KITAPAL @kitapall Channel on Telegram

KITAPAL

@kitapall


Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру үшін!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL (Kazakh)

КИТАПАЛnn"kitapall"nn"Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру үшін!

Kitapal дүкені ресми парақшасыn📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:n✅ @kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беруn🔸сайт www.kitapal.kzn🔹уатсап 8-777-572-22-33"nnКИТАПАЛ - бұл Қазақстанда кітап оқушыларына арналған Telegram каналы. Бұл каналда сіз кітаптарды тапсырыс беріп, және алмастыру болады. КІТАПАЛ дүкенінің ресми парақшасы арқылы сіз телеграмнан кітаптарды тапсырыс бере аласыз. Оқу дайындарына бір қалаған сізге Қазақстандағы ең жаңа және танымал кітаптарды табасыз. Сізге көмек көрсету үшін KITAPAL каналындагы @kitapal_bot арқылы тапсырыс беру үшін басқа кез келмейді. Сонда сайт www.kitapal.kz - жаңа, жаңа кітаптар өзінің расиноғына жалғалады. Уатсап арқылы - 8-777-572-22-33, қайталайын!

KITAPAL

17 Feb, 09:39


Бақнұр Зиябеков: Жасанды интеллект жоя алмайтын мамандықтар | Kitapal Talks #6

Kitapal Talks - Ted Talks-тың қазақша нұсқасы. Бұл шығарылымда профориентолог, мамандық таңдау бойынша эксперт Бақнұр Зиябеков қандай мамандықтар жойылмайды және қандай мамандықтар маңыздылығын жоятыны туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

Бақнұр Зиябеков, инста: @bakhnur_ziyabekov

KITAPAL

13 Feb, 15:51


☪️📚 Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Бараат түнінің артықшылығы жөнінде жеткен хадистер:

1️⃣ «Бұл – Шағбан айының ортасындағы түн. Алла Тағала бұл түні пенделеріне мейіріммен қарайды, кешірім сұраушыларға кешірім береді, мейірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Алайда пиғылы жаман адамды мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да».

2️⃣ «Алла Тағала Шағбан айының ортасы болған түні пенделеріне мейірімін жаудырады. Тек қана Өзіне серік қосушы мен жүрегінде мұсылман бауырына деген кегі бар адамнан басқасының барлығының күнәсін кешіреді».

3️⃣ «Бұл түнде сол жылы дүниеге келетіндер және сол жылы дүниеден өтетіндер жазылады. Ол түні пенделердің амалдары көтеріліп, ризықтары белгіленеді».

4️⃣«Шағбан айының жартысы толғанда түнін намазбен, күндізін ораза ұстаумен өткізіңдер. Өйткені Алла Тағала күн ұясына батқанда: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру бар ма, шипасын берейін”

(с) Ермек Көкірекбаев

KITAPAL

11 Feb, 05:33


ҚҰМЫРСҚАДАН ҮЛГІ

«Жұрт жұмысы құмырсқаның илеуіндей жұмыс сияқты.
Құмырсқаша жабыла тынбай істесек өнеді. Бірі оны, бірі мұны істеп, илеуде қарап тұрған құмырсқа болмайды. Жұрт жұмысын да солай істесе, алға басады. Әр құмырсқа бәріне керек илеудің өсуі үшін күші жетіп көтерген шөпшегін апарып салады. Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет етемін деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше, қарап тұрмай, кірісіп, істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы».

(с) Ахмет Байтұрсынов


Орман жап-жасыл болуы үшін әр ағаш жасыл болуға тиіс. Әрбіріміз қолдан келген, қабілетіміз жеткен істі ең көркем, жоғары деңгейде атқарсақ, бәрі жиналып, ортақ нәтиже шығарады. «Менің істегенім кімге жетеді? Жаяудың шаңы шықпас» деп қолды сілтеп қалып қоймаңыз. Біз бәріміз еліміз үшін жауапкершілік арқалаймыз.

Дамудың бір қайнаркөзі – кітап оқу.
Жалпы кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

10 Feb, 16:22


ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖҮРЕКТІ ҚАРАЙТАДЫ

Адам бос болмауға тиіс. Бір істі бітірсе, екіншісіне ауысуы қажет. Сенде екі түрлі жоспар болғаны абзал. Біріншісі, қай уақытта не істейтінің жайлы. Қаласаң сағат, минутына дейін жазып қойсаң болады. Қаласаң, жалпылама түстен кейін, ұйқының алдында деген сияқты жоспарласаң болады. Екіншісі, бос уақытым пайда болса не істеймін деген тізім. Аяқ астынан қолың босап жатса, сол шаруалармен айналысасың. Мақсат – бос қалып кетпеу.

Жұмыссыз жүрген адамнан бәле шығады. Шайтан мен нәпсінің ойыншығына айналады. Бос уақыты көп адамның шағымдануға, біреуді жамандауға, өсектеуге уақыты көп. Ал жұмысбасты адамның қылтың-сылтыңмен уақыты жоқ.

Жұмыс беталды істеле бермей, жүйелі істелгені жөн. Ағашты сағаттап балталай бермей, арасында бір сәт демалып, қайрап алған дұрыс. Барлық жұмыс сенің мақсатыңа жетуге көмектескені қандай жақсы.

Айтпақшы, тақырыптың қайнаркөзі – хадис. Жүрегіңіз қараймасын десеңіз, мақсаты бар жұмыс істеңіз. Кітап оқу да бір жұмыс. Ең пайдалы кітап оқыңыз.

KITAPAL

10 Feb, 09:03


Азамат Скаков: Таңдау, заземление, еріншектіктің құпиясы | Kitapal Talks #5

Kitapal Talks - Ted Talks-тың қазақша нұсқасы. Бұл шығарылымда коуч Азамат Скаков адамның психологиясы, ми, жүрек, өмірлік сынақтар, ғайбат туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.
Азамат Скаков: @azamat__skakov

https://youtu.be/kZcZjnCgMu4

KITAPAL

31 Jan, 19:04


ҚАҢТАРҒА ҚОРЫТЫНДЫ

Ал, бір ай өтті. Қандай мақсат жазып едің осы айға? Қалай, орындалды ма?

Әлде орындалмады ма? Орындалмаса, енді оған бола өкінбе. Әрине, өкінішті, бірақ өкінгенмен іс бітпейді. Енді ойланайық, неге орындалмады? Қиын болса, жеңілдетейік. Көтере алмайтын шоқпарды белге байлап алсақ, салмағы аз, ұстауға қолайлысына ауыстырайық.

Бастысы, ары қарай жақсарту. Кешегіге қарағанда бүгін мықтырақ болу. Жоспар деген өзгермелі болғаны абзал. Құлаған жеріңнен қайта тұрып жалғастыратындай икемді болғаны жөн.

Осы айға деп бірнеше әдет қалыптастырам, бірнеше қабілетті үйренем десең, солардың біреуін ғана қалдыр. Бір айға бір іс артығымен жетеді. Әйтпесе энергия, фокус, уақыт бәріне жетпейді. Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.

Кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

31 Jan, 11:22


НЕ ҮШІН КІТАП ОҚУ КЕРЕК?

Әрбіріміз түрлі мақсатта оқимыз. Кейде оқығымыз келмей қалатыны бар. Бірде көл, бірде шөл. Біріміздің кітаптан бетіміз қайтып қалған, қайтадан кіріскіміз келмейді. Енді бірі кітаптың түріне қарамай, қолына түскеннің бәрін оқи береді. Дұрыс жол қайсы?

Мақсат
Кітап оқығанда мақсатыңыз болуы керек. Не үшін оқиын деп жатырсыз? Егер ұйқыңыз қанбай жүрсе, «Зачем мы спим?», әдет қалыптастыра алмай жүрсеңіз, «Әдет күші», уақытыңызда береке болмаса, «Тайм-менеджмент» оқыңыз.

Тіл байлығы, сөздік қор, ләззат
Осы үш мақсат үшін көркем әдебиет оқысаңыз болады. Кез келген.

Бірақ...
Бірақ өзіңізге қай жанр ұнамайтынын біліп алыңыз. Себебі ұнамайтын жанрдан бірнеше кітап оқысаңыз, бетіңіз қайтып қалады. Мысалы, біреуге махаббат романдар ұнамайды. Енді біріне трагедия ұнамайды. Ұнайтындарын көбірек оқыңыз.

Ойлану үшін
Кітапты ойлану үшін, ойлана алу үшін оқу керек. Әр кітап сізді ойға жетелеуге тиіс. Неге олай? Неге бұлай емес? Неге өзгерді? Неге өзгермеді?

Тану үшін
Кітапты өзіңізді, демек әлемді тану үшін оқу керек. Әр кітап сіздің бір бөлшегіңізді танытады. Жүрек туралы «Жүрек сырлары» кітабын оқып, жақыннан тани түсесіз. Ми туралы «Супержады» кітабын оқып, оның мүмкіндіктерін білесіз.

Постта айтылған және жалпы кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

31 Jan, 07:37


Қалай шүкір ету керек?

Бір адам Сәхлге келіп: «Үйімізге ұры кірді және тамақтарымызды алып кетті» деген кезде, Сәхл: «Аллаға шүкір ет, шайтан жүрегіңе кіріп иманыңды ұрлап кетсе не істер едің?» – деп жауап берді.

Сондықтан әзірет Иса (а.с.) дұғасында Аллаға сиынып: «Я, Аллам, дініме пәлекет берме» деді.

Әзірет Омар да (р.а.): «Тап болған әрбір пәлекетте Алланың маған төрт нығметі бар. Біріншісі, бәленің дініме қатысты болмауы. Екіншісі, одан да үлкен болмауы. Үшіншісі, разылығынан мені мақұрым қылмауы. Төртіншісі, бұның сыйын Одан күтуім» деді.

KITAPAL

31 Jan, 02:40


БЕЙШАРАЛАР

Құран кәрімде қабірде және махшар алаңында құр алақан қалған адамдар туралы айтылады. Олар өз кезегінде мынадай ерекшеліктерге ие болған адамдар:
• Дүниеге келу мақсатын түсінбей, не үшін өмір сүргенін біле алмағандар;
• Дүниені жеп-ішу және ойын-сауық мекені деп қабылдағандар;
• Жамандыққа шақырушы нәпсісін түзете алмай, нәпсісінің билігі мен айласына мойынсұнып өмір сүргендер;
• Шайтанға бойсұнып, оның артынан ергендер;
• Жаман доспен бірге жүріп, күндіз дәмхана, түнде тойхана жағалап жүргендер;
• Дүниенің көз тартар әдемілігіне алданып, қыз-қырқын қуып, шәуеті мен нәпсісіне ергендер;
• Шексіз қалауларымен өмірін ғапылдықта өткізгендер;
• Тіпті Алланы танымай, Оған құл бола алмағандар;
• Әзірет Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өздеріне жолбасшы етіп, артынан еріп, оған шынайы үмбет бола алмағандар;
• Құран кәрімнің бұйрықтарымен амал-ғибадат жасамаған адамдар.
Мұндай жандар шайтанша ой-түсінікпен жүріп-тұрып, өмірін құрдымға кетіріп, бос өткізген. Бұлар қабірге қойылған уақытта «Әттең! Әттең!» деумен болады.

Осылардың қатарында болмас үшін не істеу керектігін білесіз. Барлық сұрақтың жауабы – кітапта.

Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Jan, 18:59


КҮЗГІ ЖАҢБЫР

Рамазан» сөзі «күзгі жаңбыр» мағынасын береді. Жаздан қалған шіріген өсімдіктердің қалдықтары мен қоқыстары жиналып, қурап, шіріп, саси бастайды. Алла тағала күзде нөсерлетіп жауғызған жаңбыры арқылы кір-қоқыстарды тазартады.

Екінші мағынасы – араб халқы тамыздың аптап ыстығын «рамиза» деп атайды. Күннің барынша ысып, тіпті құм мен тасты да күйдіріп жіберуін білдіреді. «Күйдіріп, қуырып жіберетін от» мағынасын білдіретін Рамазан айында Алланың мейірімі күнәларды жағып-тазартатындықтан, бір жыл бойы жасаған барлық күнәларымыз еріп-жанып, тазарып шығамыз.

Рамазан айына дайындық қалай? Тойға да екі ай бұрын дайындалғанымыз секілді, оған да Ережеп айынан бастап кірісу керек. Рухани атмосфераға кіріп, асқазан мен ойымызды оразаға үйретіп, иманды жаңалайтын кітаптар оқу керек. Әйтпесе дәл ораза басталған күні аяғыңыз аспаннан келіп, есеңгіреп қаласыз. Қайта-қайта ұйқы келіп, әлсіреп, Рамазан айының жартысын өткізіп аласыз.

Иманды күшейтетін кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Jan, 17:28


АҚЫРЕТ ЖАЙЛЫ 100 СҰРАҚ

Ақыретке сенген адам жақсы істер істеу арқылы мәңгілік бақытқа жетуге болатынын білетіндіктен, өзінің жасаған ғибадаттарынан ләззат алады. Ақыретке сенім жастарға мынадай ескерту жасайды: «Тозақ бар, мастықты (ішімдік ішу) таста». Ақыретке сенетін қарт мұсылмандарға «Уайымдамаңдар, сендердің мәңгілік жастықтарың бар, болашақ сендерді күтіп тұр, жақсылықтарың сақталып, сыйын көресіңдер. Айрылған балаларыңа, туыстарыңа қуанышпен қауышасыңдар» деп жұбату айтады.

Құранда ақырет өмірі туралы көп айтылады, кейде дәлел, айғақтармен, кейде мысалдармен беріп, суреттеу арқылы ақырет туралы адамның санасына сіңіруге күш салынады. «Мен кіммін? Қайдан, не үшін келдім? Алдағы жағдайым қандай болады?» деген сұрақтарға ақыретке иман келтіру арқылы жауап табуға болады. Қайдан келіп, қайда баратынын білген адам болашаққа қатысты уайымдарын сейілтіп, мақсатын белгілейді. Бұл дүниелік өмірінің де мәні артады. ««Біз сендерді босқа жаратып, тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?» дейді» (Мүминун сүресі, 115-аят).

Адамның ақыретте ғалам жаратушысының алдында есеп беретінін сезінуі қоғамда көптеген жамандықтардың, бүліктің, зұлымдықтың, қылмыс пен әділетсіздіктің алдын алуға септігін тигізеді. Ақыретке сенген адам өлімнен қорықпайды. Өйткені, ол өмірге өткінші рахаттың соңына түсіп, мәңгілік өмірге дайындалуды ұмыту үшін емес, мәңгілік бақытқа қол жеткізу үшін келгенін біледі.

Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Jan, 09:03


Ертегіні не үшін оқу керек?

10 жасқа дейін баланың қияли әлемі қалыптасады. Сол уақытта ол ғажайыптарға сенеді. Ертегіде айтылған оқиғаларға, құстың, аңның, гүлдің сөйлегеніне нанады. Ертегіде сөйлеген тасбақаны ол шын деп қабылдап, шынайы өмірде оған зиянын тигізбейтін болады.

[40 ЕРТЕГІ ҚАҒАЗ КІТАП (Алтын сақа баспасы) - 4000 тг. Дәл қазір тапсырыс беріңіз: 8-777-572-22-33]

Ал 10-13 жасқа қарай, шамамен балиғатқа толатын шақта, өтпелі кезеңге аяқ басқанда, рационалды, логикалық ойлау жүйесі қалыптаса бастайды. Бұл жаста енді ертегіге сенбейді. Аяз атаның өтірік екенін біледі.

Бұл жаста қандай ертегі оқып берсең де қабылдамайды.
Кім осы жасты өткізіп алса, онда баланың рухани әлемі бос қалды деген сөз. Яғни, ондай балада табиғатқа және оның мүшелеріне мейірімі аз болуы мүмкін. Илеудегі құмырсқаға су не от қойып, табанымен мыжуы мүмкін. Құсқа рогаткамен тас атуы мүмкін. Гүлді сындырып кетуі мүмкін.
Сол үшін, құрметті ата-аналар, балаларға жазғы демалысында ертегі, аңыз әңгімелер кітабын сыйлаңыздар.

Сол үшін, құрметті жастар, іні-қарындасыңызға, сіңліңізге қиялды дамытатын ертегілер апарып беріңіз. Бірге оқыңыз. Талқылаңыз.

Кітаптың дәмін бір татқан бала оның смартфоннан да мықты рахат сыйлайтынын түсінеді. Сөйтіп бір ауық кітап оқуға қалауы оянады. Бір сәт отырып терең ойланыңыз. Кітап оқитын бала өскенде қандай болады? Кітап оқымайтын бала қалай болмақ?

KITAPAL

28 Jan, 09:42


«АУЫЛҒА КІТАП АЛ» ЖОБАСЫМЕН 20550 КІТАП ЖЕТКІЗІЛДІ

2024 жылды 411 ауылға кітап жеткізумен тәмамдадық. Енді 2025 жылы бұл санды 1000-ға жеткіземіз деп мақсат қойдық. Демек, 589 ауылға қорап апаруымыз керек. Әр қорапта іріктелген ең сапалы 50 кітап бар.

Бұл көрсеткіштер бір адамның немесе топтың емес, бәріміздің еңбегіміз. Бірлесе атқармасақ, мұндай нәтижеге жетпес едік. Өзімізді қозғамасақ, ешкім сырттан келіп өмірімізді өзгертпес еді. Бұл – балаларға салынған инвестиция. 411 ауылдан кемінде 411 тұлға шықса, өз ауылын көркейтсе, бұл дамуда қандай мықты серпін болатынын ойлап көр! Міне, сенің үлесің соған тиеді.

Біз 2024-те жыл бойы 50 кітаптың бағасын 175 000 теңге бола тұра, 150 000 тг қылып ұстап келдік. 2023 жылы шынымен 150 мың еді, бірақ кітаптардың орны ауысады, жаңа кітаптар салынады. Сапалы кітаптардың бағалары өседі. Енді 2025 жылы 175 000 теңгені ұстап тұрамыз. Біз одан бір тиын пайда көрмейміз, күтетін пайдамыз – кітап оқитын оқушылар қалыптастыру.

Сонымен, бір ай бітуге таяу. Ал бізде есеп жүріп жатыр. Бұл – жазылып жатқан тарих. Соның бір әрпі болып жазылуға сіз де үлес қоса аласыз. 2027 жылы «Ауылға кітап ал» жобасы бойынша 5000 ауылға кітап жетті деп шулағанда, тізімде ауылына кітап апарған деп сіздің атыңыз тұрса, ғажап емес пе!

Үлес қосу: 8-777-572-22-33

KITAPAL

28 Jan, 07:33


АДАЛДЫҒЫ ҮШІН АЛҒАН АТАҚ

...Бүгін де мектептен қайтқанда шыдамай, қабақтың тұсына тоқтамай өтпейтін маскүнем құсап, Әлтай нан магазиніне қалай кіріп кеткенін өзі де білмей қалған. Кіруін кірсе де, сатушы қатын ұрсар ма екен деп қипақтаған. Бірақ сары әйелдің жүзі жарқын, қабағы жазылған. Сақ-сақ күледі. Күледі де пештен жаңа шыққан жып-жылы нанды күндегідей тілдей етіп тілмей, бөлке-бөлкесімен беріп жатыр. Карточкаға емес, ақшаға беріп жатыр. Магазиннің іші нанға тіреліп тұр. Жарықтықтың иісі жұпардан жүз есе артық.
Әлтай интернатқа алып-ұшып жетіп, асханаға кірсе — күндегі тілдей тіліктердің орнына жарты бөлкеге жақын дәм қойылған екен.
— Ал, қарындарың тояды енді! Карточка системасы жойылды! Нан молайды. Сендерді нан күнімен құттықтаймын! — деді интернат меңгерушісі. Бұл — 1947 жылдың 16-желтоқсаны еді.
Әлтай сонда әлгі нанды жеп тауыса алсашы! Әшейінде бұралақтап ауызға бір-ақ асайтын асты тауыса алмай, тойды да қалды.

***
Халық оған «Шераға» деп ат берген. Адалдығы үшін. Оның қолынан қандай маржан шығармалар туды десеңізші. Қайсысын оқысаң да, нағыз шедеврді жазбай танисың.

Оны тек жазушы деп танысақ та, жас кезінде боксер, тапанша атудан сұрмерген болған.

Соның басшылығы кезінде газет, журналдардың таралымы 15-20 есе өскен. Оның құпиясы – газетті бұқараға жақындату және мықты кадрларды жұмысқа алу еді.

Мысалы, Оралханды, Фаризаны, Әбішті, Мұхтар Шахановты туған жерінен шақырып, жұмысқа алған да Шерағаң болатын.

Оның шығармалары сайдың тасындай ірі-ірі. «Қызыл жебе», «Ай мен Айша»-ны былай қойғанда, 1963 жылы жазушының «Табылған теңіз», 1965 жылы «Бұлтсыз күнгі найзағай», екі жылдан кейін «Белгісіз солдаттың баласы», 1969 жылы «Мылтықсыз майдан», 1972 жылы «41-жылғы келіншек», 1973 жылы «Ахметжанның анты» повестері мен «Интернат наны» атты әңгімелер жинақтары жарық көрді.

86 жасында көз жұмған жазушы ауылдасы Бауыржан Момышұлының жанына жерленді.

Шерхан Мұртазаның кітаптарына тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

27 Jan, 09:18


ҒАПЫЛ ЖҮРЕКТІҢ ЕМІ

Жүрегім таза деушілер де, жүрегімді тазалау керек еді деушілер де оқиық. Алла берген нығметті қадірлеп шүкір ету жайында мына ғалымның оқиғасы өнеге болар. Раби ибн Хайсам үйінде қабір қазып қойған екен. Қабірде жатып ұйықтап «Уа, Раббым, мені дүниеге кері қайтара көр!» аятын оқиды, кейін тұрып өз-өзіне «Ей, Рәби, сұрауыңа жауап берілмейтін, кері қайтарылмайтын күн келмей тұрып, мүмкіндікті олжа деп біліп Раббыңа ғибадат қыл» дейтін.

Шүкірден алыс болған жүректерді емдеудің бір жолы – шүкірі өтелмеген нығметтер алынып кері берілмейтіндігін оған білдіру. Сондықтан Фудайыл ибн Ияз: «Әрдайым шүкір етіңдер. Бір рет қолдан кеткен нығметтің кері қайтуы өте сирек кездеседі» деді. Мұны қазақ бабаларымыз «Дүние – алмакезек» деген.

Өткен Ислам ұлықтарынан бір адам «Нығмет жабайы, оған шүкір ету арқылы оны өздеріңе үйретіңдер» деді.

Құлдың қолында Алланың нығметі қаншалықты үлкен болса, адамдардың оған қажеттілігі де соншалықты көбейеді. Бұл тұрғыда адамдарға көмектеспегеннің нығметі соншалықты кетіп қалуға тәуелді. Осыған қатысты Алла Тағала: «Қандай да бір қауым өз ішінде (рухани тұрғыдан жұтап) өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді (яғни, жамандыққа душар етпейді)» деді.

(Имам Ғазали. Ихия-улумиддин кітабынан үзінді).

Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

27 Jan, 07:05


Ақша табу және жинаудың тексерілген жолдары | Kitapal Talks #4

Бұл шығарылымда инвестор Еркебұлан Әріпбай қай салаға салған ақша тұрақты пайда әкеледі, қай салаға салған ақшаның қайтпау ықтималдығы көп, қай салаға мүлде ақша салмаған дұрыс, қателіктер мен сабақтар туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

https://youtu.be/_qTlgbOwVw4?si=nva9vURzVPWmU74T

KITAPAL

21 Jan, 18:25


26-ҚАҢТАРҒА ЖОСПАР ҚОЙМАҢЫЗ!

Себебі ол күні – Миғраж түні! Жексенбіден дүйсенбіге қараған түн. Ол түнге көркем ғибадат, сауапты амал, көркем мінез, әдеп, салауат, ықыласпен оқылған Құран, ғапылдығың үшін кешірім сұрау, бойсұнып оқылған намаз жарасады. Осыларды жоспарлап қойсаң болады.

Күндізін ораза ұстасаң, артық етпейді. Бұл – өте маңызды, ғажайып түн! Адам ақылына бағынбайтын, физика заңдарынан тыс, метафизика әлемінде қадірлі оқиғалар орын алды.
- Айшылық алыс жерлерді көзді ашып жұмғанша жүріп өту;
- Бұрынғы өткен пайғамбарлармен жолығу;
- Өмір атты ұғымның шекарасына бару және одан ары өту;
- Періштелердің ғибадатын тамашалау;
- Жәннатты аралау;
- Тозақты көру;
- Бес уақыт намаздың жауапкершілігін алу;
- Бәрінен де ғажайыбы – Алла Тағаламен дәнекерсіз, тікелей сөйлесу.
Жеті қат көктің әр қабатында қандай оқиғалар болды, кімдермен тілдесті, не сөйлесті, кімді көрді, қандай ғибрат алды – бәрі кітапта жазулы тұр.

Қасиетті үш айдың бонустарын максимум алу үшін иманды арттыратын кітаптар оқыңыз. Құран Кәрімдер, пайғамбар өмірбаяны, ғибадат кітаптары, салауат, дұға кітаптары.

Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

21 Jan, 07:02


Мади Фазл, полиглот: Тіл үйренудегі қате әдістер | Kitapal Talks #3

Бұл шығарылымда полиглот, кәсіпкер Мади Фазл көпшілікті толғандыратын тіл үйренудің ең жақсы әдісі, тіл үйрену туралы ақылға сыймайтын аңыздар туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

https://youtu.be/jgHh9nhm1gI

KITAPAL

20 Jan, 17:11


БӨРІБАЙДЫҢ ТЫМАҒЫН ИТ АЛЫП ҚАШҚАН ҚЫС

Адам ұшаққа отырғанда жайсыз қысылады. Ол ұшақтың тарлығынан ба әлде қысымның әсері ме, көп адамның бір жерге жиналғанынан ба, кім білсін. Бірақ әдеттегідей жайлы отыра алмайсың. Тіптен смартфондағы ойындар да қызықсыз боп кетеді. Ұшақ қона сала, орнымыздан тұрып кететініміз содан шығар. Әйтпесе, отырып күтуге де болады ғой. Жо-о-қ, біз отырмаймыз, тезірек сыртқа шыққымыз келеді.

Сондай кезде адамды ұшақта отырғанын ұмыттыратын, алыс сапарды жақындататын, езуіңе күлкі үйіріп, еріксіз жымиып, көңілді қылатын кітаптар бар. Олар қалың емес. 2-3 сағатта еркін бітіресің. Соның бірі – Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» шығармасы. Атының өзі іліп әкетеді. «Абай жолы», «Алыптың азабы», «Қан мен тер» сияқты абстрактылы атау емес, бірден «не үшін оның тымағын ит алып қашқан?», «ол неге қыс мезгілінде болған?», «Бөрібай деген кім сонда?» деген сұрақтар бірден баурап алады.

Ауыл адамдарының әдемі әңгімесі жаныңды жайландырады. Қазіргінің тілімен айтқанда, нағыз «сторителлиң». Бәріміздің әңгімешіл таныстарымыз бар, олар бір оқиғаның ұшығын шығаруы мұң екен, бәріміз сілтідей тынып, тыңдаймыз. Бұл кітап та сондай. Бірақ оқиғалар көше әңгімесі емес, бір заманның көрінісін суреттейді. Ол жерде дәстүр де, салт та, құрдастар қалжыңы да бар.

Әдеби кітапқа тісіңіз батпай жүрсе, онда осы шығарманы оқыңыз. Бірақ ескерту: дәл қазір оқымаңыз. Себебі түнгі 23:00 боп жатыр. Қазір оқысаңыз, кітапты бітіргенше ұйықтай алмай қаласыз.

Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

KITAPAL

19 Jan, 07:14


АЛТЫН ӨЗЕК

Студенттер Мұхтар Әуезовпен кездесуде «Абай жолының» алтын өзегі не деп сұраған. Сонда заңғар жазушы: «Менің романымда айрықша көңіл бөлгенім - әке мен баланың арақатынасы еді» деген екен.

Тағы бір естелігінде былай дейді: «Романға кіріспес бұрын дүние әдебиетінің барлық озық үлгісін сүзіп шықтық. Немістің, француздың философиялық, тарихи хронологиялық романдарын ақыл-ой елегінен өткіздім». Тұрсын Жұртбай «Құнанбай» атты кітабында былай дейді: «Соның ішінде И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балаларына» иек тіреп, ерекше ықыласын бұрды. Ол осылардан психологиялық шиеленісті үйрене отырып, ілгері дамытты. Мүлде соны ой өрісіне шықты».

Құнанбай хандық дәуірді көрген, отаршыл патшаның қазақ даласын отарлау тұсына сәйкес өмір сүрген, діндар, батыр, көшбасшы адам. Былайша айтқанда, ескі жүйенің адамы деуге болады. Ал Абай және оның замандастары – жаңа заманның туындысы. «Абай жолында» ескі мен жаңаның тартысы шебер бейнеленген.

Мұндай бейнелеу Қастеевтің «Түрксіб» суретінде де бар. Ол жерде сайын даланы жарып келе жатқан пойыз жаңашылдықты меңзесе, кері кетіп бара жатқан көш ескілікті суреттейді.

Мұхтар Әуезов 1933 жылғы Абайдың толық жинағында: «Құнанбайдың кім болғанын білмесек, Абайдың кім екенін білу қиын» деп мәлімдеген еді. «Абай жолында» Құнанбайды қатал, озбыр адам деп сипаттаса да, шын өмірде өте ақылды, дана кісі болған. Келесі жазбада Абайға таққан үш міні туралы айтамыз.

«Абай жолына» тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

17 Jan, 16:06


КІМ ЖАРАТЫЛЫСЫНА САЙ ЖҰМЫС ІСТЕСЕ, БАҚЫТТЫ БОЛАДЫ

Жер бетінде ешқашан бірдей екі адам болмаған. Әр адам қайталанбас жаратылыс. Ол түгілі бір әке, бір шешеден туған он баланың әрқайсысы әртүрлі. Мінезі он түрлі. Себебі рух деген нәрсені түсініп болмайсың. Ол туралы адам баласына аз мағлұмат берілген. Осы рухымызға түрлі қабілеттеріміз де егілген. Ол өсімдік құсап өсіп шығады. Не үшін өсімдік? Себебі оның өсуіне жағдай жасамасаң, өспейді. Жаңбыр жаумайынша, топырақта қандай өсімдіктің дәні жатқанын біле алмайсың. Сол секілді түрлі жұмысты істеп көрмейінше, қай қабілетің, қай іске икемің бар екенін біле алмай сандалып жүресің.

Екі құлақ боп өсіп, жапырақ жая бастаған өсімдікті баптап, маңдай тер төкпесең, қурап қалады. Қабілет де сондай. Оны жетілдіріп, дамытса, ешкімге дес бермей, үздік боп шығады. Ал оны тұншықтырып, еш мән бермесе, өледі де қалады. Әр адамда әртүрлі қабілет бар. Оны елемей, тез табылатын ақшаның соңынан ереміз. Сөйтіп не онда емес, не мұнда емес, дүбәра біреу боп шығамыз. Бақытсыз.

Сәби кезден-ақ кімнің қандай іске икемі бар екенін байқай аламыз. Біреу епті, біреу жақсы сурет салады, біреуі есепке жүйрік, енді бірі шахмат ойнап бастайды, бірі қозы-лаққа жақын, бірі балаларды ұйымдастырғыш көшбасшы, бірі үндемейтін ойланушы, бірі компьютерге құмар, бірі ойыншықтарды ашып бұзып, қайта құрастырғыш, бірі ойыншық танометрмен емдегіш... Соны байқау ата-анаға, ұстазға міндет.

Жаратылысыңа сай мамандықты іздеу кеш емес.

Мамандық таңдауға қатысты кітаптарға тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

14 Jan, 10:05


ByDastan: 20 дрон сындыру, бір істе табанды болу, ең әдемі мекен - қазақ жері | Kitapal podcast #37

Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов видеограф, дронбегі Дастан Мұхамедрахымов aka ByDastan мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында жетістік жолында табанды болу, баланың тілін табу, бойдағы талантты ақысын беріп қолдану, дронның кесірінен абақтыға түсу, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.

https://youtu.be/gLKg0NUryWM

KITAPAL

12 Jan, 10:28


ТЫНЫШТЫҚ НЫҒМЕТІ

Хәкімнің бірінен:
– Нығмет деген не? – деп сұрағанда:
– Байлық, өйткені мен кедейді тыныштығы жоқ деп көремін, – деген кезде:
– Тағы да бір нәрсе қоссаңыз, сіздің көзқарасыңызша нығмет басқа не болуы мүмкін?– дегенде, Хәкім:
– Амандық. Өйткені қорыққан адамның тыныштығы жоқ, – деді.
– Басқа нелер?– дегенде, Хәкім:
– Саулық, себебі науқастың тыныштығы жоқ, – деді.
– Тағы да айтсаңыз, – дегенде, Хәкім:
– Жастық, өйткені қарттықта рақат жоқ, – деді.

Хәкімнің бұл айтқандары – сырт көзге дүние нығметтері болып көрінсе де, ақыретке жәрдемші болуы тұрғысынан шынайы нығметтер. Сол үшін Алла Расулы (с.а.с.): «Дені сау күйде таң атырған, мал-мүлкі және намысы амандықта болған және күндік нәпақасы болған адам бүкіл нығметімен дүниеге ие болған секілді», – деді.

«Ихия улумиддин» кітабы. Авторы: Имам Ғазали. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

KITAPAL

09 Jan, 11:29


Адам бақытты кезінде қасында ылғи адам болады

Дәл қазір бақытты сәттеріңізді еске түсіріп көріңізші. Қаласаңыз, көзіңізді жұмыңыз. 10 сәттің 9-ында қасыңызда адам болғанын байқайсыз. Яғни, жалғыз отырып шаттық сезінгеніміз сирек. Адамның өзін қуанышты сезінуі ылғи қоғаммен, өзге жанмен байланысты. Біз бірнәрсе сезінсек, оны бөліскіміз келеді. Қуаныш бөліскен сайын көбейеді. Немересі түкке тұрмайтын бір жарыстан диплом алса, бүкіл чаттарға мақтанып жіберетін әже сіздің үйде де бар шығар?

KITAPAL

04 Jan, 13:14


ӨЗІҢМЕН ЕСЕПТЕСУ

Серіктеспен есептесу – табысы мен зиянын білу үшін капитал мен пайданы зерттеу деген сөз. Егер пайда тапқан болса, оны алып, серіктесіне алғыс айтады. Егер зиян шеккен болса, серіктесін кепіл етеді. Оны алдағы уақытта сол шығынды төлеуге міндеттейді. Міне, құлдың дініндегі капиталы – парыздар. Ал пайдасы – нәпілдер мен ізгіліктер. Зияны – күнәлары. Мұндай сауданың маусымы – күндер. Бұл – жамандыққа шақыратын нәпсімен жасалатын келісім.


Егер нәпсі парыздарды тиісінше орындаған болса, осы әрекеті үшін Аллаға шүкіршілік етіп, нәпсіні солай жасауға шақыру керек.


Егер нәпсі парыздарды орындамаған болса, парыздардың қазасын нәпсіден талап ету керек.


Егер нәпсі оларды кем етіп орындаған болса, олардың орнын нәпілдермен толтыруға нәпсіні мәжбүрлеу керек.


Егер нәпсі қандай да бір күнә жасаса, оны айыптап жазалаумен айналысу керек, нәпсі кемшіліктерінің орнын толтырсын. Дәл бір саудагердің серіктесінен ақшаның есебін сұрайтыны секілді.

"Ихия улумиддин" Имам Ғазали. Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

03 Jan, 11:18


ЖҮРЕГІҢДІ ҚАБІРГЕ АЙНАЛДЫРМА

Қабір – өлген адамдар үшін. Жүрек – тірі адамдардың жан ұясы. Кейбір адамдардың тірі жүрегі өлі рухтарға қабір боп жүргенін көріп, жаным ашиды. Не үшін өмір сүру керектігін білмейді және білгісі келмейді. Жақсылық жасап рухын оятуға шамасы жете тұра, ғапылдықты таңдайды. Ондай адамды қалай тірі дерсің? Сыртқы қалыбы – бұлшықетінің тірі тұрғаны кімге керек?

Адамның нәпсімен күресі басы жербесікке кіргенше толастамайды. Жүректің ішінде екі әскер: біріншісі, тәкаппарлық, мақтансүйгіштік, көрсеқызарлық, қызғаныш, ғапылдық, сараңдық; екіншісі, мейірім, көркем мінез, сабырлық, ақылды тура жолға қолдану, кішіпейілдік, жомарттық – ылғи күреседі. Бірінші әскер рухыңды өлтіруге, екінші әскер тірілтуге ұмтылады. Екеуіне де күш беретін – сенсің. Қай жағына жақтассаң, сол жағы жеңеді. Былайша айтқанда, өзіңді өлтіретін де, тірілтетін де – өзіңсің.

«Жүрек сырлары», «Жүрек тыныштығы» кітаптарына тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

KITAPAL

01 Jan, 08:23


Ережеп айына қош келдік!

Ережеп келді дегенше, зу етіп артынан Рамазан айы келді десеңші. Біз өзіміз түсінбейміз, бірақ қасиетті үш айдың қадірі бөлек. Адам деген еңбекақысын бірден алуды қалайтын жаратылыс қой. Ал ораза ұстап, Құран оқып, садақа беріп, намазыңды өтесең, құдайдың разылығына жетіп, жұмағына кіресің десе, оны елестете алмаймыз және қолымызда уыстап ұстай алмаймыз. Сондықтан қадіріне жетпейміз. Біз қадіріне жетпесек те бұл үш ай өте қасиетті. Кім оның мүмкіндіктерін пайдаланса, сол ұтты.

Аспанды жаңа жылға аман жеткен жұрттың отшашулары жарқыратса, жүрегімізде иманның нұрлары жарқырасын. Үш ай бойы рухани жазбалар жариялап отырамыз. Ережеп пен Шағбанды жақсылап өткізіп, асқазанды ауыз бекітуге дайындап, оқитын Құран, зікірлерімізді біртіндеп көбейтіп, Рамазанға амандықта жетейік. Кім екі ай дайындалмаса, онда Рамазаннан алары аз болмақ.

KITAPAL

31 Dec, 10:44


АДАМ ЖАЗУШЫ БОЛЫП ТУЫЛА МА, ЖОҚ УАҚЫТ ӨТЕ КЕЛЕ ҚАЛЫПТАСА МА?

Қабдеш Жұмаділов:
Жазушылық – Алланың берген сыйы. Ақын болып, жазушы болып адам туылады. Алла оған сондай жүрек береді, сондай тіл мен жақ береді, талант пен дарын береді. Оны “Халқыңның мұңын мұңда, жоғын жоқта, сөзін сөйле” деп береді. Ол – біздің мойнымыздағы аманат, борыш. Алланың берген аманатын орындауымыз керек. Ал шеберлігіңді шыңдау дейтін уақыт өте болатын нәрсе.

Оқымай, дәнеңе етпей, жазу жаза алмайсың ғой. Ештеңе оқымай өлеңдете беруге болар, бірақ әлемдік деңгейдегі роман жазу үшін көп білім керек. Білімсіз ештеңе өрге баспайды. Өзіңнің тұрған орныңды, деңгейіңді, алдыңда кімдер бар, артыңда кімдер тұр бәрін білуің керек.

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш», «Қаздар қайтып барады», «Дарабоз», «Тағдыр», «Көкейкесті» романдары бар. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Dec, 18:48


ӘРКІМ СЕЗІНЕ АЛАТЫН БАҚЫТ

Бақыт үлкен жетістіктерде емес, күнделікті өмірдегі қарапайым нәрселерде жасырынып жатады.

Бірінші, күнделікті алғыс айтып жүру, әдет қалыптастыру
Алғыс айтқан кезде қолымызда бар нәрселерге мән бере бастаймыз. Бұрын қалай байқамағанмын деп таңғаласыз. Жұртта жоқ, сізде ғана бар нығметтерді көресіз. Тіпті оңай болу үшін күніне үш нәрсеге алғыс жазсаңыз болады. «Бүгін анаммен сөйлескенім үшін құдайға шүкір». Мұндай жазбадан денеңізде позитивті энергия туады.

Екінші, жақсы адамдармен шынайы араласу.
Шынайы дегеніміз – сол адаммен бетпе-бет жүздесіп әңгімелесу. Ол кезде телефонды шетке ысырып тастау. Өмірлік маңызы бар тақырыптарды талқылау. Жақсының күйі саған да жұғады.

Үшінші, табиғатпен етене араласу
Мұны ешкім түсіндіре алмайды, бірақ адамның жаны табиғатты аңсап тұрады. Аппақ қар, саябақ, тау, аспан, бұлт, ағаштар, бұлақтар, өзен, дала – бәрі тыныштық сыйлайды. Жаяу серуендеудің өзі не тұрады!

Төртінші, жаныңды жадырататын іспен айналысу
Бақытты болу үшін жетістіктердің үлкен немесе кіші болуы маңызды емес, бастысы – процесс. Қай істі жақсы көресіз, соған жарты сағаттай уақыт арнап көріңізші. Хобби кезінде адам өзін ұмытып кетеді.

Бесінші, ылғи қозғалыс үстінде болу
Жеңіл жаттығу істеу, жаяу жүру, таза ауа жұту, денені шынықтыру – ұсақ істер, бірақ бақыт сыйлатын істер. Біз білсек те істемейміз ғой. Бірақ спортпен айналыспаған дене көп ұзамай хабар береді.

Кітаптарға тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Dec, 16:09


ӨМІРДІҢ МӘНІ ӘРКІМДЕ ӘРТҮРЛІ

Күніне бос болатын 3-4 сағатыңды қандай іске арнасаң, өміріңнің мәні сол боп тұр немесе өміріңде мән жоқ деген сөз. Қысқа видеолар көрумен уақыт өткізсең, кино көре берсең, бос уақытыңда не істейтініңді білмей, амалсыз смартфоныңды қолға алсаң, ондай өмірде қандай мән бар?

Рас, кейде өмірде сондай кезеңдер боп тұрады. Бірақ ол ұзаққа созылмай, адам қайтадан өзін-өзі қолға алады. Бірде көтерілесің, бірде төмен құлдилайсың. Бастысы, үйіңе қайтатын, яғни Раббыңа апаратын жолға түсіп отырсаң болғаны.

Бұл күй неден туындайды? Өзіңе есеп бермеуден. Не істеп жүргеніңе анализ жасамаудан. Кітап оқымаудан. Өйткені қалай кітап оқып бастайсың, солай ойлануды бастайсың. Адам ойлаудан шаршайды. Ойламау үшін ойынға бас қояды. Сонда да ойсыз өмір сүру дұрыс жол емес. Мағжан ақын айтпақшы: Бұл өмір абақты ғой саналыға.

Кітаптарға тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Dec, 09:08


ЗИЯНДЫ СУ

Су кеменің сыртында болса ғана пайдалы. Ішіне кірсе құртады. Дүние де сондай. Ол – мақсатқа жеткізетін құрал. Мақсатқа айналмауы керек. Дүние табу мақсатқа айналғанда ішіне су кірген кеме құсап батасыз да кетесіз. Қайда батасыз? Надандықтың, тәкаппарлықтың, ғапылдықтың, арсыздықтың ұйығына.

Дүниені білім алуға, халыққа пайдасын тигізер ғимараттар салуға, елдің көзін ашатын оқу орталықтарын салуға, жастарды білім алуға ұмтылдыратын жобалар (подкаст, жарыс) ұйымдастыруға, саяхаттап ел мен жер тануға, технология үйренуге, техника құрастыруға, өнер туындысын ойлап табуға жұмсау үшін табу керек.

Басқаша айтсақ, білім деп шашыл, білімге шаш.

Дүние туралы «Ихия улумиддин» кітабында арнайы бір бөлім берілген. Қай кезде дүние адастырып жатыр, қай кезде дұрыс жолға жұмсалып жатыр, қай бөлігі адал, қай кезде арам болады, бәрі түгел жазылған.

Кітаптарға тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

KITAPAL

29 Dec, 16:30


ДӘЛ ҚАЗІР ҚҰРАН ОҚЫМАУҒА СЫЛТАУ ҚАЛМАДЫ

Жұмақта Құранды түгел немесе бір бөлігін жатқа білген (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерімен амал еткен) адамға: Құран оқып, шарықтай түс. Дүниеде оны қалай нақышына келтіріп мәнерлеп оқысаң, бұл жерде де дәл солай мәнерлеп оқы. Расында, сенің пейіштегі дәрежең өзің жатқа оқитын соңғы аяттың тұсында болады деп айтылады».

Бір хадисте Құран аяттарының саны қанша болса, жұмақтағы дәрежелердің де соншалықты екендігі және Құранды жатқа білген (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерімен амал еткен) адамдардың дәрежесінің өзге жұмақтықтарға қарағанда жоғары болатыны айтылған.

Қызық қой, адам деген неткен ұмытшақ, тәкаппар жаратылыс! Біз үйге шкаф алсақ, инструкциясына қарамай, өзімізге құрмақ боламыз. Амалымыз біткенде барып нұсқаулығын қараймыз. Алла құдай біздің өмір сүру нұсқаулығымыз – Құранды ылғи оқытқызу үшін қаншама мотивация беруде. Оны оқыған сайын сауап әрі оқыған сайын осы дүниеде қалай өмір сүру керектігін есімізге түсіріп отырамыз. Оны оқу сауап болмағанда, ешбіріміз оқымай кетер ме едік. Сөйтіп қалай өмір сүруді білмей, адасып, шұңқырға түсіп кетер едік.

Құран оқығанда аузыңнан, тіліңнен, көмейден түрлі толқындар, дыбыстар тарайды. Ол өзіңе және соны тыңдап отырғандарға шипа. Небары 600 беттік кітап 14 ғасырдан бері ойлануға азық боп келеді. Әр ғасырда жаңа қырынан ашылады. Құран – ойлану үшін, амалға асыру үшін. Бет сипап, «сауабы тие берсін» деп тұрып кету үшін емес.

Дәл қазір Құран оқымауға сылтау қалмады. Себебі KITAPAL дүкенінде Құранның барлық түрі бар. Қазақша аудармасымен, орысша аудармасымен, қазақша/орысша/арабша аудиосымен, қазақша оқылуымен (транскрипция), сөзбе-сөз аудармамен, тек қазақша (арабшасы жоқ, яғни дәрет алуға мүмкіндік болмаса, оқуға болады) Құрандар да бар.

Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

29 Dec, 12:22


АЛДАМШЫ ҚАРЛЫҒАШ

Осы посттардың себебінен бір адам кітап оқуды бастаса, онда мақсатымыздың орындалғаны. Біз ылғи пайдалы кітаптар ұсынамыз. Кітапал дүкеніне келетін кітаптарды сұрыптаймыз. Олардың ішінде ұятсыз, психологиялық тұрғыда зиянды, діни бағытымызға сай келмейтін, адамның мінезін бұзатын, ЛГБТ насихаттайтын кітаптарды кіргізбейміз. Өйткені біздің себебімізден біреудің тура жолдан адасып кеткенін қаламаймыз.

Бірақ кейде сондай кітаптар дүкен сөресінен орын табады. Жыл басында Ресейден кітап алғанымызда сыртында қарлығаштың суреті бар, көл бетінде қайықпен кетіп бара жатқан екі оқушы баланың бейнесі бар кітап келді. Әу баста оны аннотациясына қарап, балалар әдебиеті деп тапсырыс бергенбіз. Сөйтсек ЛГБТ туралы екен. Дереу жойып жібердік.

Кітапты дұрыс таңдай білу керек. Мазмұнын ашып, бір-екі тақырыпты оқып көріп, жұрттардың пікірлерін тыңдап, сапасына мән беру керек. Кітап таңдаудың арнайы критерийлері бар. «Жылдам оқы» кітабының алғашқы бөлімінде толығырақ жазылған.

Біз күресе білуіміз қажет. Елімізге, отбасымызға зиянды кітаптарды кіргізбеуге күш салуымыз керек.

Дәл қазір пайдалы кітаптарға ЖЕҢІЛДІКПЕН тапсырыс бер. 8-777-572-22-33

KITAPAL

29 Dec, 07:05


АЙСБЕРГ

Қазақша «мұзтау» дейді. Антарктикада 2021 жылы ұзындығы 170 км, ені 25 км.-лік мұзтау бөлініп шығады. Су бетіндегі биіктігі 40 метр, ал су астындағы биіктігі 400 метр. Елестету үшін Алматы мен Талдықорғанның арасы – 180 км. Сондай аралықты алып жатқан алып мұзтауды ойлап көріңіз.

Айсбергтің ерекшелігі сол – негізгі бөлігі су астында жатады. Бұл бізге көп нәрсені үйретеді. Біз әлеуметтік желіде шалқып өмір сүріп жүрген адамдарды көріп, өзімізді салыстырамыз. «Менің жүрісім мынау, айлықтан айлыққа зорға жеткізіп. Жұрттар жаңа үй алып, жаңа көлік мініп жатыр; Дубайда қыдырып, қымбат ресторанда тамақтанып жүр...» Асылында олардың қиналыстарын, жүріп өткен жолын, еңбегін білмейміз. Оның астарында ұйқысын құрбан етіп, тіл үйрену; жұрт ойнап жүргенде уақытын қадірлеп, пайдалы кітап оқу; ұялшақтығын жеңіп, түрлі мамандық иелерімен қарым-қатынас құру; ерік-жігерін арттыру үшін спортпен айналысу, т.б. жолдар жатыр.

Жазушының жазған кітабын көріп, қандай мықты деп ойлаймыз. Бірақ оның жазушылық шеберлігін шыңдау үшін қаншама кітап оқығанын, күн сайын 5000 символдан тұратын мақалалар жазғанын, бір жазғанын жүз рет өшіріп, қайта жазғанын қаперімізге алмаймыз. Біз тек мұзтаудың шыңын ғана көреміз.

Біреумен өзіңді салыстырғың кеп жатса, мұзтау туралы ойлан. Сен оның шыңын ғана, бетін ғана көресің. Астында не жатқанын білмейсің. Сол үшін адамдар жайлы тек жақсы ойла. Көркем мінезбен сөйлес.

Тұлғалық даму кітаптарына тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

28 Dec, 15:02


ӘУЕЗОВТЫҢ АШУЫН БАСУ ҮШІН СТУДЕНТТЕР МЫНАДАЙ АЙЛАҒА БАРАТЫН

Жазушы Мұхтар Абайды көрген күнін еске түсіргенде жүзі жылып, қуанышпен, үлкен тебіреніспен әңгімелейді екен. Ол кісі университетте дәріс оқыған. Кейбір студенттер сабаққа дайындалмай келгенде, жазушының ашуланғанын байқаса болды, бірден: «Ағай, Абайды өз көзіңізбен көрдіңіз бе?» – деп, әңгімені басқа арнаға бұра қояды екен. Сонда жазушы көзі күлімдеп, орамалымен маңдайын сүртіп: «Ол кезде ұмытпасам төрттемін...» деп естелігін бастайды. Абай дүние саларда жазушы 7 жаста екен. Оған дейін бірнеше рет кездесіп, батасын алған.

«Абай жолы» романы жайлы дерек көп. Негізі 1920 жылдан бастап ақпарат жинап бастаса, соңғы 4-ші том 1956 жылы жарық көрген. Демек, 36 жыл жазылған еңбек деуге болады. Қарап тұрсаң, бір адамның өмірі ғой.

Кітап жарық көргенде қаншама қудалауға ұшырады. Бәріне Абай үшін көніп, соңына дейін жеткізді. Тіпті Құнанбайды озбыр адам ретінде көрсетпесең, кітабыңды шығармаймыз деп ультиматум қойды. Халық Құнанбайдың қандай адам екенін білетініне тәуекел етіп, «Түсінетін халық аман болсын...» деп, сол шартпен ақыры кітапты шығарады. Яғни, негізгі мақсаты – Абайды таныту болатын. Абай арқылы өзі де танымал тұлғаға айналды. Кітаптағы Құнанбайдың жауыз бейнесі шынайы өмірде мүлде басқа. Абайдай тұлғаны қалыптастыратын әкенің тұлғасын өзіңіз де бағамдай беріңіз.

KITAPAL дүкенінен «Абай жолы» романы ерекше дизайнмен жарық көрді. Төрт томды қатар қойсаңыз, Абайдың бейнесі шығады. Тапсырыс беру үшін жазыңыз: 8-777-572-22-33. Бағасы: 7800 тг

KITAPAL

28 Dec, 08:27


АДАМ САЯХАТТАСА, ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

Саяхат та бір ертегі сияқты: үйретеді, қуантады, емдейді. Тек демалыс емес, өмір мектебі деуге болады. Әлемнің әр бұрышында ел мен жердің өз құпиялары мен сабақтары бар. Саяхаттағанда стресс те пайда болады. Жаңа жер, бейтаныс адамдар, бұрын дәмін көрмеген тағамдар. Ауырып қалуың да мүмкін. Адам үйреншікті ұясынан алыстап кеткенде, құстай қанатын жайып ұшады.

Бір жағынан батылдық та пайда болады. Басқа халықтардың қалай өмір сүретінін, қандай ән айтатынын, не жейтінін көресің. Ауылдан ұзап көрмеген қара басың әлемнің кең екенін, ал біз оның кішкентай ғана бөлшегі екенімізді түсінесің. Ұсақ нәрселерге қуанып үйренесің, қиындықтарға төтеп бересің. Ең бастысы, "Барлығын істей аламын!" деп еркіндік сезіне бастайсың.

Адамды саяхат кезінде не өзгертеді?

Адам африкаға барсаң да - адам. Бәрі мейірімге мұқтаж. Күлімдеп отырып, олардың әңгімелерін тыңдайсың. Адамның діні, тілі, ділі, мәдениеті әртүрлі болған сайын қызық. Табиғи әсем жерлер, халықтың құлшылық орындары, тарихи сарайлар, дәстүрлері, тағамдары - бәрі сен үшін таңсық. Таңсық көп болған сайын өз өміріңе басқаша қарай бастайсың. Бірдеңені өзгерту керектігін ұғынасың. Адам осылай өзгере бастайды.

Қаншалықты жиі саяхаттау керек?

Бәрі мүмкіндігіңе байланысты ғой. Ең бастысы, үйден кейде шығып тұру. Жылына бір рет болсын немесе бірнеше ай сайын қысқа сапарларға бару жақсы. Алматыда тұрып, тауға бармағандарға таңғаламын. Шымбұлаққа барып шаңғы тебу, Медеуге барып коньки тебу, Көкжайлауға шығу, Көлсай мен Қайыңдыға барып, қайыққа міну, Шарынды жаяу аралау - көп қой мүмкіндік. Қазақстанның әр өңірі осындай әдемі жерлерге толы. Ең бастысы — қозғал, орнында тұрма. Өмір деген өзен сияқты — ағып тұруың керек!

Қайда саяхаттау керек?

Демалыс үшін, мәдениетпен танысу үшін, шытырман оқиғаларға куә болу үшін, өз туған еліңді зерттеу үшін. Мысалы, Норвегияға Солтүстік Шұғыласын көру үшін баруға болады. Ол күн сайын көріне бермейді. Аңду керек.

Саяхат өмірді қанық етеді. Әр жаңа сапар - ертегінің жаңа беттері іспеттес. Адам өлерінің алдында көп саяхаттамағаны үшін өкінеді дейді ғой. Сондықтан арманда, жоспарла және жолға шық!

2025 жылғы жоспарыңа саяхатты енгіз.

KITAPAL

27 Dec, 13:32


НЕГЕ ҚЫЗ ЖІБЕК ФИЛЬМІН ҚАЙТАЛАП КӨРЕ БЕРЕМІЗ?

Кім «Көшпенділер» фильмін екі рет көрді? Ондай адамды кездестірмеппін. Неге? Өйткені қызық емес, тартпайды.

Онда неге «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Алты жасар Алпамыс» фильмдерін жалықпай көре береміз?

Әркімнің ойы әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мынадай ақиқаттар бар. Қыз Жібекте ешқандай жасанды бұйым болмаған. Әр киім қолдан тігіліп, ондағы әр моншақ асыл тастан жасалған. Киіз үйлер, текемет, сырмақтар, ат әбзелдері, ердің қарулары түгел оригинал.

Байқайсыз ба, хандық дәуірдегі қазақтар туралы киноларда ылғи үстіне шүберек, ескі матадан тігілген бірдеңе киіп алады. Көргің келмейді. Осыншалықты бейшара болды деуге қимайсың себебі. Өйткені сонау сақ заманындағы Алтын адамның киіміне қара, қандай әдемі, сәнді. Ал Қыз Жібекте дәл сондай әдемі киімдер берілген. Тек Қыз Жібектің өзі жиырмаға жуық қайталанбайтын көйлек киген.

Оның қасындағы құрбылары – Жібектің рөлін сомдауға келген 500 қыздың ішінен іріктелген 15 қыз. Көрдіңіз бе? Қазіргі беті жылтыраған әнші, блогерлерді әртіс қып түсіре салу емес. Үлкен жауапкершілікпен келген. Режиссері Сұлтанахмет Қожықов.

Ең бастысы – мұнда халықтың ұлттық генінде жатқан жасырын нәрселерді бере білген. Мысалы, қазіргі киноларда қыз ашықтан ашық «ойбай, сені сағындым, сарғайып өлуге айналдым» деп көзінен сорасы ағып жатады. Ал Жібек Төлегенді сағынғанда не істейді? Киіз үйдің босағасына сүйеніп, алысқа қарайды, ауыр күрсінеді. Үй қабырғасына сүйену – сағыну, зарығуды білдіретін қазақ халқының ишарасы. «Толик, сені сағынып еңірегенде етегім жасқа толды» демейді. Олай деу арлы қызға жараспайды.

Міне, сол үшін Қыз Жібек фильмін қырық рет көрсек те жалықпаймыз.

Ғашықтықты ту еткен қызықты кітаптар оқығыңыз келсе, онда тапсырыс беріңіз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

25 Dec, 17:27


ӘДЕТ СЕНІҢ БАҚЫТТЫ СӘТІҢЕ ҚАРАМАЙДЫ

Қайғыдан қан жұтқан сәтіңде де жаман әдетің жоқ боп кетпейді. Триггер болса болды, ол оянады. Сондықтан өміріңді құртқың келмесе, оны бұзатын әдеттерді өзгерт. Өзіңді құтқарғың келсе, әр күніңді жақсы жаққа өзгертетін әдеттерді сіңіріп ал.

Қайталап айтамын, әдеттер адамның қуанышты не қайғылы сәтіне тәуелді емес, автоматты түрде іске қосылады. Қатты қуанып тұрып, біреудің оттығын көрсеңіз, бірден темекі шегуге қалау оянады. Қайғырып тұрып, біреудің телефон ұстағанын көрсеңіз, әлеметтік желіге аңсарыңыз ауады.

Жақсы жұмыс жасап, біраз табысқа жетсеңіз, стресске түскенде, әдеттегідей шылымға қол созасыз. Ал егер стресске түскен сайын шылым емес, медитация жасау, дұға оқуды әдетке айналдырсаңыз, қуаныш пен қайғыда бірден соған ұмтыласыз.

Есіңізде болсын, сіздің бүгінгі әрекеттеріңіз ертеңгі болашағыңызды қалыптастырады. Жақсы әдеттер өміріңізді жарқын етеді. Мұны мен айтып тұрған жоқпын. Біздің алдыңғы бабаларымыз айтты. Қазір де білгіштер, ғалымдар айтып жатыр. Болашақта да айта береді. Маңызды болғаны үшін.

Әдет туралы кітаптар:
- Атом әдеттер
- Әдет күші
Тапсырыс: 8-777-572-22-33

KITAPAL

25 Dec, 08:55


АРСЕН ШАДИ: полиглот болудың құпиясы, студент менсінбейтін супер мамандық | Kitapal podcast #36

11:25 Әр полиглоттың артында анасы тұр
22:04 Студентке қандай кеңес бересің?
30:00 Кәсіпсіз қалмайтын мамандық игер
32:30 Біз менсінбейтін мамандық
41:30 Оқимын ба, жұмыс істеймін бе?
1:06:23 Черчильдің оқиғасы
1:08:50 Қазіргі студенттерге қызығам және аяймын
1:18:57 Студент қандай кітап оқуға тиіс?
1:26:38 Мартин Иденнен дұрыс отбасы шықпайды

Арсен Шади @shadi.arsen полиглот, шығыстанушы

Уақыты: 25-желтоқсан, 18:00
Youtube Kitapal podcast

https://youtu.be/gklMANz3gtU

KITAPAL

25 Dec, 05:36


БІР КІТАПТЫ ЕКІ РЕТ ОҚУ, ЕКІ КІТАПТЫ БІР РЕТ ОҚУДАН ПАЙДАЛЫ

Оқыған кітабыңды бір айдан кейін сұраса, ұмытып қаласың ғой. Басты бір-екі жерлері есіңде қалған, ал жалпы ауыз тұшытып ештеңе айта алмайсың. Неге? Өйткені атүсті оқығаннан, ойымыз кітапта емес, телефонда болғаннан. Конспект жасамағаннан.

Енді не істейміз? Кітапты екі рет, үш рет оқу керек. Оған қиналма. Бабаң Әбу Насырдыкін естісең, шалқаңнан түсерсің. әл-Фараби Аристотельдің Жан туралы кітабын 100 рет, ал Риторикасын 200 рет оқып шыққан. Ал сен екі рет оқуға ерініп жылайсың.

Оның пайдалары көп.
- Есіңде кітап жақсы сақталады
- Біріншіде жалпылама идеясын түсінсең, екіншіде толыққанды түсінесің.
- Алғаш оқығанда оқиға сюжетінен ләззат алсаң, екіншіде әр кейіпкердің психологиясын, мінезін түсінесің.
- Әр оқығанда кітап жаңа қырынан ашылады. Мысалы, Абай жолын оқып көрші қайтадан. Кейбір оқиғаларды «мынау шынымен болып па еді?» деп таңғалып отырасың.
- «Жасампаз жандардың жеті дағдысын» студент кезде оқу бір бөлек, үлкейгенде немесе кәсіппен айналысқанда оқу бір бөлек.
- Дейл Карнегидің «Дос табу...» кітабын екі рет оқысаң, ендігіде әдетке айналдыра бастайсың.
Солай. Бір кітапты көп рет оқы. Пайдалы болсын.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
Немесе
@kitapal_bot арқылы осы телеграмнан тапсырыс бер.

KITAPAL

22 Dec, 18:26


ӨМІРДІҢ МӘНІ НЕДЕ? НЕГЕ ҚИЫНДЫҚ КЕЛЕ БЕРЕДІ?

Бұл сұраққа екі-үш ауыз сөзбен жауап беру қиянат болады. Ашып түсіндірсе, пайдалы болады.

Өмірдің мәні мынадай деп, әдемі сөздер айтқанмен, ешкім сол формуламен өмір сүрмейді. Өмірдің мәні отбасы, бала-шаға, бақытты сәттер, сыйластық деуі мүмкін, бірақ оның бәрі негізгі жауап емес. Оның бәрі өмірдің мәнін тапқан адамның бастан кешетін салдары (побочный эффект) ғана. Құранда «...адамды құлшылық үшін жараттым...; ...кім жақсы амал істейді екен деп өмір мен өлімді жараттым...» деп Зарият пен Мүлік сүресінде келеді. Бірақ оны терең түсіне алмаймыз. Себебі өмірдің мәні – құлшылық десек, қатырып құлшылық істемейміз. Жақсы амал істеу – өмірдің мәні десек, қаншалықты жақсы амал істеп жүрміз? Онда өмірдің мәні неде?

Мен үшін өмірдің мәні мынау: Адам баласы – Алланың Жерге жіберген өкілі. Жерде өмір сүріп, Оның жазып кеткен үш кітабын танысын (әлем, Құран, адам), сол арқылы Мені (Алланы) танысын дейді. Әлем мен адамның күрделі әрі мінсіз жаратылыс екенін көріп, оған қоса Құранды оқып, Алланы танимыз, таңғаламыз, мойындаймыз. Оны танығанда әрбір әрекетіміз құлшылыққа айналады. Тамақ жеудегі, ұйықтаудағы, спортпен айналысқандағы, т.б. ниетің – ғибадат пен жақсы амал жасауға күш жинау – құлшылыққа айналады. Бұған дейін бес уақыт намазды ғана құлшылық десең, енді 24 сағатың құлшылыққа айналады. Тіпті некелі әйеліңмен қосылуың да құлшылық боп кетеді.

Бір жерде өзеннің көпірі құлап, адамдар арғы бетке қатынай алмаса, онда Алла Тағала құдіретімен көпірді жоқтан жасап, тұрғыза салмайды. Оны Ұлы Рахманның өкілі адам баласы жасайды. Адам сол көпірді тұрғызуға ниет етсе болды, Алла Тағала қалғанын жеңіл етіп қояды. Құрылыс материалы да, құрылысшылар да, техника да, қажетті адам да табыла кетеді. Міне, сонда Ұлы Рахимның «Бол!» деген әмірі жүзеге асып, көпір сәтімен қаланады. Бұл көпір – соған ниет еткен адамның құлшылығына айналды. Енді үстінен адам өткен сайын, соңынан үзілмей сауабы да барып тұрады. Әр амал осындай.

Ал енді сұрақ: онда неге басымызға қиындық келеді? Оның екі мақсаты бар: біріншісі, адамды тазалау үшін. Біздің қаншама күнәміз бар. Оны өзіміз дұрыстап тазаламаймыз. Тәубеміз өтірік. Тәубеміздің өзіне тәубе ету керек. Сосын, амал жоқ, қиындықтар келіп соны тазалайды. Екіншісі, адамды тәрбиелеу үшін. Алла Раббы адамды ең көркем түрде тәрбиелейді. Мысалы, бойыңда тізгінделмеген ашу болса, соны көрсету үшін, ашуланатын ситуацияға түсіре береді. Қашан ашуыңды тізгіндеп, ақылға жеңдіруге үйренгенде, ондай ситуация да тоқтайды.

Мақтаншақсың ба, онда мақтанған сәтте бір мейірім шапалағын салып жібереді. Мысалы, түп-түзу жерде келе жатып, шалқаңнан тайып құлайсың. Қашан оны түсінгеніңше, сабақ алғаныңша, мақтануды доғарғаныңша, құлай бересің, жығыла бересің, таяқ жей бересің.

Бұл тақырыпты тереңірек түсіну үшін жақсы кітаптар оқу керек. Мысалы, Имам Ғазалидің "Жүрек сырлары" кітабы. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

KITAPAL

19 Dec, 11:40


Сіздің диагноз: ЦУНДОКУ!

Сізде де бар шығар бұл. Кітап сатып ала беретін, бірақ оқымайтын адамдар туралы боп тұр әңгіме. Кітап көрсе, құмарлығы оянып, сатып алады. Үйіне апарып, шкафқа әдемілеп қояды. Бітті. Сол жерде кірпіш құсап қалады. Мүмкін әдемілік үшін алынды ма екен әу баста?!

Бұл көбіне жағдайы жақсара бастаған адамдарда бола ма деймін. Себебі студент кезде оқылмаған кітап қалмайды. Жаңа бір ғана кітап сатып алады. Соны оқып бітіреді. Кейін жаңасына жүгіреді💬

Ал жағдайы жақсарғанда, мысалы, жеке үйі пайда болғанда, жеке кітапханасын жасағанда, артық кітаптар пайда бола бастайды. Ізгі мақсатта ала береді, ала береді. Оқылмаған кітап көбейген сайын ешқайсысын оқымайды. Себебі бір кітап қорқынышты ма әлде 100 кітап қорқынышты ма?

💬 Жиі кітап оқитындар үшін KITAPAL қызметі бар. Кітапты үйіңізге әкетіп оқи аласыз. 30 күнге дейін. Сосын кітапты әкеліп, басқа кітапқа ауыстырып аласыз. Солай бір жыл бойы қанша кітап оқи алсаңыз, сонша кітап оқисыз. Тек жаңа кітаптар! Сондағы жылына 10 мың тг. Егер апта сайын бір кітап, демек жылына 54 кітап оқысаңыз, 250 мың тг кетер еді. Ал Kitapal арқылы 10 мың тг ғана төлейсіз. Мархабат! Толық ақпарат: 8-777-572-22-33

KITAPAL

17 Dec, 18:18


ҚАЗАҚСТАН СЕНЕН БАСҚА ЕШКІМГЕ КЕРЕК ЕМЕС!

Тәуелсіздік рухы күн сайын қаныңда айналып жүргені дұрыс қой. Көк туың санаңда ылғи желбіреп тұрғаны абзал. Бұл қара жер сенен басқа ешкімге керек емес. Әрине, біз елімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлттарға адамзат баласы ретінде құрметпен қараймыз. Алайда бұл жерді қорғау үшін оның топырағына кімнің ата-бабасының қаны төгілді, соның ұрпақтарына ғана керек, соларға ғана қымбат. Осыдан 33 жыл бұрын желтоқсан алаңында сырттан басшы келгенде, бірнеше жыл бұрын ұлттық жер мәселесі көтерілгенде, екі жыл бұрын қаңтар айында азаттығымыздан айрылып қала жаздағанда, қазақтан басқа ұлт басын көтермеген. Себебі басқаларға бәрібір. Бастысы бір жерде тұрса болды. Ал бізге бабамыздың басы жерленген әрбір қасықтай жеріміз қымбат!

Сондықтан осынау 20 млн халықтың ішінде ең өнерлісі, ең білімдісі, ең сапалысы, ең мәдениеттісі, ең намыстысы, ең әдептісі – қазақтың өзі болуға тиіс және сол жалғасқаны жөн. Барлық адам жақсы, біз жақсырақ болуымыз қажет. Бұл жер сенің өніп өсетін жерің, бұл жерде сенің ұрпағың өседі, бұл жер үрім-бұтағыңа қалады. Ендеше неге оны тамаша орын етпеске! Ұрпағымыз ең қауіпсіз, әдемі, таза, дамыған жерде өскенін бәріміз қалаймыз. Соны қалыптастыру керек. Ал ол дұрыс білім, саналы тәрбие, еңбек, қайсарлық, табандылық, сабырлық арқылы келеді. Оған бастайтын алғашқы жол – жақсы кітаптар.

Біліммен, өнермен қаруланған еліміз өте жылдам дамиды. Біз тәуелсіз ел болу былай тұрсын, өзгеге сөзімізді өткізе алатын, қабағымен ықтыра алатын, әлемдік аренада қадірлі ел болуымыз керек. Тіпті қазақтың жат жерде қалып кеткен жерлерінің тұрғындары «Эх, Қазақстанға қайта қосылсақ қой...» деп армандайтындай өркениетті болуымыз керек. Оны болғызуға болады. Оны болдыратын – ел тұрғындары, сіз бен біз. Әрқайсымыз.

Күш – білімде. Білім – кітапта.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

15 Dec, 16:12


🤯Адамның ең үлкен ТҮРМЕСІ - өзінің МИЫ

Ми - ғажайып орган. Саған мықты мүмкіндіктер ашып, жаңа нәрсе үйреніп, әлемді және өзіңді тануға көмектесе алады. Немесе сенің түрмеңе айнала алады. Қалай сонда?

🧠“Мен мұны жасай алмаймын, қолымнан келмейді, маған бұйырмаған” деп айтып көріп пе едіңіз? Онда ойды шектеу түрмесіне қош келдіңіз! Ойыңды шектей беріп, өзің шыға алмайтын түрмеге кіріп алғансың. Бұдан қалай шығамыз: ойыңды өзгерт, позитивті ой ойла, пайдалы кітап оқы, жақсылармен дос бол.

🧠“Ақша тек жамандық әкеледі; Жолы болу кейбір адамдарға ғана тән нәрсе” деп ойлап көріп пе едіңіз? Сізге жаман хабар естіртуге тура кеп тұр: сенім түрмесіндесіз! Қалай құтыламыз: жоғарыдағы жауап 👆

🏌️“Мен әдемі емеспін; түрім өзіме ұнамайды; басқалар менен жақсырақ” деп ойлайтын ба едіңіз? Ойбууу! Сенімсіздік түрмесінде отырсыз. Шешім: әр жетістігіңді тізіп жүр, спортпен айналыс.

🧠“Бала кезімде травма алдым. Әкем маған жұрттың көзінше ұрысқан…” деп өзіңізді ақтап, біреуді жамандайсыз ба? Онда өткен шақтың түрмесінде кісендеулі екенсіз. Шешім: өткенге салауат, өтті де кетті. Осы сәттен бастап жаңа өмір бастаңыз.

🤯“Жұмыстан шығарып жібереді; бірдеңе бүлдіріп қоямын-ау” деп қорқа бересіз бе? Қорқыныш изоляторында көзіңіз үрейге толып тұр. Шешім: болмаған нәрсені ойлап қорқып жүрсіз ғой. Ал болған жағдайда не болады екен? Бір жеріңізді кесіп ала ма? Өліп қаласыз ба? Өмір қозғалыстағы адамға көп мүмкіндік сыйлайды. Қорқынышты орындап та көріңіз.

KITAPAL

13 Dec, 09:06


ШАХМАТТАН АЛҒАН ӨМІРЛІК САБАҚ

Шахмат – ұлылардың ойыны дегенді жиі естиміз. Не үшін олай айтады екен? Өзім шахматты қатты ойнай алмайтындықтан жақсы түсінбейтін шығармын. Бірақ бір нәрсені ұқтым.

🦏Шахмат өмірді үйретеді. Себебі өмір – қозғалыс, әрекет. Қозғалыстың жоқтығы – өлімді білдіреді. Шахматта пешка бір қадам жасамайынша ойын басталмайды, өмір басталмайды. Яғни, алға бір қадам жасасаң, әрекет етсең, тіршілік жүреді, өмір сүресің, тырбанып бірдеңе істейсің. Аш қалмайсың. Мақсатқа ұмтыласың. Қашан алға қадам баспайсың, солай тіршілік қыста өмірін тоқтатқан жәндіктей тоқтайды.

🥷Шахматта әр пешка өте маңызды. Оны жай пешка деуге болмайды. Себебі олар алға ұмтылу арқылы бір мақсатты көздейді. Ол – уәзір болу. Яғни, өмірді мақсатсыз сүруге болмайды. Әр адамның мақсаты бар. Ол мақсатқа бойындағы қабілетімен жете алады. Әр адамда әртүрлі қабілет. Генерал болуды армандамаған сарбаз – сарбаз емес.

Шахматта соңғы фигура қалғанша ойын бітпейді. Бұл – өліспей беріспеуді үйретеді. Патшаның қасында бір сарбаз (пешка) қалса да, ойын жалғаса береді. Соңғы оғың қалса, оны да ат. Жеңілетін сияқтымын деп, шайқастың ортасында соғыс алаңын тастап кетпе. «Матрица» фильміндегі командир Мифунның сөзімен айтсақ: «Осы соғыста өлер болсақ, онда соңғы қанымыз қалғанша шайқасып өлеміз».

👑Патшаны аман сақтау үшін құрбандыққа бару. Патша деген әртүрлі нәрсе болуы мүмкін. Иман, ұлт, ұрпақ, білім, құндылық, дәстүр, қазақылық, жүрек тазалығы... Осының қайсысы болсын маңызды, оның аман сақтау үшін қандай құрбандыққа барар едіңіз?

Бүгін 33% жеңілдік боп жатыр 450 кітапқа. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

09 Dec, 11:11


Раиса Қадыр: түн ортасындағы кітапхана, балалар қарсы болған кітап | Kitapal podcast #35

Уақыты: 9-желтоқсан, дүйсенбі. 18:00

https://youtu.be/1vbx8XxzM10

Бүгінгі подкастта “STEPPE&WORLD” баспасының негізін қалаушысы, баспагер Раиса Қадыр ханыммен сұхбаттасады. Айтылған тақырыптар:

Балаларға арналған бестселлер кітаптарды басу идеясы.
Еуропадағы кітап көрмелері.
Балалар кітап оқымайды дейтін ата-ананың өзі оқымайды.
Орындықтан құлата жаздаған кітап.
Балалар комикс кітап оқыса, өздері комикс сала бастайды.
Депрессивті уақытта жылу сыйлайтын кітап шығардық.
Хәрри Поттерге көп қарсылық, хейт келді.
Кітап оқитын елдер қандай?

KITAPAL

09 Dec, 06:54


ЕШКІМНЕН ЕШТЕҢЕ КҮТПЕ

Кімнен сұрама, бәрінің жауабы дайын. «Мұғалім анандай болуы керек, имам мынадай болуы керек, министр бүйтуі керек, әкім сүйтуі керек, элекрик былай істеуі керек, еден жуушы апай олай жумауы керек...»

Бәрі бірдеңе күтеді. Өзінен ештеңе күтпейді. Өзі кассир болуы мүмкін. Біреу «кассир деген тез-тез істеп, кезек болғызбауы керек» десе, бірден ашуланып шыға келеді.

Ешкімнен ештеңе күтпеңіз. Біреуді өзгерту үшін алдымен өзіңіз өзгеруіңіз керек. Мұғалімге «сен былай сабақ беруге тиіссің» деп айта алуың үшін өзің өз мамандығың бойынша супер адам болуға тиіссің. Сонда ғана сөзің оның жүрегіне жетеді.

Әрине, әркім өз мамандығына сай болса керемет!

Өзіңнің ең мықты нұсқаңды жасау үшін ең пайдалы кітаптар оқы. Менеджер: 8-777-572-22-33

KITAPAL

05 Dec, 15:33


Жыл соңына дейін уәдесін орындап үлгергісі келетіндерге

Жылдың басында берген уәделерің есіңде ме? Міне, соны орындауға небары 3 апта қалды. Масқара, иә? Уақыт деген қалай жылдам! Бірақ дым істемей, ештеңеге үлгермегендер өзін жек көріп кетпес үшін мынадай кеңес ұсынамыз.

Мақсат: өзіңді белгілі бір санға шабыттандыру. Мысалы:
- Желтоқсан біткенше 200 беттік бір кітапты бітіремін.
- Желтоқсан біткенше 3 рет саябақта 3 км жүгіремін.
- Желтоқсан біткенше 60 жаңа сөз жаттаймын (мейлі қазақша, мейлі ағылшынша).
- Желтоқсан біткенше Қадір сүресін жаттаймын.
- Желтоқсан біткенше 6 рет түнгі намазға тұрамын.
- Желтоқсан біткенше 13 пост жазып, жариялаймын.
- Желтоқсан біткенше 5 өлең жаттаймын (Мұқағалидің, Есениннің, Эминемнің, т.б.)


Мұның тек біреуін ғана орындасаңыз болады. Күшің жетсе 2-3-еуін қатар жасасаң болады. Маңызды: әрқайсысын нөмірлеп отырыңыз. Мысалы, бүгін бірінші постты жарияладым. Келесі кезек: екінші пост деген сияқты. Қадыр Мырзалиевтың бір өлеңін жаттасаңыз, оны №1 дейсіз. Енді №2 өлеңді таңдаңыз.

Осылай өзіңізбен жарыссаңыз, тым болмаса бірдеңе істеп үлгересіз. Жылдың соңында «дым істемедім» деп бармақ тістегенше, жартылай бір жеңіске жете аласыз.

Сүре жаттайм дегендерге Кітапал дүкенінен сөзбе-сөз аудармасы бар Құран Кәрім тапсырыс беріңіз. Сонымен жаттау оңай.

Кітап оқимын дегендерге, өлең жаттаймын дегендерге жақсы кітаптар бар. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

03 Dec, 17:09


Чак Паланик. «Бойцовский клуб» кітабынан алынған ойландыратын сөздер

1. "Заттар саған емес, сен заттарға тәуелді боласың. Адамдар – дүниесінің құлы. Заттар көбейген сайын, солардың құлына айналасың."

2. "Сен өміріңді өзгерткің келді, бірақ оны өзің жасай алмадың. Мен – сенің армандаған түріңмін. Сен істеуге жүрексінген нәрселерді істеймін. Сен армандағандай өмір сүремін. Ақылдымын, таланттымын және ең бастысы, сені шектеп тұрған нәрселерден азатпын"

3. "Тек бәрінен айрылған кезде ғана шынайы бостандыққа жетеміз."

4. "Міне, бұл – сенің өмірің және ол әр минут сайын қысқарып жатыр."

5. "Біз кімбіз? Жай ғана тұтынушылармыз. Жетістіктің сыртқы бейнесіне құмармыз. Соғыс, аштық, зорлық бізді алаңдатпайды. Бар керегі атақты адамдардың өмірі мен жанжалдары, 500 арнасы бар телевизор және киімнің маркасы үстімізде көрініп тұрса болды."

6. "Біз жек көретін жұмысқа барып, түкке де қажеті жоқ заттарды сатып алу үшін жұмыс істейміз."

Қазір әлі де солай емес пе? Қалай ойлайсың?

KITAPAL

02 Dec, 18:37


СҰЛУ АДАМ ЫЛҒИ ЖАҚСЫ БОП КӨРІНЕ БЕРМЕЙДІ. АЛ ЖАҚСЫ АДАМ ЫЛҒИ СҰЛУ БОП КӨРІНЕДІ

Адамның сұлулығы – рухында. Ішкі дүниесі сұлу адамды Ұлы Рахман барша жаратылысқа сүйкімді қылып қояды. Содан жүргенің айдаладағы бір адамды жақсы көріп. Не үшін екенін түсінбейсің, бірақ жүрегің сол адам үшін жылып жүреді. Алты аласың, бес бересің жоқ.

Сыртқы бір қабат терімізді сәндей бергенше, Абайша айтсақ, сыртымызды жуа бергенше, ішкі әлемімізді жуайық. Қаталдықпен, дөрекілікпен, ашуланумен бақытқа жеткен бір адам бар ма, айтыңызшы.

Ал көркем мінезбен, әдептілікпен, жұмсақтықпен қарым-қатынас жасайтын барлық адам бақытты. Қатты жерді жұмсақ өсімдік тесіп шығады. Қатты тасты жұмсақ тамшылар теседі. Қатты соққан жүрегіңді анаңның жұмсақ алақаны басады. Ашудан мейірім басым.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

01 Dec, 18:08


НЕГЕ БІЗ ЖҮРЕГІМІЗДІ ОСЫЛАЙ ТАЗАЛАМАЙМЫЗ???

Машина жуғанда алдымен бір рет жуып шығасың. Шүберекті сыққан тазиктегі суың қап-қара болады. Көлікке қарасаң сәл-пәл қара тамшылар қалып қояды. Шүберекті сулап тағы да бір сүртіп шығасың. Сонда барып айнадай жарқырайды. Сөйтіп тұрып ойланып қаламын. НЕГЕ БІЗ ЖҮРЕГІМІЗДІ ОСЫЛАЙ ТАЗАЛАМАЙМЫЗ??? Қатарынан екі рет. Айнадай жарқырағанша. Жүректе қаншама күнәнің қап-қара кірлері қалған. Бір жуғаннан кетпейді. Оны тәубеден туған көз жасы кетіреді. Бірнеше рет.

Ыдыс жуғанда май, дақ, қалдықтар бірден кете қоймайды. Жай сумен кетпейді. Сусабын қолданасың. Қырғыш не сымжуғышпен ысқылайсың. Бірдеңе қып кетіріп, соңында мұздай сумен бір шаясың. Тап-таза тәрелкеге қарап тұрып ойланамын. НЕГЕ БІЗ ЖҮРЕГІМІЗДІ ОСЫЛАЙ ТАЗАЛАМАЙМЫЗ? Неге зікірмен, Құранмен, истиғфармен, кешірім сұраумен ысқыламаймыз? Кетпей жатқан лас жерлеріне көбірек күш салмаймыз?

Қолыңдағы смартфонның бетіне май жағылса, дереу ылғал салфеткі іздеп, сүртіп тазалап қоясың. Бірден! Бес минут, елу минут, бір күн күтпейсің. Сол заматта тазалайсың. НЕГЕ БІЗ ЖҮРЕГІМІЗДІ БІР КҮНӘДАН СОҢ ДӘЛ ОСЫЛАЙ ДЕРЕУ ТАЗАЛАМАЙМЫЗ?

Сурет не видеоға түсірерде камераны бір қараймыз, мүмкін бетіне саусақ таңбасы не бір дақ түсіп қалған шығар. Себебі сурет анық шықпайды. Футболкамыздың шетімен камераның көзін айналдыра тазалап шығамыз. НЕГЕ БІЗ БІР АМАЛ ЖАСАРДА ЖҮРЕКТЕГІ АЛЛА ТАҒАЛАҒА ДЕГЕН ЫҚЫЛАСЫМЫЗДЫ ОСЫЛАЙ БІР ТЕКСЕРІП АЛМАЙМЫЗ? Рия боп жатса, бір тазалап шығу керек емес пе??? Жүректің көзі таза болса, сыртқы әлем анық көрінбей ме???

«Терең ой» кітабынан.

KITAPAL

30 Nov, 17:41


МЕН АУРУДЫ ТАҢДАЙМЫН!

Жаттығу жасап, спортпен айналысуға уақыт таппасаң, онда ауруға уақытыңды арнайтын боласың. Бірақ қазір көпшіліктің өмір сүру стилін қарасаң, олар қуанышты және салтанатты түрде: «Мен ауруды таңдаймын, ауруға уақытымды арнаймын» деп тұрғандай.

Білем, бәріміз тамақ жейміз, тойға барсақ үш ауыр тамақ қояды, онсыз да дастарқан жайнап тұр. Айналада фастфуд еліктіріп, оны да жемей тұра алмаймыз. Пажалыста, жей бер. Жеме десем де, бәрібір жейсің ғой. Қазір кім нәпсісін игере алады дейсің. Бірақ сол тағамдар ағзада майға айналып кетпесі үшін, токсиндер қанда қалып қоймас үшін, бұлшықеттер езіліп, омыртқа майысып кетпес үшін спортпен айналысу керек.

Екі сағатқа тренажер залына барып, 80 кг штангы көтер демеймін. Үйде 20 минутқа таймер қой. Сөйтіп жеңіл жаттығу жаса. Оған да басың жетпесе, youtube-тан үйде жасауға болатын физикалық жаттығулар деп іздеп, біреудің істегенін қайтала. Жүрек соғысың артып, бұлшық еттерің оянып, ағзада зат алмасу күшейсін.

Тамақтану, спорт туралы кітаптар: 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Nov, 15:22


ҚОЛЫҢДА БАРДЫ БАҒАЛАУҒА ОСЫ ДА ЖЕТПЕЙ МЕ?

Жер халқы шамамен 7,8 миллиард адамды құрайды.
Егер бұл санды 100% деп алсақ:
• 77% тұрғын үйі бар
• 23% үйсіз

Тамақтану бойынша:
• 21% ысырап қып тамақ ішеді
• 63% қажетті азығы бар
• 15% тойып тамақ ішпейді
• 48% адамдардың күнделікті өмір сүру шығыны 1000 теңгеден аз

• 87% ауыз суға қол жеткізе алады
• 13% ауыз су жоқ

• 75% мобильді телефондары бар
• 25% телефон пайдаланбайды

• 30% интернет бар
• 70% интернетке қол жеткізе алмайды

Білім бойынша:
• 7% жоғары білім алған
• 93% ешқашан колледж немесе университетке бармаған

Сауаттылық:
• 83% оқи алады
• 17% сауатсыз

Жас мөлшері бойынша:
• 26% 14 жасқа жетпей өмірден өтеді
• 66% 15-64 жас аралығында қайтыс болады
• 8% 65 жастан асқан

Өмірдің және бақытқа толы сәттердің қаншалықты қымбат екенін ұмытпайық! ❤️❤️❤️

• 11% Еуропада тұрады
• 5% Солтүстік Америкада
• 9% Оңтүстік Америкада
• 15% Африкада
• 60% Азияда
• 49% ауылдық жерде өмір сүреді
• 51% қалада тұрады

Тілдер бойынша:
• 12% қытай тілінде сөйлейді
• 5% испан тілінде
• 5% ағылшын тілінде
• 3% араб тілінде
• 3% хинди тілінде
• 3% бенгаль тілінде
• 3% португал тілінде
• 2% орыс тілінде
• 2% жапон тілінде
• 62% өз ана тілінде сөйлейді

Дін бойынша:
• 33% христиандар
• 22% мұсылмандар
• 14% индустар
• 7% буддистер
• 12% басқа діндер
• 12% дінге сенбейтіндер


Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Nov, 13:05


КІМГЕ РЕНЖИМІН?

Уақытым босқа өтіп жатса, күн ұзақ ұйықтай берсем, өзімді дамытпасам, намазым ғапылдықпен оқылса, түнім видео көрумен, ойнаумен және ұйқымен өтсе, ұйқымнан тұрғым келмесе, түнде тұрып Құран оқи алмасам, онда кімге ренжимін? Мұсылмандар қазір әлемде әліз, бейшара деп айтқанымнан не шығады, себебі өзім соның бірімін. Қазақстан дамымайды, өкімет жаман, медицина нашар, білім жүйесі әлсіз деп айтқанымнан не шығады, себебі өзім соған себепкермін.

Кім мені сырттан келіп өзгертеді? Түсімде біреу келіп аян беріп кете ме? «Тұр, оян! Еліңді алға сүйре. Еріншек болма. Бір емес, он тіл үйрен. 8 емес, 16 сағат жұмыс істе. Он кітап емес, жүз кітап оқы. Спортпен айналыс» деп құлағыңа сыбырлап кетуі керек пе? Сондайды күтіп жүрсің бе? Ол ертегі ғой. Өз-өзімді қолға ала алмасам, онда кімге ренжимін?

Қиындықтар адамды мықты қылады. Әрине, оны жеңіп шықсаң. Ал жалпы мықты болу үшін міндетті түрде қиындық келуі керек пе? Қазірден жай ғана өзіңді жан-жақты дамытып, мықты болуға болмай ма? Міндетті түрде басыңа сынақ түсуі керек пе? Жай ғана ойланып, соған жете алмаймыз ба?

Ойланбасаң, өмірің өте береді, өте береді, өте береді...

Кітап алу: 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Nov, 10:41


САЛЫСТЫРУ – БАҚЫТТЫҢ ҰРЛЫҚШЫСЫ

Адам табиғаты салыстыруға бейім. Бірақ салыстыруға болатын нәрсе бар. Дәл сол сияқты салыстыурға болмайтын нәрсе бар. Байлықта өзіңнен төмен адамдарға қара. Соларға қарап шүкіршілігің оянады. Қолыңда бар затың біреулер үшін арман екенін түсінесің. Егер байлықта өзіңнен жоғары адамға қарасаң, бақытыңды ұрлайтын ой пайда болады. Бұл – зиянды салыстыру. Яғни, «қарашы, пәленше сенен мықты көлік мінеді, сенен зәулім үйде тұрады, ақшасы сенен көп. Неге сол сияқты бола алмайсың?» деген ой. Бұл ой адамды шүкірсіздікке әкеледі. Тағы да дүниенің артынан қууға, сараңдыққа апарады. Көрдің ғой?

Ал тақуалықта өзіңнен жоғарыға қара. Өзіңнен гөрі мінезі көркем адамға қарап, өзіңнің әлі шикі екеніңді, бойыңда зиянды әдеттерің көп екенін, жүрегіңде емделмеген дерттер бар екенін түсінесің. Жасаған жақсылықтарыңа дандайсымай, керісінше оларды одан сайын аз көріп, көбірек ізгі іс жасауға құлшынасың. Егер тақуалықта өзіңнен төменге қарағаныңда, тәкаппарлығың оянар еді. «Пәленше бір тиын да садақа бермейді, оның қасында мен ай сайын жүз мың теңге мұқтаждарға беріп жүрмін» деген әзәзіл ойлар келеді. Аз амалға мастанып қалып қояр едің.

Басқалай өзіңді ешкіммен салыстырма. Себебі сен ешкімге ұқсамайсың. Сен таңдай алмайтын нәрселер бар: жыныс, ұлт, әке-шеше, түр. Бұлармен мақтану – тап-таза ақымақтық. Өзің мақтанба. Жұрт сыртыңнан мақтасын. Олар мақтасын деп тіпті күтпе. Сен және Ұлы Рахманның арасында ғана есеп жүреді.

Пайдалы кітаптар оқу үшін дәл қазір тапсырыс бер: 8-777-572-22-33

KITAPAL

29 Nov, 07:58


АДАМНЫҢ МАХАББАТЫН ТҮНГЕ ҚАРАП БІЛУГЕ БОЛАДЫ

Адамның махаббатын түнге қарап білуге болады. Адам түнде немен айналысса, соны жақсы көреді.

Кім түнде не істейді? Біреу түнімен қуады, клубқа барады, қыдырады. Біреу түннің бір уағына дейін кино-видео көреді.

Кім түнде ақыреттің ісімен айналысса, демек оның махаббаты - Алламен жолығу, пайғамбарымызбен қауышу.

Ақыреттің ісімен айналысу – тым болмаса таң намаздан 10 минут бұрын тұрып, екі рәкат намаз оқу.

Бүгін жұманың берекесіне бөлене беріңіз. Құран кітаптарға дәл бүгін 15 пайыз жеңілдік боп жатыр. Дәлірек айтқанда 500 кітапқа 50 пайызға дейін жеңілдік боп жатыр. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

27 Nov, 16:45


КІТАП ОҚУҒА ОСЫДАН АРТЫҚ СЕБЕП КЕРЕК ЕМЕС!

Адам досына ұқсай бастайды. Себебі сонымен уақыт өткізеді. Сөйлеседі, талқылайды, құпияларын айтады, сенеді. Бірақ досың өзің сияқты жасы 20-дағы «өмірлік тәжірибесі» жоқ адам емес пе? Саған не үйрете алады?

Сол үшін кітап оқуың керек. Себебі кітапта осы уақытқа дейінгі данышпандар, тұлғалардың өмірлік кеңестері, тағдырдан түйген қағидалары жазылған. Жақсы кітап – жақсы дос секілді. Үнсіз тыңдайды. Тек жақсы ақпарат береді.

Кітап оқудан ешқашан ұтылмайсың. Басқа тірліктен ұтылуың мүмкін, бірақ тек кітап емес.

KITAPAL

25 Nov, 16:01


Бабур Әділхан: адамды бай қылатын бес зат, ең қымбат қызметкер | Kitapal podcast #34
https://youtu.be/-a6oivgqUFA


Сұхбат барысында мамандықтың аты мен заты, ең қымбат қызметкер, өзіңді танудың жолдары, мамандық пен ажырасудың байланысы деген тақырыпқа әңгіме өрбітеді.

Бүгін 21:00, дүйсенбі

KITAPAL

25 Nov, 10:23


🔥 Бір оффлайн әңгіме тыңдау 10 подкасттан да артық!

🆘 Kitapal TALKS-қа 2 күн қалды

Күнді қоя берші, орын аз қалды.

Билет құны: 3000 тг
Төлемді мына жерге аударып:
https://pay.kaspi.kz/pay/ot9obkdy

Чекті менеджерге жіберіп, орын алып үлгеріңіз:
wa.me/7775722233

KITAPAL

25 Nov, 08:17


БІРЕУГЕ АШУЛАНСАҢ, АЙТЫП ТАСТАУ КЕРЕК ПЕ?

Жалпы психологтар солай айтады ғой. «Ішіңде сақтама, шығар. Әйтпесе ауру боласың. Тіпті жинала берсе, рак болып кетуі мүмкін. Айтып тастасаң, жеңілдеп қаласың, т.б...» деген сияқты. Батыстың психологтарынан бастау алған бұл әдіс дұрыс па?

Бірақ сонда пайғамбарымыздың мына жауһар сөздерін қайда қоямыз?

- «Сабыр алғашқы соққы тигенде білінеді»;
- «Көпті жығып, жеңген мықты емес, нағыз мықты – ашуланғанда өзін ұстай білген кісі»;
- «Егер сендердің бірің ашуланса, үндемесін»;
- «Кімде-кім Алланың ризалығы үшін ашуын тыятын болса, оның ішін иманмен толтырады».


Демек, бір жақты қарауға болмайды.

Мен енді психолог емеспін. Бірақ қара жаяумын демеспін. Бала кезден өте ашуланшақ адам ретінде және қазір ашуымды біршама тізгіндей алған адам ретінде өз тәжірибемді айтайын.

Ашуланғанда үлкен энергия ішіңде тұратыны рас. Жүрегіңді бір толқын билеп (шайтанның үрлеуі шығар, шоққа үрлегендей), қаның басыңа шауып, жүрегің қатты соғып, айтып тастағың келетіні де рас. Сол сәтте айтып тастасаң, жерігің басылғандай, шөлің қанғандай, қышуың қасылғандай, қанағаттанған сезім туатыны рас.

Мысалы, көлік жүргізіп келе жатасың. Біреу келіп дөрекі түрде алдыңды қиып, тұмсығын тығып тұра қалды. Шытынап ашуланасың ба? Ашуланасың! Айқайлап, боқтағың, ұрғың келе ме? Иә! Ал сонда ашуды қалай жұтамыз? Былай: ашуыңды ақылға жеңдіріп, өзіңе сұрақ қоясың; өзіңді сол адамның орнына қойып көресің.

- «Асығып келе жатқан шығар, асыққанына бір себеп бар шығар»;
- «Көлікте екіқабат әйелін перзентханаға апара жатқан шығар»;
- «Көлікте баласы ауырып, соны үйіне тез апара жатқан шығар»;
- «Дәрет қысып, асығып бара жатқан шығар»;
- «Басында проблемасы көп шығар, соған басы қатып келе жатқан шығар»;
- «Өзің де кейде асығасың ғой бір шаруа туғанда. Бүгін осының басына туып тұрған шығар»;
- «Ит тістеді екен деп, мен де тістейін бе?»
- «Кім үшін ашуланып жатырмын: нәпсім үшін бе, құдай үшін бе?»


Осылай ойлағанда ашуың жоқ боп кетеді. Ішіңде қалмайды да. Ішіңде қалмаған соң, сыртқа не шығарасың? Не айтып тастайсың???

«Терең ой» кітабынан.
Кітапқа тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңыз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

23 Nov, 09:57


Кітапты қай жерде оқыған ұнайды?

(соңына дейін оқы. соңында сыйлық бар)

Кафеде терезе жанында отырып, орман жаңғағы қосылған капучино кофеден бір ұрттап қойып, әдеби кітап оқыған қандай!

Үйде терезе жанында сырттан жауған жаңбырдың сырғанап аққан тамшыларын тамашалап, кітабыңа үңіліп, ыстық шай ішіп оқыған қандай!

Жапалақтап жауған қардың ұлпаларын қызықтап отырып, столда кітабыңнан блокнотқа жазбалар жазып, маркермен бояп, шоколадты какао ішкен қандай!

Әр адам әртүрлі ғой. Мысалы, мен сияқтыларға абсолютті тыныштық немесе тынымсыз шу қажет. Оқта-текте бір дауыс шығып тұратын болса, ойыңды бұзады. Ал шу болса, фокусың бұзылмай, кітапты жақсы оқисың.

Әр адам әртүрлі ғой. Біреу жатып оқиды, біреу жүріп оқиды, біреу ережесін сақтап, орындыққа отырып оқиды.

Бір жігіт жарысқа қатысам деп, бір аптада үш кітап оқып бітіруім керек деп, түнде көрпе астында сотканың фонарының жарығымен оқыған ғой. Сөйтіп бір демде көзі -1,5-ға нашарлаған. Сен олай жасама.

Ата-аналарымыздың кейбірі дәл солай жасаған. Бұрынғы кезде жарық ұдайы жанып тұрмаған ғой. Түнде сөніп қалатын. Сондай кезде фонарьмен оқып, көзін құртқан. Қазір көзілдірік киеді.

Өз пікіріңді жазып жібер. Ең үздік пікірге KITAPAL приложениесіндегі 500 кітапқа 3 ай тегін доступ береміз.

KITAPAL

22 Nov, 08:09


ЖӘННАТ САРАЙЫ КІМДЕР ҮШІН?

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
Жәннат бақшаларына қарап тұрған сарайлар көрдім және Жәбірейілден:
«Бұлар кімдер үшін?» деп сұрадым. Ол:
«Әртүрлі кек, жақтырмау және өкпесін басып ішіне көмгендерге және адамдардың кемшіліктеріне шыдап кешіргендер үшін» деді (Әли әл-Мүттәқи, №7016; Ауариф, 253б)

Қазіргі психологтар не дейді? «Біреуге ренішің бар ма, айтып таста! Жақтырмай тұрсың ба, жақтырмайтыныңды айт. Кекті сақтама, шығар. Сені ұрса, сен де ұр. Адамның кемшілігіне шыдап жүре берме, бетіне айт. Сені кешірмегенді кешірме».

Психологтардың айтқанын істеп, жағдайы жақсарған ешкімді көрмедік. Дамып кеткен Қазақстанды байқамадық. Керісінше ажырасқан, ренжіскен, ұрысқан, араздасқан жақын адамдарды көреміз.

Одан да асылымызға, түп негізімізге қайтайық. Жамандыққа жақсылықпен жауап қайтарайық. Бұл – жеке басыңа жасалғандар үшін. Ал қоғамда басқа біреуге жамандық, әділетсіздік жасалса, қасқайып қарсы тұру керек. Құтқару керек. Ақысын әперу керек.

Жұма мүбәрак болсын!

Бүгін Құран кітаптарға жеңілдік бар. 8-777-572-22-33

KITAPAL

21 Nov, 17:47


ЖАМАН ӘДЕТТІ ЖАҚСЫ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРУ ЖОЛЫ

Жатарда бәріміз телефон қараймыз, қазір онсыз ұйқыны елестету мүмкін емес. Дұрыс емес екенін білсек те, солай істейміз. Әдет боп миымызға сіңіп кетті. Бірақ бәрі солай жасайды екен деп, бұлай жүре беру дұрыс емес. Кейде зиянды әдетті пайдалы әдетке айналдыруға болады. Біздің жағдайда жатарда ақыры телефон қарамай тұра алмайды екенсің, онда телефоннан кітап оқы. Жақсы электронды кітаптар бар. Соларды жүктеп алып, шетінен оқып баста.

Жатарда мотивациялық кітап оқыма. Әдеби кітап оқы.

Егер ұйқы шақырғың келсе, орыс не ағылшын тілінде оқы. Ол қазақ тіліндей емес қой, миың сәл аударып, шаршайды. Сөйтіп тез ұйықтап кетесің.

Жұрттың бәрі істеп жүрген нәрсені істеу оны адал етпейді. Жұрттың бәрі адасып, отқа түсіп жатса, сен де түсесің бе? Ойлан. Он минут үзбей ойлансаң, бүкіл сұраққа жауап табасың.

Әдет туралы толығырақ білгің келсе, жақсы кітаптар бар.
«Әдет күші» Мирас Кесебаев
«Атом әдеттер» Жеймс Клиир
«Сен» Азамат Скаков

Тапсырыс беру үшін:

@kitapal_bot арқылы кітапқа тапсырыс беріңіз. Әр тапсырыс үшін сізге беріледі:
1) тегін кітап (6 кітаптың ішінен таңдап аласыз)
2) кешбек

Менеджер: 8-777-572-22-33

KITAPAL

21 Nov, 15:33


ЖАУАП БАР МА???

Жауап таба алмай жүрген, ойландырып жүрген, мазалап жүрген сұрақтарың бар ма? Комментке жазыңдар. Тұшымды жауап жазамыз. Ақты ақ деп, қараны қара деп айтамыз. Қуып кетпей, шынайы толғандырған сұрақтар қажет.

Егер анонимді сұрақтарың болса, онда t.me/questianonbot?start=302881320h сілтемесін басып, жаза бер. Кім жазғанын білмейміз, бірақ сауатты сұрақ болса, жауап береміз.

KITAPAL

21 Nov, 04:35


3 күн қатарынан кітаптарға 15% жеңілдік боп жатыр. Алматылықтар үшін!

KITAPAL

19 Nov, 11:58


РЕНЖІТПЕУ МЕН РЕНЖІМЕУГЕ ШАМАҢ ЖЕТЕ МЕ?

Өзіңді ренжіткен адам туралы ойлаған әрбір минутың – пайдалы мақсатыңа, өміріңе қажетті адамдарды тартуға жұмсайтын уақытыңды ұрлау.

Біреуге кек сақтау, ренжу сол адамды өмір бойы жүк қылып арқалап жүрумен тең. Бұл сезім бойыңдағы қуатыңды, күш-жігеріңді сарқиды, жан тыныштығын бұзады.

Данияр ақын Жігітбек сопылық ілімнің қағидатын былайша өрбіткен:

Шын бақытқа жеткізетін жол біреу,
Адамдардың бәрін сүйіп елжіреу.
Дәрістер бар үйренбеген біз әлі:
Алғашқысы - ренжітпеу,
Ең соңғысы - ренжімеу...


Ренжітпеу түсінікті. Ол қолдан келеді. Былайша да ешкімге қақ-соғы жоқ адамбыз ғой. Ал ренжімеу, міне, сол қиын. Біз ылғи біреуден бірдеңе күтеміз, күткеніміз болмай шықса, ренжиміз. Ол адам тіпті біздің ренжіп жүргенімізді білмеуі де мүмкін. Ренжімеуді үйренейік. Ешкімнен ештеңе күтпейік. «Ол маған бүйтуге тиісті, сөйтуге тиісті емес» деп шарт қоймайық.

Көркем мінез туралы кітаптарға тапсырыс беру үшін:

@kitapal_bot арқылы кітапқа тапсырыс беріңіз. Әр тапсырыс үшін сізге беріледі:
1) тегін кітап (6 кітаптың ішінен таңдап аласыз)
2) кешбек

Менеджер: 8-777-572-22-33

KITAPAL

18 Nov, 10:53


Адам - ең күрделі кітап, көздің кереметі, жүрек сырлары, әлемнің көлемі қанша? | Kitapal Talks #1

Уақыты: 18:00, 18-қараша, дүйсенбі, бүгін.
Орны: Kitapal Talks youtube

Kitapal Talks - Ted Talks-тың қазақша нұсқасы десек қателеспейміз. Алғашқы шығарылымда кітап авторы, маркетолог Мирас Кесебаев "ТЕРЕҢ ОЙ" туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ. Мұнда айтылған ойлар жақында шығатын "Терең ой" кітабынан үзінділер.

ЕСКЕРТУ!!! Бұл видеоны көрген соң өзіңізге деген құрмет артады, депрессия жоқ боп кетеді, өмірге құлшыныс көбейеді.

https://youtu.be/vXg53sWNNJk

KITAPAL

15 Nov, 05:08


Өткенде орын толып қалғаны есіңде ме?

Бұл жолы да солай басталып жатыр. Осы бастан билет алып қой. Қоғамда беделін қасықтап жинап, ерекше ой айтып жүрген спикерлер келеді. Азаматтың өзі не тұрады?

МАҢЫЗДЫ!!!
Келерде блокнот, қалам алып кел. Себебі жазатын, түйетін ойлар көп болады. Үш мың беріп, үш жүз мыңның сабағын алып кетесің.

Билет құны 3000 тг

Төмендегі сілтеме арқылы қажетті сумманы енгізіп, төлем жасаңыз:
👇
https://pay.kaspi.kz/pay/ot9obkdy
Төлем жасалған соң уатсапқа чек жіберуді ұмытпаңыз. 8-777-572-22-33

KITAPAL

14 Nov, 10:14


СОҢЫҢ НЕ БОЛАДЫ?...

Шәйх Ахмед Харбтің Бәһрам есімді кәрі көршісі мәжуси, яғни отқа табынушы болатын. Ахмед Харб Хазірет бір күні Бәһрамды иманға шақырады.Кәрі мәжуси:
- «Ей, мұсылмандардың ұлысы! Сенен үш нәрсе сұрайын. Жауап бере алсаң, сенің дініңе кірейін» — дейді. Шәйх Ахмед «Сұра» дегенде, Бәһрам:

- «Аллаһ бұл халықты не үшін жаратты? Бұған қоса рызығын да берді, бірақ неліктен оларды өлтіреді? Жарайды, өлтірді делік, ал неліктен тірілтеді?» деп сұрайды.

Шәйх Ахмед бұл сұрақтарға былай жауап береді:
- «Халықты жаратты да, Өзінің бар және жалғыз екенін білсін деді. Иләһи құдірет пен ұлылық көріністерін сезінсін деді. Рызықты берді де, Өзінің азықтандырушы және мейірімді екенін білсін деді. Өлтірді де, Өзінің ашуын білсін деді. Қайта тірілтті де, Өзінің ғана мәңгі екенін білсін деді. Қысқасы, өмірдің әр кезеңіндегі оқиғалар мен жайттар Оның жалғыз құдірет иесі екенін білдіреді».

Бәһрам бұл сөздерді естіп иман етеді. Бірақ Шәйх Ахмед Харб сол сәтте үрейден талып қалады. Есін жиғанда:
- «Ей, шәйх не болды?» деп сұрағандарға:

- «Сол сәтте маған бір үн келді. Бәһрам жетпіс жыл отқа табынған кәпір еді, енді мұсылман болды. Сен жетпіс жылдан бері мұсылмансың, бірақ соңғы деміңде не боларыңды білесің бе?!...» деді (Тәзкиратүл-Әулия, 97).

Ертең жұма. Қазақша Құран оқып, екі дүниеде де бай, көркем мінезді, жомарт, интеллигент болайық. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

13 Nov, 05:52


Дүние өзіңде бар болғанда бере біл! Өйткені берумен ол бітпейді. Дүние сенен бет бұрса да бер! Өйткені ол үнемі тұрмайды.

(с) Хазіреті Әли

KITAPAL

12 Nov, 13:01


Еркебұлан Әріпбай, қаржы маманы, инвестор: ақшасы көп инвестиция, букмекерден шығу, бай адамның әдеттері | Kitapal podcast #33

Айтылған тақырыптар:
Байлыққа жеткізетін ұстанымдар тізімі
100 дос жақсы ма, 100 млн ба?
Букмекерге ақша тігіп, қарызға баттым
Букмекерден не тоқтатты?
Ортаның әсері
Үйленсең, ақшаң көбейе ме?
Қыз баланың ризығы қайдан келді?
Ең алғашқы сатып алған акциям
Не верьте цифрам!
Адамдар неге пайдалы кеңесті қолданбайды?
Өзін мойындаған адам өседі
Сурет зерттеуі: қатемен жұмыс істеу
Байлар жұмыс істегенді жақсы көреді
Күн сайын пост салудың себебі.

https://youtu.be/Q_NRJA_14NM

KITAPAL

12 Nov, 11:50


Адамның бүкіл қасіреті – бір орында тыныш отыра алмағанының салдары.
(с) Блез Паскаль, математик


Бір орында отыра алмайтын адамдарға қазақ атам «оның құйрығында құрт бар» деген. Дамылсыз адамға уақыт та тез өтеді. Кадрлардың тез ауысқанындай. Бәрімізде бойымызда жасырын таланттар, алапат күш бар. Сол бізді отырғызбайды. Өзімізді танытқымыз келеді, әлемді мойындатқымыз келеді. Бірақ дұрыс бағытын, миссиясын таппасақ, оны кесір жолға салып жіберетініміз бар.

Мысалы, адамнан басқа ешқандай жаратылыс басқа жаратылысты өлтіретін құрал жасамаған. Бөрі екеш бөрінің өзі тек ашыққанда ғана жейді. Беталды өлтіріп, жей бермейді. Тек адам ғана әлемді жоя алатын атом бомбасына дейінгі қару жасаған. Бүкіл ұлтты жоятын геноцид те адамның қолымен істелді.

Бойдағы энергияны жақсылыққа жұмсау керек. Жақсылық жасаудан туатын қуаныш энергиясы адамды жасартып жібереді.

Толығырақ «Жақсылыққа шақыру, жамандықтан тыю» кітабынан оқи аласыз. 8-777-572-22-33

KITAPAL

12 Nov, 03:02


Кішіпейілдік - наданнан болсын, баладан болсын тура және ақиқатты естігенде оған мойын иіп, оны қабыл алуың.

(с) Фудайл ибн Ияз

KITAPAL

11 Nov, 18:35


Адамдарға өзін көп жамандайтын адам негізінде өзін көп мақтағаны. Ал бұл көзбояушылық белгісі.

(с) Хасан Басри

KITAPAL

11 Nov, 16:18


Білім – надандықтан арылу үшін. Білім – біреуден артық болу үшін емес.

Пайдасыз білімнен сақта деген дұға бар. Пайдасыз білім адамды тәкаппар қылады. Ондай пенде бәрін білем дейді, бірақ білгенімен амал етпейді. Кітап арқалап алған есек сияқты.

Білім адамның мінезін көркемдесе, өмірін жеңілдетсе, қараңғыда жанған шамдай жол көрсетсе, сонда ғана пайдалы.

Пайдалы кітаптар оқу үшін кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

07 Nov, 11:35


МЫҚТЫ ЖАЗУШЫ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Бізге қазақ тілінде кітаптар өте көп керек. Қашанғы классиканы оқи береміз? Жаңа заман жазушыларын қалыптастыру керек.

«Ойыңа ештеңе келмесе, кітап оқы. Жақсы ойлар келе берсе, кітап жаз» дейді ғой қазірде ұстаздар. Ақыры жазған соң, алдыңа «Мұхтардай жазушы болам» деп асқақ арман қою керек. Мықты жазушы болу оңай емес. Ол шыңға миллионның бірі шығады. Мықты жазушы болу үшін келесі маңызды қадамдарды орындау қажет деп ойлаймыз.

1) Әртүрлі жанрларды оқып көру керек. Әсіресе, Нобель сыйлығын алғандардың еңбектерін. Әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, жазу стилін, баяндау тәсілдерін және тілдік ерекшеліктерді зерттеу керек.
2) Үлгі тұтатын жазушыларды әбден зерттеп тастау керек. Сөйлем құрылымдары, сюжеті, кейіпкерлері мен диалогтары.
3) Бір сөйлем болса да, күн сайын бірдеңе жазу керек. Онсыз жазу өнерін үйрену мүмкін емес. Әр түрлі тақырыптарда жазып көріңіз. Түрлі стильдерде сынап көру керек.
4) Әр түрлі жазу тәсілдерін қолданып көріңіз. Бірнеше жанрда жазып, қайсысы өзіңізге жақын екенін анықтаңыз.
5) Өзіңізге тән жазу дауысын дамытуға тырысыңыз. Оқырман сіздің жазуыңызды басқа авторлардан ажырата білуі керек.
6) Жазғанды қайта қарап шығыңыз: Алғашқы нұсқасын жазғаннан кейін, міндетті түрде түзетіп, мәтінді жақсартыңыз.
7) Шығармаңызды басқа адамдарға оқытып, пікірін тыңдаңыз. Дұрыс сын жазу шеберлігіңізді жетілдіруге көмектеседі.
8) Жаңа сөздер үйрену керек. Қойын дәптерге түртіп алсаңыз, ары қарай оларды мәтінде қолдану керек.
9) Сөздер мен сөйлемдерді дұрыс қолдану үшін грамматиканы, пунктуацияны және стилистиканы терең үйреніңіз.
10) Алғашқы еңбегіңді ешкім мақтай бермейді. Мойымаңыз. Табандылық танытып, еңбектене беру керек.
11) Әр жазған шығармаңыз алдыңғысынан жақсы болу үшін үнемі даму керек.
12) Өзіңіздің блогыңызда, әлеуметтік желілерде немесе әдеби журналдарда шығармаларыңызды жариялаңыз. Бұл сіздің шығармашылығыңызды кең аудиторияға танытады.
13) Әдеби клубтарға қатысып, басқа жазушылармен тәжірибе алмасып, өзіңізді дамытуға мүмкіндік жасаңыз.
14) Сюжеттің шынайы әрі сенімді шығуы үшін жазатын тақырыпты терең зерттеу керек. Өтіріп боп шықпау керек қой, қысқасы. Әңгімеде немесе романда кішкентай детальдар сюжетті жандандырып, оқырманды баурап алады.

Тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы кітапқа тапсырыс беріңіз. Әр тапсырыс үшін сізге беріледі:
1) тегін кітап (6 кітаптың ішінен таңдап аласыз)
2) кешбек

Менеджер: 8-777-572-22-33

KITAPAL

05 Nov, 13:00


Мади Фазл: Сенген нәрсе орындалады, 10 мың қадам жүріп баю, 100 адаммен танысу | Kitapal podcast #32

Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов көпке танымал полиглот, кәсіпкер Мади Фазлмен сұхбаттасады. Сұхбат барысында бір жылды өзгерткен әдет, мейірімді болудың оқиғасы, тектілік, қылмыстың алдын алу, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.

https://youtu.be/5eIv_qsJ5Fw

Таратып, бөлісіп жіберіңіз. Ең күшті подкаст шығарылымы боп тұр әзірге.

KITAPAL

05 Nov, 10:35


АНАСЫ ӨБЕКТЕГЕН САЙЫН, БАЛА ӘЛСІЗ БОП ӨСЕДІ

Кесірі тиетін махаббат туралы білесіз бе? Анасы баласының асты-үстіне түскен сайын оның дамуын тежейді.

Мысалы:
1) Горшокқа отырғызудың орнына памперске үйретіп тастау;

2) Баланы өз қолымен, қасықпен жегізуді үйретпей, аузына тықпалау;

3) Ойыншығын жинатпай, өзі жинау;

4) Жүретін жасқа жеткен баланы әлі көтеріп жүру, қолға үйретіп тастау;

5) Баланың қалауын сұраудың, айтқызудың орнына: «қайсысы? Мынау ма, анау ма?» деп, дөп түсуге тырысу.

Жалпы мұндай мысалдар көп. Соның кесірінен бала өзі әрекет ететін тұлға боп өспейді. Ылғи ата-анасына тәуелді, бір ынжық боп өседі.

Бұл туралы жақсы кітаптар да бар. «Өз бетімен әрекет ететін бала немесе "еріншек ана" болудың жолдары». Бала тәрбиесі жайлы жаңа кітаптар жарық көрді. «Тәрбие баспалдақтары», «Ата-ана білмейтін қателіктер», т.б.

Тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы кітапқа тапсырыс беріңіз. Әр тапсырыс үшін сізге беріледі:
1) тегін кітап (6 кітаптың ішінен таңдап аласыз)
2) кешбек

Менеджер: 8-777-572-22-33

KITAPAL

04 Nov, 11:39


ЖАНЫҢДА ЫЛҒИ КІТАП БОЛСЫН

Бүгін жеген асың тәніңе азық боп, 3-4 сағат жүреді. Ал кітап рухыңа азық боп, мәңгілік қалады. Қарның ашқанда шыдамай, сабырсызданып, ашуланып, тамақ ішкенше шыдамай кетесің. Ойлашы, рухың ашыққанда да сондай күй кешеді, көрінбейтін болғасын сезбейсің. Рухы аш адам шөлдеген сиырдың сасық суды да сіміре салғанындай, жалған сенімдерден құралған азықты ойланбастан қабылдай салады. Сол үшін түрлі сектаға кіріп, адасқан ағымдардың жетегіне еріп кетеді.

Халықтың қазынасы – әдеби кітаптарды оқып, ішкі дүниеңнің іргетасы қаланып, сүзгі пайда болады. Сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін айыратын боласың. Сол үшін жаныңда ылғи кітаптар болсын. Тұрақты оқып жүр. Кітап оқитындардың бәрі байып кетпеуі мүмкін, бірақ жетістікке жеткендердің бәрі – кітап оқитындар.

🟢 @kitapal_bot арқылы кітапқа тапсырыс беріңіз. Әр тапсырыс үшін сізге беріледі:
1) тегін кітап (6 кітаптың ішінен таңдап аласыз)
2) кешбек

KITAPAL

01 Nov, 08:10


ЖИІ КӨРІСІП ТҰРАЙЫҚ

Қазір байқайсыз ба, адамдар бетпе-бет сөйлесуден, кездесуден қашады, тіпті қорқады да. Сондай социофоб боп бара жатырмыз, өкінішке қарай. Көбіне смс жазумен шектеледі. Міне, осыдан адамдарда депрессия деген ауру пайда болады. Адамның күні адаммен. Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше. Біреудің проблемасын шешіп, өзіңді де қуантып жүру тек адамға тән. Ал үйден шықпай, телефонның артында тығылып жата берсең, бұлардың ешбірін жасай алмайсың.

Бізге жиі көрісіп тұру керек. Ал біз, мұсылмандар аптасына бір рет жұма намазға жиналамыз. Сол жерде таныстарымызды, бауырларымызды көріп, арқа-жарқа, мәре-сәре боп, артынан түскі ас ішіп, хал-жағдай сұрасамыз. Бұл өте маңызды нәрсе. Кімде не боп жатқанын, қиналып жүр ме әлде қуанышты жаңалықтар бар ма, бәрін біліп аласың.

Депрессияға жеткізбей тұрған бір дәрі осы жұмаға жиналу шығар.

Жалпы ғалымдар айтады: Қияметте, есеп сұрайтын күнде бүкіл адамды еріксіз түрде алаңға жинап, сұрау алады. Бұны қазақ Күндердің күні деп те атаған және ол жұма күні орын алады. Қарап отырсаңыз, ақыретте жиналуға мұсылмандар осы кезден-ақ дайындалып жүр. Ол – жұмаға жиналу. Қазір өз еркімізбен мешітке барсақ, жиналсақ, қиямет күнінде мұсылман үшін қуаныш болмақ.

Жұманың берекесі бәрімізге тие берсін! Бүгін Құран Кәрімдерге жеңілдік бар. тапсырыс беріп, үйде Құран оқыңыз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

31 Oct, 16:17


КІТАП ОҚУДАН БЕТІ ҚАЙТЫП ҚАЛҒАН АДАМҒА АРНАЛҒАН ДӘРІ

Кітап оқуға қызыққан адамға көбі «Абай жолын» береді немесе содан баста дейді. Ниеті дұрыс шығар, «Абай жолы» - қазақтың нөмірі бірінші романы, қазақ дәстүрінің энциклопедиясы. Бірақ ол, мойындау керек, ауыр кітап. Кейбір сөздері біз үшін таңсық боп кеткен. Көлемі де аз емес, бақандай төрт том. Осы кітапты оқып бастаған адам орта жолдан тастап кетеді. Содан бастап кітап десе, беті тыржиып, «айтпаш сол кітап дегенді» дегендей, жақтырмай тұрады. Мұндайлар арамызда көп.

Соларға шипа: тілі жеңіл, қызықты сюжеті бар, диалогы көп, түсінікті жазылған, оңай оқылатын кітап алып оқыңыз немесе бастаңыз. Көп қой:

1) Менің атым Қожа
2) Өлгендер қайтып келмейді
3) Балалық шаққа саяхат
4) Гауһар тас
5) Ұлпан
6) Махаббат қызық мол жылдар
7) Бонапарттың үйленуі
8) Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс
9) Граф Монте Кристо
10) Хәрри Поттер
11) Жусан иісі
12) Ұшқан ұя
13) Ақиқат пен аңыз
14) Кішкентай ханзада
15) Жабайы алма
16) Бір атаның балалары

Тізім кете береді. Таңдаймын дегенге, Аллаға шүкір, қазақ әдебиетінде кітап көп. Оқу үшін Kitapal дүкеніне тапсырыс берсең болғаны: 8-777-572-22-33

Ары қарай кітапқа деген махаббатың ашылып, тоқтай алмайтын боласың. Кейін бірте-бірте күрделі еңбектерге көше бастайсың. Бастысы кітап оқу деген әдет қалыптастырып, әдебиеттің ләззатына бір батып шықсаң болды.

KITAPAL

31 Oct, 16:05


АЗ АМАЛДЫ НИЕТ КӨБЕЙТЕДІ, КӨП АМАЛДЫ НИЕТ АЗАЙТАДЫ

Есте жоқ ескі заманда ашаршылық жайлаған бір ел болыпты. Ішерге тамақ таппай, халық қатты күйзелген екен. Сол елдің бір адамы қаланың сыртында үлкен құм төбелердің қасынан өтіп бара жатып: «Шіркін-ай, мына құм белдер бидайға айналса ғой, бәрін мына аштықтан бұратылған елге таратып берер едім» деп армандапты. Сол өңірдің пайғамбарына аян түсіп, Алла Тағала: «Әлгі пендемнің ниетін қабыл алдым. Сол құм төбелер бидай боп, соны түгел таратып бергендей сауап жаздым» деген екен.

Ниеттің күші орасан. Әр адамға ниет етілгені берілді. Ол тура пышақ секілді: ізгі іске салсаң, сауабын аласың; жаман іске бағыттасаң, зиянын шегесің. Дұрыс ниет, жақсы ниет адамға күш сыйлайды. Адам ниет еткенде бүкіл ғалам, көзге көрінбейтін әлемнің заңдарын қадағалап тұрған періштелер күллі энергияны сол ниетті орындауға жұмсайтындай.

Ибраһимге жағылған өртті сөндіру үшін қанатымен су тасыған қарлығаштай, қажылыққа шыққан құмырсқадай, әркімнің ниеті аз амалын көбейтеді. Дәл сол секілді атамның атын шығарайын деп, мектеп салсаң, құдай үшін титтей де бір ықылас болмаса, онда одан тұтам да сауап алмайсың.

Бұрынғының ізгілері күн сайын ниетін жаңартудан шаршаған екен. Демек, онда үлкен мән бар. Біз де әр ісімізді жасарда ниетімізді тазалап, туралап отырайық.

Ниет, ықылас туралы терең әрі толық білгіңіз келсе, Имам Ғазалидің «Ихия-улумиддин» кітабын оқыңыз. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

31 Oct, 10:13


ЖАСТАРҒА ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАТЫН КЕРЕМЕТ 10 КІТАП

1. Габриэль Гарсиа Маркес – Жүз жылдық жалғыздық
: Макондо деген қиял-ғажайып ауылда өмір сүретін Буэндиа отбасы туралы. Бұл кітап махаббат, тағдыр және шытырман оқиғаларға толы! Жазушының әңгімелеуі ерекше, кітапқа кіріп кеткендей боласың.

2. Джордж Оруэлл – 1984: "Үлкен ағай" бәрін бақылап тұрған әлем туралы дистопиялық роман. Еркіндік, әділдік және қоғам туралы терең ойландырады. Классикаға айналған кітап, саяси әлемді басқа қырынан көрсетеді.

3. Харпер Ли – бейкүнә торғайды өлтіру: Американың оңтүстігінде өсіп келе жатқан жас қыздың көзімен әділеттілік пен теңсіздік туралы айтылған. Оқыған соң, адамға деген түсіністік пен мейірімділік сезімің артады.

4. Дж.Р.Р. Толкин – Сақиналар әміршісі: Орта Жерге саяхат жасап, эльфтер, сиқыршылар және ержүрек достармен бірге ұлы шытырманға аттануға дайынсың ба? Фэнтези әлемінің шыңы деуге болады!

5. Джейн Остин – Тәкаппар ғашықтар: Махаббат пен әдемі диалогқа толы бұл кітапта бәрі "сәтсіздіктерден" басталып, соңы "тамаша" аяқталады. Қазіргі романтикаға мүлдем ұқсамайды!

6. Герман Гессе – Сиддхарта: Өзін-өзі іздеген жігіт туралы оқиға. Өмірдің мәнін, өзінің ішкі әлемін түсінгісі келген адамдарға арналған терең ойлы роман.

7. Фрэнсис Скотт Фицджеральд – Ұлы Гэтсби: 1920 жылдардағы америкалықтың шулы өмірі мен байлық туралы. Махаббат пен драмаға толы оқиға, бірақ соңында түсінетінің бір-ақ нәрсе: ақша да, сұлулық та мәңгі емес.

8. Чинуа Ачебе – Бәрі бытырайды: Африкадағы ауыл өмірі мен отаршылдықтың қиындықтарын шынайы көрсетеді. Жан-дүниені толқытып, терең ойларға жетелейтін шығарма.

9. Халед Хоссейни – Батпырауық қуушы: Достық пен кешірім туралы керемет оқиға. Ауғанстанның тарихи кезеңдеріндегі қиын тағдырлар, оқысаң, жүрекке қатты әсер етеді.

10. Маркус Зусак – Кітап ұрлаушы: Германияда соғыс кезіндегі кішкентай қыздың кітап ұрлап, оларды басқалармен бөлісу арқылы өмірге құлшынысы арта түседі. Шынайы, қатты әсер ететін оқиға.
Бұл кітаптар – сенің ойыңды кеңейтіп, ерекше эмоциялар сыйлайтын нағыз «must-read»!

Тапсырыс беру үшін менеджерге жаз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

29 Oct, 18:02


ТІРІЛЕР ТІРІ КЕЗІНДЕ БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЖӘНЕ ӨМІР СҮРУГЕ ТИІС

Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясының төрт томын соңына дейін оқымасаңыз (көбі оқымайды, кейбірі мүлдем бастамаған), ештеңе етпейді. Жалпы қазір қалың кітаптарды оқитын адамдар сирек қой. Оның үстіне көбі мотивация, тұлғалық даму жайлы еңбектер оқиды. Бірақ сонда да ішіңнен «оқу керек еді» деп жүресің. Бұл кітаптан үздік цитаталарды жинадық, мүмкін шығармамен жақынырақ танысуға көмектесіп қалар.

- «Мәңгілік ештеңе болмайды».
- «Соңғы уақытта өмірім қиындап, күрделене бастады. Көп нәрсенің мәнін енді түсіне бастадым».
- «Адал өмір сүру үшін талпынып, адасып, күресіп, қателесіп, басынан бастау керек, қайта тастап, қайта бастау және үнемі күресіп, тапқаныңнан айрылып отыру керек».
- «Сабырмен күте білген адамға бәрі уақытында келеді».
- «Қарапайымдылық, жақсылық пен шындық болмаған жерде ұлылық та жоқ».
- «Өлілерді көму ісін өлілерге қалдырайық, ал тірілер тірі кезінде бақытты болуға және өмір сүруге тиіс».
- «Дөңгелектің жүруі үшін жағармай қалай қажет болса, ең жақсы адаммен араласқанда, адал достықта және қарапайым қарым-қатынастарда да мақтау ауадай қажет».
- «Жылауға тырысыңыз: ештеңе көз жасындай жеңілдетпейді».
- «Сапарға шығарда және өмір өзгергенде, өмірін ой елегінен өткізе алатын адамдар әдетте бір хикмет көреді. Мұндай сәттерде өткен өмірін сараптап, болашаққа ақылдырақ жоспарлар жасалады».

Бұл кітап сатылымда бар: қазақша және орысша. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

29 Oct, 05:23


https://youtu.be/9uuzGfZ7KUA?si=q6l5aY-nAXzdIz_C

Достар, біз Жапонияны мүлде идеал ел деп елестетеміз. Бірақ таяқтың екі ұшы бар демекші, оның да біз жерінетін тұстары бар. Сонымен қатар, біз үйренетін жақтары да шаш-етектен. Оны подкасттан көре аласыздар.

KITAPAL

28 Oct, 17:54


29-қазан, сейсенбі, Kitapal дүкендерінде 1-4 курс студенттеріне бүкіл кітапқа 50% жеңілдік! Ертең қалмай келіңдер бәрің!

Алматыдағы үш дүкен және Атыраудағы дүкен қатысады.

Ескерту:
1) бір студент максимум 10 кітап ала алады
2) бір студент бір кітаптан тек бір ғана дана ала алады. Бір кітаптан 2 штук ала алмайды.
3) бір студент бір рет қана сауда жасайды. Қайта айналып келіп, тағы да кітап сатып ала алмайды.

KITAPAL

28 Oct, 07:47


БАЛАДАН ҮЙРЕНУГЕ БОЛАТЫН 15 САБАҚ

Бала деп менсінбейміз, бірақ та бажайлап қарасаң, олардан үйренеріміз көп екен.

1) Бала ертеңі үшін уайымдамайды. Ол бүгінін максимум қызықты қылып өткізеді. Ұйықтамай күйдіреді сол үшін.
2) Бала ертең не жеймін деп уайымдамайды. Ол ризығының бұйырғанына қарай үйден жейді немесе көрші баламен ойнап жүріп, соның үйінен жейді. Балабақшадан немесе мектептен жейді. Жалпы баланың аш қалғанын көру сирек.
3) Бала бәріне сенеді. Ғажайыпқа, қиял әлеміне, бәрі орындалатынына. Сенгені үшін соған жетуге тырмысады. Ағаштың басында бір түйір алма тұрса, соған қолы жетпесе де, кішігірім орындық әкеледі. Соның үстіне шығып, қолын созып көреді. Ұзын таяқ іздеп, сонымен сілкіп көреді.
4) Бала шектеуді білмейді. Ата-анасының дәулеті қаншалықты екенін бағамдамай, «ананы әпер, мынаны жейік» деп, қалаған нәрсесін сұрайды. Демек, біз, ата-ана немесе үлкендер Әл-Ғани (Шексіз байлық иесі) болған Алла Тағаладан мида шектеусіз сұрай білуіміз керек.
5) Баланың қызығушылығы бітпейді. Білмейтін нәрсесі жайлы сұрайды, үйренеді. Үлкендер осы қабілетті жоғалтып алдық.
6) Баланың бүкіл ойы осы сәтте ғана болады. Ойнаса да, үйренсе де бүкіл жан-тәнімен беріліп жасайды. Өткенді ойлап өкініп, болашақты ойлап қайғырып отырмайды.
7) Бала шығармашылық қабілетін жақсы қолданады. Адам ойына келмейтін шешімдер табады.
8) Бала қателіктен қорықпайды. Сүрінсе қайта тұрады. Қателесе отырып үйренеді.
9) Бала тез кешіреді. Қазір ғана төбелесіп қалған баламен артынша қайта ойнап отыра береді. Кек сақтамайды.
10) Бала ойындағын айтады. Жасанды қылық көрсетпейді, өтірік жағымпазданбайды.
11) Бала ұсақ затқа да қуанады. Ұсақ затпен де ойнай береді. Сапардан тас алып келсең де, соған мәз болады.
12) Бала жаңа ортаға тез бейімделеді. Жаңа достар тауып, жаңа жерді зерттеуге кіріседі.
13) Бала адамның көңіл-күйіне қарайды. Көңілсіз отырған адамнан не болғанын сұрайды.
14) Бала бәрін ойынға айналдырады. Қиын жағдай туса да, шешілмейтін мәселе пайда болса да, ойынға, әзілге айналдырып жібереді. Стресс ойынға айналғанда адам жанын қинамайды.
15) Бала эмоциясын дәл уақытында шығарады. Жылайтын кезде жылайды, күлетін кезде күледі. Ішке сақтап қалу, ішке жинай беру деген жоқ оларда.

Бала болу, балалы болу, бала тәрбиесі жайлы жақсы кітаптар оқу үшін менеджерге жазыңыз: 8-777-572-22-33

ПОСТТЫ БӨЛІСІП ЖІБЕРІҢІЗ

KITAPAL

27 Oct, 17:08


УАҚЫТ НЕГЕ ТЕЗ ӨТЕДІ?

Байқайсыз ба, жасың үлкейген сайын уақыт тез өтіп жатқандай. Уақыт күндеп емес, апталап өтетін сияқты. Кеше ғана дүйсенбі еді, қайтадан дүйсенбі келіп жатыр, арасында күн жоқ секілді. «Ойбай, Жер өз білігінен жылдамырақ айналып жатыр дейді ғой», «Ақырзаман келгенде бір күнің бір сағаттай ғана болады» дейді ғой» деген әңгімелерді қоя тұралық. Бір секундтың өлшемі бар. Бұрынғы адамдарда қанша уақыт болса, қазір де сондай. Бізден кейін де осы өлшем қала бермек.

Байқадыңыз ба, ауылға барсаңыз уақыт өте жай өтеді. Бір күннің шаруасын бітіріп тастағандайсың, ал сағатқа қарасаң әлі 11:00. Саяхатқа шықсаң да солай. Біраз жерді аралап тастайсың, ал уақыт тоқтап қалғандай.

Отқа қолыңды тигізсең, секунд та өтпейді ғой. Ал сүйікті жұмысыңмен айналысқанда сағаттар бір сәтте ұшып кетеді. Бәрі Эйнштейннің салыстырмалылық теориясына байланып тұр ма әлде?

Жауап: бәрі әдетке байланысты. Үлкейген сайын бәрі үйреншікті әрекетке айналады. Күнде жүретін жолыңдағы ағаштарға, гүлдерге, үйлерге мән бермейтін боласың. Өміріңде ерекше орын алатын оқиғалар айында, жылында бір-екі рет қана болады. Телефон шұқылап отырып, таңғы ас ішесің. Жарты сағатың қалай өткенін байқамайсың. Жұмыста, сабақта, оқуда күн сайын көретін адамдарың, офистарың, заттарың. Бәрін автоматты түрде істейсің.

Міне, сол үшін уақыт зырғып өте береді. Ол өз жылдамдығымен өтіп жатыр, жай сен байқамай жатырсың.

Ауылға, басқа өңірге саяхатқа барғанда әдеттегі ырғағыңнан жаңыласың. Бәрі жаңа, бәрі басқаша. Бәрін байқайсың. Сол үшін уақыттың әр кезеңін сезінесің.

Қорытынды: жаңа нәрсе үйрен. Жаңа кітап оқы. Жаңа жерге саяхатта. Жаңа жолмен жүр. Жаңа достармен таныс. Жаңа қабілет меңгер.

Кітапқа тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

KITAPAL

27 Oct, 13:36


ӘДЕТ – ШАЙТАННЫҢ ҚАРУЫ

Адам қарап отырып қарнын ашқыза алмайды. Жай отырып ұйқысын келтіре алмайды. Бұл – түпсанадан келетін қалаулар. Адамның кейбір әдеттері бес жыл, он жыл, жиырма жыл бойы қайталана келе, түпсанаға өтіп кетеді. Бітті, енді оны өзгерту мүмкін еместей. Тым үлкен бір оқиға боп, бәрін астан-кестеңін шығармаса, өзгертуге жол жоқ. Карл Густав Юнг деген психолог айтқан: «Түпсанаңды саналы түрде жақсы әдетке тотырмасаң, жаман әдеттерің бейсаналы түрде өміріңді басқарады, оған көнуден басқа амал жоқ».

Бір адамдарды көрген шығарсыз, арызданудан басқа ісі жоқ. Ең жақсы істің өзінен жаман нәрсе тауып алады. Олар үшін өмірде жақсы нәрсе қалмағандай.

Енді біреу боқтауын, темекісін қоя алмайды. Біреу ұрлығын тастай алмайды. Керек болмаса да ұсақ бір заттарды жымқыра береді. Неге? Өйткені түпсанаға өтіп кеткен.

Жаман әдеттер өміріңді басқарса, біттім дей бер. Өміріміз әдеттерден тұрады. Әдет деген – жиі қайталанған әрекеттер. Тақырыптағы «Әдет – шайтанның қаруы» дегенді Имам Ғазали «Ихия улумиддин» еңбегінде баяндаған.

Әрине, әдеттен арылу мүмкін емес болса да, оны өзгертуге болады. Жасыруға болады. Ұйықтатуға болады. Өміріңді өзгертем десең, әдеттен баста.

Әдет туралы кітаптардан толығырақ мағлұмат алып оқы. «Әдет күш» Мирас Кесебаев, «Атом әдеттер» Джеймс Клир. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

KITAPAL

23 Oct, 09:44


- Ата, апам екеуіңіз қалай таныстыңыздар?
- Ол менің жеңгем еді.

***
Жас ақын анасы жайлы, анаға құрмет жайында жыр жазып жатты.
Сол сәтте анасы шайға шақырды.
- Кедергі жасамашы дедім ғой саған! – деді де өлеңін жалғастырды.

***
Менің ағам әскерде. Отанмен қоса өзін де қорғаса екен.

***
- Балам, ертең Арал теңізіне барамыз.
- Құммен ойнауға ма, ата?
***
«Мен сізді енді жақсы көремін» деді Аяла көзін емдеген дәрігерге қарап.

***
- Баламның туған күні келе жатыр.
- Не пісіресіз?
- Жеті нан.

Бұл қысқа жазбалар жас жазушы Жалғас Қазыбектің «Аққұйын» кітабынан алынған. Жас та болса, өзіндік стилімен оқырман жүрегін жаулап жатыр. Мүйізі қарағайдай алып жазушылар мен тұлғалар да ыстық лебізін білдіруде.

Кітапқа тапсырыс беріп қойсаңыз болады. 8-777-572-22-33

KITAPAL

22 Oct, 05:20


Адам өмірі өзгенікі, ажалы ғана өзінікі

«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың» деген екен Абай хәкім. Түсінікті ғой. Адам өзі үшін емес, қоғамның игілігі үшін қызмет еткенде бақытты да табады, байлықты да алады, оның өмірі халықтың санасында орнығады. Сайып келгенде қоғам үшін жасаған қызметі өзі үшін жасаған қызметіне айналады. Яғни, өзін құтқару, өзінің тұлғасын қалыптастыру.

«Сонда өзін кімнен құтқарады?» деуіңіз мүмкін. Мына дүние еліктіргіш нәрсеге толы. Аяқ басқан сайын қисық жолға түсіп кету ықтималдығы көп. Біз ақыреттің егінін осы дүниеде егеміз, баптаймыз, өсіреміз, халықтың (Әл-Халиқтің) қолына тапсырамыз. Бабаларымыз айтқандай, осы әлемде жолаушымыз. Солай өзімізді құтқарамыз да, мәңгілік мекенге аттанамыз.

Демек біздің өміріміз өзгелер үшін бір өнеге боп қалуы керек. Ажалымыз ғана өзіміздікі. Артымызда сауабы үзілмейтін істер қалғаны қандай жақсы.

Қазір капиталистік сана билеген уақытта ақша мен мал-мүлік қана құндылыққа ие боп көрінуі мүмкін. Бірақ ақиқат өзгермейді. Ақша мен дүние адамның ішкі ар-ожданына жауап бере алмайды, ішкі қуысты толтыра алмайды. Бірақ ақша мен мүлікті жақсылыққа жұмсап, жаңа өнер үйренуге, жастарды жетілдіруге, білім алуына жағдай жасап, азаматтық парызыңды өтеуге болады. Ол қандай жақсы амал!

Ойланайық, пікірлесейік, толғанайық. Өмір зу өтіп өтіп кетіп, өкініп жүрмейік. Ақиқаттың бәрін кітаптан да табасыз. Себебі қаншама данышпандар өлер алдында өмірдің мәні не екенін жазып қалдырған.

Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
Кітаптар:
Өмірден мән іздеген жан
Өмірдің мәні
Бақыт формуласы
Адамзаттың асыл тәжі
Қаныш және ғылыми майдан

KITAPAL

22 Oct, 05:20


Болды, орын қалмады. Айттым кеше ертерек қимылдаңдар деп. Енді қараша айында тағы болады. Соны күтіңдер. Ол кезде да мықты спикерлер білімін бөліседі.

Одан да төмендегі постты оқып, ой қорытып, бөлісіп жібер.

KITAPAL

21 Oct, 15:18


Халқым! Оның ішінде Алматы қаласының бақытты жастары!

TED talks жасайын деп жоба бастадық. Анау сайдың тасындай төрт спикерді, олардың тақырыптарын қарашы. 2 сағат бойы керемет білімін бөліседі.

Бағасы небәрі 2000-ақ тг!

Орын алып қою үшін 2000 тг-ңізді мына жерге аударып:

https://pay.kaspi.kz/pay/ot9obkdy

Чекті мына жіберге жіберіңіз:

wa.me/7755622233

Зал 150 адамға арналған. Аз-ақ орын қалды.

KITAPAL

18 Oct, 07:30


НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ ТУРАЛЫ ҰЛЫЛАРДЫҢ СӨЗДЕРІ

Пенде өмірін қалай өткізгенін, ақырет үшін қандай іс жасағанын ойласа, сол нәрсе оның жүрегінің тазалануына себеп болады. Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі болсын): «Бір сағаттық ой жүгірту – бір жылдық ғибадаттан жақсы», – деген.

Сүлеймен (а.с.) пайғамбар былай деген екен: «Нәпсісін тәрбиелей алған кісі жалғыз өзі жер жүзін бағындырған батырдан да күшті».

Әзірет Али (р.а.) айтады: «Мені мен нәпсім бір қора қой мен қойшыдаймыз. Қойшы қойдың бір жағын қайтарса, екінші жағы жайылып кете береді. Кім нәпсісін жеңіп, оның қалауларын тізгіндей алса, рақымға бөленіп, керемет топырағына көміледі. Кім жүрегіндегі асыл сезімдерді өлтірсе, лағынетке ұшырап, азап топырағына көміледі».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Жүректеріңді аштықпен нұрландырыңдар. Нәпсілеріңмен күресіп, оны тәрбиелеу үшін аз жеу және аз ішу жолын қолданыңдар. Аштықпен пейіш есігін қағуды тоқтатпаңдар. Себебі оның сауабы жиһадтың сауабына тең. Алла үшін аш болудан өткен ғибадат жоқ. Кім қарнын үздіксіз тойдырып жүрсе, рухани әлемге кіре алмайды, рухани ләззат ала алмайды және ғибадаттың дәмін сезбейді».

Лұқпан данышпан айтады: «Ұлым! Ұйқыда және тамақта шектен аспа. Себебі көп жеп, көп ұйықтағандар қиямет күні есеп беруге жаман жағдайда келеді, олардың ешқандай жақсы істері болмайды».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Көп жеп, көп ішумен жүректеріңді өлтірмеңдер. Өйткені көп суғарылған өсімдік тамыры шіріп қурап қалғандай, жүрек те (көп жеп-ішуіменен) өледі».

Ғалымдардың кейбіреулері асқазанды жүректің астында қайнаған және оның буы жүректі үрлеп тұрған қазанға ұқсатады. Бу көп болса, жүректі қарайтады, тіпті өлтіреді. Көп тамақтану ой-түсінікті және білімді азайтады. Құрсақтың үлкендігі еске сақтауды нашарлатады.

"Жүрек сырлары" кітабынан. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

Жұманың берекесіне бөлене берейік!

KITAPAL

17 Oct, 06:11


"Барлық бақытты отбасылар бірдей бақытты, ал әрбір бақытсыз отбасы өз жолымен бақытсыз."

Лев Толстой – "Анна Каренина". Отбасылық өмірдің күрделілігін аша отырып, махаббат пен адалдықтың нәзік байланысын зерттейді.

"Адамға ең керегі – қайда бара жатқанын білу. Ал бағытсыз өмірдің жүгі қандай ауыр екенін білсеңіз ғой!"

Федор Достоевский – "Қылмыс пен Жаза". Раскольниковтың ішкі жан дүниесіндегі күрес пен моральдық дилеммалар көрініс табады.

"Болу немесе болмау – мәселе сонда".

Уильям Шекспир – "Гамлет". Өмірдің мәні мен адам табиғатының күрделілігі туралы ой тудырады.

"Мен ешқашан сізге сүйіспеншілігімді білдіргім келмейтін еді, егер сезімім соншалықты күшті болмаса."

Джейн Остин – "Тәкаппар ғашықтар". Қоғамдағы таптық айырмашылықтар мен жеке сезімдердің тартысын көрсетеді.

Классикалық кітаптарға тапсырыс беру үшін менеджерге уатсапқа шығыңыз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

16 Oct, 05:54


НЕГЕ ДЕГЕН СҰРАҚТАН БАСТАҒАН АДАМ БАСҚАЛАРДЫ СОҢЫНА ЕРТЕ АЛАДЫ

Тарс еткен пистолеттің даусы естілді. Алаңда тұрған жарысқа қатысушылар дүркірей жүгіре жөнелді. Шамалы уақыт өткен соң дайындығы жоғары спортшылар көш бастап, әлсіздері артта қала бастады. Бірақ олардың қатарында Бен Комен жоқ. Бен мылтық даусы естілгенде-ақ жұрттың соңында қалған болатын. Ол алысқа жүгіруден жеңіске жеткен емес, өйткені церебральды сал ауруымен ауырады.

Жүгіріп келе жатып, астындағы дымқыл шөпке тайғанақтап, құлады. Орнынан тұрды. Сәл жүгіріп, қайта құлады. Бұл жолы ауырсынғаны көрініп тұр.

Спортшылар көзден әлдеқашан таса болған. Көңілі жүдеп-ақ қалды. Жас азамат тағы да сүрініп, қайтадан аяққа тұрды. Ынта-жігері қаншалықты мықты болғанымен, жүзіндегі ауырсыну мен қынжылысты оп-оңай көруге болады. Қалай болғанда да жарысты жалғастырып, қатардан қалмау үшін бар күш-жігерін сарп етіп жатыр.

Бен, ақыры, мәре сызығын аттаған кезде денесінің солқылдап ауырып, қатты шаршағанын сезді. Жарысқа бар күшін сарп етті. Денесі көгала қойдай, сау-тамтығы жоқ. Үсті-басы балшық.

Шамамен жиырма бес минуттан соң адам сенбестей оқиға болды. Қатысушылар жарысты аяқтаған соң кері оралып, Бенмен бірге жүгіре бастады. Бен тағы бір рет құлағанда, оған басқалар жәрдем берді. Бұлай ешқашан болған емес. Бен мәре сызығын аттағанда артында жүздеген басқа қатысушылар да жүгіріп келе жатты.

Жарыстың аты - жарыс, өзгелермен тайталаса жүгірген кезде ешкім сізге көмектеспейді. Бен әрбір жарысқа НЕГЕ қатысып жатқанын нақты біледі. Ол өзінен басқа ешкімді жеңуге ұмтылмайды. Бір қадам алға жылжудың өзі ол үшін жеңіс. Орнынан қайта көтеріледі. Сөйтіп, қайтадан жүгіреді. Жарысқа қатысқан сайын ол тек қана өзінің бұрынғы көрсеткішінен асып түскісі келеді.

Кітапқа тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңыз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

14 Oct, 05:11


БҰЛ АПТА БАСҚА АПТАЛАРДАН ӨЗГЕРЕК!

Осы апта алдыңғы аптадан жақсырақ, мықтырақ, өнімдірек, күштірек болайық. Ол үшін не істеу керек?

1) Кітап оқиық. Жақсы кітап таңдап (кез келген жанрда), блокнотқа ойымызды жазамыз. Әлеуметтік желіде бөлісеміз.
2) Алла Тағалаға хат жазамыз. Ойыңызда не бар, не мазалайды, не нәрсеге көңіліңіз толмайды, не нәрсеге разысыз, нені өзгерткіңіз келеді, не сұрайсыз, неден құтылғыңыз келеді, не нәрсеге шүкір етесіз, қандай мұң-сырыңыз бар – бәрін жазыңыз.
3) Спорттық жаттығу жасаймыз. Қарапайым дене қыздыру, турник, брусья, отжимание, скакалкамен секіру, арқаға, омыртқаға жаттығу, т.б. кез келгені жарайды. Екі-үш сағат отырып қалсаңыз, он минут жаттығу жасап жіберіңіз.
4) Жұмысымызды ең жақсы деңгейде жасаймыз. 100% көңіл қанағаттанатындай.
5) Араласу. Ата-анамызға, бауырымызға, досымызға, алыс туысқа хабарласамыз. Жәй ғана жай-күйін білу үшін.

Осының өзі аз емес бір аптаға. Өзіміз өзгермесек, біреу сырттан келіп өзгертпейді. Бұл істің кез келгенін жасай аласыз, ешкімге тәуелділік жоқ. Алып қоссаңыз да болады.

Бірінші пункт бойынша, жақсы кітаптар алу үшін менеджерге жазыңыз: 8-777-572-22-33
Мысалы, Түн ішіндегі кітапхана деген жақсы кітап келді. Өзіңізді дамыту үшін «Әдет күші» кітабын оқысаңыз болады. Махаббат туралы Мұхтар Мағауиннің кітабы шықты жаңадан. Таңдау көп.

KITAPAL

13 Oct, 05:00


НЕГЕ ЖАСАМАДЫМ ЕКЕН, А???

Кез келген адам өлерінде өкінеді екен. Өкінішпен өтетін өмір боп тұр ғой бұл. Имам Ғазали секілді әулие кісілер ғана өкінішсіз кеткен шығар. Себебі олар құдаймен кездесуге асыққан ғой. «Мен өлгенде жыламаңдар. Мен Раббыммен жолығуға кетіп барамын» деген. Ал өкінетіндердің проблемасы не болды екен?

Сондағысы олар:
1) Жасаған нәрсесіне емес, жасамаған нәрсесіне өкінеді екен. Бір жақсы істі істегісі кеп, бірақ батылы жетпей, аяқ асты еткен. Істейін десе, жұрттың сөзінен қорыққан. Өзін ондай іске лайық көрмеген. Бойындағы дарынын ысырап еткен.
2) Жасаған нәрсесіне де өкінетін шығар. Жасап қойған жамандығына өкінбейтін адам болмайды (әрине, мұсылман болса).
3) Адамдарға жақсы көретінін айтпағанына өкінеді екен. Жарына, ата-анасына, бауырына, досына сезімін білдіре алмаған.
4) Саяхаттамай, бір жерден алысқа ұзап шықпағанына өкінеді екен.
5) Достарымен байланыста болмағанына өкінеді екен.
6) Өмірді дұрыстап сүрмегеніне өкінеді екен.

Бұдан алатын сабақ: өмірді өлер алдында өкінбейтіндей сүру керек. Ақырғы демің келгенде артыңа қарап, қаншама жақсы істер істегеніңе қуанышпен назар салатындай. «Е, Алла! Өзіңмен қауышуға дайынмын. Мына өмірде берген бұйрықтарыңды орындап біттім. Өкінішім жоқ» дейтіндей.

KITAPAL

12 Oct, 16:01


СІЗ ТУҒАН ЖЫЛЫ ҚАЙ КІТАП НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН АЛҒАН?

2006 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алғандардың кітаптары. Алдыңғы постта 1950-2005 жылдар аралығын жазғанбыз (https://t.me/kitapall/2451). «Ойбай, біздікі неге жоқ?» деп 2006 жылдан бастап туғандар кішігірім митинг жасап жатырсыздар ғой. Уайымдамаңыздар, сіздерді ұмытқан жоқпыз.

2006 – Orhan Pamuk (Turkey)
"My Name is Red" (Менің атым Қырмызы), "Istanbul" (Ыстамбұл)

2007 – Doris Lessing (United Kingdom)
"The Golden Notebook" (Алтын дәптер)

2008 – Jean-Marie Gustave Le Clézio (France)
"Desert" (Шөл)

2009 – Herta Müller (Germany)
"The Land of Green Plums" (Жасыл алхорылар елі)

2010 – Mario Vargas Llosa (Peru)
"The Time of the Hero" (Батырдың уақыты), "The Green House" (Жасыл үй)

2011 – Tomas Tranströmer (Sweden)
"The Half-Finished Heaven" (Жартылай аяқталған жұмақ)

2012 – Mo Yan (China)
"Change" (Өзгерістер)

2013 – Alice Munro (Canada)
"Dear Life" (Қымбат өмір)

2014 – Patrick Modiano (France)
"Missing Person" (Із-түзсіз жоғалған адам)

2015 – Svetlana Alexievich (Belarus)
"The Unwomanly Face of War" (Соғыс сұмдығы – әйелдің дауысы)

2016 – Bob Dylan (United States)
"Lyrics: 1961–2012" (Өлеңдер: 1961–2012)

2017 – Kazuo Ishiguro (United Kingdom)
"The Remains of the Day" (Күннің қалдықтары), "Never Let Me Go" (Мені ешқашан жіберме)

2018 – Olga Tokarczuk (Poland)
"Primeval and Other Times" (Көне уақыттар және басқа да кезеңдер), "Books of Jacob" (Жақыптың кітаптары)

2019 – Peter Handke (Austria)
"The Goalie's Anxiety at the Penalty Kick" (Қақпаушының пенальти алдындағы қорқынышы)

2020 – Louise Glück (United States)
"The Wild Iris" (Жабайы бәйшешек), "Averno" (Аверно)

2021 – Abdulrazak Gurnah (Tanzania)
"Paradise" (Жұмақ), "By the Sea" (Теңіз жағасында)

2022 – Annie Ernaux (France)
"The Years" (Жылдар)

2023 – Jon Fosse (Norway)
"Septology" (Септология), "Morning and Evening" (Таң және кеш)

2024 жыл. Биыл сыйлық оңтүстіккореялық жазушы Хан Каңға табысталды. Ол "тарихи жарақаттарды көркемдік прозамен бейнелеп, адам өмірінің нәзіктігін ашқандығы үшін" марапатталды. Хан Каңның ең танымал шығармаларының бірі — "Вегетарианка", ол 2016 жылы Халықаралық Букер сыйлығын жеңіп алған. Оның туындыларында жиі қайғы, зорлық-зомбылық және психикалық денсаулық тақырыптары қозғалады. Мысалы, "Адам әрекеттері" атты романында 1980 жылғы Кванджу қырғыны туралы баяндалады. Оның жазуы анықтылығымен және сұлулығымен танымал, махаббат пен қатыгездіктің қақтығысын адамдық тұрғыдан ашық бейнелейді.

Бұл кітаптарға тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңдар дейін десем, оның бәрі жоқ. Болашақта боп жатар. Оған дейін күтіп жүрмей, жақсы кітаптарды қазірден оқи беріңіздер. Ооо, жақсы кітап деген бізде көп. 8-777-572-22-33

KITAPAL

11 Oct, 04:03


ЕҢ ЖАҚСЫ АДАММЕН БАЙЛАНЫСУ

Адам пайғамбардан бастап соңғы адамға дейінгілердің ішіндегі ең абзалы, жақсысы – Мұхаммед пайғамбар (Алланың сәлемі, игілігі болсын). Ол кісіге салауат айтудың ең жақсы уақыты – жұма, яғни бүгін. Салауат пен сәлем жолдау пайғамбарымызбен рухани байланыс орнатуға және оның нұрынан пайдалануға мүмкіндік береді. Себебі салауат айтқан адамға Алла елшісі де дәл солай жауап береді, яғни мейірім тілейді.

Салауат – ең қабыл болатын дұға һәм тілектердің қабыл болу шарттарының бірі. Дұғаның қабыл болуы үшін ең аз дегенде басында және соңында салауат айтылуға тиіс. Салауат айту шапағатқа себеп болады. Пайғамбар есімі жазылған барлық жерге періштелер кешірім тілейді. Қияметтің ауыртпалығынан ол кісіге көп салауат айтқандар құтылады.

Сағынышқа толы салауат
Сырға толы салауат
Мұхаммед пайғамбар өмір жолы
Кітаптарына тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

09 Oct, 16:03


ЕРІНГЕН САЙЫН ЖОҒАЛТЫП ЖАТЫРСЫҢ

Сенің бойыңда ешкімде жоқ қасиет бар. Ол саған тыныштық бермейді. Ішкі дауысың саған күн сайын айқайлап тұрады. Кітап жаз, мектеп сал, оқу орталығын құрастыр, емхана сал, инженер бол, бизнес жаса (әркімде әртүрлі дауыс). Ол – тек саған тапсырылған, сен ерекше істей алатын жұмыс. Оны басқалар да істей алады, бірақ сен істегендей істей алмайды. Сенің миссияң – сол. Қолыңнан келеді.

Бірақ сен соны тұншықтырып, істеуді кейінге қалдырған сайын, қарапайым халық жапа шегіп жатыр. Бұл өмірде бәрі бір-бірімен байланысты. Көпшіліктің проблемасын шешетін істі сенің жауапкершілігіңе жазған. Оны ар-ожданың сезіп, күн сайын айқайлайды. Ал сен оны елемей жүрсің, бастамай жүрсің.

Сен ол істің артынан үлкен ақша көрмегендіктен, осылай бір орныңда айналып жүрген шығарсың мүмкін. Бойыңа біткен қабілетті қолдансаң, ақша да, атақ та келеді (әйтсе де ол маңызды емес).

Сен кешіккен сайын жастар бұзылып жатыр. Жауапкершіліктен қашпа.

Өзіңді танығың келсе, мына кітаптарды оқы.
Не үшін кітап оқу керек?
Бақыт формуласы
Сенің қолыңнан келеді
Фокус. Артық нәрседен арылу өнері
Мінезді өзгерту алхимиясы
Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

KITAPAL

09 Oct, 10:01


Не үшін өмір сүру керектігін ұғынғанда, өмір сүруді бастайсың.
Не үшін өмір сүру керектігін ұмытқанда, жоғалтқанда, өлесің.

Арамызда әлі өмір сүруді бастамағандар толып жүр. Негізі бір сағат отырып ойланса, кітап оқыса, жауабы ап-айқын нәрсе. Бірақ оған өзі де, телефоны да мұрсат бермейді. Сәл қолы босаса, іздейтіні телефон.

Айналамызда құр сүлдерін сүйреткен өліктер де жүр. Олар не үшін мына дүниеге келгенін ұмытқан. Немесе ұмыттырылған. Ниетіне қарай тапқаны. Өлім туралы әңгіме басталса, беті тыржиып, қашады. Ойламауға тырысады.

Өмірдің мәнін түсіну үшін оқитын кітаптар:
"Адамзаттың асыл тәжі"
ЖҮрек сырлары
Мұхаммед пайғамбар өмір жолы
ҚҰран Кәрім қазақша түсіндірмелі аударма

KITAPAL

09 Oct, 04:40


СИЫРЫ ЖОҒАЛМАҒАННЫҢ БӘРІ АҚЫЛДЫ

Екі адамның басы қосыла қалса, үшінші адамның проблемасын шемішкеше шағып тастаймыз. «Негізі бүйте салса болады ғой, оның орнында болсам бүйтер едім... Сөйте салса бітті ғой, ақшаның астында қалайын деп тұр, мен болсам былай істер едім... Сол тура бір қиналатындай нәрсе емес, няғып өйтіп қиналып жүргенін, мен болсам мән бермес едім...»

Басыңа түспеген соң, осылай еркін сөйлей бересің қорықпай. Басыңа түссе, көтере алмай еңбектеп кетер ме едің.

Сынақтың да, басқаның да басыңа түсуінен сиын. Құдайдан қарап отырып сабыр бер деп сұрама. Сабырыңды сынайтын сынақ келсе, өзің бір жақта, сөзің бір жақта қалып кетпесіңе кім кепіл?

Тіл сүйексіз екен деп, ары-бері сүйкей беру – арсыз іс. Талайлар тілінен тауып, өзін қоймай, әкесін де ұяттан өлтіріп жатыр. Адамзаттың ең жақсыларының сөзі – жақсы сөз сөйлеу немесе үндемей тұру.

"Ғайбат. БАсқа бәле тілден" кітабын ай сайын бір рет оқып тұрсаңызшы. Оқып тұрайық. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

KITAPAL

08 Oct, 08:56


Қай кітаптан алынған үзінді?

БІРІНШІ ДӘПТЕР

-Еркін, сүйінші! Оқудан ағаң келді, әйел алып келіпті!
Мен бұл қуанышты хабарды Жабырда шөп орағында жүріп естідім. Ат тырмамен шөп жинаймын. Қашан жазғы демалысымыз біткенше, біз оқушы балалар, колхозда жұмыс істейміз. Әуесқой қыз-келіншектер бригадир Бекбосыннан:
- Кімді әкепті?
- Қандай әйел әкепті?
- Әкелген әйелі сұлу ма екен? - десіп, жамырап сұрап жатыр.
Аз сөзді Бекбосын аузын бұртитып:
- Міне, мынау, - деп бас бармағын көрсетеді.
- Е, ол не дегенің?
- Сұлу десең, сұлу! Оқыған десең оқыған...
Әңгіме менің Алматыдағы алты айлық бухгалтерлік курсқа оқуға кеткен Сәрсебек ағайым жайлы. Соңғы кезде жазған бір хатында ол:
«Апа, сізге келін алып барам, той қамын жасай беріңіз» деп жазған болатын. Бұл хабарды естіп, шешемде ес қалмаған. «Қарағым балам, мен болсам картайдым. Оның үстіне денсаулығым нашар, дімкәс адаммын. Екі күннің бірінде ауырып қалам. Сенің мені аяйтын күнің бола ма? Неге үйленбейсің? Өзің құралпы жігіттердің бәрі үйленіп жатыр. Солардан кембісің? Әңгімені қой да, үйлен, үйге шүйкебас біреуді кіргізіп бер» деп, ағайымның құлағын дамылсыз қашай беретін оның өзі еді.
Келін түсіру шешемнің айықпас арманы болатын. Міне енді апатайымның сол арманы орындалған екен.
Жеңгелі болғаныма, сөз жоқ, мен де қуаныштымын. Бекбосынның мен әлі көрмеген жеңгемді мақтап айтқан сөздері жаныма жағып барады. Үйге тез жетуге, мен үшін жер түбі саналатын ту сонау Алматыдан әкелінген нәркес көз, жас жеңгемді тезірек көріп танысуға ынтықпын.
Мінекей, жұмыс соңынан астыма тоқым салған жайдақ атпен Тұйық қайдасың деп, құйғытып шауып келем.

Кітапқа тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңыз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

07 Oct, 14:36


80-дегі қарияның өмірден түйгені не?

Ата-анамды, бауырларымды, әпке-інілерімді, жарымды, балаларымды және достарымды сүю арқылы өзімді де жақсы көре бастадым.

Әлемді тіреп тұрған түгім жоқ екен. Өзгерте алмайтын нәрселерді қабылдадым.

Көкөніс пен жеміс сатушылармен саудаласуды қойдым. Одан тапқаным мені байытпайды, бірақ шаруа адам ұл-қызының оқуына жұмсайды.

Қарттар бір әңгімесін бірнеше рет айтса да сөзін бөлмейтін болдым. Олар сол арқылы өткенді еске түсіріп, бақытты сәттерді қайта сезінеді екен.

https://t.me/kitapall

Адамдардың титтей қатесін түзетпеуді үйрендім. Бәрін мінсіз ету мүмкін емес.

Шынайы мақтауды үйрендім. Мақтаған адамға қоса, өзімнің де көңіл-күйімді көтереді. Жай ғана «Рақмет» деудің өзі не тұрады!

Көйлектегі қыртыс не даққа мән бермеуді үйрендім. Ішкі әлем сыртқы бейнемнен гөрі маңызды.

Мені бағаламайтын адамдардан алыстаймын. Өз бағамды білемін.

Біреу болмашы нәрседе мені алдап, озып кетуге тырысқанда, сабыр сақтаймын. Олармен жарысатын тышқан емеспін және жарыспаймын да.

Өз эмоцияларымнан ұялмауды үйреніп жүрмін. Сезімдерім кім екенімді көрсетеді.

https://t.me/kitapall

Қарым-қатынасты үзгенше, тәкаппарлығымды тастаған дұрыс екенін түсіндім. Эго алыстатады, араласу жақындатады.

Әр күнімді соңғы күн сияқты өткізуді үйрендім. Ол шынымен соңғы болуы мүмкін.

Мені бақытты ететін нәрсені жасаймын. Өз бақытым үшін жауаптымын. Бақыт – таңдау. Кез келген уақытта бақытты бола аласыз, тек бақытты болуды шешіңіз.

«Өмірден мән іздеген адам» кітабы
«Бақыт формуласы» кітабы
Тапсырыс беру үшін 8-777-572-22-33

KITAPAL

03 Oct, 08:33


БҰДАН АРТЫҚ ҚУАНБАҒАН ӘЗӘЗІЛ

…Шайтанның барлығы қандай іс жасағанын баяндау үшін Ібілістің жанына келген кезде, біреуі «Мен мынаны, мынаны істедім» дейді. Алайда Ібіліс оған: «Сенің бұл ісің түк емес» дейді. Негізі, шайтан істелген әрбір күнәға риза болады. Себебі әр күнәда күпірлікке апаратын жол бар. Әрбір күнә жүректе қара дақ түсіреді, әрі күнә істеген адам Алладан бір қадам алыстайды. Алайда шайтан жақтастарынан бұдан көп нәрсе күтеді.

Содан кейін біреуі келіп, «Мен пәленше деген адамның әйелімен ажырасқанға дейін қыр соңынан қалмадым» дейді. Ібіліс бұған қатты риза болып, оны дереу жанына шақырып: «Сен сондай сүйкімдісің» деп, ілтипат көрсетеді».66 Бұл жерде бүгін жиі кездесетін әлеуметтік-қоғамдық мәселеге ишарат бар. Демек, бір отбасының шырқының бұзылуы шайтан үшін соншалықты маңызды мәселе, ол адамдарды басқа жаман істерге итермелейтін нөкерлеріне мақтау айтпады, ал ерлі-зайыптыны ұрыстырып, ажырастырған нөкерін мақтайды, тіпті оны марапаттайды.

Ал неге бұл мәселе шайтан үшін соншалықты маңызды? Себебі ол отбасын бұзу арқылы екі адамның ғана арасын бұзбайды, сол арқылы бала-шағаның, ажырасқан ерлі-зайыптылардың ата-анасының, туған-туыстарының, жақындарының, тіпті белгілі бір мағынада бүкіл қоғамды күйретеді. Қоғамның молекуласы саналатын отбасының шырқы бұзылып, ыдыраған кезде, қоғамда жарықшақтар пайда болып, қоғам өте күрделі өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, ажырасып, екі бөлек кеткен ерлі-зайыптылар басқаларға жаман үлгі болып, жұқпалы вирус сияқты басқа үйлерге де таралады. Көріп тұрғанымыздай, шайтан сырт қарағанда болмашы іс істеп жатқандай көрінеді, алайда ол іс істеген осы жамандығымен көп нәрсенің астан-кестенін шығарады.

Сондықтан мынаны ұмытпау керек, шайтан жұмақ бұрышы болуға үміткер бір отбасыны жаһаннам шұңқырына айналдыру үшін ерлі-зайыптыларды бір-біріне қарсы қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Осы мақсатта ол еркіне бағындырып, қалағанынша бағыттап отыратын шайтанға айналып кеткен адамдар арқылы да отбасы құрылымына үнемі зиян тигізгісі келеді. Шүбәсіз, жанжал, келіспеушілік, ұрыс-керістен көз ашпайтын мұндай отбасыда көбінесе балалар зардап шегеді. Себебі ұрыс-керіс, зорлық-зомбылық, келіспеушілік жиі болатын отбасыда балалардың рухани болмысының сау өсуі мүмкін емес.

Отбасы туралы кітаптарға тапсырыс бер. 8-777-572-22-33

KITAPAL

02 Oct, 10:26


Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.

Қанышты жай ғана ғалым деуге сыймас. Ол күн секілді көзі түскен жердің бәріне шуағын төккен. Мейлі ол геология, тарих, әдебиет, археология, биология, дәстүр болсын, бірін екіншісінен бөліп жармай, пісіріп жетілдірген.

Таңғалдыратын нәрсе – бүгін-ертең басы кететінін біліп тұрса да, өлмейтіндей еңбек еткен. Ницше айтқандай «сені өлтіре алмаған нәрсе қаһарман қылады». Өлімнен қорықпаған Қаныш құзыреті жеткен жерге дейін қазақтың бағы үшін қызмет еткен. Ұл болсаң, Қаныштай бол! Ұл тусаң, Қаныштай тұлғаны ту!

Бізге қалғаны – Қаныштай жүз ғалым қалыптастыру. Ол үшін жан алысып, жан берісетін сәтіміз келді. Бұрынғыдай басыңды қағып түсіретін КГБ жоқ, репрессия, цензура жоқ. Кітап жетеді, тұлғаның әр кірпішін қалай бер.

«Қаныш және ғылыми майдан» кітабына тапсырыс беру үшін уатсап: 8-777-572-22-33

KITAPAL

01 Oct, 13:55


Жүрекке әжім түспейді

Бүгін – халықаралық қарттар күні екен. Қарттарын қазынадай қадірлеген қазақтай-ақ болсын. Біздің дәстүрімізде үлкенмен сәлемдесу, алыстан келсең, арнайы барып амандасу, қолына су құю, гәлөшін реттеп беру, сөзін бөлмеу, алдын кесіп өтпеу, т.б. тамаша өнегелер бар. Бұларды жасасаң, кішірейіп кетпейсің, керісінше қарттардың батасын алып, рухани әлеміңде нұр шашырайды.

Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді. Балалы болғаннан-ақ олар көресіні көрсетеді. Кезінде біз де осылай әке-шешеміздің нервына тиген шығармыз деп ойлап қаласың. Жалпы ата-анасының екеуі не біреуі қолында бола тұра, жұмаққа кіре алмаған адам - нағыз бейшара.

Қарттар күні құтты болсын! Қарттық жаспен өлшенбейді.

KITAPAL

01 Oct, 06:20


Баяғыда долларовый миллионер інішегім болды. Үлкен қызметте істейді. Маған "көке-көке" дейді, өзі менімен рулас. Бір күні: ""Көке-көке" дейсің, көкеңнің Әуезов театрында "Актриса" деген премьерасы өтіп жатыр, келінді ертіп келіп көрсейші" дедім, "Ойбай, көке барамын, шопырымды жіберемін, билет жіберіңіз" деді. Билет жібердім. Артынан ызбандайды: "Көке, Әуезов театры қай жерде" деп. "Әй, бармай-ақ қой" дедім. Мен осындайларға таңғаламын.
Кейіннен жолыққанда айттым: "Сен ғой Алматыда бес жыл оқыдың. Қол ұстасып келінмен қыдырып жүрдіңдер. Сонда бір де бір рет театрға барған жоқсыңдар ма? Келін де айтпай ма театрға барайықшы деп, сонда екеуің кездескенде не сөйлесесіңдер?! Ішкен-жегендеріңді ғана айтасыңдар ма?! Жаңадан алған көйлегіңді айтасың ба? Әлде шалбарыңның балағын қысқартқаныңды не ұзартқаныңды айтасың ба?!" Міне, осындай тоғышарлар көбейіп бара жатыр. Қазіргі көптеген чиновниктер оқу бітіргенен кейін, бірде бір көркем шығарманың бетін ашпағанына кәміл сенемін.

Дулат ИСАБЕКОВ

Ессіз, рухсыз тоғышарлардың қатарын көбейтпес үшін еліңнің рухани байлығымен, төл өнерімен сусында. Театрға, мұражайға, тұлғалардың мұражай үйіне, арыстар туралы түсірілген киноға, кітаптың тұсаукесеріне барып тұрыңдар. Орысша он жыл оқысаң да, бәрібір орыс боп кете алмайсың. Ағылшынша алпыс жыл оқысаң да, ағылшын, американ боп кетпейсің. Себебі тұла бойың, түрің, ділің, тілің, нәсілің - қазақ, дінің мұсылман. Ұлттық кодыңды тұншықтырмай, ел үшін қызмет қылсаң, Абай айтқан кірпіш боп қ
аланасың.

Қазақ әдебиетінің классиктерін оқу үшін уатсапқа жазыңыз: 8-777-572-22-33

KITAPAL

30 Sep, 10:12


Адамдар кейде өз әрекеттерінің нәтижесін болжай алмайды. "Менікі дұрыс" деп асығыс шығарған шешімі қауіпке ұрындырады. Сыртқы көрініске ғана сеніп, салдарын ойламайды.

Мұны қаншама сюжетке қолдануға болады, ойлап көрші:
- қыздың сұлулығына ғана қызығып, үйленейін деп жатқан жігіт;
- ұятсыз бейнеге бір рет қана қараймын деп, ары қарай тереңінен шыға алмай қалған жастар;
- надандықпен ниеті жаман біреуге барып соқтығысу;
- қанағатсыздық, т.б.

Дүниенің жақсы тұсы мен жамандығы, надандықтан арылудың әдісі, тәкаппарлықпен күресудің жолы - мұның бәрін "Ихия улумиддин" Имам Ғазалидің кітабынан оқи аласыз. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33