Үздік БІЛІМ @uzdik_bilim Channel on Telegram

Үздік БІЛІМ

@uzdik_bilim


Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat

Үздік БІЛІМ (Kazakh)

Сіздің танымдығыңызды жақсылайтынға болады келеңіз! Қазіргі жаңалықтар мен мақалаларды кез келген уақытта көре аласыз - біздің Telegram каналымыз "Үздік БІЛІМ" арқылы. Бұл каналда сіз мағлұматты, кәсіптік кітаптарды, білім беру және ақпаратты пайдалану мәселелеріне арналған барлық материалдарды таптыруға боладыңыз. Үздік БІЛІМ каналымызда сіз барлық қызметтерге толықтыруға арналған мазмұндарды таба аласыз. Оқушылар, оқытушылар, және ғылыми жұмысшылар үшін арнайы бағдарламалар мен курстар бойынша мағлұматтар беріледі. Мұнда әдепкі қызметтер мен пайдалы мақалалар таптыруға болады. Үздік БІЛІМ каналымыздың таңдауында сіз ғылыми бағдарламалар және жаңа технологиялар туралы мағлұматтарды тапа аласыз. Келісімді жаңалықтар және көптеген ғылыми мақалалармен мағлұматтарды жаңартып, жаңа білім алуға арналған жолды таба аласыз. Біздің үздік БІЛІМ каналымызға қосылыңыз және біздің коммьюнитиден жақын жағдайда болжаласыз!

Үздік БІЛІМ

13 Feb, 15:54


👥 Құрметті ұстаздар!

🔥 Сіздерді CPFED Uzdik IT Ustaz турнирінің екінші іріктеу кезеңіне – Қазақстандағы IT-педагогтарды дамытуға арналған алаңға шақырамыз!

🦾 Енді контесттерде тапсырмалар түрлі деңгейлерге бөлінгендіктен, бұл турнирге жаңадан бастағандар да, тәжірибелі қатысушылар да қатыса алады.

❗️ Маңызды! Бұрынғы кезеңдерге қатысқандарға да осы іріктеу кезеңіне қатысуға кеңес береміз. Себебі әр жинаған балл сізді Қорытынды кезеңге бір қадам жақындатады! Қайта тіркелу қажет емес. ❗️

27 ақпанға дейін сілтеме арқылы тіркеліп, Қазақстанның білім беру саласын бірге дамытайық! 🚀

——

👥 Уважаемые учителя!

🔥Приглашаем вас на второй Отборочный этап турнира CPFED Uzdik IT Ustaz – площадку для развития IT-педагогов Казахстана!

🦾 Теперь в наших контестах задачи разного уровня сложности, благодаря этому в турнире смогут принять участие все - и новички, и опытные участники.

❗️ ВАЖНО! Если вы уже участвовали в предыдущих этапах, также рекомендуем принять участие в отборочном этапе. Ведь каждый набранный балл делает вас ближе к Заключительному этапу! Повторная регистрация не требуется. ❗️

Переходите по ссылке для участия до 27-го февраля. Давайте развивать образование Казахстана вместе! 🚀

Үздік БІЛІМ

10 Feb, 15:14


AI Olymp атты Республикалық мектеп оқушылар арасындағы жасанды интеллект олимпиадасы Ережелерін ұсынамыз!

📝 Іріктеу кезеңіне тіркелу 2025 жылдың ақпан айының соңында - наурыз айының басында басталады.

Жақында біз олимпиадаға қалай дайындалу керектігі туралы ақпаратпен бөлісетін боламыз, байланыста болыңыз 👩‍💻🧑‍💻
——

Положение Республиканской олимпиады по искусственному интеллекту среди школьников - AI Olymp!

📝 Регистрация на отборочный этап начнется в конце февраля-начале марта 2025 года.

Совсем скоро мы будем делиться информацией как готовиться к олимпиаде, оставайтесь на связи 👩‍💻🧑‍💻

Үздік БІЛІМ

10 Feb, 09:02


📢 10 ақпанда алғашқы рейтингілік Div-2 раундымыз онлайн форматта өтеді. Алайда Астана мен Қарағанды студенттері үшін ерекше мүмкіндік қарастырылған – олар бұл контесті DataArt және Terricon Valley алаңдарында оффлайн форматта тапсырып, жүлделер ұтып ала алады!

📌 Тіркелу сілтеме бойынша.
Толығырақ ақпарат біздің сайтымызда.


📢 10 февраля состоится наш первый Div-2 раунд, который пройдет в онлайн-формате. Но у студентов из Астаны и Караганды есть возможность – написать этот контест очно на площадках DataArt и Terricon Valley и получить призы!

📌 Регистрация по ссылке.⠀
Подробнее на нашем сайте.

Үздік БІЛІМ

09 Feb, 14:15


Бәріне сәлем!

Бүгін сағат 19:35-те Див-4 ресми контесті басталады!
https://codeforces.com/contests/2065

Үздік БІЛІМ

04 Feb, 16:33


Бәріне сәлем!

Бүгін AI Olymp дайындық курсының алғашқы сабағы болды. Оны ашық жасауға бел будым.

Жалпы не туралы, қалай болатынын, және Сызықтық алгебра мен матрицаны түсіндірдім.

Әрине ол сабақ тіке кәзір ЖИ қатысы болмаса да, базалық негізгі фундамент болып табылады.

Қарап көріңіздер.

https://youtu.be/NZGwR31_iMM

Үздік БІЛІМ

03 Feb, 08:10


Бәріне сәлем!

Ертең (4-ақпан) кешке алғашқы AI Olymp дайындық сабағымызды бастаймыз.
Бірден айтып өтейін, 1-ші кезең (іріктеу) кезеңі - ол вышмат тапсырмалары мен кодинг болғандықтан, көбіне вышматқа фокус қойылады.

Әзірше, орын бар, тіркелем десеңіздер мынау сілтемесі:
https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8


Қосымша ақпарат:

Биылдан бастап Қазақстанда алғаш рет оқушыларға арнап ЖИ олимпиадасы болады. Оны ұйымдастырып жатқан Спорттық Программалау федерациясы.

Былтыр IOAI алғашқы халықаралық ЖИ олимпиадасы Болгарияда болды.

Сол үшін біздің елге де енді.

AI Олимпиада 2-турдан болады:
1) Іріктеу кезеңі (примерно мартта)
2) респа кезеңі (апрель-май)

Іріктеуде математика + кодинг болады

Респада уже таза AI/ML тапсырмалары + үй жұмысы болады.

Іріктеуге 9-12 сынып оқушылары общ конкурс бойынша, яғни тапсырмалар ортақ.

Іріктеуден жоғарғы жинаған 40-оқушы респаға шақырылады.

Солардан жоғары жинаған 6-8 оқушыны сборға шақырып, IOAI Пекинге дайындайды.

Үздік БІЛІМ

31 Jan, 13:50


📰 ЖАҢАЛЫҚ
📢 Ақпаннан бастап алғашқы Қазақстандық AI Олимпиадасына дайындық курсы басталады!
🇰🇿 Курс тілі: Қазақша
👨‍🏫 Негізгі тренер: Кореядағы AI компаниясының инженері, әрі "Үздік Білім", "Үздіктер" жобаларының жетекшісі - Ерғали ағай.
🎯 Мақсат: AI олимпиадасына жүйелі дайындық
✔️ Тіркелу үшін: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 Толығырақ: https://ai.edu.kz
__________________________

📰 НОВОСТИ
📢 С февраля стартует подготовительный курс к первой Казахстанской AI Олимпиаде!
🇷🇺 Язык курса: Казахский
👨‍🏫 Главный тренер: Инженер AI компании в Корее, а также руководитель проектов "Үздік Білім" и "Үздіктер" – Ергали агай.
🎯 Цель: Систематическая подготовка к AI олимпиаде
✔️ Регистрация: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 Подробнее: https://ai.edu.kz
__________________________

📰 NEWS
📢 Starting in February, a preparation course for the first AI Olympiad in Kazakhstan begins!
🇰🇿 Course language: Kazakh
👨‍🏫 Main trainer: AI engineer in a Korean company and leader of the "Үздік Білім" and "Үздіктер" projects – Yergali Trainer.
🎯 Goal: Systematic preparation for the AI Olympiad
✔️ Register here: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 More details: https://ai.edu.kz

Үздік БІЛІМ

25 Jan, 14:58


-= CooL Dostar=- деп аталатын инста серия бастап жатырмын.

Мектеп уақытынан араласатын достар болып, осы 10-күнде өткізген Алматы саяхаты болмақ.

Басты рөлдерде тек өзіміз, шеттерінен шетел көріп, бәрі Болашақ түлектері атанған достардың бас қосуы туралы қысқаша инста-рилстер болады.

1-ші серия. Кім қайдан келді?
https://www.instagram.com/reel/DFQARWEPArC/

PS. Алдағы уақытта, жүктелген жаңа сериялар туралы бұлай бөліспеймін, сол үшін қызық болса, инстаграмға жазыла өтіңіздер)

Үздік БІЛІМ

25 Jan, 06:40


Бәріне сәлем!

Көбі шетелге Түркия-Анталияға, БАӘ-Дубайға, Египет-Каирға қыдырғысы келеді ғой, ал біз достарымызбен өз елімізде қаншама тамаша жерлер барын біле тұра, неге шетелге қыдыруымыз керек деп, алдымен өз жерімізді аралаудан бастағанды жөн көрдік.

10-күндік саяхатымызда Алматы маңындағы табиғи жерлерді болып қайттық.

Осы саяхат үшін Астана мен Атыраудан қосылды демей-ақ, мен өзім Кореядан ұшып барсам, достарым сонау Ұлыбритания мен Швейцариядан, көрші Қырғызстаннан да келді)

https://youtu.be/UfAW1GXr9s8?si=oVnGs_-qJ3exDeeh

Үздік БІЛІМ

24 Jan, 12:19


🚀 Біздің Федерация жасанды интеллект бойынша Республикалық мектеп олимпиадасы — AI Olymp ұйымдастырушысы болады! Ең үздік қатысушылар оқу-жаттығу жиынына шақырылып, жиында IOAI 2025 қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы тізімі бекітіледі. Толығырақ біздің сайтта.


🚀 Наша Федерация станет организатором Республиканской школьной олимпиады по ИИ — AI Olymp. Лучших участников пригласят на сборы, где определится состав сборной Казахстана на IOAI 2025. Подробнее на нашем сайте.

Үздік БІЛІМ

17 Jan, 09:40


Бәріне сәлем!

Осы жақында ғана Астанада Жаутіков атындағы жарыс болып еді ғой.

Оған оқушылар, ұстаздар мен тренерлер үшін де жеке жарыстар болып, халықаралық жүлдегер алуға бар мүмкіндікьеріңіз бар еді.

Егер есептерін көрем десеңіздер мына сілтемемен басып өте аласыздар (ұстаздар үшін):

https://esep.cpfed.kz/contest/impact25teacher

Үздік БІЛІМ

09 Jan, 03:00


Жалпы пәндік олимпиаданың 3-кезең (облыстық) "Үздіктер" жоба қатысушылардың Информатика пәні бойынша нәтижелері:

Түркістан облысы бойынша

🥇1-орындар:
1) Әлдибек Нұрдаулет - (Түлкібас, 11) - респа! (+ квота)
2) Токтаров Инимжон - (Сайрам, 10) - респа! (+ квота)

🥈2-орындар:
3) Зайниев Кұдайберді - (Жетісай, 11) - (квота респа!)
4) Камал Жансерік - (Сарыағаш, 11)
5) Мұқаш Нұрислам - (Түлкібас, 9)

🥉3-орындар:
6) Әшірмет Аружан - (Сауран, 11)
7) Әлдибек Нұрислам - (Түлкібас, 10)
8) Серікбай Елмұрат - (Түлкібас, 10)
9) Әшім Нұрислам - (Түркістан, 9)
10) Утеулі Кәмшат - (Түлкібас, 9)

Алматы облысы бойынша
🥇1-орын:
11) Дармахан Ақтілек - (Смағұлов, 10) - респа!
🥈2-орын:
12) Нұрланұлы Адлет - (Іле, 10) - (квота респа!)

Қызылорда облысы бойынша
🥉3-орын:
13) Тоқтарқазы Рамазан - (Шиелі, 11)

Ақтау облысы бойынша
14) Себетов Жандарбек - (Мұнайлы, 11)

Сонда 5-оқушымыз ақтық кезең - Республикада бақ сынасатын болады. Сәттіліктер!!!

Кішігірім Үздіктер туралы тизер:
https://www.instagram.com/reel/DEl08VOzLsG/

PS. Бір Түркістан облысында Үздіктер жобасынан 10-оқушы жүрдегер атанып, оның 5-еуі Түлкібас аудан оқушылары!!! Түлкібас - тек құт мекені ғана емес, информатиктер отанына айналғандай!👏🏻

Үздік БІЛІМ

08 Jan, 11:11


Ертең “Python - деңгейлі курстарға” жазылудың соңғы күні. Одан кейін тіркелу 1-2 айдай жабық болады.

https://forms.gle/dkhvrEvDPca4cU1q9

Үздік БІЛІМ

07 Jan, 08:49


Облыстық кезең жалпы (1-2 күн) нәтижелері:
https://codeforces.com/spectator/ranklist/dbe0e60b6c56da8a1e28827d75cc9d4a

Үздік БІЛІМ

06 Jan, 13:48


Бүгін Python - деңгейлі курстар басталды.

Кешкі 19:00-де “Python 0-ден бастау” курстың алғашқы сабағы болса,

Кешкі 20:00-де “Олимпиадалық есептердің алғашқы деңгейі” курсының алғашқы сабағы болады.

Кешкі 21:00-де “Олимпиадалық есептердің орта деңгейі” курсының алғашқы сабағы болады.

Ал Күрделі деңгейлі курстың алғашқы сабағы бүгін болып, платформаға жүктелді.

Егер әлі де болса, бастауды ойлап жүрсеңіздер, басынан бастағанға не жетсін)

Тіркеліп, қосылып үлгеріңіздер.

Тіркелу 10-қаңтарға дейін жүреді:
https://forms.gle/dkhvrEvDPca4cU1q9

Python - деңгейлі курстар жайында сұрақ-жауап:
https://youtu.be/py0IZRlYxwU?si=2dmShliw7hyMVPs0

Үздік БІЛІМ

06 Jan, 11:19


Облыстық кезең 1-күн тапсырмалары:
https://codeforces.com/group/65iQgfdUI2/contest/578951

1 тур нәтижелері:
https://codeforces.com/spectator/ranklist/a5a27c331433e2345f1aa47772de524d

Үздік БІЛІМ

06 Jan, 07:42


Спорттық бағдарламалау федерациясы IMPACT 2025 информатика мұғалімдері мен спорттық бағдарламалау жаттықтырушыларына арналған Олимпиаданың серіктесі болып табылады.

🎯 Мақсаты: кәсіби шеберлігі жоғары талантты мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау және қолдау.

🗓 Күні: 2025 жылдың 13–17 қаңтары
📍 Орны: Астана
💻 Форматы: онлайн және оффлайн

Информатика мұғалімдері санаты бойынша тіркелу және қатысу шарттары туралы толық ақпарат impact.izho.kz сайтында берілген.

Жаттықтырушылар санаты бойынша қатысушыларды тіркеу сілтемесі, сондай-ақ Олимпиада ережелері мен талаптары сілтемеде көрсетілген.

Қосымша ақпарат посттағы суреттерде.

Үздік БІЛІМ

05 Jan, 04:20


Осы шығарылым ерекше, себебі бізде 2 қонақ және екеуі де Қазақстандағы ең табысты стартаптардың бірі – 1Fit-тен.

Мейір Әділжанов, Chief New Markets Officer, 1Fit-ті негізін қалаушысы – бизнесті жаңа нарыққа стратегиялық кеңейтумен айналысады. Оның басшылығымен 1Fit Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда іске сәтті қосылды.

Асқар Ақшабаев, Chief Technical Officer, 1Fit-ті негізін қалаушысы – техникалық іске қосуға жауап береді және платформаны жетілдіруде шешуші рөл атқарады.

EA Ventures by EA Group венчурлік бөлімінің басшысы Әділбек Камиевпен әңгімелесу барысында Мейір мен Асқар 1Fit-тің құрылу тарихын айтып берді. Одан бөлек, платформаның маркетингі қалай жұмыс істейтіні және фаундерлерге достық пен 1Fit-ті сақтауға не көмектескені туралы әңгімелесті.

Видео: https://tapthe.link/m8Sz6-2fnx

Аудио: https://investdala.mave.digital/?utm_source=chat_kz&utm_medium=7episod

Үздік БІЛІМ

04 Jan, 15:22


https://youtu.be/py0IZRlYxwU

Үздік БІЛІМ

03 Jan, 14:22


Деңгейлі курстар жайлы - кіріспе зум сабағы - АШЫҚ болады.
Ертең 4-қаңтар (сенбі) сағат 19:30-да болады.

Кіріспе зум сілтемесі:
https://us05web.zoom.us/j/84728815382?pwd=zFB7fKGOwbObeao5Hg9wvmKUoYc7ql.1
Meeting ID: 847 2881 5382
Passcode: uzdik2025

Негізгі сабақтар 6-қаңтар (Дүйсенбіден) басталады.

Курсқа тіркелу 10-қаңтарға дейін ашық болады.

Тіркелу сілтемесі:
https://forms.gle/dkhvrEvDPca4cU1q9

Үздік БІЛІМ

01 Jan, 02:55


Кіріп келген жаңа 2025 жыл құтты болсын!

Осы жылы тек жақсылық пен бақытқа толы жыл болсын!

Оқуға тапсырып жатқандар, өз ойындағы баллын алып, сүйікті мамандығына түссін!

Ұстаздарымыз квал тесттерден өтіп, өз ойлаған дәрежелеріне жетуге нәсіп етсін!

Жалпы осы жылға қойған мұрат мақсаттарыңыз орындалып, үлкен жетістіктерге жетуімізге нәсіп етсін!

Жаңа 2025 жыл сіз бен біз үшін Үздік Білім жылы болсын!

Үздік БІЛІМ

29 Dec, 07:42


Үздік Білім телеграм арнасына 2024 жыл үшін қорытындыласық)

Үздік БІЛІМ

29 Dec, 03:31


Кореяда жасанды интеллект технологиялары туралы тікелей эфир жазбасы:
https://youtu.be/1dVdVo3ZLsk

Үздік БІЛІМ

28 Dec, 13:41


Бұйыртса 1-сағатта тікелей эфир басталады)

Осы эфирде тоқталатын тақырыптар:
- Жасанды интеллект даму қарқыны;
- Кореядағы жұмыс тәжірибем мен Корея AI жобалары;
- Алда не күтеміз, ЖИ қорқынышты терминатор болып кете ме?

Деген тақырыптарты қозғаймыз😉

Үздік БІЛІМ

26 Dec, 08:38


Барлықтарыңызға сәлем!

Осы сенбі күні (28-желтоқсан) кешкі сағат 19:30-да (Алматы уақытымен)
Тікелей эфир инстаграмда болады.

Ол жерде жалпы жасанды интеллект туралы тақырып қозғалып, қызықты ақпараттармен бөлісеміз.

Жіберіп алмаңыздар)

https://instagram.com/yergalife

Үздік БІЛІМ

24 Dec, 16:56


🗓️ 29 желтоқсанда сағат 12:00-де Қазақстанның спорттық бағдарламалау Чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңі басталады!

💻 14 жастан бастап кез келген қатысушы өз бағын сынай алады.

🔗 Сілтеме арқылы тіркеліңіз.

📌 Толығырақ — карусельде. 🚀
——

🗓️ 29 декабря в 12:00 стартует первый отборочный этап Чемпионата Казахстана по спортивному программированию!

💻 Участвовать могут все желающие от 14 лет.

🔗 Зарегистрируйтесь по ссылке!

📌 Подробнее — в карусели. 🚀

Үздік БІЛІМ

22 Dec, 07:52


Бәріне сәлем!

Кодфорсеста жылына 1-рет аккаунт есімін (хэндл) ауыстыруға болады.

Міне қазір сондай период)

Кез-келген есім мен ранк қоя аласыздар)

https://codeforces.com/settings/rank

Үздік БІЛІМ

18 Dec, 23:48


🚀 CPFED Uzdik IT Ustaz бірінші периодтың Негізгі кезеңі!

Турнирдің Негізгі кезеңі 20 желтоқсан күні сағат 14:00-де офлайн форматта облыс орталықтарында өтеді!

Турнирге келесі аймақтардың мұғалімдері қатысады:
- Қызылорда облысы
- Абай облысы
- Павлодар облысы
- Қостанай облысы
- Жетісу облысы
- Алматы облысы
- Жамбыл облысы
- Қарағанды ​​облысы
- Ақмола облысы
- Астана қаласы
- Шымкент қаласы
- Алматы қаласы

📌 Қатысушылар тізімі мен өтетін орындар сілтеме арқылы қолжетімді.

Жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыз және осы кезеңге дайын болыңыз! Сәттілік тілейміз!

Үздік БІЛІМ

18 Dec, 09:01


14 мысалын көрсетейін жақсы:

Нақты (бөлшек) сандарды 2-лікке, 8-дікке, 16-лыққа келтіру

Берілгені: 711,1796875
711/2 ге бөлу арқылы қалдығын аламыз, сонда 711=1011000111

Ал бөлшекті керісінше 2-ге көбейтеміз:
1) 0,1796875*2=0,359375 мұнда үтірдегі санды қараймыз, мұнда 0 бүтін , сонда 0 сақтаймыз
2) 0,359375*2=0,71875 => 0 бүтін
3) 0,71875*2= 1,4375 => 1 бүтін, кейін бүтінді алып тастаймыз: 1,4375-1=0,4375
4) 0,4375*2= 0,875 => 0
5) 0,875*2= 1,75 => 1
6) 0,75 * 2 =1,5 => 1
7) 0.5 * 2 = 1,0 => 1 осымен тоқтайды.
Сонда 0,1796875 = 0,0010111

Жауабы:
1011000111,0010111

Ал егер осы санды 8-лікке не 16-лыққа келтіру керек болса, онда

8-дікке келтіру
бүтіні 1011000111 => соңынан бастап 3-тен бөлеміз: 1-011-000-111 сонда 1-3-0-7 яғни бүтін бөлігі 1307.
Ал қалдығы 0010111 => алдынын 3-тен бөлеміз, сонда 001-011-100 соңына жетпеген жерге 0-мен толықтырамыз, сөйтіп 1-3-5 яғни 135

Толық жауабы 8-дікте 1307,135

16-лықта та сол логика, бірақ уже 4-еуден бөлеміз
Бүтіні: 10 1100 0111 = 2С7
Бөлшегі: 0010 1110 = 2E

Сонда 16-лықта толық жауабы:
2С7,2E

Үздік БІЛІМ

16 Dec, 01:10


Еліміз асқақтап, көк туымыз әрдайым желбірей берсін!
Тәуелсіз күн құтты болсын!

Үздік БІЛІМ

15 Dec, 14:03


Бәріне сәлем!

Бүгін сағат 19:35-те Див-4 ресми контесті басталады!
https://codeforces.com/contests/2044

Үздік БІЛІМ

15 Dec, 08:09


https://www.youtube.com/live/cGH7kNebSL8

Үздік БІЛІМ

13 Dec, 12:06


🎥 Northern Eurasia Finals 2024 тікелей эфирі қазақ тілінде!

14–15 желтоқсан күндері сіздерді ICPC жартылай финалын тікелей эфирде тамашалауға шақырамыз! Бұл контестте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның үздік командалары финалға өту үшін күш сынасады.

💡 Эфирде не болады?
• Контесттің өту барысын тікелей эфирде бақылау мүмкіндігі.
• Трансляция кезінде сүйікті командаңыздың кодын көру мүмкіндігі.
• Трансляцияны сіздің қалауыңызға сай ету мүмкіндігі — қай команданы көргіңіз келетінін комментарийлерде жазыңыз, біз оны міндетті түрде көрсетеміз!
• Спорттық бағдарламалау әлемінің беделді сарапшы спикерлері.

📌 ICPC World Finals 2024 кезінде қазақ тіліндегі трансляция көрілім саны бойынша үздік 2 қатарына кірген болатын. Бұл жолы да қазақ тіліндегі контенттің дамуына бірге үлес қосайық!

📍 Трансляция сілтемесі: https://youtube.com/live/cGH7kNebSL8?feature=share
🚀 Қосылыңыз және сүйікті командаларыңызды қолдаңыз!

Үздік БІЛІМ

12 Dec, 07:41


Деңгейлі курстарға тіркелу жалғасуда. Бір уақытта 4 курс қатар жүрмек.

Курс ұзақтығы:
1) Python 0-ден бастау (жалпы питон жайлы курс) - 2-ай
2) Алғашқы деңгей (тек олимпиадалық есептер бойынша) - 3-ай
3) Орта деңгей (тек олиипиадалық есептер бойынша) - 3-ай
4) Күрделі деңгей (тек күрделі олимпиадалық тақырыптар бойынша) - 3-ай

Әр курс форматы:
- Әр дүйсенбі - Жаңа 1 тақырып түсіндіру сабағы;
- Әр дүйсенбі - 1-ші контест (контест ұзақтығы 72-сағат, 3-5 есеп);
- Әр бейсенбі - 2-ші контест (контест ұзақтығы 72-сағат, 3-5 есеп);
- Әр сенбі - Өткен 2-контестін талдау сабағы;
- Әр жексенбі - Арнайы кері байланыс зум сабағы;
- Әр 2-аптада 1 бақылау контесті (контест ұзақтығы 3-сағат 3 есеп).

Курс қолжетімді уақыты 6-ай.

Алғашқы сабақ - 06/01/2025.


Тіркелу үшін:
https://forms.gle/4gouHqAEJWWywuAf6

Үздік БІЛІМ

27 Nov, 09:31


TOP5-тікте 4-Үздік!🚀

Толық 1-күн нәтижесі:
https://codeforces.com/spectator/ranklist/56d72e9c8b231855a9d5ead73c9d40a0

PS. 3-ші тұрған да оқушым екен) Деңгейлі курсымда қатысып осындай дәрежеге жетіпті☺️

Үздік БІЛІМ

27 Nov, 02:53


Бүгін Ауыл мектептеріне арналған соңғы шешу кезең - Республикалық кезең басталды.

Информатика пәні Астана IT университетінде болады.

Үздіктер жобасының 6-оқушысы осы кезеңге жолдама алған болатын)

Бәріне сәттіліктер!

Үздік БІЛІМ

23 Nov, 08:29


Кеше @CPFed.kz ұйымдастыруымен - "Үздік ИТ ұстаз" турнирінің алғашқы іріктеу кезеңі өтті.
Ол турнирге тек мектеп мұғалімдері қатыса алатын жеке бір жарыс түрі.
Мінекей сол іріктеудің нәтижелері:

https://esep.cpfed.kz/contest/uzdik24elim/ranking/

Үздік БІЛІМ

22 Nov, 13:59


Бұйыртса, өз оқушыларымызға соңғы республикалық кезеңге өткен “Үздіктер” жобасының оқушысыларына осындай Үздіктер деген фирменный футболкаларымен көретін боласыздар)))

Үздік БІЛІМ

22 Nov, 00:54


🎉 CPFED Uzdik IT Ustaz қатысушыларына!

🗓️ Турнир: 22 қараша, 16:00
📍 Платформа: esep.cpfed.kz
📧 Логин мен пароль электронды поштаңызға жіберіледі.

❗️ Тіркелмеген болсаңыз, сілтеме бойынша тіркеліңіз.


🎉 Участникам CPFED Uzdik IT Ustaz!

🗓️ Турнир: 22 ноября, 16:00
📍 Платформа: esep.cpfed.kz
📧 Логин и пароль придут на вашу почту.

❗️ Не зарегистрировались?
Регистрируйтесь здесь

Үздік БІЛІМ

18 Nov, 12:21


Астана IT университетінің кезекті ICODE жарысына тіркелу басталды.
Бүкіл 9-11(12) сыныптар үшін арналған жарыс түрі

https://www.icode.astanait.edu.kz/

Үздік БІЛІМ

15 Nov, 15:26


🌟 Айдос Нұрмаштың жолы: Қызылорда облысы Жалағаш ауданының оқушысынан спорттық бағдарламалаудағы "халықаралық гроссмейстерге" дейін! 💻

Ол мұндай биіктерге қалай қол жеткізді? Біздің бейнеден біліңіз! 🎥

🗓️ Естеріңізге саламыз: 16 қараша күні ICPC 1/4 финалы өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🍀
——

🌟 Путь Айдоса Нурмаша: от школьника из Жалагашского района Кызылординской области до “международного гроссмейстера” в спортивном программировании! 💻

Как ему удалось добиться таких высот? Узнайте в нашем видео! 🎥

🗓️ Напоминаем: уже 16 ноября состоится 1/4 финала ICPC. Всем участникам желаем удачи! 🍀

Үздік БІЛІМ

12 Nov, 23:55


#UzdikITUstaz

🚀Жауырда CPFED Uzdik IT Ustaz турнирінің жаңа маусымы! Қазақстанның түкпір-түкпірінен информатика пәні мұғалімдерін қатысуға шақырамыз. Өткен жылы турнирге 11 облыстан 592 мұғалім қатысты — биыл бұл сан одан да көп болады деп сенеміз!

📅 Толығырақ ақпарат сайтта!


🚀 Новый сезон турнира CPFED Uzdik IT Ustaz уже скоро! Приглашаем учителей информатики со всех уголков Казахстана присоединиться. В прошлом году с нами были 592 учителя из 11 областей — в этом сезоне будет еще больше!

📅 Подробнее на сайте!

Үздік БІЛІМ

08 Nov, 12:56


Сіздерді Fizmat AI Olympiad-қа қатысуға шақырамыз — Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша алғашқы олимпиада!

Олимпиада 8-11 сынып оқушыларына арналған және машиналық оқытуды енді бастағандар үшін жасалған. Олимпиадада барлық қажетті теориялық материалдар беріледі, ал көптеген тапсырмаларды логиканы қолдана отырып шығаруға болады.

Әр командада 3 адамға дейін қатысады.
Іріктеу кезеңі 10-шы қарашада онлайн форматта өтеді, ал негізгі кезең 24-ші қарашада РФММ-да өтеді. Бұл бағдарламалау, математика және машиналық оқыту салаларында өз күшіңізді сынап көруге тамаша мүмкіндік 💡.

Тіркелу сілтемесі био-да

Біздің сайтта пайдалы ақпарат көп: https://faio.kz

Telegram-дағы қауымдастығымызға қосылыңыз: https://t.me/fizmatai

Сәттілік тілейміз және олимпиадада кездескенше! 🚀

Үздік БІЛІМ

07 Nov, 15:50


Ең алғашқы мектеп оқушыларына арналған AI олимпиадасының ұйымдастырушы - РФМШ ұстазы
Қуаныш Өтеумен арнайы сұхпат.

https://www.youtube.com/watch?v=aswVs-hC93E

Пайдалы ресурс ретінде - "Python көмегімен деректерді талдау" курсын қарап көріңіздер

Үздік БІЛІМ

07 Nov, 13:52


10 минуттан кейін тікелей эфир Инстаграмда басталады!

https://instagram.com/uzdik.bilim

Үздік БІЛІМ

06 Nov, 10:51


📌Ертең!
Кешкі сағат 19:00-де!
Инстаграм Live!


Арнайы қонағымыз
FAIO (ФизМат AI олимпиада) ұйымдастырушысы - Қуаныш Өтеу ұстазбен болмақ!

Осы жайында сұқпаттасамыз.

Өткізіп алмаңыздар)

Болатын платформа:
https://instagram.com/uzdik.bilim

Үздік БІЛІМ

06 Nov, 07:45


Бәріне сәлем!

Сіздер қарапайым информатика олимпиаданы үйренейік деп жүргенде, Қазақстанда Жасанды Интеллект (ЖИ ~ AI) олимпиадасы басталып жатыр.

Ең алғашқы оқушылар арасында ЖИ олимпиадасына тіркелу жүруде. Оны РФМШ (физмат) ұйымдастыруда, тіркелу үшін сілтеме:
https://faio.kz

Пайдалы кеңестер ретінде мына тақырыптарды дайындалуды ұсыныпты.
https://faio.kz/advices.html

Жалпы атап өтетін жайт, Оқушылар үшін 2-інші Халықаралық Жасанды Интеллект Олимпиадасына (IOAI) да тіркелу ашылыпты. Бұйыртса, ол келесі жылы тамызда Қытайда болмақ.
https://ioai-official.org/

PS. Өзіме де келесі жылы сол AI саласына толықтай өтемін деп жоспарлап жүр едім, сұрағанға береген болудаТез бастауыма да жақсы мотивация болуда)

Үздік БІЛІМ

04 Nov, 10:58


Сәлеметсіз бе! 👋 Qazaq IT Tech командасы жаңа тегін үш кезеңдік QazaqStars жобасына қатысуға шақырады!

🌟 Жобаның негізгі кезеңдері:

1️⃣ Тіркелу және танысу кезеңі

Жобаға Қазақстанның кез келген өңірінен қатысуға болады. Тіркелгеннен кейін, сіздің почтаңызға  жабық Telegram чатына қосылатын шақыру сілтемесі жіберіледі. Бұл кезеңде белсенділік танытпаған немесе байланыссыз қалған қатысушылар келесі кезеңге өтпейді.

2️⃣ IT әлемі және Python тілін меңгеру
Бұл кезеңде IT саласының негіздерімен танысып, Python бағдарламалау тілін үйренесіз. Қатысушыларға телеграм-бот жасау, скрипттер жазу, есептер шығару сияқты практикалық тапсырмалар беріледі. Әрбір тапсырмаға ұпайлар беріледі, және нәтижелер арнайы жүйеде есептеледі. Ең белсенді және жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтеді.

3️⃣ Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
Бұл кезеңде оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласы үйретіледі. Жүйелердің жұмыс істеу принциптері, олардың осалдықтарын анықтау және қорғау тәсілдері түсіндіріледі. Әртүрлі бұзу(взлом) әдістері үйретіледі. Осы кезең күрделі әрі қиын болады. Соңына дейін қалған оқушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.

🔗 Тіркелу үшін немесе толық ақпарат алу үшін сайтқа өтіңіз

👨🏻‍💻 Жоба IT саласына енді қадам басып жатқан адамдарға арналған. Сізде IT саласында опыт болса, бұл жоба сізге арналмаған.

📅 Орын шектеулі — тек 100 қатысушы қабылданады!

Жобаға қатысып, өзіңізді IT әлемінде дамытудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Үздік БІЛІМ

04 Nov, 07:46


Кешегі өткен Ауыл олимпиаданың облыстың кезеңі 1-2 тур тапсырмалары группаға жүктелді!

Дорешка жасауға жақсы мүмкіндік

https://codeforces.com/group/MRjAPw84Vc/contests

Үздік БІЛІМ

01 Nov, 17:07


@ChatGPT: "Based on what you know of me, draw a picture of what you think my life currently looks like"

Деп чатГПТ жазғанда менің өмірімді осылай елестетеді екен😅

PS. Here’s a depiction of what your life might look like at the moment, centered around AI research, teaching, and tech projects.

Үздік БІЛІМ

30 Oct, 01:35


Қайырлы таң!

Бүгінгі Ауыл олимпиадасына қатысатын оқушыларға сәттіліктер!!!

Бүгінгі жарыс - әділ болсын!

Маңдай термен жинаған білім мен еңбектің жемісі жасасын!

Ал ұстаздарға айтарым, әділетсіздікті байқасаңыздар, бірден тоқтатуға ат салысаңыздар!

Сіздің ол кішкентай бір көмегіңіз, басқа өз бетінен дайындалып жүрген оқушының жолын кесуі мүмкін!

Әділ болайық!

Үздік БІЛІМ

29 Oct, 09:02


Бүгін еліміздің облыс орталықтарында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі ресми түрде бастау алды. Облыстық кезеңде 12 000-нан астам аудандық кезең жеңімпаздары білімдерін сынауда. Олимпиада дәстүрлі форматта 13 пән бойынша екі турдан өтіп, 93 облыстық тірек мектепте ұйымдастырылған.

Өңірлерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар және ауа райы жағдайлары мұқият қадағалануда.

Айта кетейік, алғашқы кезеңге 113 307 оқушы тіркеліп, 99 264-і қатысты. Іріктелген 74 639 оқушының 53 593-і аудандық кезеңде бақ сынады.

Үшінші кезеңнің үздік қатысушылары (әр пән және сынып бойынша екіден аспайтын жеңімпаз) төртінші (республикалық) кезеңге жолдама алады (Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11(12) сынып оқушылары).

Үздік БІЛІМ

27 Oct, 14:46


https://youtu.be/jOV3fgOsxsI

Үздік БІЛІМ

27 Oct, 06:51


Ауыл мектеп оқушыларына арналған Облыстық кезең олимпиадасы. Информатика. (2023-2024, 1 поток)

Ал 2-поток сәл кешірек бүгін шығады
https://youtu.be/dno0ExyEsh8

Үздік БІЛІМ

25 Oct, 06:18


Python курсы (кіріспе)

Оқушылар мен мұғалімдерге, сондай-ақ есеп шығаруды үйренгісі келетіндерге арналған Python курсы – бағдарламалауға алғашқы қадамыңыз!

Курс ерекшеліктері:

Бағасы: 18 000 тг
Тіл: Қазақша
Формат: Аптасына 3 рет Zoom арқылы
Практика: 3 лекция, 3 контест
1-ші сабақ тегін!
Ұзақтығы: 1-1,5 сағат
Курс: 12 сабақ (1 ай)
Қолжетімділік: Сабақтар YouTube-та жабық сілтемемен сақталады.

Тақырыптар:

• Python негіздері
• Шартты операторлар (if, else)
• Циклдар (for, while)
• Массивтер
• Сөздік

Курс сізге есептерді шешуді үйретіп, Python дағдыларыңызды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Толық ақпарат: @Umeke1 @prime_code1

Үздік БІЛІМ

25 Oct, 03:07


Қазақстан 🇰🇿 өз Егемендігін алған күні құтты болсын!!! 🎆🎇👏🏻🤩

Үздік БІЛІМ

25 Oct, 01:27


Арнайы дайындыққа көмек болсын деп - Ауыл Олимпиадасының Облыстық кезеңге өткен оқушылар үшін жасалған 14 күндік 14 контесттің нәтижесі төмендегідей:

https://codeforces.com/spectator/ranklist/289af43e3e0af7fb1652565da5d6dc83

Мұнда тек оқушылар ғана емес, қызығушылық танытқандардың барлығы да қатыса алады.

Қатысу тегін!

Тіркелу үшін:
https://kunde.contest.codeforces.com/groupRegister

Үздік БІЛІМ

23 Oct, 12:59


🎬 nFactorial Originals және AstanaHub спорттық бағдарламалау туралы деректі фильмді ұсынады!

«Задача D. Как спортивное программирование меняет мир?» фильмі бізді Астанада өткен ICPC Worls Finals 2024 Халықаралық бағдарламалау олимпиадасының оқиғаларын еске салады. Фильмде ICPC қатысу қатысушылардың өмірін, олардың мансап жолдарын қалай өзгерткенін және біздің болашағымызды қалыптастыратын инновацияларға қалай шабыт бергенін білесіз.
🔗 Фильмге сілтеме

Тамашалаңыз!
——

🎬 nFactorial Originals и AstanaHub представляеют документальный фильм о спортивном программировании!

Фильм «Задача D. Как спортивное программирование меняет мир?» погружает нас в события Международной олимпиады по программированию ICPC Worls Finals 2024, которая прошла в Астане. В фильме вы узнаете, как участие в ICPC изменило жизни участников, их карьерные пути и вдохновило на инновации, формирующие наше будущее.
🔗 Ссылка на фильм

Приятного просмотра!

Үздік БІЛІМ

23 Oct, 01:11


🚀 ICPC 1/8 финалына тіркелу басталды!

ICPC Regional Finder сайтына өтіп, командаңызды тіркеңіз.
Толық нұсқаулықты видеодан көре аласыз.

Тіркелу 2 қарашаға дейін ашық!
——
🚀 Регистрация на 1/8 финала ICPC уже открыта!

Переходите на сайт ICPC Regional Finder и создайте свою команду. Подробная инструкция в видео.

Не пропустите, регистрация до 2 ноября!

Үздік БІЛІМ

16 Oct, 11:43


Жақсы, ниет етіп қатысушылар көбейгеннен, бәріне ашық жасауға бел будым)

Яғни кім күнде IOI контестке қатысқысы келсе, мына форманы толтырып жіберсін. Сөйтіп көп ұзамай сол логин парольмен кіре алады.

https://forms.gle/mqBEihxQx2FZaVh38

Үздік БІЛІМ

15 Oct, 06:11


Бәріне сәлем!

Кешегі Ауылдық олимпиададан 2-ші кезең (Аудандықтан) облысқа өткендер бар ма, әсіресе информатика пәні бойынша облыстық 3-кезеңге жолдама алғандар?

Бар болса, өздеріңді таныстырып, белгілеп өтсеңдер:
Аты жөнің, сыныбыңды, және облыс (және дәлел ретінде құжатты да жіберсеңдер)

Сендер үшін бейресми кодфорста топ құрып сонда дайындыққа шақырайын.
Өзара сол жақта 2-аптадай жарысып дайындаласыңдар.

PS. kunde.contest.codeforces.com

Үздік БІЛІМ

14 Oct, 10:10


Бүгін кешке Орта деңгейлі курс (Олимпиада есептері бойынша питон курс) алғашқы сабағы болады.

Егер басынан қосылам десеңіздер, әлі мүмкіндіктеріңіз бар.

https://forms.gle/UirpFTp4yrcZTKVE9

Үздік БІЛІМ

14 Oct, 09:53


2-кезең Ауыл Олимпиаданың тапсырмалары

Үздік БІЛІМ

14 Oct, 09:26


Түркістан облысы бойынша 2-кезең Ауыл Олимпиаданың жалпы нәтижесі

Үздік БІЛІМ

10 Oct, 06:21


​​📚 Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі басталды

✔️ Бүгін 188 аудан орталығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі басталды. Онда мектепішілік кезеңнен іріктелген 74 000-нан астам оқушы өз білімдерін көрсетуде.

🧑🏻‍💻 Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі:
• I кезең (мектепішілік) – 2024 жылдың қыркүйегі;
• II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;
• III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;
• IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.

📍 Естеріңізге сала кетейік, республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңіне 113 мыңнан астам 9-11(12) сынып оқушылары тіркеліп, оның 99 мыңы қатысқан еді. Өткен жылмен салыстырғанда 13 мың қатысушыға артты.

📁 Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бұл олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді. Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Олимпиаданың алғашқы жылының қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 8 есеге артты.

📌 Анықтама үшін: Олимпиада кезінде ауыл оқушылары жан-жақты қолдау тауып, алдағы зияткерлік сайыстарға дайындалу үшін «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Сондай ақ, жеңімпаздар еліміздің жетекші оқу орындарының гранттарына ие болады.

🔗 Олимпиада үш күнге созылады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Үздік БІЛІМ

07 Oct, 12:48


Бұйыртса, келесі апта орта деңгейді бастаймыз!

Жалпы орта деңгей курстың ұзақтығы 2-ай, және өтілетін тақырыптар да орта деңгей 100 олимпиада есептерін талдау болмақ.
Шамамен 20-22 сабақ болады.

Тіркелу үшін:
https://forms.gle/UirpFTp4yrcZTKVE9

Үздік БІЛІМ

07 Oct, 05:15


Сіздерге тек қазақ тіліндегі жауап беретін жасанды интеллект (AI) -
Қазақи ЖИ” телеграм ботын ұстынамын, оның мүмкіндіктері шектеулі болса да, біраз нәрседен көмек бере алады.

Тексеріп көріңіздер:
t.me/kazrobot

Үздік БІЛІМ

06 Oct, 06:19


Бәріне сәлем!

Өткен айда Астанадағы үлкен әлемдік дода - 2024 ICPC WORLD FINALS болғанын бәріңіз естіген боларсыз?

Әлемнің түкпір түкпірінен жиналған MIT, Stanford, Oxford, Cambridge секілді 140-тен аса универлердің командалары жиналып, программалаудан жарысқан еді.

Осындай үлкен іс шараны басынан аяқ ұйымдастырған - Қазақстан Спорттық Программалау Федерация (@cpfed) еді, әрине олар өте күшті атқарып, Қазақстанның беделін бір асқақтатып көтерді.

CPFed - шағын, әрі жақында құрылған ұйым болса да, елдің IT саласын, оның ішінде программалауға қатысты түрлі жарыстар мен чемпионаттар өткізіп келеді. Одан бөлек оқушылар мен ұстаздар үшін де түрлі курстар мен жаттығу залдарын ұйымдастыруда)))

Сол бір қозғалыстың арасында менде бар болғаныма өте қуаныштымын)

PS. Астанадағы финалға жеке себептермен бара алмай қалғаннан, маған арнайы базарлық сыйлықтарды да салып жіберіпті. Үлкен рахмет!!! 😍

Үздік БІЛІМ

04 Oct, 02:22


Мағжан Жұмабаев: “Алты алаштың баласы бас қосса, төр - әрдайым мұғалімдікі” - демекші,

Құрметті Ұстаздар,
Төл мерекелеріңіз құтты болсын!!! 😍

Үздік БІЛІМ

02 Oct, 07:00


🌟Назар аударыңыздар, 7-9 сыныптар!🌟

🔎Almaty Junior Olympiad in Informatics 2024 – бұл Қазақстан бойынша 7-9 сынып оқушыларына арналған ICPC форматындағы спорттық программалау жарысы. Олимпиадада берілген есептерді өзіңіз таңдаған шамамен барлық программа тілінде шығару керек. Жүлделер: ақшалай, курстарға жеңілдіктер, брендтік киімдер

Тіркелу біздің сайтымызда өтеді
https://ajoi.kz/
Одан кейін, сіздің поштанызға нұсқаулық келеді.
Тіркелу 10 қазанға дейін ашық болады.

Жарыстың барлық жаналықтарын қадағалау үшін инстаграм парақшамызға жазылуыңызға болады (https://www.instagram.com/ajoi_2024/)
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

🌟Внимание, ученики 7-9 классов!🌟

🔎Almaty Junior Olympiad in Informatics 2024 – это олимпиада по спортивному программированию среди школьников 7-9 классов по всему Казахстану. На Олимпиаде вам нужно будет решать данные вам задачи на почти любом из языков программирования. В призы входят денежные, скидки на курсы, и брендовая одежда.

Регистрация будет проходить на нашем сайте
https://ajoi.kz/
После, на вашу почту будет отправлена инструкция.
Регистрация будет открыта до 10 октября.

Чтобы следить за всеми новостями советуем подписаться на наш инстаграм канал (https://www.instagram.com/ajoi_2024/)

Үздік БІЛІМ

01 Oct, 15:42


Ауылдық Олимпиаданың 1-кезең нәтижелері (тек Түркістан облысы бойынша)

Үздік БІЛІМ

30 Sep, 13:59


Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі аяқталды

Мектепішілік кезеңге 113 307 оқушы тіркеліп, 99 264-і қатысты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 863 қатысушыға артқанын көрсетеді.

І кезеңнің қорытындысы бойынша аудандағы жалпы қатысушылардың ең жоғары ұпай жинаған 90 оқушысы (30 оқушы әр пән, әр сынып бойынша (9 сынып-30, 10 сынып-30, 11 сынып-30) олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға жіберіледі. Әр аудан бойынша барлығы – 1170 қатысушы.

Екінші кезең 9-11 қазан аралығында аудан орталықтарында тест форматында өтеді.

Айта кететін жайт, олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.

Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі. Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған.

Үздік БІЛІМ

26 Sep, 06:59


Қазақ тіліндегі GenAI
https://uzdik.github.io/gen-ai/

Үздік БІЛІМ

26 Sep, 03:11


https://youtu.be/SNuIw9VZsrk?si=90JCZwQSbiVcf9BV

Үздік БІЛІМ

25 Sep, 07:57


​​⚡️ Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды

📍 Бүгін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі басталды. Олимпиадаға 113 мыңнан астам 9-11(12) сынып оқушыларының рекордтық саны тіркелді. Өткен жылға қарағанда қатысушылар саны 34 мың оқушыға артты.


📚 Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі:

• I кезең (мектепішілік) – 2024 жылдың қыркүйегі;
• II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;
• III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;
• IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.

🔷 Бұл ретте өткен жылғы олимпиада жеңімпаздары биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне пәндер сәйкестігі бойынша барлық кезеңдерге қатысу шарттарын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.

🔗 Мектепегі кезеңіне тіркелу auyl.daryn.kz сайтында өтті, ал кезеңнің өзі 2024 жылдың 28 қыркүйегінде аяқталады.

🔰 Естеріңізге сала кетейік, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бұл олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді. Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Осылайша, олимпиаданың бірінші жылының қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 8 есеге жуық артты.

📌 Анықтама үшін: Олимпиада кезінде ауыл оқушылары жан-жақты қолдау тауып, алдағы зияткерлік сайыстарға дайындалу үшін «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Айта кету керек, олимпиада жеңімпаздары еліміздің жетекші оқу орындарының гранттарына ие болады.