📣 Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына кандидаттарды іріктейтіні туралы хабарлайды. Ол Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы 9 қыркүйектегі №12-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген
Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес өткізіледі.
👥 Тексеру комиссияларының мүшелері лауазымына кандидаттар мынадай бағалау өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс:
1️⃣ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына;
2️⃣ бухгалтерлік есеп және аудит саласында мемлекеттік аудитор сертификатының және
(немесе) халықаралық біліктілігінің болуы;
3️⃣ экономика
(экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит) немесе құқық
(құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы.
Тексеру комиссияларының мүшелері лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге қатысушылар
хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаның
[email protected] электрондық мекенжайына құжаттарын жіберуі қажет.
🗓️ Құжаттарды қабылдау
2025 жылғы 27 қаңтардан басталады.
🗓️ Құжаттарды қабылдау
2025 жылғы 7 ақпанда сағат 18.30-да аяқталады.
📞 Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 (7172) 70-69-75.
👉🏻 Толығырақ
🚀 @auditpalatasy