Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек @kalkastop Channel on Telegram

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

@kalkastop


Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
+77078399871

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек (Kazakh)

Калькасыз Қазақ тілі каналы - бұл тілді жаңа жағдайда оқу және оқытуға қолдау көрсету арқылы тілекшілерге арналған Telegram каналы. Бұл каналдың жетекшісі - Назгүл Қожабек. Осы каналда қазақ тілінен терминологиямен басқару көрсетіледі, оқу және оқыту және тілді дамыту арқылы көмек көрсетіледі. Каналға қосу үшін +77078399871 нөміріне хабарласыңыз.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Jan, 15:41


Ұлым гомосексуалист болған секілді. Бірақ ол әйеліміз екеуімізге ол туралы айтпаған.

Бір жалғаудың құдіреті…

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Jan, 06:11


"Қақ таңдайыңды!" деді Путиннің үйі жұртқа

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

22 Jan, 17:12


Процессор - Үдеріссор 😂

Естімеген елде көп деген осы-ау...

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Jan, 17:06


демалыс күнінде

⁉️ в выходной день

демалыс күні

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Jan, 08:41


Қазақта тек дастархан төрінде отырған адамға ғана бас тартылады!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Jan, 08:40


Банкроттыққа өтініш бергендердің 70%-ның өтініші қабылданған жоқ.

ҚР азаматтығына қабылдау өтінішті қайтарып жіберуге негіз

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Jan, 08:39


"Мне отказали" деген - өтінішім қабылданбады деген сөз. Не болмаса, "мне отказали" дегенді - кто отказал екенін көрсетіп отырып жазу керек.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Jan, 08:38


Осы "отказ" деген сөз қазақ тілінің соры болды. Неге дейсіздер ғой?

Отказ дегеннің өзі орыс тілінде екі түрде қолданылады: я отказался және мне отказали.

Қазақша "бас тарту" деп тек "я отказался" дегенде қолданамыз.

Неге дейсіздер ғой?

Өйткені "мне отказали" дегеннің ырықсыз етісі - "мне отказано" (вам отказано) болады да, кейбір аЛдармашылар оны
"сізге бас тартылды" деп қолданып жібереді.

Сенбейсіздер ме?

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Jan, 12:08


пышақпен шабулдау / шабуыл жасау

⁉️ нападение с ножом

⁉️ көмектес септік жалғаулы "пышақ" сөзін "кесу/турау / шабу (кейде, дәәәәәу пышақ болса)" деген етістіктер ғана меңгереді.

пышақ ала жүгірді, пышақтап тастады, пышақтап кетті, пышақтамақ болды (контекске, оқиғаның өрбуіне, әрекеттің жай-жапсарына қарай)

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Jan, 12:04


"Пышақпен шабуылдау" дегеннен аман медиа бар ма десем, жоқ екен

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Jan, 05:24


Тынық мұхит

Қандай? Тынық

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

16 Jan, 20:46


Кім салған?
Республика салған.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

16 Jan, 16:28


TED’x Talk арнасына шықтым 🤓

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

16 Jan, 16:27


Ой

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

16 Jan, 16:27


https://youtu.be/5uSA9jkLqtE?si=SkJspZy00aeN_oJI

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

10 Jan, 02:56


Жүргізуші куәлігі барлар ғана мопед тебе алады

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

09 Jan, 19:56


орындықтың арқасы

орындықтың арқалығы

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

09 Jan, 16:23


тізеңізде ұстап отырыңыз

⁉️ держите на коленях

алдыңызға алып отырыңыз

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

09 Jan, 16:22


сыртқы киім

сырт киім

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

09 Jan, 16:21


FlyArystan назарына

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

06 Jan, 10:00


ҰЛТ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

“Қазақ ғылымының жүйесінде Ұлттық ғылыми кеңес деген арнайы сарапшы орган бар. Ғылымға қарастырылған қаржыны бөліске салады, ғылыми зерттеулерге мониторинг жүргізеді, жылдық және қорытынды есептер бойынша шешім шығарады. Басым бағыттар (салалар немесе салалар жиынтығы) бойынша бірнеше кеңеске бөлінген. 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр.

Осы 13 жылдың ішінде бұл орғанның бірде бір хаттамасы, не оның көшірмесі қазақ тілінде жарияланған емес. Ал сол кеңестер арқылы соңғы 13 жылда қазақтың ең танымал, ең белді ғалымдары мүше болып өткен.

Аты Ұлттық, бірақ тілі ұлттық емес. Қазақ елінің лингвокеңістіктегіндегі көптеген парадокстың бірі ғана.

Бұл үрдісті айтатын адамды көрмедім. Бәріне осылай болғаны қолайлы да, ыңғайлы сияқты. Ешкім еш нәрсені өзгерткісі келмейді.

Алмас Жүнісбай,
тарихшы

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

06 Jan, 07:47


аттан обал

бірдеңеден ұят дегенмен шатастыру бар ма дедім

атқа обал

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

06 Jan, 06:55


студенттік аралас хор, студенттік оркестр

студенческий сводный хор, студенческий оркестр

студенттер аралас хоры, студенттер оркестрі

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

06 Jan, 06:29


нотариалды куәландырылған

нотариально заверенный (кеше жазған наречие ғой)

нотариус растаған

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Jan, 10:12


компания ақшасының қайда кететінін

компанияның ақшасы қайда кететінін

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Jan, 08:45


"бұлшық еттер" дегеннің қисынын түсінген күні басқа салаға кететін шығармын 😅

неге жай ғана "бұлшықет" деуге болмайды екен?

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Jan, 08:42


лазерлік түзету

лазерная коррекция

лазермен түзету

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Jan, 08:39


әлеуметтік жауапты

социально ответственный

орыс тіліндегі "социально, общественно, экологично" деген сынды болып келетін наречиені қазақ тіліне дұрыс аударып жүрген жоқпыз. Олар "-лық -лік -дық -дік -тық" жұрнағынан жасалмайды.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

03 Jan, 16:17


Мына нәрсені бір қазақ “қазақша білем” деп әлдеқандай болып істеп берді, бір қазақ “ммм, дұрыс” деп соған қол қойды ғой.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

03 Jan, 11:00


Салдарынан дегенді нәтижесінде деп жазатындардан күюші едік, соларға қатты назаланып қойған сияқтымыз 🤭

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

31 Dec, 13:35


Шығыстанушы-арабтанушы — Арсен Шәдидің арнайы тіл үйрететін онлайн-платформасы бар.

Қазір 2024 жылдың соңғы қорытынды жеңілдігі ретінде 4 тіл бойынша 12 курсты (араб тілі, ағылшын тілі, түрік тілі, орыс тілі) = 3 жылдық доступпен = 10.000тг-ге алып қала аласыз.

Арсеннің көрсетілген тілдер бойынша деңгейі:

Араб тілі C1 (араб елдерінде оқыған)

Ағылшын тілі С1 (IELTS 7.5)

Түрік тілі С1 (Түркияда магистратура оқыған).

Қабылдау бүгін 00:00-де аяқталады екен, сол себепті ұсыныс қызықтырса менеджеріне байланысқа шыға аласыз ⤵️

https://wa.me/77011343738

Назгүл ханымның арнасынан көрдім деп жаза кетуді ұмытпаңыз 🤝

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

26 Dec, 12:09


ЖЫЛ ҒАЛЫМЫН ТАҢДАСАЙЫҚ 👆

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

24 Dec, 13:38


БІЗ ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕП ЖҮРМІЗ❓️
Әйелім телеарнада істейді.
Сіздер оның сөзін түсінесіздер ме, білмеймін, өзім о баста «Осы не айтты?» деп, аң-таң болып жүрдім. Кеше екеуміз жап-жақсы шәй ішіп отырғанбыз. Несиенің зары ойыма түсіп кетіп:
- Осы біздің кредит қашан бітетін еді? – дедім. Сөйтсем:
- Үстіміздегі жылдың аяғында – дейді. «Дұрыс түсінбей қалдым ба?» деп қайта сұрадым.
- Үс-ті-міз-де-гі!
- Сонда ол қай жыл?
- Биыл! Биыл бітеді. Не болған саған?
Күйіп кеттім.
- Оны үстімізге шығармай-ақ, биыл деп айтсаң болмай ма? Сонда өткен жылды не дейсіңдер? Ол да үстімізде ме, әлде астымызда қалды ма?
Жоқ, рас, телевизорды қосып қалсаңыз немесе газет-жорналды ашып қалсаңыз: «Үстіміздегі жылы түсім мол болды, үстіміздегі жылы өйтті-бүйтті» дейді. Сосын, «Болып табылады», «Келуде, баруда», «Дей тұрғанмен», «ой-пікірмен бөлісті», «жұмыс жасайды», «қол жетімді» «жіберіп алмаңыздар», тағы басқа толып жатқан сөздері бар. Сонда бір жерге қонаққа барсаң, «Мынау біздің үйдегі келініңіз болып табылады» дейсіз бе? Әлде, досыңа «Моншаға барасың ба?» десең, ол саған «Бағасы қол жетімді ме?» дей ме? Кино немесе концерт корсетерде «Осыны жіберіп алмаңыз!» дейтіндері бар. «Жіберіп қоймаңыз» деген сияқты естіледі құрғыр... Сонымен... а, кешіріңіздер, әйелім қоңыраулатып жатыр. Қазір...
- Сізді мұқият тыңдап тұрмын...
- Әкесі, сіз кешігу үстіндесіз...
- Ой, мені қойшы, өзің жылжымайтын мүліктесің бе?
- Иә, көтерме және бөлшек сауда орталығына барып, қазір ғана жылжымайтын мүлікке кірдім. Ал, өзің қайда болып табыласың?
- Мен мына құрып кеткір жылжитын мүлік жылжымай қалып, соны шұқылап жатырмын.
- Қонақтар дер кезінде тиісті орыннан табылып, сен өкінішке орай кешігіп жүрме.
- Олар нешеде келеді деп жоспарланып отыр?
- Кешкі алтыға келеді деп күтілуде!
- Не істеуде?
- Күтілуде!
- Ой, қой, мынауың артықтау емес пе?
- Қай жері артықтау? Телевизордан күнде «күтілуде», «жоспарлануда» деп айтып жүрміз ғой.
- Е, бопты, күтіле берсін. Онда мен де барудамын.
- Айта кету керек, ақыры бәрі келеді ғой деп, бүгінгі күн тәртібіне Бәтіштерді де енгіздім...
- Ойбай, ол бізге кім болып табылады?
- Туу, сен-ақ ұмытасың да қаласың. Ол ана құдаңның туған қарындасы болып табылады ғой.
- А, құдаша деші?.. Дейтұрғанмен ол...
- Иә, иә, құдаша! Ешқандай дейтұрғанмен емес!
- Е, бопты. Мен де жылжу үстіндемін сізге қарай...
- Әй, әкесі, асықпай абайлап жүр. Жолда жол-көлік апаты орын алмасын!
- Дәл осыны айтпашы, бәйбіше.
- Әкесі, ау, әкесі, айтпақшы, жол-жөнекей бір мөшек қара алтын ала салшы...
- Не ала сал?
- Қара алтын, яғни, көмір ала сал деймін. Монша жаққанға...
- А, иә. Құрсын, шатасып біттік қой. Осы журналистер біртүрлі, қара халық біртүрлі сөйлегенді қашан қоямыз а?..
Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

24 Dec, 13:11


Бибігүл Төлегенованың 95-жылдығы

95-летие Бибигуль Тулегеновой
орысша жас та - лет, жыл да - лет, қазақша - басқаша

Тірі адамға "жыл" деп айтылмайды.

Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толған мерейтойы

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

24 Dec, 03:53


Мысалы, галстук кигенде көйлектің жоғарғы түймесі түймелі болуы керек!

Мысалы, галстук таққанда көйлектің/жейденің жоғарғы түймесі салулы болуы керек!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Dec, 17:21


музыкалық сыншы

музыка сыншысы

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Dec, 16:32


Учитель глазами общества


Орысшасын білмесек, мынаны ұқпас едік…

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Dec, 12:53


бәленше жасыма дейін / бәленше жасына дейін

до стольки-то лет

бәленшеге келгенше, бәленшеге толғанша

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Dec, 12:03


қаржылық демеушілік көрсету

қаржылай демеу

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Dec, 10:08


Бір жалғаудың құдіреті

Тырнақ астынан кір іздеу

Тырнақтың астынан кір іздеу

Айырмашылығы жоқ десеңіз, менің "Іліктің әлегі" деген авторлық курсыма келіңіз 😂

Алдымен курс жасап қояйын 😂

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Dec, 07:37


наным-сенім бостандығы

свобода вероисповедания

наным-сенім еркіндігі

"Бостандық" - свобода дегеннің аудармасы бола бермейді.
Айталық, "наным-сенім бостандығы" деп келіп, енді "менің наным-сенімім бостан" демейміз ғой, "еркін" дейміз

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Dec, 09:54


бірдеңе күлкімді келтіріп тұр

⁉️ меня смешит

бірдеңеге күлкім келіп тұр

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Dec, 11:07


Емдеудің санаторы мен курорты қай жерінде болатынын қайдам…

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Dec, 05:54


біз үшін жасай алады
біздің орнымызға жасай алады

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Dec, 05:24


дауыл аяқталды

дауыл тынды, дауыл басылды

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Dec, 05:23


Құндызды тон
норковая шуба
құндыз тон

Қазақ әдебиетінде "қасқырЛЫ ішік" деп оқыған жоқпыз ғой, "қасқыр ішік", "құндыз бөрік", "жібек көйлек", "шыт көрпе" деп оқыдық.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Dec, 05:23


Желмен тербелген
Жел тербеген

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

17 Dec, 15:27


дауыл басталайын деп тұр

дауыл келе жатыр

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

13 Dec, 08:08


кимешектердің көрмесі

кимешектер көрмесі

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

01 Dec, 16:48


Тіл деген динамикалық құбылыс қой, аха?

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

01 Dec, 09:09


Латтені миндаль сүтпен ішетін

Латтені бадам сүтін қосып/қостырып ішетін

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

29 Nov, 12:04


Steppe&World баспасы осы демалыста Жомарт жұма өткізіп жатыр!
Кітаптар керемет екенін білесіздер, "әттең, қолым жетпей жүр еді" деген кітаптарды алып қалыңыздар)))

Kaspi-дегі дүкені

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

27 Nov, 17:44


Репутационные риски деген ғой...

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

27 Nov, 07:29


көреалмаушылық қасиеті бар адам

іші тар адам

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Nov, 09:02


* нөміріне трафик бөліп бердіңіз.

Иә, мынаны ешкім қабылдамайды, өйткені кері аударса, бірінші шығатын ұғым - “выделил” болады. Оған ми сынып кетеді…

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Nov, 02:35


Шетелдегі офлайн қазақ тілі курстары

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

22 Nov, 04:20


қабылданып жатқан іс-қимыл

предпринимаемые действия

шара қабылданып болып, енді іс-қимылды қабылдауға көшіппіз)))

істеліп жатқан, жасалып жатқан

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 08:17


Шаңырақ - қазақ үйінің жүрегі, жайлылықтың, отбасылық жылулық пен бірліктің символы.

Құдай-ай, осы бір ауыз сөйлемді де қазақша жазу үшін "символ уюта, семейного тепла и единства" дегенді орысша жазып, соны аудартып қойған не мәжбүрлік екен деймін...

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 06:50


Бұрын, бала кезімізде, мектепте оқыдық қой бәріміз, сонда "рим цифрлары" деуші едік қой. Енді неғып айдан түскендей "римдік цифрлар" дейтін болғанбыз?

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 05:59


Дефис - орфография
Тире - грамматика

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 05:59


Дефис-тире емес, тире - дефис емес

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 05:58


Дефис-тире емес, тире - дефис емес. Тирені дефис қылғанды көруші едік, дефисті тире қылған тіпті сорақы екен.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 05:58


Мына шаралар дәл қазіргі жағдайда орынсыз екені өз алдына, осы постерді әзірлеген адамның сауаты күмәнді. Тире мен дефис туралы білмейтін адамдар "Нұр дегеніміз Сұлтан қаласы әкімдігінің "Номад" театры", "ММ Өнер деген білім орталығы" деп жазады. "Астаналық цирк" пен "Астаналық орталық саябағы" - кальканың төл баласы.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 05:58


Қате: "Өнер алды-қызыл тіл", "Көрші хақысы-құдай ақысы", "айтылған сөз-атылған оқ" және осындай жүздеген тіркес.
Несі қате: дефис-сызықша емес, сызықша - дефис емес.
Неге қате: бұл мысалдарда қате таза техникалық тұрғыдан, бос орын (пробел, саңылау) қоймаудан туған, бірақ соны қоюды "ұмытып кету" не "ай, қойшы соның не керегі бар" деген ұстанымның өзі сөйлемнің грамматикалық, стилистикалық дұрыстығына нұқсан келтіреді.
Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды.
Қалай тексереміз: дефис қос сөздерде ғана қолданылады. Сызықша (тире) - сөйлем мүшелері арасындағы байланысты көрсетеді. Ережесін мына жерден қарап алуға болады: https://emle.kz/faq/get/114
Менің жазып отырғаным - тек техникалық жағынан, смартфоннан не компьютерде мәтін тергенде мұқият болу жағы ғана. Егер сіз "алды-қызыл", "ақысы-құдай", "сөз-атылған" сынды қос сөздер жоқ екенін білмесеңіз - жөні басқа. Ал біліп тұрып, қос сөз қылып жазсаңыз - сауатсыздық.
Қалай істейміз: Word бағдарламасында пробел көмегімен дефисті тиреге айналдыратын функция бар. Ал смартфонда не әлеуметтік желілерде мәтін тергенде дефистің екі жағынан пробел қойып, оның тұрқы қысқа болғанына қарамастан сызықша функциясын дарытуға болады.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 05:50


Өзге жұртты былай қойғанда, әріптестерім арасында да "ой қойшы, тире не, дефис не, бәрібір емес пе, бәрібір түсінікті ғой" деген қате көзқарас бар.

Үлкен-үлкен редакторлар солай дегенде, жылап жібергенім бар.

Тире мен дефистің айырмасы жер мен көктей.

Бір-ақ мысалды алайық:

Анау-мынау - дефис тұрса қос сөз, бір мағына, не? деген бір сұраққа жауап береді.

Ал

Анау - мынау - тире тұрса, анау дегеніміз мынау, басқаша айтқанда "анау мынау болып табылады" деген мағына береді.

Бар ма екен айырмасы?

Тыныс белгілері әр тілде бар. Ағылшынша тыныс белгісінен қателеспеуге тырысамыз ғой, өз тілімізге де құрметіміз болсын.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 05:26


Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.

Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.

Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.

Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.

Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.

Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.

Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.

Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Nov, 05:20


⁉️ посажено поколением

Біз бүгін саясында жатқан талай талды (саялы болса, ол ендігі тал емес, үлкен ағаш қой) кеше кең ойлаған ұрпақ егіп кеткен еді.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Nov, 17:27


Неге? Неге? Осы сөздің дұрысын айтатын бір қазақ табылмағаны ма?

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Nov, 04:55


бірдеңеМЕН проблема бар

есть проблема С чем-то

"Көмектес септік" деген бөлек канал ашам ба, қайтем? 😄

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

17 Nov, 08:41


28 қарашада кинотеатрлардың бәрінде "Моана 2" анимациялық филмі шығады.

Бұл жолы Моана есейіп, сұлу бойжеткенге айналды. Есейген Моана алдында жаңа міндеттер пайда болып, ол қайтадан кемеге мінуге мәжбүр. Туған жерінен жырақтағы сапарында Моанаға баяғы достары - Мұхит, Мауи және Хей-хей жанында болмақ. Достардың сапары сәтті болар ма екен?

Қазақша дубляж жасалған!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

17 Nov, 06:02


potential / потенциальный деген сөзді бар жерде "әлеуетТІ" деп қолдана беруге болмайды.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

17 Nov, 05:16


⁉️ кишечная микрофлора

ішек микрофлорасы / ішектегі микрофлора

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

14 Nov, 19:37


қазақша контент жасау модада

⁉️ в моде

мода болып тұр

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

12 Nov, 17:20


қай желіге кірме

қай желіге кірсең де

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

12 Nov, 10:00


балалықта / балалығымда

⁉️ в детстве

бала кезімде

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

08 Nov, 16:45


Мишел Обаманың Becoming кітабы қазақша шықты. Steppe&World баспасының Kaspi-дегі дүкенінен, Меломан, басқа да кітап дүкендерінен алуға болады.

Барак Обаманың әйелі болған қандай екенін білем десеңіз))))

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

08 Nov, 15:30


тұтқынға түсіреді

адам тұтқынға түседі не оны біреулер тұтқынға алады

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 18:31


қолма-қол ақшамен алу

наличными

қолма-қол ақшалай

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 18:28


тауарлы несие

товарный кредит

тауар кредит/несие, тауар алатын несие/кредит

Тауарлы несие деген - тауары бар несие.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 18:00


"Аудармашинский прикол" айтып берейін бе? 😁

Бір мәтінде "Шыңғыс хан қолы (ұрпақтары ма еді, әйтеуір Шыңғыс ханның аты аталады) Шығыс және Орталық Еуропаға жорыққа аттанды" деген сарынды сөйлем болған. Соны беттегеннен кейін тексеріп отырсам, "Орталық Азияға" деп жазып жібергенімді байқадым.

Неге? деймін ғой.

Өз миым өзімді алдай салған 😁 Шыңғыс хан есімі Орталық Азиямен байланысты қабылданады әрі Еуропаға келгенде Орталық деген аса көп қолданылмайды ғой, Батыс/Шығыс дейміз. Соған миым өзі "шешім қабылдап" жіберген 😁

Сөйтіп масқара бола жаздадым ғой, несін айтасың 😜

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 16:49


сайлауға қатысу

участвовать в выборах

қазақшада кандидаттар сайлауға түседі

Ал сайлауға қатысатын - электорат.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 13:08


Қосылам десеңіз, жекеге жазыңыз 🙏🏻

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 13:01


Ақылы канал (чаты бар!) ашылғанын білмей қалмаңыздар🥳

Шарты:

Канал тура 100 күн жұмыс істемек, сіз тіпті кейін қосылсаңыз да - жүз күндік контент алдыңызда тұрады.
Қосылу құны - 10 000 теңге, яғни күндік ақысы - 100 теңге

Ол ақыға не ұсынамын?

Күнделікті бір талдау пост
Чат

Қосылам десеңіз, төменде QR кодтар қоямын, ақысын төлеп, түбіртек жолдасаңыз - сілтеме беремін.

Менің аккаунтым - @Nazgulinka

Бұл - менің контент сатудағы алғашқы талпынысым. Не шығарын көрейік 😀

Kaspi QR суретін pin жасап қойдым)))

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 13:00


Жабық каналдың жұмысын қайта бастаймын деп ұйғардым 🤞🤞🤞🤞

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 11:50


шоқ гүлімен күтіп тұр

ждет с букетом цветов

гүлін алып күтіп тұр / гүл ұстап күтіп тұр

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 09:28


келіннің көңіл-күйі жақсы болсын деп

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 09:26


Баланың мінез-құлқы анасының аяғы ауыр кезіндегі не тіпті бойына бала бітпей тұрған кездегі көңіл-күйі де әсер ететін.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 09:24


шымылдықпен қоршалатын

шымылдық тұтылатын

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 09:24


қызық айтайын ба. Байырғы қазақ ұғымында жұбайлардың төсегі демейтін, келіннің төсегі дейтін)). онда келіннен басқа кім жататыны маңызды емес 😂

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 09:22


Кімді болмасын өзіңнен артық жақсы көріп

кімді болса да / кім-кімді де

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 04:29


Жұмыскерлік атақ деген - адамның іскерлік (өндірістік мамандылық) беделдеріне қоғам пікірі бойынша дұрыс берілген баға.

1992 жылғы заңнан. Сол кезде-ақ оңбай тұрыппыз ғой...

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

05 Nov, 03:39


қай жасыңызда бірдеңе істедіңіз?

⁉️ в каком возрасте?

неше жасыңызда?

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

27 Oct, 07:54


Бұл дылық-тылықтың ең жаман сипаты - үсті-үстіне жалғай беруге болатынында 😂

Мығымдылықтылық десең де өтеді ше 🤣

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

27 Oct, 07:53


Мығымдылық 😭

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

26 Oct, 10:55


жұлдызды соғыстар

⁉️ Star Wars / звездные войны

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

26 Oct, 10:54


жұлдызды қонақ / жұлдызды жұп

⁉️ звездный гость / звездная пара

жұлдыз қонақ / жұлдыз жұп

Жұлдызды - бір жерінде жұлдызы бар деген сөз 😀

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 09:39


Республика күнімен, егемендік алған күнімізбен құттықтаймын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 09:39


Жоқ, әлі өлуге болмайды екен 😭

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 09:36


Ойдың өзгеруі деген осылай бола ма? Енді өле берсем де арманым жоқ 🫠

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 09:35


RESPUBLİKA KÜNİ QUTTI BOLSIN 🇰🇿

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 09:35


"Бір жасыңмен", "туған күнмен", "Жаңа жылмен" деп айту — НОРМАға айналып кеткен калька. Калька деп бастан аяқ бәріне қарсы бола берудің қажеті жоқ ☝️

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 09:15


Денеге салынған татуды да алып тастауға болады дейді ғой.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 09:14


Қазақстанды шетелге танытып жүрген артистердің, шетелде кітап шығарып, мақала жариялап жүрген зерттеуші ғалымдардың аты-жөнінде орыстың жұрнағы болмаса дейсің ғой...

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 06:40


бірдеңе істеу керек сияқтымыз

бірдеңе істеуіміз керек сияқты

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

25 Oct, 03:24


Республика күнімен!
Республика күні құтты болсын!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

24 Oct, 16:34


Этнографияны орысша жазып, қазақшаға аударсаң осылай болады да…

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

24 Oct, 14:22


Осы апта Қазақша дубляж екі фильм шықты. Олар "Жабайы робот" және "Веном". Керемет жаңалық. Бірақ бір гәп бар. Фильмдердің Алматыда сеансы өте қолайсыз. Фильмді түсте немесе таңертең көруге болады. Сеанстар саны аз. Мысалы Апорттағы Kinoplexx кинотеатрында Қазақша Веномның бар-жоғы екі сеансына Орысша 20 сеанс қойған. Ал "Жабайы роботтың" Қазақша сеансы жоқ.

Құрметті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Аида Балаева ханым, Республика күніне Республикамыздың мемлекеттік тілінде кино көре алсақ дұрыс болар еді. Мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

24 Oct, 13:54


қылмысты құнтсыздық

преступная небрежность

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

24 Oct, 04:18


Сіз Қазақстан Ресубликасының азаматы

болып табылмаудасыз

емессіз

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Oct, 14:15


https://www.youtube.com/watch?v=7-PGNlU9Hlw&t=3976s

Роза ханыммен қазақ тілі, қазақ әйелі және "тілмен жұмыс істейтін" әйел болу жөнінде әңгімелескенбіз.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Oct, 07:46


Марапат құтты болсын, шеф!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Oct, 07:45


Ертең тұсаукесер!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

23 Oct, 05:15


сақалы беліне түскен

белуарына түскен

Белге түсетін - шаш)))

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

22 Oct, 18:23


өзіме қалдырамын

оставлю себе

алып қаламын

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

22 Oct, 13:03


кірпішпен лақтырылды - Google
кірпішпен атқыланды – ChatGPT

Pelted with Bricks

🤣

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

22 Oct, 09:02


Өзім де оңбаймын ғой 😂

most newsworthy on a given day
дегенді
«әлдебір күнгі айтуға татыр нәрсе»
деп жазып қойып, "жұрт менің мәтінімді түсінбейді" деп жылап жүремін 🤣

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

21 Oct, 06:18


барлықтарыңызға сәлем

бәріңе / баршаңа/ баршаңызға сәлем

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Oct, 09:26


ЭВРИКА!
БұрыҢғы, түҢгі дейтіндер неге олай дейтінін ұқтым.

Олар ертеҢгі дегенге қарайды екен ғой 🫢

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Oct, 07:44


Ауа райы бұзылды
Погода испортилась
Күн бұзылды

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Oct, 07:42


Қандай ауа райы болса да "Капиталды" оқымас едім

Ни при какой погоде Я этих книг, конечно, не читал

"Погода - Ауа райы" жұбы тек гидрометеорологиялық болжамдарға ғана жарайды. Ауызекі не әдеби тілде қазақша "күн" деген сөз қолданылады.

Сегодня прекрасная погода
Бүгін ауа райы тамаша
Бүгін күн тамаша болып тұр


В такую погоду
Осындай ауа райында
Мынадай күні (иә))))

Нағыз қыдыратын ауа райы болып тұр - Нағыз қыдыратын күн болып тұр

Қазақ "күн" деген сөз қай жерде день, қай жерде ауа райы екенін жүйкесімен сезсе керек...

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Oct, 06:47


Орысшада "может" деп келетін сұраулы сөйлем қазақ тілінде "мүмкін" болып басталмайды, әрі қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемде етістік болуы керек.

Орысша білмесек, мынаны түсінбес едік.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Oct, 06:44


Әкімияттың үлкен департаменті мәтінін кім-көрінгенге аударта ма әлде мынаны филфак/журфак бітірген маман жазды ма?

Қайсысы болса да, окинишке орай боп тұр…

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

20 Oct, 06:06


Сатушы орамалда екен

Хиджабтың қазақ тіліне тигізген зияны дейміз бе?

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

19 Oct, 16:49


Біз Kaspi, Ozon және Wildberries маркетплейстерінде!

Мы на маркетплейсах Kaspi, Ozon и Wildberries!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

19 Oct, 16:48


қазақшаға сәл-сәл ұқсайтын "қазақша"...

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

19 Oct, 16:47


Біз сапаға бағытталғанбыз! 🌟
Біздің компаниямыз сіздерге тек ең үздік тауарлар мен қызметтерді ұсынуға тырысады! Сіздің қанағаттануыңыз — біздің басты мақсатымыз!
Әрбір пікір, әрбір ұсыныс бізге жақсарып, дамуға көмектеседі. Біз әр клиентті бағалаймыз және әр кезеңде — кітаптар таңдаудан бастап, жеткізуге дейін — жоғары сапаны қамтамасыз етеміз!
Сіздермен, біздің сатып алушыларымызбен, бірге білім мен шабыт әлемін құрастырамыз!
Сеніміңіз бен қолдауыңыз үшін рахмет!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Oct, 16:44


Этнографияны орысшадан қазақшаға аударғанда осындай болады 😀

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Oct, 16:43


⁉️ придумывает уменьшительно-ласкательные имена

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Oct, 16:42


тез бейімделу үшін

тез бейімделіп / үйренісіп кетсін деп

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Oct, 05:53


Мына жерде дауыс беруге болады дейді. Монетизацияға ықпал етеді дейді. Механизмін толық түсініп болғам жоқ. Көрейікші, тиын-тебен түсер ме екен 😀

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

18 Oct, 05:07


жүйелік ақтаңдақ

системные пробелы

жүйе ақаулары

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

17 Oct, 10:38


Он төрт мың болғанымызбен

Он төрт мыңға жеткеніміз құтты болсын!
Қатарымыз көбейе берсін!

Әр оқырман менің жалғызым 😍

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

17 Oct, 05:18


отбасылық жұп

⁉️ семейная пара

ерлі-зайыпты

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

14 Oct, 06:40


Оқитын ұлтқа айналу үшін - оқитын отбасыға айналу керек

Орысша "читающий" ғой. Тек...

Қазақ тілінде "оқу" деген бірнеше мағына қолданылатын сөз және өзі тұрғанда - "білім алу" мағындасында айтылатын "оқу" (учиться) болады.

Ал мына сөйлемде "ввиду иметься етіліп" тұрған контексті толық жеткізу үшін алдына "кітап" сөзін қою керек.

Кітап оқитын ұлтқа айналу үшін - кітап оқитын отбасыға айналу керек.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

14 Oct, 04:25


Егер сізді бірдеңе қуантып, бірдеңе қорқытып, бірдеңе шабыттандырып, ойландырып, жағаңызды ұстатып, тағы басқа нәрсе істетіп жүрсе, оның бәрі орысша екенін де біле жүріңіз.

Қазақшада адам өзі бірдеңеге қуанып, бірдеңеден қорқып, бірдеңеден шабыттанып, ойланып, бірдеңені көріп/естіп жағасын ұстап, жалпы бәрін өзі істеп жүреді.

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

13 Oct, 20:54


Салықтық әкімшілендіру 🤣

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

13 Oct, 18:00


Солидарная пенсия деген - "ынтымақты зейнетақы" екен.

Ынтымақты деген - ынтымағы бар деген сөз, ол әлдебір отбасы, ұжым, ауыл, ел, қоғамның сипаты болса керек еді...

"Ынтымақты ел" дегендей. Зейнетақының ынтымағын кім көрген...

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

13 Oct, 17:56


1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірленген кемінде 6 ай еңбек өтілі бар азаматтарға төленеді.

Осы жердегі "әзірленген" деген сөзге мән берсеңіздер...

Орысшасында - выработанного...

Зейнетақы туралы ақпарат білгісі келген адам орысшасын оқымаса түсінбейді ғой...