Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ @apendim Channel on Telegram

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

@apendim


📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем (Kazakh)

Еңбекшілер, кірікті мұрагерлер және кімнен-кімге толық бас тартқан адамдар үшін ашық болған 'Әпендінің әңгімелері | Посткүнем' телеграм каналында сіздерді көптеген пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер көрсетіледі. Бұл канал арқылы @iamsyrym атындағы адам сіздерге жаңа интересті мазмұндар мен көптеген әңгімелерді таныстырудың жан-жақты мүмкіндігін береді. 'Әпендінің әңгімелері | Посткүнем' каналына қосылып, өзіңізге әңгіме жасау үшін көмекші адал кездейсоңыз!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

09 Jan, 09:26


Канал аш деуім тегін емес…

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

08 Jan, 06:51


Мені Әпендіден бөлек “Сәуегей Сырым” деп те атайды☺️

Мына жазбаны ойға түйе жүріңдер, әпенділерім…

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

05 Jan, 07:05


Елімізде “Рудный қаласы Нұр” деген мешіт бар екен…

Саяси мешіт пе дедім)

#әпендішілік

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

02 Jan, 16:47


Ал, тіркеліңдер, таратыңдар, (дух жетсе) бөлісіңдер🤗

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

02 Jan, 16:38


ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА

Қазақстандағы эксклюзивті #1 парақша ашылды. 🤗


Бұйырса , бұл парақшада “КӨП ӘЙЕЛ АЛУ” тақырыбын егжей-тегжейлі талқылаймыз.

Тіркелу үшін басыңыз😎

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

01 Jan, 18:46


Діни челлендж жасағым кеп жүр. Қандай идея ұсынасыздар, әпенділерім?

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

31 Dec, 07:06


Жаңа жыл құтты болсын! Берекеге толы жыл болсын! Осы жылы қойған мақсат-мұраттарыңа жетіңдер!

- десем, басым бәлеге қалар ма екен, ә?!😅

#әпендішілік

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

30 Dec, 08:48


Жыл сайын елімізде Жаңа жылдық безендіру үшін бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлінеді.

Бірақ ешкім “шырша алғанша, мектеп салайық” демейді.

Бір кем дүние-ай…

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

26 Dec, 06:42


Наурызбай қажы Бас Мүфти боп қайта сайланыпты.

Шымылдық артындағы кандидатты естіп, көңілім құлазып жүр еді. Бір қуанып қалдым🙂

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

24 Dec, 12:07


Бақтияр шейхтың дүниеден өткеніне бес жыл бопты…😢

Алла рақымына бөлесін! 🤲

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

23 Dec, 13:25


Құттықтасам, мені ахи қылып жіберетін шығарсыңдар, иә?)

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

21 Dec, 09:02


ЖИ әлі талай мұсылманды таңдай қақтырып, тамсандырады..

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

18 Dec, 10:37


Атырауда кім бар? Мына куизге келіңіздер🤗

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

18 Dec, 06:04


“Жыл файтері - 2024”

Бұл номинацияға Сарыағашта ахиды шапалақпен ұрған жігітті ұсынсақ қалай?🤭

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

17 Dec, 12:47


Жыл уағызы-2024

Шарттар:

1) Пайдалы
2) Көрілімі көп
3) Халық аузында жүрген
4) +18 емес

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

17 Dec, 12:01


“Жыл кітабы - 2024” қандай?

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

17 Dec, 11:11


Жыл молдасы - 2024 (ұстазы/уағызшы/имам) кімді ұсынасыздар?

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

17 Dec, 08:20


Үш жыл бұрын осындай пост жазған едім. Былтыр осы ойым жүзеге асқанын көрдім.

Сіздер биылғы жылдың номинациялары мен үздіктерін қалай атар едіңіздер.

Төменге жазайық ⤵️

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

12 Dec, 18:16


Қағазбастылық деген осы ма, әпенділерім?😅

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

12 Dec, 10:17


“Ең күшті unpacking - хиджабтағы болашақ әйелің”

- депті бір әпенді Threads-та..🤭

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

12 Dec, 05:43


Қандай жақсы каналдар бар. Төмендегі критерийлер бойынша белгілесеңіздер.

1) Дін
2) Кітап
3) Спорт
4) Тұлғалық даму
5) ???

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

06 Dec, 04:12


Мына видеоға сіздердің қолдауларыңыз қажет☺️

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

06 Dec, 03:09


Жұма мүбәрак!🤗

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

03 Dec, 12:53


Сүтсіз қара шай ішкеніме жиырма жылдан аса уақыт өтіпті. Сүттің дәмінен, исінен жүрегім айнитыны бар.

Ауылда тұратындар біледі, көктемдегі көкке тойған сиырдың жаңа сауған сүтінің дәмі өзгеше болады. Содан ұшындым да білмеймін, он шақты күн от души ауырғаным бар бала кезде. Содан бері сүт ішпестей боп кеттім.

Бұ да бір “детский травма” шығар деп ойланып отырмын лателенген күйі…)

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

02 Dec, 08:39


Threads-те біреу “неге дінде шектеу көп?” деп сұрақ қойыпты.

Менің білуімде дінде шектелген екі нәрсе ғана бар:

1) Парыз намаз саны. Елуден беске қысқарды.
2) Көп әйел алу. Шексіздіктен төртке азайды.

Үшіншісін таппай отырмын🤔

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

01 Dec, 12:57


Кейде адамдардың саған деген пейілін контактісіне сені қалай сақтағанынан білуге болады…🤭

#әпендішілік

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

29 Nov, 03:11


https://www.instagram.com/reel/DC7LTItIKLb/?igsh=MTA1djRqa2Jxc3l4cQ==

ЖҰМА МҮБӘРАК!

Әпенділерім, мына видеоны таратуға үлес қоссаңыздар🤗

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

19 Nov, 08:27


По идеи, мәһір феминисттердің құқығы ғой, өздері көтерсін😜

Одан да бүгінгі “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРКЕКТЕР КҮНІН” қозғайық!

Онсыз да елеусіз мерекеміз ескерусіз қалмасын деп жұмысқа осындай торт ап келдім😊

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

19 Nov, 05:19


Нұрлан имам “әке күші” “ана сүті” махрдың орнына жүреді депті. Ал, жақында шыққан пәтуа “жүрмейді” дейді. Имекеңдер бірдеңе дер алдын өзара кеңесіп алғаны жөн еді, жамағатты әуре-сарсаңға салмай…

Жалпы мәһр мен қалыңмалды біріктіру қаншалықты дұрыс, логикалық тұрғыдан түсіне алмадым.

Садақа зекеттің орнына жүрмегені секілді, қалыңмал мәһрді қалай жабады?

Бірінші, шариғаттағы (Құрандағы) үкім орындалып, кейін салт-дәстүрге орын беру керек емес пе ед(і)?

Мәһрдің рухани мәні де - алдымен тұрмысқа шығып жатқан қыздың ішкі қалауын орындап, ұнатқан сыйлығы әперу ғой.

Әйтпесе, қайын жұртыңа қайтып келетін жасау мен өз қалауыңдағы дүние арасында парық бар ғой…

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

15 Nov, 04:21


ASARUME қызметкерлері ай сайын ≈700-900к (15-20 адамға жылына 165млн) жалақы алыпты. Бұл арифметикалық ортаны есептегендегі сумма. Қарапайым волонтер ондай жалақы алмасы анық.

Енді бәрін тастап ““Apendi Jurek”” деген қор ашып алсам ба деген ойланып отырмын. Не айтасыздар?😅

#әпендішілік

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

14 Nov, 11:30


деп жазыппын бір жыл бұрын…

Абыздығым бар осы менің🤭

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

14 Nov, 09:31


Аюмен билесең, бидің қашан бітетінін аю шешеді.

Түрік тәмсілі

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

14 Nov, 05:42


Атырауда кешкі 5-те екінті оқимыз ғой..🤯

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

13 Nov, 16:38


Өтпелі кезеңде (переходной возраст)жүрген жастар бала махаббаттың буына мас болып “онсыз өмір сүре алмайм”, “онсыз өмірдің еш мәні жоқ”, “сенен айырылсам өзіме қол жұмсайм” деп жатады.

Айналайындар-ау, көзі тірісінде ата-анасынан айырылып, бауыр еті баласын өз қолымен жерлеген жандар да нәп-нәрмәлні өмір сүріп жатыр ғой.

Сендердікі не әпендішілік?!

#гүлжанат

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

11 Nov, 12:25


Соңғы үш күнде небәрі 9 сағатқа жетер жетпес ұйықтаған екенмін.

Есесіне үш ай дайындалған үш күнді абыроймен өткізіп, сексенге жуық атыраулық азаматтың өмірінің сәл де болса өзгеруіне, ой-санасының жаңғыруына үлес қостым.

Бұл қара футболкаға қол жеткізу үшін қаншама тер төгіп, қанша энергиямды сарп еттім.
Нағыз қажылық - қажылықтан кейін басталады” демекші, енді осы футболкаға лайық болу аманаты тұр мойында.

Бұдан былай, Мен - “Сырым Әпенді әл-Ханафи әл-Атырауи әс-Сағызи әл-Нарадами әл-Қаһармани әл-Капитани”-мін 🫡

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

06 Nov, 06:49


Құдайдың бар екеніне ақыли, нақыли, жанама факттер жеткілікті.

Әрі Құдайдың барлығына әлем мұқтаж, түпкі ой соған тоғысады. Құдай секілді бір иләһи күштің жоқтығы - рухани теңсіздікті, ой тұрақсыздығын тудырады.

Ал, Аяз Атаның бар болғаны не жоқ болғанынан қоғамға келіп кетер еш әсер жоқ, ешкім оған мұқтаж да емес.

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

06 Nov, 04:20


“Құдайдың жоқтығына дәлел жоқ” деп қудырған әпендінің есімі білдей бір Пайғамбардың құрметіне қойылған.

Қазақ мұндайда “жаман иттің атын Бөрібасар” қояды деп бір ауыз сөзбен дөп қайырған.

Студент кезде де сондай атеист ағайым болған еді.

Толығырақ мына жерде

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

04 Nov, 11:13


Мида алынбас қамалдай көрінетін биіктер болады.

Ал сол биікке өз күшіңмен, жігеріңмен жеткен сәттегі эмоция - өмірдің нақ ләззаты.

Пендеден әрекет - Тәңірден берекет🤲

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

23 Oct, 09:18


Әпенділерім жартысы гүленші ме, не боп кетті?😅

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

21 Oct, 16:39


Әссәләмуалайкум әпенділерім, қалайсыңдар?🤗

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

21 Oct, 08:09


Фетхулла Гүлен қайтыс бопты. Иманды болсын🤲

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

17 Oct, 09:14


Alphard-ты неге көбіне сақалдылар айдайды десем, атауы (әл-Фард) арабшаға ұқсайды екен ғой))

Рөлі де оң жақта😅

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

16 Oct, 09:23


Жақында екі күн бойы салқын айран ішіп, одан мұздай лимонадтан сіміріп, соңында ангинам ісіп кетті.

Соны естіген бір танысым:

- Саған ангинаның психосамотикасын оқу керек - дейді.

Қазір осы тема хит болып жатыр екен ғой)

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

29 Sep, 14:39


🔥 Тіркелу үшін @mustagan жазыңыз

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

29 Sep, 11:04


🔴 ФИҚҺУС-СИРА КІТАБЫН САТЫП АЛ ДА, ЖАБЫҚ КАНАЛҒА ТЕГІН ТІРКЕЛ!

Қасиетті Мәуліт айында бірден бір оқылуы тиіс кітап - ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ МҮБӘРАК ҒҰМЫРНАМАСЫ болса, ал, сол сира еңбектерінің таңдаулысы - ФИҚҺУС-СИРА (Пайғамбар ﷺ өмірбаянының түсінігі) кітабы.

Жеті жүз беттен асатын еңбек “Мінбер шәһиді” марқұм шейх Рамазан әл-Бутидің есімін ислам әлеміне әуелеткен құнды туынды.

Сіздер дәл осы кітапты сатып ала отыра біздің жабық каналымызға ТЕГІН тіркеле аласыздар.

Бұл каналда эксклюзивті діни кітаптар, бұрын еш жерде жоқ су жаңа еңбектер және канал мүшелері үшін арнайы сатып алған кітаптар болады. Әрі олар ашық каналға шықпайды.

❗️ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА БҰЛ КАНАЛҒА ТІРКЕЛУ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ. ҚАЗІР 0 теңге!

🔺 Кітап + жабық канал бағасы: 3000 тг.

▪️Каспи Голд: +7705363-93-11

▪️Чек жіберу: @mustagan

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

28 Sep, 06:33


Қазірге дейін үлкен-кішілі бірнеше діни жоба жасаппын. Барлығы дерлік коммерциялық мүддеден тыс.

Осы жолы да керемет бір жоба дүниеге келді. Дұрысы жетілдірдік.

Бұ жобаның алдын iOS және Android арналған қосымшасын жасаған едік. Алайда кемшін тұстары бар еді.

Осы жолы сол олқылықтарды толықтырып, қосымшаны telegram-bot нұсқада жасап шығардық. Смартфоныңызға артық приложение жүктеудің енді еш қажеті жоқ.

Qaza tracker - қаза намаздарды есептеуге арналған қолданба. Балиғат жасқа толған сәттен намаз бастағанға дейінгі аралықтағы қаза намаз бен қаза ораза сандарын дәлдікпен есептеп береді. Есептеу кезінде хижри күнтізбеге сүйенеді.

Сонымен қатар мұсылман әйелдердің қаза намазын есептеуде хайз, нифас уақыттарын да ескеріп, сапар намаздарды да есептеу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, алтыншы намаз ретінде үтір намазы да енгізілген. Алла қаласа, жақын арада қаза намаз кітапшасы да жарық көреді.

Бот әзірге екі тілде жұмыс жасайды. Болашақта қосымша бірнеше тілді енгізу жоспарда бар. Ботты төмендегі сілтемеге өтіп тегін һәм еркін қолдансаңыздар болады:

t.me/qazatrackerbot

Репост жасап мен пақырды қолдап қойсаңыздар, мархабат!☺️

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

27 Sep, 11:23


Маған мотивация беріңдерші☺️

Екі аптадан бері мына су жаңа жобамды @qazatrackerbot таныстыруға еш мотивация таппай жүрмін…

Әйтпесе, бұл әлемде еш баламасы жоқ эксклюзивті бот қой🙂

Соны сіздерге әне айтам міне айтам дегелі уже үш апта өтіпті…

Хотя осылай болса да сіздерге бөлісіп қояйыншы дедім☺️

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

22 Sep, 10:00


🇸🇦 Новые рейсы в Саудовскую Аравию.

💬 Scat начал летать из Шымкента и Алматы в Джидду и Медину.

Цены и расписание загадка, то что есть на сайте дорого и не совпадает с тем что заявлено.

💬 Flynas (лоукостер из Саудовской Аравии) начнет летать из Алматы в Джидду со 2 октября.

И вот тут ценник ниже чем у АА и Scat, примеры билетов:

Алматы - Джидда - Алматы

223 760тг.
02.10 - 09.10 | https://avs.io/4Z6aU
09.10 - 16.10 | https://avs.io/4Z6cJ
23.10 - 30.10 | https://avs.io/4Z6di

🛩️ Авиабилеты из Казахстана

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

07 Sep, 14:32


Қазақ сөзге дана халық қой.

“Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді” - деп қалай тура айтқан, ә?

Марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстаздың дүниеден өткеніне екі жылдан асса да, әлі күнге дейін аты да, хаты да жамағат санасында еш ұмытылмады.

Ұстаз көзі тірісінде жазу-сызуға көп көңіл бөлді. Соның бір сыпырасын, көңілге түйген ойларын әлеуметтік желіде “Ойлаймын да” деген атаумен жиі жариялап отыратын. Жарық көрмегені қанша…

Абай Хәкім айтады ғой:

“Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артынс артына сөз қалдырған?!”

Жақында ұстаздың сол асыл сөздері мен маржан ойлары жинақталып, толықтырылып баспадан шығып, оқырманға жол тартты.

Әгәрәки, марқұм ұстаздың рухани дариясынан сусындап, білім қазынасынан бәһра алуды көздесеңіз, “Ойлаймын да” кітабына ойланбай тапсырыс беріңіздер.

Толық ақпарат: +7707 449 5497 (WhatsApp)

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

05 Sep, 03:27


Ертеде жолбарыс орман ішінде келе жатып есі шығып жүгіріп келе жатқан пілді көреді. Пілді әзер тоқтатып:

- "Сен кімнен қашып келесің? Есің шығып кетіпті ғой. Не болды?" деп жөн сұрайды. Піл ентігіп:

- "Шамаң жетсе сен де қаш! Аң патшасы арыстан бүгін таңертең ормандағы бүкіл керікті (жирафты) құртуға қатысты жарлық шығарды" дейді.

Жолбарыс аң-таң болып:

- "Жарлық керіктерге қатысты екен ғой. Сен керік емессің ғой. Сен піл емессің бе?!"

- "Иә пілмін ғой. Бірақ сол керіктерге қатысты іске жауапты етіп арыстан есекті тағайындады" деген екен…

Ал, сен неге АЭС салуға қарсысың дейсің…?

#саясиәжуа

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

04 Sep, 10:58


Мүфти хазіретті қолдап пост жазу, тарату мұқым жамағаттың қазіргі міндеті һәм Құдайға қараған иманжүзді блогер біткеннің ісі болмақ.

Закон қуаты қолымда болғанда, Мұхаммеджан ағама кофесін беріп болса да пост жаздырар едім. Астына Хазіретпен түскен селфиін жүктеп.

Әттең, тонның келтесі-ай…

#әпендішілік

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

03 Sep, 03:43


ӘПЕНДІ ҒҰЛАМА ҺӘМ ШӘКІРТ

Бірде бір жас философ әпенділіктен үлесі мол ғұламаға келіп, оның шәкірті болғысы келетінін айтады:
- Мені шәкірт етіп алсаңыз.
- Бұрын сен не үйренген және кімнен білім алған едің?
- Діннен хабарым аз. Бірақ жақында Сократ философиясындағы логика бойынша диссертация қорғадым. Ал енді танымымдағы ақтаңдақтардың орнын толтыру үшін, Сізден ілім үйренгім келеді.

— Тәәәәк… Сен менен білім алуға дайын емессің, — дейді шейх. — Бірақ сен талап етіп отырғандықтан, мен саған логикалық есеп беремін: егер сен оны шеше алсаң, мен сені оқытатын боламын.

Жас бозбала өз келісімін береді, ал шейх өз сөзін жалғастырады.
— Екі адам мұржадан төмен қарай түсіп келе жатыр. Біреуінің беті таза, екіншісінің беті кір болып шығады. Олардың ішінен кім бірінші болып жуынуға барады?

Жас философтың көздері төбесіне шығып кете жаздайды.
— Осы ма логикалық есебіңіз?!
Шейх басын изеп ишара жасайды.
— Енді, әрине, кімнің жүзі кір болса, сол барады дағы!
— Дұрыс емес. Өзің логикалық тұрғыдан ойлашы: беті кір адам беті таза адамға қарайдыдағы, оның да беті таза екен деп шешеді. Ал енді, беті таза адам беті кір адамға қарайды да, өзінің де беті былғанып қалған екен деп, жуынуға барады.

— Қулықпен ойлап табылған екен! — деп таң қалады қонақ жігіт. — Қанекей, Хазірет, маған тағы бір есеп беріп көрші! - дейді.

— Жақсы, бозбала. Екі адам мұржадан төмен қарай түсіп келе жатыр. Біреуінің беті таза, екіншісінің беті кір болып шығады. Олардың ішінен қайсысы жуынуға барады?
— Біз мұны анықтадық қой — беті таза адам жуынуға барады!
— Дұрыс емес. Екеуі де жуынуға барады. Өзің логикалық тұрғыдан ойлашы: беті таза адам беті кір адамға қарайды да, оның беті де кір деп ойлайды. Ал беті кір адам екіншісі жуынуға кеткенін көріп, оның да беті кір екенін түсініп, ол да жуынуға барады.
— Мен бұл жөнінде ойланбаппын. Таң қалдырарлықтай — мен логикалық қате жібердім!Шейх, қанекей тағы бір есеп берші!

— Жарайды. Екі адам мұржадан төмен қарай түсіп келе жатыр. Біреуінің беті таза, екіншісінің беті кір болып шығады. Олардың ішінен кім бірінші болып жуынуға барады?
— Енді: Екеуі де жуынуға барады.
— Дұрыс емес. Бірде бірі жуынуға бармайды. Өзің логикалық тұрғыдан ойлашы: беті кір адам беті таза адамға қарайдыдағы, бетін жууға бармайды. Ал беті таза адам беті кір адамның жуынуға бармағынын көріп, өзінің беті таза екен деп түсініп, ол да жуынуға бармайды.

Жас жігіт үмітсіздікке бой алдырады.

— Менің Сізден білім алсам, жақсы шәкірт болатыма сеніңіз! Басқа бір нәрсе сұраңыз менен!
— Мақұл. Екі адам мұржадан төмен қарай түсіп келе жатыр:
— Уа, Құдайым! Бірде бірі жуынуға бармайды!!!
— Дұрыс емес. Енді сен Сократ логикасы білімінің жеткіліксіз екендігіне көзің жетті ме? Маған айтшы, бір мұржадан бірдей түсіп келе жатқан екі адамның бірі бетін былғап алып, ал екіншісі таза болуы мүмкін бе?! Сен осыны қалайша түсінбейсің? Бұл сұрақтың барлығы — бос сөз, егер сен осындай мағынасыз сұрақтарға жауап беріп өміріңді өткізетін болсаң, онда сенің барлық жауаптарыңның да мәні болмайды!!!

Сондықтан Исламдық идеология мен философияны шатастырмаңыз.

@apendim

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

29 Aug, 09:58


🇸🇦 Air Astana запускает новые рейсы в Саудовскую Аравию.

💬 Алматы - Медина с 29.10
💬 Шымкент - Джидда с 1.10 по 28.10, с 31.10 рейс будет заменён на Шымкент - Медина.

Стоимость авиабилетов в обе стороны из Шымкента начинается от 308 050 тенге, а из Алматы - от 336 882 тенге.

🛩️ Авиабилеты из Казахстана

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

25 Aug, 16:46


Қазір шүкір, мешіт көп. Бірақ маман жетіспейді. Әсіресе, ауылдық жерде қиын. Сананы тұрмыс билеген заман. Ешкім мардымсыз жалақыға молда болғысы келмейді. Әрі сол мардымсыз жалақының өзі тұрақты емес.

Жергілікті жамағат имамның айлығын үйлестіргісі келеді. Анадан 3000, мынадан 5000-дап жинаған ақша бір жыртығын жамағанмен, күнкөріске жетпейді.

Иа, қазіргі молдалардың жалақысы мысық дөтін көрсетуге татымайды. Ал, айлығы шайлығына жетпеген молда қайдан жамағатын ойлап, діннің қамын күйттесін?!

Қайбір жылы Алматыда бір топ экс-молдалармен дастархандас болдым. Арасында діни сауаты өте білікті жандар бар. Дені гид боп нанын тауып жүр. Себебі, молда боп тапқаны таянғанына жетпейді. Әрі діни жүйедегі цензура мен саясаттан шаршаған.

Жақында, кезінде білдей бір облыстың бас имамы болған (әл-Әзһар тамамдаған) экс-имамды әлжеліден көрдім. Әлдебір турфирмада гид екен. Көріп шыны керек, көңілім қатты құлазыды.

Былай қарасаң, МА-дағылар миллиондаған қаржыға әрлі-берлі Эйр Астанамен болмайтын форум мен маңызы жоқ бас қосулар үшін еркін ұшып жүре береді. Еще, командамен жүреді. Жалғыз жүрсе жау жейтіндей…

Ал, ауыл имамы елу мың теңгеге зар боп отыр. Әлгі топтың бір түскі асының құны ғой…

Шұғыл реформа керек…

(Біраз молда көзбен лүпіл басып, іштей пікір жазатын шығар..))

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

14 Aug, 06:36


Бүгін өзім жақсы көретін бауырыма бір ескерту (бәлкім, насихат) жасадым. Ескертпес алдын, ұзақ ойландым. Бәлкім бұл ісім жөн емес шығар, өзгенің тірлігіне араласу ма деген де ой келді. Хоп, содан айтып көрмекке бел будым. Бастысы, бұл бауырлық жанашырлық деп ойладым.

Әлқисса, бүгін ол досымды аяқасты әлеуметтік желіде тауып аламын. Досым жас кезінде қандай болды екен деген пенделік қызығушылықпен лентасын ақтара бастаймын. Содан досымның бейнамаз кездегі суреттеріне кезігемін. Жанында Құдай қосқан жұбайы орамалсыз тұр екен. Қазір шүкір, екеуі де намазда, орамал тағулы.

Әрине, әйел еркектің жанды жері ғой, ол туралы сөз қозғау өте нәзік мәселе. Содан досыма жаймен нәрсені түсіндірдім.

Шүкір, досым бірден дұрыс қабылдағанда, шыны керек, көзіме жас келді.

Мұны неге айтып отырмын. Мұндай оқиға әрбір еркектің басынан өтуі бек мүмкін.

Тіпті, баяғы да бір әпенді әзілдеп “ухтилердің инстасына өткенде, экранды солға жылжытсаң, орамалсыз кездегі түскен суреттерін (бейнамаз кезде дос-жақындары отметить (белгілеу) еткен) көресің” деген.

Так что осы бір кейсті сіздерге де айтып қоюды ұйғардым. Бәлкім пайдаға жарап қалар🙂

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

07 Aug, 06:52


ЕЛДОСҚА ШҮЙЛІККЕНДЕРГЕ!

Оу, ағайын, сіздерге салсақ марқұм Талғат атамыз да “дайын имам”, “діни фанат”, “арабқұл” болғаны ма?

Үлкен додаға түскен, аманат пен абыройы сыналып, тәуекелге бас ұрған кез келген пенде іштей Жаратушыға сыйынып, білген діни рәсімін жасайды және содан рухани күш алады.

Ал, сіз бен біз, өңшең қыртымбай қауым, ондай жүкті еңсеріп, үлкен жауапкершілікпен бетпе бет келіп көрмеген пенделерміз. Сондықтан диванда жатып ап, оттауға бейілміз.

Егер мұндай тұлғалардың таным-сенімі мен жеке діни практикасына сын айта беретін болсақ, бара-бара, тарихтағы небір әулие-әнбиенің кереметі мен асылдарымыздың басынан өткен қасиетті оқиғаларға да тас атып кетуіміз бек мүмкін.

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

06 Aug, 17:54


Қазақтың намазхан спортшылары Париж төрінде атой салып күллі алаш күткен жүлделерді қоржынға салуда.

Елдос пен Ғұсманның жеңіс жолын, Алла жазса Демеу мен Нұрбек жалғап, ең кемі күміспен күптемек.

Сақалды көзге шыққан сүйелдей көріп, намазхан жігіттердің аузындағы “Алласына” шүйліккен кейбір керауыз адамдар осы фактілерді ескеріп қойса екен☝️

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

06 Aug, 10:08


Жақсы жаңалық!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

30 Jul, 14:37


Қазір социалды еркіндікті (мұндай сөз бар ма білмедім) үш түрге жіктеуге болатын секілді:

1) Өз-өзін жұмыспен қамтамасыз еткендер. Бұлар қашан ұйықтайды, қашан тұрады, қайда қыдырады, қалай демалады өз еркінде. Ол үшін ешкімге тәуелді емес.

2) Жалдамалы жұмысшылар. Бұл топ өкілдері жұмыс берушінің талаптарына бағынуға мәжбүр. Одан тысқары уақытта өз еркі өзінде.

3) а) Мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер. Бұларда еркіндік те, таңдау да аз. Түнгі клубқа барып билеуге, купальникпен суға түсуге, онысын әлеуметтік желіге салуға мүмкіндігі жоқ. Салған күні жұмыстан кетуі бек мүмкін.

ә) Молдалар, дін қызметкерлері. Бұ кісілерге ең қиыны. Біріншіден, жоғары жақ қатаң бақылауда ұстайды. Көрінген постқа пікір жазып, ұнаған суретіне лайк баса алмауы мүмкін.

Одан қалса, жиырма төрт сағат әулие, періште қалыпта жүруі керек. Пенделік танытуға, қателік жасауға жол жоқ. Жақсы көлік мініп, қымбат смартфон ұстауы да қоғам назарында. Оларға тіпті түнгі клубтың жанынан өтуге де болмайды.

Ал, Сіз қай тарапқа жатасыз?)

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

30 Jul, 05:35


Үш күндік “ҚАҺАРМАН” тренингін аман-сау, сәтті аяқтадым. Бұл өмірімдегі ең ерекше күндер болды.

Тренингтен көп нәрсе түйдім. Соның бірі - ішкі комплекс пен қорқынышты жеңу екен.

Көбінде “соңына дейін өте алам ба?” деген уайым болды.
Ал, мен іштей өтетініме сенімді болдым. Тіпті, ақ футболка киіп суретке түсетінімді, желіге қалай, қандай сөз жазатыныма дейін ойластырдым. Солай да болды, шүкір.

Тренингтен кейін біраз кісі “Сәке, сен өте алмайтын шығар деп едім” деген сарынды пікір айтты.

Ал мен оларға “сенің ойыңа түкіргенім бар” дедім. Әрине, ішімнен😁

Түйін. Адамдардың ойы мен пікірлеріне …. қол қою керек. Өз мақсатыңа, өз интересіңе аянбай ұмтылу түбінде нәтижеге әкеледі.