Бауыржан Әлиұлы (ресми) @bauirjanaliuli Channel on Telegram

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

@bauirjanaliuli


Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер

Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Бауыржан Әлиұлы (ресми) (Kazakh)

Бауыржан Әлиұлы (ресми) телеграм көшірмесі – бұл ғибратты уақиғалар мен бейне дәрістердің топтары мен байланысты ұсыныстарды ұсынады. Бұл каналда есептігінің өзінің ресми туралы хабарландырулар, жаңалықтар және басқа көптеген интересті материалдар табылуы мүмкін. nnБауыржан Әлиұлы (ресми) каналында Instagram, Facebook және ВКонтакте сипаттамалары үшін сілтемелер де берілген. Сіз осы сілтемелерді пайдалана отырып, Бауыржан Әлиұлының жаңа пайдалы жазбалары және материалдарымен таныса аласыз. nnОсы канал арқылы, жаңа білім алу және өзінің пенділерін дамыту туралы мағлұматқа ие болуға болатын. Сіз де алдын ала барлық ақпараттарды осы канал арқылы алу үшін жазылыңыз!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

21 Nov, 10:23


Кейбір адамдар өледі, бірақта жақсылық амалдары өлмейді.
Ал кейбір адамдар тірі, бірақта* адамдар арасында өлілер сияқты.
Имам әш-Шәфиғи (Аллаһ разы болсын)

*пайдасы болмағандықтан.

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

21 Nov, 05:56


Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хз. Әлиге (Аллаһ одан разы болсын) үйреткен дұғасы:
"Аллаһым, маған адал ризықыңды нәсіп ету арқылы арамыңнан қорға. Кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаға мұқтаж етпе!"

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

21 Nov, 01:06


Қайсы жердің, қайсы жүректің және қайсы шешімнің біз үшін хайырлы екенін білмейміз, бірақта Алланың біз үшін ең хайырлысын таңдағанына иман етеміз.

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

20 Nov, 13:36


Қай жерде болсаңыз да, кіммен бірге болсаңыз да, сіз қандай ұлы мақсат үшін жаратылғаныңызды әрқашан есте сақтауыңыз керек.

дегенмен, бұл мақсат үнемі қоректенуді қажет ететінін біліңіз. Алла Тағала Құранда мұнафықтарды сипаттай отырып, олардың бір белгісі Алланы аз еске алуы, Алланың кітабын аз оқуы екенін айтады.

Еш нәрсе сені Алланы зікір етуден тайдырмасын: жұмыс та, достар да, отбасы да, хобби де емес.

егер сіз дүниеде бір нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе - әрекет етіңіз, бірақ дініңіздің құнына емес.

Дін үшін дүниелік нәрселерді құрбан ет, ал қалғандары үшін ешқашан дінді құрбан етпе.

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

20 Nov, 10:28


Өзіңізді жақсы сезінетін жерді іздеудің қажеті жоқ.

Оны кез келген жерде жақсы жасауды үйрену мағынасы бар.

Алла Тағаланың бергеніне қанағат етіп, жақсылығын сұраудан жалықпаған абзал.

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

20 Nov, 02:46


Мұңайма..
пайдалы білім алып, көбірек оқы, сонда қайғың сені тастап кетеді.

Құранды жиі оқып, оның аяттарына ой жүгіртіп, Алла Тағаланы үнемі зікір ету

Жүрегіңді арамдықтан, көреалмаушылықтан, өшпенділіктен, сараңдықтан және басқа да жамандықтан тазарт...

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

19 Nov, 18:03


Алла кез келген жағдайдан шығудың жолын береді, тіпті одан шығудың жолы жоқ сияқты көрінсе де.🫶

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

19 Nov, 13:37


Марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстаздың Ойлаймын да кітабы жайлы осы нөмерге жазасыз 8707 449 5497 WhatsApp оптом және в розницу бар😊

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

19 Nov, 06:53


Күн сайын мәңгілік әлемге жақындап, бұл дүниеден алыстайсың. Сондықтан сізден алыстап бара жатқан өмір үшін емес, сізді қарсы алатын өмір үшін еңбек жасаңыз.

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

18 Nov, 17:55


- Ең қымбат адамдар сені кездейсоқ және күтпеген жерден кездестіргендер болса керек.🫂

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

18 Nov, 11:53


Көңілсіз қалмаудың ең жақсы жолы - ешкімнен ештеңе күтпеу ...
Айналамыздағы адамдар біздің үмітімізді ақтауға міндетті емес...

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

18 Nov, 09:00


قال لقمان الحكيم لإبنه: يا بني ثلاث لا تعرف إلا من ثلاث:
-لا يعرف الحليم إلا عند الغضب.
-ولا يعرف الشجاع إلا عند الحرب.
-ولا يعرف الأخ إلا عند الحاجة. (تنبيه الغافلين للإمام السمرقندي)
Лұқман Хәкім баласына былай дейді: Ей, балам! Үш адамның (шынайы бейнесі) мына үш жерде белгілі болады:
- Сабырлы ашуланғанда.
- Батыр соғыста.
- Бауыр мұқтаждықта (басыңа іс түскенде).

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

18 Nov, 05:50


Бастадың ба? Тәуекел ет те, қанша қиын болса да, мың рет сүрінсең де, тез тұрып жалғастыр. Нәтиже болады, әлбетте болады. Ғалым болмасаң да үлкен ілім иесі боласын, сол ілім жолында жүріп өмірді тәрк ету неткен үлкен бақыт.

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

17 Nov, 10:57


لا تنسوا كل الجروح ستزهر في يوم واحد.

Ұмытпа, барлық жаралар бір күнде гүлдермен гүлдейді.💗

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

17 Nov, 04:44


«Кішкентай нәрседен бақыт тауып, қарапайым нәрседен тыныштық табатындар қандай әдемі.


- "كم هو رائع أولئك الذين يجدون السعادة في الأشياء الصغيرة ويجدون ال سلام في البساطة."

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

16 Nov, 13:05


Сенің қиналғаныңды, ешкім байқамайды, бірақ сенің қателіктеріңді бәрі байқайды.💔

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

16 Nov, 01:46


«Қашан бір істің мұсылман емес адамның қолынан өте жақсы әрі сапалы болып шыққанын, ал мұсылманның қолынан ұсқынсыз әрі сапасыз болып шыққанын көрсем, жүзім қараяды».

Имам Ғазали (Алла оны рақымына алсын)

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

15 Nov, 13:31


«Егер адамдар Құран оқудың және ол туралы ойлаудың пайдасын білсе, бар уақытын осы іске арнар еді».

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

15 Nov, 12:22


«Дауыл қанша қатты болғанымен тауды қозғалта алмайды, бірақ құм төбешікті қозғалтады».

Имам Ғазали (Алла оны рақымына алсын)

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

15 Nov, 04:57


«Асқазаны бос адамның жүрегін һидаятқа толтыруың қиын. Және денесі жалаңаш адамға тақуалық киімін кигізуің қиын (яғни, аш адамды һидаятқа саламайсың, жалаңаш адамға тақуалықты үйрете алмайсың)».

Имам Ғазали (Алла оны рақымына алсын)