nursultan_ustazdan @nursultan_ustazdan Channel on Telegram

nursultan_ustazdan

@nursultan_ustazdan


Дін, білім, пайдалы мағлұмат, руханият, ойлар

nursultan_ustazdan (Kazakh)

nursultan_ustazdan каналы - бұл дін, білім, пайдалы мағлұмат, руханият және ойлар туралы ақпараттық материалдармен толықтай бағдарланған Telegram каналы. Бұл каналда Сыр Пәні мен Руханият бойынша үнемі жеткілікті мағлұматтар, діннен бағдарланған ең соңғы хабарлар және ұстаздармен оқушылар арасында алмасуды мақсат қойылған. Тақырыптар арасында мүмкіндіктік айнымалылықтар, ойлар мен оқу материалдары, діни білімдер, ақида, тұрғындар қатары арнайы онлайн оқулар бар. nursultan_ustazdan каналы арқасында сіздер діні түсініктілігіңізді өсіріп, руханиятты басқару үшін үздікті арнайтын мақалаларды оқиға толтыры аласыз. Осы каналға қосылыңыз және барлық жаңа мағлұматтардан хабардар болыңыз!

nursultan_ustazdan

10 Jan, 08:18


Жұманың нұрлы таңы баршаңызға қуаныш пен береке әкелсін! Оқылған Құран, айтылған тілек-дұғаларыңыз қабыл болғай! Алла тағала сіздерге амандық берсін)

nursultan_ustazdan

10 Jan, 08:17


Дәл қазір еліміздегі барлық мешіттерде 🕌 жұма намазы оқылуда, бұл күні дұға қайтарылмайтын бір сәт бар, алақан жайып дұға жасаңыз.

nursultan_ustazdan

09 Jan, 12:46


Дүниелік те, ақыреттік те жетістіктің ең негізгі кілті – тақуалық еді. Бірақ қазір бүкіл дүниені шыр айналып, жетістік кілтін басқа жақтан іздеп әлек болып қалдық.

(Сифаат әт-талиб📚)

nursultan_ustazdan

08 Jan, 21:45


— түнді жақсы көресің ба?
— ия, жақсы көремін.
— неге? бір нәрсе ести аласың ба?
— жоқ, тып-тыныш, үнсіздік…
Раббыммен тілдескен ұнайды.

nursultan_ustazdan

08 Jan, 21:45


Әрбір істің басы Алланы разы қылмаса онда ол істің соңы сізді разы қылмайды

nursultan_ustazdan

06 Jan, 20:04


қанша рет қайталап оқысаң да түсіне алмайтын жалғыз кітап ол — әйел.

nursultan_ustazdan

05 Jan, 18:20


Бір ғана жылы сөз — қаншама
жаралы жүректің емі бола алады.

nursultan_ustazdan

05 Jan, 18:20


Имам Ахмадтың хадис жинағында бір хадис бар:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді: «Кімде-кім қатты толқын кезде теңізге шықса, жауапкершілікті өзі көтереді».

Ғалымдар осы хадистің түсіндірмесінде: «Кімде-кім қауіпті жағдайларда жолға шықса, Аллаһ оның өмірін сақтаудан бас тартады. Әрі әлгі адам өз-өзін өлімге итермелегеннің күнәсін арқалайды» – деп айтады.

112-ден “қарлы боран, жолға шықпаңыз” деген қанша смс келсе де, еш елемей жолға шығып кететін әдетті қойыңыздар. Сенің жан амандығың кез келген нәрседен қымбат. Асығамын деп күнә арқалама.

nursultan_ustazdan

03 Jan, 17:55


Алып ағаш түймедей ғана тұқымнан, ардақты адам баласы бір тамшы судан пайда болып, күн атомдардан, ал теңіз тамшылардан құралады. Бұдан басқа ұсақ нәрселер мен себептерден қаншама таңқаларлық нәтижелер тууы мүмкін..!

nursultan_ustazdan

03 Jan, 17:55


Күндердің бір күні Алла сені күтпеген жерден армандарыңның дәл ортасына жеткізеді. Аллаға деген үмітіңді үзуші болма.

©️Али ат-Тантауи

nursultan_ustazdan

03 Jan, 17:54


Біздің пенде ретінде әлсіздігіміз осы жерде. Қай уақытта қашан болатынын нақты болжау мүмкін емес.

Аллаһ әрдайым күтпеген жерден ризық береді. Күтпеген жерден нығмет береді.

nursultan_ustazdan

02 Jan, 17:35


Әрекет - бізден
Ризық - Алладан

nursultan_ustazdan

02 Jan, 17:35


Садақа беріп, байлықты
арттыру дұғасы:


اللَّهُمَّ ارْزُقْنِي رِزْقًا حَلَالًا وَوَسِّعْ عَلَيَّ فِي رِزْقِي

Оқылуы:
Аллаһумма әрзуқни ризқан халалан уәууассиғ аләййә фи ризқи.

Мағынасы:
“Уа, Алла! Маған адал ризық нәсіп ет және ризық-несібемді арттыра көр!”

Дәлел:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: “Кім садақа берсе, оның байлығы кемімейді.” (Муслим)

nursultan_ustazdan

02 Jan, 10:14


Күндердің бір күні Алла сені күтпеген жерден армандарыңның дәл ортасына жеткізеді. Аллаға деген үмітіңді үзуші болма.

©️Али ат-Тантауи

nursultan_ustazdan

01 Jan, 12:49


Ниетіңді түзеуден артық мотивация жоқ.

Ниетің ізгі болмаса, соңына дейін баруың екіталай.

Біреуге бірнәрсе дәлелдеу үшін әрекет етіп жүрсең, әрекетің ұзаққа созылмайды.

nursultan_ustazdan

30 Dec, 19:03


Зина - бұл қарыз. Кім оны алса үй ішімен өтейді.

©️Имам Шафиғи

nursultan_ustazdan

30 Dec, 19:02


Қыс мезгілінде нәпіл оразасын ұстау оңай, мысалы қазір ауызашар уақыты 16:30 да.

nursultan_ustazdan

30 Dec, 01:57


🗣️: “Дұғам кейде сөзсіз, Раббым. Жүрегімде айта алмаған сөздерімді есті. Көзімнен аққан жас – Саған деген сенімімнің айғағы. Дұғам мен қалауым мен үшін қайырлы, Сенің құзырыңда қабыл болсыншы!”

nursultan_ustazdan

28 Dec, 16:46


Дәл қазір осыны оқып отырған кісі Пайғамбарымызға сыйлық жасап жіберіңіз!

Фатиха сүресін ішіңізден оқыңыз және былай деп дұға жасаңыз:
(Кейінге қалдырмаңыз, дәл қазір❗️)

“Уа, Раббым! осы оқылған Фатиханың сауабын Пайғамбарымызға Мухаммедке(Алланың оған салауаты мен сәлемі) жеткіз”

“Уа,Пайғамбарым! Саған сыйлық ретінде осы бір Фатиханың сауабын жолдадым, қабыл ала гөр”

nursultan_ustazdan

27 Dec, 18:45


Хадис ғұламасы Ибн Хажар әл-Асқалани (1372-1448) бір хадиске түсіндірме беріп отырып: “Ақырзаман жақындағанда барлық нәрсенің берекесі кетеді. Тіпті, уақыттың да берекесі болмайды”, — дейді.

📚 Фатх әл-Бари

nursultan_ustazdan

27 Dec, 18:44


– 2025-ке ең ұлы мақсат?

– Бірде-бір намазды қаза етпеу.

nursultan_ustazdan

27 Dec, 18:44


Жүректер де гүл сияқты — оларды күшпен аша алмайсың,олар өздері бүр жарып,уақыты келгенде ашылуы керек.

nursultan_ustazdan

24 Dec, 13:26


Әрбір жан өлімнің дәмін татады

nursultan_ustazdan

23 Dec, 19:03


— Я Раббым,
тәубелерімізді қабыл ет,
истиғфарларымызды қабыл ет,

түндерде бізді құзырыңа лайық көр, тахаджуд намазына тұруымызды нәсіп ет. Түнде тұрып, бір Өзіңе сәжде етіп, көз жасын төккен құлдарыңнан ете көр.

nursultan_ustazdan

23 Dec, 19:03


Тұлғалық даму өте оңай.

Аллаһ бізге бір тәулікте 24 сағат берді. Соның орта есеппен 8 сағаты ұйқыға, 8 сағаты күнделікті жұмысыңа немесе студент болсаң күнделікті оқуыңа жұмсайсың.

Қалған 8 сағаттың 2 сағаты ішіп-жем секілді қажеттілікке жұмсалса, бізде қалатыны небәрі 6 сағат қана.

Тұлғалық даму деген осы 6 сағатты ғана ұтымды пайдалану. Бар болғаны осы.

(Расаил әт-Тәғиир📚)

nursultan_ustazdan

23 Dec, 19:02


Қанша жыл оқыдың.. қандай деңгейге жеттің (доктор, профессор) маңызды емес, не нәрсені шебер меңгердің?!

Өзіңнен қандай тұлға жасадың сол маңызды!

nursultan_ustazdan

23 Dec, 19:02


Көптеген адамның жетістікке жетпеуі басқалардың қолдауы аз болғаннан емес, өз-өзіне деген қолдауы аз болғаннан екен.

Өзіне демеу беріп: “Менің қолымнан келеді” деп, өз-өзіне сенім білдірмегені себепті...

nursultan_ustazdan

21 Dec, 15:44


Такаппардың таспихының дауысынан күнахардың жылаған дауысы артық

nursultan_ustazdan

20 Dec, 18:50


Күнәдан шаршасаң да,
Тәубәдан шаршама..

Жұма құлшылық пен тәуба күні
Бүгінгі күн жақсы өткен болсын!

nursultan_ustazdan

20 Dec, 18:50


Рамазан - кешірім мен мүмкіндік айы 🌙

72 күн қалды

nursultan_ustazdan

20 Dec, 18:49


Намаз – адам үшін ауыр жүк емес

Намаз – Аллах Тағаланың Өзіне бет бұрып, Өзімен сөйлесуіне рұқсат еткен және құлдарына жасаған мейірімі

nursultan_ustazdan

20 Dec, 18:49


Адамдарлың ең байы — қарилар.

Ғұлама ибн Асакир сахаба Әнәс ибн Маликтен (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте : “Адамдардың ең байы — Құранды жатқа білушілер”, — деп айтылған.

nursultan_ustazdan

19 Dec, 13:46


Аллаһ сенің дертіңнен ұлық
Сондықтан тек дертіңді Алламен бөліс

nursultan_ustazdan

17 Dec, 06:33


«Қиямет күні есеп-қисабы ең көп болатындар – дені сау және уақыты бос болғандар».

©️Тәбиғин Муғауия ибн Қурра

(Әл-мужаласа уә жәуәһир әл-ғилм)

Ең ұлы нығметтердің қатарынан болған денсаулық пен бос уақытты ұтымды пайдалана білейік.

#Әрекет_қыл.

nursultan_ustazdan

17 Dec, 06:32


Ешқашан дұға жасаудан жалықпа!

Егер Алла дұғаңды қабыл етпейтін болғанда, сені дұға жасауға ұмтылдырмайтын да еді. Кейде шынымен, мүмкін емес нәрселерді сұрайтындай көрінеміз. Бірақ мүмкін емес деген нәрсе Алланың құзырында жоқ, тек қана біздің түсінігімізде ғана солай… Неге сұрағанымды бермей жатыр деп ренжиміз, бірақ тіпті дұға жасауға да ерінеміз ғой шыны керек.

Алланың қазынасы кең. Мақсатың биік, арманың асқақ болсын. Алладан мүмкін емес нәрселерді сұра, Ол міндетті түрде жауап береді…

nursultan_ustazdan

15 Dec, 06:05


“Раббым! Ол екеуі маған кішкентайымда мейірленгендей, Сен де оларды мейіріміңе бөлей көр! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!
О, Алла, мені, ата-анамды және туыстарымды тура жолға сала гөр! Әрбіріміз Мейіріміңе мұқтажбыз, Аллаһым”

nursultan_ustazdan

14 Dec, 05:59


Таһаджуд..

Сәл жүрсең..
Сәл сенсең..
Сәл құлшылық етсең..
Кішкене амал қылсаң..

Алла береді, көп есіктер ашылады, көп мақсаттар пайда болады. Тәуекел ет те Аллаға тапсыр!

nursultan_ustazdan

14 Dec, 05:58


Бірде бір адам Пайғамбарымызға ‎ﷺ келіп:

«Уа, Алланың елшісі! Нәпсіні тазарту дегеніміз не?» – деп сұрады.

Сол кезде ол ‎ﷺ:

«Қайда болмасын Алла әрдайым онымен бірге екенін біліп жүру» – деп жауап берді.

(Табарани📚)

nursultan_ustazdan

13 Dec, 10:53


Жұма мүбәрак болсын)

nursultan_ustazdan

27 Nov, 08:55


Иә, адам әлсіз жаралған. Бірақ сен өз әлсіздігіңнің шегін қайдан білесің? 3 бет оқып әлсіредім деуге бола ма? Бәлкім сенің әлсіздігің 300 бет оқығаннан кейін басталатын шығар. Бәлкім бір күнде 10 кітап оқуға да шамаң жететін шығар.

Өзіңді толық сығып көрмейіңше әлсіздігіңнің шегін біле алмайсың…

nursultan_ustazdan

27 Nov, 08:55


Ұйқыңнан ерте оянып, бүгінгі жоспарыңның барлығын, оқу-жазуыңды уақытынан бұрын түгел аяқтап, не істеріңді білмей отыратын кездер бола ма?) Бұл сенің одан да көпке шамаң жететіндігіңнің белісі.
Өзіңнің мүмкіншілігіңді дұрыс бағаламай жүргеніңнің белгісі.

Мөлшерді көбейт. 5 беттен 10 бетке. 10-нан 30-ға.. Екі күні теңескен ұтылды дейді. Өзіңді аяй берме. Адам өзін аяй беруі де – нәпсінің бір тұзағы.

nursultan_ustazdan

27 Nov, 08:54


Мұнша қиындыққа толы заманда, адамға Әбубәкір Сыддық сияқты бір дос, Хадишадай бір жар керек екен…

(Алла оларға разы болсын)

nursultan_ustazdan

26 Nov, 18:25


Еркек топырақтан, ал әйел еркектің қабырғасынан жаратылған.

Демек, әрбір гүл өз топырағының құшағында гүлдейді.

nursultan_ustazdan

23 Nov, 22:19


Ең бақытты адам - өзі өлсе де артынан жақсылықтары үзілмеген адам.

Ең бақытсыз бейшара адам - өзі өлсе де артынан күнәсі үзілмеген адам.

nursultan_ustazdan

23 Nov, 22:18


Бір кісі Омар ибн әл-Хаттабқа келіп, “сенен абзал адам көрмедім”, – дейді.

Сонда Омар: “Абу Бакрды көрдің бе?”, – деп сұрайды.

Ол: “жоқ”, – деді.

Омар: “Егер иа дегеніңде, сені бір ұрар едім”, – дейді.

📚 Мусаннаф ибн аби Шәйба, “китаб әл-фадаил” бабы.

nursultan_ustazdan

23 Nov, 22:13


Алла Тағала үлкен күнәні де кешіреді, Үміт үзбеңдер

Кіші күнә үшін де азаптайды, Алданбаңдар

nursultan_ustazdan

23 Nov, 22:05


Өтіріктің сиқыры сондай, кейде адам өзінің өтірігіне өзі сеніп қалады.

nursultan_ustazdan

23 Nov, 22:04


Кейбір ақиқаттарды уақыты өтіп кеткеннен кейін білгеніңнен пайда жоқ. Дін сондай ақиқат!

📚 ليطمئن قلبي


Мысалы, өлгеннен кейін Құдайдың бар екеніне жүз мың рет көзің жетсе де, не пайда?

nursultan_ustazdan

23 Nov, 22:04


“Жақсы көрем” деген сөздің синонимдері көп. Соның бірі “жылы киініп жүр”.

nursultan_ustazdan

23 Nov, 22:02


Кейбір ақиқаттарды уақыты өтіп кеткеннен кейін білгеніңнен пайда жоқ. Дін сондай ақиқат!

📚 ليطمئن قلبي


Мысалы, өлгеннен кейін Құдайдың бар екеніне жүз мың рет көзің жетсе де, не пайда?

nursultan_ustazdan

23 Nov, 21:53


Аллаһым, өзіңнің алдыңда тұруға
лайықты бір жүрек нәсіп еткейсің!

nursultan_ustazdan

23 Nov, 21:51


Егер айтылып жазылып жатқан насихаттар пайдалы болып жатса қолдау білдіре кетіңіздер ‼️

nursultan_ustazdan

23 Nov, 21:51


Сен көңіліңді Раббыңа бер,
Раббың көңіліңе қарай береді.

nursultan_ustazdan

23 Nov, 21:50


Күн сайын бір адамның жүзіне күлкі ұялатыңыз.
Бірақ ұмытпаңыз, сіз де бір адамсыз.

nursultan_ustazdan

23 Nov, 21:50


Мәһр бір қарыз сияқты нәрсе ғой. “Кімде-кім қарыз алғанда нақты қайтарамын деген ниетте алса, Алла өзі жәрдемдеседі” деген хадис бар.

Мәһрін беремін ин ша Алла деп ниеттенсең, Алла Өзі-ақ түрлі жолдармен табыс көзін ашып қояды.

nursultan_ustazdan

21 Nov, 19:34


Рамазан айы - Құран оқитын ай,
Әліппе оқитын ай емес!
Қазірден әліппені бітіріп, Құранға
Түсейік!
Оразада оқимын деумен неше жыл өтіп кетті ғой.

100 күн қалды🤍

nursultan_ustazdan

21 Nov, 15:40


Соңғы оқығандарымнан:

Дисциплина – жаңадан күрделі әдеттерді қалыптастыру емес.

Дисциплина – жәй ғана артықтан арылу.

Шамадан тыс артық ұйқы, артық тамақ, артық сөз, артық ақпарат, артық адамдардан арылу және т.б.

nursultan_ustazdan

20 Nov, 12:49


Қазір әлеуметтік желіде ұстаздар көбейіп кеткен секілді ме?

Алайда әлеуметтік желіде белсенді жүрген сол 20-30 адамның маңайы ғана. 20 миллион халыққа 20 ұстаз деген өте аз. Азғындық, ажырасу, зұлымдық, арсыздық секілді істерді тоқтату үшін кемі 2000-ға жуық белсенді ағартушы қажет.

nursultan_ustazdan

19 Nov, 21:05


Діншілдігіңді Құдайға көрсет, маған адамгершілігің керек.

Фридрих Ницше

nursultan_ustazdan

19 Nov, 18:51


Күнә жасап, одан кейін тәубе етіп, одан кейін қайта күнә жасап қойып, қайтадан тәубе ететін адамды – “Әууәб” (Тәубешіл) деп атайды.

Мұнафық деп атамайды.

nursultan_ustazdan

19 Nov, 15:35


"Адамдар сүю үшін, дүние пайдалану үшін жаратылған. Біз дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып кеттік..."

Ізгілер сөзі

nursultan_ustazdan

18 Nov, 14:10


– Аллаға ең ұнамды қандай амал жасай аламын?

– Намазыңды кешіктірмей уақытылы оқы. Аллаға ең ұнамды амал – уақытылы оқылған намаз. (хадис)

nursultan_ustazdan

18 Nov, 14:09


Аллаға толық тәуекел еткен адамда “План Б” деген болмайды. Аллаға тәуекел еткен ұтылған емес.

nursultan_ustazdan

18 Nov, 14:08


Уақыт адамды өзгертпейді
Шынайды бет пердесін ортаға шығарады

nursultan_ustazdan

18 Nov, 07:23


Жар таңдау да кітап таңдауға ұқсайды.

Әдемі мұқабаны бір көргенде ұнатуыңыз мүмкін. Бірақ кітаптың ішіндегілерге көңіліңіз толмаса, соңына дейін оқи алмайсыз. Адамның ең жақсы жолдасы — оны жақсы көрген емес, оны түсіне білген жан.
Сондықтан, алдағы уақытта “қап, әттеген-ай” демеу үшін мына 3 нәрсені дұрыс таңдаңыз:

— жарыңызды
— жұмысыңызды
— жолдасыңызды

nursultan_ustazdan

18 Nov, 07:22


Адамдар да кітап сияқты. Кейбіреуін бірден-ақ оқып тастай аласың. Ал, кейбіреулерін оқуға ғұмырың жетпейді…

nursultan_ustazdan

18 Nov, 07:22


Ешбір кездесу — кездейсоқтық емес.

nursultan_ustazdan

14 Nov, 16:35


Адамның қысы күн суығанда емес,
Көңіл суығанда басталады екен…

nursultan_ustazdan

12 Nov, 15:01


Дүниенің барлық байлығына ие болғаннан не пайда, егер жаныңда сенімді жарың болмаса.

nursultan_ustazdan

12 Nov, 06:38


Әбу Хурейра (Алла оған разы болсын) былай дейді:

«Түнімді үшке бөлемін: үштен бірінде намаз оқимын, қалған үштен бірінде ұйықтап, келесі үштен бірінде Алла елшісінің ‎ хадистерін қайталаймын».

(Әл-жәмиғ лиахлақ әр-рауи)

Яғни, түндерін:

1. Құлшылыққа
2. Тән саулығы болған ұйқыға
3. Өзінің негізгі саласын дамытуына арнаған

nursultan_ustazdan

10 Nov, 00:58


Кейбір хадистерді оқысаң, жәннатқа кіру мүмкін емес секілді көрінеді. Дәл солай басқа хадистерді оқысаң, керісінше барар жерің тек жәннат болатын секілді. Бұл дегеніміз мұсылман адам әрқашан үміт пен үрейдің арасында жүруі керектігін білдіреді.

Күнәға бой алып бара жатсаң, өлім мен ақыретті еске ал. Ал үмітің үзілсе, Алланың Мейірімді әрі Рахымды екенін еске түсір.

nursultan_ustazdan

08 Nov, 13:26


Қазір әлеуметтік желіде ұстаздар көбейіп кеткен секілді ме?

Алайда әлеуметтік желіде белсенді жүрген сол 20-30 адамның маңайы ғана. 20 миллион халыққа 20 ұстаз деген өте аз. Азғындық, ажырасу, зұлымдық, арсыздық секілді істерді тоқтату үшін кемі 2000-ға жуық белсенді ағартушы қажет.

nursultan_ustazdan

05 Nov, 16:13


Көлікті көлікпен салыстырып не айтасың? Соңғы көлік тек табытқа айналатын болса…

nursultan_ustazdan

04 Nov, 19:33


Алла Тағала үлкен күнәні де кешіреді, Үміт үзбеңдер

Кіші күнә үшін де азаптайды, Алданбаңдар

nursultan_ustazdan

02 Nov, 15:58


Аллаһым, өзіңнің алдыңда тұруға
лайықты бір жүрек нәсіп еткейсің!

nursultan_ustazdan

02 Nov, 09:49


…Алланы жақсы көремін деп, бірақ Пайғамбардыңﷺ өмірін білмесеңіз, бұл - өтірік әңгіме...

nursultan_ustazdan

02 Nov, 09:39


Пайғамбарымыздың ‎ﷺ өзі сұрақ қойылғанда: “Менің ойымша былай” – деп айтпаған еді. Алладан уахи күтті.

Ал қазір әрқайсысымыз білсек те, білмесек те дін туралы өз ойымызды айта бастадық…

nursultan_ustazdan

01 Nov, 16:35


Жетістіктің бес кілті: Таң, бесін, аср,ақшам, құптан.

nursultan_ustazdan

01 Nov, 06:23


Жұма мүбәрәк болсын🤲

nursultan_ustazdan

01 Nov, 06:23


Саған көрсетілген құрметке көңілің толмаса, көрсеткен құрметіңе қара!

nursultan_ustazdan

01 Nov, 00:04


Ашу да жел сияқты, қанша жерден тез басылса да, ағаштарға зиян келтіріп үлгереді.

nursultan_ustazdan

31 Oct, 07:19


– Алла мені ести ме?

– Иә!

– Онда неге менің сұрағанымды бермеді?!

– Кез келген шипагер сен жақсы көретін дәріні емес, сені емдейтін дәріні береді.

©️Мұстафа Махмұт

nursultan_ustazdan

30 Oct, 18:50


Өте керемет бір дұға:

Я, Раббым хайырлы істі кешіктіруден, хайырсыз іске асығудан сақтағайсың.
Уақытымның қадірін білгендерден ет!

nursultan_ustazdan

28 Oct, 16:32


Егер пенде сәжде жасап жатқан кезінде Алланың оған қандай мейірім төгіп жатқан білсе, сәждеден басын көтермес еді🤍

©️ибн Әби Бәкр

nursultan_ustazdan

28 Oct, 16:32


Қуанышты кезіңде Алланы еске ал, қиыншылықта Алла сені есіне алады(ұмытпайды). Дүниедеміз, қайсыбіріміздің басында қиыншылық жоқ дейсіз?! Бұл жәй дүние өмірі ғана…

nursultan_ustazdan

28 Oct, 16:32


Жүрегің тыныштық табатын жерге бар деді, мен Сенің құзырыңа келдім Раббым.

nursultan_ustazdan

26 Oct, 09:35


Аллаһым, Құранды көңілімнің
көктемі, кеудемнің нұры, қайғы-
мұңымды жоқ етуші қыла гөр!

nursultan_ustazdan

14 Oct, 09:28


Сенен біреу көмек сұрап жатса мына нәрсеңі есіңе ал!

Ол ең алдымен Алладан жәрдем сұрады. Сосын Алла оны саған бағыттады. Әрі сенің оған көмегіңді тигізіп, сол арқылы сенің бір күнәңді кешіргісі келді.

©️Хафиз Омар.

nursultan_ustazdan

13 Oct, 09:06


Кемені судың үстінде көру табиғи бір көрініс. Ал суды кеменің ішінде көруің қауіпті. Олай болса, сен дүниенің жүрегінде бол, дүние сенің жүрегіңде болмасын.

nursultan_ustazdan

11 Oct, 16:41


Намазға қалай оңай келуге болады” деген тақырыпта курс жасап пайда табатындар уақыт өте келе пайда болуы мүмкін.
Құлшылықтың жолдарын, дінді және жақсылыққа шақыруды коммерцияға айналдыру өте жаман көрініс.

Мұндай әрекеттер діннің мәнін қатты төмендетеді.

nursultan_ustazdan

11 Oct, 11:29


Адамдардың жүрегі жәннат емес,
ішінде қалу үшін өзіңді шаршатпа!

nursultan_ustazdan

11 Oct, 11:21


Сториске салатын дүниеміз көп,
Историяда қалатын дүниеміз жоқ

nursultan_ustazdan

10 Oct, 12:02


“Раббым, Сені ұйқымнан қатты жақсы көремін” ,-деу таң намазы.

nursultan_ustazdan

10 Oct, 12:02


Құлпырған гүлді, әдемі түнді, керемет досты барлығы қалайды. Маңыздысы; гүлді тікенімен, түнді құпиясымен, досты бүкіл дертімен жақсы көре білу.

nursultan_ustazdan

10 Oct, 12:01


«Кім бар дегенде оң-солына жалтақтамай “мен бармын” – деп айта алатын мықты адамдарға мұқтажбыз».

©️Нежіп Фазыл

#жауапкершілік

nursultan_ustazdan

06 Oct, 21:20


Бұл кітап ең үлкен есік. Барлық есіктер жабылса да, бұл есік әрдайым ашық (ашатын адам болса)

nursultan_ustazdan

06 Oct, 21:19


Қашан қари боламыз?

— телефонға жұмсаған уақытты Құранға арнағанда, әлдеқашан қари болар едік.

nursultan_ustazdan

05 Oct, 15:08


ІХ ғасырда өмір сүрген Әл-Асмағи деген араб тілі ғалымы айтады:

“Қағбаны тауап етіп жүрсем, бір бәдәуи араб Қағбаның жабуына жармасып алып:

“Я, Алла! Мені Әбу Харижаны өлтіргеніңдей өлтір”, — деп дұға жасап жатыр.

Мен одан: “Әбу Харижа қалай өліп еді?”, — деп сұрадым.

Сөйтсем: “Тамаққа тойып алып, жүзімнің шырынын сіміріп ішіп, күн шуақта жатып қайтыс болды. Тоқ, шөлі қанған күйде, жылы жерде жатып жан тапсырды”, — дейді. ))

📚 Хадис-ус Сабах

Шынымен, өмірде осыдан басқа арманы жоқ адамдар бар ғой. Құдайдан не сұрау керек екенін білуің — дұғаң қабыл болайын деп тұр деген сөз. Неге десеңіз, хадисте адамның ішінде жатқан арман-тілектердің де дұғаға жататыны айтылады…

nursultan_ustazdan

01 Oct, 18:50


— Я Раббым!
Мен хайырлысын да хайырсызын да білмеймін. Хайыр деп ойлағаным хайырсыз, хайырсыз деп ойлағаным хайыр болуы мүмкін. Сен бізге хайырлысын нәсіп ет.

nursultan_ustazdan

01 Oct, 18:49


Құран оқымайтын, хадис оқымайтын адамдар сені оқиды.

Сондықтан, жүріс-тұрысыңа мән бер. Исламды бойыңнан көркем ахлақ пен ізгі амал арқылы көрсете біл.

nursultan_ustazdan

29 Sep, 07:51


“Я Алла! Күнәм көп болса мына пәленшеге бөліп берші. Ол бір ретін қылады” – деген болмашы приколды қойыңыздар. Біреу басқаның күнәсі үшін жауап бермейді.

Халал әзіл деп шектен шығуға болмайды. Діни нышандарға құрметпен қарайық.

#исламәдебі

nursultan_ustazdan

28 Sep, 20:23


Бізге қазіргі уақытта: Бір Алла Тағалаға ғана мұқтаж болуды үйрететін адам керек.

nursultan_ustazdan

28 Sep, 20:23


Өмір – дүниеге келген кезде емес, есіңді жиған кезде басталады. Және өлгенде емес, рухың сөнген кезде аяқталады.

©️ Халил Жәбрән

Рухың сөнбесін…

nursultan_ustazdan

26 Sep, 22:36


«Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

(Нәфәхат рухания📚)

#әлі_өзекті

nursultan_ustazdan

24 Sep, 08:13


Күнә — жүректің жарасы!

Абдулла ибн Масғуд (Алла разы болсын)