Ілім Ізденуші📚 @imanarna Channel on Telegram

Ілім Ізденуші📚

@imanarna


Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі...

📚 Хәкім Абай

Уа адамдар! Кімде-кім менің қисық кеткенімді көрсе, бірден түзетсін.

Ілім Ізденуші (Kazakh)

Ілім Ізденуші, әдеби білім берушілерге арналған Telegram каналының аты. Бұл каналда кітаптардың талдауы, тақырыптардың талқылауы және басқа ұстанымдар бар. Өзінің қазіргі білімін жаңа көп жүйелер арқылы қалай жеткізе аласыздар, ондағы кітаптардың бағалары туралы ақпаратты аласыздар. Каналға қосылыңыз және қазірден бастаңыз сіздің біліміңізді арттыру жолында артықшылықтар қайталанады.

Ілім Ізденуші📚

27 Jan, 18:34


Кітап арасына саламыз😇

Ілім Ізденуші📚

27 Jan, 16:54


Бізге берілген күшті өзімізге жұмсау үшін берген.. Ал біз өзгеге жұмсап өзімізге келгенде әліміз қалмай қалады…

Ең алдымен өзімізге күш салып энергиямызды⚡️ арттыру арқылы, өзге жанға күш беруге болады..


Ал бізде бәрі керісінше, өзге жанға күшімізді жұмсап алып, өзімізге күш беретін жанды күтеміз.. Бірақ ол жан келмейді.. Солай барлық энергиямыз⚡️ босқа кеткені..


Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

27 Jan, 16:07


Мына шексіз әлемді ниет тарлығымен тарылтып алма, жүрекке кеңдік сыйласаң, дүние де саған құшағын жаяды.

Шексіз әлемді ниет тарлығымен тарылтып алма, себебі ойың мен ниетің – өміріңнің шекарасын сызады.

Ниетің кең болса, әлем де саған шексіз кеңістігін ашады..


📕Қойын дәптерден

Ілім Ізденуші📚

27 Jan, 13:48


Құрметті бауырлар! Медресе ұстазының жаңа арнасына тіркеліп, қолдап жіберсеңіздер. Көптеген пайдалы жазбалар мен аудармалар. Баршамызға пайдалы ілім нәсіп болғай. 🤲🏻

https://t.me/nursultan_zs

Ілім Ізденуші📚

27 Jan, 08:54


В конце концов человеку дана всего одна жизнь- от чего же не прожить ее как следует?

📚 Джек Лондон Седрца трех

Ілім Ізденуші📚

26 Jan, 11:26


Барлыхан Сейткәрімұлына дұға етіп қойсаңыздар бүгінгі түнде…

Қабір азабынан, тозақ отынан сақта, хақ жолды ұстанғандардың қатырынан болуды нәсіп ете гөр! Ақыретте жүзі нұрлы құлдарыңнын қатарынан болуды нәсіп ете гөр! Амал дәптері оң жағынан, барлық күнәларын кешіріп, сауапты амалдарын екі еселей гөр !

Ілім Ізденуші📚

26 Jan, 11:22


Миғраж түнінде қандай амал жасау абзал болады..

📌 Таң намазы мен кешкі намазын ықыласпен оқу..
Нәпіл намаз оқу..

📚 Қасиетті Құранда Исра сүресін оқу…
Сүреде миғраж түннің маңызын түсіндіреді..
Құран оқу

📌Мұқтаж жандарға садақа беру…

🤲 Дұға жасау.. Бұл түні Алладан кешірім, береке, екі-дүние бақытын, өмірімізге жақсылық және т.б

📌 Зікір айту, истиғфар ету, салауат айту…

Ілім Ізденуші📚

26 Jan, 07:58


Казахи не говорят:
Кітап алып, өзін дамытуға үлес қосып жүр… Қазіргі жастарға осы керегі..

Казахи говорят:
Ақшасын босқа шашып, кітап алып жүр.. Не керегі бар кітаптың

Ілім Ізденуші📚

26 Jan, 07:29


Алдына қойған мақсатына селқос қарайтын адам жайлы ауыр уағыз..


Бір пенде шағбан айларында Рамазанды осылай керемет өткіземін -деп алдына нақты мақсат қояды. Содан рамазанға
жетпей қайтыс болды делік.

Алайда ол адам бұрыннан өз мақсатына берік, айтқан сөзін бұлжытпай орындайтын адам болса, Алла оған сол мақсатына сай осы рамазанды да жақсы өткізгендей сауап жазады.

Алайда өз мақсаттарына селқос қарап, мақсатын қоярын қойып алып, оны орындамай селқос жүретін адам болса, оның жағдайы түсінікті.

Мақсат-жоспарыңды уақытылы орындап жүр. Аллаға өзіңнің жігерлі адам екеніңді дәлелдей біл.

📚

Ілім Ізденуші📚

25 Jan, 17:34


Таңғы немесе түңгі намазға тұрсаңыздар жамағат Барлыхан Сейткәрімұлына дұға етіп қойсаңыздар!


Алла разы болсын баршаңызға

Ілім Ізденуші📚

25 Jan, 16:06


Жоғары оқу орны, 70 кітап және 30 мақала оқысамда әлі қателікпен оқимын..
Маған қайырлы таң деп жазыпсыз, ал мен, мен сізді жақсы көремін деп оқыдым…

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

25 Jan, 14:01


Қалған суреттерді жеке арнама саламын

Ілім Ізденуші📚

25 Jan, 13:57


Тәуелсіз болуға тырыс. Ешкім сенімен бірге кітап оқығысы келмесе де, өз бетіңше жалғыз оқы. Ешкім сенімен таңертен жүргімесе де, өзің жалғыз жүгір. Ешкім сенімен бірге дамығысы келмесе де, өзің жалғыз дамы. Басқаларға тәуелділікті азайт.

Даму жолында ешкімге мұқтаж болма.

©️ Абылай Кенжали

Ілім Ізденуші📚

25 Jan, 05:34


Ата-ана- жәнәттің ортаңғы есігі. Олай болса, ерік өзіңде. Ол есікті мейлі қолдан жіберіп ал, Мейлі көздің қарашығындай қорға.

Ілім Ізденуші📚

23 Jan, 17:50


Жұманың хайыры мен берекесі сіздермен біздерге болсын

Ілім Ізденуші📚

23 Jan, 17:50


Арнасы бар жандар алып кетсеңіздер!

Ілім Ізденуші📚

23 Jan, 17:38


Әкем үшін дұғада болсаңыздар!

Барлыхан Сейткәрімұлы қабір азабынан, тозақ отынан сақтай гөр! Хақ жолдардың қатарынан болуды нәсіп ете гөр! Ақыретте жүзі нұрлы құдарыңнын қатарынан болуды нәсіп ете гөр!

Ілім Ізденуші📚

23 Jan, 16:22


Ілім Ізденуші📚 pinned «Барлыхан Сейткәрімұлына құран бағыштап, дұға етіп қойсаңыздар! Админдер ертең және ертең арғы күні жұма күні алып кетсеңіздер… Алла разы болсын баршаңызға! Менде екі күнге ота жасатуға кіріп бара жатыр едім! Сала алмай қалайын деп тұрған соң, сіздерге өтініш…»

Ілім Ізденуші📚

23 Jan, 09:23


Дәрістер бар біз үйренбеген әлі:
Алғашқысы- ренжімеу,
Ең соңғысы - ренжітпеу.

Данияр Жігітбек

Ілім Ізденуші📚

23 Jan, 08:47


Адамда арман таусыла ма, бірі орындалса, келесі бірі бас көтереді. Арман бітсе, өмір тоқтайды.

Теңбіл тіршілік

Ілім Ізденуші📚

22 Jan, 18:09


Жығылғанға демеу, сүрінгенге тіреу бола білуің де, көңілге жұбаныш, жүзге күлкі сыйлай алуың да – үлкен нәтиже.

Ілім Ізденуші📚

22 Jan, 13:25


Барлыхан Сейткәрімұлына құран бағыштап, дұға етіп қойсаңыздар!

Админдер ертең және ертең арғы күні жұма күні алып кетсеңіздер…

Алла разы болсын баршаңызға!

Менде екі күнге ота жасатуға кіріп бара жатыр едім! Сала алмай қалайын деп тұрған соң, сіздерге өтініш жасап жатырмын!

Ілім Ізденуші📚

22 Jan, 06:57


السلام عليكم ورحمة الله وبركاته 🤍

Құран курсы енді топпен де, жеке де өтуге болады🫂

Алланың кітабын оқу – сізді Раббыңызға жақындататын ең ізгі амалдардың бірі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйренгендерің және оны өзгелерге үйреткендерің» деген (Бухари).

Рамазанға дейін Құранға түсіп, қасиетті айды Алланың сөзімен қарсы алуға мүмкіндік алыңыз!

Сабақтың ерекшеліктері:
Тек әйелдерге арналған
Жеке форматта
17-35 жас аралығында
1 ай ішінде Құранға түсу мүмкіндігі
Құранға түскендерге 1 ай тасхих сабағы ТЕГІН

📖 Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Рамазан айы – адамдарға тура жолды нұсқаушы және ақиқат пен жалғанның арасын ажыратушы дәлелдер ретінде Құран түсірілген ай» (Бақара сүресі, 185-аят).

📞 Байланыс: @umhallid
Алланың сөзімен өміріңізді нұрландырыңыз!

Құран – жүректердің шипасы, жанның тыныштығы. Бүгіннен бастаңыз!

ЕСКЕРТУ❗️
ТЕК ӘЙЕЛДЕРГЕ, ЕР АДАМДАР ЖАЗБАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН❗️

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 19:49


Сейткәрімұлы Барлыхан құран бағыштап, дұғаларыңызға қосып қойсаңыздар…!

Алла разы болсын баршаңызға

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 16:54


Сонда Мейрімі шексіз Алладан мынадай ескерту келеді:
Ол құлым 100 жыл бойы отқа табынып келсе де, Мен оған ризығын беріп келдім.
Ал сен болсаң 1 тамағыңды бере алмағаның ба?!

Бұл ескертуден соң ИбраҺим пайғамбар(а.с) дереу ол қарияны қайта шақыртып алып, кешірім сұрап, тамақ ұсынады.

Қарияның неліктен деген сұрағына, Мен Алладан осындай ескерту алдым деп түсіндіріп береді.

Сонда бұл нәрсеге қайран қалған қария:

Не деген Мейірімді Раббы! Мендей 100 жыл бойы Өзіне қарсы келген құлы үшін сүйікті пайғамбарына ескерту жасаған.
Бұл дін ақиқат дін, ал ақиқат дініне мен де кіргім келеді дейді

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 16:49


Бірде қонақ күтуді жаны сүйетін Ибрахим пайғамбарға(а.с) бір апта бойы қонақ келмей қалады. Сонда далада пайғамбар 100 жасар бір қарияға жолығып, оны үйіне қонақ қылып алып кетеді.

Сөйтіп тамақ келіп, барлығы Бисмилләһ деп тамақты бастай бергенде, қария қасиетті сөзді айтпайды. Бұған таңқалған пайғамбар ол кісіден себебін сұрайды.

Сонда қария:
-Мен отқа табынушы кісімін- деп жауап береді.

Бір дастырханда отқа табынушы кісімен отырған жөн болмас деп, ол қарияны сыпайы түрде шығарып салады.

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 16:05


Абайлап сөйле сөзіңді,
Адамның көңілі гүл деген.
Өзіңе жеңіл болғанмен,
Өзгеге ауыр зіл деген.

Хәкім Абай

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 14:28


Лауазым ешкімге мәнгілік емес...

Кез келген себеппен жағдай езгеріп, өз орныңды босатасың, ал адамдар сені тек жасаган істерің арқылы ғана еске алады.
Не саган дұға етеді, не карғыс айтады.
Сондықтан адамдар саған қорыққаннан немесе
көзбояушылықтан емес, шынайы сүйіспеншілікпен және құрметпен қарау үшін әрдайым ұмтыл.
Лауазым адамды қалыптастырмайды , керісінше, адам лауазымды қалыптастырады.


Өзіңнің айналаңдағыларға үлгі бол!

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 14:04


Ей, адам баласы! Жасаған күнәларың тіпті аспандағы бұлтқа жетіп, бірақ Менен кешірім сұрасаң, Мен сені ешнәрсеге де қарамай кешірер едім…

(Термизи)

Алланың мейрімі сенің күнәларыңнан да аса шексіз екенін сезін. Күнә жасап қойсаң, тәубе ет. Аллаға қайта орал. Намазыңды тастасаң, қайта баста. Орамалыңды шешсең, қайта ки. Құранның бетін ашпай кетсең, қайта оқып баста.


Алла Тағала сенің тәубеңді күтеді..

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 09:57


“Әй, жігітім! Aз да болса амал жасаудың қамын ойла. Мынаны біліп қой; тек ілімнің өзі адамды тозақ/жаһаннам азабынан құтқара алмайды. Яғни адамға қиямет күні жалғыз ілім меңгергендігі жетпейді. Оның мысалы мынадай:
Өзінде ең тәуір қылыштан он қылыш және басқа қару-жарақтары бар адам сахарада өзіне бас салған арыстаннан қорғану үшін қару-жарақтың жанында тұрғанына бола сенімді бола ала ма? Арыстаннан қорғану үшін қаруын қолданып бір амалмен оны қууға тиіс. Міне, осындай адам ілім меңгеріп түбіне жетсе де және оны басқаларға үйретсе де өзі амал жасамайынша ілімнің оған еш пайдасы тимейді.


📚 Имам Ғазали (رحمه اللّه)
Әййуһәл-уәләд кітабынан

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 07:17


Қолыңнан емес, жүрегіңнен ұстағанның қадірін біл. Қолдан ұстау бәрінің қолынан келе береді. Киімін беріп жылытқанға емес, көңілін беріп жылытқанға қара. Өзіңнің қадіріңді білетіндермен аралас, қадірің белгілі емес жерде бөтен адамдай бол.

Ілім Ізденуші📚

21 Jan, 06:16


Барлық жүкті келер ұрпаққа тастамай, қазір қолға алу керек!

Ілім Ізденуші📚

20 Jan, 08:00


Бүгін дұғаға қосуды ұмытып кетпеңіздер

Ілім Ізденуші📚

20 Jan, 07:57


Кейде өзгелерге жарық сыйлау үшін өз-өзін жейтін
майшамдай болу керексің.

Ілім Ізденуші📚

19 Jan, 20:14


Құрметті жамағат!
Қайырлы түн баршаңызға..
Түн тыныштығын берсін..

Ертең нәпіл ораза қабыл болсын! Ниеттеріңізді қабыл етсін!

Барлыхан Сейткәрімұлына дұға етіп Құран бағыштап қойсаңыздар..

Алла разы болсын…

Ілім Ізденуші📚

19 Jan, 10:27


Аллаға жасырын жасалған жақсылықтан артық сүйікті нәрсе жоқ. Ол нәрсе – көз түспейтін, құлақ естімейтін, Алла біліп тұрғанына шынайы сеніп жасалған пенде мен Иесінің арасындағы құпия..

Ілім Ізденуші📚

18 Jan, 21:05


Әрбір оқырман- көзімнің қуанышы…

Ілім Ізденуші📚

18 Jan, 20:58


Құрметті жамағат! Қайырлы түн баршаңызға..
Түн тыныштығын берсін..

Барлыхан Сейткәрімұлына қабір азабынан, тозақ отынан сақтауды, Алла Тағаладан мейрім мен кешірім ете гөр, хақ жолды ұстанғандардың арасында оның дәрежесін көтере гөр деп дұға етсеңіздер.. Және қолдан келгенше құран бағыштап жіберсеңіздер..


Баршаңызға Алла разы болсын! Алланың нұры жаусын..

Ілім Ізденуші📚

18 Jan, 13:27


Олар өз сүйгенің кешірмей жүргенде Ербол өз Меңтайына:
-Өзіңді маған лайық емеспін деме!
Сен маған артықсың сәулем!
Сен- менің дүнием, өз байлығым, өз бақытымсың!

📚Махаббат қызық мол жылдар

Ілім Ізденуші📚

18 Jan, 13:18


Жамағат!

Барлыхан Сейткәрімұлына дұға етіп құран бағыштап қойсаңыздар, Алланың нұры жаусын

Ілім Ізденуші📚

18 Jan, 13:18


Ғашықтық, құмарлықпен –
ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін
болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп
ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол,- деп Абай атамыз айтқандай жігіт бір қызды көріп оған ғашық болып, есі кетсе екі мақсат қозғалмақ. Әуелгісі, Фархад пен Шырын, Ләйлім мен Мәжнүн сияқты шын ғашықтық, өмірлік жар болу. Ал екіншісі, құмарлық үшін жалған ғашықтық. Мұның соңы, зинамен тәмәм болады. Қияметте мұндай зинақорларға әзірленген күйзелтуші азап бар. Қашанда Раббысына ғашық мүмін ер мен әйелді Алла теңіне қарай ол қос ғашықты қосары сөзсіз.

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 20:17


Жамағат!

Барлыхан Сейткәрімұлына дұға етіп құран бағыштап қойсаңыздар, Алланың нұры жаусын

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 18:12


السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

ЖАҢА ТОПҚА ТІРКЕЛУ АШЫҚ

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жас шектеуі жоқ!
Тек қыздарға арналған!
Ыңғайлы график.
Қолжетімді баға – тек 3000 тг.
Рамазан айында тегін оқу мүмкіндігі.
Басталуы: 20.01.2025


Ұстаз:ام خالد

Құран үйрену – бұл тек оқу емес, рухани баю:

• «Шүбәсіз, Құранды Біз жеңілдеттік, ойланатындар бар ма?» (Қамар сүресі, 54:40)
• «Сендердің ең жақсысыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» (Бұхари).
• Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Құран – қиямет күні оқығанына арашашы болады», – деп айтқан.

Жазылу үшін @umhallid

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 15:43


Ең бастысы өзімізге: Мен әлі де көп нәрсе үйренуім керек деген сұрақты жиі қойсақ надандықтан арылуға болады..

Мен әлі де көп нәрсе үйренуім керек- бұл сөз арқылы өз өзімізді жетілдіруге және мотивация алуға болады..

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 15:40


Надандық неден туындайды:

📌Надандық- өзіңдегі қателіктерді көрмеуден туындайды..
Өзіндегі әлсіз тұстарды анықтап, түзетуге тырысу..

📌Надандық- көбінесе өзімшілдіктен басталады..
Басқа адамдардың пікіріне құрметпен қарау және үйрену..

📌Ойланбау әрекет ету- надандықтың белгісі..
Амалдардары сараптап, олардан сабақ ала білу керек..

📌Надандыққа бейім адамдардан аулақ болуға тырысу;

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 15:34


Наданды надан деумен болсаң, бір күні сол надандардың қатарына өзіңді де көресің..

©️Уағыздан

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 13:52


Бір есік жабылады(Оның даналығымен),
мың есік ашылады(Оның мейірімімен)

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 12:14


Бір-біріне шын ғашық болып, қосыла алмау- дүниедегі кемдіктің ең ұлысы..

Бір кем дүние📚

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 08:53


СРОЧНЫЙ СБОР НА ПЕРЕСАДКУ ПОЧКИ📌

Мусабекова Роза Ергалиевна - 47 год
14.04.1977
Инвалид 1 группы
г.Балхаш
Диагноз: Хроническая болезнь почек 5ст. отказали обе почки

Я хожу на гемодиализ три раза в неделю. Эта такая процедура для поддержки жизни, которая выводит лишнюю жидкость из организма с помощью аппарата. Иными словами ГЕМОДИАЛИЗ искусственная почка для моего организма. Данная процедура «Гемодиализ» дается мне очень трудно. Есть разные побочные эффекты и осложнения здоровья.

Пересадка будет происходить в Республике Беларусь. 🇧🇾
В Казахстане есть очередь на пересадку. Но она практически не двигается. К сожалению тянуть времени смысла нет.

Поэтому нужна Ваша поддержка:
📩 СДЕЛАТЬ РЕПОСТ в сторис
📸Поделиться мою фотографию с друзьями
💸 Оказать любую финансовую помощь

Реквизиты для помощи:
+7 708 142 83 06 Роза М

🎟️ Kaspi 4400 4303 3518 8683

🇰🇿 Halyk 4405 6397 6835 5834

Благодарю всех, кто не проходит мимо❣️

https://www.instagram.com/reel/DEX1qMvoeTY/?igsh=MW5sa2NieWthajB1Zg==

Ілім Ізденуші📚

17 Jan, 01:39


Жұманың хайыры мен берекесі сіздер мен біздерге болсын!

Барлыхан Сейткәрімұлына Құран бағыштап, тозақ отынан, қабір азабынан сақтай гөр деп дұға етіп қойсаңыздар.

Уа, Алла, оған кешірім ете гөр, хақ жолды ұстанғандардың арасында оның дәрежесін көтере гөр, бізді және оны кешіре гөр, Уа, Әлемдердің Раббысы, оның қабірін кеңейтіп, жарық қыла гөр!

Алла разы болсын

Ілім Ізденуші📚

16 Jan, 15:40


Күн артынан түн келер. Түн артынан күн келер. Осылайша, күндер өтер, айлар өтер, жылдар өтер. Күндердің бірі ажалың жетер. Сонда бауырым! Маңдайың сәждеге қашан келер? Жоқ әлде, оқылынбақ па ол намаз - адамдар сені күнің жеткенде көмер. Ол күні рухың тәніңнен шығып кетер. Қылғаныңмен бәрі кеш, жан алқымда қылынған тәубе бекер.

Ілім Ізденуші📚

16 Jan, 14:56


Сенен біреу көмек сұрап жатса мынаны есіңе ал!

Ол ең алдымен Алладан жәрдем сұрады.Сосын Алла оны саған бағыттады.Әрі сенің оған көмегіңді тигізіп,сол арқылы сенің бір күнәңді кешіргісі келеді.

Хафиз Омар.

Ілім Ізденуші📚

12 Jan, 00:37


Егер сізді ренжіткен адамдар әлі де сәлем бере алсаңыз, бұл сіздің иманыңыздың садақасы..

Мәулана Руми📚

Ілім Ізденуші📚

12 Jan, 00:27


Бір бауырым келіп былай сұрақ қойған болатын:

-Жұмыстан кейін не істейсің?
-Оқимын.
-Демалыста ше?
-Оқимын.
-Оқымаған кезде не істейсің?!
-Оқу туралы ойланамын.
-Ал ұйықтағанда ше?
-Түсімде оқимын.
-Бірдеңе жазасың ба?
-Иә, оқу туралы жазамын.
-Оқу өмірің бе?
-Жоқ, оқу – өзіммін.

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

11 Jan, 18:21


Қолың сынса қайта бітер,
Сағың сынса қайтіп бітер?

Ұзақ жол-қилы асу, қиын соқпақ кімнің кім екенін танытады.

Күйе киімді жейді, күйік жаныңды жейді..

©️Әйтеке би

Ілім Ізденуші📚

11 Jan, 16:28


Амал етілмеген хикметті сөз, қарызға алынған киім секілді!

Мәулана Руми📚

Ілім Ізденуші📚

11 Jan, 12:31


Шын мәнінде адам баласы- Раббысының жақсылығын көрмейтін рақметі жоқ жаратылыс.

Ілім Ізденуші📚

11 Jan, 12:16


“Сира курсы – Пайғамбарымыздың (ﷺ) өміріне саяхат”

Әлемдегі ең мінсіз, ең көркем адамның өмірін тереңірек танып, оның үлгісінен шабыт алыңыз!

🔖 Курстың негізі:

• Ибн Хишам, Ибн Кясир, Ибн Аббас және Мубаракфури еңбектері

Курста:

• Пайғамбарымыздың (ﷺ) балалық шағынан бастап қайтыс болғанына дейінгі оқиғалар
• Ең маңызды базалар мен терең мәліметтер
• Бірінші сабақ: сира тарихы
• Екінші сабақ: сұрақ-жауап және практикалық тапсырмалар

Тек әйелдерге арналған❗️❗️❗️

📅 Ұзақтығы: 4-5 ай. Басталуы: 13.01.2025
📖 Сабақ: аптасына 2 рет (уақытын топпен шешеміз)
💵 Құны: 3000 теңге/ай


Өміріңізді рухани байытып, Алланың сүйікті Елшісінің (ﷺ) жолынан үйреніңіз.

📲 Байланыс: @umhallid

Ілім Ізденуші📚

11 Jan, 11:26


Жақсы болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген..

Ілім Ізденуші📚

11 Jan, 01:39


- Әке, аяғымның тайғанын білсең не дер едің?
- Тұр!
- Тағы қайталанса ше?
- Қайта тұр!
- Құлаған сайын үнемі тұр деймісің?
- Иә, көзің тіріде құлаған сайын тұр! Өйткені, аяғы тайып тұрмаған-өлгендер.

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

10 Jan, 11:16


Бір адам судан бір құлап-бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді.
Шаянды құтқару ниетімен адам қолын созғанда шаян оны шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады.

Сонда жаңағы кісі:
-Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе.
Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу бар деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартайын? - дейді.

Ілім Ізденуші📚

10 Jan, 10:44


Екі нәрсе ақыл осалдығын көрсетеді.

Сөйлейтін жерде үндемеу, үндемейтін жерде сөйлеу..

Ілім Ізденуші📚

10 Jan, 10:40


Құранның даналығы мен сырлары мұхит сияқты терең. Бірақ, әркім одан өз жүрек тереңдігі деңгейінде пайдаланады. Адамның жүрек ауқымы оймақтай кішкентай болса, ұшы-қиыры жоқ шексіз дариядан ала алатын нәсібі де сол мөлшерде болады.

Ілім Ізденуші📚

10 Jan, 07:23


Қолыңа түскен ризықтың ең жақсыларын Алла жолында садақа ет. Себебі бергенің – өзіңе қайтатыны.

Ілім Ізденуші📚

09 Jan, 22:04


💌:
Алла сен ойлағаннан да көркем түрде хайырлысын береді

Ілім Ізденуші📚

09 Jan, 19:58


Аяғың саған қызмет еткені үшін өкінбейтіндей өмір сүр..

Ілім Ізденуші📚

09 Jan, 19:52


Бір бауырым өз армандарын айтып жатырды.. Оның ішінде жәннәтқа отбасыммен кірсем екен, Алланың сүйікті құлы болсам екен және көп нәрсе айтты..

Содан кейін мен қолына ақ парақ беріп мынаған армандарыңды жазшы дедім

-Ол ақ парақты алып:
Bmw M5
Анама үй екі этажды..
Және тағы басқа да дүние армандарын жазды..

Мен үнсіз қалып ішімдегі ойды көзіммен шығардым:
Тілі Алла Тағала дегенімен, амалы Алла Тағаланы разы қылу емес…


Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

09 Jan, 17:39


“Сира курсы – Пайғамбарымыздың (ﷺ) өміріне саяхат”

Әлемдегі ең мінсіз, ең көркем адамның өмірін тереңірек танып, оның үлгісінен шабыт алыңыз!

🔖 Курстың негізі:

• Ибн Хишам, Ибн Кясир, Ибн Аббас және Мубаракфури еңбектері

Курста:

• Пайғамбарымыздың (ﷺ) балалық шағынан бастап қайтыс болғанына дейінгі оқиғалар
• Ең маңызды базалар мен терең мәліметтер
• Бірінші сабақ: сира тарихы
• Екінші сабақ: сұрақ-жауап және практикалық тапсырмалар

Тек әйелдерге арналған❗️❗️❗️

📅 Ұзақтығы: 4-5 ай. Басталуы: 13.01.2025
📖 Сабақ: аптасына 2 рет (уақытын топпен шешеміз)
💵 Құны: 3000 теңге/ай


Өміріңізді рухани байытып, Алланың сүйікті Елшісінің (ﷺ) жолынан үйреніңіз.

📲 Байланыс: @umhallid

Ілім Ізденуші📚

09 Jan, 15:40


Егер мінезді өзгерту мүмкін емес болса, онда уағыз айтудың, жақсылыққа шақырудың мәнісі болмас еді.

Ілім Ізденуші📚

09 Jan, 15:38


Рухтың шынайы ләззат алатын үш сәті бар:

🔖Суық таңның қырауында серуендеп жүріп, зікір айтып, жүрегіңді тыныштыққа бөлеу;

🔖Ұзақ уақыт іздеген сирек кездесетін кітапты тауып, оның бетін ашқан сәтте сезінетін қуаныш;

🔖Және жаныңа жақын, сүйікті адаммен, екеуіңді де толғандыратын тақырыпта, жүрек жарды әнгіме өрбіту.

Ілім Ізденуші📚

06 Jan, 22:12


Түннің бір бөлігі еді…

Жәй намаз үстінде отырған пендемін, өзімді тыныштыққа бөлеп, Алланың құзырында терең ойға шомдым. Осы кезде Қараңғы түннің тыныштығын тек жүрегімнің лүпілі мен әлсіз желдің дауысы шығып тұрды.

Қолдарымды жайып, жан дүниемді Аллаға аштым:

-Уа, Раббым! Саған қаншама рет қайғыма шағымдандым, қателіктерімді мойындап келдім. Бірақ Сен мені әрдайым кешірдің, әрдайым нығмет бердің. Мен қашан да әлсізбін, бірақ Сенің мейірімің шексіз.

Көздерімнен ақырын жас тамды. Бұл жас өкініш пен үміттің жасы еді..

жәй намазға басымды тіреп:
-Осы жалған дүниеде мені тура жолдан тайдырма, жүрегіме сабыр бер. Сенің разылығың үшін ғана өмір сүріп, намазымды бүтін қылып, пенделік өмірімді мағыналы еткім келеді.

Үнсіз отырып, ұзақ ойландым. Көз алдымнан өткен күндердің оқиғаларым, жасаған қателіктерім және дұрыстығым бейне таспадай өтіп жатырды. Кенеттен жүрегім тыныштық тауып, жан дүнием ерекше жеңілдеп қалғандай болды.

-Я, Алла, менің жүрегіме нұр бер, маған тура жолда тұрақтылық нәсіп ет, -деп тағы да сыбырладым.

Сол түні мен Алланың мейіріміне деген сенімімді күшейтіп, келер күнге деген үмітімді жаңарттым.

Түн тыныштығында оның шынайы дұғасы аспанға көтерілді.

Қойын дәптерімнен үзінді📚

Ілім Ізденуші📚

06 Jan, 18:53


Жүректі мен теңедім- тыныш теңізге, бір тамшы ауыр сөз оны дауылға айналдыра салады…

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

06 Jan, 18:42


- Сенде бәрі жақсы ма?
-Әрине, жақсы бәрі…
-Өтірік!!
-Неліктен олай ойладың?
- Көзіңдегі тұңғиықты көріп тұрмын.
-Бұл тұңғиық емес…
-Онда не?
-Тыныштық. Ішімдегі дауылдан шаршаған тыныштық.
-Ол тыныштық мәңгілік пе?
-Жоқ, уақытша. Бірақ дәл қазір сол ғана мені сақтап тұр.
-Құлап кетуден бе?
-Иә, өзіме…

Көз-ішкі жан дүниенің айнасы..

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

06 Jan, 18:39


Мен сіздерге кітап жайлы бір құпияны ашайын:

-Міне, кітаптың кереметі, оларды оқыған адам үйден шықпай-ақ саяхаттауға мүмкіндік алады…

Ілім Ізденуші📚

06 Jan, 17:36


Бай бір кісі көзі тірісінде жасалыну керек ғибадаттарды жасамай, мен жасамасам да артымнан балаларым жасаған ізгі амалдардың сауабы маған жетеді деп жүреді.

Сол кісі бір күні түс көреді. Түсінде тас қараңғы бір жолда келе жатыр екен. Балалары да артынан шам көтеріп жүр екен. Шам балалардың қолында болғаны үшін, әлгі кісінің жолына жарық толық түспей тұрады.

Алдын дұрыстап көре алмай қалғаннан шаршаған әлгі біреу
балаларына:
- Түүй, мына бір шамды алға қарай ұстасаңшы. Сендердікіндей менің де
жолым жарық болсын.

Баласының жауабы қысқа әрі нұсқа болды:
- Әке, артыңыздағы шам сәулесі тек осыншалықты ғана жарық бере алады.

Сол түсінен кейін есін жинаған кісі, өзінен кейін біреудің жасаған жақсылығына үміт артудан бас тартып, ғибадат пен жақсылықтарды өзі
жасауға тырысады.

Ілім Ізденуші📚

06 Jan, 11:05


Біздің ең үлкен қателігіміз-
Ұйықтатқан адамды жақсы көріп, оятқан адамды жек көрдік.
Ойнатқан адамды жақсы көріп, ойлантқан адамды жек көрдік.

Жүсіп Баласағұн

Ілім Ізденуші📚

05 Jan, 19:17


Ертең нәпіл ораза екен жамағат!
Ұстап жатырған оразаларыңыз қабыл болсын!

Мен үшін маңызды болған нәрселердің бірі еді, Өтінішіме бей жай қарамасаңыздар!

Барлыхан Сейткәрімұлына дұға оқып, Құран бағыштап қойсаңыздар!

Екінші әкемдей болып кеткен жан еді, сіздердің әр қайсысыңыз дұға еткенде мен қуанамын..
Менде сіздерге дұға етумен боламын, өмірімнің соңғы деміне дейін🤍

Ілім Ізденуші📚

05 Jan, 18:34


Талапшыл болма, қарапайым бол! Талапшыл болмау жанға жай таптырады.
Жүректі өлім келеді деп, үйді қонақ келеді деп жүрек пен үйіңді әркез
таза ұста.
Аштық адамды ашуланшақ, ал ұйқысыздық қызбалыққа салады.
Үйдегі мал-жанды құрметтеп, оларды жақсы сақта.
Істеген жақсылығың мен түрлі жұмыстарыңды міндетсінбе.
Жақсылыққа жақсылық тез ұмытылады, ал жамандыққа жасалған жақсылық ұмытылмайды.
Өтірік айту – отбасының күйреуінің бірден бір себебі.
Төркіңіне сөз тасушы болма.
Ақпейіл әйел күйеуі үшін жұмақтың игілігіндей.
Күйеуіңе шамасы жетпейтін нәрсені сатып ал деп талап қойма.
Мұны оның қалауын алдыңғы қатарға қойғанда ғана орындай аласың.

Үнемі алдыңғы кезекке өзіңді қойсаң, бұл насихаттың ешбірін
қабылдай алмайсың..

Анасының қызына айтқан насихаты

Ілім Ізденуші📚

05 Jan, 13:07


Адамдардан қарағанда, Алладан ұялуды артық көріңдер!

Ілім Ізденуші📚

05 Jan, 13:04


Ең қиыны- әрекетке кірісу, қалғанының бәрі тек табандылыққа байланысты

Ілім Ізденуші📚

05 Jan, 13:03


Юсуф пайғамбар түрмеге түскен кезде жанындағы адамдар: Біз сені ізгі жандардын бірі екеніңді біліп отырмыз-деді.
Дәл солай Юсуф пайғамбар Мысырдын қазына билеушісі болған кезде де жанындағы адам: Біз сені ізгі жандардың бірі екеніңді білеміз- деп айтты.

Шынайы қазына іспетті болған асыл адамды ешқандай орта өзгерте алмайды. Қай жерде де өзінің ізгілігін сақтап қалады.

Ілім Ізденуші📚

05 Jan, 09:01


Адамға ең қиыны- күн сайын адам болып қалу.

Шыңғыс Айтманов📚

Ілім Ізденуші📚

05 Jan, 08:48


Намаз басталамын дегенше Медіресе де оқыған кездегі қызық оқиғамды айтып берейін сіздерге:

Біздің кезімізде, медіресе іші ескі және керекті материалдар жоқ еді..
Бір күні ұстазымыз Бізге мына медіресе неге құламай тұрғанын білесіздер ме?- деп сұрады…

-Біз үнсіз қалып қалған кезде, ұстаз бізге қарап мына сіздерге беріліп жатырған ілім мына қабырғаларды құлатпай ұстап тұр.. Сондықтан алып жатырған ілімдеріңді қадірлеңдер деуші еді..

Осыдан түйсігіме түйіп алғаным:
Біздің жүректе осы бір үйге ұқсайды.. Ішін нұрға толтырғың келсе Ілім ал..
Ал кірлеткің келсе, жаман жолдармен жүрсең болды..
Мына екі жолды ұстанбасаң, үйің қирап қалады..

Үйді нұр немесе лас кіргізіп тұратын да өзің

Ілім Ізденуші📚

05 Jan, 07:50


Келесі орындалуы керек дүние, ол мақсат. Сіз өзіңізге мақсат қойыңыз. Мынанша уақытта мынанша сүре жаттаймын, немесе бір бетті пəлен минутта оқимын деген секілді. Жəне сол мақсатқа жетуге тырысыңыз. Қатты үлкен, шамаңыз келмейтін мақсаттарды қоймаңыз. Өзіңізге сенімді, жасай аламын деген дүниелер болсын. Жəне сол мақсатқа қарай əрекет жасаңыз.

Ілім Ізденуші📚

04 Jan, 19:57


📖Құран жаттау құпиялары

Ең алдымен адамның бір арманы болу керек, яғни, өзіне жету қиын сияқты көрінген дүниелер болуы керек. Мысалы, Құранды толық жаттау, Бір параны 15 минутта оқу, бір күнде Құранды хатым ету деген сияқты. Осы арман адамда болған кезде, соған деген талпынысы ояна бастайды.

Ал егер жəй əшейін Құран үйренем деген ниет болса, ұзаққа бара алмайсыз.

Яғни, сіз армандау арқылы өз-өзіңізге шабыт, мотивация бересіз. Неге? Өйткені сіз сол нəрсеге жетуді көздеп отырсыз. Ол бірден болып кетпейді, алайда уақыт өте келе, орындалады. Оған 2-3 жыл кетуі мүмкін. Сабырлық танытып, алға қарай жылжи беріңіз. Сіз əрекетін еткен сайын, Алла тағала берекетін береді.
Сол үшін арманыңызды айқындап алыңыз. Тағы да ашықтай түсіндірсем, сіздің баратын бір жеріңіз болу керек. Мысалы сізде арман болса, 2 жылдан кейін жететін жетістігіңізді шамалап біліп отырасыз. Сол арқылы арманыңызға жетесіз.

Армандар орындалады.

Ілім Ізденуші📚

04 Jan, 16:24


السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жас шектеуі жоқ!
Тек қыздарға арналған!
Ыңғайлы график.
Қолжетімді баға – тек 2500 тг.
Рамазан айында тегін оқу мүмкіндігі.

Ұстаз:ام خالد

Құран үйрену – бұл тек оқу емес, рухани баю:

• «Шүбәсіз, Құранды Біз жеңілдеттік, ойланатындар бар ма?» (Қамар сүресі, 54:40)
• «Сендердің ең жақсысыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» (Бұхари).
• Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Құран – қиямет күні оқығанына арашашы болады», – деп айтқан.

Жазылу үшін @umhallid

Ілім Ізденуші📚

04 Jan, 10:38


Адам баласының ең жаманы — талапсыз болғаны!

Ілім Ізденуші📚

04 Jan, 10:25


Нағыз мүміндерден болуың үшін үш нәрсені үш нәрсемін қайтар:

-тәкәппарлықты кішіпейілдікпен,
-сараңдықты қанағатпен,
-Қызғанышты насихатпен..

Мәлик ибн Динар

Ілім Ізденуші📚

04 Jan, 10:10


-Тағы да Осы кітаптан біреуін бере аласыз ба?
-Әрине, кімге алып жатырсыз?
-Үйдегі кітапкеміргішке😁


Бұйырсын

Ілім Ізденуші📚

04 Jan, 10:03


Тәкәппарлықтың шифасы- إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ

Ілім Ізденуші📚

04 Jan, 02:34


Бұрын ұстаз айтқан еді, жүректегі ниет маңызды, ұры ұрлағысы келген ниеті болғандықтан, Алла Тағала мүліктің иесін ұйықтатып, солай жолдарды ашып қояды деп…

Шынайы бірнәрсені қаласаңыз, Алла беруші, бірақ сіз дұрыс қаламаған болуыңыз мүмкін!

Ілім Ізденуші📚

03 Jan, 20:57


Hayat, nefes aldığımız kadar değil, iz bıraktığımız kadar anlamlıdır.

Ілім Ізденуші📚

03 Jan, 17:23


السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жас шектеуі жоқ!
Тек қыздарға арналған!
Ыңғайлы график.
Қолжетімді баға – тек 2500 тг.
Рамазан айында тегін оқу мүмкіндігі.

Ұстаз:ام خالد

Құран үйрену – бұл тек оқу емес, рухани баю:

• «Шүбәсіз, Құранды Біз жеңілдеттік, ойланатындар бар ма?» (Қамар сүресі, 54:40)
• «Сендердің ең жақсысыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» (Бұхари).
• Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Құран – қиямет күні оқығанына арашашы болады», – деп айтқан.

Жазылу үшін @umhallid

Ілім Ізденуші📚

03 Jan, 17:22


Сүйген екенсің таусылып сүй, екінші біреуге қарайтын хәлің болмасын!

Қадір Мырза-Әлі

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 21:20


спящему достаются только сны..
Под лежачий камень вода не течёт.

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 19:49


Sen ay, ben yer gibiyim. Aramızdaki aşkın örneği böyle işte, çok mesafe bölüyor. Birbirimizden o kadar uzağız ki, göremiyoruz, sarılamıyoruz. Ama sen olmadan ben, ben olmadan sen de var olamıyoruz.

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 18:30


Жамағат ұмытпай дұға етсеңіздер!

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 18:30


Ілім Ізденуші📚 pinned «Жұманың хайыры мен берекесі сіздер мен біздерге болсын! Барлыхан Сейткәрімұлына Құран бағыштап, тозақ отынан, қабір азабынан сақтай гөр деп дұға етіп қойсаңыздар. Уа, Алла, оған кешірім ете гөр, хақ жолды ұстанғандардың арасында оның дәрежесін көтере гөр…»

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 16:58


السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жас шектеуі жоқ!
Тек қыздарға арналған!
Ыңғайлы график.
Қолжетімді баға – тек 2500 тг.
Рамазан айында тегін оқу мүмкіндігі.

Ұстаз:ام خالد

Құран үйрену – бұл тек оқу емес, рухани баю:

• «Шүбәсіз, Құранды Біз жеңілдеттік, ойланатындар бар ма?» (Қамар сүресі, 54:40)
• «Сендердің ең жақсысыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» (Бұхари).
• Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Құран – қиямет күні оқығанына арашашы болады», – деп айтқан.

Жазылу үшін @umhallid

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 12:48


Жұманың хайыры мен берекесі сіздер мен біздерге болсын!

Барлыхан Сейткәрімұлына Құран бағыштап, тозақ отынан, қабір азабынан сақтай гөр деп дұға етіп қойсаңыздар.

Уа, Алла, оған кешірім ете гөр, хақ жолды ұстанғандардың арасында оның дәрежесін көтере гөр, бізді және оны кешіре гөр, Уа, Әлемдердің Раббысы, оның қабірін кеңейтіп, жарық қыла гөр!

Алла разы болсын

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 11:25


Küçük şeylere gereğınden çok önem verenler, büyük şeyleri göremez

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 10:31


Судың жүздеген абыройы мен сәні бар. Ластарды қабыл етеді және кірлерін тазалайды..

Мәулана Руми

Кәміл мүмин су сияқты ардақты, дария сияқты терең көңілді болуы қажет. Қаншалықты жағымсыз жағдайға тап болса да мейірім төгетін мінез көрсетуі керек. Нәзіктік пен пәктік, әсемдіктер шағылыстыратын көңіл тазалығына ие болуы қажет.

Ілім Ізденуші📚

02 Jan, 00:07


Еш біреуің: Мен адамдармен бірдеймін, егер адамдар жақсылық жасайтын болса, мен де жақсылық жасаймын. Жаман қатынас жасайтын болса, мен де жаман қатынас жасаймын – деген мінезі нашар адамдардан болмасын! Керісінше, адамдар жақсылық жасаса, жақсылық жасаңдар, ал жаман қарым- қатынасқа әділетсіздік жасамау үшін нәпсілеріңді тәрбиелеңдер!

Сенімен қарым-қатынасын үзгенмен сен қарым- қатынасыңды үзбе! Саған бермегенге сен бер! Саған жамандық жасағанды кешір!

#Мінезқұлық

Ілім Ізденуші📚

01 Jan, 19:05


Өміріме келген әр адам өз уақытында кетеді, бірақ ізі мәңгі жүректе қалады.

Сол өмірімнен кеткен жандарға мұң емес, жақсы естеліктерін ойлауға лайықты.

Ілім Ізденуші📚

01 Jan, 19:02


Кей адамдар-бата, кей адамдар-сабақ

Өмірімнен кеткен адамдар маған әрдайым ерекше бір із қалдырып кетеді. Олар маған үйретеді, шыңдайды немесе жүрегімде сағыныш қалдырады. Кейде олардың кетуі мені өмірдің терең мәнін түсінуге итермелейді.

Егер біреу өмірімнен кетсе, бұл Алланың бір сынағы. Мұндай сәтте ең маңыздысы - болған сәттерге алғыс білдіріп, олардан алған сабақтарды бағалау. Өткенді босатуды үйрену, дұға жасау және алға қадам басу арқылы өмірге жаңа тыныс беру маңызды бөлшегі..

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

31 Dec, 16:08


Алла Елшісі (ﷺ) айтады: Алла төрт түнде жақсылықты төгіп шашады. Олар: Құрбан айт түні, Ораза айт түні, шағбан айының он бесінші Бараәт түні және ережеп айының бірінші түн

Ілім Ізденуші📚

31 Dec, 15:52


Ережеп айы құтты болсын

Ілім Ізденуші📚

31 Dec, 15:46


Кімге керек жал мен жая жегенің?!,
 Бауырларың қылтамақ боп жатқанда.

Ілім Ізденуші📚

31 Dec, 13:36


Келесі үш нәрсеге сенімді болыңыз

🔖Саған Раббыңнан рақымдырақ ешкім жоқ.

🔖Сіздің проблемаларыңыз бен
уайымдарыңыз туралы Раббыңыздан артық
ешкім білмейді.

🔖Сені бақытсыздықтар мен қиыншылықтардан Раббыларыңнан басқа
ешкім құтқара алмайды.
Сондықтан әрқашан Аллаға тәуекел етіп,
Одан жәрдем тілеп, Одан қорған тілендер.

Ілім Ізденуші📚

31 Dec, 13:32


Жүргіңізді түзетіңіз, өзіңізбен жұмыс жасаңыз.
Сіз күткен нәтижеге бірден қол жеткізе алмауыңыз мүмкін, бірақ сіз жақсырақ боласыз.
Міне, ой және іс..

2025 тің жоспары

Ілім Ізденуші📚

31 Dec, 02:51


Білгір адамға келіп біреу сұраған екен:

-Дүниеде кімді жақсы көресіз?

-Тігіншімді

- Дүниеде жақсы көретін ешкіміңіз жоқ па, тігінші дегеніңіз қалай?

- Иә, мен тігіншімді жақсы көремін. Өйткені оған әр барғанымда ол
менің өлшемдерімді жаңадан алып тұрады. Басқалар болса ондай емес. Мен туралы бір рет үкім шығарды ма, өлгенше сол ойларынан қайтпайды, үнемі мені солай ғана көреді.

Ілім Ізденуші📚

30 Dec, 22:48


Түнде жәйнамаз үстінде:
-Уа, Раббым! Мені жамандықтан сақта!- деп дұға еттім..

Менің өмірімнен жақын санаған адамдарым алыстап бара жатырғанын көре бастадым.

Ілім Ізденуші📚

30 Dec, 21:56


Тіршіліктің қамы деп менің армандарымды ұмытып кетпеңізші Әке!

Ілім Ізденуші📚

30 Dec, 21:52


Ұлымның ең жақсы көретін ойыншығы құрастырмақ болатын.
Бөлшектерімен әртүрлі нәрселерді құрастырғанды ұнататын. Қолым тиген
кезде мен де қасына отырып бірге ойнайтынмын. Тағы қандай нәрселер жасауға болатынын үйретуге тырысатынмын. Екеуміз бірге отырып ат, түйе,
ракета, робот, т.б нәрселерді құрастыратынбыз. Бір күні осылай ойынның
қызығына беріліп отырған сәтте ұлым:
- Әке, мен сізден ең қатты нені жақсы көремін, білесіз бе? – деді.

Ойламаған жерден қойылған сұраққа тосырқап қалғанымды көргенде, балам
өз-өзіне сенімді түрде:

- Менімен бірге ойнаған кездеріңізді! - деген еді.


💔

Ілім Ізденуші📚

30 Dec, 18:50


Жауынмен жер көгерер, реакциямен арна көгерер

Ілім Ізденуші📚

30 Dec, 18:23


Кәміл мүмин су тәрізді әзиз, қадірлі, көңілі дария сияқты терең, ұшы-қиыры жоқ болуы керек. Нәзіктік, әсемдік пен сұлулықтарды бейне бір айна секілді мөлдір көңілімен айналасына шағылыстырып, үнемі Исламның жайдары жүзі мен көңіл тыныштығын таратуы керек.

Кемшіліктерді кешіру мен татуласуды тек мейрамдармен шектеу кәміл мүминдерге жараспайды. Өйткені кешірім жасай-жасай, Аллаһтың кешіріміне лайық болған халге келу – кәміл мүминдер бас тарта алмайтын иман көкжиегі.

Ілім Ізденуші📚

30 Dec, 16:51


Мінезі жақсы кісі – өсекке төзетін, адамдардың жамандығына соқыр, саңырау болған кісі.

📚Мәулана Руми

Ілім Ізденуші📚

30 Dec, 10:17


Пенденің күнәлары қанша жерден үлкен болса да, Алланың мейірімі одан да үлкен.

Ілім Ізденуші📚

29 Dec, 17:37


Дініміз-өте жүйелі. Бірақ біз өзіміз оны дұрыс ұстанбаймыз.

Дін жұмсақтыққа шақырады. Біз- қатігезбіз.
Дінде түйеге зорлық жасауға болмайды. Біз адамға қиянат жасаймыз.

Бір әйел мысықты қинап тозаққа түсіп кеткен, біз адамды қинап жүреміз.

Бізден ауыр ешнәрсе талап етпейді. Тек қана шынайы мұсылман бола білейік!

Ілім Ізденуші📚

29 Dec, 17:34


Бір Пайғамбарымыз(ﷺ) күні аңсарлықтардың құрма бағына кіреді. Ол жерде түйе бар екен. Түйе Пайғамбарымызды(ﷺ) көре сала ыңырсып, көзінен моншақ жастар төгіледі. Пайғамбарымыз (ﷺ) қасына барып басынан сипағанда тынышталып қалады.

-Мынау кімнің түйесі - деп сұрайды.
-Менікі, Алла Елшісі - дейді аңсарлық бала.
- Алладан жан-жануар ақысынан қорқыңдар! Ол сені ашықтырып , шаршатады деп маған шағымданды - дейді Пайғамбарымыз(ﷺ)

Қазір бізге адам құқығын үйретіп жүргендерге мың төрт жүз жыл алдын жануар құқығын үйреткенбіз.

Ілім Ізденуші📚

29 Dec, 17:25


Мысырлық жазушы Мұстафа Рафиғи (1880-1937): “Жігіт өзі күнәһар болса, қыздардың барлығы бұзылған деп ойлайды”, — дейді.

📚 Уахи әл-Қалам

Ілім Ізденуші📚

29 Dec, 14:35


Елемеу арқылы бір-біріңнің қадіріңді арттырыңдар.

Бауырларыңның кей қателігіне көз жұм. Елеме. Өткізіп жібер. Егер көп қайталаса насихат қыл.

Ілім Ізденуші📚

29 Dec, 14:35


Мүмін достарына үзір іздейді. Мұнафық достарынан кемшілік іздейді.

Ілім Ізденуші📚

29 Dec, 14:31


Абдулла Ибн Масғұд( Алла разы болсын): Уағыз тыңдағанда келетін ұйқы- шайтаннан.

Шынымен екі-үш сағат кино көргенде келмейтін ұйқы уағыздың немесе сабақтың он-он бес минуты өткенен кейін келіп тұрады ғой

Ілім Ізденуші📚

29 Dec, 10:19


Бір адам зікір етіп отырыпты. Ол отырған жерден бір қыз өтеді. Адам
зікірді тоқтатып, жаңағы қызға не деген тәрбиесіз едің! деп ашуланады.

-Қыз таң қалып не істеп қойдым? деп сұрайды.

-Адам: көрмей тұрмысың
мінәжат етіп отырғанымды. Осындай кезде басқа жерден өтсең болмайтын бе еді? дейді ашуланып.

-Кешірерсіз, сізге кедергі болғым келмеді – қыз
дейді да сұрайды – сіз мінәжат дегенді қалай түсінесіз?.

-Мінәжат ол Құдай туралы ойлап, ол туралы зікір мен пікірде болу деп жауап береді
адам.

-Қыз: мен жігітіммен кездесуге бара жатқанмын, ол туралы ойлап сізді байқамай қалдым – дейді.

-Егер сіз Құдай туралы терең ойда болсаңыз, мені қалайша байқап қалдыңыз?

Ілім Ізденуші📚

23 Dec, 18:53


Үйдің телефоны таңға жуық, сағат 3:30-да шырылдады. Ұйқылы-ояу телефон тұтқасын көтеріп, анасының дауысын естейді. Оның балам Қалайсың? сұрағына назданып не болып қалды тағы?! тыныштық па?- дейді.

-Тыныштыққой, жәй ғана дауысыңды естігім келді,
- Мама, түн ортасығой сол үшін ғана звандадыңыз ба!?
-Ұйқыңнан оятып жібердім бе?
деп сұрайды анасы, бұл сұрағына әрі қарата ашуланған баласы,
-Әрине! Таңертен звандасаң болар еді ғой, деп еді.

Анасы: 30 жыл бұрын сен де мені тура осы сағатта оятқан болатынсын. Туылған күнің құтты болсын балам!

Ілім Ізденуші📚

23 Dec, 17:09


Жастары отыздан асқан Арман мен Марат әңмілесіп отырып, өмірдің жылдам ағымына таңданады.

Арман: Нағыз өмір қырық жастан кейін басталады деп ойлаймын десе,

Марат: отыз бес жасыңда өліп қалмасаң ғана деп жауап берген екен.

Ілім Ізденуші📚

23 Dec, 08:00


Тәкәппарлығын жеңген адам сүйкімді бола түседі.
Ашуын жеңген адам көңілді болады. Құмарлығын жеңген адам жетістікке жетеді.
Сараңдығын жеңген адам бақытты болады.

Ілім Ізденуші📚

22 Dec, 19:14


Неге тез өсіп кетуге асықтық екен..

Балалық шақта екенғой шынайы қуана білгеніміз..

Ілім Ізденуші📚

22 Dec, 16:40


Атадан мал қалғанша, тал қалсын..

Халық сөзі..

Егер бір мұсылман ағаш отырғызса немесе дән егіп,кейін оның жемісін құс,адам немесе жануар жесе,бұл садақа болып саналады..

Аббаси халифаларының бірі Һарун Рашид бір қарт адамның кішкене жеміс ағашының көше-тін (тал шыбығын) отырғызып жатқанын көріп, оған:
Әке, сен қартайдың. Отырғызып жатқан ағашыңның жемісін көре алмайсың, олай болса неге бейнеттеніп жатырсың?, – дейді.

Қарт былай деп жауап береді: Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де ағаш отырғызайық, ал жемісін бізден кейінгілер жесін.
Бұл жауап Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді.

Қарт: Көрдің бе, балам. Отырғызып жатқан көшеттің (тал шыбықтың) жемісін, міне , мен де көрдім, – дейді.

Бұл сөзге Һарун Рашид одан сайын риза болып, тағы да алтын береді.  Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі рет жеміс береді, – деген екен қарт.

Ілім Ізденуші📚

22 Dec, 15:57


Менің бақшамның бағбаны сен болмасаң, бақшамның жайқалып тұрғанын көре алмайтын секілдімін..

📍Теңіздің сырласуы

Ілім Ізденуші📚

22 Dec, 14:15


Қандай істе хайыр жоқ?

Сахаба Әли(оған Алланың разы болсын) былай деген екен.

📍Қорқу болмаған намазда қайыр жоқ.
📍Бос сөздерден тыйылмаған оразадан қайыр жоқ.
📍Құранды мағынасына зер салмай оқудан қайыр жоқ.
📍Тақуалық болмаған білімнен қайыр жоқ.
📍Жомарттық болмаған байлықтан қайыр жоқ.
📍Сақталмаған туыс-бауырдан қайыр жоқ.
📍Тұрлаусыз нығыметтен қайыр жоқ.
📍Ықылассыз жасалған дұғадан қайыр жоқ.

Ілім Ізденуші📚

22 Dec, 14:10


Жақсы мұсылман болғың келсе…

Сахаба Абдулла ибн Масғұд( Алла оған разы болсын) былай деген екен.

🔖Алланың парыз еткенін орында, сонда адамдардың ішіндегі құлшылығы көбі боласың.

🔖Алланың харам еткенінен тыйыл, сонда адамдардың ең тақуасы боласың.

🔖Алланың берген несібесіне қанағат қыл, сонда ең бай адам боласың…

Ілім Ізденуші📚

22 Dec, 11:49


кейде сенің басыңа келген бір жақсылық – оны басқа біреуге қалаған себептен болады.

Ілім Ізденуші📚

22 Dec, 11:44


АДАМДЫ ҚҰТҚАРАТЫН
ҮШ НӘРСЕ:

•Оңашада да, жарияда да
Алладан қорқу;

•Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу;

•Разылықта да , ашуда да
әділ болу.

Ілім Ізденуші📚

21 Dec, 22:59


Ойлаймын да

Уақыт емші, уақыт өте бәрі ұмытылады, біраз уақыт өтсе жеңілдейді деген сөздер бар. Бірақ өтетін тек уақыт секілді…

Ілім Ізденуші📚

21 Dec, 20:23


Әр адамға, сенім білдірген кезде, қолына пышақ бересің.
Ол сені сол пышақпен не қорғайды, не жояды.

Ілім Ізденуші📚

21 Dec, 13:00


Баурымының арнасы тіркеліп кетеңіздер:
Беретін пайдасы көп🙌🏾

https://t.me/dengizcenneti

Ілім Ізденуші📚

21 Dec, 13:00


# Sufi Notları 20
(Allah'ın tarafından sevilmek bir lütuftur. Kıymetin bilmek gerek)

Бірде Мұсаны (а.с.) құзырына шақырып:
– Я Мұса, батып жатып, «Я, Мұса!» деп айқайлаған Ферғауынды естімедің бе? – деді Алла.
– Иә, Аллам, естідім, – деп жауап берді Мұса (а.с.).

Мұсаның (а.с.) жауабына көңілі толмай, Алла Тағала:
– Я, Мұса... Сен оның жалынған дауысын естідің, бірақ құтқармадың... Неге құтқармағаныңды өзің түсіндің бе, сірә? – деді.

Пайғамбар үндемеді.

– Ендеше бері құлақ сал. Ферғауынға жауап бермегеніңнің себебін айтайын, – деді Алла.

– Я, Мұса.
– Бұйыр, Аллаһым, тыңдап тұрмын.

– ...Оны жаратқан сен емес қой, ей Мұса.
(شما آن را ایجاد نکردید...)
Бір-ақ рет, тым болмаса бір-ақ рет айтқанында... Үш рет «Мұса!» дегенше бір рет қана «Аллаһым» десе еді... Оның күнін саған қаратпай, өзім құтқарар едім. Суға оны батыруды харам етер едім... Мені, егер шақырғанында, – деді.

💔😭

Ілім Ізденуші📚

21 Dec, 10:36


Бір күннің кеші батып, таңы атқанда, ол күн кешегі күнге ұқсамайды..

Бүгінгі күнәлі істен басы босамаған жан, ертең тәубе етуден босамауы мүмкін..

Хәкім Абай атамыз айтқандай:
Адамның мінезі өзгермейді деген адамның тілін кесер едім..

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді Ол сіздерге, сөзді ұғарға.
 
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
 
Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес.

Ілім Ізденуші📚

20 Dec, 17:33


Иә, махаббат неге жиі айналады елеске?
Талпынғаның бәрі неге шыға алмайды белеске?
Шын махабат екі дара, екі іңкәр жүректің шырқау сана биігінде жолығуы емес пе?!
Шырқау сана биігінде жан шындығы қалбырап,
Теңін таппай жалғыз жүрген тұлғалар да бар бірақ.

Ілім Ізденуші📚

20 Dec, 17:32


Махаббат ол- екі адамның сезімі, пайым биігіне шығуы, Сол биікте тұрып және бірін-бірі ұғыуы.
Тұла бойы ізгіліктен өрілген, болмысыма шетсіз- шексіз берілген, жаратылған адам ол менің ғана бағыма!

Ілім Ізденуші📚

20 Dec, 17:24


осындай махаббат бұйырсын😁

Ілім Ізденуші📚

30 Nov, 10:53


Мейлі біреу сені дұшпан санасын,
Мейлі біреу жаман көзбен қарасын.
Сен оларға жақсы көзбен қарай caл,
Сонда олардан жоғарылау боласың.

Ілім Ізденуші📚

29 Nov, 15:35


Алла Тағала Құранның бірнеше жерінде ықыласпен игі амал жасаған пенделеріне қуанышты хабар жеткізген.

Мысалы, Хаж сүресінің 37-аятында:
Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр– делінсе, тағы бір аятта:

Кім ықыласпен жақсылық істей отырып, жүзін Аллаға бұрса, онда оның сыйлығы – Раббысының құзырында. Әрі оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды..
(Бақара сүресі, 112-аят) деп баяндалған.

Ілім Ізденуші📚

29 Nov, 13:53


Ғашықтар үшін жоқ ұстаз, Бәріміз түгел шәкіртпіз.

📚Қадір Мырза Әлі

Ілім Ізденуші📚

28 Nov, 19:40


Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?

Ілім Ізденуші📚

28 Nov, 16:40


Ассаляму алейкум!
«НӘТИЖЕ» марафонына қош келдіңіз!
Марафон 3 айға созылады(жаңа әдеттерді нақты қалыптастыру үшін)

Әр айда жаңа нәрселерді көретін боламыз!

1айда:(01.12-01.01)
Күн сайын:
-Дұға;
-Хадис;
-Зікір;
-Аят тәпсірі;
-Алланың көркем есімі;
-Мұсылманның 40парызы;
-Сира;
-Инсайттармен бөлісу болады.

1айдың ең үлкен СЫЙЛЫҒЫ:
-НАМАЗ оқып үйрену(ханафи мазхабы бойынша)

2айда:(01.01-01.02)
Күн сайын:
-Дұға;
-Хадис;
-Зікір;
-Аят тәпсірі;
-Алланың көркем есімі;
-Мұсылманның 40парызы;
-Сира;
-Инсайттармен бөлісу болады.

2айдың ең үлкен СЫЙЛЫҒЫ:
-Нәпіл құлшылықтар жасап бастау

3айда:(01.02-01.03)
Күн сайын:
-Дұға;
-Хадис;
-Зікір;
-Аят тәпсірі;
-Алланың көркем есімі;
-Мұсылманның 40парызы;
-Сира;
-Инсайттармен бөлісу болады.

3айдың ең үлкен СЫЙЛЫҒЫ:
-Пайғамбарымыз туралы кітапты оқып бітіру;
-Алланың көркем есімдерін жатқа білу;
-Сираны бітіру.

Барлығы телеграм каналда өтеді, доступ НАВСЕГДА
Сабақтар күн сайын салынып отырылады, сізден тек ҚҰЛШЫЛЫҚҚА деген 30минут керек❤️

Сізді күтемін, құрметтім!
Алла сезім салса, міндетті түрде келіңіз🤍

Толық ақпарат үшін:
https://wa.me/77058661781

Ілім Ізденуші📚

28 Nov, 07:46


Ұзақ ғұмырдың сыры

Ғұлама Асмағи( Алла оны рахымына бөлесін) былай деп әңгімелейді.

Бірде сахарада жасы жүз жиырмаға келген тың бір ақсақал бәдәуиді көрдім. Жасының ұлғайғандығы бір бөлек, мені ширақтығы таң қалдырды. Таңданысымды жасыра алмай мұндай шақта қалайша тың жүргенін сұрадым.


Ол: Ішітарлықтан арылып едім. Соның сыйы ретінде Құдайдың маған бергені ғой- деп жауап қатты.

Ілім Ізденуші📚

27 Nov, 22:04


1% талант, 99 % еңбек.

🔖Адам қаншалықты дарынды болғанымен, дарын еңбексіз босқа қалады.

🔖Талант бар болған күннің өзінде, үлкен нәтижеге тек үздіксіз еңбек арқылы жетуге болады.

🔖Әркім туа біткен дарынға ие болмауы мүмкін, бірақ еңбек ету бәріне беріледі.
Нәтиже адамның шыдамдылығына, уақыт пен күшті дұрыс пайдалануына байланысты.

Талант-бұл тұқым. Оны өсірмесең ол жеміс бермейді.
Ал еңбек- тұқымды баптайтын су мен тыңайтқыш.
Сен қаншалықты көбірек су құйып, баптасаң соншалықты мол өнім береді. Тіпті ең кіші тұқымнан үлкен ағаш отырғызуға болады.

Ілім Ізденуші📚

27 Nov, 15:53


Ей, жігіт!

Жастығыңа
алданба. Тәубені кешіктіріп, еш өлмейтіндей жүрген, өлімді еске алмаған қаншама
жастар бар. Олар: Мен ертең не одан кейінгі күні тәубе жасаймын, – дейді. Бірақ өлім періштесі оларды тәубеден бейхабар жүргенде желкеден алып, қабірге түсірді. Ол
қабірде мал-мүлік, құл-құтан, бала-шаға, ата-ана пайда бермейді.

Бұл туралы Алла Тағала былай деген: Ол – мал-мүлік те, бала-шаға да титтей пайда бермейтін
күн. Ол күні Аллаға пәк һәм (рухани) кеселдерден ада жүрекпен келген жан ғана (азаптан құтылып, мақсатына жетеді).

Ілім Ізденуші📚

27 Nov, 15:50


Үмбетімнің басына бір уақыт келеді.

Сонда олар бес
нәрсені сүйіп, бес нәрсені ұмытады:
– Дүниені сүйіп, ақыретті ұмытады,
– Мал-мүлікті сүйіп, есеп беруді ұмытады,
– Жаратылғандарды сүйіп, Жаратқанды ұмытады,
– Сарайларды сүйіп, қабірді ұмытады..

Ілім Ізденуші📚

27 Nov, 13:40


Ол айтады:Біз бір-бірмізге сәйкес келмейміз..

Ал Николас Спракс махаббатын қалай жеткізген:
Өзге орта,өзге тәрбиеде өскен біз бір-бірімізден өте алыс адамдар едік.Бірақ махаббат дегеннің не екенін,бөтен адамның аяқ астынан қалай қимасыңа айналатынын мен сені көріп барып білдім.Сенімен танысқан күнен бастап мен мүлде өзгердім.Жақсы жағына қарай,әрине.

Сол үшін мен өзіңе өмір бойына қарыздармын.

Ілім Ізденуші📚

27 Nov, 10:56


Өз-өзіңе есеп беруге арналған күнделік 😍
Әр күнге әртүрлі даналық ой, хадис берілген. Өз-өзіңізді 21 күн бақылауға арналған. Одан бөлек жазуға ыңғайлы жолақтары да бар
Керемет күнделік, шығарып алып қолдана беріңіздер😍
Бағасы:990 тг

https:/ wa.me/77779152563

Ілім Ізденуші📚

26 Nov, 13:41


Егер Біз көру қасиетін жоғалтып алсақ, бізге Алла Тағала сезу қасиетін береді…

Әр нәрсенің хайыры бар.
Алла Тағала құлдарына Өте Мейрімді.

Әрбір сынақта, қиындықта немесе кемшілікте жасырын бір жақсылық бар. Өміріміздегі әрбір жағдайды біздің игілігіміз үшін жаратады.

Ілім Ізденуші📚

26 Nov, 13:16


Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтпай жүрген бір немқұрайды кісі түсінде Алла Елшісін (ﷺ) көрді. Бірақ Адамзаттың Асыл Тәжі (ﷺ) оған мүлдем қарамай қояды.

Нәтижеде ол Пайғамбарымызға (ﷺ)жалбарынып:
– Уа, Алланың Елшісі, сен маған наразысың ба? – дейді.
– Жоқ, – деп жауап береді Пайғамбарымыз.

– Онда неге маған қарамай жатырсың?
– Өйткені мен сені танымаймын.

– Мені қайтіп танымайсың? Мен сенің үмбетіңненмін ғой. Пайғамбарымыз үмбетін ата-ана баласын танығаннан да жақсырақ таниды деп ғалымдар айтты ғой.

– Турасын айтыпты. Бірақ сен маған салауат айтпайсың. Менің үмбетімді тануым
маған айтқан салауаттарына қарай болады.
Содан бастап әлгі кісі күніне жүз мәртеден салауат айтуға өзіне-өзі уәде берді және бұл уәдесін орындайды.

Бірнеше күннен кейін түсінде Алла Елшісін(ﷺ) көрді.

Пайғамбарымыз (ﷺ) оған:
– Енді сені танып жатырмын және саған шапағат етемін, – деп сүйіншіледі. Себебі ол
кісі Алла Елшісін сүйе бастаған еді.

Ілім Ізденуші📚

25 Nov, 14:15


Жүректеріңізді - дұғамен, тыныштықпен, қимыл-қозғалыспен, біліммен, өнермен және игі істермен емдеңіздер.

Ілім Ізденуші📚

24 Nov, 21:26


Ана жүрегі әрқашан баласының амандығын тілеп соғады!

Ілім Ізденуші📚

24 Nov, 15:22


Ойлаймын да

Миы жоқтың тілі де жоқ болса, өмір керемет болушы еді.

Ұстаз Бауыржан Әлиұлы

Ілім Ізденуші📚

23 Nov, 20:49


Қожайын :-Саған бір нәрсе керек пе?

Құл:- Иә, менің үш өтінішім бар. Егер орындасаң саған алғысымды білдіремін.
Қожайын: Олай болса сұра

Құл: Ғұмырымды ұзарт
- Мен оны жасай алмаймын.

Құл: Онда мені өлім періштесінен қорға
-Жасай алмаймын!

Құл: Мені жәннаттық етіп тозақты менен алыстат
- Қолымнан келмейді!

Олай болса өзіңнің қожайын емес, құл екеніңді ұмытпа

Ал мен адамнан үміт етпеймін.

Ілім Ізденуші📚

23 Nov, 17:28


Ол мені Жаратқан, маған тура жол көрсетеді. Ол маған жегізеді де, ішкізеді.

Ол қашан ауырсам, маған шипа береді.

Шұғыра сүресі (78-80 аяты)

Ілім Ізденуші📚

23 Nov, 17:06


Жамағат арнаға салынған суреттерді рұқсатпен алсаңыздар игі еді..

Менің арнаға салған суреттерімді қойып алып, арна атынан жалған сөйлеп жүрген жандар бар екен..

Сондықтан әр нәрсенің рұқсаты сұрауы болады…
Рұқсатпен алсаңыздар.

#Өтініш

Шәй үстіндегі хат☕️

08 Nov, 20:11


Егер пенде Раббысы оның істерін қалай реттеп қойғанын білсе, жүрегі Раббысына деген махаббаттан еріп кетер еді.


📚 Әбу Бакр(рахимаһулла)

Шәй үстіндегі хат☕️

08 Nov, 18:10


Кейбір даналардан қалған әсем сөз бар:

Алла үшін амал етуді қалаған адам қойшыдан өнеге алған дұрыс. Өйткені қойшы өз қойларының жанында намаз оқыған кезде, қойларынан мақтау күтпейді, сол секілді, Алла үшін амал етем деген адам адамдардың өзіне қалай қарайтынына мән бермеу керек, адамдардың көзінше істеген жақсы амалдарды, жалғыз қалғанда да бірдей орындауы тиіс. Ол ешқашан адамдардан мақтау күтпеуі керек.

Шәй үстіндегі хат☕️

08 Nov, 15:15


Sevdiğin zaman her şey daha anlamli hale gelir

Сүйгенде барлық нәрсе мәнді бола түседі..

Шәй үстіндегі хат☕️

08 Nov, 13:12


Sen- жүрегімдегі теңіздің жалғыз толқынысың..

📍Bakytty mekeñ

Шәй үстіндегі хат☕️

08 Nov, 12:31


Оқыған, естіген жақсы ой, пайдалы әнгімелерді тарата жүр, менен басқа ешкім білмесін деме.

Ағаш саған өзінің саясын, жемісі мен гүлдерін беріп тұрса, мен ғана пайдаланамын деп түбімен көтеріп әкетсең, солады..

Шәй үстіндегі хат☕️

08 Nov, 12:25


Алла жақын- кеудеде оты барға.

📚Міржақып Дулатұлы

Шәй үстіндегі хат☕️

07 Nov, 19:28


Қарап тұрсақ ойлаған нәрселеріміз жүзеге асып жатадығой көбінесе..
Мысалы, емтихан алдында өте алмай қаламын деп қорықсақ, өте алмай қалуымыз әбден мүмкін болады..

Сондықтан:

🔖Адам ойын өзгертсе, өмірін де өзгерте алады.

🔖Жамандық ойлаған жан әрдайым жамандық көреді, жақсылық ойлаған жан әрдайым жарық көреді.

🔖Кейде күнделікті ойларың- болашақ өміріңнің жоспары болады..


Әрдайым жақсы ойда болудың пайдасы өте зор және өте маңызды..

Негізі бақытты болу- оң көзқарас пен жақсы ойдан басталады…

Шәй үстіндегі хат☕️

07 Nov, 17:29


Барлық нәрсе келіп-кетіп жатыр. Адам барлығынан айырылыпта шаршайды, барлығын көріпте шаршайды.

Алла Тағала әрдайым қандай жағдай болса да, бізге жол көрсетеді.

Әрқашан үмітің Алла Тағалада болсын!

Шәй үстіндегі хат☕️

07 Nov, 17:23


Ал болмай жатырса, сабырлық таныт.

🔖Өз дегеніңе жете алмасаң, сабырлық таныту арқылы оған қалай жетуді үйренесің..

Шәй үстіндегі хат☕️

07 Nov, 17:19


Ең Әуелі Алла Тағалаға сен, алып шығар күшің мен қайратыңа сен..

Шәй үстіндегі хат☕️

07 Nov, 17:18


Орындалмайтын арман болмаса Алла Тағала жүрегіңнің үніне салмас еді..

Сенімсіздік танытпа, сену арқылы көп адам өмірде өз орнын тапты..

Шәй үстіндегі хат☕️

07 Nov, 16:38


Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен?
Бұл – адам баласының қиянатының көптігі, мейірімінің аздығынан.

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Шәй үстіндегі хат☕️

07 Nov, 14:37


Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам.

Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады.

Шәй үстіндегі хат☕️

07 Nov, 14:29


Надан жұрт – алдыңғы мəдени жұрттың киіп тастаған ескісін кимек.

Шәй үстіндегі хат☕️

06 Nov, 16:12


Алтын көрсе, періште жолдан таяды дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны ғой бұл.

📚Хәкім Абай

Шәй үстіндегі хат☕️

06 Nov, 11:47


Channel name was changed to «Шәй үстіндегі хат☕️»

Шәй үстіндегі хат☕️

06 Nov, 10:39


Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.

-Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! - деді Төртбұрыш.

-Одан не пайда?- деді. Үшбұрыш.

Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.

-Міне бұл тауып айтылған сөз!-деді домаланған Жұмыр Шар. -Маған жұрт қай жағымнан келерді білмейді. Мысалы… Сегіз қырлы, бір сырлы болам деп армандаудың заманы баяғыда өткен.

Меніңше қырлылар емес, қырсыздар бақытты бүгінде!
-Круглый Дурак!- деді ыза болған Төртбұрыш, қалай орысша сөйлеп кеткенін өзі де байқамай.

📚Ғибратнама

Шәй үстіндегі хат☕️

05 Nov, 17:51


🔖Ғұлама Суфуян әс-Сәуридің (Алла оны рахымына алсын) : Ниетімнен басқа ешбір іспен араласқан емеспін. Себебі, ниет(маған) әрдайым құбылып тұрады.

Шәй үстіндегі хат☕️

05 Nov, 17:47


Ізгілерден қалған:

Амалдан бұрын ниет етуді үйрен.Ниетке қарай кішкентай амал үлкен амалға, үлкен амал кішкентай амалға айналады. Пен жақсы ниеттен таңбаған сайын ізгіліктің жолында болады.

📍Жақсылықта алға шығу қадаммен емес ниетпен болады.

Жақсы ниетпен қолынан келген кішкентай амалды жасап, бір кесе айран ұсынған кейуананың ісі таразы басында ауыр тартуы көп нәрсені білдіреді.

Ілім Ізденуші📚

04 Nov, 17:25


Адамға ренжудің қажеті жоқ!
Әркім өз тәрбиесіне қарап сөйлейді, өз деңгейінде ойлайды.

Санасы биіктер жақсылығыңды көреді, санасы төмендер жамандығыңды тереді.

Ілім Ізденуші📚

04 Nov, 14:33


Өзің ғана ойлаған-жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған- адамдықтың белгісі.

📚Халық сөзі

Ілім Ізденуші📚

04 Nov, 13:12


Теңіз суының тереңдігі- адамның жаны секілді, сырт көзге беймәлім құпияларға толы

Ілім Ізденуші📚

04 Nov, 13:11


Егер намазы мен көзге көрінетін ғибадатын, қолындағы тәспі мен тіліндегі діни сөздерін есепке алсақ, қазір кім көп, мұсылман көп. Ал егер харамнан аулақ, шариғат шеңберінен шықпай, Алла Тағаланың разылығын іздеп жүргендерін санасақ, бұл күнде мұсылмандар жоқтың қасы!

Ілім Ізденуші📚

03 Nov, 15:04


Дүниенің қызығы мен құмарлығы айтылмыш ақиқат пен міндеттерімізді ұмыттыра беретін болғандықтан, Алла Тағала бізге әр намаздың әр рәкағатында: Бір Өзіңе ғана құлшылық етіп, бір Өзіңнен ғана медет тілейміз! - деп айтуды бұйырды.

Сол кезде біз бар болғаны Құдіретті Құдайға бағынышты құл екенімізді, пайда да, зиян да тек Одан ғана келетінін, барлық ісіміз тек Оның ғана жәрдемімен бітетінін естен шығармаймыз. Осыны жадында ұстаған мұсылманның жүрегі Алла Тағаладан басқа ешкімге де, еш нәрсеге де байланбайды. Мал-дүние, атақ-абырой, мақтау оның иманына әсер етпейді.

Ілім Ізденуші📚

03 Nov, 11:04


💆🏾‍♂️

Ілім Ізденуші📚

03 Nov, 02:29


Үйлеріңді, көліктеріңді, балаларыңды, тамақтарыңды суретке көп түсіре бермеңдер!
Сендерге береке тілеуші көзге қарағанда, көреалмаушы жамандық тілеуші көздер көбірек.

Ілім Ізденуші📚

01 Nov, 17:00


Теңіздегі әр толқын-өмірдің әрбір сәті, бірі тыныш, бірі дүлей, бірақ бәрі өткінші.


#Теңізжағасындағыой

Ілім Ізденуші📚

01 Nov, 16:55


Кейде бұл өмірдің әділетсіздігін түсінбеген кішкентай бала болғым келеді

Ілім Ізденуші📚

01 Nov, 07:26


Реакция қостым
Бір тексеріп көрейік

Ілім Ізденуші📚

01 Nov, 06:38


Әдеп(көркем мінез) білімнің аздығын жасырады. Ал ілім болса әдепсіздікті жасыра алмайды.

Екеуін де жоғалту жалаңаштық.
Ал екеуіне де ие болу байлық.

Ілім Ізденуші📚

01 Nov, 05:56


Аңдымай сөйлеген-ауырмай өледі.

Ойланбай бейберекет айтылған сөздің адамға зиян әкеледі.
Абайсызда айтылған сөзден екі тарапта зардап шегеді.

Мақал әр сөздің салмағы бар екенін түсіндіріп жатыр. Адам кейде эмоцияға беріліп немесе асығыс шешім қабылдаған кезде, орынсыз сөз айтып қою мүмкін.
Мұндай жағдайда ол өзінің немесе айналасындағы адамдардың көңіліне қаяу түсіріп, ренішке айналдыруы мүмкін.

Бұдан басқа дұрыс таңдалмаған сөздер қоғамдағы қарым-қатынасқа да нұқсан келтіреді және адам беделіне де әсер етеді.


Әр сөзімізді ойланып айтуға, сөзіміздің алдында үлкен жауапкершілік алуға шақырады.

Ілім Ізденуші📚

01 Nov, 04:25


Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ілім Ізденуші📚

31 Oct, 11:57


Дүние сенің сәби көзіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды: аспаны - күмбез, желі - жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, қәне.

📚Ұшқан ұя

Ілім Ізденуші📚

31 Oct, 08:13


https://t.me/dengizcenneti

Ілім Ізденуші📚

30 Oct, 14:13


Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де со­лар­дың бірімін.

✍🏾Мұқағали Мақатаев

Ілім Ізденуші📚

30 Oct, 00:21


Демалу деген - тек өзің жақсы көретін істерді істеп шаршау.

Ілім Ізденуші📚

29 Oct, 17:24


Адам баласы әдемі киіммен жақсы болмайды,
Әдеп, біліммен жақсы болады.

Ілім Ізденуші📚

29 Oct, 17:13


Адамды адам қылатын-адамгершілік және мейрімділік!

Ілім Ізденуші📚

28 Oct, 18:22


-Сенде бәрі жақсыма?
-Керемет..
-Келесі сұрағанымда мені алдама, мен сенің көзіңнен бәрін ұғамын…

Ілім Ізденуші📚

28 Oct, 18:00


💆🏾‍♂️

Ілім Ізденуші📚

28 Oct, 16:16


Бос өткізу өмірді,
Ақымаққа көңілді.

Мақал

Ілім Ізденуші📚

28 Oct, 06:16


Достық - тек бір нанды бөлісіп жеумен шектелу емес, досың бір бүтін, өзің бір бүтін нан жейтін жағдайға бірге жету.

Ілім Ізденуші📚

28 Oct, 02:31


Адамдарды бақытсыз етіп жатқан тағдыр емес, адамдар! Өзі қаламайтын таңдауларды жасауға мәжбүр етіп, ертеңді ойламай сөйлеп, адам көңілін елемей, істеген істерін келемеж етіп, көтерілсе көре алмай, құласа таптап өтіп жатқан адамдар үшін тағдырға өкпелеп жатыр бәрі!

Ілім Ізденуші📚

26 Oct, 15:57


Ащы сөз азаптайды, жаман сөз мұңайтады.

Сөйлеген кезде сөздерін киім таңдағандай таңдап сөйлейтіндер – қандай керемет жан. Себебі олар сөздің де көркемдік екенін біледі.

Ілім Ізденуші📚

25 Oct, 21:19


Бір данадан: Сараңдықтан да жаман нәрсе бар ма?, - деп сұрайды.
Ол: Істеген жақсылығын айтқан адам,- депті.

Ілім Ізденуші📚

24 Oct, 21:20


Бірнәрсеге қол жеткізу үшін, қолыңдағы бірнәрсені беру керексің.

Көп жағдайда бірнәрсе қол жеткізу үшін бірдеңеден бас тарту қажет болады.

Бұл өмірде кез-келген жетістік өзіңдік құрбандықты талап етеді.
Тек маңыздысы- қандай мақсатқа жету үшін неге дайын екеніңізді білу және осы жолда не нәрсе маңызды екенін түсіну.

Ілім Ізденуші📚

24 Oct, 18:13


Раббымыз бізге одан да хайырлысын нәсіп етеді деп үміттенеміз.

68:32

Осы аятпен әрбір өкініштің отын сөндір...Әрбір жіберіп алған мүмкіндігіңнің өкінішін, Айырылып қалған қызметіңнің күйінішін, Орта жолда жоғалтып алған сүйіктіңнің мұңын, Адал деп санаған досыңның қайғысын сөндір. Алла сенен бір нәрсені алып қойса оның артында бірхикмет бар. Ал бір нәрсені қалдырса, саған деген мейірімділігі бар.
Егер сол хикметті білсең, шүкіршілік ет.
Егер білмесең, сабырлық қыл/таныт.

Алланың біздің тағдырымызға жазған әр нәрсесі біз үшін хайырлы.

Ілім Ізденуші📚

24 Oct, 16:44


Чем Человек умнее и добрее, тем больше он видит добра в людях, а чем глупее и злее тем больше он видит недостатков в других.

Ілім Ізденуші📚

24 Oct, 00:13


Жаман дос баланың тәрбиесін бұзады!

📚Имам Ғазали

Ілім Ізденуші📚

23 Oct, 21:24


Адамды сынағысы келген кісіге мін көп,
Адамға өкпелегісі келген кісіге себеп көп…

Ілім Ізденуші📚

23 Oct, 16:39


Құдайда шебер ұмытпасын деп аспанға жазып қойған атыңды…

Ілім Ізденуші📚

23 Oct, 12:12


Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар -тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі- білсем екен демеклік. Бұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен.


📚Хикмет Кітабы

Ілім Ізденуші📚

22 Oct, 15:07


Адамдардың, біразы өміріңді сенен бірнәрсе
үйрену үшін бақылайтын
болса, басқа бір бөлігі қателіктеріңді теру үшін аңдиды. Екі топ та саған таң. Бірі махаббатпен, екіншісі іштарлықпен.

Ілім Ізденуші📚

22 Oct, 12:09


Сөздің өзінде кінә жоқ.
Мәселе айтушыда.
Біреу оны мұзға аунатып жеткізеді, біреу тұзға аунатып жеткізеді. Енді біреу жүрегінің жылуына бөлеп жолдайды.


📚Қадыр Мырза Əлі

Ілім Ізденуші📚

21 Oct, 21:24


Жалғыз қалып кітаппен тілдесу-көп жандармен тілдесуден гөрі жақсырақ…

Ілім Ізденуші📚

21 Oct, 16:37


Нәпсісін тәрбиелей алған кісі жалғыз өзі жер жүзін бағындырған батырдан да күшті..

📚Мукашафатул-қулуб

Ілім Ізденуші📚

20 Oct, 20:20


Көбінесе адам баласы басындағы бағын қонғанда емес, ұшқанда біледі!

Ілім Ізденуші📚

20 Oct, 19:14


Мен сүйген жан бір ғасырда бір туады!

Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

20 Oct, 19:08


Өмірімізге неше түрлі адамдар келіп кетіп жатыр..

Біреулері сынақ,біреулері бақ болып келер..Бір жанға жаман көрініп қалсақ, бір жанға жақсы болып көрінеміз..Араласып жүрген уақытта емес, кетіп бара жатырғанда разылығын алуды жөн көреміз..

Араласып жүрген кезде разылығына ұмтылмай, кеткен адамның разылығын алуды қалаймызғой..

Қолда бар алтынның қадірі жоқ-дегендей уақытында емес, жоғалатқанда қадірін түсінемізғой шіркін..

Анам айтушы еді: Адамның ең бірінші көңіліне қарап сөйлеу керек..
Көңілдегі нәрсе мәңгіге сақталып қалады..



Шәй үстінде жазылған хат☕️

Ілім Ізденуші📚

20 Oct, 18:27


Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.

Ілім Ізденуші📚

20 Oct, 12:39


Мешітте көрінбей кеткен бауырларға:
Өз уақытымен мешітке жаңадан келушілер бар және баяғы мешітте жүргендердің кетуі бар..

Келушілерден кім? қайдан? не үшін? екендігі маңыздысы емес шүкір себебі олар мешітте..

Ал Кетушілер не үшін? кім үшін? қайда? тағыда басқа сұрақтар көп.. Қорқынышты уайымдайтын мәселе..

Ілім Ізденуші📚

20 Oct, 07:24


Адам өзінің адам екенін де білмейді екен-ау кейде

Ілім Ізденуші📚

19 Oct, 13:26


Бүгін Рахымжан Қошқарбаев атамыздың туған күні!

Оған қоса Құтқарушылар күні!

Ілім Ізденуші📚

18 Oct, 18:28


Күнә жасауға келіп тұрған шама, күнә жасамауға да келеді.

Ерлан Ақатаев

Ілім Ізденуші📚

18 Oct, 14:36


Ал кімде-кім қысастық жасап, кек алмай-ақ кешірім етсе, бұл ол үшін күнәларының өтемі болады..

Ілім Ізденуші📚

18 Oct, 11:19


Тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру
келсе, Алланы еске алады да қырағылық танытады..

Ілім Ізденуші📚

17 Oct, 18:53


Доп ойнаған тозар деп бекерден бекер айтпағаны бүгін белгілі болды😄

+Травма

Дұға етіп қойсаңыздар

Ілім Ізденуші📚

16 Oct, 20:54


Өз бағаңды көтеру үшін,
біреудің бағасын түсіріп керегі жоқ!

Ілім Ізденуші📚

16 Oct, 17:55


жұлдыздар өте әдемі,
бірақ сенің көздерің жұлдыздардан да әдемі..

🌌

Ілім Ізденуші📚

15 Oct, 20:51


Әрбір бақытсыздық пен сәтсіздіктің артында үлкен бақ жатыр!

Ілім Ізденуші📚

15 Oct, 15:59


-Бұл өмірде не ауыр десе,
тұманданған ой ауыр деуші едім..

Ілім Ізденуші📚

14 Oct, 20:59


Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

Ілім Ізденуші📚

14 Oct, 17:44


Құран аятында📖:

Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Сен
жамандықтың қарымын ең көркем жақсылықпен
қайтар. Сонда қас дұшпаның жан досыңа айналады. Алайда ондай кемелдікке сабырлық танытқандар ғана
қол жеткізеді. Сондай-ақ оған ізгіліктен үлесі мол жан ғана қол жеткізбек. Егер сені шайтан түртіп азғырар болса, дереу Аллаға сиын!
Расында, Ол бәрін естуші,
бәрін білуші, – делінген.

Ілім Ізденуші📚

14 Oct, 16:17


Мына салқын тәнді тоңдырғанымен,жанды тоңдырмасын!

😄

Ілім Ізденуші📚

14 Oct, 16:14


Сенсіз бақыт не екенін түсінбес едім…

Сенсіз екі жүрек бір жүректе қосылатынын білмес едім…