SDU University Official @sdu_university Channel on Telegram

SDU University Official

@sdu_university


Since 1996
🚀Арманыңа анық бас!

SDU University Official (Kazakh)

SDU Университеті - бұл 1996 жылы құрылған. Бұл канал арқасында студенттерге және оқушыларға көмек көрсетудің арғы ерекше түрлері мен білім алған адамдардың дайын ақпараттарына қол жеткізеді. SDU Университеті Официальдық каналы өзінің арманын реализациялауда көмектеседі. Сіз осы канал арқылы мағлұмат алуға, мәзітті семинарлар және оқу орындарына ұсыныстармен және басқа ықтималдармен танысуға болады. SDU Университеті Официальдық каналы - сізге жаңа білім жолында жүруге және білім алу барысында жеңілдіктерге көмектесетін көмекші.

SDU University Official

03 Feb, 09:56


SDU университетінде “Қазақ тілі және әдебиеті” білім беру бағдарламасының 20 жылдығына орай түлектер форумы өтті

Бұл форум осы бағдарлама аясында білім алып, түрлі салаларда жетістікке жеткен түлектерді біріктірді.

Форумның басты мақсаты – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 20 жылдық тарихын атап өту, түлектер арасындағы байланыстарды нығайту және олардың кәсіби тәжірибелерімен бөлісу болды.

Шара аясында құрметті қонақтардың қатысуымен пленарлық мәжіліс өткізілді. Бұл мәжіліске әр жылдары аталмыш білім беру бағдарламасын тәмамдаған танымал түлектер қатысты. Олардың қатарында, кәсіби коуч және бірнеше кітаптың авторы Азамат Скаков, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы Самат Жұмабеков, жазушы әрі аудармашы Шразаддин Кайниязов және жекеменшік мектеп директоры Бексеит Қадырбай және SDU университетінің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебекова болды.

Спикерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.

SDU University Official

31 Jan, 07:05


SDU University Official pinned «Қайырлы күн, достар✌🏻

Ең белсенді факультетті анықтау мақсатында сауалнама жүргізсек деп отырмыз. Сіз қай факультеттен боласыз? Өзіңіздің сүйікті ФАКУЛЬТЕТіңізге дауыс беріп өтіңіз🔝
»

SDU University Official

31 Jan, 05:32


SDU гранты сені күтеді! 🎓

SPT (SDU Proficiency Test) – 4️⃣ жылдық оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі!
Біліміңді дәлелде, арманыңдағы университеттің бір бөлігіне айнал! 🤗

📢 Тіркелу басталды! Тіркеліп, мүмкіндігіңді жіберіп алма!


🔗 https://t.me/sdu_admissions

⚡️⚡️⚡️

Гранты SDU ждут тебя! 🎓

SPT (SDU Proficiency Test) – возможность выиграть 4️⃣ года обучения на гранте!
Докажи свои знания и стань частью университета мечты! 🤗

📢 Регистрация уже открыта! Подай заявку и не упусти свой шанс!

🔗 https://t.me/sdu_admissions

#SPTолимпиадасы

SDU University Official

29 Jan, 09:34


⚜️Үндістан елшісі SDU университетінде

2025 жылдың 28 қаңтарында университетімізге Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Т.В. Нагендра Прасад ресми сапармен келді.

Бұл сапар Қазақстан мен Үндістан арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болды.

Елші SDU University басшылығымен, соның ішінде ректор, проректор және халықаралық бөлім өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында SDU мен Үндістан университеттері арасындағы бірлескен білім беру және ғылыми жобалар бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Бұл кездесу Қазақстан мен Үндістанның білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын айқындады. Ортақ бастамаларды талқылау халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып, SDU студенттеріне білім мен ғылыми зерттеулер саласында жаңа мүмкіндіктер берді.

SDU University Official

28 Jan, 11:10


Visit of University Polytechnic Hauts-De-France

On January 27, SDU University had the honor of hosting a delegation from University Polytechnic Hauts-De-France and Institute Sorbonne Kazakhstan.

The delegation: Mrs. Bousset, Director of the Institute Sorbonne Kazakhstan and the Centre Géo-énergies. Prof. Morin, Director of the International Office and full professor at INSA, Prof. Schwerter, full professor and co-director of the Master’s degree in Translation Studies, as well as the head of international relations for the Languages, Literature and Arts Academic Unit, Ms. Cécile Garçon, International Cooperation Project Officer.

During the visit, discussions centered around exploring potential cooperation between SDU University and University Polytechnic Hauts-De-France, with a focus on academic exchange, joint research initiatives, and expanding international partnerships.

SDU University Official

21 Jan, 09:55


ЭДВАЙЗЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫСҚЫ СЕМИНАР

Жақында университетімізде эдвайзерлерге арналған "Mentorship matter - A Pathway to Excellence" атты қысқы семинар өткізілді

Шараның мақсаты — эдвайзерлердің шеберліктерін арттыру, жаңа көзқарас пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ұсыну. Семинар бірнеше бөлімнен құралды:

Advisor Talks: Тәжірибелі мамандар мен сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, TED форматында шабыттандыратын баяндамалар жасады.
Практикалық уоркшоптар: Эдвайзерлік қызметіндегі нақты жағдайларды талқылауға арналған интерактивті сессиялар өткізілді.
Нетуоркинг мүмкіндіктері: Семинар барысында әріптестермен тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды талқылау үшін тамаша мүмкіндік болды. Әркім өз пікірін айтып, басқа қатысушылардан жаңа ақпарат алды.
Белсенді қатысушыларға марапаттар: Семинарда ерекше белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұл семинар эдвайзерлерге өз шеберліктерін арттырып, студенттер мен әріптестерге қолдау көрсетуде жаңа деңгейге көтерілуге жол ашты.

#семинар

SDU University Official

21 Jan, 07:32


⚜️Бирмингем университетінің өкілдері SDU шаңырағында

20 қаңтар күні университетімізге Ұлыбританияның Бирмингем қаласында орналасқан жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Бирмингем университетінің өкілдері келді.

Делегация қатарында университет негізінде құрылған Jubilee Centre for Character and Virtues орталығының құрметті өкілдері, білім беру мектебінің доценті, доктор Пол Уоттс және профессор Эндрю Петерсон болды.

Сапар барысында құрметті қонақтар SDU университетінің кампусын аралап, білім ордасының мүмкіндіктерімен танысты.

Әлеуметтік әдістемелік орталық студенттердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы оқыту ерекшеліктеріне тоқталды.

Алдағы уақытта SDU мен Бирмингем университеттері арасындағы ынтымақтастық нығая түседі деген үміттеміз.

#Birmingham #SDU

SDU University Official

20 Jan, 06:49


Жаңа оқу семестрі құтты болсын, SDUdent💙

Жылы ұяңа қош келдің🫂

Біз сені асыға күттік!
Білім әлеміне жасаған қадамың нық болсын

#жаңасеместр #SDU

SDU University Official

16 Jan, 04:57


ВАКАНТТЫ ГРАНТТАР

Құрметті білімгер, босаған білім беру грантына өтініш қабылдаймыз🥁

Бекітілген файлда мамандықтар бойынша бос гранттың орындары көрсетілген.

Өтініш беру шарттары:

1. Өтінішті ақылы негізде оқитын білімгер ғана бере алады;
2. Барлық оқу кезеңіндегі ең төменгі орташа балл 2,5-тен жоғары болуы керек;
3. “F” бағалары бар білімгер қатысуға жіберілмейді;
4. Өтініш үлгіге сәйкес берілуі керек. “Босаған білім беру гранты” Google-формасын толтыруды ұмытпаңыз. Googlе-форманы дұрыс толтырғаныңызға көз жеткізіңіз, себебі қате деректер өтініштен бас тартуға әкелуі мүмкін;
5. Өтініштер бүгін (16 қаңтар) кешкі сағат 23:59-ға дейін қабылданады;

Назар аударыңыз:
* Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтініштер қаралмайды.

SDU University Official

30 Dec, 11:07


🏆Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2️⃣0️⃣2️⃣4️⃣

Республикалық конкурстық комиссия өз мамандығы бойынша ең үздік оқытушыларды таңдады.

Конкурсқа еліміздің 90 жоғары оқу орнынан барлығы 946 үміткер қатысты. Қазақстандық 38 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады, бұл шамамен 7 млн теңгені құрайды.

Ақшалай ынталандырудан бөлек «2024 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болды.

SDU University мекемесінен 4 үміткер байқауға қатысты. Соның ішінен Компьютерлік ғылымдар кафедрасының ассистент профессоры Бакранова Дина жеңімпаз атанды.

Конкурс жыл сайын оқытушы беделін арттыру және одан әрі кәсіби тұрғыдан дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

SDU оқытушысын жарқын жеңісімен құттықтаймыз💐

SDU University Official

27 Dec, 09:11


⚜️2024 жылдың айтулы 10 жетістігі:

▪️SDU University беделді QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде жоғары нәтиже көрсетіп, 461-470 орындарға дейін көтерілді әрі Орталық Азияның ең үздік 30 университетінің қатарына енді.

▪️Freedom Shapagat SDU студенттері үшін жаңа оқу ғимаратын тұрғызуда.

▪️15 мамандық “Атамекен” ҰҚП рейтингісінде ТОП-10 тізіміне енді.

▪️SDU University 7 мыңнан астам адам қатысқан жылдың ең ауқымды GRAND жәрмеңкесін өткізді.

▪️130 баллдан жоғары жинаған 246 талапкер SDU студенті атанып отыр. Мемлекеттік грант конкурсының нәтижесі бойынша SDU университетіне 1401 талапкер грантқа түсті.

▪️SDU University зерттеуші ғалымдары 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми жобаларға грант ұтты.

▪️Қытайдың 7 университетімен ынтымақтастық орнатылды.

▪️SDU University білім ордасында ICBCB конференциясы өтті.

▪️SDU университетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған стендтің салтанатты ашылуы өтті.

▪️Өнертапқыш студенттеріміз көліктің жаңа моделін жасап шығарды.

SDU University Official

25 Dec, 09:12


Возможность для студентов SDU 📢

Если вы относитесь к социально уязвимым группам и являетесь студентом с хорошей успеваемостью, у вас есть шанс получить скидку на оплату обучения.

📌 Что нужно сделать?
- Заполнить форму по ссылке
- Прикрепить подтверждающие документы
- Написать мотивационное письмо
- Приложить характеристику от эдвайзера

🗓 Дедлайн: 29 декабря 2024 года
📢 Результаты: 31 декабря 2024 года на сайте SDU


По вопросам можете написать:
✉️ [email protected]
✉️ [email protected]

Ссылка на регистрацию: https://forms.gle/vWhwZe91f1Latw8MA

SDU University Official

16 Dec, 09:37


Құрметті SDU қауымдастығы!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке бізге еркіндіктің, бірліктің және еліміздің дамуы жолындағы ортақ мақсаттың маңыздылығын еске салады. Әрқайсымыз өз еңбегіміз бен күш-жігеріміз арқылы ел гүлденуіне үлес қосамыз.

Осы айтулы мереке сіздерді жаңа жетістіктерге шабыттандырып, Отанымыз үшін қуаныш пен мақтаныш сезімін сыйласын!

#Тәуелсіздіккүні

SDU University Official

12 Dec, 11:27


The construction of a cutting-edge building dedicated to artificial intelligence research is progressing at a rapid pace.

We believe this facility will serve as a hub for innovation and scientific discovery, driving significant advancements in the AI field.

Freedom Holding Corp. and the Freedom Shapagat Corporate Fund are making a valuable contribution by supporting this project and investing in the future of talented youth.

#freedom
#новыйблок

SDU University Official

12 Dec, 09:45


⚜️SDU басшылығы арнайы іссапармен Германияның Мюнхен қаласында болып қайтты

8-9 желтоқсан күндері Инженерия, информатика, жаратылыстану және математика ғылымдары саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігінің (ASIIN) 25 жылдық мерейтойы болып өтті.

Мюнхенде өткен айтулы шараға университетіміздің ректоры Әлімжан Игенбаев пен академиялық істер жөніндегі проректор Андрей Богданчиков қатысып қайтты.

Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығымыздың белгісі ретінде ректор университетіміздің атынан естелікке кәдесый тарту етті.

Халықаралық ASIIN аккредитациясы SDU университетінің білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын және олардың халықаралық стандарттарға сай келетінін растайды.

#ASIIN
#SDU

SDU University Official

05 Dec, 06:36


ҚЫТАЙДЫҢ 7 УНИВЕРСИТЕТІМЕН СЕРІКТЕСТІК - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ🇰🇿🇨🇳

Жақында SDU университетінің делегациясы “Аспан асты еліне” сапар шегіп, Қытайдың үздік оқу орындарымен танысып қайтты. Нәтижесінде, беделді 7 университетпен әріптестік қарым-қатынас орнатылды.

Қытайдың жетекші оқу орындарымен әріптестік – SDU үшін стратегиялық маңызды бағыт. Бұл ынтымақтастық білім беру және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа технологиялар мен инновацияларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Қытай университеттерімен жасалған келісім жайлы материалдың толық нұсқасын оқу үшін осы сілтемені басыңыз.

#SDU
#ХалықаралықТәжірибе

SDU University Official

02 Dec, 09:53


SDU OPEN DAY

Кеше SDU қабырғасында ерекше күн болды! SDU Open Day шарасына 1000-нан астам абитуриент пен олардың ата-аналары қатысты. Қонақтар университетіміздің мүмкіндіктерімен танысып, болашақ мамандықтарын таңдау жолында маңызды ақпарат алды😊

Әр қонағымызға ерекше көңіл бөліп, SDU-дың арнайы сыйлығын табыстадық. Бұл күн сіздер үшін есте қаларлықтай болды деп сенеміз!💙

Open Day шарасына қатысқан әрбір жанға алғыс білдіреміз🤍

SDU - армандар орындалатын мекен🌟

#OpenDay
#SDU

SDU University Official

22 Nov, 11:52


STEM WEEK SDU

The STEM Week at SDU, organized by the Faculty of Education and Humanities, has successfully concluded.

Throughout the week, students enhanced their knowledge in fields such as technology, engineering, mathematics, and other sciences, showcasing unique projects. Events like the Olympiad Contest, FLL Challenge, Rocket Challenge, and Hackathon highlighted the creativity and skills of the participants.

STEM Week aimed to popularize science and inspire students to achieve new milestones. Exhibitions in biology, chemistry, and physics introduced participants to the fascinating world of science.

We extend our gratitude to all faculty members who supported the organization of this event!

SDU University Official

14 Nov, 08:42


We are thrilled to announce that our students and instructors had the unique opportunity to participate in Fortinet Security Day Almaty 2024! 🎉

This year's event, held in a dynamic Tech Expo format, offered deep insights into the latest innovations in cybersecurity. Experts from Fortinet and its partners presented cutting-edge solutions, including AI-driven automation, Zero Trust architecture, and next-gen campus networks.

Our students gained invaluable knowledge and practical ideas for testing in their labs, contributing significantly to their professional growth. A big thank you to Fortnite for supporting the development of future cybersecurity professionals!

SDU University Official

14 Nov, 05:05


SDU EXTENSION SCHOOL ОРТАЛЫҒЫ ХАБАР АРНАСЫНЫҢ ҚОНАҒЫ БОЛЫП ҚАЙТТЫ📺

SDU Extension School орталығы “Хабар” арнасының шақыруымен «Оян» бағдарласында “Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы” тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында еліміздегі педагог тапшылығын шешуге бағытталған бағдарлама жайлы, яғни кәсіптік білімі бар, бірақ педагогикалық білімі жоқ мамандардың 6 ай ішінде, ресми түрде сабақ беруге мүмкіндік алатын сертификатталған оқыту туралы айтылды.

Сонымен қатар, оқыту форматы, мерзімі және қабылдауға қажетті құжаттар туралы толық ақпарат берілді.

#ExtensionSchool
#ХабарАрнасы

SDU University Official

13 Nov, 03:41


🎓 ҰБТ-да 140 балл алу мүмкін бе?

💡 Биылғы ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған Жаннұр Еңсебек пен Айым Ержанова өз кеңестерімен бөлісті.

🤩 140 балл иегерлері сіздерге ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаудың тиімді әдістерін ұсынады. Олардың тәжірибесі сіздерге де пайдалы болады деп сенеміз!🔥👇

📚 Жүйелі дайындық – жоғары нәтижеге жетудің басты кепілі.

Дайындық барысында ми мен денеге демалыс беру маңызды. Тұрақты ұйқы мен үзілістер сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартады және шаршаудан сақтайды.

🌀 Биыл 140 балл жинаған түлектердің тәжірибесінен үлгі алып, олардың әдістерін қолданып көріңіз. Олар күнделікті дайындыққа ерекше назар аударып, бар күш-жігерін осы мақсатқа жұмсаған.

🌟 Жақсы нәтиже тек тұрақты дайындықпен келеді. Жоғары балл жинап, армандаған оқу орнына түсіңіздер! Сәттілік!

SDU University Official

11 Nov, 03:45


⚜️Кеше университетімізде QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі өтті. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен үшінші рет өткізілген шараға Қазақстан мен шетелден келген шахмат шеберлері қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы сөз сөйлеп, шахматтың ақыл мен стратегияны, табандылық пен шыдамдылықты талап ететін ерекше спорт түрі екенін атап өтті.

Салтанатты рәсімнен кейін турнирдің алғашқы жүрісі жасалып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Сайыстың басты мақсаты – жастар арасында шахматты кеңінен насихаттау және халықаралық деңгейде достық байланыстарды нығайту.

QONAEV CUP 2024 турнирі Қазақстанда шахматтың дамуына серпін беріп, жаңа таланттарды ашуға зор мүмкіндік жасады. Ұйымдастырушылар бұл жарыстың болашақта өз жалғасын табатынына сенімді.

#шахмат
#турнир
#SDU

SDU University Official

07 Nov, 07:07


QS Asia University Rankings 2025

SDU University беделді QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткенін қуана хабарлаймыз. Өткен жылы университетіміз Азия бойынша 551-600 орындар арасында болса, биыл 461-470 орындарға дейін көтерілді👏🏻

Сонымен қатар, SDU Азияның ең үздік 500 университеті, Орталық Азияның ең үздік 30 университетінің қатарына кіріп, аймақтағы жетекші орнын және білім мен ғылым саласындағы зор үлесін растап отыр.

#SDU
#үздіктерқатарында💙

SDU University Official

06 Nov, 05:31


🎉 Поздравляем Мирзоеву Лейлу Юрьевну, доктора филологических наук, профессора факультета Педагогики и Гуманитарных наук, кафедры языкового образования, специальности «Переводческое дело», с получением медали «Қаныш Сәтбаев 125 жыл»!

Это высокая награда является признанием её значительного вклада в науку и образование. Желаем вдохновения и новых свершений💐

#профессорSDU #наукаиобразование

SDU University Official

05 Nov, 04:46


Кеше университетімізде Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті мен SDU бизнес мектебі бірлесе ұйымдастырған Job Fair шарасы өтті

30-ға жуық ірі компаниялар студенттерімізге бос жұмыс орындарын ұсынып, таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл шараның SDU үшін маңызы зор, себебі білім ордасы түлектеріміздің жұмыспен қамтылуын басты назарда ұстайды💙

#JOBFAIR #SDU

SDU University Official

31 Oct, 14:44


🏆 SDU Университетінің жеңісі!

Шәкәрім университетінің 90 жылдығына орайластырылған «В037 Филология (Қазақ)» білім беру бағдарламалары тобы бойынша өткен XVI республикалық пәндік олимпиадада біздің студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды! 💪

Команда мүшелері:

- Темірбек Дариға – «Үздік эссе» номинациясы
- Ниетбаева Камила
- Бердібай Ақбала

SDU University командасы командалық есепте жоғары нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студенттерге жетекшілік еткен ұстазымыз Ғазиза Отарбаеваға ерекше алғыс айтамыз. Сондай-ақ, барша оқытушыларымызға қолдауларыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Құттықтаймыз! 💙

SDU University Official

21 Oct, 06:29


⚜️Республика күні қарсаңында университетімізде батырлар бастаған салтанатты шеру болып өтті🇰🇿

Тәуелсіздігіміздің айғағы болған тұғырлы мерекені SDU осы апта бойы атап өтпек. Сондықтан да баршаңызды мерекеге орай ұйымдастырылатын шараларда күтеміз💙

#Республикакүні #Салтанаттышеру

SDU University Official

14 Oct, 10:02


Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті, "Физика-информатика" мамандығында оқитын студенттер "6B01503-Физика мұғалімдерін даярлау" бағыты бойынша Республикалық олимпиададан топтық нәтижеде І-орынды иеленді🏆

Олимпиадаға қатысқан студенттер:

"Физика-информатика" БББ-сының 2-курс студенті Оловуддин Абдулатипов
"Физика-информатика" БББ-сының 4-курс студенті Алибек Турашев
"Физика-информатика" БББ-сының 3-курс студенті Самат Еламан

Сондай-ақ, жекелеген есепте Алибек Турашев пен Самат Еламан ІІІ-дәрежелі дипломдарға қол жеткізді.

Осындай үлкен жеңіспен студенттерімізді және олардың ғылыми жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессор Максутов Самат мырзаны шын жүректен құттықтаймыз!

SDU University Official

11 Oct, 05:09


SDU-да мәдениетаралық байланыс бойынша халықаралық конференция өтті

Ауқымды шараға Ұлыбритания, Жапония, АҚШ, Канада елдерінің беделді ғалымдары, отандық зерттеуші-ғалымдар және еліміздің әр аймағынан келген оқытушы ұстаздар жиналды.

Биыл 11-ші рет өткізіліп отырған дәстүрлі ICBCB конференциясын университет ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА жəне «ELINET» Білім беру, Тілдер жəне Интернационалдандыру желісімен және “BILIM-INNOVATION” ҚҚ-мен бірлесе ұйымдастырды.

🔗 Толығырақ: www.gov.kz

* * *

В SDU прошла международная конференция по межкультурным связям

На масштабное мероприятие собрались ученые из Великобритании, Японии, США, Канады, отечественные исследователи и преподаватели из разных регионов нашей страны.

Традиционную конференцию ICBCB, которая в этом году проводится уже в 11-й раз, университет организовал совместно с НАН при Президенте РК, сетью "ELINET" по вопросам образования, языков и интернационализации, а также общественным фондом "BILIM-INNOVATION".

🔗 Подробнее: www.gov.kz

SDU University Official

05 Oct, 03:34


⚜️5 қазан – Ұстаздар күні құтты болсын!

Қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің даналықтарыңыз арқылы шәкірттеріңіз өмірге сеніммен қадам басып, ел дамуына өз үлесін қосатын азаматтар болып өседі.

Осы абыройлы қызметте Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Шәкірттеріңіздің құрметі арта түссін!

SDU University Official

03 Oct, 09:24


⚜️SDU UNIVERSITY HOSTED TWO DELEGATIONS FROM THE USA

On October 2, 2024, SDU University hosted distinguished delegations from both Lehigh University and the University of California, Davis, USA.

From Lehigh University, Dr. Cheryl Matherly, Vice President and Vice Provost for International Affairs, and Stacy Burger, Director of Global Partnerships and Strategic Initiatives, engaged in discussions aimed at promoting collaboration, particularly in student and staff exchange programs.

Furthermore, SDU University welcomed Dr. Joanna Regulska, Vice Provost and Dean of Global Affairs, and Sarah Olson, Director of Global Partnerships from UC Davis. They were accompanied by Dr. Joel Ericson, Founder of Steppe Global Education and IIE Eurasia Representative. This visit aimed to explore opportunities for joint initiatives and partnerships that could enhance global engagement and educational exchange.