𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢 @taammul Channel on Telegram

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

@taammul


السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢 (Kazakh)

Сіздердің күтіп жатқан канал ТЫМ ТЫН' ЕМЕС тапсырмасын таныстырамыз! Бұл каналға @taammul атында кіру арқылы киімді қуып, иман жасау және жасаған оқылықтар жайлы ақпарат алуға болады. Тәксір безек сауалдар үшін ботты, дәрістерді қарау үшін сілтемелерді пайдаланыңыз. Сіздерге уәделікті білім беру мен ойлау мүмкіндігінің ашықтарын көрсететін каналға тапсырмадан кетмеңіз! Шотландиялық мүңкерлері арқылы тәжірибелі төмендегі грек ордасы туралы ақпарат алуға болады. Бұл канал арқылы сіз білімділік жолында жүргізген жолығыңызды дамытасыз!

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

05 Jan, 19:38


🖋Нияз Әбу Румейса:

алып ұшқан көңілдің қанатын-ай,
жебесіз жүректен дөп қағатындай..

📚Аққуым неге көлде емес..

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

01 Jan, 16:21


🖋Муфти Даниал Шариф (حفظه الله):

Ұстазымыз (حفظه الله) "Егер ілімнен бір келі меңгергеннен кейін халыққа пайдаңды тигізгің келсе, онда қырық келі ақыл қажет" деп айтқан еді. Яғни, қай жерде қайсы нәрсе айтылуы немесе айтылмауына қатысты ақылды қолдану керек болады.

📚Усул әл-ифтәә уә әдәбуһу дәрісінен үзінді.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

25 Dec, 05:48


Естіп есің шығады.. Қазіргі таңда адамзат баласының жаратылысындағы мақсаты екі түрлі жыныстағылардың бір төсекте бас қосулары сияқты. Әрі сонау заманнан осы күнге дейінгі адам баласы бұл тақырыпта сауатсыз болғанын көрсетіп әлдекімдердің халықтың көзін надандықтың шелінен тазартып жатқандай жар салулары тағы бар. Қай заттың жарнамасын шығармаса да әйел затының тәнін жарнама құралы ретінде пайдаланатындары да бар. Айнала толған осындай айуандық болып жатқанда кейбір адамдардың төсектен өмірлік ләззатын іздеп кетулерін сөгу де орынсыз сияқты көрінуі мүмкін. Бұл жазбаның кіші көгілдірлік қылудан жиіркенбегендер жайлы естіп, ес шығып жазылып жатқан жайы бар.

Иә, иә, әйелдің артқы жағынан жақындаушыларды сахабалардың (رضي الله عنهم) "кіші көгілдірлік" деп атағандықтары турасында әсәрлар жеткен. Себебі бұл дүниеде ләззат алудың адалдығы шәһуат құмарын өтеу үшін ғана бекітілмеген. Себебі шәһуатты тояттандырудың негізгі мекені арғы дүние (жәннат). Ал бұл дүниедегісі қажеттілік себепті. Яғни дүние таусылғанға дейін ұрпақ қалдырып, тұқымын жалғастыру. Ал енді ұрпақ дәнегін артқы егістікке себетін бе еді? Сол арттан жақындасу адал болған жағдайдың өзінде ол тек мақсатты қажеттілікті өтеу үшін ғана болмақ еді. Ал дүние ләззат алу мекені ретінде жаратылмады. Сондықтан табиғи фитраттарыңызға қайтып, адами болмыстарыңызды жоғалтпай, саналарыңызды төсек қатынасы ләззатының құлдығынан азат қылыңыздар. Бұрынғылар сауатсыз болмаған, олар тек жаратылуларындағы мақсаттарын білді. Ненің алғы, ненің соңғы қажеттілік екенін ұқты. Қазіргілерде ғой барлық уайымдары хайуандар сияқты асқазан мен бұттың арасында болып қалған. Бұл дүниенің болмысы ләззат алу үшін емес екенін естен шығармаңыздар.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

22 Dec, 18:55


Көп отбасының шағымы шаңырақтағы жылылықтың жоғалуы..


🔸Оған кінәлі әйелі н/е ері. Көпшілік жағдайда (өздері мойындамағанмен) екеуі де кінәлі болып табылады. Енді әр адам әр түрлі болғасын, әртүрлі адамнан қосақталған шаңырақтар тіптен әртүрлі болғасын және сол шаңырақтардағы салқындықты туындатқан себеп салдары да әртүрлі болғасын көпшілігіне ортақ болған бір тұсын түртіп айтып кеткім келеді.

🔹Жігіттер әйеліне жасаған ең алғашқы мәмілесін еш ұмытпағаны жөн. Себебі жарыңыздың сол мәмілеңізге жараса сізге деген сезімі мен құрметі артқан болатын. Қашан сіз сол мәмілеңізді жоғалтасыз, тиесілінше алғашқы сәттегі берекелі, ыстық ықыласқа толы, махаббат төрелік еткен шаңырағыңызды шайқайсыз. Оның сізге бар жан тәнімен берілгеніне масаттанып, соқырлыққа салынып кетпеңіз. Сол күйді жоғалтып алмауға әркез сақтық танытыңыз. Кез келген салада солай. Небір чемпиондар жеткен жетістік жолындағы еңбегіне салғырттық танытып бастамайынша чемпиондықтан құлдыраған емес. Сол себепті өзіңізге жаққан отбасылық аураға қол жеткізген сәтте ең кемі сол мәміледе тұрақты болыңыз.

🔸Бірде бір бауырымыздың сұраған кеңесіне қатысты "Әйеліңіздің тарапынан шашылған нұрға бөлене беруден шаршамаңыз, жалықпаңыз" деген болатынмын. "Ол қалай?" дегеніне "Әйел заты айна сияқты. Алдына не нәрсенің бейнесі келмесін бойына жасырып қалмайды. Сондықтан одан нені күтсеңіз, соны оған да беруден шаршамаңыз" деп айтқаным бар-тын.

🔹Еркектің басшылығын бұйрық беріп, шешім қабылдаумен шектеп алу үлкен қателік. Тіпті жауапсыздық десе болар. Ерлігіңізді шаңырақтағы берекені сақтауда, шайқалған тұстарын ретке келтіруде танытыңыз. Отбасылық түсініспеушілік туындап қалған сәтте әйеліңізге итере салмаңыз. Соның кінәсі, өзі ретке келтірсін деп. Егерде осы тұста ерлігіңізді танытып, өз басшылығыңызбен, даналығыңызбен мәселені жүйелі түрде үйлестіре алмасаңыз, онда ерлігіңізге үлкен сын. Отбасылық отанның ең басты жауаптысы сізсіз. Ал енді жауапты жаннан басқа кінәлі жан болатын ба еді?
#НиязӘбуРумейса

📔Кемелділікке саяхат..

Canal:
https://t.me/taammul

16.11.2022 архив.

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

22 Dec, 05:14


🖋'АбдуЛлаһ ибн Дәуд әл-Хориби (رحمه الله):

▪️Адамдар Имам Әбу Ханифаға (رحمه الله) қатысты екі топқа бөлінеді:
Оны жөнді танымағандар.
Оған қатысты хасад қылушылар.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

22 Dec, 05:09


🖋Муфти Даниал Шариф (حفظه الله):

Джарх пен та'дил мәселесінде тек 'АбдуЛлаһ ибн әл-Мубәракқа (رحمه الله) қатысты джарх жоқ. Ол кісі жайлы сөйлегендердің барлығы мақтау сөздерін ғана айтты.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

20 Dec, 15:27


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Түнгі ғибадатты атқаруды ниет еткен адам үшін тал түстің алдында қайлулаһ жасап (мызғу) алуы мустахабб. Күннің алғашқы бөлігінде ұйықтамайды. Тура солай ақшам мен құптан намазының арасында және екінті намазынан кейін де ұйықтамайды. Күндіздің ортасында ұйықтау мустахабб.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

20 Dec, 11:58


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Өзге жайлы көзіңмен көрмейіңше н/е алдыңда басқаша жорамалдау мүмкін болмайтын деңгейде айқын көрініс таппайынша өзге (мұсылман бауырың) жайлы нашар ойға илануың арам болып табылады.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

20 Dec, 11:45


🖋Шейх Уәһби Сулайман(رحمه الله):

Нашар адамдар (أهل السوء) жайлы нашар ойлау (күмәндану) арам емес.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

18 Dec, 21:05


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Пессимизм арам. Оптимизм жақсы.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

18 Dec, 21:03


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Жануарлардың арасында тахриш жасау харам. Яғни әтеш т.б. сияқтыларды өзара шағылыстырып төбелестіріп қою.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

18 Dec, 10:56


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Ақ түсті киім кию мустахабб. Және қара түсті киімді де. Себебі ол Бәну 'Аббастың белгілерінен (شعار). Әрі Пайғамбарымыз ﷺ екі айт күндерінде артын (арқа жағына) түсіріп қара сәлде орайтын еді. Және Меккеге кірген кезінде басында қара сәлдесі болды.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

15 Dec, 20:57


▪️اللَّهمَّ يا ربي وربِّ كلِّ شيء ومليكه، إني أدعوك باسمك الواحد الأحد الفرد الصمد، وأدعوك باسمك الأعظم الذي إذا دعيت به أجبت، وإذا سُئلت به أعطيت، أن تمنَّ عليَّ بصلاح أحوال أهلي وذريتي.
▪️اللهمَّ حبب إليهم الإيمان وزينه في قلوبهم، وكرِّه إليهم الكفر والفسوق والعصيان، واجعلهم من الراشدين، فضلاً منك ونعمة وأنت خير الرازقين.
▪️اللهمَّ اجعل أهلي من الذين يعيشون عيشًا سعيدًا، واجعل هذه الدنيا جنة لهم، وارزقهم في الآخرة دخول أعلى الجنان برحمتك وفضلك يا منان.
▪️اللهمَّ إنَّ أهلي هم سعادتي في هذه الدنيا، فأسعدهم في دنياهم وآخرتهم يالله، اللهم كما أنعمت علي بوجودهم أنعم علي برؤيتهم سعداء.
▪️اللهمَّ إنك تُقلّب قلوب الخلق كيف تشاء؛ فاقلب هموم أهلي وأحزانهم إلى سعادة وسرور، وأبعد عنهم الهم والحزن وكل ما يؤذيهم يا أرحم الراحمين.
▪️يا رب إنَّ عائلتي هي من أجمل هداياك، ومن أغلى ما رزقتني، فاحفظهم لي وأسعدهم🩶.


Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

15 Dec, 20:52


▪️Арқа сүйер азаматым, жан- жарым,
Өзіңізбен атсын арай таңдарым,
Екі өмірде қуанышқа кенелтіп,
Бір Аллаһым нәсіп етсін бар бағын!

▪️Аяулы жар, асыл әке, ардақты,
Ілім сүйген ізгі жансыз, жан- жақты,
Болмысыңыз биік бізге қашанда
Салиқалы, сабырлы да салмақты.

▪️Өмір кейде сыйласа да бізге мұң,
Бірге кештік көктемі мен күздерін,
Сізге деген сыйластық пен құрметтен,
Бір Алланың разылығын іздедім.

▪️Өттік бірге талай сын мен сынақтан,
Қиындықта қолдауыңыз жұбатқан,
Ендігі арман - мәңгі өмірде бірге боп,
Жаратқаным орын берсе жұмақтан!

©Умм Румейса

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

15 Dec, 16:01


почему у некоторых аллергия на логику🤦‍♂

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

15 Dec, 05:27


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Кімде-кім қажылық пен сауданы бірге ниет етіп жолға шығып, әрі қажылыққа деген ниетіне қарағанда саудаға деген ниеті басым немесе тең болса, онда ешқандай сауапқа ие болмайды.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

14 Dec, 15:11


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Тұрмыс тіршілігінің тарлығына немесе дұшпанының қаһарына бола өлім тілеу мәкруһ. Ал егер заманның өзгеріп күнәлардың ашық істеліп жатқанында соған бой алдырып қоямын ба деген қорқынышымен тілесе, онда мәкруһ емес.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

14 Dec, 08:16


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

🔸Есігіне қол жайып келгенді айқайлап қууына болмайды. Егер беретін ештеңе таппаса "Аллаһу Тағала бізге және сізге ырзық нәсіп етсін" деп айтсын.

🔹Сұраушыға бергенін санамайды.

🔸Кімге садақа берсе, одан қайырымын, дұға қылуын, алғыс білдіруін немесе мақтау айтуын тоспауы керек (дәм ету).

🔹Тек адал мүлкінен садақа қылуы керек. Егер бір кедейге арамнан садақа қылып, әрі сауап үміт етсе, онда күпірге түсті. Ал кедей берілген дүние арамнан екенін біле тұра оған дұға тілесе және беруші "қабыл болсын" десе, онда екеуі де күпірге түсті.

🔸Базарларда Құран оқып тіленшілік қылатындарға істерінен қайтару мақсатында садақа берілмейді. Тасбих, тахмид айтып тіленушілерге қатысты да солай.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

14 Dec, 05:54


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Жүніп хәлде денедегі түктерді кетіру - мәкруһ.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

13 Dec, 18:20


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Кімде-кім өзін мұқтаж, ілім иесі немесе бір құрметті адам қылып көрсетіп (бірақ асылында ондай емес бола тұра) өзгелерден ақша алса, онда алған малы арам.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

13 Dec, 18:19


🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

▫️Имам Әбу Ханифа (رحمه الله تعالى) мешітте аяқ киімін қаққан (стряхивать) кісіге қарап "Онымен сақалыңды сүрткеніңде, сен үшін қайырлы болмақ еді " деді.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

04 Dec, 21:39


𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢 pinned «🖋️Өзінде намысы болмай тұра өзгенің намысын қорғап жүрмін деп алданушылар назар салсын! Жекпе-жекте жеткен жеңісің жеңіс пе? Егер нәпсіңнен жеңілген болсаң. Әрі әрбір адам намыстың анықтамасына Раббысының шариғатының негізінде қарасын! ‼️Жекпе-жек десе есі…»

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

04 Dec, 18:47


бұны қалай түсінейік енді?🤦‍♂

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

29 Nov, 18:23


Имам аль-Газали (да смилуется над ним Аллах) сказал: «Смысл посещения ученых в том, чтобы получить пользу от их слов и этики поведения, а не в том, чтобы потом рассказывать, что ты их встречал». («Ихья», 4/370).

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

23 Nov, 15:18


🖋Имам әт-Тирмизи (رحمه الله) өзінің хадис жинағында:

Фақиһтар хадистердің мағынасын ең жақсы білушілер.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

15 Nov, 06:23


🖋Ибн 'Ақил әл-Ханбали (رحمه الله):

80 жасымда ілімге деген құштарлығым 20 жасымдағы құштарлығымнан да басым.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

14 Nov, 15:02


сатылады.

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

11 Nov, 22:44


жанға батқан жараның ауырлығынан тіл күрмелгендегі Раббымызға ﷻ болған кейбір тілектерді көз жасының кемесімен бағыттау - жүректегі сырдың кімге ғана аян екеніне болған иманның жемісі¹... #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

1] болса керекті..

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

08 Nov, 16:45


Видео от 𝖆𝖑-𝕸𝖚𝖌𝖙𝖆𝖘𝖎𝖒 𝖇𝖎𝕷𝖑𝖆𝖍

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

04 Nov, 09:28


Сам факт того, что саляфы называли хадисы об атрибутах хадисами об атрибутах, а не об органах, говорит о том, что они отрицали телесность: рука у человека — это орган, а не атрибут.

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

03 Nov, 06:20


кейбір бауырларымның в поисках жүргендеріне сондай уақыт өтті, тіпті қазір махрлерін қалтасына салып жүреді (мүмкін аялдамада кезіктіріп қаламын деп)) смех и грех
Шейх Чубак ажының (رحمه الله) бойдақтарды жарастырып жіберу деген мақтаулы әдеті болыпты
сіздер де бойдақтардың бас бостандығынан айырылуына себепкерлік таныта жүріңіздер

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

02 Nov, 20:11


🔹المصنف لإبن أبي شيبة بتحقيق الشيخ عوامة
🔸عمدة القاري شرح صحيح البخاري

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

28 Oct, 06:28


‼️Әркез халыққа діни ілім ізденушілер мен оларға пана болушыларға қамқорлық қылу жайлы ескертулер айтылады. Аллаһқаﷻ шүкір елімізде біршама оқу орындары бар және олар аштықтың зардабын шегіп жатқан жоқ. Халық сіздердің ақыларыңызды шама шарқыны жеткенше беріп жатыр. Сіздер мен біздер ше? Халықтың біздегі ақысын бере алып жатырмыз ба? Имам Ахмадтың (رحمه الله) "ғалым зияннан қорқып, турасынан жалтарып жауап берсе, надан надандығымен сөйлесе, сонда ақиқат қашан орнығады?" деп айтқанындай, қашан адамдар исламның үстемдігін, бейбітшілігін, ардақтылығын, аурасын сезінеді?

Ілім талап қылушылар мен оларға ілім берушілер ескерсін Халық сіздерге немесе сіздер оқып, оқытып жатқан жерлерге беріп жатқан малдары сіздер аш қалмасын деп емес. Бәлки дініміз құлдырамасын, шариғатымызды меңгерген адамдар көп болсын, тұрмыс тіршілігіміздегі әр мәселеде Раббымыздыңﷻ алдында надандығымызбен сүрініп кетпейік деп жанталасқан халық. Дәрет пен хайыздан басқа қанша деген мәселелер бар. Діннен шығып кету үкімдерінен бастап өте көптеген рибаның есіктері мен тәрк етіліп жатқан сүннеттер бар. Адамдар діни тәрбиеге, ізгілік сипаттары мен рухани байлыққа мұқтаж. Мінберден сөйлеушілердің жүректерінен дінге деген қызғаныш оянбайынша тыңдаушылардың жүрегінде кәлиматуЛлаһқа деген құрмет пен асқақ рух оянбайды. Қазір адамдар 100 теңгесін болсын счётқа лақтырып діни оқу орындарына жәрдемін беріп жатыр. Сол беріліп жатқанның сұрауын ойлап, жауапкершілігін сезініңіздер. Хақтың қызметінде аманатқа (дін) берік болыңыздар!
#НиязӘбуРумейса [24.08.2020]

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

13 Oct, 12:52


Йа Раббым ﷻ! Саған деген иман мен тағдырыңа болған разылық арқылы танытылған бойұсынушылық себепті өзгелердің алдында мықты болып көрінгенімізбен Өзіңнің алдыңда құлың ретінде қаншалықты әлсіз, әрі демеуіңе сондай мұқтаж екенімізді жақсы білесің. Біз үшін жеткілікті бол! Біздерді тастама! Сені таңдаған құлдарыңды таңдаулы ет, Йа Раббым ﷻ!

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

06 Oct, 14:39


🖋Нияз Әбу Румейса:

Мұқағали атамыздың сөзін түсінуге санасы жетпеген мәдениетсіз, тексіз, руханияттан жұрдай деген сынды сөздерді көлше көсіргендеріңіз сіздің де рухани толықсып тұрмағаныңызды көрсететіндей емес пе деген сауал туындамайтындай Мұқағали атамыздың сынға ұшыраған сол өлең жолдарына қатысты ұлағаттылықпен түсінік беріп жіберетін жан табылса, сонда ғана асыл мұрамызды расымен қадір тұтатынымыздың шынайылығы болмақ.. Болмаса хайп қылғанның хайпына хайп қылғандай-ақ..

📚Өзгеге емес, өзегімдегі..

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

03 Oct, 03:05


363..💔

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

03 Oct, 02:28


🖋Муфти 'Абд әл-Мәжид (حفظه الله):

Кейбір ғалымдарымыз хайыз кезінде жыныстық қатынасқа түсуді рұқсат санағандардың күпірге түсетіндіктерін айтты. Бірақ дұрысы күпірге түспейді. Дегенмен некелерін жаңартып алулары жақсырақ.

Canal:
https://t.me/taammul

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

25 Sep, 09:29


https://youtu.be/hM_hCQ6RUcc?feature=shared

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

20 Sep, 13:18


сапардан келсек осындай һадия күтіп тұр екен бауырымыздан)
جزاه الله خيرا

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

19 Sep, 14:34


السفر قطعة من العذاب

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

16 Sep, 07:08


346..💔

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

15 Sep, 10:18


Границы Аллаха, границы арша и границы вознесения:


وليس من قولنا أن الله فوق العرش تحديد له، وإنما التحديد يقع للمحدثات، فمن العرش إلى ما تحت الثرى محدود والله سبحانه وتعالى فوق ذلك بحيث لا مكان ولا حد لاتفاقنا أن الله تعالى كان ولا مكان ثم خلق المكان وهو كما كان قبل خلق المكان

Имам Сиджзи говорит :

( Когда мы говорим: «Аллах над аршем» мы не имеем ввиду ограниченность. Ограниченность свойственно созданным, а арш и все что под ним, ограничены, а Аллах выше их всех без наличия ему места и ограничения, что мы (ученные) едины, что Аллах был и не было места, затем он создал место, а сам остался каким был ( без места). )

Рисала Сиджзи.


Еще Сиджзи говорит:

فوق العرش بلا كيف، بحيث لا مكان

Аллах над аршем, но не занимает места..


Еще Сиджзи говорит:

وإنما يقول بالتحديد من يزعم أنه سبحانه وتعالى على مكان، وقد علم أن الأمكنة محدودة فإن كان فيها بزعمهم كان محدوداً، وعندنا أنه مباين للأمكنة ومن حلها وفوق كل محدث فلا تحديد لذاته في قولنا

Границу Аллаху утверждают те, кто придают ему место, а известно то, что граница свойственно месту, если по их утверждению Аллах ограничен в месте, то возле нас Аллах отделен от творений,*️⃣ и не слияется с ним, и он выше всего созданного и нет границ его сущности.

*️⃣Аллах отделен от творений, означает, что он отличается от творений.

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

15 Sep, 09:31


لا رجوع فيما تبرع عن الغير

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

13 Sep, 12:55


وقد قال رسول الله ﷺ لبعض أصحابه:
إجعل مالك دون نفسك و نفسك دون دينك

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

10 Sep, 21:26


انا لله وانا اليه راجعون

Our honorable Ustaadh, Hazrat Mufti Mohammed Desai Sb passed away after Zhuhr Salaah today following a series of heart attacks.

Mufti Saab held the following roles:

• Founder of Darul Ifta Ibn Mas'ood PMB (www.fataawa.co.za)

The last Fatwa published was about Salaah. https://fataawa.co.za/how-to-become-punctual-in-salaah/

• Imaam of Masjid Khadeejatul Kubra PMB

• Ex-Imaam of Masjid Taqwa Azaadville.

Mufti Saab also had a Hifdh class at Masjid Taqwa.

• Ex-Ustaadh at Darul Uloom Azaadville

Served in the Fatwa Department under the supervision of Hazrat Mufti Muhammad Saeed Motara Sb for 10 years.

Mufti Saab taught Nurul Izhaah, Qudoori, and Masaa'il-e-Haadhirah.

• Khalifa of Hazrat Ml Abdul Hameed Sb Daamat Barakaatuhu.


Mufti Saab carried out the services/khidmah of Deen very meticulously and diligently with passion and love for the Deen.


Mufti Saab was also an example of the pious predecessors. His Akhlaaq and temperament of Deen were truly exceptional. He was firm in his approach and understanding of the Hanafi Madh'hab and issuance of Fataawa.


He conducted the Tafseer after Fajr Salaah and also rendered lessons on Hadeeth.


Mufti Saab also sacrificed his time and energy by traveling to various Masaajid across South Africa for Deeni programs.


Mufti Saab also had weekly Majaalis and gatherings in the Masjids he served as an Imaam.


Indeed, it is a great loss for the Muslim Ummah.


Mufti Saab is survived by two wives and six children.


Mufti Saab was 46 years old at the time of his demise.


Hazrat Mufti Saab passed away, and his last action was Salaah. Indeed, an enviable death...


May Allah Ta'ala grant Mufti Saab the highest stages in Jannatul Firdous and grant all his near and dear ones the Sabr-e-Jameel. Aameen.


Muhammed Hamza Farooqui
06 Rabi-ul-Awwal 1446
10 September 2024

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

07 Sep, 12:18


имамның артында әминді дауыстап айту фитнә ме? әлде дауыстап айтылған әминді проблема санаған жұрттың ісі фитнә ме?