💚 Алланың махаббаты шексіз.
Алла Тағаланың құлдарына деген махаббаты – ананың баласына деген махаббатынан бірнеше есе көп дегенді естігенде аса бір әсерленбеуші едім.
Бөпелі болғалы бері Алла Тағаланың бізді қалай жақсы көретінін елестете алмайтынымызға көзім жетті. Шегі жоқ махаббат екен ғой.
💚 Әйелдің бақыты – отбасы.
Ана бақытын, әйел бақытын босқа тілемейді екен. Айналып келгенде жанашыр жолдас ретінде жан жарыңа ешкім жетпейді. Ал пәк сәбиге ана болу бақытын ешқандай байлыққа айырбастай алмайсың.
💚 Бала мейірімді арттырады.
Балажан емес едім. Бөпелі болғалы балажан боп кеттім. Осынша үлкен махаббатты сезіне алатыныма таңғалдым. Алла Тағаланың адам баласын қадірлі жаратқанына тағы бір дәлел: айналасына махаббат пен мейірімді арттырып қояды екен.
💚 Алла – шексіз Ризықтандырушы.
Бөпетайдың “тамағын” анасының омырауына салып, сәбиге тәп-тәтті етіп, әрі ағзасына сай етіп қоюы.. Емген сайын, сүтінің шыға беруі. “Алланың Ұлылығын-ай” дерсіз!
✨ Алла Тағала барша қалап жүрген жандарға бөпелі болу бақытын берсін! Балапандар аман болсын! Ата-анасымен бірге өсе берсін! ✨