OiTube💭 (ойтөбе) @oitubbee Channel on Telegram

OiTube💭 (ойтөбе)

@oitubbee


“…ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек”

OiTube (Kazakh)

OiTube - ойтөбе каналы, оқырмандарға арналған, ой өту және ақылмен танысу мүмкіндіктерін арттыруға арналған. Мұнда ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің қызметкерлерінің жинақтарын таба аласыз. Ойтөбе каналында ой өту, тарих, көркем жаңалықтар және психологиялық ұсыныстар туралы ақпараттар табылған. Ойтөбе каналыңызда әлемдегі маңызды құндылықтар мен жаңалықтарды білуде және сіздің біліміңізді арттыруда көмек көрсетеді. Сіз меңгереді және жақсы ойтқаныңызды білу үшін Ойтөбе каналына қосылыңыз!

OiTube💭 (ойтөбе)

17 Nov, 10:44


Назарыңды " жоққа" емес, "барға" бұр, Алланың сен үшін жаратқан тамашаларын көр, жаныңдағы шын жанашырларыңды бағала және үйіңдегі кішкентай ғана дүниеге шүкір ет. Осыларға шынайы шүкір еткен адам- өте бай адам.

Өзіндегі барға қанағат қылмаған адам
ешқашан бай бола алмайды (екі мағынада)

OiTube💭 (ойтөбе)

17 Nov, 10:20


Бір күні мен түсіндім…

Мені “қиын” санайтын кейбір жандармен сөйлесуге енді сабырым жетпейтінін,
Жағымсыз эмоция тудыратын адамдар мен ситуациялардан барынша өзімді аулақ ұстау керектігімді.
Ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейтінін,
Мен түсіндім, сөзге қарағанда әрекеттер өте маңызды екенін,
Егер адам бір рет құрмет пен сыйластықты жоғалтса, ара-қатынасты сақтап қалудың қиынға соғатынын,
Мен өмірімді қиюға дайын болған адамдардың бұл әрекетіме лайықты болмағанын,
Өмірімде дұрыс емес әрекеттер жасаған адамдармен енді ортақ ештеңе қаламайтынымды…

Бәрі жақсы болсын.
Бірақ менен алыс болсын…

OiTube💭 (ойтөбе)

16 Nov, 18:48


признак духовного банкротства— это привязанность к людям

«ат-тарика аль-мухаммадийя»

OiTube💭 (ойтөбе)

13 Nov, 03:31


Ашуланғанда мінезіңіз қандай, сол сіздің шын мінезіңіз.

Өзіңізді ашуланған, жыныңыз кеп тұрған ситуацияда бақылап көріңізші. Қандай әрекеттер жасайсыз? Бірдеңені сындырасыз, ұрасыз, ауыр сөздер айтып қоясыз немесе әйтеуір жағымсыз көрініс табуы мүмкін, солай ғой?

Мінезімізді жақсы деп ойлаймыз ғой, ашуланғанда біз кімбіз? Шынайы біз кімбіз? Ашумен жұмыстану керек бәрімізге..

OiTube💭 (ойтөбе)

12 Nov, 12:17


Тәкәппарлықтың кесірінен қаншама жылы сөздер айтылмай қалды, қанша адам бір-біріне “көп айтып қойды”, қаншасы бір-бірін ұрды, қанша жүректер қансырады, қанша жүректер қарайып кетті…Өмірде жолаушы екендігімізді ұмытып, мәңгілікке ұмтыламыз, жақынымызға жаттай болып, алыстан көмек күтеміз…

Асылында, бізге керектінің бәрі жанымызда еді…Бәрі қолымызда еді…Раббымыз берген еді бәрін…

OiTube💭 (ойтөбе)

03 Nov, 18:24


Барлығы Оның рұқсатымен, бұйрығымен ғана. Қазір басыңда қиындықтар болып жатырса, бұл қиындықтарда саған һайыр болғаны ғой. Сондықтан, досым, ойлана бермей деміңді ал.🤍

Раббыңмен біргесің ғой, ештеңеден қорықпа. Жүрегіңе айт, тынышталсын..

OiTube💭 (ойтөбе)

01 Nov, 11:10


Үйінің төріндегі әйел қандай құнды.🤍

Сыртта ғана емес, өз үйінде бақытты бола алатын, үйін энергия мен ресурстың ошағы деп білетін әйел қандай қымбат. Олар өз үйінен безбейді, өз үйінде Аллаға жақындайды, ғибадат қылады, әдемі боп жүреді, әтірленеді, сүйікті отбасына, сүйікті балаларына, жарына дәмді ас дайындаумен рахаттанады. Әйел болу қандай ғажап еді🫂

OiTube💭 (ойтөбе)

31 Oct, 06:20


сілтемесі🙌🏻🤍

OiTube💭 (ойтөбе)

31 Oct, 06:20


https://sadaqaapp.kz/?refid=NDQ4MzA=

OiTube💭 (ойтөбе)

31 Oct, 06:20


Достарым, күшті приложение таптым.🥰 Жүктеп алыңыздар да, рахаттаныңыздар!🙌🏻

OiTube💭 (ойтөбе)

30 Oct, 11:26


Әр қиындықтың соңы болатыны секілді, “бітпейтіндей” көрінген көз жастарыңның бір күні соңғы тамшысы да тоқтайды. Алла Тағала көз жасыңды өзі құрғатып, жаныңа демеу болатын адамдарды, жағдайларды жібереді. Сен тек себептердің Раббысына тіке шық: жағдайыңды, мұқтаждығыңды айт, түсіндір. Жүрек үніңді жеткіз.

Адамдарға сеніп, күтіп отыра берме, олардың да әлсіз, қауқарсыз екенін ұмытпа.
Ренжіме, ренжітпе.

Сүй.

OiTube💭 (ойтөбе)

28 Oct, 09:05


Аллаға жақын болғысы келетін құл-тақуалыққа жақын мінезді таңдайды.

OiTube💭 (ойтөбе)

28 Oct, 09:01


Адамдарды ақтап, үнемі олар жайлы жақсы ойлап жүресіз бе? Ренжітіп алмауға тырысып, көңіліне қарайсыз ба? Онда сіз, кейбіреулер айтпақшы, “жертва” емессіз, керісінше, Раббыңызбен таңдаулы болған құлсыз.🫂🤍

Табиғи нәзік болған болмысыңызды нәпсәни, шайтани сезімдермен ластамай, ақ, аңғал күйіңізді сақтап жүргеніңізге көп рақмет.

Адамдардың сөзіне ермеңіз, “қатты бол, ақыңды берме” деген сөздеріне алданып, Раббыңыздан алыстап кетпеңіз. Сіз Раббыңызға жақын болсаңыз, ақыңызды ол Өзі қорғайды.

OiTube💭 (ойтөбе)

26 Oct, 14:19


Бақыт деген осы емес пе?

Раббың үшін жаның қиылып, сөйлескің, сырласқың кеп тұруың…Намазыңды оқып болған соң, жасаған сәждеңді аз көріп, ең соңында тағы бір ұзақ сәжде жасауың…Көздеріңнен моншақ-моншақ жеңіл көз жастарының тамуы…Жайнамазда қалған білек, табан іздерін көруің…

Сен іздеген бақыт осы емес пе? Ендеше сен бақытты емессің бе? Сұрап алған намазыңның қадірін біл, бауырым.

OiTube💭 (ойтөбе)

24 Oct, 20:00


Ситуацияларға өте жеңіл қарап, “Раббымның маған бергені, қалағаны ғой, мен қалай қарсы шығайын” деп тақуалықпен қабылдасаңыз, Алла сіз үшін бәрін жасайды. Бүкіл керек дүниені табаныңыздың астына тіреп қояды. Ол қадірлегенді қадірлейді.🤍

Сол үшін Раббыңыздың қадіріне жетіңіз, жақсы көріңіз басыңыздағы мұқтаждықты, сынақты.

OiTube💭 (ойтөбе)

24 Oct, 19:56


Қарапайым болыңыз.

Бүкіл әлемнің сынағы келіп, қарсы алдыңызда тұрса да, сынақтарға қарапайым болыңыз. Адамдарға қарапайым болыңыз. Құлшылықта қарапайым болыңыз.

Расында қарапайымдылық- бүкіл қиындықтың кілті. Раббыңыз үшін қарапайым, әдепті құл болсаңыз- Алла сіздің ішіңіз бен сыртыңызды бірдей әсемдеп қояды. Керек адамды Өзі жіберіп, сізге көмектестіреді, қызметіңізге жаратады.

OiTube💭 (ойтөбе)

22 Oct, 16:24


Есіңде болсын, құлшылығың, намазың, зікірің- сенің барың, ең мықты көмекшілерің.

Құлшылығыңды, ғибадатыңды қалдырып, құнсыз дүниеден рахат іздеме. Бұл дүние өлген лақтың құнымен тең. Күн сайын Раббыңды сүй, ұлықта, кешірім тіле. Расында Раббың саған туған анаңнан да тым жақын. Ол сені қиянатқа қимайды…

OiTube💭 (ойтөбе)

22 Oct, 15:46


OiTube💭 (ойтөбе) pinned Deleted message

OiTube💭 (ойтөбе)

22 Oct, 14:26


Бәрі сіз қалағандай болмайды.

Бәрі оңай әрі тез болмайды. Ойлағаныңыз іске аспай, мың шалынып, жүз құлауыңыз мүмкін. Жолдар тайғақ болуы мүмкін. Жақыныңыз жаттай көрініп, мұқтаж кезде жаныңыздан табылмауы да мүмкін.

Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: Алланың сынақтары кей кезде, ал мейірімі әрқашан.

Көбірек Раббыңызбен болыңыз, мақтаңыз, ұлықтаңыз. Ғибадаттарыңыздың қате-кемшілігін түзеп, рухыңыздың хәліне көңіл бөліңіз. Сонда жүректегі жарыңыз емделеді.

OiTube💭 (ойтөбе)

17 Oct, 01:29


Ақіретің үшін, намазың үшін, басыңдағы тәжің үшін ашуланудың машақаты ауыр болғанымен, ол машақат - рухыңа рахат сыйлайды.

Негізі шын мұсылман өзі үшін емес, Алла үшін, Ислам үшін ашуланады. Сол үшін дүнияуи сынақтарға ашуланып, адамдарға ренжи бермеңіз. Біреу сіздің намазыңызға қарсы боп жатыр ма? Орамалды шеш деп жатыр ма? Исламды жек көріп жатыр ма? Міне, проблема осы…Қалғанының бәрі ретімен.

Алдымен ақірет…

OiTube💭 (ойтөбе)

17 Oct, 01:22


Нағыз проблема- ол сенің дініңе, намазыңа, орамалыңа келген проблема. Дүнияуи сынақтарды дініңе келген проблемалармен салыстырма.

Қарызға кірсең-өтерсің,
Жұмыс таба алмай жүрсең-табарсың,
Шаршап жүрсең-емі табылар…Бірақ сенің Ислам деген әдемі дініңе келген сынақта шыр-пыр болуың керек…Өзіңді сынақтарға сата бермей, Аллаға деген ақ махаббатыңды сақтап қал…

OiTube💭 (ойтөбе)

16 Oct, 02:42


Үміт аз секілді көрінсе, Аллаға сен. Сені әлемдегі себептер сындырмасын. Адамдардың көзқарастары өлтірмесін. Алланың тәрбиесіндегі адамсың ғой. Егер Оған сенсең, Ол сені құстай ұшырады. Титтей де күмәнің болмасын, қалам қалай жазды, солай тағдырың өріле береді. Тағдырыңның тәтті шақтары мен сәтсіздіктеріне шүкіршілігіңді айтып, рақметіңді білдір. Сәл шыдасаң, сенің де күнің туады…

OiTube💭 (ойтөбе)

12 Oct, 10:58


Раббым, рух көзім өліп қалды. Мен ғапылдыққа салынып, тағы да ұйықтап кетіппін. Тағы да адамдарға сеніп, олардан күтіп қалыппын, Аллаһым. Раббым, қалғып кеткен сәттерімде, құлшылықтарымда ұйықтап кеткен кездерімде, адамнан күтіп ұйықтап кеткен уақыттарымда мені құтқара көр! Ғапылдықтан сақта…

OiTube💭 (ойтөбе)

12 Oct, 02:51


Егер адам өміріңізден кеткен соң, қатты қиналып, өзіңізді тым төмен түсіріп жіберсеңіз, ол расында сіздің ағаттығыңыз. Раббыңыздан артық бағалап, құлшылығыңыздан қымбат көргеніңіз үшін…

Тіпті күннің өзі бататынын, кететінін білеміз, себебі ол ескертеді, білдіреді. Ал адамдар ескертусіз өмірден жоғалады, Раббыңыздың бұйрығымен. Олардың жүректерін Алла ғана Басқарушы, сондықтан кеткен адамды кінәламаңыз…Бүтін жүрегіңізді пендеге кесіп беруге дайын болған өзіңіз ғой…

OiTube💭 (ойтөбе)

12 Oct, 02:45


Ерте ме, кеш пе, өміріңіздегі адамдарды оңай жіберіп үйренесіз. Олардың келуі мен кетуіне жеңіл қарайтын боласыз. Бәлкім қазір сізге қиын болар, жүрек сырыңызды біреуге ашылып түсіндіруге әліңіз жоқ шығар. Түсіндірмеңіз. Сізді сөзсіз түсінетін Раббыңыз бар.

Бірақ көңіліңіз біреуді шын сүйіп, оны өміріңізде мәңгілік тұрақтайды деп ойламаңыз. Алла Тағала сізді кіммен дос қылатынын, кімге өмірлік жар ететінін жақсы біледі…Өткеніміз бен болашағымыз Оған ғана мәлім, және Ол сіз үшін ең жақсыны таңдайды..

OiTube💭 (ойтөбе)

10 Oct, 10:56


Біз бәріміз бұл дүниеде жалғызбыз.

50 көрермен отырған кинода да жалғызбыз,
350 қонақ отырған тойда да жалғызбыз,
Құлшылықта та жалғызбыз,
Қабірде де жалғызбыз.

Сондықтан жаныңызға ешқашан адам іздемеңіз, жүрекпен байланбаңыз. Үлкен іс бастау үшін Раббыңызға тәуекел ету жеткілікті. Ал кішкентай істерге жай ғана ықылас жеткілікті. Кітап оқу үшін, таңертең жүгіру үшін, спортпен айналысу үшін, кафеге бару үшін жаныңызға адам іздемеңіз. Сіз жалғызсыз…

OiTube💭 (ойтөбе)

10 Oct, 10:51


Соңында Раббың ғана сенімен қалғанын түсінесің.

Көп қарызға кіруің мүмкін, немесе жақындарың жалғыз қалдыруы мүмкін, қымбат адамнан айырылуың, дертке шалдығуың мүмкін- бірақ ең соңында Раббың ғана сені шексіз сүйгенін, ешқашан сені жамандыққа қимағанын, сенің жолдарыңды үнемі қауіпсіз еткенін ұғасың…

Раббың сені сондай сүйген және сүйе береді де. Сен бұл махаббатты елестете алмайсың…

OiTube💭 (ойтөбе)

09 Oct, 11:06


Кеше түнде кеш ұйықтап едім, таңға тұруым бәсеңдеп қалды бүгін. Ұйқы қысып бара жатты.

Тұрайын десем қалқып кете бердім. Қалқып бара жатып, шайтанның “довоооольный” түрін елестеттім. “Ол қазір от души күліп тұр ғой, малғұн” дедім де, ерегесіп тұрып алдым. Жұмыс жасайтын техника екен.

Аяғыңыздан миллион рет шалатын, қабірге дейін қыр-соңыңыздан қалмай азғыратын шайтан намазға уақытылы тұрмай қалғаныңыз үшін әлемдегі ең бақытты шайтан болатын шығар…Оңбаған…

OiTube💭 (ойтөбе)

09 Oct, 10:58


Тозақ қымбат тұрады…

Біз оны күн сайын сатып алудамыз, харамға баратын нәрселерді, күнәға апаратын жолдарды төлеп сатып алып жатырмыз.

Ал Жәннәт тегін ғой, ол тек Раббыңа иман келтіруден, сенуден, бақытты болудан тұрады. Алла Тағала бізді жамандыққа қимай, жақсы көріп, әрдайым жолымызды ашып беріп жатыр.

Ал біз жолымыз ашылғанын күтіп жүрміз, қайтадан харамға жүгіру үшін. Ауыр…

OiTube💭 (ойтөбе)

02 Oct, 11:36


Адамды жай ғана жақсы көру жеткіліксіз. Үнсіз дос болу, үнсіз сүю, құрбыңды, анаңды, жақыныңды, отбасыңды үнсіз ғана жақсы көру жеткіліксіз…

Жұмыстану керек қарым-қатынаспен, кеш болмай тұрғанда. Ол адам сенің сезімдеріңді білуі, естуі қажет, қамқорлығың мен махаббатыңа шомылуы керек. Сенің сөзіңнен, әрекетіңнен, эмоцияңнан махаббатты көруі керек…

Сағындың ба? Білдір.
Жақсы көресің бе? Айт.
Көргің келе ме? Шақыр.

Бәрі оңай. Сен ойлағандай қиын емес…Жай ғана қадамды жақындарыңа бірінші жасап үйрен…

OiTube💭 (ойтөбе)

30 Sep, 16:13


Я Раббым, мені құтқар үмітсіздіктен, өз-өзіме, адамдардың жылы сөздеріне алданудан, Сенің разылығыңды оп-оңай дүнияуи нәрсеге айырбастаудан…

Раббым мені өз нәпсімнен құтқар, керек емес нәрсе сатып алудан, көрсеқызарлықтан, қараңғылықтан сақта…

Раббым, мені кім көрінгеннің жетегінде кететін адам етпе, салмақты, ұстамды қыз баласы ете гөр, шешімдерімде тұрақты болуымды нәсіп ет…

OiTube💭 (ойтөбе)

30 Sep, 07:50


Үмітсіздік- ең жаман дерт.

Бір нәрсені жасап жатып, қолыңыздан келмей жатса, сіз ойлағандай болмай жатса, бәрінің жолы болып, сіздікі керісінше сәтсіздіктермен жабылып қалғандай көрінсе, жаным, үмітсіздікке салынбаңыз. Шайтан ғана үмітсіз.

Ал сіздің Раббыңызға деген, Оның мейіріміне деген қаншама үмітіңіз, мөлдіреген жанарларыңыз бар, ойладыңыз ба? Сіз сондай үміттісіз ғой. Бәрі жақсы болып кететініне, қолыңыздан келетініне, Раббыңыздың дидарын көруге үміттісіз.

Үміттісіз- себебі мұсылмансыз…

OiTube💭 (ойтөбе)

28 Sep, 09:47


Қит етсе сынып қалатын әлсіз емес, ширақ, күшті мұсылман екеніңізді естен шығармаңыз. Алдыңызда қаншама жолдар бар тарам-тарам…Раббыңыздың дидарын көрсетуге апара жатқан ұлы жолдасыз сіз.

Әркімге бір көңіліңіз бен күшіңізді сарп етпей, ұлы мақсатқа жетуді көздеңіз, Алланы ғана ойлаңыз, Онымен кездесетін күнді ойлаңыз…🤍