Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен✨ @jamilqalbim Channel on Telegram

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

@jamilqalbim


Рабби зидни илмән

Рабби зидни илмән (Kazakh)

Сізге мейірім жасаған, асыл діни қамқорлықпен толтырылған Аллаға үйрету мен Оны көруді жақсы көруге ынталандыруға көмектесу мақсатында құрылған 'Рабби зидни илмән' атты телеграм көмекшіктіге қош келдіңіз! 'Рабби зидни илмән' каналында діни білім арттырғыштар, тілек қазақтар, дүниежүзге негізделген Мұсағат айтылатын аудармалар, жақында әрі жаңа кемпірлер мен сабақтар туралы мағлұматтар табысыз. Жаман күнде қамқорлықтан сақталыңыз және 'Рабби зидни илмән' каналындағы білімнен пайдаланыңыз!

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Feb, 08:28


https://youtu.be/v15SIm91NRg?si=RWL9cmVVZlnoYZ1Y

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Feb, 08:27


Аллаһым, мен шүкір еттім деп ойлаппын, бірақ Сен шүкір етуімді қалапсың.

Аллаһым, мен тәубе еттім деп ойлаппын, бірақ Сен тәубе етуімді қалапсың.

Аллаһым, мен “Раббым, Раббым” дедім деп ойлаппын, бірақ Сен “құлым, құлым” деп назарыңды салыпсың.

Аллаһым, мен Сені еске алып жатырмын деп ойлаппын, расында Сен мені еске алыпсың…

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

10 Feb, 06:12


Кім 3 күн қатарынан Құран оқи алмаған болса (әрдеңені сылтауратып), *онда ол не харамға қарады, не өтірік айтты не жаман, бос нәрселер сөйледі*.

Яғни, адам күнәсінің себебінен Құран оқи алмай қалады.

Хазреті Осман (р.а) не деп еді?
“Жүректерің таза болғанда еді, Құран оқуға тоймас едіңдер”

Міне, жүрек тазалығыңды өлшеуге арналған таразы. Бұл өзі қызық нәрсе: Құран оқыған сайын жүрек тазара береді, әрине бұл жүректі тазартудың көп жолдан негізгі жолдарының бірі. Жүрегің тазарған сайын Құранға тоймай оқи бересің.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

06 Feb, 12:52


Консультациядан

•егер дұға етіп тұрып,ар жағында сенім болмаса оның қабыл болуы қиындайды

•бір дұға сұрағанда сенбей тұрсаң,қабыл болған дұғаларды еске түсіру

•таңғы кешкі зікір қалдырмау
Мағынасына мән беріп,оқу.Қаншалықты тұрақты болсаңыз,Алла сізді өзі бағыттайды

•Жамандық та жақсылық та оның қалауымен.Аллаға шын көңілден иман етсе,Алла тағала оның жүрегін бұрып қояды.Ситуацияның артындағы Алланы көру

•Шүкіршілікті арттыру.Алла берген нығметтерді үнемі ойлап,жазып жүру

•Нені көп ойлайсыз,нені көп айтасыз-Алла соны өміріңізде арттырады
Аллахтың мейірімін,даналығын көре беретін болсаңыз Алла мейірім есігін ашады

•Адам өзін кінәлайды,өкінеді-өзін көрсе.Алла жасатқызды,Алла болдырды деп қабылдау

Дұға:
اللهم اهدني وكن دليلي ومرشدي
Allāhumma ihdinī wa kun dalīlī wa murshidī
Аллахым мені өзің бағыттап,жетектеші

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

06 Feb, 02:53


وَٱلَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِٱلْكِتَٰبِ وَأَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ ٱلْمُصْلِحِينَ

уәлләǯиинә иумәссикуунә билкитәәби уә әқаамус саләәтә иннәә ләә нудииъу әжрал муслихиин

Кітапты берік ұстанатын, сондай-ақ намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитындарға келсек, шүбәсіз, Біз һәм өздерін, һәм қоғамды түзету ісіне жан-тәнімен берілген ізгі жандардың сауабын әсте зая етпейміз.

(«Ағраф» сүресі 7:170)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

29 Jan, 03:58


@youtubabot

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Jan, 04:29


Егер жұмыс/қандай да бір іс Алланың бұйрықтарын орындауға кедергі келтірсе немесе харам әрекеттерге себеп болса, сол жұмыстан бас тарту – тақуалықтың белгісі.

Алла Тағала Өзіне жақындаған пендесіне қиындықтан шығатын жолды міндетті түрде көрсетеді. Алланың разылығын іздеп, тәуекел етіңіз!

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Jan, 04:28


Алладан қорқып,харамнан бас тартсаңыз⬇️

Кім Алладан қорықса, Алла оған шығу жолын көрсетеді және күтпеген жерден ризық береді.
(“Талақ” сүресі, 65:2-3)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Jan, 04:25


Иә, Алла Тағала адамды нығмет арқылы да сынайды. Бұл Құран мен хадистерде айқын көрсетілген. Алланың сынағы тек қиындық немесе ауыртпалық түрінде ғана емес, байлық, денсаулық, бедел, сұлулық, білім сияқты нығметтер арқылы да келуі мүмкін.

Құранда нығметпен сынау туралы:
1. “Анғам” сүресі 6:165
”…Сендерге берген нәрселер арқылы сендерді сынау үшін кейбіреулеріңді дәрежелерде өзгелеріңнен жоғары қойдық. Шын мәнінде, Раббың жазалауда тез, бірақ күмәнсіз Ол өте кешірімді, ерекше мейірімді.”
Бұл жерде Алла адамдарға түрлі нығметтер беріп, сол нығметтер арқылы әркімнің шүкіршілік ететінін немесе керісінше Алланы ұмытатынын сынайтыны айтылады.
2. “Фажр” сүресі 89:15-16
“Ал, адам баласын Раббы сынап, оған құрмет көрсетіп, нығметке бөлесе, ол: ‘Раббым маған құрмет көрсетті’ дейді. Ал егер оны сынап, ризық-несібесін кемітсе, ол: ‘Раббым мені қорлады’ дейді.”
Адам нығметті Алланың құрметі деп қабылдайды, ал сынақты қиындық ретінде көреді. Бірақ шын мәнінде, екеуі де сынақ.

Хадистерде нығмет арқылы сынақ:

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) айтқан:

“Адамның екі нығметі бар, бірақ көпшілік сол нығметті қадірлей алмайды: денсаулық пен бос уақыт.”
(Бухари риуаяты)

Бұл нығметтер сынақтың бір түрі болып табылады. Денсаулық пен бос уақытты қайда жұмсағанымыз үшін жауап береміз.

Нығметпен сынақтың түрлері:
1. Шүкіршілік – Алла берген нығметке шүкір ете аламыз ба? Біз өзіміздің байлығымызды, білімімізді, денсаулығымызды тек жақсылыққа жұмсай аламыз ба?
2. Тәкаппарлық немесе қарапайымдылық – Нығметке мастанып, тәкаппар боламыз ба, әлде қарапайым қалыпта қаламыз ба?
3. Аллаға тәуелділік – Нығметті тек өз еңбегіміздің нәтижесі деп санап, Алланы ұмытамыз ба, әлде оны Алланың сыйы деп қабылдаймыз ба?

Ғибрат:
• Нығмет те сынақ екенін ұмытпау керек. Байлық, денсаулық, уақыт, білім, отбасы – барлығы Алланың аманаты, біз ол үшін жауап береміз.
• Шүкіршілік ету арқылы нығметтің берекесін арттырамыз, ал шүкірсіздік оның жойылуына әкелуі мүмкін. Құранда айтылған:
“Егер шүкір етсеңдер, нығметтерімді арттырамын. Ал егер күпірлік етсеңдер, азабым қатты болады.” (“Ибраһим” сүресі, 14:7)
• Нығметті жақсылыққа, игілікке жұмсау – ең үлкен табыс.

Сондықтан, нығмет келген кезде біз оны Алланың сынағы ретінде қабылдап, дұрыс қолдануға тырысуымыз керек.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Jan, 04:25


Нығмет сынақ болып беріле ме?⬇️

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Jan, 04:22


Бұл аятта Алла Тағала адам баласына ерекше бір маңызды тәлім береді. Ол бізге екі түрлі “киім” сыйлағанын айтады:

1. Физикалық киім - Бұл біздің тәнімізді жалаңаштықтан қорғап, абыройымызды жабуға және өзімізді әдемі әрі жарасымды етіп көрсетуге арналған. Физикалық киім адам баласының материалдық қажеттілігін қамтамасыз етеді және оны қоршаған ортаға лайықты етеді.
2. Тақуалық киімі - Бұл рухани киім, яғни Алладан қорқу, Оның бұйрықтарын орындау және күнәлардан сақтану арқылы рухани тазалықты сақтау. Бұл киім адамның ішкі әлемін, жүрегі мен жанын қорғап, Алланың разылығына жеткізеді. Тақуалық киім – адамның рухани абыройын сақтайтын, ең қайырлы киім.

Аяттың негізгі мәні – сыртқы көрініске ғана емес, ішкі рухани тазалық пен тақуалыққа көбірек мән беру. Себебі, адамның сыртқы киімі уақытша болса, рухани киімі мәңгілік.

Ғибрат:
• Физикалық киім абырой мен тәнді қорғау үшін қажет болса, тақуалық киім рухани абырой мен Алла алдындағы дәрежені арттыру үшін маңызды.
• Адам баласы сыртқы әсемдігімен ғана емес, ішкі тазалығымен және тақуалығымен құнды.
• Бұл аят бізге Алланың аяттары мен нығметтері туралы ойлану керектігін ескертеді. Ойлану арқылы адам Алланың ұлы хикметін түсініп, тура жол таба алады.

Бұл аят адамдарды өзінің ішкі және сыртқы тазалығына көңіл бөлуге, Алланың берген нығметтерін түсініп, шүкіршілік етуге шақырады.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Jan, 04:22


يَٰبَنِىٓ ءَادَمَ قَدْ أَنزَلْنَا عَلَيْكُمْ لِبَاسًا يُوَٰرِى سَوْءَٰتِكُمْ وَرِيشًا ۖ وَلِبَاسُ ٱلتَّقْوَىٰ ذَٰلِكَ خَيْرٌ ۚ ذَٰلِكَ مِنْ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ

Уа, Адамның үрім-бұтағы! Сендерге әбиірлеріңді жабатын лыпа һәм кигенде өздеріңді көрікті ететін киім түсірдік. Алайда біле білсеңдер, ең қайырлы киім – тақуалық киімі (кәдімгі киім әбиірлерің мен тәндеріңді қалай жапса, тақуалық киімі сендердің рухани әбиірлеріңді солай жауып, Алла алдындағы дәрежелеріңді арттырады). Міне, мұның бәрі – Алланың (ақиқатты көрсететін) айқын дәлелдері һәм уахи еткен аяттары. Оларды адамдар ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп түсірді.

(«Ағраф» сүресі 7:26)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

19 Jan, 13:15


Если хотите изменить свою жизнь в 2025 году, начните с привычек.

Как говорится в Кайдзен-философии, ничто так кардинально не меняет жизнь, как ежедневные маленькие изменения.

Хочу поделиться 6 привычками, которые сделают ваш год лучшим.

1. Кайдзен-час
Если бы мне пришлось оставить единственную привычку в своей жизни, я бы оставил именно эту.

Каждое утро я выделяю час на анализ прошедшего дня и размышления о своей эффективности. В процессе я задаю себе ключевые вопросы:
Что мне нужно улучшить или подправить?
Как мне тратить меньше времени или энергии?
Что мне нужно автоматизировать или делегировать?
Чем стоит перестать заниматься?

2. Ежедневный пересмотр своих планов и целей.
Я использую метод динамического планирования. То есть, могу менять свои цели, задачи, сроки и дедлайны по необходимости.

Ведь бывает, что цель перестает вдохновлять, и двигаться к ней становится трудно. В такие моменты я смело отказываюсь от нее и от всего, что теряет для меня смысл.

Чтобы оставаться гибким, я каждый день провожу ревизию своих планов и целей.

3. Правильное питание и отказ от вредного.
Не стремитесь быстро худеть, просто начните менять свои привычки питания.
Если за год вы избавитесь хотя бы от двух вредных привычек, вы увидите большие изменения — как внешние, так и внутренние.

4. Физическая активность.
Я не говорю об интенсивных тренировках. Это может быть любая активность: ходьба, легкий бег, планка и другие упражнения. Главное — регулярность.

5. Здоровый сон.
Я сплю 8 часов: ложусь в 22:00 и встаю в 6:00.
Если вы просыпаетесь поздно, не переходите к этому режиму сразу. Вставайте на полчаса раньше каждую неделю, так вы постепенно дойдете до 6:00, а к 22:00 глаза будут закрываться сами.

6. Ежедневная вечерняя рефлексия.
Каждый вечер я выделяю 15 минут на подведение итогов, называю это «закрывашкой дня».

В это время я задаю себе вопросы:
Что сегодня забирало у меня энергию?
Что давало мне энергию?
• Что было неэффективным?
О чем стоит подумать?
Что стоит исправить?

А дальше откладываю их решение до утреннего кайдзен-часа.

Ставьте «🔥», если было полезно.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

18 Jan, 08:49


В конце концов ,это ваша жизнь и ваша история,верно?

Иди туда где страшно

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

17 Jan, 16:22


Ассаламу алейкум🤍

Соңғы рет тыңдап, қатты ұнаған,ерекше әсер сыйлаған подкастпен бөлісе кетіңізші💗

Бір бірімізге пайдалы болайық☀️⬇️

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

14 Jan, 12:31


Ой мынау менікі емес,көріп қалып жіберіп жатқам ғой🙈☺️

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

14 Jan, 10:00


Тахаджут сабағына қатысушылар бірінші күннен уже жақсы нәтиже көрсетіп жатып 😍Альхамдулиллях!!!

Тахаджутты тұрақты және жеңіл оқуға көмектесетін үйрететін сабақтың записы (2ші күннің сабағы) Осы сабақпен сіздермен тегін бөлісуге ниет еттім.

Матафонға әлі де тіркелуге болады 40 күндік сабақ және марафон.
Қатысу үшін жекеме жазыңыз.
Күнделікті 15 -30 минуттық сабақтар болады

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

10 Jan, 11:28


В этом мире за все хорошее нужно бороться

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

10 Jan, 10:45


Бүгін жұмаға қараған түні түс көріппін

Түсімде үлкен аппақ бөлмеде,өте көп орамалды арулар отыр екен

Бір кезде:
Жиынымызды салауаттан бастаймыз деді
Ары қарайғысы есімде жоқ

Бүгін жұма,салауатымызды тоқтатпайық

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

09 Jan, 06:42


Миғраж түнінде мен мыс тырнақтары бар адамдарды көрдім. Олар өздерінің беттері мен кеуделерін тырнап жатыр екен. Мен олар туралы сұрағанымда, маған: ‘Бұл адамдар – өзге адамдардың етін (ғайбат сөздер арқылы) жегендер және олардың абыройын түсіргендер,’ – деп айтылды.”
(Әбу Дауд, 4878)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

09 Jan, 06:42


Уатсап чатқа обойға қойсаңыздар болады

Адамдарды ғайбаттау – бұл адамда болып қалуы мүмкін әлсіздік, бірақ оны тоқтату арқылы сіз рухани тұрғыдан да, қарым-қатынас тұрғысынан да өсе аласыз.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

09 Jan, 04:26


https://youtu.be/O_rq-ZoNRlI?si=L639QRLE_5tIx04R

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

09 Jan, 04:21


وَهُوَ ٱلَّذِى جَعَلَكُمْ خَلَٰٓئِفَ ٱلْأَرْضِ وَرَفَعَ بَعْضَكُمْ فَوْقَ بَعْضٍ دَرَجَٰتٍ لِّيَبْلُوَكُمْ فِى مَآ ءَاتَىٰكُمْ ۗ إِنَّ رَبَّكَ سَرِيعُ ٱلْعِقَابِ وَإِنَّهُۥ لَغَفُورٌ رَّحِيمٌۢ

және сендерді берген нығметтері арқылы сынау үшін (байлық, мансап, күш-қуат, ақыл-ой тұрғысынан) біріңді біріңнен түрлі дәрежеде үстем етті. Шүбәсіз, Раббың (уақыты келгенде) өте жылдам жазалаушы, сондай-ақ Ол – Ғафур (тәубеге келгендер үшін өте кешірімді), Рахим (әсіресе тәубе етіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді)!

(«Әнғам» сүресі 6:165)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

08 Jan, 06:14


Әдеп сабағынан

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

06 Jan, 11:16


Неге кей амалдарды жасау қиын (тахаджуд,Құран,ораза т.б)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

06 Jan, 09:47


Көңілі құлазығанға серік, еңсесі түскенге дем бол! Адасқанға жол сілтер, өзін жоғалтқанға өзін табуға көмектес. Ештеңе істей алмасаң да жай ғана ол сезінген нәрсені сезіне алатыныңды көрсет.

Бір нәрсе істеу үшін супермендік керек емес, жай ғана адамдығыңды көрсет.

📘”КОМПАС” кітабынан үзінді, Аслан Орақбаев

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

06 Jan, 06:21


Қандай әдемі дұға:

“Аллаһумма таххир қалби минән-нифақ, уа амалий минәр-рийа, уа лисаний минәл-кәзиб, уа айнәййә минәл-хияна, фа иннака тәғләму хаинатәл-а‘йуни уә мә тұхфис-судуур”.

(О, Алла, жүрегімді екіжүзділіктен тазала, амалдарымды риядан тазала, тілімді өтіріктен, көзімді сатқындықтан тазала. Сен, расында, көздердің сатқындығын да, жүректердің жасырғанын да білесің

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

05 Jan, 04:05


Кім Раббысынан алыстаса, сол адамдарға жақындайды..

Алладан алыстап, адамдарға жақын болып, солардың нәпсі құлына айналып, разылығына ұмтыла бастайды, көбірек сөйлесіп, өзіне қатысы жоқ нәрселерге араласа бастайды (өзіне қатысты секілді әңгіме айтады) Бос күлкі, ойын-сауығы, ыржың-тыржыңы көбейеді.

Бұл нәпсінің ең үлкен дерті..💔

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

03 Jan, 03:42


وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِىٍّ عَدُوًّا شَيَٰطِينَ ٱلْإِنسِ وَٱلْجِنِّ يُوحِى بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ زُخْرُفَ ٱلْقَوْلِ غُرُورًا ۚ وَلَوْ شَآءَ رَبُّكَ مَا فَعَلُوهُ ۖ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ

уә кәǯәәликә жәъалнәә ликулли нәбййин ъадууән шәйәәтиинәл инси уәл-жинни иуухии бәъдуһум иләә бәъдин зуẋруфәл қаули ғуруураа, уә ләу шәәʻә раббукә мәә фәъалууһ, фәǯәрһум уә мәә иәфтәруун

Міне, осылайша әр пайғамбарға адам мен жынның шайтандарын дұшпан етіп қарсы қойдық. Бұлар алдап, азғыру үшін бір-біріне (құлаққа майдай жағатын) бояма сөздерді сыбырлайды. Егер Раббың (олардың ондай істерге баруына жол бермеуді) қаласа, олар олай істей алмас еді. Ендеше, оларды өз ойларынан шығарған жала-өтіріктерімен қоса қоя бер, білгендерін істей тұрсын.

(«Әнғам» сүресі 6:112)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

01 Jan, 17:49


Канал туралы алып қосар ойларыңыз болса,аноним хат қалдыра аласыздар🤍

t.me/anonaskbot?start=q89cxs1d3hn7b

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

31 Dec, 06:30


فَلَوْلَآ إِذْ جَآءَهُم بَأْسُنَا تَضَرَّعُوا۟ وَلَٰكِن قَسَتْ قُلُوبُهُمْ وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

фәләу ләә иǯ жәәʻәһум бә˚сунәә тәдарраъуу уә ләәкин қасәт қулуубуһум уә зәййәнә ләһумуш шәйтаану мәә кәәнуу иәъмәлуун

Олар ең болмаса, азабымызға душар болғанда жалынып-жалбарынса ғой. Бірақ олардың жүрегі тас болып қатып қалған һәм шайтан оларға істеп жүрген күнәларын «безендіріп» өздеріне сондай жағымды, сондай керемет іс етіп көрсетті.

(«Әнғам» сүресі 6:43)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

31 Dec, 06:12


وَإِن يَمْسَسْكَ ٱللَّهُ بِضُرٍّ فَلَا كَاشِفَ لَهُۥٓ إِلَّا هُوَ ۖ وَإِن يَمْسَسْكَ بِخَيْرٍ فَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ قَدِيرٌ

уә ий-йәмсәскаллааһу бидуррин фәләә кәәшифә ләһу илләә һууә, уә ий-йәмсәскә биẋайрин фәһууә ъаләә кулли шәйин қадиир

Егер Алла сені қандай да бір қиындыққа душар етіп, саған зиян тигізсе, сені одан Алладан өзге ешкім де құтқара алмайды. Ал егер сені жақсылыққа бөлеп, саған қандай да бір пайда келтірсе, шүбәсіз, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

(«Әнғам» сүресі 6:17)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

30 Dec, 18:59


✉️reminder

Кейде instagram stories-тарда біреуге есеп беріп жатқандаймыз. Не істедің, не жедің, кіммен болдың, қандай күйде болдың, бәрі біреуге маңызды сияқты. Бірақ өзімізге және Құдайға сондай дәрежеде есеп беріп жүрміз бе? Әлде бәрі көрсету һәм көріну үшін бе?

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

29 Dec, 06:47


Қайырлы күн

Осы парақшаны 1 күнін жүргізетін 2-3 қыз керек🤍

Күнделікті жауапкершілікпен 5 минутыңызды ғана арнап,мыңдаған сауапқа кенелгіңіз келсе ⬇️жаза қойыңыз🤍

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

13 Dec, 05:18


Жұма күні таңертең оқылатын дұға:

اَسْتَغْفِرُ اللهَ الَّذِى لاَ اِلَهَ اِلاَّ هُوَ الْحَىُّ
الْقَيُّومُ وَاَتُوبُ اِلَيْهِ

Оқылуы: «Астағфируллаһәлләзи лә иләһә иллә һуәл хайюл қайиуму уә әтубу иләйһи»

Мағынасы: «Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған, әрдайым тірі, әр нәрсені толық басқарып тұрушы Аллаһтан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін»

3 рет оқимыз

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

06 Dec, 09:25


https://youtu.be/vfpqeTj8L7Y?si=loksAjQnJTxjWNaj

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

02 Dec, 19:04


Иә Раббым неге мен осындай болдым деп сұрай алмаймын

Себебі мен сенің емес адамдардың жақсы көруін,сенің емес адамдардың назар салуын,сенің емес адамдардың қолдауын күтіп кеткенімді мойындаймын

Сол арқылы адамдардан алшақтатып жатқаныңды түсінемін

Шындығында сен Хикмет иесісің…

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

02 Dec, 12:46


Соңғы Алланың хикметтері
1 есіктің жабылып 100 есіктің ашылуы туралы

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

30 Nov, 09:44


Тәубе күйінде жүріңіз

Әр минут тәубе етіп отырсаңыз,Алланың қорғауында боласыз

Құранда:Олар тәубе еткенде ғой,төбелерінен нөсерлетіп нұр жаудырар едім”-демей ме

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

30 Nov, 08:53


Таңғы 10 минут

Соңғы кездері дұға ете алмай жүргенімді байқадым
Солай осылай кесте жасадым
Сіздерге де пайдалы болар

Таймер қойып күніне 15 минут

Зікір-1 минут
Мақсаттарымды сұрау-5 минут
Адамдар туралы(біреуден бірдеңе күтсем,ренжісем ,немесе дұға еткім келсе, )-3 минут
Кешірім -3 минут
(Мойындау әлсіз екенімді,кешірім сұрау)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

28 Nov, 15:00


Исми ағзам дұғасы

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

28 Nov, 14:52


1 Аптаға Арналған Жоспар: Күн Сайынғы Ізгі Істер

Бұл жоспар нақты істерден тұрады, және оларды күн сайын орындауға болады. Әр күнге 2-3 нақты іс берілген, сондықтан өзіңізге ыңғайлысын таңдап алыңыз.


1-КҮН: ДҰҒА ЖАСАП, ЖҮРЕКТІ ТАЗАЛАУ

Тәубе ету:
• Таң намазынан кейін шын жүректен тәубе етіңіз.
“Астағфируллаха уә әтубу иләйһ” дұғасын 100 рет айтыңыз.
Алладан жол көрсетуін сұраңыз:
• Тізім жасаңыз: қандай күнәлардан арылғыңыз келеді, қандай жақсылықтарды енгізгіңіз келеді?
Садақа:
• Мұқтаж адамға садақа беріңіз (ақша, тамақ, су, т.б.).


2-КҮН: ҚҰРАН ОҚУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Құран оқу немесе тыңдау:
• “Фатиха” мен “Ясин” сүресін оқып, мағынасын түсініңіз.
Біреудің көңілін көтеріңіз:
• Жақыныңызға жылы сөз айтып, көңілін көтеріңіз.
• Танымайтын адамға комплимент жасаңыз немесе біреудің жүгіне көмектесіңіз.
Шүкіршілік:
• Күніңізден үш жақсы нәрсе тауып, Аллаға алғыс айтыңыз.


3-КҮН: РУХАНИ БАЙЛЫҚ ПЕН ОРТАНЫ ТАЗАЛАУ

Тазалық:
• Үйіңіздегі бір жерді тазалаңыз немесе көшеде қоқысты жинаңыз.
• Киімдеріңізді, кітаптарыңызды ретке келтіріңіз.
Зикр:
• 100 рет “Субханаллаһ,” 100 рет “Әлхамдулиллаһ,” 100 рет “Аллаһу әкбар” айтыңыз.
Көмек:
• Біреуге нақты көмек көрсетіңіз: үлкен кісіні жолдан өткізу, дүкеннен зат әкеліп беру, т.б.


4-КҮН: ТҰРАҚТЫ НӘРСЕГЕ ҚАДАМ

Дұға:
• Таң намазынан кейін тыныштықта 5 минут Алланың ұлылығын ойлаңыз.
Білім алу:
• Ислам тақырыбында қысқа видео немесе мақала оқыңыз (мысалы, “Тәубе” немесе “Алланың есімдері”).
Садақа:
• Біреуге ақша беріп қана қоймай, оны жылы сөзбен қолдаңыз.


5-КҮН: КҮНӘЛАРДАН АРЫЛУ КҮНІ

Тәубе:
• Алладан өзіңізді мазалап жүрген күнәлардан арылуға жәрдем сұраңыз.
• Шынайы ниетпен қайта қайталамауға тырысыңыз.
Құран:
• Құраннан қысқа сүре жаттаңыз (мысалы, “Ихлас,” “Фәләқ”).
Кешірім:
• Бұрын ренжіткен немесе ренжіскен адамнан кешірім сұраңыз.


6-КҮН: ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДОСТАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Жақсы қарым-қатынас:
• Жақындарыңыздың жағдайын сұраңыз, біреуге жылы сөз айтыңыз.
• Отбасыңызға күтпеген қуаныш сыйлаңыз (мысалы, дәмді тамақ дайындаңыз немесе сыйлық беріңіз).
Жақсылық тарату:
• Бір досты немесе туысты жақсы әңгімеге шақырыңыз.


7-КҮН: ТЕК АЛЛАҒА АРНАУ

Намаз:
• Бес уақыт намазды қаза қылмай оқыңыз.
Түнгі намаз (таһажуд):
• Түнде тұрып, 2 ракағат намаз оқыңыз және шын жүректен дұға жасаңыз.
Құран тыңдау:
• Бүкіл күнді Алланың сөзін тыңдауға арнаңыз.


Қорытынды Кеңестер:

1. Әр істі шын ниетпен орындауға тырысыңыз.
2. Ізгі істерден ләззат алуды үйреніңіз.
3. Күніңізден кейін өз ісіңізді бағалап, Аллаға шүкір етіңіз.

Ең бастысы: Тұрақтылықты сақтаңыз. Алла сіздің әрбір ниетіңіз бен қадамыңызды қабыл етеді.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

28 Nov, 14:48


Жүректің рухани тазалығын тест арқылы анықтау нақты нәтиже бермесе де, өзіңізді түсініп, ішкі жан дүниеңізді зерттеуге көмектеседі. Төмендегі сұрақтарға шынайы жауап беріп, жүрегіңіздің қазіргі күйін сезінуге тырысыңыз.

Тест: Жүрегіңіздің рухани күйі

1. Күнделікті ойларыңыз қандай?
a) Жиі ізгілік пен жақсылық жасауды ойлаймын.
b) Кейде жақсы, кейде өзімнің мәселелерімді ғана ойлаймын.
c) Өзімнің қалауларым мен пайдама көбірек назар аударамын.


2. Біреуге көмек көрсетуге мүмкіндік болса, сіз:
a) Қолымнан келгенше көмектесемін, тіпті елеусіз нәрсе болса да.
b) Көмектесуге тырысамын, бірақ кейде жалқауланып немесе бос уақытымды ойлаймын.
c) Өз мәселелерім басымырақ болғандықтан, басқаларға көмектесе алмаймын.


3. Құран тыңдағанда немесе оқығанда жүрегіңіз:
a) Тыныштанып, жеңілдеп, терең ойға батамын.
b) Кейде әсер етсе де, үнемі сезінбеймін.
c) Құран оқуға аса назар аудармаймын немесе тыңдағанымда көп ойланбаймын.


4. Күнәлар жасағанда өзіңізді қалай сезінесіз?
a) Өте өкініп, Алладан кешірім сұрауға тырысамын.
b) Өкінемін, бірақ сол күнәні қайтадан қайталап қоямын.
c) Бұл менің әдетіме айналғандықтан, өзімді жиі кінәламаймын.


5. Сіздің уақытыңыз көбінесе неге жұмсалады?
a) Аллаға жақындау және ізгі істер жасауға.
b) Жұмыс, оқу және кейде бос уақытты өткізуге.
c) Көңіл көтеруге, материалдық қажеттіліктерге.


6. Басқалармен қарым-қатынасыңыз қандай?
a) Мейірімділікпен, түсіністікпен қарауға тырысамын.
b) Кейде мейірімдімін, бірақ кейде ашуымды ұстай алмаймын.
c) Өзімді басқалардан жоғары қоюға бейіммін.


7. Алланы еске алу (зикр, дұға) сіздің күнделікті өміріңізде қаншалықты орын алады?
a) Күнделікті есіме алып, дұға жасап тұрамын.
b) Кейде дұға жасаймын, бірақ тұрақты емес.
c) Өте сирек немесе тек қиын жағдайда дұға жасаймын.


Нәтижелерді бағалау:

Көп “a” жауаптары:
Жүрегіңіз ізгілікке және рухани тазалыққа жақын. Аллаға жақындауға деген талпынысыңыз бар және сіз дұрыс жолдасыз. Бұл жолды жалғастырыңыз.
Көп “b” жауаптары:
Сіздің жүрегіңізде рухани тепе-теңдік бар, бірақ кейде әлсіздікке бой алдыруыңыз мүмкін. Аллаға жақындау үшін өз әрекеттеріңізді жиі еске түсіріп, кішкентай, бірақ тұрақты қадамдар жасаңыз.
Көп “c” жауаптары:
Жүрегіңіз рухани тұрғыда әлсізденуі мүмкін. Бұл сіздің жаман адам екеніңізді білдірмейді, тек рухани өміріңізге көбірек көңіл бөлу керек. Алланы жиі еске алып, жақсылыққа ұмтылыңыз.


Қорытынды:
Бұл тест сізге өз-өзіңізді түсініп, қай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтауға көмектеседі. Егер жүрегіңізде тазалықтың аз екенін сезсеңіз, үмітіңізді үзбеңіз – Алла әрдайым тәубе етушілерге есігін ашады. Ең бастысы – шынайы ниет пен тұрақты амал.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

28 Nov, 14:43


Құдайшылық сонда,Қалпыңды таза сақта,
Құдай тағала Қалпыңа әрдайым қарайды

Хәкім Абай

Qalb -араб тілінен аударғанда жүрек деген мағына береді

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

28 Nov, 11:30


Қайырлы күн қалдарыңыз қалай?

Қазір приоритеттерім ауысып,профориентация саласын бастап жатырмын

Әзірге Астана қаласы бойынша оффлайн разборларға жазылуға болады
Онлайн разбор да келесі ай қосылады

Егер өзімді танығым келеді деген жандар болса осы ⬆️парақшаға тіркеліп алуға шақырамын

Разборлар 1 ай тегін
Бос күндерімді салып отырамын,сол уақыттарға жазыла аласыздар

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

28 Nov, 11:29


https://www.16personalities.com/ru/test-lichnosti

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

26 Nov, 01:33


يَهْدِى بِهِ ٱللَّهُ مَنِ ٱتَّبَعَ رِضْوَٰنَهُۥ سُبُلَ ٱلسَّلَٰمِ وَيُخْرِجُهُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِ بِإِذْنِهِۦ وَيَهْدِيهِمْ إِلَىٰ صِرَٰطٍ مُّسْتَقِيمٍ

йәһдии биһиллааһу мәниттәбәъа ридуәәнәһу субуләс сәләәми уә иуẋрижуһум минәз зулумәәти илән-нуури би-иǯниһи уә иәһдииһим иләә сираатим мустәқиим

Алла сол нұр мен Кітап арқылы Өзінің разылығына бөленуді қалап, соған сай әрекет ететіндерді жан тыныштығына, есендікке һәм мақсат-мұраттарына жеткізетін жолдарға салады. Оларды Өз қалауы һәм шексіз шарапатымен тас қараңғы түнектерден жарық нұрға шығарады және тура жолға салады.

(«Мәида» сүресі 5:16)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

24 Nov, 04:59


Бала тәрбиесінде 3 жасқа дейін балаға көңіл бөлу,жақсы көретініңді айту өте маңызды екен

Баланың кішкентайынан санасы қалыптасатындықтан жақсы сөздер айту үлкен рөл ойнайды

“Ол бала ғой,түсінбейді” деген ойдан аулақ болу керек

Кішкентайынан балаға “біз сені сондай жақсы көреміз,сен біз үшін мына әлем үшін маңызың зор”деген сияқты жақсы сөздер естіп өскен бала ертең қандай керемет тұлға болып шығады

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

24 Nov, 03:02


Сонда да оларды кеш (теріс қылықтарын көңіліңе алма).Шүбәсіз Алла (жақсылық жасаудан танбайтын) ізгі жандарды жақсы көреді

Эстафета ☀️
Бүгін бір жанды қуанту
Бір игі іс жасау

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Nov, 19:03


Үйдегі кішігірім кітапхана

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Nov, 17:29


Қоғамға қызмет ету арқылы Аллаға құлшылық жасау және әділеттілік сақтап, білімге ұмтылу. Міне, өмірдің шынайы мәні – осы.

Мұхаммад Аммара (Алла рахым етсін)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

23 Nov, 03:39


Айтар сөзіңді дауыстап айтсаң да (сыбырлап айтсаң да)Ол үшін бәрібір.Ол өйткені құпия атаулыны,тіпті ең жасырын деген құпияны да біледі

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

22 Nov, 14:09


Нельзя начать все сначала,но можно сегодня начать жить по новому и сделать так что итог будет совсем другим

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

22 Nov, 09:34


Пайғамбарымыз ﷺ өлімді жиі еске алуды өсиет еткен: «Ләззаттарды үзушіні – өлімді көп еске алыңдар», – деген.

Өлімді жиі еске алудың пайдасы мол, соның ішінде:

• оған дайындыққа итермелейді,
• ұзақ үміттерден сақтайды,
• аз ризыққа қанағаттануды үйретеді,
• дүниеге қызығушылықты азайтады,
• ақыретке ынтаны арттырады,
• дүниенің қиындықтарын жеңілдетеді,
• менмендік пен тәкаппарлықтан қорғайды,
• дүниелік ләззаттарға берілуді азайтады.

©️Ибн Ражаб
(Рахимаһулла)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

22 Nov, 06:48


Ниет

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

21 Nov, 09:44


Соңғы уақытта оқыған ең даналы сөздің бірі:

«Адам қанша уақыт қайғыратынын өзі шешеді».

Әрі қарай қайғыра беремін десе де, дәл қазір қайғыруды тоқтатамын десе де шешімі өзінің қолында.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

20 Nov, 07:49


Я Раббым бізді көркемдік шыңына жеткізгейсің.Ол көркемдік сырт келбетімізде,мінезімізде,жүрегімізде және іс әрекетімізде көрінсінші🤍

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

19 Nov, 17:06


Біреу туралы жаман ойға берілмей тұрып,сол адаммен бір рет болсын тілдесіп сұрауға амал жасаңыздар🤍

Кейде адамдар әр түрлі себеппен өзгелер туралы күмән салуы мүмкін…

Ұнатпағаны үшін күйе жағатын
Бойжеткен қарамаған үшін артынан сөз тарататын
Жәй ғана бір күмәнді нәрсе көріп қалып ол адамды жаман деп ойлайтын адамдар жетерлік

Қайдан білесіз,ол адам Алланың алдында сізден жоғары шығар?)
Мүмкін шынымен қателесіп,бірақ ұйқысыз түндерін өткізіп,Аллахтан тәубе еткен болар

Сондықтан бір біріміз туралы тек жақсы сөздер айтып,жақсы ойлар ойлайықшы❤️‍🩹

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

19 Nov, 16:50


Алланың мейірімі жауын сияқты, бәріне бірдей жауады, бірақ әркім өз ыдысына сыйғанынша ғана алады. Қорқыныш пен уайым, күмән көбейген сайын ыдысыңыз тарылады. Үміт пен сенім артқан сайын ыдысыңыз кеңейеді....

Жаман ой ыдысты тарылтады, жақсы ой кеңейтеді....
Алла туралы және оның жаратылыстары туралы жақсы ойда
болу - бақыттың кілті, берекенің кілті.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

19 Nov, 11:09


Үнемі тәубеде болып, жүректі тазартумен айналысқан сайын, Алла білмегенді үйретеді

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

19 Nov, 11:08


Қандай дұға етсеңіз де, жүрегіңізде “Алла қалағанын жасайды ғой, қалай болса да, ризамын, қабылдаймын, көнемін, солай демек болу керек” деп алдын ала қандай жауапқа да риза екеніңізді білдіру, құл екеніңізді көрсетіп, мойындап отыру-ең әдемі махаббат, құрмет қой Раббыңызға…🤍Алла осындай жүректегі тақуалықты ерекше жақсы көреді🤍

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

19 Nov, 04:12


признак духовного банкротства— это привязанность к людям

«ат-тарика аль-мухаммадийя»

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

19 Nov, 03:31


Далада жаңбыр
Сағат 8:27

Шүкіршілік жазып отырмын.

5-6 жыл бұрын бір дұғам болған.Қанша қаласам да орындалмайтын.Үнемі отырып ойланатынмын,тура осы үйде осы жерде сол дұғамды ойлап “неге орындалмайды”деп көңілім түскені есіме түсті

Ол дұғам 2023 те қабыл болды.Ең қайырлы жолмен,мен дайын болған уақытта

Енді ойланып отырмын да,қазірде сондай “неге болмай жатыр”деген дұғалар жоқ емес бар ғой.Сол дұғам есіме түсіп кетті

Алла дайын болған уақытта жібереді екен ғой…

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

16 Nov, 05:23


“Жаңа әдет қалыптастырайық”

Адамдар негатив көрсе “отзыв” қалдыруға дайын тұрады.Ал жақсы нәрсе көрсе “должное” деп қабылдайды.

Сондықтан барған,көрген жерлерімізге,адамдарға,аман есен жеткізген таксистке,барған кафеміздегі қызмет көрсеткен қызметкерге жақсы “пікір” жазып қалдыруға ерінбейікші🤍

Осындай әдет қалыптастырайық

Бұл сіздің де,өзгенің де өмірін жақсартатын амал

Сіздің жазған пікіріңізден ол адам күні бойы күліп жүруі мүмкін,ал ол жақсылық міндетті түрде өзіңізге қайтады🤍

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

15 Nov, 02:51


Жұма күні таңертең оқылатын дұға:

اَسْتَغْفِرُ اللهَ الَّذِى لاَ اِلَهَ اِلاَّ هُوَ الْحَىُّ
الْقَيُّومُ وَاَتُوبُ اِلَيْهِ

Оқылуы: «Астағфируллаһәлләзи лә иләһә иллә һуәл хайюл қайиуму уә әтубу иләйһи»

Мағынасы: «Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған, әрдайым тірі, әр нәрсені толық басқарып тұрушы Аллаһтан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін»

3 рет оқимыз

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Nov, 17:15


https://youtu.be/oH0r5ClnxHg?si=mNtBja-kra3hgvsa

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Nov, 07:22


10 күнге 5 амал

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Nov, 06:50


Біз шүкірсіздікпен көп жаман ситуацияларды тартып алады екенбіз
Егер осы аудиодағы оқиғаларды естісеңіз белгі деп қабылдаңыз

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Nov, 04:37


Біреудің ақидасына қаншалық берік екенін тексеру пенделердің ісі емес.Бұл-Алла ісіне араласу.Құлдың иманын таразыға тартып,өлшемек құл міндеті емес

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Nov, 04:36


Жұрт не дейді дегенге көп бас қатырсаң,өзгелер қолпаштап,мойындағанын қаншалық қаласаң олар айтқан сын мен өсек аяңға соншалық құмар боларыңды білсең ғой

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Nov, 04:35


Ақырын күту-бір орында тұру емес,көрегендік.Сабыр деген не? Тікенге қарап,раушан гүлін ,түнге қарап,күндізді елестете алу

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Nov, 04:34


Басыңа нендей күн туса да,торықпа.Есік біткеннің бәрі тарс жабық тұрғанымен,күте білгенге тірі жан білмейтін құпия қақпа ашылар.Дәл қазір көзге көрінбес,бірақ тар өткелдің арғы басында пейіш бар.Сабыр ет.шүкір ет

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Nov, 04:32


Жаратқанды сипаттаған сөзіміз-өзіміз жайлы ой анамыз
Жаратқан дегенде қаһар,ашу,жазалау секілді негативті ойлар яки мейірім,рақым,кешірім келсе -тұла бойың осы сезімдерге толып тұр деген сөз

Махаббаттың 40 қағидасы кітабынан

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

11 Nov, 17:10


Бір жерге табан тіреп,тамыр жайған ,тағдырына налыған,балалы шағалы әйелдің 40 қағидасы
Әдепкі қағида ,-деді ақырын

-ӨЗ-өзіңмен бол,махаббат іздеме,өмірде Махабаттан да маңызды нәрселер бар…

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

11 Nov, 17:06


О,адасқан пенде!
Білемісің осы сен:
Тәнің қабірің болар.
Жаныңды ұғып алмасаң,
Нәпсің қара көр болар

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

06 Nov, 09:10


Басталуы ертең
7.11

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

03 Nov, 13:31


Ештеңе кездейсоқ емес. Болуы керек жерде болдың. Айтылуы керек жерде айттың. Жасалуы қажет жерде жасадың. Кездесуің керек кезде кездестің. Алланың барлық ісінде ұлы даналық бар.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

03 Nov, 13:17


Дәріске қатысудың ең ләззәтты тұсы – дәріс біткен соң ойланып, демалып, пікір қылып мешітте жату…

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

24 Oct, 13:59


Осы парақшаның 1 күнін жүргізетін көмекші қыздар іздеймін🤍

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

24 Oct, 13:59


t.me/reminderoff

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

22 Oct, 05:49


– Алла мені ести ме?

– Иә!

– Онда неге менің сұрағанымды бермеді?!

– Кез келген шипагер сен жақсы көретін дәріні емес, сені емдейтін дәріні береді.

©️Мұстафа Махмұт

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

18 Oct, 06:34


Негізі бұл арна ай сайын 1 жанның арманын орындаймыз деп ашылған

Бірақ әзірге адам саны аз болғандықтан аптасына 1 бір жанды қуантамыз

Жұмада 1000 тг садақа жасап 1 адамға қуаныш сыйлаймыз

Жақсылықта жарысамын десеңіз,сіз де қосылып алыңыз⤵️

https://t.me/+SzPtzScFm5k1NThi

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

06 Oct, 05:13


Гүлзар әйел қауымына сұлулықсыз бақ қайда?
Шын сұлулық тереңдікте жатпай ма?
Қайырлатқан кемесін талай ердің,
Саяз көлғе шашылмағай шұғылаң.
Тереңдігі жоқ әйелдің,
Қорқу керек сыртқы сұлулығынан!..

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

28 Sep, 08:49


Салауат оқиға

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

27 Sep, 07:36


Я всегда говорю пациентам который осталось мало времени

Сожалея о потраченном времени ты только тратишь еще больше времени.Вы должны подумать о том как потратить его с пользой.Любая жизнь однажды заканчивается…

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

15 Sep, 09:55


-неге кейде адам баласы өз дегеніне түрлі қиын сынақпен,бұралаң жолмен жетеді,ата?

-солай болғанда дегеніңнің баға-барқын білесің.Сағындыртып келген көктемніңиқұдірет-күші ерекше емес пе? Сол сияқты өмірдегі жетістік-жеңіс сынақпен келмесе,бақыт дегеннің құны болмайды.Махаббатта да солай! Даналықпен іс істейтін мейірбан Алла сені өзге құлдарынан ерекше көретінін осыдан білгін.Барлық бақ пен бақытты бірден,”құшағыңды аш та,сыйғанша ал”-деп бермейді.Құнттап беріп,құнын білуге үйретеді,сынаса да жаныңнан табылады,қолдайды.Құдай сұрағаныңды береді,ал бермесе ,өзі қайырлы деп санағанда береді.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

15 Sep, 09:26


Жүрегің Жаратушыңа деген шексіз сезім -сүйіспеншілікке толы болсын.Қу дүниені,аққан су,тасыған өзенді,қанша ақылды болса да,адам баласын Алладан артық жақсы көріп кетпе.Ұлы санама.Осы аталғанның барлығын Құдай арқылы сүюге үйрен.Өміріңде ерекше бір сезімнің себепшісі болатын,жаныңа жақын,жақсы адамың кезіккенде оны да Алла разылығы үшін сүюге тырысып бақ.

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Sep, 06:54


Айналамызда біздің шексіз қиялымыздан да асып түсерлік ғажайыптар орын алуда.Біздің сана өлшеулі болғанымен Құдай және ол жаратқан ғалам өлшеусіз.Дүния-ғаламат күш.Сондықтан,ақ құсым ақиретке дейінгі тіршілікте барлығы мүмкін.”Мүмкін емес”, “ешқашан” деген сөздерді сөздік қорыңнан алып таста.Себебі барлығына Құдайдың ұлы әмірі жүреді.Ол Алла Малик-ұлы патша.Тәңір қалай әмір берем десе,солай болмақ

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Sep, 06:49


Айналайын,кесірлі ойлар ғұмырыңның бір сәтіне тап болса,оң қолыңды жүрегіңе қой дағы,:”Мен жалғыз емеспін,Алла менің жағымда,Алла менің жанымда” деп айтқын
Алла саған өте жақын,сезіп тұр,көріп-біліп,естіп тұр сені.Жаратушыңмен жан жүрегің арқылы жақындаса біл.Алланың бар ісін жүрекпен сезін.Себебі сен де құдайдың үлкен махаббатымен жаратылған тіршілігісің.Сен болмасаң әлем толық болмайды

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

12 Sep, 06:31


Адамды асыққан белесіне,жылдар бойы күткен жақсылығына,асқақ арманына,жүрегінің ең түбінде сақтап жүрген сезімінің себепшісіне жеткізетін жол кейде бұлдыр бұралаң,иір-қиыр,шоқпыт-шодыр,тар шатқалды,терең құз-жартас сияқты болады екен.

Қарлығаш кітабынан

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

04 Sep, 08:02


Бүгін садақа беруге шақырамын

Түсімде бір жаман бір жағдай болып жатыр екен,сол кезде бір адам
“Садақа бер де,құтқарыл” деді
Сол кезде жаңағы жағдай бірден орнына келді

Садақа-жамандықтың алдын алады…

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен

02 Sep, 16:43


21 күндік телеграм каналы

-күнделікті бір бірімізді тахаджудке ояту
-тәубе ету дұғаларын оқу
-оқиғалармен аудиоподкаст
-маған көмектескен подкаст,кітаптар
-қорқыныштармен бірге жұмыс
-даму тапсырмалары
-ерекше тапсырмаларды бірге орындау

Тіркелу: 3500 тг
Каспий:
4400 4302 9229 0993
Дильназ У

Чек : инстаграм
@zhana_men_

Басталуы :9.09.