telegey @telegeyteniz Channel on Telegram

telegey

@telegeyteniz


теңізді сүйем

арна иесі: @telegeyde

telegey (Kazakh)

Жаңа Telegram каналымызға қош келдіңіз! "telegey" каналы - бұл сізге тұрғын қыздардың жақсы фотосуреттері мен видеоларымен таныстырады. Осы каналда көрінгі лайв-видеолар мен ең соңғы мейилімдер қосылады. Егер сіз өзіңіздің танымалық жарнамаңызды жариялауға тырысуда болсаңыз, @telegeyden танымал күнделікті таныс арналауыңызды ұмытпаңыз. Сіз үстемін алдыңғы әлеміңізден жақын қыздармен таныс болуға мұқтаж болсаңыз, "telegey" каналын таңдауыңыз керек. Керемет фотосуреттер мен видеолар арқылы армансыз өмір сүруге болады. Сіздерді каналымызға шақырамыз! 🌟

telegey

15 Jan, 19:10


"студент кезде ата-аналарыңнан ұялмай ақша сұраң" деген Мизамкөкпен келісем. бітіргесін де аяққа нық тұрып кеткенше көмектескені әбестік емес. өзіңді өйтіп зорықтырма.

telegey

14 Jan, 20:03


мен Маңғыстаудамыын🥹

telegey

13 Jan, 20:00


Дәметкеннің арнасын көріп, өзімнің наурыздан кейін қорытынды жазбағаным есіме түсіп кетті.

telegey

13 Jan, 15:07


Әлем мен Эйстың әндерінің сөздері онша емес. дым есте қалмайды.

telegey

13 Jan, 08:46


осы шешімді қабылдағанда енді арнама көбірек жазатын болармын деп ойлағам. амал нешік)

telegey

09 Jan, 10:02


"өнерден қорқу - диагноз"

telegey

08 Jan, 22:04


от крайности в крайность.

telegey

08 Jan, 19:54


үйдің кішкентайы боп үйреніп қалғасын ағамның баласы дүниеге келгеннен кейін 18 жасымда апа болу қызық болды. енді сіңлісі бар апа қандай болады екен деп ойлап қоям)
бірақ кенже болған ұнайды.

telegey

08 Jan, 19:48


бұрын күйеуге шығып, балалы болғаннан кейін апаларымның сіңлілерін неге шақырып ала беретінін енді түсініп отырмын. мында бір сіңлім болса, шақырып алатын ем

telegey

08 Jan, 17:09


бүгін ғана осы видеоны көргем. өте қорқынышты. осындайға айналып кетпейік.

telegey

08 Jan, 17:07


осында бірнеше рет салған тәуелсіз заманауи өнер кешіне көлеңкесінен қорқатындар қысым көрсетіп жатыр. ішім ашып отыр. ең болмаса өнерде еркіндік болмаса, кім болғанымыз біздің? кешке барып көрген адамдар біледі қандай деңгейде ұйымдастырылатынын, қандай тақырыптар көтерілетінін. соның бәрі тек энтузиазм мен ниеттің арқасында. тәуелсіз өнерді қолдайық.
#МенТәуелсізбін!

telegey

06 Jan, 11:28


осы жылы Айрапетов деген комикпен таныстым. күлдім. жыладым. соңғысы көбірек болған сияқты.

telegey

31 Dec, 19:57


отшашу жылдан жылға көбейіп жатқан сияқты. әлі бітпей жатыр. Бике қайта-қайта шошып, қасында болып ұйықтатып қарсы алдым)

telegey

31 Dec, 19:00


өткен жылда екеу боп едік, қазір үшеу боп қарсы алып отырмыз🫠

telegey

31 Dec, 18:43


бақытты болыңдар🧡

telegey

29 Dec, 16:52


спамды сондай жек көрем.

telegey

29 Dec, 16:49


осы жылдың ең үздік шешімі тикток, инстаны өшіріп, телеграмда біраз арнадан шығып кеткенім болды.

telegey

25 Dec, 12:38


әлсіз екенімізді шарасыз кезде түсінеміз. ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына сабыр тілеймін. барлық ұшақ аман қонсын.

telegey

20 Dec, 15:00


универге жаңа кофе аппаратын қойған. алғаныма өкініп қалдым.

telegey

15 Dec, 09:44


күйеуімнен сыйлық🥹🤍

telegey

14 Dec, 13:48


ал менің есіме сноуборд теппегеніме 3 жыл өткені түсті.

telegey

14 Dec, 13:40


бүгін ертегі боп майда қар жауып тұр🌨️

telegey

14 Dec, 06:39


қарап отсам, мына жаққа "күйеуім андай болса екен, мындай болса екен" деп жазғанымның ешқайсысы орындалмапты🤭

telegey

13 Dec, 07:55


бір кезде көп кітап оқып кетсем, бірде өйстіп тоқтамай сериал қарап кетем.

telegey

13 Dec, 07:55


1. Қыздар
2. Күзде келген көктем 💋
3. Армандастар
4. Шымкент - менің махаббатым
5. Түркістанский сериал
6. Бұл - біздің Қызылорда
7. Асау 💋
8. 100 сарбаз
7. physical 100 2 💋
8. the 8 show

мынаның бәрі желтоқсан басталғаннан бері көргендерім. 1х-пен.

telegey

13 Dec, 07:48


мен бірдеңе көрсем, оқысам, соның артынан қуып кетем. өткенде Қаныш Сәтбаев туралы кітаптар, жақында Ерлан Оспанның әңгімелерін оқып, Тұрысбек Сәукетайдың "мен жындымын" мен Майкл Шерімбектің "жүзін" қайта оқып шықтым. соңғысы өзекті болмай қапты.

telegey

13 Dec, 07:46


the 8 show көрдім. сондағы актриса ұнап қап, delightfully decietful көрейін деп отырм)

telegey

12 Dec, 10:46


биыл қандай дорамалар танымал боп жатыр? қайсысы күшті?

telegey

11 Dec, 12:01


менің киімдерімнің лимиті 5 жыл. асып кетсе, біреуге беріп жіберемін. киім күйеу емес, ауыстырып тұруға болады)

telegey

11 Dec, 08:23


ӨНЕР БІЛІМ ЖОҚ ЖҰРТТАР

Өнер-білім жоқ жұрттар
Дәу ресторан салғызды,
Миллион төлеп бір әнге
Жалған әнші алғызды.
Тұмсық бұзған адамды
Ту ұстатып көтерді,
Ғалымдарға дым да жоқ,
"Қыса тұр!" – деп көтенді.

Қыс түскенде жылу жоқ,
"Шүкір!" – деп күрс жөтелді.
Тұсау болған несие
Кешіктіріп өтелді.
Ағайынмен алауыз,
Бауыр көрді бөтенді.
Жиған-терген – ремонтқа,
Тәрк етеді шетелді.

Пайдалы істер ісі жоқ,
Мәһр, тоқал талқылар.
Хиджаб үшін бет жыртып,
Салғыласып алқынар.
Біреу үшін сәнденіп,
Тек желіде жарқырар.
Көзбояушы жалғанның
Қаншалықты парқы бар?

Ауа сатты көпестер,
Еңбексіздік сән болды.
Қанттың түсі ақ десе,
Ауызын ашып таң болды.
Қылмысына пұл төлер,
Сатылмалы заң болды.
Күнәсіне мақтанып,
Авторитет паң болды.

Өнер-білім жоқ жұрттар
Бабасымен мақтанды.
"Мәңгілік ел" іспеттес
Сөздер бар жаттанды.
Игілік жоқ, теңдік жоқ,
Құқықтары тапталды.
Жалаң аяқ, жалаң бұт
О дүниеге аттанды.

telegey

10 Dec, 05:36


дәрігер: балаға жай, жақсы әуендер тыңдатыңыз
Бикеге "Шаршаған кезде" мен "Сағынсаң іздені" қойып беріп жүрген мен: 🗿

telegey

09 Dec, 20:45


бізде мынадай жоба басталыпты. кәрістердің "physical: 100" қызық болған кәдімгідей. ал мынау қазақтар болғасын екі есе қызық боп тұр😍

telegey

09 Dec, 16:08


өзіме Алматының көп жерінде болмаған сияқтымын, бірақ сериалдан қаланың бұрыштарын танып отырдым.

telegey

09 Dec, 16:00


"асау" сондай дәмді сериал екен. бір сериалды қосып қойып өз жұмыстарыңды істей берсең, мынаны өйте алмайсың. кадр, түс, әуен, актерлардың ойыны, бәрі топ🔥

telegey

09 Dec, 10:23


өзімнің сүйікті актерымды тапқан сияқтымын.

telegey

08 Dec, 18:57


жайдармандағы Тұрсынбектің (Қабатов емес) әзілдері баяғыдан өтетін. мынаның сенәриін жазған сол екен👍🏼

telegey

08 Dec, 13:42


изиде "мал айы" дегенді бастадым. бірінші сериясын көріп күлкіден өлдім.

telegey

06 Dec, 22:55


астында "теңіз түсті махаббат" деген сериал шығып тұр. оны көрсем, жылайтын шығармын. сондай арна бар еді ғой. кітабы қашан шығады деп күтіп жүр ем. онымен ол кісіден шығып кеттім.

telegey

06 Dec, 22:53


жылап отырып көріп отырм. Еркебұлан Мырзабек те керім ойнайды екен.

telegey

06 Dec, 21:43


мен сериал көргіш боп бара жатырм. "түркістански сериал" кетті ал.

telegey

06 Dec, 15:53


инстаға әуендер әлі қайтпапты ғой. мен де кейінірек оралармын)

telegey

06 Dec, 15:50


"армандастардан" да байқадым Мақпал Исабекова кеерім ойнайды екен.

telegey

06 Dec, 15:48


Шымға баруға болатын еді, бірақ өткенде Алматыға баламен барып көңілім шайылып қалды. банктен қарызға энергия алып, оны екі апта дегенде зорға жаптым.

telegey

06 Dec, 15:45


Еркебұлан Дайыровтың түріне қарап сап-салмақты рөлдерді бере беретіні несі екен? мына жақта әп-әдемі ойнап жүр. өзіне де ұнайтын сияқты.

telegey

06 Dec, 15:41


"шымкент - менің махаббатымды" бастадым. бұрын неге жалғастырмадым десем, Астананы "нұрсұлтан" дейді екен. сол үшін көрмей кеткен екем) бәсе, Кәмшат түскеннің бәрін көретін едім ғой деп қоям.

telegey

06 Dec, 15:38


телепон тазалап болғанымды салтанатты түрде мәлімдеймін🎊

telegey

05 Dec, 20:49


түнгі бет күтімімді жасамай ұйықтасам, өзімді біртүрлі сезінем.

telegey

05 Dec, 13:59


құрамы күшті екен: Дулыға Ақмолда, Берік Айтжанов, Кәмшат Жолдыбаева, Нұргүл Нұғыманова, Азамат Сатыбалды, Рүстем Жаныаманов, т.б.

telegey

05 Dec, 13:46


"армандастар" деген сериалдың ортасына келдім. ккк-ден кейін көргесін орысша сөздер құлағыма түрпідей тиіп тұр.

telegey

05 Dec, 09:27


өзіме халық инвесттен портфель аштым.

telegey

05 Dec, 08:49


босанған соң бірден остеопатқа бару керек. естеріңде болсын, қыздар

telegey

04 Dec, 19:49


мәңгілікке кім ие?

telegey

04 Dec, 19:46


Түр-келбетіңе қошемет сөз есту – құлаққа жағымды. Бірақ парасат-пайымыңа, біліміңе, еңбегің мен ізденісіңе қошемет көрсетілуі – жанға жағымды.

telegey

02 Dec, 19:42


миым бірнеше істі бір уақытта жасауға әбден үйреніп қалған. телепон көрмей тамақ жеуді үйреніп жүрмін. итупты бұрышқа қойып, телепон тазалаған күшті екен, әйтпесе тек телепон тазалағаннан жалығып кететін едім🥲

telegey

02 Dec, 19:38


итуп премиум ең күшті шешім болды!

telegey

02 Dec, 19:37


тикток та, инста да, лық етіп бетіме төгілетін ақпарат та жоқ. "күзде келген көктем" көріп қойып, телепонымды тазалап, Бикені иіскеп күшті боп жүрмін. ертең остеопатқа барам. өмір - кәйіп!

telegey

02 Dec, 17:37


балық аулағандар жоқ
теңіз бар.
теңіз олардың
туажатын да көреді
шыңға шыққандар жоқ
тау бар.
тау ең соңғы өледі

telegey

23 Nov, 17:27


арнаңды ұзақ жүргізгеннің бір жаманы бірдеңе жазайын десең, баяғыда жазғандай боп тұрасың.

telegey

23 Nov, 13:09


бала саған өлшеуге келмейтін мақабат береді екен. мұны сезініп көрмесем, өлсем де түсінбеуші ем.

telegey

23 Nov, 13:03


соңғы кезде есіме рандом бірдеңелер түсіп жүр: ауылдағы өрдің басындағы нән маймақ тас және одан сырғанайтынымыз, ауланың артындағы ешкім жүрмейтін қоқыс толып жататын жер, таудың баурайындағы тікенек гүл, қайтыс болған нағашы апамның бұрын тұрған үйіндегі түпкі бөлмедегі екі нән киім тұратын шабадан..
бәрі санамда қалған ауыл елестері. мен, сірә, сағынғанмын.

telegey

23 Nov, 06:32


құлағыма тыңдауырды енді тағайын деп жатқанда "Ақ сәулем" қосылды. тоқтай қалдым)

telegey

23 Nov, 06:10


біраз оқылмай тұрған арналардан шығып кеттім. телепонымды толық тазалау үшін инстаграмды да өшіріп тастадым.

telegey

22 Nov, 13:49


неге күндер сондай тез өтіп жатыр? өмір сүріп үлгермей жүрмін.

telegey

11 Nov, 18:06


әлде дауысчат ашсам ба екен🤭
осындай өзіңе уақытың бар кезде не істеріңді білмей қалады екенсің😂

telegey

11 Nov, 18:01


көптен бері қолым босап тұрғаны осы. анон сұрақтарға сонда жауап беремін. күшті жауаптар болса, осында саламын)

сілтеме t.me/anonaskbot?start=2035e7ihj8yty

telegey

10 Nov, 13:09


итупты әні ақтарып, міні ақтарып, көретін зат бітті деп отырсаң, мына видеоны дәл қазір көр

https://youtu.be/EUjNG9xhvzE?si=3Zyc9SptkA3D3p25

telegey

07 Nov, 22:14


қыз бен босанған әйелдің айырмашылығы осынша көп болады деп ойламаппын.

telegey

07 Nov, 21:14


жастардың Жібегіне жете алмай жүрмін.

telegey

07 Nov, 21:13


сосын театрға біреумен бірге барып, шыққасын шай ішіп, қойылым талқылап, ой бөліскім келеді.

telegey

07 Nov, 19:50


Құланшыдағы кілемдер көрмесі әлі болып жатыр ма?
соған барып, одан шығып кофе ішіп күнделік жазып қайту керек еді. қарапайым заттарды армандайтын боп кеттік қой. ең үлкен арманым - остеопатқа бару. 3 желтоқсан тезірек келсе екен)

telegey

07 Nov, 06:22


Астанада қыс басталып кетті🥶

telegey

02 Nov, 12:47


каспи күрерлер біздің үйді жатқа білетін шығар дейді ғо енем🤭

telegey

30 Oct, 19:43


Бике туралы айтқанда "біз" демеуге тырысам, бірақ сондай қиыын😬

telegey

30 Oct, 07:41


бөпеме массаж-жаттығуын жасап боп ұйықтатқанды жақсыы көрем💖

telegey

30 Oct, 07:33


мына жақтағылардың көбі Алматыда сияқты ғо. осыған бармасаңдар, онда неғып жүрсіңдер?🌝

telegey

29 Oct, 15:04


тоқсары жастарының тақырыптары не дейді?

🗓️ 02.11.24
18:00
📍 Римского-Корсакова, 3 (№14 кітапхана)

telegey

27 Oct, 13:48


енді "Жабайы робот" пен "Веном: Соңғы биге" барғым кеп жүр🌝

telegey

27 Oct, 13:27


кеше үш жарым айдан бері алғаш рет кинотеатрға бардым. қазір боп жатқан "Заманback". әкені түсіну, достың қадірі дегенді менсіз де айтып жатқан шығар.
ішінде бір қызға харасмент жасап, оны сол зорлықшыға ғашық қылғызып, сатушы қып алған қызға "күніне неше адам қабылдадың?" деп сұрақ қойып, оған "1-2" деп жауап бергізгенін түсінбедім. жақында ғана Салтанат заңын қабылдап, әйелдердің құқығын қорғай алмай жатсақ, кино өндірушілер қорлап әлек. сол заттар болмаса да, әп-әсем кино шығар еді. жоқ, қысқа киген қызды жеңіл жүрісті, зорлық жасаған еркекті мачо қып көрсету керек.

telegey

24 Oct, 05:15


Не надо бояться густого тумана,
Не надо бояться пустого кармана.
Не надо бояться ни горных потоков,
ни топей болотных, ни грязных подонков!

Не надо бояться тяжёлой задачи,
а надо бояться дешёвой удачи.
Не надо бояться быть честным и битым,
а надо бояться быть лживым и сытым!

Умейте всем страхам в лицо рассмеяться, -
лишь собственной трусости надо бояться!

Е. Е

telegey

22 Oct, 14:37


енемнің дәмдіні дәмді, жақсы шыққанды жақсы шыққан деп тауысып қоятыны ұнайды🫠

telegey

19 Oct, 15:28


қазір Алматыдамын. көптен көрмеген құрбыларыммен кездесіп, арқа-жарқа боп жүрмін. қанша естеліктерім, сәттерім бар қала. мен сүйетін қала. сүйгеніммен табыстырған қала. ризамын💖

telegey

19 Oct, 15:25


уақытқа таңғалуды тоқтатып, сәттерді сезінуді үйренейік.

telegey

10 Oct, 17:57


ВОООМ💣💥

Мирас Мырзабеков пен Бекнұр Әбілханқызының алғашқы STAND UP концерті!
Жүргізуші: Ануар Кунсугуров

Күні: 19.10.24
Уақыты: 19:00
Орны: “ОТТВ”, Назарбаев, 42
Бағасы: 2500 тг
Билет бойынша: +7 700 036 1991

telegey

08 Oct, 06:33


таңғы ас ішіп, кітап оқып өзімді бақытты сезініп отырм

telegey

03 Oct, 16:43


ешкім сенің орныңды баса алмайды. балаңа сен ғана керексің. сенің жаныңда ғана тыныштық табады. сенің жаныңда ғана жақсы ұйықтайды. саған сенеді. сондай әдемі сезім, бірақ сондай қиын..

telegey

03 Oct, 16:30


соңғы кезде жаман шаршап жүрмін. жақында дұрыс ұйықтамай жүргеніме 3 ай болады. ментал саулығым бір жерге кетіп бара жатыр. ана болу мұндай қиын деп ойламаппын.

telegey

01 Oct, 02:23


осы мұғалімдер мұғалім болған қиыын дегендерін салады да, жалақы алып, соны бірдеңеге жұмсап жатқанын неге салмайды деп ойландым ал таң атпай🤭

telegey

30 Sep, 18:27


мен қандай кітап оқып жатырмын деп ойлайсыңдар?

telegey

30 Sep, 18:09


не істеп жатсыңдар? қандай кітап оқып жатырмыз?

telegey

28 Sep, 14:01


Мархабасы мен Молданазары бар әлемде өмір сүріп жатқаныма қуанам♥️

telegey

28 Sep, 13:59


адаммен сөйлесіп отырғанда құлағыңда тыңдауыр тұрғаны - мәдениетсіздік.

telegey

26 Sep, 15:35


әкемнің атын мысыққа қойған прекол екен🤣

telegey

26 Sep, 15:35


Мысығымның аты - Тұрсынбек (Танзиро). Бүгін жаңбыр жауып тұрғанын мяулап, түсіндіріп тұр. Әлде суық дегісі келді ме? Ұқпадым. Терезенің алдына отырып алып, біресе терезеге қарап, біресе маған қарап, есікке қарай жүгіріп, екеуміз жаңбырға қарап тұрдық. Жылы киініп кеткенімді көріп, тәтті ұйқыға кетті.

Қызық…

telegey

25 Sep, 14:47


пилім мен сериал көретін уақыттарымды сағындым🐳

telegey

24 Sep, 12:51


табиғат – адамзат жаратылмастан бар дүние. ол өзі тұтас, толық картина. адамдардың фоны емес.

telegey

23 Sep, 09:52


жандарым 14 адам жіберді🫠
жорытқанда жолдарың болсын, Қыдыр ата жолдастарың болсын🤲🏻

telegey

23 Sep, 09:49


ұялып қалғаным бар емес па))

telegey

23 Sep, 09:49


мен ауырам деп киндылға ақша жинап жатқанымды ұмытып кетіппін. сандар әлі тұр ғо🤭

telegey

21 Sep, 20:32


Мен 130мың сұрамадым. Мен 77800000 теңге сұрадым по идее😂

telegey

21 Sep, 20:28


Сәду сияқты 130 мың сұрасам, не істейтін едіңдер? қуаның қайта🤪

telegey

21 Sep, 20:25


мына арнаны елу жылдан бері жүргізіп келе жатырм. маған киндлге 100₸ жібере алмасаңдар, неғып отсыңдар