тұмарым де 🌊 @qayratqyzy Channel on Telegram

тұмарым де 🌊

@qayratqyzy


тұмарым де 🌊 (Kazakh)

тұмарым де 🌊 Telegram channel is a platform dedicated to exploring the beauty of the sea and all things related to it. This channel is perfect for nature enthusiasts, ocean lovers, and anyone interested in marine life. From breathtaking underwater photography to fascinating facts about different sea creatures, this channel provides a space to immerse yourself in the wonders of the ocean. @qayratqyzy, the creator of this channel, is a passionate marine biologist who shares her knowledge and love for the sea with the world. With a background in marine conservation, she brings a unique perspective to the content shared on this channel. Whether you are looking to learn more about marine ecosystems or simply appreciate the beauty of the sea, тұмарым де 🌊 is the perfect channel for you. Join us on this journey as we dive deep into the mysteries of the ocean and discover its hidden treasures. Let's explore the magic of the sea together!

тұмарым де 🌊

12 Oct, 08:47


Открываем Китай для стартапов и погружаемся в мир искусственного интеллекта. Идеи, инсайты и инновации — все здесь!
https://t.me/chineseinsiders

тұмарым де 🌊

04 Sep, 03:31


Всё о Stipendium Hungaricum от человека, который прошел.

Размер гранта:
Masters - 110EUR/мес (🥲)
Doctorate - 470 EUR/мес
Бесплатная общага или 105 EUR/мес на кв
Страховка
*многие работают ибо чисто с грантом скорее бомжуют*

Конкурс:
В 2023-2024 подали 1 141, прошли 248 (+200 лист ожидания)
Acceptance Rate: 21.7%

Университеты:
University of Debrecen (QS 574)
University Szeged (QS 570)
Eötvös Loránd University- ELTE (701-750)
University of Pécs (701-750),
Budapest University of Technology and Economics (801-1,000)
Hungarian University of Agriculture and Life Sciences (MATE) (801-1,000)

Отработка:
Можете не соглашаться на отработку в 1 год в Казахстане, но потом не сможете получать услуги Болашак (ЧС-ға тығад)

Крайний срок подачи:
~Январь 15
Они требуют РЕНТГЕН И АНАЛИЗЫ, впервые видел такое😩

Личное субъективное мнение о гранте:
-Во-первых Венгрия это конечно не Германия или США. Возможно исследование и дальнейшее движение будет по сложнее. Но университеты в Венгрии судя по ранкингу неплохие.

-Мне понравилось подавать, ибо при подаче на грант, подаешь и в 2 университета тоже. В каждом университете будто есть человек отвечающий за хунгарикумовцев.

-Не забывайте подать и на портале Болашак И на самом сайте гранта.

тұмарым де 🌊

23 Feb, 21:54


негізі біз Еуропаға жақынбыз. әсіресе, италиялықтар мен қазақтардың ұқсас жері көп. отбасы болып жиналу, тамақ (еттің наны = паста), біздікіндей үлкен заңсыздық болмаса да, оларда да мизогинияның бір лебі бар. одан бөлек адамдарға мектепте берілетін білім жалпы Еуропа мен Азия елдерінде ұқсас. киім жағы да сол, италиялық еркектер, әрине, күүүштііі киінеді. бірақ ‘шүберекке’ мән беру, сабаққа киініп бару дегендей жалпыға ортақ дүниелер бар.


америкалықтар болса - бір басқа континент емес, басқа планетаның адамдары сияқты. жақсы да емес, жаман да емес, тек басқаша.

біреудің жеке шекараларын ескеріп тұрады, ешкім ешкімге қарамайды, әсіресе, талқыламайды. мүмкіндік болса, күлдіріп қалуға тырысады. әңгімеге ашық, сөйлессең бірдеңе білгісі келіп тұрады. осы жақта, Сан Диегода тұратын италиялық жігітпен кофе ішуге барғанбыз. “Балаларымның америкалық құндылықтарды қабылдағанын қаламаймын” дейді. менің де жігітімнің айтатыны сол. қит етсе, культура отмены. барлығы өөте жұқа мұздың үстінде жүргендей.

сосын айтпақшы, америкалықтар топастау дегенмен келіспеймін. оларға жай ғана по**й. қай мемлекет қайда, не тіл, география дегеннің бәріне - жай ғана бәрібір. әркім өз отбасын, денсаулығын, жұмысын ойлайды.

кейде ойлаймын, біздікілер де дәл солай өзінің рухани & материалдық байлығын ойласа ғой. Палестина бүйтті, Украина былай болды деген у-шуға кішкене болсын азырақ мән беріп, өзімізде болып жатқанды ойласа ғой. қазақстандық патриоттың ел үшін істей алатын ең үлкен ісі - бай болу, ақша табу және сол ақшаны мемлекетте жұмсау. жалпы салыстырмалы түрде, біздің мемлекеттің жағдайы әжептәуір. гиганттармен емес, өзіміз қатарлы елдермен салыстырсақ даму деңгейіміз жаман емес.


тезис жазамын деп миым ашып кетті. сосын өзімді алдап, осында жазып отырмын

тұмарым де 🌊

21 Feb, 04:15


айтпақшы,

сіздермен біраз нәрсе бөліспеппін. біріншіден, мен АҚШ-та тұрып жатырмын.

екіншіден, арманым орындалып, кит көрдім.

үшіншіден, дәл сол кемеде ай сэд йес. 12 мемлекет, 40 шақты қала көріп, айналып келіп, өзімнің ауылымның баласына шығатын болып жатырмын. өмір қандай қызық.

тұмарым де 🌊

14 Jan, 13:15


күшті әңгіме айтып берейін ба? менің депрессиямен күресіп жүргеніме шамамен 2 жыл болды. Италияға көшіп келгелі апталап жылайтын кездерім болады. психотерапия да болды, практикум, шамамен екі миллион қағаз да жазылды, қолымнан келгеннің бәрін істеп келем. клиника емес әрине, бірақ соның әр жақ, бер жағы.

кейде апталап аспанға қарап жатамын. таңғы асқа күндегісін күнде — “кіммін, не істеп жүрмін, бастысы - неге ішімді бірдеңе жегідей жеп барады?”. бітпейді. кейде тынышталады әрине.

жалғыз түсінгенім - мен сондаймын. арасында бір жоғалып кетіп отыруым керек, далаға шығып көп жүруді, жазуды, үйдегілерге, достарыма хабарласуды тоқтатпау керек. тырысуды тоқтатпау керек. күлуді, жылауды, ұсақ-түйекті байқауды ұмытпау керек.

біз сондай ұрпақпыз ба? жоқ әлде бәрің шеттеріңнен саусыңдар ма?

тұмарым де 🌊

10 Jan, 14:57


тұмарым де 🌊 pinned «АҚШ ТУРВИЗА 🇺🇸 Визаның бұл типі B1/B2 деп аталады. Қазақстандықтарға 10 жылға беріледі. 10 жылдың ішінде жылына 6 ай сол жақта бола аласыз. Бірінші DS-160 анкетасын толтырып, 180$ көлемінде салық төлейсіз. Болды, басқа ештеңе төлеп керек емес. Еуропаға…»

тұмарым де 🌊

10 Jan, 14:56


АҚШ ТУРВИЗА 🇺🇸

Визаның бұл типі B1/B2 деп аталады. Қазақстандықтарға 10 жылға беріледі. 10 жылдың ішінде жылына 6 ай сол жақта бола аласыз.

Бірінші DS-160 анкетасын толтырып, 180$ көлемінде салық төлейсіз. Болды, басқа ештеңе төлеп керек емес. Еуропаға барарда қосымша страховка секілді дүниелер алу керек, АҚШ ондай сұратпайды. Анкетада қайда барасыз, қай жақтан ұшасыз, қай жерде тоқтайсыз — барлығын көрсету керек. Тіпті, әлеуметтік желілердегі парақшаларыңызды тексереді. Соңғы 5 жылда болған жерлерді көрсетесіз. Негізі кез келген консул сізге иммигрантқа қарағандай қарайды, сіздің басты мақсатыңыз - барынша өзіңіздің турист екеніңізді көрсету. Сондықтан визаға тапсырмай тұрып, шет елдерге шығып, паспортыңызды толықтырсаңыз болады. Бірақ бос паспортпен де 10 жылға виза алып кетіп жатқандар болады. Бұл 100% жұмыс істейтін лайфхак емес.

Мен Италияның Флоренция қаласында, 4 сәуір күні алдым. Таңғы 9-да кірдім, 9:30-да интервью болды. Телефон, гаджет, барлығын кірерде тастап кетесіз. Интервью әрі кетсе 5 минут болған шығар. ‘Ата-атаң кім болып істейді, әкеңіз бай ма?’ деп сұрады. Сасып қалдым 😂 Былай болады енді, жетеді өзімізге дедім. Екінші сұрақ Бельгия жайлы болды. ‘Қай күні бардыңыз, не жедіңіз, кіммен, қайта ұйықтадыңыз’ деп жаудырды сұрақты. Ол дәл 4 жыл бұрын болған трип, әйтеуір есіме түсіріп айтып бердім бәрін. Бір тергеу секілді сезілді. Күліп қарап, жолыңыз болсын! деді. Сонымен екінші күні Римге тегін паспортымды жеткізіп берді. Менен айтпақшы ешқандай құжат сұрамады. Карта, ақша, справка - дым керек қылмады. Сол сұрағаны екі сұрақ, оның өзі 5-ақ минут алды.

Кеңестер:

1. Сасқалақтамаңыз. Берсе берді, бермесе бермеді. Көбіне лоторея сияқты, жай консул шаршап тұрғансын отказ дей салуы мүмкін.
2. Өзіңіз толтырыңыз! Не жазғаныңызға қарай сұрақ қояды, сондықтан бәріне белгілі НЙ дей бермей, Йосемит деген сияқты қызықты жерлерді атаңыз.
3. ‘Визовый эксперттерге 500к төлесем - аламын’ деген қате. Барлығын консул шешеді.
4. Студ.виза бұдан жақсырақ деп ойлаған да қате, студ визаға да қазір отказ көп келеді. Виза в США деген сияқты чаттарды телеграмда көп оқып едім, адамдар өз тәжірибесімен бөліседі, оқып, қарап отырған дұрыс.
5. Не қазақша, не ағылшынша сөйлеңіздер. Бұған да көңіл бөледі деп естігем.
6. Жұмыс істеуге бара жатырмын деп айтпау керектігі анық шығар, иә?
7. Киімге де қарайды. Спортивкамен барып жүрмеңіздерші, жігіттер. Білдей бір консул ғой ол да, этикет міндетті түрде сақталуы қажет.
8. Ол жақтағы туысқан-достарыңыз жайлы айтпай-ақ қойыңыздар.
9. Міндетті түрде елде ұстап тұрған фактор жайлы айтыңыздар, көрсетіңіздер. Менікі - Италиядағы оқуым. Оқу, жұмыс, балаларыңыз - бәрін көрсетіңіздер.

Былай жалпы уайымдайтын ештеңесі жоқ, қалтамызда 10 теңге болмаса да алдық қой 😹😹

тұмарым де 🌊

06 Jan, 12:05


Италияға қатысты тағы қандай сұрақтарыңыз бар? қызық болса, пост қылып жазайын)

тұмарым де 🌊

28 Dec, 09:26


мынаны көріп, балаша қуандым 🥹⚡️

тұмарым де 🌊

24 Dec, 19:01


есімім алғаш рет фильмнің аудармашысы ретінде титрде болады ☄️

барып көріп қайтыңыздар міндетті түрде

тұмарым де 🌊

21 Dec, 15:41


hey_tomi
инстаграмға жазыңыздар :)

болмаса осында коммент

тұмарым де 🌊

06 Dec, 23:05


әлі күнге дейін осындаймын 🌚

әйтпесем баяғыда блогер болып кетпейм ба дее

тұмарым де 🌊

04 Dec, 11:40


қайырлы таң деген осы ма?

тұмарым де 🌊

25 Nov, 04:47


бүгін шын қарудан атуды үйрендім. инстаграмда толықтай жазып шықтым — hey_tomi ⚡️

тұмарым де 🌊

23 Nov, 02:38


енді осы ән үшін Лондонға бару керек болды ғой 😩

тұмарым де 🌊

22 Nov, 21:02


best books read in 2023 📚

1. anxious people, f. backman
2. midnight library, m. haig
3. everything i know about love, d. alderton
4. people we meet on vacation, e. henry

тұмарым де 🌊

22 Nov, 20:26


айтпақшы, жұрттың бәрі айтатындай Дубай сондай қымбат емес. қымбат деп қорқа берсең, ақша ешқашан жетпей кетеді.

wizz air-мен Астанадан 25 000 теңгеге билет алып, көріп қайтыңдар. ең құрмағанда, жоспарларыңды жазып, арасына қосып қойыңдар. бәрі содан басталады.

тұмарым де 🌊

22 Nov, 20:23


ертең солтүстік полюстің үстімен ұшатын 16 сағаттық рейспен Лос Анжелеске ұшамын. бір жыл бұрын сенбес едім. АҚШ ешқашан арманым болмаған.

осы жерде бөлісіп отырамын 🥹