aruzhanymsol @justservantofallah Channel on Telegram

aruzhanymsol

@justservantofallah


Егер әйел дүние құлдығынан бас тартып, Алланың алдында өз әлсіздігін мойындаса, оның өмірінің басты мақсаты Раббысын іздеуге айналады🍃

justservantofallah (Kazakh)

justservantofallah таңдауы - 'Аллаға қызметкер' аталған Telegram каналы. Бұл каналдағы іштер арқылы, әйелдер өзінің құлы болушылығын мойындауға, Аллаға қызметкер болу үшін оның алдында өз әлсіздігін қалай мойындауға көмектеседі. 'justservantofallah' каналында өмір сапарын ашушы, Раббысын іздеуге арналған мақсаттар туралы ақпарат алуға болады. Өміріңізді жақсарту және дінге байланысты жаңа мәліметтер алу үшін 'justservantofallah' каналына қосылыңыз. Алла тап, рақым ете!

aruzhanymsol

23 Jan, 14:52


🥹🫂🤍

aruzhanymsol

23 Jan, 12:31


Ізгі жандармен танысу – Алланың ұлы нығметі, ал олардан ажырау – үлкен сынағы. Біз көбіне нығметтің қадірін оны жоғалтып алған сәтте ғана түсінеміз. Сол себепті, мына дұғаны жүрегімізден тастамай, әрдайым айтуға кеңес беремін:

“Уа, Алла! Бізге берген нығметтеріңді ұзаққа сақта! Нығметтің қадірін оны жоғалтқан соң түсінетіндердің қатарынан ете көрме!”

aruzhanymsol

23 Jan, 06:53


Менің саған деген махаббатым — бұл тек Алла Тағала ғана білетін дұғалар.

aruzhanymsol

22 Jan, 11:03


Я, Раббым!
Егер мен жақсы көрген нәрсе
орындалмаса, орындалған істі
маған сүйікті ет

aruzhanymsol

22 Jan, 10:08


🪄🫠🤍

aruzhanymsol

22 Jan, 10:05


Аллах Құранмен бір адамдарды жоғарылатады, өзге бір адамдарды төмендетеді.

aruzhanymsol

22 Jan, 04:32


Кейде айналамызда түсініксіз шу, сенің тыныштығыңды ұрлаған хаос…

Алайда, бұл шу адам қабірге түскен алғашқы секундта-ақ
тоқтайды.

Ал Құранның жарығы бізбен қалады, бұл өмірдегі жалғыздықта да, келесі өмірде де нұр болған түрде..

aruzhanymsol

19 Jan, 22:09


Дұғам қабыл болмайды демеңіз,
Егер Алла қаласа бәрі болады.

aruzhanymsol

17 Jan, 12:28


🪄☺️

aruzhanymsol

16 Jan, 15:41


🥹💖

aruzhanymsol

16 Jan, 13:57


әрбіріңіз тануыңыз керек ұстазбен подкаст шықты🥹🥳

https://youtu.be/meL9-lxAX5U?si=bYnN7B7Q-8AaisZg

aruzhanymsol

16 Jan, 09:50


бұйырса осы сенбі Астанада рухани кеш өткіземіз құрбыммен🤍

құны небәрі: 5990 тг

тіркелемін десеңіз: https://wa.me/77782605005

aruzhanymsol

15 Jan, 15:21


Астаналық қыздар бар ма мұнда?:)

aruzhanymsol

15 Jan, 09:12


вечно угощают в любимой кофейне🥹

Аллах пусть будет доволен сотрудниками 🤍

Если недавно это было финиковое молоко, то сегодня натуральный милкшейк❤️‍🩹

Ведь Аллах обнимает нас через людей, через события🫰🏻🪄

Очень-очень благодарна🥹

aruzhanymsol

14 Jan, 16:08


❤️‍🩹

aruzhanymsol

06 Jan, 05:16


анамның насихаты:

ешқашан басқа адамның жүрегіне қаяу салма.

ол Аллаға сенің үстіңе шағымданып баратындай әрекет жасама.

керісінше, сен біреудің күлкісіне себеп болсаң, Алла саған Өзі жүзіңе күлкі сыйлайтын болады.

aruzhanymsol

04 Jan, 07:35


Хадиша анамыз ақылы кемілдікке жеткізілген 4 әйелдің бірі.

“Ақылы кемілдікке жеткізілген” - шариғат келмей тұрып шариғат талаптарына сай өмір сүрген дегенді білдіреді.

aruzhanymsol

03 Jan, 13:39


Молитвы, возносимые в состоянии упоения, символизируют моменты, когда сердце радостно принимает божественное милосердие💗

aruzhanymsol

02 Jan, 10:57


намаз - иман деңгейіңнің диагностикасы

aruzhanymsol

02 Jan, 06:59


2025-те телефонымыздың емес Құранның пробегін айналдырайық🫣

aruzhanymsol

31 Dec, 14:13


Режеп айының маңызды оқиғаларының бірі – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) анасы, Әмина анамаздың оған жүкті болуы.

aruzhanymsol

31 Dec, 12:16


welcome, Rajab🤍🥹

Аллах берекелі, қасиетті айларға жеткізгеніне сансыз шүкірлер🌿

Рамазан айтты сүйікті, қадірлі қонағымыздың келуіне де күн санап жақындап жатырмыз

aruzhanymsol

30 Dec, 14:38


Өміріңнен кетіп жатқан ақша, адамдар, сен қол жеткізе алмай қалған мақсаттар үшін өкінбе,

Құрансыз өтіп жатқан минуттарың, сағаттарың үшін өкін..

aruzhanymsol

30 Dec, 07:29


понимаю, что соскучилась по шведским завтракам в отелях🤥

и в целом скучаю по путешествиям🥴

aruzhanymsol

28 Dec, 15:59


кешкі 20:58

ертең таңғы 6:00-де кофе ішіп жатқанымды елестетіп жатқан мен🦥🐾

aruzhanymsol

28 Dec, 13:22


әйелдің ердің нәпсісі болғаны - ерге де, әйелге де сынақ

aruzhanymsol

28 Dec, 09:04


Вы то, с чем вы связываетесь. Если вы устанавливаете связь с Бесконечностью — вы Бесконечность. Но если вы ограничиваете себя, тогда вы ограничены

aruzhanymsol

27 Dec, 15:57


Кез келген “рост” - разы болудан басталады🤍

Жүрегіңнің түбінде Раббыңмен разы болуыңнан…

Қателіктерің - сенің бағаңды көрсетпейді, сынақтарың - сенің бақытсыздығыңды білдірмейді.

Олар сені Алланың алдында өсіру үшін, Оған оралған уақытта Раббыңның құзырында бағаңның одан сайын артуы үшін сондай қажет екенін түсінші🤍

aruzhanymsol

24 Dec, 13:42


өмірде түрлі жағдайлар болады ғой:

бүгін жасаған ісін міндетсінетін, кінәні өзгеден іздейтін адамға тап болып, эххх деп қалғаным бар🥸

қысқа ғана өмірде неге бізге жүрегімізді, көңілімізді кеңейту қиын екен, қызық?

aruzhanymsol

22 Dec, 09:11


жалпы 2024-те қандай мақсатыңның орындалғаны, есеп дейтін заттар кімге керек?

өзіңнен басқа ешкімге:)

басқаларға “ынта” беру үшін деп өзімізді ақтамай-ақ қояйық..

түбі “менің қандай күшті екеніме назар аударшы” деген нәрсе ғой, эх

aruzhanymsol

19 Dec, 17:00


na noch’ pryatnoe osy:)

aruzhanymsol

10 Dec, 15:25


важно, чтобы слышать в нем океан

:)

aruzhanymsol

10 Dec, 05:31


P.S қазір соғымның сезоны

ата-анаң үйдегі қазылардың фотосын жіберіп, бұйырса саған арнап дайындап жатырмыз, келгенде пісіріп, сорпасын ішесің деуі - НЫҒМЕТТЕРДІҢ ПОТОЛОГЫ 😁🥰🤍

aruzhanymsol

10 Dec, 05:28


мысалы Алланың тосын сыйы деген саған біреудің телефон/көлік сыйлауы емес қой

саған көөөптен хабарласпай кеткен жақыныңның “сағындым” деп хабарласуы;

біраздан бері кейінге қалдырған ісіңді бастауға бір ішкі қуатыңның жетуі;

менің жағдайымда кофені бариста дәмдііі етіп дайындап беруі (кез келген жерге кофені қосып қалмасам болмайды😂🤝)

қааатты аязды ауа райында киетін қалың курткаңмен Алла сені жылытып, кешкісін үйге келгенде отоплениесі бар үйде ұйықтауың да нығмет, шын айтам!

тек осы заттардан сені айырмай тұрып іштей Раббыңа рақметіңді айтсаң, міне сол ғажап♥️♥️♥️

aruzhanymsol

10 Dec, 05:24


осыдан 2 күн бұрын құлағым ауырып бастады, суыққа тіптен асқынып, басыммен қосылды да, көңілім түсіііп ұйықтар алдын жатқан едім

құрбым тура жанымда ноуттан эстетикалық әуендерді қосып, блокнотымды ашпағалы 3 ай болыпты ғой, шүкіршілік жазайыншы деп жатыр

“-такс, саған 1 пункт: құлағымның сау екеніне шүкір етем деп жаз” деп қоямын ғой, әлсіз дауыспен😁

шынында, нығметті норма санап кету өте қауіпті

Аллахым, Сенің берерің әрдайым мол, мені ең көп шүкір етуші құлдарыңнан еткейсің🤍🤍🤍

aruzhanymsol

09 Dec, 07:15


НМУ-да рк аптасы екенін қайдан білуге болады?

мешітте, асханада - бүкіл жерде сабақ оқып отырған шәкірттер😁

тіпті орын жооқ🦦

осы және келесі аптадан аман-есен шығайықшы, кәдімгідей уайымдап тұрмын🥹

aruzhanymsol

08 Dec, 18:38


өмірде түйгенім - манты ғана🤣🦦
сол үшін ақыл сұрамаңдар менен дейсің ғой әлгі🥸

aruzhanymsol

08 Dec, 09:18


в нужное время?🥹💔

aruzhanymsol

06 Dec, 14:26


мен бір күнде:

күлдім, қуандым, уайымдадым, ренжідім, көңілім түсті, қайта жұбаттым өзімді, сағындым, жүрегімнен бір заттарды жіберуге қиналдым, бір нәрселерге “зацепиться” етіп алғанымды түсіндім.

бір дүниені жібердім, басқа бір дүние өміріме қайта келді.

біреуді ақтап алуға тырыстым, ал өзгені жай ғана қалай бар, солай қалдырдым.

бір кісінің 3-4 ауыз сөзінен ол мен үшін қаншалықты қымбат екенін түсіндім.

бұл өмір…

түбі менің бұл халдерімді тек Ол түсінетіні, Раббымның ғана әрдайым есігі ашық екендігі жүрегіме күлкі сыйлайды

🤍🫶🏻

aruzhanymsol

06 Dec, 14:15


ақида дәрістерін жаным сүйеді🤍🤍🤍

әр сабақтан кейін Аллаға деген махаббатым артыыып🫠

aruzhanymsol

05 Dec, 15:42


— оқып жатсың ба?
— иә.

— университет үшін ба?
— Алла разылығы үшін, үммет үшін, үй-ішім үшін, рухымның тірі болуы үшін, және ең негізгісі “ОҚЫ” деп бұйырылғаны үшін.

aruzhanymsol

04 Dec, 14:04


-“конфет жейсің ба?

-неет, рақмет
(сумкасынан мен жейтін пп без сахара шоколадты ұсынады)

-мәссаған, вы ппшница?
обычно в такое время предлагают сладости с сахаром))

-да, у меня даже магазин халяльный с пп сладостями” дейді😁

прелести студенчества со взрослыми😎

aruzhanymsol

02 Dec, 07:47


Аллах айтты:
“Шынайылық -
кім Мен үшін сүйікті, сол құлдарымның жүректерінде сақтау үшін сеніп тапсыратын Сырларымнан” деп🥹💔

aruzhanymsol

27 Nov, 07:44


Ал бірде оқып, бірде оқымай, ұмытып, нәпсіге беріле беретін адам - Құранның тәтті дәмін әлі де тата алмаған адам.

aruzhanymsol

27 Nov, 07:44


Құран жаттаушылар, Құран иелері, Құранмен байланысы тығыз адамдар - міне, осылар Құранның нағыз берекеті мен рахатын көріп жүрген адамдар.

aruzhanymsol

26 Nov, 09:34


“Құранның мұғжизаларының бірі - оны қанша оқысаңда, тыңдасаңда еш жалықтырмайды”.

Байқадыңыз ба, намазда қааанша рет Фатиха сүресін оқысақ та жалықпаймыз ғой.

Солай бір өлең жолдарын оқып көріңізші күніне 30 реттен, мүлдем естігің келмей, мазаң қашады емес пе?!

Алланың Калямы - рухымызға шамшырақ, нұр, сәуле🤍

Сол үшін ееееешқашан жалықтырмайды!

aruzhanymsol

25 Nov, 04:52


Алланы мойындамайтын адамдардың мәдениетіне еліктеуің > Құранға шүкірсіздігің!

aruzhanymsol

24 Nov, 15:28


Асия бинт Музахим - ең әлемдегі қатыгез басшы Перғауынның (тәкаппарлығы өзін Құдай санауға дейін жеткен) әйелі болды.

Күндердің бір күні Перғауын сарайының қызметшісі Перғауынның қызының шашын тарап отырып, тарақты жерге түсіріп алады.

Ол әйел Мұсаның дінін қабылдаған, Алланың бірлігіне, жалғыздығына иман еткен жан еді.

Тарақты көтерген кезде “Бисмилләһ” деп айтады, ал оны естіген қызы дереу әкесіне қызметші әйелдің Перғауынға емес, басқа бір құдайға табынатындығы туралы жеткізеді.

(Осы қызметші әйел мен Асия анамыз жақын құрбылар болатын, Алла туралы бірге көп сөйлесетін, өз білгендерімен бөлісіп жүретін еді).

Мұны естіген Перғауын бірден ол әйелді кішкентай балаларынан бастап, күйеуіне дейін, кейін өзін қайнап тұрған майға салып өлтіруін бұйырады.

Ол әйел ақыр соңына дейін Алланың дінінен бас тартпай, тақуалық халінде Раббысына қайтқан еді.

Асияның да Мұсаның дінін қабылдағанын естіген Перғауын бірден оны өлтіруге бұйырады.

Асияны байлап, ашық күннің астына жатқызып, үстінен оған құлату үшін өте үлкен бір тасты көтергенде:

«Сондай-ақ Алла иман келтіргендер үшін Перғауынның әйелін мысалға келтіреді. Кезінде ол: «Уа, Раббым! Мен үшін Өз құзырыңда, жұмақта бір үй тұрғызғайсың! Мені Перғауыннан және оның жаман ісінен (зұлымдығынан) сақтай көр! Мені бұл залым қауымнан құтқара көр!» − деп жалбарынған еді.»

66:11

Аллаға бірден дұға етіп, аспанға қарағанда, Раббысы оған жәннатта тұрғызылған сарайын көрсетті. Аллах оның жанын алған соң ғана, жаны жоқ денеге ауыр тас лақтырылды.

Ғалымдарымыз Асия анамыздың дұғасы жайында: “Ол өз үйін таңдамас бұрын көршісін таңдауды жөн көрді”
Перғауын оны қанша мазақ етіп, қинап, жанын азаптаса да, ол аспандағы өзіне тұрғызылған жәннаттағы сарайды көріп күлімсіреген еді. Соңына дейін сабырлық танытты, Раббысы үшін барлығына төзді.

Сол үшін де жәннаттың төрінен орын алатын ең мықты әйелдердің қатарына: Хадиша р.а, Фатима р.а және Мариям аналарымызбен бірге тізімге кірді🤍

aruzhanymsol

24 Nov, 15:04


Құранның тәрбиесі өте бөлек...
Аяттарға назар салып,жүрегіңіздің толқуы -Алланың сізге назар салуы...

aruzhanymsol

24 Nov, 14:23


Барлық хамд Аллаға болсын🤍

aruzhanymsol

24 Nov, 14:23


бүгін ұстазымыздың себебімен 3 хафиза шығыпты 🥹🥹🫂🫂

aruzhanymsol

22 Nov, 15:03


упомянул(-а) вас в своих ду’а

важно иметь таких людей💭

aruzhanymsol

22 Nov, 13:00


Алланың жақсы көретін нәрсесін істе, сонда Ол саған сен жақсы көретін нәрсені береді!

Шейх Әдһам(хафизаһуллаһ)

aruzhanymsol

20 Nov, 18:12


Бұйырмаған нығметтерге, тағдырымда болмаған нәрселерге бола жүрегімнің тозып кетуінен Саған сыйынамын, мейірімді Раббым!

aruzhanymsol

20 Nov, 14:27


ең сүйікті вайб: кофе + күзгі бақ + Құран 🤍💭

aruzhanymsol

20 Nov, 06:12


“Сыр бейнеде емес,
Сыр жүрегіңдегі Құранның нұрында.”

©️Шейх Махмуд әд-Дурра
(Хафизаһулла)

aruzhanymsol

18 Nov, 13:12


🤍

aruzhanymsol

17 Nov, 11:19


берегите людей, с которыми вы свободны в эмоциях, желаниях и своих чувствах!

aruzhanymsol

17 Nov, 11:11


порой внешность обманчива…

не знаешь что человек больше всего любит > пока не спросишь))

aruzhanymsol

15 Nov, 13:35


просто на каждом уроке арабского:

- что вы делаете, Аружан? (на арабском)

- “әнә әшробу әл кохва”😂

“Аружан, сіз таңда, түсте, кеште кофе ішесіз ба, ақшаңыз көп па деймін” и все одногруппники смеются))

aruzhanymsol

12 Nov, 03:55


сондай күндер бар: жай инстаграм лентаны ақтарудың өзі - роскошь болып қалады екен ғой)🫠

aruzhanymsol

09 Nov, 08:43


бірде Парижде қонақ үй (букинг.ком) 300к теңгемізді қайтармай проблема болып тұрған, өзім Эйфел мұнарасының вай файына кіріп: таныс кісіден көмек сұрап тұрған едім, букингтың бас офисі Лондонда екен, сөйлесіп бере аласыз ба деп…


сосын ол кісі бар көмегін жасаған соң:

“мүмкін сізге жай ғана барлығын ұмытып, Эйфелдің көрінісінен ләззат алу керек шығар?)” дегенде кинодағыдай ойлааанып, тоқтадым да:

- шынымен де, не істеп тұрмын, көңілімді түсіріп, ренжіп деп, жай ғана ситуацияны жібере салдым.

Кейін Алланың қалауымен мәселе шешіліп, ақша да өз орнына келе қалды))

Қорытынды: контроль - менде, мәселені шешетін - мен десем қиналамын, жылаймын, ренжіп, әлем теріс айналғандай күй кешемін.

Ал амалымды жасап, Раббыма тапсырсам, қиналмайды екенмін ғой))😌

aruzhanymsol

06 Nov, 07:07


айналамдағылар максимум 2007, минимум 2005 деп ойладым деп күнде жасартқан сайын 2001 екенімді ұмытып кететін болдым ғой🫠😂

aruzhanymsol

05 Nov, 06:48


🫠

aruzhanymsol

04 Nov, 06:58


23 жастың әңгімесі осылай))

aruzhanymsol

03 Nov, 09:55


а я была создана из твоего ребра, чтобы быть твоей тенью🩰🪄

aruzhanymsol

03 Nov, 06:39


она получала наслаждение от каждого глотка флэт уайта, от листьев книжной тропинки и могла рассказывать про главного героя книги часами🪄

P.S радует глаза закладка из Италии🥹💔

aruzhanymsol

03 Nov, 05:51


dream🤍🦦

aruzhanymsol

01 Nov, 14:43


Алла Тағала Ібіліске сәжде ет деген кезде:

“Бұйырушыға емес бұйырылғанға қарады”

(бүгінгі ақида дәрісінен)

aruzhanymsol

01 Nov, 07:38


Батыста барлығы үлкендерге “сен” деп сөйлейтіндігіне әлі үйренісе алмай келемін🥸 Құрбым әжесіне: “қалайсың? жібергеніңді көрдім” деп айтқан бойда тааң қалып қала беремін байқамай😁

aruzhanymsol

31 Oct, 13:07


Соңғы күндері жүрегіме келген түсініктер:

Адам өзге бір адамның жүрегіне әмір жүргізе алмайды.
Егер сен біреуге ұнау үшін жасасаң әлдебір істі > ол адам оны құнсыздандырады.

Ал Аллаға ұнау үшін жасасаң, керісінше ол адамға сен сүйікті бола бастайсың.

aruzhanymsol

31 Oct, 12:24


индуизм туралы сабақ айтып тұрып: “сиырларды индуизм дінін ұстаушылар жемейді, олар көбіне табиғи жолмен қартайып қайтыс болады” деппін ғой😂

ұстаз: жануарлар қайтыс болмайды, олар өледі деп еді, күлгім келіп кетті🥸😂

aruzhanymsol

31 Oct, 07:49


как же я люблю проводить личные терапии🧡

видеть радость в глазах своей пациентки после проработки, как они плачут от благодарности, как у них идут слезинки когда я говорю про Аллаха - все это бесценно 🥹💔💔💔

aruzhanymsol

29 Oct, 12:08


"Сендердің ең жақсыларың -  Құран үйреніп, оны үйреткендерің"

📖 "Құранды үйрену" - деген тек қана әріптерін жаттап, қосып оқуды айтпайды. Құранды үйрену - деген:

📍 Құранның әріптерін оның ішінде махраж, әріптердің сыфаттары, тәжуид ережелері, тоқтау белгілерін үйренумен қатар:

📖 Құранға ықылас танытуды үйрену;

📖 Құран әдептерін үйрену;

📖 Құранның мінезін үйрену;

📖 Құранға амал етуді үйрену

Түсінетініміз: ең жақсы адам болу үшін тек оқып үйрену жеткіліксіз. Құранды толық меңгеру керек екен.

aruzhanymsol

27 Oct, 14:32


from today!🤍

aruzhanymsol

27 Oct, 05:01


Өткенге баға беріп, өз алдына тарихи анализ жасай алмайтын жаңа буын келешекке жоспар да құра алмайтын әлжуазға айналады.

aruzhanymsol

26 Oct, 15:43


ІЛІМ АЛУ > ДҮНИЕНІҢ ЕҢ ҮЛКЕН БАЙЛЫҒЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

қалғаны бұл байлықтың алдында дым да емес…

aruzhanymsol

26 Oct, 15:42


Ілім алу мүмкіндігін берді ме Аллах?
Демек сол мүмкіндікті ұстап қалсаң ғана ол нығметке айналады..

aruzhanymsol

26 Oct, 15:38


Сен “һайыр” деп ойлап жүрген нәрсені шынайы һайырдан алыстату үшін Аузбилляхтың алдап салуы, көзбояушылық етуі әбден мүмкін екен…

aruzhanymsol

26 Oct, 15:36


Сынақтың келуі - сый ма, сынақ па, нығметтің берілуі сынақ па, сый ма - Ақыретте ғана білеміз…

aruzhanymsol

26 Oct, 07:27


«Фатиха» сүресіндегі осы аят жайлы ойландыңыз ба? («Саған ғана құлшылық етеміз…»)

(
…етеміз…)

Бұл аят бізді бірлікке, тақуалықта бірге болуға және өзара осы жолда бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырады.

aruzhanymsol

25 Oct, 15:08


вы тоже обязательно попробуйте, раньше когда жила в Астане пила именно черничный почти каждый день))

Это не сироп, а эссенция, делается без сахара, вообщем классный 🫠

aruzhanymsol

25 Oct, 15:07


и все равно, что сейчас 20:06, я еду в зебра кофи чтобы купить черничный латте, именно им ассоциируется моменты моей победы😭🦦

только что сдала последнюю рубежку и ай эм хаппиии!🤍

aruzhanymsol

25 Oct, 08:25


júma mubarak!🥹🤍

aruzhanymsol

25 Oct, 07:19


Адамдар жайында жақсы ойлау - иманнан 🤍

aruzhanymsol

25 Oct, 06:50


❤️‍🩹

aruzhanymsol

24 Oct, 13:16


азанды естігенде (естуің де) Раббыңның сол азанмен сені намазға тұрғызуы да сөзсіз ұлы нығметтерден!❤️‍🩹

aruzhanymsol

24 Oct, 06:01


Естігеніміздің бәрін әңгімелей беруіміз турасында ғой…

Нәпсіге рақат..
Біреуді төмендету арқылы өзі жоғарылап алады, өзгені кемсіту арқылы “оған қарағанда тәуірміз” деп өзіне бір деңгей беретіні тағы бар.

СубханАллаһ, өте ауыр💔

aruzhanymsol

24 Oct, 05:56


Йа Рабби, прости нас💔❤️‍🩹

aruzhanymsol

23 Oct, 09:27


жаңбырлы күннің дофаминдері🌿☺️

aruzhanymsol

22 Oct, 13:34


😭😭😭😭

aruzhanymsol

22 Oct, 13:01


осылай тобыма үнемі қиналыып, сабақты уайымдап жатқанда жазамын😁 кәдімгідей жеңілдік сыйлайды:)

aruzhanymsol

22 Oct, 12:52


Кейде бір сондай сәттер болады: жүрегіңнің қалай ауырып тұрғанын Раббыңнан басқа ешкім сезіне де, түсіне де алмайтын..

aruzhanymsol

19 Oct, 09:34


Перғауынның сарайынан Асия шықты, Қағбаны тауаф жасайтын бұл үмметтің қыздарынан неге ғалым әйелдер шықпайды

Нуруиддин Илдиз(Хафизаһуллаһ)

aruzhanymsol

18 Oct, 08:25


mood🍂

aruzhanymsol

18 Oct, 06:26


Juma reminder:

Don’t forget to read surah Kahf🌿

aruzhanymsol

17 Oct, 12:12


НМУ-да құры жүрмей, өзіме живой подписчик жинап жүретінім бар🫠🤓😂

aruzhanymsol

17 Oct, 05:34


Құрбыммен әңгімеден:

“Біз неге Алланы шектейміз?
Дүниені сұрауға жұмсалған уақытты > Құран оқуға арнайтын болсақ, Раббымыз біз қалағаннан да артығын бермей ме?!”

aruzhanymsol

16 Oct, 06:21


Құранмен өмір сүру және оны терең түсініп оқып-үйрену – екі дүниенің де шынайы рақаты. Мұны тек сол рақатты сезінгендер ғана түсіне алады! Біздің уақытымыз шектеулі, күндеріміз бізді белгіленген күнге қарай асықтыруда. Сондықтан Құранды өзіңе серік, жұбаныш және осы жолдың басшысы ет! Өмірдегі ең құнды нәрсе – Құранмен бірге болу. Өміріңнің қадірін біл.

📖 “Халал сиқыр” кітабынан

aruzhanymsol

16 Oct, 03:08


ұстазымыздың айтатын дұғасы: “өздеріңіздей шәкірт бұйырсын”

түсінген адамға ауыр🫠

aruzhanymsol

15 Oct, 14:56


үйге келіп, телефоныңда 10 000 қадам толғанын көргендегі сезім бөлек қой

aruzhanymsol

15 Oct, 14:41


Құран терапия.

• әріптеріне қарау
• үйрену
• оқу
• тыңдау
• жаттау
• түсіну
• үйрету
• амал ету
Барлығы шипа, барлығы терапия.

aruzhanymsol

13 Oct, 17:27


Өте ерекше хикая🫠

Міндетті түрде көріңіз

https://youtu.be/ir59OG8I8DM?si=UkuYroV8lbe4H5j9

aruzhanymsol

12 Oct, 05:12


инстаграмымда осындай атмосфера🍂
әлі тіркелмедіңіз ба?🫠

aruzhanymsol

11 Oct, 17:56


өзіңді аяйын десең осы 😆

aruzhanymsol

11 Oct, 08:42


Күз келді…
Эмодзидағы 🌿🍃жапырақтар сарғайды 🍂🦦😂

aruzhanymsol

11 Oct, 04:25


Нұр Мүбәракта ислами аура болса, Есентайда дүнияуи🫠😂

aruzhanymsol

11 Oct, 02:47


«Олар өздері бойлаған баптақтың (жалғанның) ішінде ойнап-күліп жүр…

aruzhanymsol

10 Oct, 15:17


🫠

aruzhanymsol

09 Oct, 15:05


Бүгін бір сұрақ қойылды:
“Өз жарыңызбен таныстықтың қалай болғанын қалар едіңіз?” деп🫠

Ойланып қалады екенсің🙂

aruzhanymsol

09 Oct, 14:59


Мұсылман адамда күнделікті оқитын белгілі бір Құран мөлшері болуы керек.