Akhmedov Yerbol @akhmedovyerbol Channel on Telegram

Akhmedov Yerbol

@akhmedovyerbol


Akhmedov Yerbol (English)

Are you a fan of motivational content that inspires you to reach your full potential? Look no further than the Akhmedov Yerbol Telegram channel! As the title suggests, this channel is run by none other than Yerbol Akhmedov, a renowned motivational speaker and life coach who has helped countless individuals achieve their goals and dreams. With his unique blend of wisdom, positivity, and practical advice, Yerbol's channel is a must-follow for anyone looking to improve their mindset and transform their life. From daily affirmations to success strategies, Akhmedov Yerbol covers a wide range of topics designed to empower and uplift its followers. Join the growing community of like-minded individuals and start your journey towards a more fulfilling life today. Don't miss out on the opportunity to be inspired and motivated by one of the best in the business - subscribe to Akhmedov Yerbol now!

Akhmedov Yerbol

18 Feb, 04:24


Ілім ізденуші адам өзіне жақсы дос табуы керек, ол оған білім алуда көмекші болады. Ал ең жақсы дос – салиқалы жар.

Akhmedov Yerbol

17 Feb, 20:15


«Адамдармен олардың ақыл деңгейіне сай сөйлесіңдер».

Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын)

Akhmedov Yerbol

16 Feb, 05:25


Егер олар сен туралы жақсы нәрсе естісе… оны жасырып қояды.
Егер олар сен туралы жаман нәрсе естісе… оны таратады.
Ал егер олар сен туралы ештеңе естімесе… оны ойлап табады!

Akhmedov Yerbol

15 Feb, 08:54


Мүмін бауырының дұғасымен, өзі дұға етіп жете алмаған нәрсеге қол жеткізуі мүмкін.

Бізді де дұғаларыңызда ұмытпаңыздар.

Akhmedov Yerbol

12 Feb, 13:17


Бір салиқалы адамнан:
— Алла құлын жақсы көрсе, оған не істейді? — деп сұрады.

Ол былай деп жауап берді:
— Ол құлы күнә жасағанда, оған истиғфар (кешірім сұрауды) еске салады.

Akhmedov Yerbol

10 Feb, 14:50


Сенің дұғаңды бірден қабыл етпеген Алла, сен күнә жасағанда да бірден жазаламады!

Akhmedov Yerbol

08 Feb, 15:15


Қиямет күні барлық адамдар бірдей дәрежеде болады,
тек Құран жаттаушылардан басқасы.

Олар періштелермен бірге,
құрметті және ізгі елшілермен қатар болады.

Уа, Алла, бізді де солардың қатарынан ет!

Akhmedov Yerbol

07 Feb, 13:52


Кім бақытты өмір сүргісі келсе және бақытты күйде дүниеден өткісі келсе, кім таза жүрекпен өмір сүріп, таза күйде дүниеден өтуді қаласа, әрі Алланың алдына Оның разылығына бөленген күйде баруды тілесе – сол Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көп салауат айтсын.

Шейх Әдһам әл-Асими (хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

07 Feb, 13:30


Кімде-кім ойлау қабілеті мен ілім дәрежесінің көтерілгенін және Аллаға жақындай түсуін қаласа, оның жолы - 'Оқу'. Ақша керек болса- оқы, тәрбиеде, ағарту ісінде кемшілік болса - оқы', 'оқы'. Өйткені 'Оқы' сөзі біздің Пайғамбарымыз басқарған мәдениеттің кілті болған.

Шейх Асими (хафизахулла)

Akhmedov Yerbol

07 Feb, 09:46


Алла үшін жасалған нәрсе тоқтамайды, соңына дейін жетеді, ал басқа біреу үшін жасалған нәрсе соңына дейін жетпей, тоқтап қалады.

©Шейх Әдһам (хафизахулла)

Akhmedov Yerbol

05 Feb, 12:46


Өмір кезекпен келеді, содан кейін әркім өз ісінің өтеуін алады…
Әрбір зұлым өз зұлымдығы үшін жазаланады,
Әрбір мазақтаушы өз мазағымен сынаққа түседі,
Әрбір жамандық жасаушы өз жамандығының қайтарымын көреді.

Уайымдама, өйткені Раббың – әділдердің ең әділі.

Akhmedov Yerbol

05 Feb, 12:09


Сен ауыртпалық көрмейінше өспейсің, қателеспейінше үйренбейсің, сәтсіздікке ұшырамайынша жетістікке жетпейсің. Қысқаша айтқанда, тәжірибенің ауыртпалығынсыз білім болмайды. Бұл – өмірдің шындығы. Оны сол күйінде қабылда!

Akhmedov Yerbol

04 Feb, 13:17


«Қызына жақсы тәрбие беру үшін тәрбиеге қатысты екі жүз кітап оқыған әйелді білемін. Ол әр оқығанын қызының тәрбиесінде іс жүзінде қолданады» – деп айтқан еді Шейх Әдһам (хафизахулла).

📖 Біз жабық арнада оқитын кітап бала тәрбиесіне байланысты 113 еңбектен алынған маңызды тұжырымдарды қамтиды.

Демек, бұл курсқа қатысу арқылы сіз бала тәрбиесіне қатысты 113 еңбектің мазмұнын толық игересіз!

Ең алғашқы түскен аят үш маңызды нәрсені қамтиды: Оқу, білім алу және жазу.

Akhmedov Yerbol

04 Feb, 12:02


Құрметті оқырмандар!

Бұл кітаптан жабық арнада аудио сабақтар жазып қойдық және әлі де жазылып жатыр.

Қосымша: «Ұлы тұлғалардың аналары» атты PDF кітабы сыйға беріледі!

📌 Қосылғысы келгендер үшін:
WhatsApp: 87786363949 (Telegram-ға жазбаңыз).
Бағасы: 8 000 тг.

Akhmedov Yerbol

04 Feb, 10:16


Ешкімнің өмірі мінсіз емес,
Ешкімнің жүрегі уайымнан бос емес,
Ешкімнің басы ауыртпалықтан жеңіл емес.

Бірақ кейбіреулер бар – олар Аллаға дұға етеді, тәуекел етеді және күлімсіреп жүреді.

Akhmedov Yerbol

02 Feb, 03:45


Рас, жетістікке жету сапары қиын, жолы ұзақ. Бірақ егер қаласақ, бұл жолдан да ләззат ала аламыз – құштарлықпен, табандылықпен және сеніммен.

Akhmedov Yerbol

01 Feb, 23:12


Өзімізге жасаған ең үлкен қателіктердің бірі – бітпейтін кейінге қалдыру.

Akhmedov Yerbol

01 Feb, 18:18


Қайғылар ешқашан бітпейді, ал қуанышты сәттер мүлде жоғалып кетпейді. Сенің міндетің – қиындыққа сабыр ету, ал жақсылық келгенде шүкіршілік жасау.

Akhmedov Yerbol

01 Feb, 03:37


Осы үш нәрсеге сенімді бол:

• Саған Раббыңнан
мейірімді ешкім жоқ.
• Сенің қайғыңды Раббыңнан артық ешкім білмейді.
• Саған келген ауыртпалықты Раббыңнан басқа ешкім жеңілдете алмайды.

Akhmedov Yerbol

31 Jan, 22:20


#Ортақ_ой

Қыз бала әкесінің үйінде жиырма жылдан астам уақыт өмір сүріп, армандарының ешбірін жүзеге асырмай өтуі мүмкін. Бірақ тұрмысқа шыққан соң, күйеуінің сол армандарды алғашқы жылдың өзінде-ақ орындауын талап етеді…

Бір қарағанда, ол Аладдиннің сиқырлы шамына үйленгендей көрінеді…!!!

Ер адамдарға түсіністікпен қараңыздар, өйткені қазіргі өмірдің ауыртпалығын тек Айюб пайғамбардай сабырлы жандар ғана көтере алады.

Дұрыс
Қате 👍

Akhmedov Yerbol

31 Jan, 15:44


Әйелі күйеуінен сұрапты:

— Кеше қайда болдың?

Күйеуі:

— Қорықпа, мен Алладан қорқатын адаммын, харам нәрсе істемеймін, — деп жауап беріпті.

Сонда әйелі:

— Білемін… Мен тек халал нәрседен қорқып тұрмын! — депті.

Akhmedov Yerbol

31 Jan, 15:23


Бір бәдәуиден сұрапты:

— Неге әйелдің қолын сұрайды, ал жүзін немесе жүрегін емес?

Сонда ол:

— Өйткені тамақ пісіретін — қол, — деп жауап беріпті.

Akhmedov Yerbol

28 Jan, 07:50


Кімге білім мен Құран берілсе, ол өз қадірін білуі тиіс. Ол дүниелік игіліктер үшін дүние адамдарының алдында өзін төмен ұстауға немесе оларға жағымпаздануға жол бермеуі керек. Өйткені оған дүние адамдары алған нәрседен әлдеқайда артық нығмет берілді. Алла Тағала бұл дүниені “аз ғана өткінші игілік” деп атап:
«Айт: Бұл дүниенің игілігі – аз ғана нәрсе» (Ән-Ниса, 77) – деді.
Ал білім мен Құранды «үлкен әрі мол игілік» деп сипаттады.

📖 (Тәпсір әл-Куртуби, «Бахр әл-Улум» кітабы, Самарқанди)


Канал:“شوارد الأفكار”

Akhmedov Yerbol

27 Jan, 17:56


Ата-анаңмен қарым-қатынасты бұзатын нәрселер)

Akhmedov Yerbol

27 Jan, 13:23


Әйелі күйеуіне:

— Мен бүгін ерекше түс көрдім. Түсімде алқа, сақина, алтын көрдім. Бұл нені білдіреді екен? — деп сұрады.

Күйеуі жұмбақтау мәнерде:

— Туған күніңе дейін күте тұр, сол кезде айтамын, — деп жауап берді.

Көп ұзамай әйелінің туған күні келіп жетті. Ол күйеуінің сыйлаған қорабын ашқанда, ішінде “Түс жору” кітабы жатқанын көрді.

Akhmedov Yerbol

24 Jan, 12:54


Уақытша кітабыңды оқуға ешкімге берме.

📚الجامع لأخلاق الراوي وآداب السامع للخطيب البغدادي

Akhmedov Yerbol

21 Jan, 09:07


Қарапайым халықтың міндеті – иман келтіріп, бойсұну, құлшылықтарын жасап, тіршіліктерімен айналысу. Ал (діни) ілімді ғалымдарға қалдыру керек. Себебі қарапайым адамның ғылым жайында сөйлеуі – оның зина жасап, ұрлық жасағанынан да ауыр күнә.

Имам Ғазали(Алла рақымына алсын)

Akhmedov Yerbol

20 Jan, 12:20


Кішкентай күнәләр тәубеге мұқтаж емес, истиғфарға мұқтаж, ал үлкен күнәлар тәубеге мұқтаж.

Шейх Хамза Бакридің(Хафизахулла) сабағынан.

Akhmedov Yerbol

16 Jan, 07:52


Өзіңнің айналаңдағы жаратылыстарға қарашы: құстар, балықтар, бақалар, жыландар және барлық жануарларда қалтасы бар киім де, банк есепшоты да, денсаулық сақтандыруы да, қартайған кездегі зейнетақысы да жоқ. Олар таңертең тұрады да, Алланың оларды ризықтандыратынына толық сенеді, сондықтан сен аштықтан өлген бірде-бір жануарды көрмейсің.

Ендеше, өз ісіңді Аллаға тапсыр!

Шейх Әдһам Шарқауи(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

11 Jan, 19:01


Ешкімнің тіршілігіне (күнкөрісіне) қызықпа, және оның көптеген нәтижелері мен пайдасына таңданба…
Уақытыңды дұрыс пайдалан,
тынығуды (жайлылықты) тым көп қолданудан және ұйқыны артық қоюдан сақтан.
Алладан жәрдем сұра, және әлсіздік көрсетпе!

— Шейх Мұхаммед Уаил әл-Ханбали(хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

11 Jan, 14:35


Ассаламуалайкум құрметті оқырман!
“Олжекем…жанымның жаз ғұмыры” атты
Олжас Ханафин ұстазымыз (Алла рахымына алсын) жайлы кітапшамыз жарық көрді. Барлығы Алланың сәттілігімен

📕Кітап электронды нұсқада (pdf)

💰Құны: 1500 тг

📲Кітапты алу үшін мына номерге жазыңыз.
+ 8777 572 13 13

📍Бірақ бұл номерге төлем жасамаңыз.

Akhmedov Yerbol

08 Jan, 12:59


Кейбір адамдар "бұрын мен мықты едім" деп айтып жатады. Біліп қойсын сол адам құрдымға кеткен адам. Әрбір адам парақ пен қалам алып бүгінгісін есепке алсын. Бүгінгі күні кешегісінен жақсырақ па ?
әлде кешегісі бүгінгі күнінен жақсырақ па?

Шейх Әдһам (хафизахулла)

Akhmedov Yerbol

07 Jan, 18:57


Білгін, Алла Құранды жаттауды оған кіріскен әрбір адамға жеңілдетіп қойған. Сондықтан Аллаға деген жақсы ойда бол: Алла саған да жаттауды жеңілдетеді, алдыңдағылар мен сенен кейінгілерге жеңілдеткендей. Үмітсіздік пен түңілуден сақ бол, себебі бұл – шайтанның тәсілдері, ол сені бұл ұлы игіліктен алыстатқысы келеді. Құранды жаттауда өз мақсатыңа жететініңе сенімді болып, Алладан жақсылық күт.

Akhmedov Yerbol

07 Jan, 18:31


Күнделікті жаттауды бастар алдында көп истиғфар айт (кешірім сұра), сонда Алла жүрегіңді тазартады, жан дүниеңді тыныштандырады және жаттауға қабілетіңді арттырады. Сондай-ақ, “Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ” сөзін жиі қайтала, сонда Алла саған көмек береді, жігерің көтеріледі, және саған жақсылық нәсіп етіледі.

Akhmedov Yerbol

06 Jan, 12:00


Пайғамбарымызға көптеген нәрсе берілді, бірақ Аллаһ Тағала Құранда пайғамбарымыздан тек бір нәрсені көбейтуін сұрауды талап етті. Ол – білім.

«Раббым, ілімімді арттыра көр», – деп дұға ет (20.114).

Шейх Әдһәм әл-Асими(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

05 Jan, 09:26


Имам Ахмад(Алла оны рақымына алсын) былай деген:

«Егер адам кітапты алып, оған қараса, одан міндетті түрде пайда алады".

Akhmedov Yerbol

04 Jan, 11:43


Білім – барлық ләззаттың орнын басушы.

Akhmedov Yerbol

31 Dec, 12:57


Намаз мұсылман ер мен әйел үшін тәулігіне бес рет орындалады. Егер мұсылман оны өзіне бұйырылғандай, алғашқы уақытында орындаса, бұл оның мінез-құлқына уақытты қадірлеу, дәлдік пен кездесулердегі пунктуалдылық, әр істі өз уақытымен орындауға назар аудару сияқты қасиеттерді дарытады. Бұл қасиеттер кез келген істі ең кемел және толық түрде орындауға жеткізеді.

📚Қимату әз-Заман

Akhmedov Yerbol

31 Dec, 09:34


Білімге алғыс білдірудің мәні – бір нәрсені үйренген кезде, оны басқаларға түсіндіргенде былай деп айту: «Маған мына нәрсе және мына нәрсе белгісіз болды, мен бұл туралы ештеңе білмедім, бірақ пәленше маған осындай және осындай түсінік берді». Бұл – білімге деген шынайы алғыс білдіру.

Имам Әбу Убайд әл-Қасим(Алла рақымына алсын)

Akhmedov Yerbol

31 Dec, 08:56


Білім саласындағы адалдық – оны айтқан немесе жеткізген адамға сілтеме жасау.

Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда(Алла рақымына алсын)

Akhmedov Yerbol

30 Dec, 19:53


Имам аз-Замахшари (оған Алланың рақымы болсын) былай деген:
“Адамның ісінің мәні оның жастық шағындағы әрекеттерінен көрінеді.”

Akhmedov Yerbol

27 Dec, 11:06


Ілім талап етуші ең қатты өкінетін нәрсе – өткен уақыттың босқа өтіп кеткені.

Шейх Әдһам әл-Асими(хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

26 Dec, 09:49


Мұсылман бауырым:

Діндар болу үшін қабағыңды түйіп, жүзіңді тұнжыратып, түріңді түнертіп жүру шарт емес ...

Керісінше, Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеті бізге былай дейді: бауырыңның жүзіне күлімсіреу – садақа!

Шейх Уайл Ханбалидің(хафизахулла) каналынан

Akhmedov Yerbol

23 Dec, 04:40


Сіз ұйықтар алдында не нәрсемен айналысып ұйықтайсыз түні бойы миыңыз сол нәрсемен шұғылданады. Сол себепті балаларды түнде жатар кезде кино, мультфильм, музыка секілді нәрселермен ұйықтатпау керек, бұл өте қауіпті, өйткені мый соңғы болған нәрсемен түні бойы жұмыс жасайды ! Сол себепті жатар кезде балаңызға Құран және зікірлер тыңдатыңыз!

©Шейх Ғаусани (хафизахулла)

Akhmedov Yerbol

23 Dec, 03:45


Егер түнде тамақ жесең ең кемінде 50 қадам жүрмейінше ұйықтама.

📚Китаб әт-Тыйб ән-Набауи

Akhmedov Yerbol

22 Dec, 16:04


Егер ғибадат ниетсіз жасалса ол әдеттегі іске айналады. Ал егер әдеттегі істі ниетпен жасасаң ол ғибадатқа айналады.

Шейх Әдһам (хафизахулла)

Akhmedov Yerbol

21 Dec, 15:04


Араб тілінде 4 саусақ әйел тегінде, тек бас бармақ қана ер тегінде.

Төртеуі әйелдері болып тұр ғой бас бармақтың😹

Akhmedov Yerbol

20 Dec, 16:59


Бастаушы деңгей – қауіпті кезең, егер бұл кезеңде білім алушы аман өтсе, ол ғылым жолында дұрыс және тура бағытта жалғастырады. Ал егер бұл кезеңде шатасса, бүкіл ғылыми сапарында шатасуларға ұшырайды.

Шейх Әнәс Ғиззәт (хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

20 Dec, 07:50


Ватсаптағы пайдасыз хабарламаларды оқуға жіберген күшіңді кітап оқуға жұмса.

Шейх Әдһам әл-Асими(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

17 Dec, 09:04


Әрбір сөздің екі қыры бар:
1. Мазмұны
2. Әдісі

Егер мазмұн әдемі болса, оны жаман әдіспен бұзба!

Есіңде болсын, өзін «Мен сендердің ең ұлы Раббыларыңмын» деп жариялаған адамға Алла елшісін жұмсартып, сыпайы сөзбен сөйлеуге жіберді.

Егер мазмұн ұсқынсыз болса, онда сенде екі жамандық жиналмасын:

мазмұнның жамандығы мен әдістің ұсқынсыздығы!

Сөзіңді айтпас бұрын дәмін татып көр:

Егер ол аузыңда тәтті болса, адамдардың құлағына жеткенде де сондай тәтті болады.

Ал егер ащы болса, ол адамдардың құлағында да сондай ащы болады.

Шейх Әдһам Шарқауи(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

15 Dec, 11:38


Олжас ұстазымыздың (рахимаһулла) ақылы Құран курсын тегін таратып жатырмыз. Алда Құран түскен Рамазан айы келе жатыр. Құранға түсуге мүмкін осы дәрістер себеп болуы мүмкін.

Олжас ұстазымыздың амалдары тоқтады. Алайда артынан қалдырған ілімдерінен басқа. Барынша таратып жіберсеңіздер.

Akhmedov Yerbol

15 Dec, 11:38


https://t.me/+cmd7D8akO1BhYzMy

Akhmedov Yerbol

15 Dec, 04:21


Егер сенде күнә істеген кезде іштей қысылу болса, ол нығмет.

Шейх Әдһам (хафизахулла)

Akhmedov Yerbol

12 Dec, 05:24


Әрбір нығмет, егер ол сені Алла Тағалаға жақындатпаса, ол сынақ болып табылады.

Абу Хазим, “Хилия әл-Аулия” кітабынан.

Akhmedov Yerbol

06 Dec, 17:28


Маған бақытты болу үшін көзілдірік пен кітаптан артық нәрсе керек емес.

Шейх Әли Тантауи
(Алла рақымына алсын)

Akhmedov Yerbol

06 Dec, 08:58


Ілім жолында жүрген шәкірттен “ақшаң барма?” деп сұралмайды. Ақша беру керек болды. Тамақ жейсің ба демей тамақ алып беру керек.

Akhmedov Yerbol

05 Dec, 14:01


Ұшақпен сапар жасауды ұнатпаймын, өйткені ұшақта зикраяттар(естеліктер) аз болады , поездбен сапарлатқан өте жақсы өйткені аспанмен жерге қарап ой жүгіртесің, тафаккур жасайсың. Ал одан да жақсы сапар бауырларыңмен бірге көлікпен шыққан сапар

©Шейх Әли Тантауи (рахимахуллаһу)

Akhmedov Yerbol

03 Dec, 17:48


Қазақстан шоколад жеп отырмын. Бөтен елге ақша жібермес үшін)

Akhmedov Yerbol

28 Nov, 05:30


Біздің дертіміз де, дауамыз да — әйел. Әйел бұзылса, бүкіл үмбет бұзылады; ал ол түзеліп, өз рөлін түсініп, жауапкершілігін сезінсе, үмбет түзеліп, өз орнын қайта табады.


📚“Ұлы тұлғалардың аналары” кітабынан

Akhmedov Yerbol

26 Nov, 16:00


Мұса ашуы тарқаған соң (қауымын тура жолға шақыру үшін), тақтайшаларды қолына алды. (әл-А'раф-154)

Бірінші сабақ:

Адамдардан періште болуды күтпеңіз.
Тіпті ұлы пайғамбарлардың бірі — Мұса пайғамбар (Алла сәлемі болсын) да ашуланып, қолындағы тақталарды лақтырып жіберді, өйткені ол ең алдымен адам еді.

Екінші сабақ:

Асыл адамдар жасаған қателігін жылдам түзетеді. Мұса пайғамбар (Алланың сәлемі болсын) тастап жіберген тақталарын қайта алды.
Егер қателессеңіз — кешірім сұраңыз,
егер бүлдірсеңіз — түзеңіз.

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

26 Nov, 11:39


Адамдар бәрін тез ұмытады.

Алла Муса пайғамбардың қауымын Перғауынның зұлымдығынан құтқарып, теңізді жарып жол ашып берді, дұшпанын жойды. Бірақ олар құрлыққа шыққан соң, өздері жасаған бұзауға табына бастады.

Егер адамдардың Аллаға деген қарым-қатынасы осындай болса, онда адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы қандай болмақ?!

Жақсылықты Алла үшін жаса адамдар үшін емес

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

26 Nov, 11:21


Алланың тағдыры сөзсіз орындалады: оны ешбір себеп кешіктіре алмайды, ешбір сақтық тоқтата алмайды, ешбір амал бөгей алмайды! Перғауын өз билігін құлататын баланың дүниеге келуінен қауіптеніп, мыңдаған сәбиді өлтірді. Алайда, сол бала дүниеге келгенде, оны өзінің сарайында бағып-қағып, тәрбиеледі.

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

23 Nov, 10:04


Егер біреу жоқта басқа біреудің жақсылығы туралы айтса, сол жақсы сөзді иесіне жеткізетін адамды табу қиын. Ал біреу біреудің жоқ кезінде жамандаса, сол жаман сөзді жеткізуге асығатындар көп.

Шейх Әдһам Шарқауи (хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

15 Nov, 11:22


Құрметті Оқырмандар !
Сүйінші 🥳

ИСТИДРАЖ – Алланың тұзағы.

Аллаға шексіз мақтау мен мадақ болсын! Қасиетті Жұма күні алғашқы еңбегіміз – “Алланың Тұзағы және одан құтылу жолдары” атты кітабымыз оқырманға жол тартты.

Бұл кітапта адамның рухани әлеміне терең үңіліп, Алланың тұзағы деп аталатын сынақтардың сырын түсіндіру мен олардан құтылу жолдары ұсынылған. Көзге көрінбейтін, бірақ жүректі байлайтын сынақтар туралы нақты, түсінікті әрі әсерлі түрде баяндалады.

Өмірінің мәнін іздеген, рухани өсуге ұмтылған әрбір жанға арналған бұл еңбек Алланы тануға, Оның хикметін ұғынуға және тура жолдан таймауға бағыт береді.

🚚Тапсырыс беру үшін

Кітап саны шектеулі! Бүгін тапсырыс беріп, рухани әлеміңізді байытыңыз!

Akhmedov Yerbol

12 Nov, 20:58


Зікір адамға күш береді.

Шамсуддин Абу Абдулла: «Бірде ұстаз таң намазын
оқып болғаннан кейін түс қайтаға дейін Алланы зікір етіп отырды. Кейін маған бұрылып: "Бұл менің таңғы асым. Егер осы таңғы асты ішпесем, күшім азайып кетер еді", – деп айтты». Сондай-ақ ол: «Мен ұстазымның ғибадаттағы, сөйлегендегі, батылдығы мен жазуындағы күш-қуатын көріп, таңғаларлық нәрселерге куә болдым» деді.

📚Жаттау қабілетін арттыру жолдары

Akhmedov Yerbol

11 Nov, 15:45


Әрбір зиян беруші нәрсе - шайтан.

Қателеспесем Бадруддин ал-Айнидің сөзі (Рахимахуллаһу)

Akhmedov Yerbol

07 Nov, 16:31


Адамды досына қарап біліңдер, себебі ол өзі сияқты адаммен ғана дос болады.

Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын)

Akhmedov Yerbol

07 Nov, 15:20


Адамға қасындағы жолдасынан мінез-құлықтың жұғуы тек оның сөзі мен амалы арқылы ғана болмайды. Тіпті жай ғана оған қарау арқылы да жұғып кетеді.

Рағиб әл-Асфаһани (Алла рақымына алсын)

Akhmedov Yerbol

03 Nov, 11:20


Ер адам әйелге тәуелді болуды ауыр көреді, себебі ол топырақтан жаратылған тіршілік иесі.

Ал әйел ер адамның қамқорлығында болып, оның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыруына ешқандай ауырсынбайды. Ол мұны әлсіздік немесе кемшілік деп сезінбейді, өйткені ол — жүрекке жақын жаратылыс.

Шейх Әдһам (хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

03 Nov, 11:02


Алла Тағала Адамды (оған Алланың сәлемі болсын) балшықтан жаратты, ал Хауаны Адамның қабырғасынан жаратты. Егер Хауа Адамның бір бөлігі болса, онда Адам — Хауа үшін бүтін. Ер адам әйелді қанша сүйсе де, оны өмірінің бір бөлшегі етеді, өйткені басынан ол оның болмысының бір бөлігі болды. Ал әйел ер адамды сүйсе, оны бүкіл өмірі етеді, өйткені ол ер адамды өзінің бүтін болмысы ретінде қабылдайды.

Шейх Әдһам Шарқауи(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

03 Nov, 11:00


Әйелдер махаббатта ерлерге қарағанда шынайырақ,

бұл ерлерді кемсіту емес,

сондай-ақ әйелдерді мақтау да емес!

Бұл — жаратылыс жалғасын табуы үшін Алла адамдарға берген табиғи қасиет.

Шейх Әдһам Шарқауи(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

31 Oct, 15:35


Ер жігіттік — адамдар істегенді істеу емес, дұрыс істі таңдау.

Сендердің біреулерің «еліктегіш» болмасын: адамдар түзелсе, өзі де түзелетін, ал адамдар бұзылса, өзі де бұзылатын.

Ерлердің ең абзалы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өз отбасына қызмет ететін. Ол үйінде ең күлімсіреген жан болатын, әрі әйелін жақсы көретінін жасырмайтын. Хадиша анамыз туралы: «Бұл — жүрегіме махаббаты нәсіп етілген әйел», – дейтін. Оның соңғы өсиеттерінің бірі: «Әйелдерге жақсы қараңдар!»

Шейх Әдһам Шарқауи(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

31 Oct, 14:56


Ақшаның болуы дінге қайшы емес; керісінше, адал ақша ізгі адамның қолында болса, қандай ғанибет!

Маңыздысы — ақшаның қолыңда болып, жүрегіңде болмауы. Ақша өмірді жайлы етеді, бірақ өмірдегі ең әдемі нәрселер сатып алынбайды. Ақшаға дәрі сатып алады, бірақ денсаулықты сатып ала алмайды; төсек сатып алады, бірақ ұйқыны сатып ала алмайды.

Әрдайым естеріңізде болсын: сіздерде сатып алынбайтын көп нәрсе бар!

Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

25 Oct, 13:33


Адамның ең көп жүгіретіні – ризық. Бірақ қанша тырысса да, ол тек Алла оған жазған ризығын ғана алады.

Адамның ең көп қашатыны – ажал. Бірақ қанша қашса да, ол тек Алла оған белгілеген өмірін ғана сүре алады.

Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

23 Oct, 12:35


Біліңдер:

Берекемен келген аз дүние...
Хараммен келген көп дүниеден қайырлы!

Шейх Уайл Ханбали(хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

23 Oct, 09:46


Бос уақыт – барлық жамандықтың кілті. Ибн Сина (427 һ.ж.) өз еңбегінде әйелдің уақытын пайдалы істермен толтырудың маңызды екенін атап өткен. Бұл тәжірибеде дәлелденген ақиқат. Егер әйел пайдалы іспен айналыспаса, ол уақытын базарларда, өсек-аяң мен ғайбатта өткізуі мүмкін, бұдан да үлкен күнәларға ұрынуы ықтимал.


“Шауарид әл-Афкар”каналынан

Akhmedov Yerbol

21 Oct, 19:51


Адамдардың көзқарасы бойынша:

• Намысты әйел — «тым күрделі»,
• Дініне берік адам — «қатып қалған»,
• Отанын қорғаушы адам — «террорист»,
• Садақа беруші — «ақшасын ысырап етуші»,
• Мешітке барушы — «баратын басқа жері жоқ адам»,
• Ал кітапқұмар — «ескі дәуірдің адамы».

Осы дүниеде жақсы амалдарыңды еге бер. Оларға мән берме!

Шейх Әдһам әш-Шарқауи(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

21 Oct, 17:24


Ит болғанына қарамастан, біз оның жұбайын ешқашан теледидар экранында көрген жоқпыз.

😹😹😹

Akhmedov Yerbol

21 Oct, 12:56


"Неге соны істедім" дегеннен гөрі "неге соны істемедім" деген сөз көбірек айтылады екен. Сол себепті ештеңеден қорықпай, көп ойланбай Аллаға тапсырып бастау керек.

Akhmedov Yerbol

20 Oct, 14:14


Алланың атынан жалған сөз сөйлеу өте үлкен күнә.
Осындай суреттер көбейіп кетті. Алла сақтасын! Алла һидаят берсін.

Харам…

Akhmedov Yerbol

20 Oct, 12:58


Жын адамға ғашық болады, қызғанады, үленуіне кедергі жасайды деген сияқты қиял-ғажайыптарды айтуды қойыңдаршы, құрметті жынологтар ))

Құранда, сахих хадистерде бар нәрсені ғана айтсаңдаршы. Әйтпесе жынның не істеп, не қойып жүргенін қайдан білесіңдер?

Akhmedov Yerbol

20 Oct, 11:47


Қиындыққа тап болғанда, мыналарды есіңе ал:

Нұх пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) алып таулардай толқындармен кемесін қалай жүздірді, Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) оттан қалай аман қалды, Жүніс пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) киттің ішінде қалай құтқарылды, Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) таяғымен теңізді қалай қақ жарды.

Алланың көмек беруінің ең әдемі жағы — Ол барлық себептер үзіліп, пенденің жүрегінде тек Алла қалғанда келеді!

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 17:58


«Уа, Раббым, мені кешір және менен кейін ешкім ие болмайтын билікті маған нәсіп ет» (Сад сүресі, 35-аят).

Сүлеймен пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасын тәубе мен истиғфардан бастады. Бұл — пайғамбарлардың терең түсінігі мен даналығы, өйткені күнәлардан асқан дұғаның қабыл болуына кедергі келтіретін нәрсе жоқ. Кейде құл Алладан бір нәрсені сұрайды, бірақ дұғасының қабыл болуына оның өзі істеп жүрген күнәлары кедергі болады. Егер дұғаң кешіктіріліп жатса, өзіңе есеп беріп, қандай күнәларға батып жүргеніңе назар сал. Сол күнәлар үшін дұғаңның жауабы тоқтап қалуы мүмкін!

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 14:06


Ілімге жақындаған сайын, біз көбірек бақытқа кенеліп, бізге үлкен көкжиектер ашылады. Ілімнен алыстаған сайын, біз көбірек қиындықтарға ұшырап, өмірдің шындығын түсінуіміз азаяды.

Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 13:28


«Ілім іздену – ризықтың ең үлкен себептерінің бірі.»

Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 12:49


Әрбір ілім талап етуші таң намазы кірмей тұрып ояу болуы керек.

Шейх Әдһам(хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 11:59


«Есіңде ме, жолдасына: "Қайғырма, Алла бізбен бірге", – деп айтқанын?» (Тәубе, 40).

Кейде сөздер құшақтағандай болады,
Кейбір сөздер бауырыңа басқандай әсер береді.
Кейде өмір тарылып кетеді,
Бірақ досыңнан жылы сөз келіп, кеңейтіп жібереді.
Кейде жүрек жараланады,
Ал сүйіктінің мейірімді қолы сол жараны емдейді.
Кейде жүрек мұңаяды,
Сонда жақын адамның құшағы оны қуанышқа бөлейді.

Біз бұл дүниеде тек қонақпыз,
Сондықтан бір-біріміздің жолымызды жеңілдетейік.

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

17 Oct, 14:51


Базбіреулері: «Айтпақшы, Ибраһим деген бір жас жігіттің оларға тіл тигізіп жүргенін естіген едік», – деді.(Әнбия сүресі, 60-аят).

Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) олардың көзінде жай ғана жас жігіт еді. Ал Алланың алдында ол тұтас бір үмбет болатын.

Сондықтан өз құныңды адамдардың көзінен іздеме, сенің нағыз құндылығың – Алланың алдындағы орның!

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

17 Oct, 13:36


Сен Алладан көп сұрағаның үшін дұғам қабыл болмай жатыр деп ойлама. Алла үшін ештеңе көп емес!

Міне, Сүлеймен пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) жындарды өзіне бағындыруды, желді және құстардың тілін сұрады, сонда Алла оған мұның бәрін берді. Бірақ ол ең алдымен сұраудан бұрын тәубе етуден бастады.

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

15 Oct, 17:23


Өзіңе, жұбайыңа және балаларыңа апта сайын баратын бір сабақ белгілеңдер. Өйткені, бүгінгі таңда адамдардың рухани азығы — тек жұма уағызы. Жұма уағызынан басқа уақытта көптеген адамдар дәрістерден бейқам.


Шейх Әдһам әл-Асими(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

15 Oct, 09:21


Өмірің — бұл Қиямет күні Алланың алдында оқитын кітабың. Сондықтан нашар автор болудан сақтан! Бүгін ұялмай оқи алатын нәрселер жаз! Кітабың әлі сенің қолыңда, және сенде тәубенің өшіргіші бар, онымен күнәларыңды өшіре аласың. Көп бос беттерің бар, сол беттерге жарқын жолдарды жазып үлгер.

Кітабыңда садақа беттерін, көңіл жұбататын сөздер мен түнгі намаз жолдарын қалдыр. Тіпті нәпіл оразадан бір үтір болса да қос.

Иә, ешкім өз амалдарымен жәннатқа кірмейді, тіпті Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) да Алланың рақымымен кіреді. Бірақ игі амалдар Алланың рақымын тартудың себебі болады.

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

15 Oct, 08:59


Бәлқис әйнекпен төселген сарайдың еденін су деп ойлап, одан өту үшін аяғын ашты. Демек, оның көйлегі соншалықты ұзын және жабық болған. Жабық киім патшайымдардың ежелден келе жатқан киімі. Ал ашық-шашықтық пен сұлулықты көрсету – ер адамдарды өздеріне баурау үшін айла жасайтын жеңілтек әйелдерге тән іс.

Өзіңнің киіміңе қара да, өзіңді қай топқа жатқызатыныңды анықта: патшайымдар сияқты, Бәлқис секілді, әлде басқалармен бірге ме?

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

14 Oct, 18:00


Әр түрлі салалардағы жазылған барлық кітаптардың мақсаты "өз-өзіңді түзету" үшін жазылған. Грамматика кітабын оқысаң тіліңді түзеледі, фиқһ оқысаң ғибадатың түзеледі, ақида оқысаң сенімің түзеледі.


© Шейх Әдһам (хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

14 Oct, 15:15


Періште тек аузыңнан шыққан сөзді ғана жазып қоймайды, олар әлеуметтік желіде жазған сөздеріңді де жазады. Жақсы сөздер сауап дәптеріне жазылады, ал жаман сөздер күнә дәптеріне түседі. Әлеуметтік желіде жазғаныңның бәрі өлімнен кейін де қалады. Егер жазбаларыңда үзілмейтін садақа болмаса, тым болмағанда артыңда үзілмейтін күнә қалдырма.

Шейх Әдһам(хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

13 Oct, 14:02


Өзіңнің айналаңдағы жаратылыстарға қарашы: құстар, балықтар, бақалар, жыландар және барлық жануарларда қалтасы бар киім де, банк есепшоты да, денсаулық сақтандыруы да, қартайған кездегі зейнетақысы да жоқ. Олар таңертең тұрады да, Алланың оларды ризықтандыратынына толық сенеді, сондықтан сен аштықтан өлген бірде-бір жануарды көрмейсің.

Ендеше, өз ісіңді Аллаға тапсыр!

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

12 Oct, 19:10


Омар ибн Абдулазиз өзінің досына: «Егер мені дұрыс жолдан адасқанымды көрсең, киімімнен қатты ұстап, мені қатты сілкіп: «Уа, Омар, Алладан қорық! Өйткені сен өлесің!» — деп айт!» — деген екен.

Akhmedov Yerbol

12 Oct, 09:44


«Мен өз қайғымды және мұңымды тек Аллаға шағымданамын» (Юсуф сүресі, 86-аят).

Бұл сөздерді Жақып пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) ұлын жоғалтып, көзі көрмей қалған кезде айтты. Алла оған ұлын да, көру қабілетін де қайтарып берді!

Егер біреу шағымданғысы келсе, оның бағыты Алла болсын!

Расайл мин әл-Құран📚

Akhmedov Yerbol

12 Oct, 09:41


Алланың пендесіне берген ең ұлы нығметтерінің бірі — оны адамдарға жақсы көргізуі.

«Уа, Мұса! Мен өз тарапымнан айналаңдағы адамдардың жүрегіне саған деген махаббат пен сүйіспеншілік сезімін ұялаттым.(Таһа- 39)

Ибн Касир айтқан: «Кім Мұсаны (оған Алланың сәлемі болсын) көрсе, оны жақсы көретін».

Ибн әл-Мункадир Әбу Хазимге: «Адамдар мені көргенде маған жақсылық тілейді, бірақ мен оларды танымаймын және оларға ешқандай жақсылық жасаған емеспін», — дейді. Сонда Әбу Хазим: «Бұл — Алланың рақымы. «Рахман оларға сүйіспеншілік орнатады» (Мәриям сүресі, 96-аят)», — деп жауап берген.

Расайл мин әл-Құран📚