Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/ @alash_sozi Channel on Telegram

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

@alash_sozi


Елдос Алаштың авторлық арнасы.

Автордың материалын (мәтінін ) пайдаланған жағдайда каналға сілтеме көрсету керек екенін естертеміз.

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/ (Kazakh)

Алаш сөзі - бұл Тарихи-танымдық арнасы. Өзінің атынан түсінуге болады, ол қазіргі уақытта үлкен ақпараттық материалдармен толтырылған бір мекен. Ерте қазір тарихи жаңалықтар мен анекдоттар көрсетіліміз. Алаш сөзі кеңестерге, жазушыларға және тарих шұғылдарын сүйткілеріне арналған бір платформа. Егер сіз қолыңыздағы материалдарды көрсетпеу керек болса, біздің каналға кіріңіз және осы мүмкіндікті пайдаланыңыз. Елдос Алаштың авторлық арнасы. Автордың материалын (мәтінін )пайдаланған жағдайда каналға сілтеме көрсету керек екенін естертеміз.

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

02 Feb, 04:54


“МЕН” ӨЛМЕЙДІ!

✍️ Иә, оның еркіндікке ұмтылған бас асауы басылмады. Иә, асылық сөзді көтермеді, кеудесін бастырмады. Өзінің, Мұхтар Мағауиннің «Менін» сақтап қалды. Ал «өзіндік намысы жоқ» (Абай), өзіндік «Мені» жоқ адам тұлға бола алмайды. Абай айтқандай, «менікі» өлгенмен, «МЕН» – Ол өлмейді. Демек, Мұхтар Мағауиннің рухы мәңгі тірі.

❤️ Қалайықтың алғауымен, қазақ дәстүріне сай, отбасына көңіл айтып, Мұхаңның өзіне әзіл-шынын араластыра отырып: Дүниеде жары мен баласын Мағауиндей аялап, құшағы мен бауырына басқан қазақ жоқ. Сондай-ақ жары мен балаларының қызығын көріп, солардың жан жылуына бөленген еркек және жоқ – деген сөзімді соңғы рет естірте айтамын. Құшағыңыз суығанмен, Бақыт апай, бауырыңыз суымасын. Бауыр ет – балаларыңыз аман, сау, ырыздықты болсын.

(с) Тұрсын Жұртбай

Бүгін — алдаспан Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің ресми туған күні. 85 жасқа толар еді. Рухына әл-Фатиха! Рухы шат болсын!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

11 Jan, 08:18


Ұстазымның ұстазы еді.
Алла марқұмды панасына алсын.

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

10 Jan, 06:45


Алла марқұмды панасына алсын.

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

01 Jan, 04:48


Қайырлы таң, достар!
1/365 сәтті, берекелі өтсін!

Ертең (2.01) сүйікті авторларыңыздың туған күні. Ерағамыздың туған күніне орай, ұстаздың кітаптарын сатып алып, қолдау көрсетсеңіздер.


https://kaspi.kz/shop/p/eldos-to-tarbai-tau-sy-122252890/?c=750000000&ref=shared_link

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

31 Dec, 17:59


Happy New Year! ❤️❤️❤️

Here's to 2025 a year full of #hope, peace, and happiness for you and for the #world. May you find joy in every #moment, #love in every connection, and strength in every challenge.

Let's make this year our #best one yet!❤️❤️❤️

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

27 Dec, 06:48


Аллаға шүкір! Бүкіл сынып сүйсініп оқыған кітабымның күн сайын оқырманы артып, таралымы да көбейіп жатыр.
Қуанса, бала қуансын!

Осы жаңа нәсіл Қазақ мемлекетін бай-қуатты қылар нағыз Алашшыл, мемлекетшіл азаматтар болып өссе екен!

Ұрпағымыз зейінді болсын!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

25 Dec, 06:16


*Жәнібек Баймырза және Елдос Тоқтарбаймен 11 күндік рухани сапарға шақырамыз*😍🕋

📅*07.01 - 18.01*

🛫Шымкент - Медина
🛬Джидда - Шымкент

*Instagram* парақшамыз : *@arafa_travel*
https://www.instagram.com/arafa_travel?igsh=MTI1eHh6empuMXYyOQ==

📲 Тіркелу үшін:
*+7-701-856-07-07* Арай
*+7-776-225-01-01* Айша

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

25 Dec, 03:35


Бір кітап оқыған сайын, надандығымның бір беті азаяды.
/Қалтай Мұхаметжанов/


Жаңа Жыл қарсаңында балаларыңызға кітап сыйлаңыздар!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

20 Dec, 14:42


📢18 Полезных приложении для учебы и саморазвития

📌Организация
Notion – для заметок и планирования.
Todoist – для списков задач.
Trello – для управления проектами.
Google Keep – для быстрых заметок.
📌Изучение
Quizlet – для запоминания через карточки.
Anki – для интервального повторения.
Microsoft Lens – для сканирования текстов.
Evernote – для хранения заметок.
📌Языки
Duolingo – для изучения языков.
LingQ – для чтения с переводом.
Reverso Context – для примеров перевода.
📌Работа с текстами
Grammarly – для проверки английского.
Hemingway Editor – для упрощения текста.
📌Наука
Mendeley – для научных статей.
Google Scholar – для поиска исследований.
Zotero – для управления источниками.
📌Концентрация
Forest – для фокусировки.
Focus To-Do – для работы по таймеру.


💌Сохраняйте и отправляйте друзьям
Какими приложениями из этого списка вы уже пользуетесь, а какие хотели бы добавить к этому списку?

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

15 Dec, 18:25


Айналайындарым!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ұлт-азаттығы жолында шейіт кеткен қазақтың хандары мен сұлтандарының, билері мен батырларының һәм Алаш қайраткерлерінің, сондай-ақ ашаршылықта, соғыста, Желтоқсан мен Жаңаөзен, Қаңтарда құрбан болған барша ерлердің рухына әл-Фатиха! Рухтары шат болсын!

Елдігіміз бекем, еркіндігіміз мәңгілік болсын!

Мен Қазақ мемлекетінің азаттығына қызмет қыламын!

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

12 Dec, 08:53


Алашшылдарым, Ұлттық мемлекет күні құтты болсын!
Ұлттық рух қалғымасын!
Сана сергек, қалам жүйрік, Отанымыз тыныш болсын!
Намысы тапталған, жігері мұқалған мына елді ұлтқа айналдырып, рухын асқақтатып, тарихи санасын жаңғыртайық!

Қазақ өзін танып, ұлт болған күні мен қалам ұстауды қоямын. Сол күн тезірек келсе екен!…

12.12.1917
15:00

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

09 Dec, 07:58


Қайырлы күн, достар!
Ақтөбедемін. 9-11 арасы осындамын.
Ақтөбелік достарым болса, жекеме жазыңыздар.

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

09 Dec, 02:47


АЛАШ КӨСЕМІНІҢ ҰРПАҒЫ ӨТТІ

Кеше, Алаш көсемдерінің бірегейі — Мұхамеджан Тынышбайдың баласы, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Тынышбаев ақсақал 94 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Алла Тағала марқұмды панасына алсын.
Рухына әл-Фатиха!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

07 Dec, 05:01


https://youtu.be/17cvJTFMQcA?si=ib0uc4kDqDCxZFe7


Жаңа сұхбат!
Мотивациялық ойлар!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

05 Dec, 15:18


7.12 барлықтарыңызды ғажап спектакль-концертке шақырамын!
Келіңіздер!
Алаш ұранын бірге шырқайық!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

04 Dec, 11:14


Кітап оқиық!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

14 Nov, 16:44


Қызықты сәттермен өмір қызық емес пе!

😁 Қазан айының соңында Талдықорған қаласындағы “Зүбән апа” жекеменшік балабақшасы мені кездесуге шақырды. Тәрбиешілермен кездесуге шақырған болар деп ойладым да қойдым.

📚 Барлыбек пен Ілияс әкелерімнің кітабын шығарып, елге таныстыруға келген соң, уақыт тауып, уәдем бойынша “Зүбән апа” балабақшасына бардым. Міне, бар қызық осы жерден басталды…

✍️ Қатарлас жүрген замандас балалар жазушыларының бірде-бірі балабақшаға кездесуге бармапты.

🧚 Мені ақ қанат періштелер тік тұрып қарсы алып, қазақ дәстүрімен қолыма су құйып, күй тартып, қошемет көрсетті. Бәрі “Елдос Тоқтарбай келді” деп қояды 😉 Сөйтсем, балдырғандар кітабымды үш ай бұрын тапсырыспен алдырып, әбден оқып, талдап тастапты)))

🫅”Құлыншақ” ересектер тобы “Тау құсы” кітабын жаттап-ақ алған екен. Кейіпкер есімдерін жатқа соғып отыр. Маған сұрақ та қойылды. Сергіту сәтінде бірге ойнап, жаттығу жасадық 🙂

📚 “Бала қиялы — ертегі” деген тақырыптағы кездесу — менің мәңгілік санамда жаңғырып тұрар ерекше мезет, мөлдір әлем.

🧑‍💻 Жазушының бақыты — оқырманының ықыласына бөлену. Еліміздің аспан түстес байрағындай киінген кішкентай достарым жазуға деген құмарымды арттырды 🤍

❤️ Жүректерім менің!
Бақыттарың, жолдарың ашық болсын!
Балалық дәурендерің алаңсыз өтсін!

🏘️ Жүрегі бар патшалықтың құрылтайшысы Айнаш Рыскельдинова апайға, “Зүбән апа” балабақшасының бағбандарына ризашылығымды білдіремін.

🤲 Аллаға шүкір! Дегеніме жеткіз, талабымды оңғар, Тәңірім!

#алаш_аманаты
#алаш_сөзі
#елдос_тоқтарбай
#елдос_алаш

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

11 Nov, 20:07


https://youtu.be/LVtxj0LbxjA?si=442t2LkEM_Xqy-7s

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

07 Nov, 16:46


https://qazdauiri.kz/news/meiirim-men-izgilik-zarsysy-tau-qusy?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR1lKUhWpQsaxJCkM-NZlW6EzCJnK0gB6InxuTYcFwKQXHOkG_FJo3D0Dfw_aem_PwKIBtvfXJDBxK9056xRkQ

Оқи отырыңыздар…

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

05 Nov, 10:36


ІЛЕКЕҢНІҢ “БЕТАШАРЫ”

📚 Ілияс Жансүгірұлы — менің сүйікті ақыным. Өрен жүйріктің 130 жылдығына орай деп неше жыл ұйқы көрмей түнімен жұмыс қылып ем, міне, соның нәтижесі ретінде алғашқы кітап (Беташар. Бұрын жарияланбаған шығармалар) қолыма тиді. Аллаға шүкір!

Енді, бұйыртса, 📚 4 кітап басылып жатыр… бәрі сәтімен болсын!

📚 “Беташар” — ақынның алғашқы кітабы (1927). Сол алғашқы кітабының атымен бұрын
жарияланбаған шығармаларын қайтадан жинақтап, оқырман назарына ұсындым. Қабыл алыңыздар!

Бұл кітапқа “Беташар”, “Өтірік”, “Сағанақ”, “Балаларға базарлық”, “Жаңа жолда”, “Құл” т.б. еңбектері қамтылды.

Осы кітабымды Ильфа Ілиясқызының рухына арнадым. Аяулы апамның рухы шат болсын!

Бұл кітапқа пікір жазып, әрқашан мені қолдап жүретін алаштану мен әдебиеттанудағы қос алыбым, аяулы Тұрсын Құдакелдіұлы мен Айгүл Серікқызы ұстаздарыма және досым Жаңагүл Шыңғысханқызына ризашылық айтамын.

Кітабым Жетісу облысы әкімінің қолдауымен шықты. Бұл ретте облыс басшылығына, С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана ұжымына айрықша алғыс!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

25 Oct, 02:07


ҚАДІРМЕНДІ ӘЛЕУМЕТ!

БҮГІНГІ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ, ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

22 Oct, 07:13


Астана, күт! Астаналық достарды шақырамын!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

17 Oct, 17:06


Бижомарт Қапалбек ұстаз жазған екен:

Мына жігіттер кешегі Ақымет пен Әлиханның, Міржақыптың үкіметтен бір тиын алмай «Қазақ» газетін шығарғаны сияқты, шығарып қана қоймай өздерінен бұрын баспахана ашып «Шора» мен «Уақыт» басылымдарын шығара бастаған татар бауырларынан таралым жағынан озып кеткендігі сияқты жалпы ұлтқа керек іс істеп жатыр екен. Қолдау керек. Әсіресе, «газет шығарамын» деген Міржақыпқа Түркістан жақтан екі қоржын ақша арқалатып жіберген байлардың ісін қайталау керек.
Жігіттер үлгілі іс істеп жатыр, Тәңір жарылқасын!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

17 Oct, 11:43


Құқық саласындағы ғалымдармен бірлесе жазған ұжымдық еңбегіміз жарық көрді 🤗 Жазар көбейсін!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

07 Oct, 13:28


https://youtu.be/gwVROEwMYfc?si=CU9X6CQaDtb2R75B

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

05 Oct, 15:24


РЕКОРД ЖАҢАРТҚАН КІТАП

✍️ Менің бұған дейін көп сатылған екі кітабым — “Жарық сәуле” мен “Алаш сөзі” еді. Сол екі кітаптың рекордын бұзып, жеке шығармашылығымның аясын кеңейтіп, қалтамды қалыңдатқан — “Тау құсы” кітабым 🤗. Шүкір!

📚 “Тау құсы” — 5 000 таралыммен шығып, әр данасы 3000 теңгеден сатылып, жалпы өте жақсы сомада кіріс жинады. Міне, 🇰🇿 Отанымның экономикасына жазушы һәм жеке кәсіпкер ретінде салық төлеп, үкіметтің де, өзімнің де көңілімді жадыратқан туындым. Осы еңбегімді сатып алып, талқылап, қызу оқып жатқан әр оқырманыма мың алғыс! Енді төртінші басылымы сатылғалы жатыр… Жолы ашық болсын! ✍️ жазар көбейсін!

📺 Ертең (Жексенбі, 17:00-де) аяулы Жүсіпбек Қорғасбек ағамның хабарында кітабым талқыланады.
Көріңіздер!

#балалар_әдебиеті
#тау_құсы
#елдос_тоқтарбай
#елдос_алаш

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

03 Oct, 05:27


Қайырлы таң, достар!
6.10.24 (жексенбі) күні көріңіздер!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

30 Sep, 18:26


Бүгінгі спичтан!
Бүгінгі спичтан бір сөзім бір азаматтың жүрегіне жетсе, жазушы ретінде бақыттымын!
🙏

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

29 Sep, 15:37


Ертең!
Алматы!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

29 Sep, 05:14


Top 8 quotes to conquer your dreams:

1. "All our dreams can come true if we have the courage to pursue them." - Walt Disney

2. "Success is walking from failure to failure with no loss of enthusiasm." - Winston Churchill

3. "Try not to become a person of success, but rather try to become a person of value." - Albert Einstein

4. "It is not the strongest of the species that survive, nor the most intelligent, but the ones most responsive to change." - Charles Darwin

5. "I have not failed. I've just found 10,000 ways that won't work." - Thomas Edison

6. "The whole secret of a successful life is to find out what is one's destiny to do, and then do it." - Oscar Wilde

7. "Don't be afraid to give up the good to go for the great." - John D. Rockefeller

8. "I find that the harder I work, the more luck I seem to have." - Thomas Jefferson

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

28 Sep, 04:38


Бүгін (28.09.1897) — асқақ Мұхтар Әуез туған күн!!!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

27 Sep, 01:58


БҮГІН — ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ӘКЕМІЗ ОПАТ БОЛҒАН КҮН!

1937 жылдың 27 қыркүйегінде қандықол қанға жерік қаны бұзық сталинизмнің сайқал саясаты кесірінен қазақтың аймаңдай атпал азаматы, Алаш көсемі, ұлт болмысы, 71 жастағы Әлиxан Нұрмұxамедұлы Бөкейxан ату жазасына кесілді.
Асыл бабамыздың жатқан жері жайлы болсын!

Бүгінгі оқылған Құран сүрелерінен болған сауап қабірін нұрландырып, қабір азабынан сақтап, жанын жәннаттан, тәнін раxаттан ете көргей!

Рухына әл-Фатиха!
Асыл ерді сағынышпен, құрметпен еске аламыз!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

19 Sep, 10:35


🤗 Қадірлі алматылық ағайын!

Ертең (20.09), сағат 15:00-де Qyr balasy -ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы нда “Алаш — ұлтты оятқан рухты сөз!” деген шарамыз өтеді.

Алашшыл әр қазақты құрметпен шақырамыз!
Шара барысында краудфандинг аясында шыққан (суреттегі 6 кітап) кітаптардың таныстырылымын жасаймыз.

🇰🇿 Алаш туы астында кездесейік!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

16 Sep, 11:29


Қайырлы күн, Алматылар!
Достар, Сіздерді
18.09 күні 15:00

«№40 жалпы білім беретін мектеп» КММ
«Орбита» шағын ауданы, 55 А-үйде өтетін кездесуіме шақырамын!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

14 Sep, 17:18


✍️ Мен — бақытты жазушымын 🙂 Аллаға шүкір!
Бүгінгі кездесу шатырына оқырманым сыймай қалды. Түрлі сұрақ қойылып, тілектің неше атасын жазған күн болды 🤗

😉 Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар бата беріп, мұғалімдер ризалығын айтып, жас оқырмандарым көңілімді жадыратты.

📚 “Тауы құсы” кітабы 5000 дана таралыммен шыққан-тын. Бүгінгі жәрмеңкеде — 210 кітап (“Тау құсын” ғана айтып отырмын) сатылған. 90 кітап қалыпты. Баспаханада 5000 дана басылып жатыр.

❤️ Кім айтып жүр қазақ кітап оқымайды деп(!). Қазақ интеллектуал ұлтқа айналады!!!

Ертең (Арбат та тағы спичым бар) күтемін!!!

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

14 Aug, 06:51


https://kaspi.kz/shop/p/to-tarbai-e-tau-sy-122252890/?c=750000000&sr=1&qid=51364c06136e7283ba78533b3c9d3d5a&ref=shared_link

Менің барлық кітаптарым KASPI дүкеніне шықты. Сатып алып, қолдап қойсаңыздар.

Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/

14 Aug, 06:38


Жалпы ғылыми сапар туралы бір сөзбен бейнелей айтсам, қоржыным – толы, көңілім –  көтеріңкі, жүзім – жарық. Сапардағы жолаушының дұғасы қабыл болады деген сөз бар-тын. Жоқ іздеп ұлы жолға шыққанда қос қолымды жайып, бар ынта-шынтаммен дұға еттім. Тәңірім Ием қолдады, аруақты бабам тілегіме қарай ризалығын білдіріп, жолымды ашты. Жеңіл барып, ауыр қайттым. Аллаға шүкір! 

https://e-history.kz/kz/news/show/340079.