Ongar_online @ongar_online Channel on Telegram

Ongar_online

@ongar_online


Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:

🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.

Жарнама бойынша: +7 701 203 9786

Ongar_online (Kazakh)

Қош келдіңіздер! 'Ongar_online' телеграм арнасы - бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы. Осы арнауда саясат, дау-дамай, елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады. 'Ongar_online' арнасы арқылы сіз қазіргі жаңалықтардан білім алуға болады, сондықтан әуесқой жатқан кезде тамаша көмек болады. Бұл арнаудың жарнамасы: +7 701 203 9786. Сол санға қоңырау шалу үшін осы телеграм арнасына қосылыңыз!'

Ongar_online

08 Feb, 22:53


Жұман Жұмабеков Nomad Fighting Championship турнирінде Расул Мирзаевты есінен тандыра сабады.

Ongar_online

08 Feb, 14:28


Өзбек футболшысы Әбдіқадыр Хусанов "Манчестер Ситидегі" алғашқы голын соқты.

Ongar_online

08 Feb, 09:41


HIMARS бір ғана соққымен Селидоводағы басқыншылардың штабының күлін көкке ұшырды.

Ресей Армиясының 35-ші жеке мотоатқыштар бригадасының барлық командалық құрамы жойылды деп хабарланды. Барлық командирлер Кобзонның кәнсертіне кетті.

Ongar_online

08 Feb, 09:32


Алматыда 17 жас ғалымға пәтер берілетін болды! Қандай қуанышты жаңалық!

Ongar_online

08 Feb, 08:29


Ресей Бакудегі «Орыс үйі» өкілдігін жабу туралы Әзербайжан билігінің шешіміне өкінетінін және мәселе екіжақты келіссөздер арқылы шешіледі деп үміттенетінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

«Біз бұл жағдайға өкінеміз және оны түсінбестік деп санаймыз. Бұл мәселе екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастар аясында шешімін табады деп сенеміз», – деді Песков.
Оның айтуынша, Ресей «Орыс үйінің» жұмысы туралы мәселені жоғары деңгейде, мемлекет басшылары арасындағы диалог аясында көтеруге дайын.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.

Ongar_online

07 Feb, 19:29


Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев елге оралып, жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында елге президенттің тапсырмасымен келгенін айтты. Оны туризм  және спорт министрінің  өзі шақырыпты. 

«Маған министрдің берген тапсырмасы - ұлттық құрама жанынан резервтік құрама құру. 12-19 ақпан аралығында 18-22 жас аралығындағы боксшылар арасынан резервті құрамаға іріктеу чемпионаты өтеді. Сол құрамада жүлделі орынды еншілеген жас боксшылар менің қол астымда жаттығуды бастайды» деп жазды боксшы.
Бақыт Сәрсекбаев резервтік құрама құрудағы негізгі мақсатын түсіндірді. 

«Қазіргі ұлттық құрама өзінің жағдайын Олимпиадада, Азия Чемпионатында көрсетті. Спортшылардың бұлай әлсіреуі бәсекелестіктің жоқтығы. Өз салмағында теке тіресіп тұрған мықты бәсекелесі болмаса, спортшы өспейді, босаңсып кетеді. Мен ең мықты ұлттық құрамада болдым, ол кезде Бақтияр Артаев, Серік Сапиев, Гена Головкин, Серік Елеуов, Қанат Әбутәліпов, Мейіржан Рахымжанов, Галиб Джафаров сияқты кіл мықтылар болды. Бір салмақта 5-6 мықтыдан болдық», - дейді ол. 

Боксшы спортшыларға босаңсуға болмайтынын айтып, кеңес берді.
«Ұлттық құрама әкеңнің төрі емес екенін білеміз, еркелігің ешкімге керек емес, қалт етсең сенің орныңды басатын резерв толып жүр, тек жаныңды салып, тер төксең ғана дегеніңе жете аласың. Қазір мен бірнеше спорт базаларын аралап көрдім, керемет жағдайлар жасалған. Тіпті біз армандамаған нәрселер бар. Тек дайындал да, нәтиже көрсет. Менің жаттығуларым жеңіл болмайтынын боксшылар біледі. Сол үшін де маған жүрегінде түгі бар, көзінде оты бар, амбициясы биік, жаттығудан шаршамайтын балалар ғана келеді. Олимпиада чемпионы болам дегендер келеді» деп жазды спортшы.

Ongar_online

06 Feb, 16:51


Түрмеде Бишімбаев шахматтан чемпион атанды

Некеде тұрмаған әйелін өлтіріп, 24 жылға сотталған бұрынғы ҚР Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев өзі түрмеде жатқан түзету мекемесінде ұйымдастырылған интеллектуалды ойын- шахмат жарысында жеңімпаз атанды.
Чемпион ретінде өзіне құрмет көрсетіп, сый -сияпат жасап, жеңілдік жасамаған түрме мекемесін әкімшілік сотқа беріп, шу көтерді. Дегенмен сот оның талап -арызын қанағаттандырмай тастады.
Осы абақты да бұрынғы министр болған, оппозиция серкесі Мұхтар Әбіләзов те өз жазасын өтеген екен.
Негізі билікте жүріп, сотты болған Қуандық Бишімбаев, Абылай Мырзахматов, Мұхтар Әбіләзов үшеуі де ақыл -ой тәрбиесі -шахмат өнерін керемет меңгергенін айтуға болады. Соңғы екеуі шахматтан спорт шебері, Қазақстан шахмат федерациясын басқарған.
Ақыл -ойлары тасып, ақымақ тірлікке бармаса, қоғамға , елге пайдасы тиер ме еді деп қаласың.
Саясат -шахмат тақтасы.
Жүрісіңнен жаңылсаң осылай "мат" аласың.

Жазба авторы Балтабек Түйетаев

Ongar_online

06 Feb, 14:51


«Қаңтарда» әкесінен, апатта анасынан айырылған жетім балаларға 18 жасына дейін 100 мың теңгеден беріледі
Төлем балалар кәмелет жасқа толғанша жалғасады

Ақшаны Qazaq Stroy компаниясы бөледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қапелімде ата-анадан айырылып, жетім қалған төрт баланың тағдыры туралы білгенде Qazaq Stroy ұжымы қайғыдан шет қала алмады. Балаларының жағдайын жасаймын деп ақтық демі қалғанша арпалысып өткен Сая Есенгелдінің оқиғасы біздің де жанымызға батады. Қиын кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсете білсек — ұлт ретінде мықтылығымыздың белгісі. Ауыр қайғыға душар болған балалар баспанасыз қалмасын дейміз. Отбасыға 95 шаршы метр болатын үш бөлмелі кең пәтерді сыйға тартуды шештік. Балалардың өз үйім деп қысылмай кіре алатын жылы, сенімді шаңырағы бар», - деп ақпарат таратты компания.

Qazaq Stroy иесі Нұрлан Артықбаев балалардың әрқайсысына ай сайын 100 000 теңгеден төлеп отыруға шешім қабылдаған. Бұл олар кәмелет жасқа толғанша жалғасады. Бұл жай материалдық көмек емес, оларға қарайласар қамқор жандар екенінің белгісі болсын.

«Осы оқиғаны білгенде бұған бей-жай қарай алмайтынымызды түсіндік. Біз балаларға ата-анасын қайтарып бере алмаймыз, бірақ оларға қорған бола аламыз. Біз жетімін жылатпаған халықпыз. Осы үй балалар үшін береке мен үміт мекеніне айналсын, ал біздің көмек — әлемде жақсы адамдар бар екенінің белгісі болсын», — деді Нұрлан Артықбаев.

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі жол апатынан қаза тапты. Оның соңында төрт баласы қалған. Сая бүгін жер қойнына тапсырылған.

Журналист Лұқпан Ахмедяровтың айтуынша, Сая жол апатынан 4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында қайтыс болған. Әдетте, ол күндіз курьер, түнде такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, балаларын асырауға тырысқан.
Ата-анасынсыз қалған балалардың болашақ тағдыры не болары әлі белгісіз. Айтуларынша, олардың тәтесі (Саяның әпкесі) бар.

Ongar_online

06 Feb, 10:57


Украина Қарулы Күштері Курск бағытында жаңа шабуылды бастап, қарсы шабуылға шықты. Күштер жаңа тактикалық белгі алды, дейді ресейлік әскери тілшілер..

▪️Махновка ауданында қызу ұрыс жүріп жатыр. Олар Уланоктың украиндық күштердің бақылауында екенін жазады;
▪️Z-блогерлер шабуылдың мақсаты Черкасская Конопелканы қайтарып алу, тылға жету және Сумыдан жеткізу жолын қамтамасыз ету деп санайды;
▪️Кейбіреулер Украина сарбаздары Черкасская Конопелканы айналып өтіп үлгерді деп жазады;
▪️Соғыс туралы жазатын ресейлік тілшілер де Харьков және Чернигов облыстарындағы Украина Қарулы Күштері жаңа тактикалық белгі – ақ шаршыға ие болды деп мәлімдейді;
▪️Украиналық әскерилер ЗСУ бронетранспортерлер пайдалануда деп жазуда, ал Ресей Армиясы талшықты оптикасы бар ұшқышсыз ұшақтарды пайдалануда, өйткені ауа-райы әдеттегі FPV дрондарды қолдануға қолайсыз;
▪️Ресей әскери тілшілерінің хабарлауынша, Украина әскері «мина тазалаушы» техниканы, танктер мен броньды машиналарды іске қосқан.
Алдын ала мәлімет бойынша 10-ға жуық бронетранспортер, төрт танк және екі тролмен шабуылдауда. Сарбаздар саны: кемінде үш батальон, 500 адам қарсы шабуылға қатысуда.

Ongar_online

06 Feb, 08:02


Азамат!

Ongar_online

06 Feb, 07:19


АЛҚА БИЛЕР...

Үш апта бұрын "Мамандандырылған аудан аралық соттан" хабарлама хат алдым почта арқылы. Мені Алқа билер кандидаттығына тіркеген екен. Екі-үш күн өткен соң бір жас жігіт қоңырау шалып, міндетті түрде келуім керек екені, келмеген жағдайда әкімшілік жауапқа тартатыны жайлы ескертіп қойды.

Мен қанша адам кандидат болатыны, қанша адам "Алқа билер сотының" мүшесі болатыны туралы сұрап едім. 250-300 адам келеді. Содан 10 адамды іріктеп аламыз деді.
"Еее айналайын, бір орынға отыз адам таласатын болса, 0 шанс қой. Бармай-ақ қойсам бола ма?деп едім. Қараспанды төндіргені...)

Содан кеше бардым. Барсам әйел-еркегі, жас-кәрісі аралас қарақұрым адам. Топырлап жүріп анкета толтырдық. Топырлап жүріп сот залына жиналдық.

Аздан соң сот келіп іріктеу басталды.
Ең бірінші болып мемлекеттік тілді білмейміз деген 15-20 өзге ұлт өкілдері кетті. Одан кейін қазақша сәл түсінем, бірақ сөйлей алмаймын деген өз мәңгүрттеріміз залды тастап шықты. Олармен бірге діни көзқарасы рұқысат етпейтін, дін өкілдері кетті. Сол үшін сотқа риза боп, іштей қуанып қалдым..))

Одан кейін бұрын қылмыстық іске тартылғандар кетті.
Сосын денсаулығында кінәрат бар, есепте тұрғандарды босатты.
Одан кейін пенсияға жасы келгендермен жасы 25 ке толмағандар кетті. (Бұларға неге шақыру жібергенін білмедім))

Баласы үш жасқа толмағандар да залды босатты..

"Атадан туа алтау едік. Өле-өле жетеу болдық" деп азая бастадық..))

Бір апай давлением өсіп тұр. Мені босатыңызшы деп екі үш рет жалынып әрең рұқысат алды. Бір кісі белімнен грыжам бар деді, үйде кәрі шешем бар қарайтын ешкім жоқ деді, әйтеуір жалынып жалпайып ол да зорға дегенде босап кетті.

Бір әйел төууу алыс ауданнан таксимен әрең жеттім. Менің алқа би болуға мүмкіндігім жоқ деп еді. Алқа биге өтсең жолыңды төлейміз, жұмыс орның сақталады деп отырғызып қойды.

Сосын бір жігіт тұрып сөйледі. Қарасам менің ауылымның баласы. Ол да жалына бастады. 550 шақырымнан шаққа жеттіп таксимен. Ауылда малым, бала-шағам қалды. Мені де босатыңызшы деп. Сот оған да уәж айтып отыра тұр деп отырғызып қойды. Ол жігітті жақсы танимын ғой. Мектепте сегізінші классқа әрең жетіп тастап кетіп, өмір бойы мал бағып жүргенін. Соттың одан қандай "Алқа би" шығарайын деп отырғанын түсінбедім))

Бір кісі әулетінде ағасы 20 жыл бұрын істі болып, бірақ сотталмай ақталып шыққанын айтып еді. Ол кісіні сөзге келтірмей залдан шығарып жіберді.

Менің қасымда отырған келіншек "күйеуім сотталып келді. Қазір үйде" деп еді. Оған отыра тұрыңыз артынан сөйлесеміз деп алып қалды)

Аздан соң менің де биографиям келмей, менде залды тастап шықтым..)
Сонымен менен кейін не болғанын білмейм. Қаншауы қалды? Қаншауы Алқа би болды? ))

Таң қалғаным, сонша адамды бас-көз жоқ неге жинап алғанын әлі түсінбей жүрмін.

Бізді қойшы қаланың ішіндеміз. Екі-үш сағат уақытымыз кетер.
Ана қыстың көзі қырауда төуу шалғай ауылдардан келіп, сотқа қарап жаутаңдап отырғандар ше?
Олардың келіп кетуі, жүріп-тұруына кемі 20-25 мың теңге кетті. Ол шығынды кім төлейді...?
Ең болмаса биографиясына бір қарап, географиясына екі қарап шақырмай ма..?)

Менің түсінігімде "Алқа билер соты" деген сауатты, жан-жақты білімді, өмір көрген, мықты тәжірибелі адамдардан құралатын зиялы тап еді. (Мысалы Бішімбаевтың сотында Алқа билер соты нүктесін қойды ғой )
Соншама зал тола 300 адамнан, Алқа биге лайық үш адамды көз алдыма елестете алмай кеттім..

Пы:сы...
Екі әріптің басын қоса алмайтын іншек, ауылдан шықпаған әйел, мен сияқты мотористен "Алқа билер сотына" кандидаттар жинау әлі миыма сыймай отыр ше..)

Жазба авторы Малик Орақов

Ongar_online

06 Feb, 07:16


АҚШ-тың артынан Израиль де Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығады

Ongar_online

06 Feb, 07:14


Литва, Латвия және Эстония осы сенбіде энергия желілерін Ресейдің электр желісінен ажыратып, Польша арқылы Батыс Еуропаның энергия жүйесіне қосылмақшы

"Ресейге электр энергетикасын геосаяси бопсалау құралы ретінде пайдалануға жол бермейміз" деді Литваның энергетика министрі.

Ресей Украинаға басқыншылық соғыс бастағаннан кейін Балтық елдері ресейлік газ бен электр энергиясын сатып алуды тоқтатқан. Алайда олардың электр желілері Ресей мен Беларуське қосылған күйі қалған еді.

Азаттыққа жазылыңыз

Ongar_online

06 Feb, 07:08


Ресей Украина төңірегіндегі жағдай бойынша АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге дайын, бірақ жергілікті жағдайды ескере отырып, Вашингтон қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін бірінші қадамды жасауы керек, - дейді РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Рябков.

Осылар не шегеді екен?

Ongar_online

05 Feb, 11:55


Украина күн сайын дерлік ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасайды. Мақсат – Ресей экономикасын «құлдырату» — WELT

Бір айдың ішінде 30 ірі зауыттың үштен екісіне шабуыл жасалды. Дрондардың зауыттан шығып, ресейлік мұнай өңдеу зауытына соққы беруіне небәрі 48 сағат кетеді.

Фотода Ресейдің ірі мұнай өңдеу зауыттары

Ongar_online

05 Feb, 05:39


Жаңа күн - Ресейде жаңа мұнай базасы жанып жатыр. Түнде ұшқышсыз ұшақтар Краснодар өлкесіндегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады. Өрт әлі сөндірілмеген.

Ongar_online

04 Feb, 20:26


Қазақстанға емделуге келетін шетелдіктердің саны күрт артты деген Хабар 24-тің жаңалығын естіп талып қала жаздадым)

Ongar_online

04 Feb, 12:58


Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі қызметін атқарып келген белгілі журналист, «Бірінші бол» YouTube-жобасының тұрақты резиденті Ермұхамед Мәулен ұлттық құраманың баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.

Ермұхамед Мәулен Федерацияда ұзақ жылдан бері қызмет атқарып келген. Ол 2014 Бразилияда өткен мундиальда қазақ телевизиясы тарихында алғаш рет оқиға орнынан трансляция жүргізген.

2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.

2020 жылы «Qazsport» телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.

2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Ongar_online

04 Feb, 09:07


Атақты "Патрон" Маскты өзінің X аккаунтында USAID-ті жапқаны үшін сынады: төрт аяқты жануарлар мен білім беру бағдарламалары гранттар есебінен қаржыландырылды.

Қаражаттың нақты кімнің алғаны көрсетілмеген.

Ongar_online

04 Feb, 08:43


Қытай АҚШ-тың әрекетіне жауап ретінде тарифтерді көтерді: ол Америкадан келетін мұнай мен ауылшаруашылық техникасына 10% және көмір мен сұйытылған табиғи газға 15% баж салығын енгізді, - Қытай Мемлекеттік кеңесі.

"Екі түйе ортасында шыбын өледі" деп, екі ортада біз бейнет шегіп кетпесек жарар еді.

Ongar_online

04 Feb, 04:30


🔴 Ресейде "қылмыс әлемінің серкесі" қаза тапты. Не белгілі?

3 ақпанда Мәскеудегі "Алые Паруса" тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, "Арбат" батальонын құрған Армен Саркисян қаза тапты. Бұл туралы ресейлік басылымдар хабарлады.

🥊 Ресей билігі Саркисянды сепаратистік "Донбасс халық республикасының" бокс федерациясының "президенті" етіп тағайындаған еді. Ал Украина оны адам өліміне айыптап, халықаралық іздеу жариялаған.

Шабуылдан соң Саркисян ауыр халде ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді. Кейін "Известия" мен "Коммерсант" басылымы оның клиникада көз жұмғанын мәлімдеді. "Коммерсанттың" жазуынша, Саркисянның бір оққағары да қаза тапқан.

🧨 Полицейлер ТАСС агенттігіне тұрғын үй кешеніне жарылғыш затты курьер алып келуі мүмкін деген.

Ал Mash телеграм-каналы жарылғыш затты кіреберістері диванға орналастыруы мүмкін дейді.

Оқиғадан соң "Адам өлтіру" және "Бірнеше адамға қастандық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

🇷🇺 Ресей органдары "қастандық украиналық схемамен жасалған" деп топшылайды.

🇺🇦 Ал Украина тарабы бұл мәлімдемеге қатысты ештеңе деген жоқ.

Саркисян Украинада туған. Киев Армен Саркисянды заңсыз әскери батальон құрды, агрессор мемлекетке көмектесті, адам өлтірді деп айыптап, халықаралық іздеу жариялаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Ongar_online

04 Feb, 04:28


Мен Украинаның АҚШ-тың көмегіне айырбас ретінде бізге сирек кездесетін металдарды бергенін қалаймын, деді Трамп

Ongar_online

04 Feb, 04:24


Канада 51-ші штат ретінде қосылса, АҚШ-тың сауда тарифтерінен құтылып, әскери қорғаныс алады, дейді Трамп. Мынауың таза қуды.

Ongar_online

04 Feb, 04:15


Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде атмосфералық ағындардың ықпалымен қар жауып, боран соғады.

Ongar_online

29 Jan, 17:28


Трамп барлық антисемиттік шетелдіктерді, соның ішінде студенттерді де депортациялау туралы жарлыққа қол қойды — The New York Post

Депортациялар Хамастың 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жасаған шабуылынан кейін Палестинаны қолдайтын шерулерге қатысқан барлық шетелдіктерге әсер етеді.

Ongar_online

29 Jan, 13:11


Мынау енді не масқара? Араққа тойып алып, Құранды рэп қылып оқу деген? Құзырлы органдар тиісті жаза қолданады деп сенемін.

Тоқаев айтқан блогерлер осылар ма?

Ongar_online

29 Jan, 11:51


Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түсті

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әліби БАҚЫТЖАНОВ (2022 жылдың тамызында тағайындалған) 28 қаңтарда Beer House Villa мекемесінде болған оқиғадан кейін комаға түскен.

Жанжал кезінде Бақытжанов басынан соққы алып, Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

«Атырау облысының полиция департаменті Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында, оның ішінде прокурорлардың қатысуымен бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізуде», - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

▪️Бұған дейін ҚазТАГ прокурор Асқар Жанысбаев пен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбековтің де қатысуы мүмкін болған төбелестен кейін Бақытжановтың комаға түсіп, жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған.

Ongar_online

29 Jan, 11:30


Атырауда прокуратура қызметкері мен налогтың замы төбелесіп, соңғысы комаға түсіпті. Халықтың қамы үшін төбелесті ме екен?

Ongar_online

29 Jan, 11:10


Мәскеу үшін ауыр соққы…

Соғыс басталған сәттен кейін Үндістан Ресейдің арзан мұнайын сатып алуды еселеп, Қытайдан кейінгі екінші орынға жайғасты. Ендігі таңда Дели де, Бейжің де ресейлік мұнайды алуды еселеп азайту арқылы Мәскеудің экономикасына соққы жасауда. 

Шығын көлемі қандай? Сандар не дейді? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6193

Ongar_online

29 Jan, 10:00


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК!

ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК

Сіздер өзі жұмыс істейсіздер ме? Алматы облысы мен Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімдерінің былықтарын фотомен, фактымен жұрт сендерді тегтеп тұрып жариялап жатыр. Астанаға бәрі жақсы деген отчеттарды қай беттеріңмен жібересіңдер?

Өткенде ғана әкесі қайтыс болғанда әріптестері батаға жинап берген 40 мың теңгені пара ретінде алды деп, сотқа сүйреп, 1 жарым миллион теңге штраф салып жұмыстан шығардыңдар. Қырық мың теңгені 8 ай тергеп, дым таппадыңдар. Бірақ, байқұс қыз бәрібір істі болып кетті.

Ендеше, сол Зарима Қожмамбетоваға жұмыс істеген 2023, 2024 жылдары неге зейнетақы аударылмаған? Екі жыл бойы неге МӘМС-ке ақша аударылмаған? Бұл тек қана Заримаға ғана аударылмаған ба?

Еңбекшіқазақ ауданындағы мұғалімдер! Зейнетақы мен МӘМС-теріңізді тексеріңіздер! Асхат Жұмағали мырза, Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімін өзіңіз барып тексермесеңіз біз қоластыңыздағыларға айта-айта шаршадық. Айқайлай айқайлай қасқырдан да ұят болды дегеннің кері келіп тұр.

Ongar_online

29 Jan, 09:26


⚡️ КОНКУРС ⚡️

💰 Жүлде қоры - 15 000

Байқау шарттары:

1. BARCELONA | QAZAQSTAN арнасына тіркелу;
2. eFoot•365 арнасына тіркелу;
3. СОҚКЕР арнасына тіркелу;
4. 🇪🇸 Барселона - Атланта🇮🇹 матчының есебін дәл табу және соңғы голдың авторын дәл табу.

❗️Ескерту: Жеңімпаз 2 адам болады, егер жалғыз болжам дұрыс болса, барлық ақшаны сол иемденеді. Пікіріңіз өзгермеуі керек, пікірлер матч басталғанға дейін қабылданады.

💬 Пікірлеріңізді BARCELONA | QAZAQSTAN арнасына, дәл осы посттың астына жазыңыздар.

@fcb_qazaq

Ongar_online

29 Jan, 08:42


"Расымен, біз елімізді сыйлауымыз керек. Парламентте сөз сөйлегенде ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Әрі қарай сабақ болсын. Мен ол кезде жауапкершілікті заңбұзушылықтың ауыртпалығына сай болуы керек деп айтқанмын. Терминді пайдаланғаным дұрыс болмады, оны мойындап отырмын" - дейді ол.

Бұған дейін, Депутат Азат Перуашев Мәжілісте елде айыппұлдың көбейгенін айтып, шенеуніктерге шағым білдірген еді. Сол кезде ол Қазақстанды "Штрафстан" деп атаған.

Ongar_online

29 Jan, 08:40


Өзбекстан чемпионатында екі этникалық қазақ чемпион атанды

🥊 Бокстан Өзбекстан чемпионаты аяқталды. 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста қаны қазақ боксшылар да қатысты.

🥇15 қазақ боксшы арасынан 6-ы жүлделі орыннан көрінді. 63,5 келі салмақта Руслан Абдуллаев жарыс жеңімпазы атанды. Ал 60 келі салмақта Мадияр Данияров топ жарды.

🥈 Финалға шыққан Мадияр Сайдрахимов (92 келі) пен Арман Маханов (+92 келі) күміс жүлде алды.

🥉 Саят Ілиясов (54 келі) пен Сабыржан Тастанов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

t.me/sportzhaily

Ongar_online

29 Jan, 03:49


Нижний Новгород маңындағы мұнай өңдеу зауытының да күлі көкке ұшты. Түнде Украина дрондары шабуылдаған.

Ongar_online

28 Jan, 15:28


🤡 Осы уақытта Путиннің отряды Трампты Путинмен келіссөздер үшін Краснодарға тарту үшін барын салуда:

"Біз бастамаған осы «СВО» үшін айналамыздағы әлем жау!" дейді. Трампқа хана

Ongar_online

28 Jan, 14:46


"Бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңімен өседі" дейді Энергетика министрі Сәтқалиев. Бірден өсіре салса болмай ма?

Ongar_online

28 Jan, 14:23


Үндістан мен Қытай АҚШ санкцияларына байланысты Ресей мұнайының саудасын тоқтатты, деп хабарлайды Reuters.

Ongar_online

28 Jan, 12:16


Павлодар облысы, Железин ауданына бардық. Жұмыс сапарымен. Аудан орталығындағы былтыр 138 миллионға жөнделген жылу қазандығы осымен үшінші рет апатқа ұшырап отыр. Бірінші мектепте сабақ тоқтап, қасындағы 130 үй жылусыз қалды.

Ал, мына суреттегі Нұрланбек Рақымжанов 2 топ мүгедегі. Жалғыз өзі осы бір құжырада тұрады. Бір басына бірнеше диагноз қойылған Нұрланбектің үйінің жағдайын суреттен-ақ көріп отырсыздар. Жергілікті атқарушы биліктен, әкімнен жағдайын айтып үй сұрап барған екен. Кезегің келмепті деп, үй беруден бас тартқан. Ал, әкімдіктің балансына сатып алынған үйлер бос тұр. Қыста қыстап шығуға да бермеді дейді 2 топ мүгедегі.

Солтүстікке көшіп келушілерге деп алынған бұл үйлердің әлі иесі жоқ. Себебі, Солтүстікке көш Железин ауданында тоқтап тұр. Бағдарлама орындалмаған.

Ongar_online

28 Jan, 06:53


Бектенов қосымша құн салығын көтереміз дейді. Осылар салықты көтереміз деп, халықты көтерейін деп жатқан жоқ па?

Ongar_online

28 Jan, 06:04


Курскіде соғысып жатқан Ким Чен Ынның қайтпас әскері шегініпті. Өмірі дрон көрмеген әскердің абдырап, қырылып қалған обалы кімге?

Ongar_online

27 Jan, 18:04


Пеп Гвардиола Хусановпен сөйлесу үшін өзбек тілін үйреніп жатыр дейді. Қалай боқтауды оқып жатқан шығар))

Черчесовке қарағанда ақылы бар екен)

Ongar_online

27 Jan, 17:00


Өткенде ғана жазған едім МӘМС-тің бастығы Әбілқайыр Сқақов орнынан кетті деп.

Сказал же, Скаков “случайный” адам емес!
МӘМС -ке қатысты “мясорубка” боларын білді немесе оған алдын-ала білдірді. Себебі, бүгін Аймағамбетов бастаған депутаттар Мәжілісте МӘМС-тің мылжа-мылжасын шығарды.

Әбілқайырды әлдилеп, әлпештеген Даниял Ахметов болатын. Әскерге бармаған Әбілқайырды Қорғаныс министрінің орынбасары да қылған еді. Кейін ҰҚК-де Мәсімовке зам болған Дәулет Ерғожинға ерді. Дәулет Қаңтардан кейін сотталып кетті. Сонда да Сқақовқа су жұққан жоқ.

Бір жыл МӘМС -те істеп “мыршымға” батқан сияқты. Осы жолы да аман құтылар ма екен?

Р.S. МӘМС-те азаматтардың жарнасының жалпы көлемі 4,5 трлн теңгеден асқан.

Ongar_online

26 Jan, 07:02


«Ойын басталғаннан кейін 5 минут өткен соң Хусановты ауыстырғыңыз келді ме?»

Гвардиола: (күлді) «Онымен сөйлесу үшін мен орыс немесе өзбек тілін үйренуім керек».

«Оған оңай емес. Ол бір рет қана жаттығып, кейін Джексон, Коул, Мадуеке, Санчоға қарсы ойнады. Жас ойыншыны сатып алғаннан кейін оның бейімделуі қиын процесс».

«Ол ағылшын тілін білмейді, сондықтан мен онымен сөйлеспедім. Онда бәрі жақсы болады. Ол бар болғаны бір-екі жаттығуды өткізді. Жарақатынан айығып келе жатқан Стоунсқа қысым көрсеткім келмеді. Бізге ол сәрсенбі күні (Брюгге клубына қарсы) керек. Ол (Хусанов) болған оқиғадан хабардар. Ол әлі үйренеді».

Ongar_online

26 Jan, 06:57


Орталық Азияда ең жоғары жалақы төлейтін ел белгілі болды

Бұл тізімде Қазақстан көш бастап тұр.

Салыстырмалы мәліметтерге сәйкес, былтырғы қыркүйек айында елдегі орташа жалақы 817,2 долларды құрады, бұл көрсеткіш Өзбекстандағы (437,8 доллар) немесе Қырғызстандағыдан (411,2 доллар) екі есе шамасында артық.

Ongar_online

26 Jan, 06:55


Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі Рязань мұнай өңдеу зауыты түнде тағы өртенді.

Көк Ұлдар үш күн бұрын дронмен шабуылдап, жылына 17 миллион тонна мұнай өңдеу қуаты бар үш цистерна жанып кеткен еді. Түнгі шабуылдың шығыны әлі жарияланбады.

Мына фото қалай сәтті түсірілген,ә)

Ongar_online

26 Jan, 06:31


Астанада Қорғаныс министрлігінің қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

Әскери қызметкер 72 сағатқа ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астанада Қорғаныс министрлігінің қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ratel.kz .

«24 қаңтарда ҚР Қорғаныс министрлігі Астана қаласы бойынша Ішкі әскерлер департаменті бастығының орынбасары подполковник Б.Б.Қораласов заңсыз пара алды деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық аппаратының қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды.

Сомасы: 105 млн теңге.

Әскери қызметкер 72 сағатқа ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (ratel.kz).

Ongar_online

25 Jan, 11:15


Молдованың сеператистік Приднестровьесі өткенде электрсіз қалып, бір маңырап еді. Енді көзінің сорасы ағып Ресейден көмір сұрап отыр. Екі аптаға ғана жететін көмір қалыпты.

Общым "Орыс әлеміне" арқа сүйегендердің жағдайлары қиындап барады. Кеше Словакия мен Сербияның халқы ресейшіл биліктеріне қарсы митингіге шықты.

Видеода бүгінгі Зеленскийдің туған күніне Киевке келген Молдованың президенті Майя Санду.

Ongar_online

25 Jan, 09:44


Мұнай бағасы Украинадағы соғысты тоқтатуға септігін тигізеді — Трамп

Дональд Трамп Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Сауд Арабиясы мен ОПЕК елдеріне мұнай бағасын төмендетуді ұсынды.

«Егер мұнай бағасы төмендесе, Украинадағы соғыс бірден тоқтайтын еді. Қазір баға айтарлықтай жоғары», — дейді АҚШ президенті.

Ongar_online

25 Jan, 09:07


Бүгін, Украинаның адал ұлдарының бірі, әлем тарихындағы даңқты тұлға Зеленскийдің туған күні.

Ongar_online

25 Jan, 06:01


Трамп мұнай бағасын құлатып жатыр. Экономикасы "қара алтынға" байланған біз қайтеміз?

Ongar_online

24 Jan, 18:43


Словакия. Братислава. Мыңдаған адам премьер-министр Фиконың ресейшіл саясатына қарсы шықты.
Елдің көптеген қалаларында жұрт алаңға ағылуда.

Ongar_online

24 Jan, 14:02


Харьков облысының қорғанысын ұстап тұра алмағаны үшін қамауға алынған генерал Галушкин өзін қатардағы жауынгер ретінде майданға соғысуға жіберуді сұрайды.

"Егер денсаулығыма қарамастан тағы бір басқыншыны жоя алсам, бұл мемлекетке сот пен қамауға алудан да көп пайда әкеледі. Бұл менің ар-намысымды сақтауға мүмкіндік береді" депті генерал.

Елдің генералы генерал!

Ongar_online

24 Jan, 11:27


Ресей Сыртқы істер министрлігі: «Егер АҚШ санкциялар қорқыту негізінде келіссөз жүргізсе, соғысты жүз күнде шешу мүмкін емес»

Ongar_online

24 Jan, 11:14


Өткен түнде СБУ арнайы операциялық күштермен бірге Ресей Федерациясындағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі Рязань мұнай өңдеу зауыты мен Рязань жылу электр орталығына (ТЭЦ) соққы берді.

Дереккөздер Ресей Федерациясындағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі саналатын Рязань МӨЗ-інде жылына 17 миллион тонна мұнай өңдеу қуаты бар кем дегенде үш цистерна жанып жатқанын хабарлайды. Сонымен қатар, дрон соққысынан болған өрт дизельдік отын мен авиациялық керосинді гидротазалау қондырғысы орналасқан цехты шарпыған. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде 50-ден астам жарылыс болғанын жазып жатыр.

Ongar_online

24 Jan, 09:30


Трамп Украина өз аумағына Ресей басып кірген кезде қарсы соғыспауы керек еді деп мәлімдеді дейді NBC News

«Зеленский әлдеқайда үлкен, әлдеқайда күшті, әлдеқайда күшті құрылыммен күресті... Ол мұны жасамауы керек еді, өйткені біз мәміле жасай алатын едік», - деді ол.

Трамптың ойынша, Украина Ресейдің әрекетіне қалай жауап беруі керек еді деген сұраққа Ақ үйдің баспасөз хатшысы жауап бермеді.

Ongar_online

24 Jan, 08:10


Бапкер қызды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Павлодарда футбол бапкері Расул Құлжановқа қатысты үкім шықты. Ол кәмелетке толмаған қызды зорлап, есірткі пайдаланғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қылмыс өткен жылдың қыркүйек айында болған. Қыздың анасы Instagram желісінде жеке футбол мектебінің жарнамасын тауып алып, қызын сынақ сабағына жаздырған.

Жаттықтырушы қызды турнирге қатысуға шақырады. Анасы баланы жарысқа апаратын жаттықтырушыға сеніп тапсырған. Ол болса жарысқа апарудың орнына қызды қонақүйге апарып, есірткі беріп, зорлаған.

Ongar_online

24 Jan, 07:45


Трамп АҚШ-тан мигранттарды ауқымды депортациялауды бастады, — Bild

Олар «миллиондаған заңсыз мигранттарды» елден шығаруды жоспарлап отыр: бірінші толқын әскери ұшақтармен жөнелтілді.

Ongar_online

24 Jan, 06:54


Мәжіліс депутаты Болат Керімбек өзін Құдай санаған болу керек. Баласы жоқтарға салық салайық депті. Штрафтың жаңа түрін таппай жатыр ма?

Ongar_online

24 Jan, 06:38


Көк Ұлдар түнімен Рязань қаласын дронмен шабуылдады. Мұнай өңдеу зауыты мен ТЭЦ-тың күлі көкке ұшты.

Ongar_online

24 Jan, 06:35


Алдағы күндері еліміздің шығысында -40 градус аяз болады деп болжануда

Ongar_online

23 Jan, 22:20


БАҚ: Украина дрондары Рязань қаласындағы мұнай өңдеу зауыты мен әскери әуежайға шабуыл жасауда.

Ongar_online

22 Jan, 05:37


Қызылорда облысында 21 жастағы жігіт 15 жасар жасөспірімді жүкті қылғаны үшін 12 жылға сотталды. Ол кәмелетке толмаған жасөспірімді жыныстық қатынасқа итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Алайда ата-аналары сот үкіміне шағымданып, екі жастың қосылуына қарсы емес екенін айтады. Бұл туралы Информбюрожаңалықтар хабарлайды.

Қызылорда облысында ата-аналарының рұқсатымен 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз молдаға некесін қидырған. Ата-аналары Нұртілеу мен Аяланың үйлену тойын да өткізіпті. Кейін 15 жастағы Аяла жүкті болып, дәрігерге көрінген. Емханадағылар бұл ақпаратты полицейлерге жеткізді.
“Бала түсіп қалатын қаупі бар деген соң УЗИ-ге түсірдік. Бір аптадан кейін полицияға шақырды. Содан тергеу басталды. Үш ай баламды тергеді. Мынау әншілердің қызы кетіп жатыр ғой. Оларға заң жоқ та, бізге келгенде заң бар ма? Баламды педофил қылып көрсетіп, 12 жылға соттап жіберді”, – деді сотталушының анасы Гүлбану Әшірбаева.
Сотқа 15 жастағы Аяла жәбірленуші ретінде қатысқан. Бірақ Аяла Жүрсін әлі күнге дейін күйеуінің үйінде тұрып, келіндік міндетін атқарып жүр. Ол сотта өз еркімен тұрмысқа шыққанын айтыпты. Сонда да судья мен құзырлы орган өкілдері жігітті кінәлі деп таныды.
“Мен бұл үкімге келіспеймін, күйеуімді босатып беріңіздер дедім. 15 жастан үйленіп жатқандар көп қой. Солар бақытты болуға лайық та, біз неге бақытты болуға лайық емеспіз деген сұрақ бар. Не үшін менің күйеуім жазықсыздан жазықсыз түрмеде отыр”, – деді 15 жастағы Аяла Жүрсін.
Үкім былтыр қарашада шыққан. Бұл іс жабық түрде қаралған екен.
“Нұртілеу Ибрагимов Қылмыстық кодексінің 122-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы “Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау” бойынша кінәлі деп танылсын. Оған педогогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге өмір бойы айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, – деп мәлімдеді Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Аппеляциялық сотта да 21 жастағы жігіттің жақындарының шағымы қанағаттандырусыз қалған. Ата-аналар енді жоғары сотқа жүгінбек.

Ongar_online

22 Jan, 04:38


Жириновский әулие екен ғой.

Ongar_online

21 Jan, 18:41


Нұралы Әліпке еуропалық "Монако", "Рома" мен "Вильяреал" көз салып отыр! Енді сөз салу ғана қалды!

Ongar_online

21 Jan, 14:23


Путин келіссөздерде Украинадан әскерін 5 есе қысқартуды талап етеді. Біз бұған жол бермейміз, - Зеленский

Ongar_online

21 Jan, 14:03


«Американың алтын ғасыры»: Трамп жаһандық саясатта не өзгертпек?

БҮГІННЕН БАСТАП БӘРІ ӨЗГЕРЕДІ, ТЕЗ ӨЗГЕРЕДІ!
ТРАМП АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІ: АСА МАҢЫЗДЫ 100 ҚҰЖАТ
УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС ТУРАЛЫ:
БРИКС ЕЛДЕРІ ТУРАЛЫ:
РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ ОДАҒЫН БҰЗУ ТУРАЛЫ:
МЕКСИКА ТУРАЛЫ:
КАНАДА ТУРАЛЫ:
САУД АРАБИЯСЫ ТУРАЛЫ:
ТҮРКИЯ ТУРАЛЫ:
ПАНАМА ТУРАЛЫ:
ДАНИЯ-ГРЕНЛАНДИЯ ТУРАЛЫ:
ҚЫТАЙ ТУРАЛЫ:

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6158

Ongar_online

21 Jan, 13:07


Бүгін Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады дейді.

Асламбек Мерғалиев сот жүйесі қызметінің былтырғы қорытындылары туралы мәлімет беріпті.

Салаға жасанды интеллект технологиясы енгізіліп, ол судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге ықпал еткен (2 млн істің 665 мыңы роботты техниканы қолдану арқылы қаралған);

Осыған дейін жасанды интелектті пайдалану арқылы сот өтіпті дегенді естімеппін. Жер астынан жік шықты, екі аяғы тік шықты дегенбей бұл қайдан шыққан цифрлар? Әлде, біз білмейтін құпия істерді роботтар қарап жатыр ма?

Параны да роботтар алып жатқан шығар?

Ongar_online

21 Jan, 12:44


Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне отандық журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды

Нұрсұлтан 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.

Ongar_online

21 Jan, 12:37


Трамп трампылдатып жатыр. Енді АҚШ-та жаңа туған баланың ата-анасының заңды статусы болмаса АҚШ азаматы болып саналмайды!

Ongar_online

21 Jan, 06:01


Смоленск маңындағы ұшақ зауытына дрондар шабуылдады

Зауыт, атап айтқанда, Су-25 шабуылдаушы ұшағын шығарады.

Ongar_online

21 Jan, 05:04


Меккеге барып, қажылық парыздарын өтемекші болған екі жүзге жуық адам алаяқтарға алданып қалды. Құдайға құлшылықтарын Сауд Арабиясына барып жасамақшы болған ел тұрғындары әр облыстан жиналған. 180 адам Меккеге ұшу үшін Алматыға келгенде алданғандарын бір-ақ білген, деп хабарлайды Todayinfoагенттігі.
Болашақ қажылардан ақшаны Мейіржан Ырыскелді деген адам алған. Ол өзін туристік фирманың президенті ретінде таныстырып, елдің сеніміне кірген. Бүгін Меккеге ұшуы тиіс турист қажылар ақшаны «Zajira travel» атты компанияға бір ай бойы кезек-кезек аударумен болған.

«Алаяққа алдандық, Семейден, Шымкенттен, Атыраудан, Ақтөбеден, Жезқазған, Қостанай облыстарынан келген адамдар көп. Барлығы 180 адамбыз. Қыста қажылыққа барамыз деп қаңғып қалдық. Алаяқ өтірік уәделерін беріп, біз оларға сеніп қалдық. Көбі шығындалып қонақ үйде жатыр, танысы барлар туыстарының үйіне тоқтаған. Бәріміз қазір қонақ үйге жиналып, мына алаяқтан ақшамызды қайтаруды талап етіп жатырмыз», — деді Ербол Байқашов.
Халықтың сеніміне кіріп, ақша жинауға, елді қажылыққа тартуға наиб имам да көмектескен.
«Өтеген батыр мешітінің наиб имамы — Марсел деген жігітке де сендік. Ол мешіт қызметкері болған соң бізді сендірді, имам өтірік айтпайды ғой дедік. Бәрі өтірік айтқан, ақша да, қажылық та жоқ, қаңғып қалдық. Турфирманың лицензиясын да, офисін де бізге көрсетпеді, телефонмен сөйлесіп сендірді халықты», — деді қарсылық акциясына жиналған халық.
Қыстың қара суығында қаңғып қалған болашақ қажылар әр облыстан өз қаражаттарын шығындап келген. Соңында қонақ үйге төлейтін ақшалары бітіп, бөлмелерден қуылған.
«Екі адамға қажылыққа жолдама алғам осы турфирмадан. Семей қаласынан апайым екеуміз Меккеге ұшу үшін келдік. 19- ы күні ұшуымыз керек еді, болмады. «20 қаңтар күні ұшасыңдар, күтіңдер» деп сендірді. Соңында бәрі өтірік екенін, мүлдем ұшпайтынымызды білдік, алаяқтар екен, толықтай алаяқтар деп айта алам», — деді Арыстан Мұқашев.
«Jazira travel» бізді алдап соқты. Шымкент қаласынан келдім. Үш күннен бері қонақ үйде жатқандар бар. Бәріміз алдандық», — деді тағы бір жолаушы.
Ал өзін турфирманың президенті ретінде таныстырып келген Мейіржан Бауырұлы қашып кетпейтінін, жанына бірнеше адамды қосып берсе кешкі сағат 19:00-ге дейін ақшаларын алып келетінін айтып ақталған. Алайда халық оған сенбей полиция шақыртты.

«Ал ағайын, ақшам жоқ сіздерге қайтаратын. Ақшаны алған Асылбек Шардарада, ол телефонды көтермейді, мен оның үйін білмеймін. Кешірім берсеңіздер рахметімді айтам, болмаса әрекетім үшін заң алдында жауап берем. Анам займ алды 200 мың теңге, басқа ақшам жоқ»,- деді турфирманың басшысымын деген Мейіржан Бауырұлы.

Жоспарсыз қарсылық акциясын ұйымдастыруға себепші болған наиб имам бастаған адамдарды полиция тергеуге алып кетті. Ашулы халық Әуезов аудандық полиция басқармасына барып арыз жазып жатыр. Қажылыққа барамыз деп қаражаттарын санап бергендердің арасында емізулі баласымен жүрген жас аналар да, таяғын сүйреткен егде жастағы әжелер де бар.

Ongar_online

21 Jan, 04:49


Алматыда алаяқтар 180 адамды қажылыққа апарамыз деп ақшасын алып лақтырып кетіпті. Бізді алдап соққандардың ішінде наиб-имам да бар дейді хабарласқан кісілердің бірі.

Ongar_online

21 Jan, 04:45


Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша Орталық Азияның үш елінің азаматтары Қазақстанда үш жыл ішінде 136 млрд теңге табыс тапқан. Алайда Ұлттық Банктің ақпараты бойынша осы уақыт ішінде олар өз елдеріне жалпы 1 трлн теңге аударған.

Ongar_online

20 Jan, 20:51


Әлемдегі ең бай адам. Қалай қуса да жарасады. Трамп президент болғанына өзі болғандай қуанып жүр.
Қусаң интелегентно қу деген осы-ау.

Ongar_online

20 Jan, 18:32


Ресми: Хусанов АПЛ ойыншысы!

Ал енді өзбек бауырларды ресми құттықтауға болады.

Бүкіл Орталық Азия "Манчестер Ситидің" парақшасына көрпе-жастығын апарып, қос тігіп жатып алыпты))

Ongar_online

20 Jan, 16:07


Сайлаудың кезінде "мен депутат болсам төбеңнен ақша жаудырам" деп уәдені үйіп төгесің. Сосын, сайланып алғаннан соң сайлаушыларың өтініш жасаса тупой деп ұрыс. Қалалық депутаттар ештеңе шешпейтінін білмейсің бе тупой деп тұрып боқта)

Видеодағы Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова.

Ongar_online

20 Jan, 14:59


Трамп өлім жазасын қайтаруды және АҚШ-та тек екі жынысты - еркек пен әйелді ғана ресми түрде мойындауды жоспарлап отыр, - Reuters

Ongar_online

20 Jan, 12:41


Қажылыққа баруды жоспарлап жүргендер бұдан былай вакцинация алуға міндетті. Сауд Арабиясында жаңа шарт 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асады.
Енді қажылыққа барушылар менингококкты менингитке қарсы вакцинация алуы керек.  Вакцинация кем дегенде 10 күн бұрын жасалуы керек. Полисахаридті вакцина 3 жыл, конъюгацияланған вакцина 5 жыл жарамды.  Ал 1 жасқа дейінгі балалардан вакцина талап етілмейді.

Ongar_online

20 Jan, 11:32


Елімізде тегін медицина саласы бойынша бір бюджеттік бағдарламаға Т3 трлн-ға жуық сұрауда.

Халық бәрібір ақылы ауруханаға барып емделіп жүр. Бермеңдер ақша. МӘМС-тің ақшасы қайда?

Ongar_online

19 Jan, 19:12


Бірнеше айдан бері Ресей армиясы артиллериялық оқ-дәрілерді екі есе аз пайдаланады. Бұл қорғаныс күштерінің Ресей Федерациясындағы стратегиялық және әскери нысандарға жасаған соққыларының нәтижесі, - Сырский.

Ongar_online

19 Jan, 17:23


Павлодардағы Даниал Ахметовтың үйіне тінту жүргізілді деген ақпарат жетті. Рас болса, онда НАН-ның маңайына қамшы үйірілді.

Ongar_online

18 Jan, 16:09


Абдіқадыр Хусанов "Манчестер Ситиде!".

Агенті Қазақ Еліне жақсы таныс Ұлықбек Асанбаев

Ongar_online

18 Jan, 09:58


1 ақпаннан бастап елімізде автогаз бағасы өседі

Энергетика министрлігі бұл шешімді сұйытылған мұнай газын өндірушілер шығындарының өсуімен байланыстырып отыр.

Тағы да газ-50 деп шулатпаса болды.

Ongar_online

18 Jan, 09:56


Бүгін түнде Ресейдің екі мұнай өңдеу зауытының күлі көкке ұшты. Бізде бензиннің бағасы 300 теңге болады деген әңгіме шыға бастады.

Ongar_online

18 Jan, 08:49


Рубль экономикамызды құлдыратуда - Азат Перуашев

Кеше Қазақстан Ұлттық Банкі жылдық 15,25% базалық мөлшерлемені өзгертпей сақтау туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев: «Бұл шешім емес, бұл - қорыққаннан басын құмға тығу!», - деп сыни пікірін білдірді.

Азат Перуашев:

– Инфляцияға теңгенің көптігі емес, отандық тауар өндірісінің жетіспеушілігі қысым жасайтыны, оның табиғи салдары ішкі нарықтың импортқа тәуелділігі екені баршаға бұрыннан белгілі. Ал доллардың нығаюы, дәлірек айтсақ, сауда шектеулерінің ауыртпалығынан Қазақстан да зардап шегетін Ресей рублі бағамының төмендеуі (рубльдің теңгеге айырбасталуына және республикада долларды сатып алуға байланысты) әсер етіп отыр. Салдарынан инфляция теңгені одан әрі құнсыздандырып, қысымға ұшырап жатыр. Бұл санкциялар салдарынан құлдыраған рубльдің экономикамызды да құлдыратып, жерге тыққанынша жалғасады!

Ongar_online

18 Jan, 01:05


БӨРІСЫРҒАҚ...

Қаңтардың қатты аязында, 18-нен 19-на қараған түні қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Қасқырлар түнгі 00.00-ден таңғы 6.00-ға дейін жұптасады.

Көпті көрген көнекөз қариялар қасқырлардың жұптасуына орай қаңтардың осы түнін «Бөрісырғақ» деп атайды. Сырғақ деудің себебі қатты соққан бораннан қар үстінде ештеңе тұра алмай, сырғанап ұшып кетеді.

Осы түн әлемдегі барлық заттың тазару түні, әсіресе судың ең тазаратын уақыты.

Ертеде бабаларымыз осы күні сумен нәрестені қырқынан шығарып, жүкті әйелдері жуындырған нәрестелер қасқырдай батыр болар деп. Таңғы төрт бестерде бұлақтың таза суын ішкен қасқырдай жүректі боламыз деп.

Бұл біздің атабабаларымыздан қалған ырым-дәстүр. Неге екені белгісіз, Христиан діні өкілдері сол бөрісырғақта түнде мұзды суға түседі...

Ongar_online

17 Jan, 14:34


Сәуірде Курскідегі 12 мың кәріс солдаттары толық жойылады дейді Американың Соғысты зерттеу институты. Қазірдің өзінде үштен бірі қырылған.

Ongar_online

17 Jan, 12:56


Алматы облысы Қарасай аудандық соты Қаңтардан кейін ұсталған шетел азаматтарын азаптады деп айыпталған алты полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды дейді Козачков телеграмм арнасы.

Бұл оқиға қырғыз джаз музыканты Викрам Рузахуновтың (суреттегі) арқасында танымал болды - оның қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы тонау мен тәртіпсіздікті мойындауы теледидардан көрсетіліп, кейінірек бұл ер адамның өтірік айтуға мәжбүр болғаны белгілі болды. Ол тіпті өзін басқа атпен таныстыруға мәжбүр болған.

Тергеу нәтижесінде азаптауға қазіргі құқық қорғау қызметкерлерінің қатысы бар екені анықталды, Рузахуновтың спектаклін түсіруді сол кезде Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков қадағалаған.

Тамыз айында ол тағы бес адаммен бірге сотқа келіп, бүгін үкім жарияланды - алты айыпталушының барлығы кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ongar_online

17 Jan, 12:53


Германияның даңқты футболшысы Бастиан Швайнштайгер қазақ журналисіне рахмет айтты

Әлем футболының жарық жұлдызы Бастиан Швайнштайгер Qazsport арнасының тілшісі Телжан Күдеровке Туринде өтіп жатқан универсиада ойындарының ашылу салтанатында құлап жатқан Германияның туын көтергені үшін алғысын айтты. Бұл туралы «ARENA» телеграм-арнасында мәлім болды. Футболшы қазір Италияда қысқы универсиада ойындарын тамашалап жүрген көрінеді. Ал Турин қаласында қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты кезінде Германия құрамасы өткен соң сол елдің жалаушасы жерге құлап түскен. Ал кейін шыққан қазақстандықтар жерде жатқан неміс туын көтеріп алып, құрмет көрсеткен. Туды «Qazsport» телеарнасының тілшісі Телжан Күдеров көтергені мәлім болды. Италияда өтіп жатқан Қысқы Универсиада ойындарына Қазақстан спортшылары бірнеше спорт түрінен қатысуда. Бұл сынға ел құрамасы сапында 95 спортшы аттанған.   Айта кететін жайт, Туриндегі универсиада ойындары 13 қаңтардан 23 қаңтарға дейін жалғаспақ.

Ongar_online

17 Jan, 12:47


Ұлттық қор қаражатын пайдалануға шектеу қойылады

Тимур Сүлейменов Үкімет Ұлттық банктің бұл ұсынысымен келіскенін жеткізді.

Енді трансферт көлемі заңмен бекітілмек. Ереже нысаналы да, кепілдендірілген трансферттерге қолданылады. Әзірге нақты шегі белгіленбеген.

Ongar_online

17 Jan, 11:44


Ресей БАҚ-тары: Энгельстегі мұнай базасы төртінші күн қатарынан жанып жатыр. Цистернаның жарылуынан тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды.

Ongar_online

17 Jan, 10:31


Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев

Ongar_online

17 Jan, 10:30


Не деген ниеті тар қоғам едік? Қазаққа алыстан жау іздеп керегі жоқ. Қазақ Футболының болашағы болады деп үміт артып жүрген 16 жасар Дастан Сәтпаев келесі апта "Челсиге" ауысады деген жаңалық пост кеңестік елдерге тарап кетті.

Сол жаңалық туралы пабликтердің астында баяғы өзіміз. "Ой, ол ойнай алмайды, қайтып келеді. Бір байдың баласы шығар. Доп тасып тұрмаса. Су таситын шығар. Көкесі мықты болып тұр ғой" деген пікірлерді жазып отырған қазақтар үшін ұялдым.

Оу, сен оның бір ойынын да көрген жоқсың ғой? "Челси" 16-дағы баланы негізгі құрамға, Пальмердің орнына алып жатқан жоқ қой. Он алты жас деген академия үшін кәрі саналады. Бірақ, "ақсүйектер" балаға сенім артып жатыр. Онда үміт бар деген сөз. Елдің бәрі Ламин Ямаль емес қой.

Қайта өзбек, қырғыз бауырлар тілеулестігін білдіріп, жақсы пікірлер жазып жатыр. "Әлі жас, шыңдалады. Тәжірибе жинайды. Жерге ұра бермесеңдерші" деп, қазақтарға басу айтып отырғандарына бір жағынан намысым келді.

Ағайын, балаға көмегің тимесе де аяғынан шалма. "Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін балам қайдан болсын" деген Ахаңның сөзі аксиома. Сәттілік, Дастан! Қазақтың да АПЛ-да доп тебуге таласы бар шығар!

Ongar_online

17 Jan, 09:27


Boom!! Алматылық "Қайраттың" 16 жасар шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшындық "Челсиге" ауысып жатыр дейді!

Ongar_online

16 Jan, 13:30


Украина 2024 жылы соғысқа 100 миллиард доллар жұмсады, - Зеленский

40 миллиард доллар Украинаның, 35 миллиард доллар АҚШ-тың, 25 миллиард доллары ЕО үлесінде.

Ongar_online

16 Jan, 13:05


Ұлыбритания Ресей активтерінен Украинаға 3 миллиард доллар (!) бөледі! Кремль шок!

Ongar_online

16 Jan, 12:29


"Орыстар жаңа мобилизацияға дайындалу керек. Біз ерлерді Батыспен үлкен конфронтацияға дайындауымыз керек", дейді Мемлекеттік Думаның қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Журавлев.

"Еуропа бізге 2028-2029 жылдары Ресеймен соғысуға дайын болатынын түсіндіріп отыр. Бұл жерде ер азаматтарды дайындап, Отанды қорғау қажет. Біздің әскери комиссариаттар мен жұмылдыру резервтері тиімді жұмыс істеуі керек", - деді Журавлев

Ongar_online

16 Jan, 11:57


Сталин Ресейді соқадан ракетаға жеткізіп кетті. Путин ракетадан соқаға дейін әкеле жатыр.

Ongar_online

16 Jan, 10:56


Аққу өзін құтқарған адамды құшақтап, алғыс білдірді

Анапада осыдан бірнеше күн бұрын мазут дақтары мен интоксикации белгілері бар аққу адамдарға өз бетімен жақындаған. Еріктілер құсты сауықтырып, оны қайтадан табиғатқа жібермек болған кезде әсерлі сәт болды.

«Ол мені құшақтады! Көрдің бе?!" — дейді видеода Лариса Шульц көз жасын сүртіп.

Ақымақ Путинның кесірі бүкіл әлемге кесірін тигізіп жатыр.

Ongar_online

16 Jan, 07:58


Франция мен Британия Украинаға әскер кіргізуі мүмкін. Ағылшындардың премьер-министрі Стармер Киевте жүр.

Ongar_online

15 Jan, 13:40


Жигули көкем жаймен обгондап келе жатыр еді.

Ongar_online

06 Jan, 23:06


Қытайда медицина саласындағы жемқорлық үшін 40 мыңнан астам адам жазаланды

Ongar_online

06 Jan, 14:22


💬 Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Қазақстандағы ұшақ апатына Ресейді тағы айыптай сөйледі

🗣 "[Ақтаудағы ұшақ апатынан] қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының [өлімі] Ресей өкілдерінің мойнында деп сеніммен айта аламын. Біз әділдік талап етеміз, кінәлілерді жазаға тартуды талап етеміз, ашықтық пен адамгершілік талап етеміз" деді Әлиев.

AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, Әзербайжан президенті мұны ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің үй ішімен және тірі қалған бортсеріктермен кездесуде айтқан.

Ұшақтың қара жәшіктерін зерттеу процесі жүріп жатқанын айтқан Әлиев "жақын арада алдын ала нәтижені білетінімізге және бәрі өз орнына келетініне сенімдімін, қайғылы оқиға туралы бәрі белгілі болады. Әрине, бұл осы трагедияны толық тергеу және ондағы кінәлілерді жазаға тарту ісіндегі маңызды сәт болады" деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Ongar_online

06 Jan, 07:46


Тағы да аутизм туралы. Соңғы жылдары аутизм күрт көбейді. Неге көбейді? Қалай, неден пайда болады деген сауалға ғылым бас қатыруда.

Тараз қаласындағы гинеколог дәрігер, 45 жылдық тәжірибесі бар Маржан Сағымбекова қыз-келіншектерге дені сау бала табу үшін боянбаңдар дейді.

«Кеңес заманында жүкті әйелдерге шашын кесуге, боянуға, тырнақ жасатуға рұқсат бермейтін. Жуынбай, кір-қожалақ болып жүр деп отырған жоқпын. Ал, қазір келіншектер перзентханаға барарда боянатыны соншалық, театрға барғандай келеді. Бірақ оның бәрі - химия. Қазір сән салонында жүкті адамдар өте көп. Шашын неше түрлі етіп қияды, кірпік жабыстырып, еріндерін ісітеді. Оның бәрі жатырға, балаға кетеді. Одан кейін қандай бала туады? Неге аутизм көп, неге церебралды параличпен туған бала көп?», - дейді тәжірибелі дәрігер.

Қалай ойлайсыздар? Дәрігердің сөзінің жаны бар ма?

Ongar_online

06 Jan, 07:05


Түркістан облысында 2,4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланған

43 адамға қатысты іс сотқа жолданды.

Ongar_online

06 Jan, 06:10


Түркістан облысының әкімі болып 40 жастағы Нұралхан Көшеров тағайындалды.

Ongar_online

06 Jan, 04:54


Қазақстанда тамақ жеткізетін курьерлерге қатысты жаңа талап бекітілді

Енді курьерлерде медициналық тексеруден өткенін растайтын медициналық кітапша болуға тиіс. Сондай-ақ, кәсіби гигиеналық дайындықтан өтіп, жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелеріне лайық болуға тиіс.

Бұдан бөлек, қоғамдық тамақтану өнімдерін тасымалдау барысында қаптаманың зақымданбағанын анықтау үшін өнімді тексеру мүмкіндігі беріледі.

Ongar_online

06 Jan, 04:45


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ongar_online

05 Jan, 13:10


Курскіде солтүстік кореялық бір батальон Кобзонның кәнсертіне аттанды!

Ongar_online

05 Jan, 11:28


"Украина Қарулы Күштерінің шабуылының мақсаты - Курск атом электр станциясын басып алу". РосСМИ

Ongar_online

05 Jan, 10:21


"Росатом" немістің "Siemens" компаниясын Түркияда салынып жатқан "Аккую" АЭС-іне ақшасы төленген жабдықты жеткізуден бас тартқаны үшін сотқа бермек😂

Бұл далбандар санкцияның не екенін әлі ұқпай жүр ғой деймін)

Ongar_online

05 Jan, 09:57


Украина Курск облысында кең ауқымды шабуылға шықты!

Ongar_online

05 Jan, 09:28


Бас барлау басқармасы «Шторм.Осетия» батальонының штаб бастығы, лақап аты «Кама» Сергей Мельников пен оның жүргізушісінің көзін жойғаны туралы хабарлады.

"Кракен" арнайы жасағының сарбаздары FPV дронымен шабуыл ұйымдастырған.

Ongar_online

05 Jan, 09:04


Бұрынғы Мәдениет вице-министрі Қожағапановқа қатысты іс сотқа жіберілді

Бас прокуратура бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты істі сотқа жіберді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Экс-шенеунік пен мердігер ұйымның басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және 1 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді.

13 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыны сотқа әкелді.

Қожағапанов 2024 жылдың наурыз айында ұсталған. 2021 жылдың сәуірінде ол Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, Қожағапанов бұл қызметте жарты жылдан аз уақыт жұмыс істеді. Содан кейін ол 2022 жылдың сәуіріне дейін премьер-министрдің кеңесшісі болды.

2024 жылдың шілдесінде Антикор экс-министрдің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ongar_online

05 Jan, 08:45


💬 Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда метапневмовирустың штамдары анықталды

🦠 Министрліктің хабарлауынша, метапневмовирус ауа арқылы жұғады. Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, бас ауруы. "Метапневмовирус – көптеген елде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі" деді министрлік.

Министрлік дерегінше, қазір бүкіл әлемдегідей Қазақстанда да ЖРВИ-мен және тұмаумен ауырғандар саны өсіп жатыр. Ведомство халықты профилактика шарасын сақтауға, адам көп жиналатын жерде басқалармен байланысуды шектеуге шақырды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Ongar_online

05 Jan, 07:41


Ресейде Украинада бейбіт тұрғындарды бомбалап, халық жиналған кафеге шабуыл жасаған әскери қызметкерді жарып жіберді.

3 қаңтарда Иваново облысының Шуя қаласында жарылыс болып, оның салдарынан 30 жастағы капитан Константин Нагайко ауыр жарақат алды. Украинаның Бас барлау басқармасы Нагайконың Украинаға қарсы соғысқа тікелей қатысқанын және "Искандермен" Сумы мен Харьков облыстарындағы азаматтық және әскери нысандарға соққы беруіне қатысқанын атап өтеді.

Атап айтқанда, Нагайконың бөлімшесі өткен жылдың қазан айында жерлеу рәсімі өтіп жатқан дәмханаға зымыранмен шабуыл жасап, Гроза ауылында әскери қылмыс жасады. Сол кезде 59 бейбіт тұрғын басқыншылардың құрбаны болды, оның ішінде сегіз жасар бала да бар.

Нагайконың жағдайы ауыр деп хабарланды.

Ongar_online

05 Jan, 07:17


SOS!

Қытайда жаңа метапневмовирусы (hMPV) өршіп, науқастар саны көбейіп жатыр


Бұл вирус өкпені зақымдап, COVID-19 және тұмауға ұқсас белгілерді көрсетеді: діріл, жөтел, тамақтың ауыруы, әлсіздік және бас айналу.

Ongar_online

04 Jan, 14:59


9 қаңтарда Германияда «Рамштейн» форматындағы кездесу – Украинадағы жағдайға қатысты әртүрлі елдердің 50 қорғаныс министрінің кездесуі өтеді.

Ресейлік ақпарат құралдары дәл осы кездесуден кейін Украина Қарулы Күштері шабуылға кіріседі деп үрейленіп жатыр.

Ongar_online

03 Jan, 19:21


Приднестровьеде бүкіл аудандар мен көшелер электр жарығынан ажыратыла бастады

Жергілікті тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдары Приднестровье Тираспольіндегі электр қуатының алғашқы сөнуі туралы кадрларды жариялауда.

Өшірулер Ресей газының Украина арқылы өтуі тоқтатылғаннан кейін электр қуатының тапшылығына байланысты енгізілген.

Ongar_online

03 Jan, 17:00


Жыл киберпанкпен басталды

Америка Құрама Штаттарында судья сот отырысы кезінде қылмысты жасаған күдіктінің сол кездегі әрекетін көріп, шешім қабылдау үшін VR дулыға кигізді.

Сот отырысына сотталушының адвокаты электронды кигіштерді алып келген. Флоридалық тұрғынға бір топ адамды мылтықпен қорқытты деген айып тағылуда. Бірақ қорғаушы тарап өзін-өзі қорғау теориясын талап етіп, жағдайдың қалай болғанын судья өз көзімен көрсін деп бірнеше гаджет берді.

Болашақта адвокаттың керегі болмай, қылмыстың қалай болғанын сот залында теледидардан көріп отыратын сияқтымыз ғой.

Ongar_online

03 Jan, 12:41


Астана-Шущинск жолы. Абайлаңыздар! Жолға шығарда ауа-райы мен ТЖМ ескертпесін қарап алыңыздар.

Ongar_online

02 Jan, 14:02


Приднестровьеде барлық өнеркәсіп энергия ресурстарының жетіспеушілігінен жұмысын тоқтатты, - деді жергілікті билік.

Ресей газының транзитсіз отырғанына 2-ші күн.

Ongar_online

02 Jan, 12:31


"Украиндықтардың 60% соғыс қанша уақытқа созылса да шыдайды". Киев халықаралық әлеуметтану институтына халық осылай жауап берген.

Ongar_online

31 Dec, 20:16


Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Ел іргесі аман, бауырымыз бүтін, бейбіт заман болсын!

Ongar_online

31 Dec, 10:27


Тікұшақты атып құлату сәті. Тағы бір тікұшақ зақымданып, қашып құтылыпты

Ongar_online

31 Dec, 09:46


Тарихта алғаш рет! Украинаның теңіз дроны ресейлік Ми-8 тікұшағын атып құлатты!

Ongar_online

30 Dec, 14:48


Ақ үй: Байден Украинаға 2,5 млрд доллар әскери көмек пакетін жариялады. Қазіргі сәтте Киевке жүздеген мың артиллериялық снаряд пен мыңдаған зымырандарды жеткізу басталды.

Ongar_online

30 Dec, 14:24


АҚШ Украинаға Ресейдің бұғатталған активтерінен $15 млрд ақша береді, - Премьер-министр Шмыгал

24 желтоқсанда Украина Ресейдің бұғатталған активтерінен 1 миллиард доллар көлеміндегі бірінші траншты алды.

Ongar_online

29 Dec, 19:32


Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы, бұрын есірткі ісі бойынша сотталған Алексей Бугаев СВО аймағында қайтыс болды, деп хабарлады футбол агенті Антон Смирнов.

Бугаев мәскеулік «Торпедо» мен «Локомотив», «Том» және «Краснодар» командаларында ойнады. Қорғаушы Ресей құрамасы сапында жеті ойын өткізген, оның ішінде екеуі 2004 жылғы Еуропа чемпионатында. 2010 жылы 29 жасында карьерасын аяқтаған.

Ongar_online

29 Dec, 18:19


Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Путинге мінез көрсететініндей бар. Артында 80 миллион түрік пен Ердоған тіреп тұр. Қазақтың артында кім бар?

Ongar_online

29 Dec, 17:50


Қазақстан Әзірбайжан ұшағының қара жәшігін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жібереді. Комиссия мүшелерінің барлығы осыған келісті. Халықаралық ереже де осылай дейді. Әрі Бразилия ұшақты өндіруші ел.

Ongar_online

29 Dec, 15:37


Әзербайжан AZAL ұшағы апатын бірігіп тергеу туралы Ресейдің ұсынысынан бас тартты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телеарнаға берген сұхбатында сонымен бірге Ресей жағы ұшақ апатын халықаралық авиация комитетімен бірігіп тергеу жөнінде ресми түрде ұсыныс жасағанын айтты.

“Біз бұдан түбегейлі түрде бас тарттық. Оның себебі айқын. Бұл институт негізінен ресейлік шенеуніктерден құралған, институтқа Ресей азаматтары жетекшілік етеді. Объективтілік факторы мұнда толық орындалмауы мүмкін. Егер Ресей апаттан кейін бірден әділетті әрі орынды қадамдар жасағанда бәлкім, қарсы болмас та едік. Алайда мәселені жасыруға деген айқын талпыныстарды көрдік” деді Әзербайжан президенті.

Ол сонымен бірге ұшаққа тиген бөлшектерден іштегі жолаушылар мен экипаж мүшелері жарақаттанғаны айқын екенін де жеткізді.

Мұны қандай да бір құстарға итеру немесе газ баллоны жарылысы ретінде сипаттау – ақымақтық әрі әділ емес” деді Әлиев.

Азаттық радиосы

Ongar_online

29 Dec, 13:00


"Қазақстанға, Қазақ халқына рақмет! Қазақстанмен достығымыз бен бауырластығымыз ауыр сынақтан кейін күшейе түсті". Ильхам Әлиев.

Ongar_online

29 Dec, 12:21


"Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ жерден атқылаудан зардап шекті. Баку кешірім күтуде". Ильхам Әлиев

Ongar_online

29 Dec, 11:13


Ұшақтарға не болған?

Бангкоктан ұшып келе жатқан Jeju Air компаниясының ұшағы Сеулдің оңтүстік-батысындағы Муан әуежайына қонбақ болған кезде апатқа ұшырап, 179 адам қаза тапты.

***

Канадада Air Canada ұшағы шассидің істен шығуына байланысты шұғыл қонғаннан кейін өртеніп кетті

Ұшақ қону кезінде қанатымен ұшу-қону жолағына соғылып, өртке ұласқан.

Борттағы 73 адамның ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

***
Ослодан Амстердамға ұшқан голландиялық KLM әуе компаниясының ұшағы гидравликалық жүйенің ақауына байланысты апатты жағдайда қонып, ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Зардап шеккендер жоқ.

Ongar_online

29 Dec, 06:29


Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтан тірі қалған қырғыз азаматы "құтқарушылар қазақтармыз дегенде жылап жібердік. Басқа ел ме деп ойладық" дейді.

Жан сауғалап Каспий теңізінің үстімен қашқан "жаралы" ұшақтың ұшқыштарының да мақсаты мейірбан Қазақ Даласына жету болған еді.

Ongar_online

29 Dec, 05:34


Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайында құс Boeing 737 ұшағының қозғалтқышына соғылған сәт.

Ongar_online

29 Dec, 05:23


Ұшақтың қону алаңында шассиі істемей қалған. Яғни, дөңгелегі ашылмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құстарға соғылған болуы мүмкін. Билік тергеу жүргізіп жатыр.

Ongar_online

29 Dec, 05:11


Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырап, 181 адамның 179-ы опат болды.

Ongar_online

28 Dec, 22:29


"Известия" арнасының журналисі, танымал ресейлік әскери корреспондент Максим Елисеев 26-желтоқсанда камикадзе дронның шабуылынан көз жұмды.

Ongar_online

28 Dec, 22:28


Азия бокс қауымдастығы жыл үздіктерін анықтады

2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 17 номинация жарияланып, оның ішінде Қазақстан 4 аталымда жеңімпаз деп танылды.

🔹 Үздік ұлттық федерация - Қазақстан бокс федерациясы
🔹 Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сағындық Тоғамбаи‌
🔹 U22 ерлер арасындағы үздік боксшы - Темірлан Мұқатаев
🔹 Жастар арасындағы үздік боксшы - Төрехан Сабырхан

Ongar_online

27 Dec, 17:13


Жыл әкімі номинациясын Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев шаппай алып тұр-ау!

Ongar_online

27 Dec, 10:09


Қазақстандық QAZAQ AIR әуекомпаниясы Ресейге сапарлаудан бас тартты. 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана - Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатпақ.

Ongar_online

27 Dec, 09:33


Әзірбайжан Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетеміз деген Шешенстанның көмегінен бас тартты.

Day.az сайтының президент әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Шешенстан билігі бір күн бұрын Рамзан Қадыровтың тапсырмасы бойынша «өлгендер мен зардап шеккендердің барлық отбасыларына қаржылық және басқа да көмек көрсетуге дайын» ​​деп хабарлады.

Әзірбайжан президентінің әкімшілігі бұл ұсынысты қабылдамады деп жазады басылым.

«Әзірбайжан мемлекеті де, азаматтары да мұндай көмекті қабылдамайды және біз өз азаматтарымыздан кешірім сұрауды және тиісті өтемақы төлеуді талап етіп отырмыз», - дейді басылым Әзірбайжан АП дереккөзге сілтеме жасап.

Ongar_online

26 Dec, 21:43


Сұрақ жауап алып үлгермепті. Бірнеше күн бұрын тұтқынға түскен екен. Мойнынан жараланып, көп қан жоғалтқан байғұс өліп қалыпты.

Ongar_online

26 Dec, 21:04


Алғашқы кәріс солдаты тұтқынға түсті.

Отбасы қиын жағдайға түсті-ау

Ongar_online

26 Dec, 21:03


Трамп Еуропа елдеріне Украинаға көмекті арттыру үшін қысым жасауда - The Washington Post

Ongar_online

26 Dec, 15:14


Ресейде ЕЭО-ның жиыны өтіп жатыр. Лукашенко мен Пашинян диалогы былай өрбіді. Пашинян жиынға онлайн қатысуда.

Пашинян: Біз Минскте ЕЭО Жоғары Кеңесінің жиыны өтуіне қарсы емеспіз. Бірақ біздің делегациямыз конференцияға видеоформатта онлайн қатысатын болады.

Лукашенко: Аа сіздерде қандай мәселе туындап тұр? Минскке дейін алыс па, әлде сіздерді жеткізетін адам жоқ па? Егер қажет болса біз сіздердің делегацияларыңызды жеткізуді ұйымдастырамыз.

Пашинян: Александр Григорьевич! Бұл туралы мен бұған дейін де айтқанмын. Сіз бұл сұрақты қозғап өткен соң, тағы айтып отырмын. Кейін түсініспеушілік болмау үшін солай еттім.

Лукашенко: Жақсы. Сіздің мәлімдемеңізді қарастырамыз.

Пашинян: Оның несін қарастырасыз. Менің мәлімдемем қарастыруға жатпайды. Бұл нақты шешім.

Лукашенко: Қарастырамыз, қарастырамыз. Мүмкін ол кезде сіз баяндама жасайтын теледидар болмай қалса ше?...

Пашинян: Мәселе жоқ, мәселе жоқ. Қарастырыңдар.

Ongar_online

26 Dec, 13:07


Алдын ала тергеу Ақтаудағы қайғылы оқиғаға ресейлік зымыранның Грозныйдан атылғаны себеп болғанын растады - Euronews

Әзірбайжан үкіметінің дереккөздері сәрсенбі күні Ақтауда Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағының құлауына ресейлік «жер-әуе» зымыраны себеп болғанын Euronews арнасына ғана растады.

Дереккөздердің хабарлауынша, Грозный аспанында дрондар шабуылы кезінде 8432 рейсіне қарай атылған ракета ұшаққа жақын жерде жарылған кезде жолаушылар мен стюардессаларға ракета сынықтары тиген.

Үкіметтегі дереккөздердің Euronews агенттігіне хабарлауынша, зақымданған ұшақ ұшқыштардың апатты жағдайда қону туралы өтінішіне қарамастан, Ресейдің ешбір әуежайына қонуға рұқсат етілмеген және Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына қарай ұшуға бұйырылған.

Ұшақтың GPS навигациялық жүйелері теңіз үстінде ұшу кезінде істемей қалғаны хабарланды (atamekenbusiness).

Ongar_online

26 Dec, 12:24


Жаралы ұшақты Каспийдің үстімен Грозныйдан Ақтауға аман алып келген, 30 шақты адамның өмірін сақтап ерлікпен мерт болған қос ұшқышқа Ақтаудан ескерткіш орнату керек!

Ongar_online

26 Dec, 10:51


Маргарита Симоньян деген мына қаншық Қазақстанда соғыспағанына өкініп отыр. Айбалтамызды сайлап, жүзін қайрап қоятын уақыт келген сияқты.

Ongar_online

26 Dec, 09:21


Солтүстік Корея сарбаздарына FPV дрондарын "тірі жем" арқылы атып түсіруді үйретуде

Схема келесідей: егер сіз дронды көрсеңіз, сізге трио (3 адам) жасау керек. Олардың бірі дронды алдайды. Алдап тұрғанда, дрон да тоқтайды. Ал 10-12 метр жердегі екі атқыш екі шетінен атып құлату керек! Керемет!

Ongar_online

25 Dec, 19:11


Ұшақты дронмен шатастырып атып түсірген болуы мүмкін

Ақтауда бүгін орын алған әуе апаты туралы қайғылы оқиғаға байланысты жаңа мәліметтер пайда болды. Ұшақтың сыртқы қаптамасынан зениттік зымыран жарылысы кезінде пайда болатын іздер табылған. Тірі қалған жолаушылардың бірі пилоттардың Грозныйға үш рет қонуға тырысқанын айтып берді:

— Үшінші рет бірдеңе жарылды. Жарылыс болды — бірақ мен оны ұшақтың ішінде болды деп айта алмаймын. Мен отырған жердің қасындағы қаптама ұшып кетті, — дейді ол.

Бұған дейін ұшақ Грозныйдағы тұманға байланысты Каспий теңізі арқылы Ақтауға бағытталғаны хабарланған болатын. Кейін әуе кемесі құстар тобына соқтығысып, басқарудан айырылған деген болжам жасалды. Алайда, ұшақтың қаптамасындағы іздер басқа жағдайды меңзейді — ұшақ Грозныйға жақындағанда атып түсірілген болуы мүмкін. Оны украиндық дрон деп шатастырған болуы ықтимал, себебі дәл сол күні Грозныйға дрондар шабуыл жасаған еді.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының бортында барлығы 69 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Әуе апатынан 28 адамның тірі қалғаны белгілі.

Мейіржан Әуелханұлы

Ongar_online

25 Dec, 19:01


Өмірінде мотоцикл теуіп көрмегендер ұшқыштарға ақыл айтып жатыр🤦‍♂️

Ongar_online

25 Dec, 17:24


Парламент мәжілісінде "жақтырмаған" депутаттарын үнсіз алып тастау дәстүрге айналып бара жатқан секілді. Д. Шүкіжанова, А. Садықов.т.с.с. Осы жолы мәжілістің көзі халықтық партия депутаты Танашева Гаухарға түсті дейді.

Көпбалалы аналар мәселесін жиі қозғап, өткір ойлар айтып жүретін Г. Танашеваның өзгеріске ұмтылысы Ертісбаев мырзаға жақпай жүрген сыңайлы. Себебі, осы жолы депутаттың жолдаған отты сауалынан кейін Гауһар Танашеваны еш себепсіз мәжілістен алып тастауға қадам жасалып, ОСК не хабарлама беріліпті. Бұл дегеніміз парламенттен қарапайым халықтың сөзін сөйлеп жүрген кезекті депутат мандатынан айрылады деген сөз.

Бірақ, көпбалалы аналардың оңай көнбейтін қауым екенін, ал Танашеваның ол қауымның ортасындағы ерекше беделін ескеретін болсақ, бұл жолғы "кетіру" алдыңғылардай тыныш болмайтын сияқты. Егер, көпбалалы, жалғызбасты аналар өз өкілдерін қорғап тулайтын болса, бұл істің насырға шауып кетуі ғажап емес.

Гауһар Танашеваның мына мәлімдемесінің өзі көп жайдан хабар берсе керек!

Ongar_online

25 Dec, 13:41


Олжас Бектенов Мемлекет басшысына ұшақ апатына байланысты қазіргі жағдай туралы баяндады

- Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды.

- 29 адам ауруханаға жатқызылды.

- Шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.

- Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

Ongar_online

25 Dec, 13:35


Ұшақтың құлдилап құлағанын видеоға түсіріп, артынша көмекке ұмтылған осы жігіттер екен. Электроторап компаниясының қызметкерлері үш минутта оқиға орнына жетіп, аман қалған жолаушыларға көмек көрсеткен. Орындыққа қысылып қалғандарды шығарып, шошып қалғандарының таңдайын көтеріпті. Құтқарушылар мен полиция жеткенше 15 жолаушыны сыртқа алып шығыпты. Жарайсыңдар жігіттер!

Диас Нұрақынның парақшасынан

Ongar_online

08 Dec, 06:31


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Ongar_online

08 Dec, 05:43


Жеңіс құтты болсын!!! Шавқат еркек!

Ongar_online

08 Dec, 04:50


Шавқат Рахманов жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі

https://t.me/sportqazaq?livestream

Ongar_online

07 Dec, 20:12


БАҚ: "Сириядағы Путин режимі құлады. Башар Асад қашты".

Ongar_online

07 Dec, 17:54


"Асад режимі құлайды. Оны қорғайтын Ресейде шама жоқ. Украинада 600 мың әскерінен айырылған" деп Трамп шулатуда.

Ongar_online

07 Dec, 16:31


Кеше Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байхановтың туған күні болды. Бүгін облыс тізгінін ұстағанына тура 2 жыл. Павлодар қаласының әкімі Хасар Қабылбек бастығының туған күніне керемет "тосынсый" жасады. Тұрғындар жарты қалада жылу жоқ деп шағымдануда. "Балдәурен" балалар лагеріндегі балалар үйлеріне қайтарылды.

Әлі аяз түскен жоқ. Қаңтар мен ақпанда қайтер екен?

Ongar_online

06 Dec, 23:46


Гүржістан. Халық пен полиция қақтығысуда

Ongar_online

06 Dec, 16:36


Ресей Асадқа өздерінің де басқа тірліктері бар болғандықтан, шектеулі көлемде ғана көмектесе алатынын айтты - Sky News Arabia

Ongar_online

06 Dec, 09:53


Келін ортаға труба қойдырып, стриптиз билемей тұрғанда тойға тыйым саламыз-ау)

Ongar_online

06 Dec, 09:13


Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Асилбек Джалиловқа ұтылып қалды. Дусматовтан құтылдық па дегенде Джалиловы шықты ғой.

Ongar_online

06 Dec, 07:45


RAMS CITY тұрғын үй кешенінің ғимараты 9 балдық сейсмикалық сынақтан өтті

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (ҚазҚСҒЗЖИ) RAMS QAZAQSTAN компаниясымен бірлесіп, Алматыдағы RAMS CITY тұрғын үй кешенінің салынып жатқан 14 қабатты ғимаратына вибродинамикалық сынақ жүргізді.

Аталған іс-шара 2024 жылдың 5 желтоқсанында өтті, бірінші кезекте кешен конструкциясының сенімділігі мен қауіпсіздігін растауға бағытталған, бұл құрылыстың жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

Сейсмикалық төзімділікке арналған сынақтар барысында тұрғын үйдің конструктивтік схемасы тексерілді, сынақ процесінде нысанды деформациялаудың динамикалық параметрлері мен ерекшеліктері анықталды, сондай-ақ әрбір кезеңнен кейін көзбен шолып тексеру орындалды.

Толық мәтін.

Ongar_online

05 Dec, 18:45


Гүржілер бүгін де алаңға шықты!

Қайтпаңдар! Сендердің әрбір қаһармандық қадамдарың Ресейдің тынысын тарылтуда!

Ongar_online

05 Dec, 16:09


Netflix Ашаршылық туралы кино түсірсе әлемді шулатар еді! Мекемтас Мырзахметов ағаның тарихының өзі сұмдық эпизод қой!

Ongar_online

05 Dec, 11:18


Павлодар облысы бюджет қаржысын игеруден рекорд орнатуы мүмкін!
Мәселе былай, биыл мұқтаж адамдарды баспанамен қамту ұлттық жобасына республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінген. Бұл 212 отбасын үймен қамтамасыз етуге арналған қаржы. Әзірге жаратылғаны 480 млн. теңге.
Нақты айтқанда 35 үй ғана сатып алынған.
Демек осы жылдың қалған 25 күнінде 2,4 млрд. теңгеге жуық қаржы игерілмек.
Бұны қалайша РЕКОРД демейміз?!

Болат Аманбаев

Ongar_online

05 Dec, 10:11


Амилайды шынымен әскерге шақыртыпты!

Алматы Қорғаныс департаменті 24 жастағы танымал транссексуал блогер Баймұратованың Медеу военкоматына шақырылғанын растады (ескерту - ол туралы айтқанда әскерилер еркек есімдерін қолданған). Себебі, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген Амилай ер азамат ретінде көрсетілген.

Оның әскери қызметке жарамдылығы медициналық куәландыру нәтижелері және ол ұсынған құжаттар негізінде шешіледі.

Әскерде Отан қорғауға аттанған Амилайдың амилайын шығарып, АҚШ пен Батыстың алдында ақталып отырмайық)

Ongar_online

05 Dec, 08:59


Қордай ауданында ветеринария басқармасының басшысы Ғалым Сабралы өз кабинетінде өз-өзіне қол жұмсаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Сабралы сол қолының тамырларын кескен.

Ол жедел жәрдеммен орталық облыстық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы туралы әзірге ештеңе белгісіз.

Жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қордайлықтар оқиға орнын полицейлер қоршауға алғанын айтады.

Сабралы өз-өзіне қол жұмсауға итермелеуге облыстық ветеринарлық станцияның қызметкерлерінің келуі себеп болуы мүмкін.

Ongar_online

05 Dec, 07:49


СӨЗІ БАСҚА, ІСІ БАСҚА СЫЗДЫҚБЕКОВ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өткенде брифинг берген кезде дүйім жұрттың алдында "Ордабасы" футбол клубының қаржысын қысқартамыз деген секілді әңгіме айтып еді. Сол әңгімесі "ұпай" жинау үшін айтылған ба деп қалдық. Бүгін әлеуметтік желіде қала әкімдігінің "Ордабасы" клубының алдағы жарыстарына 900 млн. теңгеге жуық қаржы бөлгені туралы ақпарат тарап жатыр. Футбол клубы ол қаржыны осы жылдың соңына дейін игеруі тиіс.

Біріншіден, Қазақстанда футбол маусымы аяқталған. Еурокубоктың топтық турнирінде ойнайтын "Астана" клубынан өзге командалардың ойыншылары демалысқа шығып кетті.

Екіншіден, бұл қаржы алдағы жарыстарға дайындық жүргізуге депті. Қазақстанда футбол маусымы келер жылдың наурыз айында басталады. Ал клубтар оқу-жаттығу жиындарына кем дегенде қаңтардың ортасында кіріседі.

Енді "Ордабасы" клубының президенті бұл қаржыны қалай игермек? Шымкенттегі "Биік" футбол базасы үшін бұл өте көп қаражат. Ол жерде алдағы 26 күнге жаттығу өткізу ондай ақша тұрмайды. Түркиядағы жаттығу базалары клубтарды қаңтарда қабылдай бастайды. Жуық арада "Ордабасы" қатысатын жарыс жоқ. Келер маусымға жоғары деңгейлі футболшылар аламыз десе, қас қылғанда трансфер терезесі де жабық тұр. Ол да қаңтар айында ашылады. Соны біле тұра, әкімдіктің клубқа 1 млрд. теңгеге жуық қаржыны салп еткізіп бере салғаны қалай?

Пікір иесі Ерболат Айнабеков

Ongar_online

05 Dec, 07:20


Жыл аяқталуға 20 күн қалды. Шымкенттің әкімі "Ордабасыға" 900 миллион бөліпті. 20 күнде игеруге! Қыста қандай футбол?

Ongar_online

05 Dec, 07:06


Ұялы байланыс операторлары тексеріліп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Кселл, Tele2/Altel және Beeline секілді ұялы байланыс операторларына қатысты 2023 жылы тарифтердің келісілген түрде көтеруі бойынша тергеп-тексеруді бастады.

«Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары қабылданған шараларға қатысты шағым түсірді. Осыған байланысты тергеу сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатылды», делінген хабарламада.

Бұдан басқа «КаР-Тел» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты үй интернетінде үстем жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ведомство 2024 жылғы желтоқсаннан бастап тарифтерді көтеру жөніндегі операторлардың хабарларынан кейін ұялы байланыс операторларына қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы ескерту жіберді.

Ongar_online

24 Nov, 12:53


АҚШ билігі Украина қарулы күштері ATACMS зымырандарымен шабуылдауы мүмкін 200-ге жуық ресейлік әскери нысананың картасын жасады - WSJ

Басылымның мәліметінше, шабуылдың келесі нысанасы Ростов облысындағы нысандар болуы мүмкін. Украина қарулы күштері Ресейдің осы аймағында орналасқан бірнеше әскери аэродромдарға соққы жасауы мүмкін.

Ongar_online

23 Nov, 16:11


Жан беру оңай ма?

"Ақсақ құлан" аңызында хан баласын ақсақ құлан қалай өлтірген деп таң қалушы едік.

Ongar_online

23 Nov, 14:23


Бүгін, қазақтың маңдайына сыймай кеткен біртуар ұлы Мұстафа Өзтүріктің туған күні!

Өлімінің құпиясы сол бойы ашылмады.

Ongar_online

23 Nov, 14:03


Украина сарбаздары бүгін тұтқындаған баға жетпес сыйлық.

Мынаған сенім артып соғысқа жіберген Путинде ми жоқ екен)

Ongar_online

23 Nov, 13:45


БАҚ үшін ақпарат

2023 жылғы 23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде.

Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жариялануға жатпайды.

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Ongar_online

23 Nov, 11:30


Павлодарда Балалар Үйіне прокурорлық тексеру жалғасуда. Кеше 10 жас пен 16 жас аралығындағы 105 қыздың алтауының пәктігі жоқ екені белгілі болған еді. Бүгін бұл сан 35-ке өсті. Оның 16-ын педагогтар анықтаған.

Ongar_online

23 Nov, 07:55


Жылуға жұмсалған 770 миллион теңгеге жуық қаражат қазақстандықтарға қайтарылады.

Монополистер 2023/2024 жылғы маусымға жылу үшін төлемдерді қайта есептеп, азаматтарға 768,2 миллион теңге қайтарды.

Аймақ бойынша қайтару:

ШҚО – 354,5 млн
Алматы — 95,4 млн
Маңғыстау – 60,9 млн
Қызылорда – 38,6 млн
Ақтөбе – 37,7 млн

Қайтару осы жылыту маусымында жеке шоттарда көрсетіледі.

Ongar_online

22 Nov, 18:37


Бұндай қару әлі әлемде жоқ

"Орешник" - жоғары дәлдіктегі қару, ол жаппай қырып-жою құралы емес, - Путин.

«Осыған ұқсас қарулар басқа елдерде пайда болуы мүмкін, бірақ бұл ертең немесе бір жылдан кейін болады. Ал дәл бүгінгі күні оның Ресейде болуы бәрінен маңызды» дейді Путин.

«Орешник» бүкіл Еуропаняң үстінен ұша алады, - депті Стратегиялық зымыран күштерінің қолбасшысы Қарақаев.

Бұлар алдында Сарматтары мен Сатаналарын да, Кинжалдарын да осылай мақьап еді ғой. Солары қайда қазір?

Ongar_online

22 Nov, 18:28


Солтүстік кореялық жауынгерлер Харьков бағытында қазірдің өзінде бар. Олардың нақты санын айту мүмкін емес», - деді 153-ші механикаландырылған атқыштар бригадасының құрама бөлімшесінің командирі Кишак.

Ongar_online

22 Nov, 11:49


Павлодар облысында педофилизмге байланысты төтенше жағдай жариялау керек!

Облыстағы Майқайың кентінде он бес және он алты жастағы ағасы мен қарындасын зорлаған екі педофил қамауға алғанын бағана республикалық БАҚ жарыса жазып жатыр еді.

Жаңа ғана Железинка ауданынан сұмдық хабар келді. Балалар Үйінде жоспарлы медициналық гинекологиялық тексеру барысында он алты жастағы қыз өзін он жасынан бастап қамқорлыққа алған адам зорлап келе жатқанын мойындайды. Полиция орманшы болып істейтін күдіктінің үйіне барғанда аңшы мылтығымен өзін өзі бастан атып сол жерде көз жұмған. Оқиғаны полиция растады. Марқұм бұл қыздан басқа төрт бала асырап алған, жалпы саны бес бала деген ақпараттар шығып жатыр. Қазір тергеу жүруде.

Ongar_online

22 Nov, 09:05


АҚШ Ресейдің 50 банкіне санкция салды. Байден кетерінде лаңдатып жатыр.

Ongar_online

22 Nov, 07:04


Парасатсыз Павлодар...

Павлодар облыстық қоғамдық кеңесіне “вид на жительствомен” жүрген көрші елдің азаматы кіріп кете жаздады. Жұмыс тобы оны “собеседованиеден” өткізіп жіберген. Яғни, алдын-ала тапсырған құжаттарын тексермеген болуы керек. Немесе әдейі солай жасаған деген күдігім басым. Себебі, ол адамның қолында тек қана Ресей паспорты ғана бар. Ал, қоғамдық кеңес мүшесі болу үшін қойылар бірден-бір талап үміткер Қазақстан азаматы болуы керек. Сөйтіп жұмыс тобы оны 1-ші этап, құжат қабылдаудан өткізген. Және 2-ші этап “собеседованиядан” сүріндірмей сәтті өттіңіз деп шығарып салады. Бірақ жұмыс тобындағы бір ғана адам бұл біздің елдің азаматы емес деп сол жерде дабыл қағады. Соның өзінде әлгі азаматты “қалдыру, қалдырмау” талқыға салынып барып, тіпті, біреулерге звондап барып кеңеске қабылдамауға тоқтам жасаған.

Міне осындай жұмыс тобына қалай сенуге болады? Облыстық Мәслихат жанынан құрылған Облыстық қоғамдық кеңесті жасақтауға арналған жұмыс тобы жұмысын бастамай жатып сынға іліккен болатын. Себебі, осыншама жауапкершілігі жоғары шараны жұртшылыққа жария қылмай өткізіп жібермек болды.

Кеңестің құрамын жасақтауда дербестік пен тәуелсіздік болуы тиіс! Бұл Президент тапсырмасы. Әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер мемлекеттік шешімдер қабылдауда халықтың пікірін ескеретін және қоғамдық бақылау жүргізуге қауқарлы институттар бола алмады деген еді Мемлекет басшысы. Осындай әрекеттен кейін бізде облыстық қоғамдық кеңеске қандай сенім болуы мүмкін? Динара Айтжанова, Илья Теренченко не дейсіздер?
Біздің естуімізше Кеңес жұмысын Қапенов үйіріп басқарған.

Осындай қолбала Кеңес кімге керек?
Әкімнің сөзін сөйлейтін қырық жағымпаз кімге тірек?
Президенттің тағы бір оң ісі Павлодарда қор болатын секілді...
Әлде Байханов жеке жайыла бастады ма...
Осындай қауіпті кезде?

Ongar_online

21 Nov, 19:33


‼️Шұғыл: Президент Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты тапсырма берді!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Ақорда

Ongar_online

21 Nov, 19:15


Әскерге кетіп бара жатқандарды көрсем көңілім толқиды. Айналайындар, аман-есен келсеңдер екен деп.

Мына кішкентай ғана балапанның ағасын қимай жылап жүргенін қарашы. Ағаң аман-есен, он екі мүшесі сау оралсын.

Ongar_online

21 Nov, 18:02


Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев Черчесовты сынағандарды суслик агрономдар деді. Атақтарың құтты болсын😂

Ongar_online

21 Nov, 14:54


“Ресейдің Днепрге құрлықаралық баллистикалық зымыранмен соққы жасаған сәті” деген атаумен, аталмыш видео тарауда. Ақпарат көздері Ресейдің РС-26 “Рубеж” зымыранын қолданғанын жазуда. Зымыранның салмағы 40-60 тонна, ал ұшу қашықтығы модернизациясына байланысты 3-7 мың шақырымды құрайды. Зымыран нысанаға жақындаған сәтте бірнеше бөлшекке бөлініп, соққы жасайды.

Зымыран алғаш рет соғыс жағдайында қолданылып отыр.

Ongar_online

21 Nov, 11:05


Рафа Надаль – ракеткасын ешқашан жерге ұрмаған дүр спортшы

Пусть говорят: “Он жил во времена Ахиллеса”. Пусть говорят: “Он жил во времена Гектора”.

Біз Роджер Федерер мен Рафаэль Надальдың дәуірінде өмір сүрген бақытты жандармыз.

Ешқашан ұрда-жық спорттың фанаты да, насихатшысы да болған емеспін. Маған теннис ұнайды. Теннис мені Роджер Федерер мен Рафаэль Надальдың ойынымен баурап алды. Қос алып. Енді екеуі де карьерасын тәмамдады. Осыдан бірер күн бұрын Рафа да ракеткасын шегеге ілді. Тағы бір ғаламат дәуір аяқталды, тағы бір дегдар ойыншы зейнетке шықты.

Рафа Надаль ғаламат теннисші болды. Кортта да, корттан тыс та бір АДАМ болды. Публикаға ойнаған жоқ, бірақ публика бәрібір оның жағында болды. Қарапайым Надаль болғаны үшін. Өзін де, жанкүйерін де алдамағаны үшін.

Эстет теннисші болды. Ешқашан ракеткасын жерге ұрып, миллиондар тамашалап отырған кортта ерсі қылық көрсеткен емес. Қарсыласы әлемнің 200-ші ракеткасы болса да баспасөз алдында өзін кәміл фаворит санамайтын. Өйткені ол бәрін құрметтейтін, бәріне бірдей тыңғылықты дайындықпен шығатын.

Таланты мен тәжірибесі өзінен едәуір кемшін спортшыларды кортта мазақ қылған кезі жоқ. Әйтпесе, арсеналында қаншама айла-тәсіл болды.

Рафа 24 жасында төрт құбыласы тең теннисшіге айналып, Grand Slam (басты төрт трофей) біткеннің бәрін түгендеді. Бірақ даму даңғылынан шыққан жоқ. Керісінше, трофейінің көбін 24 жасқа толған соң жеңді.

Надаль кез келген матчта жанын салып ойнады. 20 жыл ішінде енжар болған, кортқа шықпай жатып жеңілген кезі жоқ. Әр доп үшін таласты, әр метр үшін жанын берді. Грунт гиганты – королі болды (Рафа өлгенде оны арулап «Филипп-Шатрие» жанына жерлеп, адамдар топырақ орнына грунт салатын шығар).

Рафа ауыр жарақат алса да кортқа қайта оралып, тіпті үйіне трофейін құшақтап қайтатын. Ол барлық жарысты жеңсе де, кез келген финалдан соң көз жасына ерік беріп, балаша жылап қалатын. Өйткені әр гейм үшін, әр сет үшін ақырғы күшін жұмсайтын (дәл солай мыңнан астам матч өткізді). Оның көзінен жігерсіз адамның сорасы емес, тек жанкешті спортшыға тән еңбектің көз жасы парлайтын.

Әрбір ойыннан кейін матчқа қызмет еткен барлық персоналдың қолын алып, алғысын айтатын. Реферимен санасқан жоқ, қарсыласымен сөз таласқан жоқ. Өзі – ракеткасы – темірдей мінезі. Қай жағынан да үлгі болды.

Надаль өте дәулетті адам болды. Бірақ көпке байлығын емес, үнемі корттағы жанкештілігін насихаттады. Біздің есімізде де талантты, өзіне келгенде талапшыл, ішкі мәдениеті бай, діттеген мақсатына жету үшін ақтық демі қалғанша күресетін Надаль қалды.

BIG теннисші һәм BIG адам. Сол үшін қимастық та бар. Өйткені Рафаның ойынын тамашалағанда оған тән биіктікті өз бойымыздан да көргіміз келді. Тас жаратын таланты үшін емес, ағыл-тегіл адамгершілігі үшін жақсы көрдік.

Жандос Бәйділдә

Ongar_online

21 Nov, 09:42


Әлемге әйгілі Қазақстан жұлдызы Будапештте

Мажарстанның Премьер-Министрі Instagram парақшасында Димаш туралы осындай пост жариялады.

Виктор Орбан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен бірге түскен фотосуретін жариялады.

Ongar_online

20 Nov, 15:42


Мына фотоны көріп жүрегім дір ете түсті.


📷 Игорь Алтун түсіріпті. Сұмдық фото, ә

Ongar_online

20 Nov, 13:29


SOS! Қазақстан өз азаматтарына әуе шабуылы қаупіне байланысты Украинадан кетуді ұсынады!

Ongar_online

20 Nov, 12:48


Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Ескі Қазақстанды» аңсаушылар елде саяси теңселісті тудыруға ниеттеніп жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа, ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады.

«Жуырда өткен республикалық фермерлер форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінде әлеуметтік желілерде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етуде» деген болатын. Міне, осы «танымал табыстылар» бүгінде қоғамдық пікірге ықпал ету саясатына ауыз сала бастады», - деді Ермұрат Бапи.

Ол қоғамда болған жекелеген жайттарға тоқталды.

«Жуырда әлеуметтік желілер арқылы сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтаған видео тарағаны мәлім. Әлбетте, тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами «артықшылығы» болса, оған ешқандай дау жоқ. Бірақ Дариға ханым кеше ғана елдегі екінші басшысы ретінде жоғарғы саяси лауазым иесі болғанын ұмытпау керек. Сондықтан бұны бұрынғы саяси режимнің «артықшылығын» дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси манипуляция деп қабылдау керек. Әсіресе, қазақ қоғамына іріткі салуға астыртын бағытталған осындай «ескіні аңсау» үрдісі бүгінде саяси сипат ала бастаған сияқты. Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан мұндай манипуляция арқылы «жаңа Қазақстанды» саяси жік-жікке бөлу, өш алу, есе қайтару, «қайтып келу» әрекетінің әлпетін сезіну қиын болмаса керек», - деді депутат.

Оның пікірінше, «Ескі Қазақстанды» аңсаушылар әлеуметтік желілерде көп жазылушысы бар ресустарды «бақылауына» ала бастаған.

«Әлеуметтік желілер мен таралымы миллионға тақау жазылушысы бар танымал интернет ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы, оларды өз «бауырларына» басып, ашық платформалар арқылы саяси теңселіс тудыруға ниетті. Маған мұндай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жетті. «Бүгінгі билік отставкаға кетеді», «мерзімінен бұрын өтетін сайлауларға  дайындық жүріп жатыр», «депутаттардан ұят кетті» деген сияқты жалаң трендтердің әлеуметтік желіге еркін тарауына сол реваншистік күштердің қолтыққа су бүрку әрекеттері себеп болып жатыр. Мұның бәрі «бұрынғының кезінде мұндай болмаған» деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салудың саяси технологиясы деп қабылдау керек», - деді мәжілісмен.

Депутат осындай контрпропагандалық материалдардың бір парасын тиісті ведомстволардың жоғары лауазымды қызметкерлеріне жібергенін, ҰҚК бұл деректерді тексеру керек екенін атап өтті.

Ongar_online

20 Nov, 11:49


Астана. ҚазТАГ. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Қорғаныс министрі болған кезінде израильдіктерден бір чемодан доллар пара алды деп айыпталуда - бұл туралы кеңестік және қазақстандық әскери қайраткер, генерал-майор Тұрсын Айжұлов хабарлама жариялады. .

«Кәрібжанов (Жәнібек – ҚазТАГ) Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып ұзақ жұмыс істемеді. Отбасының үлкен мүдделері болды, ал Кәрібжанов өзінің әдептілігінің арқасында оларды қорғауға және қанағаттандыруға ешбір жағдайда сәйкес келмеді. Олар оның орнына Бергеневті (Әділғазы - ҚазТАГ) тапты, ол отбасына, атап айтқанда Дариғаға қолайлы еді. Бірақ көп ұзамай олар оның орнына адал адам Даниал Ахметовты әкелді. Рас, ол бұған дейін Қорғаныс министрі болып тұрғанда израильдіктерден дипломат доллар алғаны үшін әскери қарсы барлаудың қауіпсіздік қызметкерлеріне ұсталған болатын. НӘН кешірді. Содан кенет министр шенімен Мәскеуге жіберілді, одан Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. Отбасының пайдасына «темір қазық» болды. Назарбаев кетер алдында оның әкімдігінің өкілеттік мерзімін ұзартқаны бекер емес еді. Ал Даниал Ахметовті парамен ұстаған әскери қарсы барлау қызметкерлері ауыстырылып, зейнеткерлікке жіберілді», — деп жазды Айжұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.

ҚазТАГ редакциясы сипатталған жағдайға байланысты тиісті құзырлы мемлекеттік органдарға сауал жолдап үлгерді.

Ongar_online

20 Nov, 10:36


Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы заңға дауыс беру кезінде бір депутат қарсы болып, бір депутат қалыс қалыпты. Олар кім болды екен?

Ongar_online

20 Nov, 09:39


Уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге жұмсалуы мүмкін дейді. Шығатын жері қайда?

Ongar_online

19 Nov, 22:35


🗣 Түрмеде отырған марафоншы, белсенді, "Алға, Қазақстан!" партиясын тіркеу жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Марат Жыланбаев аштық жариялағаны хабарланды

18 қарашада белсендімен адвокаты Мейіржан Досқараев кездескен. Адвокаттың айтуынша, марафоншы соттың өзіне шығарған шешіміне наразылық білдіріп, 13 қарашада мерзімсіз аштық акциясын бастаған.

Жыланбаев түрмедегі санитария жағдайы нашар, тамақ дұрыс берілмейді және адвокаты мен достарына қоңырау шалуға мүмкіндік жоқ деп те шағымданған.

Азаттық түрме әкімшілігінен бұл ақпаратты растай алмады. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №4 мекемесі пікір бермеді. Азаттық мекемеге арнайы сауал жолдады.

🗣 "Марат өзін [тіркелмеген] оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының лидері болғаны үшін ғана заңсыз соттады деп санайды. Ол 15 қарашадан бері тәртіптік оқшаулау камерасында отыр" деді адвокат Досқараев.

t.me/azattyq

Ongar_online

19 Nov, 22:28


Украина Қарулы Күштері түнде Ресейге қарата 8 АТАКМС зымыранын атқылаған. Ресей Қарулы Күштері екеуін ғана ұстады, - деп хабарлады Пентагондағы Reuters ақпарат агенттігі

Ongar_online

19 Nov, 22:27


‼️19 қараша 2024 жыл. Ресейдің Украинаға басып кіріп, соғыс ашқанына, қалаларда қанқасап жасап, бейбіт халықты ойрандап жатқанына 1000 күн толды.

Соғыстың сұмдық статистикаларына көз жүгіртіңіз: ⬇️

Ongar_online

19 Nov, 16:00


Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасады.

Ongar_online

13 Nov, 13:12


Ресейлік олигархтар Украинадағы соғыстың тез аяқталатынына сенбейді - Bloomberg

Олар Трамптың АҚШ-тың жаңа президенті болып сайлануына қатысты ресейлік оптимизмді қолдамайды және ол соғысты тез арада тоқтату туралы уәдесін орындамайды және Ресей Федерациясына қарсы санкцияларды алып тастамайды деп сенеді.

Осылайша, Ресей алдағы бірнеше жылда экономикалық дағдарысқа ұшырауы мүмкін.

Ongar_online

13 Nov, 10:10


💬 ҰҚК-нің шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде борышын өтеп жүргенде көз жұмған 18 жастағы Мұхамедияр Тастан өткен сенбіде Түркістан облысындағы өз ауылына жерленді. Ұлынан қапыда айырылып қалған әке-шешесі оның "өзіне екі рет оқ атқанына" сенбейді.

Сарбаздың денесін әкелген әскерилер тергеу жүріп жатқанын айтты.

Марқұм әскерге кеткелі жиі ақша сұраған. Қара жамылған отбасы Мұхамедиярға қысым жасалды деп күдіктенеді. 

🗣 "Менің балам қол жұмсамады. Сол бір күн бұрын өзімнен сұраса, сол үш мыңды тауып беретін едім. Менен сұрамады. Анасынан ұялып кетті. Бір баладан сұраған, ол тауып бере алмаған. Үш миллион тауып берер едім ғой. Баламның өмірі үшін тауып берер едім ғой. Сонда менің баламның өмірі үш-ақ мың болды ма? Менің баламның өмірі үш мыңға теңелді ме сонда?" деді марқұмның анасы Рахима Жандарова.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Ongar_online

12 Nov, 22:04


Ресей қарулы күштері Запорожьеге шабуыл жасамақшы. Бұл үшін Запорожье облысында ұрыс басталып кетті, - деп хабарлайды The Economist Украина барлауына сілтеме жасап.

Шабуылдағы басты нысана – Запорожье

Ongar_online

12 Nov, 22:02


Францияның «Ланс» клубының өзбекстандық қорғаушысы Абдукодир Хусанов Франция чемпионатының «Қазан айының үздік жас ойыншысы» атанды. Бұл туралы ел чемпионатының баспасөз қызметі хабарлады.

Абдукодир бұл атаққа жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы қол жеткізді. Футболшы бәсекелестерінен оқ бойы озып шыққан.

Чемпионаттың қазан айындағы үздік жас ойыншысы атағына үміткерлер қатарында Джонатан Роу («Марсель») пен Малик Фофана («Лион») болды. Сауалнамада Абдукодир 47% дауыс жинады. Роу мен Фофана сәйкесінше 28% және 25% алды.

Анықтама үшін, Хусановтың «Лансқа» беларустық Энергетик-БГУ-дан ауысқанын атап өтуге болады. 2023 жылы француздық клубы Беларусь командасына трансфер үшін 100 000 еуро төлеген. Бүгінде 20 жастағы қорғаушы 5 миллион еуроға бағаланып отыр. Ағылшын клубтарының скауттары Хусановты белсенді түрде бақылауда. Сонымен қатар, ойыншыны сатып алуға Германияның бірнеше командасы да қызығушылық танытып отыр. БАҚ "Ланс" жас қорғаушы үшін шамамен 20-30 миллион еуро алғысы келеді деп хабарлайды.

Ongar_online

12 Nov, 16:16


Осыған дейін әлеуметтік желілерде уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына теріс әсер еткені жайлы ақпарат тараған еді.

Бүгін ҚР Энергетика министрлігі ресми мәлімдеме жасап: «Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ», - деп мәлімдеді.

Мәлімдеме:

Баршаға мәлім, елдегі электр энергиясын тұтыну халықтың күнделікті өмір тіршілігімен тікелей байланысты. Ең жоғары жүктемелер таңертеңгі және кешкі сағаттарда, тұрмыстық тұтыну деңгейінің жандануына кезінде болады.

Бұған дейін жүргізілген уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру электр жүйесінің жұмысында ешқандай үзіліс немесе тұтынушыларға шектеулер тудырмады. Ең жоғары жүктемелер сол деңгейде қалды, жалғыз өзгеріс кешкі ең жоғары тұтынудың ертерек басталуы болды. Дегенмен, бұл өсім таңертең тұтынудың төмендеуімен өтелді.

2023 және 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі мәліметтерді талдау электр энергиясын тұтынудың 4%-ға тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл өсім уақыт белдеулерінің өзгеруіне байланысты емес, халықтың және жалпы ел экономикасының тұтынуының табиғи өсуіне байланысты.

Мысалы, әкімшілік уақыт бір сағатқа артқа жылжытылмаған ЕЭС Батыс аймағында тұтыну өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға өсті.

Сонымен қатар, электр энергиясының бірыңғай сатып алушы механизмі енгізілгеннен кейін көршілес елдерден электр энергиясының импорты өсті, өйткені ең жоғары сағаттарда тапшылықты жабу үшін көрші елдерден электр энергиясының жоспарлы ағындарын ұйымдастыру мүмкін болды және электр энергиясын тасымалдауға мүмкіндік берді. Жоспарланған кезеңдерге сәйкес республикадағы барлық ірі электр станцияларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

ҚР Энергетика министрлігі

Ongar_online

12 Nov, 15:46


Көшеден қуып жүріп ұстап, әскерге әкету дұрыс па?

Ongar_online

12 Nov, 13:58


Қазақстандағы күннің батуы мен айдаладағы Лондон мен Токиодағы күннің батуы бірдей екен) Біржолата Америкамен теңестіре салыңдар)

Ongar_online

11 Nov, 11:36


Трамптың президент болуы Орта Азияны қайтадан тығырыққа тіреп кетті. Қытайға арқа сүйейміз бе? Ресейдің қабағын бағамыз ба?

Ongar_online

11 Nov, 08:41


Қазақстан Қарулы Күштерінің командирі Самат Асановтың есірткімен ұсталғанын Қарағанды ​​облысының полиция департаменті (ПД) растады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«10 қарашада Балқаш-Сарышаған тас жолында патрульдік полиция батальонының патрульдік қызметі барысында 31 жастағы азаматтың басқаруындағы Geely Coolray көлігі тоқтатылды. Тоқтатуға жол ережесін бұзу (мемлекеттік нөмірсіз) себеп болған. Автокөлікті тексеру кезінде багаж бөлігінде жалпы салмағы 12 келіге жуық ақ түсті ұнтақ заты бар 18 қапшық табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды, ол тыйым салынған зат бар деген күдіктерді растады», - делінген дүйсенбіде ҚазТАГ редакциясының баспасөз қызметіне таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткінің таралуына жол бермеу үшін есірткі қылмысының жолын кесу бойынша қарқынды жұмысты жалғастырады», - деп толықтырды тәртіп сақшылары.

Бұған дейін Сарыөзек әскери гарнизонының Қазақстан Қарулы Күштері дивизиясының командирі майор Самат Асановтың есірткінің ірі партиясымен ұсталғаны туралы ақпаратты ҚазТАГ редакциясына бірден екі дереккөз растаған болатын.

Ongar_online

10 Nov, 18:36


Бишімбаев түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарады. Ресми мәлімдеме күтеміз!

Ongar_online

10 Nov, 17:01


Жақында Ресейге ит экспорттап жүрмейік. Курскідегі кәрістерге ит етінен жасалған консерв таратуда.

Ongar_online

10 Nov, 11:09


«Қайрат» футбол клубы футболдан 2024 жылғы Қазақстан чемпионы!

Ongar_online

09 Nov, 12:09


Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза болған және зардап шеккен офицерлердің аты-жөндері айтылды

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан қаза болған әуе қорғаныс күштерінің офицері Батыр Оразымбетов 36 жаста болған. Ол Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтында 2005-2009 жылдары білім алған. Кейінгі жылдары өзі білім алған оқу орнында қызмет етіп жүрген. Бортинструктор Оразымбетовтің артында ата-анасы, жұбайы мен екі баласы қалды.

Апаттан аман қалған екі адамның бірі 33 жастағы экипаж командирі майор Бейбарыс Ибраев. Әріптестері авиация эскадрилиясының командирі Ибраев көктемгі су тасқыны кезінде үш мыңнан астам адамды құтқарғанын айтады. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, майор Ибраевтың денесін бірінші дәрежелі күйік шалған. Ішкі органдары әсіресе, өкпесі қатты жарақаттанған.

Апатқа ұшыраған тікұшақ бортында болған үшінші адам - аға ұшқыш Рүстем Нығметовтің омыртқасы мен жамбасы сынған. Дәрігерлер офицерлердің өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін айтады.

Ongar_online

09 Nov, 12:04


Ресейлік мұғалімдер НАТО спутниктерінен қорғайтын фольгадан патриоттық «Отанның дулығаларын» жасады 🤔

#Жындыханажаңалықтарынан

Ongar_online

09 Nov, 10:18


Ақтөбе облысында тікұшақ құлады

9 қарашада күндіз Ақтөбе облысы Мартөк ауданы Сарыжар ауылы маңына тікұшақ құлады. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық төтенше жағдай депариаменті.

Тікұшақта үш адам болған: біреуі қаза болды, екі адамды ауруханаға жеткізген.

Тікұшақ Қорғаныс министрлігіне тиесілі.

Ongar_online

09 Nov, 06:06


"Астананың" қосалқы қақпашысы Мұхаметжан Сейсенді осы бейсенбі грек жанкүйерлері ұмытпастай болды. Кипрлік "Пафосқа" қонаққа барған "елордалықтардың" қақпа бағанын күзеткен Сейсен 12 сейв жасаған.

Еңбегі еленіп Еурододаның үздік апталық командасының қатарына енді. Дебюттік алғашқы ойынында керемет нәтиже!

Ongar_online

08 Nov, 19:41


Курскіде шабуылға шыққан Ресей морпехінің бригадасы мен Солтүстік Кореяның 140 әскері толық талқандалды!

Ongar_online

08 Nov, 12:26


Мерзімі де бітпеген Бәрменқұловты орнынан алу кімге керек болды? Жақсыбековке ме? Турловқа ма?

Мемлекеттен көк тиын алмайтын Футбол Федерациясын мемлекеттің сынағаны қалай болды?

Ongar_online

08 Nov, 12:01


Қазақстан Футбол Федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов қызметтен кетті.

Ongar_online

08 Nov, 12:00


Әзербайжанда елге белгілі, қоғамға танымал Назакет Мамедова атты журналист, саясаттанушы бар. Ұзақ жылдар бойы түрлі жобаларды атқарды. Әсіресе медиа алаңда танымал болды. 2023 жылдың қазанында сол Назакет Мамедова құқық қорғау органдары тарапынан қамауға алынды. Не үшін?

Тергеу Назакеттің Ресей мүддесіне жұмыс істегенін анықтады. Ол YouTube-та Alfa TV («Альфа ТВ») атты арна ашады. Артынша әлгі арнада ресейлік бағыттағы материалдарды, ақпараттарды қарша боратады. Тек қана ақпарат салмай, сұхбаттар ұйымдастырады. Ақпараттарда Әзербайжанның мемлекеттік, ұлттық мүддесіне қайшы келетін ұстанымдар көп айтылған.

Тергеуде Назакеттің Мәскеуге жиі барып тұратыны анықталды. Онда құпия кездесулерге қатысып, қаржы алады. Транзакциялар да болып тұрған. Әрине оны тікелей өз атына емес, өзге біреудің атына рәсімдеп отырған. Әзербайжан БАҚ-тары оның ресейлік арнайы қызметпен байланысы болғанын жазуда.

Қысқасы тергеу оны кінәлі деп танып, «Отанға опасыздық жасады» деген айыппен 13 жылға бас бостандығынан айырды. Дұрыс!

Ongar_online

08 Nov, 11:58


Келесі жылдан бастап сегіз медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады

Енді азаматтарға өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды.

Цифрлық форматқа ауысқан соң медициналық ұйымдар жалған анықтамалар жасай алмайды, деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Электронды форматқа ауыстырылатын анықтамалар:

▪️Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
▪️075 / е «Медициналық анықтама»;
▪️026 / е «Дәрігерлік-консультациялық кеңес қорытындысы»;
▪️073 / е «Көлік тізгіндеуге рұқсат туралы анықтама»;
▪️069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»;
▪️052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»;
▪️076 / е «Қаруға рұқсат алу»;
▪️038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама.

Ongar_online

07 Nov, 10:27


Ғалымдар рухты камераға түсірді

Жақында қытай ғалымдары 700 метр жердің астынан аралық элементті тауып, оны камераға түсіріп алған. Оны бұлар адамның рухы деп отыр.
Оның ғылымдағы атауы нейтрино. Бұл деректі Қытайдың Гуандун провинциясындағы Цзянмэнь қаласының маңында, жер астында 700 метр тереңдікте орналасқан нейтрино обсерваториясы анықтаған.

Нейтрино — бұл өте жеңіл, электр заряды жоқ субатомдық бөлшек. Ол атом ядроларында кездесетін кейбір процестер кезінде пайда болады. Нейтрино өте жеңіл болғандықтан және электр заряды болмағандықтан, олар зат арқылы еркін өтіп кетеді және басқаша бөлшектермен сирек өзара әрекеттеседі.

Кейбір ғалымдар рух дегеніміз осы нейтрино деп отыр.

Мейіржан Әуелханұлы

Ongar_online

07 Nov, 07:02


Генерал Сырский: Курскі облысындағы операцияның 3 айынла Ресей 20 мың сарбазынан айырылды!

Бас қолбасшы Сырскийдің есебінше:
▪️Курскіні қорғауда Ресейдің 7905 сарбазы қаза тапқан. 12220 сарбазы жараланған, 717-сі тұтқынға алынған.
▪️Ресей Курскі шайқастарында ұзын-саны 1101 техникасынан айырылған. Атап айтқанда:

- 54 танкі;
- 276 бронды көлік;
- 107 миномет;
- 5 РСЗО және 659 автокөлік.

▪️Қазір Ресей Курскіні қорғау үшін 45 мыңға жуық әскер жұмылдырған.
▪️Оның 12 мыңға жуығы Солтүстік Корей сарбаздары!

Ongar_online

07 Nov, 06:55


Павлодарда қатты желден ағаш құлап, әйелді басып қалды. Өкінішке орай, 1957 жылғы әйел ауруханада қайтыс болды.

Ongar_online

07 Nov, 06:51


Павлодарда майлы да жайлы қызмет шықса неге бірден Теренченко мен Дычкоға ұсынылады? Әлде, Павлодардың “АМАНАТЫНДА” адам қалмаған ба?

Облыстық "Аманат" партиясының басшысы Теренченконың таңдағаны Дычко болып шықты.
Кеше “Аманат” партиясының фракциясы жиналыс өткізіп Успенка және Павлодар аудандарынан сайланатын облыстық Мәслихат депутаттығына Николай Дычконың кандидатурасын шығарды.

Николай Васильевич Дычко қазір Павлодар ауданының әкімі қызметінде отыр. Бірақ креслосынан құлауға жақын. Себебі, ол өз қарамағындағы төрт бірдей қызметкермен(ішкі саясат бөлімінің басшысы, кадр бөлімінің басшысы, мемлекеттік құқықтық қызмет көрсету бөлімінің басшысы және өзінің аппарат басшысымен) соттасып жеңіліп қалған болатын. Тіпті, бұл әкімге сотта мемлекеттік қызмет агенттігінің өңірлік департаменті қарсы шыққан! Осындай әкімнің сайлауға түсіп халық қалаулысы болуға моральдік құқы бар ма? “Аманат” партиясында таза адам қалмаған ба?

Айтпақшы, "Аманат" демекші Теренченко облыстық "Аманат" партиясының төрағасы лауазымымен қатар, облыстық мәслихаттың төрағасын да қатар арқалап жүр. Илья Сергеевич "Аманатқа қиянат" жасап жүрген жоқ па?

Ongar_online

07 Nov, 06:26


Біздің министрлер мен әкім-қаралар шынымен де өстіп жынды қылады ғой.

Ринаттың өзін жынды қылып жүрсе, бізді арқадан қағып шығарып салады деші)

Ongar_online

07 Nov, 05:35


Ал, мынаған не деуге болады?
Павлодардағы Әлихан Бөкейханов атындағы лицей-мектебінің асханасында шошқа етінен жасалған арзан шұжық табылды.
Бұны мониторингтік топ анықтаған. Асхана арендаторы ата-аналар мен балалардан кешірім сұрайды.
Сонда біз адал мен арамды айыра алмайтын болдық па?

Болат Аманбаев

Ongar_online

06 Nov, 23:59


Байден әкімшілігі Трамп Ақ үйге оралғанға дейін Украинаға 6 миллиард доллардан асатын соңғы көмек пакетін шұғыл жіберуді жоспарлап отыр - Politico

Ongar_online

06 Nov, 16:48


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова балалар мектептен қараңғыда қайтады дегенге жауап беріпті

"Өзіне ыңғайлы жеке жұмыс графигін жасап алып, балаларды сабақтан барып алып қайтып отырсын. Балаларын мектепке апарып, әкелу үшін жұмыс уақытында жұмыстан кете алады" деді министр.

Оның айтуынша, министрлік біртұтас уақыт белдеуі бойынша шешімді қайта қарау туралы бастамалар енгізуді жоспарлап отырған жоқ.

Осы біздің министрлер не жеп ақылды болады екен? Ертең жұмыс бойынша керекті жерлерге барсаң маман таппайсың ғой. Бәрі мектепке кетіп қалған)

Ongar_online

06 Nov, 15:09


Ақтау қаласындағы жаңа тұрғын үй кешендері кәдімгі желдің салдарынан опырылып, қала тұрғындарының өміріне қауіп төндіруде. Құрылыс салушы ғимараттарды мерзімінен бұрын пайдалануға берсе, таң қалмаңыз. Қазақстанда бәрі мүмкін.

Ongar_online

06 Nov, 15:03


Кеше Чемпиондар Лигасы аясында "Милан" командасы Мадридке қонаққа барып, жергілікті "Реалды" "Сантьяго Бернабеуде" өз жанкүйерлерінің алдында 1:3 есебімен талқандады.

Реалдық Рюдигер матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеге бармай, жанкүйерлерге жақындаған жалғыз ойыншы болды.

Ongar_online

06 Nov, 14:58


Алматы облысында балық шаруашылығы атын жамылған есірткі фермасы жұмыс істеген

18 адам ұсталды.

Ongar_online

06 Nov, 14:24


Астанада әлемдік балуандардың басын қосатын Wrestling Stars турнирі өтеді

Әлемдік күрес жұлдыздары Астана төрінде белдеседі. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі Wrestling Stars турнирі биыл тағы да мықтылардың басын қоспақ, деп жазады Sportbugin.kz.

Турнир идеясының авторы, Қазақстан күрес түрлері федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасовтың айтуынша, Астана төрінде әлемдегі ең үздік деген еркін күрес шеберлері бақ сынайды.
Атап айтар болсақ, екі дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Франк Чамисо елорда бозкілемінде белдеседі. Тегі кубалық саналатын спортшы ұзақ жылдар бойы Италия намысын абыроймен қорғап келеді.
Одан бөлек, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, албаниялық Черман Валиев те Wrestling Stars турнирінің бас жүлдесіне таласпақ.
Еркін күрестегі беделді салмақ саналатын 74 келіде әлем мықтыларына бәсекелестік танытатын тағы бір балуан бар. Ол — екі дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола, Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов. Ұзақ уақыт күрестен қол үзіп қалған балуан Астана төрінде өз өнерін паш етеді,
Сондай-ақ, еркін күрестен Азия чемпионы Санжар Досжанов әлемдік турнирде бақ сынайды.
Wrestling Stars турнирі еркін күрестен 8 салмақ дәрежесінде өтеді. Турнирдің мақсаты – күрес түрлерін кеңінен насихаттап, олимпиадалық спортты дамытуға күш салу.
Wrestling Stars бәсекесі 29 қараша күні Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.

Ongar_online

06 Nov, 14:03


Трамп Украинадағы соғысты алдағы 3 айда аяқтайды: букмекерлік кеңселер бұған ставка қабылдай берсе де болады, - Polymarket

Ongar_online

06 Nov, 13:17


Аутизм таблеткамен емделмейді! Сақ болыңыздар!

Елес ем: өзбек клиникалары аутизмі бар балалардың ата-аналарына жалған үміт беріп, қалталарын толтыруда

Қазір қоғамда аутизм дерті өршіп тұр. Өзімнің таныс-туыстарымның ішінде де перзенттері аутизмға шалдыққандар көп. Балалар арасында кең тараған түрі, цифрлық аутизм.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11 282 балаға аутизм диагнозы қойылған. Балам бауыр етім, көзімнің нұры деп өсірген қазақпыз ғой, балаң ауырғанда жаның шығып кете жаздайтыны рас. Содан ата-аналар аутизмді емдейтін клиника іздеп, шарқ ұрады. Осындайда олардың көзіне жарнамасы мен маркетингі атой салып тұрған өзбек клиникалары кездеседі. Олар «баланы бірден емдеп жазамыз», «бірер күнде беті бері қарайды», «құлан таза айығып кетеді» деп уәдені үйіп төгіп, көкейінде күдік тұрған ата-аналардың асты-үстіне түседі.

Алайда өзбек бауырлардың клиникаларында ұсынылатын ем-дом түрі дәлелденбеген, әрі аутизм саласындағы мамандар арасында өте үлкен сұрақтар тузығызып отыр. Бір жерден «өзбектер балаларға Қазақстанда жарты жылда салынатын екпені 10 күн ішінде салып тастайды» дегенді оқып қалып едім. Әрине, мұндай «белсенді» екпеден кейін бала тынышталып, беті бері қарағандай болуы мүмкін. бірақ бұл тек бастапқы әсері. Ары қарай қандай жанама әсері, жағымсыз салдары боларын білмейміз. Оның үстіне әр бала әртүрлі реакция береді, бұл баланың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Мұндай «агрессивті» емнен кейін аурудың ушығып кетпесіне кім кепіл? Онсыз да ағзасы әлсіз балаға күніне 5 екпе салады екен. Ойлап көріңіз енді, айына бұл жүздеген екпе ғой. Осылайша өзбек ағайындар онсыз да ағзасы әлсіз баланы дәлелденбеген ем мен дәрілермен «улап» жатыр.
Алдында бір телеарнадан көзім шалып қалды, баласын Ташкентте емдеткен бір ана баласының ауруы үдей түскенін айтып жатыр. Жаңағыдан дәрі мен екпенің көптігінен бала талма ауруына ұшыраған. Өзбек клиникалары емдейміз деп, жалған ақпарат таратып, ауру үстіне ауру жамап беріп жатыр.

Бұл маркетингтік әдіс десек те болады, осылайша өзбек клиникалыр баласының денсаулығы үшін кұрескен ата-аналарды ұзақ мерзімге ұстап қалуға тырысады. Баланың ауырғаны клиникалар үшін қосымша табыс екені былай да түсінікті. Сондықтан да олар баланың ауруына ауру қосып бере береді. Әрі күніне 5 екпе алғаннан кейін баланың сол екпеге тәуелді болып қалатыны айтпаса да түсінікті шығар. Сондықтан ата-аналар сол клиникалардан шықпай, ем ала береді. Бұл ата-аналардың қалтасын жұқартып, клиниканың қазынасын толтыра береді. Әрі аутизм дәрі-дәрмекпен емделетін сырқат емес екенін ұмытпау керек. Мұнда кешенді емдеу әдістері қажет. Екпе мен дәрі-дәрмекпен емделе салса, аутизммен ауыратын балалар саны мұндай көп болмас еді ғой.

Қазақстанда да аутизмі бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған қолдау орталықтары бар. Мысалы, Болат Өтемұратов қоры қаржыландыратын «Аутизм. Бәріне ортақ әлем» бағдарламасы аясында ел бойынша бірнеше мамандандырылған «Асыл Мирас» орталықтары құрылып, қазір жемісты қызмет етіп келеді. Онда дәлелденген, халықаралық әдістер қолданылады. Балаларымыздың ертеңіне алаңдасақ, осындай дәлелденген жерлерде ғана ем алып, тексерістен өткеніміз жөн. Не де болса, ата-аналарға шыдам, балаларға денсаулық тілеймін. Ұрпағымыз сау болып, өзбектер ұсынған дәлелденбеген медицина түрлеріне жүгіне бермейік дегім келеді.

Ongar_online

06 Nov, 10:16


Мәскеу биржасындағы ресейлік компаниялардың акциялары сұмдық өсіп жатыр! 1 биткоин 75 мың доллар! Рекорд!

Ongar_online

06 Nov, 10:06


Алмасбек Садырбаев 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Ongar_online

06 Nov, 09:58


"Путинның отряды" Трампты құттықтап, Илон Маскты Ресейге жіберуін сұрады.
#Жындыханажаңалықтарынан

Ongar_online

06 Nov, 08:39


Айсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы айтқан тағы бір болжамы дәл келді! Трамп екінші рет сайланады да, АҚШ-тың соңғы президенті болады деп еді!

Ongar_online

06 Nov, 07:52


Трамптың президент болғанынан қатты қорқып отырған ел ол - Қытай.

Ongar_online

06 Nov, 07:33


Зеленский мобилизация туралы Заңға қол қойды! АҚШ-тан күдерін үзді-ау!

Ongar_online

02 Nov, 13:53


Өткенде Қызылорда-Жезқазған арасын жол талғамайтын көлікпен он сағатта жүріп өтіп едім. Бүгін сол жолды қалпына келтіруге Қазақстан Азия Даму Банкінен 291,49 миллион доллар қарыз алыпты.

Енді осы ақша жемқорлардың жемсауында кетпей жолды жөндеп бітірсе екен. Әйтпесе, 500 шақырымды он сағат жүру деген масқара ғой. Түркістан, Шымкент пен Қызылорданың тұрғындарына Астанаға қатынайтын төте жол жанданса, Жезқазғанның да түтіні түзу ұшатын еді. Бірінші рет алынған қарызға риза болғаным осы шығар. Әйтпесе, қарызға алған қаншама миллиардтар форум мен ойын-тойдан аспай қалды ғой.

Бір ойым сол жолды салуды қытайларға бере салу керек-ау деп ойлаймын. Жылдам әрі тез бітіріп береді. Біздің компаниялар он жылдан аса салып бітіре алмай, аяғы ақшасын жеп қойған Семей-Майқапшағай трассасын қытайлар биыл алып, Қалбатаудан Боғасқа дейін еңсеріп-ақ тастады.

Ongar_online

02 Nov, 13:24


Байбектің алаң ортасынан соққан сойқан голы "Қайратқа" жеңіс сыйлады. Чемпион кім болады? "Қайрат"? "Астана"?

Ongar_online

02 Nov, 11:27


Ермек Тұрсынов: Дастархан басында ешқашан молда отырмаған. Жынды болмаңдар

Танымал режиссер Ермек Тұрсынов ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кейбіреулер сен неге қазаққа тіл тигізесің дейді. Кімге енді тіл тігізуім керек? Орысқа ма, неміске ме? Өзім қазақ болғаннан кейін, әрине, қазаққа тіл тигізесің. Сен неге жалқаусың? Сен неге надансың? Неге сонша құдайшыл болып кеттің, аяқ астынан… Ешқашан ондай болмаған, мен де ауылда өстім. Дастарханның басында ешқашан молда отырмаған, ақсақалдар, үлкендер отыратын. Той болса да, өлім-жітім болса да, ақсақал бастайды да, ақсақал бітіреді. Соңғы сөз ақсақалға беріледі. Еліктемеңдер, жынды болмаңдар, тобыр болмаңдар, кітап оқыңдар. Дұрыс кітап оқыңдар, дұрыс кино көріңдер. Бармаңдар Қоянбаевтың киноларына деп қанша жылдан бері айтып келе жатырмын, бірақ мені тыңдайтын адам жоқ қой, – деді Тұрсынов.
Режиссер қазіргі жас буын өздерін мазалаған сұрақтың жауабын діннен іздейтініне қынжылатынын айтты.
Біздің жастар шындықты іздеп жүр. Рухани кедейлік… Шындықты діннен тауып жатыр, өйткені олардың сұрақтары көп, ал исламда жауап көп. Кез келген сұраққа жауап дайын тұрады. Дін деген де ол да бір бөлек идеология… Өте мықты, көне заманнан келе жатқан дайын жауаптар бар кез келген сұраққа. Ал, біздің билікте, ал біздің қазіргі ақсақалдарда, ақсақалдардың өзі де жоқ қой, шалдар көп. Оларда ондай дайын жауап жоқ. Сөз айтатын ақсақал қалмады бізде… Ақсақалдар былай тұрсын, бір лауазымды, бетке ұстар азаматтар, сенетін, көпті көрген, ондай азаматтар жоқтың қасы… Көбісі сол дін жолына кетіп қалды… Олар адасып жүр деп айта алмаймын, бірақ өздерінің осындай бір жолын тауып алды. Ал, қалғандары жүр, тиктокта, инстаграмда…Сондықтан біз қазір жас буынды жоғалтып алдық, — деді режиссер.

Ongar_online

02 Nov, 11:07


Тағы да Талғар.

Ongar_online

02 Nov, 08:12


ГУР: Ресей Украинамен шекараға Солтүстік Кореяның 7 мыңнан астам жауынгерін орналастырды

Оларға пулемет, автомат, снайперлік мылтық, танкке қарсы комплекс пен гранатометтер берілді.

Дронға қарсы не істей алады екен?

Ongar_online

01 Nov, 15:32


Елімізде ресми жұмыс істейтін зейнеткерлердің алатын зейнетақасы тоқтатылуы мүмкін

Ongar_online

01 Nov, 15:27


"Ховар" ақпараттық агенттігі Тәжікстанда 1500 адамның ұсталғанын хабарлады.

“Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін, ішкі істер қызметкерлері көріпкелдікпен және сиқырмен айналысатын 1500 адамды ұстады. Ал 5000-нан астам молда фанатизм бойынша ішкі істер қызметінде арнайы есепке алынды”, - дейді ақпаратта.

Ongar_online

01 Nov, 15:25


Эстония барлауы: Солтүстік Корея сарбаздары Украинада ауыр шығынға ұшырайды

Бұл туралы Эстония Қорғаныс министрлігі барлау орталығының командирі, полковник Антс Кивисельг мәлімдеді. Ол КХДР әскерилері таудағы жауынгерлік дайындықтан өткенін, олардың Украина жер бедері мен климатымен таныс еместігін атап өтті.

«Біз Солтүстік Корея бөлімшелері Украинада ауыр шығынға ұшырайды деп болжаудамыз, бәлкім, қазіргі уақыттағы ресейлік әскерден де үлкен шығынға ұшырайды», - деді Кивисельг.

Ongar_online

01 Nov, 15:22


Ақтөбе облысында көктемде түсірілген видео екен. Қазір оқиғаның қатысушылары бәрі нақтыланып, полиция іс қозғаған.

Ongar_online

01 Nov, 15:19


Украина армиясы әлемдік рейтингте 6-шы орында, - WELT инфографикасы

Бірінші орында Қытай, 5-ші орында Ресей Федерациясы.

Ongar_online

01 Nov, 13:47


Украиналық Ғ-16 ұшағы РФ Қарулы Күштерінің Су-34 ұшағын атып түсірді.

Ongar_online

01 Nov, 13:46


БАҚ: Ресейдің элиталық арнайы жасағы Украинадағы соғыста толығымен дерлік жойылды!

Ресейдің арнайы жасақ әскері Украинада орасан зор шығынға ұшырады және жеке құрамының едәуір бөлігін жоғалтты. Оны қалпына келтіру үшін бірнеше жыл қажет болады. Бұл туралы америкалық «National interest» басылымы жазды.

«Арнайы жасаққа бастапқыда Украина басшылығына соққы беру және жоғары тәуекелді миссиялар жүктелген. Бірақ Ресейдің элиталық арнайы жасағы 2022 жылғы Украинаның қарсы шабуылы кезінде орасан зор шығынға ұшырады», - деп жазады басылым.

Пентагонның дерегінше, 2022 жылдың 24 ақпанында соғысқа аттанған элиталық күштердің бес бригадасының төртеуі 2022 жылғы жаздың соңына қарай жойылған.

Ongar_online

01 Nov, 09:28


Соңғы апта қазақ балуандары әлемді дүрілдетті. Кеше ғана Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Оның алдында ғана алтын қыз Жәмилә Бақбергенова әлемнің күмісін қанжығалады. Екі-үш күн бұрын Ризабек Айтмұқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем біріншілігінің алтынымен апталды. Бұның бәрі тарихи жеңістер.

Себебі, Ризабек үш жас санатында да әлем чемпионы болған тұңғыш қазақ! Жәмилә төрт жыл қатарынан әлемдік додадан медаль әкеп отыр. Нұрқожанікі айтпаса да түсінікті.

Көк Байрағымызды биікке көтеріп, елдің имиджін халықаралық аренада көтеріп жүрген осы қыз-жігіттер әлі лайықты марапатталмады да. Үшеуіне пәтер бермек түгілі бір көлік мінгізбедік. Қазақтың Атымтай Жомарт Азаматтары қайда? Ру жағын қуысатын болсақ елді отыз жыл билеген шапыраштыдан бір қалталы азамат шығып, қарындастары Жәмиланы үлде мен бүлдеге орайтын-ақ жөндері бар еді.

Күрестің маңында жүрген азаматтарға қырғыз ағайындар сәлем айтыпты. Үш балуандарыңа көлік мінгізетін қазақ табылмаса, мінгізетін қырғыз табылады деп. Бұл енді сүйекке таңба, ұлтқа ұят болатын нәрсе.

Жоқтан өзгеге жыртылып шашылатын бай-бағландарымыз ойланатын шығар деп жаздым. Әттең, қолдың келтесі-ай. Үшеуіне үш пәтері мен үш көлігін өзім-ақ бере салатын едім.

Ongar_online

01 Nov, 04:00


Екінші күдікті де ұсталды.

Ongar_online

01 Nov, 03:59


Ресми: Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды.

Ongar_online

31 Oct, 19:02


Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы!

Ongar_online

31 Oct, 19:01


Белал Мұхаммад Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектен бас тартты

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад UFC 310 турниріне денсаулығына байланысты қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Жекпе-жек 8-желтоқсан күні Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді.
Қазір UFC Шавкатқа жаңа қарсылас іздеуге кірісті.

Ongar_online

24 Oct, 17:46


Шешенстанның Грозный ауданы, Петропавл станциясы маңында Росгвардияның көлігіне шабуыл жасалды. Көлікке белгісіз адамдар автоматтан оқ жаудырған. Сарбаздар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Қазіргі таңда шабуыл жасаушылар іздестірілуде.

Ongar_online

24 Oct, 07:35


Солтүстік Кореяда жалақы 1-3 доллар аралығында. Ресейге көмекке келген әр солдатқа айына 2 мың доллардан төленеді. Олардың Солтүстік Кореядағы отбасылары оқшауланып, мемлекеттің бақылауына алынды. Егер, Украинада кәріс солдаты майдан алаңынан қашып немесе тұтқынға беріліп жатса артындағы отбасы жазаланатын болады.

Өткенде Донецкіге келген Ким Чен Ынның 6 офицері бір зымыран соққысынан кейін қырылып қалған еді.

Ongar_online

23 Oct, 15:29


❗️Анкарадағы терактіден 3 адам қаза тапты

Анкарада жарылыс болды. Теракт түріктің «Anka» ұшқышсыз ұшқыштары жасалып, «F-16» ұшағы модернизацияланатын «Tusaş» түрік әуекомпаниясы ғимаратының кіреберісінде болған. 3 адам қаза тапты. Олардың арасында бақылау-өткізу бекетінде отырған күзетші бар.

Лаңкестер бірінші болып әуелі осы күзет бекетіне оқ жаудырған, кейін өзін жарып жіберген.

«Tusaş» компаниясының нысанына шабуыл жасаған лаңкестер кеңсенің ғимаратына басып кіруі мүмкін еді», - деп хабарлайды Түркияның ішкі істер министрлігі.

📺@qazaqstantv

Ongar_online

23 Oct, 12:25


💣 КОНКУРС! Жүлде қоры – 5 000 теңге

Шарттары:

1. Барселона Қазақстан арнасына тіркеліңіз @fcbqazaq

2. Qara DOP арнасына тіркелу

3. 🇪🇸 "Барселона" - "Бавария" 🇩🇪 матчының есебін және соңғы голдың авторын табыңыз. Гол соғылмайды десеңіз, 0:0 деп жазыңыз. Пікіріңіз өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылуы қажет. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады.

4. ‼️ Жүлдені бәрінен ерте дәл тапқан жеңімпаз алады. Жеңімпаз екеуден аз болса, қалған сома келесі конкурсқа қалады.

Пікірді Барселона | QAZAQSTAN арнасында дәл осы посттың астына жазыңыздар. Тіркеліңіздер! 👇

@fcbqazaq

Ongar_online

23 Oct, 11:35


Талғар маңында кәмелеттік жасқа толмаған қызды "групповой" зорлаған төрт күдікті ұсталыпты. Талғарға талдықорғандық "үтікшілерді" жіберу керек!

Ongar_online

23 Oct, 11:35


Біздің Астаналық «Барыс» тобы, ҚХЛ-да әдетте ресейлік бапкер мен шетелдік легионерлерді шақырып осылай 20 жыл бойы ойнап жүрді. Өзіміздің отанды хоккейшілердің деңгейі шамалы болғандықтан болар. Осы саясаттың нәтижесі енді әр қалай, бірақ біз ешқашан КХЛ-да көшбасшы болған емеспіз. Біз әрдайым ортаңғы бөлігінде ойнадық. Жақсы да емес, әлсіз да емес, орташа.
Сол үшін легионерлерге миллиондаған қаржыны жұмсап жүрдік.
Бірақ бір апта бұрын хоккей федерациясы өз саясатын түбегейлі түрде өзгертті. Федерацияны біздің Оразбаев басқарды, келісімен дереу ресейлік бапкерді қызметінен босатып, біздің Ғалым Мәмбеталиевті шақырды, ал ол бірден шетелдік ойыншылардың барлығымен дерлік келісім-шартты бұзды. Жаңа басшылық отандық қазақ хоккейшілерге сенім артуға бел буды.
Ресейлік журналисттер мен сарапшылар бізге сәтсіздіктер мен жеңілістерді болжап, «Барысты» және оның жаңа саясатын қудалап, тіпті лигадан қуу керек деп айқайлай бастады.
Бірінші ойында Ярославль жолында біздікілер жеңілсе де, минималды есеппен негізі жақсы ойын көрсетті. Ал кеше біздің команда, қонақта жүріп Минскінің «Динамосын» 1:2 есебімен ұтты. Міне, нәтиже. Сенсация. Біздің жастардың тамаша ойыны көзге ілінді. Кезінде бас құрамаға кіре алмай жүрген қазекең енді бар талпыныс көрсетіп ойнап жатыр. Кілең жастар. Бәрекелді. Алдағы уақытта да жеңістер болады деп сенемін.
Алға Қазақстан!

Айдын Кеннің парақшасынан

Ongar_online

23 Oct, 04:15


✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды

1. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ вице-президенті Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлына тапсырылды;

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Алматы қаласы, «№4 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалімі Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызына және Орал қаласы, «Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызына тапсырылды;

3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз Қарағанды облысы, «Шахтерское» ЖШС директоры Прокоп Георгий Георгиевичке тапсырылды.

t.me/aqorda_resmi

Ongar_online

22 Oct, 16:35


Қазақстанда жалға берілетін пәтерлердің 67 пайызы заңсыз жалға беріледі

Қазақстандықтарға тұрғын үйді жалға алу келісімін онлайн режимде жасау мүмкіндігін беру қажет. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаевтың айтуынша, бұл тұрғын үй нарығындағы заң бұзушылықтарды шешудің бір жолы (ҚазАқпарат).

Ongar_online

22 Oct, 15:55


Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылы, Қайыпов мектебі мен Ташкенсаз ауылы Абдулин мектебінің оқушыларының ішіп отырған тамағынан құрт шыққан деп ата-аналар шулап жатыр.

Мектептің асханасына тамақты аудандағы білім бөлімінің бір дөкейінің дүкенінен ғана аласыңдар деп ауызша бұйрық берілген екен. Нәтижесі міне!

Алматы облысындағы құзырлы органдардан ресми жауап күтеміз!

Видеодағы Қайыпов мектебі

Ongar_online

22 Oct, 13:35


Нысаналы мектеп кімнің бизнесі? Мұғалімдер неге каникулда курс оқу керек? Ол курс үшін, іс-сапар үшін неге ақша төленбейді?

Ongar_online

22 Oct, 11:59


Солтүстік Кореяның бастан кеткен 11 мың солдаты Ресей үшін соғысуға Украинаға бет алған еді. Мынандай шансты жібермейтін Оңтүстік Корея да Украина үшін соғысуға сарбаз жіберетін болды!

Оңтүстік кореялықтар Украинаға тұтқынға түскен Солтүстік Кореяның солдаттарынан "допрос" алу үшін де көмектеспекші екен. Мынаны естіп Ким Чын Ен менің солдаттарым тұтқынға түспейді деп қылғынып жатыр дейді)

Ongar_online

22 Oct, 10:29


Рыбакина командалық әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының атынан қатысудан бас тартқан. Әулиесітпей көк паспортын қайтарып алу керек еді.

Ongar_online

22 Oct, 10:26


💬 Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарап, ол пробация талаптарын бұзған деген шешім шығарды

Судья Қанат Арынов бостандығы шектелген Нұрасыл Болаттың жазасын бас еркіндігінен айыру жазасына ауыстырды. Нұрасыл Болат пробация шартын үш мәрте бұзған деді сот.

Сот шешіміне сәйкес, депутаттың ұлы жазасының қалған мерзімін – 1 жыл, 5 ай және 10 күнді қауіпсіздігі орташа колонияда өтетін болды. Нұрасыл Болат сот залында қамауға алынған.

2024 жылы мамырда сот ерлі-зайыпты заңгерді ұрды деп айыпталған Нұрасыл Болаттың бостандығын 2 жылға шектеген еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Ongar_online

21 Oct, 15:31


Қазақтың бесіктен белі шықпаған болашағы көшеде қайыр сұрап жүр!

"Ана сенің өмірің ғажап үлгі"... Өзінің қазіргі тағдырына налитын шығар бәлкім. Мынау қай жер? Кім біледі?

Ongar_online

20 Oct, 17:42


Ауылда жарықтың жиі жалп ете түсетіні жаман екен. Жұрттың бәрінің пеші тоқпен. (Насоспен).Свет өшсе әбігер болады.

Ongar_online

20 Oct, 09:38


Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында тағы бір оқушы бала қайтыс болған. Ата-анасы әділдікке жете алмай жүр!

https://ttjk.info/tal-ar-ma-ynda-y-ta-y-bir-zhas-spirimni-zh-mba-limi-zhary-a-shy-ty/

Ongar_online

20 Oct, 07:49


Украйна дрондары түнімен Ресейге шабуылдады. Федерацияның 7 облысына 110 дрон шабуылдаған.


Видеода мамалап жатқан Ресейдің Нижегородскі облысындағы Дзержинскі қаласында орналасқан жарылғыш заттар зауыты.

Ongar_online

20 Oct, 07:11


Бүгін Каспий теңізінде екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының хабарлауынша, магнитудасы 3,1 болатын бірінші жер сілкінісі 19 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 01:02-де болған. Араға жеті сағат өткеннен кейін, екіншісі 08:47-де тіркелді.

Екі жер сілкінісінің де ошағы 68 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ongar_online

20 Oct, 07:10


"Күн бетіндегі қуатты жарылыстарға байланысты қазірдің өзінде спутниктердің жұмысы үзілген. Бұл өз кезегінде келесі жылы байланыс пен GPS-ке үлкен әсер етеді деп болжап отырмыз. Күн өзінің максималды белсенділік кезеңіне жетті, - дейді Вашингтон Пост NASA-ға сілтеме жасай отырып.

Ongar_online

20 Oct, 06:40


Бір аптада екі хет-трик!

Месси "Интер Майами" сапында таңда 33-ші голын соғып, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген болды.

Мұхит асқаны кеше ғана сияқты еді. 33 гол деген біздің бір клубтың бір жылда соға алмайтын голдары ғой.

Ongar_online

18 Oct, 14:19


Ресей Қазақстан мен өзге елдерге өтініш айтуда. “Ұшақ жетпей жатыр, көмектесші” депті.

Санкция Ресейдің азаматтық авиациясын оңдырмай соққылауда. Мына сандарды қараңыз, толық түсінесіз.

Қазақстанға және өзге елдерге қандай өтініш айтуда? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5827

Ongar_online

18 Oct, 13:30


Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян БӘКІРОВ пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір БЕКМАНОВ қызметтерінен босатылды.

Жай ғана босатпай, тергеуге алу керек!

Ongar_online

18 Oct, 09:15


Ұлттық қауіпсіздік комитеті қос азаматтығы бар 7 қазақстандықты ұстады

Оларды 14 және 16 қазанда шекарашылар шекарада ұстады, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Ұсталғандар қосымша тергеу үшін полицияға жіберілді.

Жалпы, жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады (zakonkz).

Ongar_online

18 Oct, 08:15


"Солтүстік жақты білмедім. Оңтүстікте адамдар тойдан мезі болды. Шаршап кеткен. Қарызға батып талай отбасында ұрыс керіс көбейген. Тойда да жақсы тәрбие беріліп жатқан жоқ. Той туралы заң керек сияқты. Машинаның штрафы бойынша талай заңдар табан астында енгізіліп жатыр ғой.
Ұсыныс. Әркім той жасайтын болса қызықшылығы үшін қонақтарға қонақтардан сыйлық (тойана) әкелмеуін сұрау керек. Оны мемлекет заңмен, сыйлық апаратын болса сыбайластық деп үлкен шара қолдану керек. Той жасаушыда ертең оның тойына ештеңе апармайды. Сонда әркім өзінің шамасына қарап жасайтын болады тойды. Сол тойға сеніп кредит алып, ол түскен ақшаның барлығына дерлік тойхана егесіне сол күні санап тастап кетеді. Зардап шегуші тағы да халық. Карантиннің кезінде талай адамның еңсесі көтеріліп, жоспарда жүрген дүниелеріне қол жеткізді. Денсаулығына, емделем деп отырған қаражатында тойға апарады, ұят болады деп.

Жариялайтын болсаңыз аты жөнімді көрсетпеуіңізді сұраймын. Рахмет!" депті бір оқырманым.

Келісесіздер ме?

Ongar_online

18 Oct, 06:19


Тұрарбек Құсайынов пен мерген Мациевскийдің есерткіші

Ongar_online

18 Oct, 06:18


Алматыда Ресей әскерилерінен оққа ұшқан Украина Батыры - мерген Александр Мациевскийге арналған ескерткіш пайда болды.

Басқыншыларға тұтқынға түскен белгісіз солдат окопта темекісін шегіп болып, "Слава Украине" деп айқайлағанда оған оқ жаудырып өлтірген видеоны бәріңіз көрдіңіздер. Ескерткіште де белгісіз мүсінші мерген Мациевскийді қолына темекі ұстаған қалпында бейнелеген!

Сол видеодағы өлім жазасына кесілген Чернигов облысының 119-шы жеке аумақтық қорғаныс бригадасының 163-ші батальонының мергнндер ротасының мергені Александр Мациевскийге өткен жылдың наурыз айында президент Владимир Зеленский қайтыс болғаннан кейін Украина Батыры атағын берді.

Ескерткішті «Демос» қоғамдық ұйымының жетекшісі, бұрынғы имам Turar Kussain өз ақшасына жасатты.
Мүсіншінің аты-жөні жария етілмейді- ол анонимді қалғысы келді.

"Ескерткіш украин халқының егемендік пен тәуелсіздік үшін күресін мойындау мен қолдауының көрінісі болды. Бұл қазақтар мен украиндықтар үшін бостандық үшін қанша төлеу керек екенін еске сала алатынына сенімдімін», - деп түсіндірді Тұрарбек.

Қазір ескерткіш уақытша Украинаға гуманитарлық көмек көрсету штабының аумағында, Гурильева көшесі, 106А мекенжайында орналасқан.

Енді Құсайынов мүсінді Украинаның Қазақстандағы елшілігіне «барлық қазақ халқының атынан» сыйға тартпақ.

Ongar_online

18 Oct, 06:07


ХАМАС-тың тағы бір жетекшісі Яхья Синвар Газада өлтірілді

Ongar_online

17 Oct, 12:43


Ғалым Мәмбетәлиев "Барыс" хоккей клубының бас бапкері!

Ongar_online

17 Oct, 12:43


Қазір майдан даласында Ресей үшін кімдер соғысып жүр?

🇺🇿ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТТАРЫ
ӨЗБЕК БИЛІГІ: СОҒЫСҚА ҚАТЫСҚАНДАР – БІЗ ҮШІН ҚЫЛМЫСКЕР!
🔻РЕСЕЙДЕГІ ӨЗБЕКТЕР: «МӘСКЕУ ҮШІН ЖАН ПИДА»
🇰🇵СОЛТҮСТІК КОРЕЙ АЗАМАТТАРЫ
10 МЫҢ КӘРІС САП ТҮЗЕДІ...
🇨🇺КУБА АЗАМАТТАРЫ
🇮🇳ҮНДІСТАН АЗАМАТТАРЫ
🇹🇯ТӘЖІКСТАН АЗАМАТТАРЫ
🇰🇬ҚЫРҒЫЗСТАН АЗАМАТТАРЫ
🇷🇺РЕСЕЙДЕГІ АЗ ҰЛТТАР
АВТОХОН ҚАЗАҚТАР

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5829

Ongar_online

16 Oct, 14:43


Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Черчесовке қазақ тілін келемеждегені үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды - Әділет Барменқұлов

Ongar_online

16 Oct, 14:36


Мәскеу түбінде жоғары шенді ГРУ офицері, Ресей Қарулы Күштері Арнайы операциялық күштерді оқыту орталығы қолбасшысының орынбасарын атып кеткен.

Олар жүргізушінің терезесіне кемінде 8 рет оқ атқан. Айтпақшы, ол Украинадағы соғыстан бір апта бұрын оралған.

Ongar_online

16 Oct, 12:22


👏🏻 Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды.

Ongar_online

15 Oct, 18:27


Қазақстан U-21 шотландиялық құрдастарын 3:2 есебімен жеңді. Өткенде Испанияға 3 гол соққан еді. Кілең қазақтар ойнайтын жастар жарап тұр!

Ongar_online

15 Oct, 18:25


Банк қызметкерлері қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан, деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі.

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов банк қызметкерлерінің қиянат жасау фактілері туралы айтты. Оның айтуынша, олар өз клиенттерінің жеке деректерін ақылы түрде аударған. Әбдіқалықов қазақстандықтардың жеке деректерінің сыртқа шығып кеткені туралы шағымдар түскенін мойындады.

«Иә, өкінішке орай, мұндай фактілер бар, оның үстіне, биыл біз екінші деңгейлі банктерді тексердік, заңбұзушылықтар үшін жазаладық лауазымын асыра пайдаланып, сыйақы үшін қажетті ақпаратты бере алады», - деді ол.

Ongar_online

15 Oct, 18:04


Талғар ауданында заң орындары, құқық қорғау орындары бар ма? Аудандық, қалалық, облыстық әкімдіктер осы уақытқа дейін не істеп келген, қазір не істеп отыр?

Осындай ел көкейіндегі көп сұрақтарға нақты жауап жоқ! Елдің наразылығы мен алаңдауын басу үшін прокуратура мен полиция неге өз уақытында есеп беріп тұрмайды?!
Халық биліктің, полицияның тірліктері мен жауаптарына қанағаттанбауда!!

Анасының құшағында жатып, әкесі мен бауырларының көз алдында қылмыскерлер қолынан өліп кеткен Шерзатты - Ішкі істер министрі, генералдар, әкімдер, шенеуніктер өз баласындай көріп, қабырғалары қайысуы қажет!

Керісінше, қайғылы қазадан кейін 11 күн өткенде, бүгін ғана 15 қазан күні өткізген облыстық прокуратура мен облыстық полиция департаментінің брифингінде көрсетілген күдікті видеоның мақсаты не?
Шерзаттың отбасы осы видеоны сұрап ала алмай жүрген. Ал “бұл видеоны бүгін қиып-жонып, өздеріне керегін ғана қалдырып шығарып, жариялап отыр". Бұл туралы бүгін енді Шерзаттың әжесі бейне үндеу жасады. Қайғыға батып, қан жұтып, аяулы немересінен айрылған, отбасы түгел содырлардан соққыға жығылып, полициядан қысымға ұшырап, зорға сөйлеп отырған әженің сөзін тыңдау өте ауыр…

Бүгін Талғар қаласының әкімі мен әкімнің орынбасарын орнынан алыпты. Қалада тәртіп орната алмаған басшылардың орнынан кеткені дұрыс. Ал құқық қорғау органы басшылары ше? Жергілікті жерде қылмыстың өршітіп қойған облыстық, аудандық полиция басшылары орнында отыра бере ме? Қылмысты құрықтау алдымен солардың ісі емес пе?! Ең алдымен осыларды орнынан алғанда бүгінгідей ел түгел наразы болып жатқан құйтырқы видео шықпас еді…
Ал Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы осы қайғылы оқиғадан сәл ғана бұрын Ішкі істер бірінші вице-министрі болып өсіп кеткен?!.

Ішкі істер министрлігіне түбегейлі реформа жасалмаса, кешегі полицияның бүгінде еш өзгермегенін айқын көріп отырмыз?
Елдің ішкі істер саласына сенім кредиті түгел жойылған.

Мемлекет басшысының «Біздің елімізге заң үстемдігі және азаматтық тәртіп аса қажет» деп талап еткен “заң мен тәртіп қағидасы” қашан орнайды? Үкімет не істеп отыр? Бұдан бұрынғы депутаттық сауалымызда айтқандай, үкіметті, министрлер мен әкімдердің бәрін бір жаққа алып кетсе, елде ешнәрсе де өзгермейді. Ендеше, президенттің тапсырған заң қағидасын елде орната алмайтын, халықтың тілінде сөйлей алмайтын үкіметтің не керегі бар?!.

Қазақ қашан қаралы үйге тас лақтырып еді? Ал қазір қайғылы қазаға ұшыраған шаңырақты өртеп жіберуге дейінгі жауыздыққа барып отыр!
Бұл біздің талай жыл зарлап келе жатқан «Ұлттық идеология болмаса, ешнәрсе дамымайды!»-деген сөзіміздің маңыздылығын көрсетеді! Бұл формуланың айқын дәлелі - кешегі билік ойына келгенін істеген отыз жылдағы заңсыздық пен әлеуметтік теңсіздік! Талғар трагедиясы да осының «жемісі».

Ұсыныстар:

Талғардағы қайғылы қазаға кінәлілер түгел қатаң жазасын алуы тиіс!
Қылмысқа жол берген мемлекеттік органдар қызметкерлері тегіс жауапқа тартылуы тиіс.
Сот ашық және әділ өтуі тиіс!
Мектептердің бәрінде балалар тәртібі қатаң қолға алынуы тиіс.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатары Қазыбек ИСА, Азат ПЕРУАШЕВ.

Ongar_online

15 Oct, 18:04


Қылмыскерлер үймен бірге министрдің бақылауын да өртеп жіберді?! - Қазыбек Иса

Министрдің бақылауынан қылмыскерлердің бақылауы күшті болып тұр...

Енді Бас прокурордың бақылауы қалай болар екен?!.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Б.Н. Асыловқа.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е.С. Сәденовке.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Ғ.Б. Бейсембаевқа

ТЕРГЕУ ӘДІЛ ЖҮРГІЗІЛІП, АШЫҚ СОТ БОЛЫП, ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАТАҢ ЖАЗАСЫН АЛУЫ ТИІС!

Қазір қоғамдағы қылмыстың өршіп тұрғаны белгілі. Қылмыс жасарып, мектеп оқушыларына жетті. Маңғыстау облысындағы Құрық ауылындағы құрыққа көнбес күнделікті балалар төбелесі, Ақтөбедегі бала өліміне әкелген қырғын, Павлодардағы бір топ бұзақының бір баланы жабылып сабауы, Өскемен мен Зайсандағы қыздардың әлімжеттігі, оқушыларды жәбірлеп, тізерлетіп қойып, ақша бопсалауы тб өршіп тұр. Есірткінің өзі мектептерде сатылады деген ақпарат баспасөзде жүр. Балалар суициді бойынша әлемде алдыңғы орындамыз. Бұл туралы Бас прокурор арнайы мәлімдеме де жасады.

Ал қоғамда үлкен резонанс тудырған 4 қазандағы Талғардағы 16 жасар Шерзаттың қайғылы қазасы, одан соң оның үйін өртеп жіберу - елімізде халықты қорғай алатын әділетті полиция бар ма, жоқ па деген басты сұрақты тудырады?!.

Шерзаттың үйіне неге күзет қойылмаған?
Ішкі істер министрі тергеу барысын бақылауға алғасын ол үйге күзет қойылып, оған құмырсқа да, ит те кіре алмауы керек қой. Ал хайуаннан бетер жауыз жайбарақат үйге кіріп, өртеп кетеді!?
Ал сонда полицияның күзеті қайда болған? Митингіге шыққан шал-кемпірге ғана шамасы келетін полиция неге қаралы үйді қорғамаған?
Өйткені, полиция қаралы үйді емес, қылмыс жасағандардың үйін күзетіп тұр!?.
“Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап” дегендей, есі кірген полиция енді үйді емес, өртеніп кеткен үйдің үйіндісін күзетіп тұр… Қасақана өртеу фактісі ресми расталды.

Министрдің қандай жеке бақылауға алғандығын қайдам, жергілікті қылмыскерлердің істі жеке бақылауға алғаны министрдікінен де күшті болып шықты. Қылмыскерлер қаралы үйді министрдің бақылауымен қосып өртеп жіберді?!

Бұл полиция, құқық қорғау органдарына түкіріп қою ғана емес, жалпы билікке, қоғамға қарсы қағылған дабыл! Бұдан артық қайда барамыз! Заңсыздықтың бәріне заңды тоқтау салатын уақыт жетті!

Енді істі Бас прокурор қадағалауына алды... Бұл қадағалаудың қай жерге дейін жететінін бір құдай біледі, уақыт көрсетеді...

Шабуыл жасалып жатқанда, Шерзаттың әкесі полицияға, 102-ге хабарласқан, бірақ ешкім келмеген? Түнгі 2-де келді деп жазуда. Осынша уақыт полиция қайда болған? «Жедел жәрдем» де келмей, қансырап жатқан ұлын ауруханаға әкесі өзі алып барған. Полиция да, «жедел жәрдем» де өз уақытында келсе, Шерзат аман қалар еді...

Шабуыл жасаған 13 адамның басында 7-еуі, кейін шу болғасын 3-еуі ұсталды, тағы 3-еуі қайда? «Екі көлікпен келген қылмыскерлердің ішіндегі екі әйел мен дәу қара жоқ»-деген Шерзаттың әке-шешесі бастап, тұрғындар қостап, халық митингіге шықты. Аудандық полиция бастығының сөзінше ол әйелдердің «төрт баласы бар» екен? Төрт баласы болса, ондай әйелдер түнгі төртте неге біреудің алты баласының тұңғышын өлтіруге белсене қатысып жүр?!. Олар неге бостандықта? Сонымен шабуыл жасаған 13 күдіктінің 3-еуі бостандықта сайрандап жүр? Қылмыскерлерді тайраңдатып қойып отырған кімдер? Бәріміз де 13-ке дейін санай аламыз, 13 қылмыскер қамалып, ашық сотта 13 қылмыскер тұруы тиіс және әділ де, қатал жазасын алуы керек! Шерзататың әкесі бейнеүндеуде мәлімдегендей, тергеудің әділ жүргізілмей жатқаны, баласынан айрылып, қайғыға батып отырған отбасын түн ортасында тергеуге шақырып алып, өктем сөйлеу, қылмыскерлер ұлын өлтірген мылтықты полицияның бұлардың дүкенінен іздеуі деген не сұмдық?

Өздері қаралы жандарды телефон арқылы қорқытып жүргендер кімдер? Марқұмның қазасы мен үйінің өртенуіне кінәлілер деп, әлеуметтік желіде өріп жүрген ақпараттар мен бейне материалдарға неге жауап жоқ әлі?

Неге Шерзаттың әкесі ауданнан, облыстан көшіп кетуге мәжбүр болып, видео жасауда? Бұл «Ұрысы мықты болса, иесі жазықты болады» дегеннің нақ өзі емес пе?

Ongar_online

15 Oct, 16:44


Талғардың полициясына заң жоқ, сотына сот жоқ, тұрғындарында сотка жоқ.

"Полицияға келіп, машинамен қусақ қазір күдіктіні ұстап аламыз деп едім. Әкеңнің машинасы бар ма қуатын деді. Сенің әкеңнің машинасымен қумаймыз ғой деп едім, таяқ жедім" дейді.

Ongar_online

15 Oct, 14:30


Төрт ойын қатарынан гол соға алмай жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Черчесов кеше қазақша сұрақ қойған журналистке "французша сөйлеп тұрсың ба?" деп кекетіп еді.

Бүгін спорт және туризм министрлігі Қазақстан Футбол Федерациясынан осыған байланысты түсініктеме сұрапты.

Түсініктеме сұрағанша шекарадан шығарып жіберу керек еді. "Чемодан-вокзал-Ресей".

Ongar_online

15 Oct, 13:44


Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметтен шеттетілді. Аудан әкімі мен оның орынбасары сөгіс алды.
Бұған дейін кейбір БАҚ Қасымбаевтың «хуторлық» бандиттермен байланысы туралы жазған болатын. Алайда бүгін ІІМ-де өткен брифингте мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы есепте тұрмайтынын мәлімдеді.