Akma.hanifa🫀 @akma_hanifa Channel on Telegram

Akma.hanifa🫀

@akma_hanifa


Сен іздеген қазына өз ішіңде жатыр…

Akma.hanifa🫀 (Kazakh)

Akma.hanifa🫀 атындағы Telegram көзімізге арнайы қанағатты көлікті ашушыларды қамсыздайтын қазынасы бар. Бұл каналда сіз сен іздеген қазына өз ішіңде жатыр деп сенімді жаңалықтар, кеңестер мен жаңа ідеялар таба аласыз. Akma.hanifa🫀 жүйесін пайдаланушылар үшін арнайы мекендердің жинағы болып табылады. Осы көлікті ашу каналы барлық түрлі бейне жанрларында мазмұн табуға мүмкіндік береді, сондықтан сізге көптеген қызықты жаңалықтар және мәдени қосымшалар үшін оны субтитрлерімен бірге пайдалануға болады. Бұл көлікті ашу каналы арқасында сіздің күтіп жатқан оқиға, білім алу және зерттеу кезінде жаңа бейне жаңалықтарының жиынтығын таба аласыз. Скоро ашу каналына қосылыңыз және басқалармен бөлісіңіз, жаңа білім алыңыз және кеңес алыңыз!

Akma.hanifa🫀

30 Dec, 20:37


Раджаб айы ертең түнде кіреді… біраз реакция жинап қояйық, қысқаша бөлісемін не істеу керегін)

Akma.hanifa🫀

28 Dec, 14:04


Қаза намазын шын өтегісі келетін, тез уақытта нақты жоспармен бітіргісі келетіндер болса “Қаза намаз” практикумы бар🙌

Нөлден бастап шайнап түсіндірілген аудио, текст, сызбамен, түрлі қосымша ақпараттарымен🙌

Намазын, ақыретін уайымдаушы, қазасын өтеуге ниеттілер ғана қажет болса алсаңыздар болады, тек сіздердің сұраумен жасалған сабақ болатын🙌

Құны: 2.000 теңге
Доступ 2 ай

Чек ж/е каспи осы номерде: http://wa.me/77476534707

Akma.hanifa🫀

28 Dec, 12:14


Адамның басына келетін түрлі бәле-жаланың басты себебі - Раббысынан шағымдануы… яғни, Раббысының жазғанына, бергеніне наразы болып, өміріне шағым айта беруі…

©️Алла достары

Akma.hanifa🫀

27 Dec, 20:06


Сондай тәтті кітап қой, сондай ғажайып кітап қой🥹

Қазір Құранның мұғжиза баптарын Аллах оқытып жатыр, енді айтып жеткізу мүмкін емес қой, шоктың үстіне шокка түсіп түсіп, миым төңкеріліп…🥹

Әр аяттағы жасырын кодтар, құпия белгілер, скрытый смс тер, әріптердің сырлары… Аллах қандай ааа, қандааай? Бізге түсірген Кітабының 0,0001%-ы ғана осындай болса, Кітаптың Авторы қандай екен?🥺😍

Akma.hanifa🫀

27 Dec, 20:01


Намаз, Құран, истиғфар - ылғи қозғай беретін, қақылдааап айта беретін тақырыптарым, байқасаңыз)

Бұлар болмай, үстіне басқа нәрсе тұрғыза алмаймыз🙌

Akma.hanifa🫀

27 Dec, 19:59


Құранды күнде қанша оқысақ та аз ғой негізі… Құран кетсе білмеймін, Аллах сақтасын, мына әлемді, жүрегімізді қараңғылық басады😢

Құран… Құраным💚 Құранның адамзатқа тарту етілген ең үлкен сый, нығмет екенін білмей өз қолдарымен өздері жасап алған ғапылдықта жүргендер үшін ішім өртенеді…

Akma.hanifa🫀

27 Dec, 12:36


Бір адамның жүрегінде қаншалықты тәкаппарлық болса, соншалықты ақыл-санасында ноқсандық бар

©️Хазреті Али (к.у)

Akma.hanifa🫀

26 Dec, 07:48


қатты өкінесіз сосын, 200% гарантия🙌 қаншама жылымды қалай Құрансыз өткізгенмін, неге ертерек оқымадым екен? Неге бәрін ысырып қойып Құран үйренбедім екен деп?!

Уақытым жоқ, мүмкіндігім жоқ, анау мынау деп әуелі өзіңді алдамай ақ қойшы, өтініш🙌 Сенің жәй ғана ниетің, ықыласың жоқ.

Мына Заңдылықты бүкіл жерден естіп, көріп жүрсіздер: Құран ғана уақытты кеңейтеді. Болды. Құранға көңіл бөлесің, бәріне үлгересің! Бөлмейсің. Екі дүниең де ақсайды. Уақытым жоқ Құранға емес, сен Құранға уақыт бөлмеген соң сенің уақытың тар және ӨТЕ БЕРЕКЕСІЗ. Берекелі деп шайтан сені алдап қойған тек))

Akma.hanifa🫀

26 Dec, 05:19


Құраннан (мұсхафтан) сәл алыстасаң, яғни кітапты ұстап оқымай қойсаң сағынасың. Телефоннан оқу басқа ғой, жақсы әрине, бірақ мұсхафтың өзін ұстап, иіскеп рахаттанып оқығанға жетпейді 🤍

Бір қызық дүние бар, бәріне таныс шығар😀
Бүкіл Құрандар бірдей ғой, яғни сүрелер орналасуы, беттері, т б. Бірақ біреудің Құранын алсаң өзіңе қажет сүрені таба алмаай парақтап отырасың, өз Құраныңнан бір секундта ашып тауып ала саласың… қызық ия?!

Мораль: ҚҰРАН ОҚЫМАЙ, Мұсхафты ұстамай, ОСЫНДАЙ НАҒЫЗ БАҚЫТТЫ өз жалқаулықтарының себебінен ғана сезінбей жүргендер үшін сондай ішім ашиды, сондай бір аяймын демейін, бірақ қалай мұндай қолда тұрған асыл нығметтен құр қалуға болады деп ойлаймын…

Akma.hanifa🫀

24 Dec, 04:36


Дүниені не үшін керек қыламын? Не үшін қажет дуняуи қалауларым деп сұрап көрші өзіңнен…

Дүниені тек дүние үшін керек қылады көбі. Ол қалай?

- Ақша деген дүниенің бір түрін абырой деген дүниенің басқа бір түрі үшін керек қылады
- Үй деген дүниенің бір түрін рахат деген дүниелік бір сезім үшін керек қылады.
- тағысын тағы…

Ниет құлшылық үшін болса, Алла сен қашсаң да береді бәрін. Неге? Себебі, бізді осы мақсатта ғана жаратты ғой. Құлшылық етуіміз үшін жаратқан болса, осы құлшылыққа не қажет, соның бәрін бере береді, себебі біз керек-жарақты жарата не жасай алмайтынымызды Ол жақсы біледі🙌

Дүниені дүние үшін сұрасақ та береді, бірақ мұнда ақырет ақсап, бізді құрдымға апаратындықтан көп жағдайда бізге деген Махаббат және Қамқорлығынан сақтап тұрады… сен ниетіңді, амалыңды түзеп алғанша…бірақ, дүниені ақырет үшін, яғни ақыретке азық ретінде жасайтын құлшылығымыз үшін сұрасақ ше? Онда біз екі дүниеміз үшін де лоторея ұттық қой😍

Я, Раббым, әдемі үйге мұқтажбын, сол үйдің әрбір жерінде Өзіңе парыз және нәпіл намаздарымды алаңсыз оқу үшін, Құран оқып үйді және үйдің тұрғындарын нұрландыру үшін, қонақ күтіп Сенің құлдарыңды қуанту үшін және ең бастысы күн сайын үйдегі әрбір детальге қарап Саған мақтау мен шүкірлер айтып, Өзіңді тәфаккур ету үшін🤍

Akma.hanifa🫀

23 Dec, 21:29


Алла саған дүниені ақырет үшін берді, яғни, ақыретті іздеп, сол үшін амал етуде қолдансын деп берді, көңіл байлап беріліп, малынып кету үшін емес🙌

©️ Осман бин Аффан (р.а)

Akma.hanifa🫀

23 Dec, 18:56


Сенің ең нашар құлыңмын…Раббым…

Akma.hanifa🫀

20 Dec, 10:37


Ұлылардың ең ҰЛЫ дұғасы не білесіз бе?

“Я, Раббым, бізге Өзіңе шынайы құл болуды нәсіп етші, бізді Өзіңе нағыз ҚҰЛ қабыл етші”

Akma.hanifa🫀

20 Dec, 10:26


Құл үшін маңыздысы ҚҰЛ ролін, құл хәлін сақтау🤍

• Тәкаппарлық
• Құлда “ЖАСАУ” деген қабілет, функция жоқ
• Шайтанның кіретін ең үлкен, ең жасырын каналы
• Кибирсіз жаһилдік пе әлде кибир тақуалық па?
• Білімің артқан сайын білімсіздігің арту керек

“Жоқтық” деген ең жоғары мақамға бір қадам👤

Akma.hanifa🫀

20 Dec, 10:06


Бүгін бір жақсы іс істесең, мәселен, кітап оқыдың, құран оқыдың не намаздарыңды толық, уақытылы оқыдың не басқаларға жақсылық жасадың…

Әр ізгі істен соң сансыз шүкір ет Раббыңа: себебі, саған Алла жасатты, Алла сені бүгін ізгі істерде қолданды ☀️

Кітап оқыдым, құлшылық жасап, жақсылық істедім деп өзіңді көтеріп масаттанба!!! Хақың жоқ! Мүлде!
Мұндай істерде өзіңді еш көрме, өзіңді қыстырма, өзің емессің себебі, 100% заңдылық бойынша өзің емессің, Алла таңдады сені💯

Akma.hanifa🫀

17 Dec, 12:30


Қалай Ол бір сәтте айтылған миллиардтардың түрлі тілдегі, түрлі дауыстағы дұғаларын еш шатаспай тыңдай алады?

Қалааай????

Akma.hanifa🫀

16 Dec, 08:34


ҚАЛБУН СӘЛИМ🫀

Akma.hanifa🫀

16 Dec, 08:24


Қалбун СӘЛИМге 🫀

Akma.hanifa🫀

15 Dec, 06:46


Айтудан жалықпаймын ау бұл нәрсені, себебі өте өзекті…мен ғана емес, бүкіл дін жанашырлары да тоқтаусыз айта беруде🙌

Ең болмағанда осы жазбаны оқып біреу бүгін бір күн ғана тақуалықты ғана ұстанса да, тек бүгін ғана зікірін айтып жүрсе де, мұның өзі бір егілген дән. Айтуды да тоқтатпаймыз, естуден жалықпаңыздар, себебі нені көп естисіз/көресіз бейсаналы түрде соны жасайтын боласыз✔️

Akma.hanifa🫀

07 Dec, 17:14


Өмірде бір нәрсенің соңынан тоқтамай, талмай жүгіру керек

Ол - ықылас

Akma.hanifa🫀

06 Dec, 13:40


Жаңа формат қалай?)

Akma.hanifa🫀

05 Dec, 14:31


Қыздарым, жәй көз қыздырып айтып қойғаным жоқ… Алла қаласа алда бөлісу жоспарда бар… бірақ өөөте узкая аудиторияға…хақысын беріп жасаушы аудиторияға…

Akma.hanifa🫀

05 Dec, 12:24


Неге Құпия қазынасы?

Бәрі таң қалатын болған ғой: қалай Абу Ханифа түні бойы ғибадат етіп, күні бойы іліммен, жұмысымен айналысып қызмет етеді?

Қалай шаршамайды? Қалай ұйықтамайды? Бәріміз білеміз ол 40 жыл бойы құптанның дәретімен таңды оқығанын… міне, қалай оның энергиясы, күші бітпейді? Қалай жетеді бәріне?

Бір сөзбен айтқанда оның осыншама “УСПЕХ”-інің сыры неде? Қайдан және қалай алып жатыр бұл күшті?

Міне, басқа басқа емес, осының бір сырын Аллах қаншама жылдан соң ашып берді…

Akma.hanifa🫀

05 Dec, 12:19


Осы нәрсені жазамын деп жүргеніме қанша уақыт болды) Ниетпен арпалысып әрі бері, мақтанғандай болмайын деп те, бір жағынан қызғанып та қалып, жасырып)) содан соң белгі болды бөлісу керек деген, әйтеуір қазір ғана батылдық жиналды дейінші…

Имам Ағзам Абу Ханифа хазретін ылғи қызығып оқып жүргенде, Аллахым осы асыл кісінің құрметі үшін бәлкім… бір құпия қазынасын ашып берді ғой, субханАлла🥹

Имам Ағзамға не үшін қатты қызығып жақы көремін?
Себебі, Ол барлық жағынан #1 болған ғой, яғни сахабалардан кейінгі табиғин, таби табиғиндар ішінде… Білімі, тақуалығы, мінезі, байлығы, ақылы, парасаты, хикметі, қызметі, ғибадаты, тағы қандай категориялар бар? Бәрінен тек қана #1 емес, ең әдемі, көркем, мықты түрде орындағаны болды, сол себепті де басқа имамдар “Имам…“ деп өз аттарымен аталғанда, ол “Ағзам” деген атауға ие болды… Ұлылардың Ұлысы деген мағына…Имамдардың ҰЛЫСЫ💚

Барлық жағынан үлгі алатын Пайғамбар мирасқоры💚

Akma.hanifa🫀

01 Dec, 15:21


Ақыл иелері үшін мына әлем теңдесі жоқ үлкен бір Иләһи Медресе📚

Әрбір бұрышында тоқтаусыз зікірлер айтылып жатқан, үздіксіз білім, ғибрат беріліп жатқан Медресе…

Akma.hanifa🫀

30 Nov, 13:04


Тағы ескерте кетейінші, осы каналды, блогты жүргізуші мына әлсіз, бейшара құл сіздерге бір нәрсе ҮЙРЕТУШІ мақамындағы кісі емес…. Тура мағынада да түк дипломы, білімі жоқ адам…

Сізбееен бірге өсуге, нәпсісін тәрбиелеуге, өзін тану арқылы Раббысын тануға немесе Раббысын тану арқылы өзін тануға талпынып жүрген бір күнәһар пенде…

Сіз маған, мен сізге бауыр ретінде қарап, солай қабылдайық🫂🤍

Адам бауырына жақсылық қалап, жамандықтан тыйып, қате-кемшілігі болса сөкпей, түсіністікпен қарап, көркем түрде түзетеді емес пе?!

Ең мықты ұстаздың өзі бір ақиқатты айғайлап айтса да тыңдаушы құлақтарға жетпейтін, жүректеріне түспейтін кездер болады, және ең күнәһар адамның сыбырлаған бір ауыз сөзін көпшіліктің көңіліне түсіріп, өмірін төңкеруге де апарады екен Алла… асылында сөйлетуші де, жеткізуші де Алла ғой… кімнің тілімен, қалай, қашан жетерін біле алмаймыз… сол себепті, тек адамнан ғана емес, күллі ғаламшардағы тіршіліктен де үйренеріміз өте көп…шексіз♾️♾️♾️

Akma.hanifa🫀

29 Nov, 18:01


Жандарыым, Аллахым сіздерге қызмет етуді бақи етсін🤲

Бөлісетін қаншама дүниелер бар, байланыста және әрқашан стартта болыңыз🤍

Бәрі, бәрі білуі керек, бәрі қолдануы керек ақиқаттар негізі…ин ща Алла ақырындап таралар🤍 Көпке үнімізді жеткізетін Алла ғой

Akma.hanifa🫀

29 Nov, 14:35


Адам не үшін жаратылғанын ұмытқан кезде нағыз бақытсыздыққа түседі…

Akma.hanifa🫀

29 Nov, 05:47


Судың қасиеті. Сумен емделу, әдемілену)

Akma.hanifa🫀

29 Nov, 05:28


Бір лайфхак айтайын

Akma.hanifa🫀

28 Nov, 16:19


Адам жастық шағында Алладан қорқуы күшті болуы керек
Егде, қартайған шағында Алладан үміті күшті болуы керек

Akma.hanifa🫀

25 Nov, 16:32


Әр істе… кез-келген сәтте мақсатың ешқашан төмен болмасын, мақсатың әрқашан биік болсын, яғни мақсатың әрқашан Алла болсын🫀

Akma.hanifa🫀

23 Nov, 12:24


Қосымша… дұғаға қатысты

Akma.hanifa🫀

23 Nov, 10:25


🥹

Бұл Құдырет кімді қашан назарынан тыс қалдырып еді?
Кімді қашан құзырынан қуып еді?
Кімге қашан мейірімін төкпеп еді?

Уа, Жаратқан, соншама Ұлықсың, біз соншама бейшара, Өзіңнің Патшалығыңа лайық құлың да емеспіз, қалай әр біріміздің ең кішкентай қалау-қажетімізбен шұғылданып, қалай ең жасырын тілегімді де естіп қоясың? Қалай менің түзелуім үшін жағдайлар жіберіп, қалай мені сондай әдемі тәрбиелеп кемелдендірудесің?🥹🥹

Akma.hanifa🫀

23 Nov, 09:53


Алламен саудада еш ұтылмайсың💯
Бұл өте тиімді, ұтымды сауда

Akma.hanifa🫀

23 Nov, 09:30


Неге қатты қалап жүрген армандарым не қажетім келмей жатыр? Не себептен??

Не істеуім керек? Нені жөндеуім керек?

Akma.hanifa🫀

23 Nov, 09:30


Дұғаңыз орындалмай жатса…

Akma.hanifa🫀

22 Nov, 10:52


Өмір өте қысқа
Айналдырған алпыс жылдық ғұмырыңда бәрін үйреніп, бәрін көре алмайтының ап анық шындық

Бірақ өзіңнен алдын өткен үлкендеріңнің тәжірибесін ал да жолыңды қысқарт, соларды пайдаланып ұт өмірде… бәрін үйреніп, оларды тәжірибе етуге өз өмірің еш жетпес…

Akma.hanifa🫀

21 Nov, 15:23


Ұлы имам Абу Ханифаның (рх) қандай амалмен жәннатқа кіргенін білесіз ба?

ҚЫЗЫҚ ПА?

Akma.hanifa🫀

19 Nov, 18:14


Адамдарды таразыға тартар кезде көзіңмен емес, көңіліңмен тарт

Сыртқы келбетіне қарап емес, адамгершілігіне қарап… сырты бүтін, іші түтін дегенді қазағым босқа айтпаса керек

Akma.hanifa🫀

17 Nov, 10:17


Мұндай аналар тектіліктің бастау бұлағы… Жәннаттың ханшайымдары

О, Құдайым… біздер осындай ана бола алар ма екенбіз…

Имам Ағзам мен Имам Ахмадтың аналарына ұқсау нәсіп болар мекен…

Akma.hanifa🫀

17 Nov, 07:23


10 жаста хафыз болуым анамның себепкерлігімен еді. Таң намазына оятатын, Бағдаттың суық таңдарында дәрет суымды ысытатын. Содан соң киіндіріп мені таң қараңғылығында үйімізден біршама ұзақтықтағы мешітке апаратын…

©️Ахмад бин Ханбаль

Ия, кез-келген адамның ең алғашқы ұстазы және ең мықты әсер етуші мұғалімі - АНАСЫ👩🏻‍🍼

Akma.hanifa🫀

15 Nov, 13:58


Тектілік

Akma.hanifa🫀

15 Nov, 08:44


Тектілік не осы?

Барлығы текті жерден қыз алып, қыз бергісі келеді… қаны текті болуын қалап жатады, әсіресе біздің қазақтар руларға бөлініп, тектілікке аса мән береміз, енді осы текті болудың сипаты қандай?

Akma.hanifa🫀

13 Nov, 12:58


Күнә - инструмент

Akma.hanifa🫀

13 Nov, 12:48


Парфюмге қатысты ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Akma.hanifa🫀

11 Nov, 19:54


Қыздар кім әтір (духи, парфюм) сеуіп жүреді ылғи?

Сепкенде де айналаңа да сезілетіндей деңгейде…солар ғана реакция бассыншы) қорықпай баса беріңіз, кім басқаны маған да, басқаға да көрінбейді)

Сосын бірдеме айтам)

Akma.hanifa🫀

08 Nov, 17:10


Сен намазыңды ретте
Алла бүкіл ісіңді реттейді

Сен намазыңды сақта
Алла сені сақтайды

Сен намазға мұқият бол
Алла сенің мұқтаждықтарыңа мұқият болады

Сен намазыңды әсемде
Алла сені және өміріңді әсемдейді

Сен намазға асық
Алла сенің жәрдеміңе асығады

Сен намаз оқып дем ал, рахаттан
Алла күллі өміріңді демалыс пен рахат етеді

Сен намазыңды өміріңде #1 ойынға қойып дәрежесін көтер
Алла сені көктегілер мен жердегілердің алдында қадір-дәрежеңді көтереді

Akma.hanifa🫀

07 Nov, 15:23


Сол үшін бағалайық🩵
Қадірлейік қолда бар қарапайым, бірақ нағыз бақыттарымызды🩵

Akma.hanifa🫀

07 Nov, 15:19


Өмірде көп нәрсе көрдім демеймін, бірақ біраз елде болып, біраз жерлерді көріп, біраз ұлтпен танысып түйгенім: қаншама әдемі ел- жерлер, дәмді, қымбат тамақ, қымбат қонақүй, т б не болмасын, бәрі бәрі уақытша, уақытша болғанда да ееең қысқа уақытша мерзімдегі қуаныш екен🙌

Ия, әрине, бәрі нығмет, бәрі керемет қой☀️ Бәрін көру керек, кезу керек ғаламды

Айтпағым: нағыз ұзақ мерзімді бақыт еең, еееең қарапайым дүниелерде екен… әлемнің неше түрлі дәмді ауқаттарын алуға мүмкіндік болса да, үйдегі анамның ыстық сорпасы пен ыстық нанына жетпейді екен… қанша керемет үй, қонақүй болса да, өзімнің ауылдағы ескі, дуалдары үгітіліп жатса да, кілемдері ескі болса да балалық шағым өткен жылы шаңырағыма жетпейді екен… қай елде қандай әдемілік болса да, тас төбемде тұрған алып аспанның сұлулығана еш жетпейді екен🩵🩵🩵

Akma.hanifa🫀

07 Nov, 15:14


Мен үшін әлемдегі ең дәмді ас - НАН 🥖
Бұл қалауым да балалық шағымнан бастап еш өзгерген емес, анамның ыстық наны, тандыр нандарды ешбір, ешқандай әлемнің ең қымбат ресторанының тамағына да айырбастамаймын🙌

Дастарханда Нан болса бәрі бар, бәрі болып нан жоқ болса, құдды ештеңе жоқтай… нан болғанда да, ең қарапайым, ең арзан тұратын осы 150 теңгелік нанды сүйем, сапарларда, түрлі елдерде жүргенде сағынатын алғашқы асым осы НАН🥖

Нансоғар, нансүйгіш, нанаңсағыш екенімді айналам түгел біледі😄

Akma.hanifa🫀

07 Nov, 15:11


Сұлулықты алыстан іздемейікші, мүмкіндік болса, әрине, неге әр елдің аспанын көрмеске?

Әзірге мүмкіндік келмесе, өз ауылыңыздың аспанына қарап тамсанып, аспанға қарап Аллаға мадақ айтып, ең бастысы Онымен аспанға қарап сөйлесіңізші🩵

Қай сенімде, дінде болмасын оңаша қалып Жаратушыға бірдеңе айтқысы келсе, бәрі аспанға қарап айтады емес пе? Киноларда да… бірақ, біз, мүміндер Жаратушыға мекен бермейміз, яғни “Ол - аспанда” деген сенім жоқ, бірақ аспанға қарап Онымен сөйлесе аламыз, ия, қай жаққа қарап сөйлесек те Ол бізді естиді, көреді, бірақ Аспанға қарап Оған тафаккур ете отырып тілдескен ғажап қой🩵

Бақытты алыстан іздемеңіз, дәл төбеңізде тұр☀️

Akma.hanifa🫀

07 Nov, 14:42


Уаллаһи… өмірімде Аспаннан әдемірек бір мекен не сұлулық көрмедім… қанша жерлерге саяхаттатуда Раббым… бірақ ең сұлуы Аспан мен үшін, Аспан түрленіп сұлулана береді ғой шіркін☁️

Аллах осындай сұлулықты қалай бәрімізге қол жетімді етіп қойған ия? Соған ризамын, мұңайсам аспанға қараймын, мұңым сейіледі, қуанғанда да аспанға қарасам қуанышым, алғысым артады☀️

Аспанға кішкентай кезімнен ғашықпын, көкке қарап тамсана бересің… Көкке қарап бақытты боламын, Көкке қарап Оны мадақтаған ұнайды
О, Жаратушым, бұл не деген сұлулық?😍
Түсіре беремін ғой қызығып🌝

Akma.hanifa🫀

07 Nov, 14:34


Намазды ешбір дүниенің байлығына айырбастамаймын

- Адам екі көзін әлемнің бүкіл байлығына айырбастар меді?
- Ешқашан!

Олай болса намаз да мына екі көзіміздің нұры. Көзді нұрландыратын кез-келген нәрсе еш күдіксіз жүректі де нұрландырады❤️

Намаз - Жаратушының берген ең үлкен байлығы, нұрлы сыйы💎

Akma.hanifa🫀

04 Nov, 19:47


Бүгінгі естіген әдемі бір дұға:

“Дінімізде дайым
Зікірімізде қайюм ет Я, Рабби”

Алланың Даим және Қайюм есім сипаты бар:
- Даим - әрқашан бар болу
- Қайюм - бір нәрсені берік ұстап тұру, жүйелі түрде жасау, басқару

Дұға түсінікті болды деп ойлаймын)👌😇

Akma.hanifa🫀

31 Oct, 12:46


ӨТІНІШ МҰҚИЯТ ТЫҢДАҢЫЗШЫ

- МЕНІҢ ҚАТТЫ АЙТҚАН НАСИХАТЫМ ЕҢ ӘУЕЛІ ӨЗ НӘПСІМЕ:
Өз нәпсімді айыптап, өз нәпсіме ұрсамын🙌

Akma.hanifa🫀

31 Oct, 04:22


Бұл эгоизм емес, өзіңе ең алдымен құл ретінде құрмет етуің, құл ретінде өзіңді қадірлеуің🤍

Құл идеальный емес екеніне көз жеткізуің…Құл рөлін өз есіңе салуың

Akma.hanifa🫀

31 Oct, 03:00


31 қазан, бейсенбі

Ниет: «Өзімді таңдаймын»

Күні бойына қандай ситуация болса да, өзіңді ойлап, өзіңе ыңғайлы болатын жағдайды таңдайсың

Мысалы: бүгін біреумен кездесу керексің, бірақ барғың келмейді. Бас тарт!

Тек өзіңді, жүрек үніңді тыңдап, соны жасашы, тым болмаса бүгін, бір ақ күн)

Akma.hanifa🫀

30 Oct, 12:51


Күннен күнге жас қосып қартайып жатырмыз…

Бірақ, уайымдама, бізді мәңгілік, еш бітпейтін жастық шақ күтіп тұр🩵

Akma.hanifa🫀

30 Oct, 03:00


30 қазан, сәрсенбі

Ниет: Кездескен адамның бәріне комплимент айту

Үй ішіңнен бастап бәріне: балаңа “Сенің осындай ісің бір керемет” деп па, көріңіз өзіңіз)
Басқаларға да көңіл-күйін көтеріп киімің әдемі, шашың әдемі дейсіз ба) әйтеуір ӨТІРІК емес, шынайы түрде әрі келістіріп, асыра сілтемей сыпайы түрде айту🙌

Akma.hanifa🫀

29 Oct, 03:01


29 қазан, сейсенбі

Ниет: Әр сәтте әр нәрсеге разылық білдіру, қабылдау

Сен ойлағандай, күткендей болмай жатса да осы ниеттенгенің үшін разылықпен келісе салшы. “Жақсы, жарайды, болады, рақмет” деп бәрін қабылдау, артық әңгіме айтпау, сын, ескерту айтпау, жәй ғана әр сәтке разы болу

Akma.hanifa🫀

28 Oct, 17:01


Адамның иманы артқан сайын, деңгейі өскен сайын ол үшін күнәлардың деңгейі де өсе береді

Басқаларға рұқсат болған кейбір нәрселер ол адам үшін күнә бола бастайды

Akma.hanifa🫀

28 Oct, 03:01


28 қазан, дүйсенбі

Ниет:
Бүгін тек жақсы сөз сөйлеймін

Әр сөзіміз дұға екенін біле тұра «Уф, шаршадым», «Уақыт жоқ, ақша жоқ, настроение жоқ», «Жасағым келмейді, ұнамайды» деп басталатын неше түрлі керітартпа және теріс сөздерді айтып қоямыз😟

Тіпті әдетке айналып қанға сіңіп кеткен. Сондықтан бүгін әрбір сөзіңізге мән беріңіз, лексиконыңыздан барлық жаман, паразит сөздерді, басқаны сынап-мінеуді алып тастаңыз. Тек бүгін емес, күнделікті әдетіңізге айналдыруға тырыссаңыз керемет болар еді

Akma.hanifa🫀

27 Oct, 03:00


27 қазан, жексенбі

Ниет: «Сүннет амалдар көбірек жасаймын»

Алдымен сүннет амалдың не екенін, оған не жататындығын оқып ал. Шындығында шынайы ниет етсек, күнделікті өмірде сүннет амалдар өте көп. Суды отырып ішуің, оң қырыңмен ұйықтау, дәретті жүру, бар істі Бисмилләмен бастау деген секілді….

Міне соған сай бүгін сүннет амалдың бірнешеуін жасауға ниеттен🙌🏻

Akma.hanifa🫀

26 Oct, 16:35


Пайдалы ілім деген - саған дүниенің төмендігін көрсететін және ақырет ісінің ұлылығын үйрететін ілім📖

©️Gazzali hazretleri

Akma.hanifa🫀

26 Oct, 13:26


Досыңнан келген әрбір нәрсе әдемі 💐

Егер әдемі деп қабылдамай, наразылық етсең Оны “Досым” деп санамағаның ғой…

Akma.hanifa🫀

26 Oct, 08:02


Бізді жоқтан бар екен, бар екендігінен хабардар еткен Раббыма сансыз шүкірлер🩵

Akma.hanifa🫀

26 Oct, 03:02


26 қазан, сенбі

Ниет: «Бір адамды қуантуға ниет еттім»

Сіз басқаны қуантсаңыз, Аллаһ сізді де қуантады, ұмытпаңыз. Сол үшін бүгін бір жақыныңызды немесе көптен хабарласпаған танысыңызды қуантыңызшы немен болсын…🩵

Akma.hanifa🫀

25 Oct, 03:00


25 қазан, жұма

Ниет: Көзді төмен түсіріп жүру және аспанға қарау

Яғни, сыртта жүрсеңіз басты иіп төменге қарап жүру, айналаға емес! Көзді сақтау: әлеуметтік желіде бүгін ешқандай нәрсе көрмеу, хотя бы бүгін… көріп ашып бастағанда дереу тоқтату (желідегі жұмысың болса, одан тыс яғни)

Қарағың келсе көкке қарап тамсану, былай да аспанға ұзаақ қарап Аллаға мадақ айту

Akma.hanifa🫀

24 Oct, 03:01


24 қазан, бейсенбі

Ниет: Үнсіздік күні бойына

Саған сұрақ қойылса ғана қысқа, нұсқа жауап беру. Басқа барлық уақытта үнсіздік сақтау: әңгіме, өсек айтпау, ешкімді ештеңені талқыламау, жәй ғана үнсіз ғана ойланып жүру, сөйлегің келгенде өзіңді тоқтату, тәрбиелеу

Akma.hanifa🫀

23 Oct, 10:41


Дайынсың ба ҰЛЫ жүздесуге?

Ниетті, мақсатты өзгерту

Akma.hanifa🫀

23 Oct, 03:00


23 қазан, сәрсенбі

Ниет: Күлімдеп жүру күні бойына

Күлімдеу - жәй ғана жымиып, жақсы көңіл күйде жүру деген сөз. Қандай көңіл-күйді бұзатын нәрсе болса да ниетіңе адал болып күлімдеп қабылда🙌

Отбасың, өткен кеткенге де, бәріне күлімде…

Akma.hanifa🫀

22 Oct, 12:06


Кімнің қай жері ауырады?

Тоқтамай арабшасынан Құран оқи беру керек екен))

Жалпы өзім байқағаным: Құран кітабы қолынан түспейтіндерде былай серьезный аурулар болмайды, мүлде… анда санда азын аулақ болмаса)

басқалар емхана мен дәріханаларды айналшықтап шықпаса, олардың тәндік және рухани сырқаттары үшін емханасы да, дәріханасы да - МҰСХАФ, Фуркан 📚