Білім беру арқылы жұмысшы мамандықтарын қолдау: Маңғыстау облысындағы жаңа мамандықтар мен жобалар
💬 «Осы жыл – ең ауқымды және өзекті мәселелерді шешудің тамаша сәті. Біз іс-шаралар жоспарын әзірледік, оның шеңберінде ІТ-хаб ашу, халықаралық чемпионаттар өткізу, салалық аккредитация алу, жаңа мамандықтарды енгізу және бизнес-стартаптарды дамытуға және бірнеше құзырет орталықтарын құруға бағытталған шешімдер қабылдау жоспарланып отыр. Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың қолдауымен ашылатын орталықтарға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз агрономия, тігін өндірісі, автоскилс сияқты салаларда жаңа құзіреттілік орталықтарын ашуды, сондай-ақ мектеп оқушыларын жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған жобаларға тартуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар өңірдегі су тапшылығына байланысты жұмысымыздың маңызды бөлігіне айналатын су бұру және гидрогеология саласындағы жаңа мамандықтар ашуды қарастырудамыз», — деді Маңғыстау облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жәния Сармурзина.
💬 «Оқу орнында қазіргі таңда студенттер 16 мамандық бойынша білім алуда. Студенттер құрамы 1200 адамды құрайды. Биылдың өзінде жаңа жұмысшы мамандықтарын ашу көзделіп отыр. Мәселен, “Гидрогеология” біздің өңірге су көздеріне байланысты өте қажет мамандық, осы мамандықты ашамыз және өндірістік автоматтандыру бағыты бойынша “Техник-электроншы” мамандығын ашуға лицензия алу жұмысы жүріп жатыр. Қазақ халқының “Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді” деген мәтелі бар. Еңбек арқылы ер болуды, ал ерлікке жету еліміздің тұтастығын бейнелейді. Бұл жалпы Тәуелсіздігімізге қорған болады деген ұғым», — дейді О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің директоры Далабай Бекмағанбетов.
➖
Поддержка рабочих профессий через образование: новые специальности и проекты в Мангистауской области
💬 «Этот год – отличный момент для решения самых масштабных и актуальных проблем. Мы разработали план мероприятий, в рамках которого планируется открытие ІТ-хаба, проведение международных чемпионатов, получение отраслевой аккредитации, внедрение новых специальностей и принятие решений, направленных на развитие бизнес-стартапов и создание нескольких центров компетенций. Особое внимание уделяется центрам, открывающимся при поддержке предприятий, а также решению сельскохозяйственных проблем в Мангистауской области.
В рамках Года рабочих специальностей мы планируем открыть новые центры компетенций в таких областях, как агрономия, швейное производство, автоскилс, а также вовлечь школьников в проекты, направленные на популяризацию рабочих профессий. Кроме того, в связи с дефицитом воды в регионе, мы рассматриваем открытие новых специальностей в области водоотведения и гидрогеологии, что станет важной частью нашей работы», — сказала руководитель отдела технического и профессионального образования Управления образования Мангистауской области Жания Сармурзина.
💬 «В учебном заведении в настоящее время 1 200 студентов обучаются по 16 специальностям. В этом году планируется открытие новых рабочих специальностей. Так, открываем специальность “Гидрогеология” – она очень востребованная в нашем регионе, ведутся работы по получению лицензии на открытие специальности “Техник-электронщик” по направлению промышленной автоматизации. У казахского народа есть поговорка: Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді, то есть, труд доводит до подвига, подвиг доводит до единства народа. Эта мудрость говорит о важности труда, защите нашей независимости», — отметил директор Мангистауского индустриально-технического колледжа имени О. Турмаганбетулы Далабай Бекмаганбетов.
📱 @KZgovernment