. Сөзсіз, даналықтың арнайы жиналған жері жоқ. Нағыз мұсылман адам оны қай жерде тапса да, сол жерден оны өз жүрегіне құйып алады.

Ана - адамның алғашқы мектебі.

yasina

18 Oct, 16:42


Перғауынның сарайынан Асия шықты, Қағбаны тауаф жасайтын бұл үмметтің қыздарынан неге ғалым әйелдер шықпайды

Нуруиддин Илдиз(Хафизаһуллаһ)

yasina

18 Oct, 06:49


Құран жолында жүрген шәкірттер Құран жаттағысы келмей, Құраннан алыстап жатса ұстаздардың бірінші насихаты истиғфар айтып, тәубе етіңіз болады. Себебі күнә адамды Құраннан алыстатады. Айлап, апталап, күндеп Құранды ашпайтын жүректер не болды?!

yasina

18 Oct, 06:47


Жүрегі Қүранға байланған адамның бір күн болсын Құранды тастауы мүмкін емес…

yasina

17 Oct, 17:19


Мына кітапты көріп қуанып кеттім, қазақша осындай еңбектердің шығу қандай керемет, альхамдулиллаһ🤍

yasina

17 Oct, 16:54


«Просить помощи полезно и для нас, и для них. Мужчина становится сильнее и увереннее, когда постоянно спасает любимую. А женщина становится счастливее и спокойнее, когда знает, что ее спасут в любом случае»

📖кітаптан

yasina

17 Oct, 10:07


Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?

Абай атамыз (Алла оны рақымына бөлесін)

yasina

16 Oct, 19:27


رَبَّنَا وَءَاتِنَا مَا وَعَدتَّنَا عَلَىٰ رُسُلِكَ وَلَا تُخْزِنَا يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ ۗ إِنَّكَ لَا تُخْلِفُ ٱلْمِيعَادَ

«Уа, Раббымыз! Бізге пайғамбарларың арқылы уәде етіп, беремін деген сый-сияпатыңды нәсіп еткейсің! Сондай-ақ қиямет күні бізді жерге қарата көрме! Шүбәсіз, Сен уәдеңнен әсте таймайсың», – деп жалбарынады.

(«Әли Имран» сүресі 3:194)

Әмин я Роббии

yasina

16 Oct, 19:24


Алланы таныған адам Құранға құрметпен қарағанындай, Алла елшісін ﷺ таныған адам хадиске құрметпен қарайды.

yasina

16 Oct, 18:50


Адамның жүрегі не нәрсеге дертті болса, ол адам соған жетпей қоймайды…

Дертіміз Құран, ілім болуын жазсын…

yasina

16 Oct, 16:44


Көз жасы әртүрлі болады. Оның ең шынайыларының бірі – қанша тырысып оқысаң да, дәрісті түсінбегендіктен жастың ағуы. Бұндай жағдай – шынайы білім ізденушіде кейде болып тұрады.

Өзі секілді шәкірттер дәрісті тез ұғып жатқанда, қабілеті сәл төмен шәкірттің көңілі түседі. Бірақ, бұл – білімді тастап, артқа шегінуге себеп емес.

Көз жасың ақса, ақсын! Бірақ, Алланың алдында ғана! Одан жәрдем тілеп, оңаша қалғанда жылап, зейінімді аша гөр деп тіле! Ұстазға, жолдастарыңа оны көрсетпе.

Жер бетінде сен секілді қанша тырысса да, жетістікке жете алмай жатқан жандар бар. Олардың көбісі орта жолда қалса, ең азы мәреге дейін жетті.

Сен азынан бол, азиз боласың!

yasina

14 Oct, 21:27


Тамақтансаңыз біреудің көзі түспейтіндей, асыңыздың иісі жетпейтіндей жасырын жерде тамақтаныңыз. Аш адамның көзі түскен аста береке болмайды.
Хадисте “көршілеріңді тамақтарыңның иісімен мазаламаңдар” делінеді. Бұның ішіне әлеуметтік желіге ішіп жеуімізді салу да кіретінін ұмытпайық.
Ғалымдар еш уақытта базар сияқты ашық жердерде тамақтанбайтын, ол жақтағы міскендердің асқа көздерінің түсуі зейіннің төмендеуіне әкеліп соғады. Әрі ілім талап етушілерге де соны насихат етеді.
#адаб

yasina

14 Oct, 19:52


Адамды таныған адамға ренжімейді…

yasina

14 Oct, 09:08


СубханАллаһ, неткен әдемі дауыс🤍

yasina

13 Oct, 18:17


https://youtu.be/iqiGYX_WoyI?si=y_p98UXMytmRiqUn

Бауырлар міндетті түрде көріп шықсаңыздар👍🏻