қыр баласы @qyrbalasyy Channel on Telegram

қыр баласы

@qyrbalasyy


Қыр баласы тауға қарап өспейді,
Қыр баласы қол созады аспанға.

қыр баласы (Kazakh)

Қыр баласы - бұл таң алғашқы дегенмен сіздерге орынбасарлық ететін Telegram каналы. Бұл каналдағы мазмұнымен сіз тау туралы жаңа білім аласыз. Қыр баласы арқасында аппараттық туралы ақпараттар, сұрақтарға жауаптар және жаңа хабарламалар бар. Осы канал арқылы тау бойынша танымал болуға болады, қайта сәлеметсіздер. Қыр баласы каналында болушылармен байланыс мүмкіндігі сондай-ақ дамуы жақсырады. Сіз де қосылыңыз және тау туралы жаңа мәліметтер алатын боласыз.

қыр баласы

15 Feb, 06:42


Бір өзі: трейдинг, 12-24 айға несие алып беру, аз пайызбен бөліп төлеу, қолме қол ақшаға айналдыру, шотты бұғаттаудан шығару, ватсапқа жауап беру арқылы ақша табу, клиент тарту, су тазартатын фильтр сату, 200 электронды кітап сату, мобилография курсын сату, болашағыңды болжау, тапсырысқа торт пісіру, баланың жынысын анықтау, адам шақыру арқылы табыс табуды үйрететін СООООНДАЙ универсал таныстарым бар. Сонша кәсіпті бір басына алып жүрген жан-жақтылықтарына таңғалам…

қыр баласы

14 Feb, 04:43


Ешқандай датаны күтпей-ақ таза болуға; ешқандай мейрамсыз-ақ жақсы жүруге; ешқандай күнді белгілемей-ақ денсаулықты ойлап, асқазанды аспен нығамауды үйренуге; ешқандай себепсіз, мерекесіз қуантуға; ешкімге көрсетпей бақытты болуға болмай ма?

қыр баласы

13 Feb, 13:55


Ертең кітап сыйлау күні. Қандай жоспарларың бар?

қыр баласы

13 Feb, 06:10


Иман деген адамгершілік деген сөз.
***

Бірақ карта бояуы сары. Халықтың сары уайымы мен ащы запыраны шығар.
***

“Атың барда - жер таны желіп жүріп, асың барда - ел таны беріп жүріп”
***

Адамның жетер жері - жетпіс- сексен,
Содан кейін боларсың жермен-жексен…
***

Адам байғұстың өмірі тым кірпияз, адам шінжәу. Оның өміріне туа сала тоқсан тоғыз бәле төнеді. Тірлікке келуің бір-ақ рет, ал өле салудың жолдары сан тарау.
***

“Табалдырықтан биік тау жоқ, ағайыннан артық жау жоқ”
***

“Сүймей алған сұлудан, сүйіп алған сумұрын артық”
***

Жаманның айтқаны келмейді, сандырағы келеді.
***

Адам баласы аң-құстың тілін түсінсе, дүние дидары әлдеқайда ажарлана түсер еді. Адамның тілін адам түсініп болмаған бұл ғаламның қасіретіне қарай, адамды аң мен құстың тілін білуге жазбаған.
***

Әлемнің бүтіндігі сырттай ғана. Ал ішіне үңілсең, кілең кетіктен тұрады. Көңілі бүтін біреу жоқ.
***

Мына біз ғой бір күндік өмірде мың күндік күнәға батып жүрген. Біздің күнәмізді тазалауға дарияның су да жетпейді.
***

-Жазып алмай, табанда қиыстырып айта береді, ә.
-Бұл біздің қазақ ақындарының ерекшелігі. Мына Медеу ақын бұрын өткен нағыз жайсаң ақындардың соңы ғой. Бұлардың бақыты - табиғи таланты, соры - сауатсыздығы.
***

Робеспьер суреті қаһарлана қарап тұр. Робеспьерді жаулары қатігез, қатал, тасжүрек деп кінәлады-ау, ал ол сүйген қызын көргенде дүниедегі нәзік адам болған.
***

Ірілік пен бірлік жоқ жерде - ұсақсың. Ал ұсақты әркім ұрып кете береді.
***

Өткенді ұмытсаң, келешек сені де ұмытады.
***

“Түркістан” деген ұғым бізге отаршылдықпен бірге келген.
***

“Қызыл жебе, 3-ші том”, Шерхан Мұртаза.

Бұл бөлімде түртіп алатын сөздерден гөрі, ерекше үңіліп, мұқият мән беріп, ара-тұра шыбын жаныңды шырылдатып оқитын тұсы көп екен. Ғажап!!!

қыр баласы

12 Feb, 05:05


https://vm.tiktok.com/ZMkGqx2Tv/

P.S.: Мені Сая мәжбүрледі

қыр баласы

11 Feb, 15:22


“ҰБТ-ға дайындаймын, грантқа түсірем” деп 9-шы сынып оқушысы айтып тұрғандай болады екен.

қыр баласы

11 Feb, 15:20


Осы біздегі магистратураға дайындайтын орталықтарда бакалавриат бітірмеген студенттер жұмыс істей ме, қалай? Жарнамаларда өңкей өңі таныс адамдар жүреді. “Қалай-қалай боп кетті?” деп қоям кейде…

қыр баласы

08 Feb, 08:05


Қыз “ойланам”, “көреміз” десе келісті деп есептей беріңдер.

қыр баласы

06 Feb, 16:03


“Мен хотя бы…” дейтін тренд “менің папам хотя бы өліп қалған жоқ”, “мен хотя бы сен құсап папасыз өспедім” деген жерге дейін кетіп қапты. Саудың тамағын ішіп, аурудың ісін істейсіңдер дейтін қазақ тілі мұғаліміме баяғыда ренжуші ем, қазір түсінем сол кісіні.

қыр баласы

28 Jan, 14:20


2025 жыл, 28 қаңтар, сағат 19:20, жаттығу кезіндегі менің басыма келіп тұрған жалғыз ой: “Осы неге қызың пісіріп берген тамақ сонша дәмді болады екен…?”

қыр баласы

27 Jan, 14:45


Кездесу бұйырған тағдырға, қоштасу бұйырмай қалса екен…

қыр баласы

27 Jan, 03:55


Таңертең апыл-ғұпыл жиналсаң 2 сағат та түкке жетпейді. Асықпай реттелсең 15 минутта-ақ бар шаруаң бітеді. Онысы несі, ей!?

қыр баласы

15 Jan, 19:19


***ЖАЛҒАСЫ***
Біз жақсы, біз иманды дейсіңдер де, қолдарыңнан кеп тұрса көпе-көрнеу қоныштан басып, кісінің ақысын жеуден қорықпайсыңдар! Біз жақсы, біз иманды дейсіңдер де, күнәға жоламайын деп емес, күнігі жасайтын күнәларым кешірілсін деп Құдайға өтірік жалбарынып, тоңқайып жатасыңдар. Біз жақсы, біз иманды дейсіңдер де, көз жоқта адам зорлап, қорлап, ақырында өлтіріп, тісін қағып, сүйегін қайнатып жеуге даярсыңдар! Фу, тозақта ондай қорлық жоқ! Біз жақсы, біз иманды дейсіңдер де, біреу жазықсыз сотталып, біреу ақ пен ар жолында қамалып, басы дауға, тәні айдауға кетіп жатқанда улап-шуламай, ауыз ашпай, түк көрмегендей бұғып отыра бересіңдер! Обалы сендерге! Біз жақсы, біз иманды дейсіңдер де, оқып-тоқыған, көзі-ашық, есті, мәдениетті адамдардан үркіп, жақтырмай, сыртынан күліп, менсінбейсіңдер, ал не өзіне, не өзгеге пайдасы жоқ, аузынан үріп аларға жөнді сөз шықпайтын, қымбат боп көрініп арзан, сайқымазақ жерлерде жүретін, елді алдап-сулап, бірі арзан күлкіге, бірі мән-мағынасыз әнге, бірі өзінің керемет өміріне жұртты еліртіп, содан қалтасын қампайтып жүрген бос кеуделер мен түкке тұрғысыз болмыстарға таңданасыңдар, таңдай қағасыңдар, еліктейсіңдер, сыйлайсыңдар! Біз жақсы, біз иманды дейсіңдер де, астыңа мал мен тақ бітсе әлсіз біреуді тұқыртып қалуды, жұмсап қалуды, міндеттеп қалуды; алдарыңа оқуға бала келсе анаған бірдеңе үйреткеннен гөрі, ақшасын алып, тезірек үйіне қайтаруды; сақшы болсаңдар әркімді тергеп, тексеріп, жағасынан алып, жанын жеп қанап қалуды; той тойласаңдар шашылсаң шашыл, алты ұрпағыңа дейін қарызға белшеңнен батсаң бат, бірақ басқадан асып кетуді; қолдарыңа дәулет бітсе жетім-жесір, жоқ-жұтаңды жарылқап, байлығыңнан бір уыс бөліп беруді емес, тұмшаланған үстіне тұмшаланып, дүниемен, кебінмен бәсекелесіп, бір жарымаған-жарым әулетті асырайтын ақшаға бір биәлай алып киюді дұрыс санайсыңдар! Сондайсыңдар! Сөйтесіңдер де осынау нәубәт пен арсыздықтың біріне жол бермейтін, еңбегі адал, кәсібі түзу, көңілі кең, пейілі ақ, жүрегі тыныш, ешкімде қарызы жоқ, ешкімнің ала жібінен аттап, жолын кеспеген сендер айтпақшы “кәпірлерді” имансыз, адасқан, Құдайсыз дейсіңдер! Қайда сонда сендердің Құдайға бас ұрып жарытқандарың? Адам алалап, өздеріңнен жаратылысында титтей де айырмашылығы жоқ, тек діні, ділі, тілі, түрі, танымы өзге пенделерге күйе жағу ма сендердің имандылықтарың? Оларды былай қойғанда өз іштеріңде қырық пышақ боп, біреуі ары тартып, біреуің бері тартып, біреуің ұлықпын, біреуің кішікпін, бірің қол жаям, бірің қол жаймам, бірің еңкейем, бірің шалқаям деп бөлінесіңдер де жатасыңдар! Қайда қалды сондайда адамшылық танытып, түсінісіп, мұсылман боп сыйласып, бірлесіп, бір игілікке, бір бағытқа, бір шаңыраққа жиналғандарың? Қайда? Кім үндеп жүр? Ешқайсың жоқ! Сөйткен сендердей жалған имандылармен ергенше, имансыз десеңдер де өзімен-өзі жүрген анау екінші топтың соңына ерейін. Сонда әлдеқайда жайлы, тыныш.

Айтсам таусылмайды. Әттең, мен айтты екен деп көне салсаңдар ғой, мойындасаңдар ғой. Қайдам, біз сендер үшін әрқашан өтірікші, айлақор, арамза, адастырушы, азғырушы боп қала береміз. Шындығы сол. Сендер үнемі сүттен ақ, судан тазасыңдар. Міне, осы ой жанымды жегідей жеп, мазамды алады. Түнде ұйқы бермейді, күндіз күлкіден айырады. Сендер, сендер кінәлі…

Деді де бөтелкелесім әрі қарай көз жасын көл қыла жөнелді. Сөйлеуге шамасы да, зауқы да болмады. “Ішкендер не демейді” дедім де қойдым. Іштей менің де өзегім өртеніп, жүрегім ауырып кетті. Ананы аяғаннан ба, айтқанының шын-өтірігін ойлағаннан ба, біле алмадым…

*қыр баласы

қыр баласы

15 Jan, 19:18


Анау жолғы жүректі тебірентіп, жанды толғатар шүйіркелесуден соң Сайтанмен бірге отырып тағы да іштім. Бұл жолы ол қаттырақ қызып қалды да, айтқанына зер салып отырайын, есімде қалсын деп мен азырақ ұрттап отырдым. Өзі бет-ауызы қып-қызыл, едірейген бәлекет ішімдікке сылқия мас болған соң одан әрі ұсқынсыз, қорқынышты бола түсті, кәпір… Шошисың, бірақ айтқандарын тыңдап отырып байғұстан бір елі ажырағың келмейді. Бүй деп бастады шер толы сөзін:

-Сендер, бейшара адамдар, пәленше сақаба, түгенше әулие, осындай пайғамбарды түсімде көрсем, разылығын алсам, жәннәтта жанына барсам деп күн-түні дұға тілеп, салауат айтып, алғыс жаудырып, керек десе бүкіл өмірлеріңді сарп ете салудан тайынбайсыңдар! Әйтеуір “біздің осылай жүргеніміз солардың арқасы” деп жоқты мақтап, мәзсіңдер! Ал қолы тілім, жүзі әжім, жүрегі дерт, жаны жара, көңілі күпті, табаны тозған, реңі қашып, шашы ағарған тірі пенде, көз алдардыңа жүрген әке-шешелеріңе “мені тапқаныңыз үшін, асырап-баққаныңыз үшін, жоқтан бар жасап, мен үшін тырысып, біреуің асқар тау болғанда, біреуің бұлағым боп, шөлімді басып, шаршауымды сейілтіп, әлі күнге дейін қолымнан боқ та келмейтін сүмелек болсам да сөкпей, жазғырмай, айыптамай, шыдап келе жатқандарың үшін, төзімдерің үшін, көрген бейнеттерің үшін, төккен терлерің мен еткен еңбектерің үшін мың да бір рақмет! Мен сендерді осы өмірде бәрінен артық жақсы көретінімді біле жүріңдер!” дей аласыңдар ма? Айтуға батылдарың, дәттерің, анау өтірік имандарың жете ме? Ондай ерік-жігер жоқ сендерде! Обалдарына болайын, сөйтіп бір ауыз айтсаңдар бүкіл қайғы-мұңнан бір-ақ сәтте айығып, енді алаңсыз өле берсем де болады дейтін еді екеуі. Өкінішті-ақ, өйте алмайсыңдар! Сендердің пір тұтатындарың басқа… ана екі бейкүнә бейбақ сендерді разы қыламыз деп жүргенде бір күні сүйегі қурап, тәні оралып қалады бір қуыста. Деді де, әрі қарай жалғады:

-Бұл ештеңе емес. Жаным ашып, қапаланғаннан айтам. Маған келіп-кетер түгі жоқ. Ең сорақысы ай-күннің аманында сөздің басын маған қарай бұратындарың ғой. Сол батады жаныма. Ол кезде тіпті тыпыршып, тыныш тұра алмай кетем. Жайымда жатқанда құлағымды дуылдатасыңдар келіп, өңкей далбасалаған немесіңдер! Сендер, өздерін имандымыз деп атайтындар, мұсылманмын деп кеудесін керетіндер: жаман біреуді көре қалсаңдар, болмаса сендер істегенді істемей, ішкенді ішпей, жегенді жемей, айтқанды айтпайтындарды байқасаңдар “ойбай, аты жаманның соңына ерген, аты жаманның әскерлері” деп бастайсыңдар! Мен бе аты жаман? Жаманнан садаға кеткірлер, НАҒЫЗ ЖАМАН ӨЗДЕРІҢ! (Шәкең осы тұста ерекше ашуланып кетті)

***ЖАЛҒАСТЫ ТӨМЕНДЕ***

қыр баласы

15 Jan, 18:08


Туған күніңе алған сыйлығыңмен бөліс, ішіп-жегеніңді көрсет, қайда барғаныңды да жарияла, жарайды, бірақ кімнің қалай құттықтап, не тілек айтып, қайтіп мақтағанын не істейді жұрт? Анау басындағылардың да түкке керегі жоқ шындығында. Құдай-ай, недеген қараң қалғыр адамдар…

қыр баласы

10 Jan, 20:19


Біреудің үйі өртеніп жатса, біреу барып дереу сол өрттің отына қойдың басын үйітіп жатыр дейді.
***

Уайым-қайғы - үлкендердің үлесі. Уайым-қайғы нәрестенің балғын жүрегін шалмасын. Шалды болды, ол нәресте нәрінен айырылып, ересектің есесін арқалап, ерте бастан азап шегеді.
***

Нәрестенің қанын төгу періштенің қанын шашумен бірдей екенін, оның жазығы бүкіл қандықол әулетінің үрім-бұтағына қарғыс таңбасын қушық маңдайдарына қызған темірмен ғұмыр бойы кетпестей қып басып қоятынын сезбейді сорлылар.
***

Содан соң қой бағып, бұзау бағып, анадан қанша асыл тусаң да, білімсіз болсаң топастау тор шолақтың санатында салпақтап ғұмыр кешесің. Білім жоқ жерде қиял - қысыр, арман - ада.
***

Дүние дүние болғалы бері адамның алға аттаған адымы ұдайы кедергі көріп келеді. Адам баласының бүкіл өмірі - кедергіден аттап өту. Адымың ұзарып, алдағы асуды ала берсең, адымы қысқа, асу аса алмас басқа біреу қызғана бастайды. Шалғайыңнан алып, аяғыңнан шалғысы келіп тұрады.
***

Орыстың Ломоносов деген асқан ғалымы өткен. Кедейден шыққан. Немістің бір менмен проффесоры бірде Ломоносовқа дәл сен құсап қолын шошайтып күліпті. Ломоносов:
-Неге күлесіз? - дегенде әлгі неміс:
-Шынтағыңыз жеңіңізден жылтыңдап қарайды, - депті.
-Жоқ, шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды, - деген екен Ломоносов.
***

Ашу үстіндегі әрекет әрқашан әбес.
***

Жалақор адамның жамандығы бықсыған көмір секілді: күйдірмесе де, күйе жұқтырады.
***

Құдай да, патша да, ұлық та, болыс та талақ тастаған осы бейбақ ауылды кем тұтпай, қоңсы тұтқан қарлығаштар ғана сияқты.
***

Бір жолы мен сияқты бір қазақ осы жайма базарды жағалап жүріп бір ақ дәрі көріп, сатушыдан:
-Мынау не? - деп сұрапты.
-Бүрге өлтіретін дәрі, - депті әлгі.
-Е, жақсы болды ғой, маған сатшы, - депті қазақ. Енді келесі бір аптада әлгі қазақ жайма базардан ақ дәрінің иесін тауып алып:
-Әй, сарт! Алдағаның не? Дәрің бүрге өлтірмейді екен. Ақшамды қайыр! - дейді. Сатушы саспастан:
-Сен оны қалай бердің бүргеге? - дейді.
-Қалай беруші еді? Текеметке сеуіп тастадым.
-Е, бекер болған. Бүргелерді жеке-жеке ұстап әкеліп дәріні иіскету керек еді де, - депті сатушы саспастан…
***

Киргиз - оқымаған қараңғы халық. Оқыған сен сияқты - мыңнан біреу. Ал қараңғы халық қашан да көнбіс. Бұл халық сауаты ашылып, цивилизацияға жету үшін әлі жүз жыл, жоқ, әлденеше жүз жыл керек.
***

“Қазақ, қазақ” деп тек ұлтыңның туын көтерер болсаң, қыңыр кетесің. Мүдде - тек бір ұлттың құлы болуда емес, адамның, адамзаттың ұлы бол. Қазақтың кедейі көрген қорлықты, орыстың кедейі көрмей жүр ме екен? Жеке-жарым бөлініп алып, ешбір ұлт береке таппайды.
***

Бірақ пейіштің өзінде де өтірік-өсек, қызғаныш пен қастандық, жауыздық пен қараулық бағзы заманда, адамзаттың боз ала таңында бой көрсетсе, бүгінгі пенделерге не жорық. Әйтпесе Адам ата мен Хауа анадан туған Қабыл өз інісі Абылды қызғаныш қырсығынан таспен ұрып өлтірер ме еді? Жауыздықтың төркіні пейіштің төрінен шыққан.
***

-Кто рано встает, тому бог дает.
***

Жапқан көзден бастап көрген-білгенін айтқан кезде - о дүниеліктердің бәрі-бәрі Тәңірінің өзі бастап, күллі періштелер, әзірейіл, жәбірейілдер селт етпестен ұйып тыңдап, үнсіз тебіреніп, күйзеліп, күңіреніп кетті.
***

“Қызыл жебе, 2-ші том”, Шерхан Мұртаза.

Бұл кітаппен күн батырып, таң атыруға болады. Оқыңдар!

қыр баласы

10 Jan, 05:29


Мұхтар Мағауин өмірден өтті…💔

қыр баласы

09 Jan, 14:08


Ақталма, айналайын..! Сүйген екенсің, сенген екенсің, серт беріп, серігім деп, таңдап, тапқан екенсің, ешкімнің алдында ештеңе деп ақталушы болма. Жұбыңның жақсы, талғамыңның дұрыс болғандығын тірі жанға дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Біреу түсінсе, білсе, көрсе, ұқса екен деп тырыспа, тыраштанба. Оның бекершілік. Араларыңдағы сезім сәулесін өзгенің жанарына түсіріп, көзі жетсе деп әуреленбе. Асыра мақтама, жасырып, жаппа. Саған ұнағанды басқалар әсте сендей ұнатпайды. Сендік сезім, сендік түйсік, сендік сана, сендік махаббат саған ғана тән, өзіңе ғана керек. Кемшілік іздеуге құмар қауымнан қорқып, кіршіксіз көңілдеріңді кірлетіп алма. Бар болмысын, таза қалпын, әу бастағы кейпін сүй: өзгертпе, өзгерме, ұялма, арланба, қашпа. Ақталма!

қыр баласы

09 Jan, 11:21


Жерден бір шіркек жапырақ көтерсе де сол үшін бес метрлік баннер жасатып, қырық күрек, алпыс қолғап, жүз баклашка су, мың жоңғар келіп, оны “ЭКОАКЦИЯ” деп атап, телеарна шақыратындары несі, ей!? Ұқпайсың.

қыр баласы

06 Jan, 19:08


“Қызыл жебеден” бас көтере алар емеспін. Үшінші күн қатарынан түнімді арнап отырмын. Тауып алып, сатып алып, оқып көріңдерші.

қыр баласы

05 Jan, 08:00


Тұрардың суретке тесіле қарап қалғанын көптен байқап тұрған Приходько:
-Иисус Христос. Құдіретті Құдай, - деді.
“Құдайдың өзі осындай қорлыққа ұшыраса, өзге жұрт не болмақ? Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде - деген осы да”.
***

Тек собордан шыға келгенде , табалдырықтан бастап, қақпаға дейін тізіліп тұрған қайыршылар ғана оған телміре қол созып, бастарын иіп, әдеттен айнымай тұр… Құдайдың өз үйінде мұншама қайыршылық болар деп кім ойлаған?!
***

Нәпсі сезім жеңгенде, ақыл адасады.
***

Дүние шіркін - дүлей мұхит. Адамды туа салысымен сол мұхитқа лақтырып жібереді. Батып кетпейін десең, тырбануың керек.
***

Кейде осылай, өз туысқаныңнан, қарындасыңнан көрмеген қайырымды, қаны басқа, діні бөлек орыстың мұжығынан көресің.
***

Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді деген осы.
***

Имамның қанжығасында әлгі кілем ғана емес, Саймасайдың небір асыл киімдері де кетер. Болыстың сүйегін жууға түскендер оның киім-кешегін бөліп алды. Сүйекке түсуге таласып қалғандар да бар. Тіпті жаңа ғана өлікті көрге саларда дененің белінен, аяғынан, басынан сүйемелдеп түсірген бұжыр орамалдың өзіне сүйекшілер таласып қалды. Тірілердің тіршілігі - сол.
***

Әкесінің мейірімі түсіп еміренген кездері аз болатын. Маңдайынан сипауы сирек. Бірақ адамда айтылмай сезілетін махаббат болар.
***

Ішінен тынғанның ызасы алманың өзегіне түскен құрт сияқты. Сыртың бүтін, ішің түтін.
***

Тіршілікте ешкімнен ықпаған ерлер өлімнен ғана өкінішпен жеңіледі.
***

О дүниенің үні бұ дүниеге жүз жылда да, мың жылда да жеткен емес.
***

Үмітіңді үзбе, адамның үміті үзілгені - үні өшкені.
***

“Қызыл жебе, 1-ші том”, Шерхан Мұртаза.

Көзіңнің жасын сығып тұрып оқитын кітап екен.

қыр баласы

02 Jan, 16:19


Көруге тұрарлық, қызық фильм болса тез-тез пікірге қалдырамыз.

қыр баласы

27 Dec, 18:47


Корпоратив қалай болды? Не болды? Қайда болды?

қыр баласы

27 Dec, 18:47


Желтоқсан айы
Корпоратив айы

қыр баласы

25 Dec, 10:53


Появилось еще одно видео крушения самолета

Внимание! На видео присутствует ненормативная лексика!

қыр баласы

18 Dec, 13:33


-2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 166,7 млрд АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

-Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, бүгінде кредитін уақытылы төлемегендердің қарызы 1 трлн 800 млрд теңгеден асқан. Оның 1 трлн-ы 3 айдан бері өтелмеген берешек. Жалпы қазір еліміз бойынша 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар. Олардың банк алдындағы қарызы 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады.
Айя Мүтәлі

қыр баласы

17 Dec, 06:10


Ал, байқап жүріңдер!!!

https://baq.kz/mugalimdi-balagattap-qoqys-qaldyru-2025-zhyly-ayyppul-qansha-tengege-osedi-200003161/

қыр баласы

16 Dec, 15:57


Құлдар азаттық, тәуелсіздік, егемендік деген сөздерді қайталай береді.

қыр баласы

15 Dec, 17:56


Біздегі Тәуелсіздік күні деген - мектеп оқушылары мен студенттерге ақ жейде кигізіп, кей тұсын қызылға бояп, Қайрат Рысқұлбековтың “атам десең атыңдар” деп бітетін өлеңін оқыту ғана. Басқа ештеңе көрмеппін.

қыр баласы

13 Dec, 05:30


Суықта дірдектеп барған жанкүйерге обал. Көпті күтетін көңілдерге обал. Сәт санап сөне беретін үміттерге обал. Елдің аузынан жырып алатын ақшаларға обал.

Әйтпесе Астана бола ма, ұлттық құрама бола ма, футбол бола ма, маған десе күл болмаса бүл болсын, әкессс!

қыр баласы

12 Dec, 18:29


https://vm.tiktok.com/ZMkNnnd5B/

Алматылықтар, бөлісіп қойыңдар✌🏻

қыр баласы

11 Dec, 19:25


Орайлы сәтті пайдаланып туысқандар, класстастар, группаластар, көршілер, ауылдастар деген WhatsApp-тағы топтардан шығып алыңдар. Кейін “қуып кетті” дей саласыңдар.

қыр баласы

11 Dec, 18:09


-Еліміз өркендей берсін, әумин!🤲🏻

қыр баласы

09 Dec, 15:15


Астана❄️
Сендерде қалай?

қыр баласы

09 Dec, 15:12


Жылы жаққа көшейікші.

қыр баласы

09 Dec, 10:53


Есі дұрыс адам, мейлі өзін-өзі өлтіргені үшін есі дұрыс емес делік, қандай жағдайда да алдын ала біреуге өлімін хабарламайтын секілді. Таңғаласың. Түсінбейсің. Бәрі анық сияқты, бірақ түсінбейсің.

қыр баласы

06 Dec, 07:39


Астанада кроссовер көбейіп кеткен.

қыр баласы

17 Nov, 17:46


Инстаграмда 100-ден сәл асатын оқырманым бар және жабық тұр. Мына статистикаға қарасам әрқайсы 1 айда 400 рет парақшамды көріп шықпаса ұйқылары қанбайтын сияқты.

қыр баласы

17 Nov, 17:39


Құлқынның құлы болғандардан қорқам. Ондайлар дүние мен мал, кәсіп пен атақ үшін бәрін сатып жібереді. Өзін сатады, сөзін сатады, жақсылығын сатады, бағытын, ұстанымын, мұратын, сенімін сатады, ар мен адамгершілігін сатады. Уәделері жерленеді, қағидалары құлдырайды, көзін шел, көңілін кір басады. Ең өкініштісі азабы өзіне ғана тимейді.

қыр баласы

16 Nov, 18:26


Жанарыңда сенің,
Жатыр екен менің
ТАҒДЫРЫМ!

қыр баласы

14 Nov, 16:23


Иә, болмаса қымбат бір шампанское де жетеді. “Онда ол менен” дейтіндер болса мархаббат, жазыңдар, бірге ішейік. Десең, иә…

қыр баласы

14 Nov, 16:11


Туған күнім жақындаған сайын жақындарым тек кітап сыйласа екен деймін. Биыл алғым кілетін көркем әдебиет туындыларының тізімі міне:

1. Норвег орманы, Харуки Мураками
2. Өлгендер қайтып келмейді, Бердібек Соқпақпаев
3. Ботагөз, Сәбит Мұқанов
4. Жабайы алма, Сайын Мұратбеков
5. Ұлпан, Ғабит Мүсірепов
6. Граф Монте-Кристо, Александр Дюма
7. Қызыл жебе, Шерхан Мұртаза
8. Нілдегі өлім, Агата Кристи
9. Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет, Шыңғыс Айтматов
10. Абай жолы, Мұхтар Әуезов
11. Жазмыш, Қадыр Мырза Әлі
12. Алхимик, Пауло Коэльо
13. Алжернонға арналған гүл, Дэниел Киз
14. Өмірден мән іздеген жан, Виктор Франкл
15. Шерлок Холмстың басынан кешкендері, Артур Конан Дойл

Тура 20 күн қалыпты❤️

қыр баласы

12 Nov, 13:23


Мына жақты 100 жүрекке жеткізе салсаңдаршы❤️

Сүйкімді боп тұрсын.

қыр баласы

11 Nov, 18:57


Бөлісейінші❤️

Әдемі ғұмыр кеш, күнім!🤍

қыр баласы

09 Nov, 16:09


💔

қыр баласы

08 Nov, 18:59


Одан соң қайда кірсе де кіреберісте жатқан кілемшеге аяқ киімін сүртіп жүретін адамдар мен үшін кез келген әулие-әмбие, ғалым-ғұлама, данышпан-данадан биік тұрады.

қыр баласы

08 Nov, 18:54


Таксиге мінетін әрбір жолаушының аяғын қағып кіретініне, шыққанда есікті қатты жаппасына мұқият қарап отырам. Жалпы біреудің дүние-мүлкіне немқұрайлы қарайтын, жаны ашымайтын адам өзін жарылқап жарытпайды. Далпылдаған қалпы салпылдап жүре береді. Сондай салпылдақтарды арқаларыңа көтеріп, солардың құң-күңі боп, алды-артын жинап жүруден сақтасын!

қыр баласы

08 Nov, 14:41


Өзіне шектен тыс ғашық, ақылы сәл аздау, өзінен өзгені адам көрмейтіндерді мектептің маңайына да жолатпау қажет. Олар оқушыға сабақ беріп жарытпайды.

қыр баласы

06 Nov, 14:38


Жүзім мен дубай шоколадты жегенін жұрт жарыса жариялағанда 30 жылда жеттік дегендеріміздің түкке тұрғысыз екенін еріксіз мойындайсың.

қыр баласы

06 Nov, 14:01


“Маған тұрмысқа шығу керек үйге асығу үшін” дейді әріптесім.

қыр баласы

06 Nov, 06:03


Өзім де рахаттанып қалдым. Осындайларды жиі жазып тұрармын.

қыр баласы

06 Nov, 06:00


М. ханымның күн санап жүргеніне көп болды. Ай бұрын министрлікте жұмыс табылып, сонда шақырған. Ертең журналистикаға қадам басқан солтүстік өңірдегі жайлы жұмысын тастап, елордаға жаңа қызметке ауыспақ. Күні ертең. Күн санап, күтіп жүргені де сол.

Бүгін М. ханым үшін соңғы түсірілімге шығатын күн. Әдеттегідей әкімдіктің тапсырмасы, әкімнің есебі, бәлки өсегі деген жөн бе, әйтеуір аты дардай, заты нандай жиын. Ондай жерге телеарна шақырмаса қайдан болады, жергілікті телевидениеге “кел” деді, ондағы басшылық кетер күні таяған тәжірибелі журналиске қолының құдіреті бар орыс операторды қосақтады да, жіберді.

Кезекті жиналыс басталды. Әкім әр нәрсенің басын бір шалды, бір шалғанда да мың шалды. Түрегеп тұрып сөзін ағыза кетті, жалған сандардың майын тамыза кетті. Қасындағы бірнеше көмекшілері жалығып отырды, жайлы үй, жылы төсекті сағынып отырды, “бітпеді ғой” деп қағынып отырды. Маужырап отырды, қалжырап отырды, тіпті телефон шұқып, бастары төмен салбырап отырды.

Әкім біраз нәрсе айтты. Естісі де бар, ес-ақылға сыймайтыны да бар, жиылған халық ұға алғанынша ұқты. Оператор камерасын құшақтап журналистің айтуымен шенділерді алдынан бір, артынан бір, жанынан бір, астынан бір, төбесінен бір түсірді. 30-40 кадр бар, жетеді, екеуі келген ізбен кері қайтты. Кешкі эфирге әупірімдеп үлгерді: жылдам монтаж, жылдам жаңалық, бәрі жылдам.

Күн бітті, түн болды. Ел шырт ұйқыда. Сағат мүмкін 2, мүмкін 3, тіпті 4 болған немесе ерте шығар. Әйтеуір түн.

Құлақ жарар тарсылдан көк көзді оператор атып оянды. Үйінің есігін құлатып кетердей дүңкілдетіп, дүрсілдетіп жатыр біреу. Ұйқылы-ояу барды, ашты, қарады: қос полицей, бір редактор, бір арна бастығының орынбасары. Түрлері айға кетіп қалған.

-Что произошло? На час смотрели? Что надо?
-Что надо? Ты гонишь, а? Смотри сюда...

…Ютуб… Жаңалықтар… сюжет… “әкім халыққа есеп берді”.
Сюжет мәтіні күндегі материалдар секілді қарабайыр басталды: -Қала әкімі халыққа есеп берді. Онда өңірдегі оң өзгерістер мен дамушы кәсіпорындар туралы айтты. Сондай-ақ… әкім мықты, әкім жақсы, әкім күшті - деп жалғасады да, әкімнің сұхбатынан соң екінші кадрдан тыс мәтінде қуырдақтың көкесі басталады: -бірақ, әкім алаңдаған мәселелерге жанындағы көмекшілері пысқырмайтын секілді. Жиын басталғаннан біткенше ханға да, қараға да қараған жоқ. Ойлары әр жақта, көздері жан-жақта отырды. (Кадрда көмекшілердің бірі телефоннан әйелдердің жартылай ашық омырауына үңіліп, бірі бұраңдаған билеріне қарап, бірі көлік іздеп, бірі өсек соғып отырғаны көрсетілген)

Әккі әйел айласын асырып кетті, әкімдіктің құтын қашырып кетті. Уақыт тығыз болған соң редакторлар бір тексерместен материалды эфирге өткізген еді. Журналист түнделете Астанаға жетіп қойған. Осылайша, осынша жыл күткенде бар былықты ашып кетті, анау-мынау емес, министрлікке басып кетті. Тірі пенде ауыз аша алмады.

Оператордың түгі кеткен жоқ. Журналист қайда сілтесе сонда барам, оған не керек, мен соны түсірем, түсірілім кезінде соның айтқаны заң, ішке кеп қиятын мен емес, қарамаған өзің кінәлі - деді де қала берді. Ол байғұс ондай боларын білген жоқ әрине, бірақ күні бүгінге дейін соны ойласа, сәтті ойласа, сюжетті ойласа, журналистің тапқырлығын, басқалардың жан таппай зулағанын ойласа: әлі күнге жаны кіреді, ішек-сілесі қата күледі, өмірге өзінен-өзі риза боп, ләззат алады. Сол күнді бақытты күндерінің қатарына қосып қойғаны және бар.

Соңы. Солай…
журналистік естелік
Бұл өмірде болған оқиға. Айтты, естідім, бас-аяғын жинап, жаздым.

қыр баласы

05 Nov, 11:33


Отбасы банк жақында Ұлттық институт болады дейді. Сол ұлттық мекемелер сұрасаң мемлекеттік тілде сөйлей алатын бір маман тауып бере алмайды. Ұяласың.

қыр баласы

04 Nov, 17:03


5000 теңгелік тарифті төлегеннен, айына 100 мыңдап несие төлеген оңай сияқты біздің жұртқа. Ұялы байланысқа қанша төлеп отырсыңдар? Қымбаттап барады, ә?

қыр баласы

04 Nov, 10:38


Қараша махаббатқа толғалы тұр…

қыр баласы

04 Nov, 07:19


Туған күніме тура 1 ай қалды.

қыр баласы

03 Nov, 20:06


Бүгінгі театрға баруымыздың өзі бір театр болды.

Осындай қойылым болады дегенді көріп, бір күн бұрын қызыма айттым. Реті келсе ертең көрейік деп келістік. Күткен ертең келді. Кезек-кезек сабағына қарамай “барамыз ба?” деп ем, шақыруымды қалжың деп қабылдады ма, қалжыңмен “иә” деп жауап берді. Ойланғам жоқ, 2 билет алдым, “шақырам” дедім.

Ал содан басталды “қалай барам?”, “сабағым көп”, “қалай үлгерем”, “қалжың деп отырсам” деген әңгімелер. Сөйтіп не керек, мен қысамауға, ол үлгеруге тырысуға келісті. Уақыт жақындағанда “барамын” деді. Қойылым 19:00-де.

Содан не керек, күткен уақыт таяды. Асығып-аптығып үйден шықтым, кешігіп келе жатырмын, сол жақта кездесеміз дестік. Енді жақындадым-ау дегенде кенет “мына шаруа бітпеді”, “ана тірлік қабаттасты”, “сабақ көп”, “үлгермеймін”, “бармаймынға” басты. Сонша үмітпен келе жатқан менен маза қашты. Қайта-қайта кешірім сұрап, тым болмаса мен үшін барып кел, сосын бөліс деген сөздер тіпті жай таптырған жоқ.

Ниеттің бәрі кетті. Келе жатқан ізбен дәл сол сәтте кері қайқым келді. “Ренжимін, мен үшін бар” деп қоймаған соң мәселе екі есе ушығатынын түсініп, жалғыз театрға келдім. Онда жалғыз отырып көрмегем, әмбе бірге деп ниеттенген соң ішіне кіруге көңілім дауаламады, ішім алай-дүлей, ашу бар, реніш бар, булығып есіктің алдында тұрып алдым. Ол қалай да келеді, мені жалғыз қалдырмайды, осы жерде қойылым басталғанша күтем дедім де тұрдым. Ары күттім. Жоқ. Бері күттім. Жоқ. Үмітім үзіле бастады. Өзімді алдаумен болдым. Кімге өкпелерімді білмеймін, әйтеуір өкпем қара-қазандай еді.

Бір кезде, сол сәтте, мен күткен жан дүниенің бар сұлулығы мен сәнін, мәні мен мағынасын, сүйкімділігі мен еркелігін артына ертіп алып маған қарай келе жатқанын көрдім. Дәл өзі, дәл сол мен келеді деп күтіп тұрған адам келе жатыр екен. Бұл шынымен кино емей, театр емей басқа не болуы мүмкін? Ештеңеге бергісіз ондай шынайы сәттерге басқа қандай сипаттама мен атау табуға болады?

Күттім… келді… көрдім… құшақтадым… шын қуандым… қуаныштан жас та шықты… нағыз өмірдегі қойылым.

Күте біліңдер, жігіттер!

қыр баласы

03 Nov, 19:45


Қойылымның ой салғаны һәм тыныштық сыйлағаны жақсы. Әйтпесе бет-аузын тыржитқан, артын бұлғаңдатқан, анайы ән мен әзілден әрі аспайтын сайқымазақтардың кеш-кәнсертін күнде көріп жүрміз, жалықтық.

Бүгінгі қойылымның азды-көп бергені болды. Күйеуі туған күнін ұмытып кеткен, жұмыстан бас алмайтын отағасынан әбден қажып, сырттан жылу іздеген әйел.

Көңілі қуанышқа емес, күмән мен күдікке толы, жұмыс деп жүріп жұмысты да, тұрмысты да қатырмаған еркек.

Айналайын, жігіттер! Сүйгендеріңді онсыз да себепсіз қуантып жарытып жүргендерің жоқ, ең құрыса себебі бар күндерді ұмытпай, сыйлық жасап, қуантып, елеп-ескеріп, көңіл бөліп тұрыңдаршы. Қызға керегі көбіне көңіл. Жай ғана оған бөлінген көңіл. Бақытты болып жүруге сол да жетеді. Сол көңілге келгенде тақыс болмаңдаршы.

Адалдық барлық жерде керек. Әсіресе ара-қатынаста. Қандай жағдайда да адал болыңдаршы! Алдамаңдар, сатпаңдар, тастамаңдар! Көңілдің суыған кезеңі - нағыз сезімнің басталатын шағы деуші еді. Көңіл суыса-суысын, сезім өшсе-өшсін, бірақ опасыздық жасап, адалдықтан аттамаңдаршы. Одан асқан жексұрындық жоқ.

Осы екеуінен басқа қойылымнан артық ештеңе ала алмадым.

қыр баласы

03 Nov, 18:02


Үйдің МИБ-іне (ОСИ) Әлия есімді жаңа төраға сайланып, осыған дейін жыр боп, 30 метр жерге төселмей келе жатқан жолдың төселуіне бастамашы болды. Енді тұрғындар сол жолдың атын “Әлия жолы” деп қояйық деген ұсынысты жаудырып жатыр.

Құс жолы мен Жібек жолы дегендерің түк емес, қазір әр жолдың иесі бар.

қыр баласы

28 Oct, 10:29


EGov-тан сертификат алудан гөрі Гарвардтың дипломын алу оңай сияқты, әкең.

қыр баласы

28 Oct, 10:27


Осы ЭЦП-ны түсіне алмай қойғанда өзімді ДЦП сезінем. Екеуі де жақсы нәрсе емес.

қыр баласы

24 Oct, 05:07


Темекі көп шегетін жігіттер қызбен танысатын себеп іздегенде сағат емес, темекі сұрай ма екен осы?

қыр баласы

23 Oct, 14:38


Боржоми ішкен ұнайтын бопты.

қыр баласы

23 Oct, 05:02


Көптің көзінше имамға “бізге қымыз ішуге бола ма, болмай ма?” деген сұрақты қою үшін ақылың тасып тұру керек пе, әлде албасты басып тұру керек пе?

қыр баласы

22 Oct, 10:17


2GIS-те достарың бар ма? Қанша бар? Аңдып отырасыңдар ма?🤣

қыр баласы

22 Oct, 03:02


Таң енді атты, әлі шық көрінбейді, қырау түспеді, бірақ елдің қабағы қатулы, өңі суық, көңілі жабырқаулы. Әдетте адам төсектен тұрғанша қиналып, тұрған соң жиналып алатын еді. Ал біздің жұрттың әр адымы азап, қадамы қайғы. Осыны ойласам ұйқыдан енді тұрған менің де жүрегім ауырады.

қыр баласы

16 Oct, 17:45


Шахановша айтқанда:

Ң мен Н-ны айыра алмау - азаптың ең азабы.
Сол азаптан азат болу - ғажаптың ең ғажабы.

қыр баласы

15 Oct, 04:47


Қыз балаға қылмыңдайды боз балалар,
Боз балаға қырындайды қыз балалар.

#десең

қыр баласы

14 Oct, 15:39


Квадробер дегендерің артық енді.
Немесе кем.

қыр баласы

11 Oct, 14:09


Жаңбырды сүйеміз, жаңбырлы күндегі таксидің бағасын сүймейміз.

қыр баласы

11 Oct, 05:42


Соңғы өзгерістер:

Жаңа Қазақстан
Криминал Қазақстан

Жабылып АЭС салайық
Жабылып балаларды сабайық

Бірлігіміз жарасқан
Толпаға толпа тұрайық

Тегін білім алайық
Тегін тамаққа таласайық

Кредит кешірілсін
Халал бөліп төлеңдер

қыр баласы

10 Oct, 05:25


“Көппен бірге сала салайын, рекке шықса болды” деу олар үшін түк те емес. Өлім туралы ма, біреудің абыройы ма, басқа ма, бәрібір. Пысқырмайды да.

қыр баласы

10 Oct, 05:23


Адамның өлімімен хайп жасау жұртқа әншейін сән ғой.

қыр баласы

09 Oct, 04:02


Бөліп төлеудің де “халал” деген түрі шығыпты.

қыр баласы

08 Oct, 13:08


Инстаграм, тик-токты қопарып келе жатасың да алдыңнан “сенің уақытың осындайға кетіп жатыр” деген видео шығып, көріп, бірден бәрін жаба салу не әдет осы? Недеген тұрақсыздық?

қыр баласы

07 Oct, 07:12


Ең үлкен жетістігіміз тик токтағы 42 от боп тұр қазір.

Сендерде ше?

қыр баласы

05 Oct, 07:40


Туған күнімді тойламадыңдар деп өлең жазған Мұқағали ақымақ па, әлде баяғыда бақиға аттанып кеткен ақиқық ақынды “туған күніңді жасамадың” деп сөгетін данышпандар ақымақ па…!? Қалай-қалай боп кетті мына дүние? Өмірді “әкесінен” боқтап қойып, ішкің келеді.

қыр баласы

03 Oct, 15:01


Тозақтан неге қорқады адамдар,
Одан да зорғы болып жатқанда.
Бірі жер үшін, бірі кек үшін
Қисапсыз адам өліп жатқанда.
Зарлаған ана қарғап әлемді
Ұл-қызын жоқтап, көміп жатқанда.
Кеудеден үміт, жүректен арман
Тұтанбай жатып сөніп жатқанда.
Ар деп, өмір деп ақ терін емес,
Судай қып қанын төгіп жатқанда.
Жазықтыларды Құдайдай көріп,
Жазықсыздарды сөгіп жатқанда.
Тозақтан неге қорқады адамдар
“Өлгеннен соң” деп еститіндерін
Тірі жүріп-ақ көріп жатқанда…

қыр баласы

02 Oct, 04:54


“Атом” деген сөзді мектепте химия мен физика пәндерінің сабағынан басқа жерде аузына алмақ түгіл, атын да естімеген қыз-жігіттер оған “электр”, электрге “станция” деген сөзді қосып жеті атасынан артық айтып бергенде: жастары білуге, ізденуге, оқуға талпынып тұратын, жасампаз, білімпаз, ұғымпаз елде тұратыныма тәубе етем.

қыр баласы

02 Oct, 04:38


Сол Балқаштың суынан ішіп, көліне шомылып, балығын жеп, тура түбінде отырған мұғалім, дәрігер, полицей, шенеунік, теміржолшылар бірінші болып “АЭС - табиғаттың жанашыры” деген плакат ұстап, көшеде жүрсе таңғалма.