Жүрек сырлары 🤍 @zhureksyrlaary Channel on Telegram

Жүрек сырлары 🤍

@zhureksyrlaary


Сұрақтар бойынша👇🏻
https://t.me/zholdasova_zhanna

Жүрек сырлары 🤍 (Kazakh)

Жүрек сырлары 🤍 тізімі - бұл сізге жүректеріңізге толтырған әндер мен сөздер мейлемдерімен танысуға көмектесетін Telegram ​​каналы. Бұл канал арқасында дамушы орта іздеп жүрген сіздерге белгілеріңіз, дұрыстарыңыз мен тағамдарыңыз туралы байқап жауаптар табуға көмек көрсетеді. Артық білім алу, ақыл-ой деректерін жеткізу және жүрегіңізді толтыру мәселелерін байқап алуға дайын болыңыз. Қазір жүйеге қосылыңыз және танымал тақырыптарды талқылаңыз! https://t.me/zholdasova_zhanna

Жүрек сырлары 🤍

05 Jan, 12:41


Саған алтын уақытын арнаған адамның қадірін біл. Өйткені ол саған қайтып келмейтін асыл нығметін арнады.

©️Нәжиб Махфуз

Жүрек сырлары 🤍

30 Dec, 20:11


Жүрегіңізден дүниені алыстатқан сайын, ахырет сізге көз алдыңызда боп көрінеді.

Жүрек сырлары 🤍

29 Dec, 17:43


Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллям) адамдардан, жақындарынан кейде бір сөздер естіп, ренжігенде, сабыр сақтап, былай дұға ететін болған:

“Бұдан да ауыр реніштермен сыналған Мұсаға Алланың мейірімі болсын”.

Әркез тақуалардың, ізгілердің сынақтарын еске алу, солай өзіңізді сабырға шақыру-сүннет.

Жүрек сырлары 🤍

25 Dec, 06:44


“Құл Аллаға деген махаббаттың дәмін татқан уақытта Алла ол құлының кемшілігін өзіне көрсетіп қояды. Осылайша ол басқалардың кемшілігін көрмес болады.
Рабия әл-Адауия”

Жүрек сырлары 🤍

24 Dec, 13:17


Тахаджудты “бірнәрсе алу” үшін емес, Сүйікті Рахман Раббыңызбен сырласу, шүкір ету, күндізгі күнә-кемшіліктеріңізге, әдепсіздігіңізге кешірім сұрау үшін оқымасаңыз, қалайшы Оны жақсы көремін дей аласыз? Қалай түнде тәтті ұйықтай аласыз, Оның басқа адал құлдары Онымен тәтті сырласып жатқанда? Уайым, қорқыныш жоқ па? Оның сүйіктілерінің қатырында болмай қаламын деген, солай Оның ерекше Махаббатын татпай, сезінбей, дүниеде босқа өмір сүрген боламын деген?

Сіз бұл өмірде, әсіресе жалғыз қалғанда, түнгі қараңғыда қаншалықты Раббыңызға қарай талпындыңыз, соған қарай сізді Раббыңыз қарсы алады дүниеден өткен соң.

Жүрек сырлары 🤍

21 Dec, 14:33


Шипа, шешім-Ұлы Алланың қалауын жүрекпен көріп, жүрекпен қабылдауда және ықыласпен Оған дұға етуде.

Жүрек сырлары 🤍

19 Dec, 05:18


Адам өзің қабылдауы үшін...Аллаһты тануы керек.Аллаһты таныған адам өзіңде таниды.Сенің өмірлік миссия қандай екенің, не үшін өмірге келгенің,неге осындай келбет, неге осындай тағдыр бергенін
Аллаһты танығанда түсінеміз Аллаһтың бізге берген өмірі біз үшін қайырлы екенің түсінуіміз керек.Күпірлік еткен сайын біздің, жағдайымыз нашарлай береді.Бұл кезде құл состояниесіне түсіп Аллаһтан бар қалауыңды
сұрау керек және Аллаһқа бойұсыну қажет❤️

Жүрек сырлары 🤍

18 Dec, 06:45


Көптеген күнәлардың, өкініштердің негізі 2 себебі:

1) Асыққаннан

2) Алла Субханаху уа Та’аляны сол сәтте еске алмағандықтан.

Жүрек сырлары 🤍

15 Dec, 10:52


Аллаһым, өзіңнің алдыңда тұруға
лайықты бір жүрек нәсіп еткейсің!

Нұрсұлтан Ұстаз

Жүрек сырлары 🤍

10 Dec, 19:30


Аллаһым Сеннен кәміл иман шынайы сенім мол ризық Саған мойынұсынатын жүрек әрдайым Сені зікір ететін тіл таза және адал табыс сұраймын,ақырғы сәтіме дейін бұзылмайтын шынайы тәубе жеңіл өлім өлгенен кейін меріміңмен құзырыңда есеп берер шақта кешіруіңді сұраймын жәннатқа кіріп жаһаннамнан құтылуды тілейміз Кешірімі мол Жаратушы Раббым.

Жүрек сырлары 🤍

07 Dec, 14:08


Алла Тағаладан ұяламын...
Өз-өзімнен жиіркеніп, Алла Тағаладан ұяламын. Мына жалған өмірде күнәға
батып жатырмын біліп-білмей, кейде біле тура, кейін ақыры не болатынына қарамастан, сол қара жүкті мойныма
жиып жатамын. Ал сосын, жан-дүниеме сыймай, қатты қиналғанымда,басыма іс туғанында, ешкім көмек бере
алмайтын жағдайға жеткенде Раббыма жүгінемін. Кешірім сұрап, қол жайып Раббымнан сұрауға ұяламын.Жайнамазда отырып, өз-өзімді жеп,Алладан еңкілдеп кешірім сұрап отырамын, істеген істеріме қарамастан.
Өзімшілдік денемді басып алған ба деп сұрақта қоямын өзіме...

Жүрек сырлары 🤍

07 Dec, 06:05


❤️

Жүрек сырлары 🤍

05 Dec, 05:32


Егер өміріңізде құран мен сүннетке орын бермеген болсаңыз, неге берекесіз, проблемам көп деп шағымдануға хақыңыз жоқ. Құран мен сүннет жоқ жерге тыныштық, береке, нұр кірмейді.

Жүрек сырлары 🤍

04 Dec, 15:54


Мои правила жизни ‼️‼️

1. Аллаға сен!
2. Біреуден бір нәрсе күтпе!
3. Адамдарың ойы сені мазаламасын!
4. Ешкімнен поддержка, внимание күтпе!
5. Фокус только у себя!
6. Кез келген сынақ-өсу!
7.Ешкіммен өзіңді салыстырма.
Әр адам-жеке тұлға!
8. Қателіктерді мойындап, тәубе ет!
9. Құндылығынды жоғалтпа!Ең жақсыға лайықсың!
10. Ешкімнен қорыкпа, Жаратушың бар!
11. Қиындықтан қашпа, сол арқылы мықты боласың!
12. Өз өміріне риза бол!
13.Өзіңді кінәләмә!
14. Люби себя и уважай себя!
15. Раббын берген әр нығметке шүкір ет
сонда,ең бай адам боласың!

Жүрек сырлары 🤍

04 Dec, 15:50


Жақсы көре тұра қоштастық,
Сүйе тұра бақыт тіледік
Қайғырмастай сүйіп едік
Көрместей енді жүздестік
Біз осы айтшы
Не үшін кездестік....

Жүрек сырлары 🤍

03 Dec, 05:50


"Кітәп оқитын адам мен оқымайтын
адамның айырмашылығы қандай?" десе,
көпшілігі бірден "кітәп оқитын адамды сөйлеуінен анғара аламыз" дейді екен...
Меніңше, олардың басты айырмашылығы - сөзсаптауында емес, ішкі тереңдіктерінде.
Кітәп оқыса да, өз ойын толық,жеткізе алмайтын, табиғатынан тұйық, адамдар
болады. Кітәп оөымаса да, тума шешен адамдар да бар. Бірақ ол, дамытпаса, тек шолақ шешендік болады. Яғни, кітәп-адамға сана тереңдігін сыйлайды. Сол үшін оқиық...

Жүрек сырлары 🤍

24 Nov, 15:31


Тілде сүйек жоқ. Бірақ тіл сүйекті сындырады. Бір сөз үшін түні бойы ұйықтай алмаған, бір сөз үшін үйлене алмаған, бір сөз үшін ажырасып кеткен, бір сөз үшін жұмысынан айырылған, бір сөз үшін жүрек ауруына ұшыраған қанша адам бар.Не
айтсан да ойланып айт. Есіңде болсын, сен әлеуметтік желілерде емес,өз амал дәптерінді толтырып жатырсын!

Жүрек сырлары 🤍

20 Nov, 04:04


Өмірдің өзі мәңгілік емес,сынақ қайдан мәңгілік болсын

Жүрек сырлары 🤍

19 Nov, 15:49


Алла тәніміз бен жанымызды кемел кылмақ, жолында бір сәт дамыл көрмейді. Қай-қайсымыз да толық бітпей тұрған өнер туындысымыз.
Басымыздан өткен әр жағдай, еңсерген әр
қиындық бекер емес. Мұның, бәрі -бойымызға
біткен кемшіліктен арылу жолындағы еңбек.
Раббымыз әр кемшілігімізге бөлек-бөлек қарайды, өйткені адамзат деген туындының діттегені-кемел болмақ.

Жүрек сырлары 🤍

18 Nov, 11:23


Сізге ұнамайтын бір жағдай болғанда, ашу, ренжу болса, сіз әлі Алланы танымағансыз.
Құл екеніңізді ұмытып кете бересіз, зікіріңіз аз демек. Нәпсіңізге ұнамайтын кезде болатын ашу мен реніш-“мен Аллаға құлмын” дей алмауыңыздан. Аллаға құл болсаңыз, соны ұмытпасаңыз, сізде ашу мен реніш емес, ұялу мен тәубе ету ең бірінші реакцияңыз болар еді. Ұлы Алланың алдында қалайша “мен қалағандай болмай жатыр” деп менменсінесіз? Оданша Ұлықтық, Патшалық Раббымызға ғана тән емес пе деп ұялып, тәубе етіп, мұқтаждығыңызбен Аллаға дұға етіп, кішірейіңіз.

أَمْ لِلْإِنسَٰنِ مَا تَمَنَّىٰ

Жоқ, әлде адам баласының көңілі соққан нәрсенің бәрі бола бере ме?

فَلِلَّهِ ٱلْءَاخِرَةُ وَٱلْأُولَىٰ

Жоқ, олай емес! Ақирет өмірі де, дүниенің тіршілігі де бір Алланың билігінде. (Екі дүниеде де шексіз билік бір Өзіне ғана тән).

(53:24-25)

Жүрек сырлары 🤍

13 Nov, 08:04


Ібілістің ең үлкен арманы адамдарды шариғаттың міндеттемелерінен босату. Босатып алу десек дұрыс болатын сияқты. Ол оны “еркіндік” деген идеяны таратумен жүзеге асырады. Сөйтіп босатып алып, өзінің “шариғатына” кіргізеді. Сосын жүреді Ібілістің айтқанын істеп “квадробер” болып үріп, мяулап 🤦🏻‍♂️

Жүрек сырлары 🤍

12 Nov, 17:23


Ренжи беру де бір зона комфорта ғой. Неге өйтті, неге бүйтті. Түпкі себебіне үңілу деген нәпсіге ауыр. Оның себебін анықтау, одан соң өзіңнің қателіктеріңді де мойындау нәпсіге өте ауыр. Ренжи салған оңай.

Жүрек сырлары 🤍

12 Nov, 17:22


3 ренжігіш арнадан шығып кетті.

Жүрек сырлары 🤍

10 Nov, 14:49


Кейде біреуді шын жүрегіңмен жақсы көресін. Қолыннан келгенше оның өміріне жарық болуға тырысасын.
Қиын сәттерінде қолдап,күлкі
сыйлайсың, барынша жанынан табылуға тырысасын. Бірақ,уакыт өте келе түсінесің, ол саған дәл солай қайтармайды. Сенің,бар махаббатың,мейірімің оған қажет емес екенің,сенсіз де өміріңнің жалғаса беретінін түсінгенде жанын ауырады.
Сен оның өмірінде уақытша ғана
қонақсың.Саған уақытша жылы сөйлегені, бірге жүргені тек өткінші сәттер екен. Ал сен оны өміріңнің мәніне айналдырып қойғансың...
Соның нәтижесінде өзіңді бос қалғ ан жүрекпен табасың.
Сонда ғана түсінесің: журектің ең ауыр жарасы-өзің үшін ең қымбат адамға керексіз екенінді білу.

Жүрек сырлары 🤍

09 Nov, 13:16


Махаббат-өмірге мән, көңілге сән беретін ұлы сезім. Махаббаттын түрі кеп. Мейлі ана мен баланың арасында болсын, мейлі жұбайлардың арасында болсын, мейлі бауырлардың арасында болсын, махаббат жүректерді тербетіп, тұла бойға қан жүгіртетін үлкен күшке ие. Әр адам жақынының, жанында өзін сүйікті сезінуге мұқтаж.
Әр адамның эмоционалдық ыдысы бар. Сол ыдыс
сезімге, махаббатқа, жылуға толы болуы керек. Өзгелердің махаббатына бөленгенде, ыдысымыз толыға тнседі. Олай болмаса, қанырап, бос қалады. Ал бұл жанымызға жара салады, көңілімізді құлызатады🤍

Жүрек сырлары 🤍

08 Nov, 10:47


Қиындықтың өзі шүкіршілікке апарады, соның өзінде шүкір етпесең, одан сайын қиналасың.

Жүрек сырлары 🤍

05 Nov, 11:21


Достарсыз, қолдаусыз
жалғыз қалған жасқа жеткенде, өз ойларыңды
тыңдау үшін жалғыз серуендейсін.
Түнде ешқандай
қолдаусыз, көз жасыңды
төгіп отырғанда, өзіңнің ешкімге керек еместігінді түсінесің, ал "жаныңда боламын" деген адамдар-солар саған ең көп ауыртпалық әкелгендер
екенін ұғынасың💔

Жүрек сырлары 🤍

04 Nov, 13:07


Жүрекке ауыр тиетін нәрсе не білесіз бе?Онда оқып көріңіз💔

Кейде ең қиын нәрсе - жүректе әлі де жылы сезімдер бола тұра, ол адаммен енді ешқашан бірге бола алмайтыныңды түсіну. Бәрі аяқталса да, өткен күндеріңнің, тәтті естеліктері үнемі жанында жүреді.
Екеуің бірге армандаған болашақ, енді жоқ, ал сен сол бос кеңістікте өзін жалғыз
қаласың.Уақыт өтсе де, жан жарасын
толық жазу қиын, себебі естеліктер тек қана ауырлық береді. Олар сенің жан дүниеңе сініп, қайта-қайта жаныңды ауыртады, бірақ сен ештене өзгерте
алмайсың.

Жүрек сырлары 🤍

03 Nov, 14:41


"Мен Раббымды сүйемін" дегеннің шархы:

Мен әр түнімнің бір бөлігін оған арнаймын деген сөз.
Басқаша сүйемін деген - өтірік!
Қалай жақсы көремін деп айтасың, бір жапырақ көрпені үстіңнен алып тастай алмасаң...

Жүрек сырлары 🤍

01 Nov, 13:48


Адам әр сәт дұғада болған сайын, Алланың Панасында болады🤍

Алланың Панасы: Алла әр сәт ниетіңізді түзетуді еске салады, әр ісіңізге жеңілдік, береке береді, ойларыңызды жинақы, мәселенің шешімін жүрегіңізге анық, айқын қылып, көрсетіп, салып қояды, күнәдан, Оған қарсы шығудан қорғайды, тоқтатады, белгілермен Өзіне қарай қайтарады, әлсіздігіңізді Күш-қуатымен жасырады, кемшіліктеріңізді Мейірім, Жұмсақтығымен жасырады. Тек басқалардан емес, тіпті өз көзіңізден жасырып, алға қарай жылжуға, құлшылықта табанды болуда Шабыттандырады.

Жүрек сырлары 🤍

29 Oct, 08:04


Сабырдан айырылма! Өйткені әдемі нәрселер әдемі сабырдан кейін келеді.

@454е

Жүрек сырлары 🤍

28 Oct, 14:30


Бәрібір соныңда, сенің миыңды
жеп, саған қызғанышпен қарап, сен
үшін жылаған қызды сағынасың.…..

Жүрек сырлары 🤍

25 Oct, 14:37


"Молшылықта сен "Алла" десең, таршылықты Ол "пендем" демей ме?!"

Мəулана Руми

Жүрек сырлары 🤍

24 Oct, 13:34


Алланың алдындағы әдеп-артық, бос сөздерден арылудан басталады.

Жүрек сырлары 🤍

22 Oct, 04:49


Егер адам жан-тәнімен Алла үшін жүрегін таза ұстауды қаласа, сол құлына Алла кез келген нәрседен сабақ алуды, тәрбие, білім алуды, сол арқылы тазалануды оңай етіп қояды. Білімнің ішінен білім, тәрбиеден тәрбие шығарып береді. Алла Оған Аль-Латыф Сипатымен жәрдем береді. Құлдың парасаттылығы артып, өзін және Раббысын түсінуді үйренеді, солай Раббысының ерекше бір тәтті тәрбиесіне кіреді.

Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллям) сияқты “Мені Раббым тәрбиеледі, қандай керемет тәрбиеледі” дей бастайды🤍

Жүрек сырлары 🤍

21 Oct, 12:54


адамның өзінен күтпеңіз, үміттенбеңіз, сонда Алла қалағаныңызды Өзі береді, қанағаттандырып

Жүрек сырлары 🤍

20 Oct, 15:08


Үнемі тәубеде болып, жүректі тазартумен айналысқан сайын, Алла білмегенді үйретеді

Жүрек сырлары 🤍

16 Oct, 10:11


Алланы қалайша жақсы көрмеуге
болады, сонша жаксылыққа бөлегенде?
Қалайша жақсылықтарын көрмеуге болады, кейде
алып, есіне түсіргенде?
Қалайша алғанда мұңаюға болады, орнына ең
жақсысын беремін дегенде?

Жүрек сырлары 🤍

16 Oct, 08:52


не істесеңіз де, не деп сөйлесеңіз де, Алланың Бақылап тұрғанын ойлап, Оған жағу, ұнау үшін жасаңыз

Жүрек сырлары 🤍

14 Oct, 12:33


Мықты болу деген ұғым өзгелерден мықты болуды білдірмейді. Өзіңді өзгелермен салыстырсаң, жарыссаң, түбінде рухани құлдырауға тап боласың. Өзіңді жегідей жейтін боласың.

Мықты болу деген ертең бүгінгіден жарты есе болса да алда болу. Даму. Өзің. Өзіңнен. Біреуден емес. Біреуден тек үлгі аласың. Біреу тек түрткі болады.

Жүрек сырлары 🤍

08 Oct, 09:05


Әдептің шыңы-өзіңізді ұмытып, Алланың бақылауын, назарын сезініп, барлық нәрседе Алланы тамашалаумен, көрумен өмір сүру.

Жүрек сырлары 🤍

01 Oct, 05:46


Сенімділік-Алланың нығметтері жайлы көп ойлаудан

Уайым-өзіңіз жайлы көп ойлап, Алланы ұмытудан

Жүрек сырлары 🤍

26 Sep, 15:48


Алланы жақсы көретін құл үнемі Алламен бірге болғысы келеді және соған көмектесетін істермен айналысу жайлы ойлардан басқа оның уайымы болмайды.

Жүрек сырлары 🤍

25 Sep, 13:54


«Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

(Нәфәхат рухания📚)

#әлі_өзекті

Жүрек сырлары 🤍

23 Sep, 17:16


Тырнақ өскенде, біз саусағымызды емес, тырнақты қысқартамыз. Сол секілді, егер қарым-қатынаста түсініспеушілік туындаса, біз қарым-қатынасты бұзбай, керісінше, сол
түсініспеушілікті жоюға тырысуымыз керек.
Себебі, саусақтың саулығы маңызды болғаны
сияқты, қарым-қатынастын, тұтастығы сақталуы тиіс. Адамдар арасындағы байланыс-нәзік жіп секілді, ол үзілуге емес, тек тазартылуға мұқтаж.

Жүрек сырлары 🤍

18 Sep, 07:15


Адам ойлайды, бәрі мен
жоспарлағандай болу керек деп. Жоқ,
бәрі Алла жоспарлағандай болады.
Көңіл қалу, стресс, депрессия осы жерде басталады, өмірден де түңіліп кетеді адам. Бірақ,сондай күйге түсіп кететіндей ешнәрсе болған жоқ қой?!
Алла бәрін Білуші, адам емес, Алла әуелгіні де, ақырыны да біледі, және
Алла тек хайырын беруші. Онда не үшін ойыңыз сан саққа бөлініп, қайғы мұнға батып жүрсіз? Бәрі жақсы, тек
Аллаһқа сеніңіз, оның шексіз
Даналығына сеніңіз! Бар болғаны осы,күлімдеңіз…

Жүрек сырлары 🤍

16 Sep, 13:55


Алладан келетін жақсылық пен жамандықты сынап, баға беру құлға тән қасиет емес. Адал, Раббысы жайлы жақсы ойда болатын құл, Раббысынан келетіннің бәрін хайырлы деп көреді және дәл сол нәрсеге жаны мұқтаж екен деп түсінеді.

Жүрек сырлары 🤍

07 Sep, 14:13


Егер өмірдегі стресс-өзге адамдарға
байланысты болса, Алла Тағаланы еске алып,
кішірейіп, дұға жасайтын уакыт келді деген сөз. Өйткені "Мен калағандай болуы керек"
деген ұстанымы бар адамдардың өзгелермен
мәселесі көп болады.
Ал стресс - адамның өзіне байланысты өзінен-өзі пайда боп, мазаны алса, Алладан кешірім (истиғфар) тілеу керек. Тазаланып, арылатын уақыт келді деген сез.

Жүрек сырлары 🤍

06 Sep, 13:11


Алла сізбен бірге болса, не керек артық ойлап, есептеп, қиындатып?🤍

Бастысы, сіз Алламен біргесіз бе?

Әр сәт Оны зікір етудесіз бе?
Әр сәт амалыңызды Ол үшін жасаудасыз ба?🤍

Жүрек сырлары 🤍

06 Sep, 07:37


Жүрек сырлары 🤍 pinned «Жүрегіне күш салма, демалсын.Саған бұйырған нарсе сенен айналып кетпейді. Миындағы артық, керек емес мусорды шығарып таста. Әр күн жаңа мүмкіндік. Өткен нарсе өтті,кетті,бітті. Өзгертуге келмейтін, шарасыз жағдай. Оны ойлап мың сарылып, басынды тауға да, тасқа…»

Жүрек сырлары 🤍

05 Sep, 17:30


Жүрегіне күш салма,
демалсын.Саған бұйырған нарсе сенен айналып кетпейді.
Миындағы артық, керек емес мусорды шығарып таста. Әр күн жаңа мүмкіндік. Өткен нарсе өтті,кетті,бітті. Өзгертуге келмейтін, шарасыз
жағдай. Оны ойлап мың сарылып, басынды
тауға да, тасқа да соққаннан пайда жоқ. Өкініп өткен өмірден алар асуын, бағындырар белесін не азайып, не көбейіп кетпейді. Сенің қандай дәрежеге дейін жететінің туылмай жатып шешіліп койған. Бірақ өмір тарихынды өз қолынмен өзің
жазып шығаратынынды ұмытпа. Қателіксіз адам болмайды. Өмір сүруді өзіне сенен басқа ешкім үйретпейді. Қателіктен сабақ ал. Бірақ жария етпе. Ешкімге сырынды айтып, жат болғанды жақын көріп, өз жолынды өзін жаппа. Сон нәрсені адамдар кейде бетіне басып жіберу мумкін.
Пендеміз ғой.

Жүрек сырлары 🤍

05 Sep, 10:28


Уақыт өте келе сол естеліктер де, адам да ұмытылады екен. Кейіннен түсінесін
ол адамды емес, онымен өткен
сәттерді сағынғаныңды. Бәрі
ұмытылып өз орнына келді дегенмен де, өзгені өміріңе, жүрегіне кіргізіп орын беру мүмкін еместей көрінеді.

Жүрек сырлары 🤍

03 Sep, 06:05


Біреу “жақсы көруді” жай ғана сезім деп біледі, ал біреу оған өмір деп қарайды.

📚 ليطمئن قلبي

Бір адамды ұнатсаң, жақсы көрсең, сен одан кімді көргің келеді? Өміріңдегі өтпелі сезімнің өкілін бе, жоқ әлде (отау құрып, бірге ғұмыр кешетін) өмірлік серігіңді ме? Соны ойла…

Жүрек сырлары 🤍

29 Aug, 16:25


Дәл осы сөзді бір жыл бұрын басқа қыздарды жұбату үшін,басқаларына жұбаныш болу үшін жазып едім,бір жылдан кейін өз ойымды,өзім оқып,өз-өзімді жұбатып отырамын деп ешқашан ойламаппын.Бір айырылыспайтындай елестетіп едім.Бірге болашақ көріп едім сол адаммен,оған тұрмысқа шығу бір арманым болып қалғандай.Жүрегімдегі,ішімдегі сезімімді,қандай қиын екенің сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Уақыт өте келе бәрі орнына келер.Ол қанша уақытта келеді белгісіз.Әзірге өз-өзіме жылауға,басқасына рұқсат беремін.Уақыт емші.Тағдыр болса қайта қосылармыз,Алланың Қалауымен.Ол адамда бәрі жақсы болсыншы деп дұғада боламын әрдайым,ең бастысы жазылып кетсінші.

Жүрек сырлары 🤍

22 Aug, 10:12


https://youtu.be/ntOlM0LIwi4?si=Z2WWewM8sHpIgCCs

Жүрек сырлары 🤍

21 Aug, 05:51


Нәзіктік деген не?

Егер еркектік(мужественность)-қаттылық, жеңу, соғысу, сақтық, ойлану болса…

Нәзіктік(женственность)-жұмсақ болу, беріле салу, иіле салу, бейбітшілік, тыныштық, сену, жеңіл болу, сезіну…

Тіпті, Қарым-қатынаста әйел адам өз табиғатына сай сөйлессе, әрекет етсе, ері де өз табиғатына сай оған жауап береді