aspire to inspire @aspiretoinspire5 Channel on Telegram

aspire to inspire

@aspiretoinspire5


көркем мінез ізденушісі ⚘
• ханафи, матуриди
• әр сөзім алдымен өзіме арналады

aspire to inspire (Kazakh)

Келесідей мәтінде келесі каналды қызметімен таныстырып шығамыз: 'aspire to inspire' каналы - бұл көркем мінез ізденушісінің қазақ тілінде жұмыс жасау мекенжайы. 'aspiretoinspire5' пайдаланушы атынан тұратын каналда, ханафи, матуриди тілдерінде және әр сөзі аз мәнде артық қолданады. Сізге өзіңізді жақсы жағыптықтап үйрену үшін көмек тапсыруға арнап көріп, мағансыз, жылжымайтын айтқандай мінез ізденушісінің қамтылуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сіз де 'aspire to inspire' каналын жүктеу керек екенін біліп, өзіңізге жақсы арнап тапсырыңыз!

aspire to inspire

09 Jan, 17:45


Нәпсіңді қинамасаң, ертең нәпсің сені қинайды.

(с) Ұстаз Мұхиддин Исаұлы

aspire to inspire

09 Jan, 15:35


يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ: اقْرَأْ وَارْتَقِ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِي الدُّنْيَا، فَإِنَّ مَنْزِلَتَكَ عِنْدَ آخِرِ آيَةٍ تَقْرَؤُهَا

“Құран иесіне (жаттаған адамға) Қиямет күні: “Оқы және жоғары көтеріл! Дүниеде қалай әдемілеп оқысаң, солай оқы. Сенің Жәннаттағы дәрежең соңғы оқыған аятқа дейін болады” деп айтылады.”

[📖 Хадис Тирмизи, Әбу Дәуіт]

aspire to inspire

08 Jan, 16:35


Құранға қатысты болған әр нәрсе берекеге бөленеді.

Құранды қолыңа алғаныңда қолдарың берекеге кенеледі, оған қараған көздерің берекеге бөленеді, оны оқыған ауызың берекеге бөленеді, оның аяттарына ой жүгіртсең ақылыңа береке беріледі, онымен амал етсең істеріңе береке енеді, оны оқыған үйге береке кіреді, оған жұмсаған уақытың берекелі болады, оны оқып өткен өмірің берекеге толы болады. Құран - тұнып тұрған береке, ендеше бұл берекеден сенде құр қалма! Себебі осы дүние мен ақыретте сені мәртебелі ететін де осы Құран!

“Біз түсірген бұл Кітап Құран берекелі…” [Әль-Әнғам, 92 аят]

aspire to inspire

08 Jan, 14:53


міндетті түрде тыңдауға кеңес беремін😍🖇️

https://youtu.be/usMBV550PsY?si=8_yU2L-Pm-5ASflr

aspire to inspire

07 Jan, 07:33


қазір дәптер ал да, 10 жылдан кейінгі өзіңді/ өз болмысыңды суреттеп жаз.

- сен кіммен дос болып жүрсің
- құраннан неше пара жатқа білесің
- неше хадис жаттағансың
- салмағың неше
- неше тілді білесің
- жылына қанша кітап оқисың
- қоғамға қандай пайда бересің
- жылына неше теңге зекет бересің
- отбасыңмен ара-қатынасың қандай
- ата-анаңа қандай жақсылық жасайсың

бәрін-бәрін жазып шық, қиялдап көр.
және күнде тәңертең тұрғанда 10 жылдан кейінгі “осы адам” қандай іс-әрекет жасайды екенін ойла. ол төсегін тоздырып түске дейін ұйықтай ма, әлде ерте тұрып күнін берекелі ететін әрекеттерден бастай ма?
10 жылдан кейінгі осы көрінісің саған алға жылжуға стимул берсін, аз-аздан болсын осы жанға айналуға тырыс, өзіңе сен. ең бастысы дұға етіп Аллаһтан көмек сұра, сенімді бол, Аллаһ қол жайып сұраған қолды ешқашан қайтармайды. үмітің мен еңбегің осылай сені жарқын болашағыңа жетелесін

aspire to inspire

06 Jan, 12:54


Если бы мы делали все, на что способны, мы бы не
узнали самих себя.

(с) Томас Эдисон

aspire to inspire

06 Jan, 12:21


өзіңді аясаң, аяма.

aspire to inspire

06 Jan, 10:52


Ең үлкен мотивация беретін нәрсе - өлім.
Иә, иә, біртүрлі болса да шындық. Бір күні өлетінімізді білгендіктен біз тірі кезіміздің қадірін жақсырақ түсіне аламыз. Себебі өлім деген барлық нәрсенің соңы емес, ол тек біздің амалдарымыздың соңы. Өлімнен кейін екінші мүмкіндік жоқ, мейлі сен 20 жаста қайтыс бол, немесе 80 жасқа келіп қайтыс бол, одан кейін екінші мүмкіндік ешқашан берілмейді. Өлімнен кейін құлшылық жасай алмайсың, мейлі ниетің жақсы болсын, ықыласың күшті болсын. Бір сәжде де жасай алмайсың, қабыл болмайды, бір аятта жаттай алмайсың.

Сол үшін өлмей тұрып қазір тіріл, мәңгілік ұйқыға кетпес бұрын қазір оян. Әйтпесе бәрі кеш болуы мүмкін..

aspire to inspire

06 Jan, 01:47


Тірі - деген сөз, мүмкіндік деген сөз. Жәннәтқа жету үшін, сауаптар алып қалу үшін…

(с) Айша устазам

aspire to inspire

05 Jan, 15:40


Әр дәуірдің Әсиясы, Мәриямы және Айшасы болады.

Олар үйлерінің қабырғаларын суретшілер салған портреттермен емес, әдемі зікірлермен әсемдейді. Жүректерін адамдар мен психологтар арқылы емес, намаз бен Құран арқылы тыныштандырады. Ең маңыздысы, олардың балаларын әлеуметтік желі емес, “дін” тәрбиелейді.

(с) Ихсан Шеножак

aspire to inspire

02 Jan, 16:05


Қыздарға комфорт керек. Олар қаншалықты қиналса өздерін жоғалтады. Ал ұлдарға керісінше дискомфорт керек, сол кезде олар әрекет етеді.

(с) Ербол ұстаз

aspire to inspire

31 Dec, 16:18


Біз өз дінімізді трендке айналдыруымыз керек. “Отан отбасыдан басталады” дейді ғой, егер әр қазақ отбасы Исламда қасиетті етілген мерекелерге мән беріп, сол мейрамдар келгенде бір-біріне сыйлық беріп, аса құрметпен атап өтетін болса, сол үйдегі өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтың да санасына шариғаттағы қасиетті күндер “құндылық” ретінде қалыптасатын еді. Әрқайсымыз өзімізден, өз үйімізден бастайық, ин шаа Аллаһ.
#idea💡

aspire to inspire

31 Dec, 15:40


Бірнеше жыл бұрын шетелдік компанияға аудармашы болғанымда Дубайдан келген кісілер Қазақстанның Ислам дініне ешқандай жағдай жасамағанын айтқан еді, яғни әлеуметтік орындарда намаз оқитын жер жоқ, дәрет алуға ыңғайсыз, тіпті азанның дауысы да естілмейді деп шағымдарын айтқан еді, мен оларға қазақтардың көп бөлігі мұсылмандар десем де сенімсіздікпен қараған.

Осы жазда да Нигериядан келген коллегаммен тура осыған оқсас тақырыпта сөйлескен едік, есімде толық қалмады бірақ, ол маған Қазақстан мұсылмандар тұратын елге оқсамайды деген сыңай танытты. Неге десем “Құрбан айт пен Ораза айт тойланғанын көрмедім” дейді, ал мен оның бұл сөзіне не деп жауап берерімді білмей қалдым😅
Ол өзі христианка болса да елінде мұсылмандардың мерекелерін қалай тойлайтынын көріп өскен екен, және ол күндері елде официально демалыс күндері болып саналады екен, ал неге Қазақстанда ол күндері демалыс емес дейді…Шыныменде біз өзге ұлт пен өзге дін өкілдерінің мерекелерін дүркіретіп тойлаймыз, бірақ асыл дініміздің мерекелерін бұлай құрмет тұтып тойламайды екенбіз, өкінішті..

aspire to inspire

31 Dec, 15:18


Мусульмане празднующие новый год не имеют ревности к Исламу и его ценностям. Конечно, сложно представить, что человек совершающий пятикратную молитву празднует новый год, но и такое встречается. Мусульманин должен ревновать, когда немусульманскому празднику уделяется столько внимания сколько не уделяется мусульманским праздникам, когда масштабы подготовки и празднования нового года выше масштабов празднования двух наших праздников – Ид аль-Адха и Ид аль-Фитр. Поэтому когда приближаются наши праздники, надо создавать предпраздничную атмосферу, не меньше чем она бывает при приближении нового года. А в день праздника делать так, чтобы дети с нетерпением ждали его в следующем году.

#заметки

https://t.me/darulfikr

aspire to inspire

30 Dec, 15:15


ауырып қалғаннан кейін келген инсайттар:

- сен қатты ауырып, ауыруыңды бір өзіңнің көтеруіңе күшің жетпей жатса да сен оны ешкімге бөліп бере алмайсың, тіпті ең жақындарың саған жаны ашыса да сенің ауыруыңның бір бөлігін алып, жеңілдете алмайды.

сол сияқты тозаққа түссең сенің азабыңмен ешкім бөліспейді, сен істеген істеріңе өзің ғана жауап бересің. сол үшін қазірден бастап өз істерің үшін “өзің” жауапкершілік алып үйрен, себебі ертең барлығына өзің жауап беретін боласың.

- денсаулық - Аллаһтың берген ең үлкен аманаттарының бірі, және оны күтіп ұстау біздің жауапкершілігіңізде. ертең ол үшін де сұралатын боламыз. денсаулықсыз ештеңе жасай алмайсың, тіпті құлшылығың, білім алуың, жұмысың да жайына қалуы мүмкін. сол үшін қазірден бастап барынша дұрыс, уақытылы, құнарлы заттармен тамақтанып, физикалық жаттығулар жасап жүру керек. және бұл жылына бір-екі күн емес, күнде жасалатын әдет болып қалыптасуы керек. ауыру айтып келмейді демекші, бірақ бұның алдын алуға да әбден мүмкін, Аллаһтың қалауымен әрине.

aspire to inspire

30 Dec, 10:47


Қазақ үшін сақал қойсаң арабсың,
Хиджаб кисең арабтарға қарапсың.
Жаңа жылды тойлап биік секірсең,
Міне сонда нағыз ұлы қазақсың!
Жат мейрамға көздеріңді салдыңдар,
Құрбан келсе кедей бола калдыңдар.
Жаңа жылда бар ақшаны жаратып,
Болмай жатса несиені алдыңдар!
Намаз десе денсаулығы жарамас,
Би басталса денсаулыққа қарамас.
Жаңа жылда арақ ішіп, би билеп,
Екі қазақ төбелеспей тарамас.
Қазағым-ау ақыретте не дейміз?
Жақсы сөзге үнемі біз кедейміз.
Бар білетін өнеріміз өсектеу,
Адам хақын қашан, қалай төлейміз?
Туған күнді тойламаған бабамыз,
Жаңа жылды кімнен алды қараңыз!

[авторы белгісіз]

aspire to inspire

27 Dec, 19:56


женитьба не нуждается в просторных домах и шикарной мебели, но нуждается в благородных душах и хороших семейных взаимоотношениях.

основой дома являются, не цемент и камни, а праведная жена и благочестивый муж.

aspire to inspire

27 Dec, 17:29


— Болашағым үшін қорқамын, не істеуге болады?

— Үлкен Ислам ғұламалары мұсылман емес хәлде өліп кетуден қорқатын болған. Имам Захаби өз биографиясында жазады:

وإذا سلِم لي إيماني فيا فوزي

“Егер иманым аман қалса…, паһ, бұл неткен тамаша жетістік болар еді”.

Имам Тақиюддин Әс-Субки өз ұлына жолдаған хатында жазады:

غاية مناي أن أموت مسلما

“Менің армандарымның шыңы - өмірден мұсылман болып өту”.

Darulfikr.ru порталынан

#ғалымдар_өсиеті

aspire to inspire

27 Dec, 10:12


2024 жылдың соңғы жұмасы, Асырдың соңғы сағаттар, дұғаларыңызды тілеп қалыңыздар, Аллаһ қабыл етсін 🤲🏻

aspire to inspire

26 Dec, 18:19


көп жоқ болып кетсем өз каналымнан өзім жатырқайтыным бар😅😁
бірдеңе жазайын десем оқырмандарымнан ұялып қалам, қай бетіңмен келіп тұрсың дейтіндей😂

кешірім сұраймын, каналға дұрыс көңіл бөле алмай жүрмін, Алла қаласа қолға аламын, Раббым Тауфиқ пен тұрақтылық нәсіп етсін🤲🏻

маған бүкіл біліп білмеген ауыруларынан түгел жазылып кетсін, жүрек дерттерінен де сауықсын, ауырулардың ізі де қалмай жоқ болып кетсін деп дұға етіп қоя аласыздар ма🥹
Allah razı olsun 🫶🏻

aspire to inspire

26 Dec, 17:43


өтіп кетті 😆

aspire to inspire

26 Dec, 06:43


ты говоришь: “Боюсь попробовать”

а Грейс Хопер говорила: “Корабль всегда в безопасности на берегу, но он не для этого построен.”

aspire to inspire

15 Dec, 12:31


https://t.me/+cmd7D8akO1BhYzMy

aspire to inspire

15 Dec, 12:31


Олжас ұстазымыздың (рахимаһулла) ақылы Құран курсын тегін таратып жатырмыз. Алда Құран түскен Рамазан айы келе жатыр. Құранға түсуге мүмкін осы дәрістер себеп болуы мүмкін.

Олжас ұстазымыздың амалдары тоқтады. Алайда артынан қалдырған ілімдерінен басқа. Барынша таратып жіберсеңіздер.

aspire to inspire

08 Dec, 09:53


Бүгін мұсылмандар “шүкір” намазын оқулары керек қой🥹
Аллаһым бұл жеңісті ұзағынан етсінші😭🤲🏻
Палестинадағы бауырларымызға да нәсіп болсыншы🤲🏻💔

aspire to inspire

08 Dec, 09:52


Әлхамдулилләһ…

Залым тиранның құлауы.

Замахшари өзінің тәпсірінде мына аятқа қатысты: «(Әлбетте құрыды) зұлымдық еткен қауымның соңы. Барлық мақтау – әлемдердің Раббысы Аллаға» деп айтылғанда, былай деген:
«Залымдар жойылғанда Аллаға мақтау айту – парыз. Бұл әділеттің орнағанының дәлелі әрі қуаныштың көрінісі».

Уа, Раббым, бұл істі қайырлы бастама ет! Барлық жамандықтан сақтаушы қыл, Сирия мен оның халқын қорғап, олардың ісін жеңілдетіп, тура жолдарын нәсіп ет!

©️Шейх Хамза әл-Бакри
(Хафизаһулла)

aspire to inspire

05 Dec, 07:15


Дамимын, үмметті алға жетелеймін деген әр мұсылман міндетті түрде көріп шықсын!

https://youtu.be/XfC0WBcdd3Q?si=zQG72SooQkRHK37D

aspire to inspire

01 Dec, 08:29


Йа Раббым, оларды Жаннатта қайта қауыштыршы, одан кейін ешқашан бір-бірінен, сүйгендерінен айырмашы🤲🏻💔

aspire to inspire

01 Dec, 08:22


құрбымның анасы қайтыс болды
дұға тілеулеріңізді сұраймын😞

Маргуба Ахметқызы

Раббымыз, оны жарылқа, қателіктерін кешір және Жәннаттың ең биік дәрежесіне кіргізе гөр❤️‍🩹

aspire to inspire

28 Nov, 11:03


“И правда, это прекрасное чувство полного упования и доверия Создателю. Ты не знаешь какими путями, через сколько времени, в каком виде, но ты подлинно веришь, что Он даст ответ на твою просьбу, если в этом будет благо.”

aspire to inspire

26 Nov, 06:00


Әнәс (радиаллаху анху) былай деп жеткізеді: “Алланың Елшісі (саллаллаху алейхи уә саллям): Алла жерді жаратқан соң жер сілкіне бастады. Осыдан кейін таулармен оны берік етті. Сосын жер қимылдамады. Періштелер таулардың қуаттылығына таңырқап:

- Ей, Раббымыз! Таулардан да күшті бір зат жараттың ба? – деді. Алла:

- Иә, темірді жараттым, - деді. Періштелер:

- Темірден де күшті бір нәрсе жараттың ба? – деді. Алла Тағала:

- Иә, отты жараттым, - деді. Періштелер:

- Оттанда күшті бір нәрсе жараттың ба? – деп сұрады. Алла Тағала:

- Иә, суды жараттым, - деді. Періштелер:

- Судан да күшті нәрсе жараттың ба? – деп тағы сұрады. Алла Тағала:

- Иә, желді жараттым, - деді. Періштелер:

- Желденде күшті нәрсе жараттың ба? – деп сұрады. Алла Тағала:

- Иә, адам баласын жараттым. Егер ол оң қолымен садақа беріп, оны сол қолы көрмейтіндей жасырса (ол одан да күшті)” - деді.

[📖 Тирмизи, Тәфсир, Муауизәтайн 2; Ибраһим Жанан, Хадис ансиклопедиси Кутуб-и ситте. Акчаг баспасы. – Истанбул. 9 том. 3263 хадис]

aspire to inspire

22 Nov, 19:36


Ассаляму алейкум
Могу обратиться за помощью?


получила весть, что маме все хуже и нужна еще одна операция, но уже на мозг, которую перенести может быть очень сложно…

хочу разделить салауат ан-нарият, кол-во чтения 4444 раз🌹
кто и сколько может прочитать?
можете написать ниже в комментариях.

намерение: Маргуба Ахметқызының отасы жеңіл өтсін, Алла шипасын бергей, тезірек өз қалпына келсін🤲🏻

aspire to inspire

18 Nov, 17:17


“Мен өмірімде шарап ішетін, намаз оқымайтын және т.б. күнәларды істеп жүрген Мұхаммед пайғамбар (ﷺ) үмбетінің көптеген ұлдарын көрдім. Бірақ қашан оларға Алланы айтсаңыз, Құдайға деген қорқыныштан көңілдері қасіретке толып, істеп жүрген істеріне өкініп, көздеріне жас үйіріледі. Олардың көпшілігінің жүректерінің кең екенін және жүректері ізгілік дәнін егуге құнарлы екенін көрдім, бірақ өкінішке орай, сол дәнді жүректеріне себетін жақсы егінші табылмаған. Олардың ондай жолға түсулерінің бірден-бір себебі насихат оларды айтар, мейірбандық танытып, қор көрмейтін әлдебіреудің болмауы. Ендеше оларды емес, олардың істеген күнәларын жеккөріңдер. Егер оларды қолдарынан ұстап Аллаға қарай жетектеп апара алатындықтарыңа сенімді болсаңдар, оларды жалғыз қалдырмаңдар!...”

Имам Ғазали (Алла оны рақымына алсын)

aspire to inspire

17 Nov, 14:06


Алла елшісі ﷺ секілді қыз баласын ешкім құрметтемеген ❤️‍🩹

(с) Шейх Әдһам әл-Асыми حفظه الله

🔗 linnisa

aspire to inspire

06 Nov, 07:32


о Господь, не поселяй в мое сердце ожидание того, что не придет.

aspire to inspire

05 Nov, 02:52


don’t give Quran your free time, give your best time.

сен Құранға бос уақытыңды емес, ең жақсы уақытыңды бер.

(с) ustath Jamal

aspire to inspire

02 Nov, 07:39


өзіңді өзгертуге әлі кеш емес!
дұрыс шешім қабылдауға әлі кеш емес!
бәрін басынан бастауға әлі кеш емес!
бірақ, әлі ерте де емес.

aspire to inspire

31 Oct, 03:44


aspire to inspire pinned «желіде бір түрік әпкеміздің тұрмысқа шықпас бұрын Алладан тілеген дұғасын естіп қалдым, ол айтады: “мен тұрмысқа шықпай тұрып Раббымнан сұрадым: “Аллаһым, мен тани алмаймын, бірақ Сен танисың, мен білмеймін, бірақ Сен білесің, мен көре алмаймын, бірақ Сен…»

aspire to inspire

31 Oct, 02:21


Араб тіліндегі رَجُلٌ (ер адам) сөзінің көпше түрі (дәл сол түбірден) رِجَالٌ. Ал إمْرَأَةٌ (әйел) сөзінің дәл сол түбірден көпше түрі жоқ.

Әйел баласының менмендігі мен тәкәппарлығына таңым бар!
Тіпті тілде де дара болғысы келеді!

(яғни әйелдің өмірде бір жанның дарасы, жалғызы болуды қалайтыны секілді...)

aspire to inspire

30 Oct, 18:38


اللَّهُمَّ لَا تُعِقْنَا عَنِ الْعِلْمِ بِعَائِقٍ، وَلَا تَمْنَعْنَا عَنْهُ بِمَانِعٍ

‘Аллаһым, ілімнен тосып қоятын амалдарды бізден алшақ қылғайсың’

aspire to inspire

30 Oct, 18:19


ең үлкен нығмет ол - білім.
қандай білім?
құлды Жаратушысына жақындататын білім..

Раббымыз біздерді білім жолында тұрақты және ықыласты етсін 🤲🏻💔

aspire to inspire

30 Oct, 07:06


Мұсылман қыз - ол бөтеннің көзінен, онымен еркін сөйлесе алуынан ада, қолжетімсіз қазына сияқты.
Оның сұлулығы басқалардан жасырын, оының дауысы, шын болмысы, қылықтары, бәрі бәрі жасырын..
Оны тек лайықты адам ғана басындағы бағы ете алады.
Мұсылман қыз, Аллаһтың Өзі көтеріп қойған дәрежеңді түсірмеші..💌

aspire to inspire

30 Oct, 01:14


Ойлап қарашы, сенің болашақ жарың сенің кім көрінгенмен сөйлескеніңе разы болар ма еді? Саған басқа адамдар емін-еркін қарап, сұлулығыңа тамсанатынына қуанып жүрсің бе? Сен өзіңді қызғанбайсың ба?

aspire to inspire

29 Oct, 08:24


өзіңді жақсы амалдар жасауға итермелемесең, ешкім саған ақыретте өз сауабын бергісі келмейтіні анық.
оян, өзіңді қолға ал, уақытыңды, тағы бір күн мүмкіндігіңді құр босқа жіберіп алма.

#reminder

aspire to inspire

29 Oct, 03:22


Құранмен өмір сүру және оны терең түсініп оқып-үйрену – екі дүниенің де шынайы рақаты. Мұны тек сол рақатты сезінгендер ғана түсіне алады. Біздің уақытымыз шектеулі, күндеріміз бізді белгіленген күнге қарай асықтыруда. Сондықтан Құранды өзіңе серік, жұбаныш және осы жолдың басшысы ет. Өмірдегі ең құнды нәрсе – Құранмен бірге болу. Өміріңнің қадірін біл.

[📖 Халал сиқыр]

aspire to inspire

27 Oct, 16:59


что может лучше верующих мужа и жены которые поклоняются Аллаху и не придают Ему сотоварищей и любят друг друга ради Аллаха стремятся к Его довольству и сражаясь на Его пути.❤️‍🩹

aspire to inspire

25 Oct, 19:59


Сен қай топтағы адамнан болғың келеді?

Жүрегінде Құраннан ешқандай үлесі жоқ, “қираған үй” сияқты жан болғың келе ме?
Әлде, Жәннатта: “дүниеде қалай көркем оқыдың, тура солай оқы да, жоғарыла!” делінген ‘Құранның серігі’ болған жан болғың келе ме?
Сен қайсы жолды таңдайсың?

aspire to inspire

25 Oct, 19:21


Оның разылығына ұмтылу сені разы етпейді ме?

Шынайы мұсылман тек Раббысына толық бойсұна алғанда ғана өзін толық бақытты сезінетіні анық.. Бұл тек му’миннің өмір бойы ұмтылуы керек жол..

aspire to inspire

25 Oct, 19:15


Ең қорқынышты нәрсе: Аллаһты жоғалтып алу, жүрегіңнен.. ал басқа өткінші нәрселер үшін, адамдар үшін уайымдама. Аллаһ жүрегіңде бар болса, басқа дүниелік нәрселерде өз орнын табады, өздері саған келеді..

aspire to inspire

25 Oct, 07:30


Бірде бір кісі Әбу Хазимге келіп: «Уа, имам! Айнала толған қымбатшылық болып кетті. Бұған не дейсің?» дейді.
Сол кезде ол:
«Оның несіне мұңаясың?!
Арзаншылық кезде ризық берген Алла, қымбатшылық кезде де ризығын жаудыра береді» деп жауап берген екен.
[Хилятул әулиә 1/526]

aspire to inspire

24 Oct, 19:09


Әбу Хазим (рахимаһулла) дүние жайлы көптеген сөздер қалдырған. Ол өзінің бір сөзінде: “Алла Тағала дүниені дүние болғандығы үшін сөккен емес. Дүниені жақсы көру – адамның табиғи болмысының бір көрінісі. Алла адамды солай етіп жаратты. Ендігі кезекте дүниенің қай қыры ұнамсыз?
Дүниенің ұнамсыз тұсы – сол бір дүние үшін Аллаға ұнамсыз амал жасап, Алланың бұйырғанын орындамау. Дүниенің қамы үшін құлшылықты шегеру. Қу дүниенің қамы үшін Алла разылығын ұмыту” деген.

aspire to inspire

23 Oct, 03:54


ассаламу алейкум

собрала фрагменты из книги «Благословенный семейный очаг» (всего 6 страниц). Пусть Аллах благословит нас на создание благополучных семей и пусть знания будут нам во благо 💌.

aspire to inspire

21 Oct, 13:42


🇵🇸 Письмо Омара из Газы!

“Приносим извинения всему миру за сцены оторванных конечностей и разбросанной в воздухе плоти, за вид обезглавленных голов и горящих палаток.

Мы приносим извинения миру за то, что нарушили вашу повседневную жизнь.

Простите нас, если вы видели резню, и она тяжело давила на вас, мешая допить чашку кофе.

Простите нас, если, листая ролики, вы увидели обгоревшего ребёнка в Газе и это испортило вам настроение.

Простите нас, если вас беспокоят крики наших женщин.

Простите нас, ведь нас убивают против нашей воли, и мы ничего не можем с этим поделать.”

💔💔💔

aspire to inspire

20 Oct, 18:28


Жәй ғана хафиз емес)
Өте, өте мықты хифз иесі, бір сүрені жаттау үшін шамамен 300-400 рет қайталаған, мысалы Юсуф сүресі (айтқым келгені қысқа сүрелер ғана деп ойлап қалмаңыз)
Қайталай бергені соншалық түсінде ұстазға құран тапсырып жатқанын, қателігін түзетіп жатқанын көреді екен, субханАллаһ
Және хафиз болдым, жаттадым, бітті деген сөз жоқ, ұстазы күн сайын 3 пара қайталауын міндет қылған..
Универде оқиды, және басқа қалашықтағы мешітке барып Тарауих оқиды..
Апта сайын Кембридж-де 3 мың сөздік эссе жазуға береді екен, ал ол кезде ИИ жоқ..

Ал біз құран жаттауға, ілім алуға уақытым жоқ, универ бар, жұмыс бар деп әлі сылтау іздеп жүрміз..
негізі бізде тек шынайы ықылас жоқ, әйтпесе басқа мүмкіндіктің бәрі бар..

(Соғыс болып жатқан жердегі, тіпті тұратын үйі жоқ, таза су мен тамақты тұрақты ішпейтін болса да, ата-анасынан айырылса да, күнде өлімді көрсе де, құран жаттап жүрген кішкентай Палестиналық балалар жайлы тіпті айтпаяқ қояйық)

aspire to inspire

20 Oct, 16:45


Құран хафизы болу және Кембриджде оқу…
Why not?

https://youtu.be/GsBYMOvLxY8?si=zj2LomZP5uBb9NRW

aspire to inspire

19 Oct, 05:25


Уайым мен қайғыға батсаңыз, немесе жәй ғана көңіліңіз құлазыса Құран оқыр/ тыңдар алдында осы хадистегі дұғаны оқыңыз:

«Кімде-кім: «Уа, Алла! Расында мен құлыңмын, құлыңның ұлымын, күңіңнің ұлымын. Шыбын жаным Өзіңнің қолыңда. Маған үкімің жүруде, маған жазған тағдырың да әділ... Уа, Алла! Өзіңді атаған, құлдарыңның біріне үйреткен,  Кітабыңда түсірген және  ғайып іліміңде жасырған Өзіңе тән барлық есімдеріңмен бір Өзіңе жалбарынамын: Құранды жүрегімнің көктемі, көкірегімнің нұры ет, онымен қайғымды сейілтіп,  уайымымды кетіргейсің!» – десе, оған уайым да, қайғы да жуымайды», – деді.

Сахабалардың бірі: «Уа Алла елшісі, біз оны үйреніп алайық па?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрине, кімде-кім естіп жатса, үйреніп алғаны дұрыс» – деді.

Оқылуы:
«Аллаһумма инни ъабдук, уа-бну ъабдик, уа-бну әмәтик, нәсияти биядик, мадин фия хукмук, ъәдлун фия қада-ук, әс-алука бикулли-смин һуә ләк, сәммәйтә биһи нәфсәк, әу ъалләмтәһу  ахадан мин халқик, әу әнзәлтәһу фи китәбик, әу истә-сәртә биһи фи ъилмил-ғайби ъиндак: «ән тәжъаләл-Қурана рабиъа қалби, уа нура садри, уә жәлә-ә хузни, уә зәһәбә һәмми»

aspire to inspire

18 Oct, 18:54


Қайғылымын, жылап тұрмын, бірақ үмітсіз емес.
Сендей қадірлінің дертіне дерттенген,
бақытсыз емес..

#freePalastine

aspire to inspire

18 Oct, 18:43


Нағыз му’мин мұсылман ол кім?
Тек қана 5 уақыт намазын оқып ешкімде шаруасы жоқ, өз қамын, қара басын ғана ойлап жүретін адам ба?

Неге бір мұсылман басқа мұсылман бауыры үшін күйзелмейді? Неге оның жүрегі ауырмайды? Неге қан жыламайды? Ондай жүрек шыныменде сау жүрек пе?

Неге біз қиналып жатқан бауырларымызды ұмытып кете береміз? Неге біз олар үшін тым болмаса дұға жасамаймыз? Неге?
Йа Раббым, бізге хидаят берші, жүректерімізді тірілтші, біздерді “сау” жүректің иелері етші..💔

aspire to inspire

18 Oct, 08:41


Адамдардың жолынан бұтақ, тас, шыны секілді зиянды заттарды алып тастау қандай үлкен сауап. Ал, олардың өмір жолынан қам, уайым, өкпе, наз, реніш, қайғы, стресс, күйзеліс, қорқыныш секілді келеңсіздіктерді кетіру одан да үлкен сауапты іс.

Пайғамбарымыз (ﷺ): “Кім бір мұсылманның бұл дүниедегі қайғысын сейілтсе, Алла оның Қиямет күнгі қайғыларының бірін сейілтеді. Кім қарызға батқан бір кісіге жеңілдік жасаса, Алла оған дүние мен ақыретте жеңілдік жасайды. Кім бір мұсылманның айыбын жасырса, Алла оның дүние мен ақыреттегі айыбын жасырады. Кім бір бауырына жәрдем көрсетсе, Алла оның жәрдемінде болады”, деген. [Муслим, 2699]

aspire to inspire

15 Oct, 03:02


Құран жаттаған, хафиз, ең ауыр өліммен шахид болды, Раббым оған Жәннаттың ең жоғарғы дәрежелерін нәсіп етсін🥺🤲🏻

Палестиналық бауырларымызды күнделікті дұғаларымызда ұмытпайықшы..💔🇵🇸

aspire to inspire

13 Oct, 16:35


Құранды құрметтегенді Алла құрметті қылады.

Тарихта өзінің әулиелігімен танылған Бишри әл-Хафи деген тұлға өткен. Оның тәубеге келуіне, жас кезіндегі жасаған қателіктерін түсініп, тура жолға түсуінің себебіне қатысты мына оқиға риуаят етіледі:

«Бір күні Бишр әл-Хафи мас болып Бағдаттың көшелерінің бірінде келе жатады. Жолында “Бисмилләһи әр-рахмани әр-рахим” деген жазуы бар қағазды тауып алады. Қағазды адамдар байқамай аяқтарымен басып тастаған екен. Ол мұны көріп қағазды жерден алып: “Ұлығым Жаратушым менің, Сенің есімің қалайша бұлай аяқ астында жатыр”- деп оны қастерлеп, былғаныштан тазартып, әдемі иіс су сатып алып сеуіп, үйінің биік жеріне әкеліп іліп қояды.
Сол түні ол түс көреді. Түсінде оған: “Уа Бишр ибн Харис, сен менің есімімді жерден жоғары көтердің, хош иіс сеуіп құрметтедің. Енді мен сенің атыңды дүние мен ақиретте құрметті қылып, хош иістендіремін” - делінеді. Міне осы түстен кейін Бишр әл-Хафи тәубеге келіп тарихта аты аталатын әулиелердің біріне айналады.

Демек, Алла Тағаланың есімін, сөзін кім құрметтесе Алла оның мәртебесін көтереді. Екі өмірде абыройын асқақтатады.
[Еркінбек Шоқай ұстаз]

aspire to inspire

10 Oct, 09:17


Ya Rabbi, make us among the Ahlul-Qur'an. Ya Allah, make us among the people of the Qur'an and the people who read, reflect over and act upon it and who live by it.
Allahumma ameen 🤲🏻💔

aspire to inspire

10 Oct, 09:01


Осы подкаст каналының әр эпизодын аяқтаған сайын көзіме еріксіз жас келеді, субханАллаһ😢
Құран хафиздары өздерінің жүріп өткен жолдары жайлы баяндайды👇🏻(канал ағылшынша)

https://youtu.be/XtYg9r0nYeU?si=gdY6mGmW06rdDdhK

aspire to inspire

08 Oct, 02:01


Allahumma Barik 🤲🏻🤍

aspire to inspire

01 Oct, 07:57


If you’re worrying about finding the right person:

It feels like, as soon as we hit a certain age, our focus shifts to getting married. However, our focus should be on ourselves and our connection with our Creator. He has already written your name next to the one who is meant to be yours, and only yours. So, if your trust and focus are solely on Allah, and your future partner’s trust and focus are on Allah as well, then surely Allah will bring the two of you together soon, in shaa Allah🤍

aspire to inspire

29 Sep, 19:47


Тәкәппар боп өмір сүрген неткен ауыр. Күн сайын басқалардан бірнәрсе күтесің. Барлығы саған жалпақтауға міндетті секілді түр жасайсың. Біреу Сенің “мәртебелі жүзіңе” қабағын шытса, ренжи қаласың. Біреу саған дұрыс емес қарым-қатынас жасай қалса ашуланасың.

Ал егер қарапайымдылықты ұстансаң, тыныштықта өмір сүресің. Ешкімнен ештеңе күтпейсің. Болмашы жағдайларға ренжи бермей, жәй ғана өткізіп жібересің. Ешкім саған міндетті емес екенін білесің. Өмірің әлдеқайда гүлдене түседі.

#қарапайым_бол