зиялы пофигист @menindunielerim Channel on Telegram

зиялы пофигист

@menindunielerim


байланыс үшін: @zialybot

menindunielerim (Turkish)

Merhaba! Siz de hayatınızda her şeye birazcık "pofigist" yaklaşanlardan mısınız? O zaman doğru yerdesiniz! Telegram kanalımız olan "menindunielerim" tam da sizin için! Bu kanalda her türlü konuda pozitif ve umursamaz bir tavırla paylaşımlar yapıyoruz. Siz de günlük hayatın stresinden uzaklaşmak, eğlenceli ve ilgi çekici içeriklerle karşılaşmak istiyorsanız kanalımıza katılabilirsiniz. Hemen abone olun ve hayata biraz daha pofigist bir bakış açısıyla yaklaşın! menindunielerim - hayata dair her şeyi biraz pofigistlikle ele alan Telegram kanalı!

зиялы пофигист

24 Jan, 12:01


токсикпін, осындай пайдакүнемдерді көрсем ұстай алмай қалам өзімді)

зиялы пофигист

23 Jan, 16:16


мысығыма ұқсайтын таныстарым бар, өзіне керек қана кезінде аяғыма жабысатын)

зиялы пофигист

22 Jan, 16:29


Мәшһүр-Әли деп қойдым🥹

кішкентай үшін дұға етіп қойыңыздар🤲🏿

зиялы пофигист

22 Jan, 11:35


сүйінші, жиенді болып жатырм♥️

есімін мен қояйын деп жатырмын. ер балаға қандай жақсы қазақи-мұсылманша есімдер бар🥹

зиялы пофигист

20 Jan, 15:27


Ендігі кезекте Қазақстанда тикток желісі өз жұмысын тоқтатса, қайыршылардың саны күрт азаяды екен ғой еліміз бойынша😔🤚🏿

зиялы пофигист

20 Jan, 10:21


Жамағат!

Барлыхан Сейткәрімұлына дұға етіп құран бағыштап қойсаңыздар, Алланың нұры жаусын🤍

зиялы пофигист

19 Jan, 19:31


https://vm.tiktok.com/ZMk9R7LfB/

жаныыыммм, тіл көзім тасқа🥹🫶🏿

зиялы пофигист

19 Jan, 12:28


8 миллиардов людей смотрят на одну и ту же луну, но каждый глядя на неё думает о своём)

зиялы пофигист

16 Jan, 13:47


Қазақтың әр баласын жалғызым-ау деп білемін,
Дегенмен қалайсыңдар Әлімұлы Шектілерім?

зиялы пофигист

15 Jan, 19:49


Түнектегі шам ондаған шақырымнан-ақ көрінеді. Сенің қолыңда сондай шам болсын. Айналаның бәрі жарыққа ұмтылсын. Кек, реніш, ыза, өкпе бәрі де ұмытылсын.

Ол шамның қайнар көзі не десең, оның қайнар көзі жылы жүрек, көркем мінез, сүйіспеншілік, бауырластық, жанпидалық. Бұлар - адамзаттың асыл құндылықтары. Бұған ие болған адам - қараңғы көкке өрмелеп шығып, күндей болғанның бейнесіне тең.

Махаббат махаббатты тартады. Жақсылық жақсылықты тартады. Сол секілді жамандық жамандықты тартады. Ашу мен ыза тек өзі секілдіні тартады.

Аллаһтың заңы солай. Кімде-кім нұрды шашса, ең алдымен сол адамның өзі нұрға толады. Кімде-кім надандықты таратса, ең алдымен сол адамның өзі түнекке толады.

Сол себептен де кім болғаны маңызды емес, құшағымызға келе бер. Әркімге де ашықпыз. Себебі, сол жарыққа ең алдымен өзіміз толамыз.

Жақсылықты түсінбейді екен, ол адам болмайтын сондай жаман адам екен деп одан жүзіңді бұрма. Жек көрсең жаман ісін жек көр, бірақ адамның өзін емес...

Кең болған кемімес,
Кем болған кеңімес.

зиялы пофигист

12 Jan, 16:14


бүгін реалфандар каналымнан шығатын күн екен ғой)

зиялы пофигист

12 Jan, 15:40


мамам кітапты осылай оқитын болған, ал бізде қандай сылтау кітап оқымауға деген?

зиялы пофигист

12 Jan, 14:31


зиялы болам десең – бір күнің де кітап оқусыз қаза өтпесін.

зиялы пофигист

12 Jan, 09:29


Кумисбаев Сансызбай үшін барынша дұға етейікші жамағат. Комада жатыр екен өмір мен өлімнің арасында.
Аллаһ баршамыздан разы болсын🙌🏿

зиялы пофигист

12 Jan, 09:29


зиялы пофигист pinned «Кумисбаев Сансызбай үшін барынша дұға етейікші жамағат. Комада жатыр екен өмір мен өлімнің арасында. Аллаһ баршамыздан разы болсын🙌🏿»

зиялы пофигист

12 Jan, 07:46


Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың туған күні.

Атамыздың мына бір сұхбаты өте ыстық, есте қаларлықтай:

Журналист: Неге әлі балаңыз жоқ?
Қонаев: – Барлық қазақ менің балам!

зиялы пофигист

11 Jan, 17:54


Қазақстанда адам өмірінен басқасының бәрі қымбат.

зиялы пофигист

11 Jan, 16:00


Мұхтар Мағауин: 8 жасымда Әуезовтің "Абай жолын" оқыдым.

Ал сіз ше?

зиялы пофигист

11 Jan, 15:12


балалар ойын-сауық орталығында ішінде gps-і орнатылған браслетті қолданысқа еңгізу керек, әйтпесе баламызды таппай қалып жатырмыз)

зиялы пофигист

11 Jan, 12:11


“қазақ әдебиетінің әйел теңсіздігінен басқа көтерер тақырыбы жоқ” дейді де Шарлоттаның шығармашылығын сүйіп оқиды.

“қазақ әдебиеті интимді әрекеттерге бір табан жақын” дейді де Муркамидің романдарын алға тартады.

“қазақ әдебиетінің тілі ауыр, түсінбейміз” дейді де Достоевскийге “майталман жазушы” шапанын жабады.

пысы: бұл салыстыру емес, нені сынап, кімді оқып жүргеніміз🙌🏻

зиялы пофигист

10 Jan, 05:15


Бақұл болыңыз Қазақтың қара нары, Қазақ халқының жоқтаушысы, алаш арыстарының ақтаушысы🥹🙌🏿

зиялы пофигист

09 Jan, 14:17


Билік біздің проблемамызды шешпейді. Биліктің өзі біздің проблема.

зиялы пофигист

08 Jan, 16:56


Кумисбаев Сансызбай үшін барынша дұға етейікші жамағат. Комада жатыр екен өмір мен өлімнің арасында.
Аллаһ баршамыздан разы болсын🙌🏿

зиялы пофигист

08 Jan, 16:40


Дархан Әбдік пен Санжар Керімбай екеуі бір подкастқа келемін дегенше өліп кетпесем болар еді О, Құдай!

зиялы пофигист

08 Jan, 15:40


осы жылды қандай кітаптан оқуды бастадыңыз, қалай екен?

зиялы пофигист

08 Jan, 15:15


2031 жылға дейін үйленсек болар еді әйтеуір. Одан кейін уже әдемі датада үйлену деген әңгіме жоқ. Өйткені айдың 32-ші күні жоқ😭

зиялы пофигист

07 Jan, 14:40


өзім сүйіп оқитын, кітап турасында жазатын арна📚
сілтемесі міне: https://t.me/birzhanqyzy

бұндай арналардың оқырман саны көп болуы керек. кеңес беремін жазылуға

зиялы пофигист

07 Jan, 12:56


Ақиқат үшін – жалғыз болсаң да күрес.

Ақиқат үшін басыңды араның ұясына тығу керек болса тық, аюдың апанына кіру керек болса кір.

зиялы пофигист

06 Jan, 17:58


жолға шығам деп соңғы 3 айда жинаған 19 кітабымды чемоданға сыйдыра алмай жатырмын ал. осындай проблема бұйырсын сендерге де.

зиялы пофигист

06 Jan, 14:31


жамағат маған осыған ұқсас тарихқа қатысты немесе діни т.б иллюстрациядағы картинкалар керек еді. ұсыныстарыңыз болса, осында: @zialybot

зиялы пофигист

06 Jan, 04:42


классиктерім 🎼😮‍💨

зиялы пофигист

05 Jan, 19:07


«Кітапты кедей адамдар ғана оқиды» деген сарындағы сөздер кітап оқымайтын адамдарға күшті отмазка болып алған.

– Осы неге кітап оқымайсың? – деп айтсаң;
– Кітапты кедей адамдар ғана оқиды ғой. – деп жауап береді.

Құдды бір өзі бай адамдай. Мақұл, материалды бай шығар, бірақ рухани ше? Рухани бай адам бұндай сөздерді айтпақ түгілі ауызына да алмайды айналайын-ау.

зиялы пофигист

05 Jan, 15:33


күніге бәлен адам жазады каналға реклама жасап бересіз ба деп)

енді бәріңе үндеу: комментке каналдарыңды қалдырып кетіңдер, сөйтіп бір-біріңе тіркеліп алыңдар. менен тегін жарнама болсын сендерге ⤵️

зиялы пофигист

04 Jan, 19:43


конструктор деген дүниені бала кезден жаным сүйеді) сол ностальжи болып отырмын қазір 🫣

зиялы пофигист

02 Jan, 17:33


Мен бармын... Рухым да бар, тәнім де аман,
Кеудемде жастық отым жалындаған.
Жүректе ар-иманым, Жаратқанға,
Бас иіп, басқа жанға табынбаған.

Тірімін... Өлерім хақ, көнем, білем,
Өзімді жұбатамын өлеңіммен.
Алыстан арман қуып алқынбаймын.
Алладан медет күтем, келер күннен.

Адаммын... Түрі – мәлім, сыры – жұмбақ,
Амалым ақыретте тірі қылмақ.
Алланың жазған жасын жасап келем,
Бірі – арзан күндерімнің, бірі – қымбат.

Мен бармын... (Өлімді ойлап жатқаным-ай!)
Сан мәрте сиынамын Хаққа құлай.
Тірлікте іс оңалар, жөн түзелер,
Тек қана тозағыңнан сақта, Құдай!

// Серікбол Хасан

зиялы пофигист

01 Jan, 19:14


Каждый лист дерева становится страницей Книги,
Если сердце человека открыто и обрело способность читать.

Саади из Шираза.

зиялы пофигист

01 Jan, 17:08


ақыры бот істеп алдым😮‍💨
байланыс үшін: @zialybot

зиялы пофигист

01 Jan, 14:39


Баланы кітапқа ғашық етіп өсіру үшін, нәресте кезінен бастау керек.📚
Кітаппен жиі танысқан бала уақыт өте келе оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады, бұл оның білімге деген құштарлығын арттырады. Егер түсініп оқи алмаса, әртүрлі суреттер бейнеленген кітаптарды алып беруге болады, суреттерді сипаттау арқылы баланың танымдық дамуы, тіл байлығы, ой өрісі мен логикалық дамуы артады.

Сондықтан, нәресте кезінен-ақ бірге отырып кітап оқуға уақыт бөлу және баланың өзіне ұнайтын тақырыптағы кітаптарды таңдауына мүмкіндік беру арқылы күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру қажет. Және де бала көргенін қайталайды, қаншалықты ата-ана кітап оқуға уақыт арнаса, баласы да соншалықты кітапқа жақын болады.

зиялы пофигист

31 Dec, 23:26


:)

зиялы пофигист

31 Dec, 19:07


оказывается елімізде президент деген сүтқоректі бар екен ғой🤭

зиялы пофигист

31 Dec, 18:08


халық ақша жоқ деп налиды, бірақ өздері сол ақшаларды аспанға ұшырып жатқандарымен шаруасы жоқ.

бір кем дүние.

зиялы пофигист

31 Dec, 18:02


жыл жаңара береді ғо, сен қашан жаңарасың?

өзгеріс күнтізбеде емес, өзгеріс өзіңде.

зиялы пофигист

31 Dec, 13:21


Бүгін президентіміз Тоқаев елімізде болған соңғы айлардағы оқиғалардан кейін ләм-мим деместен, жаңа жылдық құттықтауға қай бетімен ұялмай шығайын деп жатыр екен?

Тура қыстан кейін ұйқыдан тұрып, інінен шыққан жануардай терісін ауыстырып дым болмағандай.

зиялы пофигист

26 Nov, 07:02


арнаға жаңа қосылғандар, қайдан келіп жатсыңдар?

зиялы пофигист

25 Nov, 17:57


Мәміле берекенің кілті.

| Мұхамеджан Тазабек🎙️

зиялы пофигист

25 Nov, 16:43


білсеңдер айтып жіберіңдер ал:)

зиялы пофигист

25 Nov, 16:43


Есть книги про проработки травм в семье?

зиялы пофигист

25 Nov, 14:59


отбасылық өмірге/бала тәрбиесіне қатысты қандай кітаптар кеңес бересіздер? ⤵️

зиялы пофигист

24 Nov, 16:42


Зак’тың соңғы альбомында ұнаған әуен:

зиялы пофигист

23 Nov, 15:10


Махаббатта бір-ақ формула бар, ол – тұрақтылық.
Махаббаттың да досы мен қасы бар.
Досы: ұят, ар, борыш. Осы үшеуін ренжітпей, өзіне сенімді серік еткен махаббат қана зайыптылық заңына берік болады.
Қасы: ашу, қызғаныш, кикілжің. Осылардың әзәзілі – арақ. Жас жұбайлардың бірін-бірі сүйіп қосылуымен іс бітпейді. Олар қосылғаннан кейін де өз махаббатын гүлдей мәпелей беруі тиіс. Сүйіктісін қуантуға тырысу, соны риза етерлік бірнәрсе істеуге ұмтылып отыру – мәпелеудің бір түрі осы. Сүйгеніңнің көңілін қалдырмау үшін оның тілегін мүлтіксіз орындау да ғанибет.

📚Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар".

зиялы пофигист

23 Nov, 15:02


Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос күйеу тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино, театрға бірге баратын жолсерік қана емес, жансерік тапса ғана бақытты. Осылай жұптасып, зайыптылық өмірдің алтын босағасы – достық пен махаббатты берік ұстаған берекелі отбасын ғана көрші ұнатады, қоғам құптайды.

📚Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар".

зиялы пофигист

23 Nov, 14:58


«Кімнің жаны махаббаттан тән ләззәтімен қоса рухани ләззәт алуға ұмтылса, тек соны ғана адам деп бағалаймыз».

Қызқұмар жігіттің (немесе керісінше) желөкпе, жеңілтек, қызыққыш, құмартқыш келетіні ежелден белгілі жайт. Ондай адамдардың қысқа қызық, шолақ шаттыққа аңсарлары ауып тұрады да, бара-бара нәпсінің құлына айналады. Ондай жандар өздерінің осы нәпсіқұмарлығын өзгеге махаббат деп ұсынады.

📚Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар".

зиялы пофигист

23 Nov, 10:44


Раббым, жүрегім Сені сүйіп шаршасын, аяқтарым Саған қарай ұмтылсын, қолдарым игі, жақсы амалдарды орындасын, көздерім Сенің ғажайыптарыңды көрсін, тілім Сен разы болатын сөздерді айтсын!

зиялы пофигист

22 Nov, 15:50


“Бүгін Алла екеуміздің арамызда ғана қалған, Ол разы болатындай қандай амал жасадым?”

зиялы пофигист

22 Nov, 15:50


өміріңде не болса да, бұл Аллаһтың саған дайындаған ең қайырлы жоспары. Тек оған сен.

зиялы пофигист

22 Nov, 13:46


Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуi, көзқарасы, жүріс-тұрысы – бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс.

📚Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар".

зиялы пофигист

22 Nov, 13:44


Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету – одан да қымбат.

📚Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар".

зиялы пофигист

21 Nov, 20:31


Қара жаяу пенде жүрген аспанға алақанын жайып,
Бәрі уақытша дегесін жүрегі емделіп.

зиялы пофигист

21 Nov, 17:42


Бір күнгі нәпсіден өмірлік өкініш тумасына кім кепіл?

зиялы пофигист

21 Nov, 07:22


Бір жылдан кейінгі кездесу.

| Санжар Керімбай🎙️

зиялы пофигист

21 Nov, 07:22


Өмірден мән іздеген жан.

| Санжар Керімбай🎙️

зиялы пофигист

21 Nov, 02:54


Иманға толы жүректе үмітсіздікке орын жоқ.

зиялы пофигист

15 Nov, 13:55


көрейік ал, берері көп болсын 📚

зиялы пофигист

15 Nov, 09:03


إِنَّكَ لَا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ ۚ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ

Поистине, ты не сможешь наставить на истинный путь тех, кого полюбил. Лишь Аллах наставляет на истинный путь тех, кого пожелает. Он лучше знает тех, кто идет по истинному пути.

📖«Аль-Касас», 56 аят.

зиялы пофигист

15 Nov, 02:12


Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса,
Оны қабатын екі ит қоса туылады.

зиялы пофигист

14 Nov, 13:28


«Уа, Алла...» деп ең шынайы әңгімелер мен шынайы көз жастары басталады.

зиялы пофигист

13 Nov, 03:36


о мейірімсіз махаббат, мен қатынсыз қалатын болдым ба 😔

зиялы пофигист

12 Nov, 18:54


Аллаһтан каждый детальдарына дейін сұра, береді дейді ғо:)

біздікі осылай кетіп жатыр ал😁 біреулерге күлкілі шығар😭

зиялы пофигист

12 Nov, 18:33


бүгін добрыймын, каналдарыңды қалдырып кетіңдер ⤵️

(қарап шығайын, ұнаса төрлетемін)

зиялы пофигист

12 Nov, 16:18


көпке топырақ шашпаймын, қазақ қоғамы әлі к*ттің айналасынан әрі аса алмай жатыр, актив үшін пабликтерге салынатыны сол дүние, оның астындағы пікірлерді көрсең оқыған көзден ұятты тіптен, бұдан кейін неге дамымаймыз деп несін ренжейсіңдер?)

зиялы пофигист

12 Nov, 14:39


Игі істерді жасағандарды көре алмайтын бір сорлы болдық-ау. Не өздері жасамайды, не өзгенің жасағандарын көре алмайды. Егер берген садақалар шын ниетпен Аллаһтың разылығы үшін берілген болса, онда оның сұрауы еш болмас еді. Аллаһ әділ, оның есебі әлі-ақ болады. Ақ ниеттілерге қара күйе жағушылардың мерейі үстем болып жатыр. Қоғамның бүлінуі залымдардың зұлымдығынан емес, жақсылардың үндемеуінен.

зиялы пофигист

11 Nov, 18:28


💬басқа жандардың да ойын білгісі келіп жатыр:

зиялы пофигист

11 Nov, 18:04


қырт-сырт жазатын жер.

зиялы пофигист

11 Nov, 15:58


жадыңнан мәңгі кетпес топ 3 кітап?

зиялы пофигист

11 Nov, 14:41


😁

зиялы пофигист

10 Nov, 16:18


өскен сайын бөпе кезін сағынасын 🥺

зиялы пофигист

08 Nov, 20:03


сәйкестік деген қалай ә?)

зиялы пофигист

08 Nov, 16:23


қандай кітап оқып жүрсіңдер?
бөлісе отырыңдар ⤵️

зиялы пофигист

08 Nov, 14:59


бастау – істің жартысы.

Аллаһ бастаған ісімізге береке берсін)

зиялы пофигист

08 Nov, 13:49


көп түкірсе көл 🙌🏿

зиялы пофигист

08 Nov, 09:13


қасиетті жұмада, каспи жұмаға қораға кірмеңдер!

зиялы пофигист

07 Nov, 13:14


Гүлжанат Боранбайқызы үшін дұға етіп қояйықшы жамағат 🙌🏿
Аллаһ сынақтарын жеңілдетіп, еміне шифа берсін!

зиялы пофигист

06 Nov, 17:30


Я Робби, біздерді жүрекпен шүкір етуші, тілмен әрдайым Өзіңді зікір етуші, Өзіңнің берген тағдырыңа разы болған, Өзіңнің рақымыңа бөленген құлдарыңның қатарынан еткейсің!

зиялы пофигист

04 Nov, 18:49


Когда человек счастлив, он всегда хорош. Но не всегда хорошие люди бывают счастливы.

📚Оскар Уайльд "Портрет Дориана Грея".

зиялы пофигист

04 Nov, 17:30


Я Робби, дұғаларымның қабыл болуына кедергі болып жүрген күнәларымды кеше гөр!

зиялы пофигист

04 Nov, 07:20


Әбу Сағид әл-Худри رضي الله عنه:

«Пайғамбар (ﷺ): «Менің сахабаларыма тіл тигізбеңдер, өйткені сендерден бірің Ухуд тауындай алтын садақа қылса да олардың біреуінің жұмсаған бір уысына да, тіпті оның жартысына да жетпейді».

📕«Сахих әл-Бұхари», Сахабалардың қадір-қасиеттері туралы кітап, 3673.

Алла елшісі (ﷺ):

«Жұлдыздар – аспан қауіпсіздігінің кепілі. Олар жоғалған кезде аспанға уәде етілген нәрселер келеді. Ал мен – сахабаларымның қауіпсіздігінің кепілімін. Мен кеткен кезде сахабаларыма уәде етілген (қауіпті) нәрселер келеді. Сахабаларым да – үмметім үшін қауіпсіздік кепілі, олар кеткен уақытта үмметіме уәде етілген нәрселер (бүлік, бидғат) келеді».

📕«Сахих Муслим», Сахабалардың қадір-қасиеттері туралы кітап, 2531.

Абдулла ибн Муғаффал رضي الله عنه:

Алла елшісі (ﷺ): «Менің сахабаларым жайында (дұрыс емес нәрсе) айтудан Алладан қорқыңдар. Оларды айыптамаңдар да кемсітпеңдер. Кімде кім оларды жақсы көрсе, мен үшін жақсы көргені. Кімде кім оларды жек көрсе, мені жақтырмағаны. Кім оларға зиян берсе, маған зиян бергені, ал кім маған зиян берсе, Алланы ашуландырып құрдымға кетуі мүмкін».

📕Имам әт-Тирмизи, «Әл-Манақиб», 3862.

зиялы пофигист

04 Nov, 05:20


Сыпырғанмен терімді,
Сыпырмас ешкім рухымды.

зиялы пофигист

02 Nov, 16:53


Сынық адамнан толық адамға дейін.

| Азамат Скаков🎙️

зиялы пофигист

01 Nov, 17:17


кеше ыдыс жуып подкаст қарағанмын, сонда 1 сағат 13 минут жуғанмын🧐😂

қазір тағы подкаст қарап жатырмын, получается мен ыдыс жуып жатырмын🤣

зиялы пофигист

01 Nov, 05:14


«Сені азғындыққа итермелеген мал-мүлік Алланың саған берген ниғмасы (нығметі) емес, бәлки ниқматы (ашу-ызасы)».

©️Имам әш-Шағрауи (Алла оны рахымына алсын)

зиялы пофигист

01 Nov, 04:46


Имам әш-Шәфиғи Алиден (Алла оған разы болсын) мына бір сөзді риуаят етті:

«Нығмет – шүкірмен тікелей байланысты. Шүкір – нығметтердің артуына себепкер. Екеуі бір-бірімен өте тығыз. Аллаға шүкірің азаймаса, саған келер нығметтер де еш азаймайды».

📚Абылай Кенжалы "Ризық кілттері
".

зиялы пофигист

31 Oct, 19:19


томпайған қарыннан адам боп шығып, томпайған қабірге надан боп кіретін пенде қандай бақытсыз...

зиялы пофигист

31 Oct, 14:57


бір жеріме қарамай сүйікті мезгілімнің соңғы айында осы төрт кітапты оқып бітіруге ниет етіп отырмын (бұйырса бітіремін).

өздерің қандай кітап оқып жүрсіңдер?

зиялы пофигист

30 Oct, 18:56


Роман туралы жағың талғанша айта беруге болады, оқып болған соң ойдан оңай ұмытыла қоймайды.

зиялы пофигист

30 Oct, 14:06


Қазақы Ислам, Ұлт құру, Астрология vs Дін, Құл болу.

| Санжар Керімбай🎙️

зиялы пофигист

30 Oct, 04:09


Пайғамбарымыз (ﷺ) қайтыс боларынан үш күн бұрын:

«Алла жайлы ойларыңды жақсартпайынша, дүниеден өтуші болмаңдар».

📕Сахих Муслим

зиялы пофигист

30 Oct, 03:59


Молшылықта сен "Алла" десең, таршылықта Ол "пендем" демей ме?!

зиялы пофигист

28 Oct, 13:28


Тіліңді тәрбие етуден бұрын, жүрегіңді тәрбие ет. Өйткені сөз жүректен келеді. Тілден шығады.

©️ Мәуләна Руми

зиялы пофигист

27 Oct, 16:39


Алла Елшісі (ﷺ):

«Расында адам баласы істеген күнәсінің кесірінен ризығынан махрұм қалады».

📕Имам Ахмад риуаят еткен.

📚Абылай Кенжалы "Ризық кілттері".

зиялы пофигист

27 Oct, 16:36


Абдулла ибн Аббастан жеткен хадисте Алла Елшісі‎ ﷺ былай дейді:

«Кімде-кім истиғфарды көбейтетін болса, Алла оның әрбір қайғысының орнына қуаныш нәсіп етеді, әрбір қиындығынан шығар жол көрсетіп, ол күтпеген жерден ризығын молайтып қояды».

📕Имам Ахмад, Нәсәи, Әбу Дәуд, ибн Мәжә және де имам әл-Хаким өздерінің хадис жинақтарына риуаят еткен.

📚Абылай Кенжалы "Ризық кілттері".

зиялы пофигист

26 Oct, 13:58


Реал бүгін нешеге неше ұтыламыз деп отыр?)

зиялы пофигист

26 Oct, 07:06


Құдай үшін, салонда пассажир отырғанда темекі шекпеңдерші айналайын таксисттер!🚭

зиялы пофигист

25 Oct, 17:19


Адамның тумағы жалғыз, өлмегі жалғыз, ал басқа уақытта бір-бірімен байланыспайтын жеке-дара тағдыр болмайды. Тағдырды тағдырдан алшақтатып қойған шекара жоқ. Тумақ пен өлмектің арасындағы фәни өмірде біздің тағдырларымыз өрмектің жібіндей бір-бірімен айқасып жатыр.

📚Шыңғыс Айтматов "Жан пида".

зиялы пофигист

25 Oct, 11:01


Өткенге көз жүгіртсем, кітап оқуға деген қызығушылығым бала кезімде "Жұлдыздар отбасы", "Аңыз адам", "Балдырған" деген журналдарды оқудан басталған екен ғой:)

зиялы пофигист

25 Oct, 09:31


Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!🇰🇿❤️‍🔥

зиялы пофигист

24 Oct, 17:32


иә, ол сондай еді💔

зиялы пофигист

24 Oct, 17:31


Пайғамбарымыз ﷺ онымен қоса үй ісіндегі барлық шаруа бойынша жұбайларына жәрдемдесетін. Киімін тігетін, жыртылған жерлерін жамайтын, қорадағы малды сауатын, аяқ-киімін тігіп, үй сыпырып, кейде тіпті жұбайларымен бірге ұн да илейтін.

📕Қади Ияд «Шифа» (176б)

зиялы пофигист

24 Oct, 17:30


Айша анамыз (Алла оған разы болсын):

«Алла Елшісінің ﷺ үй ішінде жұмыссыз отырғаны көрінген емес. Я болмаса міскін адамның аяқ киімін тігіп, я болмаса жесір әйелдің киімін тігіп беретін».

📕Ибн Асакир «Тарих әд-Димашқ».

зиялы пофигист

22 Oct, 18:58


Ойда жоқта өзімнен-өзім осындай суретті көз алдыма келтірдім де, кенет сүюдің өзін аңсағанымды сездім. Тағдыр маған арнаған сүйікті жан әлі кездескен жоқ деп тағы уайымдап қойдым. Ал сол жазмышта маған арналған қыз дегенің дүниеде бар ма өзі, оп-оңай дүниені өзім қолдан қиындатып жүрген жоқпын ба? Осыны мен көп ойлап, ақыры бәріне өзім кінәлі: «әлде қыз таңдағыш тым кесірлімін, әлде өзім сол қыз атаулыға ұнамайтын сумұрынмын» деген қапалы қорытындыға келдім.

💭Авдий Каллистратов ойлары.

зиялы пофигист

22 Oct, 18:58


Менің жаураған жүрегімді жылытар жалғыз сәуле, ойымнан жатсам-тұрсам кетпейтін жалғыз ермек — ол менің сізге жазар хаттарым.

зиялы пофигист

21 Oct, 18:15


Әлемнің жаратылу логикасы. Жүрек тыныштығына қол жеткізіңіз.

| Рауан Жұмабайұлы🎙️

зиялы пофигист

21 Oct, 14:27


Алғашқыда арманның бәрі тәтті. Бірақ та құнарсыз жерге шыққан гүлмешектей ерте солатыны да болады... Ізгілік пен зұлымдықтың арасын айырып білмек қайғылы әрекет – барлық арман атаулының бәріне тән...

📚Шыңғыс Айтматов "Жан пида".

зиялы пофигист

20 Oct, 17:19


балам өсіп келе жатыр:)

зиялы пофигист

19 Oct, 16:24


«Кімде-кім халал жолмен күнкөріс тауып, шаршап ұйықтаса, күнәлары кешірілген хәлде ұйықтап, Алла оған разы болған хәлде ұйқысынан оянады».

📕Табарани «Муғжам әл-Аусат» (8516)

зиялы пофигист

19 Oct, 16:23


Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:

«Ер адам жеген ең жақсы нәрсе – өз еңбегімен тапқан асы».

📕Әбу Дәуд, Ахмад

зиялы пофигист

18 Oct, 18:37


Таңның берекесі. Жоспарлау. Жазу.

| Азамат Скаков🎙️

зиялы пофигист

18 Oct, 11:42


📖«Забур» кітабында:
«Тек жəннатқа кіру үшін немесе жаһаннамнан құтылу үшін құлшылық қылған пендеден залымырақ кім бар?!

Егер Мен жəннат пен жаһаннамды жаратпағанымда ғибадатқа лайық болмас па едім?» – делінген.

💔

зиялы пофигист

17 Oct, 19:24


отандық туындыны қолдаңыздар 🎞️

қысқаша, төменді оқи кетіңіздер ⤵️

зиялы пофигист

17 Oct, 18:14


Нағыз Еркек.

| Жарқын Мырзатай🎙️

зиялы пофигист

17 Oct, 12:20


айтарға сөзім, атарға оғым қалмады.