шет ел фильмдерінің қазақша дубляжы және аудармасы бойынша бағалау критерийлерін нақты және әділ құру керек болып тұр.
Бастапқы мен берген бағалау критерийлеріне төмендегіше өзгеріс енгізу ұсынылып отыр:
===
1. Аударма дәлдігі (35%): Түпнұсқаның мағынасын, стилін және мазмұнын бұзбай, қазақ тілінде дәл жеткізу.
2. Жергілікті мәдениетке бейімдеу (25%): Қазақстанның қазіргі ақпараттық мәдениетіне тән тіркестер, мемдер мен ұғымдарды дұрыс және еркін қолдану арқылы аударманың заманға сәйкестігін қамтамасыз ету.
3. Үн мен қимыл бірлігі (15%): Аударылған мәтіннің кейіпкерлердің ерін қозғалысына сәйкес келуі.
4. Дауыс актерлерінің шеберлігі (15%): Дауыс интонациясы, эмоциялық тұрғыдан дұрыс жеткізілуі және кейіпкердің мінезіне сәйкестігі.
5. Дыбыс сапасы (10%): Дыбыс жазбасының тазалығы, фондық шу мен дауыс арасындағы тепе-теңдік және кәсіби тұрғыдан өңделуі.
2. Бағалау шкаласы:
Әр санат бойынша 10 балдық шкала қолданылады:
1–3: Нашар ( дөрекі қателері көп, қабылдау қиын).
4–6: Қанағаттанарлық (орташа, көрінеу қателер бар, бірақ жалпы түсінікті).
7–8: Жақсы (бірлі-жарым ұсақ-түйек қателері бар, бірақ жалпы көңілден шықты).
9–10: Тамаша (қатарынан көш ілгері сапа, ойлағанымнан артық).
Осы нұсқа ұнап отыр маған да.
---
Қазылар алқасында тіл мамандары, дыбысшылар, актерлер, дубляж режиссерлері, қазақ тілінің табиғатын жетік білетін сарапшылар болса, жазыңыздар.
Кемі 5 адам қажет.