керім маңызсыз @oleqalyndar Channel on Telegram

керім маңызсыз

@oleqalyndar


көтімізді қинап жүрген барша дүниенің маңызы жоқ.

Керім Маңызсыз (Kazakh)

Керім Маңызсыз - бұл Telegram-канал олекқалындар бойынша құрылған өзгерушілікті көрсету каталогы. Осы каналда жаңалықтар, мақалалар, суреттер және басқалар олекқаларымен тексеріледі. Олекқалындар - бұл адамдарды өзін жеңілдіктерге, маңызыз іс-шараларды ұмытып, жақындағы болатын жаңалықтарды оқуға ұсынады. Олекқалындар оқудың көбірекі адамдар үшін көңіл жактады, себебі олар өте көп көңіліне асқын идеаларды жауып алуға жуықталады. Керім Маңызсыз каналын белгілеңіз және жаңалықтармен, мақалалармен толықтай болып шығыңыз!

керім маңызсыз

18 Feb, 10:40


өзіміз шашып, өзіміз көтереміз

керім маңызсыз

18 Feb, 10:39


Шашу көтеретін балалар жоқ қазір

керім маңызсыз

18 Feb, 04:26


уиш-листіме арна ашып, жазып жатып, өз хотелкаларымды қалтам көтермейтінін түсініп, жауып тастадым.

#шатақ

керім маңызсыз

17 Feb, 07:04


жоспарында жердің жүзі болмаса,
бақшасына алма өсіріп несі бар?

#шатақ

керім маңызсыз

17 Feb, 04:20


Господи, да будь проклят тот день,когда психология стала доступна всему интернету.
Под прошлым постом ,ну во первых, появилась почти сотня комментариев. Во вторых я получила все виды диагнозов
Я и тревожная и избегающая и нарцисс и травмированная и еще хуй знает что,все это вы видели в рилсах.

Я вам так скажу : я это просто я. А все эти диагнозы из кухонной психологии меня заебали сильно страшно. Я десятилетие потратила на то,что бы понять что со мной не так. Где моя травма,при чем тут мама папа бабка дед. Все это конечно очень интересно и увлекательно,но в конечном итоге ТЫ это просто ТЫ.
С теми,кто со мной открыт -я открыта тоже. А тем,кто бесконечно выебывается и пиздит (а такие мне тоже порой нравятся) я дымлю в лицо. Вот и всё.

керім маңызсыз

16 Feb, 18:22


отау құрғасын бәрі бірден шет ел аралап, алтын мен жақұт тағынып, керемет өмір сүріп кетуге міндет емес. аяққа тұрып алғанша көтенді де қыса тұрған жөн. еркек оны қаламайды емес қалайды, бірақ өмір сол, бәрінде керемет жағдай бола бермеуі мүмкін.

десе де, құлағыңызға алтын сырға, маған бәрі бірден керек

десең

керім маңызсыз

16 Feb, 17:45


влезаю в XS, а не в чужую жизнь

керім маңызсыз

16 Feb, 08:40


білә дейм да “қандай жігіт таңдаған дұрыс?” деген маған қойылатын сұрақ емес қо

мен өзіме обедке не жейтінімді әрең таңдаймын, қайдағы жігіт🤣

#шатақ

керім маңызсыз

16 Feb, 08:30


қателік деген жеті әріп пе десем, бес әріптен тұрады екен)

керім маңызсыз

16 Feb, 08:01


если тебе кажется, тебе не кажется.

керім маңызсыз

15 Feb, 13:34


келген-кеткен жанның бәріне адал пейіл, көркем қылығыңмен жауап қат.

ақ көңіл, пәк сезіммен Керім.
19.04.2024

керім маңызсыз

15 Feb, 13:06


косметика или киім қарауға барған кезде жігітің немесе күйеуің “өзің ала берші, мен сыртта күтем” деуі <<<

керім маңызсыз

14 Feb, 21:39


“Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады”

- деген адам, анандай жалаң, бас-аяқсыз сөзді айтады деп ойлайсыңдар ма?

#шатақ

керім маңызсыз

14 Feb, 21:35


өлген адамдардың айтпаған сөзін айтты деп бұрмалауды қойыңдаршы.

Өз басым Момышұлы “Ер адам іспен дәлелдемесе, жоламаңдар” деп айтты дегеніне сенбеймін. Соғысып жүрген адамға кімге жолап жатсаң да поқу емес пе?

керім маңызсыз

14 Feb, 14:45


өзімнің “ж” деген әріпті қалай жазатыныма сынам😮‍💨

керім маңызсыз

14 Feb, 14:08


– неге бұртиясың? өкпелеп қалдың ба?
– өзіңді алаңдатпайтын заттарды неге сұрайсың?

#шатақ

керім маңызсыз

13 Feb, 02:54


тарих әйелдердің сөзімен жазылса …

#маңызсыз

керім маңызсыз

12 Feb, 06:30


сен бәрінде болма,
мен үшін бәрі бол ❤️

#маңызсыз

керім маңызсыз

11 Feb, 17:25


ол қой аузынан шөп алмас емес, қойдың аузындағы шөпті алып, шегіп тастайтын қыз еді.

керім маңызсыз

11 Feb, 15:06


кейде жай ғана күндіз, 3-4тер шамасында ұйықтап қалып, алтылар шамасында оянсам деймін.
денемнен әжептеуір қызып қалған көрпешені көтеріп, ол отырған бөлмеге кіріп, аяқтарына басымды қойып жата тұрсам. тым көп зат сұрап тұрмын ба?

#шатақ

керім маңызсыз

10 Feb, 17:19


Керім - инабатты, ибалы🤭

керім маңызсыз

10 Feb, 13:57


ақшалы болу = армандарыңды орындай алатын қауқарыңның болуы

болды. оның басқа құдіреті жоқ.
#маңызсыз

керім маңызсыз

09 Feb, 14:27


мен адамдардың ақылына уақытымды құртпаймын.

мен үшін не дұрыс, не бұрыс екенін тиктоктағы тәтешка, апашкалар емес, жүрегім біледі.

#маңызсыз

керім маңызсыз

09 Feb, 10:33


бүгін Мұқағалидың емес махаббаттың туған күні.

керім маңызсыз

08 Feb, 17:24


5 жыл бұрын деген кезде 2013-2015 жылдарын ойласам, 2020 жыл екен ғой…

керім маңызсыз

08 Feb, 09:21


сосын неге жап-жақсы жүрген қыздар, аяқ асты Уейф, Биохаят, Мэрикей деген сияқты заттарды сатып кетед?

керім маңызсыз

08 Feb, 05:25


“жігіттен сұрауға ұялма. екі тал помада алғың келген кезде де жігіттен сұрап көр. сол екі помада алып бере алмайтын еркек қалай асырайды ертең? бұл пайдалану емес, бұл ер адамды тексеру. тексергеннен еркек өлмейді.

титімдей заттың жауапкершілігін сол адамға арту, сену, сүйену, міне осы - женственность, әйелге тән нәзіктік.”

ps: Мама

керім маңызсыз

08 Feb, 03:58


менің өміріме қатысы жоқ заттар мені мазаламайды деген ұстаным қате.

#маңызсыз

керім маңызсыз

07 Feb, 07:58


қасыңдағы адамға “болашақта қызым мен сияқты еркелесе” деп армандай алмайтын болсаңдар, сол жерден қоя салыңдар.

#маңызсыз

керім маңызсыз

07 Feb, 05:51


оның уәделері: “куплю, подарю, сделаю как пожелаешь, барамыз, сделано”
менің уәделерім: “тиктоктағы отты жағуды ұмытпайм, бд-ға қосам, ертерек шығуға тырысам”

🙂‍↕️

керім маңызсыз

06 Feb, 03:01


бөлмеме түсіп тұратын күн шуағымен
сен неге бірге келмейсің?

#кісі

керім маңызсыз

05 Feb, 11:50


Ай зайбал-ай. Не көктем келмей кетті, не адамдарға ми кірген жоқ.

😫

керім маңызсыз

05 Feb, 08:29


шаршадым деп қайғыра бергім келмейді. дегенмен де, шаршамайтын күнді аңсап жүрмін…

#шатақ

керім маңызсыз

05 Feb, 05:10


тойымда коллективі деп шақырған кезде 40+ тәтелер шығатыны болмаса, бәрі керемет.

керім маңызсыз

04 Feb, 18:36


мама: бетіне не шығып тұрад дейтін ед, сөз бар еді ғой
мен: Шуақ
мама: өөйй, шуағы нес. Эмоция!
қайдағы шуақ?

🙂‍↕️😂

керім маңызсыз

04 Feb, 15:52


тыныштықта тұра қалсам, құлағыммен
ойымдағы уайымымды естимін…

#шатақ

керім маңызсыз

04 Feb, 10:20


мен кейде умный еркектің қасында “жан, а че мемлекет бәріне жететіндей ақша басып шығара салмайды?” деп тупить етіп отыратын әйелі болғым келеді.

🫡

керім маңызсыз

04 Feb, 09:54


жәбір көргендер – жәбір көрсетеді.

керім маңызсыз

04 Feb, 09:32


14 айдайтын жігіттер 14 айдайтынын көрсетіп жүреді иә

керім маңызсыз

04 Feb, 04:16


мама: андағы шынының кетігі бар екен, тасташы.
мен: неге?
мама: сол. кезінде бізге солай айтқан. сол кезде неге деп сұрамаппыз. таста дегесін, таста.

🌚

керім маңызсыз

04 Feb, 04:11


біздің системадағы (білім тұрғысынан, көбірек) көп қателіктер ғалымдардың аздығы, я болмаса, жоқтығынан деп ойлаймын. Керімбайдың бір кітабынан Ғылым Академиясына ақшамен кіріп, көке болып жүруіңе болады дегенді оқыған едім.

Расында, білім болсын, экология, түрлі кен өндірісі бойынша болсын, зерттеу жүргізетін сол ғалымдар емес пе? Олар бізде болмаса қайда дамимыз?

#маңызсыз

керім маңызсыз

03 Feb, 14:55


пікірталасып жатқанда аргументы жетпей, дінді тығатындар 🤡🤡🤡

керім маңызсыз

03 Feb, 10:28


сенің махаббатың оқ тиген кеудеге таңылған дәке секілді ❤️‍🩹

керім маңызсыз

02 Feb, 07:52


дұға

сен мені тілеген сәтің…
осы мекенге сезімсіз жүріп селт ете ене кеткенмін. қалау мен керекті ойламастан аспаннан топ ете түскендей сезіндім сол уақта. ол күнде сен үшін сәнденген екенмін, білмей, күтпей.

ал бүгін, құшағыңда тұрып, қабыл болғанның қандай жақсы екенін ұқтым.

#кісі

керім маңызсыз

02 Feb, 04:10


Роза коуч сияқты ешкім прогрев жасай алмайды. Өмірі ілініп қалам ше😂

Больной темаңды басқанда, өзің-ақ курсын іздеп кетесің ғо

керім маңызсыз

01 Feb, 19:12


- сенің жігітің отыр ғой, Маска шоуда
- қай жігіт? ааа, найнти уандағы ма?
- иәә
- үй, мамау оны жігітің демесеңізші
- енді?
- күйеу балам деңіз

🙂‍↕️😂😂😂

керім маңызсыз

01 Feb, 12:01


достар, маған өз жазғандарым өтед. қинап кіргізгендей қаям жемей, ұнамаса шығып кете қойыңдарш🫶🏻

керім маңызсыз

01 Feb, 11:48


“жан түршігерлік” жаңалықтарды көре беріп, түршікпейтіндей хәлге жетіп қалдық.

#маңызсыз

керім маңызсыз

01 Feb, 11:46


сендерді білмим, өз басым ана “он рет тістеп 10мың ұтып ал” дегенге дайындалып жүрмін, алдымнан шығып қалатын сияқты.

керім маңызсыз

01 Feb, 11:00


өңкей еркектер отырған фото или видео көрсем, бірден иісі келеді ғо

керім маңызсыз

01 Feb, 02:49


менің Ақпаным❤️

керім маңызсыз

31 Jan, 18:15


сосын, мен миға қонбайтын тақырыптарды сараптап, әңгімеге әңгіме жалғап, таңға дейін тынымсыз талай дүниелерді айтқанды жақсы көрем. санамдағы сан қилы құйтырқы ойды жалғай алатын жанды кездестіргенде жадырап, жайнап кетем.

таңдағаным таңғаларлық әңгіме айта алмаса суғарылмаған гүлдей шөлдеп, солып қалатыным бар.

әртүрлі әңгіме менің әлемімнің сырасы. масайып қалам, қалаймын.
#маңызсыз

керім маңызсыз

31 Jan, 18:00


слушаем и не осуждаем:

пусть это и инфантильная позиция, но я не хочу решать проблемы рядом с мужчиной. пусть все решит он, а я просто буду красивой и счастливой рядом с ним.

керім маңызсыз

31 Jan, 05:24


қазалының кәмпитінің дизайны сияқты тұрақты адам бол.

керім маңызсыз

30 Jan, 17:02


сені күту ол - қалтаңа қолғаптың біреуін ұмыту. себебі болсын деп, кездесудің.

сені күту ол - суреттерді желіге жүктемеу. алғашқы көздерің көрсін деп.

сені күту ол - жүректі шарфқа орап, рельстің жанына отырғызып қою. құшағыңа бірінші болып енсін деп.

#тарау

керім маңызсыз

30 Jan, 15:31


үндемейтіндер үндейтін болыпты.

#маңызсыз

керім маңызсыз

30 Jan, 06:29


расында, неге біздің қоғамда бала - бала болып ойнауы, жасөспірім - бозбала, бойжеткен болып еркелеуі оғаш болып саналады?

17-ден ақша тапқанымнан байып кеткен мен жоқ. керісінше, қазір қораға кірсем, сол жылдардан ақша сұрауға үйренбеген болмысым “өзім шешем” деп шыға келеді. бізге әке-шеше не үшін керек?

мейірім мен махаббаттан бөлек материалды заттар да бар ғой. ересек болмай жатып ересек өмірден шаршаймыз.
#шатақ

керім маңызсыз

30 Jan, 04:22


тиктоқтағы адамдар:
- 18 ден асқан адамның ақша таппауы
-стрем
мен:
- иа иа сендер пиздессіңдерғо

керім маңызсыз

29 Jan, 09:29


лажы болса елден көшейік

керім маңызсыз

29 Jan, 06:32


суши жегім келіп тұр

керім маңызсыз

29 Jan, 04:54


арты ұрылған машинаға жете алмай жүрген жігіт арты таза қыз керек дейді)

керім маңызсыз

28 Jan, 11:49


неге таргетті үйретем дейтін кісілердің рекламалары 13 лайкпен тұрады?

керім маңызсыз

23 Jan, 05:16


тиктоктан айтыстың үзіндісі шыға қалса, ютубтан іздеп тауып, толық көріп шығатын болыппын.

керім маңызсыз

22 Jan, 09:38


кіндігімнің қасындағы қал болшы,
ішімдегі көбелекті қорғайтын.

🦋

керім маңызсыз

21 Jan, 14:10


мен ойлайтын ойлардың ауырлығын
Толағайдың өзі де көтере алмас.

#шатақ

керім маңызсыз

21 Jan, 09:37


жалпы вип-номер дегенді ұқпаймын. десе де машина алып жатқан жағдайда жетілік пен тоғыздық сыйлайтын жандар болса бас тартпас едім.

ол өмірімді не жеңіл, не ауыр қылмайды. тәлпіштік қо әшейін

керім маңызсыз

21 Jan, 09:32


1 лямға машинаға номер алатын жігіттер “дайсон сұрау недеген тәлпіштік” дейтіні ше 😂🤡

керім маңызсыз

21 Jan, 04:06


алкогольсіз пиво деген “сенімен отбасы құрғым келеді, жаным” деп сөзбен емізетін жігіт секілді. екеуі де безполезный.

үйленбейтін жігітпен жүрмейтін сияқты масаймайтын сыраны ішудің қажеті жоқ.
сыраның өз дәмі үшін жақсы көретін адамды көргенім жоқ.

керім маңызсыз

21 Jan, 03:41


уақыттың зымырап өткенін екінші көктемім келгенде түсіндім.

8:39

керім маңызсыз

20 Jan, 14:26


136.

өмірімде үлгеруім керек аялдамаларға жеткізетін көлік. таңғысын жұмысқа, толтыруым керек тауарларыма, кешке үйге, жүректегі арманға. оның жол схемасы менің ғұмырыма жеңілдік сыйлау үшін сызылғандай. жолай онымен әдемі мекендерді араламасам да жан тыныштығын табамын. өзге көліктер мені бақытқа жеткізгенмен дәл осындай тыныштық сыйлай алар ма деп көп ойланам.

және,
егерде менің қалауым, жүректі шақырар мекенім мен армандарым өзгерсе бұл көлік өз маршрутын өзгерте ме?
менің қолым аспандағы жұлдызға жету үшін зымыранға айнала ала ма?
ол өзгерте де, өзгере де алмаса мен оны әрдайым таңдай аламын ба?

#шатақ

керім маңызсыз

20 Jan, 08:18


қыс өзінің қыс екенін ұмытып кеткендей.

керім маңызсыз

19 Jan, 20:10


я помню запах. но не помню кто был рядом со мной. был ли кто-нибудь вообще..?

керім маңызсыз

19 Jan, 10:41


содан соң

естелік қылып ескерткіш салғың келсе қанатсыз қалдырмашы, мына мені…

керім маңызсыз

19 Jan, 07:12


өз баласынан контент жасайтындар🤡🤡🤡

керім маңызсыз

19 Jan, 07:12


әл желіде кішкентай балалардың бейнесі, суреттері көп болғанын қаламаймын. жұртқа біреудің баласы қызық емес, тек педофилдерге жағымды контент. өз балама бір қ**ақбас енегін уқалап отырғанын қаламас едім.
балаларыңыздың бейнесін тек жабық арна, жабық профильге салыңыздар.

#маңызсыз

керім маңызсыз

17 Jan, 05:10


сену үшін оның шын екенін, бар екенін білу міндетті емес. сену үшін сену жеткілікті.

Муми-Тролли

керім маңызсыз

16 Jan, 16:11


біз өзіміз жасаған қиянат туралы айтуды жөн көрмейміз. бізге өз қайғымызды қозғаған ұнайды. неге?

#шатақ

керім маңызсыз

16 Jan, 15:53


махаббат туралы жазарда “махаббат” сөзін қолданбаған жөн. сезімнің еркімен құралған сөздер атауын атап, түсін түстемей-ақ сезіндіре алады.

“сүйем” дегенмен де дәл солай. сезім білдірмей-ақ сезіміңді білдіре аласың.
#маңызсыз

керім маңызсыз

16 Jan, 04:47


ешкім қолдамаса да қолдауларыңызға рахмет дейтіндер өтед

керім маңызсыз

15 Jan, 18:25


мақтадан тоқылған жемпіріңнің ішіне еніп, жүрегіңе кірсем деймін. тамырларыңның ортасына тоңған аяқтарымды жылытуыма рұқсат па?

💌

керім маңызсыз

15 Jan, 18:06


ерінбей монтаж жасайтын жұрттарға қызығам. сториске бір сурет салғаннан шаршап қалатыным бар енді.

керім маңызсыз

15 Jan, 08:10


сұлулығыма тамсанғысы келетіндер үшін:
инстам

керім маңызсыз

06 Jan, 13:50


сағынсаң ол менің жеңісім❤️

керім маңызсыз

06 Jan, 07:03


Яна Мкр деген керім поэтесса бар. соған сынам❤️‍🔥

керім маңызсыз

06 Jan, 06:47


саған ұқсайтын адамдарды жек көрем.

ұқсамайтындарды да
#шатақ

керім маңызсыз

05 Jan, 10:25


кейде оны қатты сағынам.

осындай ауыр кезеңдерде жаныма жетпесе де, жүректің қасында отырушы еді.
“Керімім” деп

өмір менен сүйенген адамдарымды тым ерте тартып алады💔

керім маңызсыз

05 Jan, 10:22


адамға өз арамдығы білінбейді. өзінің сұрықсыз мінезін, қиянат жасауға еті үйренген кеудесін сезбейді.

ренжісең ренжіп, өзіңді өзіңе кінәлі жасап, жүрекке тағы дақ салады. көңілдің кілті қайта ашылардай, кешірімнің мерзімі таусылмастай көкбеттеніп жүре береді.

ұрпақтан ұял. келешек дейтін ұл туғанда осы істер бетіңе басылады. арыңның сотына жеңіліп қаларсың.
#шатақ

керім маңызсыз

05 Jan, 09:55


секси болсаң да қиын екен

керім маңызсыз

05 Jan, 09:54


- Өмір мені неге сонша періп жіберді?
- Өзің неге сонша қоздырғансың?

керім маңызсыз

05 Jan, 08:19


оянсам ұйықтамаған сияқтымын, ұйықтасам оянбаған сияқтымын.

керім маңызсыз

05 Jan, 08:17


“Бұл заманда әділет жоқ. Әділеттің әкесі өлген, шешесі жесір, өзі жетім.”

керім маңызсыз

04 Jan, 19:28


қолдарым үшін ең ауыр жұмыс көз жасымды сүрту.

дүниенің батпан жұмысын тайсалмай көтеріп істей беретін иықтарым өксіктеріме әлсіз.

сол үшін, ей өмір, жылатпа мені!
#маңызсыз

керім маңызсыз

04 Jan, 12:17


кеше Алматыдан шаршадым дегеніме өкініп отырмын.


қаладан кетіп, енді қайта алмаай отырған жайым бар😭😂

керім маңызсыз

03 Jan, 19:14


жүрек тұрып “мимен ойланғаның осы ма?” деді ғо

керім маңызсыз

03 Jan, 18:56


Алматыдан шаршадым.

керім маңызсыз

03 Jan, 12:03


мені күт❤️

керім маңызсыз

03 Jan, 06:23


75 жыл.

туған күнің құтты болсын, жаным апам❤️
сіз жанымызда болғаныңызда бүгін 75 жасыңызды кеудедегі қайғы, сарқылмас сағынышпен емес үлкен қуанышпен атап өтер едік. сізсіз өмір сұрықсыз…

керім маңызсыз

02 Jan, 19:05


келісе салатындарды да, келіспей қатайып алатын қыңыр мінезділерді де жақтырмайтын мінезім-ай, мінезім

керім маңызсыз

02 Jan, 14:07


неғып сүйгенімен тәнін бөліскен қызды бүлінген, сүрінген, қателік жасаған дейсіңдер?!

өсек пен ғайбатты сағаттап соғатын ауыздарың адал да, махаббатына берілген ауыз арам боп қала ма?

пәкпін деп марқайған көкіректерің таза да, сезімге кішірейген көкірек лас па?

сүйімге сезімсіз қарайтын саналарың дана да, ғашықтықтың ғажабын көргісі келген сана топас па?

тоқ етеріне келгенде әркім өз көті, өз өміріне жауап берсін. қыздың арын бұттың ортасымен өлшемеңдер.

#шатақ

керім маңызсыз

01 Jan, 18:36


- баблти ішейік, мамау
- баблти деген құмалағы бар шай ма?

керім маңызсыз

31 Dec, 18:59


осындай түндерде салютті аспанға емес кей адамдардың басына атсаң ә🤤

керім маңызсыз

31 Dec, 15:12


ешкімге ештеңе тілемеймін. маған сендердің өмірлеріңе поху

керім маңызсыз

31 Dec, 15:11


жаңа жыл бастала сала итермесін деп күтпей ұйықтай берейін деп тұрм

керім маңызсыз

31 Dec, 06:22


- жаңа жылға не сыйлайын?
- қанған ұйқы, тыныштықта ішетін ас, асықпай өткізетін күн, жалғыздық сыйлашы.
#маңызсыз

керім маңызсыз

30 Dec, 09:01


буквально 2024:

“қасқырларды қорқытуда түлкі жамылған қоян”

керім маңызсыз

30 Dec, 08:55


кейін бала-шағаммен оливье жеп, фотосессия жасап, мультфильм көріп жату үшін жастығымның бар жаңа жылын жұмыста өткізіп жүрмін деп өзімді жұбатам. жай жұбатам.
#маңызсыз

керім маңызсыз

30 Dec, 08:50


әңгімемнің астарын түсінбеген қалай менің жүрегімді ұғады?

#шатақ

керім маңызсыз

29 Dec, 14:00


ақындар мен жазушылардың арнайы бір институттан өтпей, өздерін заманның бетке ұстар тұлғасы қылып көрсететіндері қорқытады.

сұрыпталмаған мәдениет құлдырауға алып келері бәрімізге мәлім.
#маңызсыз

керім маңызсыз

29 Dec, 07:33


түк білмес болсам өмірдің,
білімпаз болсам ілімнің жеңілдігін бер

#маңызсыз

керім маңызсыз

28 Dec, 19:47


үміт деген - ешқандай бұйраға берілмейтін асау шаштарды бұйралауға тырысып, күні бойы ұстайды дегенге сену.

керім маңызсыз

28 Dec, 06:15


фу адамдар ешқашан уауға айналмайды екен ғой

керім маңызсыз

28 Dec, 04:04


Неге қыдыруға деп жинаған ақшаларым мені тастап өздері қыдырып кете береді.

керім маңызсыз

26 Dec, 13:49


ешкім маған міндетті емес, бірақ мен бәріне міндетті секілдімін.

#шатақ

керім маңызсыз

26 Dec, 09:12


наубайхана ашып, атын “Папин дом” қойсаң иә

😂

керім маңызсыз

25 Dec, 20:47


бәрі бар заманда бақытсыз ғұмыр кешушілерміз.

керім маңызсыз

16 Nov, 12:39


баққан иттің қапқаны жаман да

#шатақ

керім маңызсыз

16 Nov, 06:42


қазақ аруы деген сайланбай қалса мемлекет болып дамымай қаламыз ба? не болды сонша?

керім маңызсыз

15 Nov, 06:23


есть слово - насильник, нет - насильницы.

этим все можно сказать.
#маңызсыз

керім маңызсыз

14 Nov, 12:10


күлеміз-ау,

дегенмен отбасыда ана да, әке де көңіл бөлмей, көшемен өскен балалар қаншама.

#маңызсыз

керім маңызсыз

14 Nov, 12:09


жо, сендер неғып атыласыңдар? мені мысалға группаластарым мен сыныптастарым тәрбиелеген

#десең 😂

керім маңызсыз

14 Nov, 09:42


сені кездестірмесем бұл жыл бекер өткен болар еді. рахмет❤️

керім маңызсыз

13 Nov, 13:55


біреудің өмірін, киімін, жағдайын өсек ету қашаннан бері разбор болып кеткен?

#шатақ

керім маңызсыз

13 Nov, 09:11


1 жылға шашты түп-түзу қылатын немесе бұйра қылатын дүниелер шығарған адамдар тезірек 1 жылға ылғи ақылды болып жүруді шығарса екен.

бір-екі адамға сертификат сыйлау керек боп тұр🙂

керім маңызсыз

13 Nov, 08:31


- сіз сияқты пысық әйелмен қалай іш пысады?
- мен пысық емеспін, мен похуистпын

керім маңызсыз

13 Nov, 04:02


бәрі сенің бақытың үшін🧡

#blshq

керім маңызсыз

12 Nov, 17:05


ақ көйлек, жылтыр көйлек, қара көйлек туралы әндер бар да, шалбар туралы ән неге жоқ?

сенің қоңыр шалбарың,
түндерімді ұрлағандааайй-ааййй
сенің қоңыр шалбарың,
елес болып арбағандаааай-аййй
🙂

керім маңызсыз

12 Nov, 16:31


ер адам сыйлай алатын ең керемет сыйлық - тұрақтылық.

#маңызсыз

керім маңызсыз

12 Nov, 15:15


сымдар

қала ұйықтар алдында әр адамның саусақтарымен қосыла кететін шамдар бар. сол шамға тоқ жеткізетін сымдар бар. қаланың аспанында қалғып тұратын, күн батуын суретке түсіргісі келген жандардың фотоларында таныс емес жанның иығы немесе қол сағаттары секілді басылып қалған сымдар. жарқырауық есімдерге кеш бата қанықтық сыйлап, қалаларды жалғайтын жолдарға жолдас болған сымдар.

мен сол сымдар болғым келеді. Алматының түнгі вайбында мәңгілік еңбегі сіңген қап-қара, ұзын, барлық қала бойынша ебейдейсіз жалғасқан сым. армандарым дәл осылай елеусіз қалатын елеулі заттардың шекарасынан аспайды.


#o_ne

керім маңызсыз

12 Nov, 09:11


қолдаушың бар кезде сен ешқашан с нуля бастамайсың.

#маңызсыз

керім маңызсыз

12 Nov, 07:47


- 10 теңге шыға ма?
- хз… ой, білмим

балалардың диалогтары күшт кәм

керім маңызсыз

11 Nov, 16:20


“сен өзіңді білмейсің. ал, білмейтін нәрсеңді жақсы көре алмайсың”

Еркінұлы топ-топ, падам-падам

керім маңызсыз

11 Nov, 14:53


кейде тым көп сұрақ
жауапсыз қаларын біліп,

тұншығад…
#шатақ

керім маңызсыз

11 Nov, 04:53


Асар-Уменің арты ашылып, х*еть етіп жатырсыңдар ма?

менде де сол🙂

керім маңызсыз

11 Nov, 04:53


ой Алла, осы біреуге сене қойсаң мыааал болып шығатыны нес?

керім маңызсыз

09 Nov, 15:17


маған гүл сыйлау гүлге деген құрмет қой. менің үйімде, мен өз қолыммен құйып берген суда өсіп тұру әр гүлге беріле беретін бақ емес.

🤭

керім маңызсыз

09 Nov, 13:10


Фаризаның Нурикамалға деген махаббаты ұнайд❤️‍🔥

керім маңызсыз

09 Nov, 08:29


қар жауғанын салған жұртта нелерің бар? қар көрмеді емес көрді осы күнге дейін, көрмесе ғана салу керек пе?

сұлулыққа тамсанатын, сиқырға сенетін жүрегі барларға артық сөз айтып қояншыққа тимеңдерш

#шатақ

керім маңызсыз

09 Nov, 07:03


ішіңде от бар да – өрте.

#blshq

керім маңызсыз

08 Nov, 10:28


шын адамдарды сөз етсең – өсек,
кітап кейіпкерлерін сөз етсең – талқы.

әдеби өсек айтайық)

керім маңызсыз

08 Nov, 04:40


қазіргі психологиялық санамызбен қарасақ барлық махаббат жыры, аңызы, әңгімесі бос сандырақ. толып тұрған абьюз, манипуляция, газлайтиң.

сендер әлемге өз көзқарастарыңды тықпалап, өзгенің өзегін өртейтін сезімді ұға алмайсыңдар. махаббат деген сендер үшін алу мен беру, кім басым болар деп сайысу. сендер Баянның батырлығы мен Жібектің жүрегін түсінбейтін, сезінбейтіндерденсіңдер. сүйдім, күттім, кешірдім деп міндетсінетіндерденсіңдер.

бұл айыптау емес, өзім де сондаймын. бірақ өз санамдағы “ұлы махаббат” ұғымын өзгеге байлауға қарсымын.

#шатақ

керім маңызсыз

08 Nov, 04:28


Нурикамал.

мен бұл фильмды Тұрдықылыш мен Нурикамалдың махаббаты мен бейнесі туралы деп айтпас едім.

кино басында сүйгеніне қосылып, шын махаббатпен ғұмыр кешкен екеу көрсетілед. олардың ортасына түскен Нурикамал да, бір көргеннен ғашық болу дейтін сезім де емес, күйеусымақтың арманы деп ойладым. екеудің ортасындағы сезімге сел болған – күйзеліс, творческий тоқырау, “мен тым құрымағанда ізім болып қалатын бір ән жазсам ғой” деген дүниелік мақсат болды. осы идеямен ауырған адам жүректегі қажетсіз ойыққа қажетсіз мұратты ту қылып ұстатып қояды. оның туы Нурикамал болды.

жұрт Ханбибіні өзін сыйламайтын әйел және дана әйел деп екіге бөлді. мен бөле алмадым. мен тек түсіндім. көндігуді түсіндім. өз ғұмырында өлеңнен, өзінен, өз қалауынан бас тартып, өзін аналық пен әйелдік міндетке жегуге рұқсат етіп, соған көндіккен әйелді түсіндім. күйеуінің берген бар махаббатын сатқындықпен тең көрмей, кеше алған, кешірген сыңай танытқан бір әйелді көрдім.

фильм Ханбибі жайлы. Нурикамал – бұл бір еркектің ессіз ғашықтығы туралы емес, бір әйелдің нала-мұңы жайлы. өлеңнің әр жолы Ханбибінің өз ішіндегі Нурикамалын аңсауы туралы, өкініші мен қауқарсыздығы туралы. мен осыны көрдім. бұл ән – Тұрдықылыштың бағы я ізі емес, бұл ән – Ханбибінің жүрек үні.

ешкімді ақтамаймын. бірақ мен бұған қоғам қалыптастырған ақ/қарамен қарауға қарсымын. бұл жерде Бека мен Аяудың емес біз түсінбейтін екеу мен біреудің ұғынбас махаббаты жатыр.

керім маңызсыз

08 Nov, 04:17


Нурикамалға бардым.

керім маңызсыз

07 Nov, 06:32


Қазан қорытындысы

кітап:
бітірген кітабым жоқ. “Искусство любить” бастадым да, тастадым.

фильм:
“Гауһартас”
Кітапханды көргесін киноны да көргім келіп, қарап шықтым. кім не десе де ескі Қазақфильмнің қолтаңбасы ерек.

“Клаустрофобы 1,2”
қызық.
“Птичий короб”
“Не дыши”
(жалпы фильм көріп қана өткізген екенмін ғо)

сериал:
“Мошенники”
қазақша сериалдардың ішінде ұнаған тағы бір проект. бұдан да жақсы түсіре аламыз деп үміттенем. Фариза уан лав🫶🏻

спектакль:
“Қара шекпен” сүйікті ТЮЗ Мусрепов❤️
өте ерек қойылым. біз өз көзқарасымызға сенетініміз сонша әлемде ақ пен қараның орнын ауыстырып алғанбыз.

ән:
Айқын Төлепберген - Үмітің үзілмесін

оқиға:
1. Гульшаттың туған күнін өткіздік.
2. ремонт бітірдік.
3. өмірімде алғаш рет лилия алдым🥰
4. алғаш рет көліктің адам қаққанына куә болдым.
5. каспи магазин аштым.
6. өзіме айна сыйладым🥰
7. бөлем босанып, кіндік шеше атандым🥰
8. бірінші рет выпискаға бардым.

керім маңызсыз

06 Nov, 18:43


бүгін бәрі Трамптың жеңісін айтып әлек болды.

ал менің жүрегімдегі сайлауда сен жеңдің. жүректер мен сенімдер тоғысқан осы бір таңдауда қателеспесек екен.

мен және америкалықтар.
#маңызсыз

керім маңызсыз

06 Nov, 06:11


жеті кереметті ашқандар сол көркемділікке қарап тұрып, өз сүйіктілерін көрген шығар. өйткені, сүйім – жүректің линзасы.

керім маңызсыз

06 Nov, 05:04


Азанның даусымен Стамбулда оянғым келді.

құшағыңда.

керім маңызсыз

06 Nov, 04:38


қаңғыбас

ит құсап, тасталған қоқыстың ішінен жүрегімді таппай әлекпін…
#шатақ

керім маңызсыз

05 Nov, 14:16


қадамымды санайтын телефон да, оған қарай неге бармайсың деп жазғырды…

керім маңызсыз

05 Nov, 04:23


– Мен сенің көздеріңді сүйемін.
– Өкпені төгетіні үшін бе?
– Тек мені көретіні үшін.

керім маңызсыз

04 Nov, 15:35


- ал мында өлекселер жатыр. оларға жарық бармайды. қаланың шамдарынан бөлінетін жарық оларға тек көлеңке болып түседі.
- өлгендерге жарықтың керегі не?


жарық бәріне керек қой…

керім маңызсыз

04 Nov, 14:41


өкпем тамағыма жиырылып, жасымды жұтқан күннен бастап көңіл беймаза. түңілісімнің туылғанына екі күн. қашан толғақ?

#шатақ

керім маңызсыз

03 Nov, 13:49


шынайы бол дейтіндер шынайылығыңды қабылдай алмайды.

#шатақ

керім маңызсыз

03 Nov, 13:47


алда әлі мыңдаған сәтсіздіктер мен қайғы. Жолың болсын!

#blshq

керім маңызсыз

03 Nov, 13:44


үндемеуді үйренсем ғой

#шатақ

керім маңызсыз

03 Nov, 10:00


ойлаш, зомби тістеп жатқанда “біләәә, прокладкамен өлген қандай жаман” деген ой келед🙂

керім маңызсыз

03 Nov, 09:58


ойлааап отырмында, әлемде апокалипсис болып жатқанда месики келсе бітті ғой

керім маңызсыз

02 Nov, 17:32


- махаббаттың түсі қандай?
- түсі? ол мұңайған сәтте - көк, қуанған кезінде - қызылды-сары, сағынғанында - сұрғылт, маңдайымнан сүйгенде - қанық күлгін. махаббатың түсі кемпірқосақтың түстеріндей түрлі және бұның бәрі ол жайында)

#маңызсыз

керім маңызсыз

02 Nov, 17:25


мен өмірді түсінгендей болам да, адамдарды түсінбей қалам🤷‍♀️

#шатақ

керім маңызсыз

02 Nov, 14:51


көзден жас тамбаса ерінге езу жиылуы қиын.

өмір солай, ең жарқын түстің құрамында қара бояу болмаса жарқын түс болар ма еді?!

керім маңызсыз

02 Nov, 14:24


Екеуі де бақытсыз, қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосынды өзгермейді

керім маңызсыз

02 Nov, 13:49


сүйгеніне қосылмай кеткен бақытсыз ба әлде сүйгеніне қосылып тұрып бақыт таппағандар бақытсыз ба?

керім маңызсыз

01 Nov, 18:42


сана биігінде болсын, төменінде болсын махаббатты сезіне білген адам - АДАМ!

#маңызсыз

керім маңызсыз

01 Nov, 12:46


ескі кілт жаңа есікті ашпайды.

керім маңызсыз

01 Nov, 12:17


бүгін Қараша. ертең де.

бұл жалғыздықтан бақ тауып, бақтан жалғыздық табуға таптырмас кезең. Қарашаның өзі бөлек мезгіл.


сұрлау келетін тыныштық мезгілі🍂
#маңызсыз

керім маңызсыз

31 Oct, 18:13


бағым деп жүрсем өзгені

сенбе.

#маңызсыз

керім маңызсыз

30 Oct, 14:53


мына өмірде ең кайф дүние бір компашканың группасынан бөлек сол компашканың ең жақын адамдарынан жиналған бөлек группа болу.

аййй айызың қанып әңгімені жібересің ғо🤤🤤🤤

керім маңызсыз

30 Oct, 13:27


маған жұмсақ кресло емес еркектің мойны мен ақылы артқан миы керек.

#десең

керім маңызсыз

30 Oct, 13:16


“мне два раза повторять не надо, мне с первого раза похуй

керім маңызсыз

30 Oct, 10:35


мен сезінбеген сезімдерімді сағынам.

#маңызсыз

керім маңызсыз

30 Oct, 08:49


жаныңды өзгертіп қайтаратын мекендер.

мен бүгін сенің құшағыңнан да құбылмалы бір жерде болдым.

керім маңызсыз

29 Oct, 18:06


өмірде өкінсем Теңізге су әкеліп беруді үйретпегенім үшін өкінетін шығармын😪

керім маңызсыз

26 Oct, 12:37


кейде кей әңгімелер, кей кітаптар, кей астар адамның көзі мен құлағынан таза жерлерде ашылуы керек.

сен менің сол кітаптар, сол әңгімелеріме теңсің🖤
#кісі

керім маңызсыз

26 Oct, 10:37


бұл жалғанда шешініп тикток түсіретін жігіттер бар да

мен бақытсыз болмаспын

#десең

керім маңызсыз

26 Oct, 09:05


армандаған сайын кеудемді бір мұң билейді.

үміттің елес болуынан шошыған мұң емес. өзімді лайықты көретін болашақты сағынғандықтан.
#маңызсыз

керім маңызсыз

25 Oct, 17:03


твои желания сбываются на моем теле

❤️‍🔥

керім маңызсыз

25 Oct, 04:32


менің бақытым өзгеге тәуелді еместігін өзіме бұрыннан дәлелдегем.

сен де дәлелдедің.

#маңызсыз

керім маңызсыз

25 Oct, 04:16


мен туралы ойна…


🎵

керім маңызсыз

23 Oct, 17:59


тағдыр таққан тұмарым,
медеу қылып жаныма❤️‍🩹

керім маңызсыз

23 Oct, 06:58


сендерді білмеймін,

бірақ мен Ерке Есмаханға разбор, Абилованың гүлі, енеммен төбелестім, жыныс мүшені өсіру, егер айына 1🍋 тапқың келсе, әйелдік энергия, анау сотталыпты, блогерлердің каспиында қанша бар деген болмайтын әңгімелерден шаршадым.

біреудің артын аңдып, таңғы, кешкі, түскі асқа өсекті талғажау еткен кайф па сонда?

даму, подкаст, кітап дегендерде де болмайтын, боқтан сасық ақпарат көп. бәрі бір сананың торына тыққысы келе ме, бірдемсе.

ӨЗ ЖҰМЫСЫН жасап жатқан адам аз. бәрі ақылшы, бәрі сынаушы, бәрі ульти. зайбалсыңдар.

#шатақ

керім маңызсыз

23 Oct, 06:46


құрбыларымды болмай қалған свиданиеден пафосно алып кетіп, ана жігітсымақтардың көтін ашыту үшін машина алғым келед

🤭

керім маңызсыз

23 Oct, 05:35


менен махаббат туралы емес құштарлық туралы сұраңдар.

себебі, бірінішісімен ешқашан бетпе-бет келмеген екем.

#шатақ

керім маңызсыз

23 Oct, 04:03


Әрқашан әйелдердің жағындамын. Қоғамда екінші болмаса екен. Өз ойын айта алса екен. Таңдау құқығы болса екен. Еркіндік пен махаббатты сезінсе екен деп.

Бірақ өте арзан әйелдерді жиі көрем. Жан-дүниесі ұсқынсыз. Болмысы пәс, ойы жеңіл, сұрағы мардымсыз, қалауы ақша, құныққаны да сол. Өз өзін жасаған әйелдерді, өзін өзі дамытып жүрген қыздарды биік көрем. Әттең, биік болу бәрінің қолынан келмейді да.

керім маңызсыз

21 Oct, 14:48


мына өмір екмбестермен әдемі😋

керім маңызсыз

21 Oct, 04:19


күзде гүлдейтін недеген батыл гүл. аяздың аузына түсерін біліп тұрып бірнеше күндердегі күн шуағын жанына медет етіп, жайқалып тұра беретін, аяз үсітіп әкетсе де нәзіктігінен айырылмайтын бұл неткен ерлік.


сол гүлдерден бол💌
#blshq

керім маңызсыз

20 Oct, 08:01


🫧

керім маңызсыз

19 Oct, 13:38


- ұзақ қарадың ғой
- ол жерде мені үнемі бір теріс қараған арқа күтіп тұрады. маған арқау болған арқа.

керім маңызсыз

18 Oct, 16:17


тағы бір күні, түнде.

түнде сен өз үйіңнен безініп, адасқан жандардың отауы болған орманға кіресің. кеудесі қуысқа толған, көңілі қарадан құралған, бақыттан безінген жандардың ортасында сенің де естілмеген жүрегің байыз таппай алқынып жүргенін байқайсың.

айтшы, сәулем, сен оның көзіне қарай аласың ба?
құшағыңа қысып кешірім сұрай аласың ба?
лайықсыз таңдауларың үшін биік болмысы тапталған жүректі қайтадан қауіпсіз мекенге еріте аласың ба?

#blshq

керім маңызсыз

18 Oct, 11:53


жүрек шаһарда салынған ең биік мұнара, ең таза мінәжат бөлмесі және ең көркем кітапхана едің…

тарих тұнған көшелер де ескіреді. алыптар тұрған үй де бұзылады.

#маңызсыз

керім маңызсыз

18 Oct, 09:14


“сізге курьер келе жатыр” дегенді жақсыыы көрем ғо😮‍💨😮‍💨😮‍💨

керім маңызсыз

18 Oct, 08:54


жездем “15 жылды бір қызбен өткізіп тастаппын ғой” деп статус салып қойыпты😂😂😂

жатып қалғансың ғо

керім маңызсыз

17 Oct, 13:08


мен оның “Мастер и Маргаритасы” шығармын.

#маңызсыз