Nurbakhyt Aidosuly @nurbakyt_aidosuly Channel on Telegram

Nurbakhyt Aidosuly

@nurbakyt_aidosuly


2017-2021 Нұр Мүбәрак университеті 🇰🇿

2022-2023 Дәрул Фунун Араб және Ислам ілімдері институты🇹🇷

Nurbakhyt Aidosuly (Kazakh)

Нұрбағыт Айдосұлы атындағы телеграм көрсеткіші - @nurbakyt_aidosuly - 2017-2021 жылдары Нұр Мүбәрак университетінде оқыған, 2022-2023 жылдары Дәрул Фунун Араб және Ислам ілімдері институтында нав. Бұл каналда Нұрбағыт тақырыптарын, жетекші ілім ізденістерін, жаңа білім және кеңестерін бөліседі. Бұл каналда жасындағы оқушыларға үздік білім беру арқылы жаңа мұғалімдердің көмегін жеткізу арқылы басқарушы бола алатын арнайы мазмұндарды көрсету үшін жасалған.

Nurbakhyt Aidosuly

13 Feb, 20:16


Мүмін адам бұл түні [Шағбанның жартысы – Бараат түні] өзін толықтай Алланы зікір етуге, күнәларының кешірілуін, кемшіліктерінің жабылуын, қиындықтарының жеңілдеуін сұрап дұға жасауға арнауы керек. Оған қоса, бұл істерге кіріспес бұрын шын жүректен тәубе етуі тиіс, өйткені бұл түні Алла тәубе еткен құлдарының тәубесін қабыл етеді.

©️Ибн Рәжаб
(рахимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

11 Feb, 09:21


Хасан әл-Басриден (рохимаһулла):

“Адам Раббысынан ұялуы керек емес пе? Күнәсі үшін тәубе етіп, кейін қайтадан күнә жасап, тағы да тәубе етеді, сосын тағы қайталайды?” – деп сұрағанда, ол:

“Шайтан сендерді осы оймен тұзаққа түсіргісі келеді. Сондықтан тәубе мен истиғфардан еш жалықпаңдар!” – деген.

📖 [«әт-Тәуба» – Ибн Әби әд-Дунья].

Nurbakhyt Aidosuly

10 Feb, 14:30


“Сендердің алдыңғы қауымдарды құрдымға жіберген үш нәрсе: артық сөз, артық тағам, артық ұйқы”.

Ибраһим ан-Нахағи (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

10 Feb, 14:02


Имам әл-Мухасиби (рохимаһулла):

“Біл, саған насихат айтқан адам – сені жақсы көруші, ал жалған жағымпаздық жасаған адам – сені алдаушы адам. Егер біреу насихатыңды қабылдамаса, ол саған шынайы бауыр емес. Өйткені хазіреті Омар (Алла оған разы болсын):

«Насихат айтпайтын елде қайыр жоқ, насихатты ұнатпайтын қауымда да қайыр жоқ» деген.”

Nurbakhyt Aidosuly

05 Feb, 09:04


Шыда! Сабыр ет! Бұл өмірде барлығы уақытша

Nurbakhyt Aidosuly

04 Feb, 07:20


Әбу Дәрда (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді:

“Кімде-кім таңертең және кешке жеті рет:

«Хасбияллаһу лә илаһа иллә һуә, ъалайһи тәуәккәлту, уә һуа раббул-ъаршил-ъазыйм»

“Маған Алла жеткілікті. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оған тәуекел еттім, Ол – Ұлы Аршының Иесі” – деп айтса, Алла оны бұл дүниедегі және ақыреттегі уайым-қайғысынан құтқарады.”

📚Имам Әбу Дәуд

Nurbakhyt Aidosuly

03 Feb, 20:05


Құрметті оқырмандар! Бұл арнада жарнама жасамауға тырысамын. Бірақ қазір сіздерге үлкен өтінішпен жазып отырмын. Мына хабарды тыңдап, қолдан келер көмекті көрсетуге шақырамын.
Алла разы болсын баршаңызға!

Каспи: 8 (775) 233-38-58
Еламан

Nurbakhyt Aidosuly

03 Feb, 11:29


Шейх Әли Тантауидің өсиеті

Шейх Әли Тантауи (Алла рахымына алсын) былай дейді:

“Кімде-кім өзінен күшті мен бай адамдарды Алла өзіне қызмет еткізсін десе, әлсіздер мен кедейлерге қол ұшын созсын. Әр адам өзін өзгелердің орнына қойып, бауыры үшін өзіне қалаған жақсылықты қаласын.”

“Нығметтер (ризық-несібе, мүмкіндік) шүкір етумен сақталады, ұзарады және көбейеді. Алайда шүкір – тек тілмен ғана айтылатын «шүкір» емес. Егер біреу қолына тасбих алып, мың рет «әлхамдулилләһ» десе, бірақ бай бола тұра сараңдық танытса, беделі бола тұра жақсылық жасамаса, билігі бола тұра әділетсіздік етсе – ол шынайы шүкір еткен емес. Ондай адам тек көзбояушы немесе өтірікші ғана болады.”

“Сондықтан Алланың берген нығметтеріне шынайы амалмен шүкір етіңдер. Өздеріңе қалай жақсылық жасалғанын қаласаңдар, өзгелерге де солай жақсылық жасаңдар. Біліп қойыңдар, сендерге айтылып отырған бұл нәрсе – дұшпанға қарсы жеңіске жетудің және оған дайындалудың бір жолы. Ол – малмен жасалатын жиһад, ал малмен жасалатын жиһад – жанмен жасалатын жиһадтың сыңары. Алла насихатты тыңдап, оны бір құлағынан кіргізіп, екіншісінен шығарып тастамай, амал еткен жанға рақымын жаудырсын!”

Nurbakhyt Aidosuly

03 Feb, 02:15


Әбу Дәрда (Алла оған разы болсын):
“Шынында, мұсылман құл ұйықтап жатқанда, оған кешірім беріледі” - деді. Сонда әйелі Умму Дәрда (Алла оған разы болсын):
“Бұл қалай болады?” – деп сұрайды. Сонда Әбу Дәрда (Алла оған разы болсын) былай деп жауап береді:

“Түнде оның бір мұсылман бауыры тұрып, құлшылық етеді және дұға жасайды. Алла оның дұғасын қабыл етеді. Ол дұғасында бауыры үшін де кешірім сұрайды, Алла оны да қабыл етіп, оған кешірім береді.”

Бір-бірімізге дұға ете жүрейік🙂

Nurbakhyt Aidosuly

01 Feb, 12:49


Осман ибн Зайд (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте бірде Алла елшісінеﷺ былай дедім:

“Уа, Алланың Елшісіﷺ! Сіздің Шағбан айында басқа айларға қарағанда көбірек ораза ұстайтыныңызды көрдім?” – деп сұрадым.

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деп жауап берді:

“Бұл –ай Рәжәб пен Рамазанның ортасында адамдар елеусіз қалдыратын ай. Бұл айда адамдардың амалдары Аллаға көтеріледі. Мен амалымның мен ораза күйде болған хәлде көтерілгенін қалаймын.”

📚[Имам Ахмад, Ән-Нәсәи, Әбу Дәуіт риуаят еткен]

🌐 Шейх Мухаммад Аууама (хафизаһулла) парақшасынан

Nurbakhyt Aidosuly

31 Jan, 16:40


Балаға оның қоршаған ортасы дүниетанымды қалыптастырса, руханиятының негізін қалап беруші ол ата-ана.

Nurbakhyt Aidosuly

31 Jan, 11:27


Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:

“Расында, Алланың жер бетінде саяхаттап жүретін періштелері бар. Олар зікір мәжілістерінен өткен кезде, бір-біріне: «Отырыңдар!» – дейді. Егер жиылған қауым дұға етсе, олар (періштелер) дұғаларына «әмин» дейді. Егер олар Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтса, періштелер де олармен бірге салауат айтады. Сосын (жиын аяқталған соң) періштелер бір-біріне: «Қандай бақытты жандар! Олар (осы мәжілістен) күнәлары кешіріліп қайтып барады!» – дейді.”

Nurbakhyt Aidosuly

30 Jan, 19:05


🫀 Адамдардың намазға сылтаулары дене мүшелері жетіспегендігі үшін емес, Аллаға деген махаббаты жетіспегені үшін...

@murid_kz

Nurbakhyt Aidosuly

30 Jan, 11:25


Ғапылдық асқан ауыр ұйқы жоқ,
Нәпсіге құл болудан асқан құлдық жоқ.
Ажалдан ауыр қайғы жоқ,
Шашқа түскен ақ самайдан артық ескертуші жоқ.

📕[әт-Табсирә – Ибн Жаузи]

Nurbakhyt Aidosuly

30 Jan, 09:19


Құранды құрметтеуге қатысты үкімдер
Егер біреу Құранға немесе оның бір бөлігіне немқұрайлы қарап, оны менсінбей кемсітсе, оған тіл тигізсе, лас жерге тастаса, Құран жазылған қағазды қорласа, мұсхафты (Құран кітабын) еш себепсіз нәжіспен былғаса және оның бұл әрекеті мазақ ету мақсатында жасалмағанын дәлелдейтін айқын негіз болмаса – тіпті әлсіз белгі болса да – ондай адам мұсылман ғалымдарының бірауыздан келісімі бойынша күпірлікке түседі.

📚[Әл-маусуғату әл-фиқһияту әл-куейтия«14/58]

Nurbakhyt Aidosuly

29 Jan, 11:59


Бұл әлемдегі сапарыңда уақыт өте есейіп, кемелдене түсесің. Алайда шынайы кемелділік – ойың мен руханиятыңның жетілуі.

Өзіңе өзің дос болуды үйрен. Жүрегіңе қуаныш сыйлайтын да, өзіңді қолдайтын да өзің бол. Ешкімге мұқтаж болмауды дағдыға айналдыр.

Күш-қуатыңның, төзімділігің мен қайсарлығыңның қайнар көзі өзің бол, бірақ әрдайым Ұлы Раббыңа арқа сүйе.

Өзіңді өзгелерден ерекшелендіретін сыртқы қуатыңды да, жүрек күшіңді де Алладан алған нығмет деп біл.

Жүрегіңді адамдарға емес, Жаратушы Раббыңа байла

Шейх Юсуф Хаттар (хафизаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

29 Jan, 03:54


“Бір бауырыңа қарыз беріп жатқан кезде оны қатты бір құшақтап-құшақтап алыңыз, бәлкім сіз оны соңғы рет көріп тұрған шығарсыз”.😁

Қарыз алып қайтармайтындар жүре бермеңдер олай🫵

Nurbakhyt Aidosuly

27 Jan, 15:32


Я Раббым мені біреуге жамандыққа себеп болып, ертең қияметте мені сылтау қылуынан сақтай гөр🤲

Nurbakhyt Aidosuly

27 Jan, 13:04


Шәһуат нәпсіқұмарлық патшаны құл етеді, сабырлық құлды патша етеді.

Nurbakhyt Aidosuly

27 Jan, 10:35


Айша анамыз (Алла оған разы болсын) айтады:
– Уа, Алланың Елшісі ! Қиямет күні адамдар қалай тіріледі? – деп сұрадым.

Алла елшісі ():

– Жалаңаш, жалаңаяқ күйде - деп жауап берді.

Сонда мен:
– Әйелдер де солай ма? – деп сұрадым.
Ол ():
– Иә, әйелдер де солай, – деді.
Сонда мен:
– Уа, Алланың Елшісі! Біз (жалаңаш болудан) ұялып, қысылмаймыз ба? – деп сұрағанымда Алла елшісі:

– (Ол күннің) жағдайы өте ауыр болғаны соншалық, бір-біріне қарауға ешкімнің шамасы келмейді - деді.

Nurbakhyt Aidosuly

26 Jan, 17:18


Қазір көбіміз оқып жүрген намаз — Алла Тағала Миғражда парыз еткен намаз емес…

📚 Мухаммад әл-Ғазали, Фиқһ әс-Сира

Nurbakhyt Aidosuly

26 Jan, 11:25


Әнәс ибн Мәәлик (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Алла елшісі :

“ Мен білген нәрсені білгендеріңде, аз күліп, көп жылайтын едіңдер” деді.

Nurbakhyt Aidosuly

24 Jan, 13:20


“Біле тұра әдейі жасалған күнәнің кішісі жоқ. Алладан кешірім сұрап тәубе етсе күнәнің үлкені жоқ”.

📚[Хадис]

Nurbakhyt Aidosuly

23 Jan, 15:31


Үйдегі берекенің азаю себептерінің бірі – отбасы мүшелерінің тамаққа бірге отырмауы, әркімнің жеке-жеке ас ішуі.

Уәхши ибн Харб (Алла оған разы болсын) Алла елшісінен ():

“Біз тамақтанамыз, бірақ тоймаймыз. Бұның себебі неде?” – деп сұрады.

Сонда Алла елшісі ():

“Мүмкін, сендер тамақты жеке-жеке жейтін шығарсыңдар? - деді”

Сахабалар: “Иә,” – деп жауап берді.

Сонда Алла елшісі ():
“ Тамаққа бірге отырып жеп, Алланың атын айтып бастаңдар. Сонда тамақтарыңа береке беріледі!” – деді.

📚[Сунан Ибн Мәжа]

Nurbakhyt Aidosuly

23 Jan, 11:06


Шейх Абдуль Фаттах Әбу Ғудданың "Қиматуз-заманның" сегізінші басылымға ренжіп жазған кіріспесінен көп пайда алдым.

Шейх кіріспеде өзінің кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамаған замандастарына қатты ренжігенін айтады. Өз заманында оның кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамағандарды атап кетеді. Бұндай амал ғалымдардың ахлағы емес екендігін айтып, сілтеме жасаудың маңыздылығы жайлы олардың сөздері мен кітаптарынан мысал келтіреді.

Бұл мәселе қазіргі кезде де өршіп тұр. Бір каналдан, парақшадан көрген, оқыған пайдалы білімді алып, өзіміздің парақшаларымызға өзіміз тапқандай, өзіміз жазғандай кейде сілтеме бермей саламыз. Ал бұл, білімге деген қиянат болады.

Алла Тағала баршамызды аманатшыл болуымызды нәсіп етсін!

Nurbakhyt Aidosuly

22 Jan, 07:33


Пайғамбарымызға (ﷺ) деген әдепсіздіктің бірі – Оның есімінен кейін ﷺ белгісін толық жазбай, (ص) немесе (с.а.с) деп қысқартып жазу. Бұл қысқартуды алғаш жазған адамның дәл сол қолы жансызданып сал болып қалған. Сондықтан, біз Алладан Пайғамбарымыздың (ﷺ) қасиетті мәртебесіне құрметсіздік жасаудан амандық пен есендік сұраймыз.

Nurbakhyt Aidosuly

21 Jan, 16:10


Рамазан айына 39 күн қалды!

Бұл Рамазанды тағы да Құрансыз өткізуден сақ бол!

Nurbakhyt Aidosuly

21 Jan, 07:49


Ластық жайлаған заманда – пәктігіңді,
Қиянат белең алған шақта – адалдығыңды,
Әдеп жоғалған кезеңде – ізеттілігіңді,
Зұлымдық көбейген уақытта – мейірімділігіңді,
Айғай-шу бос сөз толы кезде – үнсіздігіңді сақта.

Өз бақытың үшін ешкімді қинама,
Қателіктеріңді ақтау үшін ешкімге әділетсіздік жасама.
Біреудің жүрегін жараламай, өз қуанышыңды құруға тырыс.

Жүрек – нәзік бұтақ,
Оны жылы сөз бен шынайы күлкі ғана идіре алады.
Сондықтан сөзің – самалдай жұмсақ болсын,
Мұңайған жанға медеу болсын.

Жүрек тазалығы – көркем мінездің белгісі,
Жылы сөз – шынайы сезімнің айнасы,
Ізгі іс – адалдықтың көрінісі.
Олай болса, жүрегі тек жақсылыққа толы жандар – ең бақытты адамдар!

Шейх Юсуф Хаттар (хафизаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

20 Jan, 15:46


🌟 «Ақиқат алдында жеңілген жүрек» 🌟

📖 Құран – адамзатқа жіберілген Ұлы Мұғжиза!
Бұл кітап сізді Құранның таңғажайып әлеміне жетелейді:
✔️ Ғылым мен Құранның үйлесімін ашасыз 🧪🌌
✔️ Құранның әдеби шеберлігін сезінесіз ✍️
✔️ Мұсылман еместердің Құран туралы шынайы пікірлерімен танысасыз 🌍🤝

💡 Неге бұл кітапты оқу керек?
🔸 Құранның шынайы табиғатын ғылыми тұрғыда түсінесіз
🔸 Әдеби ерекшеліктерін терең зерттейсіз
🔸 Исламға деген көзқарасыңызды өзгертетін жаңа пікірлер оқисыз

🛒 Кітапты сатып алып, Құранның кереметтеріне куә болыңыз!
💳Каспи: 87086592916
Чек жіберу үшін: 87086592916
💵 Бағасы: [1590тг]

🔥 Ақиқатқа қадам басып, жүрегіңізге нұр сыйлаңыз! 🔥

https://t.me/nursultan_zs

Nurbakhyt Aidosuly

20 Jan, 12:44


«Кім күнә жасап, әрі сол күнәсінан ұялмаса, ол күнә мен арсыздықты қатар жинаған болады».

Имам Рази (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

20 Jan, 09:08


Жуһайна тайпасынан болған бір адам Алла Елшісінің былай дегенін жеткізеді:

«Мүмінге берілген ең жақсы нәрсе – көркем мінез, ал адамға берілген ең жаман нәрсе – көркем сыртқы кейіптегі жаман жүрек».

Nurbakhyt Aidosuly

20 Jan, 02:10


Өзгенің қолындағы дүниеге қызыққан адам, өз қолындағы нығметтің қадірін білмейтін адам!

Nurbakhyt Aidosuly

18 Jan, 10:41


Сөзімен дінге шақырып, амалымен діннен қашыратындардан болма!

Nurbakhyt Aidosuly

16 Jan, 20:30


“Алла тағала менің дұғама жауап береді деген шынайы сеніммен дұға қылыңдар! Расында Алла тағала ықылассыз, ғапыл жүректен шыққан дұғаны қабыл етпейді”.

📚[Хадис]

Nurbakhyt Aidosuly

16 Jan, 14:15


“Намазыңа немқұрайлы болсаң, саған дініңнің қай нәрсесі қымбат болмақ?!”

Хасан әл Басри رحمه الله


Шейх Юсуф Хаттардың кітабынан

Nurbakhyt Aidosuly

15 Jan, 19:01


Ғаззадағы соғыс тоқтады деген хабар жетті! Бұл хабардың рас болуын әрі енді ешқашан соғыс болмауын тілейміз!

Мұсылманның қуанышына қуана алмаған, қайғысына ортақтаса алмаған өзінің иманына мән берсін!

Nurbakhyt Aidosuly

15 Jan, 08:22


Сафи әл-Һинди (һ. 715 жылы қайтыс болған) былай дейді:

«Бірде кітап базарында жазуы менікінен де нашар бір кітапты көрдім. Бағасын өз бағасынан асыра төлеп, қымбатқа сатып алдым. Себебі оны менің жазуым ең нашар дегендерге дәлел ретінде көрсеткім келді. Сөйтіп үйге келіп, мән беріп қарасам, ол өзімнің ескі жазуым екен!»

Nurbakhyt Aidosuly

14 Jan, 13:01


“Сұрасаң, тек Алладан сұра! Жәрдем тілесең, тек Алладан жәрдем тіле, бір істі істеуге шешім қабылдасаң Аллаға тәуекел ет!”

📚[Хадис]

Nurbakhyt Aidosuly

13 Jan, 07:40


“Кімде-кім өзінде жоқ нәрсемен әсемденіп, соны көрсететін болса Алланың назарынан түсіп қалады”.

Сари ас-Сақати (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

12 Jan, 10:23


Кағб ибн Маликтен (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) :


«Екі аш қасқыр қойға жіберілсе, қойға қаншалықты зиян тигізсе, адамның мал-мүлік пен атақ-даңққа деген ашкөздігі оның дініне оданда артық зиян келтіреді».

Nurbakhyt Aidosuly

11 Jan, 20:19


Рухымыз демалсын десек, мына денені Алланың разы болатын істерінде шаршатуымыз керек. Ал денемізбен Аллаға қарсы шығып, тыйым салған амалдарды істесек, мына рухымыз дүниеде де, қабірде де, есеп қисапта да тыныштық таппай азапта болады.

Nurbakhyt Aidosuly

11 Jan, 15:11


Ассаламуалайкум құрметті оқырман!
“Олжекем…жанымның жаз ғұмыры” атты
Олжас Ханафин ұстазымыз (Алла рахымына алсын) жайлы кітапшамыз жарық көрді. Барлығы Алланың сәттілігімен

📕Кітап электронды нұсқада (pdf)

💰Құны: 1500 тг

📲Кітапты алу үшін мына номерге жазыңыз.
+ 8777 572 13 13

📍Бірақ бұл номерге төлем жасамаңыз.

Nurbakhyt Aidosuly

11 Jan, 10:05


Солих әл-Мәрри (рохимаһулла):

“ Түсімде Алла елшісіне Құран оқыдым. Ол маған: «Уа, Сәбит, бұл қырағат ғана. Көз жасың қайда?» - деді.

📚 [Олар Пайғамбарымызды осылай көрген]

Nurbakhyt Aidosuly

10 Jan, 14:15


Ұстазымыз шейх Хоолид Хорса (хафизаһулла) Алла жолында дағуат жасауға керемет үлгі бола білген үлкен ғалымдардан. Ол кісі бір күні сабақ аралық үзілісте бізге:

-“Ертең Алланың дініне қызмет жасауға барасыңдар, сонда өзіңе ыңғайлы емес керісінше сенен көп пайда алатын жерге бар” - деген еді.

Негізінде алған ілімімізбен комфортты емес барынша Алла берген ілімді таратуға пайдалы болуды мақсат етуіміз керек.

Nurbakhyt Aidosuly

09 Jan, 21:55


Имам аш-Шафиғи бірде Алла елшісін түсінде көріп, Алла елшісінен:

- Я Расулуллаһ! Саған салауаттың қандай түрі ең ұнамды? - деп сұрадым. Сонда Алла елшісі:

“Аллаһумма солли ғәләә сайидинәә Мухаммадин кулләмәә зәкәрокә әз-зәәкируун уә солли ғәләә сайидинәә Мухаммадин кулләмә ғофәлә ған зикрикә әл-ғоофилуун” - деді.


Жұма мүбәрак болсын!

Nurbakhyt Aidosuly

07 Jan, 20:56


Сенің зеректігің немесе тез жаттау қабілетін жәй себеп ғана. Сол себепті ілім алуда немесе Құран жаттауда тек Аллаға ғана байлан! Өйткені себептер әрдайым нәтиже бере бермейді!

Nurbakhyt Aidosuly

07 Jan, 15:03


Кім Құранды тыңдап, жүрегі елжіремесе, күнәсін еске алып, тұла бойын өкініш билемесе, ғибратты көріп, одан сабақ алмаса, қайғы қасірет туралы естіп, жаны ашымаса, ғалымдармен бірге болып, білімге сусындамаса, даналармен дос болып, даналықты ұқпаса, ұлы тұлғалар туралы оқып, жігері жанбаса, ондай адам – жеп-ішуден ары аспас.

Тілі сөйлегенімен, сөзі бос,
Сырттай адам болса да, іштей хайуан секілді.

[һәкәзә ғәлләмәни ал-хая]

Nurbakhyt Aidosuly

07 Jan, 10:28


Өз абыройыңды сақтап қалғың келсе, әр ортада өзіңнің жеке шекараңа басқалардың кіруіне жол берме!

Nurbakhyt Aidosuly

05 Jan, 14:08


Саған алтын уақытын арнаған адамның қадірін біл. Өйткені ол саған қайтып келмейтін асыл нығметін арнады.

©️Нәжиб Махфуз

Nurbakhyt Aidosuly

03 Jan, 19:27


“Жақсы” деп уәде беріп, артынан орындамағаныма қарағанда, “Жоқ” деп бас тартқаным мен үшін жақсырақ!”

Ибн Жундәб (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

31 Dec, 18:03


Имам Шафиғи (р.а.) өзінің «Әл-Умм» атты кітабында былай дейді:

“Бізге жеткен деректерде дұға мына бес түндері қабыл болады: жұма түні, Құрбан айт түні, Ораза айт түні, Рәжәб айының бірінші түні және Шағбан айының жартысы (яғни Бара’ат түні)”.

Бүгін Рәжәб айының алғашқы түні🤲. Дұғалар қабыл болсын

Nurbakhyt Aidosuly

31 Dec, 10:52


Жалпылама ертелі-кеш айтылуы керек зікірлер:

100 рет Истиғфар (Астағфируллаһ)

100 рет Салауат ( Аллаһумма солли ғәләә сайидинәә Мухаммад)

100 рет Лә хәулә уә лә қууәтә илләә билляһ

100 рет Лә иләәһә иллаллаһ

Nurbakhyt Aidosuly

30 Dec, 13:33


“Аллаға жақын болған адам ғана амандық пен тыныштық табады, ал Алладан алыстаған жан қорқыныш пен қорлықта болады”.

• Алланың әмірін орындап, Оған бойсұнбаған адам әрдайым қор болып қала бермек.

• Алланың кітабы арқылы шипа таппаған жан дертінен айыққан емес.

• Аллаға мұқтаждықты сезініп, Оған тәуелді болмаған адам әрдайым кедей болып қала бермек.

• Алланың құлы болуды шынайы түсінбеген жан, әркімге құл болып қала бермек.

• Аллаға тәуекел етпеген адам әр соққының нысанасы болып қала бермек.

• Алланың қорғанына сенбеген жан, қорғансыз болып қала бермек.

📚[Ибн әл-Джаузи, “Әт-Тәзкира”]

Nurbakhyt Aidosuly

30 Dec, 07:42


“Рамазан айы Рәжәб айының айнасы, Рәжәб айын қалай өткізсең, Рамазан айында да дәл солай өткізесің”

Шейх Али Омари (хафизаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

29 Dec, 13:47


Дінді бекем ұстана алмай жүрген мұсылманды көріп дінді жамандайсың, ал дінге бекем болған, дінді мықты ұстанған мұсылманның амалын көріп дінді солай ұстануға неге талпынбайсың?

Nurbakhyt Aidosuly

28 Dec, 15:08


Бауырыңның басына түскен қиындық сені қуандыратын болса, біл сенің жүрегіңде дерт бар!

Nurbakhyt Aidosuly

28 Dec, 11:41


ومن ‌أقبح ‌البدع: ‌موافقة ‌المسلمين ‌النصارى في أعيادهم، بالتشبه بأكلهم، والهدية لهم، وقبول هديتهم فيه.

الإمام ابن حجر الهيتمي رحمه الله (الفتاوى الفقهية الكبرى)

Бидғаттың ең сорақысы -
мұсылмандардың христиандар ұқсап олардың тамағын жеп, өзара бір-бірлерімен сыйлық алмасу арқылы олардың мерекесін атап өтуі.

Имам ибн Хаджар әл-Һәйтәми (р.а)
“әл-Фәтәуә әл-Фиқһия әл-Кубро” кітабы

Nurbakhyt Aidosuly

28 Dec, 05:44


Сенің энергияңның жауы - таңнан кейінгі ұйқы

Nurbakhyt Aidosuly

27 Dec, 16:47


“Бұл дін Алланың тауары секілді, сол себепті бұл дінді адамдарға ұсынып насихаттаған кезде Пайғамбарлардың көркем-мінезімен насихат қылыңдар”!

Шейх Әдибул Кәлләс (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

27 Dec, 06:19


Ғалымның екі қайғысы бар:

1. Ілімі амалға жетелемеуі
2. Оқыған ілімін ұмытуы

Шейх Абдус-сәләәм әш-Шаннар (хафизаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

27 Dec, 06:14


ومِن علاماتِ إخلاصك: أن لا تفرح بثناء الخلق عليك، وأن لا تحزنَ بذمهم لك، بل يستوي عندك الأمران.

الإمام أبو حامد الغزّالي

Сенің қандай да бір істе ықыласты екендігіңнің белгісі:
Адамдардың сөгісі сені қайғыртпайды және олардың мақтауы да саған қуаныш сыйламайды. Бәлкім екеуі де сен үшін тең болады.

Имам Әбу Хамид әл-Ғазали

Nurbakhyt Aidosuly

25 Dec, 09:28


Араб тілінде “Ықылас, Ниет, Мухасаба, Шүкір.......” деген секілді жеке-жеке тақырыптарға арналып жүздеген кітаптар жазылғанын көріп таңғаласың.

Біздің елде де Түркиядағы секілді аударма орталықтарына көп ақша құйылар болса халықтың сауатын ашатын 1000 даған кітаптар шығар ма еді деп те ойлайсың.

Тек соған тағайындалған орталықтар болмаса бір адамның көптеген кітаптарды жазып, аударуы өте ұзақ әрі қиын процесс.

Діни салада жүрген ұстаздарымыз да қаржылық мәселелер себепті күндіз кәсібін жасап, кешке отбасына көңіл бөліп, тек түнде ғана кітап аударуға аз-маз уақыт көңіл бөлетінін жақсы білеміз.

Сол себепті неге кітаптар жазылмай жатыр, елімізде неге сауатты діни кітаптар аз деген сұрақты қойған кезде, өзіңіз бір сәтке болсын ойланып көріңіз.

Осы нәрсенің дамуына аз-маз қандай үлес қостыңыз? Осы күнге дейін қанша діни кітап оқыдыңыз? Оқып болған соң сол кітаптарды кімге ұсыныс қылып, кімге сыйға тарттыңыз?

Құдайдың құтты күні тегін реакция мен лайктың өзін сұраттырып алатын жағдайға тап болдық.

(Неге реакция сұрай береді?- деп ренжитіндер бар.

Сол ұстаздар инфокоучтар секілді реакция сұраттырып, онымен прогрев жасап, ақша тапқысы келеді деп ойлайсыз ба? Охват көтерілген сайын дін кеңінен жайылатынын жақсы білесіз ғой. Өзінің түні бойы кітап ақтарып тапқан мәліметтерді, аз ғана адам емес, көп адам білгенін қалайды. Міне осы үшін)

Сол себепті құрметті бауырым, жәй ғана керітартпа сөздерді азайтып, шынайы қолдауға көшкен дұрыс секілді....

Nurbakhyt Aidosuly

25 Dec, 09:08


Бөленіп жатқан нығметтеріміз бізді сол нығмет берушіден алаңдатып қоймасын!

Nurbakhyt Aidosuly

21 Dec, 13:28


Бұл дүниеде барлығы шаршайды. Ал Алла жолында, ахыретін ойлап шаршап жүрген жандарға сүйінші болсын!

Nurbakhyt Aidosuly

20 Dec, 18:05


Әр саланың өз маманына жүгінбей іс қылсаң, нәтижесі қандай болсада тек өзіңді кінәла!

Nurbakhyt Aidosuly

20 Dec, 10:00


Айша анамыз жеткізген хадисте Алла Елшісі былай дейді:

“Кім Алламен жолыққан кезінде Оның одан разы болғанын қаласа, маған салауат айтуды көбейтсін.”

📚[Имам Тирмизи]

Аллаһумма солли ғәләә сайидинәә Мухаммадин уә ғәләә әәлиһи уә сохбиһи уә сәллим🤍

Nurbakhyt Aidosuly

19 Dec, 10:20


Әбу Зарр (Алла оған разы болсын) былай дейді:

“Ардақты Пайғамбарымыз жеті нәрсені өсиет етті:

1. Кедейлерді жақсы көруді және оларға жақын болуды;

2. Өзімнен дүние тұрғысында төмен тұрған адамдарға қарауды және өзімнен жоғары тұрғандарға қарамауды;

3. Менен сырт айналса да, туыстық қарым-қатынасты үзбеуді;

4. “Лә хәулә уә лә қуәтә иллә билләһ” деп жиі айтуды;

5. Ащы болса да, ақиқатты айтуымды;

6. Алла жолында ешбір сөгістен немесе адамның айыптауынан қорықпауды;

7. Адамдардан ештеңе сұрамауды.”

📚[имам Муслим және имам Ахмад риуаят еткен]

Nurbakhyt Aidosuly

19 Dec, 07:03


Алла Тағала былай дейді:

“Ей, Адам баласы! Таң атып, күн басталғанда төрт рәкағат намаз оқуды ауырсынба. Сонда мен сенің күніңнің соңын берекелі етіп,жарылқаймын.”

📚имам Әбу Дауд пен имам Тирмизи жеткізген).

Ұлы ғұлама Тиби (Алла оған рақым етсін) бұл хадисті былай деп түсіндіреді:

“Яғни, таңның атысымен құлшылыққа көңіл бөлсең, мен сенің жүрегіңді тыныштыққа бөлеп, күннің соңына дейін мұқтаждықтарыңды өтеймін, қажеттеріңді жеңілдетемін және ұнатпаған нәрселеріңнен сақтаймын.”

Nurbakhyt Aidosuly

18 Dec, 10:43


Ғибадаттың ләззәті - харам істерді тәрк етуде жатыр.

Nurbakhyt Aidosuly

16 Dec, 12:05


📙 Жақсы шәкірт — Алланың берген ерекше сыйы. Оны бағалап, ол үшін Аллаға шүкіршілік білдіру керек. Себебі ондай шәкірт болмаса, көптеген ілімнің пайдасы болмас еді.

📱 Школа Абу Ханифы

Nurbakhyt Aidosuly

09 Dec, 11:26


Шынайы бейне ол жалғыз қалған кезде. Адамдардың алдындағы бейнеңе алданба!

Nurbakhyt Aidosuly

08 Dec, 07:44


Жеңіс құттты болсын! Раббым ұзағынан етсін!

#Әркімәрқалайтүсінер

Nurbakhyt Aidosuly

07 Dec, 10:14


Бүгінгі қиған некемде қалыңдық мәһірге үй сұрай салды ал!

Nurbakhyt Aidosuly

06 Dec, 19:05


💬 Имам Бухаридің шәкірттерінен бірі Фирабри (Алла оны рахымына алсын) (һ.320) айтады:

Ұстазым (Имам Бухари) бір күні маған көп хадис жазуды бұйырды. Шаршап қалуымнан қорқып, маған былай деді:

“Уайымдама! Көңіл көтерушілер ойын-сауық орындарында,
қол-өнершілер жұмыс орындарында, саудагерлер дүкендерінде, ал сен болсаң Пайғамбарымызбен (ﷺ) және оның сахабаларымен біргесің.”

📕 Зәһәби, Сияру Әғлам ән-Нубәлә.

Nurbakhyt Aidosuly

06 Dec, 12:48


Адамдардың сыртқы көрінісіне алданып, үкім бермеңіз!

Адамдар — жабық сандық секілді. Жабық сандықтың сыртына қарап, оның ішіндегіні көрмей тұрып үкім шығармағаныңыздай, адамдардың да ішкі жан дүниесін білместен үкім шығармаңыз!

Әдһам Шәрқауи

Nurbakhyt Aidosuly

06 Dec, 11:10


Күйеуім үндемейді, демек алып алған ғой деп күмәнданбаңыз, жақсы ойда болыңыз бәлкім ол сізден қорқатын шығар😂)

Nurbakhyt Aidosuly

06 Dec, 11:04


Екінші әйел алу туралы талқылай беретіндер - екінші әйел ала алмайтындар. Екінші әйел алатындар олар үндемей жүріп алып қойған уже😁.

Nurbakhyt Aidosuly

06 Dec, 04:25


📌Дұға📌

“Аллаһым өзіңе мұқтаждықпен емес, махаббатпен жақындауымды нәсіп ет”.

🔤🔤🔤🔤 🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤

Nurbakhyt Aidosuly

04 Dec, 14:50


“Алла тағаланың разылығына себеп болатын барлық есіктерінде адамдардың көптігін байқадым, тек бір есіктен басқасы. Ол есік - Алла тағалаға шынайы әлсіз екенін мойындап, шарасыз болған күйде дұға қылу.

Ибн Қойим (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

04 Dec, 14:47


Адамдарға сондай бір заман келеді, ол кезде ешкім аман қалмайды. Тек суға батып бара жатқан шарасыз адам секілді дұға қылғандар ғана құтылады.

©️ Хузайфа ибн әл-Яман

Қаншалықты бай болсаң да, шарасыз кедей секілді дұға қыл.

Қаншалықты сау-қуатты болсаң да, шарасыз ауру адам секілді дұға қыл.

Қаншалықты ғалым болсаң да, шарасыз надан секілді дұға қыл.

Nurbakhyt Aidosuly

04 Dec, 11:46


Алла елшісі :

“Кімде-кім Алла тағала оған қиыншылық кезде дұғасына жауап бергенін қаласа, қуанышты кезінде Аллаға көп дұға жасасын”

📚[Имам Тирмизи]

Nurbakhyt Aidosuly

04 Dec, 05:00


Құранды жаттамасаң, сенен басқалар жаттайды. Құраннан алыс болсаң, оған басқалар жақындауда. Құраннан алыс қалсаң қасіретке ұшыраушы тек өзің ғана.

Nurbakhyt Aidosuly

03 Dec, 15:18


Бауырыңа сыйлық беруде екі сауап бар:

1. Берілген сыйлық үшін
2. Бауырыңның көңіліне қуаныш сыйлағаның үшін

Nurbakhyt Aidosuly

03 Dec, 10:52


Ибн Масғудтан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла елшісі ﷺ:

«Уа, адамдар! Шындығында, мен сендерге істеуді бұйырған амалдардан артық сендерді жәннатқа жақындатып әрі тозақтан алыстататын амал жоқ. Ал сендерді қайтарған амалдардан артық тозаққа жақындатып әрі жәннаттан алыстататын амал жоқ.

Руухул-Әмин (Жәбірейіл періште) менің жүрегіме былай деп салды:

«Шын мәнінде, әрбір жан иесі өз несібесін толық алмайынша өлмейді. Олай болса, Алладан қорқыңдар және ризықты іздеуде әдепті болыңдар. Ризықтың кешігуі сендерді Алланың тыйым салған жолдарымен іздеуге итермелемесін. Өйткені, Алланың қасындағы нығметтерге тек Оның әмірлерін орындау арқылы ғана қол жеткізіледі».

📚[Имам Ахмад, Әбу Нуғайм]

Nurbakhyt Aidosuly

03 Dec, 07:41


“Мен адамның мал-мүлкі кеміп бара жатыр деп қайғырып,
уақытым өтіп бара жатыр деп уайымдамауына таңғаламын.
Тағы да, дүниенің өзі одан алыстап, ақырет жақындап келе жатсада,
өзі алыстап бара жатқан дүниеге жармасып асығып,
жақындап келе жатқан ақыреттен сырт айналғанына таңғаламын.”

📚 Ибн Әбу Дунья.

Nurbakhyt Aidosuly

02 Dec, 20:01


Дүниеде ең үлкен қажеттіліктердің бірі – уайымнан арылу.

Ақыреттегі ең үлкен қажеттіліктердің бірі – күнәлардың кешірілуі.

Ал осы екеуі Алла елшісіне салауат айтуда қамтылған. Өйткені хадисте келгендей Алла елшісіне сахабасы дұғамның барлығын саған салауат айту қылсам дегенде, Алла елшісі:

“Уайымыңнан арылып,күнәларың кешіріледі” - деген.

Аллаһумма солли ғәләә сайидинәә Мухаммадин уә ғәләә әәлиһи уә сохбиһи уә сәллим

Nurbakhyt Aidosuly

02 Dec, 13:25


Дүниенің шынайы құнын білгің келсе, оған кімдер иелік етіп жүргеніне қара.

©️Тәбиғин Суфиән әс-Сәури

#ауыр

Nurbakhyt Aidosuly

01 Dec, 12:23


Жүрек ол ыдыс. Оны не нәрсеге толтырып жатқаныңа мән бер!

Nurbakhyt Aidosuly

01 Dec, 05:26


💬 قال علي بن أبي طالب (رضي الله عنه):

‏«ارتحلت الدنيا مدبرة، وارتحلت الآخرة مقبلة، ولكل واحدة منهما بنون، فكونوا من أبناء الآخرة، ولا تكونوا من أبناء الدنيا، فإن اليوم عمل ولا حساب، وغدا حساب لا عمل».

📕 صحيح البخاري: ٨/٢٤٦

💬 Али ибн Абу Талиб (һ.40) (Алла оған разы болсын) айтты:

«Дүние сырт айналып кетіп барады, ал ақырет болса беттеп жақындап келеді. Екеуінің де өздеріне тән ұрпақтары бар. Сендер ақыреттің ұрпақтарынан болыңдар, дүниенің ұрпақтарынан болмаңдар. Себебі бүгін амал бар, есеп жоқ. Ал ертең есеп бар, бірақ амал жоқ.»

📕 Сахих әл-Бухари, 8/246

Nurbakhyt Aidosuly

30 Nov, 20:14


Алла елшісі :

“Кімде-кім таңертең әрі кеште:

(باسم الله الذي لا يضرُّ مع اسمه شيءٌ في الأرض ولا في السماء وهو السميعُ العليم)

«Бисмилләhилләзи лә ядурру маға исмиһи шайун фил-ардый уә лә фис-сәмә, уә һуәс-самиғул-алим» деп 3 рет айтса, оған еш нәрсе зиян келтірмейді.”

📚[имам Тирмизи]

📱 Шейх Мухаммад Уәил ал-Ханбали парақшасынан

Nurbakhyt Aidosuly

30 Nov, 10:46


لِيَحۡمِلُوٓاْ أَوۡزَارَهُمۡ كَامِلَةٗ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَمِنۡ أَوۡزَارِ ٱلَّذِينَ يُضِلُّونَهُم بِغَيۡرِ عِلۡمٍۗ أَلَا سَآءَ مَا يَزِرُونَ

“Сондықтан олар қиямет күні өз күнәларын толық арқалаумен қатар, білімсіздікпен өздері адастырған әлдекімдердің де күнәларының бір бөлігін арқалайтын болады. Расында, олардың арқалаған жүгі қандай жаман еді!”.

📕📖Нахл сүресі 25-аят

Nurbakhyt Aidosuly

29 Nov, 19:06


اللهم إني أعوذ بك:
إن يحبني الناس فيك، و أنت لي مبغض


“Аллаһым адамдар мені сен үшін жақсы көріп, сенің маған ашулы болғаныңнан өзіңнен пана тілеймін!”

Nurbakhyt Aidosuly

21 Nov, 11:21


Күнәнің үлкен-кішісіне емес, кімге қарсы шығып жатқаныңа мән бер!

Nurbakhyt Aidosuly

21 Nov, 05:48


Алла елшісі бір хадисінде:

“Әрбір жан өлген сәтінде өкінішке беріледі” деді.

Сонда сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Неге өкінеді?» – деп сұрады.

Алла елшісі :

«Егер ізгі істер жасаған жан болса, одан да көбірек жақсылық жасамағанына өкінеді. Ал егер күнәға батқан жан болса, сол күнәларынан бас тартпағанына өкінеді», – деп жауап берді.

📚[Имам Тирмизи]

Nurbakhyt Aidosuly

20 Nov, 10:21


Имам Шафиғи (рохимаһулла) өз шәкірті Әл-Музаниге (рохимаһулла) былай деп өсиет етеді:

“Аллаға тақуалық етуде тұрақты бол, жүрегіңе ақыретті нық орнықтыр. Өлімді әрдайым көз алдыңда ұста, Раббыңның алдында есеп берер күніңді ұмытпа. Алладан үнемі қорқып, ұялатын бол. Оның харамдарынан аулақ болып, парыздарын мұқият орында. Қайда болса да хақ жолында жүр. Алланың саған берген нығметтерін, аз болса да, елемей азсынып кетпе, қайта олар үшін шүкіршілік ет.
Сөзің зікір, үнсіздігің терең ой болсын, ал қарағаның ғибрат алуға бағытталсын.Әрі тозақтан тақуалықпен Аллаға сыйын!”

Nurbakhyt Aidosuly

19 Nov, 19:07


“Аллаһым дүниені қолымда қыл, жүрегімде қылма! Әрі сол дүние мал-мүлікпен мұсылмандарды тойдыра гөр”.

Абдулқодир ал-Жәйләәни (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

17 Nov, 16:35


“Әрқайсысымызда ең кем дегенде күніне 1 сағаттың жартысын ілімге ал қалған жартысын зікірге толтыруымыз керек”.

Шейх Соләх Абул-Хәдж (хафизаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

16 Nov, 17:26


Алла елшісі :

“Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар!Расында, шайтан Бақара сүресі оқылған үйден қашады.”

📚[Имам Муслим]

Nurbakhyt Aidosuly

15 Nov, 12:55


Құрметті Оқырмандар !
Сүйінші 🥳

ИСТИДРАЖ – Алланың тұзағы.

Аллаға шексіз мақтау мен мадақ болсын! Қасиетті Жұма күні алғашқы еңбегіміз – “Алланың Тұзағы және одан құтылу жолдары” атты кітабымыз оқырманға жол тартты.

Бұл кітапта адамның рухани әлеміне терең үңіліп, Алланың тұзағы деп аталатын сынақтардың сырын түсіндіру мен олардан құтылу жолдары ұсынылған. Көзге көрінбейтін, бірақ жүректі байлайтын сынақтар туралы нақты, түсінікті әрі әсерлі түрде баяндалады.

Өмірінің мәнін іздеген, рухани өсуге ұмтылған әрбір жанға арналған бұл еңбек Алланы тануға, Оның хикметін ұғынуға және тура жолдан таймауға бағыт береді.

🚚Тапсырыс беру үшін

Кітап саны шектеулі! Бүгін тапсырыс беріп, рухани әлеміңізді байытыңыз!

Nurbakhyt Aidosuly

15 Nov, 09:37


“Ата-аналар балаларына тәрбиеде, мәміледе алыс болған сайын, олардың жан дүниесіндегі бос кеңістікті немен толтыратынын білмейді! Олар өздеріне назар аударып, сүйіспеншілік көрсеткен кез келген адамның оңай олжасына айналатынынан да бейхабар.

Балаларыңның тірегі бол, өмірдің қиын жағдаяттарында қарсы тұрар қорғаны бол. Оларға қамқорлықты тек ақша берумен шектеме! Жас жігіттер мен бойжеткен қыздардың басындағы қиындықтар мен адасулардың астарын қарасаң, көбіне олардың ата-аналары олармен мәміле жасап, уақыт бөлуді тастап қойғанынан екенін аңғарамыз…”

Nurbakhyt Aidosuly

15 Nov, 07:10


“Таң намазына тұру және отбасын соған ояту – біздің күн сайынғы жиһад-күресіміз.”

Аллаһым сол істе бізге тауфиқ бере гөр🤲

Шейх Мухаммад Уәил ал-Ханбали (хафизаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

15 Nov, 02:20


«Жеке қалғандағы күнәлар – күйреудің, құрдымға кетудің түп негізі, ал жасырын құлшылықтар – тұрақтылықтың негізі».

Ибн Қойим әл-Жәузи (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

14 Nov, 08:05


«Егер сен өз қадіріңді білгеніңде, жүрегіңді көңіл қалауыңның қоқысына тастап ластамас едің».

Ибн әл-Жаузи (рохимаһулла).

Nurbakhyt Aidosuly

14 Nov, 05:18


Құнды нәрсе кей адамдардың қолына түссе құнын жоғалтқандай, кей құнсыз нәрсе кей адамдардың қолына түссе құнды бола түседі.

Nurbakhyt Aidosuly

14 Nov, 04:49


Мына үш нәрседе пайда жоқ!

- Сараңның қолындағы байлықтан
- Қорқақтың қолындағы қылыштан
- Мұнафықтың қолындағы қаламнан

Nurbakhyt Aidosuly

13 Nov, 15:44


«Егер сен барлық нәрсенің жақсаруын күтсең, өзіңді бақытты сезіну үшін ұзақ күтесің… Бірақ көзқарасыңды өзгертсең, жан дүние, сезімдерің өзгереді… Себебі әдемі нәрселер біздің ішімізде, сыртта емес. Егер бізде әдемі жан дүние болса, кез келген нәрсені әдемі көре аламыз, әрі ішкі жан дүниемізге қанағат пен разылықты енгізсек, тіпті аз нәрсеге де разы болар едік».

Шейх Ахмад Иса ал-Мағсарауи (хафизаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

13 Nov, 08:00


Алла елшісі Құдси хадисте Алла тағаланың былай дегенін жеткізеді:

“Ей адам баласы! Сен қолындағы мал мүлікті Алла жолына жұмсасаң, менде саған өз қазынамнан жұмсаймын. Алла тағала өте жомарт! Оның қазынасы күндіз-түні жұмсалда да еш кемімейді”.

📚[Әл-әхәәдису ал-Қудсия]

Nurbakhyt Aidosuly

13 Nov, 01:35


"Намаз-арсыздық пен жамандықтан тыяды, ал арсыздық пен жамандық- намаздан тыяды."
Имам Ғазали (Алла рахымына алсын)
إحياء علوم الدين

Nurbakhyt Aidosuly

12 Nov, 19:06


Жұмсақ жастық пен жылы төсек таң намазына тұрудан тыятын болса, нағыз қасіретіміз сол!

Nurbakhyt Aidosuly

12 Nov, 13:47


Таухидтің нағыз көрінісі дұғада!

Басыңа қандайда қиындық, сынақ келген кезінде бірден Раббыңды еске алып, дұға қылушы болсаң онда сенің жүрегіңде таухид орныққан. Ал енді сынаққа кезіккен кезінде сол сынақты жіберген Раббыңа емес, бірден өзің секілді жаратылысқа арқа сүйеп, жәрдем сұрап кетсең, айтшы қаншалықты дұрыс?

Nurbakhyt Aidosuly

12 Nov, 12:22


Қазіргі кезде жын туралы кинолар көптеп шығып кетті. Америка, Қазақстан, одан қалса Қырғызстан да сондай кинолар шығарып кетті.

Әр кино өзінше бір идеологияны миға қалыптастырады.

Жынның адамға кіруі үшінде ең алдымен ол адамға қорқыныш ұялату керек. Ал осындай кинолар соның бір себебі іспетті. Адам қорыққан кезде жынның оған әсері қаттырақ өтімді болады. Сол себепті байқаңыздар! Сау бастарыңыз сақина тілеп алып жүрмеңіздер!

Nurbakhyt Aidosuly

12 Nov, 08:08


إن المسلم الذي لا يعيش الرسول عليه الصلاة والسلام في ضميره، ولا تتبعه بصيرته في عمله وتفكيره، لا يغني عنه أبدا أن يحرك لسانه بألف
صلاة في اليوم والليلة.

“Пайғамбарымыз Мұхаммед Мустафа
жүрегінде шырақ болып жанбаған, сана-сезімі мен іс-әрекетінде оны жетекші етіп алмаған мұсылманның күндіз-түні мың мәрте салауат айтуы, еш пайда бермейді”.

Мухаммад Ғазали (рохимаһулла)

Түйін:

Тек ғапілетте салауат айта берместен, Алла елшісін тануға, өмірбаянын, мінез-құлқымен танысып, өмірлік әрі ахыреттік істеріміз үлгі-өнеге тұтуымыз керек

Nurbakhyt Aidosuly

11 Nov, 16:08


Бүгін Құран ашып оқыдың ба?

Оқи алмасаң қашанғы жүре бересің осылай?

Уақыт өтуде, ғұмырымыз кетуде.

Nurbakhyt Aidosuly

11 Nov, 07:34


«Расында, жақсылықтар жамандықтарды жояды».

Әр күнә жасаған сәтіңде өзіңе: «Мен бұл шайқаста жеңілдім, бірақ соғыстан жеңілгенім жоқ!»деп айт.

Мұңаюға жол берме,жақсылап дәрет алып, екі рәкат намазбен өзіңді жинап ал. Күнәға батырған саусақтарыңмен тәсбих тартып, истиғфар айт, харамға қараған көзіңмен Құран оқы. Күнәсін мойындап, шынайы тәубе еткендердің дұғадағы әлсіз сыбырлары Аллаға бойсұнғандардың мінәжаты іспетті. Алла тағала өзін “Ал-Ғафур (Кешірімді) деп атаған, себебі ол сені өз алдына қайтып оралуыңды күтеді!

Әдһам Шәрқауи [Расаил мин ал-Құран]

Nurbakhyt Aidosuly

10 Nov, 01:46


Ибн Атоилля әс-Сәкәндәри (рохимаһулла):

«Сенің надандығыңның дәлелі — дүние берілген адамдарға көреалмаушылық танытып, солардың қолындағыны аңсап, жүрегіңді сол нәрсемен шұғылдандыруыңда . Осылайша сен олардан да асқан ақымақ, әрі надан боласың. Себебі олар өздеріне бұйырған нығметтермен шұғылданып жүр, ал сен болсаң өзіңе бұйырмаған нәрсемен әуре болудасың».

Nurbakhyt Aidosuly

08 Nov, 18:21


Харамның атын қанша өзгертсеңде ол харам болып қала береді!

Тегін беріліп жатқан дүние секілді рассрочканы жарнамалап жатқанда, сол нәрсеге ұрынып қалмаңыз!

Шариғатта үкімі харам, әрі басыңызға берекет болмайды онымен!

Nurbakhyt Aidosuly

08 Nov, 12:47


Намаздың шығуына қанша уақыт қалды деп емес, намаздың кіруіне қанша уақыт қалды деп жүру керек.

Nurbakhyt Aidosuly

07 Nov, 13:22


Басымызға келген жақсылық пен жамандықтың хикметін себебін Алла білдіртпесе, асылында біз оны біле алмаймыз, әрі білуге іздеуге де бұйырылмағанбыз.

Қандай жақсылық келсе оған шүкір етіп, қандай сынаққа жамандыққа душар болсақ соған сабыр етуге міндеттіміз. Сол себепті Алла елшісі :

“Мүміннің жағдайы қандай керемет! Расында, оның әр ісі қайырлы. Бұл тек мүмінге ғана тән. Егер оған қуаныш келсе, ол шүкір етеді, сонда оған қайырлы болады. Ал егер оған бір қайғы-қасірет жетсе, ол сабыр етеді, сонда бұл да оған қайырлы болады” деген.


Басымызға қандай сынақ келсе оныңсебебін хикметін іздеместен, көркем сабыр ете білуіміз керек. Әрі Алланың қалағанын жасаушы ұлы Жаратушы екенін де естен шығармау керек.

Nurbakhyt Aidosuly

05 Nov, 05:54


Ихия улумиддин кітабынан

Лұқман Хакімнің ұлы әкесіне:
Әке, адамдағы ең қайырлы қасиет қайсы? - деп сұрады. Лұқман Хакім:
Дін, - деді. Ұлы:
Екі қасиет болса, қайсысы қайырлы? - деп сұрады. Лұқман Хакім:
Дін және мал - деді. Ұлы:
Үш қасиет болса, қайсысы қайырлы? - деп сұрады. Лұқман Хакім:
Дін, мал және ұят - деді. Ұлы:
Төрт болса, қайсысы қайырлы? - деп сұрады. Лұқман Хакім:
Дін, мал, ұят және жақсы мінез - деді. Ұлы:
Бес қасиет болса, қайсысы қайырлы? - деп сұрады. Лұқман Хакім:
Дін, мал, ұят, жақсы мінез және жомарттық - деді. Ұлы:
Алты қасиет болса, қайсысы қайырлы? - деп сұрады. Лұқман Хакім:
Ұлым, адамда осы бес қасиет жинақталса, ол тақуа, таза және Алланың досы болып, шайтаннан алыс болады- деді.

Nurbakhyt Aidosuly

02 Nov, 18:45


Хабиб ибн Мухаммад ал Фарисидің (рохимаһулла) жұбайы оны түнде оятып былай дейтін:

-“Қымбаттым тұрыңыз! Расында ахыреттегі сапарымыз ұзақ, ал біздің ол сапарға жинаған азығымыз тым аз. Салихалылардың керуені бізден ұзап кетті, ал біз болсақ қалып қойдық”.

Nurbakhyt Aidosuly

02 Nov, 18:20


Алла елшісі Әсмәә бинт Ғәмииске:

- Басына қайғы келгенде немесе қайғы уайымда жүргеніңді содан арылтатын сөз үйретейін бе?-деді. Сонда ол:

- Әлбетте я Алла елшісі! Үйретіңіз! - деді. Сонда Алла елшісі :

- “Аллаһ, Аллаһ, Робби! Ләә ушрику биһи шәй’ән”

Аллаһ, Аллаһ, Раббым! Оған ешқандай серік қоспаймын! - деп айт деді.

Nurbakhyt Aidosuly

02 Nov, 18:16


Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын):

“ Кімде-кім тағдырына жазылған нәрсеге “Әттеген-ай бұлай болмай ақ қойғанда еді” деп айтқанша, жалаңаяқ қызып тұрған шоқты басып өшіргені ол үшін хайырлы” деген.

Nurbakhyt Aidosuly

02 Nov, 06:37


“Маңыздысы адамдардың ойында қандай болып қалатының емес, маңыздысы Раббыңның алдына қалай баратының”.

Nurbakhyt Aidosuly

31 Oct, 20:57


“Кімде-кім ілім талап етсе, ол ілім оның жанарынан, тілінен, қолынан, намазынан, тақуалығынан көрінуі керек”.

Хасан ал Басри (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

31 Oct, 20:38


Осы екі нәрседе сараңдық таныт!

- ақшаңды күнәлі істерге жұмсауда.

- ақшаңды пайдасыз, қажетсіз заттарды алуда.

Nurbakhyt Aidosuly

31 Oct, 07:09


“Ей адам баласы! Дүниеңмен ахыретіңді сатып ал! Сонда екі дүниеде де табысқа кенелесің.

Ал ахыретіңді дүние үшін сатып жіберме, екі дүниеде де қасіретке ұшырап ұтылғандардан боласың”

Хасан ал Басри (рохимаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

30 Oct, 21:07


Дүниелік істерге жүрек неғұрлым байланған сайын, өлім сәтінде олардан айырылу қиын бола береді.

Nurbakhyt Aidosuly

30 Oct, 16:30


Жақсылыққа жол нұсқау – ізгілердің амалы. Тек жеке басын жетілдірген адам өзгелерді де кемелдікке жеткізген адамдай бола алмайды.

Түнді құлшылықта өткізген тақуадан, халықтың сенімін һәм қарым-қатынасын түзеткен ғалым әлдеқайда хайырлы.

Әрқайсысымыз өз саламызбен үмметке пайдалы болуымызды нәсіп етсін!

Nurbakhyt Aidosuly

30 Oct, 13:29


Әссәләәмуғәләйкум! Тараз қаласында Құран, фиқһ үйренгісі келетін нәзік жандылар бар ма?

Сабақты өз келіншегім береді!

Nurbakhyt Aidosuly

25 Oct, 14:45


«Балаларын тәрбиелеуге, жұбайына және үй шаруасына көңіл бөлуге өмірін арнаған әйел – жұмыссыз емес! Ол – шаңырақ иесі, ал оның міндеті адамзаттың ең ұлы әрі шарапатты қызметтерінің бірі.»

Шейх Мухаммад Уаил әл-Ханбали (хафизаһулла)

Nurbakhyt Aidosuly

24 Oct, 08:26


“Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің.”

Абай Құнанбайұлы (Алла рахымына алсын)

Nurbakhyt Aidosuly

24 Oct, 06:18


Жүрегіңде иманың барда, бақытсызбын дей көрме!

Nurbakhyt Aidosuly

24 Oct, 06:12


Осындай сборлар алдымнан неге шыға береді демеңіз! Бәлкім ойланбастан шамаңыз келетін сумманы бірден аудара салыңыз! Өйткені Алла тағала сізге өзі берген дүниесін өзінің жолында жұмсалғанын қалап тұрған шығар!

Атсалысқан әрбір ақшаңыз қияметте сізге сауап, әрі шапағатшы болары сөзсіз! Алла қабыл етсін.

Nurbakhyt Aidosuly

23 Oct, 16:30


Бауырлар, Алланың қалауымен, бір бауырымызға қолдау көрсетейін деп жатырмыз.

Аталмыш бауырымыз Түркияда университетте білім алып жатыр. Күтпеген жерден оқу ақысын төлеу керек болып қалған. Бұл қаражат аз сома емес, бұған дейін ол өз бетімен төлеуге тырысып келген, бірақ қазіргі жағдайда біздің қолдауымыз маңызды болып тұр.

Ол бауырымыз ешкімнен көмек сұрайтын адам емес. Университет пен медреседегі дәрістерін қатар алып жүрген жігіт.

+7 702 464 9879 Асхат

Және бұдан кейін каналда жақын арада сборда ашпайтын болармыз.

Nurbakhyt Aidosuly

23 Oct, 09:52


Қарыз бен уайымды кетіруші дұға!

Бір күні Алла Елшісі мешітке кірсе, ансарлық сахабасы Әбу Умәманың мешітте отырғанын көреді. Сонда Алла Елшісі одан:

– Әй, Әбу Умәма! Сен намаз уақытынан тыс мешітте отырсың ғой, неге? – деп сұрады.

Ол:

– Уа, Алланың Елшісі, мені қинаған уайымдар мен қарыздарым бар еді, – деп жауап берді.

Сонда Алла Елшісі оған:

– Саған бір дұға үйретейін бе? Егер сен бұл дұғаны айтсаң, Алла Тағала сенің уайымыңды кетіріп, қарызыңды өтейді, – деді.

Әбу Үмәма:

– Иә, уа Алланың Елшісі үйретіңіз, – деді.

Сонда Пайғамбарымыз :

– Таңертең және кешке осы сөзді айт:

«Аллаһым, мен Сенен уайым мен қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан пана тілеймін. Мен Сенен қарыздың ауыртпалығынан және адамдардың үстемдік қылатын қысымынан пана тілеп, сыйынамын».

Мен осы дұғаны айттым, нәтижесінде Алла менің уайымымды кетіріп, қарызымды өтеді, - деді.

Nurbakhyt Aidosuly

23 Oct, 01:30


Әйел адамның жаратылысы ұяңдыққа негізделген. Әйелді оның әкесі немесе жұбайы я ағасы бөтен көзден қызғанбастан бұрын, әйел заты өзін бөтен көзден қызғануы керек. Әр ердің көзіне түсіп, әуретін жаба алмаған әйел заты қалайша өз-өзін бағаласын!

Nurbakhyt Aidosuly

22 Oct, 12:11


Олжекеңнің мен байқаған ерекше бір мінезі бар болатын. Ол мінезі өзгенің қуанышына шынайы қуану болатын.

Ия Олжекең сондай жан еді. Бір бауыры осындай кітап бастадым десе, қуана тауфиқ сұрайтын, кітап сатып алса, өзі алғандай болатын. Қандай жақсы бір іс бастаса қолдаушы болып пікірін аямайтын еді. Әрі қуанышы шынайы жүзінен, айтқан сөзінен білініп тұратын. Өйткені эмоциясын ашық көрсететін еді.

“Алла тағала жүрегіңізге қуаныш сыйласын десеңіз, өзгенің қуанышына қуана біліңіз, әрі бауырыңыздың жүрегіне қуаныш ұялатыңыз”

Олжас ұстаздың рухына Фатиха оқып қойыңыздар!

Nurbakhyt Aidosuly

22 Oct, 10:59


Омар ибн Әбдулазиз (оған Алланың рақымы болсын):

«Егер қолыңнан келсе, ғалым бол, егер ол мүмкін болмаса, ілім үйренуші бол, егер ол да мүмкін болмаса, оларды жақсы көруші бол, егер ол да қолыңнан келмесе, оларды жеккөрушілерден болма».

📚[Жәәмиғу баян әл-ғилм]

Nurbakhyt Aidosuly

22 Oct, 02:42


Ең қорқынышты дүние - батыс пен шығысқа дейін адамдар сені мақтап, ал Раббыңның алдында сенің ешқандай абыройыңның болмауы.

Nurbakhyt Aidosuly

21 Oct, 08:33


Дүниелік іспен ахыретті мақсат ету жақсы, бірақ ахыреттік іспен дүниені мақсат ету ең жаман іс.

Nurbakhyt Aidosuly

19 Oct, 11:42


Алла елшісі :

“ Аллаға ең ұнамды іс - тілге ие болу” - деді.

📚[Имам Байһақи]

Nurbakhyt Aidosuly

18 Oct, 16:32


Осман ибн Аффан былай дейді:

“Кімде кім 5 уақыт намазына бекем болып, оны әрдайым өз уақытында оқитын болса Алла тағала оған 9 кереметті береді. Олар:

1. Алла тағала ол құлын жақсы көреді.

2. Дене мүшесіне саулық береді.

3. Ол құлды періштелер қорғап жүреді.

4. Үйіне Алланың берекеті жауады.

5. Жүзінде салихалықтың нұры, ізі болады.

6. Алла жүрегін жұмсартады.

7. Қияметте сират көпірінен найзағайдың жарқылындай жылдам өтеді.

8. Тозақ отынан қорғанышта болады.

9. Қияметте ешқандай уайым да қорқынышта көрмейтін Алланың ізгі құлдарымен бірге болады”.

Nurbakhyt Aidosuly

18 Oct, 15:00


Омар ибн ал-Хаттаб әділдігі мен тақуалығы тарихқа мәлім!

Бірде Омар қатты сыртқаттанып қалады. Сөйтіп мұсылмандардың қорынан (бәйтул-мәәл) емі үшін кішкене ғана балды алдыртады. Солай ауырған күйі адамдардың алдына мінберге шығып:

“ Ей халайық! Расында мен мұсылмандардың қорынан мына бір кішкентай балды алдым, оны маған адал етпесеңдер, Алланың атымен ант етейін ол маған адал етілмейді! - деді”.

Міне нағыз үлгі!

Nurbakhyt Aidosuly

18 Oct, 13:03


Күнәға апаратын жерге жақын отырып, кейін оған түсіп қалғаныңа шағымданба!
Орныңды ауыстыр, сонда аман боласың.

🖌️Шейх Юсуф Хаттар р.һ

Nurbakhyt Aidosuly

17 Oct, 08:49


Алланың берген нығметтері сені Аллаға жақындатып жатса, ол расымен нығмет. Ал енді берген нығметтері сені одан алыстатса, ол нығмет емес бәлкім үлкен қасірет.

Nurbakhyt Aidosuly

16 Oct, 18:59


كن في الحياة كعابر سبيل
واترك وراءك كل أثر جميل
فما نحن في الدنيا إلا ضيوف
وما على الضيف إلا الرحيل

Өмірде болшы, жолаушы – бір өткінші,
Із қалдыр әр қадамыңда көркем, мықты.
Бұл жалғанда бәріміз – қонақпыз тек,
Қонаққа қайту – жазылған заң өтпелі.

Али ибн Абу Толиб ( Алла оған разы болсын)

Nurbakhyt Aidosuly

16 Oct, 18:06


Күн суыды! Ызғар, аяз келді. Біздің уайым қашан үйге жылу қосады екен деумен болса, қаншама адам қазір далада баспанасыз күй кешуде. Қаншама отбасы бала шағасымен ызғарда қалып қоюда.

“Аллаһым бұл суық күндері панасыз қалғандарға өзің пана, жәрдемсіз қалғандарға өзің жәрдемші бол! Қарны аш құлдарыңды тойдыр, жаураған құлдарыңды жылулыққа бөле! Ал бізге берген нығметіңе шүкір етуді нәсіп ет! Ғапылетте қалғандардан қыла көрме! Әмин🤲

Nurbakhyt Aidosuly

16 Oct, 08:45


Омар ибн әл-Хаттабтан (Алла оған разы болсын) жеткен бір оқиғада :

Бір адам Алла Елшісіне (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) келіп, мұңын шағып, көмек сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған қарап: «Қазір қолымда саған беретін ешнәрсе жоқ, бірақ менің атымнан қарыз алып қажетіңді өте, бір нәрсе қолыма түскенде қайтарамын», – деді.

Осы сәтте Омар (Алла оған разы болсын): «Уа, Алланың Елшісі, сен оған бердің, бірақ Алла Тағала саған өз шамаңнан тыс нәрсе жүктемейді ғой», – деді.

Омардың бұл сөзі Пайғамбарымызға ұнамады. Сол сәтте ансарлардан біреуі тұрып: «Уа, Алланың Елшісі, беруден тайынба, Аршының Иесі Алла саған ешқашан кедейлік жібермейді», – деп, асқан сеніммен айтты.

Мұны естіген Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүзінде күлімсіреу пайда болып, ол сөздің шынайылығы мен тереңдігі оның көңілін көтерді. Ол мейірімді жүзбен: «Міне, дәл осылай істеуге бұйырылдым», – деп жауап берді.

Nurbakhyt Aidosuly

15 Oct, 11:24


Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кімнің бар уайымы ақырет болса, Алла оның жүрегін байлыққа толтырып, істерін ретке келтіреді және дүние оның соңынан өзі еріп келеді, әрі оны іздеуге мұқтаж етпейді.

Ал егер біреудің бар уайымы дүние болса, Алла оның көз алдына кедейлікті әкеліп, істерін шашыраңқы етеді. Сонда ол қанша тырысса да, дүниеден өзіне бұйырғаннан артық еш нәрсеге қол жеткізе алмайды».

📚[Имам Тирмизи]

Nurbakhyt Aidosuly

14 Oct, 06:31


Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.

Nurbakhyt Aidosuly

13 Oct, 18:43


Намазда тұрған сәтің мен Құран оқығандағы сәтін өміріңдегі ең бағалы құнды сәттер болып саналады. Сол себепті намазыңда тұрғанда я Қасиетті Құранды оқығаныңда асықпа! Сол сәтті сезіне біл!

Nurbakhyt Aidosuly

13 Oct, 06:45


Бір данышпаннан: "Құл үшін қайсысы пайдалырақ – тәсбих пе әлде истиғфар ма?" – деп сұрайды. Сонда ол былай деп жауап беріпті:

"Егер киімің кіршіксіз болса, оған хош иісті әтірлер керек . Ал егер ол ластанса, сабын мен ыстық суды қажет етеді.

Тәсбих – пәк тақуа жандардың хош иісі, ал истиғфар – күнәлі жүректердің сабыны іспеттес. Сондықтан әуелі жаныңды истиғфармен тазалап, кейін оны тәсбихтің жұпарына бөлеу керек."

Тәсбих - Субханаллаһ
Истиғфар - Астағфируллаһ

Nurbakhyt Aidosuly

12 Oct, 16:38


Жәннәтқа апарар жол - тозақ секілді қиын болса, ал тозаққа апарар жол - жәннат секілді жанға рахат, жеңіл.

Nurbakhyt Aidosuly

12 Oct, 12:08


Екі иықтағы періште тек қана айтқан сөзіңді емес, осы интернет желідегі жазған әр жазбаңды да жазады.

Интернет парақшаларыңда үздіксіз сауап болып келіп тұратын дүниелер қалдыра алмасаң, кем дегенде артыңнан үздіксіз күнә болып келіп тұратын дүниені қалдырма!

Nurbakhyt Aidosuly

12 Oct, 06:26


الجبن لا يطيل العمر كما أن الشجاعة لا تسرع بالموت
Қорқақтық өмірді ұзартпайды, батылдық өлімді тездетпейді.

Nurbakhyt Aidosuly

11 Oct, 09:41


Харижа ибн Зайд ибн Сабиттің жеткізуі бойынша, бір топ адам Зәйд ибн Сабитке келіп, одан: «Бізге Алланың елшісінің хадистерін айтып беріңіз», – деп өтінді. Сонда Зәйд : «Мен сендерге не айтып берейін? Мен оның көршісі болдым. Уахи түскенде, ол мені шақырып, уахиды жазғызатын. Біз дүниелік істерді сөз етсек, ол да бізбен бірге дүние жайлы әңгіме қозғайтын, ақырет туралы сөйлессек, ол да ақыретті айтатын, ал тағам жайлы сөз қозғасақ, ол бізбен бірге тағамды әңгімелейтін. Сендерге Алла елшісінен осының бәрін айтып бере аламын», – деді.

Nurbakhyt Aidosuly

11 Oct, 04:26


Ғәрок ибн Малик () жұма намазын оқып болған соң, мешіттің есігінде тұрып былай деп дұға ететін:

«Уа, Раббым! Сенің шақыруыңа үн қаттым, парызыңды өтедім, енді Сен бұйырғандай өз ісіме бет алдым. Енді маған өз кеңшілігіңнен ризық бере гөр. Өйткені Сен – ризық берушілердің ең қайырлысысың.»

📚[ибн Кәсир]

Nurbakhyt Aidosuly

10 Oct, 13:47


Ысырап – біздің заманның көрінбейтін жауы!

Бұл кітапта ысыраптың тек материалдық шығын емес, рухани құндылықтарға да зиян тигізетін жаман әдет екендігі түсіндіріледі. Исламда ысырап Алла Тағаланың ашуына әкелетін, жек көрінішті істердің бірі деп саналады. Өкінішке орай, көпшілігіміз бұл шекараны байқамай, қажеттіліктен тыс әрекет жасаймыз.

“Ысыраптың индикаторы” – өз өміріңіздегі артықшылықтарды анықтап, олардан арылуға бағыт беретін еңбек. Бұл кітап арқылы сіз ысыраптың белгілерін танып, саналы өмірге алғашқы қадам жасай аласыз. Исламның осы мәселеге деген көзқарасын түсініп, Алла разылығына жетудің жолын табыңыз.

Чек жіберу