Шексіздік 🌀 @dinarabolat Channel on Telegram

Шексіздік 🌀

@dinarabolat


Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы

Шексіздік 🌀 (Kazakh)

Шексіздік 🌀- бұл кендеу көрсетулері мен тақырыптары бойынша мұқият мәліметтер көрсететін динара болаттың Telegram-каналы. Ұстаздан қызмет көрсетуші деп аталған @dinarabolat барлық жақтарында танымал көрсететін шексіздік көрсеткіші болып табылады. Бұл каналда шектеу жасалған жаңаларды, аймақтардың кездестік событияларын, мәдени әрекетшілік планеталдың қазіргі мәселелері туралы ақпараттар және таң тақырыптар қойылады. Егер сіз өз биік-класс аралық отырғызатын кім болсаңыз, онда Шексіздік 🌀 каналы сізге қызмет көрсете алады. Бірге осы каналды бақылап, әлемді барлық жағдайда жаңалықтармен шыдайым болыңыз!

Шексіздік 🌀

02 Dec, 19:10


Қандай әдемі, нәзік ой.
“Мерцающий арбуз”

Шексіздік 🌀

02 Dec, 19:08


Табиғатта бәрі үйлесімді. Өзімен үйлесе алмай жүрген адам ғана.

Астанада бейбіт, әдемі боп жауған қарға қарап тұрып келген ой.

Шексіздік 🌀

27 Nov, 07:04


Бір елдің туы сонша сүйкімсіз болады деп ойламаппын. Астана көшелеріне ілінген Ресей туларын көргім келмей, алдымнан кездескен сайын “Түрің құрсын, сұмырай!” деп жеттім.

Шексіздік 🌀

27 Nov, 06:58


Виза бойынша мәселесі шешілмей жүрген Саида әкесі Министр, мұндай проблемалар оңай шешілетін бір досын мысалға келтіріп, қызығады. “Біреудің өміріне қызықпа! Әкесі ылғи сабап, қамап, жазалап сабақ оқытатынын ұмытып қалдың ба? Хотела бы такую жизнь себе?” деп өзінің айтқандарын есіне салдым.

“Әркімге өзі ғана көтере алатын қиындықты береді. Біреудікін неғыласыз?…біреудікін өзіңізге тілемеңіз. Бәрінен де өз тағдырыңыз әдемі”
“Өмірге шексіз ғашық”

Шексіздік 🌀

26 Nov, 12:34


- әдетте мұндай тексерісті 40-тан асқанда жасайды. Сіз әлі ол жасқа келмегенсіз. Не үшін тексеріліп жатырсыз? Жай чекап па?
- Жоқ, әкем жақтан ракпен ауырғандар бар.
- Именно кімдер?
- Әкем, әжем, ағам…
Әжемді сағынған болуым керек дауысым дірілдеп, үнсіз жылап қалдым. Сөйтіп жатқанда наркоз әсер етіп ұйықтап кетіппін.

Шексіздік 🌀

26 Nov, 12:30


Наркозға рұқсат қағазын толтырып жатқанда форс-мажор жағдайына жақын екі адамның контактісін жазуымды сұрады. Астанада болса әкемді жазар едім. Жолдасым шетелде. Інім осы қалада болса да өмірі хабарлама, телефонға уақтылы жауап бермейді. Бірден ойыма қызым түсті. Қызымның данныйларын жазып жатып көзіме жас ұялады. Баламның есейгенін осы сәтте толық түсінген сияқтымын. Қолында ешқандай связь, ақша болмаса да кризистік жағдайда ол бәрін көтеретінін, қажеттінің бәрін ұйымдастыра алатынын білемін. Екінші жақын адамым ретінде досым Перизатты жаздым. Себебі, ол әрқашан байланыста. Жүріп, сөйлеп келе жатып барлық хабарламаға уақтылы жауап беретін адам. Одан соң аянып қалмай баратын жерге барып, қанша төлеу керек болса досы үшін төлеп беретін жан.

Шексіздік 🌀

25 Nov, 09:48


Жігіттер сәл шашын өсірсе бірден красавчик боп кететін әдеті. Әп-әдемі жүріп, шаштарын қысқартып тастаса онша емес боп қалғанын айтуға қысылып тұрамыз🤭

Шексіздік 🌀

24 Nov, 17:56


“Теперь можешь не жалеть об этом. Любовь - это благословение само по себе” деді дорамада екі бөлек кетіп жатып. Болғанының өзі бақыт деп айтпап пе едім?)

Шексіздік 🌀

24 Nov, 17:40


Адамды ешқашан мінсіз болғаны үшін жақсы көрген емеспіз. Жақсы көргеннен ғана міні көрінбеген болар.

Бірақ маған бар жақынымның артық-кем мінезі анық көрініп тұратыны бар. Өзімдегіні тіпті айтпай-ақ қойдым)

“Адам - ай мінезді, қараңғы жағын жасырып, жарығымен жылтырайды” деген ойды 5 жыл бұрын оқығанда ұнатқаныммен, дәл бүгінгідей түсінбегенмін-ау.

Өзіммен қоса сүйікті соулмейттерімді де сол ай мінезі үшін жақсы көреді екенмін. Қанша жерден пенделігі ойнап, көлеңкелі тұсы сыртқа шыққысы келіп жатса да жарығына жеңдіре алғандарды нағыз мықты, махаббатқа лайық жандар.

Шексіздік 🌀

22 Nov, 21:36


Қарындас десе құрысып қаламын. Қаратпа сөз ретінде қолданған адамның ой-өріс деңгейі онша емес, маған қарап ыржалаңдап тұрғандай көрінеді. Әкемнің інілері атамай ақ қарындасым деп құратын қатынасы бөлек. Әдемі. Қасиет бар. Ал танымайтын адамның олай сөйлеуі мен үшін тым ерсі.

Шексіздік 🌀

22 Nov, 18:04


Бір ер адам “Түсінген адамға сіздің тақырып өте мықты болды” деп айтып кетті. “Сіздікі ерекше. Әлі көп насихатталуы керек тақырып” деді орта жастағы әйел адам асығыс. Жүздің ішіндегі екеуден ұяламын деуші едім ғой. Меңзегенім көптің ішіндегі осындай көзі қырағы, түсінігі терең, адам танитын санаулы жандар.

Шексіздік 🌀

19 Nov, 06:19


Экошопта не экологичный сатушы отырғаны қызық екен.

Шексіздік 🌀

18 Nov, 11:19


Астанамның бүгінгі сыйы💕

Шексіздік 🌀

17 Nov, 16:42


Человек, который может гулять один под дождём,- это тот, кто знает вкус жизни.
Человек, который может отдать зонтик тому, кто идет один под дождем, - это тот, кто знает смысл жизни.
Дождь - это то, что делает мир прекрасным.
Зонтик - это то, что делает человека прекрасным.
Когда один человек для другого человека становится зонтиком, то один становится долгожданным дождем для иссохшего сердца другого.
Хорошее отношение к жизни📖
Пак Джи Хен

Шексіздік 🌀

17 Nov, 06:10


Ұйқыдан ояна сала әдеттегідей сторилер көріп кеттім. Бәрінде бәрі әдемі. Алайда мен сол жердегі көп кейіпкердің жеке проблемаларын, басты мұңын білемін. Соған қарамастан өзін алдарқатып өмір сүретін орта, адамын, сүйікті іс сияқты дүниелер тапқан. Әлде олар ешнәрсеге қарамастан бақытты болуды үйренген. Әлде бір сырын білетін біздер, тіпті кейде өзі оның тұтас өмірін құрайтын түрлі қуаныштарын құнсыздандырып әлекпіз.

Шексіздік 🌀

15 Nov, 07:47


Я всегда буду помнить те моменты, когда хотелось остановить время. Тому, кто любит жизнь, никогда не хватит слов, чтоб её описать.

Красота дня, очарование ночи. Головокружение от чувственных наслаждений. Скрипки нежности, азарт работы, здоровье.

Немыслимое счастье проснуться утром, имея впереди целый день, огромный день, полный радостей и забот.

И можно упиваться им, пока сон не скуёт тебя неподвижностью до следующего утра...

Никогда я не найду слов, чтобы отблагодарить небеса, или Бога, или мою маму за то, что я явилась в этот мир, где всё для меня.

Франсуаса Саган.

Бұл бізге бұйырған уақыт.
Бұл әлем біз үшін.
“Өмірге шексіз ғашық”💜

Шексіздік 🌀

13 Nov, 14:52


Қытайға кәдімгі саяхат жасап, Сингапурде Тэминнің өзін көріп, Тайландта досыммен әдемі күндерді өткізіп, келесі сапарға дейін Астанамның ең әдемі қысқы айларын өткізуге келе жатқан жайым бар. Мың шүкір!

Шексіздік 🌀

13 Nov, 14:52


Пико екеуміздің Бангкокте түскен рилсімізге “достық емес басқа нәрсеге ұқсайды” деген пікірлер де жазылды. Мұндай пікірлерге етім үйренген. Шындыққа жанаспаған соң ақталып, түсіндіргім де келмейді. Шындығы сол біз достасқан 10 жылдың ішінде Перизат бірнеше адамға ғашық болды. Оның бірі кітабындағы Мәди. Пико ғашық болса, біреуді ұнатса баспен кетеді. Жүректі тыңдайды. Досы менен де алыстайды. Ренжімеймін. Мен тек ешкім оның аңғалдығын пайдаланбаса екен деп, әрқайсысына күмәнмен қарап, жанынан бақылап жүремін. Ал өз басым осы он жылдың ішінде ешкімге ғашық бола алмадым. Адаммен қатынастан эйфория сезінбедім. Жақсы емес. Ғұмырым тек өмірге шексіз ғашық болумен өтпесе екен деген тілегім бар.

Шексіздік 🌀

13 Nov, 14:52


Бангкоктегі демалысымыз ұнады. Асықпадық, бассейн жанында да жатпадық. Өзімізді еркелетіп, дәмді тағам жеп, сапалы соджу ішіп, тай массажына барып, ішіміздегі жасөспірімдердің қалауын орындап шоппинг жасап, көңіл көтерумен болдық. Жетпей қалатындай аз емес. Ығырыңды шығаратындай көп емес. Жағдайымыз осындай күндерге жете берсін деп, мотивация алып келдік👌🏻

Шексіздік 🌀

10 Nov, 16:36


Сингапур күнделігінен.

Қымбат қала- мемлекеттің тұрғыны болып та кедей өмір сүруге болатынын көрдім.

Метрода кетіп бара жатып, еөзім жара-жара, қотыр-қотыр аяқтарға түсті. Басымды көтерсем бір ата қолдарын тырнап тұр екен. Кедей емес, бомж емес тері ауруы. Ыстық елде қышынудың қандай болатынын елестетудің өзі ауыр. Дертін сәл де болса жеңілдету үшін климаты жағымды елге көшуге жағдай жетпей ме? Түсінігі жетпей ме? Әлде батылдығы жетпеді ме? Мен де дәл сол адамның орнында болуым мүмкін еді ғой. Ұрпағы үшін сауап жинаған қай атама, қай әжеме алғыс айтуым керек деп ойланып қалдым.

Сингапурге алғаш келген 2018 жылы қымбатшылық жанымызға батқаны соншалық отбасымызбен үнемдеп жүріп ақша жұмсадық. Қазір материалдық жағдай тәуір. Өзіме таңғы асқа 13 мың төлей аламын. Бірақ отбасыңмен келсең төрт адамға американ таңғы асы мен кофеге 52 мың төлеу unreal.

Әуежайға жеткізер таксиге тапсырыс берсем таңғы 5-те кәрі ата келіп тұр. Қолдары дірілдеп чемоданымды багажға салды. Мына кісі мені хайвеймен, қараңғыда қалай жеткізеді деп уайымдадым. Мен уайымдаған сайын ол жүйтки жөнелді. Адам қартайса да өмір бойы қалыптасқан білік, дағды өзімен қалады екен.

Шексіздік 🌀

09 Nov, 17:28


Түсініп, сеніп, ішімде алғысым тұрса да бәрін саналауға уақыт керек🙏🏻

Шексіздік 🌀

09 Nov, 17:27


🎧 Нажми чтобы найти песню

Шексіздік 🌀

09 Nov, 17:21


Өмірде көрген мүлдем басқа. Тэминім өмірде өте әдемі, дауысы вокалы өте таза, дене бітімімен мықты жұмыс істеген екен. Жүзі өте жылы. Өткен жылы Stray kids концертінде оған дейін ұнатпаған Чанбинім жаңалық болған. Бүкіл топтың ішіндегі ең харизматик өзі боп шықты. Концерттен кейін ерекше сыйластық пайда болды оған. Ал Тэминіме сыйластығым, оны ұнатқан өзіме сыйластығым көп еселене түсті.

Шексіздік 🌀

09 Nov, 17:18


Концертке алған билетім келгенде VIP болса да фото, видеоға түсіруге болмайды деп тұрды. Орын жақын жерден болған соң түсіруге болмайтын шығар деп ойладым. Жарайды, жеке концертін көрсем болды деп барға қанағат дегем. Алла бәрін мен ойлағаннан әдемі етті. Үшінші K-pop концертім. Саяхат секілді миллиондар жұмсауға тұрарлық құштарлығыма айналып бара жатыр. Әдемі тәуелділік❤️‍🔥

Шексіздік 🌀

07 Nov, 14:22


Осы кісі менің мамам болғанда күшті тандем болар едік. Қаны жапон, рухы дзен, логикасы темір, көңілі жас, дүниетанымы шексіздік. Фанатизмсіз үлкен респект.

Шексіздік 🌀

05 Nov, 08:57


Қытай жарнамаларын өте жылы қып шығарады. Саиданы ойлап отыр едім. Басымды көтерсем мониторда пойызбен оқуға кетіп бара жатқан қызын анасы шығарып салып, қызы купеде жылап отыр. Анасы жолға қораптағы тауықтың піскен аяқтарын беріп жіберіпті. Бірнеше жылдан соң сол қызы бала-шағасымен анасының үйіне сый-сияпаты, шайға жаңағы қораптағы тауығымен кіріп келіп, мәре-сәре боп жатыр. Бір минутта шағын, жылы кино. Анау жастар ішетін көк шай chageе жарнамасы да күшті. Бұрын сториде көрсетіп ем. Қыз басына фата тағып, үстіне кожанка киіп, жігітімен неке тойларын кафеде атап отырады. Өздерін фотоға түсіріп жатқан кезде шағын той екенін аспазшы байқап, екеуін құттықтап, әдемілеп фотоға түсіріп жас жұбайларды мәз қылады. Сондай сүйім жарнамалар.

Екеуге арналған фастфуд, кафелердегі той негізі өте жақсы идея. Азия жастарының арасында жиі байқалып жүр. Оданда ол ақшаға пәтер алайықтың әдемі безендірілуі.

Шексіздік 🌀

05 Nov, 08:47


Идеяның адамы, жанкешті, ұлттың адамы дегендердің биыл амбициялары оянғанын көрдім. Өзіне сенбей алақ-жұлақ етіп жүрген баланың арқасынан қағып, мақтай берсең өсетіні рас екен. Тек ниеті өзгеріп, тазалығын жоғалтатыны болмаса…әлде әуелден ойы бөтен.

Шексіздік 🌀

05 Nov, 08:32


Биыл мен үшін қандай жыл болды өзі? Өте көп саяхаттадым. Өзіммен көп кездестім. Кейде сағынғаным болмаса, көп ешкімді іздемедім. Менің арнама көп жақыным да қосыла алмады. Мен де көптің көзінде болу үшін өзгелерге қосылуға ұмтылған жоқпын (әдеттегідей). Жалғыздық? Өз бағытымда жалғыздығымнан кемдік сезінбедім. Әр күйімді, әр шешімімді сыйлай алатынымнан күш көрдім.

Шексіздік 🌀

05 Nov, 08:25


🎧 Нажми чтобы найти песню

Шексіздік 🌀

05 Nov, 08:25


Қытай күнделігінен))

Пойыздағы ойларым

Өзге елдерде, әсіресе Азияда өзімді анағұрлым қауіпсіз сезінемін.

Қанша еркінмін десем де елде көп жағдайда өзімді қоғаммен үйлестіріп әлекпін. Елден жырақ өзім жалаңаш, ойларым пәк, анам жаңа дүниеге әкелген бейкүнә саф таза күй кешемін.

Шексіздік 🌀

28 Oct, 11:17


В чем сила, брат?)) Кітаптың бірін бастап, дорамалардың күші неде екенін анық түсіндім. Эстетика, вайб, өзекті тақырыптар, қажет монолог, диалогтар. Кітаптары да сол бағытта жазылады екен. Түсінгенім ізденіс, күрес, қарбаластан шаршаған жастарға, қыз-келіншектерге“бәрі жақсы. Сенде бәрі дұрыс” деп арқаларынан қағып, түрлі сезімдерін, жалғыз еместігін көрсеткендіктен өтеді екен.

Шексіздік 🌀

21 Oct, 07:42


Мен кішкентай баланы баптайтын ата-ана емес, өсіп қалған баланы жаныма ертіп жүріп сөйлесетін Дос ата-анамын. Ендігі бар күшім тек немерелеріме жететін сияқты. Оның өзінде олардың у-шуын аз күнге ғана көтеретін шығармын.

Астанада сіңілім тұрады. Жолдасымен шетелге демалысқа кету үшін Оралдан әкесін алдыртты. Балаларыңды маған қалдыр деп айта алмадым. Досым Пико мен тұрғанда қызын басқа біреумен қалдырады. Сол кезде де жаман боламын. Бүгін Ақмарал құрбымның шаршап жүргенін оқыдым. “Міне билет, Астанаға маған келе қал. Қызыңды мен баға тұрамын, сен демал” деп тағы жаза алмадым. Сондай кездерде өзімді өте нашар адам сезінемін😔

Шексіздік 🌀

17 Oct, 19:16


🎧 Нажми чтобы найти песню

Шексіздік 🌀

17 Oct, 19:11


Быть нетребовательным к людям, приглашать их в душу, — признак либеральности, но не благородства. Сердца, способные на аристократическое гостеприимство, мы признаём по множеству занавешенных окон и запертых ставней: свои лучшие покои они по меньшей мере держат пустующими, — они ждут гостей, к которым требовательны…

Ницше

Шексіздік 🌀

16 Oct, 16:35


Victoria Secret шоуын көріп шықтым.

Lisa жарады. Бұрын тым арық еді. Қазір формасы мықты. Өзінің мықты тұстарын жақсы біледі. Қылықтарын орнымен, әдемі қосады. Бүгінгі хореографиясы мінсіз💋

Шоуды ашқан Джиджи Хадид. Табиғатынан беті бейбифэйс. Бірақ жүзі де, жүрісі де ауыр болды.

Екінші шыққан Имаан Хамам🔥екен. Врезалась в память🎯Өзінен кейін ешқайсынан мұндай қылық, харизма байқамадым. Шоудан кейін парақшасын тауып, тіркеліп алдым.

Бэлла Хадидтің жалпы киімі ұнамады. Киімді ол алып шықты. Браво! Бірақ анағұрлым әдемі лукқа лайық еді.

Ирина Шейк ТОП. Жасы да асып барады. Бірақ әлі сұраныста. Мынадай форма, жүріс, мінезбен төрде ұзақ тұрақтайды.

Жалпы байқағаным қаранәсілді модельдер өздеріне сенімді-ақ. Мінез бар. Қанша ашық киім кисе де азиалық модельдерден ұяңдық сезіледі. Европоид қыздар жай сол шаңырақтан болған соң сол жерде жүрген фон сияқты. Изюминка жоқ. Жеке ойым.

Шексіздік 🌀

16 Oct, 10:48


Ақылды, білімді қыздар сана биігінде жолығуды армандайды. Менің айналамда түрлі тақырыпта 3-4 сағаттан ой, білім жарыстырып әңгімелесетін ұл достарым бар. Бірақ ешқайсысына сезім туған емес. Соған қарағанда бір мидың сексуалдығы жеткілікті емес-ау.

Шексіздік 🌀

16 Oct, 10:43


Жуырдағы сұрақ-жауапта жастардың сұрағаны кілең махаббат туралы болды. Махаббат туралы өлгендерден сұрау керек -ау. Махаббат дегеніміз бауыр басу ма, құштарлық па, сана биігінде жолығу ма, достық пен сыйластық па? Қосыла алдыңыз ба? Қосылғаннан кейін сезімдер тыныштыққа айналып кетпеді ме? Қосылмағаныңызға өкініш бар ма? Әлде онсыз да өміріңіз әдемі өтті? Нағыз махаббат қайсысы өзі ? Жауабын сол жолдың соңына жеткендер ғана білетін сияқты.

Шексіздік 🌀

14 Oct, 08:41


Сапалы дүние тек осы жақтан боп тұр. Сорри😊

Шексіздік 🌀

11 Oct, 14:59


-мама, менің үш Құдайым бар. Бірінші сен, сосын папа, үшінші Құдайдың өзі.
-ата-ана үшін күшті комплимент. Бірақ біз Құдайдан үлкен емеспіз ғой.
-білемін. Бірақ мен қиналсам да, бірнәрсе қаласам да оны бірінші сіздер орындап, жанымда боласыздар.
- ертең бізден алысқа кеткенде бар қажетіңді Құдайдан сұрайсың. Қуанған, қиналған сәттеріңді бізден бұрын ол көреді. Сонда Құдайға жақындайсың))

Шексіздік 🌀

11 Oct, 14:37


Адам табиғаты туралы байқағанымды бір жазайын десем ылғи бір кездесуге не бара жатамын, не кездесуден келе жатамын. Жазарымның бүгін көрген адамға еш қатысы болмаса да өзі туралы деп ойлап, ренжіп қалар деп кейінге шегеріле береді. Міне тағы кездесуге бара жатырмын. Сонда ол ойлар қашан жазылады?))

Шексіздік 🌀

11 Oct, 12:33


Шок! Тартылыс күші ме екен? Тура өзім екен ғой. Шамаладым. Бірақ осынша ұқсайды деп ойламаппын. Фотоның сұлулықты жеткізе алмайтыны, қуатымның тез таусылатынын, тез шешім қабылдап, бір өзім кетіп қалатыным… мен туралы айтып жатқандай.

Шексіздік 🌀

10 Oct, 20:53


Я говорю «да», ничего не утверждая при этом, и говорю «нет», ничего не отрицая. Я стою выше «да» и «нет».
Я забываю о том, что достигнуто, и о том, что потеряно.

Дайсэцу Судзуки

Шексіздік 🌀

10 Oct, 11:56


Кеше ұл досыммен кездесіп, біраз әңгімелестік. Астанада тым комфорт, артық ақша табуға мотивация беретін басқа қалаға көшкім келеді дейді. Астананың өте комфорт екені рас. Пәтерің болса тіпті. Артық ақша табуға тек саяхаттарым ғана мотивация боп тұр. Бір саяхаттан келген соң екіншісіне дейін 1-1,5 миллион табу миссиясы шығады. Әр екінші-үшінші ай шетелге кеткім келетінін ескерсек ақша табуға өмір бойына үздіксіз мотивация кепілденген))

Шексіздік 🌀

09 Oct, 17:58


Шерзатты өлтіргендердің көкті тіреп тұрған көкесі Хасан есімді адам екен. Оның атын естіп алған қазақ жігіттері “мынауың қазақ емес қой, көзін жояйық” деп шулап жатыр. Қазақ па, басқа ма әлі белгісіз. Бірақ күлкім келгені біздің жігіттердің намысын тек өзге ұлт өкілі оята алады. Қазақ зорласа, қазақ өлтірсе аузын буған қапшықтай үнсіз жата береді. Намыстары да екіжүзді.

Шексіздік 🌀

09 Oct, 16:12


Үйленбей тұрып қысыр әңгіме айтатын жігітпен отбасылық өмір қиын болады.
Бір шаңырақ астында тұрып сенімен санасып қалған, ұсақ күйеумен ажырасқаннан кейін де қиын болады.

Шексіздік 🌀

19 Sep, 19:11


🎧 Нажми чтобы найти песню

Шексіздік 🌀

19 Sep, 18:03


Кеше мені оқымайтын қатысушы “Сіз шынайылық туралы айтып жатырсыз. Өзіңіз қаншалықты шынайысыз?” дейді. “Шексіздікке” кіріп тұрыңыз” дедім))

Отырмыз міне))

Шексіздік 🌀

19 Sep, 04:58


Многие просто наполняют свои умы словами древних и принимают их за истину. Более того, они цепляются за эти слова как за свой собственный взгляд.

Именно об этом говорится в изречении: «Цепляться за чужое понимание - значит закрыть врата к собственному просветлению»

Ханьшань Децин

Шексіздік 🌀

12 Sep, 09:36


Пожалуйста, помни, что...

1. Только ты выбираешь спутника жизни.
2. Только ты выбираешь профессию.
3. Только ты выбираешь город и страну для жизни.
4. Только ты выбираешь своё материальное положение.
5. Только ты выбираешь своё окружение.
6. Только ты выбираешь свои хобби.
7. Только ты выбираешь свой досуг.
8. Только ты выбираешь, какими вещами себя окружать.
9. Только ты выбираешь, какую информацию потреблять.
10. Только ты выбираешь, кем быть…дейді.