кітапқа дейін @kitapqadeyin Channel on Telegram

кітапқа дейін

@kitapqadeyin


кітапқа дейін (Kazakh)

кітапқа дейін Telegram қаналы - бұл барлық кітаптардың жаңа таңдаулары мен шолулары туралы ақпаратты білдіруші көмекті канал. Мұнымен бірге, бұл орынды тек кітапқа арналған басқа қызметтерді де ұсынады: жаңа жариялар, кітаптардың аудио нұсқалары мен басымды басқару және құжаттарды бөлестіру туралы кеңес. 'кітапқа дейін' Telegram қаналы сіздің кітаптардың өзіндік әлемінің күйзеліштеріне қатысуға көмектеседі. Сіздер кітаптар жайлы сөйлесу, ойлау, жалпы кеңес берумен қамтылатын сілтеме боласыз. Сол себепті біздің 'кітапқа дейін' Telegram қаналымен бірге аналитикалық жағдайларды жеке бағалау және кітаптар туралы мәліметтер алу жолында боласыз. Жазушылар, оқырманшылар, кітапты оқушылар және кітапқа ғана мекенді жағдайларды көркемдетуші келісімдер таба алады 'кітапқа дейін' Telegram қаналында. Сіз де 'кітапқа дейін' Telegram қаналына қосылыңыз және өзіңіз үшін жақындамайтын кітаптар жайлы ақпарат алыңыз!

кітапқа дейін

21 Feb, 20:07


Жүрегіме жеткен туындыларыңызды жазған, қалам ұстаған қолыңызды қара жерге қимайтынымыз болмаса,

бәріміз де мәңгі емеспіз, білемін🕯️

кітапқа дейін

21 Feb, 19:50


🕯️ батаңызды алам деп жүргенде, өзіңіз батып кеттіңіз

айтылатын әр әңгімеде кейіпкерлеріңізді тілге тиек етем, соның ішінде Өмекей мен Жасыныңыз, Сәлимаңыз қандай еді

анау “Сүйекші”..

кітапқа дейін

21 Feb, 19:40


шешем үнемі “қолын алып қал, көріс, көр, кездес, көзі тірі тау ғой” дейтін. пенде мәңгі жасайтындай кейінге қалдырған, жасаған ақымақтығым..

Бір тау да кетті.. Дулат Исабеков, көпті үйреттіңіз..🤍

кітапқа дейін

16 Feb, 10:21


«Мен ер едім, бұған дейін ешбір батырға бас имеген. Оның жанарларының алдында неге дәрменсіз болдым?!
Барлық майдандарда жеңіспен қайтушы едім.
Ал оның мөлдіреген көздерінің алдында жеңілдім…”

кітапқа дейін

15 Feb, 19:22


🕯️ Жүректің көзі ашылса, хақтықтың түсер сәулесі

Абай

кітапқа дейін

13 Feb, 15:26


«көңіл айнасының шаңын бір сүртсем, бәрі де бала күнімдегідей жарқырап көз алдыма келе қалады..🤍»

кітапқа дейін

12 Feb, 20:05


Сipә, төрт-бес жастағы балаларда бірін-бірі тілсіз-ақ түсінетін ерекше бір қасиет бар болса керек. Өсе келе үлкендер сол қасиеттен айырылып қалып, «Менің тілім, сенің тілің»
деп, дауласкер дертке ұшырайды екен ғой..

Ай мен Айша | Шерхан Мұртаза

кітапқа дейін

11 Feb, 17:13


сенің намазға апара алмаған иманың жұмаққа апара алады деп ойлайсың ба?

кітапқа дейін

10 Feb, 20:05


жоғары оқу орнын аяқтадым, 4 кітап жаздым, жүздеген мақалалар.. бірақ әлі де қатемен оқимын. сен жәй ғана “қайырлы таң” деп жаздың, менің көзім “сені сүйемін” деп оқыды..🕯️

- палестиналық поэт Махмуд Д.

кітапқа дейін

10 Feb, 16:36


Жарық шамым, өмірімнің ағысы. Өткен шақтан есеп алмай, көңіліңді қайыстырар, жаныңды жабырқатар, сөздік сабырды тауыстырар кезін кешірші, көкеңнің.

Өмір уақытша, зымыран болса да, сол өтетін өмірімнің соңына дейін бейнелерім өзіңсің, айналайын. Қиынды қиыстырып, бар қиындық пен сынақты бірге еңсерерміз әлі. Мендік көңіл - көңіл шын. Шын көңілді көрген көз - сендік көз болсын.

кітапқа дейін

08 Feb, 21:15


өмір бойы бір нәрсе жетпей өте шығар адам баласы — өзінің аз ба, көп пе ғұмырында зар еңіреп іздегені қанағат, тоқтам екенін ылғи да кеш түсініп, көзін жұмады-ай...

қар қызы

кітапқа дейін

06 Feb, 15:59


«Жазушылығына ғана құрметім бөлек, иттігін мойындамаймын» деген тіркесті естігем бұрын. Жанына тағы бір тіркес болар «Ұлылардың жанына түнеме, пенделігін көріп түңілесің»

| неге қозғағаным белгісіз, бірақ ашып жазамын-ау бір күн

кітапқа дейін

06 Feb, 12:42


🕯️ Халықты қалқан тұтатындар бар. Халыққа қалқан болатындар бар.

Оралхан

кітапқа дейін

03 Feb, 16:24


Өзіңді сүйемін деймін-ау, өзіңді ғана емес қой, көңіліңді, түсінігіңді, сөзіңді, мейіріміңді, қолдауыңды, қорғауыңды, тіпті анау қызғануыңды да..🤍

кітапқа дейін

02 Feb, 19:17


📜 Ескертпеден:

Өмірден шаршамаңыз. Иә, жалған, алдамшы. Бірақ нағыз кемел адам екі дүниені де қатар ұстай алған адам. Өмірді сүйіңіз демеймін. Бірақ шүкір етіңіз. Шүкір барға не жоққа айтылмауы керек, меніңше. Шүкірді бағалағанға айтады. Ғұмыр бағалану керек: пана, он екі мүше, сана сау болғандығы үшін. Шүкіріңіз көп болсын🌥️

кітапқа дейін

02 Feb, 19:06


Бойдағы міні шашынан көп болса да, өзімен күресіп жүрген бір адамды көрмейсің. Көшеден жүз адамды ұстап алып сырлассаң, жүзі де әлдекімнен қиянат көрушілер болып шығады. Сонда қиянат жасаушылар қай жақта жүр?

| Парасат майданы | 🕯️

кітапқа дейін

31 Jan, 11:30


Жас бала жарық дүниеге көзін жұмып туады, бәлкім атысып-шабысқан сұрқиялық пен сұмдықты көргісі келмегені де.. Ал, сол бала ер жете келе, өмірдің бар кереғар бақыты мен қайғысына еті үйрене келе - қимай қиналады. Жалғыз ғұмырды тастап, арғы дүниеге аттана алмай - көзін ашып өледі.. Өліге де, тіріге де төсек болған қара жер ғана тентек пендесін теңестіреді.

Оралхан Бөкей

кітапқа дейін

31 Jan, 00:05


Сайтан көпірдің айналасынан шыға алмай отырған бір дүдәмал ой шіркін маза бермейді. Анау-ларға мән бермеуге қанша тырысқаныңмен, олардың жаңғырығы-ның әсері өмірде орын алады бәрібір. Оралханның бір дүниені мүлде бөлек түсінікпен, оқиғамен жеткізе білген сөз құдіретіне масайған қалпыма кіріп отырмын қазір. Ол құдірет дүниеге келу үшін де бастан кешу керек қой, демек Оралхан кешкен..

кітапқа дейін

29 Jan, 11:59


«Әлем шарлап, бақытты сәттерге тойған, ақыл есі сау, әдемі қартайған екі әлемнің бір уақта әлемнен қоштасуы болсын🕯️»

кітапқа дейін

28 Jan, 14:53


кемпірқосақ боламыз ба? сәбиден қария атаулыға дейін көңілін көтерер? екеуміз кім болсақ та мейлі. қара бұлт болайық. тоғысар шағы жаңбырын сыйлайтын, жерге берер гүл-көгін. мейлі, қара түн болайық. шаршағанын басар тәтті ұйқыны арнайды ол да. болмай жатса, алыс та болсын күн мен түн болармыз. кездеспесек те, адамзат ол екеуге өзге серік қоспайды емес пе? бірақ кездеспей.. жоқ біз нағыз сен және мен болайық. басқадан емес, өзімізден көрсетер толық махаббатты🤍

кітапқа дейін

25 Jan, 17:05


Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан

кітапқа дейін

23 Jan, 12:29


“бақыттың максималы - бақыт деп атай алатын сана биігіндегі адамыңды табу”

кітапқа дейін

23 Jan, 12:27


бас амандықты дұғаға қосуды ұмытпаңыздар. төрт көзіміз түгел болсын 🌥️

кітапқа дейін

20 Jan, 17:58


Сенбеуге болмастай, сенбеуге тіпті ұялардай әдемі өтіріктер жиі кездеседі ғұмырда. Көкіректі оятып үлгермек керек, уақытында📠

кітапқа дейін

20 Jan, 16:07


Ойға батпасаң - өмір оңай. Бірақ ойға батпасаң - қараңғылыққа батасың. Сүргенге жеңіл кімге жақпас, ойлану, шешу кімге жеңіл?

кітапқа дейін

18 Jan, 14:29


📝Джек Лондон өз |Мартин Иден| шығармасында “ақыл махаббат істеріне араласпауы керек, махаббат ақылдан жоғары” деп қалдырыпты.

Әуелде ұнатпадым, білмеймін. Кейін жүзге қосылдым. Себебі, мен әуелде махаббатты қазіргілердің бос сиқымен елестеттім. Нағызы болар болса, шынында, махаббат ақылдан жоғары..

кітапқа дейін

18 Jan, 14:16


«Мына жалғандағы қақтығыс, қастық пен дұшпандықтың көбі тілден туған. Өз-өзіңмен бол, сөз атаулыға көп шұқшима. Махаббат өлкесінде тілдің билігі жүрмейді. Ғашық мылқау келер.»

🕯️ Элиф Шафак

кітапқа дейін

16 Jan, 17:13


Айтар диалогтан үнемі түйін шығару маңызды емес, маңыздысы сезіну:
Екеуара жаныңа жылу берілгенін; жәй ғана ой тереңіне сүңгігендей күйді; тербеле кеткен көңіл медеуін; арнайы өзіңе жеткізілген, құны жер түбінен табылар гауһардай сүйім сөздерді, айтылған әңгімедегі әсем, рух тербетер пікірді сезіну. Оған қоса, сөздің иесі өзін, жанар көзін сезіну. Бақыт.

| 🤍 |

кітапқа дейін

14 Jan, 16:56


бүгін.

кітапқа дейін

13 Jan, 18:44


бақыт🤍

кітапқа дейін

12 Jan, 14:10


Туған күніңізбен, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев!

кітапқа дейін

10 Jan, 06:49


Мұхтар Мағауин..
Иманыңыз жолдас болсын🤍

кітапқа дейін

08 Jan, 19:04


“Алла білсе болды, басқасы білмесе де болады”

Әзіреті Әли р.а

кітапқа дейін

08 Jan, 10:38


Сабыр Жұмақтың бір есігі болмас еді, бұл дүние сүргенге жеңіл болса🌊

кітапқа дейін

06 Jan, 10:12


“қайда қарасаң, бір нығмет пен игілік көресің”

Бұл бес-ақ ауыз сөз менің ғұмырымды әдемі етуде. Жүрген, көрген емес, сезген сәтімнің көп болуын тілеймін. Қалғаны бекер. Жаратушының лас ғұмырда сыйлап қойған әдемі жаратылыстарын сезіне алу - тым бөлек дәреже, тафаккур. Қарапайым дүниеден әдемі кейіпті көруде сонардай бақыт жатыр. Тауға шығыңыз, айнала ғасырлық тал, шырша. Жолыңыз бұралаң. Бұралаңдығы - сол ағаш тамырларының үлкейіп, жер бетіне шығуынан. Ол да бекер емес. Қисая жайылған жердің яки таудың үстінде жүру үшін сол тамырларды арнағандай құдды. Айтыңызшы, басқан жердегі әр болмашыны ойлау қиял ма? Меніңше жоқ, ол биіктік. Сана биіктігі. Ғасырлық адам қитұрлығын көрсе де жылуын берер күнге, санмыңжылдық санасыздығын көтеріп тұрған жерге қараймын. Жаратушыны көрмей сенбесеңіздер де, көздеріңіз көріп тұрған осы күн мен жердің кешірім мен мейіріміне неге сенбеске? Ал ол екеуінің иесі болмауы мүмкін емес қой? Бір уақ жаратылғанға рақметіңізді жеткізіп көріңіз. Ол әдетке айналсын. Әдетіңіз - Өміріңіз🤍

кітапқа дейін

03 Jan, 17:04


🤍

кітапқа дейін

03 Jan, 17:03


Жаздың самал желінің ескенін масқара сағыла сағынып отырмын. Неге екені белгісіз де, белгілі, мезгілдің сол тұсын ерекше күтемін. Жаным табиғат пен тыныштыққа құмар. Бұл екеуіне жаз айларында ғана есіре масаюға болатын секілді. Қаладан жыраққа шатырың мен жеңіл тамағыңды әкетіп, өзің мен дүмпу ойларың ғана қалып, шырмауықтарыңмен алысатын бұл қандай сүйім сәт, шіркін. Шырмауық деуге де келмес-ау. Әйтпесе, менікі де кәдуілгі өмірдің сиқы ғой. Өзіңмен бірге кітабыңды әкетсең тіпті басқа әңгіме. Кедергі келтіретін аралар мен көбелектерге шаңның тозаңындай да жеккөру жоқ қой, айтыңызшы. Жаздың мен сүйетін мұндай сәттерінде әр биікке махаббаттан басқа түк жоқ жүрегімде. Биік дегенім Жаратушының жаратқандары. Тек қана жаз бола берсе дейтінмін бала күні. Кейін қыс болмаса жаз қадірін түсінбес адамның қылығы барын мен қайдан білейін? Тау қадірін де ұқтырған жазықтық пен қыр емес пе еді. Осындай ой елегінде жүргеніме де біраз болып еді. Қабақтың қаққанында жаз да келер. Мен де бұл жазбамды сол жаздың самал желі ескен уақытымен қатарласып тау бөктерінде оқып отырармын. Қазір дала гүлдерін иіскемесем де, сенің гүлдеріңді иіскей, қолыма кітап ұстап отырмын. Қыстың суық күнінде жылытар отбасың, қуантар жаның болса жазды аңсауың да азаяды екен ғой. Жазғым кеп кетті. Бары осы📝🤍

кітапқа дейін

28 Dec, 16:10


Тәкаппарлықты оқытатын мектеп жоқ, бірақ бітіріп жатқан түлегі көп

Момышұлы

кітапқа дейін

25 Dec, 17:31


25🤍

кітапқа дейін

23 Dec, 23:21


«Бақыт» ұғымын мақсат көретінмін. Сол мақсатқа жеткім келетін. Қателескем екен. Бақыт ол жәй ғана сіз өмір сүретін жәй-күй. Ол күйге қашан кіреріңізді сіз шешпейсіз. Ал мен бақыттамын, бақыттымын🌍

кітапқа дейін

19 Dec, 22:58


Он күн қалыпты ғой, мәзбін, үйімді және үйімді көреріме мәзбін🤍

кітапқа дейін

15 Dec, 11:54


Неге жастар дәл Колбинге қарсы болды? Желтоқсанды айтам дағы. Қазақ басқарсын деді, орысты ұнатпады? Ал Брежнев басқарғанда неге үнсіз едік?

Ол жылдары көнген едік. Көндігуіміздің себебі - бойымызда қазақ деп атойлап тұрған намыстың жоқтығы. Ал сол 86шы жылдары намыс қайдан келе қалды?

Қазақ жазушыларының кітаптарынан, қазақфильм, т.б. Соның ішінде, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділерін» таңба басып, шегелеп тұрып айта аламыз. Түрлі романдар жүрекке жетіп, ұлт намысын жеткізіп жүрген еді. Жазушылардың көзге көрінбес ерліктері ғой, міне. Сол заманнан кейін, қазіргі күні орнын баса алмаса да, қатарлас жазушылар әлі көрінбейді. Көрінер ме екен?

кітапқа дейін

14 Dec, 00:08


Біреуге бір дүниені орынсыз сезіндіріп қоюдан аулақ болайықшы.
Өзгені сыртта ғана емес, ойымызда да сыйлап үйренейікші.
Өзіңді ғана түсіну арқылы екеуара түсіністік қалыптаспайтынын білейікші.
Өзгені сүю арнайы шартпен орындалмайтынын, өзгерістің өте мүмкін дүние екенін ұғынайықшы.
Оның білдіру сипаты не білдіру мүмкіншілігі сенен өзгеше болуы, білдіруінде яки сезінуінде ағаттық барының себебі еместігін қабылдайықшы.
Жаныңды түсінуі үнемі көрінетін емес, құлыпты сандық ішіндегі алтындай жасырын болуы мүмкін екенін сезейікші.
Өзімізді емес, жүрегімізді арнау керек, осы қалыпқа көнейікші; сөзіммен келіспесек бос әуредей көндікпейікші.
Сөз байласқан екенбіз, лас ғұмырдан бір татым мейірімді тауып алып, байласқанға берейікші.
Ең әуелі, сөзбен ғана емес, ШЫНАЙЫ сенейікші, кейін сүйейікші.

| арнадым өзіме деп, сөздерді📝

кітапқа дейін

12 Dec, 15:03


- мен өзімнің желтоқсанымды жақсы көремін
- сен мамырда туылдың емес пе?
-…

кітапқа дейін

09 Dec, 18:46


Жүрегімнің теңісің🤍

кітапқа дейін

06 Dec, 18:52


🪑 «Өзге жұрттан емес, өзімнен жасырған бір сыр бар ішімде»

| Махаббаттың қырық қағидасы

кітапқа дейін

02 Dec, 21:43


Көңілімде - жалғызсың🤍

кітапқа дейін

01 Dec, 20:26


“Кітапқа дейін” арнасы >>> басқа арналар

Әр жазбасын тағатсыздана күтіп оқимын ❤️‍🩹

кітапқа дейін

01 Dec, 20:11


бөлмеде тұрып жарықтың жетіспейтінін ұнатпай кететін күндерім болады. бірақ жарық жанып тұр еді. кей күндері уақыт азайып кеткенін ұнатпайтын сәттерім болады. бірақ, ол өзгермейтін сол 24 сағат еді. бір адамдарды қатты сағынып тұратын кездерім болады. бірақ, олар дәл жанымда тұрған еді. тіпті, кеудемде жүрегімнің нағыз бар болғанын қалайтынмын. әрине, ол да бар еді.

бұл сезімді осылай ғана жеткізе алатын секілдімін. мен кей дүниелерге бар бола тұра қол жеткізе алмай тұрғандай күй кешемін. олар маған тым алыстай. кейін өзіммен тілдесемін. жүрегімнің қағысын еститіндей тыныштықта қаламын.

осы уақытта сенесіз бе, аспандағы ай мен күн былай тұрсын, Жаратушым жанымда тұрғандай сезімде боламын. бұл, менің сезімді соңына дейін сезіндіре алатын сәждедегі уақытым еді🤍

кітапқа дейін

01 Dec, 20:00


білмеймін, бірақ кейде ішімнен туатын нүктелі, беймағлұм ойдың сипаты өзіме кері сұрақ туғыза береді. нүктелі дегенім - ол менің нағыз қорытындылаған кенже ойым дегенім.

өмірдің аз бөлігін ғана сүргеніммен, адам алуандығының аз бөлігін кездестірдім дей алмаймын. алда кездестірер адам қалыптары ендігі тек қайталана беретін сияқты, тек әлпет-есімдері ғана өзгеріп. сол қалыптардың басымы - әлемге ерекше бір сыни көзбен қарайтын, оқыған кітабынан жап-жаңа, қайталанбас түйін шығаратын, әңгіме арасында өзгенікіне ұқсамас ойын жеткізетін, қарапайым дүниелерді емес, ең шыңын сүйіп және оны әлемге дәлелдей алатын қалыптар.

білмеймін, бірақ мен ол қалыптан ада болғым келеді. «сол қалыпқа икемденемін деп, шынайылығымнан айырылу - менің қорқынышым»,- деп ойлайтынмын. олай емес екен. менің ішімдегі тіршілік жәй оны қаламайды, бары осы.

мен мұны әр кітапты аяқтаған сайын байқаймын. қазір де. оқыған романдарға тым ұзақ ойланамын. авторға келіспейтінім рас кейде, бірақ қосыла кететін жерім тым көп. яғни, автордан да ерек жеке ой шығарып алғым келмейді. әлде романды жазған жазушыларды түсінгім келе бере ме?

әңгіме арасында да, қарапайым дүние айтып отырғанның өзінде «тақырыпқа сай келмесе де, өзгеше» ойын тықпыштайтын кей қалыптардан жиіркенемін. жаңа бірдеңе тудырғандай әкеліп, әңгімені тарс өзінің пікірімен жаба сап, екінші тақырыпқа жөнелетіндерден жиіркенемін. адамнан емес, сол әрекетінен.

өмірді тым әсірелегім келмейді. қарапайым, тыныш, баяу ғана тағдырды қалаймын. ағаш па? ағаш. қалам ба? қалам. оларға бір қатты соқпақ, қиын ойға әкеліп тірейтін анықтама бергім келмейді.

иә, бұл менің кенже ойым. бірақ бұл ойыммен кітапқа түсіргім келетін ойларымды қағазға түсіргенде келіспей, ұмытып та кетем. ағаш маған жәй ағаш емес, мүлдем басқа дүние боп кетеді. бұл қандай да бір дүниені ойлағандағы қиял ма, әлде мен жиіркенетін дүниенің көшірме сипаты ма? ойлағым да келмейді. өзімді «ол жазушыға тән қиял» ғой деп ақтап алам. алғашқы сөйлемімді «өзіме кері сұрақ туғыза береді» деп бастағаным да соным үшін. білмеймін.

кітапқа дейін

01 Dec, 19:27


Қазір бір дүние жазам, ұзақтау.

кітапқа дейін

01 Dec, 09:11


Желтоқсан келсе көңілім 16ға қарай бұрылып, білген-түйгендерім есіме түсе береді. Әттең-ай деймін кейде мен..

кітапқа дейін

30 Nov, 19:41


Мені ешкім сағынбасын, сен сағын.
Сағын, көзден үзіп мұңның моншағын.
Дәл осылай сағынуға бола ма?, -деп таңғалсын
Аспан. Ай. Күн. Жер шары!

Мені ешкім іздемесін, сен ізде.
Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе!
Дәл осылай бола ма екен сүюге?, -деп таңғалсын
Өзен. Мұхит. Теңіз де!

Мені ешкім ойламасын, сен ойла.
Сен ойласаң, мен сеземін қалайда
Сезе тұрып айта алмаған тіл ғәріп,
Көз өтірік айта алмайды алайда!..

Мені ешкім аңсамасын, ен аңса!
Аңсауларда армандар бар о, қанша?!
Жер бетінен пәк махаббат жоғалса,
Ғұмыр кешу қиын маған адамша..

кітапқа дейін

29 Nov, 20:28


Сен маған көктем боп кел
нәзіктеу жанымды ұғатын,
Отты махаббатыңмен өктем боп кел,
асқақтығымды табындыратын.
Қазақтың әні боп кел
жүрегімді дірілдететін.
Сол әндердің сырлы әуен — нәрі боп кел,
жанымнан мұңым кететін.
Табындыр, тауып тізгінін бұла көңілдің,
сол шақта мүмкін өзіңе ғашық етпегің.
Сен, әйтеуір, ұмыттыр мынау өмірдің
мені толғандыратын қасіреттерін.

1971. Фариза Оңғарсынова

кітапқа дейін

27 Nov, 12:53


🕯️Махаббат үшін жүрекпен қоса ақыл да иә деуі абзал

кітапқа дейін

27 Nov, 04:09


Аллаһтың есігін қағып әлекпіз, есігі ашық еді ғой🤍

кітапқа дейін

24 Nov, 19:25


Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ғ.Мүсірепов | 🤍

кітапқа дейін

20 Nov, 20:04


Аллаһ бізді өзінің есімдерімен танысу үшін сынайды кейде, расымен.

кітапқа дейін

15 Nov, 11:27


🤍

кітапқа дейін

14 Nov, 22:52


өмірдің сынақ үшін берілгенін біле тұра, оған көңілді толық аудармай, жан-жаққа ентелейміз кеп. яки махаббат іздейміз. оның да майдан екенін біле тұра күйе береміз, сүйе түсеміз. есің алабұртып, жаныңнан Оның бұйырған адамын көргің келеді. есің кетеді. небір мәңгіліксіз тағдырдың сынағын иығыңа арта жүре, ғұмыр жібін жібек етер өзіңдей ессізді жолықтыруды көздейсің. өйткені, пендесің. сол ессіз есігіңді қақпай кіре саларын аңғармай да қаламыз кейін. көңіліңнен ғана емес жүрегіңнен орын алып, “менмін” деп естіртпейді де. жәй ғана құлаққа маза бермей жүрген шу жоғалып, жан тыныштығын табады. сүйтсем, біз дәл сол уақта ғана ұғынамыз екен ғой - оның келгенін, Оның жібергенін🕯️

кітапқа дейін

14 Nov, 14:26


«өмірімнен кімнен махаббат көрсем, соның бәрі Раббымнан еді»

Раббымды сүйемін, оның махаббатын жеткізуші себепкерлерді де сүйемін🤍

кітапқа дейін

11 Nov, 14:06


әйел болу - ақылды болу. әйел ақылды болмаса отбасы құртылады. бірақ табиғатында ер адам ақылды болу керек емес пе еді?

кітапқа дейін

01 Nov, 21:50


қыздар, тым болмаса, болашақ балаларыңның әкесін дұрыс таңдауға жұмыс жасау керек. әуелі осы.

кітапқа дейін

28 Oct, 17:50


қашықтықты жеңе білу - мықтылық,
нағыз бақыт жақында емес, қашықта.
кел ендеше,
орнымыздан тік тұрып,
тос айтайық,
қашық - қиын, жол таңдаған ғашыққа:
аспаны ашық болсын деп,
сәулесі алысқа шашып қалсын деп,
өлім де бөле алмас ғашық болсын деп.

Шаханов | «адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады🤍»

кітапқа дейін

28 Oct, 13:39


“жақсы көремін” деуің де, деуім де, өткізер ғұмыр арасындағы ғашық сезімнің кенжесі болсыншы деймін🤍

кітапқа дейін

27 Oct, 17:15


«бақыттылар уақытты байқамайды»

кітапқа дейін

27 Oct, 13:49


дүние кең болғанымен, көңілі тарлар жетерлік қой бірақ.

кітапқа дейін

23 Oct, 20:24


көкежаным🤍

кітапқа дейін

23 Oct, 07:47


ғұмырда тау мен тау кездеспесе де, адам мен адам кездесері анық қой? анық. 💌

кітапқа дейін

21 Oct, 18:53


сенің маған сыйлайтын ойларыңды,
түсіне алмай дал болады сау санам.

кітапқа дейін

20 Oct, 17:04


Мұқаңның «ұйықтап кетсем түсіме тау кіреді» күйін кешіп жүрмін🏔️

кітапқа дейін

20 Oct, 16:33


кейде жүрегімнің сондай кең екенін сеземін. соншалықты басқа адамның жүрегіне жетуі керек болған сөздерім өзімнің жүрегімде үнсіз жатырғанына айтқаным ғой.

кітапқа дейін

19 Oct, 20:33


бүгін ойға шомылған күн болды. әр нәрсені тармақтан өткізіп, әр суретке жеке тоқталып, тік шегелегендей қорытынды жасап. Алланың берген кішкентай өмірін сүріп жатырған менде бір көптің бірімін. кейін болған әр сәтті еске түсіріп отырамын ғой. ол уақыт та көзді бір сілтегенде кеп қалады. «қайтсем күнімді ең берекелі етем, қайтсем ең керемет болам» деген де жартылай дұрыс болса, оған жартылай қарсы екем мен. сен анау қайтсеңіңді ойлап жүргенде қазіргі сәт өтеді де кетеді. шынтуайтында, мен ең дегеннен қашқым келеді. сәтпен өмір сүру ең болуға кереғар да емес қой бірақ? өткізген дүниенің бәрін сүйем. біреуді ұнатқаным, жұбатқаным, ренжіткенім, кешіргенім, өкінгенім, өкіргенім бәрі әдемі менің санамда. осы үшін ғана мен өзімді сыйлаймын, жақсы көремін. сүйтіп, бүгінгі күннің тафаккурін өмір айналасына емес, өмірімнің айнасына арнаппын. бұ да жақсы дүние екен.

кітапқа дейін

16 Oct, 11:59


туғаныңа 100 жыл, жарық🤍

кітапқа дейін

14 Oct, 21:14


сөз ғой бәрін шешетін. құны кейде қанша төмен болса ,бірде сонша биік. ұйықтар алдын сөзімен жылытар жандарыңыз табылсын деймін де қайырлы түн тілеймін🤍

кітапқа дейін

10 Oct, 17:35


әуелі сенім, кейін махаббат. себебі, махаббаттың іргетасы сенімнен құралмақ. бірінші мен екіншінің орнын ауыстырып алма.

өзіме ескертпе.

кітапқа дейін

10 Oct, 08:45


📝 мен сені түсінбесем, сен мені түсінбесең, өмір бізді қайтіп түсінсін, қалқам?

кітапқа дейін

10 Oct, 08:30


мен айналамдағыларға үнсізбін, айтарға әңгіме табылмай қояды. бірақ автобустағы ата, кофе жасап берген қыз, маған дәріс бермейтін мұғалім секілді адамдармен керісінше. ке-ра-ғар.

кітапқа дейін

08 Oct, 20:26


«шырақ» деп өзіңе ғана айту бұйырсын, шырақ❤️

кітапқа дейін

06 Oct, 19:03


«аң боп барамыз»

кітапқа дейін

04 Oct, 23:15


«қазір екінің бірі әдемі сөздер айта алады»

кітапқа дейін

04 Oct, 22:59


көңілі үшін ғана әдемі сөйлеу - табиғатымнан емес. тақырыпқа әңгімем жоқ - демек үнсізбін. оның ойына келген немесе ойынан шығатын сөздерді айту маған оңай. тек ол кезде мен “мен” қалпымнан шығамын. ал үнсіздігім - шыным. сұраққа жауаптың болмауы көпке қалыпсыз дүние болғаны сияқты, жоқ жауапты бар ету де маған қисынсыз. қисынсыздығы - сөйлеуден кейін ойланғаннан, ойланып барып сөйлеуді жөн көрерім. сөйлеуіме уақыт керек. ал уақыт нағыз ақы. ақыға кіруге керағар жүргім келгенімен, жауабы жоқ санаға керағар болғым келмейді.

кітапқа дейін

04 Oct, 19:45


сезім мен сенім тоғысқан адамды кездестіру.. шіркін, тағдырыма бұйырған болсыншы деймін. екі адамның бір-бірін биік, бір дәрежеде екеуі де сүюі өте сирек. екінің біреуі тым қатты, не екеуара түк сезімнің болмауы көп. сол көптің емес, сиректің ішінде болу бұйырсыншы деймін.

кітапқа дейін

30 Sep, 17:38


қалсын🎞️

кітапқа дейін

29 Sep, 18:02


бейбіт заманда отыра, болып жатқан ішкі соғыстан нағыз соғыс артық па дейм кейде. айтпағым нағыздың деңгейін түсіргенім, не қанағатсыздық емес. дәл қазіргі адамның ішкі дүниесімен күресуі, тоқшылық, баршылық - қиынның түбі. ашкөздік, тәкаппарлық, іштарлық секілділерді сөзбен бойдан алу оңай болғанымен, іске келгенде..

кітапқа дейін

29 Sep, 17:33


«Шолпан» кітап клубы📚

кітапқа дейін

28 Sep, 13:28


«қабыл болмады деп күрсінген дұғаңа, бір күні қабыл болмағаны үшін шүкір дейтін боласың..» Руми