Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz @qazaqshajaz Channel on Telegram

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

@qazaqshajaz


Желіде қазақша ақпарат сұрайтын топ.

⚪️Арна: https://t.me/qazaqshajaz
⚪️ Қазақша Telegram: https://t.me/setlanguage/kk
⚪️Инста: https://www.instagram.com/qazaqshajaz/
⚪️Ереже: https://telegra.ph/Qazaqsha-Jaz-erezhes%D1%96-10-06

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz (Kazakh)

🌟Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz🌟nn"Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz" топтың аты-ауданы белгілі. Осы топ арқасында қазақша жазушылар үшін деректер мен пайдалы ақпараттар табылады. Топқа қосылу: https://t.me/qazaqshajaznnТағы да көбірек қазақша хабарламалар үшін қазақша Telegram-қа қосылу: https://t.me/setlanguage/kknnОсы топтың Инстаграм парақшасында топтың соңғы жаңалықтары және қазақ тілі мен мәдениеті туралы мағлұматтар табылады: https://www.instagram.com/qazaqshajaz/nnЕнді жұмыстаң ережелерін оқу үшін осы сілтемеге басыңыз: https://telegra.ph/Qazaqsha-Jaz-erezhes%D1%96-10-06nn"Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz" топтың қандай құрамдасы? Олар қазақша аудандар мен жазушылар, оқушылар мен оқытудағы мамандар, қазақ тілі мен мәдениеті туралы ақпаратпен бөлісуді қажет етеді. Бұл топ арқасында қазақша жазушылар үшін бейнелер, мақалалар, интеллектуалды ойындар және басқа пайдалы мазмұндар пайдаланылады. Осы арқылы кез келген адам қазақ тілінен өз білімін арттыруға көмек көрсете алады. Сіз де "Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz" топқа қосылыңыз және қазақша ақпаратты дамыңыз!🌟

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

22 Nov, 04:50


Таң жарық QJ

Технодом негативті басу үшін ұтыс ойынын аяқтады. Бірақ Қазақша жазбай қойды. Қазақша жазуды Конституция күнінен бері тоқтатқан. Бүгін Технодомға тіл құқықтарымызды бір ескертіп кетейік. Ал, тербеуді бастайық.

1. Сілтемеге өтеміз. https://www.instagram.com/reel/DCorxqjMiiZ/?igsh=anVkdjNrdTNvZ3Mx
2. Қазақша жазуды талап етеміз.
3. Алматы қаласы әкімдігі, Ақорда, Қасымжомарт Тоқаев, Саясат Нұрбекті тегтейміз.

Сәтті тербеу болсын!

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

21 Nov, 17:12


Күнді байлаған Мауи

Моана анимациялық филмінде ғажайып кейіпкер бар. Ол - Мауи. Мауи қартаймайды, күш-қуаты таусылмайды және ілмегі арқылы кез келген жануар кейпіне ауыса алады. Шындығына келгенде Мауи Тынық мұхиты халықтарының аңыз кейіпкері. Тынық мұхитының мыңдаған аралдарына қоныстанған полинезия халықтары шығу тегін Мауиден бастайды. Өзінің қоршаған ортасы мен дүниетанымын Мауидің тірліктерімен байланыстырады. Мысалы: Аңыз бойынша Жаңа Зеландияны Мауи су астынан көтерген. Мауи күнді арқандап алып, қазыққа байлап қойған екен. Содан бері күн аспанда асықпай жүретін болыпты.
#моана2 #qazdub

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

21 Nov, 13:57


Қазақ тілін ілгерілететін ұйымдар да баршылық екенін білеміз, бірақ солардың жұмыс нәтижесі көп жағдайда "өкінішке орай" екені де әмбеге мәлім нәрсе. Қазақ тілін күшейту жұмыстарымыз ықпалы түсініксіз форумдар мен конференциялардан ары аспай қалып жатыр.

Қазақ тіліне қатысы бар ұйымдар бәрі бұрыннан айтып келе жатқан қарапайым нәрселерді қолға алуы керек деп тағы айтамыз:

- қаржы және құжат жүргізу саласын қазақшаландыру;
- қазақ тіліндегі жасанды зиятты дамыту;
- сайттар мен қолданбаларды қазақшаға аудару;
- оқулықтар, ғылыми, т.б. кітаптарды сапалы аудару;
- балалар мен жастарға арналған сапалы контентті көбейту;
- кәсіби және әуесқой дубляжға қолдау көрсету;
- әлеуметтік желі трендтеріне сай әрекет ету.

Бұл әрине мәселенің басы ғана. Тізе берсек, кете береді.

@QazaqGrammar

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

21 Nov, 05:56


Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.

Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.

Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.

Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.

Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.

Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.

Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.

Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

20 Nov, 11:21


🇷🇺Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруды» қолдады және бұған Қазақстан бюджетінен 43 млн теңге бөлінеді.

Бүгін мәжіліс депутаттарының 82-сі орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру шартын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды.

Құжатқа сәйкес, бұл үкіметаралық ұйым болады. Ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ұйымды құруға Қазақстан бюджетінен 43 млн теңге бөлінеді.

Еске салсақ, орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құру идеясын 2022 жылы Тоқаев ұсынған болатын.

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

19 Nov, 19:05


Кеш жарық QJ

Бүгін әкімдік ozon.kz басшылығымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде ozon.kz қолданбасын қазақшалау, тауар сипаттамасын қазақша ету, тауарға пікірді (отзыв) қазақша жазу және жариялау мәселесін талқыладық. Ozon бастықтары интернет дүкеннің қазақша локализациясы нашар екенін мойындап отыр. Сөздеріне қарағанда компания локализация жүргізу үшін команда жалдағанға ұқсайды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында бәрін қазақша етеміз деп уәде берді.

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

17 Nov, 08:33


Моана 2. Ресми трейлер

28 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрында Моана 2 анимациялық филмін көрсете бастайды.

Бұл жолы Моана есейіп, сұлу бойжеткенге айналды. Есейген Моана алдында жаңа міндеттер пайда болып, ол қайтадан кемеге мінуге мәжбүр. Туған жерінен жырақтағы сапарында Моанаға баяғы достары - Мұхит, Мауи және Хей-хей жанында болмақ. Достардың сапары сәтті болар ма екен? Осыны білу үшін 28 қарашадан бастап сіздерді кинотеатрларда асыға күтеміз.

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

13 Nov, 09:32


Technodom және Airba Fresh компаниялары туралы

Екі компанияның тіл туралы заңды бұзып жүргеніне қатысты 2023 және 2024 жылдары бірнеше хат жаздық. Тіпті әкімдік қызметкерлерімен бірге бардық. Компания басшылығы тыңдамайды және тыңдағысы келмейтін сияқты. Уәждерімізді тыңдау үшін қабылдамады.

@airbafresh компаниясының кешегі жазбасын қателескенін мойындауға жатқызу қиын. Себебі компания сайты, қолданбасы, өнімдері, командасы сол баяғысынша мемлекеттің тілін мойындамай келеді. Ең бастысы, компания басшылығы диалогқа шығуға еш ынталы емес. Егер әкімдіктің тіл саясатына жауапты лауазымды қызметкерлерін қабылдауға шамасы жетпей жатса, қазақтілді тұтынушыларын қайтсін.

Мүмкін Президент мырза мен оның аппаратының сөзі өтер!?

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

12 Nov, 10:13


🤡 «Үй сияқты пісіріңіз», «Үйде тамақ дайындау»

Бұл — Airba Fresh азық-түлік жеткізу сервисінің жарнамалық баннерінде жазылған сөздер.

Компания аудармашылары «Пёчем, как дома» деген сөйлемді «Үй сияқты пісіріңіз» деп аударған екен.

Airba Fresh азық-түлік жеткізу сервисінің басшысы — Эдуард Ким. Ол Technodom компаниясының да иесі.

Эдуард Ким Forbes басылымына берген сұхбатында Airba Fresh сервисін іске қосу үшін 4 млрд теңге кеткенін айтыпты.

Жақсы аудармашыға ақша қимай қалдыңыз ба, Эдуард мырза?🤔

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

09 Nov, 19:41


МУФАСА. Арыстан патша. Ресми трейлер

2024 жылы Дисней бізді тағы бір қазақша фильммен қуантпақ. Желтоқсанда еліміздің барлық кинотеатрында "Муфаса. Арыстан патша" фильмін көрсететін болады.

Бұл жолы оқиға Симбаның әкесіне қатысты болмақ. Жас арыстандар - Така мен Муфаса патшалық құру үшін сапарға аттанады. Жолда олар көптеген шытырман оқиғаларды бастан кешетін болады. Жаңа достар тауып, басына түскен қиындықтарды жеңбек.

Така мен Муфасаның достығы сынға түскен әрі қызық әрі қауіпті сапар екеуіне оңай болмасы анық. Екеуі жаңа үй табу арманына жете ала ма екен? Соны анықтау үшін желтоқсанда кинотеатрларға шақырамыз.

Жас арыстандардың бақытын табуына тілектес болып, желтоқсанда кинотеатрларда бас қосайық ағайын.

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

05 Nov, 20:58


https://www.instagram.com/p/DB-4KKIoulh/?igsh=c3VqYWlkajJmeTBp

Достар Megogo соңғы осындай пост салды бүгін. Қазақша дубляжды қосуын талап етейікші. Sulpak Cinema-мен байланысқа шығар деп үміттеніп отырмын. Megogo-да шықса, Hdrezka сияқты тегін ресурстарда да пайда болады.

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

03 Nov, 10:15


Достар кеше ТМД нарығында шілдеде алғаш рет Sulpak Cinema-дан қазақша ресми дубляждалған Жексұрын мен 4" мультфильмі ресми Megogo онлайн-кинотеатрында пайда болды (Әзірше жалғыз Голливуд өнімдерін көруге мүмкіндік беретін платформа десек болады).

Өкінішке қарай, қазақша аудиожолақты қоспапты. Sulpak Cinema-ға байланысты ма, әлде басқа ма, түсінбей тұрмын. Кімге бұл мәселе немқұрайлы емес, өтініш Мегогоның ішіндегі пікірде қазақша дубляжды қосуын талап етіп немесе Мегогоның дайректіне жазып кетейікші. Егер әрекет етпесек, "Жабайы Роботты" да осындай тағдыр күтіп тұр.
Көбірек адам жазса, Мегого тезірек құлақ асатынына көзім жеткен 🙏

Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz

31 Oct, 10:53


Бұлай болуын қаламасаңыз, міндетті түрде қазақша дубляжға барыңыз 🙌

"Веном: Соңғы би" фильмі 24 қазаннан бастап кинотеатрларда қазақ және орыс тілінде. Баршамыз қазақша дубляжды қолдайық 🇰🇿

#QazaqGrammar #ҚазақшаДубляж #Серіктестік #Venom